ШОЛУ: Еңселі елорда (І бөлім)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең еңселі елордамыздың туған күні.    
None
None

Атап өтейік, елорда күнін мерекелеуді ресми түрде Астанада 4 шілде күні «Атамекен» этно-мемориалдық кешені алаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастап берді және онда  Мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысып, курсанттарға офицер шендерін тапсырды.

Еске сала кетейік, елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын. Елорданы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда болды. ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Елорда күні 6 шілдеде атап өтіледі және ҚР Парламенті Мәжілісінің бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының  № 47-IV Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке болып табылады. Бұл мерекенің халық үшін тарихи-мәдени маңызы зор және Қазақстан Республикасының жетістіктерін бейнелейді.

Мемлекеттік деңгейде Астана күні 2009 жылдан бері аталып өтіледі. 

Мереке ауқымында Астанада 6 шілдеде концерттер, мәдени-бұқаралық шаралар, фестивальдар өтеді. Астана күні дәстүрлі түрде мерекелік отшашумен аяқталады. Сондай-ақ Астана күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді.

Мерекеге орай, ҚазАқпарат Астана туралы биылғы жылдың ең қызықты материалдарына шолуды ұсынады.

***

Астана жұрты Жаңа жылды ерекше көңілмен қарсы алды

Елорда тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан Жаңа 2016 жылды ерекше көңілмен қарсы алды.

Алдымен елордалықтар үлкен экраннан Елбасының құттықтау сөзін тыңдады. Қаланың әсем безендірілген мұз қалашықтарын тамашалап, балалар сырғанақ тепті. Қаланың орталық алаңдарында мерекелік конецерттер өтіп жатыр.  Жаңа жыл кеші отшашумен жалғасты. 

 
2015 жылы елорданың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту жөніндегі маңызды міндеттер жүзеге асырылды - Ә.Жақсыбеков

2015 жылы елорданың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту жөніндегі маңызды міндеттер жүзеге асырылды, деп атап өтті Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.

ҚазАқпарат құттықтау мәтінін жариялайды.

Астана әкімі Ә. Жақсыбековтің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті елордалықтар және қала қонақтары!

Сіздерді жаңа - 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Келіп жеткен Мешін жылы босағаларыңыздан ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болып аттасын.

Халқымызда «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. 2016 жылы қастерлі тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін талай келелі іс атқарылды. Азаттығымыздың белесті жылы да ел мерейін асырар, халқымызға пайдасы мол жарқын істерге тола берсін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

 

Астанақаласының әкімі                                                            Әділбек Жақсыбеков

 

 



Астана Опера «Рождествоның жұлдызды музыкасы» концертін ұсынады

Опера Қысқы мерекелер - демалыс пен күнделікті тұрмыс тіршілігіне алаңдамайтын уақыт. «Астана Опера» театры қаңтар күндерін өзінің жарқын да шынайы әсерлерімен толық қуанта алады: 7 қаңтарда Камералық залдың сахнасында «Рождествоның жұлдызды музыкасы» атты концертіне өзінің көрерменін шақырады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

- Қалыптасқан дәстүр бойынша православтық Рождествода біз концерт береміз. Біз «Астана Опера» Камералық оркестрінің саусағынан бал тамған музыканттарының тамаша ойыны мен театр хорының орындауындағы акапела музыкасының жанкүйерлерін бұл кешті бірге өткізуге шақырамыз, - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, бас хормейстер Ержан Дәуітов.

Хор өнерін сүйетін тыңдарманды ғұлама композиторлар: П. Чайковскийдің, Г. Свиридовтың, П. Чесноковтың, П. Турчаниновтың шығармаларымен кездесу, эстон композиторы Арво Пёрттің «Шаттан, Құдай ана Дево» туындысы, сонымен қатар тыңдарманның көңілін көтеретін қазақ, орыс, украина, неміс, халық әндері, попурри, әзіл композициялар күтуде. Бұдан басқа, көрерменге қазақ композиторларының да туындылары ұсынылады. Алғаш рет Камералық залдың сахнасында хор ұжымы Бейімбет Демеуовтің өңдеуіндегі Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» шығармасын орындайды.

«Астана Опера» театрының хоры халықаралық деңгейдегі көптеген марапаттарды иеленгенін еске сала кетейік. Барлық спектакльдерге жанын салып қатысатын оның құрамы дауыс жағынан әлемдік мэтрлердің жоғары бағасын алды, олардың арасында Валерий Гергиев, Пьер Луиджи Пицци, Елдар Әбдіразақов және т.б. бар.

Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік ететін «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады. Музыканттар ұлы композиторлардың шығармаларын: Е. Цимбалистің Римский-Корсаковтың «Алтын Қораз» операсы тақырыптарына жазған фантазиясы, О. Ридингтің оркестр мен скрипкаға жазған концерті және басқаларын орындайды.

 

 
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана полицейлері «ЭКСПО-2017» аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елордалық тәртіп сақшылары «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің барлық периметрінде құқық тәртібін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқыққа қарсы басқа да әрекеттердің алдын алуға және болдырмауға 56 полиция және күзет бөлімшелерімен біріккен әскери қызметкері қатысады.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында Астана қалалық ІІД-де «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаменті басшылығы, мүдделі қызметтер мен ІІД бөлімшелері, күзет құрылымдары басшыларының жұмыстық кездесуі өтіп, онда полицейлер мен күзет қызметтерінің көрме құрылысы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша үйлестірілген жұмысының мәселелері талқыланды.     

  Жаңа жыл түні елордада 30 нәресте дүниеге келді

Жаңа жыл түні елорда перзентханаларында 30 нәресте дүниеге келген, деп хабарлады  24.kz телеарнасы.

Бұл - түнгі 12:00-ден таңғы 10:00-ге дейінгі көрсеткіш. Дәрігерлердің айтуынша, барлық ана мен баланың денсаулығы өте жақсы. Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 68 бүлдіршін жарық дүние есігін ашқан болатын.

 «Қалада қазір үш перинеталдық орталық жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде бірінші қалалық перинеталдық орталықта 18 ана босанды. Оның ішінде 10 ұл бала, 8-і қыз бала», - деді  №1 Перинеталдық орталықтың меңгерушісі Ербол Әубәкіров.

 
Аязға қарамастан астаналықтар демалыс күндерін таза ауада өткізді

Елорда тұрғындары мен қонақтары аязды күнге қарамастан таза ауада серуендеп, демалыс күндерін сәтті өткізіп жатқандығын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. 

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана. Не? Қайда? Қашан?» парақшасында қала тұрғындарының тамаша демалыстарынан көрініс беретін фотосуреттер жария етілген.

«Күн аяз. Егер оқушылардың демалысы болмағанда бұл күні мектептерде сабақты тоқтатар еді. Бірақ, соған қарамастан сырғанауға келгендерде есеп жоқ. Бұл - тамаша», - деп жазады астаналық Борис Оленев.      

 


Астана әуежайында екі Ауғанстан азаматы жалған төлқұжаттармен ұсталды

 Өткен жылдың 30 желтоқсаны күні сағат 04.37-де «Астана» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды Астана қаласының халықаралық әуежайында «Минск - Астана» бағытымен В2 775 әуе  рейсімен ұшып келген жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында Ауғанстан Ислам Республикасының 1982 жылы туған азаматын және 1990 жылы туған азаматшасын ұстады.

Олар біздің елімізге Тәжікстан азаматтарының жалған төлқұжаттарыменкірмек болған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

 

«Барыс» ХК Астанадағы өз матчында ұтысқа автомобильдер шығарғалы отыр

 3 қаңтарда  17:30-да «Барыс» - «Югра», ал 5 қаңтарда 19:30 -да «Барыс» - «Автомобилист» матчтары басталады.

«Қазір әр ойын өте маңызды. Ал жанкүйерлердің қолдауы - бұл командаға қосымша серпін береді. Сондай-ақ, әр матчта  бір-бір автомобильден ұтысқа қойылады», делінген хоккей командасының сайтында.


Астанада үлкен сырғанақ жасалып жатыр

Астанада үлкен сырғанақ жасалып жатыр. Бұл туралы Фейсбуктегі «Астана. Не? Қайда? Қашан?» тобында Александр Гончаренко  мәлімдеді. 

Ол  MEGA ойын-сауық орталығы ауданында салынып жатқан сырғанақтың суреттерін жариялған.

«Астанада Қазақстандғаы ең үлкен сырғанақтың құрылысы басталды. Оның биіктігі 8 метрді құрайды, ал ұзындығы шамамен 40 метр. Мұзбен шамамен 150 метрге дейін сырғанауға болады», - деп жазады Александр Гончаренко.     

 

 


Боран салдарынан Петропавл-Астана жолы жабылды

 Боран салдарынан Петропавл-Астана жолы жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінен.

«Петропавл-Астана жолы жабылды. Боран, желдің күші 20 м/с», - деп жазылған хабарламада.

 
Астана мен Алматы әуежайларында рейстер кешіктірілді және ұшырылмай жатыр

Астана мен Алматы әуежайларында рейстер кешіктірілді және ұшырылмай жатыр. 

Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосынан хабарланғандай, Өскемен-Алматы бағытындағы рейс кешігіп жатыр. Ал Алматыдан Астана,  Душанбе және Джебель-Али бағытына рейстер ұшырылмайды.  

Рейстердің кешігуі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.

Алматыда 4 қаңтарда ауа температурасы күндіз +4 градусты құрайды.

Астана әуежайында да алматылық рейстер екі бағыт бойынша да  ұшырылмайды. Өскеменнен келетін рейс кешіктірілуде. 

 
Қысқы Астананың қызықтары

Жаңа жылдық мереке кезінде Астанада серуендеуге шыққан елорда тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп.

Аязды күндерге қарамастан демалыс күндерін сәнді, мәнді өткізгісі келген жұрт таза ауаға шығып, қаланың әсем безендірілген мұз қалашықтарын тамашалап, балалар сырғанақ тепті.

Биылғы ең үлкен мұз қала «Хан Шатыр» кешенінің жанында бой көтергені белгілі. Қалашықтың алаңы екі мың шаршы метрге жуық. Мұнда мұздан жасалған ғажап бейнелердегі түрлі бірегей мүсіндер кешені топтастырылды. Мүсіндер мұздан қашалып, адамдардың, аңдардың, ертегі кейіпкерлері мен аңыздардағы образдардың бейнесінде тұрғызылған. 

Айта кетейік, бас қаламызда мұз мүсіндерінің тағы үш алаңы салынды. Олар Есіл өзенінің жағалауында,  Отан Ана монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасқан.

Тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйімен бірге әсем Астанамыз онан сайын ажарлана түскендей. Назарларыңызға агентігіміздің фототілшісі арнайы дайындаған суреттерді ұсынамыз.                            


Астанада 2016 жылы мембағдарлама аясында 2 500-ден астам пәтер салынады

Биыл Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың м² құрайтын 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек: Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, М. Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың м² құрайтын 310 пәтерлік тұрғын кешендерінің құрылысы; Сарыбұлақ өзенінің бойында Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың м² 62 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй кешені. Арендалық тұрғын үй бағыты бойынша, Оңтүстік Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың м² құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың м² құрайтын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың м² 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.


Қазақстан автожолдарында бес күнде 1273 адам эвакуацияланды

 1-5 қаңтар аралығында Қазақстан автожолдарында 1270-тен астам адам эвакуацияланды.«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, қазіргі уақытқа дейін республика жолдарында 639 адам құтқарылып, 1273 адам эвакуацияланды», делінген хабарламада.

Сағат 10:30-дағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейін 92-257 шақырым) республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс шектелді.

Аталған учаскелерде 10 жылыту пункттері құрылып, тамақтандыру ұйымдастырылды. 11 техника қар құрсауында қалды, төтенше жағдайды жою үшін 86 адам, 49 бірлік техника жұмылдырылды. Хромтау, Қарғалы аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режімі сақталып отыр. «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар жол учаскесінде (12-424 шақырым, Қызылорда қаласынан Жезқазған қаласына дейін) қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында 250-255 шақырым бөлігінде жауын жаууына байланысты жол жамылғысы нашарлады. 15 техника батып қалды. 2 жылыту орны құрылды.

 
Мереке күндері Астанада 1 мыңнан астам жол ережесін бұзу деректері тіркелді

 Мереке күндері Астанада жолда жүру ережесінің бұзуға қатысты 1 мыңнан астам дерек тіркелді, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

«Апаттардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылау барысында полицейлер жолда жүру ережесінің бұзылуының 1 мыңнан астам деректі анықтады. Оның ішінде жол-көлік оқиғасының тууына себепші болатын жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белбеуін тақпау, қарсы жолаққа шығу, мас күйде көлік жүргізу сияқты ереже бұзушылықтар бар»,- делінген хабарламада.

Өткен мереке күндері Астана қалалық ІІД қызметкерлері 600-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Оның ішінде тыныштық тәртібін бұзу, ішімдік ішіп мас күйде жүру, қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, белгіленбеген жерде сауда жасау, темекі шегу, қоғамдық орындарда жұрттың мазасын алу сынды заңбұзушылықтар бар.

1 қаңтардан 5 қаңтарға дейін қала аумағында барлығы 300-ден астам қылмыс пен заңбұзушылық тіркелді. Олардың 50 пайызы ізі суымастан ашылған. 


ЭКСПО-2017 көрмесіне орай елордада 260 дәрігер ағылшын тілін үйренуде

 ЭКСПО-2017 қарсаңында Астананың денсаулық сақтау саласының 260 қызметкері ағылшын тілін оқуда, жалпы 486 дәрігер ағылшын тілін үйренуі тиіс, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми порталы.

Қалалық  Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылдың сәуір айынан бері ағылшын тілінен курстар ұйымдастырып келеді.

Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі «Астана «EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп көрме қонақтарына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

«ЭКСПО басшылығы көрме аумағында бастапқы медициналық көмек көрсететін жеті пункт пен бір дәрігерлік амбулатория пунктін ашады, соның ішінде ауданы 20 шаршы метр 4 медпункт, ауданы 30 шаршы метр 3 медпункт, ауданы 78 шаршы метрлік 1 амбулатория бар. Көрменің жұмыс істеу уақытына байланысты үш ауысыммен бір дәрігер мен бір мейірбике жұмыс істейді», делінген ақпарда.

ЭКСПО кезінде қонақтар қоныстанған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің бекеттері ұйымдастырылады. Жедел стационарлық медициналық көмек қажеттілігі үшін халықаралық көрме кезінде әрбір ауруханада қосымша 30-50 кереует-орын дайындалады. Сонымен қатар, адамдардың ауруханаға жаппай түсуі жағдайы үшін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша бокстар жасалады. 

 
Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлы датаны Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ашып отыр. Бүгін кітапхана қабырғасында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кітап көрмесін өткізді.

«Бүгін біз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмені ашып отырмыз. Бұл - үлкен мереке. Қазақта, жалпы Шығыс халықтарында 25 жыл деген - өте тамаша дата. Бұл мемлекеттіліктің бекіген кезі. Бір жағынан мемлекет жас болып есептелінеді. Оның алдына қойған мақсаттары көп», - дейді Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған.

Экспозиция ҰАК қорындағы кітаптардан және электронды ресурстарынан құралған төрт бөлімнен тұратындығын атап өткен жөн.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» атты бірінші бөлімде Қазақстан Тәуелсіздігінің құрылған және қалыптасқан кезінен мол мағлұматтар берсе, «Ұлы Дала Елі - Мәңгілік Ел» деп аталатын келесі бөлім Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» атты Жалпыұлттық идеясын ашуға арналған. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жарыққа шыққан кітаптар қойылып отыр.

«Елбасы жолы - елдіктің жолы» атты бөлімде Қазақстан Президентінің қызметі жайында жазылған кітаптарды көруге болады. Онда Елбасының төл туындылары да ел назарына ұсынылған. «EXPO-2017» - Астана мерейі» деген бөлімнің материалдары Астана қаласының тарихына, «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналды.

Айта кету керек, көрмеге 400-ден астам кітап қойылған. Ол келушілер үшін бір жыл бойы ашық болады.

«Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға жыл бойы мағлұматтар беруге бағытталған. Осылайша, бұл кітапхананың биыл бастап отырған мәдени шаралардың алғашқысы», - дейді ұйымдастырушылар.     

 
Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтуде

 2016 жылдың 5-6 қаңтар күндері аралығында №66 мектеп-лицейі мен №6 гимназиясында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңі өткізіледі. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Олимпиада мақсаты - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың тұтас жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары немесе жеке пәндер бойынша аса дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

Олимпиада жалпы білім беретін 15 пән бойынша өткізіледі: №66 мектеп-лицейі базасында - химия, биология, физика, математика, география, информатика, №6 гимназия базасында - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, тарих, құқықтану негіздерінен, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, француз тілі, ағылшын тілі, неміс тілі пәндерінен өтеді. Олимпиадаға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінен 702 оқушы қатысады.

Қазылар алқасының құрамында Астана қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының 58 кәсіби шебер, білімді де білікті, тәжірибелі ғалымдары қызмет атқаруда.

 Биыл Астанада жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

 Астанада әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы жалғасады. 2016 жылы 600 орындық жалпы білім беру мектебінің, 800 орындық екі кәсіптік техникалық мектептің, 375 орындық коррекциялық мектеп-интернаттың және әрқайсысы 525 орындық мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы аяқталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Бұдан басқа, биыл №16, 32, 37 мектептерге әрқайсысы 525 орындық жапсарлас ғимарат салынады.Сонымен қатар, балабақшалар құрылысы жалғасады: Көктал-2 ауданында балалар тәулік бойы болатын 240 орындық мамандандырылған санаториялық мектепке дейінгі мекеме, № 8 «Рябинка» балабақшасына жапсарлас салынған 60 орындық ғимарат.Денсаулық сақтау нысандарының ішінде келер жылы Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан 500 кереует-орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, сот-психиатрия сараптамасы бөлімінің құрылысы аяқталып, жедел медициналық жәрдем станциясын (тәулігіне 274 шақыру) салу жұмыстары жалғасады.

Елорда полициясы аялдаманы бүлдірген бұзақыларды іздеуде

 Елорданың полициясы Қорғалжын тас жолы бойындағы аялдаманы бүлдірген күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сот алдындағы тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері тексеру барысында аялдаманың ішіндегі екі ақпарат қабырғасының жұлып алынғанын және wi-fi модемінің ұрланғанын анықтады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта бұл аялдама толық пайдалануға берілмеген. Оның ішінде электр жарығы, жылы беру және бейне бақылау жүйесі іске қосылмаған. Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188 (ұрлық) және 202-баптары бойынша (өзгенің мүлкін қасқана бүлдіру) тіркелген.

 
«Барыстың» ең жас жанкүйері Youtube жұлдызына айналды

 Елордалық хоккей клубы Youtube-ге Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен кездесу барысында баланың қалай жанкүйер болғанын көрсететін «Балақай «Барыс» матчын жандырды» деген атпен видео салды.  

Жарияланған сәттен бастап видеоны 4 мыңнан астам адам көрген.

Еске сала кетсек, астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.  

 
Астана әуежайында 7 рейс кешігуде

 Астана қаласының әуежайында 7 рейс кешігіп жатыр.

Астана әуежайының сайтындағы онлайн-таблоға сәйкес, Шымкент, Үрімші, Талдықорған және Алматыға ұшатын үш рейс кешігуде. Ақтау, Үрімші және Талдықорғаннан ұшып келетін үш рейс кешігіп жатыр.

Рейстердің кешігуі 30 минуттан 3 сағатқа дейінгі уақытты құрап отыр.

 
«Қаллеки» театрына жаңа басшы тағайындалды

 Астана қаласы әкімшілігі мен мәдениет басқармасының шешімімен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры болып Айболат Сексенбаев тағайындалды. 

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.  Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев  1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999-2000 жылдары. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады. 2000-2006 жылдары. Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында әкімші, бас әкімші қызметін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылдан бастап аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары,  2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары болған.  2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры болып тағайындалған. 2016 жылдың 5 қаңтарында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалып отыр.  


Елордалық спортшылар 9 олимпиадалық лицензияға қол жеткізді

 Бүгінгі таңда елордалық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Женейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 9 лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің порталы.

«Атап айтқанда, бокстан Василия Левит пен ұлтық құрамы капитаны Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Флорида Менянова және қазіргі заманғы бессайыстан Елена Потапенко. Үш лицезия  байдаркамен және каноэмен есу бойынша спортшылар Инна Клинова, Зоя Ананченко және Олег Токарницкидің еншісінде. Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев та Рио-2016 олимпиадасында грек-рим күресінен әлемнің үздік балуандарымен күш сынасатын болды», делінген жазбада.

Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындары биыл 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, төрт жылдық ҚР Спартакиадасында астаналықтар жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді, бұл елордалық атлеттер үшін қалыпты көрсеткіш. Спортшылар 170 медаль (56 алтын, 53 күміс, 61 қола) алды. Қазіргі кезде Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы жанынан 76 спорт түрінен жаттықтыратын 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Спортшылардың жалпы саны - 13 753, соңғы бес жылда спортшылар контингенті екі есеге артқан. Лицензиялық жарыстар әлі де жалғасуда, бапкерлер Қазақстанның ұлттық олимпиада құрамасында астаналық  спортшылар санының арта түсетініне сенімді.


2016 жыл бейбітшілік пен береке жылы болсын деп тілейміз - митрополит Александр

 Қазақстан Республикасы Орыс Православиелік Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады.

«Құрметті бауырлар! Қазақстанның рақымшылық пен игілікке бөленген тұрғындары! Сіздерді жарқын мереке - Рождествомен құттықтаймын! Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын, әр шаңырақтан қуаныш пен береке кетпесін!», - деді отандастарына Астана және қазақстандық митрополит Александр.


Ғаламтордағы «Титаниктің» астаналық нұсқасы жұрт назарын аудартты

Ғаламторда «Титаник. Астанадағы нұсқасы» атты шағын әзіл-сықақ видеосы кең таралып жатыр.

Қысқа ғана роликте «Кейт Уинслет» аялдамада қатып қалған Леонардо Ди Каприоны оятпақшы болып жатыр. Жастар арқаның қысы мен аязын әзілге бұрған.

Инстаграмда kk_prod (Качовый КаZахстан)  жариялаған видеоны бірер сағаттың ішінде мыңдаған адам бөлісіп, лайк басқан.


Тұрғын үй секторларында өрт фактілері төмендеді - ТЖ комитеті

«Қабылданған шаралар 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғын үй секторында тілсіз жаудың туындауы деңгейін барша бағыттар бойынша елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, еліміз аумағындағы түрғын үй секторында өрт фактілерінің көлемі 5 пайызға, ал өрт салдарынан өмірі қиылғандардың саны 14 пайызға төмендеді», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Дегенмен де осы көрсеткіштерге қарамастан, 2015 жылы тұрғын секторында 10 мыңға тарта өрт тіркеліп, оның салдарынан 300-ден астам адам қаза болды және 510 адам жарақат алды. Өрттер көбінесе  қалалық жерлерде орын алуда.

Ведомство мәліметінше, тұрғын үй секторында қызыл жалынның таралуына көп жағдайда адамдар өздері кінәлі болады. Яғни бұл тұрғыда отты дұрыс пайдаланбау, электр құрылғылары мен пештерді орнату және пайдалану ережесін ескермеу секілді негізгі себептер тіркелуде.

Белгілі болғандай, өрт кезінде өмірі қиылған адамдар саны Қостанай облысында 29,4 пайызға және Астанада 30 пайызға өскен екен. 

 
Қазақстанда құтқарушылар қысқартылмайды - ҚР ІІМ ТЖ комитеті

Қазақстанда құтқарушылар қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Төтенше жағдайлар комитеті құрылымында оңтайландыру шаралары жүргізілді. Біз екі құрылымды, яғни суда құтқару қызметін және жедел-құтқару отрядтарын біріктірдік. Осы тұрғыда құтқарушыларды қысқарту мәселесі қарастырылған жоқ. Атап айтқанда, бұл бағытта әкімшілік мамандарды қысқарту туралы мәселе көтерілген болатын. Құтқару қызметтері мен бөлімшелерді қысқарту мәселесі ешқашан да көтерілген емес, себебі бұл кез келген төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Біз керісінше құтқарушылар санын арттыруға тырысудамыз. Сонымен қатар олардың біліктілігіне ерекше мән беріледі», - деді Р. Иманқұлов.

Бұдан бөлек ресми өкіл құтқарушылардың арнайы техникамен жабдықталуы мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде бізде барлық қажетті өрт сөндіру техникасы жабдықталған, сонымен қатар көп қызметті атқаруға қауқарлы техникаларды алып жатырмыз. Бұл техника өрт сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және басқа да әрекеттерді жасай алады», - деп түсіндірді ол.

 
ТЖ бойынша SMS-хабарламалар ақысыз - ҚР ІІМ

  Құтқару қызметтерінен халыққа таралатын SMS-хабарламалар ақысыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Құтқару қызметтерінен халыққа таралатын SMS-хабарламалар ақысыз екенін ресми түрде жариялаймын. Бұл хабарламалар азаматтар үшін де және мемлекет үшін де тегін. Біріншіден, бұл азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың тиісті бабымен ескерілген. Екіншіден, бізде ұялы байланыс операторларымен тиісті келісім бар. Осыған сәйкес, ауа райының бұзылуы немесе қандай да бір төтенше жағдайлар бойынша хабарлау үшін осы SMS арқылы ақпарат таратамыз»,-деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында ауа райы жағдайы мен жолдардың жабылуына қатысты 200-ге тарта SMS-хабарлама таратылды.

 
Астанада көптеген мұз айдындары мен сырғанақтар жұмыс істеп тұр

 Астанада қысқы демалысты ұнататындар үшін ашық мұз айдындары мен сырғанақтар, мұз қалашықтары, шаңғыроллерлік трассалар ашылған, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің сайты. 

«Отбасыңмен бірге таза ауада демалғың келсе, «Хан Шатыр» СОО жанындағы мұз қалашығына баруға болады. Елорда әкімдігінің алдындағы алаңға, «Жерұйық» паркінде және Оқушылар сарайының жанында мұз айдындары жасалды. Жаңа жыл қарсаңында «Арай» паркінің аумағында жалпы ауданы 5 мың шаршы метрлік мұз айдыны ашылды. Онда медициналық пункт, дәмхана, радиорубка, конькиді жалға алатын орын, сондай-ақ, жылынатын жер бар, LED-экран орнатылған. Конькиді жалға алу құны - сағатына 500 теңге», деп көрсетілген жазбада.

«Есіл» ауданы аумағында Шығыс Ильинка және Пригородный тұрғын алаптарында тағы да екі мұз айдыны жасалмақ. Бұдан басқа, қалалық мектептердің жанында шағын 11 мұз айдыны бар.

10 қаңтарда Ақбұлақ өзенінде де үлкен мұз айдыны ашылады. Ал «Отан Қорғаушылар» монументінің жанында, Есіл өзенінің жағасында сырғанақтар бар. Көктал және Өндіріс тұрғын алаптарында, 188-ші көше мен Бәйсейітова, 3 көшесінде де қосымша сырғанақтар жасалады.

«Ашық мұз алаңдарынан басқа, «Алау» мұз айдыны сарайына баруға болады. Онда 2-10 қаңтар аралығында жаңа жылдық жаппай сырғанау марафоны өтеді. Таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 23.00-ге дейін кәсіби мұз айдынында коньки тебуге болады. Мереке күндері «Алау» мұз айдынына 14 мыңнан астам адам барған. Кіру құны сеансқа байланысты 250-ден 1500 теңгеге дейін», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шаңғы тебуді ұнататындар әр демалыс сайын елордалық паркте өтетін дәстүрлі жарыстарға қатыса алады.


300 мыңнан астам елордалық скринингтік тексеруден өтті

Астанада өткен жылы 353 933 адам скринингтік тексеруден өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда скринингтік тексерудің 11 түрі бар: қан айналымы жүйесі ауруларын анықтау, ісік алды және сүт безі қатерлі ісігі, ісік алды және жатыр мойны обыры жағдайы, глаукома, қант диабеті және т.б.

Инновациялық және жоғары технологиялық медицинаны жетілдіру және енгізу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Қазіргі кезде қалада көп профильді клиникаларда қан айналымы жүйесі ауруларын емдейтін кардиологиялық бөлім, инсульт орталығы, гемодиализ, травмотология және ортопедия, балаларға, жүктілерге ортодонттық көмек көрсету орталығы табысты жұмыс істеп жатыр.

2015 жылы №2 қалалық ауруханада 1569 кардио-интервенциялық ота жасалды, бұл 2014 жылдың (1404) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,5% (165) артық.

Жалпы, Астана қаласының инсульт орталықтарында былтыр 1847 науқас емделді, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1655 құраған.

Елордада денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі - соңғы бірнеше жыл бойы №1 қалалық аурухананың базасында дамытылып жатқан трансплантология.

2015 жылы елордалық дәрігерлер таяу және қиыр шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты, бөлімнің жетекші мамандары Австрия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей мемлекеттерінде сынақ ісінен өтті, қазіргі кезде туыстар бауырын трансплантациялау және тірі донордан бүйректі ауыстырып салу бойынша операциялар сәтті өткізіледі. 2013 жылдан бері 29 трансплантация жасалды, соның ішінде 12 бүйрек пен 17 бауыр ауыстырылды.

Елордалық денсаулық сақтау саласында қызмет ететін ұйымдардың аумағын және кіреберіс жолдарды абаттандыру және материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту  да медициналық кластерді дамытудың басты міндеті болып табылады. Бүгінде Ақбидай көшесі, 15 көшесі мекенжайында орналасқан №3 қалалық емхана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 191 бірлік жабдық сатып алынды.

 

«Астана Операның» жетекші солисі Италияда «Дон Жуан» қойылымының тұсаукесерінде ойнайды

 «Астана Операның» жетекші солисті Әлфия Кәрімова Италияда В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсының тұсаукесерінде ойнайды. Колоратуралық сопрано иесі 31 қаңтар, 2, 6 ақпан күндері «Карло Феличе» театры сахнасында Донна Анна партиясын алғаш орындамақ, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта әнші Италияда өзінің жұмысына кірісті. Театрдың жетекші солисті бұл рольге үлкен жауапкершілікпен қарайды, себебі оны алғаш рет орындайды және ол - әдемі, драмалық күрделі арияларға және нәзік те сазды бірқатар ансамбльдік көріністерге толы. Әрбір жаңа сахналық бейне әрқашан хикаяларға, күтпеген оқиғаларға, мейрамдарға толы, сондықтан қажымас еңбекті талап етеді, деп атап өтті Әлфия Кәрімова.- Вокалист маманы үшін дайын ешнәрсе жоқ: жетекші партияларды орындау уақытты, үздіксіз жаттығуларды талап етеді, әйтпесе әрі қарай даму мүмкін емес. Моцартты шырқау өте күрделі, мұнда дауыстың ырғақтала төгілуі, аспаптарға ілесе алуы, екпінді игеру, вокал позициясын дәл қою және жүз пайыз дауысты игере алу сияқты шеберлік қажет, - деп бөлісті әнші.Дон Жуан - сәнқой бардың жұлдызы, сондықтан ол айналасындағы әрбір әйелдің жүрегін жаулауға тырысады. Әлфия Кәрімованың кейіпкері Донна Анна - әйелқұмар Дон Жуанды еліктірген талғампаз бикеш. Қойылымдағы көптеген қызықты идеяларға, таңғаларлықтай тапқыр идеялар мен әсерлі шешімдерге қарап, операның жеке көзқарасты білдіретін нұсқа екенін түсіну қиын емес.Дон Жуан партиясын Микеле Патти орындайды, Лепорелло - Лучано Леони, Командор - Грэм Бродбент, Дон Оттавио - Патрик Вогель, Донна Эльвира - Раффаэлла Лупиначчи, Церлина - Лилиа Гамберини, Мазетто - Роберто Майетта. 31 қаңтарда - маэстро Кристоф Поппен, 2 және 6 ақпанда Пабл Ассанте дирижерлік етеді.


Қазақстан Гранаткин мемориалында Жапониямен сайысқа түседі

 Футболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы  Санкт-Петербургте өтіп жатқан Гранаткин мемориалында тоғызыншы орын үшін күресетін қарсыласын білді, деп хабарлады Sports.kz.

Бұдан бұрын 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Молдова командасын 1:0 есебімен ұтып, алғашқы жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан мен Жапония кездесуі дүйсенбі күні сағат 17:30-да Астанада өтеді. 

 Елордалық жас өрендер халықаралық байқауда ел намысын қорғайды

 «Астана» аяқдопшылары жеңімпаз атанды. Бұл жолы елордалық жас спортшылар қазақ-түрік лицейінің дәстүрлі республикалық кіші футболдан өткен турнирінде топ жарды, деп хабарлады  www.24.kz.

Енді астаналық өрендер жазда Германияда өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды. Жарыс жолында еліміздің әр өңірінен келген 25 команда бақ сынады. Осымен үшінші жыл өткен додаға 2002-2003 жылы туылған оқушылары ішінен 250-ден астам үздік іріктелініп алынған. Шара мерейлі мереке ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

- «Келешекте 7-8 сыныпқа арналған футбол жарысын қазақ-түрік лицейімен шектеліп қана қоймай, Қазақстандағы мектептерді қамтып, үлкен бір турнир ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді KATEV қоғамдық қорының президентінің орынбасары Нұрбол Төлеубаев.

 
Astana Motorsports «Дакар» кезеңінде ТОП-15 қатарынан көрінді

  «Дакар» ралли-марафонының жетінші кезеңі өтті. Қатысушылар Уюньнен Сальтаға дейін 793 шақырым жолды еңсерді. Astana Motorsports командасы кезеңді 15-ші орынмен аяқтады, турнирдің бас жіктелімінде бір сатыға жоғары көтерілді. Kazakhstan экипажы кезеңде 30-шы орыннан көрініп, жарыстың жалпы есебінде 25-ші орынды сақтап қалды. Бүгін спортшылар үшін көптен күткен демалыс күні, деп хабарлады Astana Motorsports баспасөз қызметі.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының өкілі Артур Ардавичус жарыстың жетінші күнгі әсерлерімен бөлісті.

-  Әр күн сайын қызықты жайттар болып тұрады. Бүгінгі күн біреулер үшін сәтті болды, ал біреулерге күрделі. Тау жолындағы иірімдер, қатты тас жолдар. Жаңбыр жауса-ақ болды, жер езіліп шыға келеді, оның үстіне көктайғақ. Енді түзеле бастағанда нөсер құйып кетеді. Ирек жолдың әрбір 50-70 метрі сайын бұрылыс, соның ішінде шұғыл бұрылыстар да аз емес. Осы учаскеде нөсерге тап болғандар біраз уақытын жоғалтады. Байқап жүрмесең, қауіпті. Кішкентай ғана қателессең, жырадан бір-ақ шығасың. Мартин Колома бүгін көш бастаған еді, басып озам дегенде, машина тасқа соғылып, аспасы быт-шыт болды. Екі сағат уақытын жоғалтты.

Көрермендер жиналған жерде жылдамдықты бәсеңдетуге тура келеді. Сағатына 140 шақырымдық жылдамдық, жүк машинасының салмағы 9 тонна - мұндай жағдайда машинаны басқару да оңай емес. «Дакар» жолында жүзге тарта көрерменді қағып кеткен жағдайлар болды, мен бұл статистиканы көбейткім келмейді. Міне, бүгін осындай оқиға болды, бір көрерменді шабандоз қағып кетіп, мерт болды. Бұл қайғылы оқиға!

Мұндай учаскелерде қысымды 4,5 атмосфераға дейін көтереміз, әйтпесе баллонға саз жабысып қалады. Бүгін «алыс» жолға шыққандар шапшаң жүрді. Төменнен қырқаға беттейміз, содан кейін басты бұрылыс, Бұл арада бұрылуға да мүмкіндік жоқ. Жолда бір Mini жантайып жатыр. Бұл бұрылысты ұйымдастырушылар картаға енгізбеген, онша қауіпті емес деген ойлаған, өйткені жол жиегіндегі жыраға түсіп кетем деп қауіптенбейсің. Осындай сәттер аз емес!», - деді Astana Motorsports команда көшбасшысы Артур Ардавичус.  

- Одан әрі жолбағыт таудан төмен түседі, - дейді Артур. -  Шабандоздар байқап сол қарқынмен заулатып келеді. Жарыстың жартысынан өттік, алда тағы осынша жол жатыр және ол учаскеде қауіпті және жолсыз жерлер бар.

«Бұл күрделі кезең болды. Тау жолындағы бұрылыстар көп, температура да әлденеше құбылады, күн шақырайып тұрады, енді бір мезгілде бұршақ пен қар жауады. Енді демалыстан кейін тағы да нағыз тактикалық және жоғары жылдамдықты күрес жолы басталады. Бүгінгі күнгі нәтижелер қатысушылардың топтасып келе жатқанын көрсетеді. Енді нәтижеге ұмтылуымыз керек», - деді Kazakhstan командасының шабандозы Андрей Чередников.

11 қаңтарда қатысушылар 393 шақырымдық арнайы учаскемен жүреді. Сальтадан Беленге (Аргентина) дейінгі сегізінші кезеңнің ұзындығы 766 шақырымды құрайды.         

 
Астанада суретші Л.Раваньянның «Venice by me» көрмесі ашылады

Астанада «Хас Санат» өнер галереясында венециандық суретші Луиджи Раваньянның «Venice by me» көрмесі ашылады.

Өнер галереясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Луиджи Раваньян Падуяда туғанымен өзін байырғы венециандықпен деп санайды, өйткені оның отбасы бүкіл әлемге танымал осы мәдениет ескерткіші-қаласынан шыққан. Луиджи Венецияда тұрады және жұмыс жасайды, оның шығармашылығы осы қаламен тығыз байланысты.

Луиджи арнайы білім алмаған тума талант, бірақ та ол Падуядағы елеулі оқу орындарында және Болоньедегі Көркемсурет академиясында кескіндемеден курстарға барып жүрді, сөйтіп, бұрынғы кәсіпкер кәсіби суретші мансабын бастады. Ол кескіндемемен, фотсуретпен, поэзиямен, әдебиетпен айналысады. Луиджи Кельнде (Германия), Падуяда және Венецияда (Италия) бірнеше жеке көрмелерін өткізді.

Астана қаласындағы «Хас Санат» өнер галереясындағыскөрме  «Venice by me» деп аталады.

Бұл көрменің негізгі әуендері сүйікті қаласының танымал образдарымен жігерленуден туған. Луиджидің көптеген шығармалары қаланың көрнекті орындарымен аталған - Үлкен арна, Риальто көпірі, Базилико Сан Марко және тағы басқалар.  

 Астанадағы Ақбұлақ өзенінде мұз айдыны ашылды

 Жексенбі күні Ақбұлақ өзенінің жағасына мұз айдынының ашылуына арналған спорттық-ойын сауық бағдарламасына қатысу үшін жүздеген астаналық жиналды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Таза ауада демалуға, коньки мен сырғанақ тебуге ересектер де, кішкентай бүлдіршіндер де келді. Айта кетейік, мұз айдыны аумағында конькиді жалға алу пункті жұмыс істейді, конькиді жалға алу құны - сағатына 500 теңге. Мұз айдыны «Қазақстан» және «Барыс» мұз ареналарының жанында ашылды, онда «Барыс» командасының белгілі хоккейшілерінің мұздан жасалған мүсіндері қойылды.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарының арасында байқаулар мен викториналар өткізді, белгілі эстрада әншілері мен би ұжымдары сахнада өнер көрсетті.

Еске салайық, «Жерұйық» және «Арай» парктерінде, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда да мұз айдындары бар. Қыс бойы «Хан Шатыр» СОО жанындағы мұз қалашығы, Есіл жағасындағы сырғанақтар жұмыс істейді. Демалыс күндері шаңғыроллерлік трассада өтетін шаңғы жарысына да қатысуға болады.   

 Астана әкімі калалық қызметтердің жаңа жылдағы жұмыстарының негізгі бағыттарын белгілеп берді

 Елорда әкімдігінің 2016 жылдағы бірінші аппарат отырысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков барлық қалалық қызметтердің жаңа күнтізбелік жылдағы жұмыстарының 

 

негізгі бағыттарын белгілеп берді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.Ең алдымен олар Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын іске асыруға негізделмек.

Қала басшысы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, күшіне енген негізгі заңнамалық өзгерістерге тоқталып өтті. Мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға бағытталған бірінші реформа мемлекеттік қызметті жаңғыртуға негізделеді. Әкімнің атап өтуінше, бір уақытта қабылданған және өзара байланысты мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар, жаңа Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі әр бір әкімдік қызметкерінің күнделікті жұмысында басшылыққа алынуы тиіс.    

1 қаңтардан бастап, жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 1,5 мыңға жуық полиция кірді. Аталған қызметтің бастығы болып, бұған дейін әкімшілік полицияны басқарып келген полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев тағайындалды. Ә. Жақсыбековтың айтуынша, жергілікті полиция қызметі бірінші кезекте қоғамдық тәртіптің жағдайы үшін жауапкершілікті арттырады, сондықтан жұмыстың тиімділігі артуы керек. «Халық жол-патрульдік қызметтің жақсырақ жұмыс істей бастағанын, ал учаскелік инспекторлардың адамдарға жақындай түскенін сезінуі керек», -  деді қала басшысы.

-Құрылыс саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, салынып біткен нысандарды қабылдау бөлігінде. Енді барлық жауапкершілік тікелей тапсырыс берушіге, мердігерге, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау ұйымына жүктеледі. Бірақ түрлі мемлекеттік комиссиялардың қысқартылуы қалада ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде бұзушылықтарды мойындамауға себеп болмауы керек, - деді Ә. Жақсыбеков.

«Жаңа жылда алға жаңа жоспар құрып жатырмыз, бірақ міндеттер бұрынғыдай - қалалық қызметтердің қала тұрғындарының игілігіне тиімді жұмыс істеуі, Астанада тіршілікті қамтамасыз ету және қаланы абаттандыру, сондай-ақ, елорданың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін сақтау», - деді Ә. Жақсыбеков.

 Астанада бағалардың негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қолданылады

 Астанада бағалардың негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қолданылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елорда әкімдігінің аппарат отырысында тауарлардың әлеуметтік-маңызды топтарына баға қалыптастыру жағдайы талқыланды.

«Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, 2015 жылдың соңында Астана қаласы бойынша азық-түлік тауарларына инфляция - 1,3%, азық-түліктік емес тауарларға - 0,4% құрады», делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері қаладағы 24 ірі сауда нысанында тұрақты баға мониторингін жүргізеді.Соңғы бес айда 33 позицияның жетеуі бойынша бағаның айтарлықтай көтерілгені (10% артық) байқалды, соның ішінде қант, өсімдік майы, жұмысртқа, сүт және т.б. қымбаттаған. Аталған өнімдер бойынша шекті мәндердің шамадан тыс арттырылғаны тіркелді.

«Бірақ бағалардың өсуінің объективті себептерінен басқа, азық-түлік тауарларының бағасын келісіп қою және негізсіз көтеру фактілері де анықталады. Осы сияқты жағдайларға жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы және Кәсіпкерлік басқармаларына Статистика департаментімен және монополияға қарсы ведомствомен, сондай-ақ, басқа да мүдделі органдармен іс-әрекеттерді үйлестіру және нарықтағы жағдайға жүйелі мониторинг жүргізу тапсырылды»,-делінген хабарламада.

«Бұл жұмыс практикалық сипатта жүргізілсін, бағаны негізсіз көтерудің әрбір жағдайына жауап беру керек», - деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.

 
«Астана Опера» театрының премьераларына көрермендер шетелден келіп жатыр

 «Астана Опера» театрының премьераларын тамашалау үшін көрермендер шетелден келіп жатыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында театр директоры Төлеубек Әлпиев мәлім етті.

«Астана Опера» театрына Қарағанды, Көкшетау сынды жақын қалалардан ғана келмейді. Арнайы автобустармен кәсіпорындар, көрермендер, тыңдармандар келіп жатады. Бүгінде премьераларымызға Алматыдан, Ресейден келетін көрермендер саны артып отыр. Жақында премьерасы өткен «Баядерка» балетіне АҚШ-тан, Франциядан тыңдармандар келді. Оларға Алтынай Асылмұратованың орындауындағы спектакльді көру қызық болатын, себебі Алтынай кезінде Парижде «Баядерка» балетінде ойнаған», - дейді ол.

Сонымен бірге, оның сөзіне қарағанда, театр «EXPO-2017» көрмесіне арнайы мәдени бағдарламаны дайындап жатыр.

«ЭКСПО 93 күн бойы өтеді. Бізде еңбек демалысы бұл кезде болмайды. Біз қазір өз репертуарларымызды қанықтырып жатырмыз. Көрме кезінде Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсын қоямыз. Ролан Петидің қорымен «Собор Парижской Богоматери» операсын қою жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Сосын қазақтың «Қыз жібек» операсының қойылымы өтеді. Біз оны ең керемет қойылым ретінде көрсете алуымыз шарт. Біз «Абай» операсын қоямыз», - деді Төлеубек Әлпиев.

 Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды

 Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің бұйрығымен жергілікті полиция қызметінің басшысы болып полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев тағайындалды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.  

Аппараттық кеңесте оны ІІД жеке құрамына ведомство басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров таныстырды.

Өткен жылдың желтоқсанында елорданың жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына үміткер ретінде Астана қ. әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаевтың кандидатурасы мәслихаттың қарауына (келісіміне) ұсынылды.  Елордалық мәслихат депутаттары оны бірауыздан қолдады.

Бақытжан Малыбаев 1969 жылы дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы заң институтын тәмамдады. 1990 жылдан Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді.

Көп жылдар басшылық қызметте болып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша құрылымдарды басқарды. 

 
Елорда аудандарының әкімдері 18 қаңтардан бастап халыққа есеп береді

 18 қаңтардан бастап Астана аудандары әкімдері тұрғындарға есеп береді. Аудан әкімдері өткен жылды қорытындылайды, қала аумақтарын одан әрі дамыту туралы айтады, сондай-ақ, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі кезде қала аумағында бірнеше жерге өтініштер қабылдауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды», делінген хабарламада.

«Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың халықпен есеп беру кездесулері 18, 19, 20, 21, 22 қаңтарда өтеді. 18 қаңтарда сағат 15:00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аудан әкімімен Абылай хан, Тәуелсіздік, М. Жұмабаев даңғылдарының, Қажымұқан, Кенесары, Қ. Сәтпаев, Жирентаев, А. Пушкин көшелерінің тұрғындары кездеседі.

19 қаңтарда сағат 15:00-де Железнодорожный тұрғын алабында № 29 орта мектепте Железнодорожный, Промышленный, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарының тұрғындары аудан әкіміне өз сұрақтарын жолдай алады.

20 қаңтарда сағат 15:00 Ш. Иманбаева, 4 мекен жайы бойынша орналасқан №54 мектеп-лицейге Республика даңғылының, А. Бараев, Ж. Тәшенов, Ш.Уәлиханов, Ш. Иманбаева, С. Рахымов, М. Ғабдуллин, А. Иманов, Жәнібек Тархан көшелерінің тұрғындары шақырылады.

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, А. Байтұрсынов, Айнакөл, Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов көшелерінің тұрғындары «Алматы» ауданының әкімімен 21 қаңтарда сағат 15:00-де А. Байтұрсынов көшесіндегі №72 орта мектепте кездеседі.

Ермағанбет Бөлекпаевтың соңғы есеп беру кездесуі  22 қаңтарда сағат 15:00-де Р. Қошқарбаев даңғылы бойында орналасқан №1 қалалық ауруханада №1 қалалық аурухананың және №2 балалар ауруханасының ұжымымен өтеді.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагиннің халықпен есеп беру кездесулері 25, 26, 27, 28 және 29 қаңтарға белгіленген», делінген хабарламада.

Аудан әкімі 25 қаңтарда сағат 11:00 Алмалық көшесінде орналасқан «Наз» мемлекеттік театрында Көктал тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.

26 қаңтарда сағат 11:00 № 49 орта мектепте Өндіріс тұрғын алабының тұрғындары өз сұрақтарын аудан әкіміне жолдай алатын болады.

«Сарыарқа» ауданы әкімінің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі 27 қаңтарда сағат 11:00 Сарыарқа даңғылы, 13 мекен жайы бойынша аудан әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.

28 қаңтарда сағат 11:00 №5 қалалық емханада П.Кулагин №5 қалалық емхананың еңбек ұжымының және аудандық медициналық мекемелердің өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

«Сарыарқа» ауданы әкімінің соңғы халықпен есеп беру кездесуі 29 қаңтарда сағат 11:00 М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Кездесуге Республика, Сарыарқа, Жеңіс даңғылдарының, Абай, С. Сейфуллин, Т. Бигельдинов, 187, 188 көшелердің және Есіл өзенінің бойындағы үйлердің тұрғындары шақырылады.

«Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафина 18, 19, 20, 21 және 22 қаңтарда аудан тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізеді.

18 қаңтарда аудан әкімі «Астана РЭК» АҚ еңбек ұжымымен, ал 20 қаңтарда медицина холдингі мен аудандық медициналық ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездеседі.

19 қаңтарда № 69 мектеп-лицейде С. Мұстафина Үркер тұрғын алабының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің студенттері мен жұмыскерлері 21 қаңтарда сағат 15:00 аудан әкіміне өз сұрақтарын жолдай алады.

«Есіл» ауданы әкімінің соңғы кездесуі 22 қаңтарда сағат 11 «Қазақстан» орталық концерт залында аудан тұрғындарымен өтеді.

Аудандардың әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізу күндері мен уақытын төменде тіркелген файлдардан көруге болады. 

2015 жылы «Астана - жаңа қала» АЭА-да 22,7 млрд. теңгенің алты жоба жүзеге асырылды

 2015 жылы «Астана - жаңа қала» АЭА индустриялық паркі аумағында 22,7 млрд. теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылды.  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Астана - жаңа қала» АЭА басшысы Ілияс Жанғаскин мәлім етті.

«Бүгінде  Сол жағалауда әкімшілік-іскерлік орталықта 344 нысан салынды. Қазіргі кезде 76 нысанның құрылысы жүріп жатыр, оның 59-ы тұрғын үй және жетеуі әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттар. Жалпы 76 жоба сомасы 1,2 трлн. теңгені құрап отыр, оның ішінде 2015 жылы 514 млрд. теңгесі игерілді»,-дедә І. Жанғаскин.

Сонымен қатар нөмір бірінші индустриялық парк аумағында бүгінде 181 млрд. теңге инвестиция сомасындағы 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Оның ішінде 27-сі тапсырылды, 18-інде құрылыс жұмыстары жүруде, ал 12-сі жобалау кезеңінде, сондай-ақ бесеуі бойынша рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу атқарылып жатыр»,-деп нақтылап өтті ол.

І. Жанғаскиннің сөзіне қарағанда, Индустриялық парк аумағы 95 пайызға толтырылды.

«2015 жылы осында 150 млрд. теңгеге жуық инвестиция игерілді. Осы жылдары өнім экспорты 15,5 млрд. теңгені құрады. Жалпы 2735 жұмыс орындары құрылды. 2015 жылы Индустриялық парк аумағында 22,7 млрд. теңгенің алты жоба жүзеге асырылды. Осы 6 жобаның үшеуі жыл соңында Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды»,-деп түйді ол. 

Білім беру саласын жаңалықтар күтіп тұр - Э.Суханбердиева

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 6 қаңтарда «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» Қазақстан халқына арнаған мақаласын жариялады. Мақалада Елбасы өміріміздің барлық салаларын саралап, онда жүзеге асырылатын жаңа бастамалар мен алға қойған мақсаттар жайлы толғады. ҚР Президентінің мақаласына орай ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдірген Астана қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева осылай дейді.

«Мемлекет басшысының айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Осы кезең аясында түрлі сындарлы шаралар жүзеге аспақ. Өз мақаласында Елбасымыз еліміздегі білім мәселесін де назардан тыс қалдырмады. «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары» тақырыпшасында Мемлекет басшысы төмендегідей ой айтты: «Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады». Бұл мәселе Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында да көрініс тапқан еді», - деді ол.

