Шолпанатада ШЫҰ мүше-мемлекеттері жоғарғы соттары өкілдерінің кеңесі өтуде

ШОЛПАНАТА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ыстықкөл жағалауындағы Шолпанатадағы «Рух-Ордо» кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер жоғарғы соттары өкілдерінің кеңесі өз жұмысын бастады.
None
None

 Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің атынан құттықтауды осы елдің мемлекеттік хатшысы Н.Досбол оқып берді. Онда президент кеңеске қатысушылардың жұмыстарына жеміс тілеген.

Кеңесте сөз сөйлеген қазақстандық делегацияның жетекшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков өз кезегінде, әрбір кездесудің  аймақтағы жақындасуға және бірігуге деген қадам болып табылатынын атап өтті. Ол  сөзінде ювеналдық сот мәселелесіне байланысты Астана мен Алматыдағы жүргізілген тәжірибелердің табыстылығына тоқталды. Мұндай соттар (кәмелетке толмағандар ісі бойынша - автордың ескертпесі) үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

ҚР Жоғарғы сотының жоспары бойынша 2010 жылы тағы 14 республикалық орталықта ювеналдық соттар құрылмақшы. 2011 жылы тағы екі сотты ұйымдастыру жоспарланған, осылайша республика бойынша олардың жалпы саны 21-ге жететін болады.

Соңғы жаңалықтар