ШОЛУ: «ЭКСПО-2017» көрмесі - Елбасының ерекше назарындағы жоба

«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Энергия - бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.
Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.
«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды, ол -
қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету.
«Болашақ энергиясы» жобасының тақырыбы тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени әралуандылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үдерістер ұғынылады.
«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды - қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету. Сонымен қазақ елінің абыройын асқақтататын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарындағы көрмеге дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? ҚазАқпарат халықаралық көрмеге дайындық барысы жайлы егжей-тегжейлі таныстырып келеді. Осыған байланысты, «ЭКСПО» туралы агенттік таспасында қаңтар мен наурыз айларында жарық көрген ең қызықты материалдарға шолудың екінші бөлімін ұсынамыз. Бұл шолуда біз көрмеге Қазақстан қалай дайындалып жатыр және шетелдік мемлекеттер тарапынан Астанадағы ЭКСПО-ға қызығушылығы қаншалықты дәрежеде деген мәселелер қаралады.
***
Елбасының ерекше назарындағы көрме
«ЭКСПО-2017» көрмесіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше мән беріп отыр. Шетелдік жоғары мәртебелі меймандармен кездесуде Елбасы оларды 2017 жылы Астанаға келуге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев ЕО елдерін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінде Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды.
Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібін, соның ішінде Орталық Азия өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.-К.Юнкер бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен брифинг өткізді.
Қазақстан Президенті еліміздің Еуропалық одақпен 23 жыл бойы ынтымақтасып келе жатқанына назар аударды.
Қазіргі таңда Қазақстан - Еуроодақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір ел. Бұл құжатқа былтыр қол қойылды, республикамыз оны ратификациялады, сондықтан осы келісімнің экономикалық бөлігін 1 мамырдан бастап уақытша пайдалана аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізде өткен президенттік және парламентік сайлауларға байланысты құттықтау жолдағаны үшін де алғыс айтты.
- Таяудағы парламенттік сайлауды 1000-ға жуық шетелдік байқаушы бақылады, олар сайлау үдерісі демократия, бостандық және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде барлық тиісті заңнаманы сақтай отырып жүзеге асырылғанын растады, - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ЕО елдерін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕО санкциялық текетіресті әсіресе оның біздің елге ықпалын ескере отырып, барлық мүдделі тараптарға тиімді түрде шешу жөніндегі іс-қимыл аясындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның таяу көршілерімен - Қытай Халық Республикасымен және Ресей Федерациясымен жақын достық қарым-қатынас орнатып отырғанына, олар экономикалық ынтымақтастық бойынша негізгі серіктес болып саналатынына назар аударды.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Қазақстан мен ЕО азаматтарының өзара барыс-келісі, соның ішінде Еуроодақ тарапының да виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалғанын атап өтті. Тараптар Қазақстан әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуын шектеуге байланысты ахуалды шешу жайын да талқылады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қарастырылған барлық мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілгеніне назар аударды.
Ж.-К.Юнкер сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
«Бұл тығыз қарым-қатынастар сан түрлі формаға ие болуда. Еуропалық одақ - Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі», - деді Еуропалық комиссия төрағасы.
Сондай-ақ, ол маңызды өңірлік үдерістерге қатысып отырған Қазақстанның бітімгерлік ықпалына Еуропалық одақтың сенім артатынын атап өтті.
Ж.-К.Юнкер келіссөз барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен адам құқығын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері қозғалғанын айтты.
Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы А. Есімовті қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.А.Есімов кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы баяндады.Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында таяу жылдары алда ауқымды жұмыстар тұрғанына тоқталды. Атап айтқанда, көрмеге қатысушылардың түпкілікті құрамын анықтап, Қазақстанның павильоны мен өзге елдердің нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру қажет. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге және қонақтар қабылдауға елорда инфрақұрылымының әзірлігін қамтамасыз ету керек. Өзге де маңызды міндеттер қатарында сапалы мәдени бағдарлама әзірлеу, еріктілерді тарту, сонымен бірге көрме аумағын кейіннен халықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мәселелері бар. А.Есімовтің айтуынша, ге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қатысатынын растаған, соның 35-і - дамыған елдер. Көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жалпы, Тіркеу досьесі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ұлттық компания көрмені өткізу шығыстарын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартты. Осылайша, бұрын жасалған қысқартуларды ескергенде, шығыстарды оңтайландыру көлемі жалпы 131 миллиард теңге болады. Бұған дейін топ-менеджерлер саны 15-тен 6-ға қысқарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін 12 пайызға оңтайландыру жоспарланған.Сонымен қатар, А.Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ісін әрі қарай ілгерілету мақсатында Давос қаласындағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумда ақпараттық науқан жүргізілгенін атап өтті.Көрме өткеннен кейін бұл аумақта БҰҰ қолдауымен Халықаралық жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру көзделуде. Елбасының былтыр БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында жариялаған бұл ұсынысы қазірдің өзінде өзге елдер тарапынан қолдау табуда. «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ісіне 230-дан аса қазақстандық кәсіпорын тартылып, жалпы құны 77 миллиард теңгенің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 30 миллиард теңгесі Астанада жұмыс істейтін компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағдарыс уақытында жаңа жұмыс орындарын ашып, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік жобалардың бірі болып отыр.А.Есімов көрме нысандарын салу жұмысы жоспарлы мерзімге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған, содан кейін көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру ісі басталады.Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Осы тұста айта кетерлігі «ЭКСПО-ға» бөлінген бюджет қаражаты 155 млрд теңгеге үнемделгені айтылды. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Мәселен, маған «Самұрық-Қазына» 53 млрд. теңге үнемдегенін баяндады. Ахметжан Смағұлұлы («Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы А.Есімов) ЭКСПО бойынша маған өзіне дейін жұмыс істегендердің бассыздықтарыннан кейін 155 млрд. теңге үнемделіп, мемлекетке қайтарылғанын баяндады. Ештеңесі жоқ, ЭКСПО нысандарының барлығы да дер уақытында салынады», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Елбасы балабақшалар мен мектептерде ботаникалық бақ, бассейн салып қаржыны босқа шығындамау керектігін баса айтты. «Өскемендегі балабақшаны көрдім. Ол балабақша емес салтанатты сарай сияқты, кіре берісінде грек стиліндегі бағаналар орнатылған. Балабақша дегеніміз ата-ана жұмысқа кетіп бара жатқан кезінде балаларын әкеліп тастайтын, онда балаларға дұрыстап тамақтандырып, ұйықтатып, бірдеңелерге үйрететін орын. Батыста балабақшалар көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы ЕО елдерін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды. Бұл үндеу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігінде Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесуінде айтылды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды. Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібін, соның ішінде Орталық Азия өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.-К.Юнкер бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен брифинг өткізді. Қазақстан Президенті еліміздің Еуропалық одақпен 23 жыл бойы ынтымақтасып келе жатқанына назар аударды.
- де Қазақстан - Еуроодақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір ел. Бұл құжатқа былтыр қол қойылды, республикамыз оны ратификациялады, сондықтан осы келісімнің экономикалық бөлігін 1 мамырдан бастап уақытша пайдалана аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізде өткен президенттік және парламентік сайлауларға байланысты құттықтау жолдағаны үшін де алғыс айтты.
- Таяудағы парламенттік сайлауды 1 000-ға жуық шетелдік байқаушы бақылады, олар сайлау үдерісі демократия, бостандық және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде барлық тиісті заңнаманы сақтай отырып жүзеге асырылғанын растады, - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ЕО елдерін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕО санкциялық текетіресті әсіресе оның біздің елге ықпалын ескере отырып, барлық мүдделі тараптарға тиімді түрде шешу жөніндегі іс-қимыл аясындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның таяу көршілерімен - Қытай Халық Республикасымен және Ресей Федерациясымен жақын достық қарым-қатынас орнатып отырғанына, олар экономикалық ынтымақтастық бойынша негізгі серіктес болып саналатынына назар аударды.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Қазақстан мен ЕО азаматтарының өзара барыс-келісі, соның ішінде Еуроодақ тарапының да виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалғанын атап өтті. Тараптар Қазақстан әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуын шектеуге байланысты ахуалды шешу жайын да талқылады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қарастырылған барлық мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілгеніне назар аударды. Ж.-К.Юнкер сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді. - Бұл тығыз қарым-қатынастар сан түрлі формаға ие болуда. Еуропалық одақ - Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі, - деді Еуропалық комиссия төрағасы. Сондай-ақ, ол маңызды өңірлік үдерістерге қатысып отырған Қазақстанның бітімгерлік ықпалына Еуропалық одақтың сенім артатынын атап өтті. Ж.-К.Юнкер келіссөз барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен адам құқығын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері қозғалғанын айтты.
World Expo 2017 көрмесінің елшісі болуы керек. Елбасы осындай сенімді танымал қазақ боксшысы Геннадий Головкинге жүктеді.
Спортшыға бұл құрметті атақ Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын салтанатты рәсімде ресми түрде табысталады. Головкин World Expo 2017 салтанатына қатысу үшін өзінің жаттығуын уақытша үзді.
Осылайша IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин World Expo 2017 көрмесінің ресми елшісі атанды.
Кейін боксшыны Елбасы «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесін алуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті кездесу барысында Г.Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесіне ие болуымен құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.
Г.Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Көрменің қаржысы оңтайландырылуда. А.Есімов Елбасына ЕХРО құрылысын бірнеше млрд теңгеге оңтайландыру туралы жаңа ұсыныс енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.
«Мен Президентке барамын. Тағы да құрылысты оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізетін боламын. 78 млрд. теңгеге оңтайландыруды бұған дейін мақұлдаған болатын. Қазір бірнеше миллиардты құрайтын жаңа ұсыныс жасамақпын. Егер қолдап жатса, бұл жайында сіздер еститін боласыздар. Бұған қоса, осыған дейін жоспарланған барлық қызметтер толығымен сақталады», - деді А.Есімов.
Сонымен қатар, соңғы 5 айда отандық компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан 32,3 млрд. теңгенің тапсырыс алды.
«ЭКСПО нысандарын салу ісіне біздің отандық кәсіпорындар мен тауар өндірушілердң қатысқандығын қалаймыз. Біз ЭКСПО қиын дағдарыс уақытында отандық бизнеске қолдау көрсететін мемлекеттік жобалардың бірі деп санаймыз. Іс жүзінде ЭКСПО құрылысына Қазақстанның барлық өңірлері қатысуда», - деді А.Есімов аталған компания жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысында. Оның атап өтуінше, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы барлық облыстармен және Астана мен Алматы қалаларымен арнайы меморандумдарға қол қойған. «Соңғы 5 айда ЭКСПО құрылысына 243 отандық кәсіпорын тартылды. Олар 32,3 млрд. теңгенің тапсырыстарын алды. Тағы да 11 млрд. теңгеге қызметтер көрсетілетін болады. Әрине, бұл - жаңа жұмыс орындары, жұмыс орындарын сақтау. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғастырыла беретін болады. Өйткені, Президент тапсырма жүктеді. Импорттық тауарларға қарағанда отандық өнімдер біршама арзан», - деді ол.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы барысында оның төрағасы қызметіне Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сайланды.
«Қазір мен ең алдымен қоғамдық кеңестің төрағасын сайлап алуды ұсынамын. Одан кейін сіздердің тараптарыңыздан сауал туындайтын болса, мен бірден жауап беруге дайынмын», - деген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов төраға қызметіне кандидатура ұсыну үшін сөзді қоғам қайраткері, журналист Артур Платоновқа берді. «Ерлан Батташұлы Сыдықовты ірі қоғам және саяси қайраткер, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры ретінде білеміз. Ол барынша лайықты кандидат», - деді ол. Осыдан кейін отырысқа қатысушылар Е.Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. «Ерлан Батташұлы елімізге есімі танымал адам. Белсенді қоғам қайраткері, біздің ең ірі жоғары оқу орындарымыздың бірі Еуразия ұлттық университетіне басшылық жасайды. Бұл университетті құруға мемлекеттің қаншама күш-жігері, қаржысы жұмсалғаны, Президенттің өзі айрықша назар аударғаны есімде. Қазіргі уақытта бұл университет ғылым, кадрлар дайындау саласында жетекші білім ордасы болып отыр, табысты жұмыс істеуде. Сондықтан да мен дұрыс таңдау жасалды деп білемін. Сізді тағы да құттықтаймын», - деді А.Есімов.
Өңірлердің халықаралық көрмеге қосқан үлестері
Оңтүстік Қазақстан облысында «ЗЕРДЕ-Керамика» отандық кәсіпорны екінші желіні іске қоспақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан еліміздегі жалғыз керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт - «ЗЕРДЕ-Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур кезінде айтылды.
Өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында іске қосылатын екінші желі осы жылдың мамыр айында жұмысты бастайды деп көзделуде. Нақтырақ айтсақ, жаңа желі бойынша сандық машинаның көмегімен кең ауқымды, түрлі-түсті жылтырлатылған керамограниттер шығарылмақ.
Бастапқыда «MK-Ceramics» сауда маркасымен өнімдерін шығарып, еліміздің ішкі сұранысын толық қамтыған өндіріс орны өнімінің 20 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріне экспорттайды.
Жылдық қуаттылығы 2 млн. шаршы метрлі, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм. және 600х300 мм. болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, 175 адамды жұмыспен қамтып отыр.
де аталған «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.
Жамбыл облысы да көрмеге өзіндік үлесін қоспақ. Өңірде «ЭКСПО-2017 еріктілері» жобасы қолға алынды. Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Отырысқа этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Облыстағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысева айтып өткендей, 2015 жылы қазан айында Астанада басталған «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы бойынша аймақтық мәдени-туристік кластерлер құру көзделіп отыр.
«Сондай кластерлердің бірі - «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» біздің облыста жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық мәдени жобасы, «Ұлы дала елі» халықаралық конференциясыы ұйымдастырылды. Ір адам жас ерекшелігіне қарамай өз өлкесінің тарихын білуі тиіс. Сондықтан да аймақтық Ассамблея білім басқармасы мен тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, ең алдымен болашақ ұрпақтың тәрбиесіне аса мән береді», - деді Л. Лысова.
Аталған жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Ол «Өз өлкеңді таны» - балаларға арналған туристік маршруттар, сонымен бірге «ЭКСПО-2017 еріктілері». Жамбыл облысы аймағы бойынша экскурсия жасайтын тарихи орындарға «ЭКСПО-2017» нысандары да енген. Ол жерде еріктілер үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде арнайы оқудан өтеді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 1,111 млн адам, оның ішінде 87 этнос тұрады. Жамбыл облыстық ҚХА-ға 73 этномәдени бірлестіктер кірген.
Жамбыл облысындағы шаруа қожалық иелері мал шаруашылығынан бөлек, туризм саласына да бет бұра бастады. Тұрар Рысқұлов ауданында «Шәушен» ШҚ фермасының жанынан қымыз дайындайтын цех салып, сауықтыру кешенін соғып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев тау етегінен қымызбен емдеу орталығын ашуды бұрыннан ойластырыпты. Ойға алған жобасын іске асыру мақсатында көп ізденіп, мамандарға да қайырылған.
Шаруа 2014 жылы қымыз өндіру үшін өз қаражатына жалпы құны 250 миллион теңге жылқы фермасы жобасын іске қосты. Қазір мұнда желіде екі ауысымда (күндізгі және түнгі) 250-250-ден 500 бие байланып тұр. Алдағы уақытта желіге мың бие байлау жоспарларында бар.
Тау бөктеріндегі қымызбен емдеу орталығында қолға алынған заманауи қонақ үй, сауна, бассейн тағы басқа да нысандардың құрылысы толық аяқталды. Қымыздың бағасы қарапайым тұрғындарға қолжетімді болады. Ерекше атап өтерлігі, шаруашылық басшысы мұнда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қымызбен емделуіне есіктері айқара ашық, бұл ретте тегін арнайы екі бөлме қарастырылған.
Тәжірибелі технологтар сұранысқа қарай ұлттық сусынның бірнеше түрін дайындайды. Негізінен тапсырыс Астана, Алматы қалаларынан түседі. Фермада көбінде халықтың сұранысы бойынша жуас қымыз, асау қымыз, сүр қымыз дайындалады. Қыс айларында сұраныс көбіне асау қымызға болады. Ал жазда жуас қымызға сұраныс көп. Сондықтан 20 тоннаға шақталған қоймасы бар.