Осы сөзіне дәлел ретінде Э.Суханбердиева 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасының жүзеге асырыла бастайтындығын баса атап өтті.

«Елбасымыз атап өткендей: «оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды». Бұл дегеніміз, бірінші мамандықты игерем деушілерді тегін оқыту. Мемлекет бұл үшін қаржы бөледі. Оның қайтарымы болатыны да сөзсіз. Бұл дегеніміз не? Бұл осыдан бастап, мектеп бітірген және жоғары оқу орындарына түсе алмаған түлектер еліміздегі жұмыссыздар санын арттыра бермей, тегін түрде бір жұмысшы мамандығын алып, өзіне нәпақа тауып, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік хал-ахуалын дамытуға өз үлесін қосады деген сөз»,-  деді басқарма басшысы.

Оның пайымынша, қазіргі таңда әлемде етек жайған қаржы дағдарысының басты қатері - жұмыссыздықтың белең алуы. Осы ретте көз алдымызда жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар студенттердің өндіріс орындарында толыққанды білімін жетілдіріп, тәжірибе-дағды жинақтауын және оқу орнын бітіріп шыққан түлектерді нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Ал бұл орайда алға қойылған мақсаттар ғана жүйелі жетістіктерге жеткізетіндігі анық.

Білім саласындағы тағы бір жаңашылдық - дуальды оқыту жүйесіне атсалысу. Бұл - дайындықтың теориялық бөлігі білім беру ұйымдарының базасында, ал практикалық бөлігі жұмыс орындарында өтетін оқу түрі. Қазіргі кезде 34 кәсіпорын 10 оқу орнында кадрларды даярлауда дуальді оқыту элементтерін қолдануда. Сондай-ақ, биыл оқытудың бұл әдісі 9 колледжде 9 мамандық бойынша енгізілмек. Негізінен, білім беру, медицина, құрылыс және теміржол салаларын қамтиды.

«Бүгінгі таңда Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар даярлау. Осыған орай, Қазақстан Республикасының әлемге танылуына үлес қосатын білімді және жоғары білікті жұмысшыларды тәрбиелеу - әрбір астаналық колледждің алға қойған мақсаты болуы керек», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, дуалды оқыту жүйесінің  негізгі мақсаты  техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге даяр жұмысшы мамандар даярлау екені белгілі. Қазіргі кезде Астананың еңбек нарығында жоғары білікті жұмысшы мамандарының тапшылығы  пайда болды. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі - білім беру процесін ұйымдастыру ісіндегі кемшіліктер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлар мен теориялық білім беру арасындағы алшақтықтың орын алуы. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі өндірісті білікті жұмысшылармен қамтамасыз ету - бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

«Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар даярлау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау  іскерлігі қалыптасады. Бұл - әрине, өтпелі нәтиже. Дегенмен ол Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына, Кәсіпкерлер палатасына, колледждерге және әлеуметтік серіктестер - кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді», - деп түйіндеді сөзін Э.Суханбердиева.  


Хоккей: «Барыс» Тольяттиде «Ладаны» ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өнер көрсететін Астананың «Барысы» Тольятти қаласында жергілікті «Лада» командасымен күш сынасты.

Осыған дейін 48 кездесуден кейін 69 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» жетінші-сегізінші орынды бөлісіп тұрса, 58 ұпаймен он екінші сатыдағы «Лада» плей-офф бәсекелеріне қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы сегіздікке ілігуден үмітін үзе қоймаған еді. Сондықтан бұл матч қос команда үшін аса маңызды болатын.

«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, тартысты бәсекені астаналықтар сәтті бастап, үш ойынға созылған үзілістен кейін айдынға қайта оралған канадалық легионер Найджел Доус 30-ыншы секундта осы маусымдағы 25-інші голын соқты. Бірінші кезеңнің екінші бөлігінде «Барыстың» шабуылшысы Илья Соларевтің төрешілер шешімімен бақандай бес минутқа  айдыннан қуылғанын пайдаланған «Ладаның» капитаны Дмитрий Воробьев 14-минутта есепті теңестірді. Дегенмен екінші кезеңді бір ойыншының артықтығымен бастаған астаналықтар мұны құр жібермей, тағы да Найджел Доус 21-минутта мергендік танытып, командасын алға шығарды. Бұдан кейін де «Барыс» гол соғатын бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды.

Үшінші, шешуші кезеңді «Барыс» тағы да аса сәтті бастап, бұл жолы команда капитаны, американдық Брэндон Боченски 40 минут 43-секундта тура тоғыздықты дәл көздеді (бұл - оның осы маусымдағы 16-ыншы голы еді). Арада үш минуттай уақыт өтпей жатып, әдемі комбинациядан кейін Найджел Доус осы ойындағы үшінші, чемпионаттағы 27-інші шайбасын қарсыластар қақпасына кіргізді. Бұдан соң айдын иелері қақпашысын ауыстыруға мәжбүр болып, Эдгарс Масальскистің орнына Алексей Семенов шықты. Көп ұзамай «Ладаның» шабуылшысы Виктор Комаров бес минутқа айдыннан шеттетілгенімен, мұны «Барыс» пайдалана алмады.  Дегенмен осыдан кейін есеп өзгерген жоқ. Айта кетейік, «Барыстың» қақпашысы Павел Полуэктов та ұрымтал тұстарда сәтті ойнай білді.

Сөйтіп, «Ладаны» 4:1 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан бесінші рет жеңіске жетіп, жағдайын біршама жақсартқан астаналықтар 49 ойыннан кейін 72 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бұрынғыша жетінші орында келеді. «Барыспен» құйрық тістесіп келе жатқан «Нефтехимиктің» қоржынында 48 кездесуден кейін 69 ұпайы бар. Ал тоғызыншы сатыдағы «Автомобилист» (Екатеринбург)  өз айдынында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, негізгі уақыт та, овертайм да 1:1 есебімен тең аяқталып, мәселе буллит сериясында шешілді. Мұнда ЦСКА командасы жеңіске жетіп, «Автомобилист» бір ғана ұпайға ие болды. Енді оның 48 ойыннан кейін 65 ұпайы бар. Демек, бұл - Шығыс конференциясында алғашқы сегіздікке ілігу үшін бәсеке толастамайды деген сөз.  

«Барыс» келесі кездесуін 13 қаңтар күні Ярославль қаласында ҚХЛ-дың аса мықты командаларының бірі, Батыс конференциясында үшінші орында келе жатқан атақты «Локомотив» командасымен өткізеді. 

 
Қазақстанда ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізетін оннан астам консорциумдар құрылады - БҒМ

 Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындары базасында ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізетін оннан астам консорциумдар құрылады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті. Еске салайық, комитетте «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Вице-министрдің айтуынша, Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы алдағы бес жылдық кезеңді қамтиды. «Жобаның бірінші бағытында инновациялар үшін ғылым базасын дамыту қарастырылады. Бұл бағыттың өзі екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі - ғылыми топтарға арналған грант бағдарламасын қамтиды. Онда қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу мен коммерцияландыру үшін жоғары сапалы жұмыстарды ынталандыру көзделеді. Яғни, осыларға арнайы гранттар бөлінеді. Екіншіден, PhD студенттеріне қолдау көрсетіледі. Бұның негізгі мақсаты шетелде жұмыс істейтін немесе оқып жүрген ғалымдар өзіміздің Қазақстандағы ғалымдармен бірігіп, ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында  PhD гранттары бөлінеді», - деді Т. Балықбаев.

Оның айтуынша, жоба аясындағы тағы бір бөлім инновациялық консорциумдар құруға қатысты.  Бұған орай, ғылым, өндіріс және мемлекет мүмкіндіктерін біріктіріп арнайы консорциумдар қалыптастыру көзделеді. «Консорциумдардың негізгі мақсаты - ғылымның нәтижесін өндіріске енгізу. Біз бұл ретте инновациялық-индустриялық даму бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындары мен Назарбаев Университетінің базасында нарық пен өндірістің нақты сұранысына байланысты 10-15 шақты консорциумдар құрылады. Олар өндірістік, әлеуметтік, білім беру және денсаулық сақтау салаларын қамтиды», - деді Т. Балықбаев.    

 
Ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізуге қатысты Астана және Алматы қалаларында брокерлік кеңселер құрылмақ

 Ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізуге қатысты Астана және Алматы қалаларында брокерлік кеңселер құрылмақ.  Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті. Еске салайық, комитетте «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Халықаралық банк қолдау білдіріп отырған Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы аясында технологиялық коммерцияландырудың ықпалын біріктіру шаралары қамтылады. Оның өзі төрт бағыттан тұрады. Атап айтқанда, бірінші бағытта - арнайы венчурлық қор құру қарастырылады. Нақтылап айтқанда, арнайы қор құрылмайды, дегенмен, бүгінгі таңда қызмет етіп жатқан жекеменшік қорды конкурс бойынша таңдап аламыз. Ол қор 10 млн долларымен жобаға енетін болады және халықаралық қаражаттан тура сондай сома қосылып, екі жақтан стартап компанияларды қолдайтын болады», - деді Т. Балықбаев.

Оның айтуынша, жоба аясында технологиялық келісімшарттарды жолға қою үшін брокерлік кеңселер құрылады. Ондағы басты идея - брокерлер арқылы ғылыми зерттеулер нәтижесін өндіріске енгізу болып табылады. «Осыған орай, Алматы және Астана қалаларында брокерлік кеңселер ашылады. Айта кетерлігі, былтырғы жылы қолға алынған бастапқы жоба бойынша брокерлік кеңселерде жұмыс істейтін мамандар даярланды», - деді Т. Балықбаев. 

 Астаналықтардың адалдығы сыналды

 «NewTimes.kz» сайтының редакциясы қаржы дағдарысы кезіндегі елорда тұрғындарының адамгершілігін сынап көрді.

Астананың адам көп жүретін көшелерінің бірінде ер адам мас адамның кейпін танытып, абайсызда әмианын түсіріп алады. Жасырын камера жүргіншілердің бұған қалай әрекет ететінін түсіріп алды. Әмиәнді «иесіне»


Елорда мектептерінде техникалық мамандықтарға оқыту жобасы іске қосылды

 Елордада қаңтар айынан бастап, 24 мектепте техникалық мамандықтарға оқыту басталды. Пилоттық жоба аясында 10-11 сынып оқушыларын екі жылдық кәсіптік даярлау жүзеге асырылатын болады.

Жобаның мақсаты - оқушыларды кәсіптік бағдарлауды жүзеге асыру. Мектеп түлектері аттестат алған кезде жаңа бағдарлама есебінен белгілі бір мамандық бойынша базалық білім алып шығады. 

-Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен және Білім басқармасының ұйымдастыруымен қазір қаланың 24 мектебінде бейіндік оқыту бойынша оқушылар арасында сыныптар ашылып жатыр. Қараша-желтоқсан айларында әрбір мектепте оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Жұмыс істегісі келетін 10-11 сыныптарда жұмыс мамандықтары бойынша оқығысы келетін оқушылардың көпшілігі осы мектептерден анықталды. Сондықтан осы 24 мектепте кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтар басталды, - деді Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы Бақтығараева Салтанат. 

Оқушыларға шаштараз шебері, электронды есептегіш машиналар операторы, референт-хатшы, бармен және даяшы мамандықтары бойынша курстарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Олар мектепте теориялық, ал колледжде практикалық білім алады.    


Астана әуежайы кіреберістегі тексеруді уақытша тоқтатты

 Астананың халықаралық әуежайы кіреберістегі тексеруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне әуежайдың маркетинг бөлімінің жетекшісі Людмила Копейчук хабарлады.

«Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шешімімен әуежайдың кіреберісіндегі тексеру уақытша тоқтатылды. Сканер-құрылғылар жойылды», - деп хабарлады Л.Копейчук.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қарашасында Парижде болған терактілерден кейін елорданың әуежайы қауіпсіздік жүйесін күшейткен болатын. Сондықтан, жолаушылар да, қарсы алушылар да, яғни, әуежайға кіріп-шыққан кез келген адам ұзын кезек күтіп, тексеруден өтетін.

 

 


Астанада бағалардың негізсіз өсуіне жол берілмейді

 Бүгін елорда әкімдігінің аппарат отырысында тауарлардың әлеуметтік-маңызды топтарына баға қалыптастыру жағдайы талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, 2015 жылдың соңында Астана қаласы бойынша азық-түлік тауарларына инфляция - 1,3%, азық-түліктік емес тауарларға - 0,4% құрады.Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері елордалық 24 ірі сауда нысанында тұрақты баға мониторингін жүргізеді. Соңғы бес айда 33 позицияның жетеуі бойынша бағаның айтарлықтай көтерілгені (10% артық) байқалды, соның ішінде қант, өсімдік майы, жұмысртқа, сүт және т.б. қымбаттаған. Аталған өнімдер бойынша шекті мәндердің шамадан тыс арттырылғаны тіркелді.Бірақ бағалардың өсуінің объективті себептерінен басқа, азық-түлік тауарларының бағасын келісіп қою және негізсіз көтеру фактілері де анықталады. Осы сияқты жағдайларға жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы және Кәсіпкерлік басқармаларына Статистика департаментімен және монополияға қарсы ведомствомен, сондай-ақ, басқа да мүдделі органдармен іс-әрекеттерді үйлестіру және нарықтағы жағдайға жүйелі мониторинг жүргізу тапсырылды.«Бұл жұмыс практикалық сипатта жүргізілсін, бағаны негізсіз көтерудің әрбір жағдайына жауап беру керек», - деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.


Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50-ден астам өтінім берілді

 Бүгінгі таңда Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті, 15 қатысушы бағалаудан өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерінен басқа, сұлулық салондары, SPA-орталықтар, химиялық тазарту, кір жуу секілді қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар да бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. «Әріптес» статусын беру үшін арнайы бағалау комиссиясы жұмыс істейді.Еске салайық, өткен жылы күзде Астанада Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның мақсаты ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде қонақтарды қарсы алу үшін көрсетілетін туристік қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ, елорданы тартымды туристік орталық ретінде одан әрі дамыту үшін осы саладағы жағдайды жақсарту болып табылады. Бағдарламаның ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ.Аталған жоба аясында объекті ұсынатын қызметтердің деңгейі мен сапасы бойынша қатысушылар біліктілігі жүйесі әзірленді. Қатысушы әріптестіктің төрт категориясына үміттене алады: «Қала әріптесі», «Қола әріптес», «Күміс әріптес» және «Алтын әріптес». Егер қазіргі кезеңде белгілі бір объекті «қола әріптес» біліктілігіне сай болса, ол өз бизнесін жақсартып, жетілдіріп, одан жоғары статусқа үміттене алады.Бағдарлама талаптары түзетуге көп қаржы жұмсалмайтын туристерге ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты.

«Атамекен» ҰКП: Азаматтық авиация комитеті мен Bek Air арасындағы талас шешімін тапты

  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша заңнамаға IOSA аудиты туралы  талаптар енгізілетін болады. 

Авиакомпанияларға  IOSA аудитын міндетті түрде енгізуге қатысты мәселе талқыланғаннан соң тараптар осындай  уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы «Атамекен» палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесуге мемлекеттік орган өкілдері, ішкі авиатасымал нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) өкілдері қатысты.

«Біз ұлттық заңнамаға IOSA талаптарын енгізетін боламыз. «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» заңда ұшу қауіпсіздігіне қатысты талаптар күшейтіледі. Осыған байланысты заңға тәуелді актілерге де өзгерістер енетін болады», - дейді Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы  Бекен Сейдахметов. Оның сөзіне қарағанда, сертификаттау бойынша стандарттарды қайта сәйкестендіріп енгізуді жүзеге асыру үшін авиакомпанияларға өтпелі кезең белгіленбек. Бұл заңға өзгерістер енгізілгеннен кейінгі 1 жылды қамтуы мүмкін. 

Бұдан бөлек, Комитет төрағасы Бекен Сейдахметовтің айтуынша, әлемдегі 404 авиакомпания IOSA аудитынан өткен, бұл бүкіл әлем бойынша әуе тасымалдарын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың 95 пайызы. «Әлемде орын алатын авиациялық төтенше оқиғалардың 40 пайызы осы аудиттан өткен 95 пайыз компания үлесінде.  Ал аудиттан өтпеген қалған  5 пайызында оқиғалардың орын алу деңгейі 60 пайызға жуықтайды. Яғни,  IOSA талаптарынан өткен әуе тасымалдаушыларында болатын апат деңгейі 2013 жылдан бері 2,5 есе төмен болған», - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, әлемнің 14 елінде IOSA талаптарын енгізу міндеттелген. Сондай-ақ, Комитет төрағасы тек ішкі авиатасымалын жүзеге асыратын компаниялар үшін IOSA талаптарын ұсынымдық сипатта белгілеу көңілге қонымды болатынын алға тартады. 

 
Елордада аулалар абаттандырылады

  Елордада жыл сайын аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, соның ішінде орамішілік ауалалар мен жолдарды жөнделіп, балалар алаңдары ауыстырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми порталы.

Биыл «Алматы» ауданында жалпы ауданы 13 707 шаршы метр жерге асфальтбетон жабыны төселіп, 18 үйді қамтитын 10 ауланы кешенді абаттандыру көзделген. Бұдан басқа, 13 балалар ойын алаңы мен 4 спорт алаңы, 10 күрке мен 10 кір жаятын алаң жасалады. Ағымдық күтіп-ұстау аясында 37 мың шаршы метр асфальтобетон жабыны, 70 спорт алаңы, даладағы 10 тренажер жөнделеді, 36 жаңа балалар ойын кешені мен 20 шағын архитектуралық пішін орнатылады.

«Сарыарқа» ауданында 19 орамішілік аула аумағын кешенді абаттандыру жоспарланған: Желтоқсан к-сі, 28, Ирченко к-сі, 31, Жеңісдаңғылы, 3, Жеңіс даңғылы, 5, Жеңіс даңғылы, 5/1, Сарыарқа даңғылы, 31/2 , Желтоқсан к-сі, 1, Күмісбеков к-сі, 8, Сейфуллин к-сі, 4/1, Аспара к-сі, 2б, Затаевич к-сі, 11, Дүкенұлы к-сі, 37/1, Павлов к-сі, 29, Дүкенұлы к-сі, 37/2, Дүкенұлы к-сі, 37/3, Тілендиев даңғылы, 15, Тілендиев даңғылы, 15/1, Тілендиев даңғылы, 15/2, Жангельдин к-сі, 7.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері шағын сәулеттік пішіндерді ағымдық күтіп ұстау мақсатында тексеру жүргізіп, оларды тұрғын үйлердің ПИК, ТК, ЖШС қызмет көрсету ұйымдарына берді. 2015 жылы 128 аулада шағын cәулеттік пішін жөнделіп, боялды.

«Орамішілік аулалар мен жолдарды ағымдық жөндеу және күтіп-ұстау, балалар алаңдарын ауыстыру» жөніндегі бағдарлама бойынша үш гүлбақта және Есіл өзенінің жағасында шағын сәулеттік пішіндер, далалық тренажерлар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, кеспе тастар мен асфальтбетон жабыны жөнделді.

«Сарыарқа» ауданында аулаларды абаттандырумен қатар қасбетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл 55 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді, былтыр 47 тұрғын үйдің қасбеті әрленді.

 

ЖХЛ матчында «Снежные барсы» «Автоны» жеңді

 ЖХЛ чемпионатының матчы ауқымында Астанада «Снежные барсы»  овертаймда екатеринбургтік «Автоны» 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Sports.kz.

Алғашқы кезеңде «Автодан» Андрей Обидин мен Александр Алентьев қожайындар қақпасына бір-бір шайбадан салды. Екінші жиырмаминуттікте «Автодан» Роман Опалевтің шайбасына «Снежные барсы» командасынан Иван Кинстлер мен Әлихан Әсетов жауап қайтарды. Ойынның үшінші бөлігінде Әлихан Әсетов дубль жасап, ойынды овертаймға тіреді, онда Евгений Королинский Астанаға жеңіс әперді.

13 қаңтарда Астанада «Снежные барсы» екатеринбургтік «Автомен» қайта ойнайды.         


Астанада қарды дұрыс тазаламаған компаниялар мен сауда желілеріне айыппұл салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Күн сайын Астана жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы санитарлық тазалау бойынша рейд өткізуде, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінен.

Бұзушылардың арасында - бекітілген учаскелерді жинауды уақтылы қолға алмаған мердігерлік компаниялар, дүкендер, дәмханалар, сауда нүктелері, басқарушы компаниялар бар.

Жыл басынан бастап ауласын уақтылы тазаламаған ұйымдарға полицейлер сомасы 1,5 млн теңгеден астам көлемде 40-тан астам әкімшілік өндіріс қозғады.

Жеке тұлғаларға қатысты да осындай жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бастап абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін жеке сектордан 42 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, абаттандыру саласындағы нормалар мен қағидаларды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабы бойынша ескерту немесе айыппұл  (жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 30-дан 100 АЕК) түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделді.

 

 


Елордада биыл 30 үй жаңғыртылады

 Астанада жыл сайын қала аудандарында ТКШ жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қолға алынғалы Алматы ауданында оны іске асыру шарттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіледі.

Үстіміздегі жылы «Алматы» ауданында бағдарлама аясында 16 үйді жөндеу жоспарланған. 2015 жылы 11-і жөнделді, жалпы, 2011 жылдан бері Алматы ауданында 42 үй жөнделіп, 21 лифт ауыстырылды.

2016 жылы «Сарыарқа» ауданында аталған бағдарлама аясында 11 үйді жөндеу көзделген, соның ішінде 5 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 4 үйді жөндеу аяқталады, сондай-ақ, екі үйде лифттер ауыстырылады.

2011-2015 жылдары ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында ауданда 34 үй мен 15 лифт, ал 2015 жылы 7 үй жөнделді.

 
Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

 Әйгілі итальяндық режиссер Лоренцо Амато опера классикасының ең танымал туындыларының бірі - Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» спектаклін қоюға бел буды. Тұсаукесер «Астана Опера» театрының Үлкен залында 15, 16 және 17 сәуірде өтеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Қойылымның музыкалық жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы суретші - заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерио (Италия), костюм суретшісі - «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино (Италия), жарық суретшісі - Винченцо Рапони (Италия), бас хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Аталған операның «Ла Скала» сахнасында өткен әлемдік тұсаукесеріне 112 жыл болды. Мадам Баттерфляй деп аталып кеткен Чио-Чио-санның тарихын біз жақсы білеміз: американдық лейтенантқа ғашық болған және оған көптен күткен ұл сыйлаған он бес жасар жапондық гейша, сүйіктісінің жасаған опасыздығын білгеннен кейін өзіне-өзі қол жұмсайды. Сыншылар өз дәстүрінен бас тартқан және соңында отбасы мен халқы өмірден бас тартқан қызды бүлікші деп атады.

Режиссер Лоренцо Амато «Мадам Баттерфляй» қойылымында нақты дәуір: XX ғасырдың 40-шы жылдарындағы американдық және жапондық мәдениет арасындағы қайшылықтың тым шиеленіскен кезін сипаттап шығаруға ұйғарды.

 «Көрерменнің операдағы салт-дәстүрге қатысты жағын көре білгені маңызды. Мен үшін «Мадам Баттерфляй» ұзақ рәсімді қамтиды: неке қию рәсімінен басталып, күту рәсімімен жалғасып, өлім рәсімімен аяқталады, - деп түсіндірді Лоренцо Амато.

Спектакль психологиялық мизансценалар мен әртістердің еліктіріп әкететін драмалық ойындарына қанық. Безендіру жұмысымен жұлдызды құрам айналысатындықтан, өте тамаша қойылым болатыны сөзсіз. Суретші Эцио Фриджерио сценографияны таза жапон нақышында әзірледі. Дәстүрлі үйлер - ағаштан, бамбуктан жасалған минкалар, ал үй іші сакура бұтақтарымен және суреттермен безендірілген. Франка Скуарчапино қойылымның костюмдерін: ашық түсті кимоно, оби (белдіктер), гэта (орындыққа ұқсаған, екі аяққа бірдей келе беретін жапон ағаш аяқ киімі) дайындады. Жақын күндері бұл киімдерді қазақстандық опера әншілері киіп көреді.

16-17 қаңтарда «Астана Опера» театрында «Баядерка» балеті көпшілік назарына ұсынылады. Аталған туындының премьерасы өткен жылы 25 желтоқсанда өткен болатын. Танымал итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсы 21 қаңтарда көрерменге жол тартады.

Бұдан басқа, 27 қаңтарда «Астана Опера» театрында «Абай» операсының қойылымы, ал келесі күні камералық залда «Симфоника» циклінен В.А. Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт көрсетіледі. Қаңтар айының соңында, 30 және 31 қаңтар күндері Үлкен залда Б. Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағы» балеті қойылады.

 
Әсет Исекешев Астанадағы Инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысымен танысты

 Енді ХҚКО жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету бөлімдерінде инвестициялық жобаны жүзеге асыруға барлық қажетті мемлекеттік қызметті «бір терезе» қағидаты арқылы алуға болады. Бүгін Астанадағы осындай қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев танысты.

ҚР ИДМ мәліметіне қарағанда, Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететін 19 бөлім жұмыс істейді, яғни Астанада - 2, Алматыда - 3, ал әр облыс орталығында бір қызмет көрсету секторы болады. Бұл бөлімшелер инвесторларға бюрократиялық және әкімшілік салмақты айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.

«Тез өзгеріске ұшырап отырған сыртқы жағдайларда инвесторлар мен шағын бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді жоюға қатысты реформаларды жылдам жасау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы министрлікте басымдықты жобалар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызметті жүзеге асырдық. Біз барлық меморгандармен нормативтік-заңнамалық базаны қарастырдық. Енді биылдан бастап кез келген инвесторлар үшін кеңес беру мен барлық рұқсатнамалық құжаттарды ұсыну қамтылып отыр. Яғни, әрбір инвестор меморгандарға жүгінбестен, ХҚКО-ға келіп, бір жерден 350 мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік жасалып отыр», - деді Ә. Исекешев.

Бұл тұрғыда жерді пайдалану, құрылыс жұмыстарына қажетті құжаттар, сәулеттік-жобалау ғимараттары, инвестициялық шартты бекіту және басқа да қызметтер қамтылып отыр.

Атап айтқанда, осы Инвесторларға қызмет көрсету секторларында тиісті құжаттарды беру барынша қысқа мерзімде атқарылмақ.

 
2015 жылы елордада 18 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

 Өткен жылы елордада 4 мектеп, 9 балабақша және 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Бұл туралы Астана қаласының құрылыс басқармасынан хабарлады.

Сонымен, ведомство ақпаратына сәйкес, 2015 жылы жалпы білім беретін 4 мектептің (4 700 орынға арналған) құрылысы аяқталды. Оның ішінде «Батығай» ТК ауданындағы 1200 орындық мектеп, №26, №37, №38 және Хусейн бен Талал көшелерінің орамындағы 1200 орындық мектеп, Байтұрсынов көшесі бойындағы 1200 орындық мектеп және Сейфуллин көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан 1100 орындық мектеп бар. 

Құрылысы толық аяқталған 9 балабақша мыналар: Айнакөл және Мирзоян көшелерінің қиылысы ауданындағы 240 орындық балабақша, Түркістан-Орынбор-№25 және №26 көшелерінің қиылысы ауданындағы 200 орындық балабақша, Сауран және №24 көшелерінің қиылысы ауданындағы 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орындық №1 балабақша, №23 көшесі ауданындағы (Орынбор және №36 көшелерінің аралығында) 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орындық №2 балабақша, Қыз-Жібек және Баян-сұлу көшелерінің қиылысындағы Комсомольский тұрғын алабындағы 280 орындық балабақша, Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша, Қыз-Жібек көшесі мен Ұлпан тұйық көшесінің қиылысындағы Комсомольский тұрғын алабындағы 280 орындық балабақша.Денсаулық сақтау нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2015 жылы 5 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Сол жағалаудағы амбулаторлық-емханалық кешен (ауысымына 350 келушіге арналған ересектер емханасы, ауысымына 150 келушіге арналған балалар емханасы бар), Ильинка тұрғын алабындағы 150 келушілге арналған АМСК орталығы, Қолданыстағы онкодиспансеріне арналған желілік үдеткіш қондырғысының қосымша құрылысы, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшесі бойындағы 250 төсекті қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Ауысымына 150 келушіге арналған емханасы бар 250 төсекті медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы пайдалануға берілді.«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекетттік мекемесі коммуналдық меншік нысандарының құрылысын жобалау және салу бойынша тапсырыс берушінің міндетін атқарады. дамытудың 10 бюджеттік бағдарламасының және 3 ағымдағы бағдарламаның әкімшісі болып табылады, инвестициялық жобаларды жүзе асырады.

 
Астанада 2015 жылғы тұрғын үй құрылысының қорытындысы жария етілді

 Елордада 2015 жылғы тұрғын үй құрылысының қорытындысы жария етілді

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан бері басқарма 3 629 пәтерге арналған жалпы ауданы 190,9 мың шаршы метрді құрайтын 14 тұрғын үй кешенін пайдалануға берді», - деп хабарлады Астана қалалық құрылыс басқармасынан.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бағдарлама аясында 2015 жылы 1 335 пәтерге арналған жалпы ауданы 71,37 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Оның ішінде жалпы ауданы 7,9 мың шаршы метрді құрайтын 170 пәтерлік Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағын 10,8 мың шаршы метрді құрайтын 242 пәтерлік  Сауран және №24 көшелерінің қиылысы ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы ауданы 11,75 мың шаршы метрді құрайтын 179 пәтерлік №23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелерінің қиылысы ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағын 12,59 шаршы метрді құрайтын 314 пәтерлік Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағы 28,38 мың шаршы метрді құрайтын 430 пәтерлік Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені бар.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ауданы 386,9 мың шаршы метр құрайтын 7 812 пәтерге арналған тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Соның ішінде 2015 жылы мемлекетттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында мына нысандардың құрылыс аяқталды:  «Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай, М.Жұмабаев даңғылынан шығысқа қарай тұрғын үй кешендерінің құрылысы (№1 лот, №6, 7, 9, 10, 11 ноқаттар)» 1056 пәтерге арналған, жалпы ауданы 68,6 мың шаршы метр, «Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай, М.Жұмабаев даңғылынан шығысқа қаарай тұрғын үй кешендерінің құрылысы (№1 лот, №1, 8 ноқаттар)» 474 пәтерге арналған, жалпы ауданы 29,7 мың шаршы метр.


19 қаңтарда Астанада православ христиандарының мерекесі өтеді

 Астанада барлық шіркеулерде «Крещение Господне» мерекелік ғибадат ету рәсімі өтеді, Есіл өзенінің жағасына дейін салтанатты шеру (Крестный ход) ұйымдастырылады. Мерекелік шара 19 қаңтарда сағат 11:00 Константино-Еленинск соборынан басталады және өзен жағасында аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

«Крещение Господне - Православиелік шіркеудің басты мерекелерінің бірі. 18-19 қаңтарда Успен кафедралдық соборда (Күйші Дина к-сі, 27), Константино-Еленинск соборында (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) дәстүрлі құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді», делінген хабарламада.

Шаралар 18 қаңтарда мереке қарсаңында сағат 8-де басталып, сағат 17.00 жалғасады. 19 қаңтарда ғибадат ету рәсімі барлық шіркеулерде таңғы сағат 8.00 басталады.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағалауында Кенесары хан ескерткішінің жанында және Самал шағын ауданына қарсы шомылуға арналған орындар дайындалады. Осыған байланысты құтқарушылар шынығу тәжірибесі жоқ балаларға, адамдарға, денсаулығы нашар жасы үлкен кісілерге, сондай-ақ мас адамдарға суға түсуге болмайтынын ескертеді.



Астанадағы океанариумға улы балықтар әкелінді

 Астанадағы океанариумға жаңа балық түрлері әкелінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада он үш жылдан бері мұхиттан 3 мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз бірегей Мұхит аралы (океанариум) жұмыс істеп келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жыл бойы су асты әлемімен және ерекше теңіз балықтарымен таныса алады», делінген хабарламада.

Көрермендер Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азиядан, жылы тропикалық өзендерден және ашық теңіздер мен мұхиттардан әкелінген теңіз бен тұщы суда тіршілік ететін 2 мыңнан астам балықты тамашалай алады.

Жақында Мұхит аралына жаңа балықтар әкелінді. Қанатты-зебра - ұзындығы 30 см жыртқыш балық, ол өз ұзындығының үштен екісіне жетеқабыл балықты жеп қояды. Арқа және кеуде жүзбеқанаттарындағы ұзын ленталарда өткір улы инелер болады.

Мұхит аралында әлемдегі ең улы балық - бородавчатка немесе тас балық тіршілік етеді, оның ұзындығы 35-50 см. Пиранья тұқымдастарынан шыққан балықтар да адамдардың қызығушылығын тудырады. Қоңыр паку Оңтүстік Америкадағы хакациндердің ең ірі өкілі болып табылады және ұзындығы 1,08 м, салмағы 40 кг жетеді. Тағы бір жыртқыш балық - пиранья наттерердің төменгі жақтары мен тістері оған қорегін кесектеп жеуге мүмкіндік береді.

Мұхит аралының басты мекендеушілері - акулалар. Ақ теңбіл мысық акула Үнді және Тынық мұхиттарында 18 м дейінгі тереңдікте мекендейді. Олар түнде шығады, қорек іздейді, ал күндіз су асты үңгірлерінде және жарықтарда жасырынады. Атлант мұхитында және Тынық мұхитының шығыс бөлігінде 130 м дейінгі тереңдікте тіршілік ететін мұртты күтуші акула да бар. Оның 4,30 м ұзындары да кездеседі. Күтуші акулалар түнде шығады. Күндіз 40 шақты акула топтасып су түбіндегі құмда, үңгірлерде немесе таяз сулардағы жартастар мен маржан рифтердегі жарықтарда демалады.

«Думанда» ақ жүзбеқанатты рифтік акула да бар. Бұл кархарин тәріздес тұқымдастарынан шыққан жалғыз рифтік акула түрі. Олардың ерекшелігі - жүзбеқанаттарының басы ақ болады. Үнді және Тынық мұхиттарында 1-330 м дейінгі тереңдікте мекендейді.

Мұхит аралына келушілер акула, теңіз тасбақалары және т.б. теңіз балықтарын тамашалай алады. Тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен көлемі 3 млн литрлік теңіз суына түсуге де болады. Бұдан басқа, «Думанда» тұщы немесе теңіз суынан жеке аквариум жасап алуға мүмкіншілік бар. 


Халықаралық олимпиадада екі команда Астананың намысын қорғайды

  Алматыда О. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың базасында математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы XI халықаралық олимпиада өтіп жатыр.

Олимпиадада жеті адамнан тұратын екі команда Астананың намысын қорғауда, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты. Командаға елордалық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің және дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің оқушылары кірді. Олимпиада ережесіне сәйкес әр командада екі адам математикалық тапсырмаларды және үш адам физика мен информатика саласындағы тапсырмаларды шешеді.

Олимпиадаға әлемнің 15 мемлекетінен 60 жуық команда (400 жуық қатысушы) жиналды. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия. Халықаралық қазылар алқасының құрамына 9 елдің ғалымдары енді: Қазақстан, Ресей, Болгария, Әзербайжан, Армения, Грузия, Беларусь, Украина және Өзбекстан. Қазылар алқасының төрағасы - әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр.

Айта кетейік, өткен жылы елордалық оқушылар екі күміс және екі қола медальға қол жеткізді.

Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада - таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің үздік командаларының рейтингін және жеке рейтинг шығарылатын жыл сайын бір мектептің базасында өткізілетін бірегей олимпиада. Жеңімпаз команда Гран-при иеленеді, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталады. 

Астанада коммуналдық тұрғын үй қорынан 277 пәтер берілді

 Астанада Тұрғын үй комиссиясының шешімімен 227 пәтер үлестірілді, соның ішінде 200 бір бөлмелі, 1 екі бөлмелі және 26 үш бөлмелі пәтер, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Елорда әкімдігі тұрғын үйге мұқтаждылар ретінде есепке алынған азаматтарды кезек бойынша бірнеше санатқа бөлді: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; халықтың әлеуметтік осал топтары; мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты болып танылған азаматтар.Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспананың ауданы пайдалы ауданды жан басына есептегенде кем дегенде 15 шаршы м. болады және 18 шаршы м. аспайды. Сонымен қатар, тұрғын үй беру кезінде жынысы әр түрлі тұлғаларды (ерлі-зайыптылардан басқа) бір бөлмеге орналастыруға жол берілмейді. Сондықтан әрбір жеке отбасыға жеке пәтер типі таңдалады. Тиісті пәтер типі болмаған жағдайда, тұрғын үй коммуналдық қорында пәтерлер типі бар кезек бойынша тұрған келесі азаматтар қаралады.Айта кетейік, кезегі жақындап қалған отбасының құрамы бойынша екі және үш бөлмелі пәтер алуға үміткерлер қалалық коммуналдық қорда аталған пәтерлердің болуына қарай баспанамен қамтамасыз етілетін болады.


Астанада 800 жуық бейнебақылау камерасы орнатылды

 Астанада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды, олардың көмегімен елордалық полицейлер қылмыстардың жасалуына жедел әрекет ету шараларын қолданады, деп жазады astana.gov.kz.

2015 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 210-нан астам қылмыс ашылып, 42,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық, 17 мыңнан астам ЖҚҚ бұзу жағдайы анықталды.Қазіргі уақытта елордада Жедел басқару орталығына қосылған 790 астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, бейнебақылаумен 395 қиылыс, 63 тұрғын орамы және 126 алаң, гүлбақтар мен саябақтар қамтылған.


Астаналықтарға жаңа Еңбек кодексінің нормалары түсіндірілуде

Бүгін Жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі мен «Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін әкімдік, Кәсіподақтар орталығы және Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы ашық есік күнін өткізіп жатыр. Шара Жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылуда. Өйткені, адамдар бұл жерден жұмысқа орналасуға жіберіледі. Біздің білуімізше, Астанада мыңға жуық бос орын бар», деді қалалық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев.

Жұмыспен қамту орталығына көші-қон, кәсіптік оқыту және қайта даярлау бойынша сұрақтарын қою үшін келгендер аз емес. Ашық есік күні сағат 17.00 дейін өтеді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы белгілеп берген бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді.

  
«Астана» велокомандасы «Даун Андер турына» дайын

 16 қаңтарда «Даун Андер туры»-2016 18-ші австралиялық жарыс басталады. Ол дәстүр бойынша Аделаидте  Виктория алаңында командаларды таныстырудан басталып, 24 қаңтарда осы жерде аяқталады.

Бұл жаңа маусымдағы World Tour жоғары дәрежесіндегі алғашқы жарыс.

«Астана» құрамы төмендегідей болады: Луис Леон Санчес, Ларс Боом, Дмитрий Груздев, Лоуренс де Врезе, Арман Қамышев, Давид Малакарне және Льюве Вестра.

Қазақстандық команданы 2015 жылғы Еуропа ойындарының чемпионы испаниялық  Луис Леон Санчес басқарады. Ол 2005 жылы бұл жарыста жалпы есепте жеңіске жеткен болатын.

 
Елордада қарттарға арналған шағын орталық ашылды

 Бүгін «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде «Есіл» ауданы әкімі аппараты мен ПИК қауымдастығының қолдауымен ауданда қарт адамдарға арналған алғашқы шағын орталық ашылды.

Астана әкімдігінің сайтының хабарлауынша, жыл сайын қалада қарт адамдарға арналған шағын орталықтар ашылады. Мұнда қарттардың бір бірімен кездесуіне, шахмат, дойбы ойнауына, кітап оқып, бірге шай ішуіне болады. Орталық сыйымдылығы - 30 адам.

Сонымен қатар, Есіл ауданының Ардагерлер кеңесі өз жұмысын жоспарлау және талқылау үшін семинарлар мен кездесулер өткізе алады. Сондай-ақ, орталықта аптасына бір рет ардагерлердің өтінішін қабылдау жүргізіледі.

Жалпы, елордада қарт адамдарға арналған 15 шағын орталық жұмыс істейді. Онда қарияларға арналған демалыс клубтарында түрлі үйірмелер жұмыс істейді, шахмат жарыстары, поэзия күндері, мерейтой иелерін құттықтау, семинарлар мен т.б. шаралар өткізіледі.

 Елордада Жаңа кәсіби стандарт талқыланды

 Бүгін елорда әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі астаналық департаментінің, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, аудан әкімдері, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтында.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар түсіндірілді, сонымен қатар жаңа мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша бірінші институционалдық реформаны іске асыру мәселелері талқыланды. Департамент басшысы Тілеген Каскин өз сөзінде мемлекеттік қызметтің жаңа кәсіби стандартын қалыптастыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өзекті талабы болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексі таныстырылды. «Жаңа кодекс мемлекеттік қызметшінің түрлі жағдайлардағы, қызмет уақытындағымен қоса қызметтен тыс уақыттағы және әріптестермен қарым-қатынастардағы, мінез-құлық стандарттарын айқындайды», - деді Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі міндетін атқарушы Бауыржан Жаубасов.

Шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары әдептік мінез-құлық стандарттарын ұстану тұрғындардың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Бұл - Мемлекет басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің алдына қойған басты міндет.


Астанада автобустар саны 878-ге жетсе де оның қызметінің сапасы сынға ұшырады

 Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық қоғамдық көлік қызметін сынға алды. Әкім автобус паркінің басшыларына: «автокөліктеріңді қойып, өздерің автобуспен қатынаңыздар. Сонда жағдайды өз көздеріңізбен көріп, сезінесіздер. Орын алып жүрген олқылықтарды қалай ретке келтірудің жолын табарсыздар. Әлемдегі айшықты елордалардың бірі - Астанада қоғамдық көліктің қызмет сапасы мұндай төмен деңгейде болмауы керек» деді.

Осы мәселе бойынша қалалық  «Астана ақшамы» газетінің тілшісі елордадағы автобустардың жүру кестесінің сақталуын бақылап, аялдамадаларда қоғамдық көлік күткен қала тұрғындарының өтініш-шағымдарына құлақ түрді. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандарға мақаланың қысқартылған нұсқасын ұсынады.

Қоғамдық көліктердегі қызмет сапасы осындай деңгейге төмендегені Астана қаласы әкімінің де жанына батып, қатты алаңдатып жүр екен. Әділбек Жақсыбеков жақында арнайы өткізген бір жиында қаладағы жолаушылар тасымалын қатты сынға алды. Автобустардың ластығын, кондуктор мен жүргізушілердің дөрекілігін айтқан әкім автобус паркінің басшыларына: «автокөліктеріңді қойып, өздерің автобуспен қатынаңыздар. Сонда жағдайды өз көздеріңізбен көріп, сезінесіздер. Орын алып жүрген олқылықтарды қалай ретке келтірудің жолын табарсыздар. Әлемдегі айшықты елордалардың бірі - Астанада қоғамдық көліктің қызмет сапасы мұндай төмен деңгейде болмауы керек. Қоғамдық көліктердің қатынау жиілігі тым ұзақ, қажетті маршруттарын сағаттап күтетін тұрғындар жиі шағым айтады. Соның бәрін ретке келтіріңдер» деді.

Біз сол күні-ақ қоғамдық көліктердің қатынау аралығын өз көзімізбен тексеріп көрмек болып алдымен Достық көшесі бойындағы «Керуен» сауда-ойын-сауық және сауда орталығы аялдамасына келіп тұрдық. Бұл арадан №№ 12, 32, 40, 46, 56 автобус бағыттары қатынайды екен. Сағат 12.05-те келіп, түскі бірге жиырма минут қалғанша тұрғанымызда № 40 бағыттың қатынау аралығы 20 минуттан асатынын аңғардық. Негізінде бұл автобустың қатынау аралығы сол аялдамада көрсетілген қозғалыс кестесінде 7-10 минут деп көрсетілген. Қоғамдық көліктер жиырма минуттан сәл асқанда келсе де, жолаушылар «бұған да, шүкір» дейді. Ал «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық және сауда орталығынан «Промышленный» тұрғын үй алабына қатынайтын №56 маршруттың қатынау аралығы 30 минуттан да асып кетті. Біз бұл аялдамаға келгеннен кейін сағат 12.36-да ғана №56 автобус келді. Біз өзіміз бұл автобусты жарты сағаттан астам уақыт күттік. Оның алдындағысы мына аялдамадан қашан өткенін, бір құдайым білсін. Кейбір жолаушылар оның аралық қатынасы жарты сағаттан да асып кететінін айтады. Сағатқа жуық уақыт тұрғанда «Керуен» аялдамасынан №12, 46, 32 маршруттардың біршама жақсы қатынайтынын байқадық.

Содан кейін Сауран көшесі бойындағы «Есіл ауданы ХҚКО» аялдамасына барып тұрғанбыз. Бұл арадан №52 автобус нашар қатынайтын болып шықты. Жүру аралығы кейде 25, кейде 30 минутқа созылатын автобус бұл арадан Сәкен Сейфуллин мен Шоқан Уәлиханов көшесі қиылысында орналасқан «Астаналық базарға» қатынайтын жалғыз қоғамдық көлік. Сол себептен, ол автобусты күтетіндердің қарасы мол көрінді.

 - Жасыратыны жоқ, азық-түліктің көп бөлігін, басқа да тауар түрлерін «Астаналық базардан» барып аламыз. Мына сол жағалауда көптеген тауар түрлері қымбаттау. Сол себепті оң жағалауда орналасқан базарға жиі қатынаймыз. Ал бұл жақтан жалғыз ғана № 52 маршрут жүреді. Неге бұлай жасап қойған, түсінбеймін. Халық жиі қатынайтын бағытқа бірнеше қоғамдық көлік жүруі керек қой. Автобус бағыттарын ұйымдастырғанда осы жағы ескерілмеген. Енді зардабын халық тартып отыр. Базарға баратын жалғыз автобусты жарты сағаттап күтеміз, - дейді біз әңгімеге тартқан Айнұр Қуанышбаева. Өзге жолаушылар да Айнұрдың айтқанын жан-жақтан қоштап, «халықтың тілегін құзырлы органдарға жеткізіңіз» деп жатыр.

Бұл №52 автобустың жыры барлық бағыттағылардан да басымдау ма деп қалдық. Ботагөз есімді қарындасымыз осы автобусты бірінде Достық көшесіндегі аялдамадан 1 сағат, жиырма минут күтіп әбден тоңып қалыпты. Сөйтсе, ол автобус ың-шыңсыз жүру бағытын өзгертіп, Сауран көшесімен келе жатып сол Достықтың бойындағы аялдамаға жетпей, Сығанақ көшесіне бұрылып кетеді екен де, одан әрі Орынбор көшесіне түсіп бұрынғы бағытымен «Астаналық базарынан» бір-ақ шығады екен. Автобустың бағытында сәл өзгеріс бары жұртшылыққа хабарланбаған. Былай қарағанда, сәл ғана өзгеріс жасалғанымен, талай адам ол автобусты бұрылыстағы Достық көшесіндегі аялдамадан тосып, біраз жүйкелерін жұқартып, ақырында такси жалдап кетуге мәжбүр болған. №52 маршрут енді осы бекітілген бағытымен қатынай берсе жақсы ғой, кейде әдейі жолаушылардың жүйкесінде ойнайын дегендей, «Астаналық базар» жағынан Орынбор көшесімен Министрліктер үйінің алдымен келе жатқанда жаңа белгіленген бағыты - Сығанақ көшесімен жүрмей, Достыққа бұрылып кетеді. Келесіде көңілі соғып жатса, Сығанақтың бойымен сырғыта жөнеледі. Былайша айтқанда, дәл осы аралықтағы таңдауды жүргізушінің «көңіл-күй ауаны» шешетін болып шықты. Осы жайды баяндаған Болатбек есімді жігіт Керуен, Бәйтерек маңында жүргенде «52 автобус қай көшемен өтер екен, қай аялдамаға барғаным дұрыс?» деп талай басы қатып ойланғанын жеткізді. Мұндай күйді көп жолаушы бастан кешкені анық.

Бұдан соң біз Керей, Жәнібек хандар көшесі бойындағы (ұлттық ғылыми орталықтар ғимаратының тұсы) аялдамаға барғанбыз. Аялдамада автобус күткендер № 43 бағыттың нашар қатынайтынын жарыса жеткізді.

- Менің жұмыс орным Сарыарқа мен Кенесары көшелерінің қиылысар тұсында орналасқан. Бұл арадан № 43 маршрут қатынайды. Өте сирек жүретін автобус. Жарты сағаттан да көп күтетін кездеріміз болады. Сенбі-жексенбі күндері «Шанхай» мен «Шарын» базарына бару бір қиямет-қайым. Осы ауданнан ол базарларға жалғыз №43 автобус қатынайды. Қатынау аралығы әлгіндей ұзақ болған соң, автобуста аяқ басар орын болмайды. Оның үстіне бәрі базарға барады ғой, соған жеткенше аяғымыз езіліп, тірсегіміз талып зорға дегенде жетеміз. Базардан бері қайтқанда одан өткен сорақы жағдай болады. Қолға ұстаған екі-үш пакетің жыртылып, ішіндегі заттарың төгіліп, аяққа тапталып ит-сілікпеміз шығып келеміз. Үнемі такси жалдауға азғантай жалақымыз мүмкіндік бермейді. Алған заттарым шағындау ғой деп, ақшаңды үнемдегің келіп мінесің автобусқа. Тағы бір айтатын жай, бұл №43 бағытта қатынайтын автобустардың бәрі ескі, іші май ма, сондай бірдеңенің иісі аңқып тұрады. Демалуға қолайсыз, жүрегіміз лобып, ішіміздегіні ақтаруға шақ қалатынымыз да рас, - дейді Әзиза Илясова есімді қала тұрғыны.

Осы аялдамада сағатқа жуық уақыт тұрып, №43 маршруттың қалай қатынайтынын өз көзімізбен көрдік. Аялдамадағы жолаушылар айтқаны рас екен. Жүйкені жұқартып, төзіміңді түгесіп барып біреуі жетеді. Сол күні жұмыс уақыты болса да, адам қарасы көптігі байқалды. Сенбі-жексенбі күндері бұл автобуста Әзиза айтқандай, аяқ басар орын болмайтынын жұмыс күні-ақ шамаладық.

Сол күнгі сапарымызда қай аялдамаға барсақ та автобус күтіп сарылған халықты көрдік. Аялдамадағы қозғалыс кестелерінде жүру аралығы 7-12, 10-15 минут деп көрсетілген автобустардың көпшілігі жақсы қатынағанда жиырма минутқа жетіп бір келетіні де байқалды. Астанадағы аялдама - адамның жүйкесін жұқартатын жер екен. Қазіргі инновациялық қарқынды даму заманында аялдамада 15 минут тұрғанның өзі - «Ғасырдан да ұзақ күн» екенін аялдамада автобус күткендер жақсы біледі. Қала әкімінің қоғамдық көліктердің қызмет сапасына қатысты айтқан сынынан автобус паркінің қожайындары, жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар тиісті қорытынды шығарып, елордадағы жағдайды ретке келтірер деп сенеміз.

  Тақырыпқа тұздық

Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы бастығының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев қоғамдық көлік қатынасы мәселесіне байланысты былайша түсінік береді:

-Қазіргі уақытта қала ішілік жолаушылар  тасымалында қатынас аралығы ұзақтау маршруттар бар екені рас. Осы олқылықты орнын толтыру мақсатында өткен жазда маршруттар санын 52-ден 63-ке өсірдік. Жоспарға сәйкес, қолданыстағы автобустардың саны да 748-ден 878-ге көбейді. Жаңадан 358 автобус алынды. Қазіргі уақытта осы автобустарға жүргізушілер жетіспей жатыр. Мәселен,  бір бағытқа 15 автобус шығу керек болса, бүгінде шамамен 12 автобус шығады. Сол себептен кейбір маршруттардың қатынау аралығы қашықтау болып отыр. Жүргізушілер қоғамдық көлікті басқаруға бір күнде отырғызылмайды. Олар біліктілігі бойынша арнайы курстардан өтіп, сынақ тапсырады, кейбірі өте алмай жатады. Бұл мәселе сондықтан белгілі бір уақыт өткенде шешіледі. Ал бір бағытқа жалғыз маршрут қатынайды дегенге келсек, ол қалыпты жағдай. Екі маршрут бекітілуі міндетті емес. Мұндай жағдайда жолаушы автобус алмастырып баруына болады. Екі маршрутпен жүретіндер айлық жол жүру билетін алса тиімді. Сосын қала ішіндегі көлік тығынын да ескеру керек. Мәселен, №43-маршрутты сіз жарты сағат күтсеңіз, сізден кейін келесісі 2-5 минуттан кейін өтуі мүмкін. Осындай жағдайды да ескерген абзал.

 
Астанада Жергілікті полиция басшылығы мен ПИК төрағалары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

 Жергілікті полиция басшысы Бақытжан Малыбаев Астана қаласы «Есіл» ауданының ПИК төрағаларымен бірінші кездесу өткізді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Сындарлы диалог аудан әкімдігінің ғимаратында өтті. Кездесуге «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қайыржанов пен полицияның учаскелік инспекторлары қатысты.

Кездесу барысында Б. Малыбаев жаңадан құрылған жергілікті полицияның қызметі мен оған жүктелген қоғам алдында полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, полиция қызметін халықтың мүддесі мен қажеттіліктеріне жақындатуға, жалпы, тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыруға мүмкіндік беретін міндеттерге тоқталды.

«Бүгінде әрбір қала тұрғынына өз учаскелік инспекторын таныстыру, оның азаматтарды қайда және қашан қабылдайтынын, оған қай телефон номері бойынша тәуліктің кез-келген уақытында хабарласуға болатынын жеткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Біздің учаскелік инспекторлар әрбір қала тұрғынына учаскелік инспектордың байланыс телефондары мен әкімшілік учаскеде жұмыс істейтін ІІБ кезекшілерінің номерлерін таратуда, үйлердің кіреберістерінде, дүкендердің есіктерінде және учаске аумағында орналасқан сауда орталықтарында ақпараттық стендтерде ақпараттық үнпарақтар орналастырылуда» - деді Б.Малыбаев.

Оның айтуынша, полицейлердің жұмысының тиімділігі көбінесе халықтың учаскелік инспекторлармен және ПИК төрағаларымен өзара әрекет етуіне байланысты. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету  құқықтық мәдениет ісіне айналып, оны кез келген азамат ұстануы тиіс. Бұл азаматтық борыштың және елорда тұрғындарының құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесінің белгісі болады.

«Нақ осындай қатынастар елорда тұрғындары мен полицейлер арасында әлдеқайда тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, ұсақ бұзушылықтардың уақытылы алдын алу мен одан гөрі ауыр қылмыстарды болдырмаудың кепілі болып табылады» - деді жергілікті полиция басшысы.

Нәтижелі өткен кездесу барысында ЖПҚ бастығы ПИК төрағаларының сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ол көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін аулалар мен кіреберістерді бейнекамералармен жабдықтауды сұрады.

Жергілікті полиция басшысы осындай кездесулердің елорда аудандарында жүйелі түрде өткізілетінін атап өтті.

 
Астанадағы «Барокко» музыкасы

 «Барокко» музыкалық қонақжайы - бұл тыңдарманға 2016 жылға ұсынылған жаңа концерттер циклы. «Астана Опера» шығармашылық ұжымы 19 қаңтарда театрдың Мәрмәр залында өтетін «Ұлы дәуірдің ұлы есімдері» атты осы циклдың бірінші концертін дайындады, деп хабарлпады театрдың баспасөз қызметі.

  Барокко музыкасы Ренессанс дәуірінің соңында пайда болғанын және классицизм дәуірі музыкасының негізін қалағанын естеріңізге сала кетейік. «Барокко» сөзі  португалия тілінен еніп, «әдеттен тыс үлгідегі маржан» дегенді білдірсе, итальяндық тілде «қызық, оғаш» деген мағынада аударылады. Расында да табиғи дәстүрді сауатсыздық һәм жабайылық деп санап, одан бас тартқан барокко дәуірі өнерде тәсілдерінің әртүрлілігімен, сәнділігімен және күрделілігімен сипатталады.

«Астана Опера» МОБТ дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, елордалық театр ашылған кезден бастап музыканттарымыздың Моцарт пен Вердидің реквиемдерін, Бах, Моцарт, Гайдн, Бетховен, Дворжак, Чайковский, Рахманинов сияқты классиктердің ұлы шығармалары мен басқа да композиторлардың симфониялары мен концерттерін орындап келе жатқанын атап өтті.

- Өкінішке орай, уақыт өткен сайын көне дәуір музыкасын орындау дәстүрі ұмытыла бастаған, тиісті акустикасы жоқ Қазақстанның концерттік залдарында орындалған Бах, Гендель, Вивальди сынды барокко композиторларының туындылары тыңдаушылар үшін сол дәуірдің стилі жөнінде толық ақпарат бере алмады. «Астана Опера» театрының Үлкен және Камералық залымен қатар шіркеудің акустикасына қатты ұқсайтын ғажайып акустикалы Мәрмәр залы бар, мұндай залдар барокко музыкасын орындауға ыңғайлы. Орындаушылық дәстүр мәселелерін шешуді ұзақ қарастырып, біз ««Барокко» музыкалық қонақжайы» атты жаңа шығармашылық жобасын жүзге асыру идеясына тоқталдық.

Кеште «Астана Опера» сахнасында Генри Перселл, Иоганн Себастьян Бах, Георг Фридрих Гендель, Бенедетто Марчелло, Арканджело Корелли және Антонио Вивальди сияқты ұлы композиторлардың кейбір шығармалары алғаш рет орындалады.

Барокко музыкасын елордалық тұрғындар мен қонақтарға АҚШ, Канада, Франция, Бельгия, Нидерландтар және Ресей көрерменінің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген театрдың кәсіби деңгейі жоғары симфониялық оркестрі мен хоры тарту етеді. Солистер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Айгүл Ниязова (сопрано), Александр Тараскин, Балжан Сапарова, Ажар Ғани (флейта), Дәмелі Мақпырова (гобой), Валерия Болиева (сопрано). 

 
Астанада қала көшелерін жинауға мыңнан астам арнайы техника тартылды

 Астанада қар жауып, боран болады деп күтілуде. Қаланы механизациялық жинау жұмыстарына 1160 бірлік коммуналдық техника, соның ішінде самосвалдар (498 бірлік), тротуар жинау (97 бірлік) және сыпыру машиналары (117 бірлік) және т.б. техника түрлері тартылды. Жолдар мен тротуарларды тазартуға 2369 жұмыскер жұмылдырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.

Ертең, 18 қаңтарда күн бұлтты болады, тұман тұрады. Түнде ауа температурасы -22-24°С, күндіз -20-22°С суық болады.

Сейсенбі күні, 19 қаңтарда ауа температурасы төмендейді. Түнде сынап бағанасы -25-27°С, күндіз -15-17°С көрсетеді.

20 қаңтарда елордада жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°С, күндіз -10-12°С болады.

 
Ә.Жақсыбеков аумақтық мемлекеттік органдардың жаңа басшыларын таныстырды

Қала әкімдігінде аппарат отырысы аумақтық мемлекеттік органдардың жаңа басшыларын таныстырудан басталды. Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің жаңа басшысы Дулат Азбергеновты және Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қызметін қоса атқаратын Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Каскинді таныстырды.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, Астана әкімі отырыс барысында аудандар әкімдерінің халықпен және еңбек ұжымдарымен есеп беру кездесулеріне жеке тоқталып, мұндай кездесулердің жергілікті атқарушы органдар үшін де, қала тұрғындарының өздері үшін де маңызды екендігін атап өтті. Халықпен есеп беру кездесулері бүгін басталады.

«Халық пен қала тұрғындарының проблемалық мәселелерін уақытылы шешуге ерекше назар аудару керек», - деді Ә. Жақсыбеков.

Қажет болған жағдайда тұрғындардың сұрақтарына толық жауап қайтару үшін қалалық басқармалардың өкілдері де есеп беру кездесулеріне қатысады. Аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерінің толық кестесімен мына жерде танысуға болады.


2015 жылы елордада 100 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

 Елордада 2015 жылдың қорытындысы бойынша 100 000 астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды, атап айтқанда, 67 900 зейнеткер (оның ішінде 176 ҰОС ардагері), 19 500 мүмкіндігі шектеулі жан, көп балалы отбасылар - 6969, көп балалы аналар - 4008, тұрмысы төмен азаматтар (3 мыңнан астам) және т.б.

Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді: 239 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек ұсынылды; 1200 астам отбасыға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төленді; 1662 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді, деп хабарлады  astana.gov.kz

«Өрлеу» ілкі  жобасы аясында шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша тегін қызметтер ұсыну және ақшалай төлемдер түрінде 2 536 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 1 235 700 теңге қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүруге бөлінді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, шипажайлық-курорттық емделумен, жеке көмекшінің қызметтерімен, ым тілі маманымен қаматамасыз етіледі. Жыл сайын Мүгедектер күніне орай материалдық көмек көрсетіліп отырады. Есептік кезең ішінде 9 200 мүмкіндігі шектеулі жанға әлеуметтік көмек көрсетілді.

2015 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» ШЖҚ МКК қызметі жүзеге асырылады. 2015 жылы оңалту орталығында шипажайлық-курорттық емделу қызметтерімен 1638 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылды.   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында елордада жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Онда 17 «Инватакси» автокөлігі жұмыс істейді. 2015 жылы 1484 жуық адам аталған қызметті пайдаланған. Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 3457 адам қамтылды, ол 97,6% құрайды, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар 283 адамға (көмекке мұқтаж адамдардың жалпы санының 8,2%) қол ұшын созды.

 
Астанада «Шапағат-2016» республикалық өнертапқыштар байқауы басталды

  Бүгін елордада ҚР Әділет министрлігі «Шапағат-2016» республикалық байқауының басталғандығын жариялады.

«2004 жылы бекітілген «Шапағат» байқауы осымен 13-ші рет өткізілуде. Байқаудың негізгі мақсаты - өнертапқыштықты дамыту, экономикадағы инновация деңгейін көтеру, бірегей үздік өнертабысты өндіріске енгізу», - деді Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Абзал Естаев.

Оның атап өтуінше, байқау жеңімпаздары 26 сәуір күні - Халықаралық зияткерлік меншік құқығы күні салтанатты түрде марапатталады. Оларға арнайы дипломдар мен 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылғы жобалардың басым бөлігі ақпараттық технологиялар саласына тиесілі болды және оның негізгі бөлігі өндірістерге енгізілген.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы байқау төрт аталым бойынша өткізілмек. «Жылдың үздік өнертабысы» аталымына еліміздің әр түкпірінен келген ең үздік өнертабыс иесі марапатталатын болады, «Үздік өнертапқыш әйел» аталымында нәзікжандылар арасында мықтыларды таңдаса, «Ең жас өнертапқыш» аталымына - 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысады, ал «Жас дарын» аталымында 16 жасқа дейінгі оқушылар марапатталатын болады. 

 

 
2016 жылы Астанада туберкулезге қарсы 500 орындық диспансер салынады - Е. Бөлекбаев

2016 жылы Астана қаласы Алматы ауданында 1500 орынға арналған жаңа колледждің құрылысы аяқталады және туберкулезге қарсы 500 орындық диспансер салынып бітеді. Бұл туралы бүгін аудан халқының алдында есеп беру кездесуін өткізген Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлім етті.

«Елбасы Н.Назарбаевтың әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлығына сәйкес, осы күндері бүкіл республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдер атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беруде», - деген аудан әкімі өткен жылдың қорытындысына тоқталды.

«Бүгінде «Алматы» ауданы территориясында 199 құрылыс нысанының құрылысы жүргізілуде. 2015 жылы 12 көппәтерлі тұрғын үйдің, Манас көшесіндегі Онкология диспансеріне қапасарыла салынған ғимараттың, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 1200 орындық мектеп, Айнакөл көшесіндегі 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Осылайша, қолдануға берілген ғимараттардың жалпы аумағы 561 663 шаршы метрді құрады»,-дейді аудан әкімі.

Е.Бөлекбаевтың хабарлауынша, қазір 76 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлердің  жетеуі мемлекеттік бағдарлама аясында, 2-уі  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында,  67-сі коммерциялық көпқабатты тұрғын үй кешендері екен.

«2016 жылы 6 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтсақ,  Астана-Қарағанды тас жолындағы 1500 орындық әлемдік деңгейдегі колледж,  «Теміржол» тұрғын алқабы маңындағы 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, әрқайсысы 525 орындық № 16, 22, 32 және 37 мектептеріне қапасарыла санылып жатқан ғимараттардың құрылысы аяқталады», - деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы, «Алматы» ауданының жалпы аумағы 21 054 гектар жерді құрайды. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерінің ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 1 желтоқсанына аудан халқының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 381 527 адамды құрады.


Жеке көлік иелері қар тазалауға кедергі келтіреді - Астанадағы аудан әкімі

 Бүгін халық алдында есеп берген Астана қаласы, «Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев ауданға қарасты аумақта қанша қар тазаланғанын және жеке көлік иелері қар тазалауға кедергі келтіретінін айтты.

«Алматы» ауданы бойынша орталық көшелер мен көше араларындағы аумақтардың қарын тазалау үшін 460 арнайы техника мен 913 жұмысшы жұмылдырылған. Қыс басталғаннан бері полигонға 350 мың текше метр қар шығарылған. Алайда, бірқатар проблемалар бар. Қар тазалауда коммуналдық қызмет тап болатын қиындық - тұрғындардың бірқатар ережелерді бұзуы. Олар жеке көліктерін үй ауласына қойып кетеді, ал кейбір жер үйлердің иелері ауласының ішіндегі қарды уақытында аула сыртына шығарып қоймайды. Сондықтан, аула мен көшелерді қардан уақытылы тазалауға мүмкіндік тумай отыр», - деді аудан әкімі.

Әкімнің айтуынша, аудан аумағынан  полигонға 33 922 тонна қоқыс  шығарылған.  

«Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру ережелерін ұстау мақсатында көктем және күз мезгілдерінде 2 экологиялық айлық өткізілді. Экологиялық айлықтар шеңберінде 2 жалпықалалық және 6 коммуналдық сенбіліктер ұйымдастырылды, оларға жалпы саны 100 мыңға жуық адам және 4 395 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Сенбілік барысында 7 912 ағаш отырғызылып, 87 мың ағаш әктелді, жалпы аумағы 404 740 шаршы метр саябақтар мен шағын бақтар тазартылды. Нәтижесінде қалалық полигонға 10 700 тонна қоқыс шығарылды», - деп хабарлады Е.Бөлекбаев.

 2015 жылы Астана мен Бурабай ақылы автобанында 1,1 млрд. теңге жиналды

 2015 жылы «Астана-Щучинск» ақылы автожолы 1 млрд. 142 млн. теңге жинады. «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылға белгіленген жоспарда 1 млрд. 129 млн. теңге жинау қарастырылған болатын.

Жоспарды асыра орындаудың арқасында 13 млн. теңге жиналды. Барлық жиналған қаражат аталған жолды күтіп ұстауға және төлем жүйесін жетілдіруге бағытталды.

«Аталған ақылы учаскемен 2015 жылы 2,5 млн. көлік жүріп өткен. Өткен жылдың барысында тәулігіне орташа есеппен алғанда 3,1 млн. теңге төлем жасалса, бір күнде шамамен 7 мың көлік жүреді екен, ал демалыс күндері көлік саны 10-12 мыңға дейін жеткен. 2014 жылмен салыстырғанда, көлік ағымының қарқыны орташа алғанда 4,9 пайызға өсіп, оның есебінен төлем 7,2 пайызға артты»,-делінген компания мәліметінде.

Сонымен қатар жолда көлік ағымын жылдамдату үшін және қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолдарын дамыту тұрғысында абоненттік төлем, «QIWI» терминалдары  мен «Касса 24» және басқа да жүйелер қамтылды.

 
2016 жылы Астанадағы Алматы ауданына қарасты 16 ескі үй бұзылады

 Астанадағы «Алматы» ауданында 2015 жылы 14 ескі үй бұзылған. 2016 жылы осындай 16 үй бұзылмақ. Бұл туралы бүгін аудан халқының алдында есеп беру кездесуін өткізген Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлім етті.

«2015 жылы ескі 30 үйдің бүгінгі таңда 14-і ғана бұзылды, қалған 16 үйді 2016 жылы бұзылады»,-деп хабарлады әкім.

 Е.Бөлекбаев хабарлағандай, ауданда «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында  асфальтты-бетонды төсеме ауыстыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, сәнді қоршауы бар гүлзарларды, спорт және кір жаятын орындарды абаттандыру, әр жастағы балаларға арналған қауіпсіз кіші сәулет формаларын орнату жүргізілуде.

«2015 жылы 62 үйді қамтитын 27 аула абаттандырылды. Оның ішінде 21 517 ш.м. асфальтты-бетонды төсеме ауыстырылды,  36 балалар және 11 спорт алаңы абаттандырылды, 419 қоқыс жәшіктері, 389 орындық, 30 күрке орнатылып, 38 кір жаятын орын және 378 автокөлікке арналған автотұрақ орындары абаттандырылды. Сонымен қатар, абаттандыру алдында бұл жерлерден 110 темір гараж және 5 сауда павильондары шығарылды»,-деді әкім. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы, «Алматы» ауданының жалпы аумағы 21 054 гектар жерді құрайды. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерінің ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 1 желтоқсанына аудан халқының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 381 527 адамды құрады.

 Астанада жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілді

 «Астанаэнергосбыт» ЖШС хабарлауынша, 2015 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тұрғындарына жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілген, деп жазады елорда әкімдігінің сайты.

Бұған жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерге тұтынушылармен сараланған тарифтерді қолданудан келтірілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС шығындарын өтеу туралы Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының заңды күшіне енген шешімі негіз болды.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС жасалған қайта есептеу сомасына 18 ай мерзімге бөліп төлеуді ұсынады. Көрсетілген мерзімде қайта есептеу сомасына өсімақы есептелмейді.

 
2016 жылы елордада 15 мектепте Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі

 Бүгінгі таңда елордалық жалпы білім беру мектептерінде 117 097 бала оқып жүр, соның ішінде 113 376 бала мемелекеттік мектепте білім алады.

Жалпы білім беретін мектептер саны жыл сайын артып отырады. 2014 жылы Астанада 88 мектеп болса, 2015 жылы олардың саны 94 жетті. 2014 жылы оқушылар саны 105 966 болды, соның ішінде 102 687 бала мемлекеттік мектепте оқыды, деп хабарлады astana.gov.kz.

83 мемлекеттік мектептің 73 994 оқушыны қамтитын 54-і жаңа типпен (лицейлер, гимназиялар) салынған. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда 4 бірлікке артты. 2015 жылы 7200 орындық 6 мектеп (№ 77, 79, 80, 81, 82, 83) пайдалануға берілді, соның ішінде № 81 және 82 - мамандандырылған мектептер. Astana English School № 81 гимназия - гуманитарлық бағытта қазақ және ағылшын тілдерінде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп. № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі физика, математика, экономика, информатика, химия, биология пәндерінен жаратылыстану-математика бағытында қазақ тілінде оқытады.

Жаңа мектептерді пайдалануға беру есебінен және екі ауысымдық оқуды ескерсек, 2015-2016 оқу жылында оқу орындарының тапшылығы жоқ, бірақ 10 мектепте (№ 1, 7, 22, 32, 37, 53, 54, 60, 64, 66) тығыздық сақталуда.

Бұдан басқа, ағылшын тілінде жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр. Егер 2014 жылы осы бағыттар бойынша 18 мұғалім сабақ берсе, 2015 жылы олардың саны 32 құрады.

Қазіргі кезде елордалық мектептерде білім беру сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Астана республика бойынша бірінші орынға тұрақтады. 399 елордалық оқушы халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға қатысып, 238 медаль алды, ал 2014 жылы жүлделі орындар саны 148 болды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысына сәйкес, Астана қаласының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын кезең-кезеңімен 100% сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі. Оқулықтар төрт жылда бір рет шығарылады. Астана қаласының білім беру ұйымдары Интернетке 100 пайыз қосылған. Оқу орындары қажеттілігіне қарай жаңа буындағы компьютерлермен жабдықталуда. 2015 жылы қалалық мектептерге 9193 ДК сатып алынды.

2016 жылы орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 15 мектепте 7 сыныпта ағылшын тілі пәнінде Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі, сонымен қатар 42 мектепте «Биоинформатика және синергетика» сапаны бақылау технологиясы бойынша жұмыстар жалғасады.

 
Қазақстандық ғалым қуат үнемдейтін батарея жасап шығарды

 Қазақстандық ғалым Жұмабай Бәкенов қуат үнемдейтін батарея жасап шығарды, деп хабарлады www.24.kz.

Бұл - оның Назарбаев Университетінде қолға алған алғашқы жобасы. Бұл - қалта түбін қақпайтын әрі үнемдеуде таптырмас өнім. Қазақстандық профессор Жұмабай Бәкеновтің ұзақ жылғы жұмысының жемісі. Жоба Дүниежүзілік банктің грантына ие болған. Ал ғалымның ғылыми мақалалары Thomson reuters халықаралық рейтингінде үздік жазбалардың қатарында көш бастап тұр.

«Бұл батареяның қазіргі уақытта қолданыста жүргендерге қарағанда мүмкіндігі әлдеқайда көп. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, мәселен, қазіргі смартфондардың батареясына қарағанда 10 есе артық жұмыс істейді және қуатты ұзақ сақтай алады», - дейді Назарбаев Университеті инженерлік мектептің профессоры Жұмабай Бәкенов.

Ұялы телефондарға арналған батарея бұл үлкен жобалардың бастауы ғана. Ғылыми топтың келешекте көздеген көкжиегі бөлек. Ғалымның айтуынша, ол  Қазақстанда алғашқылардың бірі болып электромобиль құрастырған Таир Балабаевпен тығыз қарым-қатынаста.  Енді олар көліктерге арналған арнайы үнемдегіш батарея жасамақ.

Ілкі жобадағы батареялар бүгінде сатылымға түсті. Келесі қадам - электромобильдерге арналған батарея саудасын бір ізге салу. Бірақ ол үшін өнертапқыштарға 3-10 млн доллар көлемінде қаржы қажет. Қыруар ақшаны ғалымдар инвестициялық конкурстарға қатысып, ұтпақ ниетте. Ғылыми топта бұл күні 11 маман еңбектенуде. Олардың қатарында Назарбаев Университетінің студенттері де бар. 

«Біздің алға қойған мақсатымыз - халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті атағын алу. Қазіргі уақытта зертханаларымыз заманауи құрылғылармен жарақтандырылған. Студенттерді оқуға қабылдағаннан бастап ғылыми жұмыстарға тартамыз», - дейді Назарбаев Университетінің проректоры Энн Лонсдейл.

Қуат үнемдейтін аккумулятор 2017 жылы ЕХРО көрмесінде көпшілік назарына ұсынылмақ. Оқу ордасында бұл күні 140-тан астам жоба қолға алынған. Ғалымдар Америка, Ұлыбритания, Австралия және Қытайдағы әріптестерімен де тығыз байланыста. 


Елорда оқушылары халықаралық олимпиадада алты жүлдеге ие болды

Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы ХІІ халықаралық олимпиадада астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, олимпиадаға 17 мемлекеттен 63 команда (413 оқушы) қатысқан.

Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды. Командалық есепте Мәскеу қаласының (РФ) №1329 мектебінің командасы Гран-при иеленді.

Олимпиадада сарапқа салынған 191 медальдің 48-ін Қазақстан жеңіп алды, соның ішінде астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.

Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Бидайбек Санжар информатикадан 1-орын және алтын медаль алды. Сондай-ақ, Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Амангелдин Темірлан мен Низамедин Шайхитдин сәйкесінше, математикадан және информатикадан 2-орын мен күміс медаль алды. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы  Санжар Елеуов та математикадан қола медаль иеленді. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы  Бақдәурен Нарбаев пен Мейрам Серікболсын математикадан 3-орын алды.

«ҚР ҰҒА академигі, қазылар алқасының тең төрағасы Асқар Жұмаділдаев астаналық оқушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді», делінген хабарламада.  

 
Елордалық оқушылар арасында «Абыз - домбыра» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауы өтуде

 Қазақ халқының ән-күй өнерін насихаттау мақсатында Астана қалалық білім басқармасының «№1 өнер мектебінде» 2016 жылдың 19-20 қаңтары күндері «Абыз - домбыра» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауы өткізілуде. Бұл туралы елорданың білім басқармасынан хабарлады.

Байқаудың мақсаты - аспапта орындайтын өнерпаздардың қазақ ән-күйлерінің шығу тарихын білу, сөйлеу және әңгімелеу мәдениетін дамыту, мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу. Байқауға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 13 жас аралығындағы оқушыларынан 50-ге жуық талапкерлер бақтарын сынауға өтініш берді», - делінген хабарламада.

Байқау 2 жанр бойынша өткізіледі. Біріншісі - дәстүрлі ән, термешілер, екіншісі - күй өнері. Байқау талаптары бойынша әділ қазылар алқасы байқау талапкерлерін  шығарманы орындау шеберлігінің сапасы, сахна мәдениеті, сахналық киім үлгісі өлшемдері бойынша бағалайды.

Байқауда үздік өнер көрсеткені және белсене қатысқаны үшін талапкерлер Астана қалалық білім басқармасының дипломымен марапатталады.

Оқу - тәрбие жоспарына сәйкес өткізіліп отырған қалалық мектеп оқушыларының арасындағы  домбырашылар байқауын жоғары дәрежеде, татулығы жарасқан шығармашылық қалыпта өткізу жоспарлануда.

 
Астанада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

 Елордада жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында 19-21 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, үш күн бойы тәртіп сақшылары Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексеріп, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау бойынша шаралар, сондай-ақ, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді.

Астана қаласы Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, қала аумағында жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау саласында күн сайын 700-ден астам автобусты жолға шығаратын 8 кәсіпорын және 13 ресми таксопарк жұмыс істейді.

Астана қаласының ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бақытжан Алтыбайдың айтуынша «2015 жылдың қорытындысы бойынша жол-патрульдік  полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2400 астам жағдайын тіркеді. Техникалық ақауы бар автобустарды рейске жібергені үшін 53 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды».

Сонымен қатар, «полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу үшін вокзал маңындағы алаңда және әуежай ауданында, сондай-ақ, «Рубеж» бекеттерінде қалааралық бағыттағы автобус жүргізушілерінің көлік заңнамасын бұзу жағдайларын анықтау, елордада жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне және салық міндеттемелеріне сәйкес келмейтін жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын такси автомобильдерін тексеру бойынша бірқатар шараларды қолға алмақ», - деп атап өтті Б. Алтыбай.

Бұдан басқа, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау жоспарланған.  

 
Алматы ауданының әкімі «Железнодорожный» тұрғын алабында есеп беру кездесуін өткізді

 Бүгін «Железнодорожный» тұрғын алабында №29 орта мектепте Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықпен екінші есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық басқармалардың, коммуналдық кәсіпорындардың, 29 мектептің еңбек ұжымының өкілдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлады Астана қаласыныәкімінің ресми порталы.

Кездесуде «Железнодорожный», «Промышленный», «Күйгенжар», «Мичурино» және «Интернациональный» тұрғын алаптарының тұрғындары аудан әкіміне өз сұрақтарын жолдады. Жалпы, 40 жуық ауызша және алты жазбаша сұрақ келіп түсті.

Тұрғындар көлік жүйесін және жолаушылар тасымалын жолға қою, әсіресе автобустар қозғалысының арақашықтығын ұлғайту мәселесіне қызығушылық танытты. Бұл мәселе Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының қарауына жіберіледі.

Бұдан басқа, қаланы абаттандыруға қатысты сұрақтар көп қойылды: тротуарлар жасау, көшелерді жарықтандыру, мүгедектерге арналған пандустар жасау және жолдар салу. Кездесуде қаланың осы бөлігінде инфрақұрылымды жақсарту мәселесі жақын арада шешілетіні атап өтілді. Айта кетейік, тұрғын алабына жақын жерде жаңа вокзалдың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Кейбір мәселелер сол жерде шешілді. Тұрғындар «Железнодорожный» тұрғын алабында аула клубын ашуды сұрады, бұл идеяны Е. Бөлекпаев та қолдады. Балалардың бос уақытын өткізуге арналған аула клубы 2017  жылы салынатын болды.

Айта кетейік, «Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 20, 21 және 22 қаңтарда кезекті халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді. Келесі кездесу № 54 мектеп-лицейде Ш. Иманбаева көшесі, 4 мекен-жайы бойынша өтеді. 21 қаңтарда Алматы ауданының әкімі №72 орта мектепте, ал 22 қаңтарда №1 қалалық ауруханада халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді.

Қала аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулерінің толық кестесімен  https://astana.gov.kz/kk/modules/material/9743 сілтемесі бойынша танысуға болады.   


Елордада 13 мыңға жуық адам суға шомылды  

 Бүгін православ христиандары Крещение Господня мерекесін атап өтуде. Бұл күні дәстүр бойынша барлық шіркеулерде дін қызметшілері су аластау рәсімін өткізеді. Су қоймаларында арнайы крест формасындағы ойықтарда аласталған су емдік қасиеттерге ие болады деп саналады. Сондықтан адамдардың көбі денсаулықтарын нығайту үшін мұзды суға түседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік ғибадат ету рәсімі елорданың барлық шіркеулерінде 18 қаңтарда басталды, бүгін салтанатты шеру (Крестный ход) барысында Есіл өзенінің суы аласталды.

Жыл сайын елордалық құтқарушылар мереке күні суға шомылу кезінде күшейтілген режимге көшеді. Арнайы жасалған орындарда Астана қ. Жедел машинасы кезекшілік етеді. Бұдан басқа, медицина қызметкерлері де жұмыс істейді: ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем көлігі және Денсаулық сақтау басқармасының реанимациялық жедел жәрдем көлігі.

Құтқарушылардың есептеуінше, 18 қаңтарда сағат 22.00-ден бастап бүгінгі таңғы 10.00-ге дейін 7 мыңға жуық, ал таңғы сағат 10:00-ден сағат 13:00 дейін тағы да 6 мыңға жуық адам суға түскен.

Астанада аудандық жергілікті полиция басшылары бекітілді

 Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63-ші сессиясында елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин депутаттарға аудандық ішкі істер басқармаларының жергілікті полиция қызметтері басшыларының қызметіне үміткерлерді ұсынды.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, «Есіл» ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына 1995 жылдан бері құқық қорғау органдары жүйесінде жұмыс істейтін және қазіргі кезде Әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген подполковник Серік Әбутәліповтың кандидатурасы қалалық мәслихаттың келісуіне ұсынылды.  

«Алматы» ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына подполковник Алмас Жапаровтың кандидатурасы ұсынылды. А. Жапаров құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері істейді, бұған дейін Әкімшілік полиция басқармасы бөлімдерінің бірін басқарған.

Бұған дейін ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы болып істеген және құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп жүрген майор Азамат Садықовтың кандидатурасы «Сарыарқа» ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына ұсынылды.

Мәслихат депутаттары Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының ішкі істер басқармаларының жергілікті полиция қызметтерінің басшылары қызметіне ұсынылған үміткерлерді бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, «Астана қаласы бойынша ревизиялық комиссия» төрағасы Ғалымжан Молдаш депутаттарды тиісті мемлекеттік мекеме туралы Ережемен таныстырып өтті. Сессия барысында Астана қаласының әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.

 
«Абыз - домбыра» домбырашылар байқауы жеңімпаздары анықталды

 Қазақ халқының ән-күй өнерін насихаттау мақсатында Астана қаласының білім басқармасы «№1 өнер мектебінде» «Абыз - домбыра» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауын өткізді.  Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан хабарлады..

Мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу мақсатында өткізілген байқауға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 13 жас аралығындағы оқушыларынан, 53 мектептен талапкерлер бақтарын сынады.

Әділ қазылар шешімімен мына оқушылар жүлдегер атанды:

Ән жанры: /7-10 жас/

І-орын: Манас Айшагүл № 67 МГ

ІІ-орын: Байбуринов Бекарыс № 64 МЛ

ІІ-орын: Сейілханов Асанәлі № 10 МГ

ІІІ-орын: Қасенова Камила №5 МГ

ІІІ-орын: Карменова Аружан №23 МЛ

Ән жанры: /11-13 жас/

ІІ-орын: Қажыкенов Азамат № 67 МГ

ІІ-орын: Жолдыбаева Зайра №57 ОМ

ІІІ-орын: Ыдырыш Ернар №16 ОМ

ІІІ-орын: Билет Жарас №40 ОМ

ІІІ-орын: Жаужүрек Айнұр №66 МЛ

Күй жанры: /7-10 жас/

І-орын: Кульдикова Лейла № 56 МЛ

І-орын: Қарғожина Арай № 67 МГ

ІІ-орын: Жанарбек Малика №37 ОМ

ІІ-орын: Исмағұлова Майя №48 МЛ

ІІІ-орын: Мелісхан Диас №16 ОМ

ІІІ-орын: Серікжанова Аяжан №38 МЛ

ІІІ-орын: Айтқұл Дияр №61 ОМ

ІІІ-орын: Манарбек Әділ №62 МЛ

Күй жанры: /11-13 жас/

І-орын: Құралбек Ахмет № 54 МЛ

ІІ-орын: Сатыбалдин Мәди №66 МЛ

ІІ-орын: Қасымов Дінмұхаммед №78 МГ

ІІІ-орын: Лесбекова Әмина №9 ОГ

ІІІ-орын: Серікова Әмина №40 ОМ

ІІІ-орын: Мұратова Аружан №57 ОМ

  
Астанада ЖРВИ жұқтыру жағдайларының төмендегені байқалады

 Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, жіті респираторлық вирустық инфекцияны (ЖРВИ) жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалады. 

Эпидемиялық кезеңнен бастап (2015 жылғы 1 қазаннан) жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 10295 жағдайы, оның ішінде тұмаудың 39 жағдайы тіркелді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

2015/16 жылдардың өткен кезеңінде сырқаттанушылық алдыңғы эпидемиологиялық кезеңнің деңгейінен 61% төмендеді, ал апталық сырқаттанушылық эпидемиологиялық болжамнан аспаған.

Өткен жылдардағыдай, 14 жасқа дейінгі балалар негізгі қауіпті топ болып қалады, олар барлық сырқаттанушылықтың 52% құрайды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 9%. Жүкті әйелдер арасында сырқаттанушылыққа назар аударылады, олар 1,7% құрады.

Тұмауға қарсы ең тиімді қорғаныс екпе жасау болып табылады. Иммунизацияны қазан-қараша айларында жүргізген дұрыс. Қазіргі заманғы вакциналар аса тиімді, қауіпсіз, төмен реактогенді және балалар мен ересектер арасында тұмаудың алдын алуға бағытталған. Вакциналарға иммунитет тудыру үшін 2 күннен 7-15 күнге дейін уақыт керек, иммунитет 6-12 айға сақталады. Биыл 85 870 адам тұмауға қарсы екпе жасатты.

Мамандар тұрғындарға суық тиюдің алғашқы белгілері шыққанда (тамақтың ауруы, жөтел, дене қызуы көтерілгенде) медициналық көмекке уақытында жүгінуді және өз бетіңізші ем жасамауды, жақындарыңызға жұқтырмау үшін бетперде киюді ұсынады.

Қоғамдық орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу қою керек. Күн сайын аурудың алдын алу мақсатында оксолин майын, барлық кезең бойы тамақ рационында сарымсақ, лимон, шөп қайнатпалары, бальзамдарды қолдану керек, олар иммунитетіңізді нығайтады және адам ағзасына вирустарды кіргізбейді.

 
Астаналықтар жергілікті полицияға көмектесуде

 Жыл сайын елордада құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарамайтын азаматтар саны артып келеді. Мұндай белсенді азаматтық позиция полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі және ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Осылайша, азаматтық қоғамның полицияға деген сенімі артады, деп хабарлады  astana.gov.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, елордада ішкі істер органдарына тәртіп сақтауда тұрақты көмектесетін 847 азамат тіркелген. Соның ішінде 32 құқық қорғау органдарының ардагері, 202 консьерж, 246 күзет құрылымдарының қызметкері, сондай-ақ, қалалық ЖОО студенттерінен құрылған жедел жастар жасақтарының 267 мүшесі. Сонымен қатар, «Астана ЕРЦ» бірыңғай есеп айырысу орталығының 100 қызметкері мен ПИК өкілдері де бар. Мүдделі тұлғалардың барлығы ерікті негізде көмектеседі.

«Қашан болса да, полицейлер ерікті көмекшілердің көмегіне жүгінген. Олар өздерінің бос уақыттарында қоғамдық тәртіпті күзетуге шығады. Бұрын оларды халық жасақтары деп атаса, бүгінде қоғамдық көмекшілер. Қазіргі кезде белсенді азаматтық позицияны ұстанатын көптеген адамдар учаскелік полиция инспекторларына құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды, бірге патрульдеуге қатысады, сондай-ақ, алдын алу жұмыстарын өткізеді», - деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Ғосман Жакин.

2015 жылы қоғамдық көмекшілердің белсенді көмегінің арқасында 80 қылмыс ашылды, 4,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының Ішкі істер департаменті әкімдіктің қолдауымен жалпы сомасы 13 млн. теңге көлемінде 978 азаматқа сыйақы төледі және бағалы сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, жергілікті полиция қызметі белсенді азаматтық позицияны насихаттап, астаналықтарды құқық бұзушылықтарға немқұрайлылық танытпауға, азаматтарға белгілі болған фактілер туралы сенім телефондары бойынша немесе Астана қаласының ІІД мен қала әкімдігінің ресми сайттарына хабарлауға шақырады.

  Театрдың жаңашылдығы шығармашылық ізденістерге тікелей байланысты - Болат Ұзақов

 Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 2015 жылды табысты қорытындылады және жаңа басталған жылда да ауқымды істерді атқаруды көздеп отыр. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында аталған театрдың режиссері Болат Ұзақов қол жеткен табыстары және елге айтар жаңалықтарымен бөлісті.

- Болат Қасымжанұлы, театр өмірінде қандай өзгерістер бар? Қандай жаңашылдығын айтар едіңіз?

- Театрдың жаңашылдығы шығармашылық ізденістерге тікелей байланысты. Өткен жылдан бастап өнер ұжымына серпін беру үшін ТМД елдеріне аты шыққан режиссерлер мен театр суретшілерін шақыру ісін қолға алғанымыз оң нәтиже беріп отыр. Осы орайда, 2015 жылы күзде Орталық Азия елдеріне танымал Қырғыз Республикасының театр суретшісі Юлдаш Нұрматовты шақырған едік. Ол Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» бойынша әзірленген қойылымды көрерменге ұсынғанда, сахна суретшісі болды. Ол сахнаны безендірді, әртістер киімдерінің дизайнын жасады. Қашанда суретші мықты болса, спектакльдің көркемдік деңгейін 30-40, тіпті 50 пайызға дейін көтере алады. Қырғыз суретшісінің аталған қойылымға қосқан үлесі анық байқалды. Бәрі риза болды. Көрермендер жоғары бағалады. Ең бастысы, жаңа қолтаңбаның бар екені анық көрініп тұр.

Сонымен қатар Айрат Абушахманов есімді Башқұртстанның жас режиссері бар, ол - Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мажит Гафури атындағы Башқұрт Мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері. Халықаралық театр байқауларында аты шыққан, театр сыншыларының аузына ілігіп жүрген дарын иесі десек, қате болмас. Мәскеуге барып, спектаклін қойған. Сол режиссерді де шақырған едік.Айрат Абушахманов қазір «ЖҰТ» драмасын сахнаға дайындап жатыр. Қойылымның авторы - Мәскеуде тұратын қазақ жігіті,драматург Олжас Жанайдаров. Драмада 1930 жылдары қазақ халқының басына түскен ашаршылық нәубеті суреттеледі. Сол кезең мен қазіргі заман арасын параллель алып отырады. Оқиға Мәскеуде өтіп жатады. 1932 жылғы аштықты көрген адамның немересі қазір журналист болған. Қысқасы, айтатын ойы бар туынды. Ұтымды дүние шығады деп күтіп отырмыз.Қаңтар айының 27-28 күндері «ЖҰТ» драмасының премьерасы өткізілмек.

- Өткен жылды қалай қорытындыладыңыздар?- 2015 жылы желтоқсан айында Мәскеуде өткен «Золотой Витязь» атты халықаралық театр фестиваліне қатысқан Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымы «Алтын Витязьға» ие болып, бас жүлдені алып келді. Талғат Теменовтің «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын алып барған болатын. Шығармашылық ұжымда да жетістіктер болып жатыр. Жыл қорытындысында әртісіміз Қуандық Қыстықбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Сондай-ақ бір әртісіміз «Құрмет» орденімен марапатталса, екі өнер иесі жастар сыйлығына ие болды. Өткен жылы жазда қала әкімдігі әртістерімізге үш пәтер берген еді, жылдың соңында тағы да үш пәтер беріліп отыр. Жуырда Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев арнайы келіп, театр ұжымымен кездесті. Онда шығармашылық және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Ұжымда жастар басым болғандықтан, олардың балаларын балабақшаға орналастыруда проблемалар туындап жүргені жасырын емес. Әкімнің орынбасарымен өткен кездесуде осы мәселе де қозғалды.

- Мешін жылы жүзеге асырғыларыңыз келіп отырған қандай жоспарларыңыз бар?

- Биыл - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Біздің театрымызға да 25 жыл толады. Осы мерейлі датаға арнап, жазда еліміздің облыстарынан, шетелден театр ұжымдарын шақырып, бір театр фестивалін өткізу ойымызда бар. Бұл бастамамызды қала әкімдігі де қолдайды деп сенеміз.

Бұл театрдың әу баста шаңырағын көтерген Жақып Омаров ағамыз көп еңбек сіңіріп, өнер ұжымын жолға салып кеткені белгілі. Содан кейін Қадыр Жетпісбаев деген режиссер ағамыз да осы театрды басқарған. Ұлы режиссер, халық әртісі, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің осы ұжымға он жылдай басшылық жасап, жоғары деңгейге көтеріп кеткенін жақсы білесіздер. Осы азаматтардың есімдерін атап, аталған фестивальда жүлде тағайындау туралы ойымыз да бар. Сондай-ақ өмірден өтіп кеткен әртістер де бар. Арасында жастай қайтыс болғандары да кездеседі. Оларды да еске алып, құрмет көрсету шараларын жүзеге асырғымыз келеді.

- Істеріңізге сәттілік тілейміз.


70 мемлекет ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады

 Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде  министрдің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс мырзамен кездесті. Онда Елші Латвия үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыс етті.

Жүздесу барысында тараптар «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастықтың келешегі жөнінде пікір алмасып, Астанада өтетін көрмеге Латвияның қатысу мәселелерін талқылады. Осыған орай, Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар, комиссар латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне тың серпін беретінін атап өтті.

Ю. Погребнякстың айтуынша, Латвия Халықаралық көрме бюросына мүше емес  елдердің қатарында бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. Елшінің сөзіне қарағанда, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растау арқылы Латвия Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетіп отыр.

Айта кетерлігі, Латвия 2020 жылға дейін әлемдегі мейлінше «жасыл» мемлекет атануға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі. Осыған орай, Елші Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасуға дайын екендігін атап өтті.

«Латвия - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасын даярлау бастамасын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Латвияның жаңартылатын энергия көздері бойынша тұтыну үлес көрсеткіші 37,1 пайызды құрап, Еуропа Одағы шеңберінде Швециядан (52,1) кейінгі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, Латвия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растаған 70-ші мемлекет болып табылады.

Ә.Исекешев пен Ә.Жақсыбеков елорданың инновациялық кәсіпорындарында болды

 Бүгін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елорда  кәсіпорындарының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Олар газдалған алкогольсыз сусындар шығаратын «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «КСС-Астана» ЖШС-нің шыны өңдейтін зауыты, «Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық Компания» ЖШС-ға қарасты «KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешені, электрондық-оптикалық құралдар шығаратын «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС мен металл конструкциялар мен «сэндвич»-панельдер шығаратын «СПЭН қоршау конструкциялары зауыты» ЖШС зауыттарында болып, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Қалыптасқан экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан кәсіпорындардың барлығы жұмыстарын жалғастырып қана қоймай, қазіргі заманғы технологияларды және жаңа жобаларды жүзеге асырып, тұрғындарды жұмыс орындарымен, ал бюджетті тұрақты салық түсімдерімен қамтамасыз етіп, өз өндірістерін және өткізу нарығын ұлғайтуды жоспарлауда.

«Кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолайлы инвестициялық климат үшін жағдай жасау біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады»,- деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы Елбасының жеке араласуымен ШОБ пен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары жыл сайын артып отырғанын атап өтті. Бұған Астана нақты мысал бола алады.

Жалпы бүгінде «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының №1 индустриалды паркінде жалпы көлемі 187,5 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. №1 индустриалды паркінде игерілген инвестициялардың көлемі өткен жылы 36,5 млрд. теңгені құраса, 162,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Индустриалды паркті дамыту аясында 2015 жылы жалпы құны 33,5 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба қолға алынды. Олар жобалық қуатқа шыққан кезде 1800 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Айта кету керек, Индустриалды парк аумағында 2013 жылдан бері 2853 жаңа жұмыс орны ашылған.

Индустриалды парк жанында орналасқан «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС зауыты 2015 жылғы маусымда пайдалануға берілген. Инвесторлардың айтуынша, бүгінде өндірістің жылдық көлемі жылына 100 млн. литрді құрайды, ал 2020 жылы оны төрт есеге ұлғайту жоспарланған. Зауыт өнімдері Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарынан басқа Қырғызстан мен Тәжікстанның нарығына да экспортталады.

 «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС  тепловизор, оптикалық жүйелер сияқты инновациялық өнімдер шығарады. Осы сияқты жоғары технологиялық өнімдер әлемнің дамыған бірнеше мемлекетінде ғана шығарылады. Жоба Қазақстанның қарулы күштерін және басқа да ведомстволарын қажетті оптроникамен қамтамасыз ету, сонымен қатар, өнімдерге техникалық және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорында 129 жұмыс орны ашылған. Электрондық-оптикалық құралдар, түнде көретін құрылғылар, тепловизорлар шығаратын зауыттың мақсатты нарығы Қазақстан, ТМД, Түркия, Үндістан, Қытай және т.б. мемлекеттер болып табылады.

Сонымен қатар, №1 Индустриалды парк аумағында шыныны өнеркәсіптік өңдеу зауыты орналасқан. Энергия үнемдеу және техникалық регламенттерді сақтау жөніндегі үкіметтік бағдарламаны қолдау үшін салынған зауытта әлемдік Lisek (Австрия), BiesseS.p.A (Италия), Bistronic (Германия), Glaston (Финляндия) өндірушілерінің заманауи автоматтандырылған қондырғыларымен жабдықталған шыныны қайта өңдейтін қауіпсіз құрылыс материалдары қолданылады. Зауыт өндірісінің мүмкіндіктері Қазақстанның құрылыс нарығын энергия үнемдейтін қауіпсіз шыны өніммен қамтамасыз етуге, құрылыста жаңа архитектуралық шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорын қасбеттік және безендірілген шыны пакеттер, интерьерлік, брондалған және электрмен қыздырылатын шынылар шығарады. Қазіргі кезде зауыт өнімі Астананың құрылыс алаңдарында пайдаланылады. Бүгінгі таңда жалпы құны 623,8 млн. теңгенің 70,4 мың шаршы м. шыны өнімі өткізілді. Қазіргі кезде зауытта «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша оқытылған 78 маман жұмыспен қамтылды.

«KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешені  «ПИК «Ютария ltd» ЖШС жақында (желтоқсан 2015ж.) пайдалануға енгізген кәсіпорын. Кешен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда және ол еліміздің «Индустриаландыру картасы» мемлекеттік бағдарламасына енді, бұл ретте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан кепіл беру және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмдері қолданылды. Кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп саласынан өнеркәсіптік машина жасау саласына ауысып, ҚР және ТМД кәсіпорындары үшін тігін және арнайы жабдықтар әлемінде белгілі «ZOJE» брендінің автоматтандырылған қондырғыларын құрастыруға және жеткізуге бағытталған. Жаңа өндіріс негізінен әйелдер үшін 350 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, фабрика халыққа арналған тігін және трикотаж ассортиментіндегі тауарлар мен ЕХРО-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуге бағытталған өнімдер шығаратын болады.

Металл конструкциялар мен «сэндвич»-панельдер шығаратын «СПЭН қоршау конструкциялары зауыты» кәсіпорыны өткен жылдың соңында пайдалануға берілген, қазіргі кезде 816 млн. теңгенің өнімін шығарды. «MDI» (Австралия) фирмасының «сэндвич»-панельдер өндірісі жолға қойылып, жобалық қуаттылыққа шыққан соң жылына 900 мың м2 «сэндвич»-панель (қабырғаға, төбеге арналған) шығарылатын болады. Әзірге, өндірісте 20 адам жұмыс істейді, бірақ қосымша жұмыс орындарын ашу көзделген.

Бағдарлама бойынша соңғы пункт «Универmag.kz» «Қазақстанда жасалған» отандық өнімдер сату орталығы болды. Дүкен өткен жылдың соңында ашылды. Бір айдың ішінде тауар айналымының көлемі 6 млн. теңгеден асты, мұнда қазақстандық 35 тауар өндірушінің өнімдері ұсынылған. Кәсіпкерлер елорда тұрғындары тарапынан отандық өнімдерге тұрақты қызығушылық бар екенін атап өтті, сондай-ақ, кәсіпкерлер осы сияқты дүкендерді еліміздің өзге аймақтарында да ашуға ниетті.        


Астананың 400-ден астам құрылыс салушылары нысандарды қабылдаудың жаңа тәртібін талқылады

 Бүгін қалалық әкімдікте объектілерді пайдалануға қабылдаудың жаңа тәртібін талқылау және түсіндіру бойынша кеңес өтті. Кеңеске ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Жасұлан Сүйіншалиев, сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун қатысты.

Жаңа ережелерді талқылауға қаланың 420 құрылысшы компаниясы қатысты, деп хабарлады  astana.kz.

Объектілерді қабылдау ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылдау, жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясы сияқты түсініктер алынып тасталды, ал объектіні пайдалануға қабылдау процесіне объектінің құрылысына тікелей қатысқан тұлғалар ғана, атап айтқанда, тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау қабылдаушы тарап болып қатысады.

Бұл ретте салынған объектіні қабылдау актісі келесі шарттарды сақтай отырып, тапсырыс берушімен бекітіледі:

- құрылыс аяқталған соң мердігер тапсырыс берушіге объектіні пайдалануға қабылдауға дайын екендігі туралы декларация;

- техникалық қадағалау құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды;

- авторлық қадағалау орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытынды ұсынады.

Объектіні бұзушылықтармен және құрылысында кемшіліктер бола тұра, пайдалануға қабылдаған жағдайда, объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Демек, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар, соның ішінде сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік сәулет-қүрылыс бақылау, өртке қарсы қызметтер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер және басқа да мүдделі қызметтер салынған объектілерді пайдалануға қабылдау процесіне тікелей қатыспайды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау арқылы, сондай-ақ, тараптардың құрылыс барысындағы бұзушылықтар туралы өтініштері бойынша іске асырылады.

1. Бұдан басқа, инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру бойынша қызметтерді жеткізушінің объектіні пайдалануға қабылдамас бұрын сәйкестік туралы декларацияға қол қоятынын атап өткеніміз жөн.

2. Сондай-ақ, Заңның 73-бабында объектіні әділет органдарына тіркеу үшін Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында тіркелген бекітілген қабылдау актісі негіз болып табылатыны қарастырылған.

Кеңес қорытындысы бойынша, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына кезекші жоспар аясында хабарласқан уақыт жағдайында объектіні қабылдау актісін тіркеп, тексеру жүргізу ұсынылды. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, құзыретті органдарға тиісті хаттар жолданады.  

 

 Астана қаласы ҚХА ғылыми қоғамдастығы алдағы сайлауды өткізуді қолдайды

2016 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің сайлауын қолдау бойынша отырыс өткізді.

