Шоқанды зерттеуде әлі нақты тұжырым жасалмай келе жатқан мәселелер бар - тарихшы К. Есмағамбетов

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шоқан Уәлихановты зерттеу жұмыстары шет елдерде бізден бір ғасыр бұрын басталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда «IV Тәліпов оқулары»аясындаөтіп жатқан «Ш.Ш. Уәлихановтың Орталық Азия тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі» деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда айтылды. «Шоқан Уәлиханов туралы отандық ғылымда да шет елдерде зерттеулер аз емес. Шоқан Шыңғысұлы біздің еліміз өткен ғасырдың 50-жылдарынан зерттеле бастаса, шет елдерде бұл жұмыс ХІХ ғасырдың 60-жылдарында басталды. Атап айтқанда Францияда, Германияда, Англияда көптеген еңбектер жарық көрді. Жалпы Шоқан бізде де, шет елде де үлкен тарихшы, этногроф, тілші және тағы басқа да ғылым салалары бойынша үлкен маман ретінде көрінді", - дейді тарихшы Көшім Есмағамбетов. Ғалымның айтуынша, Шоқанды Алаш зиялылары мен біздің халқымыз түгелімен қазақ интелегенциясының қалыптасуының бастауында тұрған үлкен ғалым ретінде таныды. Шоқаның алғашқы жинағын өткен ғасырдың 60-жылдары академик Әлкей Марғұлан шығарды. Тарих институты 1985 жылы 5 томдық шығармалар жинағын қайта шығарды. Бірақ ғалымдар қазір негізінен Әлкей Марғұлан шығарған түпнұсқа еңбектерді басты назарда ұстап жүр. Өткен жылы Шоқанның толық шығармалар жинағы қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көрген еді. Енді алдағы жылы орыс тілінде, бұрын жинақтарға енбей қалған жаңа еңбектерін топтастырып Ш. Уәлиханов шығармалар жинағын қайта шығару жоспарланып отыр. Ол 5 том емес, енді 6-7 том болуы мүмкін. "Шоқанды қазір АҚШ-та да, Батыс Еуропа елдерінде де зерттелуде. Көптеген сүбелі мақалалар жарық көрді. Шоқанның еңбектерін іздестіруде атқарылар жұмыс үлкен. Ғалымның еңбектері барлау жұмысына қатысты болуына байланысты жабық қорларда қалып қоюы мүмкін", - деді Көшім Лекерұлы.

Соңғы жаңалықтар