Жуырда мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 7 шақырым жерден электр желісі тартылды. Ендігі міндет - саяхатшыларды ынталандыратын бағдарлама жасақтап, туристік салада жұмыс істейтін мамандар даярлау.
Сонымен бірге, Жамбыл облысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар барысында Ө. Шөкеев Орталық Азиядағы ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Ол Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында орналасқан.
Шетелдік инвестордың қатысуымен қуаты 50 МВт-қа дейін КЭС 10 ай ішінде салынған. Ол ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу барысында 2015 жылдың 2 шілдесінде іске қосылды.
Күннен электр қуатын өндіретін стансаны «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен британдық UG Energy Limited компаниясы бірлескен «Бурное Солар-1» ЖШС кәсіпорынын құру жолымен іске асырды. Оның құны - 125 млн доллар.
Қазір кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жылдың электр қуатын өндіру көлемі - 58,718 млн кВт/с. Ол болжанған көрсеткіштен 10 пайызға көп.
«Бурное» станциясы Қазақстанның EXPO-2017 халықаралық көрме аясындағы «жасыл экономика» жасау мақсатының табысты дәлелі бола алады. Сондықтан біз станция қуатын 100 МВт-қа арттыруды көздеп отырмыз. Бұл үшін 220 киловольтты станция дайын, қосымша 50 МВт қуатты арттыру артық шығынды қажет етпейді», - деді, «Самұрық-Қазына Инвест» басшысы Қайрат Найзабеков.
Бұдан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапары барысында Шу ауданындағы «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына барды.
Еске сала кетсек, жоба халықаралық «TARAZ INVEST- 2012» инвестициялық форумында таныстырылған. ҚР Президенті Жарлығымен Шу ауданында аумағы 505 га арнайы экономикалық аймақ құрылған. Жоба Жамбыл облысындағы инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін іске асырылуда. АЭА қатысушылары бірқатар жеңілдіктерге ие, сондай-ақ қажетті ресурстар мен инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген. Инвестициялардың жалпы сомасы - 375 млрд теңге.
АЭА аумағында 16 жоғары технологиялық химия зауыты пайда болады деп күтілуде. Олардың жалпы жылдық қуаты 25 түрлі 2 млн тонна химиялық өнім шығару болмақ. Қазіргі уақытта жеті импортты алмастыратын өндірісті іске асыруды көздеп отырған 5 қатысушы тіркелген. Сондай-ақ табиғи газды тереңірек өңдейтін зауыт құрылысы жоспарланған.
Жоба бойынша 2016 жылдың басында АЭА-ны барлық сыртқы инфрақұрылымдарының құрылысын аяқтау көзделген. Ө. Шөкеев инфрақұрылымдар нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары барысымен танысты. Бұлар аймаққа келетін тұстағы автожол және темір жол, газ құбыры, су құбыры және электрмен жабдықтау желісі.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы Алматы-1-Шу жол бөлігіндегі жұмыстармен танысты. Бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр. 7 сәуірде мұнда «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС тұңғыш өнімі - рельс-шпалды торкөзінің алғашқы кезегі төселді.
«Қазіргі таңда күні Жамбыл облысында іске асырылып жатқан жобалардың өңір үшін әлеуметтік және экономикалық мәні мен ел экономикасының дамуындағы стратегиялық маңызы өте зор. Соның ішінде, екі жоба - «Бурное» мен «Тараз химия паркі» біздің қордың жаңа үлгісіне, республикада жаңа салаларды дамыту мақсатына сай келеді», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.
Жамбыл облысы көрмені өткізу кезінде өңірлік туризмді дамытуға белсенділік танытып отыр. Осы мақсатта туристерге арналған сайт ашылуда.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне туристерді қабылдайтын өңірлер қатарына енген Жамбыл облысындағы туристік саланы дамытуға облыстық кәсіпкерлер палатасы жанашырлық танытып отыр.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша ӨКП бастамасы бойынша құрылған жұмыс тобы құрамына мемлекеттік органдар, туристік фирмалар, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің өкілдері, тарихшылар және журналистер кірді. Олар облыстағы барлық тарихи орындарға барып қайтты.
700 шақырымға жуық қашықтыққа созылған ақпараттық турдың қорытындысы өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевқа таныстырылды.
«Көптеген нысандардың жағдайы, оған барғанда көрсетілер қызметтің деңгейі көңіл көншітерлік емес. Тарихи орындарға баратын жолдардың 90 пайызы нашар күйде екені анықталды. Жамбыл облысының әкімі бұл мәселені аудан басшылығы көмегімен шешпекші. Биыл жолдарға қиыршық тас төселеді. Келесі жылы оған бюджеттен қаржы қарастырылады. Жол бойына ақпараттық-таныстыру белгілер қойылмаған. Тағы бір күрделі мәселе - қазақша және орысша түсіндіріп бере алатын гидтердің болмауы. Ақпараттық турдың қорытындысымен таныс болған өңір басшысы осы мәселелердің шешілуіне ықпал етуге уәде берді», деп хабарлайды ӨКП.
Жамбыл облысында қызмет ететін 20-дан астам ірі туристік фирмалардың жартысына жуығы шет елдерге бару туризмімен айналысады әрі ішкі туризмді дамытуға асығыстық танытпауда.
Осындай жұмыс топтары Жамбыл облысының әрбір ауданында құрылады. Ол өз ауданындағы туристік нысандарды зерделеп қоймай тұтас облыстағы нысандарға да көңіл аударады. Олар өңірдің туристік саласының қазіргі жай-күйін нақты сипаттайтын парақша жасайды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, ӨКП қонақүй, мейрамханаларға шынайы баға бермек. Олардың үздіктері туристерге арналып жасалатын сайтта орналастырылады. Онда өңірдің танымал жерлерімен танысып, қонақ үй немесе дәмхана таңдауға болады. Сонымен бірге облыстың толыққанды туристік картасы әзірленеді, оған 48 нысан енгізілмек.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыс аумағында 3 365 тарихи орын бар болса, оның 731-і жергілікті, 28-і республикалық маңызы бар мемлекеттік тізімге енгізілген. Сондай-ақ, 5 нысан ЮНЕСКО көлемінде қорғауға алынған. Олар - Ақтөбе, Құлан, Өрнек, Қостөбе және Ақыртас.
Қарағандыда EXPO көрмесіне арналып ерекше киімдер топтамасы әзірленуде.
«Олар көйлектердің етегіне ұлттық ертегілер мен поэма кейіпкерлерін бейнелеуде. Осылайша, кеншілер қаласында сән үйі ашылды. Онда ұлттық нақыштағы киімдерден бөлек, іскер әйелдерге арналған бірқатар эксклюзивті үлгілер де дайындалады», деп хабарлайды отандық телеарна. Кәсіпорын қазір іскер әйелдерге арналған эксклюзивті киім түрлерін шығаруға бел байлап кірісті. Ісмерлер әрбір үлгіге жоғары талаппен қарайды. Сапалы мата, бірігей дизайн және көздің жауын алатын аксессуарлар қолданады. «Біздің киімдер ұлттық нақышта жасалады. Классикалық стильде тігілген костюмдер іскер әйелдерге арналған. Ал көлік жүргізетін нәзік жандыларға көлікте отыруға ыңғайлы белдемшелер мен пиджактер тігіп шығаруды көздеп отырмыз», дейді кәсіпкер Ирина Нечаева.
Кәсіпкерлер қазір EXPO көрмесіне дайындалып жатыр. Олар халықаралық көрмеге бірқатар ұлттық нақыштағы бірегей көйлектер топтамасын апармақ. Ең әдемі үш көйлекте Астана, Алматы мен Қарағанды қалалары бейнеленеді. «Біз киімдердің басым бөлігіне қазақстандық суретшілердің туындыларын алып, бейнелейміз. Көйлектерді ертегілер кейіпкерлерімен, еліміздің қалаларымен бедерлейміз. Сондай-ақ түрлі маталарды үйлестіріп, қызықты да әдемі киімдерді тігеміз», дейді кәсіпкер Светлана Нечаева. Кәсіпкерлер Іскер әйелдер қауымдастығына мүше. Ерекше киім үлгілерін ең бірінші болып қауымдастық өкілдері көреді. Бастапқыда кішігірім ателье ашылып, 5 тігінші жұмыспен қамтылады.
Енді оңтүстіктегі өңірлерге кезек берсек, ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында бірқатар ірі шаралар өтеді. Өңірде қазақстандық шоу бизнес және «EXPOCUP - 2016» спорт жұлдыздары арасында гольф бойынша турнир, өлкелік туризмді дамыту үшін балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған ақпараттық тур, сондай-ақ халықаралық «SITF» форумы, түрлі флеш-мобтар өтеді. Бұдан басқа, «Болашақ энергиясына» арналған инновациялық жобалардың авторлары республикалық көрмеге шақырылады. ОҚО-да көрмеге облыстан 200 мыңға жуық тұрғын барады. Бұдан басқа, қазір облыста ЭКСПО-ға қатысу үшін еріктілер іріктеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 240 адамнан өтінім қабылданып, 10 адам ерікті құқығын алды. Биыл олардың барлығы арнайы оқыту тренингтеріне, халықаралық мамандардың қатысуымен курстарға қатысады. ЭКСПО-2017 нысандарын салуға жергілікті өндірушілер тартылатыны атап өтіледі. Көрме кешені мердігерлік құрылыс ұйымдары мен отандық тауар өндірушілер арасында ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойылды. Мысалы, «Зерде-керамик» ЖШС компаниясы құрылыс алаңына керамикалық плита, «Стандарт Цемент» ЖШС - цемент, Кентау трансформатор зауыты да өз өнімін жеткізетін болады. Бірқатар компаниялар тоқыма мен жиһаз әкеледі.
Өңір «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100 ерікті аттандырады. Оңтүстік Қазақстан облысында «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді дайындау жұмыстары басталды. Студент-еріктілер мен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшылығының кездесуінде жұмыс барысы талқыланды. 180-ге жуық студент құжаттарын тапсырған, алайда олардың барлығы өтпеді. Іріктеуден сүрінбей өткендер үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылады. Еріктілерді осы жылдың көктеміне дейін іріктеу көзделген. Үміткерлерге қойылатын басты талап - ағылшын тілі мен өз елінің тарихын жақсы білу. Айта кету керек, Халықаралық көрме кезінде еріктілердің жататын орны мен тамақтандыруға жұмсалатын барлық шығын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен болады. Еске сала кетейік, көрме елордада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеге 3 мыңдай ерікті қатысады.
Қостанайлық шебер көрмеге арнап, Астананың ғимараттарын моншақтан жасайды. Рудный қаласының тұрғыны Бақтыбай Кенжеғұловтың моншақтан тізіп, түрлі бұйымдар жасай бастағанына бір жылдан асты. Мүмкіндігі шектеулі жан енді үйірме ашып, өнерін тағдырластарына үйреткісі келеді. Ісмердің ең үлкен арманы - елордада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне қатысу. Мұқтаждық - мың өнердің анасы. Денсаулығы сыр берген Бақтыбай Кенжеғұлов көңілін аулайтын кәсіп іздеді. Бірде оңтүстіктегі Сарыағаш ауданына жолы түсіп, моншақтан бұйым жасайтын шебермен жолығып, осы өнерді үйренді. Қазір әбден төселген. Кеншілер қаласында кәдесыйға тапсырыс берушілер көбейіп келеді, деп жазады 24.kz.
«Туған күн сияқты мерекелерге арнап сөмкелерге тапсырыс беріп кетеді. 11:00-де бастасам, ертең кешке дейін дайындап беремін. Бұдан көбі 3-4 күнге кетіп қалады. Бір гүлді тез істегенде 20 минутта бітіремін», - деді Бақтыбай Кенжеғұлов. Моншақтарды есеппен тізу, қалыпқа келтіру, тастардың үйлесімін табу оңай шаруа емес. Темірдей төзім, ұшқыр қиял керек. Мұндайда Бақтыбайға келіншегі Гаухар көмектеседі. Ісмердің ең бірінші сыншысы да, қолдаушысы да жұбайы. Көз жауын алатын әр бұйым көз майын тауысқан жанкешті еңбекпен келеді. «Әрқайсысы әртүрлі болады. Бір қолдан шықса да, басқаша болады. Екеуі бірдей болмайды. Біріншіден, бұл өнер таза, әсем, әдемі көрінеді. Әрбір істеген заты сұранысқа ие», - дейді шебердің жары Гауһар Әлиева. Бақтыбай - екінші топтағы мүгедек. Кемтар екенмін деп мемлекетке масыл болатын адамың ол емес. Шебер кәдесыйдан бөлек ұлттық нақыштағы бұйымдар, еліміздің рәміздерін тоқиды. Олардың бәрі де саудаланып кеткен. Қолөнерші Қазақстанның мақтаныштарын енді халықаралық деңгейде насихаттауға ынталы. Бақтыбай Кенжеғұлов, қолөнер шебері: «Ақорданы істеп көрдік. Әдемі шықты. Пирамиданы істеп көрдік, ол да әдемі шықты. Ендігі ойым - Қазақстанның курортты аймақтарын жасау. Соларды ЕХРО-2017 көрмесіне шығару», - дейді шебер. Қолөнерші Өзбекстаннан 2000 жылы елге оралды. Алғашында Оңтүстік Қазақстанда тұрды. Рудныйға бес жыл бұрын көшіп келді. Содан бері пәтер кезегінде тұр. Жеке пәтерге ие болсам, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап қолөнер үйірмесін ашар едім, дейді ол.
Көрмеге дайындық пысықталуда
ЭКСПО-2017 көрмесінде 6 мыңнан астам мәдени шара өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті. «Министрлік ЭКСПО-2017 xалықаралық көрмесін өткізу барысында ұйымдастырылатын мәдени-сауықтық шаралардың кешенді бағдарламасын жасады. Оның құрамына 6 мың шара енгізілген», - деп атап өтті министр. Айта кетейік, ЭКСПО-2017 шарасы келесі жылы Астанада өтеді. Оған шамамен 3-5 млн турист келеді деп күтілуде. Қарағанды, Алматы, Қызылорда және өзге де облыстар ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін меймандарға өздерінің туристік бағдарламаларын жасақтауда. Соның ішінде Байқоңыр айлағы туристер үшін есігін ашатын болады. Ал Алматы қаласы Шымбұлақ шаңғы кешенін xалықаралық стандарттарға сай инфрақұрылымдық әзірлеуден өткізбек. Туристерді қабылдау үшін кешен EXPO-2017 көрмесінің алдында толық қуатына қосылуы жоспарланып отыр.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында әр түрлі форматтағы 7 мыңнан астам мәдени шаралар жоспарланған. Бұл туралы Парламент Сенатындағы кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің кешенді мәдени бағдарламалары аясында 7 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оған қазақстандық және шетелдік шығармашылық ұжымдардың, сондай-ақ еліміздің талантты жастары қатысатын болады», - деді А.Мұхамедиұлы.
Бұдан бөлек, министр сенаторлармен кездесуде отандық кинематография саласындағы жетістіктер жайлы да тоқталды. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда 200-ден астам қазақстандық картина әлемнің 48 еліндегі 150 кинофестивальға қатысты.
«Таяу арада Қытаймен бірге ұлы композиторлар Бақытжан Байқадамов пен Си Син Хайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Композитор» фильмін түсіру жоспарланып отыр. Бұл ортақ жоба халықаралық деңгейге есептелген және Қазақстан мәдениетін әлемде дәріптеуге үлес қосатыны сөзсіз», - деді ҚР министр А. Мұхамедиұлы.
Туристік саланы дамытуға арналған шаралар елімізде көптеп қолға алынуда. Қазақ жерінде туризм индустриясын қарқын алуына «Кең Дала» ұлттық сыйлығы да өзіндік үлесін қосады деген үміт бар.
Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында туристік саладағы «Кең Дала» ұлттық сыйлығы байқауының басталғандығы мәлім болды.
Атап айтқанда, байқауды еліміздің туристік нарығының көшбасшыларын біріктірген Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағы ұйымдастырып отыр.
Аталған одақтың атқарушы директоры Гауһар Жеңісбектің сөзіне қарағанда, бұл сыйлық туризмнің дамуын ынталандыруға, жақсы компанияларды анықтауға және танымал бағдарлар трендін жасауға бағытталған.
«Ұлттық сыйлық туризм индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін салалық жүлде ретінде тағайындалды. Байқау 12 аталымды қамтып отыр»,-деді Г. Жеңісбек.