Отырысқа Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының (одан әрі - Астана қ. ҚХА ҒСТ ), елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен БАҚ қатысты.

Шараның мақсаты - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша бастаманы қолдау үшін Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерінің бірыңғай позициясын құру.

Отырысқа қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелерді және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу қажеттілігін талқылады, деп хабарлайды astana.kz.

Астана қ. ҚХА ҒСТ төрағасы Видади Салахов заң шығарушы биліктің және Қазақстан халқы Ассамблеясының тығыз өзара әрекет етуінің маңызды екендігін айтты.

«Заң шығарушы билік - мемлекеттің дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың басты элементі, мемлекеттің одан әрі тұрақты дамуының фундаменті. Бүгінде заң шығарушы билік пен Қазақстан халқы Ассамблеясының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жалпыұлттық бірлікті нығайтудың негізі ретінде дамыту аса маңызды болып отыр», - деп атап өтті В. Салахов.

Елордалық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Астана қ. ҚХА ҒСТ мүшесі Салман Героев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы - Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы саясатын табысты іске асырудың кепілі екендігін жеткізді. «Сайлауды өткізуді қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар талап етуде».

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Парламентіне жаңа тұлғалар, заманауи және белсенді халық өкілдері қажет деген ортақ пікірге келді, өйткені тиімді Парламент - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудің маңызды факторлардың бірі және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі.

 

 Еріктілер Астана мұз айдынында ЭКСПО мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай флэш-моб ұйымдастырды

 Бүгін елордадағы Ақбұлақ арнасында орналасқан мұз айдынында Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығына, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында «ЭКСПО-2017 еріктілер сағаты» атты флэш-моб өтті.

Шараны «Жас Отан» жастар қанаты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырды. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты  жастар арасында «ЭКСПО-20170» халықаралық көрмесінің танымалдығын арттыру, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге жастарды кеңінен тарту.

Акция аясында шаңғы тебу, конькимен, шанамен сырғанау сынды қысқы спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Бәсекеде бағы жанып, алғашқы орыннан көрінген жастарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетерлігі, бұл акцияға «Жас Отан» жастар қанаты жастар ұйымының, Қазақстанның еріктілер альянсының мүшелері, «Жасыл ел» республикалық штабының мүшелері, оқушылар мен жұмыс істейтін жастар қатысты.    

Астана полициясы есірткіге қарсы акцияға кино, спорт және денсаулық сақтау саласының өкілдерін жұмылдырды

 Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің қаупін жастардың санасына сіңіру мақсатында елорданың ішкі істер департаменті ұйымдастырған акцияға аталған университеттің 600-ге жуық студенті қатысты. Акцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полция полковнигі Қайрат Нұрымов синтетникалық есірткінің адам ағзасына тигізер зияны жайында кеңінен мағлұмат берді.Өз кезегінде «Барыс» хоккей клубының вице-президенті Арман Нұрымбетов жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал «Алдар көсе», «Қара шаңырақ» сериалдарында, «Жан жүрегім - Астана», «Жау жүрек мың бала» фильмдерінде Елбасы Н.Назарбаев жайындағы киноэпопияда басты рөлдерді сомдаған актер Дәурен Серғазин өзінің актерлік мансаб жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, жастарды алға қойған мақсаттарға табандылықпен жетуге шақырды. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері синтетикалық есірткінің зиыны жайында айтып берді. Айта кетерлігі, мемлекет тарабынан қолға алынған осындай шаралардың нәтижесінде есірткі қолданатын ел тұрғындарының саны соңғы 5 жылда 37,6 пайызға ( 49 795-тен 31 049 адамға), төмендеді.


Елордада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтуде

 Елордада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтуде. Шараны ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің қолдауымен Астана қалалық Білім басқармасы ұйымдастырып отыр.

Қалалық білім басқармасы таратқан ақпаратқа қарағанда, ақпанның 10-ына дейін жалғасатын бұл шараның мақсаты - тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалардың басқа санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

Акцияның басымды міндеттерінің бірі - оқушылардың сабаққа бармауының себебін анықтау, материалдық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды қолдану, қоғамды аз қамсыздандырылған және тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көммек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға тарту.

Акция аясында келесідей іс-шаралар өткізіледі: тұрмысы төмен отбасыларды, қараусыз және бақылаусыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; мектеп жасындағы балалардың себепсіз мектепке бармау жағдайларын анықтау үшін білім беру ұйымдарының өкілдері, медицина қызметкерлері, ата-аналар, ішкі істер органдары, ПИК өкілдері енген жұмыс тобының қызметін белсендіру; халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар, соның ішінде жалпыға міндетті оқу қорынан; мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерінен, меценаттар және демеушілерден тұрмысы төмен отбасыларға қамқоршыларды бекіту.

Мектептерде акция бойынша сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық концерттері, жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Мұқтаждарға барлық тілек білдірушілер көмек көрсете алады және тиісті ақпаратты +7 (7172) 55-68-74, 55-72-49 телефондарына хабарласу арқылы алады. Осы акция туралы мәліметтер қала көшелерінде де орналастырылады.

Акция қорытындысы 2016 жылғы 18 ақпанда шығарылады.

 Елордада «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты форум өтеді

 Астана қаласының Білім басқармасы 28 қаңтарда ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты форум ұйымдастырады. Шара елорданың кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушылары арасында өткізіледі, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан. 

Форумның мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу, даму кезеңдерін жоғарғы оқу орындарының, колледж бен мектеп оқытушылары арасында ғылыми-зерттеу әлеуетін тереңдете отырып тарату, білім беру ұйымдарының тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушыларының білім беру тәсілі саласындағы тәжірибе алмасу.Алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, ҚР Тұңғыш Президенті және Ұлттық мұражайларының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Ұлттық кітапхананың, «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінің қызметкерлері қатысқалы отыр.Форумда қазіргі қазақстандық қоғамның жетістіктері мен болашақтағы даму жолы, Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздері, Ұлт көшбасшысының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюы жолындағы тарихи рөлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және қазақстандық бірлік, толеранттылық моделін қалыптастыру үлгісі, қазіргі қоғамдағы білім беру ұйымдарында тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндерді оқыту ерекшеліктері мен инновациялық тәсілдері және т.б. мәселелер талқыланады.Форум жұмысының қорытындысы ретінде: ұсыныс дайындау және «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты Астана қаласы кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушыларының ғылыми-тәжірибелікмақалалар жинағын жариялау, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарды марапаттау көзделген.


Астана әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл таныстырылды

 Бүгін Астана әкімдігінің аппарат отырысында Әдеп жөніндегі уәкіл таныстырылды. Бұл жаңа қызметті қала әкімінің кеңесшісі Рахат Бекқадамов қоса атқаратын болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Жаңа лауазымды қызметті тағайындау ең алдымен әкім аппараты жұмысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Әділбек Жақсыбеков бұған дейінгі аппарат отырыстарында әкімдіктің барлық қызметкерлері өз жұмысында мемлекеттік қызметшінің жаңа Әдеп кодексін басшылыққа алуы тиіс екендігін атап өткен болатын. Енді осы нормалар сақталмаған жағдайда кез келген азамат Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады. Заңға сәйкес, Р. Бекқадамов азаматтарды қабылдауды өз бетінше жүргізетін болады. Сонымен қатар, жаңа институтты енгізу Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментпен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментімен өзара әрекет етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бүгін сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш 2015 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Баяндама соңында қала әкімі өз орынбасарларына жетекшілік ететін салалары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Бұл ретте қаланы абаттандыру және өмір-тіршілігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау күн тәртібіндегі басты мәселелер болып қала береді. Астана әкімі халықпен кері байланыс орнатуға ерекше назар аударып, бұл жағдай ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс екенін ескертті. Өткен аптада «Есіл» және «Алматы» аудандары әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өтті.Осы аптада «Сарыарқа» ауданында есеп беру кездесулері өтеді. Аудандық әкімдіктер мен қалалық басқармалар кездесулерде көтерілген мәселелердің барлығын міндетті түрде өздерінің күнделікті жұмыстарында ескеретін болады.


Павел Кулагиннің есеп беруінде «Көктал» тұрғын алабын газдандыру мәселесі көтерілді - Астана

 Елордада халықпен есеп беру кездесулерін Сарыарқа ауданының әкімі Павел Кулагин жалғастырады. Бүгін «Көктал» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу «Наз» би театрында өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  

Есеп беру шарасын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашты, кездесуге басқармалардың басшылары, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері мен депутаттар қатысты.- Есеп беру кездесулері жыл сайын өткізіледі, бұл қала тұрғындарына жергілікті атқарушы органның қызметі, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуға, сондай-ақ әр адамға мәселелерді сол жерде шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді, - деді Ермек Аманшаев.2015 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын шығарғаннан кейін «Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагин қала тұрғындарының сауалдарын тыңдады. Елордалықтар тұрғын алабын абаттандыру, ғимараттардың сырт келбеті, экологиялық жағдай, ауданды энергиямен жабдықтау мәселелеріне тоқталды. Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық сала, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, құрылыс және тұрғын алабын газдандыру мәселелері көтерілді.Айта кетейік, өткен жылы есеп беру кездесулеріне 1410 адам қатысқан. Жалпы, әлеуметтік сипаттағы, атап айтқанда, қоғамдық көлік, жол салу және жөндеу, абаттандыру, кәсіпкерлік және т.б. мәселелерге қатысты 101 өтініш пен ұсыныс келіп түскен.Еске салайық, «Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагин тұрғындармен тағы да төрт кездесу өткізеді. Келесі халықпен есеп беру кездесуі ертең сағат 11.00 «Өндіріс» тұрғын алабында өтеді.     


Астанада семинар барысында оқытушылар «Тазалаушы» роботты құрастыруды үйренді

 Елордалық мектептерде жұмыс дағдысын кеңейту үшін түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Тиісті шаралар барысында олар жаңа білім алады. Басым салаларға компьютерлік технологиялар, соның ішінде робототехника жатады. Робототехника - өндірістің маңызды техникалық негізі болып табылатын автоматтандырылған техникалық жүйелер құрастырумен айналысатын қолданбалы ғылым.

22-24 қаңтар аралығында №76 мектеп-лицейде «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен қалалық мектеп оқытушыларына арналған «Қазіргі заманғы мектептегі робототехника» атты семинар өтті. Семинарға елордалық мектептерден 37 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты - оқытушылар мен оқушыларды робототехника саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпарат пен бастапқы инженерлік біліммен алмасуға тарту, жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамыту.

Семинарға қатысушылар роботоплатформаның құрамдас бөліктерін басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалаудың және бағдарламалар жазудың негізгі түсініктерімен танысты.  Робототехникалық конструктордың негізінде 3D-модельдеуді де үйренді, 3D-құрастыру мен 3D-баспаның негізгі түсініктері тәжірибе жүзінде түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар пультпен басқарылатын жолдағы кедергілерді көріп, автоматты түрде жарықты қосатын қарапайым «Тазалаушы» роботты құрастырды, деп жазады astana.kz.

 
Елордалық гид-экскурсия жүргізушілер «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатыса алады

 Астанада гид-экскурсия жүргізушілерді «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасына енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Елордалық экскурсия жүргізушілерге қала әріптесі мәртебесін беру бағдарламасының негізгі мақсаты шынайы ақпаратты ұсыну қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шетелдік қонақтарға Астана мен Қазақстан туралы барлық қажетті ақпаратты халықаралық стандарттар талаптарына сай экскурсия жүргізушілерден алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады astana.kz.

- Әріптестік мәртебесі Астана қаласының кепілі және гидтің барынша сапалы қызмет көрсетуінің белгісі. Біз бағдарлама аясында барлық қойылған талаптарға сай келетін гид-экскурсия жүргізушілердің бірыңғай тізілімін жасаймыз. Олар дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынатын болады, шет тілдерін жақсы меңгереді және т.б., - деді «Астана Конвенш Бюро» өкілі Айнұр Жанабілова.

Талқылаудың қорытындысы бойынша жұмыс тобына қатысушылар - «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасын ұйымдастырушылар, туризм саласының, елорданың білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері - гид-экскурсия жүргізушілерді бағалау бойынша тиісті талаптар әзірледі. Бұл ұсыныстар «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасының комиссиясында қаралады. Гид-экскурсия жүргізушілер бағдарламаға қатысуға өтінімді жеке және ұйымның атынан ұсына алады. 

 
А.Есімов Елбасына ЕХРО құрылысын бірнеше млрд. теңгеге оңтайландыру туралы жаңа ұсыныс енгізеді

ҚР Президентіне ЕХРО құрылысын бірнеше млрд. теңгеге оңтайландыру туралы жаңа ұсыныс енгізіледі. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңестің отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Бүгін мен Президентке барамын. Тағы да құрылысты оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізетін боламын. 78 млрд. теңгеге оңтайландыруды бұған дейін мақұлдаған болатын. Қазір бірнеше миллиардты құрайтын жаңа ұсыныс жасамақпын. Егер қолдап жатса, бұл жайында сіздер бүгін еститін боласыздар. Бұған қоса, осыған дейін жоспарланған барлық қызметтер толығымен сақталады», - деді А.Есімов.  

 
Соңғы 5 айда отандық компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан 32,3 млрд. теңгенің тапсырысын алды - А.Есімов

 Соңғы 5 айда отандық компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан 32,3 млрд. теңгенің тапсырысын алды. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңестің отырысында  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.

«ЭКСПО  нысандарын салу ісіне біздің отандық кәсіпорындар мен тауар өндірушілердң қатысқандығын қалаймыз. Біз ЭКСПО  қиын дағдарыс уақытында отандық бизнеске қолдау көрсететін мемлекеттік жобалардың бірі деп санаймыз. Іс жүзінде ЭКСПО құрылысына Қазақстанның барлық өңірлері қатысуда», - деді А.Есімов аталған компания жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысында.

Оның атап өтуінше, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы барлық облыстармен және Астана мен Алматы қалаларымен арнайы меморандумдарға қол қойған.

«Соңғы 5 айда ЭКСПО құрылысына 243 отандық кәсіпорын тартылды. Олар 32,3 млрд. теңгенің тапсырыстарын алды. Тағы да 11 млрд. теңгеге қызметтер көрсетілетін болады. Әрине, бұл - жаңа жұмыс орындары, жұмыс орындарын сақтау. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғастырыла беретін болады. Өйткені, Президент тапсырма жүктеді. Импорттық тауарларға қарағанда отандық өнімдер біршама арзан», - деді ол.

«Астана ЭКСПО-2017» Қоғамдық кеңесінің төрағалығына Е.Сыдықов сайланды

 Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы барысында оның төрағасы қызметіне Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сайланды.

«Қазір мен ең алдымен қоғамдық кеңестің төрағасын сайлап алуды ұсынамын. Одан кейін сіздердің тараптарыңыздан сауал туындайтын болса, мен бірден жауап беруге дайынмын», - деген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов төраға қызметіне кандидатура ұсыну үшін сөзді қоғам қайраткері, журналист Артур Платоновқа берді.

«Ерлан Батташұлы Сыдықовты ірі қоғам және саяси қайраткер, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры ретінде білеміз. Ол барынша лайықты кандидат», - деді ол.

Осыдан кейін отырысқа қатысушылар Е.Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

«Ерлан Батташұлы елімізге есімі танымал адам. Белсенді қоғам қайраткері, біздің ең ірі жоғары оқу орындарымыздың бірі Еуразия ұлттық университетіне басшылық жасайды. Бұл университетті құруға мемлекеттің қаншама күш-жігері, қаржысы жұмсалғаны, Президенттің өзі айрықша назар аударғаны есімде. Қазіргі уақытта бұл университет ғылым, кадрлар дайындау саласында жетекші білім ордасы болып отыр, табысты жұмыс істеуде. Сондықтан да мен дұрыс таңдау жасалды деп білемін. Сізді тағы да құттықтаймын», - деді А.Есімов. 

 
Жемқорлық жанжалы қажет емес - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» төрағасы

 «ЭКСПО-2017» төңірегіндегі жемқорлық жанжал енді қажет емес. Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында компания басшысы А.Есімов осылай деді.

«Өкінішке орай қолайсыз оқиғамыз да бар. Мұндай жанжал ендігі уақытта бізге қажет емес. Өйткені, ол көрменің имиджіне, сонымен бірге ұлттық компаниямен қатар идеяның өзіне де зор зиянын тигізеді.  Бұған дейін атап өткенімдей, көрме өткізу идеясы әлемде зор қолдауға ие болып отыр. Қазірдің өзінде 70 ел қатысатындығын қуаттады, ал біз 100-ден астам ел қатысады деп жоспарлап отырмыз. Бұл сан осы жылдың ішінде болады. Оған ешқандай күдік жоқ», - деді А.Есімов  .

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта көрмеге қатысатындығын Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Швейцария сынды елдер ресми қуаттаған.

«Өйткені, көрме тақырыбының өзі барынша өзекті. Егерде осыдан бір жыл бұрын ешкім де мұнай бағасына қадағалап отырмаған еді.  Бүгінде ұлттық валюта бағамының мұнай бағасына тікелей байланысты болуы себепті адамдар мұнай бағасы көтеріле ме немесе түсе ме деп бақылап отырады. Ал біз энергия өндіруші ел ретінде мұны жақсы сенеміз. Мұны еліміздің әрбір тұрғыны да жете сезініп отырғаны анық. Сондықтан энергияның дәстүрлі көздеріне тәуелділіктен арылып, балама энергия көздеріне бет бұруымыз қажет»,-  деді компания басшысы. 


2017 жылға дейін 90 849 ш/м апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу жоспарланған - Павел Кулагин

 «Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагиннің №49 мектепте өткен есеп беру кездесуіне «Өндіріс» тұрғын алабының 200 астам тұрғыны келді. Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қатысты.

Павел Кулагин өткен жылдың қорытындысын шығарып, аудандық коммуналдық қызметтердің жұмысына, абаттандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға тоқталды. Тұрғындар өз сауалдарында көшені жарықтандыру, жол жөндеу, су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жолаушылар тасымалдау мәселелерін көтерді. Қала тұрғындарын мазалайтын басты мәселелердің бірі - ескі үйлерді бұзу және оның орнына жаңадан пәтер алу.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында «Астана қаласында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаға сәйкес, 2013-2017 жж. жалпы ауданы 90 849 шаршы метрді құрайтын апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу жоспарланған, бұл 2 073 пәтер», - деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагин.Сонымен қатар, кездесу барысында аудан тұрғыны мектептің жанынан спорт алаңын жасап, қыста оның орнына мұз айдынын салуды ұсынды. Павел Кулагин бұл идеяны құптап, жобаны іске асыратын ұйымдастырушыны табуға уәде берді.

 





Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы А. Есімовті қабылдады

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.А.Есімов кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы баяндады.Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында таяу жылдары алда ауқымды жұмыстар тұрғанына тоқталды. Атап айтқанда, көрмеге қатысушылардың түпкілікті құрамын анықтап, Қазақстанның павильоны мен өзге елдердің нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру қажет. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге және қонақтар қабылдауға елорда инфрақұрылымының әзірлігін қамтамасыз ету керек. Өзге де маңызды міндеттер қатарында сапалы мәдени бағдарлама әзірлеу, еріктілерді тарту, сонымен бірге көрме аумағын кейіннен халықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мәселелері бар. А.Есімовтің айтуынша, бүгінге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қатысатынын растаған, соның 35-і - дамыған елдер. Көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жалпы, Тіркеу досьесі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ұлттық компания көрмені өткізу шығыстарын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартты. Осылайша, бұрын жасалған қысқартуларды ескергенде, шығыстарды оңтайландыру көлемі жалпы 131 миллиард теңге болады. Бұған дейін топ-менеджерлер саны 15-тен 6-ға қысқарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін 12 пайызға оңтайландыру жоспарланған.Сонымен қатар, А.Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ісін әрі қарай ілгерілету мақсатында Давос қаласындағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумда ақпараттық науқан жүргізілгенін атап өтті.Көрме өткеннен кейін бұл аумақта БҰҰ қолдауымен Халықаралық жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру көзделуде. Елбасының былтыр БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында жариялаған бұл ұсынысы қазірдің өзінде өзге елдер тарапынан қолдау табуда. «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ісіне 230-дан аса қазақстандық кәсіпорын тартылып, жалпы құны 77 миллиард теңгенің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 30 миллиард теңгесі Астанада жұмыс істейтін компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағдарыс уақытында жаңа жұмыс орындарын ашып, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік жобалардың бірі болып отыр.А.Есімов көрме нысандарын салу жұмысы жоспарлы мерзімге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған, содан кейін көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру ісі басталады.Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Астана әкімінің орынбасарлары 1 ай бойы баспасөз мәслихатын өткізеді

 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елорда әкімінің орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның ресми өкілі Әсет Мақажанов мәлім етті.

«1 ай бойы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы әкімінің орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Баспасөз мәслихаттарының кестесімен ortcom.kz сайтынан танысуға болады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун «2015 жылғы елорданың құрылыс саласындағы жұмыстардың қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

 

 Астана тарихында құрылыс саласындағы үздік нәтиже орын алды

 Астана тарихында құрылыс саласындағы үздік нәтиже орын алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

«Өткен жылдың қорытындысында құрылыс жұмыстарының көлемі 472 млрд. теңгені құрап, 1 млн. 759 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл елорда тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған қоса, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 146 пайызғаартық», - деді елорда әкімінің орынбасары.

С.Хорошун алға тартқан деректерге сәйкес, өткен жылдың ішінде жалпы аумағы 2 млн. 371 мың шаршы метрді құрайтын 1135 түрлі нысандар пайдалануға берілген. Бұған қоса құны 132 млрд. теңгені құрайтын 107 әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған 4 жалпы білім беретін мектеп, 1720 балаға арналған 8 балабақша өз жұмысын бастаған.

«Денсаулық сақтау саласы нысандарынан 250 төсек-орындық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы, Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, сол жағалаудағы амбулаторлық-емханалық кешен, Президент Іс басқармасының клиникалық-оңалту орталығы пайдалануға берілгенін атап өткім келеді», - деді ол.

 

 Елордада 62 көппәтерлі апатты үй сүрілді - С.Хорошун

 Өткен жылы елордада апатты жағдайдағы 62 көппәтерлі тұрғын үй сүріліп тасталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 343 мың шаршы метр, оның ішінде ескі және апатты үйлерді сүру жобасы аясында 151 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», -  деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған ілкі жоба қолға алынған сәттен бері ескі және апатты үйде тұрып жатқан көптеген астаналықтар қайтарымсыз негізде жаңа пәтерлерге ие болған.

«Ілкі жоба жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері апатты үйде тұрып жатқан қала тұрғындарына 1762 пәтер қайтарымсыз негізде берілді. 62 ескі көппәтерлі тұрғын үй сүріліп тасталды», - деді С.Хорошун.

Елорда әкімінің бірінші орынбасары атап өткендей, бекітілген кестеге сәйкес ілкі жобаның бірінші кезеңі 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында аяқталатын болады.

 
Астанада көпдеңгейлі тағы 4 паркинг салынады - С.Хорошун

 Астанада көпдеңгейлі тағы 4 паркинг салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

«Әкімдік қолда бар қаржы ресурстарының тапшылығын ескере отырып, халықаралық қаржы ұйымдарымен займдар мен несиелер, сонымен бірге мемлекеттік жеке-серіктестік қаржысын тарту жұмыстарын жүргізуде. Оның аясында ағымдағы жылдың өзінде біз 4 балабақша, 4 амбулаторлық-емханалық кешен және көпдеңгейлі 4 паркинг құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыра бастауды жоспарлаудамыз», - деді елорда әкімінің бірінші орынбасары.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта елордада 2591 нысан құрылысы жүргізілуде, сонымен бірге 195 нысанның құрылысы жобалану үстінде.

«Біз 2016 жылы жалпыэкономикалық конъюктураның дамуындағы теріс тенденцияға қарамастан құрылыс саласында экономика өсімі қарқынын 104 пайыздан түсірмейміз деп жоспарлап отырмыз», - деді С.Хорошун.

 
С.Хорошун елордадағы сәулет және құрылыс саласындағы заңның бұзылуын жіктеп берді

  Өткен жылы елордада құрылыс саласындағы 909 бұзушылық тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

«Бұл мәселе әкімдіктің және ведомствоаралық комиссияның барлық мүшелерінің үнемі бақылауында тұр. Өткен жылдың ішінде құрылыс саласындағы 909 бұзушылық және тұрғын үйді заңсыз салудың 37 фактісі анықталды. Олар бойынша мемлекеттік органдар тарабынан нақты шаралар қабылданды»,-  деді ол.

Осы ретте С.Хорошун сәулет және құрылыс саласындағы заңның бұзылуын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болатынын атап өтті.

«Біріншісі - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұза отырып нысан құрылысын жүргізетін құрылысшылар. Бұған қоса, өздерінің инвесторларының да қаражаттарын мақсатсыз пайдаланып жатады. Екіншісі - бекітілген кестедегі мерзімнен айтарлықтай кейін қала отырып, салынып жатқан нысандар. Үшіншісі  нысан құрылысын өз беттерінше бастаған құрылысшылар. Дегенмен, өткен жылы біз өз бетінше құрылысты бастап кетуге қатысты бұзушылықтарды аз кездестірдік. Санаулы ғана деректер бар. Өйткені, құрылысшылар айыппұл төлегеннен гөрі дұрысы заңмен бекітілген тәртіппен рұқсат алу қажеттігін түсінді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды ескерместен салынып жатқан нысандар барынша проблемалы болып тұр.

 
«Астананың» жартылай қорғаушысы Фокси Түркияның футбол клубына ауысты

 «Астана» футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнаған Фокси Кетевоама Түркияның «Газиантеп ББ» футбол клубына ауысты. Бұл туралы «Sports.kz» порталына сілтеме жасай отырып, «Астана» футбол клубының ресми парақшасы хабарлады.

«Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы маусымдарындағы ең талантты футболшылардың бірі, «Астана» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фокси Кетевоама Түркия чемпионаттарының бірімен 1,5 жылға арналған келісімшартқа қол қойды.

«Түркия тарапынан айтылған ұсыныс маған өте қызықты көрінді. Сондықтан, осындай шешім қабылдадым. «Газиантеп ББ» командасын Түркия чемпионатының жоғарғы лигасына шығара аламын деген үмітім бар. Мен команданың жаттықтырушысымен, клуб басшылығымен сөйлестім, клуб мені қатты қызықтырды», - деген Фокси өз сұхбатында.

«Ал, «Астана» футбол клубында жүргенде ойнаған кездесулердің қайсысын ешқашан ұмытпайсың?» деген сұраққа Фокси: «Расын айтсам, қатты әсер алған ойындар өте көп. Дегенмен, алдыңғы маусымдардың бірінде «Қайрат»-ты 5:1 есебімен жеңген өз алаңымыздағы ойыннан қатты әсер алғанмын. Ал, УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындардың жөні мүлде бөлек. Міне, сол ойындардың әрқайсысын өмір бойы есіме аламын. Бүкіл Қазақстан «Астана-Аренаға» жиналып, біздің команда үшін жанкүйер болған сәттерді ұмытпаймын», - деп жауап берген.

«Мен Қазақстанда бақытты күндерді бастан кешірдім, - дейді футболшы: Жүрегімнің жартысы Астанада қалды десем де болады. Барлық әріптестеріме алғысым шексіз», - деген өз сөзінде Фокси. 

 
ҚР Ұлттық музейінде «Жыр керуені» дәріс-концерті өтеді

 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Бұл «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты бағдарламасы аясында өткізгелі отырған тұңғыш шарасы.

Жыраулық дәстүрдің тарихы Күлтегін, Тоныкөк, Орхон Енисей жазуларынан, Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан бас­талады. Сол жердегі сөз тіркестері де, ондағы мадақ та жыраудың аузынан шыққан деуге толық негіз бар. Одан кейінгі кезеңдерде Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулар жалғасады.

Жыраулар сөзінде биік рух, қайрат, күш бар. Жыраулар елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз ашық айтқан. Бүгінгі таңда жыраулардың мұралары арқылы тарихи сананы ояту, жырларды қалың көпшілікке насихаттау аса қажет.

Дәріс-концертті белгілі жырау, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов жүргізеді.  

Шараға  Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Жыршылық өнер» кафедрасының студенттері қатысады.

 

Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне топтау басталады

 Елордада кезекте тіркелген барлық жастағы балаларды жаңа қосылып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жоспарлы қабылдау жарияланады. Балаларды балабақшаларға қабылдау 2016 жылғы 15 ақпан мен 11 наурыз аралығында жүргізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қала тұрғындарының назарына! Топтау кестесін мұқият қарап, жолдама алу үшін баланың туу туралы куәлігі пен көрсетілген кезек нөмірімен Қарталы көшесіндегі №61 мектепке келу керек. Ол жұмыс тобы жұмыс тәртібін қалыпты өтуін сақтау үшін аса қажет. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бала топтау жұмыс тобымен 10.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін жүргізіледі, үзіліс - 13.00-ден 14.00-ге дейін. Топтау аяқталған соң 1 маусым қала әкімінің www.e.astana.kz ресми сайтындағы электрондық қызметтен кезектің жылжығанын көруге болады», - делінген хабарламада.

 
Биыл елордада Air Astana әуе компаниясының алғашқы ұшақжайы пайдалануға беріледі

Биыл Елордада Air Astana әуе компаниясының алғашқы ұшақжайы пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді. 

«Біз ұшақжайды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ол әуе компаниясының өз қаржысына салынып жатыр. Қазіргі таңда басқа қандай да бір әуе компаниясымен әріптестік орнату жағы қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ, болашақта ұшақжайды пайдалану бойынша қосалқы бөлшектерді жеткізушілермен және қозғалтқыш өндірушілермен келіссөз жүргізілуі әбден мүмкін», - деді өз сөзінде Air Astana әуе компаниясының аға ұшқышы Игорь Сегедин. 

Сондай-ақ, кездесу барысында ол журналистерге әуеге таралатын зиянды заттарды азайту бойынша тиісті шаралар қолданылып жатқандығын жеткізді.

«Air Astana-ның зиянды заттарды азайту бойынша қолданып жатқан шаралары бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші - бұл әуе флотын жаңарту. Ол зиянды заттардың әуеге таралуын азайтуға тікелей әсер етеді. Ұшақтар да машина сияқты ғой, ескірген сайын қозғалтқышлары әуеге зиянды заттарды соғұрлым көп таратады. Соңғы 2-3 жыл ішінде компания өзінің Airbus 320 ұшақтар паркін толығымен жаңартты. Ұшақтардың ұшу жиілігі 31 пайызға артқанымен, біз ұшақтарды жаңаратудың арқасында зиянды заттардың ауаға таралуын жылына 10 тоннаға дейін азайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда компанияның әуе паркінде 30 ұшақ бар. Олар: Boeing  Airbus және Embraer ұшақтары. Біз тағы да бірнеше Airbus ұшағын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оларға орнатылған жаңа қозғалтқыштар жанармайды 15 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Керосин аз жағылған сайын, зиянды заттар да аз тарайды. Тағы бір бағыт - ол, қалдықтарды азайту. Бізде ыдыстардың барлығы пластмассадан жасалған. Қазір компанияда қайта өңделмейтін қалдықтарды азайту бойынша арнайы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты, бізде әрбір 3-6 ай сайын тағамдардың, қоқысқа арналған қапшықтардың және басқа да заттардың құрамы тексеріліп тұрады», - деді ол.   

Сонымен қатар, кездесу барысында ұшу қауіпсіздігін сертификаттау мәселесі де көтерілді.

«Таяуда Air Astana әуе компаниясы авиациялық қауіпсіздік бойынша Еуропалық комитеттің «қара тізімінен» шықты.

2015 жылдың соңында компания аудиторлық тексеруден ойдағыдай өтті. Біз сондай-ақ, өткен жылы IOSA аудиторлық тексеруінен де ойдағыдай өттік. Енді мұндай тексерулер тек 2017 жылы жүргізіледі», - деді И. Сегедин. 


Астанада 25 қаңтардан 25 наурыз аралығында учаскелік полицейлер тұрғын үйлерді аралайды

 Астана қаласының учаскелік инспекторлары үйлер мен пәтерлерді аралауда, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» акциясының бірінші күнінде елордалық полицейлер 400 жуық ұсақ бұзушылықты анықтады.Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ғосман Жакиннің айтуынша, акция барысында учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен үйлерді аралап, әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін ІІБ кезекші бөлімдері мен учаскелік инспектордың байланыс телефондары жазылған карточкалар таратады.«Акция басталғалы елордалық учаскелік инспекторлар 20-дан артық көп пәтерлі тұрғын үйде, 480 жеке меншікті үйде, 45 саяжай алабында болған. Сондай-ақ, 400 жуық ұсақ бұзушылық тіркелді, соның ішінде 70 факті рұқсат етілмеген жерлерде спирттік ішімдіктер ішу мен темекі шегуге қатысты, тіркеусіз және құжатсыз тұрып жатқан 67 азамат анықталды», - деді ол.Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға берудің 43 фактісі белгілі болды. Бұл туралы ақпарат салық органдарына жіберілді. Көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетелдік ұсталды, соның ішінде 19-ы Астана қаласының ІІД қабылдау-таратқышына қамалды. 24 адам профилактикалық есепке алынды, соның ішінде 16-сы отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқық бұзушылыққа жол берген, екеуі тұрмысы төмен отбасылар.Бұдан басқа, елордалық учаскелік полицейлер ПИК пен қоғамдық құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен әкімшілік учаскелердің тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізуде.Акция басталғалы тұрғындармен 10 есеп беру кезедсуі өткізілді, онда ұсақ бұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын алу бойынша халықпен өзара әрекет ету, тұрғындардың пәтерлерді жалға беруі, тыныштықты бұзу және т.б. мәселелер талқыланды.Айта кетейік, «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» акциясы елордада 25 қаңтардан 25 наурызға дейін өтеді. Шараның мақсаты азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас құру, учаскелік полицейлер қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды белсендіру болып табылады.


24-25 ақпанда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне халықаралық қатысушылардың кездесуі өтеді

ҚР СІМ-нің таяу перспективадағы басым бағыты Астанада 24-25 ақпанда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларымен Екінші кездесуіне дайындық болып табылады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен, келесі жылы көрмеге 200-ге жуық елдер мен ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде, олар бұған дейін өздерінің ЭКСПО-ға қатысатындарын растаған.

Қазіргі сәтте 70 мемлекет көрмеге қатысатынын растады, 26 мемлекет тиісті қатысу шартына қол қойды.

 
Қазақстандық студенттер Ұлттық ғарыш орталығында өндірістік практикадан өтеді

  Қазақстан ғарыш саласы үшін мамандарды даярлау бағдарламасы аясында елдің техникалық  ЖОО студенттері Ұлттық ғарыш орталығында өндірістік және дипломалды практикадан өтеді.

«Қазақстанның базалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шарт негізінде 2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ-да  16 студент практикадан өтуде», - деді біздің агенттікке компаниясының спутниктік технологиялар жөніндегі вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов.

Болашақ мамандар Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) орталығында, жоғары спутниктік навигация жүйесі орталығында (ЖСНЖ), геоақпараттық технологиялар орталығында, ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен  қызметтерін жылжыту басқармасында жұмыс істеп, ғарыш түсірілімдерін алу, өңдеу, іске асыру циклдарын бақылайды. ЖСНЖ жұмысына қатысады, - деп атап өтті А. Айымбетов.

Әр жыл сайын ҰҒО-ына практикаға тілек білдірушілер, ғарыш технологиясын көргісі келетіндер саны артуда. Бұл туралы статистика көрсетуде. Өткен жылы практиканттар екі есе аз болған,студенттер ағыны енді ғана басталды.    

 
Астанада нағыз жекпе-жек өткізгім келеді - Г.Головкин

 Әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы, WBA, IBO, WBC IBF  нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Отаны - Қазақстанда, Астанада нағыз жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы бүгін «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбеков пен Геннадий Головкиннің банк пен кәсіпқой боксшы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа белесіне арналған бірлескен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Геннадий Головкин баспасөз мәслихатының ресми бөлімінде туған жеріне келіп, қуанып жатқанын, «Цеснабанк»-пен арадағы ынтымақтастықты қуана қолдайтынын, банкпен ынтымақтастық орнатып, әртүрлі жобаларға ықыласпен қатысатынын айтып берді.

 Г.Головкин сондай-ақ кәсіптік бокс академиясын ашуға да болатынын атап өтті.

«Қазақстанда да жекпе-жек өткізгім келеді. Астанада көңілімнен шығатын бокс өткізгім келеді. Тіпті, жекпе-жек те емес, нағыз кәсіптік шоу өткізуге болады. Яғни, нағыз кәсіпқой бокстың не екенін көрсетер жекпе-жек», - деді Геннадий Головкин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Боксшы GGG командасы Қазақстанның елордасында осындай шоу өткізе алатынын да атап өтті.

Айта кетейік, 2016 жылы «Цеснабанк» АҚ мен Геннадий Головкин ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.        


Астанада банк бөлімшесіне «GGG» атауы берілді

 «Цеснабанк» АҚ  кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне орай Астана қаласындағы бөлімшелерінің біріне «GGG» атауын берді. 

Бұл туралы бүгін әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы, WBA, IBO, WBC IBF  нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен бірлескен пресс-конференция барысында «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбеков мәлім етті.

«Әлем алдында Қазақстанның боксы мен имиджін насихаттауда сіңірген еңбегі үшін және оның жанкүйерлеріне сый ретінде «Цеснабанк» АҚ Астана қаласы, Сарыарқа даңғылында орналасқан корпоративтік орталығына Геннадий Головкиннің атын беруді ұйғарды. Сондай-ақ, Геннадий Головкиннің жерлестері үшін де сый жасап Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесіндегі бөлімшеге де кәсіпқой боксшының атын бердік»,-деп мәлім етті Д.Жақсыбеков.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Геннадий Головкин Қазақстандағы ірі қаржы ұйымдарының бірі - «Цеснабанк» АҚ-ның елшісі атанды. Сондай-ақ, GGG белгісі және Геннадий Головкиннің суреті бар «MasterCard»  карточкасы шығарылды.

 
Елордада «Жастар қуаты болашақ қуаты» фестивалі өтеді

Ертең елордадағы Кәсіби-техникалық колледжде «Жастар қуаты болашақ қуаты» фестивалі өткізіледі. Шараны Астана қалалық білім басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Фестиваль «Аударма ісі», «Қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Дизайн», «Шаштараз ісі және декоративті косметика», «Тігін өндірісі және киімді жобалау», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Медбике ісі» мамандықтары бойынша басталады.Сән үлгілерінің жанкүйерлеріне «Тігін өндірісі және киімді жобалау» мамандығында білім алатын студенттері өздерінің үздік киім үлгілерін ұсынады. Іс-шара қонақтарына шаштараздар мен визажистер де өз өнерлерін көрсетеді.Фестиваль аясында «Дизайн», «Тігін өндірісі және киімді жобалау» мамандығында оқитын студентердің туындыларынан көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, дайын аспаздық өнімдердің көрсетілімі өткізіліп, «Шаштараз ісі және декоративті косметика» мамандығы бойынша шеберлік сыныптары көрсетіледі.


Астанада салық төлеушілерге консультациялар беріледі

 29 қаңтарда «Артем» сауда үйінде (2-қабат, 156-бутик) сағат 11:00 - 18:00 дейін Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері консультациялар беріп, Салық кодексін түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Шара барысында салық есептілігінің формаларын (910.00, 911.00) толтыру, жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру, бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды пайдалану және т.б. бойынша кеңестер беріледі.Бұдан басқа, төменде көрсетілген телефондар бойынша салық заңнамасы туралы барлық қажетті ақпаратты алып, сауалдар жолдауға болады: бірыңғай байланыс орталығы - 1414 немесе 8-800-080-7777.Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: қазіргі кезде Ұлттық экономика мен қаржы министрліктері біріккен Салық және Кеден кодекстерін әзірлеуде.Кодексті әзірлеудің мақсаты салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және оңайлату болып табылады.Ұсыныстарды жинақтау, қарау, талдау және талқылау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тақырыптарға бөлінген форум ашылды.


Астанада 3 ғылыми-технологиялық кластерді дамыту қажет - Н. Назарбаев

 Елордадағы Тәуелсіздік сарайында "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан партияның кезектен тыс 17-ші съезінде Елбасы Астанада жоғары технологиялық, биомедициналық және геологиялық кластерлерді дамыту қажеттігін айтты.

«Астанада 3 ғылыми-технологиялық кластерді дамыту қажет. Олар - жоғары технологиялық, биомедициналық және геологиялық кластерлер», - деді ҚР Президенті.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды. 

 



Бізге жүктелген міндет те, жауапкершілік те өте жоғары - Астана әкімі

 Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған "Нұр Отан" партиясының бағдарламасын сапалы орындау ел бірлігін нығайтуға және экономикамыздың дамуына жаңа қарқын береді, деп есептейді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.

"Егемен еліміздің 25 жылдық мерейтойы алдында партия сьезін өткізу өте маңызды. Себебі бүгінгі сьез партия жұмысын бағалайтын жауапты шара. Мәжіліс пен Мәслиxат депутаттары сайлауын бірге өткізу өте орынды. Партия бағдарламасын сапалы орындау ел бірлігін нығайтуға және экономикамыздың дамуына жаңа қарқын береді. Сондықтан бізге жүктелген міндет те, жауапкершілік те жоғары болмақ", - деп атап өтті ол партия сьезінде.

"Сьезде біздің Президент ұсынған Партияның сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, біз, нұротандықтар, Қазақстанның жарқын болашағына жетудің жолын көріп отырмыз. Сондықтан біздің Президент тапсырған істерді және өзінің үлгі болуымен жүзеге асырып жатқан межелерді орындау аса жоғары құрмет деп есептейміз", - деді Астана әкімі. 

 
Астана өзіне жұмсалған мемлекет шығындарын толықтай қайтарды - Н. Назарбаев

 Астанаға салынған инвестициялар көлемі 40 есе артты. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс сьезінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.

"Біздің тариxымыздың жылнамасына Елбасымыздың Астана сынды керемет жобасы жазылған. Ол қаламен біздің халық мақтанады. Оның құрылған кезінен бері қаланың жалпы аймақтық өнімі 156 есе өсіп, шикізаттық емес аймақ үшін  жоғары деңгейге - 4 трлн. теңгеден асты. Инвестициялар саны 40 есе өсті. Тек 2015 жылы оның көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Ал барлық жылдар ішінде оның көлемі 6 трлн. теңгеден асты", - деп мәлімдеді қала басшысы өзінің баяндамасында. 

"Жұмыстың осындай көлемінің арқасында Астанаға жұмсалған мемлекет шығындары толықтай қайтарылды деуге де болады, солай емес пе, Әділбек Рыскелдіұлы!?", - деді әкім сөзіне қосыла кеткен Елбасы.

"Біздің ел тағы бір жаңа қаламен толықты және ол өзін ақтауда", - деп атап өтті Президент.

Әкімнің сөзі бойынша, Астана қаласының мемлекеттік бюджетке салған қаражаты 63 есе өсті және 850 млрд. теңгеден асты.

"Астана қаласының жеке табысы 1997 жылдан бері 29 есеге артты және бүгінде 200 млрд. теңгені құрауда. 2015 жылдан бері Астана елдегі төрт донор қалалардың қатарына қосылды. Бюджеті 50 есе артып, 315 млрд. теңгеден асты. Жыл сайынғы құрылыс көлемі 14 есеге көбейді. Былтыр 1 млн. 750 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Астанада осы жылдары 150-ден астам ірі әлеуметтік нысан іске қосылды", - деп түйді ойын Ә. Жақсыбеков. 

 
Астанада жұмыссыздық жоқ десе де болады - әкім Ә. Жақсыбеков

 «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордада жұмыссыздар жоқ екенін айтты.

«Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. Бұл қалада жоғары білікті кадрлар жұмыс істеп жатыр, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Шынтуайтына келгенде, елордада жұмыссыздық жоқ десе де болады. Жұмыссыздар саны 2 мыңға жетер-жетпес деңгейде, бұл - бір миллионға жуықтап қалған қаладағы көрсеткіш. Ал бос жұмыс орындарының саны әлдеқайда көп», - деп атап өтті әкім.

Оның үстіне қала басшысының сөзі бойынша, жұмыссыз 2 мың адам қазіргі уақытта қайта оқытылып, қоғамдық жұмыстарға орналастырылуда.

 
Астана әкімдігі жаңа жұмыс кестесіне көшеді

 Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды astana.kz.

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Астана қаласының барлық атқарушы органдарының қызметкерлері сағат 8.30 - 18.00 дейін жұмыс істейтін болады. Түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Астана қаласы әкімінің өкімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданды.

Астанада бұған дейін көшелерге түсетін жүктемені азайту жөніндегі мәселені шешудің баламасы ретінде қалалық мекемелер мен ұйымдарда жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қаралған болатын.

Мұндай өзгерістер қалалық әкімдікте, «Сарыарқа», «Алматы», «Есіл» аудандарының әкімі аппараттарында және қалалық басқармаларда орын алмақ. 

Елордалық үздік оқушылар республикалық олимпиадаға қатысады

 Астанада «Нұр Орда» халықаралық лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Салтанатты шараға елордалық үздік оқушылар мен олардың мұғалімдері қатысты. Олимпиада жеңімпаздары алдағы уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысатын Астана командасының құрамасына кіреді.

Қалалық олимпиада 5-6 қаңтарда өтті, оған 694 оқушы қатысты. Оқушылардың білімін елордалық ЖОО жетекші оқытушылары бағалады. Қазылар алқасының шешімімен 280  оқушы жүлдегер атанды, соның ішінде 43 оқушы - І орын, 99 оқушы - ІІ орын, 138 оқушы ІІІ орын алды.

«Қалалық деңгейдегі олимпиада жүлдегерлерін бүгін марапаттадық. Осы 280 бала енді республикалық олимпиадаға барады. Бүгін оларды құттықтап, марапаттап, ақ жол тілеп, шығарып салдық. Астана қаласының командасы 9 рет бірінші орын алды. Балалар Астана қаласы бірінші орын алады деп уәде берді», - деді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Оқушылардың жеңіске жетуіне мұғалімдер де елеулі үлес қосады. Олимпиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте №60 мектеп-лицейі ІІІ орын, дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ІІ орын, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі І орын алды.

Білім додасының символы - дәстүрлі ауыспалы «Мудрая Сова» дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейіне тапсырылды.

 

 




Астана әкімдігі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін хабарлауды сұрайды

 Астана әкімдігі негізсіз көтерілген бағаны Астана қ. Интеллектуалды байланыс орталығы операторының  Фейсбуктегі парақшасына  хабарлауды сұрайды.  

«Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетіндігін хабарлаймыз. Жалпы алғанда азық-түлік базарында бағалардың күрт өсуі, оның ішінде сиыр мен жылқы етіне байқалмайды. Сиыр етінің орташа бағасы 1 150 теңге, ал жылқы еті 1400 теңге тұрады.

Бағалардың негізсіз көтерілуі жағдайында, «Astana 109» ресми парақшасына "Facebook" желісіне және "Instagram" желісіне ‪#‎astana109 хэштегімен жолдауды өтінеміз.

Сондай-ақ «Smart Astana» мобильдік қосымшасына (Android платформасындағы «Play Market»-те бар) өз өтінішіңізді фотоматериалды қоса тіркеу арқылы жолдай аласыз («Байланыс орталығы» бөлімінде), немесе 109 нөмірі арқылы бағаның көтерілу фактісі жайлы хабарлай аласыз», - деп жазылған хабарламада.

 
Астанада белгілі көркемжазу шебері Мухаррем Гөкшенннің құснихат және каллиграфия күндері көрмесі өтеді

 2-3 ақпан күндері Астанадағы  "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында  Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен хаткер-каллиграф Мухаррем Гөкшеннің  «Астанада Құснихат және каллиграфия күндері» атты көрмесі өтеді, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі.

2 күн жалғасатын көрмеде өнерсүйер қауымның назарына Мухаррем Гөкшеннің  34 жұмысы  ұсынылатын болады. Көрменің ашылуынан кейін Мухаррем Гөкшен құснихат бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

«Құснихат» (көркем жазу өнері) -«сұлулық, әдемілік, көркемдік» деген мағынаны беретін араб тіліндегі «хұсн» сөзінен енген. Каллиграфия-«әсемділік» мағынасын беретін грек тілінің «kallos» сөзінен енген. Араб әріптерімен жазылатын, меңгерілуі қиын,  негізінен нақыштау мақсатымен мешіттерде, аят және діни кітаптарда қолданылатын белгілі ережелері бар бейнелеу өнерінің бір түрі.  «Құснихат» өнерін каллиграфия өнерімен жиі шатастырады. Екі өнердің ортақ тұсы  көркем жазу болып табылады. Ал «құснихаттың» араб әріптерімен жазылуы,  меңгерілуі мен орындалуы аса қиын болуы - каллиграфия өнерінен басты айырмашылығы. Сонымен қатар каллиграфия - бұл латын әріптермен көркем жазу өнері болып табылады.

Мухаррем Гөкшен 1980 жылы Түркияның Чорум қаласында дүниеге келген. Университет қабырғаларында көркем жазу сабақтарын алып, өнер жолына қадам басқан. 2007 жылы суретші-каллиграф Туран Севгилиден «сүліс» жазуынан дәріс алған. 2008 жылы каллиграф Махмут Шахиннен «сүліс», «насх» жазу түрі бойынша дәріс алуды жалғастырған. 2012 жылы аталған көркем жазу  түрлерінен диплом алған. Ыстамбұл қаласындағы кәсіптік көркем сурет курстарына қатысып каллиграфия өнерінен сертификат алды. Түркияда жеке көрмелері өтті.

 
Астана әкімдігі жобалау және нысан салу үшін 15 жер телімін бәссаудаға шығарады

 Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі, 11 мекен жайында 2016 жылдың 16 ақпанында сағат 15:00-де өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу мен уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

 

 


Ертең астаналықтар симфониялық музыка жауһарын шеберлер орындауында тыңдайды

 «Астана Опера» театрының оркестрі 2 ақпанда Үлкен зал сахнасында көпке танымал «Симфоника» циклынан Симфониялық музыкадан концерт береді. Солисті - мәскеулік дарынды пианист, «Astana Piano Passion-2015» III халықаралық байқауының лауреаты Виктор Маслов. Дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, деп жазады Астана қаласы әкімдігінен.

Тыңдаушыларға симфониялық және аспапты музыканың жауһарлары: Д. Шостаковичтің №5 d-moll симфониясы, 47 шығармасы (1937) және П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасы ұсынылады.- Д. Шостаковичтің симфониясында өте көп жұмбақ жатыр. Біз бұл құпияның сырын сәл ашып, композитордың өмірінен оның туындыларын түсінетіндей қызықты деректер туралы әңгімелейміз, - дейді маэстро.Екінші бөлімде болашағы зор пианист өз өнерін ортаға салады. Виктор Маслов - ресейлік жас музыкант, Парижде, Анконада, Мәскеуде, Киевте өткен халықаралық конкурстардың жеңімпазы. 2015 жылы «Astana Piano Passion-2015» конкурсында екінші сыйлық пен екі арнайы жүлдені иеленген.Музыкант П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасын орындайды.Концерттің басталуы - сағат 19:00.



Елордада Мұқағалиға арналған әдеби-музыкалық концерт өтеді

 5 ақпан күні Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-музыкалық концерт өтеді. Бұл шараны Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ақынның туғанына 85 жыл толуына орай алғаш рет ұйымдастырып отыр.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов ақынның туған күні қарсаңында осындай кеш өткізіп, елордалық көрермендерге ән мен күйден шашу шашу туралы бастама көтерген болса, оны қала әкімдігі де, өнер ұжымы да бірден қолдаған.

Осы кештің басында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туралы кіріспе сөз сөйлейді деп күтілуде.

