Шіліңгір шілде: еліміздің 14 облысында аптап ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM – 18 шілде күні Қазақстанның 14 өңірінде және Астанада найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар аптап ыстық пен жоғары өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Аптап ыстық Германияға жетті
Фото: Рixabay

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте күндіз аптап ыстық сақталады – ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі – өте жоғары деңгейде.

Ақмола облысында күндізгі уақытта жаңбыр, бұршақ жауып, дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы 35 градусқа жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, 36 градустық аптап және солтүстік-батыстан соғатын жел болжанып отыр. Облыстың оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі өте жоғары.

Атырау облысында түнде және таңертең жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, күндіз 35–37 градус ыстық. Өңірдің шығысы мен оңтүстігінде – өрт қаупі өте жоғары.

Шығыс Қазақстанда 35–38 градус аптап ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында 38–41 градусқа дейін ыстық болады. Таулы аймақтарда жел күшейеді. Өрт қаупі – өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл тұрады, 35 градустық аптап ыстық болады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысында 35–36 градус ыстықпен қатар найзағай ойнап, дауыл тұрады, екпінді жел болжанып отыр. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде – өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Кей аудандарда өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі – өте жоғары.

Маңғыстау облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, 38–40 градустық аптап ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.

Павлодар облысында найзағай ойнап, дауыл, жел күшейіп, кей аудандарда түнде тұман түседі. Өрт қаупі – жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл және 23 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Кей өңірлерде тұман болады. Өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысында 40–43 градус ыстық болады. Өрт қаупі – өте жоғары.

Ұлытау облысында найзағай, 35–37 градустық аптап ыстық және екпінді жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында – өрт қаупі өте жоғары.

Соңғы жаңалықтар