Аталымдар арасында оқиғалық туризмнің ең жақсы жобасы; үздік ұлттық туристік компания; үздік аймақтық туристік компания; үздік гид-саяхат жүргізуші; үздік шипажай; қонақ үй индустриясының үздік нысаны; үздік балалар демалысы бағыттары қамтылған.
Оның сөзіне қарағанда, байқаудың нәтижесін әділ бағалау үшін «Сарапшылық кеңес» құрылуда. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар , қоғам қайраткерлері, туристік мамандар шақырылады.
Жобаның міндеттері «ЭКСПО-2017» қарсаңында туристік қызметтердің сапасын жақсартуға, туризммен байланысты салаларды (қолөнершілер, қызмет көрсету саласы, көлік, тамақтандыру, қонақ үйлер және басқалар) дамытуға, экологиялық туризмді дамытуға көмектесуге негізделген.
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне ең үздік кәдесый өніміне республикалық конкурс жарияланады. Елордадағы «Керуен» СОО-да І Республикалық «Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінің» ашыады. Іс-шараның аясында қолөнер бұйымдары мен кәдесый өнімдерінің көрмесі мен сатылымы және ұлттық ерекшелікпен жасалынған сәндік киімдердің көрсетілімі қарастырылған. Сонымен қатар барлық ниет білдірушілер үшін бейнелеу өнері, киізбен жұмыс істеу, ағаш ою, себеттер тоқу, қыш заттар жасау бойынша тегін шеберлік сабақтары өткізіледі. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сәндік көрсетілімде белгілі қазақстандық дизайнерлер «Асыл Дизайн» сән үйінен өзінің эксклюзивті топтамасымен Айдархан Қалиев (Тараз қ.) және «Тарбия» қазақтың ұлттық киімінің сән салонының басшысы Тарбия Айдымбаева қатысады.
«Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінің» мақсаты - халқымыздың қолөнерлік дәстүрлерін сақтау және танымалдандыру, сонымен қатар өзінің бұйымдарымен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген Қазақстанның қолөнер шеберлерінің әлеуетін көрсету болып табылады. Көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 70-тен аса қолөнершілер қатысады.
І Республикалық «Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінде» «Astana Expo-2017» логотипін тапсыру үшін ең сапалы өнімді анықтау мақсатымен ЭКСПО-2017 көрмесіне ең үздік кәдесый өніміне республикалық конкурстың басталуы жарияланатын болады.
2005 жылдан бастап БҰҰ ДБ тұрақты табыстарын қамтамасыз ету үшін қолөнершілердің шеберлігін жоғарылатуда және халық шығармашылығын қайта жандандыруда Қазақстанның өңірлеріндегі қолөнершілерге (негізінен әйелдерге) белсенді қолдау көрсетті. Көрме-жәрмеңкеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Бірлескен бағдарламалары жүзеге асырылатын Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аумақтарындағы жобалардың аясында БҰҰДБ қолдауына ие болған және киізбен айналысатын қолөнершілер ерекше орынға ие болады деп күтілуде.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы және G-Global халықаралық хатшылығы.
Кәдесыйларды алатын туристердің өздеріне келсек, ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристер саны жоспарлағаннан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай деп топшылады. Бұл туралы ол Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
«ЭКСПО - біздің қаламыз үшін ең қиын емтихан мен сынақ болғалы тұр. Ондай сынақты елорда әлі бастан өткізген емес. Бұл шара 90 күн бойы өтетін болады, 5 миллионнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысымен (Ахметжан Есімовпен) бірге бірлескен кеңес өткіздік. Қазірдің өзінде талдау барысы көрсетіп отыр, туристер бұл межеден де көп болмақ. Астанада күніне қосымша 50 мың адам келіп тұратын болады», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков. Оның сөзіне қарағанда, қала басшылығының алдында көрме кезінде қызмет көрсету саласын жоғары деңгейге көтеру міндеті тұр. «Барлық қонақтарды қабылдап, тамақтандырып, қызметін жасап, қаланы тек жақсы қырынан көрсетіп шығуымыз керек. Сондықтан үлкен дайындық болуы тиіс, инфрақұрылым, электр желілерінің, сумен қамту жүйелерінің дайындығы бойынша үлкен жұмыстар атқару керек», - деді экс-қала басшысы.
Сонымен қатар, Ә.Жақсыбеков көрме қарсаңында азық-түлік бағасы да өзгеруі мүмкін отыр.
«Бізге егер туристер көптеп ағылып, азық-түлікке деген сұраныс күрт артатын болса, қаланы азық-түлікпен қаншалықты қамти алатынымызды анықтап алу қажет. Оның үстіне көрме барысында бағалар көтерілмеу үшін логистикалық мәселелерді шешіп алу шарт, делдалдарды қысқарту бойынша жұмыстар жасалуы тиіс. Алайда ол да мүмкін: сұраныс артады, баға өседі», - деді ол. Оның сөзі бойынша, көрші аймақтармен азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде уағдаластықтар жасалуда. «Біз азық-түлік өндірісін бірнеше есеге арттыруымыз керек. Сондай-ақ көліктік-логистикалық мүмкіндіктерімізді арттыру шарт. де көкөніс сақтау қоймалары, көліктік-логистикалық орталықтар, азық-түлік өнімдерінің өндірісі салаларының мүмкіндіктері зерттеліп жатыр. Осы мәселеде үлкен сұрақтар барын көріп отырмыз», - деп түйді ойын қала басшысы.
Астанада қызмет пен сервис көрсету саласы да мәртебесі жоғары көрмені жоғары сапада қарсы алу үшін көптеген іс-шараларды қолға алды. Соның бірі - 9 қонақүй мен мейрамханаға «Recommended by EXPO-2017» сертификаттары берілуі.
Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының бірінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті. Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасы комиссиясының төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ның өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардың және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.
«Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердің бірі - қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деңгейіне қарай қаланың туристік дестинация ретіндегі даму келешегі айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін», - деді Нұрәлі Әлиев. Туристік саланың он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деңгейін бағалау нәтижелері бойынша «Астана қаласының алтын серіктесі» атағы «Soluxe Hotel Astana», «Radisson Hotel Astana» қонақ үйлеріне, «Astana Marriott» отеліне және «Korean House» мейрамханасына берілді. «Күміс серіктес» белгісін «Park Inn by Radisson Hotel Astana» қонақ үйі жеңіп алды. «Қола серіктес» санатында «Ibis Hotel Astana», «Grand Park Esil Astana» қонақ үйлері және «Думан» қонақ үй кешені марапатталды. Ал «Peshnan» кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша «Астана қаласының серіктесі» санатында сертификатқа ие болды. Бағдарламаның оныншы қатысушысы Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеді. Осылайша, Астана қаласының ресми серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.
Сонымен бірге, елордалық гид-экскурсия жүргізушілер «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатыса алады. Астанада гид-экскурсия жүргізушілерді «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасына енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Елордалық экскурсия жүргізушілерге қала әріптесі мәртебесін беру бағдарламасының негізгі мақсаты шынайы ақпаратты ұсыну қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шетелдік қонақтарға Астана мен Қазақстан туралы барлық қажетті ақпаратты халықаралық стандарттар талаптарына сай экскурсия жүргізушілерден алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады astana.kz.
- Әріптестік мәртебесі Астана қаласының кепілі және гидтің барынша сапалы қызмет көрсетуінің белгісі. Біз бағдарлама аясында барлық қойылған талаптарға сай келетін гид-экскурсия жүргізушілердің бірыңғай тізілімін жасаймыз. Олар дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынатын болады, шет тілдерін жақсы меңгереді және т.б., - деді «Астана Конвенш Бюро» өкілі Айнұр Жанабілова. Талқылаудың қорытындысы бойынша жұмыс тобына қатысушылар - «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасын ұйымдастырушылар, туризм саласының, елорданың білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері - гид-экскурсия жүргізушілерді бағалау бойынша тиісті талаптар әзірледі. Бұл ұсыныстар «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасының комиссиясында қаралады. Гид-экскурсия жүргізушілер бағдарламаға қатысуға өтінімді жеке және ұйымның атынан ұсына алады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Астана қаласының әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлады. Оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ы болып табылады. Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары қатыса алады.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құқық аясында өтуі алдын ала қамтамасыз етіліп отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның бастамасы бойынша ұлттық компания мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Осыған байланысты тараптар ЭКСПО көрмесі нысандарын жобалау мен салу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықты түп тамырымен жою бағытында әлеуметтік жауапкершіліктер қабылдау бойынша тығыз ынтымақтасатын болады. Құжатқа ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро төрағасы Қайрат Қожамжаров қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Біз үшін ақпарат алмасу аса маңызды. Құрылыс нысандарында қандай компаниялар, әсіресе қандай шетелдік компаниялар жұмыс істейтінін білу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз осы мәселені ұдайы бақылауда ұстап келеміз», - деді Қайрат Қожамжаров. Ол сонымен бірге, ұлттық компания басшысына келісім жасау туралы бастама көтергені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде А. Есімов ЭКСПО - бұл Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан Қазақстан тарихындағы аса ауқымды әрі үлкен халықаралық жоба екенін атап өтті.
«Біз көрменің жобасына қатысушы барлық компания мен мердігерлер өкілдерін шақырып отырмыз. Ондағы мақсат біреуді қорқыту емес, керісінше құқық бұзушылыққа жол бермеу. Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жемқорлықтың жолын кесіп, алдын алумен айналысады. Ең бастысы бизнестің нені, ал мемлекеттің нені қалайтынын бәрі де жақсы түсінулері керек. Әлбетте, бизнес көп қаржы тапқысы келеді, ал мемлекет гі жағдайды ескере келе, өз шығыстарын қымтап ұстағысы келеді», - деді Ахметжан Есімов.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» басшысы Ахметжан Есімов қол қойылған меморандум формалды сипатта болмайтынын ерекше атап өтті. Құжат сындарлылық пен ашықтық қағидаты бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру жолымен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға септігін тигізетін болады.
Астана әуежайы да ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда. Өйткені көрменің басты әуе қақпасы да осы елорда әуежайы.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы ауданы 40 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеттілігі жылына 7 млн-нан астам жолаушыға жетеді. Қарбалас кездерде рейстерді күту залдарына бір уақытта 2,525 жолаушыны сыйғызуға болады. Қазір құрылыстың бастапқы кезеңі аяқталды, терминал ғимаратының жер бетіндегі бөлігінде лифті шахталары мен баспалдақ аралықтары орнатылды, металдан жасалған құрылымдар мен аралықтардың монтажы орындалып жатыр. 2015 жылы перронды ауқымды қайта жаңарту жүргізілді, жаңа бизнес терминалы қолданысқа енгізілді. Астана қаласының халықаралық әуежайы өндірістік көрсеткіштер бойынша Қазақстанның екінші басты әуежайы болып табылады. Қазіргі уақытта ірі әлемдік авиакомпаниялар Америка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа мен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің арасында континент аралық тасымалдауларды орындай отырып, Астана қаласының әуежайында аралық ұшақ отырғызуларын жүзеге асырады. Әуежай Air Astana, Etihad, Asiana Airlines, flydubai, Aeroflot, Lufthansa, Turkish Airlines, Russia, SCAT, Uzbekiston Hava Yollary сияқты және басқа да авиакомпанияларға қызмет көрсетеді. Олар күн сайын Қазақстан бойынша 15 бағытта және таяу және қиыр шетел елдеріне 22 бағытта тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асырады. Нарықта QAZAQ Air қазақстандық тасымалдаушысының пайда болуы еліміздің түрлі өңірінің халқы үшін жағымды жағдай жасады. Жақын арада халықаралық масштабтағы тасымалдаушы KLM ROYAL DUTCH AIRLINES Астана қаласы мен Голландияның астанасы Амстердам қаласын байланыстыра отырып, жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Әуежай нық қадамдармен әуежайды Орталық Азия өңірінің ХАБ-ы ретінде дамыта отырып, өзінің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге талпынуда. Жолаушыларға қызмет көрсету, перронда қызмет көрсету, жүкті және багажды өңдену сапасын арттыру және Астана халықаралық әуежайына халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін швейцариялық Swissport International компаниясы тартылған болатын.
Республиканың транзиттік - көлік әлеуетін дамыту маңыздылығын назарға ала отыра, Астана халықаралық әуежайы көлік саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін басшылыққа ала және сүйене отырып, Қазақстанның жаңа буындағы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
ЭКСПО қарсаңында елордада 900-ден астам жаңа автобус жолға шығады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елордада 900-ден астам жаңа автобус жолға шығады. Бұл туралы көрменің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны барысында Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныің басшысы Малика Бектұрова мәлім етті.»350 жаңа автобус қатынап жүр. Көрме қатысушылары мен қонақтар қоғамдық көлік қызметін тиімді пайдалана алуы үшін гибридті отынмен жүретін қосымша 600 автобус жолға шығарамыз», - деді ол. М.Бектұрованың атап өтуінше, ЭКСПО орналасқан жерге апаратын жаңа жолдың құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқталады. Сонымен қатар ол қазіргі қолданыстағы әуежай кеңейтіліп, жаңа темір жол вокзалының салынатындығын атап өтті. «ЭКСПО-2017 көрмесі жылдың ең қолайлы кезінде өтейін деп тұр. Ол кезде Астанадаға ауа температурасы шамамен 25 градус болады. Біз бұл жайт туристер мен қонақтар үшін көрме тартымдылығының бір себебі болады деп есептейміз. Сондықтан да өзіміздің өтінімізде көрмені тамашалаушылар шамамен 5 млн., ал келушілер шамамен 2,5 млн. адам болады деп көрсетпекпіз. Оның 95 пайызы еліміздің түрлі өңірлерінен келетін жергілікті туристер, ал 15 пайызы шетелдік туристер болады», - деді М.Бектұрова. Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бұл көрмеге 75 ел мен 14 халықаралық ұйым ресми қатысатындығын қуаттады.
Сонымен қатар, осыншама көп туристер легін күтіп алуда да бірқатар оң серпілістер бар. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерді баспанамен қамтамасыз ету үшін елордада 24 жаңа қонақ үй мен 4 жатақхана салынады. Бұл туралы көрменің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны барысында Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мәлика Бектұрова мәлім етті. «Біз оларды (ЭКСПО-ға келетін қонақтар) тұрғылықты жермен қамтамасыз ету үшін зор жұмыстар атқардық. Қазіргі уақытта шамамен 30 мың қонақ үй нөмірі бар. Бұған қосымша 2017 жылы 5 мың орын пайдалануға беріледі. Оған 24 жаңа қонақ үй мен 4 жатақхана салу арқылы қол жеткіземіз. Сондықтан тұрғын үймен қамтамасыз ету толығымен жабылады», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астанада өтеді. Дәл осы аралықта көрмені тамашалауға келетін адамдар саны 2,1 миллионға жетеді деп күтілуде.
Осы тұста көрменің заңнамалық қамтамасыз етілуіне тоқтала кетсек. «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты реадмиссия туралы келісімдер өзекті. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
«Құжат еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген бірақ, рұқсат мерзімі өтіп кеткеннен кейін елде қалған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді. Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы жалпы азаматтық ұлттық паспорттар иелері үшін визасыз режим орнатуға негізгі шарт болады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев. Оның айтуынша, гі күні Қазақстан 12 елмен реадмиссия туралы осыған ұқсас келісімдерге қол қойды. Бұдан бөлек, 13 алыс және жақын шетелдермен реадмиссия туралы келісімдер қарастырылып жатыр. «Реадмиссия туралы шарттарды қабылдау «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне байланысты өзекті болып табылады. Бұл халықаралық ауқымдағы шараға шет ел азаматтары көптеп тартылатыны белгілі. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді Е. Тұрғынбаев. Заң жобасы Парламент Сенатының алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады.
Көрменің көптеген шаралары істі бастап кетуге дайын. Дейтұрғанмен оны қосымша қаржыландыру сақтық шарасы да артықтық етпейді. ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысын аяқтау үшін 85 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті. «ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге нысандарды дер кезінде аяқтау мақсатында 85 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде 60 млрд. теңгесі көрме контенті мен павильондарын қалыптастыруға, ІТ инфрақұрылымын құруға және басқа да шараларға көзделген», - деді министр.
«ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығы құрылысын аяқтауға 15 млрд. теңге және тағы 10 млрд. теңге көрме қарсаңында Астана әуежайының терминалы мен ұшып-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы тапсыруға қарастырылған.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шет мемлекеттердің кең ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолға алынды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткені белгілі. Алқа мәжілісінің негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі мекемелерінің қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды. Отырыста «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шет мемлекеттердің кең ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да талқыланды. Алқа мәжілісінде Қазақстан Президенті сыртқы саясат ведомствосының алдына бірқатар жаңа міндет қойды және нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы министрліктің ширек ғасыр бұрын, ел үшін күрделі уақытта құрылғанын атап өтті. «Қазір республикамыз әлемнің 169 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Шетелде 94 елшілік жұмыс істейді, Қазақстанда өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың 50-ден астам елшілігі мен дипломатиялық өкілдіктері бар. Отандық дипломатия арқылы көптеген жаһандық өлшемдегі сыртқы саяси бастамалар жүзеге асырылды. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің орнына үміткер болып отыр. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы елдердің қолдауына үміт артамыз», - деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті отандық дипломаттардың үлесін атап өтіп, оларға елдің Тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы саясатты дамытуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты. Алқа барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов сөз сөйлеп, ведомство елдің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілетуге, Қазақстанның халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтуға және шет ел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуға ниетті екенін айтты. Сонымен қатар, бұрынғы Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің, «Астана -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовтің, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерінің баяндамалары тыңдалды. Тоғыз жылда шамамен шет елге 20 млрд. доллар шығарылды Бұл аптада заңдастыру науқаны мәселесіне арналған Үкімет отырысы өтіп, онда бұл бағыттағы нәтижелер бойынша ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. «Әрине, шет елде ақша көлемі қандай деңгейде деген сұрақ туындайды. Төлем балансының деректері бойынша 2007 жылдан бастап (соңғы заңдастыру сәтінен бастап) 9 жыл ішінде «Қателер және өткізулер» бабы бойынша шамамен 20 млрд. доллар сомасы шығарылған. Бұл - жанама көрсеткіш, алайда ол статистика бойынша жалғыз мәлімет болып отыр. Атап айтқанда, шет елдердегі заңдастыратын ақша резервтері бар екеніне сенімдімін. Сонымен қатар, кірістерді заңдастыру - капиталдың автоматты түрде қайтарылады дегенді білдірмейді. Шет елде ақша белгілі бір жобаларға салынған. Сол себептен, бізде тиімді инвестиция салуға жағдай жасау қажет»,-деп тоқталды министр. Б. Сұлтанов шеттегі үлкен қаражат ауқымды жобаларда шоғырланғанын айта келе: «гі күні Қазақстанда инвестициялауға пайдалы бағыт - ол жекешелендіру объектілері, бірінші кезекте ТОП-65. Сол себептен жекешелендіру бойынша Жобалау офис жұмысы шеңберінде біз міндетті түрде халықаралық кеңесшілер үшін шаралар мен техникалық мақсаттар бойынша Жоспарға түзетулер енгіземіз»,-деді. Атап айтқанда, ағымдағы күнгі жағдай бойынша 607 млрд.теңге заңдастырылған, оның ішінде мүлік бойынша 457 млрд. теңге сомаға (шетелде 1 млрд.теңге), ақша бойынша - 233 банк шотын ашу жолымен 150 млрд.теңге қамтылды. Б. Сұлтанов кейбір кедергілер 2015 жылғы желтоқсан айындағы заңнамаға енгізілген тузетулермен жойылғанын еске салып өтті. Жаңа түзетулердің бірі - заңдастырылған ақшаны банк шоттарынан мерзімінен бұрын шешкен жағдайда заңдастыру үшін 10 пайыздық алымды жою. Қаржы министрінің атап өтуінше, дегенмен, «ескі» шарттарда (2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін) 428 млрд. теңге заңдастырылған. «Жаңа» шарттарда қарқынды үдеріс бар. «Тек қана екі айдың ішінде (желтоқсанда және қаңтарда) 160 млрд. теңге заңдастырылған немесе алдыңғы 15 ай науқандағы заңдастырылғанның үштен бір бөлігі. Оның 109 млрд. теңгесі мүлікті қамтып отыр. Осы кезеңде банктерде 41 шот қоса ашылып, оған 51 млрд. теңге салынды. Осылайша, заңдастырылған ақша қарқынының өсімі 2015 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 61 пайызды құрады»,-деді ведомство басшысы. Жұмыссыз статусын беру өзгертіледі. Сол кезеңде Сенатта «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтіп, оған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты. Жаңа редакциядағы заң жобасы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте өзгерістер негізінен экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталады. Ал құжатты әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибелеріне назар аударылған. «Заң жобасы бойынша жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту қарастырылады. Бұл үшін жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Сосын жұмыс іздеп келген адамға он күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жүмыс іздеуші жүмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі», - деді Т. Дүйсенова. Оның айтуынша, жұмыссыз статусын алған адамға әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде әрі жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалатын болады. Бұдан бөлек, министр Қазақстан еңбек нарығының көрсеткіштерін халықаралық стандарттарға көшіретінін айтты. «Біздің алдымызға әлемнің отыз дамыған елінің қатарына ену туралы тапсырма жүктеліп отыр. Сондықтан да, біз осы елдердің халықаралық стандарттарын сатылап енгізуге тиіспіз. Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттарына сәйкес, аталған елдерде еңбек нарығын көрсеткіштерін өлшеу біраз өзгеше. Мәселен, бізде «экономикалық белсенді халық» дегеннің орнына «жұмыс күші» деп көрсетіледі, сосын жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалар жеке көрсетіледі. Қазіргі күні ЭЫДҰ елдерінде экономикалық белсенді халықтың құрамына жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар да кіреді», - деді Т. Дүйсенова. Оның сөзінше, ЭЫДҰ елдерінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына сатуға шығарылатын өнімдер шығарып, табыс табатындар жатады. Ал өзі пайдалану үшін өнім шығаратын халық «жұмыс күші» құрылымына жатқызылмайды. «Біз де осы тәсілді қолданатын боламыз. Осылайша, өзі пайдалану үшін өнім шығаратын азаматтар және жұмыс істей алатын, тек жұмысы жоқтығынан жұмысқа орналаспаған немесе жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты жұмыссыздар ретінде саналуы тиіс. Мәселен, бұл тұлғаларға бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар, мүгедек баланы қарайтын аналар, үй шаруашылығымен айналысатын адамдар, өзінің жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын тұлғалар жатады. Ал біз гі күні бұл тұлғалардың бәрін өзін өзі жұмыспен қамтығандар деп атап жүрміз. Енді жаңа халықаралық стандарттар енгізілсе, олар экономикалық белсенді емес топқа жатады және статустары бойынша әлеуметтік немесе мемлекеттік қолдауды талап ете алады», - деді Т. Дүйсенова. Медициналық сақтандыру үшін жарнадан адамдардың 15 санаты босатылады Өтіп бара жатқан аптада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың қандай санаттары босатылатынын айтып берді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі - халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері», - деді ол Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына: балалар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар; ҰОС ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер; жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқандар; техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқандар кіреді. Мұнымен қоса, жарнадан бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағылар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар; зейнеткерлер; ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер; уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар босатылады. Бұдан бөлек вице-министр Қазақстанда тегін медициналық көмек міндетті сақтандырусыз да көрсетіле беретінін атап өтті. «Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де біз кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін сақтаймыз, яғни бұл тұрғыда медициналық сақтандыруға қарамастан, тиісті қызметтер мемлекет тарапынан төленетін болады. Осы орайда бірінші кезекте жедел медициналық көмек, инфекциялық аурулардың иммунопрофилатикасы, сондай-ақ туберкулез, психиатрия және басқа да әлеуметтік маңызды дерттер қамтылған. Атап айтқанда, мемлекет кез келген жағдайда өзінің азаматтарына кепілдік беріп, міндетті түрде емдейтін аурулар қарастырылған», - деді ол. Е. Біртановтың айтуынша, қалған медициналық қызметтер қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін қалыптастырады. «Күнделікті медициналық қызметтер, яғни алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандардың кеңесі, диагностикалық қызметтер, стационарлық көмек, жоғары технологиялық қызметтер ескеріліп отыр. Сонымен қатар осыған сауықтыру, паллиативтік көмек, қосымша дәрілік қамтамасыз ету кіретін болады. Осы қызметтер енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіреді»,-деді вице-министр. Осы орайда ол кепілді тегін медициналық көмектің көлемін мемлекет төйлейтінін, ал медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерді арнайы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейтінін атап өтті. «Бұл қор биыл құрылып, 2017 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылады. Оған жарналар түсетін болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен қор медициналық қызметтердің төлемшісі рөліне кіріседі және осы қызметтерді төлейді. Осы орайда бұл қызметтер аталған пакет аясында азаматтарға көрсетіледі»,-деді ол. Заң жобалау жұмыстары жоспары 100 пайызға орындалды Осы аптаның соңында ҚР Әділет министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Осы ведомствоның басшысы Берік Имашевтың сөзіне қарағанда, 2015 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспары 100 пайызға орындалды. «Үкімет жыл сайын заң жобалау жоспарын бекітеді. Соңғы жылдары олардың 100 пайызға орындалғаны байқалады. 2015 жылы 30 жоспарлы заң жобасы әзірленіп, олардың барлығы Парламент қарауына дер кезінде енгізілді. Бұдан басқа 2015 жылы Үкімет пен Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары бойынша жоспардан тыс 11 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін 22 заң жобасы даярланды. Сонымен, барлығы 58 Заң қабылданды. Үкімет тұтастай алғанда 63 заң жобасын әзірледі»,-деді министр. Өткен жылы министрлік 2016 жылға Үкіметтің заң жобалары жоспарын әзірлеп, онда 26 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ биылға құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жоспарды даярлады. Бұл жоспарға 19 шара енгізілген көрінеді. 2016 жылы елімізде жаңа 69 мектеп ашылады Осы аптада ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысы өтті. Отырыс барысында аталған министрліктің бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіповтің мектепке дейiнгi бiлiм сапасын дамыту үшiн 2015 жылы жаңа стандарт енгiзiлгенін айта келе, бизнеспен әрiптестiктi дамыту арқасында мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi айтарлықтай кеңейгенін жеткізді. Павлодар жəне Қызылорда облыстарында 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтамасыз етілді. Жекеменшiк балабақшалардың республикадағы үлесi 40 пайызды құрады. Министрдің айтуынша, орта бiлiм беру саласындағы жұмыстар Ұлт жоспарының 77 қадамына сәйкес жүзеге асырылады. Басты мақсаттардың бірі - үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердiң көзiн жою. «Былтыр 67 апатты мектеп жойылса, 2016 жылы жаңадан 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - дедi министр. Өз кезегінде Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесіне тоқталып, ҰБТ жүйесін əлі де жетілдіре түсу керек деген пікір білдірді. «Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегінде даулы мəселе көп. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің идеясы жақсы. Осы саладағы жемқорлықты азайтты. Министрлік пен үкімет мектептердегі білім сапасы туралы толық ақпарат алатын болды. Бірақ, ҰБТ білім сапасын толық ашатын тетік деп айта алмаймыз. Мектептің рейтингісін бағалайтын өзге де бірқатар көрсеткіштер бар», - деген Премьер-министрдің орынбасары ҰБТ-ның тағы бір алаңдатарлық тұсына тоқталды. «Ұлттық бірыңғай тестілеу ата-ана үшін де, бала үшін де кəдімгі моральдік-психологиялық мəселеге айналды. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға кеткен бала «соғысқа аттанғандай» болмауы керек. Өздеріңіз білетін əртіс Тұрсынбек осы мəселені əзілмен көрсеткен. Министрлікпен осы мəселеге қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу талантты баланың сағын сындырмауы, оның жолын жаппауы керек. Бұл жүйені барынша «жұмсақ», барынша ыңғайлы еткіміз келеді. Бұл жөнінде қосымша хабарлаймыз», - деді Д.Назарбаева. Бұдан бөлек, Премьер-министрiнiң орынбасары білім беру жүйесін толық ақпараттандыру мәселесіне тоқталды. Оның пайымынша, жүйе толық ақпараттандырылса, онда Білім жəне ғылым министрлігінің таусылып бітпейтін есептері жойылар еді, бітпейтін тексерулері тоқтап, мың тонна құжат ары-бері тасымалданбайды.
Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізу үшін бар күш-жігерін салады. Оны сарапшылар мәлімдеуде. Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтуі үшін Қазақстан бар күш-жігерін салады, деп мәлімдеді ХІІІ Еуразия медиа форумында «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.
«Болашақ энергиясы» деп аталатын көрменің тақырыбы өзінше бірегей. Біз осы тақырыпты ашу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Қазіргі таңда көрмеге белсенді түрде дайындалып жатырмыз. Алаңдауға ешбір себеп жоқ. Көрмені жоғары деңгейде өткізетінімізге сенімдіміз», - деді Е.Шорманов.
Оның мәліметінше, де 81 ел, 14 ірі халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.
«Осы елдермен көрмеге дайындық бойынша мәселелер жөнінде тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Біз бай табиғи ресурстарға ие елміз, күн тәртібіне белсенді қатысып келеміз, экономиканы әртараптандырудамыз, біз «жасыл» экономикаға бағыт алдық. Сондықтан, көрме - болашақ энергиясы, жаңартылмалы энергия көздері, бұл әлемнің ұмтылатын бағыты екенін көрсететін айқын бір мысал болмақ», - деді ұлттық компания басшысының орынбасары.
ЭКСПО-2017: ТМД мен шет елдер
Сочи Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне туристік топтарды жіберетін болды. Астанада баспасөз мəслихатын өткізген Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомов уəде еткендей, Сочи ЭКСПО-2017 көрмесін көрсету үшін арнайы туристік топтар жібереді.
«Сочи - Олимпиада ойындарын өткізген қала. Бұдан бөлек, əлем чемпионаттары сияқты ауқымды шараларды ұйымдастыруда да қаланың мол тəжірибесі бар. Астана қаласының əкімімен кездескенде, қала басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруда Сочи қандай көмек көрсете алады?» деген сұрақ қойды. Мен өз кезегімде Сочи қаласы ЭКСПО көрмесіне қатысатын жəне көрмені көріп қайтатын туристік топтар ұйымдастыруға қолдан келген көмегімді аямаймын деп жауап бердім. Біздің федеральді тур-агенттік бұл мəселеге нен бастап-ақ кіріседі»,-дейді Сочи мэрі.
А.Пахомов атап өткендей, Сочи қаласының əкімдігі еріктілер қозғалысын құруға, сондай-ақ логистика мен өзге де ұйымдастыру шараларын өткізуге қатысты тəжірибесін көрсетуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылы 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрме өтетін Астана ғана емес еліміздің әр өңірі халықаралық дәрежедегі шараны жоғары деңгейде өткізу үшін атсалысып, өзіндік үлесін қосып жатыр.
Оралда өткен қазақстандық және ресейлік ғалымдардың қатысуымен халықаралық форумында «ЭКСПО - 2017» көрмесі де талқыланды. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне және Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне арналған «Еуразия өзен аралығы: өндіріс, ғылым және білім ықпалдастығы» атты VІ халықаралық ықпалдастық форумы өтті.
Қазақстан мен Ресей қалаларынан ғалымдар қатысқан шара барысында ғылым-білім жобалары мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, онда Оралдағы ЖОО-лар мен танымал кәсіпорындар өкілдері өз жаңалықтарымен таныстырды.
Форумға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов өңірдің инновациялық әлеуетін арттыру бағытында мұндай кездесулер мен пікір-тәжірибе алмасудың маңызы зор екендігін атап көрсетті. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілі Батырбек Дәуітбаев жұмыс берушілер мен ғалымдарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің бірінші проректоры Алмагүл Қамиева дуальды білім беру аясында аталған оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, осындай жүйемен қазірдің өзінде студенттердің 20 пайыздайы қамтылып отырғанын жеткізді. Мұның тиімділігі сол, жұмыс берушілер оқу үдерісіне жаңа технологиялар енгізіп, білікті мамандардың даярланып шығуына мүдделі болады. Ал түлектердің жұмысқа орналасуы жеңілдейді.
Форум аясында «КазИИТУ» ғылым-білім кешені мен бірнеше ресейлік оқу орындары және өңірдегі кәсіпорындар арасында меморандумдарға қол қойылды.
Жиын барысында инновациялық өнертабыс саласында үздік табыстарға қол жеткізгендер марапатталды. Пенза мемлекеттік университетінің профессоры Петр Харитоновтың айтуынша, батысқазақстандықтар халықаралық «Архимед» өнертабыстар және инновациялық технологиялар салоны байқауына бес жылдан бері қатысып, алтын, күміс, қола жүлделерді иеленіп келеді.
Елордада Челябі облысының Астанадағы күндерінің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Екіжақты кездесу барысында қала басшысы мен Челябі облысының губернаторы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, өзара ықпалдастықтың перспективалық бағыттарын айқындады.
«Достық қарым-қатынас сабақтастығы сақталып, жалғасын тауып отырғаны қуантарлық жайт. Уралдық әріптестеріміз бен достарымызды әрқашан да құшақ жая қарсы аламыз. Делегацияның осы сапары аймақтардың экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге айтарлықтай серпін бермек», - деді Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы Астана мен Челябі облыстарының географиялық жақындығы осыған өз ықпалын тигізетінін атап өтті.
Астана әкімі аймақ басшысын Челябі облысының 2020 жылы ШЫҰ мен БРИКС саммитін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады. Өз кезегінде, Б. Дубровский Қазақстанның астанасына қаланың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесін зерттеу үшін келгендігін жеткізді.
«Астананың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесі аса маңызды. Астанадан үйренеріміз бар - халықаралық тәжірибе перспективасында да, іс-шараларды ұйымдастыру жағынан да. Біз осы дағдыларға қызығушылық танытып отырмыз», - деді Челябі облысының губернаторы.
Б. Дубровский Қазақстанның елордасы 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге дайын болатынына сенімін білдірді. Аймақ басшысы ресейлік тараптың Астананы, соның ішінде туристік салада қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ губернатор Астананың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәжірибесін, аймақта бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын атап өтті. Осы және басқа да салаларда қолға алынған жұмыстар туралы толығырақ тараптар іскерлік кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» барысында талқылайтын болады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік пен ШОБ-ты қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы ресейлік қонақтарға Кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтып береді.
Елорда әкімдігінде тараптардың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, инвестициялар, кәсіпкерлік және туризм салаларында ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, бірқатар мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, хоккейден «Барыс» және «Трактор» балалар командаларының жолдастық кездесуі өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында Оңтүстік Уралға арналған көркемсурет көрмесі, Челябі облысының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.
Қонақтар бұдан кейін Астананың өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік нысандарымен танысады, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығымен кездеседі.
Айта кетейік, Астана мен Челябі облысының арасындағы ынтымақтастық 15 жылдан бері жалғасып келеді. Аймақтар арасындағы қарым-қатынас ресми түрде 2001 жылы қазан айында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылған кезде басталған болатын.
Сонымен бірге Мәскеуде ЭКСПО-2017 көрмесіне келу турлары ұйымдастырылды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Мәскеуде биыл 23-26 наурыз аралығында өтетін «Саяхат және туризм» атты XXIII халықаралық көрмеге қатысады, деп хабарлады компания баспасөз қызметінен.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілдері көрмеде ірі ресейлік турфирмалар үшін ЭКСПО-2017 турөнімінің портфолиосын таныстырып, роуд-шоу өткізеді. Бағдарлама аясында Астана қаласына және ЭКСПО-2017 көрмесіне келу турлары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ ұлттық және өңірлік туризм басқармасының РФ мен ТМД елдерінің туроператорларымен және ұйымдарымен екіжақты кездесуі өтеді. Туристік компаниялармен, оның ішінде 1Travel компаниясымен көрмеге туристерді тарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Еске салсақ, MITT көрмесі 1994 жылдан бастап өткізіліп келеді, Дүниежүзілік көрме индустриясы (UFI) қауымдастығының белгісін иеленді. Жыл сайын көрмеге күллі әлемнен туристік бизнестің үздік өкілдері жиналады. Осында нарықтың жетекші ойыншылары өзінің жаңа бағдарламалары мен негізгі бағыттарын ұсынады. Биыл көрмеге 192 елден және әлем өңірлерінен 2000-ға жуық компания қатысады.
Үндістан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу жөніндегі шартқа қол қойды. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Үндістан Республикасына сапары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Нью-Делиде Р.Жошыбаев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Аджай Гонданмен, үндістандық сауданы ілгері жылжыту ұйымының (ITPO) төрағасы, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Үндістанның ұлттық секциясының комиссары Л.Гойалмен және үндістандық бизнес ортасының өкілдерімен кездесулер өткізді. Үндістанның сыртқы саясат ведомствосында тараптар екі елдің ынтымақтастығының барлық қырлары бойынша өзара іс-қимылының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Үндістан Президенті Пронаб Гумар Мукерджидің атына үндістандық тараптың ҚР-ның 2017-2018 жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшесіне кандидатурасын қолдағаны үшін алғысхатын тапсырды. Кездесу барысында үндістандық комиссармен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында алдағы уақытта ынтымақтастық туралы және қатысудың техникалық мәселелері жөнінде пікір алмасу болды. Р. Жошыбаев пен Л. Гойал кездесуінің қорытындысы бойынша Үндістанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жөнінде шартқа қол қойылды. Осылайша, қазіргі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым «ЭКСПО-2017»көрмесіне қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.
EXPO-2017 көрмесінің арқасында Астананы көретін голландықтардың саны артады. Астана EXPO-2017 көрмесіндегі Нидерланды павильонының бас комиссары Ханс Дриссер тілшімізге берген сұхбатында осылай мәлім етті. Астанада Халықаралық көрмелер бюросының басшылары, ЭКСПО-дағы әр павильонның комиссарлары, бір сөзбен айтқанда, Астана ресми шақырту жіберген 90 елдің өкілдері қатысатын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық жиналысы өтетін қарсаңда Астана EXPO-2017 көрмесіндегі Нидерланды павильонының бас комиссары Ханс Дриссермен сұхбат жүргізудің реті түскен еді. Дриссер мырза Астана EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы-ақ талай туристерді тартады деген ойын жеткізді.
- Ханс мырза, Нидерланды елі Астана EXPO-2017 көрмесінен не күтеді ?
- EXPO-2017 көрмесіне қатысатын еліміздің күтері көп. Бұл үміттің негізгі бір себебі осы көрменің тақырыбы болып отыр. Айтайын дегенім, қазір Нидерландыда «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті. Оның үстіне, аймақтық энергия қауіпіздігін, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруін есепке алсақ, бұл тақырып тіпті өзектене түседі. Сондықтан, бұл көрме әртүрлі компаниялар мен ғылыми орталар үшін жаһандық палтформаға айналады деп үміттенемін. Жаһандық плафторма экологиялық мәселелерді шешетін бизнес-жобалар мен ұзақмерзімді дамуға жол ашары анық. Осы уақытқа дейін байқағанымыз - жасыл экономиканы дамыту жөніндегі бастамалар көбінесе үкімет тарапынан айтылып жүр. Кәсіпорындар баяу болса да тұрақты энергия дамуына ілесіп, өз тараптарынан қызықты ұсыныстар мен идеялар білдіріп жүр. Міне, осы сәтте ұйымдастырушылардың жұмысын күшейту керек, яғни барлық жақсы идеялар мен ұсыныстарды біріктіру керек. EXPO-2017 көрмесі тұрақты энергия мен жасыл экономика салаларындағы өз идеяларын көрсету үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жарқын ой иелері мен қабілетті кәсіпкерлерді жинайды. Голландық компаниялар, әрине, сөзсіз, бұл көрмеге қатысады, бұл бір жағынан Қазақстанмен арадағы экономикалық байланыстардың сақталуы. Нидерланды елі бұрыннан-ақ энергетика саласындағы Қазақстанның ірі экономикалық серіктесі екені анық.
- Бүкіл әлем үшін энергияны үнемдеу мен баламалы қуат көздерін дамыту мәселесі ерекше дараланып отыр. Ал EXPO-2017 көрмесі -энергия тиімділік пен жасыл технологияны дамыту салаларындағы Сіздің еліңіздің атқарған жұмыстарын паш ететін алаң. Бұл ретте, Нидерланды павильонының ерекшелегі неде болмақ? Павильондарыңыздың контенті бойынша идеяларыңыз да бар шығар? Бір сөзбен айтқанда, әлемге не көрсетесіздер?
-Батыс Еуропаның қатты дамыған өңіріндегі ірі табиғи газ өндіруші болып отырған біз энергия өндірісі қоршаған ортаға зиян тигізетінін көрдік. Оның үстіне, халқы тығыз орналасқан ел болғандықтан, Нидерланды ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты саясаты мен көзқарасын қайта қарауға күдік танытты. Нидерландының үкіметі, жекеменшік сектор мен ғылым - энергия үнемдеу мен климаттың өзгеруі салаларында жаңа шешімдер әзірлеу үшін тығыз ынтымақтастық орнатты. Ал EXPO-2017 көрмесінде біз ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпті жасыл экономикаға қалай ауыстыруға болатынын көрсетеді. Нидерланды павильонының тұжырымдамасы әзірге қарауда жатыр.
- Сіздің ойыңызша, әлемде баламалы энергияны дамыту мен жинау бойынша Қазақстан халықаралық хабқа айнала ала ма?
- EXPO 2017 көрмесінің орны мен көрменің инфрақұрылымын пайдалана отырып, жасыл технологияларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталық ашу туралы ҚР Прездентінің айтқан ұсынысы өте маңызды. Міне, осы ұсыныс арқылы Қазақстан 2011 жылы басталған «Бүкіл әлем үшін тұрақты энергетика» атты БҰҰ-ның бастамасына өз үлесін қосып отыр. Ал EXPO көрмесі Азияның орталығындағы тұрақты әрі өркендеуші ел ретінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыра түсері сөзсіз.
- Қазақстан Нидерланды халқы үшін қаншалықты қызықты ел болады деп ойлайсыз ба?
- Менің елім - әлемдегі ең ашық қоғам қалыптасқан елдердің бірі. Жер шарының кез келген бұрышында голландық кәсіпорындарды таба аласыз, голландық туристерді кездестіре аласыз. Жалпы, Нидерланды үшін Орта Азия - туристік тартымдылық тудырып отырған өңір. Сондықтан, EXPO 2017 көрмесіне келген нидерландықтар Орта Азияның өзге де елдеріне саяхаттай алады деп ойлаймын. Және, менің білуімше, EXPO-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары келушілер үшін осындай нұсқалар қарастырып жатыр. Сондықтан, Астанаға келетін голландықтардың саны артады деп ойлаймын. Оның үстіне, 2016 жылдың мамырынан бастап Астана мен Амстердам арасында тікелей әуе рейсы ашылады, бұл да болса туристердің легін көбейтетін амал.
- Тығыз жұмысыңызға қарамастан, уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет!
Көрме қарсаңында Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері Венада талқыланды. 2016 жылы 22 ақпанда ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев жұмыс сапарымен Австрияда болып, Австрия СІМ бас хатшысы Михаэль Линхарт және Австрия СІМ кадрлық департамент басшысы М. Циммерманмен келіссөздер жүргізді. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық, өзекті мәселелер, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ аясында, ЕО - Орталық Азия форматындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету, әуе жолдары туралы да сөз қозғалды. Австриялық тарап кадрларды дайындау саласында тәжірибемен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Австрия өкілдері Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғандарын растады. 2015 жылы австриялық билік көрмеге қатысу туралы ресми шешім қабылдады.
Көрме қарсаңында Астана мен Бавария іскерлік ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті. Астана қаласының әкімдігі ғимаратында елорда басшысының орынбасары Андрей Лукин және Бавария (Германия) Экономика, коммуникация, энергетика және технология министрлігінің мемлекеттік хатшысы Франц Йозеф Пширер бірлескен жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Қаланың экономикалық көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша Астана көшбасшылар қатарында. Астана іскерлік және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Жас елордамыз кез келген ұсыныстарға дайын және бағыттардың кең спектрі бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын», - деді А. Лукин кездесу барысында.
Баварлықтар құрылыс, денсаулық сақтау, энергия тиімділігі, интеллектуалды технологияларды енгізу, электронды үкімет қызметі, жеңіл өнеркәсіп және туризм салаларына қызығушылық танытты. «Біз неміс бизнес-қауымдастығына Астананың зор әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын тағы да бір түсіндіруге тырысамыз. Бавария Қазақстанға экспорттауға мүдделі, сондай-ақ Германия Қазақстанды Еуразиялық Экономикалық Одақ кеңістігіне есік ретінде қарастырады», - деді Франц Йозеф Пширер. Қазақстандық тарап Мюнхенде және Нюрнбергте өтетін Bauma, IFAT және Free сияқты Дүниежүзілік көрмелерге шақырылды. Тараптар өзара ықпалдастықтың ең басымды бағыттарының бірі «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындауда ынтымақтастық орнату және туризмді дамыту екендігін атап өтті.
Германия да «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалып жатыр. 2016 жылдың 27 қаңтарында ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтың «ЭКСПО-2017» көрмесінің ГФР атынан Бас комиссары, Экономика және энергетика Федералдық министрлігінің Өкілеттісі Дитмар Шмитцпен кездесуі болып өтті.Қазақстандық дипломат ңгімелесушісін елдің көрмеге дайындық аясында жүргізіп отырған көлемді жұмысы туралы ақпараттандырып, неміс тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл кешенінің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті. Б.Нүсіпов Германияның көрмені Ганноверде өткізу тәжірибесін, сондай-ақ ГФР-да энергияның жаңартылмалы көздері мен эко-өнеркәсіптік инновациялар саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларын есепке ала отырып, неміс серіктестерін жобаға барлық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерді жеделдетілген пысықтаумен бұдан да белсендірек қатысуға шақырды. ЭКСПО-ның неміс комиссары ГФР-дың Канцлері Ангела Меркельдің Германияның алдағы көрмеге қатысуы туралы жеке ресми растауын атап өтіп, өткен кезеңде неміс тарапы аталған бағытта қомақты жұмыс атқарғанын және қазіргі кезде германиялық павильон концепциясын құру және тиісті нобайлы шартқа қол қоюға дайындалу үшін ішкімемлекеттік процедцраларды аяқтап отырғанын айтты. Шмитцтің айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі қазақстандық экономиканы табысты әртараптандыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. «ЭКСПО-2017» көрмесін халықаралық аренада таныстыру және әйгілендіру мақсатында неміс комиссары Берлинде 2016 жылдың 9-13 наурыз күндері өтетін әлемдік танымал «ITB-Berlin» халықаралық көрмесінде қазақстандық стендті шығаруды ұсынды. Еске сала кетейік, Германия Еуроодақ елдерінің арасында бірінші болып «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуін растаған. 2015 жылдың маусымында ГФР үкіметі тендер өткізіп, соның қорытындылары бойынша «Hamburg Messe- und Congress GmbH» компаниясына Астанада неміс павильонын салу тапсырылған. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын павильонның жұмысына 100-ден астам қызметкер жұмылдырылатыны күтіліп отыр.
Давоста Швейцария ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды. Швейцария Астанада өткізілетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды. Бұл туралы Давос қаласында жыл сайынғы өткізілетін Бүкіләлемдік экономикалық форумда белгілі болды, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінен. Келісімшартқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи қол қойды.
«Швейцарияның осы бір маңызды шараға қатысатындығына біз өте қуаныштымыз. Швейцария баламалы қуат көздерін белсенді пайдаланатын мемлекеттердің бірі. Оның үстіне, бүгінгі таңда климаттың өзгеруі орын алып жатыр. Сондықтан біз тек энергетика тақырыбын ғана емес, оның қоршаған ортаға ықпалы мәселесін де көтеретін боламыз», - деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы А.Есімов.
«ЭКСПО - бұл Швейцария үшін энергоүнемділік пен жасыл технологиялар саласында атқарған жұмысын әлемге паш ете алар үлкен мүмкіндік. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы уақытылы әрі маңызды. Дүние жүзі бойынша энерготиімділік пен баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері ерекше өзекті. Бұл ретте, Швейцарияның әлемге көрсетері бар», - деді Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи.
Сонымен қатар, Астана ЭКСПО-2017 Давос қаласында ақпараттық науқан жүргізіп жатыр. Автобустар мен отельдер көрме логотипімен безендіріліп, Цюрих қаласының әуежайында арнайы көрме туралы бейнеролик көрсетілуде. Айта кету керек, бүгінгі таңда 70 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растады.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйым, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллион сапарлар болады деп күтіледі.
Қазіргі уақытта 70 мемлекет ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады. ҚР Сыртқы істер министрлігінде министрдің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс мырзамен кездесті. Онда Елші Латвия үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыс етті.Жүздесу барысында тараптар «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастықтың келешегі жөнінде пікір алмасып, Астанада өтетін көрмеге Латвияның қатысу мәселелерін талқылады. Осыған орай, Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар, комиссар латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне тың серпін беретінін атап өтті. Ю. Погребнякстың айтуынша, Латвия Халықаралық көрме бюросына мүше емес елдердің қатарында бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. Елшінің сөзіне қарағанда, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растау арқылы Латвия Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетіп отыр. Айта кетерлігі, Латвия 2020 жылға дейін әлемдегі мейлінше «жасыл» мемлекет атануға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі. Осыған орай, Елші Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасуға дайын екендігін атап өтті.
«Латвия - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасын даярлау бастамасын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Латвияның жаңартылатын энергия көздері бойынша тұтыну үлес көрсеткіші 37,1 пайызды құрап, Еуропа Одағы шеңберінде Швециядан (52,1) кейінгі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді», - делінген баспасөз баянында. Еске сала кетейік, Латвия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растаған 70-ші мемлекет болып табылады.
Сингапур да «ЭКСПО-2017» қатысуға қызығушылық танытуда. Биылғы жылдың 6-7 сәуірінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Сингапур Республикасына сапары өтті.
Сапар кезінде Р. Жошыбаев Сингапур Республикасының Жоғарғы мемлекеттік сыртқы істер министрі Мухамад Малики Османмен, Туристік агенттер ұлттық қауымдастығының президенті Дэвиндер Оримен, Сауда және индустрия министрлігі басшыларымен, Сингапурдың «ЭКСПО-2017» қатысуына жауапты тұлғалармен және мемлекеттің іскерлік топтарымен кездесті.
Сингапурдың сыртқы саяси ведомствосында екі ел ынтымақтастығының ахуалы мен перспективалары талқыланды және сингапурлық тараппен «ЭКСПО-2017» қатысуы туралы пікір алмасылды. Комиссар сұхбаттасушыға Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлады. М. Осман мырза өз тарапынан Сингапур мемлекетінің халықаралық көрмеге қатысу қызығушылығы туралы және көрменің әлемдік қоғамдастыққа маңыздылығын атап кетті.
Сингапурдың халықаралық көрмелерге қатысуы үшін жауапты Сауда және индустрия министрлігінде «ЭКСПО-2017» туралы таныстырылым өткізілді. Тараптар Сингапурдың «жасыл» энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетуге «ЭКСПО-2017» көрмесі жақсы алаң болатынына сенім білдірді.
Туризм саласында бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы, сингапурлық туристік компанияларды ынтымақтастыққа тарту және екі ел астанасы арасында әуе қатынасын ашу мүмкіндігі Сингапурдың Туристік агенттер ұлттық қауымдастығында (ТАҰҚ) талқыланды. Кездесулер нәтижесінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен ТАҰҚ арасында Туризм бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжат бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесін Сингапурда және Қазақстанды Сингапурдың ең тартымды туристік бағыттары ретінде ілгерілету күтілуде, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Малайзияның «жасыл» технологиялары «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылатын болып отыр. 2016 жылғы 4-5 сәуір аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Малайзияның министрлер кабинетінің Бас хатшысы - Али Хамсамен, Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстар министрлігінің Бас хатшысы - «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің Комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми және іскер топтарымен кездесулері өтті.
Малайзия үкіметінің ғимаратында өткен кездесуде, А. Хамса мен Р. Жошыбаев екі елдің сауда-инвестициялық және ғылыми салалардағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық туристерді тарту салалары бойынша, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрмеге малайзиялық компаниялардың кеңінен қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғылыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстар министрлігіндегі кездесуде, Лу Джи Малайзияның биомассадан экологиялық таза отын өндіру саласындағы соңғы технологиялық талдамалары мен күн энергетикасындағы шешімдерін ұсынуға дайындығын және Қазақстанда күн панелдері мен олардың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екенідігін хабарлады.
Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңаша технологиялар сәтті іске асырылуда.
Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұнай-газ компаниясы, «MATRADE» Сыртқы сауданы дамыту корпорациясы, «MIDA» Инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және т.б. өкілдердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Талқылау барысында, «ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде іскер топтардың өз мүмкіндіктерін таныстыру рәсімін өткізуге жоғары қызығушылығы мен малайзиялық туроператорлармен ынтымақтастықтың кеңейтілу мүмкіндіктері аталып өтіп, көрмеге жергілікті туристерді тарту мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
«GreenTech» орталығымен ынтымақтастық - Астанада БҰҰ-ның «жасыл технологиялар» мен инвестициялық жобалар Орталығын құру аясында ерекше маңызды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін қолдану, жобалардың тиімділігіне бағалау жүргізу мен оны одан әрі «жасыл» технологиялар саласында коммерцияландыру бойынша малайзиялық тараптың үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.
Сол күні Р. Жошыбаев Малайзияда оқитын қазақстандық студенттермен өткен кездесуде шетелде халықаралық көрмені насихаттауға белсенді түрде ат салысуға шақырды. Кездесуден кейін, қазақ студенттері халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау флэшмобын өткізді.
Сапар нәтижелері бойынша «ЭКСПО-2017» Комиссары Малайзияның ең ірі және беделді «ASTRO AWANI» телеканалының жаңалықтар бағдарламасына сұхбат берді.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлік және «Астана» халықаралық қаржы орталығының келешегі Сингапур парламентінің мәнберінде айтылды. Сол елге Сенат төрағасы сапар барысында 30 наурыз - 2 сәуір аралығында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасында ресми сапармен болып, осы елдің басшыларымен кездесті, сондай-ақ жыл сайынғы Сингапур форумында негізгі баяндама жасады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Сапар Сингапур Парламентінің төрағасы Халима Якобтың шақыруы бойынша жүзеге асқан болатын.
Сингапур Парламентінде Қазақстан Сенатының төрағасы мен Сингапур Парламентінің төрағасы екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы, Парламенттің қызметі, сондай-ақ елді жаңғырту жөніндегі президенттік «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы хабардар етті. Ол «Назарбаев университеті» мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі арасындағы жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ екі елдің техникалық білім беру саласындағы өзара іс-қимылын атап өтті. Парламентаралық үнқатысуды жалғастыру үшін Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Сингапур Парламентінің төрағасын Қазақстанның дамуы, еліміздің халықаралық маңызды мәселелер, ұлтаралық және тіл саясаты қызықтырды. Х.Якоб сондай-ақ Сингапурдың экономикалық өзгерістеріне байланысты қазіргі кездегі мемлекеттік саясатының басымдықтары туралы әңгімеледі. Бұл ретте, оның пікірінше, бүкіл қоғамды роботтар мен автоматика үстемдік құратын жаңа экономикаға дайындау міндеті тұр.
Сингапур Президенті Тони Тан Кенг Яммен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі тілектестігін жеткізді және екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі жалғасатынына сенім білдірді. Тони Тан Кенг Ям Қазақстан Президенті мен Сингапур басшылығы арасындағы дәстүрлі жеке байланыстар арқылы нығая түскен екі елдің дағдылы жылы шырайлы қатынастарын атап өтті. Келешегі зор ынтымақтастықтың ауқымды аясын атап өтіп, Сингапурдың даму тәжірибесіне Қазақстанның ықыласына қолдау білдірді.
Президенттік «Истана» сарайында сондай-ақ Құрметті аға министр, Сингапурдың бұрынғы Премьер-Министрі Гок Чок Тонгпен де кездесу болды. Жүздесушілер терроризм, Орталық Азияның дамуы және қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» стратегиясымен бірге жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Го Чок Тонг биыл Қазақстанға сапарлап келу ниетін жеткізді.
Сапар барысында Қазақстан делегациясы Сингапурдағы мұнай химиясы және туризм кластерінде болды.
2 сәуір күні Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев «Азия және әлем - ортақ мүмкіндіктер, бірлесіп өркендеу» тақырыбымен өткен екінші Сингапур форумының ашылуында сөз сөйледі. Қ.Тоқаев өзінің сөзінің басында Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Юды құрметпен еске алып, оның 1991 жылы біздің елімізге сапарлап келгенде елдің дамуына қатысты пайдалы кеңестер айтқанын еске салды.
Қ.Тоқаев өзінің баяндамасында еуразияның келешегіне қатысушылардың назарын аударып, құрылықтағы оқиғалардың дамуы туралы өз ойларын ортаға салды.
«Қазіргі кездегі әлемнің тірегі бола отырып, Еуразия бүкіл әлем үшін зардаптары алысқа кететін түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде». - деді Төраға. Бұл ретте ол Ресейде, Қытайда, Еуропа Одағында және Таяу Шығыста болып жатқан өзгерістерді бөліп алып, талдау жасады. Қ.Тоқаев әлемдік саясаттағы Орталық Азияның рөлі арта түскенін атап өтті. «Бұл аймақ ауқымды табиғи ресурстар мен шиеленіс орындарына, атап айтқанда, Ауғанстанға жақындығы Еуразия құрылығының негізіне айналады», - деді Төраға. «Орталық Азия елдері үшін алдыңғы қатардағы мемлекеттердің сауда-экономикалық стратегияларының түйіндесу әдістерін әзірлеу аса маңызды міндет болып табылады. Мегажобалардың өзара байланысы аймаққа жаһандық экономикалық дамудың тиімді және теңгерімді үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.
Форумға қатысушылар қауіпсіздіктің аймақтық ұйымдары: АӨСШК, ШЫҰ және ЕҚЫҰ-ның жұмысындағы Қазақстанның қадамдары туралы жан-жақты хабардар етілді. Бұл ретте Қ.Тоқаев халықаралық істердегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайтудың маңызы бар екенін атап өтті. «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқықтың тотығуы, әсіресе, халықаралық терроризм өршіп тұрған кезде қазіргі әлемге бүлдіргіштік түрде әсер етуі мүмкін. Қазақстан халықаралық қатынастардағы сенімді қалпына келтіру мақсатында халықаралық құқық ұстанымдарын растауға арналған жоғарғы деңгейдегі БҰҰ конференциясын шақыруды ұсынады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Қазақстан Сенатының Төрағасы Еуразиялық Экономикалық Одақтың іске қосылуымен және қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының іске аса бастауымен азиялық, оның ішінде АСЕАН мемлекеттерінің кәсіпкерлері үшін Қазақстанда ашылып жатқан экономикалық мүмкіндіктерге жиналғандардың назарын аударды. Одан басқа, Қ.Тоқаев Қазақстан аумағындағы көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасына, «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлік және «Астана» халықаралық қаржы орталығының келешегіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сенат Төрағасы экономикалық дүрбелең жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы шаралар топтамасымен және инфрақұрылымдық дамумен шектелмейтінін, заң үстемдігін, индустрияландыру мен экономикалық өркендеуді, ұлттың ынтымағын нығайтуды, сондай-ақ ашық және есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды институттық реформаларды іске асыратынын атап өтті. «Парламент 59 заңнан тұратын, елдегі шетелдік инвесторлардың жұмысын оңайлататын қажетті заңнамалық топтаманы қабылдады», - деді Төраға.
Қ.Тоқаевтың сөзін форумға қатысушылар зор ықыласпен қабылдап, қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді.
Өңір басшылары да шет елдердегі әріптестерімен жолығып, көрмеге қатысты шақыртулар беріп, осы саладағы ынтымақтастыққа өз үлестерін қосуда. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің (ЧХАӨ) губернаторы Ма Сюнчэнмен келіссөздер жүргізді. Делегациялар шағын және кеңейтілген құрамда кездесті.
М.Сюнчэн өзі басқаратын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Ол ШҰАА ЧХАӨ ұлтаралық үлесімділікті сақтауда Қытайдың 30 үлгілі аймағының алғашқы бестігіне кіретіндігін атап өтті.
«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылдың қыркүйекте Қазақстанға жасаған сапарында «Жібек жолы экономикалық белдеуін» құру бастамасын алғаш рет көтерген болатын. Сол уақытан бері біздің елдеріміз екіжақты, бірінші кезекте, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» мен қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасын түйістіру аясындағы қарым-қатынасты нығайтуда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізді. Қытай басшылығы Шыңжаңды аталған бастаманы жүзеге асырудағы бас өңір ретінде қарастырады.Ал ШҰАА үшін Чанцзи-Хуэй автономдық окургы зор мәнге ие. Жамбыл облысы - Жібек жолындағы Қазақстанның маңызды өңірі. Меніңше, біздің өңірлеріміздің арасында бауырластық байланыс орнағаннан кейін біз сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, индустриалды, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда мұнан да зор нәтижелерге қол жеткіземіз», - деді ол.
Өз кезегінде әкім К.Көкірекбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара сапар алмасулары барысында соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасында қол жеткізілген инвестициялық уағдаластықтар жайын еске салып өтті.
«Біздің елдеріміздің көшбасшыларының бастамасымен Іскерлік кеңес құрылып, Қазақстан мен Қытай бизнесмендері үшін тиімді сұхбат алаңына айналып отыр. Біздің мемлекеттеріміздің арасынағы сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін Қазақстанның Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамаларын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіруі дәлел бола алады. Бұл қадам әлемдік экономикалық құбылмалық жағдайындағы Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен үндес келеді. осыған орай екі бағдарламаны түйіндестіру жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылды», - деді Жамбыл облысының әкімі.
К.Көкірекбаев ШЫАА жәрдемімен Жамбыл облысы аумағында соя өңдейтін зауыт салуға, трансформаторлар мен электр кабелін шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі TBEA-мен ынтымақтастықты дамытуға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім беру, мәдени-гумаитарлық және басқа да салаларда тәжірибе алмасуға қызығушылық танытатындығын айтты.
Сонымен қатар ол ШҰАА ЧХАӨ басшылығы мен бизнес өкілдерін осы жылдың мамырында Жамбыл облысына келуге, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Ынтымақтастықты ілгерілету бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.
«ЭКСПО-2017 көрмесіне келіңіздер. Сонымен бірге біз өңіріміздегі археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырамыз. Мәселен, Жамбыл облысында 1600 тарихи ескерткіш бар. қала орталығында аспан астындағы ашық музей бар. онда 33 мың артефакт сақталған. Мен барлық әріптестерім мен инвесторларды осы жылдың мамырында Жамбыл облысына келіп, мен айтқан жайттарды өз көздерімен көруге шақырамын. Меніңше, біз ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және әлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілеті үшін жұмыс тобын құруымыз қажет», - деді К.Көкірекбаев.
Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құланбаева, Жамбыл облысы Байзақ (Мұратхан Шөкеев), Қордай (Қайрат Досаев) және Шу «(Рүстем Дәулет) аудандарының әкімдері, облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұржан Нұржігітов, мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Мүбарак Жинақбаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (Дария Қожамжарова) және Тараз инновациялық-гуманитарлық институтының (Ерболат Саурықов) ректорлары, «Рыспаева және К» ЖШС директоры Сәуле Рыспаева, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, сондай-ақ «Бапыш-Сейсенбай» (Сәкен Рәпілбеков), «Олжа» (Берік Егембердиев), «Злиха» (Нұржігіт Бегалы), «Талап» (Мауыт Фазылов), «Нариман» (Бақтыбай Саудабаев) шаруа қожалықтарының басшылары болды.
Еске сала кетсек, Чанцзи (Санжи) қаласы - Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің маңызды көлік торабы, олар арқылы Шыңжаң солтүстік темір жолы мен Укуй магистралі өтеді. Ежелгі уақытта қала Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы негізгі пункттерінің бірі болды.
Жамбыл облысы қазақстан-қытай өңіраралық ынтымақтастығын дамытудың алдында келеді. 2015 жылғы 11-14 қаңтарда әкім Кәрім Көкірекбаев бастаған Жамбыл облысының делегациясы ҚХР-дың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында болды. Сапар қорытындыларымен жалпы сомасы 400 млн. долларға жуық келісімдерге қол қойылды. Бірлескен басты жобалар - қытайлық «Да И» компаниясының қуаты 200 МВт жел электр стансасын салу, Янлин үлгілі ауыл шаруашылығы аймағын басқару комитетінің Жамбыл облысында жоғары технологиялық аграрлы-инновациялық парк құру келісімі болды.
Тараз және Сиань - бауырлас қалалар. Осы жолғы сапар барысында Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономиялық округімен бауырластық байланыстар орнату жоспарлануда. Жамбыл облысы мен Қытайдың аталған өңірімен арасындағы байланыстырушы буын Қазақстан дүңгендері қауымдастығы болмақ.