«Мұқағалидың кешін оркестрмен алғаш рет өткізгелі тұрмыз. Ақын сөзіне жазылған әндердің ноталары оркестрге түсірілді. Осы мәдени шараға үлкен дайындық жасалып жатыр. Жаңа шығармалар да орындалады. Рухани байлықты қадір тұтатын көремендеріміз үшін сазды да мәнді кеш болғалы тұр»,- дейді дирижер, күйші, композитор, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Айтқали Жайымов.

Тұрсынжан Шапайдың «Қайран Қарасазым-ай» деген әнін Арман Жайым оркестрге лайықтады. Ермұрат Үсеновтің «Ұран» деген күйі орындалады.

Танымал өнер қайраткерлері Майра Ілиясова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ және филармонияның басқа әншілері Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді орындайды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері оқылады.

Күйші Уәли Бекеновтің «Күй аңсау» атты күйі алғаш рет орындалғалы тұр. Орындайтын Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, Мәдениет қайраткері - Нұрлан Бекенов. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Мұқағали күйді аңсаған кезде Уәли Бекеновке барып, күй тыңдайды екен. Кейін ақын қайтыс болған соң, күйші оған арнап осы «Күй аңсау» атты күйін шығарған. Уәли Бекенов шертпе күй туралы алғашқы кітап жазған музыка зерттеушісі екені белгілі. Оның «Күй көтерер көңілдің көк жиегін», «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» және басқа зерттеу еңбектері жарық көрген. Өзі шертпе күйдің шебері атанған адам.

Аталған кеш жұма күні 19.00-де басталады.

 

 




Қазақстандық судьялар Астананың xалықаралық арбитраж орталығында жұмыс істей алады

 Қазақстандық судьялар Астананың xалықаралық арбитраж орталығында жұмыс істей алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары Соттың арнайы мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қадырбаева мәлім етті.

«Астана» орталығын құруда модель етіп алған Дубай қаржы орталығының тәжірибесіне келетін болсақ, онда Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания және басқа да шетелдік судьялармен қатар, жергілікті Араб Әмірліктерінің азаматтары судья болып қызмет ете алады. Сондықтан мен xалықаралық арбитраждық сотта қазақстандық азаматтардың жұмыс істеуіне де жағдай жасалады деп ойлаймын», - деді А.Қадырбаева тілшілерге берген жауабында.

Еске сала кетейік, Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Астана қаржы орталығы құрылуда. Оның аясында шетелдік инвесторлар үшін xалықаралық арбитраждық соты құрылады. Халықаралық сот және арбитраж ұлттық сот жүйесіне кірмейді, ол ағылшын-саксон құқығы негізінде тәуелсіз қызмет атқаратын болады.

«Бұл орталық қатысушыларының дауларын негізінен шетелдік судьялар ағылшын тілінде қарайтындығын білдіреді. Астана қаржы орталықтың қызметін жүргізетін негізгі органдарды құру бойынша ұйымдастырушылық жұмыс ҚР Ұлттық банкіне жүктелген. Сарапшылардың болжамынша, қаржы орталығының жұмысы қазақстандық экономиканың дамуына қуатты серпін береді», - деді ол. 

 
Астана мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының жаңа мүшелері тағайындалды

 Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Астана мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін тағайындады.

«ҚР-ның «Сайлау туралы» конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының екінші  бөлігіне және 8-тармағына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. ҚР-дағы «Сайлау туралы» 1995 жылғы қыркүйектегі сайлау заңнамасында белгілеген тәртіппен Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Александр Шефер,  Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына  Владимир Пак тағайындалсын», - деді ҚР ОСК қаулысын таныстырған комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев.

Сонымен қатар ол аталған қаулы Астана қалалық және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларына және мәслихаттарына жіберілетіндігін атап өтті. Қаулыны Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бірауыздан мақұлдады.

 

 Астанадағы «Жастар театрына» жаңа басшы тағайындалды

 Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының шешімімен Жастар театрының директоры болып Ернар Жұматаев тағайындалды.

Өнер ұжымының басшылығына тағайындалған Ернар Кұрбанбекұлы - Жастар театрының шаңырағын көтеріп, уығын қадасқандардың бірі. Ол театрдың бірқатар репертуарындағы Н.Гогольдің «Ревизор» трагифарсында - Осип, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баян» мюзиклінде - Айбас, Ш.Айтматовтың «Жан азабы» әфсанасында - Мәңгүрт Жоламан рөлдерін сәтті кейіптеді.       

Ернар Құрбанбекұлы - 1984 жылы Ташкент облысы, Шыңғыс ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында «Драма және кино актері» мамандығын игереді. Оқу орнын тәмәмдаған соң, Тазабеков театрында актерлік қызмет атқарады. Ал,  2007 жылы режиссер Нұрқанат Жақыпбай мен шәкірттері бастаған топ Астана қаласы Жастар театрының іргесін қалайды.

Ернар Құрбанбекұлы - қазақ жұртына «Денар» тобы арқылы жақсы таныс. 2008 жылы құрылған топ шоу-бизнеске өздерінің ерекше стилдерімен келіп, халық арасына бірден танылып кеткен болатын. Кейін, ол өзінің мамандығы бойынша кино және сериалдарға түсе бастады. Өнер иесінің «Бәйтерек», «Аманат» көркем фильмдеріндегі, сонымен бірге «Әке серті», «Сырғалым» сериалдарындағы рөлдері өз көрерменін таба білді.

Ертең, 2 ақпан күні Жастар театры жаңадан тағайындалған басшысын таныстыру мақсатында баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Сондай-ақ Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» қойылымының премьерасы да осы күнге жоспарлануда. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.    

 

 

 


Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтеді

 8 ақпан күні Еуразия ұлттық университетінде қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, жазушы, сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтеді.

Қаламгердің оқырмандармен кездесу кешін ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор, опера әншісі, Еуразия ұлттық университетінің «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай жүргізеді.

Әкім Ысқақтың әндері шырқалып, өлеңдері оқылады. Әкім Әбдіқайымұлының ақындық қасиетімен бірге композиторлық қабілеті де ерекше, оның әндері бүгінде елімізге кеңінен таралып кетті. Соның ішінде оның:

«Бұл фәниде қашанда-ай өмір қымбат,Өмір қымбат, адамдық сенім қымбат.Байлығың да, дүние, бәрінен деКөңіл қымбат, көңіл қымбат»,- деп шырқалатын әні өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Сонымен қатар осы кеште қаламгер студенттердің және оқырмандардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Сондай-ақ осы кеште Ә. Ысқақтың Қазақ радиосындағы авторлық радиохабарларына арналған «Көңіл қымбат» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтеді.

Бұл шараны Еуразия ұлттық университетінің «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Шығармашылық кеш аталған университеттің Президент залында сағат 17-00-де басталады. Келемін деушілерге есік ашық.

 

 Астанада ҚР ҚК-нің жаңа авиациялық-техникалық орталығы салынуда

 Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту шеңберінде «Қазақстан Авиациялық Индустрия» ЖШС ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерімен бірлесіп  Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Келешектегі авиациялық-техникалық орталықтың өндіріс нысандарының ауданы 6 000-нан аса шаршы метрді құрайды. Аталмыш орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады.

Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды. Тиісті дайындықтан өткен қазақстандық техникалық персонал ұшақтардың қызмет етуіне дейін ұшу қорын қамтамасыз етеді.  

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның географиялық орналасуы мен өндіріс қуаты жаңа авиациялық-техникалық орталыққа еліміздің Қарулы Күштерінің мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік береді.  Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму старегиясының айқын түрде жүзеге асуы болмақ. 

 

 

Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

 Бұған дейін «Даму» қорын басқарған Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

Ал, Алина Алдамберген басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бәйтерек» Ұлттық  басқарушы холдингі  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013  жылғы  22 мамырдағы  Жарлығымен  құрылды.

Холдингтің негізгі міндеті -  даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру. Холдинг  құрылымына  төмендегі еншілес  ұйымдар  енеді:

«Қазақстанның даму банкі» АҚ, «ҚазынаКапиталМенеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ,«ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй жинақтау банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ.


ЭКСПО-2017 көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін іріктеу басталды

 Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін ең үздік тәжірибелерді іріктеу басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталған павильонда баламалы қуат көзін алу саласында жүзеге асырылған түрлі технологиялар мен жобалар көрсетілетін болады. Іріктеуді Халықаралық іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.

«Халықаралық іріктеу комиссиясының құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут, Халықаралық эксперименттік термоядролық реактор (ITER) ұйымының бас директоры Бернар Биго, Энергетика және пайдалы қазбалар бағытының директоры Чарльз Файнстайн, Энергия мен ресурстар институтының (TERI) бас директоры Раджендра Пачаури және т.б. бар», делінген хабарламада.

Үздік тәжірибелер аймағы «Болашақ Энергиясы» форумының идеясымен үндес. Ол энергетика саласындағы үздік жобалар мен технологияларды көрсетуге арналған. Бұл аймақ - көрменің орталығы, онда қуат көзін алу, сақтау, шығарудағы үздік жобалар, климаттың өзгеруіне қатысты күрес немесе дамушы мемлекеттердің қуат көздеріне қолжетімділігі сияқты мәселелер ұсынылады.

Сонымен қатар, үздік тәжірибелер аймағы қатысушыларға энергетика саласындағы үздік жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасу, пікір бөлісу, сондай-ақ, осы технологияларды, стратегиялар мен жобаларды дамыту аймағына айналмақ. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыптық құндылығы болады. 

Баламалы қуат көздерін пайдалануда жүзеге асырылған жобалары немесе технологиялары бар ғалымдар, зерттеушілер, ізденушілер тобы немесе компания өкілдері осы байқауға қатысуға өтінім бере алады. Байқау шарттары туралы толық ақпаратты https://www.ebpa2017.org/ebpa сайтынан көруге болады.

 

 


Бірыңғай төлем құжатын шығару «Астана - ЕРЦ» базасында ғана жүзеге асырылады

 1 ақпаннан бастап Бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) шығару және төлемдерді өңдеу «Астана - ЕРЦ» негізінде жүзеге асырылатын болды. Осыған байланысты төлемді тек екінші деңгейлі банктерде және «Қазпошта» АҚ-ының бөлімшелерінде ғана жүргізуге болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап коммуналдық қызметтер бойынша келісім жасау және қайта есептеу жүргізу үшін «Астана су арнасы» МКК, «Астана Тазарту» ЖШС,  «Астанаэнергосбыт» ЖШС абоненттік учаскелеріне жүгіну қажет.

Еске сала кетсек, Астанада 2015 жылдың қазан айында Бірыңғай төлем құжаты енгізілген болатын. Жаңа құжатта «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-ЕРЦ» ЖШС түбіртектерінде болған қызметтер біріктірілді. Заманауи шоғырландырылған төлем жүйесі барлық коммуналдық қызметтерді бір түбіртекпен төлеп, комиссиялық шығындарға жұмсалатын ақы мен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.


Астана әкімдігі сенімсіз құрылыс компанияларының тізімін жариялады

  Астана қаласының әкімдігі құрылыс салушылардың заңсыз пәтер сату фактілерін болдырмау мақсатында Астана қаласы әкімдігі мен құқық қорғау органдары жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның бақылауына алынған (одан әрі - ВАК) проблемалық нысандар бойынша «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы заң мен «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу» туралы заңды бұзған құрылыс салушылар тізімін ұсынады.

Бұзушылықтарға жол берген құрылыс салушылар бойынша ақпарат қосымшада берілген. 


Астанада №16-кірме жол 10 жылдан соң қалпына келтірілді

 Астана стансасында ондаған жылдар бойы жабық тұрған кірме жол қалпына келтірілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жолда вагондарды кәсіпорындардың кірме жолдарына, оның ішінде 2-ші жылу электр орталығына  да вагондарды жеткізу қызметі атқарылады. Бұл арқылы стансаның кіре берісіндегі кептелістер барынша азаятын болды.

«Кезінде жолдың сапалық жағдайының, жүру жылдамдығының төмендігіне байланысты онда қозғалыс тоқтатылған болатын»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы -Астана стансасының бас инженері Бақытхан Әбеуов.

Оның айтуынша, 2015 жылы жолдың жоғарғы қабаты төселіп, орташа жөндеу жасалып, қозғалыс қалпына келтірілді. Оған қоса алғанда, Астана стансасын жаңғырту бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Бағыттауыш бұрмалар Р-65 типті жаңасына көшірілді. Ағаш шпалдар темірбетон түрлерімен алмастырылды. Оған Desic бағыттауыш бұрмаларды орналастыру қондырғысы қолданылды.

Мұндай шаралар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, техникалық қондырғылардың сенімділігін көтереді. Астаналық станса мамандарының еңбек қатынасын жақсартады.

 

 Қазақстанның іскер әйелдері астаналықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырды

 Бүгін қалалық баспасөз орталығында алдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің, сондай-ақ, өңірлік және қалалық маслихаттар сайлауын қолдауға бағытталған брифинг өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері - бірлестік төрайымы Раушан Сәрсенбаева, басқарма мүшесі Баян Тойкебаева, Астана қаласы әкімінің бас инспекторы Римма Иманғазинова, сондай-ақ елордалық кәсіпкер әйелдер қатысты.

«Біз - Қазақстанның іскер әйелдері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, белсенді азаматтық позицияны ұстанамыз. Біз Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған барлық бастамалар мен идеяларды тұтастай қолдаймыз», - деді Раушан Сәрсенбаева.

Шараға қатысушылар қоғамда еліміздегі әйелдердің жағдайына тікелей байланысты болып табылатын тұрақтылықты қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Раушан Сәрсенбаева салыстыру үшін 2012 жылғы сайлау көрсеткіштерін келтіріп өтті. Биыл партиядан ұсынылған кандидаттардың 30% - әйелдер, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 27% болған.

Брифинг кезінде елордалық кәсіпкер әйелдер еліміздің әрбір өңіріндегі денсаулық сақтау, экономика, білім, әлеуметтік және саяси көрсеткіштерді, сонымен қатар әйелдің аталған салалардың әрқайсысының дамуына тигізер әсерін талқылады.

Спикерлер баршаны биыл 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің, өңірлік және қалалық мәслихат сайлауына қатысуға шақырды.    


Астанадағы Жастар театрында әлем драматургиясындағы атақты комедияның премьерасы өтеді

 Астанадағы Жастар театрында 6-7 ақпан күні Әлем драматургиясының алтын қорынан ойып орын алған Жан Батист Мольердің «Жорж Данден немесе ақымақ болған басым-ай...» комедиясының премьерасы өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

 Қойылым режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев. Ал, пьесаны қазақ тіліне тәржімәлаған - А.Сүлейменов.

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың әлеуметтік теңсіздігі тудырар қиындық қай кезде де өзектілігін жойған емес. Жан Батист Мольердің «Ақымақ болған басым-ай...» комедиясы - Жорж Данден есімді кейіпкердің отбасылық өмірдегі басынан кешкен осындай қиындықтарын ұтқыр әзілмен қызықты етіп өрген әсерлі шығарма.  Қарапайым шаруа отбасынан шыққан жас жігіт ақылына көркі, еңбегіне мінезі сай  ақсүйек қызға үйленуді армандайды. Бірақ, өкінішке қарай, өмірде армандағаныңның бәрі бірдей орындала бермейді.  Амал жоқ, Данденге әйелінің көлеңкесінде ғұмыр кешуге тура келеді...

Айта кету керек, аталған комедия шытырман оқиға, қызықты сюжетінің арқасында сандаған ғасырлар бойы сахна төрінен түспей, өз көрерменін үздіксіз қуантып келеді. 

Қойылымда басты рөлдерді театрымыздың актерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов, Бейбіт Құсанбаев,  Жандәулет Батай, Ғазиза Мұқан, Диана Смағұлова, Айман Есенқызы, Ербол Тілеукенов сомдайды. 

 Елордада болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру мәселелері талқылануда

 Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамбелясының қолдауымен «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбындағы 3 күндік республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

«Бұл - өте күрделі тақырып. Дегенмен, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 5 институттық реформасының 4-ші бағытын жүзеге асыру барысында өткен жылы біраз жұмыс атқардық. Нормативтік-құқықтық база құрылды, бірқатар негіз қалаушы құжаттар әзірленді. Біздің реформалардың төртінші бағыты аясында өткізіп отырған  жұмыстарымыздың негізгі мақсаты, идеясы  - бұл болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру», - деді алқалы жиынды ашқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов.

Айта кетейік, семинар барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында айқындалған жалпыұлттық бірлік пен  бірегейлікті қалыптастыру міндеттері түсіндіріліп,  жалпыұлттық бірлік пен  бірегейлікті қамтамасыз ету ауқымында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара қатынастың әдістері мен ұстанымдары қарастырылады.  Этноәлеуметтік, этносаяси және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқарудың теориялық және тәжірибелік құрамдас бөліктері сөз болады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері мен мемлекеттік-азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру процесін жетілдіру жолдары талқыланады.

Семинар барысында қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу жән жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.  

 
Елордада «Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

 Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтің авторлық жобасы «Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық имидждік қызметі.

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды. Фильмде «Аспанның мәңгілік назарында» елдің басты тарихи оқиғалары - Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, ұлттық бірліктің жаңа символына айналған - елорда Астана және заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи тұлғасы айқындалған.

Фильмнің әр сериалы өз алдына туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі.

Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық болып есептеледі.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде және Нью-Йорк қаласындағы Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында екі серияның ағылшын тілінде тұсаукесері өткен болатын. Фильм америкалық аудитория арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, Қазақстанның шетелдегі мәдени бейнесін нығайтқаны сөзсіз.

  «Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды

 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ «Samsung» компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 

Меморандум негізінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына «Көрменің Ресми серіктесі» мәртебесі берілді, деп хабарлайды аталмыш компанияның баспасөз қызметі.

«Samsung» әлемге әйгілі трансұлттық компания. Ол өзінің мықты технологиялары, инновацияларымен белгілі. Сондықтан біз үшін «Samsung» жұмыс істеу мәртебе. Көрмеде барлығы жоғары деңгейде жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте, «Samsung» технологиясы уақытпен тексерілген сапалы. Біз көрме барысында әлемдегі ең үздік дүниелердің барлығын көрсете алуымыз қажет. Серіктестеріміздің қатары көбейгеніне қуаныштымыз», - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов. 

«Әлбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан Республикасы үшін маңызды шаралардың бірі. Қазақстан жас, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Әрі өз өңірінің сөзсіз лидері. «Samsung» компаниясы өз саласының көшбасшысы ретінде осындай ауқымды шараға атсалысатындығына қуанышты. Бірлескен ынта-жігердің арқасында көрменің абыроймен өткізілетіндігіне сенімдімін», - деді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының Бас директоры Юн Чол Вунг.

Бұдан әрі Samsung Electronics Central Eurasia және Астана ЭКСПО-2017 компаниялары халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету барысында бірқатар іс-шаралар өткізуге ниетті.

Сонымен қатар, Samsung Electronics Central Eurasia демеушілік көмек ретінде жеңілдікпен тауар және қызметтер көрсететін болады, көрменің алдын ала келісілген кейбір ғимараттарын жабдықтаумен айналысады.

Еске сала кетсек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардың қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Самрұқ Энерго» АҚ, «Қазпочта» АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. 

 

 Елорда мектептерінде тұмаудың алдын алу шаралары жүргізілуде

 Астанада жоспарға сәйкес, білім беру ұйымдарында тұмау мен жіті респираторлық вирусты инфекцияның алдын алу шаралары қолға алынды. Бұл туралы қаланың әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«Елордалық білім беру ұйымдарында тұмаудың алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық посттар ұйымдастырылып, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық бұрыштар жасалды, науқастанған балаларды тіркеу журналы жүргізіліп, күн сайынғы ақпарат Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберіледі», делінген хабарламада.

Қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, 2 156 тұрғын тұмау мен ЖРВИ-ге шалдыққан, соның ішінде 1 132-і оқушы, 1 012-і мектеп жасына дейінгі балалар және 12-і студент.

Мектептерде ата-аналар жиналыстары өткізіліп, мамандар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуды түсіндірді. Жалпы білім беретін мектептерде 2-9 сынып оқушылары арасында валеология сабағында жазбаша жұмыстар жүргізіліп, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, Астанада ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, мектептерде карантин жоқ. «Тұмау» диагнозы зертханалық қорытындыдан кейін ғана қойылады.

Еске салайық, Астанада 180 мемлекеттік білім беру мекемесі бар, соның ішінде 83 жалпы білім беретін мектеп (113 376 оқушы), 85 балабақша (34 454 бала), 12 колледж (11785 студент).

 

 

Қатерлі ісікке шалдыққан әр баланың өмірі үшін күресуге міндеттіміз - онколог дәрігер

 4 ақпан - Дүниежүзі бойынша қатерлі ісікке қарсы күрес күні болып белгіленген. Өкініштісі, қатерлі ісік қаршадай балалардың өмірін тез солдырады, иммунитеті азайған сәбилер химия-терапияның жан шыдамас процедураларынан кейін тіпті нәр татуға қауқарсыз болып қалады. Медицинаның дамуы бұл дерттің тамырын қия алмай отыр, алайда, білімді онколог дәрігерлердің арқасында рак ауруына шалдыққан баланың өмірін ұзартудың амалдары пайда болып жатыр.

Сондай маманның бірі, Қазақстанның  алпыс дәрігеріне он күндік семинар өткізу үшін келген ТМД елдері арасында танымал дәрігер, Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология Ресей федеральдық ғылыми-клиникалық орталығының  оңалту және қарқынды терепия бөлімінің меңгерушісі Игорь Хаминмен әңгімелесудің реті түсті.

- Игорь Геннадьевич, өкінішке қарай, «осындай жастағы бала қатерлі ісіктен қайтыс болды» деген сұмдық жаңалықты күнара еститін болдық. Өзіңіз онколог дәрігерсіз, рак ауруына шалдығып, күнде дерлік алдыңызға келетін сәбилерді көру Сізге де ауыр шығар...

- Мен қызмет етіп жатқан стационар 5 жылдан бері жұмыс істейді. Бірақ, бұл орталық 25 жылдық тарихы бар балалар гематологиясы, онкология және иммунология институтының клиникалық базасы болып саналады. Мұны неге айтып отырмын, бұл институт алғаш ашылғанда қатерлі ісікке шалдыққан балалардың тек он пайызы аман қалатын еді, ал қазір рак ауруының жекелеген түрлеріне шалдыққан балалардың  90 пайызына  дейін емделіп шығады. Бұл жетістік, бұл үміт  өмірге деген құштарлықты оятпайды деп айта аламыз ба? Жоқ. Яғни, болашаққа сеніммен қарауға болады. Сондықтан, қатерлі ісік - соңғы үкім емес, онколог дәрігерлер әрбір баланың өмірі үшін күресуге міндеттіміз және күресе аламыз!

- Сіз Қазақстанға он күнге шақырылған екенсіз. Жалпы, сапарыңыздың мақсаты туралы және осындай семинарлар мен оқыту сабақтары қандай нәтиже бере алады, сол туралы айтып беріңізші?

- Мені «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры мен демеуші - «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясы шақырып отыр. Ең алдымен, осы тараптарға алғыс айтқым келеді. Себебі, мен қазақ дәрігерлеріне қанша дүние үйретсем, менің де сонша дүние үйреніп кетерім анық. Жоба 1-10 ақпан аралығына жоспарланған, осы уақыт ішінде онколог, гематолог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлермен, жалпы, саны алпыс дәрігермен әңгімелесіп, оларға шеберлік сабақтарын өткіземін. дәрігерлердің осындай         тәжірибе алмасуы не береді десек, бұл біріншіден - жаңалықтан хабардар болуға мүмкіндік береді. Балаларды қатерлі ісіктен емдейтін әдіс-тәсілдер бәрімізге ортақ болу керек, яғни, осылай өзара семинар өткізіп, пікір алмасу соған мүмкіндік береді. Менің семинарларым онкологиялық ауруға шалдыққан 0-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

- Семинарыңыз Қазақстанның дәрігерлеріне не үйретеді?

- Менің шеберлік сабақтарым  қатерлі ісіктің ең ауыр түрін емдейтін тәсілдерге арналған. Ерекше атап өтер жайт, қанның қатерлі ісігіне шалдыққан балалар химия-терепияны көтере алмай жатады, әбден әлі кеткен бала тамақ та іше алмайды. Осындай жағдайда баланы тамыры арқылы тамақтандыру, дәрі-дәрмек беру маңызды. Яғни, қазір тамырды жарақаттамай, тамырды күйдірмей, терінің астынан баланы тамақтандыруға, оған дәрі-дәрмек беруге мүмкіндік бар. Баланың өмір сүруі жақсарып, киіне алады. Ересектер арасында қатерлі ісікке тамыр арқылы дәрі-дәрмек салу тәсілі 10 жылдан бері қолданылып келеді. Алайда, өкінішке қарай, балалар арасында бұл тәсіл дамымаған, енді ғана енгізіліп жатыр. Енді ғана баланың тамырына келетін аппараттар өндіріліп жатыр. Бұл тәсіл Ресейге де жуырда ғана келген, ал енді он күн бойы мен білетінімді Қазақстандағы әріптестеріме көрсеткім келеді. Мен Қазақстанға үйрету үшін ғана келді деген түсінік теріс болар, себебі, Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің жолдары жақсарып келеді. Менің де бұл жерден үйренерім көп екен, тіпті, мүмкіндік болса, қазақстандық әріптестерімды біздің Мәскеуге шақырғым келеді.

- Осы жоба аясында Ресейден тағы бір әріптесіңіз келеді екен.

- Иә, операциялық блоктың дәрігері Владислав Щукин екеуміз келесі аптаның басында қазақстандық әріптестерімізбен бірге онкологиялық  ауруға шалдыққан балаларға жоғарыда айтқан тәсілді енгізу бойынша алғашқы операция жасаймыз.

- Операция сәтті өтсін! Операция аяқталғаннан кейін нәтижесі туралы тағы әңгімелесуге мүмкіндік бола ма?

- Уақыт табылады деп ойлаймын. «Ана мен бала» орталығы өте бірегей орталық, сол уақытқа дейін орталық жұмысымен толығырақ танысып, бұдан да артық ақпарат бере аламын деп ойлаймын.

- Онда, кездескенше! 

 

Елордалық дәрігерлер онкологиялық аурулармен күресуге шақырды

 Астанада қалалық онкологиялық орталықта Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларымен күрес күніне орай флешмоб өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен ұйымдастырылған шараға онкодиспансердің дәрігерлері қатысты.Шара барысында денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері ақпараттық плакаттар арқылы аурудың белгілері мен оны диагностикалау әдістері туралы айтып берді.Сонымен қатар, диспансердің мәжіліс залында Астана қаласындағы қазіргі жағдай талқыланды. Онкологиялық диспансердң бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев баспасөз маслихатына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Мекеме басшысы онкологиялық аурулар мәселесінің өзекті болуына орай аталмыш шараның маңызды екендігін атап өтті.Мұхтар Төлеутаев, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері:- Қазіргі кезде барша әлемде онкологиялық ауруларға шалдығу жағдайлары артып келеді. Бұған адамдардың орташа өмір сүру жасының ұлғаюы да септігін тигізді, қатерлі ісікке ересек адамдар жиі шалдығады.Бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Жыл сайын обыр ауруына шалдығудың 34 мыңға жуық жағдайы анықталады.Көбіне мұндай көрсеткіштер азаматтардың дәрігерлерге уақытылы қаралмауына байланысты тіркеледі. Онкологиялық орталықтың бас дәрігері мұндай жағдайларды болдырмау үшін азаматтарды скринингтік тексеруден өтуге шақырды.Мұхтар Төлеутаев, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері:- Қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау жолдарының бірі - обыр ауруларын ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламалар. Скринингтен басқа, қандай да болмасын хронологиялық патологиясы бар кез келген адам жылына кем дегенде бір рет толық тексерілуден өтуі керек.Баспасөз маслихатына қатысушылар онкологиялық ауруларға, онымен күрес және Қазақстанда қалыптасқан ахуалға қатысты сұрақтарын қойды.Айта кетейік, Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі онкологиялық аурулармен күрес. Биыл 1-10 ақпан аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу және оны ерте анықтау бойынша онкүндік өтеді.


Бір адамның өмірін құтқару үшін кемінде 10 адам қан тапсыруы керек - Ш.Мұсабекова

 Астанадағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқарады» атты акция басталды. Шараның басты мақсаты - өз еркімен қан тапсырып, донор болатын адамдардың қатарын көбейту. 

«Бүгін «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция басталды. Осы Қан орталығында (трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында) жылына 45 мың донор қан тапсырады. Күніне үш мың литр қан дайындаймыз. Біз елордадағы 23 клиниканы донор қанымен қамтамасыз етіп отырмыз», - дейді орталық директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова. Дәрігердің айтуынша, қан кетіп, өмір мен өлім арасында жатқан бір әйел адамды құтқару үшін кемінде 10 адам қан тапсыруы керек. «Орталыққа келіп, ерікті түрде қан тапсыратын донорларға айтар алғысымыз шексіз. Расымен, бір адам келіп, бір тамшы қан тапсырса да, хал үстінде жатқан адамның өмірін құтқаруға болады деген бір үміт пайда болады. Мысалы, онкогематология орталығы эритроциттер мен плазманы (қан түйіршіктері) қоспағанда, тромбоциттердің 5 дозасына мұқтаж. Осы орталықтағы адамның халі нашарлап қан кетсе, кемінде бір литр плазма керек болады. Яғни, кемінде бес адам донор болуы керек. Ал, әртүрлі жағдайда, мысалы, босанып болмаса, жарақаттанып, қан кеткен әйел адамды аман алып қалу үшін кемінде 10 адам қан тапсыруы керек. Яғни, донордың көмегі күн сайын ауадай қажет»,-дейді Ш.Мұсабекова. Кез келген донордың қанында жарамдылық мерзімі болады, сондықтан, Ш.Мұсабаева донорларға, әсіресе, жастарға бір тапсырғанда 450 мл қан тапсыруға болады деп кеңес беріп отыр. Біріншіден, қан ескіріп кетпейді, екіншіден, бұл мөлшер денсаулыққа мүлде зиян емес екен. Ал, бүгінгі акция аясында шамамен жүз адамнан артық донор қан тапсырылады деп жоспарланды. Тіпті, жәй күндердің өзінде 100-120 адам қан тапсырып кетеді екен. Оның үстіне, Қан орталығының мамандары аптасына төрт рет кәсіпорындар мен кеңселерге барып, ерікті донорлардан қан жинап кетеді. Міне, Қан орталығы неше түрлі дертке шалдыққан адамдардың өмірін құтқару үшін осылай да донорлардан қан жинайды.     


Биыл елордада 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

 Биыл Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген, деп хабарлады Жұмыспен қамту орталығы.

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 1565 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 121-і - өнеркәсіп, 336-сы - сауда, 73-і - көлік және байланыс, 221-і - білім және денсаулық сақтау, 171-і - құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 643-і - экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 310 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесінен өтуге 62 түлек жіберілді.

Айта кетейік, 2015 жылы елордада 18 389 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 937 адам жұмысқа орналастырылды.

 10 ақпанда Астана әкімдігі барлық басқармаларының басшылары халықпен кездеседі

 Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтеді, оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысады. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, қалада тұру сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізе алады, деп хабарлады елордалық әкімдіктің сайты.

Басқармалардың басшылары өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған жоспарлармен бөліседі. Қала тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдай алады.

«Біз елорда тұрғындарымен жеке кездесіп, елорда әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.gov.kz) «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап береміз», - деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Қаналимов.

Халықпен есеп беру кездесуі 2016 жылғы 10 ақпанда Конгресс-холлда өтеді. Басталуы сағат 10:00-да.

Алдағы уақытта қала тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.

 



М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл: Елордада өткен кеште жұртшылық ақынымен сырласқандай болды

 Елорда жұртшылығы Мұқағали жырымен сусындап, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді сүйсіне тыңдады. Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайына лық толған көрермен қазақтың біртуар мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық концертті тамашалады. 

Осы мәдени шараның шымылдығын ашқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы кіріспе сөз сөйлеп: «Биыл Мұқағали жырымен сусындайтын, Мұқағали рухымен сырласатын жыл болады деп ойлаймын. Өзім де Мұқағалидың жанында жүрген інілерінің бірімін. Сол кезде бәрімізде оған еліктеуші едік. Оның жырына, адами қасиеттеріне тәнті болмасқа болмайды. Мұқағалидың батылдығы бізге ұнайтын еді. Нағыз талантты ақындар қай кезде де билікке жақпаған. Мұқағали да билікке жаққан жоқ»,- деп ақын туралы, оның шығармашылық биік деңгейі турасында ой толғады.

Концерттік бағдарлама Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы Ермұрат Үсеновтың «Ұран» деген күйімен басталды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Айтқали Жайымов. Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне әндер жазылғаны белгілі. Осы кеште соның бірқатары орындалды. Айталық, Т. Шапайдың «Қайран Қарасазым-ай» әнін Сәкен Әлімханов шырқаса, Сәкен Сыздық Т.Рахымның «Қазағым-ай» әнін орындады.Уәли Бекеновтың Мұқағалиға арнаған «Күй аңсаған» күйін Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов көрермен наразына ұсынды. Ән мен күйлердің арасында өнер шеберлері Нұрай Танабаев пен Маржан Мырзабекова М.Мақатаевтың өлеңдері мен қарасөздерін және ақынның күнделігіне жазып кеткен сырларын мәнерлеп оқыды.Келесі кезекте Г.Дәукенованың «Күрең күз» әнін Диана Май, Жанерке Хасенова және Жанна Сүйіншалина орындап берді. Ж.Артықбаеваның «Мұңайдым сен жоқта» әнін Гүлзира Бөкейханқызы нақышына келтіре шырқады. Әнші Данияр Мұқан Т.Рахымның «Санаулы күн» әнін, ал Бауыржан Нұрымбетов А.Кенжебековтың «Жас қайың» әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.Ақынның сөзіне жазылған бір әндердің сазында мұң, сағыныш, арпалыс сезімдері болса, ал жігерлі, қуатты енді бір әндер көрермендердің рухын көтеріп жібереді. Елорда жұртшылығы ақынның өзімен сырласқандай әсер алды.Одан кейін Т.Рахымның «Отыздан асып барамын» әнін Асылхан Шалқаров, Е.Әбдіхалықованың «Есіңе мені алғайсың» әнін Зульфия Баймырза, ал Т.Рахимовтың «Аякөз ару» әнін Перизат Тұрарова орындады. Осы кеште Мұқағалидың өлеңдерін арқау еткен Нұрғиса Тілендиевтің бірнеше әндері шырқалды. Атап айтқанда, әйгілі «Сөнбейді әже шырағың» әнін Салтанат Мұратбекова, «Кел, еркем, Алатауыңа» әнін Бибігүл Жанұзақ, «Мен сендерді іздеймін» әнін Азамат Жылтыркөзов көрермендер назарына ұсынды. Ал «Саржайлау» әнін танымал әнші Алтынай Жорабаева шырқап, халықты бір серпілтіп тастады. Елорда филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін орындады, дирижерлік жасаған Нұрлан Бекенов.Келесі сәтте Шәмші Қалдаяқовтың «Талдықорған» әнін Арайлым Рахымқызы тамылжыта орындады. Т. Рахимовтың «Сәби болғым келеді» әнін Нұрбол Балапанов, Жамбыл Нұрлыбай және Дихан Ильяшев шырқағанда, елге кең таралып кеткен осы бір жүрек сезімін тербейтін әннің ырғағына көрермендер де қосылып отырды.Әнші Естай Мұқашев Ш.Сейдахметовтың «Махаббат әнін» орындап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.Көрерменін ән мен жырға бөлеген осы кештің қорытындысында әртіс Бақыт Хаджыбаев Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағалидың соңғы сөзі» атты монологын оқыды. Ол халық алдында ақын болып тіл қатты. Жырдың соңы: «Таудан түлеп ұшып ем,Тауға барып демалам»,- деп түйінделеді.Осындай жыр кешін ұйымдастыру бастамасының авторы Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов екенін айта кеткеніміз жөн.

 
«Астана Опера» театрында ерекше дуэт концерт береді

 16 ақпанда «Астана Опера» театрында арфамен концерт беруде теңдесі жоқ Айдана Қарашева мен мультиаспапшы Юрий Таштамиров «Ерекше дуэт» атты концерт береді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында И.П.Пашинская мен А.З.Бондурянский сияқты профессорлардың класынан білім алған дарынды жас орындаушылар 2013 жылы A-DUO (итальянша - «екеуара ойнау») ансамблін  құрған. Бүгінде Айдана Қарашева - өзіндік стилі бар музыкант, ал Юрий Таштамиров 10 үрмелі аспапты игерген. Ол өте сирек кездесетін аспап, XVIII ғасырдың аяғындағы кларнеттің бір түрі - бассетгорнда ойнайды. Қазіргі уақытта әртістер жиі концерттер қоюда.

Дуэт, шынымен де, ерекше - жас музыканттардың шығармашылық одағы отбасылық одаққа айналған. Енді көрермен аспапшылар орындайтын музыкалық жауһарлармен бірге, сүйген жүректердің әуенін де тамашалай алады.

Бұл - орындаушылардың «Астана Опера» сахнасындағы дебюті, сондықтан кеш бағдарламасына олар үлкен жауапкершілікпен дайындалуда. Оған: И.Бах, Э. Вилла-Лобос, М.Равель, К.Гильман, К.Глюк, Е.Үсенов және басқалардың шығармалары енді. 


М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды кеші өтеді

 Ертең ҚР Ұлттық музейінде «Тарихи тұлғалар» атты оқу-ағарту бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды кеші өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.

Кештің басты мақсаты  қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы музейге келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау. Қаншама жылдар өтсе де өміршеңдігін жоймай келе жатқан ақынның шығармашылығын кез келген жастағы қазақстандық сүйіп оқиды. Аталмыш кештің өтуі соған бұлтартпас дәлел болмақ.Әдеби-сазды кеште музейдің жастар театр студиясы поэтикалық пролог жасап, музей қызметкерлері ақынның өлеңдерін орындайды. Шараға Серік Тұрғынбеков, Ажар Ерболған сынды мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады. 


«ЭКСПО-2017: Барлық тулар бізде қонақта» көрмесі өтеді

 Астана қаласындағы №63 мектеп-гимназиясында «ЭКСПО-2017: Барлық тулар бізде қонақта» көрмесі өткізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара ЭКСПО дүниежүзілік көрмесінің тарихы, негізгі мақсаттары мен өткізілу формалары жайлы хабардар ету үшін, сондай-ақ, жастар санасында өз республикасына деген патриоттық сезімді ояту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, өз елінің ұлтжанды азаматы болу қағидасын насихаттау болып отыр.

Мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған көрме жұмысына Астана қаласының тарих және қоғамдық пәндерінің ұстаздары атсалысады. Шара бірқатар бөлімнен тұрады. Атап айтқанда,  негізгі бөлімінде оқушылар «ЭКСПО: болашақ бүгіннен басталады» көрме залының жұмысымен танысады. Ал жас зерттеушілер тобы халықаралық көрмелер тарихына шолу жасайды. Жобалаушылар тобы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрме кешенінің жобасын ұсынып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің тиімді жақтарына тоқталады. Жас ғалымдар тобы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі «Болашақ қуаты» тақырыбы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін идеяларын көрермен назарына ұсынады.

 
Астанада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды

 Бүгін «Отан Қорғаушылар» монументінің жанындағы алаңда 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 қазақстандық жауынгерге арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлады astana.gov.kz. 

ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысының 1992-2001 жж. аралығында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына тура он бес жыл болды.

Шараға сарбаздар мен офицерлер, әскери іс-қимылдар ардагерлері, сондай-ақ, қаза тапқан жауынгерлердің аналары қатысты. Жиналғандар қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. 

«Әскери қызметшілер, елорда тұрғындары, 15 жыл бұрын мен осы батальонды тәжік-ауған учаскесінен шығарған болатынмын. Шекара қызметі, әскери күштер, ішкі әскерлер сегіз жыл бойы әскери тапсырмалар орындады. Олар 18-19 жаста еді. 24 батальон өз тапсырмасын орындады. Біз ұлдарымыздан айырылдық, дегенмен, біз әрқашан да ерлік жасай алатынымызды мақтан етуіміз керек», - деді ҚР ҰҚК шекара қызметі бас штабының басшысы Магмед Садыков.

Айта кетейік, тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштер еліміздің төрт қаласында орнатылды: Семейде, Павлодарда, Шымкентте және Атырауда.

      
Елордада «Ақындар Тәуелсіздікті жырлайды» поэзиялық марафоны басталды

 Астанада «Ақындар Тәуелсіздікті жырлайды» поэзиялық марафоны бастау алды, деп хабарлады www.24.kz. 

Оған елдегі ақын-жазушылар қатысып, жастарға еліміздің егемендігі жайлы баяндады. Қатысушылар «Тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік» көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Айта кетсек, бұл шара жыл бойы өтеді. Мұнда 500-ге жуық бірегей кітап жинақталған. Олар Тәуелсіздік, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана және EXPO-2017 сынды 4 тарау бойынша орналастырылды. Көрмеге кез келген уақытта тегін кіруге болады.

 «Ақындар Тәуелсіздікті жырлайды» поэзиялық марафонының мақсаты - қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлар бойы дамып қалыптасқан тарихын, жастарға патриоттық сезімді насихаттау және көркем әдебиетті жастар арасында кеңінен насихаттау. Оған Несіпбек Айтұлы, Серік Тұрғынбек сынды ақындар қатысады», - деді  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының менеджері: - Айнагүл Оспанова.               

 

 





Елордада актриса Бақыт Жұмағұлова «Ана жүрегі» атты моноспектаклін ұсынады

 15 ақпан кешкі сағат 18.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында актриса Бақыт Жұмағұлованың сомдауында «Ана жүрегі» атты моноспектакльдің премьерасы өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Шығарма  жазушы  Ш.Айтматовтың «Құс жолы» повесі негізінде «Ана жүрегі» атауымен жарық көрді.  Қиын қыстау кездегі Ананың туған жеріне, халқына, ең бастысы жары мен балаларына деген махаббатын, батылдығын, шыдамдылығын қойылым негізіне арқау еткен.

Шығарманы қазақ тіліне аударған - Ш.Мұртаза. Спектакльдің режиссері - ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов.

Бақыт Ботпайқызы Жұмағұлова - Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.1984 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Қарағанды музыка училищесінің домбыра сыныбында оқыды.

1986-1988  жылдары  М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы драма студиясында  Әубәкір Рахымовтың сыныбына қабылданды.

1988-1997 жылдары   Талдықорған қаласының қазақ  драма театрында актриса  қызметін атқарды. Осы театрдағы он жыл еңбегінде көптеген рөлдерді сахнаға бейнелеп шығарды. Олар: «Пұшайман болған әулие» - Әйел, «Ақын-Сара» - Сара, «Шырағың сөнбесін» - Света,  «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Зәуреш,  «Еңлік-Кебек» - Еңлік т. б

1997 жылдан Астана қаласындағы  Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек етіп келеді.

2002-2005 жылдары Қазақ музыкалық Ұлттық Академиясының театр және кино бөлімінің актер мамандығын бітірді.

Театрдағы рөлдері: М.Хасенов «Қош бол ардағым», М.Әуезов «Қанды азу», «Қарагөз»-Үш әйел,  Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Дүрия, Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Жер-Ана,  «Ақ кеме» - кемпір, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу,қыздар-ай» - Айсұлу, Б.Ұзақов«Жандауа»-кемпір, Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» - Әлизә, Е.Жуасбек «Үйлену» - Мерек, «Антивирус» - Фатима, «Әзәзіл» - Екінші әйел, Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» - Динаның жеңгесі, Т.Джюдженоглу «Көшкін»- қауым мүшесі, М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» - Донна Изабелла, Ш.Мұртаза «Бір кем дүние».

 Сонымен қатар өлең жазу шығармашылығымен айналысады, біраз өлеңдерін Қазақстанның әншілер тыңдаушы көрермендерге танытты.

 
Елордалық полицейлер айыппұл төлеу жолдары туралы айтып берді

 Астана қаласы Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері өткен аптада Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6,5 мыңнан астам жағдайын анықтады. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтында хабарлады.

Күн сайын жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және апаттылықтың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлері Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларына ерекше назар аударады. Атап айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, жолдың қарсы бағытына шығу, көлікті мас күйде басқару.

Апта ішінде жол қозғалысын қадағалау барысында көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 630 жүргізуші ұсталды; бағдаршамның қызыл шамына жүріп өткен 200 астам көлік тіркелді; жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол беру талабын орындамаумен байланысты 140 бұзушылық; жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 100 жағдайы, жолдың қарсы бағытына шығу мен апатты жағдай тудырудың 70 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 30 жүргізуші ұсталды, 68 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Астана қаласының Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік заңнамасына сәйкес (ҚР ӘҚК 810-811б.)Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды (автоматты түрде бақылау-өлшеу құралдарымен тіркелген бұзушылықтардан басқа)7 тәуліктің ішінде көрсетілген айыпұл сомасының 50 пайызы мөлшерінде төлеуге болады.

Бұдан басқа, айыппұлдарды Қазақстан Республикасының ІІМ веб-порталында «Айыппұл төлеу» бөлімінде (https://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_iu/oplata) интерактивті қызметті пайдалана онлайн режимде төлеуге болады. Бұл бөлім автоматты түрде «Электронды үкімет» порталына өтеді, онда ұсынылған автоматтандырылған қызмет түрлерінің бірімен төлем жасауға болады.

 

 


Астана тұрғындарын учаскелік полицейлерге көмектесуге шақырады

 Астана тұрғындары құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторларға көмектесу, жедел ақпарат алмасу мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қоғамдық көмекшілер ретінде азаматтарды тарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Көктал» тұрғын алабының тұрғындары Астана қаласы мемлекеттік полиция қызметінің басшысы Бақытжаном Малыбаевпен кездесті.

«Жергілікті полиция қызметі 2016 жылғы 1 қаңтарда құрылды. Мемлекет басшысы полицейлерге халыққа жақын болу міндетін қойды. Бірлесіп жұмыс істегенде ғана қалада тәртіп орната аламыз», - деді Б. Малыбаев.

Тұрғындар кешкі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылық танытты. Олардың айтуынша, жастар балалар алаңдарына жиналып, алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзады. Жергілікті полиция басшысы мұндай жағдайда «102» номеріне хабарласу қажет екендігін және шақыру бойынша учаскелік инспектордың келетінін түсіндіріп өтті.

Учаскелік инспекторлар халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс. Мүлікті тонау жағдайларын азайту үшін тұрғындармен пәтерлер мен тұрғын үйлерде дабыл мен бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Кездесуді қорыта келе Бақытжан Малыбаев тұрғындарды қалада қылмыс деңгейін қысқарту мәселесінде полицейлерге барынша көмектесуге шақырды.

Айта кетейік, Астанада 311 учаскелік инспектор, 25 учаскелік пункт бар. 25 қаңтарда басталған «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» акциясы аясында инспекторлар халықпен кездесулер өткізуде. Халықты хабардар ету үшін учаскелік инспекторлардың байланыс телефондары мен жаднамалар таратылып жатыр. 


Астананың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың көктемінде тапсырылады

 Елорданың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың көктемінде тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Темір жолжелілері құрылысы жөніндегі дирекция» филиалының директоры Бақыт Қарсақбаев мәлім етті.

 «Бұл жобаны ҚТЖ салып жатыр. Осы нысан 2016 аяғында,  2017 жылдың сәуір айына дейін құрылыс нысандары салынып бітеді. Бір  үлкен мердігер түрік компаниясы және жанында қосалқы мердігерлер жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 2017 жылдың сәуір айына дейін бұл нысан толық тапсырылады. Осы тұрғыда вокзалдың үлкен терминалы бар ғимарат және оған кіретін 2 шақырымнан астам эстакада қамтылады»,-деді ол.

Б. Қарсақбаевтың сөзіне қарағанда, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ұзындығы 2550 метр эстакада 87 тірекке бекітіліп, нысанда қабылдау-жөнелту жолдары салынады.

Қазіргі Астана теміржол вокзалы тәулігіне 7000 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңа вокзалдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 35 000 жолаушыны құрайтын болады. Атап айтқанда, Астананың жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілген болатын.

 

 Елордадағы «Аналар кеңесі» бала тәрбиелеу тәжірибесімен алмасу үшін «Даналық маржаны» клубын құрмақ

 Елордада «Көмек-Help» әлеуметтік көмек орталығында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері меценаттармен және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында қайырымдылық жасаушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Былтырдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметпен айналысып келеді. Осындай жобалардың бірі «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы болып табылады, оның басты мақсаты - қоғамда қайырымдылықты, гуманизмді және риясыз көмекті қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде бекіту.

- Аналар кеңесі ем қабылдап жатқандарға және материалдық көмекке мұқтаж жандарға көмектеседі. Елордалық аналар кеңесінің арқасында Астананың үш ауданында да осы сияқты кеңестер құрылды. Олар жер-жерлерде материалдық және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін отбасыларды өз бақылауына алады, - деді Астана қаласының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Аналар кеңесіне жеті адам кіреді. Аудандық деңгейде де тиісті ұйымдар құрылды. Кеңес өкілдері балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасу үшін аналарға - түрлі этнос өкілдері үшін «Даналық маржаны» клубын құрмақ.

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі консультативтік-кеңесші ұйымы болып табылады. Кеңестің басты міндеті Қазақстан халқы Ассамблеясына отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды тарату бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 
Астанада жалдамалы пәтер нарығында 40 млрд. теңге «көлеңкеде» қалып отыр - Мемкірістер департаменті

 Мемлекеттік кірістер департаменті Астанада жалға беруге құлықты азаматтардың жеке меншік пәтерлерін тіркеуге алуды және оларға "EXPO RECOMENDATION" белгісін беруді ұсынып отыр. 

Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілxайыр Ысқақов мәлім етті.

"Астана - қарқынды дамып келе жатқан қала. Ресми деректер бойынша, елордада 230 мыңнан астам пәтер бар. Олардың ішінде заңды түрде 9,3 мың пәтер жалға беріледі. Бұл жалпы пәтерлер санының 4%-ынан да кем. Сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы тиіс.  Елордада кемінде 10% пәтер жалға беріледі. Шамамен "көлеңкелі" айналымда 40 млрд. теңге бар. Салық түрінде бюджетке 300 млн. теңгеге тарта қаражат түспей қалып отыр", - деп атап өтті ол Астана әкімінің қатысуымен өтіп жатқан департаменттің кеңейтілген отырысында.

Ә. Ысқақовтың сөзі бойынша, былтыр жалға беріліп келген 700 пәтер тіркеуге алынған. Дегенмен салық органдарынан жасырын жалға беріліп жатқан пәтерлер одан да көп. Сондықтан департамент басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін бұл саланы біржақты қылу қажеттігін атап өтті.

"ЭКСПО-2017 көрмесі барысында қонақүйлерге деген сұраныс күрт артады. Тиісінше пәтердің жалға алу құны да еселеп артады. Пәтерлерін қонақүй ретінде жалға беруге дайын адам саны да көбейеді. Осы орайда, Әділбек Рыскелдіұлы, жалға беруге құлықты азаматтардың жеке меншік пәтерлерін тіркеуге алу және оларға "EXPO RECOMENDATION" белгісін беру жөніндегі ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз. Осы бағыттағы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының, Риэлторлар қауымдастығының және өзге де мүдделі тұлғалардың тиісті жұмыстарынан кейін, жалға берілетін пәтер нарығы ашық бола түседі", - деді Ә. Ысқақов қала басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік пен көлік салығының жалпы салықтағы үлесі 10%-ды құрайды. 

 
Астана әкімі: ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристер саны жоспарлағаннан әлдеқайда көп болады

 Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристердің саны жоспарлағаннан әлдеқайда көп болады деп топшылауда. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«ЭКСПО - біздің қаламызға ең қиын емтихан мен сынақ болғалы тұр. Ондай сынақты елорда әлі бастан өткізген емес. Бұл шара 90 күн бойы өтетін болады, 5 миллионнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Біз бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысымен (Ахметжан Есімовпен) бірге бірлескен кеңес өткіздік. Қазірдің өзінде талдау барысы көрсетіп отыр, туристер бұл межеден де көп болмақ. Астанада күніне қосымша 50 мың адам келіп тұратын болады», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қала басшылығының алдында көрме кезінде қызмет көрсету саласын жоғары деңгейге көтеру міндеті тұр.

