Шілде айында терроризм әрекеттеріне қатысы бар 7 адам сотталды - ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Шілдеде Қазақстанда 7 азамат террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Задержание террористов
Фото: ҰҚК

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін жергілікті тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен бірлесіп жүргізілген операция барысында арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.

- Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген ақпаратта.

Сол сияқты, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматына 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҰҚК мәліметінше, терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, Қызылордада 39 жастағы әйел TikTok арқылы терроризмді насихаттаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум