Шоколадтан жасалған ерекше туындылар - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілде - Дүниежүзілік шоколад күні. Шоколад күнін (World Chocolate Day) мерекелеу дәстүрі 1995 жылы Францияда басталды. Түрлі елдерде осы мерекеге арналған іс-шара өтеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Азық-түлік және сусындар нарығын зерделеген Mintel компаниясының зерттеуіне сәйкес шоколадты ең жақсы көретін ел Швейцария болып шықты. Онда шоколадты сатып алуғы шығыс жылына бір адамға 200-ге жуық долларды құраған. Одан кейін Британия мен Бельгия тұр, олар екі есе төмен 106 және 90 доллардан жұмсайды екен.

Жыл сайын әлемнің ірі қалаларында шоколадқа арнап көрмелер өтіп жатады. Көрмеге тіпті шоколадтан жасалған киімдер мен аяқ киімдер де көрсетіледі.

Мысалы, 2011 жылы Токиода өткен көрмеге шоколадтан жасалған автомобиль қойылды. Оны жасау үшін жүздеген шоколад кеткен. Ал 2014 жылы ақпан айында Рим папасы Франциск сый ретiнде шоколадтан жасалған өз мүсiнiн алды. Оған бір жарым тонна шоколад кеткен көрінеді.

Сондай-ақ Бразилиядағы чемпионатқа орай Германияда шоколадтан ұлттық құраманың ойыншыларының көшірмесін жасап шығарды.

Соңғы жаңалықтар