«Барлық қонақтарды қабылдап, тамақтандырып, қызметін жасап, қаланы тек жақсы қырынан көрсетіп шығуымыз керек. Сондықтан үлкен дайындық болуы тиіс, инфрақұрылым, электр желілерінің, сумен қамту жүйелерінің дайындығы бойынша үлкен жұмыстар атқару керек», - деді қала басшысы. 

 
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде азық-түлік бағасы шарықтап кетуі ықтимал - Ә.Жақсыбеков

 Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2017 көрмесі барысында азық-түлік бағалары шарықтап кетуі мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Бізге егер туристер көптеп ағылып, азық-түлікке деген сұраныс күрт артатын болса, қаланы азық-түлікпен қаншалықты қамти алатынымызды анықтап алу қажет. Оның үстіне көрме барысында бағалар көтерілмеу үшін логистикалық мәселелерді шешіп алу шарт, делдалдарды қысқарту бойынша жұмыстар жасалуы тиіс. Алайда ол да мүмкін: сұраныс артады, баға өседі», - деді ол.

Оның сөзі бойынша, көрші аймақтармен азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде уағдаластықтар жасалуда.

«Біз азық-түлік өндірісін бірнеше есеге арттыруымыз керек. Сондай-ақ көліктік-логистикалық мүмкіндіктерімізді арттыру шарт. Бүгінде көкөніс сақтау қоймалары, көліктік-логистикалық орталықтар, азық-түлік өнімдерінің өндірісі салаларының мүмкіндіктері зерттеліп жатыр. Осы мәселеде үлкен сұрақтар барын көріп отырмыз», - деп түйді ойын қала басшысы. 

 
2015 жылы Астана мемлекеттік бюджетке 850 млрд. теңге аударды - әкім

 2015 жылы Астана мемлекеттік бюджетке 850 млрд. теңге кіріс түсірді. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген отырысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.

«2015 жылы Астана республикалық бюджеттің доноры атанған төртінші қала болды. Мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың көлемі 850 млрд. теңгені құрайды. Астананың өз кірісі 200 млрд. теңгені құрады», - деді әкім.

Қала басшысының сөзі бойынша, елорданың негізгі 90 пайыздық кірісі салық есебінен түсіп отыр.

«Маңызды рөлді қаланың кірістерін мобилизациялау бағдарламасы атқарды. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейтудің мүмкіндіктері қаралды. Жыл бойы біз барлық қаражаттарды әлеуметтік салаға, денсаулық сақтауға, білім беруге, жол салуға және ТҚШ саласына бағытталып отырды. Департамент осы тұрғыда қала мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануы шарт», - деп атап өтті ол.

Әкімнің айтуынша, Астана - шикізат өндірісіне тәуелді емес аймақтардың ішінде көш бастап келе жатқан қала. Шағын және орта бизнестің дамуы, инвестициялар тарту және жоғары технологиялы өндірісті қарыштату арқылы елорда үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

«Алдағы уақыттарға белгіленген дағдарысқа қарсы жоспарымыз да осыған сүйенеді. Онда біз шағын және орта бизнестің кең өріс алуына ықпал жасауға тиіспіз. Қазіргі уақытта біздің жалпы аймақтық өнімнің 61 пайыз үлесін шағын және орта бизнес алып отыр. Өңірлерде оның үлесі 20-30 пайыз ғана. Бізде 2020 жылға дейін бұл межені 50 пайызға көтеру керек деп белгіленген болатын. Дегенмен бізге тоқтауға болмайды, оның көлемі жыл санап арта беруі тиіс», - деді әкім. 

 



Астанада Алмас Алматовтың 60 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Дала сазы» концерті өтеді

 15 ақпанда Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында «Ұлы дала сазы» атты ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, жырау Алмасбек Нұрмаханұлы Алматовтың 60 жылдық мерекесіне орай мерейтойлық концерті өтеді, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.  

Бағдарламада А.Н. Алматовтың орындауындағы халық жырауларының шығармалары, өз туындылары орындалады. Сонымен қатар Алмас Алматов қызмет ететін оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамының ұжымы, Қазақстанның Республикасының мәдениет қайраткері - Марат Нүкеевтің жетекшілігіндегі «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Мерейтойлық кешке Алмас Алматовтың әріптестері мен шәкірттері жыр шашу жасайды. Кештің қонағы ретінде филология ғылымдарының докторлары: Темірхан Тебегенов, ақын Аманжол Әлтаев қатысады. Сондай-ақ  Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі - Амандық Көмеков, Сыр бойының жыраулық дәстүрінің өкілі - Елмұра Жаңабергенова, Жетісу жыршылық мектебінің өкілі - Елікбай Иса, халықаралық байқаулардың лауреаты, өнертану магистранты - Күнсұлу Түрікпен,  республикалық байқаулардың бас жүлдегері - Дина Нұрабаевалар өнер көрсетеді. Дәстүрлі музыка өнері факультетінің ұстаздары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Жанғали Жүзбаев, Айтбек Нығызбаев, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі - Тұрар Алыпбаев, ҚР мәдениет қайраткері - Раушан Оразбаева, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері - Гүлнар Абдолла, республикалық конкурс лауреаттары - Толғанбай Сембаев, Қайрат Айтбаев қатысады.

Концертті жүргізуші - Мемлекеттік «Дарын» жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұрай Танабаев.

 

Ұлттық музейде ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті

 Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық музейінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды жыр кеші өтті, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Кештің ашылуында сөз сөйлеген  музей директоры Дархан Қамзабекұлы М.Мақатаев мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтті.

«Мұқағали Мақатаевтың ақындығы бір төбе, тұлғалық қасиеті бір төбе. Бәрімізде оның жырларын оқып, жаттап өстік. Хәкім Абайдан бастап, Мағжан, Қасым, Төлеген, Мұқағали сынды ақындарымызды қазақ әдебиетіндегі, қазақ руханиятындағы ерекше құбылыс деп қарауға болады. Осы кешті ұйымдастыру арқылы жас буынның поэзияға деген қызығушылығын, құрметін арттырсақ дейміз», деді Д.Мыңбай.

Жиналған қауымға ақынның өмірін баяндайтын деректі фильм ұсынылды. Кешке арнайы дайындалып келген жас ақындар, астаналық мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері Мұқағалидың, Фаризаның жырларын мәнерлеп оқыды.

Көпшілік алдында сөз сөйлеген ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы М.Мақатаев туралы естеліктерімен бөлісті.        

 
ТҚШ жаңғырту аясында Астанада 43 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті

 Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту аясында Астанада 43 тұрғын күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері Астанада 43 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 14 үйде 26 лифт алмастырылды. Қайтқан қаражатқа 5 үйдің шатыры жаңартылып, 17 тұрғын үйде 31 лифт ауыстырылды», - деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта қайтарылған қаражатты қайта игеру бойынша Астана басқа өңірлерден озық келеді.


Астанада жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр - әкімдік

 Астанада жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

«Астанада жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр. Жылу көлемінің параметрлері белгіленген режимдік карталарға сай берілуде. 1-ші деңгейлі апаттар мен істен шығу жағдайлары болған жоқ», - деп атап өтті ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, жылу қазандықтары қыс соңына дейін отыннан тапшылық көрмейді.

«Бүгінгі таңда барлық энергия көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген: көмірдің қоры 293 мың тоннаны құрайды», - деп атап өтті ол.


Астанада 17 шақырым сумен қамтамасыз ету желісі қайта жөнделді

 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов елорданы сумен жабдықтау жүйесі туралы айтып берді.

Астана қаласының бір орталықтан сумен қамтамасыз ету жүйесі су көтерудің 1 деңгейлі 2 сорғы стансасы, жалпы қуаты тәулігіне 300 мың текше метр болатын су тазалау блогы, су көтерудің 2 деңгейлі 1 сорғы стансасы, 1 199 км сумен қамтамасыз ету желілері, 111 кәріз сорғы стансасы, қуаты тәулігіне 136 мың м3 болатын кәріз тазалау құрылысынан тұрады.

«2015-2016 жылдарда жылыту маусымына дайындық аясында 17 км сумен қамтамасыз ету желілері қайта жөндеуден өткізілді. 2015 жылы «Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын жою жобасы» аясында тәулігіне 136 мың м3 көлемінде тазартылған ағын суды Есілге құю басталды», - деді Қ.Айтмұхаметов.

Бұдан басқа, «Қуаты тәулігіне 200 мың м3 көлемінде сорап-сүзгі стансасын қайта құру» жобасы аясында құрылғылар толық көлемде жеткізіліп, натрий гипохлоридін өндіру цехын салу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, индустриалды парк пен ЖЭО-3 техникалық сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 14 км болатын Тельман кентіндегі сорап стансасынан техникалық су таратқыш пайдалануға берілді.


2017 жылы Астанада ЖЭО-3 пайдалануға берілмек

 2017 жылы Астанада сағатына 480 Гкал/сағат қуаты бар ЖЭО-3 пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

«Биыл қуаты сағатына 480 Гкал болатын ЖЭО-3 энерготасығышы құрылысының бірінші кезеңі басталады. Жалпы ол 2017 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі уақытта 2016 жылға жұмыс жоспары жасалды»,-  деп атап өтті Қ.Айтмұхаметов.

Сонымен қатар, «Астана-Энергия» АҚ-ның жеке қаражаттары мен инвестициялық бағдарламалары аясында елордадағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 энерготасығыштары жаңғыртылады. 

Айта кетейік, қуаттылығы 480 Гкал/сағ болатын ЖЭО-3 бірінші кезегінің құрылысы 2010 жылы басталған болатын.

Осы мақсатта 14 млрд теңге, соның ішінде ЖЭО-1 қалпына келтіруге - 3,6 млрд теңге, ЖЭО-2 қалпына келтіруге - 5,1 млрд теңге, ЖЭО-3 құрылысына - 5,3 млрд теңге бөлінді. 


Астанадағы жолдар канадалық технологиямен төселеді

 Астанада биылдан бастап, жолдар канадалық технологиямен төселетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

«Жол сапасын арттыру мақсатында біз жаңа технологияларды қолданамыз. Биыл жол жабындысының қолдану мерзімін арттыру мақсатында канадалық технологиялар пайдаланады. Біз Шарль де Голь көшесінде оны эксперимент ретінде төсеген болатынбыз. Технология өзін жақсы қырынан көрсетті»,- деді Қ.Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, аталмыш жаңа технология жолдың «ғұмырын» ұзартпақ.

Сонымен қатар ол Астанадағы қазіргі жолдың сапасына да тоқталды және оның соншалықты нашар еместігін атап өтті.

«Биыл ауа температурасы ауытқып отырғаны мәлім, ол әсірісе жолға қатты әсерін береді. жол үстінде еріген қар мен жаңбыр суы да жол жабынын қатты бүлдіреді. Бүгінде көптеген шағымдар айтылып жатыр, бірақ елордада жолдар соншалықты мүшкіл деңгейде деп айтпас едім», - деді әкім.

 Астанада ПИК тарифтері олардың шығындарына байланысты белгіленеді

 Астанада Пәтер иелері кооперативтері қызметінің тарифтері түрлі болуына қатысты Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов түсініктеме берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер аталмыш мәселе бойынша сауал қойған болатын.

«Қалада тарифтер түрлі болып келетіні рас. Ең төмен тарифтер - 25 теңгеден басталады. Орташа тарифтер - 30-35 теңгеге дейін жетеді. Сол жағалауда, қымбат тұрғын үйлерде консьерждің қызметі ұсынылғандықтан, онда 100-150 теңге аралығында. ПИК тарифтері олардың шығындарына байланысты белгіленеді және ол тұрғындардың жалпы жиналысында бекітіледі», - деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, ПИК тұрғындар алдында жиналған қаражаттардың қайда жұмсалғандығы жөнінде есеп берулері тиіс.

«Есеп қағаз түрінде немесе интернет арқылы таратыла береді. Сол мақсатта біз қағазбастылықты азайту үшін ПИК-терге тұрғын үйдің толықтай интернетке қосылуын талап етеміз», - деді әкім орынбасары. 

 
Елордада 278 сайлау учаскесі құрылды

 Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы Астана қалалық сайлау комиссиясының есебі ұсынылды.

Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров отырыс барысында қалада қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 25 сайлау округі, 278 сайлау учаскесі құрылғанын, олардың 213-і қала аумағында және 65-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқанын атап өтті.

«Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді жалпы саны 2149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы, олардың ішінде 4 аумақтық, 25 округтік және 278 учаскелік комиссиясы жүзеге асырады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қалалық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларын оқытуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуде. Ол үшін семинар, тренинг, кеңестер өткізуден бастап қажетті сайлау құжаттарымен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге дейін, түрлі нысандарды қолдануда.

«Қазіргі уақытта қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу жүргізілуде. 2016 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша 25 сайлау учаскесінде 27 кандидат ұсынылды. Оның екеуі Қазақстанның коммунистік партиясы атынан сайлауға түспек. Қазіргі уақытта 3 кандидат тіркелді. Ұсынылған кандидаттардың барлығының да жоғары білімі бар», - деді И.Жалбыров. 

 

 

ҚР ҚК әскерилері науқас адамдар үшін шамамен 50 литр қан тапсырды

 ҚР Қарулы Күштерінің «Астана»  аймақтық қолбасшылығының жүзден астам әскері «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы аясында науқас адамдар үшін 50 литрге жуық қан тапсырды.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, шараға өз еркімен «Астана»  аймақтық қолбасшылығының 46298 және 85510 әскери бөлімдерінің әскерилері қатысты. Атап өту керек, мұндай шаралар әскерилердің денсаулығына да оң әсерін тигізеді - қан айналымы жақсарады. 

Әскерилер мұндай акцияларға жыл сайын қатысады. Тапсырылған қан қан құю орталығында сақталады.  

Еске сала кетейік, мұндай шаралар ҚР Қарулы Күштерінде үнемі өтіп тұрады.  ҚР ҚК әскерилері Қазақстандағы донорлықтың дамуына өздерінің белсенді  үлестерін қоса отырып, донор қанына мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуде.

 

     Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

 Бүгін Конгресс-холлда барлық қалалық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. «Белсенді азамат» акциясы аясында өткен шара барысында елорда тұрғындары қалада тұру жайлылығы мен сапасын арттыру мақсатында қалалық инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сауалдарын жолдады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Қалалық басқармалардың басшылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдың қорытындысын шығарды, сондай-ақ 2016 жылға арналған жоспарларға тоқталды. Елордалықтар өз сауалдарын жазбаша және ауызша түрде жолдады. Негізінен, балабақшаға кезек, ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй салу, ПИК жұмысы, қаланың көлік жүйесі, аулалардың аумағын абаттандыру мәселелері сөз болды.

Тұрғын үй инспекциясы басқармасына сауалдар көп жолданды. Мекеме басшысының орынбасары Азамат Әміржанов адамдардың басым бөлігі түске дейін келгенін атап өтті.

- Таңертеңнен бері адамдар көптеп келіп жатыр. 20-ға жуық адам Тұрғын үй инспекциясы басқармасына келді, оларға бәрін түсіндірдік. Кейбір сұрақтарға сол жерде жауап бердік, кейбір сұрақтарды қосымша қарау керек. Азаматтар көбіне тұрғын үй қорына, санитарлық жағдай мен ПИК жұмысына қатысты сұрақтар қояды, - деді А. Әміржанов.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай кездесулер жергілікті билік пен тұрғындарды байланыстыратын буын болып табылады, сондай-ақ, проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Жалпы, кездесу аясында 1541 өтініш келіп түсті.

Гүлмира, елорда тұрғыны:

- Бұл кездесудің нәтижесі болады деп үміттенемін. Мен Тұрғын үй инспекциясы басқармасынан өзіміздің ПИК туралы сұрамақпын. Олар мәселені шешіп береді деп ойлаймын.

Марина, елорда тұрғыны:

- Мен өз үйімді бұзу туралы сұрамақпын. Мұндай шара қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы. Кез келген адам кез келген департаментке және басқармаға сұрақ қойып, сол жерде жауап ала алады.

Аманжол, елорда тұрғыны:

- Мұндай кездесуге алғаш рет келіп отырмын. Несиені қалай төлеп, болашақта қалай жұмыс табуға болатынын сұрау үшін келдім. Өйткені, қазір жұмыссыз жүрмін. Кездесудің өтетіні туралы смс-хабарламадан білдім.

Айта кетейік, Астана қаласының тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен тығыз байланыс орнату үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады. Тұрғындар өз сауалдарын «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы кез-келген уақытта жолдай алады.    

 
Астанада ардагерлер кеңесіне жаңа төраға сайланды

 Бүгін елорда әкімдігінде Астана қаласы ардагерлер кеңесінің Х есептік-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Конференция жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Конференция қорытындысы бойынша делегаттар қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады», делінген хабарламада.

Конференцияда өткен жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылып, ұйым президиумы мен комиссия мүшелері сайланды, сонымен қатар, ардагерлер ұйымдарының республикалық съезіне қатысатындар тізімі бекітілді.

Қалалық ардагерлер кеңесі елорданың егде жастағы тұрғындарына қызмет көрсететін барлық басқармалармен және құрылымдармен белсенді ынтымақтастық орнатты. Ардагерлерге қолдау көрсетіп, ұйымға демеушілік көмек көрсететін елордалық кәсіпкерлер мен бизнесмендерге алғыс айтылды.

Елордалық қарт адамдар мен ардагерлер қаланың тыныс-тіршілігіне белсенді араласады. Олар мектеп оқушыларымен және студенттермен кездеседі. Ардагерлердің демалуы үшін жыл сайын мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады, шағын орталықтар жұмыс істейді. Алматы ауданында зейнеткерлерге арналған 14 шағын орталық бар, жақында тағы да бір демалыс орталығы Есіл ауданында ашылды.

Конференция делегаттары ұйым жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Конференция соңында Астана қаласы ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Сансызбай Есілов сайланды.   


Астанада 9 қонақүй мен мейрамханаға «Recommended by EXPO-2017» сертификаттары берілді

 Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасы шеңберінде алғашқы тоғыз қонақ үй мен мейрамхана мақұлданды, деп хабарлайды Елорданың ресми сайты.

Бүгін Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының бірінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасы комиссиясының төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ның өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардың және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

«Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердің бірі - қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деңгейіне қарай қаланың туристік дестинация ретіндегі даму келешегі  айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін», - деді Нұрәлі Әлиев.

Туристік саланың он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деңгейін бағалау нәтижелері бойынша «Астана қаласының алтын серіктесі» атағы «Soluxe Hotel Astana», «Radisson Hotel Astana» қонақ үйлеріне, «Astana Marriott» отеліне және «Korean House» мейрамханасына берілді.

«Күміс серіктес» белгісін «Park Inn by Radisson Hotel Astana» қонақ үйі жеңіп алды. «Қола серіктес» санатында «Ibis Hotel Astana», «Grand Park Esil Astana» қонақ үйлері және «Думан» қонақ үй кешені марапатталды. Ал «Peshnan» кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша «Астана қаласының серіктесі» санатында сертификатқа ие болды.

Бағдарламаның оныншы қатысушысы Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеді.

Осылайша, Астана қаласының ресми серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.

Қазіргі кезде бағдарламаға қатысуға 50-ден астам өтініш берілген.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Астана қаласының әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлады. Оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ы болып табылады. Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары қатыса алады. 

 

 Елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалар ресми түрде «Recommended by EXPO-2017» мәртебесін алды

 Бүгін Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының бірінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасы комиссиясының төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардың және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

«Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердің бірі қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деңгейіне қарай қаланың туристік дестинация ретіндегі даму келешегі  айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш Серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін», - деді Нұрәлі Әлиев.

Туристік саласының он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деңгейін бағалау нәтижелері бойынша «Астана қаласының алтын серіктесі» атағы «Soluxe Hotel Astana», «Radisson Hotel Astana» қонақ үйлеріне, «Astana Marriott» отеліне және «Korean House» мейрамханасына берілді».

«Күміс серіктес» белгісін «Park Inn by Radisson Hotel Astana» қонақ үйі жеңіп алды. «Қола серіктес» санатында «Ibis Hotel Astana», «Grand Park Esil Astana» қонақ үйлері және «Думан» қонақ үй кешені марапатталды. Ал "Peshnan" кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша «Астана қаласының серіктесі» санатында сертификатқа ие болды.

Бағдарламаның оныншы қатысушысы Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеді, ьек тоғызы бұған лайық деп танылды.

Осылайша, Астана қаласының ресми Серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.

Қазіргі кеде Бағдарламаға қатысуға 50-ден астам өтінім берілген.

Іс-шара соңында Нұрәлі Әлиев барлық қатысушыларға сапалы жұмыстары үшін алғыс айтып, ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді, өз кезегінде бұл Қазақстан астанасының беделіне оң әсерін тигізбек.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Астана қаласының әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлады. Оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС болып табылады. Бағдарлама шеңберінде ҚР қолданыстағы заңнамасы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, көрсетілетін қызметтер деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді. Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары қатыса алады.

 

 
Астана әкімі жаңа Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында болды

 Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа ғимаратында болып, медициналық мекеменің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады astana.gov.kz.

Жаңа орталық ашылғалы материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарып, жаңа құрылымдық бөлімшелер ашылды - психотерапия бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі. 250 кереует-орынға есептелген жаңа Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығын пайдалануға беру қазіргі заманғы ғылым деңгейінде наркологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарттарын іске асыру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Орталықта елімізде тұңғыш рет білікті көмек көрсетудің барлық кезеңдері енгізілген.

Қала басшысы Орталықтың бірнеше бөлімшесін аралағаннан кейін ұжыммен әңгімелесіп, оларға жұмыстары үшін алғысын білдіріп, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілікті атап өтті.

Ә. Жақсыбековтың айтуынша, бүгінде Астанада әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық кластер құрылып, қызмет етуде, оған емделу үшін барша Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ, шетелдерден де келеді.

«Елордада инновациялық және жоғары технологиялық медицинаны жетілдіру және енгізу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Осының барлығы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мүмкін болды», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығынан басқа тағы да төрт денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді - қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, амбулаториялық-емхана кешені, БМСК орталығы, онкодиспансерге жапсарластыра салынған ғимарат. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы биыл да жалғасатын болады.

Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы емхана және стационар корпустарынан тұрады.

Қазіргі кезде Орталықтың міндеті - көрсетілетін қызметтер секторын алдын алу мен алкогольге тәуелді, нашақорлар, құмар ойынға салынған, деструктивті тәртіптің басқа да формаларына ұшыраған науқастарға тиімді мамандандырылған көмек көрсетуге бағыттау.

Орталықта жоғары білікті нарколог дәрігерлер, психотерапевттер, психологтар жұмыс істейді. Науқастарды емдеу барысында дәрі-дәрмектерден басқа, заманауи психотерапевттік технологиялар, пациентке оңалтудан кейінгі қолдаумен рецидивке қарсы сапалы ем-дом кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, науқастың туған-туыстарына да жеке және топтық психотерапия курсын алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тәуелділікке шалдыққан отбасы мүшесімен сындарлы өзара әрекет ету дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында 228 қызметкер бар, қазіргі кезде Орталықта білікті мамандар тапшылығы жоқ.

Астана қаласы Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының мекен жайы: 31-көше, № 7 ғимарат (балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен №1 перинаталды орталықтың арасында).  

 

 Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

Кеше, 11 ақпанда Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Тіл мектебінің ресми түрде ашылуы болып өтті.

 Бұл жерде 2015 жылы «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми-педагог қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «БАҚ редакциясының қызметкерлері» және «ЖОО түлектері» санаттары бойынша оқуға түскен алғашқы60 стипендиат оқуды бастады, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов, Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі, доктор Кэролина Браун, Қазақстандағы Британдық кеңес директоры Джим Баттери, тіл мектебінің қызметкерлері, сондай-ақ 2015 жылы стипендия тағайындалған стипендиаттар қатысты.

«Болашақ» стипендиясын іске асыруды жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде біз тарихта алғаш рет Алматы қаласында 2015 жылғы 7 қазанда және Астана қаласында ағымдағы жылғы 1 ақпанда Тіл мектебін аштық.

Осы мектептің негізгі серіктесі Британдық кеңес болып табылады. Мектеп жұмысы ағылшын тілін оқытудың «6+6»жаңа форматын ұсынады, онда алғашқы 6 айда «Болашақтың» квоталық стипендиаттары ағылшын тілін Қазақстанда, қалған 6 айда шетелде оқиды.

Осылайша, стипендиаттардың ағылшын тілін оқу тиімділігі айтарлықтай артып, тілдік даярлыққа жұмсалатын қаржы қаражаттарын оңтайландыруға қол жеткізілді, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мектептің ашылу салтанатында.

Алматы қаласында бірінші тіл мектебінің салтанатты ашылу шарасы 2015 жылғы 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтіп, онда «Болашақ» бағдарламасының 38 стипендиаты оқуды бастаған болатын.    

 
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушылары бас қосады

 Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының екінші кездесуі өтеді. Бұл туралы СІМ блогында жарияланған үндеуінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«Астанада 24-25 ақпан күндері өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының екінші кездесуі ҚР СІМ мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның бірлескен қадамдарын біріздендіруге және көрмеге дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді. Ол кездесуге ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген елдерден 200-ге тарта қатысушы келеді деп күтілуде», - деп атап өтті министр. 

ҚР СІМ басшысының мәліметтері бойынша, көрмеге қатысуға бүгінде 70 мемлекет пен 13 ірі халықаралық ұйым келісімін беріп отыр. Қатысу туралы келісімшарт 26 елмен жасалды.

 

Елордада «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы өткізіледі

 15-29 ақпан аралығында Астана қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы өтеді.

Оған Астана қаласының мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.

«Шаттық» байқауы мемлекетіміздің мәдени әлеуеті мен кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізіледі. Шара «Байтерек» хореографиялық ансамблінің орындауындағы қазақ билерінің сюитасы негізіндегі би қойылымымен ашылады.

«Өз шығармашылығын таныту мақсатында байқауға қатысушылар саны жыл санап көбеюде. Биылғы жылы Астана қаласының 100 білім беру мекемесінен жеңіске ұмтылған 5000-нан аса қатысушы жас дарындыларымыз әділқазылар мен көрермендер алдында өз бағын сынап көрмекші. «Шаттық» қалалық байқауына қатысу және жеңімпаз атану - елордалық жастар арасындағы

 үлкен танымалдылық пен зор абыройға қол жеткізуге мүмкіндік береді, 10 жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Бұл байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін дамытады. Байқау тәжірибесі көрсеткендей, қатысушылардың көбі болашақ өмірлерін шығармашылықпен байланыстыруға шешім қабылдайды», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі: 10-15 жас және 16-20 жас аралығында, сонымен қатар 8 жанр негізінде 15 номинация: жеке аспапта орындаушы/ ансамбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/ хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі бойынша сайысқа түсетін болады. Байқаудың мерейтойлық жылына байланысты алғаш рет бағдарламаға «Ерекше жанр» және «Киім дизайны» қосылды.

Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында: (М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, Астана қ. әкімдігінің оқушылар сарайы, №1 өнер мектебі, №2 өнер мектебі, №4 МГ, №56 МЛ, №60 МЛ, Политехникалық колледж) шығармашылық сайыстар ұйымдастырылады.

Балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауының Гала-концерті және мерейтойлы алтын мүсіншелермен марапаттау рәсімі 29 ақпанда Конгресс-холда өтеді.

 
Қазақстан құрылысшылары кезектен тыс сайлаудың өткізілуін қолдайды

 Елорда әкімдігінің Астана қаласының сайлауалды штабының баспасөз орталығында сайлау кампаниясы аясында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті.

 Қазақстан құрылысшылары ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды.

Кездесу барысында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Тукиев кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімнің уақтылы қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды astana.kz.

- Өткен шақырылымдағы депутаттар көп жұмыс атқарды, алдағы уақытта туындайтын әлеуметтік-экономикалық проблемалар аз емес, олар жаңа көзқарас пен жаңа шешу жолдарын қажет етеді. Біз Парламент Мәжілісі бұрынғыдай көппартиялы болатынына үміттенеміз, - деді А. Тукиев.

Оның айтуынша, экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында да елеулі өзгерістер орын алды.

- Азаматтар тиімді бағамен тұрғын үй алуға мұқтаж. Біз оны қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы атынан біз ұсыныстар жасап,  кандидатураларымызды ұсынамыз, - деді А. Тукиев.


Астана көктемгі су тасқынына дайындалуда

 Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен Астана қаласы әкімдігінің кезекті аппарат отырысы қаланы көктемгі кезеңге дайындау және су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналды, деп хабарлады astana.gov.kz.  

Қазіргі кезде көктемде еріген суларды өткізуге дайындық бойынша қалалық кешенді жоспар әзірленді. 3 ақпаннан бастап әкімнің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, қажетті іс-шараларға дайындық басталып кетті.

Сонымен қатар, қаланы механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары да коммуналдық қызметтердің тұрақты бақылауында. Күн сайын магистральды көшелер, жолдардың жүретін бөліктері мен аула аумақтары кестеге сәйкес қардан тазартылады. Жұмыстар екі ауысыммен, сондай-ақ түнде де жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы қала аумағынан 2 млн. текше метр қар шығарылды. Жалпы жиналған аумақ көлемі 7,6 млн. шаршы м. құрады, соның ішінде қаланың 1 000 км-ден аса көше-жол желісі механикаландырылған жолмен жиналды.

«Биыл нормадан артық қар түсті, сондықтан әрбір учаскеде тұрақты бақылау жүргізу керек. Еріген және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыруға толық дайын болуды қамтамасыз ету керек», - деді қала әкімі.

Қазіргі кезде қалада су басу қаупі бар 35 әлеуетті учаске анықталды, олардың әрқайсысы бақылауға алынды, Есіл, Нұра және Ақбұлақ өзендерінің арнасындағы су тасқыны жағдайларын гидрологиялық бақылау бекеттерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Отырыс барысында ТЖ департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев су тасқынына байланысты орын алатын ТЖ-ны жою үшін 309 адамнан, 49 бірлік техникадан, 12 жүзу құралы мен бір тікұшақтан тұратын топ құрылғанын баяндады. Қажет болған жағдайда 125 адамнан және 48 бірлік техникадан тұратын жедел әрекет ету отряды тартылмақ.

Бұдан басқа, отырыста 10 ақпанда өткен Ашық есік күні шарасының қорытындысы шығарылды. Аталған шара барысында қалалық қызметтерге қала тұрғындарынан 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Қала басшысы елордалық басқармалар жұмысының айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін жазбаша өтініштерге жауаптарды қалалық әкімдіктің сайтында жариялауды тапсырды.

Ә. Жақсыбековтің айтуынша, әкімдік пен қала тұрғындарының өзара әрекет ету іс-шараларының бірі ретінде халықпен кездесулерді тұрақты түрде өткізу керек.

 
Астанада балабақшаларды бөлу басталды

  15 ақпаннан бастап елордада балабақшаны жоспарлы бөлу басталды. Астана білім беру басқармасының деректеріне сәйкес  8 мыңнан астам орын жинақтау жоспарлануда.

Алты жаңа балабақшаның  (2 -  Ильинка, 2 -   Комсомольский кенті, 1 -   Орынбор көшесінде және 1 -   «Жағалау» ТК ауданында) салынуына байланысты  биыл жоспарлы жинақтау ерте (2016 жылғы 15 ақпаннан бастап 11 наурыз аралығы бойынша) басталады.

«8 мыңнан астам орын беру жоспарлануда. Жұмыс тобы жинақтауды Қарталы көшесі №61 орта мектепте көрсетілген кезектілік нөміріне сәйкес және қатаң белгіленген қабылдау күні бойынша жүзеге асырады», - деп түсіндірді елорданың Білім беру басқармасынан.

Жұмыс тобы балаларды жинақтауды сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізеді, үзіліс - 13.00-14.00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері - демалыс.

Жинақтау аяқталғаннан кейін 1 маусымда қала әкімінің www.e.astana.kz  ресми сайтында электрондық қызметтен кезектің жылжу барысын бақылауға болады.

Жұмыс тобы жеңілдік санаты бойынша құжаттарды ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін ғана қабылдап, осы жинақтау аясында қарайды. Осы жылғы 1 сәуірге дейін келіп түскен құжаттар 2017 жылы кезекті жинақтау уақытында қаралады.

Қаралған хаттар нәтижелерін 1-30 наурыз аралығында білуге болады.

«Астана тұрғындары хабарламада көрсетілген кезектілік нөмірін әр жас тобы үшін жинақтау кестесіндегі кезектің реттік нөмірімен салыстыруы қажет.

Егер нөмір жоқ болса, онда жинақтауға қажеттіліктің болмағаны. Егер балабақшаның орналасқан орны қолайлы болмаса, жолдаманы алмауға болады. Кезектілік уақыты сақталады.

Балабақшаға жолдама бос орын болуына қарай беріледі. Жұмыс тобының қабылдау режімін бұзбауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды  сұраймыз», - деп жазды Астана қалалық әкімдігінен.

 
Астана жастары ауған соғысында қаза тапқан қаһармандарды еске алды

 Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағы Ауғанстан соғысында қаза болған жауынгер - интернационалистер мемориалы алаңында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарудың 27 жылдығына арналған гүл шоғын қою рәсімін өткізді. 

Шара барысында жиналған қауым ауған соғысында қаза тапқандарды еске алып бір минут үнсіздік жариялады.

«Ауған жерінен Кеңес әскерінің қайтып келгеніне 27 жыл өтті. Алайда сол бір қасіретке толы оқиғалар көптің көкейінен әлі де кете қойған жоқ. Зұлым соғыс кезінде ержүрек танытқан азаматтардың ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсету - барлығымыздың міндетіміз», - деді «Жас Отан» жастар қанаты Хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Гүл шоғын қою шарасына  ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, ҚР Әуе-десант әскерлер кеңесінің ардагерлері, Тәжік-ауған шекарасында қазақстандық бітімгершілік батальонының қатысушылары және Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары, сондай-ақ, жастар ұйым өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 1979 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 1989 жылғы 14 ақпанға дейін Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде Отан алдындағы борыштарын өтеді. Осы уақыт ішінде бұл соғысқа 22269 қазақстандық қатысты. Олардың 924 қаза тапса, 1015 мүгедек болды, ал 21 жауынгер із-түзсіз жоғалды.   


Астанада әлеуметтік желілердің көмегімен қазақ тілін үйренушілер саны артты

 Елордада Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қазақ тілін оқыту бойынша курстар басталды. Биыл тыңдаушылар саны 1500-ден асты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының хабарлауынша, биыл тегін курстар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа, әлеуметтік желілер арқылы таратылған. Бұл тілді үйренем деушілер санын өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арттыруға ықпал еткен. Тілді меңгеруге мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен т.б. ниет білдірген. Олардың басым бөлігін жастар құрайды. Білікті мамандар өткізетін сабақтар аптасына екі рет «Іскер» оқу орталығында өтеді. Айта кетейік, қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстар жыл соңына дейін жалғасады.



Қазақстандық композиторлар мектебінің алыптары - «Астана Опера» театрында

 18 ақпанда «Астана Операның» Камералық залында заманауи қазақстандық композиторлар шығармаларының ең үздік үлгілері ұсынылады. 

Белгілі отандық авторлар қатысатын «Дархан дала» концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Композиторлар-замандастар» жаңа циклін ашады.

Қазақстан композиторларының музыкасы тек біздің республика аймағында ғана емес, Италия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және т.б. шет елдерде орындалып жүр, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Кеш бағдарламасына тыңдармандарымыздың сүйікті әндері: М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Б.Қыдырбек, Т.Мұхамеджанов, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, А.Әбдінұров, К.Дүйсекеев, Ж.Тұрсынбаев, Е.Өміров, А.Тоқсанбаев, А.Алпысбаев, Д.Останькович, И.Жақанов, А.Тани сияқты классикалық және заманауи әндері, романстары, ариялары енді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор және композитор Серік Еркімбеков осы концертке атауы берілген «Дархан дала» әні халық ақыны Сырбай Мәуленовпен жеке кездесіп, оның  шығармашылық өмірбаянының  маңызды сәттерімен байланысты екенін атап өтті. Оның жинағынан алынған өлең жолдары жоғары поэзиялық сөз саптауы, ой-өрісінің кеңдігі, өмірге деген тамаша философиялық көзқарасымен, қазақ жері табиғатының әсем суреттерімен композиторға шабыт берді. Сөйтіп С.Еркімбеков тыңдармандарымызға өз басынан кешірген терең сезімдерді жеткізуге тырысты.

- Мәдениетті ел өмірінен бөліп алу мүмкін емес. Барлық күшіміз бен  шығармашылық шабытымызды біз өз Отанымыз туралы айтуға бағыттаймыз.  Көбінесе, бізді Отанға деген махаббат шабыттандырады, сондықтан да біз халқымыздың рухы, оның әдемілігі, жақсылыққа, биік мұраттарға талпынуын көрсететін шығармалар жазамыз. Бұл концерт біздің шығармашылығымыз, рухани әлемтанушылық, сезіну және алға жылжудың табиғи жалғасы болып табылады. Композициямен берілген тақырыптар, ойлар, бейнелер біздің өміріміздің, оның өмір сүру  кеңістігінің түрлі қырын көрсетеді, - дейді Серік Еркімбеков.

Кеш қонақтары елімізге белгілі айтулы қазақстандық композиторлар: Кеңес Дүйсекеев, Балнұр Қыдырбек, Серікжан Әбдінұров, Жоламан Тұрсынбаев және т.б. болады. Серік Еркімбеков, Әліби Әбдінұров және Дмитрий Останькович өздерінің шығармаларын Камералық зал сахнасында орындайды. Концертте театрдың көрнекті солистері - ҚР еңбек сіңірген әртістері Жаннат Бақтай, Ғалия Байғазинова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина, Жанат Шыбықбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Қапонова, Роза Нүркей, Әсем Сембина, Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Болат Есімханов сонымен қатар Б.Әлібекова жетекшілік ететін белгілі «Елігай» хоры және тағы да басқалар.

Фортепиано партиясын - композиторлар: Серік Еркімбеков, Дмитрий Останкович, Әліби Әбдінұров, сонымен қатар халықаралық  байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова, Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Гауһар Тасбергенова орындайды.  

 

 Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

 Жетекші отандық командалардың басын қосқан «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы әлеуметтік жарнама әзірледі. Белгілі қазақстандық спортшылар бейнеленген плакаттарды қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 станциясынан көруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акцияның мақсаты - жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, салауатты және белсенді өмір салттарын насихаттау.

Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, «Астана» баскетбол клубы ойыншыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады.

Айта кетейік, аталған командалардың арқасында соңғы үш жылда Қазақстанның қоржыны жаңа спорттық жетістіктермен толыға түсті.

 

 2017 жылдан бастап «Алтын сапа» онлайн режимге ауысады

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауларын өткізудің жаңа ережелерін таныстырды.

Бүгін Астанада өткен брифингте жарияланған мәліметтерге қарағанда, байқауларды өткізу рәсімінің негізгі қағидалары сақталған, бірақ та олар анағұрлым ыңғайлы әрі тиімді және барлық қатысушылар үшін қолжетімді болмақ.

«Біріншіден, байқауға қатысушылар мен олар ұсынған құжаттарды, сондай-ақ есептерді бағалау деңгейін арттыру үшін «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысушылар қызметін бағалау жөніндегі сарапшылық реестрі құрылады», - дейді палата өкілдері.

Белгілі болғандай, реестр құрамына ену үшін сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын жасап шығару жоспарда бар. Бұл өз кезегінде байқау қатысушыларын бағалау сапасын арттырмақ.

«Екіншіден, 2017 жылғы байқаудағы рәсімдердің бір бөлігі «Алтын сапа» сайты арқылы онлайн режимге ауыстырылатын болады. Мәселен, өтінімдер беру, байқау құжаттарын ұсыну, сарапшылардың байқау материалдарын бағалауы онлайн түрде жүзеге аспақ», - делінген таратылған мәліметте.

Атап айтқанда, мұндай қызметті іске қосу үшін іс жүзінде сайтты қайта жасап шығу керек. Бұған 4-5 ай уақыт кететіндіктен, биылғы жылы байқау рәсімдері қолданыстағы режімде өтетін болады. 2017 жылға қарай байқаулардың анағұрлым жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ететін сайт пен әдіснама дайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде аталған байқауларға қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. 2016 жылдың ережелері бұрынғы қалпында қалды. 

 Астанада 13 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

 Астанада ұзақ уақыт бойы қала аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан бірлескен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады елордалық мемлекеттік кірістер департаментінен.

«2015 жылы Астанада 13 жасырын ойын мекемесі жабылған, ҰҚТ-ның 8 мүшесі анықталып, соның ішінде төртеуі қамауға алынды, қылмыстық іс сот қарауында», - делінген Астана қаласы бойынша ІІД-нің хабарламасында.

Бұдан басқа, өткен жылы елордада 3 жасырын казино анықталып, жойылды, 172 бірлік моноблок пен процессор, 222 лотереялық және ойын автоматтары және үш рулетка заңсыз айналымнан шығарылды. 

 

 

Астанада алғаш рет сегіз мыңға жуық балаға балабақшадан орын беріледі

 15 ақпаннан бері № 61 орта мектепте балаларды мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіліп жатыр. Алғаш рет қаладағы 91 мемлекеттік балабақшаға 8 мыңға жуық бала қабылданбақ, соның ішінде бес мекеме жаңадан ашылса, біреуі 60 орынға есептелген жапсарластыра салынған ғимарат, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Елорда тұрғындарына кезек нөмерлері қабылдау кестесіне сәйкес болғанда ғана жолдама беріледі. Егер кезекте тұрғандар балабақшадағы орыннан бас тартса, Астана қаласының Білім басқармасы жаңадан қосымша топтау туралы жариялайды, ол үстіміздегі жылдың 30 наурызына дейін жалғасады.

Биыл наурыз айында 240 және 280 орындық бес балабақша пайдалануға беріледі: Орынбор көшесіндегі № 86 «Қадыр»; Комсомольский кенті Ұлпан көшесіндегі № 88 «Баян Сұлу»; Комсомольский кенті Қыз Жібек көшесіндегі № 89 «Қыз Жібек»; Сығанақ көшесіндегі № 90 «Еркежан»; Үркер ш/а № 91 «Еңлік» балабақшасы; сондай-ақ, №4 «Аружан» балабақшасына жапсарластыра салынған ғимарат. Әрбір балабақшада сөйлеуі бұзылған, аутизмі немесе психологиялық дамуының тежелуі бар балалар балаларға арналған топ құрылмақ.

«Қыз Жібек» балабақшасы толық жабдықталған. Мұнда интерактивті сыныптар, спорт және акт залдары, дефектолог және логопед кабинеттері бар.

Сәуле Атақанова, № 89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі:

- Балабақшаны наурыз айында ашу жоспарланған. Біз толық дайынбыз, кадрлық әлеуетіміз бар, өте жақсы. Мекеме 280 балаға есептелген, соның ішінде екі топ сөйлеуі бұзылған балаларға арналады, сондықтан балабақшада дәрігер-дефектолог пен логопед жұмыс істейді.

Айта кетейік, заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балаларға; жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға; әскери қызметшілердің, соның ішінде қызметі барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметшілердің балаларына; арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына, соның ішінде қызметі барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына балабақшалардан орындар кезектен тыс беріледі. Аталған санатқа жататын балаларға 1500 орын бөлінді.

Сонымен қатар, 4 жасқа толған балалар кезекке қарамастан шағын орталықтарға жіберіледі. Бұл мәселе бойынша қабылдау №61 орта мектептің №116 кабинетінде жүргізіледі. Жеңілдікті санаттар бойынша сауалдармен де осы кабинетке жүгінуге болады. № 119 кабинетте балаларды мемлекеттік тапсырыспен жеке меншікті балабақшаға орналастыру бойынша өтініштер қаралады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 мыңға жуық баланы қабылдау көзделген, бұл ретте соманың 15900 теңгесі бюджеттен төленеді, қалған 23000 теңгені ата-аналар береді.

Елордада балабақшаға топтау 15 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады.

 
Астанада симфониялық музыка концерттері өтеді

 Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының музыканттары елордалық тыңдармандар назарына бірнеше симфониялық концерт ұсынбақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

17 ақпанда Қазақ өнер университетінің орган залының сахнасында симфониялық оркестрдің солистерінің, скрипкашы Арал Байсалақовтың және флейтист Жібек Сапарғалиеваның орындауында тыңдаушылар назарына К. Мусин, И. Брамс, Е. Магалиф, П. Чайковскийдің шығармалары ұсынылатын болады.

Концерт дирижері - Ернар Нұртазин.

18 ақпанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Конгресс-холлда қазақ оркестрінің «Музыка - тілсіз әлем» концерті өтеді.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Айтқали Жайымовтың және дирижер Нұрлан Бекеновтың басқаруындағы қазақ оркестрінің, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Абиловтың орындауында қазақ, еуропалық композиторлардың музыкалары орындалады.

Симфониялық музыка тыңдармандары «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблінің және Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы солисттерінің «Аңсау» атты концертін тамашалай алады, онда өткен жылдардың белгілі әндері мен әуендері, сүйікті кинофильмдерден саундтректер орындалады.

 

 Елордада жұмыссыздарға арналған кәсіптік даярлау курстары өтеді

 Астанада жұмыссыз азаматтарды әкімші, гид-экскурсовод, аспаз, кондитер, іс жүргізуші сияқты мамандықтар бойынша қайта даярлау курстары ашылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Елордада жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмысқа орналасуға көмектесу үшін жыл сайын қалалық жұмыс берушілердің бос орындар туралы беретін өтінімдерін талдаудың негізінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, 2016 жылы білім жоқ жұмыссыз азаматтарды электрик, электргаз дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, даяшы, шаштараз, контролер-кассир, тігінші, кран машинисті мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру көзделген. Бұдан басқа, сұранысы төмен кәсіптермен айналысатын жұмыссыз азаматтарды әкімші, гид-экскурсовод, аспаз, кондитер, іс жүргізуші сияқты мамандықтар бойынша қайта даярлау курстары ашылады. Өз мамандығы бойынша біліктілігін, разрядын арттыруға немесе жаңа компьютерлік бағдарламаларды меңгеруге ниетті жандар үшін бухгалтер, қауіпсіздік техникасы бойынша инженер мамандықтары бойынша курстар өтеді.Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламаларына ие мүмкіндігі шектеулі жандар ішінен жұмыссыз отырған азаматтар төленетін қоғамдық жұмыстарға шақырылады.Университеттер мен колледж түлектері қаржыгер, экономист, есеп және аудит мамандықтары бойынша жастар практикасына қатыса алады.Жұмысқа орналасу мәселесімен Бейбітшілік к-сі 25, мекен жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады, тел. 57-88-86.

 

Астана қаласы әкімінің орынбасары Н. Әлиев Әбу-Даби СӨП вице-президентімен кездесу өткізді

2016 жылғы 3 ақпанда ҚР СІМ кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау аясында БАӘ-дегі  Қазақстан Елшісі мен Дубайдағы Бас Консулдық Әмірлікте төрт бизнес-форум өткізуді жоспарлап отыр.

Іскерлік аптаны жұмысын сәрсенбі БАӘ астанасында бастаған «БАӘ және Қазақстан: қарсы қозғалу» екінші қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы ашты. Шараны  Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған.

Форумның ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Н. Әлиев пен Әбу-Даби СӨП бірінші вице-президенті Ибрахим әл-Махмуд сөз сөйледі.

Белгілі болғандай, алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форум Астанада 2015 жылғы 28 қазанда БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің бастамасымен өткен. Бұл форумда Әмірлік тарапы Әбу-Даби СӨП төрағасы, «Arabtec» құрылыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед  ар-Румейсидің басшылығымен  бизнес-қоғамдастық өкілдерінен құралған делегациямен қатысқан. Сондай-ақ Астанаға Әбу-Даби СӨП, Аджман, Фуджейра, БАӘ Бизнесмен әйелдер кеңесі, Aldar Properties», «Trillion General Trading», «Zahira», «Agthia», «Emirates Post», «Mawasim Holidays» компаниялары және Әмірліктің бірқатар жетекші БАҚ өкілдері келді. Форумда қазақстандық-әмірлік кәсіпкерлері тәжірибемен, бизнес-идеялармен алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Бағдарлама аясында БАӘ делегациясы Астана Индустриалдық парк нысандарына барып, «AstanaInvest - 2015» VI халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысты.

 «Экономикалық дипломатия» акценті жаһандық турбуленттілік жағдайында Қазақстанның индустриалдық-инновациялық жобаларына араб инвестициясын тартуға, екі мемлекеттер арасында сауда байланыстарын кеңейтуге жасалады.

Енді Әбу-Дабиде қазақстандық кәсіпкерлерде Қазақстанда нақты бизнес-жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті әмірлік инвесторларымен тікелей іскерлік байланыс орнату мүмкіндігі бар. 

 

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің соңғы сұхбатына арналған фильм таныстырылды

 Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Респбликасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді.

«Сағадат Нұрмағамбетов өмірден өтер алдындағы екі ай бұрын осы сұхбатты алған едім. Бүгін тұсаукесері өтіп жатқан фильмнің де тақырыбы осы сұхбатқа орайластырылып қойылды. Осындай батырлар туралы кино түсірмеу қиянат деп білемін. Барша өмірін Қарулы Күштердің қатырында өткізіп, елдің қауіпсіздігі үшін тер төккен тұлға. Сондықтан еліміздің абыройлы офицерлерін тәрбилеп шыққан Халық Қаһарманы туралы фильмді түсіру парызымыз. Туындыны келешек ұрпағымызға, жастарға үлгі-өнеге көрсету мақсатында дайындадық», - деді  сценарий авторы Сатыбалды Текеев.

Фильм желісінде батырдың тағдыры, туған еліне деген патриоттығы, әскери саланың аса ірі маманы ретінде қалыптасуы мен тұлғаның адами қасиеттеріне айрықша мән берілген.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Республикалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және Екінші дүниежүзілік және Ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері,студент жастар қатысты.       

 
Елордалық жастарды кезектен тыс сайлаудың өткізілуін қолдауға шақырды

 Қала әкімдігінің баспасөз орталығында жастар ұйымдарының өкілдері елордалық белсенділермен кездесті. Жастарды азаматтық борышын орындап, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға шақырды.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Дархан Матаев қазіргі елордалық жастардың аса белсенді, сондай-ақ жастардың энергиясын қажетті арнаға бағыттау маңызды екендігін атап өтті, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

«Біз жастармен волонтерлық, жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргіземіз. Ұдайы пікірталас алаңдарын ұйымдастырып, әңгімелесеміз. Бүгінгі кездесу аясында алдағы сайлауды қолдауға шақырамыз. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену сияқты ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанды болашаққа жетелейтін нақ осы жастар. Бұл жолы ҚР Парламенті Мәжілісінің құрамында кандидаттардың жартысынан көбі ауысқаны қуантарлық жайт, соның ішінде жастар бірлестіктерінің өкілдері де бар. Белсенділер үшін бұл өзін көрсетіп, ілгері қадам жасауына жақсы мүмкіндік»,- деді Дархан Матаев.

«Жас Ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекетке жаңа саяси бағытқа түсу қажет деп есептейді, сондықтан кезектен тыс сайлауды өткізу уақытылы іс-қимыл болып табылады.

«Сайлауға қатысу - барша қазақстандықтардың азаматтық борышы. Бұл ретте жастар ерекше роль атқарады. Ертең елді басқаратын біз, мемлекеттік табысты жолға түсіру жауапкершілігі бізге жүктеледі. Сондықтан жастардың дауыс беруге келуі еліміздің гүлденуі мен ілгері жылжуына септігін тигізеді», - деді Динара Сәдуақасова.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар шетелдерде оқып жүрген қазақстандық студенттердің сайлауға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Шетелдегі қазақстандық жастардың «ҚазАльянс» бірлестігінің уәкілетті өкілі Арман Барменбаевтың айтуынша, Қазақстанның елшіліктерімен бірлесіп, шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесулер ұйымдастырылады.