ҚР СІМ Иранмен экономикалық байланыстарды күшейту болашағын талқылау барысында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелерін де қарастырды. Нақтылай кетсек, сыртқы саясаттағы экономикалық компоненттерді одан ары күшейту келешегі, Ираннан халықаралық санкцияның алуына байланысты өзара іс-қимыл, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және басқа да ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту, сонымен қатар Америка, Африка және Азия елдерімен қарым-қатынастар ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен өткен кезекті отырыс барысында талқыланды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.Ведомство басшысы елімізге шетел инвестициясын тартуға бағытталған нақты шараларды күшейту, Ұлы жоспарын жүзеге асыру асында ел экономикасында жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер жайында шетелдік серіктестерге ақпарат беру, сонымен қатар жайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға негізделген шаралар жайында атап өтті. Бұл тұрғыда қаңтардың 20-23 күндері Давоста Қазақстан делегациясының қатысуымен өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум маңызды шаралардың бірі болмақ. Оның аясында Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, елдегі іскерлік ахуалды жетілдіруге бағытталған шараларын таныстыратын болады. Таяуда ғана Қазақстан аталған банктің Doing Business рейтингінде 189 елдің арасында 12 тармаққа жоғарылап 41-орынға орныққан болатын. Иран Ислам Республикасының халықаралық уағдаластыққа байланысты олардың тарабынан туындаған шарттарды орындауына орай санкциялардың алынуынан қазақстандық бизнес үшін туындайтын жаңа мүмкіншіліктер де кеңінен қаралды. Е.Ыдырысов атап өткендей: «гі таңда Иранмен, сонымен қатар оның транзиттік әлеуетінің ашылуына байланысты басқа да серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуде барынша тиімді оң өзгерістерді пайдалану маңызды». ҚР СІМ басшысы ағымдағы жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ететіндігін баса айта келе, аталған одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан ары дамыту маңыздылығын да айрық атап өтті. Сыртқы саясатты экономикаға бейімдеу мәселелерін талқылай келе сыртқы саясат ведомствоның басшылығы ҚР СІМ желісі аясында елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелерін де қарастырды. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО комиссары Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, ағымдағы жылы үш айға созылатын көрмеге қатысушыларды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасады. де оған қатысатындығын 67 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым қуаттап отыр. Е.Ыдырысов өз сөзінде ағымдағы жылы Ислам ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары (Ыстамбұл), Сыртқы істер министрлері (Ташкент) кеңесін өткізу жоспарланғанын атап өтті.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің таныстыру ірі халықаралық спорт шараларында қолға алынуда, оған еліміздегі танымал спортшылар атсалысуда. Катар мемлекетінің астанасы Дохада Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (АИПС) жыл сайынғы 79-шы конгресі өтті.Спорт журналистикасы ортасында «БҰҰ Бас Ассамблеясы» болып табылатын АИПС форумы осы жолы 100-ден астам елден 200-ден астам делегат жинады. Қазақстан атынан Спорт басылымдары қауымдастығының президенті (АСПК) Ілияс Омаров пен қауымдастық бас хатшысы Станислав Филиппов қатысты. Форумның ашылу рәсіміне Катар мемлекетінің премьер-министрі шейх Абдулла Бин қатысты. Қатысушылар заманауи спорт журналистикасының өзекті проблемаларын талқылады. Конгресс бағдарламасының аясында делегаттар жыл сайын Катарда атап өтілетін дәстүрлі Спорт күніне қатысты, Qatar Foundation және Aspire Academy спорт мектебіне барды, сондай-ақ 2022 жылы осы елде өтетін футбол бойынша Әлем чемпионатына спорт құрылыстарын салу барысымен танысты. Қазақстандық делегация өкілдері өңірлік секцияларға, Конгрестің пленарлық пікірсайыстарына қатысты. Форум алаңдарында көптеген шетелдік әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Оның барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің шағын таныстырылым сериясы ұйымдастырылды. Форум қатысушылары елдің спорттық жетістіктерінің жоғары деңгейін атап өтті, оның ішінде Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Зарина Диас, Алексей Полторанин, Денис Тен сияқты атақты спортшылар бар. Олардың айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО-2014 көрмесінің ұраны «Болашақ энергиясы» өзекті проблемаларды қамтиды. Ол терең зерттеп, талдауды қажет етеді. Дохада өткен конгрестен кейін азиялық континет қатысушылары Бахрейн Корольдігінің астанасы - Манамеде Азиялық спорт басылымдары одағының (ASPU) 18-ші конгресінде жиналды. ASPU жоспарлы отырысының барысында қауымдастық президенті Ілияс Омаров Алматыдағы қысқы Универсиада мен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін таныстырды. Манамедегі кездесудің маңызды сәттерінің бірі 2016-2022 жж. аралығы кезеңінде Азиялық спорт басылымдары қауымдастығы Атқарушы комитетінің жаңа құрамын сайлау болды. Сайлау қорытындысы бойынша Ілияс Омаров Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерімен қатар, көп дауыс жинап, алғаш рет ASPU ЕО-дағы Қазақстан өкілі атанды.
Осы тұста ЭКСПО-2017 көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін іріктеу басталғанына тоқтала кетсек. Аталған павильонда баламалы қуат көзін алу саласында жүзеге асырылған түрлі технологиялар мен жобалар көрсетілетін болады. Іріктеуді Халықаралық іріктеу комиссиясы жүзеге асырады. «Халықаралық іріктеу комиссиясының құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут, Халықаралық эксперименттік термоядролық реактор (ITER) ұйымының бас директоры Бернар Биго, Энергетика және пайдалы қазбалар бағытының директоры Чарльз Файнстайн, Энергия мен ресурстар институтының (TERI) бас директоры Раджендра Пачаури және т.б. бар», делінген хабарламада. Үздік тәжірибелер аймағы «Болашақ Энергиясы» форумының идеясымен үндес. Ол энергетика саласындағы үздік жобалар мен технологияларды көрсетуге арналған. Бұл аймақ - көрменің орталығы, онда қуат көзін алу, сақтау, шығарудағы үздік жобалар, климаттың өзгеруіне қатысты күрес немесе дамушы мемлекеттердің қуат көздеріне қолжетімділігі сияқты мәселелер ұсынылады. Сонымен қатар, үздік тәжірибелер аймағы қатысушыларға энергетика саласындағы үздік жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасу, пікір бөлісу, сондай-ақ, осы технологияларды, стратегиялар мен жобаларды дамыту аймағына айналмақ. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыптық құндылығы болады. Баламалы қуат көздерін пайдалануда жүзеге асырылған жобалары немесе технологиялары бар ғалымдар, зерттеушілер, ізденушілер тобы немесе компания өкілдері осы байқауға қатысуға өтінім бере алады. Байқау шарттары туралы толық ақпаратты https://www.ebpa2017.org/ebpa сайтынан көруге болады.
ЭКСПО-2017 көрмесі күтілетін нәтиже көп. Оны шет елдік сарапшыларда атап айтып отыр. «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасы су секторында «жасыл тәжірибені» кеңінен таратуға негіз болады. Бұл туралы Астанада Қазақстанның су ресурстарын басқаруда инновациялық шешімдерді енгізу тақырыбындағы баспасөз мәслихатында ҚР АШМ вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
«Су секторына басымдық қойылған «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жөніндегі ЕО-ның, БҰҰ ДБ бірлескен жобасын жүзеге асыру министрлік үшін дер кезінде жасалған және маңызды бастама болып табылады. Негізгі мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл арқылы әзірленген жоба ҚР Үкіметінің басты басымдықтарына сәйкес келеді. ЕО-ға, БҰҰ Даму бағдарламасына және БҰҰ ЕЭК-ге Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруде, оның ішінде «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасы аясында көмек көрсеткендері үшін алғысымды айтқым келеді. Аталған жобаның нәтижелері су секторында «жасыл тәжірибені» кеңінен таратуға негіз болады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев. Өз кезегінде Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеа судың лайықты сапасы мен жеткілікті көлемін қамтамасыз ету ел тұрғындарының, фермерлердің және өнеркәсіптің мүдделеріне сәйкес келетінін атап өтті. «Сондықтан, 2014 жылдың соңында жасалған келісім негізінде ЕО тарапы ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитетімен тығыз байланыс жасап, ЕО-ның 7,1 млн. еуро көлеміндегі қаржылық қолдауымен ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК-тің бірлескен жобасын бастады. Қаржыландырудың елеулі бөлігі жергілікті деңгейдегі қанатқақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Алдағы жылы басталатын ЭКСПО-2017 көрмесі салада алдыңғы қатарлы әдістер мен инновацияларды жасауға серпін беретініне үміттенемін»,-дейді Траян Христеа. Айта кетейік, жобаны жүзеге асыру мерзімі 2015-2018 жылдарға арналған. Жоба аясында суды пайдаланудың экономикалық тетігі жөніндегі нұсқаулар жасалып,халықаралық су заңнамасын қолдануға жәрдем көрсетіліп, су ресурстарын трансшекаралық басқару бойынша ынтымақтастық нығайтылмақ. Сарапшылардың айтуынша, жоба су ресурстарын басқарудың жаңа әрі тиімді әдістерін, сумен жабдықтау мен ауыз су жөніндегі экономикалық құралдарды, ауыл шаруашылығындағы тұрақты тәжірибелерді қамтиды. Гранттық бағдарлама арқылы Қазақстанның 8 аймағында су сақтайтын жобаларды жүзеге асыру үшін 14 мемлекеттік емес ұйымдарға қолдау жасалды.
Сарапшылар Астанадағы ЭКСПО Милан көрмесінен де жақсы өтеді деген үмітін білдіріп отыр. Халықаралық көрме бюросының басшысы Висенте Лоссерталес Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Миландағыдан да сәтті болады деп есептейді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслиxатында мәлім етті.
«Миланда 2015 жылы өткен ЭКСПО көрмесі сәтті өтті. Италия үкіметі көрме барысында xалықаралық қарым-қатынастарды жақсартуға көп мән берді. Астанаға келетін болсақ, ЭКСПО-2017 көрмесі ауқымы басқа болғанымен, одан да сәтті өтеді. Ең біріншіден, «Болашақ энергиясы» тақырыбының арқасында. Біз қазір энергия мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті заманда ғұмыр кешіп жатырмыз. Екіншіден, бұл осы өңірде ұйымдастырылып отырған алғашқы ЭКСПО. Айта кетейік, Миландағы ғимараттар тек алты айға ғана салынды, ал Астанада бұл ғимараттар болашаққа салынуда. Біз жаңа қала салып жатырмыз», - деді ХКБ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде. Оның ойынша, елордалықтар ЭКСПО көрмесін қала құрылысының бір кезеңі ретінде еске алатын болады. Қазақстандағы көрме ұйымдастырушылары бюроның оң бағасына ие болды. Висенте Лоссерталес құрылыс барысы мерзімінен бұрын орындалып жатқандығын айтты. «Біз үлкен жетістікке қол жеткізетіндігімізде күмән қалмады», - деп атап өтті В. Лоссерталес. «Менде өте жағымды әсер қалыптасты. ЭКСПО-2017 құрылысы өте қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс межелеген мерзімін бұрын іске асыруда. Қалашықтың құрылыс алаңы таң қалдырды. Меніңше, ол өте сұлу әрі заманауи арxитектура болғалы тұр», - деді ол.
Вloomberg ЭКСПО-2017 аясында «Тhe Future of Energy» саммитін өткізуді жоспарлауда. «Bloomberg» халықаралық компаниясының энергетика, қаржы, саясат мәселелері бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсететін Bloomberg New Energy Finances (BNEF) бөлімшесі Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Тhe Future of Energy» (Энергетика болашағы) жаһандық саммитін өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл мәселе «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Контент және көрмеден кейінгі пайдалану департаментінің директоры Қайрат Күлбаевтың BNEF атқарушы директоры Джон Мурмен кездесуі барысында белгілі болды.
«Тhe Future of Energy» саммиті - энергетика саласындағы жыл сайынғы ауқымды іс-шара. Онда осы энергетика, саясат пен экономика салаларындағы мықты мамандар бас қосып, сала трендтерін анықтап, қорытынды жасалады. Әдетте іс-шара Нью-Йоркте және екі өңірлік аймақта: Лондонда (Еуропа, Таяу Шығыс, Африканы қамтиды) және Шанхайда (Азия-тынықмұхиттық өңір, Қытай, Аустралияны қамтиды) өткізіледі.
«Сонымен қатар, орталығы Астана болатын, тағы бір үшінші, яғни Еуразиялық өңірлік аймақты ашу мәселесі де талқыланып жатыр», - делінген хабарламада.
АҚШ инвесторлары елордада «ЭКСПО» халықаралық көрмесі өтуі жайы туралы құлағдар болды. Бұл елордада өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Американың бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды. «Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанның үлкен делегациясы Америка Құрама Штаттарына барған едік. Бұл сапарды еліміздің АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырды. Онда американдық бизнесмендермен, Конгресс депутаттарымен кездесу өтіп, Қазақстан туралы, біздің нарық туралы сөз қозғалды. Сол сапардың нәтижесінде Американың 2 компаниясының басшысы елімізге келіп отыр», - деді кездесу аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Оның айтуынша, біріншісі «Carmel» компаниясы көліктік тасымалдау саласында зор тәжірибесі бар. Әлемнің 188 қаласында филиалы жұмыс істейді. Олар жолаушылар тасымалы, туристерге сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Ал екіншісі «Elizarov Consulting Group» компаниясы инновация бағытындағы жұмысын жолға қойған. Бұл компанияның басшысы Қазақстаннан стартап жобаларды қарастыруға келген. «Өздеріңізде білетіндей, 2017 жылы елордада «ЭКСПО» халықаралық көрмесі өтеді. Оған 5 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде. Ал оларды тасымалдау, сервистік қызмет көрсету мәселелерінде дайын болуымыз керек. Сондықтан «Carmel» компаниясының Астанаға келіп, инвестиция құюға, көлік компаниясын ашуға, елорда жұмыс істейтін көлік компанияларымен бірлесіп, ЭКСПО-ға қызмет көрсетуге ниет танытуы құптарлық іс», - деді Н.Әлтаев.
Осы жиын барысында ЭКСПО-ға орай АҚШ-тың ірі көлік компаниясы Астанада қызмет көрсетуге қызығушылық танытты. Шара аясында қатысушылар ықтимал инвестор саналатын америкалық «Carmel» және «Elizarov Consulting Group» компанияларының өкілдерімен кездесті. «Carmel» компаниясы АҚШ қалаларына келетін туристер үшін сервистік қызметтер көрсетеді. Олар қызметтердің толық пакетін, таксиден бастап, кез келген нысандарды, орындарды аралауға дейінгі қызметтер ұсынады. Осының бәрі онлайн-режимде қадағаланып, жүзеге асады. Компанияның әлемде 180-нен астам өкілдіктері бар», - деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Оның айтуынша, америкалық компаниялар «ЭКСПО 2017» көрмесіне орай, Астанаға үлкен қызығушылық танытып отыр. «Халықаралық көрме аясында Астанаға келушілер 5 млн. адамды құрайды. Сондықтан да, біз дамыған елдердің осы бағыттағы қызметтерімен тығыз байланыс орнатуымыз керек. Сонымен қатар, беделді компанияның Қазақстанға инвестиция салып, жергілікті бизнеспен бірге жұмыс істеуге қызығушылық танытуы өте жақсы нышан. Сондықтан да, біз әр тараптан өкілдер шақырып гі басқосуды ұйымдастырып отырмыз», - дейді Нұржан Әлтаев. Оның сөзіне қарағанда, америкалық компания Қазақстанға алғаш рет танысу ниетінде сапарлап отыр. «Олар қазіргі таңда біздің нарықты тұтастай зерттеп көрмекші. Сосын біз олардан нақты инвестициялық ұсыныстар күтетін боламыз», - деді ол.
ЭКСПО-2017 дүниежүзі көз тіккен көрмеге айналуда. Қазақстанның шетелдердегі дипломаттары ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттау бағытында ауқымды жұмыс атқарып жатыр. 80-ге жуық ел ресми түрде көрмеге қатысатынын растады, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де болады. Осы бағыттағы жұмыстарға назар салайық...
