Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағы қазақ тілінде жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлы тұлғаның шығармалары 1961-72 жылдары Әлкей Марғұланның бастамасымен жинақталып, орыс тілінде 5 том болып жарық көрген. 1984-85 жылдары толықтырылып, қайта басылып шығарылған болатын. «Біз 1984-85 жылдары басылып шыққан көптомдықты негізге ала отырып, қазақ тіліне аудардық. Қазақ тіліндегі аудармасы алты томды құраған кітаптың, қазір үшеуі басылып шықты. Шығармашылық топ кітаптарды аудару үшін 3 жыл бойы еңбектенді» дейді Е.Саиров. Оның айтуынша, Шоқанның туғанына биыл қараша айында 175 жыл толады. «Осы мерейлі мереке қарсаңында Шоқан шығармалары туған халқына өз тілінде үн қатып, үлкен сый болды», дейді Мәдени саясат және өнертану институтының директоры.
Көптомдықты Д.Медерова, Т.Жұманов, А.Нұрманова, А.Таусоғарова, Л.Мұсалы секілді кәсіби тәржімешілер аударған. Кітаптың редакциялық құрамына белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері кірген. Ғылыми редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбетов. Жауапты редакторы тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі Болат Көмеков