 
Астанадағы жалған кәсіпорындарға бір жылдың ішінде 1,7 млрд.-тан астам теңге төлетілді

 2015 жылы Астананың көлеңке экономикасынан бюджетке 17 млрд. астам теңге қайтарылған.

Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы сотқа өтініштер беру арқылы қызметіне қатысын жоққа шығарып отырған адамдарға тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері - 69 жалған кәсіпорынның тіркелуіне жол берілген жоқ.

«Оларды тіркемеу нәтижесінде прокурорлық ден қою актілері бойынша жалған кәсіпорындардың 1658 контрагентіне (салық төлеуден жалтарып отырған) жалпы сомасы 5,5 млрд. астам теңге көлемінде салық есептеліп, соның ішінде бюджетке 1,7 млрд.-тан астам теңге төлетілген», - делінген хабарламада. 

 

 
Жастар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ерекше акция ұйымдастырды

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел жастары әлеуметтік желілердегі жеке суреттерін қазақтың оюымен «өрнектеп», кең даланың келбетімен әдемілеп жатыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 10 сағат 25 минут 25 секунда «Бір Ел. Бір Тағдыр» атты осы акцияға бастау берілді.

Қазір 25.el.kz порталына кіріп, өз суретін ауыстырған адамдардың саны 32  296-ға жетті. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, олар жиырма күн бұрын www.25.el.kz  платформасын жасап шығарған. Ұйымдастырушылар 18 ақпан, сағат 10.25.25-ке дейін кем дегенде 20 мың адам осы платформаның көмегімен суреттерін ауыстырса деп жоспарлаған екен. Әлеуметтік желінің белсенділері бұл акцияны іліп әкетсе керек, қазір суретін тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әдемілегендер саны 34 296 адамға жеткен.

Орталық коммуникациялар қызметінің акциясына бүгін 300 студент, сондай-ақ, Маржан Арапбаева, Ерлан Көкеев сияқты әншілер қатысып, жастарға қолдау білдірді.

 

 «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінен түсетін табыс 300 млн. еуродан асады

 Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінен түсетін табыс 300 млн. еуродан асады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Перепечина мәлім етті.

«Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуден бюджетке табыс түседі. Атап айтқанда, демеушілерден, көрмеге билеттер сатудан, тамақтану мен басқа да қызмет түрлерін көрсетуден түсетін табыс 300 млн. еуроға бағаланып отыр», - деді сенатор О. Перепечина. Оның айтуынша, Астанада өтетін халықаралық ауқымдағы шара отандық туристік кластердің дамуына да ықпал ететін болады.

Айта кетейік, бүгін Парламент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Аталған құжат негізінен «Болашақ энергиясы» тақырыбымен 2017 жылы Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылар үшін жағымды ахуал қалыптастыруға бағытталады. Келісім негізінен елімізде өтетін көрмеге қатысушыларды ынталандыру мақсатында ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну үшін құқықтық негіз жасайды.

«Бұған дейінгі дүниежүзілік мамандандырылған көрмелерден ерекшелігі Қазақстан бұл келісім аясында тек ресми қатысушыларға ғана емес, сонымен бірге оларды отбасы мүшелеріне де жеңілдіктер мен преференциялар ұсынып отыр», - деді О.Перепечина.

 
Астанада жыл басынан бері қараусыз қалған 192 көлік анықталды

 Елордада Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп көліктер,  жаяу жүргіншілер және қар тазалау техникасының қозғалысына кедергі жасайтын иесіз қалған көліктерді анықтау бойынша рейдтерді тұрақты түрде жүргізед, деп хабарлады  astana.gov.kz.

Жыл басынан бері 192 көлік анықталып, тұраққа қойылды. Қыста иесіз қалған көліктер мәселесі аса өзекті болады, өйткені иелері аулаларда және жолдардың жиектеріне қалдырып кеткен көліктерді қар басып, қала тұрғындарына кедергі келтіреді, елорданың келбетін бұзады.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, полицейлер номер белгілері мен шанақтың номері арқылы көлік иесін еш қиындықсыз анықтайды. Көлік иелерімен әңгімелесу жүргізіліп, кейбір жағдайларда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бір айдан артық уақыттан бері тұрған, бұзылған, қоқыс пен металдың жиналу ошағына айналған, қар жинау техникасына кедергі жасайтын, гүлзарларға қойылған, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі болатын машиналар әкетіледі.

Елорда тұрғындарын көшеде қараусыз қалған көлікті байқаған жағдайда, 102 номеріне немесе елорда әкімдігінің «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына хабарласуға шақырамыз. Өтініш қабылданған соң анықталған көлік жүргізушілеріне қатысты қажетті шаралар қолданылатын болады. 

 

 


Өткен жылы елордадан 2 мыңнан астам шетелдік шығарылды - Г.Дөненбаева

 2015 жылы елордадан сот шешімімен 2247 адам шығарылды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева мәлім етті.

«Көші-қон полициясы заң бұзушылықтарды анықтағаннан кейін әкімшілік материалдарды жинап, сотқа жібереді. Қазіргі уақытта олар бойынша шешім шығарылған. 2015 жылы сот шешімімен Астана қаласынан 2247 адам шығарылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, елордадан шығарылғандардың қатарында ТМД, сонымен қатар алыс шет елдердің де азаматтары бар.

«Алыс шет елдің және таяу шет елдің азаматының заңнаманы бұзуындағы еш айырмашылық жоқ. Сот шешімі шығарылады. Яғни, сот санкциясы мен шешімі кез келген елдің азаматына бірдей», - деді ол.

Г.Дөненбаеваның атап өтуінше, бүгінгі күні Астана мен Алматы қалалары шетелдік еңбек мигранттары үшін барынша тартымды шаһарлардың бірі болып отыр. 



Астанада шұжық өнімдерін шығаратын цех ашылды

 Бүгін Астанада ет өңдеу кәсіпорындарының бірі «Апрель» ЖШС-нің ет өнімдерін және жартылай фабрикаттар шығаратын тағы да бір цехы ашылды. Өндірістік цех өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында берілген арзандатылған несие қаражаты есебінен жаңа цех барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Бұл ет өнімдерінің 110-нан астам түрін шығаруға мүмкіндік береді. Цехтың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 5-7 тонна немесе айына 100 тонна дайын өнімді құрайды. Алдағы уақытта өндіріс көлемін 25%-ға арттыру жоспарланған. Төмен температуралы арнайы тоңазытқыш камераларында 200 тонна ет шикізатын сақтауға болады.

Елорда әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі - отандық өндірушілер тауарларының сапасын арттыру және өндірісін дамыту бойынша кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өндірістік базаны және оған жақын орналасқан жеке кәсіпкерлік объектілерін электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ететін қуаттылығы 2 мВт-тық трансформаторлық аралық станция салынды.

Цехта 150 астам жұмыс орны ашылды, өнім елорданың және көрші облыстардың базарларында сатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 
«Астана Опера» театрында қойылатын «Аида» операсындағы патша рөлін Е.Чайников сомдайды

 Евгений Чайников 21 ақпанда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында тұңғыш рет Дж.Вердидің «Аида» операсындағы Эфиопия патшасы Амонасроның партиясын орындайды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Евгений Чайников - Аризона (АҚШ) штаты университеті магистратурасының «опера әншісі» мамандығы бойынша түлегі, «Метрополитен-опера» (2006, АҚШ)  байқауы Аймақтық кезеңінің финалисі.

Бұл кеште солист басты партияны - жақында ғана Краснояр опера және балет театры сахнасында осы рольді тамаша орындап шыққан астаналық театр примасы Жұпар Ғабдуллинамен шығады. Оның ғашығы Радаместі Болгариядан арнайы келіп, астаналық көрермендердің сүйіктісі болған Камен Чанев, Амнеристі - Гүлжанат Сапақова, Рамфисті - Армения халық әртісі Барсег Туманян, Мысыр патшасын - Артур Қайыпқұлов орындайды. Дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Абзал Мұхитдинов.

Қойылымға опера солистері, әйелдер мен ерлер хоры, балет әртістері, оркестр, миманстан бастап, балаларға дейін 200-дей адам қатыстырылды.

«Әйгілі қоюшы Франк Дзеффиреллидің мұндай ауқымды спектакліне қатысу - үлкен абырой және жауапкершілік. «Ла Скала» тұсаукесерінен кейін мен бұл спектакльдің жазбасын ғаламтордан көрдім. Безендірулер, костюмдер үлкен әсер қалдырды. «Әйтеуір бір кезде осы спектакльде ойнасам ғой»,-деп ойлайтынмын. Барлық сахналық дайындықтарға қатыстым. Көп уақыт бойы партиямен және мизансахнадағы рөльдеріммен жұмыс істедім, енді қазақстандық көрермен алдында өнер көрсетуге дайынмын», - деп атап өтті баритон. Бұл Евгений Чайниковтың театр маусымы кезіндегі үшінші дебюті. «Абай» операсынан Жиренше, «Тоскадағы» Скарпиа көрсетілді, енді алдымызда - «Аидадағы» Амонасро бейнесі. Әртіс барша жанкүйерлерін, сонымен қатар опера өнерінің жанкүйерлерін ұлы көрініске шақырады.

 2006 жылы «Ла Скала» театр маусымын «Аида» операсымен ашқан еді, сөйтіп Еуропа мәдениет өмірінде ең ірі оқиғалардың бірі болған еді. 2014 жылы 19 қарашада тұсаукесер «Астана операда» өтті. Біздің көрермендеріміз мұндай көрініске қатты таң қалған еді: 35 бутафория, отыз тонналық безендіру, аса әдемі тігілген костюмдер әсерлі шықты.


«Астананың» велошабандозы Вольта Альгарве додасының екінші кезеңінің жеңімпазы атанды

 Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Луис-Леон Санчес (Luis Leon Sanchez) Вольта Альгарве-2016 екінші кезеңінің таудағы Альто-да-Фойя (Alto da Foia) додасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды velolive.com.

32 жастағы испандық шабандоз мәреде Sky командасының британдық спортшысы Герант Томас (Geraint Thomas) пен LottoNl-Jumbo командасының словениялық шабандозы Примож Рогличті (Primož Roglič) артта қалдырды.

Мәре сызығына дейін 10 шақырым қалғанда Зденек Штыбар (Etixx-Qiuck Step), одан кейін Роберт Гесинк (LottoNL-Jumbo), Диего Роса (Astana) және Нельсон Оливейра (Movistar) біріншілікке тартысты талас жүргізді. Соңғы шақырымда Луис-Леон Санчестің сәтті шабуылы оған жеңіс әкелді.   

 
Ертең Астанада ел тарихында екінші рет допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталады

  Ертең, 20 ақпанда Астанада Қажымұқан мұңайтпасов атындағы орталық стадионда допты хокккейден (бенди) ересектер арасында  Қазақстан чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Ұлттық штаттық компандалалр және спортшылар резерві дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа тарихымызда екінші рет бой көтеріп отырған дүбірлі жарысқа еліміздің 4 командасы қатысады. Олар: Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Астана қаласының допты хоккейшілері. Жарыс 20 ақпаннан бастап күнде сағат 10:00-де басталады. Салтанатты ашылуы 22 ақпанда саған 16:00 өтеді.

Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстанның допты хоккей (бенди) федерациясы.

 

Астана экономикалық форумы аясында БАФ пен АЭФ-тің бірлескен сессиясы өтеді

  Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының бас хатшысы Чжоу Вэньчжунмен кездесті. Кездесу барысында 2016 жылдың 25-26 мамыр күндері өтетін Астана экономикалық форумы аясында БАФ пен АЭФ-тің бірлескен сессиясы мен «Еуразиялық экономикалық одақпен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын түйіндестіру» тақырыбындағы энергетикалық ресустар және тұрақты даму форумын өткізу өткізу мәселесі келісілді.

Кездесу БАФ-ты ұйымдастыру комитетінің Бейжіңде аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларына арналған брифингі аясында өтті. Шара барысында қазақстандық тарапқа БАФ-тың «Азияның жаңа келешегі: жаңа қарқын, жаңа көзқарастар» атты жыл сайынғы конференциясына шақыру табысталды. Аталған шара 2016 жылдың 22-25 наурызы аралығында Хайнаньда өтеді.

БАФ бас хатшысы Чжоу Вэньчжун өз сөзінде конференция аясында 80-нен астам сессия өтіп, ірі компаниялар басшыларының екіжақты сұхбаттары, өнеркәсіп өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, қытайлық және шетелдік министрлердің, губернаторлар мен мэрлердің кездесуі өтеді.

Айта кетейік, Боао форумы - үкіметтік емес, коммерциялық емес халықаралық ұйым. Ол 2001 жылы құрылған. 2002 жылдың сәуірінде БАФ-тың бірінші жиыны өткен болатын. Осы жиыннан кейін Боао форумы жыл сайын өткізілетін болды. Жыл сайынғы конференцияның тұрақты өтетін орны - Хайнань провинциясының оңтүстік бөлігіндегі Боао курортты қаласы.

БАФ-қа мүше мемлекеттер -  Бангладеш, Австралия, Бруней, Камбоджа, ҚХР, Үндістан, Индонезия, Жапония, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Малайзия, Моңғолия, Бирма, Непал, Пәкістан,  Филиппин, Оңтүстік Корея, Сингапур, Шри-Ланка, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Израиль, Өзбекстан, Вьетнам және Жаңа Зеландия.

 

Астанада 4 900-ден астам мүлік заңдастырылған

 Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде жалпы құны 20 666 млн. теңгені құрайтын 4 947 мүлік нысаны заңдастырылған. Сонымен қатар,  11 арнайы декларация қабылданып, 8 322 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы заңдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова салық төлеушілерге арналған семинар барысында мүлікті заңдастырудың жаңа ережелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, заңдастыру мерзімі үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуға және процедураны жеңілдетуге қатысты өзгерістер енгізілген.  

Айта кетейік, мүлікті заңдастыруға қатысты кез келген мәліметтер салықтық және бакнтік құпия болып табылады. Ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, заңдастыру субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңнан тыс әрекеттерден қорғалған. Яғни, мүлікті және ақшаны заңдастыру фактісінің дәлелі ретінде пайдалануға немесе қылмыстық іс қозғауға тыйым салынған. Заңдастырылған мүлікті тәркілеуге де болмайды.

 
Елордалық оқушылар республикалық байқауда 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды

 Астана қаласының құрама командасы жалпы білім беру жобалары бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсында бірінші орынға ие болды. Бірнеше жыл қатарынан астаналық команда «алтын» иеленіп, «Үздік команда» атағына ие болуда, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Астаналық оқушылар 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медаль мен 6 грамотаны қанжығаларына байлады. 5 алтынның  4-еуін №60 мектеп-лиейінің оқушылары, біреуін Астана қаласының №1 мектеп-лицейінің оқушысы иеленді. Екінші орындарды №60 мектеп-лицейінің 5 оқушысы мен 2 орынды «Қазақ-түрік лицейі» мен «Нұрорда» мектеп-лицейінің оқушылары бөлісті, бір-бірден күміс жүлдені №1, 27, 54, 59, 63, 78 мектептердің оқушылары алды.

Конкурс қорытындысы бойынша еліміздің құрама командасы өз жұмыстарын биылғы 2016 жылы 8-13 мамырда Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өткізілетін жыл сайынғы Intel ISEF-2016 оқушылардың ғылыми жобалар халықаралық байқауына ұсынады. Intel ISEF-2016 сертификатын №60 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Әлібек Мұқанов иеленді.

Жас зерттеушілердің 600-ға жуық ғылыми жұмыстары Конкурстың қорытынды сатысына қатысты. Оның ішінде Астана қаласының 77 оқушысы автор болған 59 астаналық жоба да бар.

Ведомствоның атап өтуінше, ертең сағат 15.40-та конкурс жеңімпаздарын Білім басқармасының өкілдері, мектептердің басшылығы мен ата-аналар Астана вокзалынан салтанатты түрде күтіп алады. 

Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде 300 әлемдік компания әскери өнімін ұсынбақ

 Әлемнің әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынбақ.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі қатысушылар саны әлі нақты емес екенін хабарлады. Өйткені, таяу және алыс шетелдегі қатысушылар мен меймандардан өтінімдер күн сайын түсіп жатыр. 

«Көрменің танымалдылығымен қатар, еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту және армияны жабдықтау үшін «KADEX-2016» тиімділігін де атап өткен жөн. Оның өткізу нәтижелері әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электронды аспаптарды өндіру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаттық радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньді кеудешелерді шығару жөніндегі бірқатар бірлескен өндіріс болады», - деп хабарлады ведомстводан. Осы жылы «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді. Аталған көрме - Орта Азиядағы ауқымды іс-шараның бірі. Көрме 2010 жылдан бастап, үш рет өткізілді.

 


Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

 Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқыны қаупі бар орындарды аралап шықты, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Бүгінгі таңда тасқын суларды өткізу жөніндегі кешенді жоспар әзірленді, оған сәйкес қауіпті аумақтарда тексеру жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада. 

«Басты міндетіміз - жеке тұрғын үй секторындағы қарды шығару, сондай-ақ, аулаішілік аумақты тазалау. Және де еріген қар суларын өткізу және жолдар мен тұрғын үйлерді су баспауы үшін кәріз қақпақтарын, нөсер жүйесінің жақтауларын мұздан тазарту керек», дейді Астана қалалық ТЖД-ның басшысы Барат Дұзақбаев.

Шара барысында «Сарыарқа» ауданында Дулатов көшесі, Алматы ауданында Қарағанды көшесі тексерілді. ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы өз аумағындағы қарды шығармайтын тұрғын үйлерді аралады. Осындай қожайындардың кесірінен жыл сайын тұрғын үйлердің жағдайы нашарлайды. 2015 жылы 241 үйді су басқан, соның ішінде 70 үй бақ шаруашылығы қоғамында орналасқан.

Бүгінде коммуналдық қызметтер қала аумағынан 2,1 млн тонна қар шығарған. Жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарындағы қар арнайы орындарға жеткізіледі. Бүгінде елордалық аумақтық шағын жүйенің азаматтық қорғау қызметтерінің бекітілген тізімі төтенше су тасқыны жағдайларын жою жөніндегі 21 қызметтен, 238 адам мен 568 техникадан тұрады, соның ішінде жедел әрекет ету қызметінде 125 адамнан құрылған отряд пен 48 арнайы техника бар.

 
Елордалық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында топ жарды

 Елордалық оқушылар Алматыда өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші және соңғы кезеңінде жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бірнеше жылдан бері астаналықтар алтын алып, «Ең үздік команда» атағын иеленіп келеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Бұл жолы Астана қаласы оқушыларының командасы 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медальға, сондай-ақ, 6 грамотаға қол жеткізді.

Төрт бірінші орынды №60 және №1 мектеп-лицейінің оқушылары алды. Күміс медаль №60 мектеп-лицейінің, Қазақ-түрік лицейінің және «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оқушыларына бұйырды. № 1, 27, 54, 59, 63, 78 мектептерінің оқушылары үшінші орынға табан тіреді.

Енді Астана құрама командасы өз еңбектерін 8-13 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өтетін Intel ISEF-2016 оқушылардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында таныстырады.

Республикалық жарыс барысында барша Қазақстаннан жас зерттеушілер 600-ге жуық ғылыми жоба ұсынды. Соның ішінде 59 жобаны 77 елордалық оқушы дайындаған.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы республикалық конкурс «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдер» тақырыбында өтті. Жарыс төрт бағыт бойынша 18 секцияда ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсімнің қайнар көзі», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негіздемесі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешек туристік бағыттар».

Ғылыми жобалар республикалық конкурсын өткізудің ережелеріне сәйкес ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім гранттарын алуға зор мүмкіндікке ие болады.

 
 «Болашақтың энергиясы - EXPO-2017» атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өтті

 Елордадағы Көлік және коммуникация колледжінде "EXPO- 2017" халықаралық көрмесіне орай техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында "Болашақтың энергиясы - EXPO-2017" атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өтті. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан хабарлады.

Көрмеге Астана қаласының колледждері қатысып, олардың  экономиканың әртүрлі салалалары бойынша 30 жобасы ұсынылды.

Көрменің мақсаты - техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттерін энергетиканың өзекті және мақсатты бағыттағы жобаларын орындауға қызықтыру, кәсіби және ғылыми шығармашылық, инновациялық идеялары мен жобаларды дамытуға ат салысуға шақыру.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола колледжінің студенттері иеленді. Политехникалық колледж студенттері "Жайлы үй" жобасымен I орынды жеңіп алды. II орынды "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері және "Энергетика және байланыс колледжі" МКҚК студенттерімен  бөлісті.  III орынды "Көрмелік орталық" макеті бойынша "Политехникалық колледжі" МКҚК студенттері және "Сұйық сутегіден электр энергиясын өндіру" тақырыбы бойынша жұмысымен "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК  студенттері иеленді. «Техникалық колледж» МКҚК студенті Фербер Герберт үздік «Өнертапқыш» номинациясын жеңіп алды.

 
Астанада жедел медициналық көмек шақыртуға такси пайдаланатын болады

  Астанада жедел медициналық көмек шақырту қызметін көрсету үшін такси пайдаланылатын болады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Иван Ли хабарлады.

«Біз Түркияда, Ыстамбұлда тәжірибені зерделедік. Онда арнайы машиналар жоқ, олар жедел жәрдемге кәдімгі жеңіл көлікті жалдайды да дәрігер немесе фельдшерді осы жеңіл көлікпен жібереді. Эксперимент тәртібінде 2 наурыздан бастап біз осы бағдарламаны енгіземіз. Қазір байқау өткіздік. 2 наурыздан бастап жеңімпазды анықтаймыз. Алғаш рет 25 көлікті - 7 жергілікті таксиді жедел жәрдемге тартамыз», - деді И. Ли.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқрамасында мұндай өзгерістен кейін жедел жәрдем жұмысының көрсеткіштері жақсарады.

И. Ли сондай-ақ 1 және 2 санатты шақыртулар - бала туу, жүрек талмасы, ауыр жарақаттар мен басқа да жағдайларға қызмет көрсетуі үшін арнайы санитарлық көлік қажет. Ол барлық шақыртудың небәрі 30 пайызын ғана құрайды. Тұтастай, 871 мыңға жеткен Астана халқына қызмет көрсету үшін 90 көлік керек, ал денсаулық сақтау басқармасында олардың саны бар болғаны - 52.

2016 жылы Астана жұмыспен қамту орталығы 600 жұмыссызды қысқамерзімді курстарда оқытады

  2016 жылы Астана жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарда  жұмыссыз 600 адамды оқытады. Бұл туралы Астана қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Абай Баймолдин қалалық әкімдікте өткен брифингте хабарлады.

«Биыл 600 жұмыссыз азаматты дайындау жоспарлануда. «Ютария» компаниясы 100 тігінші дайындауға тапсырыс алды. Қалған мамандықтар да айқындалды, олар: шаштараз, аспаз, электрик, электрмен дәнекерлеуші. Бұл жұмыс наурызда басталады», - деді А. Баймолдин.

Оның айтуынша, мамандар дайынау курсы - қысқамерзімді. 1 айдан 3 айға дейін.

А. Баймолдин Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жастар практикасына және әлеуметтік жұмысқа жіберетін хабарлады.

Биылдан бастап Астанада жылу тарифі өзгерді

 Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің жаңа тарифтік саясаты іске қосылды, онда бекітілген 2016-2020 жж. арналған ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеу қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясын тасымалдау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1070 теңге мөлшерінде бекітілді, өсім 7% құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы нақты инфляция 13,6% болған.

Жылу энергиясын тасымалдау қызметінің қымбаттауына инвестициялық салымдардың артуы, жылу желілерін ұстау мен пайдалану үшін қажетті энергоресурстар, шикізат пен материалдар бағасының көтерілуі себеп болды.

Айта кетейік, «Астана-Теплотранзит» АҚ 571 км жылу трассасы мен 10 сорғы станциясына қызмет көрсетеді. Жылу желілері қалпына келтіріліп, арнайы техника жаңартылады, бұл көлік құралдарын жалдауға жұмсалатын ақыны азайтуға, ескі құралдарды ауыстырып, заманауи құрылғылар мен жүйелер сатып алуға мүмкіндік береді.

Жылу желілерінің үздіксіз сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Астанада тарифтердің ең төмен орташа көрсеткіштерінің бірі тіркелген, бұл ретте елорда 14-ші орында.

 Елорда сайлаушылары өз учаскелерін онлайн режимде таба алады

 20 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Астана қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін білу үшін Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының қызметін, e.astana.kz және Astana.gov.kz веб-сайттарын пайдалана алады, сондай-ақ, тиісті ақпаратты ақпараттық дүңгіршектерден де алуға болады.

Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының телефоны: 55-66-55. Өз сайлау учаскеңізді ЖСН-ді теріп, автоматты режимде немесе жұмыс күндері сағат 8:30-20:00, ал демалыс және мереке күндері сағат 9:00-20:00 операторлардан біле аласыздар.

Сондай-ақ, сайлау учаскесі туралы ақпаратты e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер веб-порталында «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінен немесе astana.gov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

Адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық дүңгіршектердегі «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінен ауданыңыздағы сайлау орындары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Сайлау учаскесі туралы ақпаратты алудың тағы да бір жолы - 1414 номеріне [код сөз] бос орын [азаматтың ЖСН] мәтінін теріп, SMS-хабарлама жолдау. Ақпаратты мемлекеттік тілде алу үшін "Сайлау" немесе "Saylau" сөзін теріп, бос орыннан кейін ЖСН номерін жазу керек. Ақпаратты орыс тілінде алу үшін "Выборы" немесе "Vibory" сөзін теріп, бос орыннан кейін ЖСН номерін жазу керек.

Аталған қызмет sailau@astana.kz мекен жайына [азаматтың ЖСН номері] мәтінімен хабарлама жіберу арқылы да көрсетіледі.  

 

 Астанада электронды денсаулық паспорттарын енгізу жоспарлануда

  Елорда әкімдігінің ғимаратында «Белсенді азамат» акциясы аясындағы соңғы брифинг өтті. Шара барысында денсаулық сақтау, білім және жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық басқармалардың өкілдері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орын алатын өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер бағасының өсуі, емханалардағы кезектер мен жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту жағдайлары қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иван Ли толығырақ айтып берді.

- Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмектер жеткізушілер мен әкімдік арасында жасалған меморандумға сәйкес өмірлік маңызы бар 200 препараттың бағасын ұстап қалдық. Бүгінде жаңа құжатқа қол қоймақпыз, бұл ретте белгілі бір қиындықтар туындап тұр. Доллардың тұрақсыздығынан фармацевтикалық нарықта баға саясаты анықталмаған. Адамдарға эндокриндік аурулар, қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігі және т.б. аурулар кезінде беріліп келген препараттар бұрынғыдай беріледі деп нақты айта алмаймын. Есесіне, бұған дейін тегін алуға болатын дәрілік заттардың барлық кепілдендірілген көлемі қаланың бірнеше дәріханасында ғана болған, ал енді адамдар оны кез келген дәріханадан ала алады, - деді И. Ли.

Қалалық емханалардағы кезекті азайту үшін жаңа амбулаториялық-емхана деңгейіндегі жаңа мекемелерді салудан басқа, қалалық емханаларда навигация жүйесі, яғни балаларға, қарттарға және азаматтардың басқа да санаттарына арналған арнайы дәліздер енгізілуде. Жүкті әйелдер үшін бөлек дәліз қарастырылған, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін дәрігерлердің қабылдау уақыты оңтайландырылып, сараптамалар тапсыру уақыты арттырылды.

Жедел медициналық жәрдем станциясындағы жағдай да жақсарды. Қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істей алатындай балабақшадан 94 орын бөлінді, оның үстіне қызметтік баспана ұсынылады. Жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі мәселесі ғана қалып отыр.

- Келіп түскен шақырулардың 30% ғана жеделділікті қажет етеді. Ол үшін арнайы санитарлық көлік керек. Ал температураны түсіру немесе қысымды өлшеу үшін фельдшер жай машинамен де бара алады. 2 наурыздан бастап жаңа жоба қолға алынбақ, оның аясында жедел жәрдем қызметіне бригадаларды шақырулар бойынша апаратын 25 жеті орындық машина-такси беріледі, - деді Иван Ли.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы іске қосылатын ең маңызды жоба электронды денсаулық сақтау төлқұжатын енгізу болып табылады. Онда адамның туғанынан қартайған шағына дейінгі ақпарат сақталмақ. Құрылғылардағы барлық ақпараттар құпия болады, дәрігерлер ену коды болғанда ғана электронды картаға өзгерістер енгізе алады.

 
Роза Рымбаева Астанадағы концертіне дайындалуда

  Атақты қазақстандық әнші Роза Рымбаева Астанада 8 наурыз күні болатын жеке концертіне дайындалуда.

Еске сала кетейік, Халықаралық әйелдер күніндегі музыкалық кеш оның шығармашылығының 40 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. «Жанды дауыс, жаңа бағдарлама, жаңа дуэттер болады",  деп мәлімдеді Роза Рымбаевва.

Әзірлік сәтінен бейнекөріністі Инстаграмға Әли Оқапов салды. 

Астана экономикалық форумы аясында БАФ - АЭФ бірлескен сессиясы өтеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -  ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының  (БАФ) бас хатшысы Чжоу Вэньчжунмен кездесті.

Кездесу барысында Астана экономикалық форумы (2016 жылғы 25-26 мамыр) және «Еуразиялық экономикалық одақпен «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастаманың түйісуі» тақырыбында энергетикалық ресурстар және орнықты даму форумы аясында БАФ және АЭФ бірлескен сессиясын ұйымдастыру мәселесі келісілді.

Кездесу Бейжің қаласында тіркелген дипломатиялық миссия басшылары үшін БАФ ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған брифинг аясында өтті. Шарада қазақстандық тарап «Азияның жаңа келешегі: жаңа серпін, жаңа көзқарастар» тақырыбында өтетін жыл сайынғы БАФ конференциясына (2016 жылғы 22-25 наурыз  Хайнань провинциясы) қатысуға ресми шақырту алды.

Өз сөзінде БАФ бас хатшысы Чжоу Вэньчжун «конференция барысында 80-нен астам сессия, ірі компания басшыларының екіжақты диалогтары, өнеркәсіптік орта өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, қытайлық және шетел министрлері, губернаторлары, мэрлерімен кездесулер өтеді. Талқылау тақырыптары өңірлік ынтымақтастықты, құрылымдық реформаларды, «Бір белдеу, бір жол», индустрияландыру және инвестиция жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты, «Интернет+» бағдарламасын, инновация мен кәсіпкерлікті қамтиды», деп атап өтті.

Еске салсақ, Боао Азия форумы - өңірлік экономикалық интеграцияны жылжыту және Азия мемлекеттерін бірлесіп дамытуға жәрдемдесуге шақырған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым.

БАФ  - мемлекет қайраткерлері, ықпалды іскерлік орта және халықаралық ұйымдар өкілдері, ірі ғалымдар мен талдаушылар арасындағы пікірлер, болжамдар, жаңа идеялармен алмасу үшін әмбебап алаң.

БАФ құрылтайшы сессиясы 2001 жылы 26 ақпанда Боао қаласында (Хайнань провинциясы) өтті.

 

 Астана әкімі ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаңғы фестиваліне қатысты

 Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков биыл 16-шы мәрте өтіп  отырған «Қыс өрнегі» атты шаңғы фестиваліне қатысты. 

Биыл жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Ал, дәстүрлі фестивальге қатысқан елорда әкімі Ә.Жақсыбеков 1,6 шақырым жерді шаңғымен 10 минутта жүріп өтті. Бұл дистанцияны бағындырғандар арасында қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, генерал-лейтенант Абай Тасболатовтар бар. Жалпы, қала тұрғындары үшін ең қызықты спорттық шараға айналған шаңғы фестиваліне биыл үш мыңнан аса адам жиналған. Олардың басым бөлігі оқушылар мен студенттер болса, арасында күш құырылымдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер де бар. «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген қатысушылардың бірі - Арман Сұлтанов осы фестивальге қатысу үшін  әдейлеп, Щучинск қаласынан келген екен. Ат терлетіп келген Арман құр қол кетпей, күш құрылымдарындағы қызметкерлер арасында бірінші орын алып кетті. «Спорт жарыстарының зияны жоқ. Бүгін мен 2 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтіп, күш құрылымдары арасында жеңіске жеттім. Осылайша, жанымды  да, тәнімді де қуанттым. Әрине, әскери қызметкерлер күнде таңертең жаттығу жасайды, сондықтан болар, жарыс маған қиындық туғызған жоқ. Ал, елордадағы бұл фестиваль өте керек», - дейді А.Сұлтанов. Айта кетерлігі, шаңғы фестивалі аясында спорттың тағы сегіз түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады.                 



Астанада «Қыс өрнегі» дәстүрлі шаңғы фестивалі өтті

 Бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты, деп хабарлады astana.gov.kz.

Биыл 16-шы рет өткізіліп отырған шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам салауатты өмір салты мен белсенді демалысты таңдайтын қала тұрғындары жиналды, олардың ішінде 2700 - шаңғы жарысына қатысушылар. Кәсіпқой спортшылармен бірге әуесқойлар да шаңғы тепті. Мектеп оқушылары, спорт мектептерінің шәкірттері, күш құрылымдарының өкілдері, балалар мен ардагерлер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылды. Әдеттегідей жаппай жарысқа қатысушылардың саны көп болды. Дистанциялар жас санатына қарай 1-3 км құрады.

Есіл өзенінің бойында нағыз спорт қалашығы бой көтерді. Шаңғы жарысынан басқа, көрші алаңдарда тағы да сегіз спорт түрінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, гір көтеру спорты, армрестлинг, шағын футбол, су астынан балық аулау, арқан тарту, белбеу күресі, хоккей және мотокросс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шаралары арасында концерттік бағдарлама қойылған болатын. Айта кетейік, биыл құрылғанына 25 жыл толуын атап өтетін Ұлттық Олимпиада комитеті шараға белсенді қатысты.

«Бүгін Астанада нағыз қысқы спорттық мереке өтті. 16-шы рет өткізіліп отырған шараға үш мыңнан астам адам қатысуда. Қала тұрғындары жарыстарға қатысу үшін балалармен, отбасыларымен келді», - деді Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған фестиваль елордада қысқы спорт маусымын жапты. Астанада биыл шаңғы маусымы аясында 15 шаңғы жарысы өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысқан.                   

 Астана әкімі ұлттық компанияларға жұмысын таңғы сағат 8.30-дан бастауды ұсынды

 Бүгін елорда әкімдігінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында дифференциалды жұмыс уақыты туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 1 ақпаннан бастап Астана қаласының барлық атқарушы органдары жаңа жұмыс кестесіне көшіп, жұмыс тәртібі сағат 8.30-дан бастап 18.00-ге дейін белгіленген болатын. Бұл өз кезегінде елордадық жолдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Отырыс барысында қала көшелеріне түсетін жүктемені одан әрі азайту үшін осындай өзгерістер енгізуді орталық мемлекеттік органдар да, ұлттық компаниялар мен жеке меншік компаниялар да түсінуі керектігі баса айтылды. Бұл тұрғыда тиісті органдарға өзге құрылымдармен өзара іс-әрекетті күшейту тапсырылды.

Елорда басшысы халықпен өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажет екендігін атап өтті. Ережеге сәйкес өрт сөндірушілерге оқиға орнына жету үшін 10 минут уақыт беріледі. Қалалық өртке қарсы қызметтер уақытында келгенімен көп жағдайда үйлерге жақын бара алмайды. Тұрғындар аулаларға шлагбаумдар мен бетон қоршауларды жиі қоятындықтан қозғалыс шектеліп, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бұзылуда.

«Бұл маңызды мәселе, мұндай кезде әрбір минут қымбат. Мәслихатпен бекітілген өрт қауіпсіздігі ережелері бар, аулаішілік жолдар ашық болуы керек» - деді Ә. Жақсыбеков.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша тұрғындар да жиі шағымданады. Қала әкімі сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына өз бетінше орнатылған қоршауларды алып тастау туралы аптасына кемінде 5-7 өтініш келіп түседі. Бұл мәселені шешу үшін шлагбаумдарды заңсыз орнату мәселелері жөніндегі жұмыс тобын қайта құру тапсырылды. Өрт қауіпсіздігі мақсатында газ баллондар сататын орындар да тексерілмек. Бұл ретте кез келген алыпсатарлық пен күмәнді өндіріс деген болмауы керек, - деді әкімдіктегілер.

 

 Астана әкімі Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

 Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылар мен қонақтардың жайлылығын, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының екінші жиналысына келген Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесуде мәлім етті.

«Сіздің соңғы сапарыңыздан кейін Көрмеге дайындық бойынша үлкен жұмыс атқарылды», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Қала басшысы В. Лоссерталеске Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, Ә. Жақсыбеков жалпы, Астана қаласын және ЭКСПО нысандарын салу мен қажетті инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту шараларына тоқталды. Елорда әкімі көлік-логистикалық жүйені жетілдіру бойынша жұмыстарға, соның ішінде Астананың халықаралық әуежайын кеңейту, жаңа теміржол және автовокзалдар салу, қоғамдық көліктің маршруттық желісін оңтайландыру, көлік ағынын басқарудың жаңа жүйелерін енгізуге ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Астана әкімі баламалы энергия көздерін енгізу және инновацияларды дамыту жөніндегі бірқатар жобаларды атап өтті, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қалада мәдени бағдарламаны ұйымдастыру және туристік саланы дамыту жөніндегі әкімдіктің жоспарларымен таныстырды. Ә. Жақсыбеков бүгінде Астанадағы ЭКСПО-ны қолдайтынын растап отырған астаналар мен ірі мегаполистердің мэрлерімен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Әкім «ЭКСПО ұсынады» жобасы аясында сервистік қызметтер деңгейін көтеру жөніндегі науқанның сәтті басталғанын атап өтті. Аталған жоба бойынша қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы үздік кәсіпорындарға тиісті сапа сертификаттар берілуде.

«2017 жылғы көрмеге дайындық бойынша көп жұмыс жүргізілген екен. Алға қойған мақсатымызға жететінімізге сенімдімін. ЭКСПО Астананың жаңа туристік орталыққа айналуына септігін тигізеді, Қазақстанды әлемге басқа қырынан таныстырады», деді Лоссерталес мырза. Шетелдік қонақ қаланы дамытуда «жасыл технологиялардың» қолданылатынына қуанышты екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы миландық көрмеге қарағанда Астанадағы ЭКСПО аумағының ерекшелігі ретінде оның тиімді орналасуын атап өтті: «Миландағы көрме қалаға қосымша ретінде болса, Астанадағы ЭКСПО - тұтас бір қала».

Бұл В. Лоссерталестің 2009 жылдан бері Астанаға жасаған 13-ші сапары, бұған дейін ол елордаға өткен жылы қазан айында келген болатын. 


Елордалық студенттер Сеулде тегін білім алады

 Екі елдің астаналары арасындағы меморандум аясында биыл 1 наурыздан бастап Астана қаласындағы колледждердің үш студенті Сеулде оқитын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2004 жылдан бері бағдарлама бойынша автодәнекерлеуші, жиһаз дизайнері, визажист, аспаз, интерьер дизайны, автомобиль механикасы, кулинария және бағдарламалау бойынша жас мамандар даярланды.

Келісім жасалғалы елордалық 70 астам студент Сеулде оқып, оқуды табысты аяқтағандары туралы сертификаттар алды. Төрт жыл бойы әлемнің сегіз елінің ішінен астаналық студенттер командасы бірнеше рет Сеул мэрінің ерекше ілтипатына ие болып, оқудағы үздік жетістіктері үшін хрусталь кубокпен марапатталды.

Конкурсқа іріктеу кезіндегі қойылатын басты талап - ағылшын және корей тілдерін еркін меңгеру, сондай-ақ, таңдаған мамандық бойынша одан әрі жұмыс істеуге ниеті. Биыл білім гранты Политехникалық колледж студенттері Дамира Төлегенова мен Давид Забировқа «Бағдарламалау» және «Автомобиль техникасы», сонымен қатар «Бағдарламалау» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінің студенті Айтуар Салиховқа берілді.

 

 


Елордалық Экология департаменті электронды қызмет көрсетуге көшті

 Астана қаласының Экология департаменті «Е-лицензиялау» және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттандыру жүйесі порталдары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді, деп жазады қала әкімдігінің сайты.

«Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетудің басты басымдылығы - экологиялық сараптама, экологиялық рұқсат және тіркелен қалдықтар төлқұжатын алу процесін тездетуге және жеңілдету. Бұдан басқа, сарапшы мен тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыстың болмауы жемқорлыққа қарсы әрекетті қамтамасыз ету принциптерінің бірі болып табылады. Бұл ретте қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында регламенттелмеген қарым-қатынас болмайды», делінген хабарламада.

Бүгінде Экология департаменті І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын беру, І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, сонымен қатар, қауіпті қалдықтар төлқұжатын тіркеу бойынша қызметтер көрсетеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Экология департаменті 1 147 қызмет көрсеткен.


Елордалық Экология департаменті электронды қызмет көрсетуге көшті

 Қазіргі кезде Астана қаласының Экология департаменті «Е-лицензиялау» және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттандыру жүйесі порталдары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетудің басты басымдылығы - экологиялық сараптама, экологиялық рұқсат және тіркелен қалдықтар төлқұжатын алу процесін тездетуге және жеңілдету. Бұдан басқа, сарапшы мен тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыстың болмауы жемқорлыққа қарсы әрекетті қамтамасыз ету принциптерінің бірі болып табылады. Бұл ретте қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында регламенттелмеген қарым-қатынас болмайды.

Бүгінде Экология департаменті І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын беру, І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, сонымен қатар, қауіпті қалдықтар төлқұжатын тіркеу бойынша қызметтер көрсетеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Экология департаменті 1147 қызмет көрсеткен.

 

 Астанада әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

  Бүгін, 23 ақпанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 85 қатысушы 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салмақ, деп жазады 24.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бұл біріншілікте топ жарып, көзге түскендер 19 мамырда елордада өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады. Үздік атағына таласатындар қатарында Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Мөлдір Базарбаева секілді танымал боксшылар бар. Ел біріншілігінің ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-ге жоспарланған. Кіру тегін.

 
Астана Лиллехаммер Олимпиадасының қатысушыларын қарсы алды

 Өткен түні Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымыз елге оралды. Оларды ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен журналистер және спортшылардың туыс-туғандары барып, арнайы күтіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Норвегия елінің Лиллехаммер қаласында 12-21 ақпан аралығында өткен II қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына 9 спорт түрінен, яғни  биатлон, коньки мен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, шаңғы спорты, тұғырдан шаңғымен секіру, фристайл (ски-кросс) және шана спорттарынан 15 пен 18 жас аралығындағы  18 спортшымыз қатысып қайтты.

Олимпиада ойындарында дүние жүзінің 70 мемлекетінен келген 1100 спортшы 16 спорт түрінен 70 медаль жинтығын сарапқа салды.

Қысқы Олимпиада ойындарынан жерлестеріміз төрт медальға қол жеткізді. Биатлоншы Арина Пантова мен мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбава қола, конькиші Анвар Мухамадиев күміс жүлдені,  шорт-тректен аралас командалық жарыс бойынша 6-топта сынға түскен отандасымыз Анита Нагай болгар қызы Катрин Манойлова, латыш спортшысы Карлис Крусбергс және жапониялық Казуки Йошинагамен бірге өнер көрсетіп, Олимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді.

Еске алатын болсақ, Инсбрук қаласында (Австрия) 2012 жылда өткен I қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз 10 спорт түріне қатысып, үш медальға қол жеткізіген болатын. Онда шығысқазақстандық биатлоншы қыз Галина Вишневская күміс пен қола медальдарды жеңіп алған еді. Сондай ақ, шаңғышымыз Сергей Малышев қосымша қола медальға да ие болды.

Спортшыларымызды күтіп алу салтанатынан кейін, жүлдегерлерімізді сөзге тартып, аз-кем сұхбаттасудің сәті түскен еді.

Еркебұлан Шамуханов, Қазақстан делегациясының Олимпиаданың салтанатты ашылуында Мемлекеттік Ту көтеруші, шорт-трекші:

-  Олимпиада ойындарына бірінші рет қатысуым. Оның үстіне Олимпиаданың салтанатты ашылуында Мемлекеттік Ту көтеріп шықтым. Маған артылған үміт ауыр болды. Өзім де сондай ауыр жауапкершілікті арқалағанымды сезіндім. Алайда, жеңіс тұғырына жете алмадым.

-  Оған не себеп болды?

-   Жарыс болған соң неше түрлі болады. Қанша дегенмен Олимпиада ғой. Қобалжу болды. Екі реткі жарыста да жығылып қалдым. Бұл мен үшін үлкен сынақ, үлкен тәжірибе болды. Болашақта ондай қателіктерге бой алдырмаймын деген үміттемін.

-  Осыған дейін қандай жетістіктерге қол жеткіздің?

-  Осыған дейінгі ең үлкен жетістігім Австрия елінде халықаралық конькишілер одағы (ISU)  ұйытқы болып өткізген «Danabia 1 - Austrian Open& Styrian Open 2015» жарысында жүлдегері атандым. Ал Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет жеңімпаз атандым.

 

Анита Нагай, II қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Жеңіске жету оңай болған жоқ. Бапкерлеріміздің арқасында, солардың нұсқауымен қола медальға қол жеткіздім.

- Қарсыластарың қаншалық мықты болды?

- Қарсыластарымның осалы жоқ. Бірақ, менде аздап тәжірибе жетіспеді деп ойлаймын.

- Болашақта өзіңнен озып кеткен спортшыларды қуып жетуге болады ғой...

- Әрине, мен болгариялық Катрин Манойлова,  латвиялық Карлис Крусберг, жапониялық Казуки Йошинагамен «6 команда» сапында 4:17.181 минут уақыт көрсетіп, мәреге үшінші келдім. Бұл сында алтын медальді «2 команда» норвегиялық Ане Бай Фаршиада, оңтүстіккореялық Джи Ю Ким, бельгиялық Стейна Десме және франциялық Квентин Феркок, 4:14.413 минутпен жеңіп алды. Ал екінші орынды «3 команда» венгриялық Петра Язапати, австралиялық Джулия Мур, голландиялық Тьерк Де Боер, жапониялық Киичи Шигеиро, 4:14.495 минутпен жеңіп алды. Бұл көрсеткіш нәтижелер айырмашылығы аса үлкен көрсеткіш емес.

-  Енді алдағы жоспарларыңмен бөлісе кетсең...

-  Алда әлі талай бәсекелер күтіп тұр. Әр жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің туын биіктен желбіреткім келеді. Болашақта ересектер дуына қатысып, Олимпиаданы бағындыруды армандаймын.      


EXPO-2017 көрмесінің арқасында Астананы көретін голландықтардың саны артады - Х.Дриссер

 Ертең, яғни, 24  ақпанда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық жиналысы өтеді.  Екі күнге жалғасатын жиынға Халықаралық көрмелер бюросының басшылары, ЭКСПО-дағы әр павильонның комиссарлары, бір сөзбен айтқанда, Астана ресми шақырту жіберген  90 елдің өкілдері қатысады.

Осы ретте, Астана EXPO-2017 көрмесіндегі Нидерланды павильонының бас комиссары Ханс Дриссермен сұхбат жүргізудің реті түскен еді. Дриссер мырза Астана EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы-ақ талай туристерді тартады деген ойын жеткізді.

- Ханс мырза, Нидерланды елі Астана EXPO-2017 көрмесінен не күтеді ?

- EXPO-2017 көрмесіне қатысатын еліміздің күтері көп. Бұл үміттің негізгі бір себебі осы көрменің тақырыбы болып отыр.

Айтайын дегенім, қазір Нидерландыда «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті. Оның үстіне, аймақтық энергия қауіпіздігін, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруін есепке алсақ, бұл тақырып тіпті өзектене түседі. Сондықтан, бұл көрме әртүрлі компаниялар мен ғылыми орталар үшін жаһандық палтформаға айналады деп үміттенемін. Жаһандық плафторма экологиялық мәселелерді шешетін бизнес-жобалар мен ұзақмерзімді дамуға жол ашары анық.

Осы уақытқа дейін байқағанымыз - жасыл экономиканы дамыту жөніндегі бастамалар көбінесе үкімет тарапынан айтылып жүр. Кәсіпорындар баяу болса да тұрақты энергия дамуына ілесіп, өз тараптарынан қызықты ұсыныстар мен идеялар білдіріп жүр. Міне, осы сәтте ұйымдастырушылардың жұмысын күшейту керек, яғни барлық жақсы идеялар мен ұсыныстарды біріктіру керек. EXPO-2017 көрмесі тұрақты энергия мен жасыл экономика салаларындағы өз идеяларын көрсету үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жарқын ой иелері мен қабілетті кәсіпкерлерді  жинайды. Голландық компаниялар, әрине, сөзсіз, бұл көрмеге қатысады, бұл бір жағынан Қазақстанмен арадағы экономикалық байланыстардың сақталуы. Нидерланды елі бұрыннан-ақ  энергетика саласындағы Қазақстанның ірі экономикалық серіктесі екені анық.

- Бүкіл әлем үшін энергияны үнемдеу мен баламалы  қуат көздерін дамыту мәселесі ерекше дараланып отыр.  Ал EXPO-2017 көрмесі -энергия тиімділік пен  жасыл технологияны дамыту салаларындағы Сіздің еліңіздің атқарған жұмыстарын паш ететін алаң. Бұл ретте, Нидерланды павильонының ерекшелені неде болмақ? Павильондарыңыздың контенті бойынша идеяларыңыз да бар шығар? Бір сөзбен айтқанда, әлемге не көрсетесіздер?

-Батыс Еуропаның қатты дамыған өңіріндегі ірі табиғи газ өндіруші болып отырған біз  энергия өндірісі қоршаған ортаға зиян тигізетінін көрдік.  Оның үстіне, халқы тығыз орналасқан ел болғандықтан, Нидерланды ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты саясаты мен көзқарасын қайта қарауға күдік танытты. Нидерландының үкіметі, жекеменшік сектор мен ғылым  - энергия үнемдеу мен климаттың өзгеруі салаларында жаңа шешімдер әзірлеу үшін тығыз ынтымақтастық орнатты.

Ал EXPO-2017 көрмесінде біз ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпті жасыл экономикаға қалай ауыстыруға болатынын көрсетеді. Нидерланды павильонының тұжырымдамасы әзірге қарауда жатыр.

- Сіздің ойыңызша, әлемде баламалы энергияны дамыту мен жинау бойынша Қазақстан халықаралық хабқа айнала ала ма?

- EXPO 2017 көрмесінің орны мен көрменің инфрақұрылымын пайдалана отырып, жасыл технологияларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталық ашу туралы ҚР Прездентінің айтқан ұсынысы өте маңызды. Міне, осы ұсыныс арқылы Қазақстан 2011 жылы басталған «Бүкіл әлем үшін тұрақты энергетика» атты БҰҰ-ның бастамасына өз үлесін қосып отыр.

Ал EXPO көрмесі Азияның орталығындағы тұрақты әрі өркендеуші ел ретінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыра түсері сөзсіз.

- Қазақстан Нидерланды халқы үшін қаншалықты қызықты ел болады деп ойлайсыз ба? 

- Менің елім - әлемдегі ең ашық қоғам қалыптасқан елдердің бірі. Жер шарының кез келген бұрышында голландық кәсіпорындарды таба аласыз, голландық туристерді кездестіре аласыз.

Жалпы, Нидерланды үшін Орта Азия - туристік тартымдылық тудырып отырған өңір. Сондықтан, EXPO 2017 көрмесіне келген нидерландықтар Орта Азияның өзге де елдеріне саяхаттай алады деп ойлаймын. Және, менің білуімше, EXPO-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары келушілер үшін осындай нұсқалар қарастырып жатыр.  Сондықтан, Астанаға келетін голландықтардың саны артады деп ойлаймын. Оның үстіне, 2016 жылдың мамырынан бастап Астана мен Амстердам арасында тікелей әуе рейсы ашылады, бұл да болса туристердің легін көбейтетін амал.