Қытай «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға ниет білдірді. 2013 жылғы 12 қаңтарда Қытай халық Республикасындағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнмен кездесті. Онда тараптар Қытайдың Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мәселесін талқыланды.ҚХР-дан Ұлттық үйлестірушінің бекітілуіне, қатысушы елдердің 2-ші отырысын өткізуге, Қытай павильонын салуға, көрме аясында экономикалық, инвестициялық және мәдени шаралар өткізуге байланысты мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Елші көрмеге әзірлік барысымен, Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен таныстырып, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің ҚХР-ға ресми сапары барысында (2015 жылдың 12-16 желтоқсан) қытай туристері үшін Қазақстанның тартымдылығын жалғастыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабардар етті. Ван Цзиньчжэнь екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастардың жоғары деңгейін және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы жақсы қарым-қатынасты ескеріп, қытай тарапы көрмеге қатысуға және «жасыл энергетика» саласында жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың басым бөлігін тартуға әзір екенін атап өтті. «ЭКСПО энергетика, көлік, инфрақұрылымдық салада екі ел кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты реттеу үшін жақсы алаң және Қытай туристері үшін Қазақстанның туристік тартымдылықтарын арттыру, екі елдің туыстас қалалары арасындағы өзара іс-әрекетті күшейтуге мүмкіндік болмақ», - деді ол.
Көрменің таныстыру әлемнің түкпір-түкпірінде қарқынды жүргізілуде. !бу-Дабиде «Орнықты даму аптасы» аясында «ЭКСПО-2017» таныстырылды
Қазақстандық делегация Әбу-Даби қаласында Халықаралық жаңартылмалы энергия агенттігі (IRENA) ассамблеясының 6-шы сессиясы және «Орнықты даму аптасы» аясында өтетін 9-шы Дүниежүзілік болашақ энергиясы саммитінің жұмысына қатысуда. ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қаңтарға дейін созылатын саммиттің негізгі міндеттері әлемнің энергетикалық түрлену жолдарын талқылау, болашақ энергияны қалыптастыру жөніндегі бірлескен шешімдерді өңдеу болып табылады. ЭКСПО-2017 комиссары хатшылығы басшысының орынбасары Азамат Әбдірайымов атап өткендей, Қазақстанның аталмыш форумға қатысуының басты мақсаты елдің «жасыл» экономикаға өтуін көрсету және Әбу-Дабидегі саммит тақырыбымен үндесетін ЭКСПО «Болашақ энергиясы» тақырыбын қозғау болып табылады. А.Әбдірайымов Астанада өтетін көрмеге энергияның жаңартылған көздері саласындағы халықаралық қатысушылар мен әлеуетті әріптестерді тарту үшін қажетті алаң болатының атап өтті. Сапар аясында IRENA Халықаралық жаңартылған энергия көздері агенттігінің атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Фарнаванимен, «DUBAI EXPO-2020» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті, БАӘ Ұлттық кеңес медиасы бас директорының орынбасары Омар Шехадехпен және бірқатар елдердің энергетика министрлерімен екіжақты кездесулер өтті.
Тағы да бір араб елдерінде көрмеге қатысты шара қолға алынды. Кувейт ақпарат агенттігі (КУНА) Кувейт Мемлекеті Әмірі істері жөніндегі министрі шейх Насер Сабах Ас-Сабахтың Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Алмас Әбдрамановпен кездесуі туралы хабарлады.
Кездесу барысында шейх Насер мен Елші А.Абдраманов екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы, атап айтқанда, ең жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, Кувейт Мемлекетінің «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне қатысуы және т.б. сұрақтарды талқылады.
ЭКСПО-2017 көрмесі мәдениет саласында да белсенділікті арттыруда
«Абайдың балалық шағы» мультфильмі ЭКСПО-2017 кезінде көптеген елдерде көрсетіледі. Бұл жағымды жаңалықты Қытайдағы өнерлі қазақ қандастарымыз жария етті. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Үрімші қаласындағы «Абай жолы» компаниясының директоры Ғұсыман Қажытай «ҚазАқпаратқа» берген эксклюзивті сұхбатында Абай атындағы анимациялық академиясы жайлы, 2017 жылы Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесі ашылу кезінде «Абайдың балалық шағы» мультфильмінің тұсау кесерін өткізу және тағы басқа жоспарлары туралы әңгімелеп берді.
- Өзіңіз және компанияңыз жайлы, сондай-ақ «Абайдың балалық шағы» мультфильмі туралы айтып берсеңіз?
- Біздің «Абай жолы» компаниямыз 2011 жылдың соңында тіркелген. Мен 1979 жылы дүниеге келдім, кішкентайымнан сурет салуға қызықтым, сурет салып өстім. Бірақ кәсібім - экономист. Қазір мәдениет саласында анимация арқылы келер ұрпақтарға тәрбие беру, қазақ ұлтының даналығы мен даралығын рухани көсеміміз - Абай атамыздың бала кезін көрсету арқылы жеткізу, балаларды қиыншылықтарды кездестірген кезде сабырлы және ақылды болуға үйрету идеясын жүзеге асырып жатырмыз.
«Абайдың балалық шағы» мультфильмін екі жыл дайындадық. Қазір біз мультфильмнің тек 2 сериясын түсірдік, себебі Абай тарихи тұлға болғандықтан сценарий, кейіпкерлер образдарын таңдау үшін даярлық жұмысқа көп уақыт кетті. 2016 жылдың аяғына дейін 15 серияны дайындаймыз. Өйткені Қытайдың орталық теледидарында және тағы да басқа беделді телеарналарында көрсету үшін міндетті түрде кем дегенде 26 серия беру керек. Жалпы «Абайдың балалық шағы» мультфильмінің 104 сериясын шығаруды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - қазақтың анимациясын биік деңгейге жеткізу. Мультфильмдерімізді Америкаға, Европа мемлекеттеріне және тағы басқа елдерге таратуымыз керек, дүниенің озық мәдениетін ғана қабылдамай, өз мәдениетімізді дүниеге таратушы болуымыз керек.
- Абай туралы мультфильм қашан көрсетіле бастайды?
- «Абайдың балалық шағы» мультфильмге 200-ден астам телеарналар, соның ішінде Тайвань, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Сингапурдың компаниялары қызығушылық танытып отыр. Мультфильмді 2017 жылдың екінші жартысында Астанада ЭКСПО-2017 ашылған кезде Қытайда (CCTV), Қазақстанда және басқа елдерде де бір уақытта көрсетуді жоспарлап отырмыз.
Одан кейін мультфильмнің көрілімі сәтті болса, оның толық метражды нұсқасын шығарсақ деген ойымыз бар. Оған мамандарымыздың күші жетеді деп сенемін себебі қазір біз айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Мысалы, Ханчжоу және Гонконгтағы үлкен дәрежедегі анимация мамандары «Абайдың балалық шағы» мультфильмнің бірінші сериясын көріп былай деді: «Шыңжаңнан осындай жоғары сапалы мультфильм шығады деп ойлаған жоқпыз. Сендер уақытты 20 жылға қысқарттыңдар». Бұл пікірді естіп қатты қуандық. Бірақ біз одан да жоғары деңгейге жетуге тырысамыз, өйткені анимацияның шегі болмайды.
Жақында ғана біздің Абай атындағы академиясының екі оқушысы Ерзат Құрметұлы және Тілек Дүйсенұлы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 100 аниматор қатысуымен өткен 3D-форматындағы мультфильмдер бойынша сайыста бірінші және екінші дәрежелі жүлдеге ие болды. Олар бүкілқытайлық сайысқа жолдама алды.
- Абай атындағы анимациялық академия бұл жоғары оқу орны ма, қашан құрылды?
- Бұл жоғары оқу орны 2015 жылдың шілдесінде құрылған. Біздің компанияға аниматорлар қатты қажет болған кезде біз өз қаражатымызды бөліп мамандарды оқыттық. 2014 жылғы қазанда Бейжіңге келген Дариға Назарбаева Қытайда Абай институттарын ашу керектігін айтты. Бұл туралы мәліметті мен ҚазАқпарат сайтында оқып, қатты қуандым, бұл бізге үлкен әсер, күш-қуат және сенімділік берді. Содан кейін біз өкіметімізге аниматорлық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсыныс жасадық. Өкіметіміз бізге Шыңжан жеңіл өнеркәсіп университетінің ғимаратында Абай атындағы анимациялық академиясын ашуға мүмкіндік берді. Былтыр жиырма оқушы қабылданды, биыл оқушылардың саны екі есе артады. Балалар төрт жыл оқып, «аниматор» мамандығының дипломын алып шығады. Біздің академиямыздың артықшылығы - оқу барысында тек 10 пайыз - назария (теория), 90 пайыз - әмелият (тәжірибе) беріледі. Оқушылар жақсы оқыса, оларды оқу барысында компаниямызға қызметкер ретінде қабылдаймыз. Бізге Шанхай және ішкі Қытайдың басқа қалаларында оқып жатқан балалар оқуға түсуге қызығушылық танытып отыр.
- Компанияңызда қанша қызметкер жұмыс істейді?
- Біздің компаниямызда 30 адам жұмыс істейді. Абай атындағы анимациялық академиямыздың қызметкерлерін қоссақ 70 адамнан асады. «Абайдың балалық шағы» мультфильмнің қазақша нұсқасының дубляжін Қазақстанның Жастар театрының қызметкерлері жасады.
- АҚШ, Ресей, Қазақстан және тағы басқа шет елдердің тәжірибесін зерттедіңіздер ме?
- Қазақстанда шыққан барлық мультфильмдерді қарап талқылаймыз - жақсы және осал жақтарын зерттейміз. Мен екі жыл бұрын Америкадағы Дисней компаниясына барып тәжірибесін зерттеп келіссөздер өткіздім. Біздің балалардың ағылшын тілі деңгейін көтергеннен кейін Америкаға білімін жетілдіруге жібереміз.
- Абай туралы мультфильмнен кейін қандай жұмыс жоспарланған?
- Бір ұлттың қандай екендігін білу үшін оның мәдениеті мен тарихына қарау керек. Егер де тарихы да мәдениеті де жоғары болса, бұл ұлттың тамыры терең деген сөз. Қазақ халқында анимация етіп жасайтын ұлы тарихы тұлғаларымыз және аңыз әңгімелеріміздің қайнары өте мол. Біз жүздеген аниматорлармен осы жұмысты ондаған жылдар бойы атқарсақ та, бітіре алмаймыз. Абайдан кейін басқа да тарихи тұлғалар туралы мультфильмдерді түсіру идеяларымыз бар, бірақ «Абайдың балалық шағы» мультфильмін табысты аяқтау керек. Қытай өкіметі бізге қолдау көрсетті, енді Қазақстан тарапынан қолдау жасалса біз одан тыс талай жетістіктерге тез арада жетеміз деп сенемін.
- Әңгімеңізге рахмет, Сізге тек сәттілік тілеймін!
ЭКСПО-2017: Отандық өнімнен құралады
ЭКСПО-2017: Қарағанды өндірісінің металл құрылымдары мен құбырлары нысандардың құрылысында пайдаланылып жатыр. Қарағанды облысының кәсіпорындары халықаралық көрме нысандарының құрылысына өнімді жеткізу арқылы 8 млрд теңгеден астам пайда тапты. Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов осындай мәліметпен бөлісті.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына Қарағанды облысынан жеткізілген өнім көлемі 8,3 млрд. теңгені құрады. Жалпы қазақстандық өндірушілер 32 млрд. теңгенің өнімін жеткізді, яғни жалпы соманың төрттен бірі біздің облысымыздың үлесі», - деді А. Ахметжанов жергілікті орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, халықаралық көрме нысандарын тұрғызуға қарағандылық 20 кәсіпорынның өнімі қолданылуда. Ірі тапсырыстарға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «КЗМК-Имсталькон» ЖШС ие болды.
Сонымен қатар, ЭКСПО нысандарының мердігерлері қарағандылық өндірушілерден темір бетон бұйымдарын, бағаналар, құбырлар, кабельдер, жылыту радиаторларын, лак бояу өнімдерін сатып алды. Қарағандылық тігін фабрикалардың бірі арнайы киім тікті. Тағы бір кәсіпорын өрт сөндіру жүйесін өткізе алды.
«Біз үшін абаттандыру жүргізілетін екінші кезең маңызды (ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы - ред.). Біздің кәсіпорындарымыздың өнімі сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Бұл бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», - деп түйіндеді сөзін А. Ахметжанов.
ЭКСПО-2017 нысандардың құрылысында Қарағандының металл құрылымдары мен құбырлары пайдаланылуда
Қарағанды облысының кәсіпорындары 2015 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына өнімді жеткізу арқылы 8 млрд. теңгеден астам пайда тапты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов хабарлады. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына Қарағанды облысынан жеткізілген өнім көлемі 8,3 млрд. теңгені құрады. Жалпы қазақстандық өндірушілер 32 млрд. теңгенің өнімін жеткізді, яғни жалпы соманың төрттен бірі біздің облысымыздың үлесі», - деді А. Ахметжанов жергілікті орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның сөзіне қарағанда, халықаралық көрме нысандарын тұрғызуға қарағандылық 20 кәсіпорынның өнімі қолданылуда. Ірі тапсырыстарға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «КЗМК-Имсталькон» ЖШС ие болды. Сонымен қатар, ЭКСПО нысандарының мердігерлері қарағандылық өндірушілерден темір бетон бұйымдарын, бағаналар, құбырлар, кабельдер, жылыту радиаторларын, лак бояу өнімдерін сатып алды. Қарағандылық тігін фабрикалардың бірі арнайы киім тікті. Тағы бір кәсіпорын өрт сөндіру жүйесін өткізе алды. «Біз үшін абаттандыру жүргізілетін екінші кезең маңызды (ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы - ред.). Біздің кәсіпорындарымыздың өнімі сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Бұл бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», - деп түйіндеді сөзін А. Ахметжанов.
ЭКСПО-2017 нысандарының арқасында биыл еліміздегі құрылыс қарқыны былтырғыдан кем болмайды
ЭКСПО-2017 нысандары құрылысының арқасында биыл еліміздегі құрылыс қарқыны былтырғыдан кем болмайды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен ҰКП Құрылыс материалдарын өндіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің есепті кеңесінде мәлім болды.Комитеттің алқа отырысында былтырғы жыл қорытындыланып, негізінен құрылыс материалдарын өндіру саласындағы импорт алмастыру мәселелері талқыланған болатын. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, соңғы кездері елімізде құрылыс саласы қарқынды дамыды. Мәселен, егер 2013 жылы республикада 6 843 млн шаршы метр, 2014 жылы 7 518 млн шаршы метр құрылыс салынған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 8 940 млн шаршы метрді құрады. Ал ағымдағы жылы ЭКСПО-2017 құрылыс нысадарының ауқымын есепке ала отырып, аталған көрсеткіш былтырғыдан кемімейтіні болжанады. Сонымен қоса, «Атамекен» ҰКП басшысы отандық құрылыс материалдарымен импортты алмастыру, құрылыс сапасын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. «Республикамыздағы құрылыс аумағының ауқымы мен өсу динамикасы оң көрсеткіштерге ие. Дегенмен, бізге қолданыстағы құрылыс өндірісінің айналымын ұлғайтып, жаңаларын іске қосу қажет. Осы арқылы ішкі нарықты қамтып қана қоймай, сыртқы экспортқа шығуды да ойластырған абзал. Әрине, көршілес елдермен бәсекелесу оңай емес. Десе де, бәсекелестік өндірістің дамуын шыңдайды. Сондықтан да, бұл жерде негізгі үш факторға мән беруге тиіспіз: тек жаңа технологиялы өндірісті пайдалану, мықты маркетинг және мемлекеттік қолдау», - деді Тимур Құлыбаев. Осыған орай, палата басшысы құрылыс саласында елімізде сұранысқа мейлінше қажетті материалдар шығару мәселесін зерделеуді тапсырды.
ТҮЙІН
Елбасының ерекше назарындағы ЭКСПО-2017 көрмесі лайықты деңгейінде өтетіне қазақстандықтар сенім артып отыр. Ол еліміздің имиджін жақсартып, әлем халқына таныта түседі. Бұл туралы біз осы мақаланың «ЭКСПО-2017: ТМД мен шет елдер» атты айдарында кеңірек тоқталдық. Сонымен бірге халықаралық іс-шара қазақ өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, отандық үлестің артуына мүмкіндік береді. Өйткені көрме құрылыстары отандық өнімнен құралады. Халықаралық көрме жалғыз елорданың міндеті ғана емес, оны өткізу шараларына өңірлерде атсалысуда. Бұл туралы біз шолудың «Өңірлердің көрмеге қосқан үлестері» деген тақырыпшасында барынша ашып көрсеттік.