- Тығыз жұмысыңызға қарамастан, уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет! 

 
Астанада 25 ақпаннан бастап жаңа жылдамдық өлшеу құралдары іске қосылады

 25 ақпаннан бастап Астана қаласында көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін жаңа 21 кешен іске қосылады. Қала көшелерінде пайда болған жаңа «сұр» түсті кешеннің бұрынғы жылдамдық өлшеу құралдарынан бір айырмашылығы - аппарат жол ережесін бұзған көлікті байқатпай, яғни, ешқандай əсерсіз суретке түсіреді.

Тағы бір артықшылығы - бұл «Вокорд» кешендері жол ережесін бұзған көліктің мемлекеттік тіркеу номерін күндіз де, түнде де анықтап бере алады.

«Вокорд» кешендері көліктің мемлекеттік тіркеу нөмерін күндіз де, түнде де айырып тани алады. Яғни,  түнгі уақытта нөмерді тану  мүмкіндігі 98 пайыз»,-дейді кешендерді жасаған «Astana innovations» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Тəжібеков.

Сонымен, «Вокорд» кешендері қаланың апат көп болатын учаскелерінде жүргізілген талдауға сай, мына көшелер таңдалған екен.

1. Екі кешен Қорғалжын тас жолындағы тазарту құрылғыларына қарама-қарсы жерде;

2. Бес кешен Сығанақ көшесінің бойында (көшенің бас жағында жəне Орынбор көшесімен қиылысатын жерде);

3. Екі жылдамдық өлшеу құралы Тұран даңғылында (Ұлттық қорғаныс университетіне қарсы);

4. Екі кешен қаладан оңтүстік бағытта шыға берістегі «Қарқаралы» тас жолының бойында («Garden Village» қалашығына қарсы бетте);

5. Екі кешен Керей мен Жəнібек хандар көшесі бойынша  «Саранда» тұрғын үй кешеніне қарсы аумақта;

6. Алты жылдамдық өлшегіш құрал «Астана-Қарағанды» тас жолының бойырда орналасқан «Метро» сауда орталығына қарама-қарсы аймақта, айналма көпір мен Мичурино ауылы арасында;

7. Екі жылдамдық өлшеу құралы Байырқұм көшесіндегі көкөніс базасына қарсы бетте орналасады.


Астанада Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған кеш өтеді

 24 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, этнограф-жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу әлемі» тақырыбында кеш өтеді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбек - қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.

Кешке қатысушылар Ақселеу Сейдімбектің асқар талантының қыр-сырын ашып, қаламгердің өмір жолынан естеліктер айтатын болады. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбектің баяндамаларының бейнежазбасы көрсетіліп, әндері орындалады. Бұдан бөлек, «Ақселеу әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесінде ғалымның еңбектері ұсынылады.   

Кешке қоғам қайраткерлері мен жазушы, ғалымдар және Ақселеу Сейдімбектің жұбайы мен қыздары, жақын достары қатысады.

 
ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының ІІ жиналысына 100-ден астам ел қатысады

 2016 жылдың 24-25 ақпан күндері Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысы өтеді.

Жиналысқа Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, сондай-ақ көрмеге қатысу үшін ресми шақырту жолданған әлемнің 100-ден астам елінен шамамен 270 делегат қатысады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінен хабарлады.

Халықаралық қатысушылардың жиналысы - жыл сайын өткізілетін,  ЭКСПО-ны ұйымдастырудағы басты шараның бірі.  Бұл қабылдап отырған елдің, Халықаралық көрмелер бюросы мен қатысушылардың олардың ішінде бекітілген немесе қызығушылық танытқан әлеуетті қатысушыларға көрмені ұйымдастырудағы кезеңдеріне қатысты ақпарат алмасу тұғырнамасы ретінде пайдаланылады.

Жиналыс барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ХКБ-ның Бас хатшысы Висенте Лоссерталес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев, Астана әкімдігі өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Екі күн бойы ұйымдастырушылар жобаның басты салалары бойынша ЭКСПО-қалашықтың қазіргі мәртебесі мен құрылыстың болашағы, көрменің негізгі тақырыбы, көрмені жергілікті және халықаралық деңгейде таныту, сондай-ақ елдердің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу талаптары туралы таныстырылымдар өткізіледі. Бұдан басқа, қатысудың 18 келісімшартына қол қою күтіліп отыр, соның ішінде ҚХР, Ресей, Венгрия және басқа елдер бар. 

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылдың 15 қаңтарында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және өткізу үшін құрылған. Көрме Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 100 ел, кем дегенде 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар бойынша 10 көшбасшы компанияның қатысатуы жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан астам адамның келеді деп күтіліп отыр. 

 

Музейге жәдігерлер беріледі

 24 ақпанда Ұлттық музейде жәдігерлерді қабылдау шарасы өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясының жалғасы ретінде өтетін шарада қабылданатын жәдігерлердің қатарында Әбіш Кекілбаев, Роза Бағланова, Зейнулла Алшынбаев, Мәдина Ералиева, Александр Винокуров қатарлы тұлғалардың және тағы да басқа танымал адамдардың жеке өмірі қатысты тұтынған заттары бар.

Сонымен қатар, Тілеужан Батанов, Сембіғали Смағұлов, Ерлан Сахипұлы секілді суретші, мүсіншілер өз туындыларын музейге сый ретінде табыстамақ.

Еске сала кетсек, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылы наурыз айында басталған. Акция осы уақытқа дейін Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1300-дей құнды жәдігер Ұлттық музей залдарынан орын алған болатын. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

 
Елордалық студенттер энергетика тақырыбындағы инновациялық жобаларын таныстырды

 Елордалық көлік және коммуникациялар колледжінде Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі студенттерінің шығармашылық еңбектерінің қалалық көрмесі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрмеде экономиканың түрлі саласынан 30 жоба ұсынылды. Студенттер экологиялық ғимараттар мен тұтас қалалардың макеттерін, құралдарды, компьютерлік бағдарламаларды көрсетті.

Елордалық колледж оқытушылары баяндама жасады. Олардың бірі «Болашақ энергиясы - жасыл экономиканы қалыптастыруға сенімді қадам» тақырыбында болды.

Шараның қорытындысы бойынша М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің студенттері Гран-при жеңіп алды. Бірінші жүлделі орын Политехникалық колледж студенттеріне «Ақылды үй» жобасы үшін берілді.

Көрменің мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін энергетиканың, кәсіби және ғылыми шығармашылықтың едәуір өзекті және перспективті бағыттарында жобаларды орындауға тарту, инновациялық идеялар мен жобаларды дамыту. Бұдан басқа, ғылыми-практикалық қызметке, өнертапқыштық пен оңтайландыруға бейімдік танытатын дарынды жастарды анықтау да шараның маңызды ерекшелігі болып табылады.

Жарты миллионға жуық қытайлық турист Астанаға келеді
Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Chinese Friendly Kazakhstan брендінің Chinese Friendly International жаһандық халықаралық жобасына енді. Жоба аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткен кезде Астанаға 500 мыңға жуық қытайлық турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде халықаралық жоба әлемнің 40-қа жуық мемлекетін қамтып, Қытайдан туристтер тартуға бағытталып отыр. Бағдарламада туристік нысандарды қытайлық туристерге бейімдеу, сондай-ақ әрбір нысанның персоналдарын оқу курстарына жіберіп, Chinese Friendly Kazakhstan сертификатын беру қарастырылған. Сертификат қытайлық турист үшін сапа белгісі болып табылады.
«Бүгінгі таңда Астана қаласының туристік нысандарының 30%-ға жуығы бағдарлама тізіміне енгізілді, олардың басты мақсаты Қытайдан келген туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған», - деп атап өтті ҚР Туризм индустриясы ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жеңісбек.
Ерекше сапа белгісіне ие болғандар Chinese Friendly International ақпараттық порталында және оның қытайлық ресурсында жарияланады. Сонымен қатар, қазақстандық туристік ұсыныстарды дамытумен аталған бағдарламамен ынтымақтастық орнатқан қытайлық консалтингтік компания айналысатын болады.

Халықпен есеп беру кездесуінен кейін Астана әкімі адамдарды жеке өзі қабылдауды бастайды
Биыл Астанада есептік кездесуде барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінен хабарланды.
Бүгін халықпен есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков адамдарды жеке өзі қабылдауды бастайды. Азаматтар елорда әкіміне немесе оның орынбасарларына өз сұрақтарын Конгресс-Холл ғимаратында қоя алады. Қабылдау кезекпен жүргізіледі. Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады.
Биыл барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Қала әкімі елорда әкімдігінің қызметінде халықпен байланыс орнатып, өзара ықпалдаса жұмыс істеу басымдықты міндет болып табылатынын айтқан болатын.
Осы бағытта қала әкімшілігі тарапынан бірталай жұмыс атқарылды. Белгілі болғандай, өткен жылы түрлі арналар бойынша қала тұрғындарынан әкімдікке 20 мыңнан аса хат пен өтініш түсті. Соның ішінде жартысынан астамы қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Виртуалды қабылдау бөлмесі» және «Халықтық бақылау» айдарлары арқылы жолданған.
Былтырдың соңында 109 бірыңғай номерімен Интеллектуалды байланыс орталығы іске қосылды, ол арқылы барлық қалалық қызметтермен байланыс орнатуға мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге, «Смарт Астана» мобильді қосымшасы енгізілді, оның мазмұнына мектеп сабағының өтпейтіні туралы сол мезетте хабарлама алу, айыппұлдарды тексеру, қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау, әуе рейстерінің, пойыздардың кестесі және т.б. ақпарат алу функциялары кірді. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін қосымшаның функционалдылығы тұрақты негізде кеңейтіліп отырады. Бірнеше аптаның ішінде бұл қосымшаны 50 мыңға жуық тұрғын жеке телефондарына жүктеп алған және олардың саны тұрақты түрде артып келеді.
«Жыл басынан бері елорда аудандарының әкімдері жалпы саны - 4 мың адаммен 15 кездесу ұйымдастырған. 10 ақпанда «Ашық есік күні» өткізіліп, оған бір жарым мыңнан астам адам қатысты. Бұл күні қалалық қызметтердің өкілдері 600-ден артық тұрғынның ауызша сұрақтарына жауап берді, ал жазбаша өтініш бергендердің барлығы осы күнге дейін өз сұрақтарына жауап ала алды. Халықпен ықпалдаса жұмыс істеудің пәрменді әдістерінің бірі ретінде осындай шаралар елордада жүйелі түрде өткізіліп тұрмақ»,-делінген әкімдік мәліметінде.

Астана мен Алматы әуежайларында электрондық отырғызу талоны енгізіледі
2016 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдың баламалы әдісі - электрондық отырғызу талоны енгізіледі.
Қазіргі уақытта ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Осы және басқа да мәселелер комитет төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаевтың Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы филиалы және «AirAstana» әуекомпаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды.
Аталған әдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деңгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ рейске келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады.

Астана өзіне салынған қаражатты ақтап, ел бюджетіне пайда әкеле бастады - Ә. Жақсыбеков
Бүгін Астанада қаласы әкімі Әділбек Жақсыбеков халық алдында есеп беру жиынын өткізуде.
«Елорда осы уақыт аралығында дотациялық қаладан, донорлық қалаға айналды. Өзіне салынған қаражатты ақтап, ел бюджетіне пайда әкеле бастады. Қаламызда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазір Астананы ақылды қалалар қатарына қосу үшін көп жұмыс жасалуда. Мұның барлығы - қаламыздың бүгіні мен келешегіне жасалған инвестиция», - деп бастады баяндамасын қала басшысы.
«Келер жылы ЭКСПО көрмесін өткіземіз. Қазіргі таңда бұл шараны жоғары деңгейде өткізу үшін жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Елордамызда замануи технологиялардың білім мен ғылым орталығы бой көтереді. Туризміміз өркендеп, ел пайдасына үлес қосады. Бүгінде астанада әлемнің экономикалық және саяси алпауыттары жиналып, маңызды шешімдерді қабылдауда. Өткен жылы да атқарылған жұмыстар аз емес. Әрбір жетістік бізге жаңаша күш пен қосымша жігер береді. Алдымызда Елбасы қойған биік жоспарлар мен халық үміт артқан маңызды жобалар бар. Келешекте Астананы көркейтуге арналған жұмыстарды абыроймен орындаймыз деп сенемін», - деді әкім.
Биыл барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Халықпен есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков адамдарды жеке өзі қабылдауды бастайды. Азаматтар елорда әкіміне немесе оның орынбасарларына өз сұрақтарын Конгресс-Холл ғимаратында қоя алады. Қабылдау кезекпен жүргізіледі. Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады.



Мамыр айында Астана жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесіне көшеді - Ә. Жақсыбеков
Мамыр айында елорда жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Бұл тасымалдауды ұйымдастыру сапасына оң ықпалын тигізеді. Автобус паркі 65 пайызға жаңартылды, бұл ретте жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған арбалармен жүретін ата-аналар үшін пандустармен жабдықталған», - деді әкім.
Әкімдік мәліметіне қарағанда, 2015 жылы 27 жабық аялдама павильоны орнатылды, биыл осындай 55 аялдама орнатылады. Жазда «жылы» аялдамаларда қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, керісінше, ауабаптағыштар жұмыс істейтін болады.

Астанада автобустардың жылдамдығын арттыру үшін бірқатар көшеде жолақтар бөлінеді
Биыл Астанада 8 көшеде автобустарға қосымша жолақтар бөлу жоспарланған. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Елорданың 6 көшесінде «Bus Lane» жобасы енгізілген соң, оң өзгерістер орын алды. Автобустардың орташа жылдамдығы 12-15 пайызға артты. Жыл соңына дейін 8 көшеде қосымша жолақтар бөлу жоспарланған»,-деді қала әкімі.
Қала басшылығы жолдардағы кептелістер жас қалалар үшін әдеттегі мәселе болып табылатынын, сондай-ақ, бұл мәселе кешенді түрде шешілетін атап өтті.
Мұнымен қоса, Ә. Жақсыбеков қоғамдық көлік сервисі үшін жүргізушілер мен кондукторлардың кәсіпқойлығы аса маңызды болып табылатынын айта келе, қалада кәсіби жүргізушілердің жетіспейтінін жеткізді.
2015 жылы Көлік мамандарының біліктілік орталығында жүргізушілердің жалпы санының үштен бірі ғана біліктілікті арттырудың бірінші деңгейінен өтті. Жолаушылар көлігі саласындағы білікті жұмыскерлер санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Елорда басшылығы түрлі сала жұмыскерлеріне қызметтік пәтерлер салып бермек
Астана әкімдігі түрлі сала жұмыскерлеріне қызметтік пәтерлер салу бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Елордадағы құрылыс қарқыны өте жоғары. Жыл сайын 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Былтыр рекордтық 1 млн. 759 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Астананың алғашқы жылдарында бізде 150 мың шаршы метр үй салынып отырса, 1 миллион шаршы метр үй салу көрсеткішіне 2003 жылы қол жеткізген болатынбыз. Қалада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Жеңілдікпен берілетін үйлер Қазақстанның ипотекалық компаниясы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық-Қазына» баспана қоры, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы беріледі. Сонымен қатар, бізде ескі үйлерді бұзу бағдарламасы да бар. Баспана құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына келетін болсақ, биыл біз қалып қойған екі тұрғын үйді пайдалануға беретін боламыз», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.
Дегенмен, оның сөзі бойынша, өкінішке орай, аталған бағдараламалар азаматтардың барлық санаттарын қамти алмай отыр. «Коммуналдық кәсіпорындардың, көлік және энергетикалық салалардың жұмыскерлеріне, қаланың өзге де ұйымдарында істейтін азаматтарға, электриктерге, жүргізушілерге, құрылысшыларға, полицейлерге баспана алу қиын. Сол себепті біз қала деңгейінде жаңа бағдарлама жасап шығарамыз. Үйлер салып, ол кісілерге баспананы қызметтік пәтерлер ретінде беретін боламыз», - деп атап өтті әкім.

2015 жылы елімізде шамамен 700 млн. киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді
2015 жылы елімізде шамамен 700 млн. киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді. Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының екінші жиынында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.
«2015 жылы жалпы қуаты шамамен 120 мегаватты құрайтын жаңаратын энергия көзінің 14 жобасы іске қосылды. Толықтай алғанда өтке жылы жаңаратын энергия көздерінен өндірілген энергия көлемі шамамен 700 млн. киловатт-сағатты құрады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 75 ел мен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын ресми қуаттап, 27 шартқа қол қойылды. Ал жиын қорытындысында тағы 13 шарт ресімделеді.
«ЭКСПО-2017 жасыл энергия саласындағы адамзат жетістігін паш ететін, энергия ресурстарын ұлттық пайдалану мәселелерін шешетін алаңға айналады", - деді Д. Назарбаева.
Айта кетерлігі аталған жиынға қатысу үшін елордаға 102 елден 278 делегат келді.

Астанада тұрғын үйлерді заңсыз сатудың 37 әрекеті анықталды - әкім
Астанада тұрғын үйлерді заңсыз сатудың 37 әрекеті анықталды. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Қалада заңды айналып, халықты алдаған құрылыс компаниялары туралы жеке тоқталғым келеді. Бұл залда осы сауалмен келген азаматтар аз емес шығар. Былтыр құрылыс бойынша 909 заң бұзушылық тіркелді. Тұрғын үйді заңсыз сатудың 37 әрекеті анықталды. Оспадарсыз құрылыс компаниялардың аттарын барлығы біледі. Бұл - «Азбука жилья», «Барақат», «Төленді» және өзге де компаниялар. Барлық тізім әкімдік сайтында бар. Барлығына заңды шаралар қабылданады. Үкіметке үлескерлік құрылыс саласын қадағалау шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізілді», - деп атап өтті Астана әкімі.
Ә.Жақсыбековтың айтуынша, алданып қалған үлескерлерге қала билігі көмектесетін болады.
«Қалада нысандардың құрылысы аяқталмауы, азаматтарымыздың соңғы ақшасынан айырылып, баспанасыз қалуы бізді алаңдатады. Бірақ олардың барлығы үлескерлік құрылыста қауіп-қатерлер барын білді. Мердігерді таңдаған өздері. Біз оларға көп мәрте ескерттік, бірақ халықтың дені жалған уәде мен жарнама соңынан еріп, арзан бағаға елітіп, нақты факторларды ескерместен ақша салды. Кейін алданып қалғанын білгенде, оны заң арқылы шешудің орнына, тікелей әкімдікке жүгіріп келеді. Бірақ оларды құрылыс компанияларымен келісімшарт жасауға ешкім итермелеген емес. Осының барлығы өздерінің келісімен жасалды. Алайда біз бұл мәселеге келгенде сырт айналмайық деп шештік. Адамдарға көмектесуге тырысамыз. Әрбір түйткіл бойынша нақты шешімдер жасалып отыр», - деді Ә.Жақсыбеков.


Көктемде Астанадағы Әуезов, Желтоқсан, Абай және Кенесары көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі
Елордада дифференцияланған жұмыс уақытын енгізу жоспары әзірленді. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Бүгін көлік кептелісін төмендету мақсатында, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қалада дифференцияланған жұмыс уақытын енгізу жоспары әзірленді. Қала әкімдігінің барлық құрылымдары жаңа кестеге көшті, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және жеке меншікті ұйымдармен, ЖОО-лармен, мектептермен жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоспарды жүзеге асыру жүктемені 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - деп тоқталды әкім.
Сонымен қатар ол жол желісіне түсетін жүктемені азайту үшін биыл көктемде Әуезов, Желтоқсан, Абай және Кенесары көшелерінде біржақты қозғалыс енгізілетінін атап өтті.

Астана әкімі үкіметтік балабақшалардың ақысын жекеменшік балабақшалармен теңестіруді ұсынды
Ұзын-сонар кезектен арылу үшін, үкіметтік балабақшалардың ақысын жекеменшік балабақшалармен теңестіру қажет. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
Оның сөзі бойынша, қала әкімдігі балабақша кезектерден арылу бойынша жұмыстарды атқаруда.
«Жақын күндері балабақшаға 8 мың орын үлестірілетін болады. Мұндай көп көлмдегі орындардың үлестірілуі қалада алғаш рет болғалы тұр. Биыл біз 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 95 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл мәселені бір мезетте шешу мүмкін емес екендігін түсіну керек. Жыл сайын балабақшалар пайдалануға беріліп келеді. Қалада бала туу мен миграция көрсеткіші де артуда. Күніне жарық дүниенің есігін 60 бала ашады, күн сайын 90-100 бала балабақшаға кезекке тұрады. Бұл - жылына 30-35 мың бала деген сөз», - деп атап өтті әкім.
«Сондықтан, бұл мәселені кешенді шешу керек. Біріншіден, үкіметтік балабақшалардың ақысын жеке-меншік балабақшалармен теңестіру керек, себебі балабақшаларды күтуге бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді, ал әр балаға тағайындалған төлемдер балалардың тамақтануына қажетті қаражатты да ақтай алмайды. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі мекемелерді салуға жеке инвесторларды тартуға жол ашады. Әкімдік осы мақсаттарға жер учаскелері мен дайын жобалар ұсынуға даяр. Бұл саланы ашық бәсекелестік ортаға берсек, балабақшалардағы кезек те, орын тапшылығы да өздігімен жойылады», - дейді Ә.Жақсыбеков.

Жақсыбеков: Астанада жедел жәрдемнің келу уақытын 10 минутқа дейін қысқарту тапсырмасы қойылып отыр
Астанада жедел жәрдемнің келу уақытын 10 минутқа дейін қысқарту тапсырмасы қойылып отыр. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, қала халқының қарқынды өсуі медициналық мекемелерге үлкен салмақ салып отыр.
«Медициналық қызметке қатысты көптеген шағымдар түсуде. Әсіресе, жедел жәрдемнің уақытылы келмеуіне қатысты нала көп. Осы мәселені шешу үшін былтыр бірақатар шешімдер қабылданды. Қаланың түрлі аудандарында жедел медициналық жәрдемнің қосымша пунктері ашылды, 40 көлік сатып алынды, дәрігердің әлеуметтік жағдайын және мәртебесін жақсарту бағытында да бірқатар шаралар жасалды. Биыл сәуір айынан бастап, денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдемнің келу уақытын 10 минутқа дейін қысқарту тапсырмасы қойылып отыр. 10 минуттың ішінде жедел жәрдем көлігі келіп жетуі тиіс, біз оны қадағалап отырамыз, ол үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті қала басшысы.

2015 жылы елордада 70 шақырымнан астам жол салынды
Былтыр елордада мыңнан астам жол белгісі орнатылды. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Өткен жылы 70 шақырымнан астам жол салынып, қалпына келтірілді, жөнделді. Алты жолақты жолдың бір шақырымына бюджеттен 600 млн. теңге қаржы керек екенін әрқайсысы біле бермейді. Ал егер инженерлік желілермен есептесек, оның құны 1,4 млрд. теңгеге дейін жетеді. Финляндия немесе Германия секілді елдерде осындай арақашықтықтағы жұмыстар 4 млрд. теңгеден басталады», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, Кіші айналма жолдың құрылысы жалғасуда. Бүгінде 23 шақырым жол төсемі, 4 көліктік айырым, 3 жол өткелі және 2 көпір салынды.
«Бұл ретте жолдардағы қауіпсіздік мәселесі бұрынғыдай назарда болады. 2015 жылы жылы қала тұрғындарының өтінішімен 6 жаяу жүргіншілер және 12 көліктік бағдаршам объектісі, 42 көліктік және 110 жаяу жүргіншілерге арналған есептеу таблосы мен мыңнан астам жол белгісі орнатылды. «Балалар қауіпсіздігі» бағдарламасы аясында оқу орындарының жанында жасанды жол бұдыры жөнделді, 10 «Мектеп» ескерту белгісі қойылды. Сонымен қатар, көшелерде ұзындығы 540 шақырым жол белгілері салынды»,-деді Ә. Жақсыбеков.

Астанада жұмыссыздық жоқ десе де болады - әкім
Миграцияның көптігіне қарамастан, елорадада жұмыссыздық көрсеткіші ел бойынша ең төмен болып саналады.
Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Астанада халық алдындағы мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелері атқарылып отыр. 2015 жылы 100 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаудың түрлі шараларымен қамтылды. Оған 4,3 млрд. теңге бөлінген болатын», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.
«Миграцияның көптігіне қарамастан, елорадада жұмыссыздық көрсеткіші ел бойынша ең төмен болып саналады. Қалада жұмыссыздық жоқ десе де болады. Себебі 1 миллионға жуықтайтын қалада 3 мың адам ғана жұмыссыздар қатарында. Олар қайта оқытылуда және басқа қоғамдық жұмыстарға жіберіліп жатыр. Жұмыс іздеген адамға жұмыс табылады», - деді әкім.
Әкімнің сөзіне қарағанда, қалада жұмыссыз отыру, өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалу деген мәселе жоқ.

Ә. Жақсыбеков тұрғындарды энергияны үнемдеуге шақырды
Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарды электр және жылу энергиясын үнемдеуге шақырды.
«Энергия үнемдеу өзекті мәселеге айналып отыр. Энергия ресурстарының қоры шексіз емес. Бұл тұрғыда жауапкершілікпен қараған жөн. Жыл сайын отынның елеулі бөлігі босқа жағылады. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, жылуды ысырап етудің 70 пайызы тұтынушылардың салғырт қарауының салдарынан болады»,-деді әкім.
Оның сөзінше, жылу реттегіші жоқ батареялары бар пәтерлердің иелері бөлмені салқындату үшін терезелерін ашады. Осы орайда климаттың жағдайы ұқсас Финляндия және Исландия елдерімен салыстырғанда тұрғын үйді жылытуға жұмсалатын шығындар бірнеше есеге артық болып отыр.
«Олар қызатын шамдардан бас тартқалы көп уақыт өтті. Кәдімгі лампалар тұтынатын энергияның тек 5-10 пайызын ғана жарыққа жұмсайды, ал қалғаны ауаны жылытады. Яғни, тұрғындар керек емес шығыстар жасап, ал қаланың энергия жүйесі қуатын босқа жұмсауда. Баршамыз энергия ресурстарын пайдалануда қадамдарды қайта қарап шығуымыз қажет. Бұл өз кезегінде шаһарымыз үшін шынымен де елеулі әрі пайдалы іс болар еді»,-деп түйді Ә. Жақсыбеков.

Астана әкімі тұрғындарды ПИК жұмыстарын тексеруге шақырды
Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарды пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) талапты күшейтуге шақырды.
«ПИК жұмысына шағымдар жиі естіліп жатады. Залда отырған адамдардың әрқайсысы кем дегенді бір рет өз үйінің басқарушы компаниясына көңілі толмады деп ойлаймын. Алайда тұрғындар ПИК жұмысы бірінші кезекте өздеріне байланысты екенін түсінуі тиіс. Әр адам өз үйі мен ауласының ахуалына мүдделі болуы керек. Осы орайда белсенді болып, талап етіп, жалпы жиындарға қатысу маңызды»,-деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғындардың негізгі бөлігі жиналыстарға қатыспайды. Бұндай жиындарға тек уақыты болғандар немесе ПИК төрағасын қолдайтындар барады.
Атап айтқанда, бүгінде Астанада 2356 көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан, оларға 379 ұйым қызмет көрсетеді.
Әкімдік тарапынан тұрғын үй инспекциясының жұмысы күшейтіледі, бұл елорданың тұрғын үй қорын күтіп ұстауды жақсарту бойынша бірлескен жұмыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай елордада 24 жаңа қонақ үй мен 4 жатақхана салынады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерді баспанамен қамтамасыз ету үшін елордада 24 жаңа қонақ үй мен 4 жатақхана салынады. Бұл туралы бүгін көрменің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны барысында Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныің басшысы Малика Бектұрова мәлім етті.
«Біз оларды (ЭКСПО-ға келетін қонақтар) тұрғылықты жермен қамтамасыз ету үшін зор жұмыстар атқардық. Қазіргі уақытта шамамен 30 мың қонақ үй нөмірі бар. Бұған қосымша 2017 жылы 5 мың орын пайдалануға беріледі. Оған 24 жаңа қонақ үй мен 4 жатақхана салу арқылы қол жеткіземіз. Сондықтан тұрғын үймен қамтамасыз ету толығымен жабылады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астанада өтеді. Дәл осы аралықта көрмені тамашалауға келетін адамдар саны 2,1 миллионға жетеді деп күтілуде.

Биыл Астанада қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ
Биыл Астанада қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.
«Балама ретінде қалада 6 экспресс-маршрут жүреді, олардың аялдамалар саны аз. Биыл қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ»,-деді Астана әкімі.Сонымен қатар, ол қоғамдық көліктердің жұмысына шағымдар көп екенін айтты. «Біз осы мәселені жақсы білеміз. Тұрғындар аялдамада автобустарды ұзақ күтіп қалады. Жүргізушілер жол жүру ережесін бұзып, дөрекілік танытқан жағдайлар да кездеседі. Бұл саладағы проблемалар қордаланып қалды»,-деді әкім. Оның айтуынша, қала басшылығы өткен жылы саладағы тұтас мәселелер кешенін шешуге кірісті. Бағдарлар жүйесін жетілдірудің ауқымды жұмысы жүргізілді. «39 қалалық маршрут өзгертілді, аса ұзын 14 бағдар бөлінді. Осылайша, маршруттар саны 52-ден 63 дейін көбейді»,-деді әкім.

Ә. Жақсыбеков: Елорда автобустарына білікті жүргізушілер жетіспейді
Елорда автобустарына кәсібі білікті жүргізушілер жетіспейді. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Қоғамдық көлік сервисі үшін жүргізушілер мен кондукторлардың кәсіпқойлығы аса маңызды болып табылады. Білікті жүргізушілердің жетіспейтіні рас»,-деп тоқталды әкім.
Оның айтуынша, 2015 жылы Көлік мамандарының біліктілік орталығында біліктілікті арттырудың бірінші деңгейінен 1300 жүргізуші мен 500 кондуктор өтті.
«Жүргізушілердің жалпы санының үштен бірі ғана, ал кондукторлар арасында жартысынан сәл астамы рұқсат алды»,-деді Ә. Жақсыбеков.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта қалада жеңіл рельсті трамвай секілді қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады. «Болашақта ол қала тұрғындары тарапынан үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін»,-деді ол.

ЭКСПО қарсаңында елордада 900-ден астам жаңа автобус жолға шығады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елордада 900-ден астам жаңа автобус жолға шығады. Бұл туралы бүгін көрменің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны барысында Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныің басшысы Малика Бектұрова мәлім етті.
«350 жаңа автобус қатынап жүр. Көрме қатысушылары мен қонақтар қоғамдық көлік қызметін тиімді пайдалана алуы үшін гибридті отынмен жүретін қосымша 600 автобус жолға шығарамыз», - деді ол.
М.Бектұрованың атап өтуінше, ЭКСПО орналасқан жерге апаратын жаңа жолдың құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқталады. Сонымен қатар ол қазіргі қолданыстағы әуежай кеңейтіліп, жаңа темір жол вокзалының салынатындығын атап өтті.
«ЭКСПО-2017 көрмесі жылдың ең қолайлы кезінде өтейін деп тұр. Ол кезде Астанадаға ауа температурасы шамамен 25 градус болады. Біз бұл жайт туристер мен қонақтар үшін көрме тартымдылығының бір себебі болады деп есептейміз. Сондықтан да өзіміздің өтінімізде көрмені тамашалаушылар шамамен 5 млн., ал келушілер шамамен 2,5 млн. адам болады деп көрсетпекпіз. Оның 95 пайызы еліміздің түрлі өңірлерінен келетін жергілікті туристер, ал 15 пайызы шетелдік туристер болады», - деді М.Бектұрова.
Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бүгінгі күні бұл көрмеге 75 ел мен 14 халықаралық ұйым ресми қатысатындығын қуаттады.
Астана әкімі жаңа жұмыс уақытына көшу себебін түсіндірді
Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордада енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды, оның ішінде жаңа жұмыс уақытына көшу себебін түсіндірді.
«Балаларды мектепке 15 минут бұрын жеткізу үшін біз айқай-шуға басып, оны қандай да бір проблемаға жеткізіп жатамыз. Бүгінде көптеген ата-аналар өздерінің балаларын курстарға немесе спорттық үйірмелерге таңғы 6-7-ден бастап апаратынын білеміз. Бұл өз кезегінде бәрінен бұрын өздеріңізге көмектеседі және балалар ерте тұруға дағдыланады. Сонымен қатар балаға да пайдалы, ерте тұрып, ерте ұйқыға жатады. Ал біз болсақ осы шараларды теріс қабылдап, оны қисынсыз іске балап жатамыз»,-деп тоқталды әкім.
Оның сөзіне қарағанда, сауда орталықтарының жұмысын сәл кештеу бастауға болады. «Сауда орталықтарының жұмысын сағат 9-да бастау міндетті ме? Адамдардың сағат 9-дан бастап дүкенге баруы екіталай, яғни, сәл кештеу - 10-11 кезінде бара бастайды»,-дейді Ә. Жақсыбеков.
Сонымен қатар ол қала тұрғындарын көліктік жүйені реформалау бойынша шараларды қолдауға шақырды. Бұл тұрғыда кейбір көшелерде біржақты қозғалысты енгізу көзделуде.
«Бүгін көлік кептелісін төмендету мақсатында, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қалада дифференцияланған жұмыс уақытын енгізу жоспары әзірленді. Қала әкімдігінің барлық құрылымдары жаңа кестеге көшті, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және жеке меншікті ұйымдармен, ЖОО-лармен, мектептермен жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоспарды жүзеге асыру жүктемені 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - деп тоқталды әкім.
Оның сөзінше, жаңашылдықтар бойынша шешім қабылдау тұрғындардың өміріне әсер етеді және бұл қадамдар сарапшылар мен қоғамның пікірлерін ескере отырып іске асырылады.
«Осы шаралардың барлығы қоғаммен келісіледі. Жалпы, қабылданған шаралар биылдан қозғалыс кестесін ретке келтіріп, бағдарлар жүйесін жақсартуға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда тұрғындарды осы бағытта бізге қолдау білдіруге шақырамын»,-деп түйді Ә. Жақсыбеков.


Астанада жеке сектордағы 22 мыңнан астам тұрғын үй газбен жылытылады - әкім
Астанада жеке сектордағы 22 мыңнан астам тұрғын үй газбен жылытылады. Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай мәлім етті.
Әкім шаһардың экологиялық ахуалы өзін алаңдататынын айта келе, әсіресе ауаның тазалығына айрықша назар аудару керектігін атап өтті. Есептеулерге қарағанда, күн сайын қала атмосферасына 100 тоннаға тарта зиянды заттар шығарылады екен.
«Осы жағдайға байланысты шаралардың кешенді жоспары қабылданды. Екі жылдың барасында біз автономды қазандықтар мен жеке секторды, яғни 22 мыңнан астам үйді газбен жылытуға толықтай көшіреміз. Қаланың коммуналдық қызметтерінің көліктері газомоторлық отынды пайдаланатын болады»,-деді Ә. Жақсыбеков.

Елордада көше саудасын ұйымдастыруға 1 мың орын бөлінеді
Елордада көше саудасын ұйымдастыруға бизнесмендерге 1 мың учаске бөлінеді.Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
«Біз көше саудасын дамыту жобасын жүзеге асырудамыз. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орын анықталды. Бұл тұрғыда тамақтану орындары мен өзге де шағын бизнестің түрлерін қамту үшін кәсіпкерлерге бөлінеді. Өз ісін ашуға ниетті немесе бизнесін кеңейтуді жоспарлаған тұрғындарды осы жобаға белсенді қатысуға шақырамын»,- деді әкім. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астананың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 61% құрады. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерінің бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмысы зор. Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігінің арасындағы бірлескен жұмыстың барлық салалардағы ықпалдастықтың тиімді форматы қалыптасқан болатын.2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды.

Елорда оқушылары арасында «Ғасырдан ғасырға» атты қалалық зияткерлік байқауы өтеді
Астана қалалық білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 26 ақпанда Дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясында «Ғасырдан ғасырға» зияткерлік байқауын өткізеді.
Байқау М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (3-4 кітап) тақырыбында ұйымдастырылады. Негізгі мақсат - өсіп келе жатқан жастардың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыру, әлем әдебиетін мойындатқан қаламгер мұрасын кеңінен таныстыру, сахналық қойылымдар арқылы төл әдебиетімізге деген қызығушылықтарын арттыру.
Конкурстың ақтық кезеңіне іріктеу барысында жоғары ұпай алған оқушылар командасы қатыса алады. «Ғасырдан ғасырға» интеллектуалдық конкурсының шарты бойынша қатысушылар 3 айналым тапсырмаларын орындайды. «Тұсаукесер» деп аталатын бірінші айналымда берілген тақырып бойынша сахналық көрініс дайындалады. Ұзақтығы - 5 минут және 25 ұпаймен бағаланады. Ал екінші айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 3-4 кітаптары бойынша сұрақтар беріледі. 1 сұраққа - ойлануға - 20 сек. 5 ұпаймен бағаланады.
Үшінші айналым - «Сиқырлы сандық" деп аталады. Оның тапсырмасын орындауға 1 минут уақыт беріліп, жауап 10 ұпаймен бағаланады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, сонымен қатар сыйлықтар тапсырылады.

Астанада Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді
Ертең Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Әлем ақыны» атты әдеби кеш өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Биыл Қазақстан Республикасы және әлемдік қауымдастық қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығын атап өтеді. Ақын шығармашылығы жалғыз мақсатқа - туған халқының мүддесіне қызмет етуге арналып, ұлы ақын халқының жадында «ХХ ғасырдың Гомері» деген атпен мәңгі қалады.
Кеш аясында Ж.Жабаев шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқауға қатысқан Астана қаласы мектептерінің оқушыларының орындауындағы Ж.Жабаев шығармаларынан құралған поэзиялық композиция көрсетіледі, ұлы ақынның атымен аталған Ресей қалаларындағы көшелер жайлы бейнесюжеттер көрсетіледі.
Ресейдің көптеген қалаларында Жамбыл Жабаевтың есімі берілген көшелер бар.

Халық алдында есеп берген Әділбек Жақсыбеков 45 азаматты жеке қабылдады
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халықпен есеп беру кездесуі аясында жеке қабылдауына жазылған 45 азаматпен кездесті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қала басшысы өзінің баяндамасынан кейін бес сағат бойы жеке өзі елорда тұрғындарының тұрғын үй, жер учаскелерін бөлу, құрылыс пен үлестік қатысушылардың проблемалары, білім, ПИК және жолаушылар тасымалы мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.Ондаған азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждылар тізімі бойынша кезекті күтпей баспана беруді сұрады. Алайда, заңнама бойынша мүгедектер мен ҰОС қатысушылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ғана мұндай басымдыққа ие болады.Қала әкімінің қабылдауында жиі көтерілген мәселелердің бірі - үлестік құрылыс секторындағы проблемалар. Осы мәселеге қатысты сегіз сауал жолданды, бұл ретте қабылдауға жазылған екі тұрғын - үлескерлер тобының өкілдері. Елорда басшысы халықпен кездесу барысында өз баяндамасында әрбір проблемалық нысан бойынша шешім алгоритмі әзірленгенін, сондай-ақ, барлық мәселелер қала басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатынын атап өткен болатын. Айта кетейік, бүгін әкімге құрылысшылар да жолықты.Тұрғын үй, спорттық және аула клубын, шыны мен керамиканы пайдаға асыратын зауыттың құрылысы үшін және т.б. мақсаттарда жер учаскелерін бөлуге қатысты өтініштер де болды. Тұрғындар қаланы абаттандыру бойынша жобаларын ұсынды, кейбіреулері елорданы көгалдандыру мәселесіне алаңдаушылық танытты. Елордалықтардың бірі әкімнің жеке қабылдауында орталық паркте «Шолу дөңгелегі» жобасын іске асыруды ұсынды, екіншісі Суворов көшесінде гүлбақ жасауды сұрады. Айта кетейік, соңғы мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттама табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен әзірленіп, жоба келер жылдың мамыр айында қолға алынатын болады.Қалалық емхана қызметкері Айнаш Сағадиева қызметтік пәтерін ауыстыру туралы өтініш жасады. ДЦП-ға шалдыққан баласы бар ана үшін алтыншы қабаттағы пәтер мен лифттің болмауы біраз қиындықтар тудырады, сондықтан ол басқа қабаттан пәтер беруді өтінді. Бұл мәселе оң шешімін тауып, тұрғын үй және денсаулық сақтау басқармаларына тиісті тапсырмалар берілді.Әкімнің қабылдауына соңғы болып жазылғандардың бірі 72 жасар спортшы Салтанат Түйтебаев. Бұл қала басшысына алғысын білдірген жалғыз тұрғын. Жеңіл атлетикалық жүгіруді ұнататын Түйтебаев Ә. Жақсыбековтің де жүгіруге әуес екендігін біледі және астаналық марафонда онымен бірге жүгіруге ниет білдірді. Елорда әкімі С. Түйтебаевпен қыркүйек айында Астанада өтетінін қайырымдылық халықаралық марафонда кездесуге уағдаласты.Әкімнің орынбасарлары өздерінің жеке қабылдаулары аясында қырықтан астам тұрғынды қабылдады. Бүгін әкімнің немесе оның орынбасарларының қабылдауына жазылғандардың барлығы тыңдалды. Жеке қабылдау арқылы әкімнің есеп беру кездесуін өткізудің жаңа форматы тұрғындар тарапынан қолдау тапты.Сонымен қатар, Конгресс-Холл холлында қала тұрғындарын мазалаған сұрақтарға қалалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері де жауап берді.Күні бойы тұрғындардан жетпіске жуық жазбаша өтініш келіп түскен, оларға жақын арада жауаптар берілетін болады.
Елордалық дәрігерлер туберкулезді 10-15 минутта анықтайтын жаңа әдісті енгізді
2016 жылдан бастап, елордалық дәрігерлер туберкулезді анықтаудың жаңа әдісін қолданады. Бұл туралы бүгін Астана қаласы туберкулезке қарсы диспансердің бас дәрігері Анна Цепке мәлім етті.
«2016 жылдан бастап, Астана қаласында туберкулезді анықтаудың Биотрейсер шұғыл әдісі енгізіледі. Адам қан тапсырса болғаны, осы ауруға шалдығып, не шалдықпағанын арнайы жолақ тесттер арқылы 10-15 минуттың ішінде анықтауға болады. Бұл әдісті қолданудағы басты мақсат - емді дер кезінде бастап, жұқтыру қаупін азайту үшін аурудың ерте кезеңде анықталуын қамтамасыз ету», - деді маман.
Оның айтуынша, балаларда туберкулезді анықтау үшін Манту 2ТЕ туберкулин үлгісін салынады. Бұл әдіс баланың туберкулез ауруын жұқтырып, жұқтырмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Манту 2ТЕ үлгісін балалар мектепте, балабақшада, тұрғылықты жеріне сәйкес емxаналарда ала алады. Манту үлгісі оң нәтиже берген жағдайда, Диаскин тест жүргізіледі. Бұл - туберкулезді анықтаудың жаңа үздік әдісі, ол балаға профилактикалық ем жасау қажет пе, жоқ па, соны анықтауға мүмкіндік береді.
Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында 29 ақпан - 6 наурыз аралығында күн сайын «Думан» ойын-сауық орталығы алдында (автотұрақ) ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.

Елордалық студенттер ардагерлерге көмектесуде
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 ізгі ісі» акциясы аясында аудан әкімдіктерінің өкілдері студенттермен және жас белсенділермен бірге ардагерлер мен зейнеткерлерге ауладағы қары тазалауға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Алматы» ауданының әкімдігі тиісті акцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Қолғанат» қайырымдылық қорының студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды. Жастар тыл еңбеккерлері мен жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерінің жанындағы қарды тазалады. Қолына күрек ұстаған студенттер топтарға бөлініп, барлық шаруаны бірнеше сағаттың ішінде бітірді. Аула мен төбеден жиналған қар тиегіш көліктің көмегімен шығарылды.Акцияға «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен «Жас Отан» өкілдері де қатысуда. Аудан әкімдігі Өндіріс, Көктал тұрғын алаптарында тұратын 15 жалғызбасты зейнеткерге көмектеседі. Жастарға қажетті мүлік беріледі, ал қарды шығару үшін арнайы техника тартылады.Тиісті жұмыстар «Есіл» ауданында да қолға алынды. Аудан әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Жарқын Айтжановтың айтуынша, 1 ақпаннан бастап мердігерлік ұйымдар көмекке мұқтаж қарт адамдарға жәрдемдесуде.«Біз 14 зейнеткерге көмектесеміз. Ауланы тазалап, қар шығарамыз. Тиісті жұмыстарды мүмкіндігінше жиі жүргізуге тырысамыз. Қариялар көмектесіп, қамқорлық көрсеткеніміз үшін алғыстарын білдіріп жатады», - деді Ж. Айтжанов.


Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті
Астана қаласы мәслихатының хатшысы, қоғамдық кеңесті құру жөніндегі Жұмыс тобының басшысы Сансызбай Есіловтың төрағалығымен Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Жұмыс тобының басшысы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қоғамдық кеңестер туралы типтік ережелерге сәйкес қалалық мәслихат Астана қаласының қоғамдық кеңесін құру және бекіту бойынша қажетті іс-шараларды өткізгенін баяндады. Балама негізде Жұмыс тобы ұсынылған 61 кандидатураның 25-ін қоғамдық кеңеске мүше етіп сайлады, деп хабарлайды astana.kz.
Қоғамдық кеңестің қарауына үш мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасын, хатшысын және президиумын сайлау.
Бұл ретте айта кетейік, «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкес Қоғамдық кеңестің жоғары органы отырыс болып табылады. Қоғамдық кеңестің қызметін басқару үшін оның отырыстарының арасында Қоғамдық кеңес президиумы сайланады. Оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы, Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік орган басшысы, комиссиялардың төрағалары, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.
Қоғамдық кеңес мүшесі Н.И. Мещеряков Есілов Сансызбай Сейтжанұлы - Жұмыс тобының жетекшісі, Астана қаласы мәслихатының хатшысын Қоғамдық кеңес төрағасы қызметіне ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері Айман Мұсақожаева, Алтай Несіпбек, Сәрсенбай Мыңбай Сансызбай Сейтжанұлының еңбек жолын теміржолшы болып бастағанын атап өтіп, бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Оның өмірі елордамен, Ақмола облысымен байланысты. Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып істеген, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Қаланы біледі, елорданың қалыптасуымен байланысты барлық мәселелерді шешуге атсалысқан, Қоғамдық кеңес мүшелері Есілов Сансызбай Сейтжанұлын Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы етіп бірауыздан сайлады.
Өз кезегінде, Сансызбай Сейтжанұлы жаңа қоғамдық бірлестіктің маңызды өкілеттіктерге ие және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде өз орнын табуы тиіс екендігін атап өтті. Қоғамдық кеңес бюджет жобасын, бюджетті орындау туралы есепті, елорданы дамыту жоспарларын қарайтын болады, атқарушы және өкілдік органдар енгізетін нормативтік-құқықтық актілер бойынша қорытындылар береді.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес хатшысы қызметіне Пытьева В.П. сайланды. Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіретін, отырыстарды өткізуге дайындықты ұйымдастыратын, Қоғамдық кеңес қызметіне ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететін қоғамдық кеңес президиумының құрамына «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев, мәслихат депутаты Николай Мещеряков, «Астана Бас жоспар» бас директорының орынбасары Гүлнар Құсайынова, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов пен қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов сайланды.
Астанадағы ЭКСПО Милан көрмесінен де күшті өтеді - ХКБ басшысы
Халықаралық көрме бюросының басшысы Висенте Лоссерталес Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Миландағыдан да сәтті болады деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында мәлім етті.
«Миланда 2015 жылы өткен ЭКСПО көрмесі сәтті өтті. Италия үкіметі көрме барысында xалықаралық қарым-қатынастарды жақсартуға көп мән берді. Астанаға келетін болсақ, ЭКСПО-2017 көрмесі ауқымы басқа болғанымен, одан да сәтті өтеді. Ең біріншіден, «Болашақ энергиясы» тақырыбының арқасында. Біз қазір энергия мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті заманда ғұмыр кешіп жатырмыз. Екіншіден, бұл осы өңірде ұйымдастырылып отырған алғашқы ЭКСПО. Айта кетейік, Миландағы ғимараттар тек алты айға ғана салынды, ал Астанада бұл ғимараттар болашаққа салынуда. Біз жаңа қала салып жатырмыз», - деді ХКБ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.
Оның ойынша, елордалықтар ЭКСПО көрмесін қала құрылысының бір кезеңі ретінде еске алатын болады.
Қазақстандағы көрме ұйымдастырушылары бюроның оң бағасына ие болды. Висенте Лоссерталес құрылыс барысы мерзімінен бұрын орындалып жатқандығын айтты.
«Біз үлкен жетістікке қол жеткізетіндігімізде күмән қалмады», - деп атап өтті В. Лоссерталес.
«Менде өте жағымды әсер қалыптасты. ЭКСПО-2017 құрылысы өте қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс межелеген мерзімін бұрын іске асыруда. Қалашықтың құрылыс алаңы таң қалдырды. Меніңше, ол өте сұлу әрі заманауи арxитектура болғалы тұр», - деді ол.

Ұлттық музейде күйші Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтеді
2016 жылғы 26 ақпан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Дәріс-концертті Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбай жүргізеді. Бұл іс-шараға Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының студенттері және өнер мен мәдениет өкілдері қатысады.Күйшілік өнер атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақтың асыл мұрасы. Киелі қобыз аспабына жан бітірген Қорқыт атадан бастау алатын, ұлы жолды жалғастырушы Асан қайғы, Шыңғыс ханның жоқтауын күймен жырлаған Кетбұғадан қалған күйшілік жолдың соңына түскен жалғастырушылар қай дәуірде болсын көп болған. Өр ақын Махамбеттің адуынды күйлері, күй атасы мен анасы атанған Құрманғазы және Динаның төкпе күйлері, хан Абылайдың жанынан табыла білген Байжігіттің шерлі күйлері, шертпе күйдің атасы атанған Тәттімбеттің шоқтығы биік туындылары қазақтың бірегей мұрасына айнала білді.Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанында жұмыс істейтін «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты бағдарламасы аясында өткізгелі отырған кезекті шарасы. Лекция-концерт бүгінгі күнге қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың күйшілік өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.


Астанада туберкулезді анықтау үшін экспресс-тестілер қолданылады
Бүгін Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде туберкулездің алдын алу және оны уақтылы анықтау мәселелері талқыланды. Аталған ауруды анықтаудың жаңа әдістерінің бірі экспресс-тест биотрейсер биылдан бастап қолданысқа енгізілмек, деп жазады елорданың ресми сайты.
«Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша ересектер арасында туберкулезге шалдығу жағдайлары 12%-ға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 58,7 жағдайда құрады. Балалар арасында көрсеткіш 20%, жасөспірімдер арасында екі есеге кеміген - 46%. Бүгінде Астана өңірлер арасында туберкулезге шалдығу жағдайлары бойынша 10-шы орында, бұл еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.
Туберкулезді уақтылы анықтау маңызды. Бұл үшін жоспарлы флюороографиялық тексерулер жүргізіледі, науқастар тексеріледі. Ерте диагностикалауды қамтамасыз ету, ем-домды дер кезінде бастау және инфекцияны жұқтыруды азайту үшін ауруды анықтаудың экспресс-әдісі енгізілмек. Адам қан тапсырған соң арнайы тест сызықтардың көмегімен туберкулездің бар-жоғын білуге болады», - деді Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Анна Цепке.
Оның айтуынша, әзірге тәуекелді топқа кіретіндер тексеріледі, оған тұрғылықты жері жоқ жандар, мигранттар, тұрмысы төмен отбасылар жатады.
Балаларға қатысты жаңашылдықтар да бар. Егер Манту 2ТЕ туберкулин сынамасының нәтижесі оң болса, Диаскин тест жасалады. Бұл реакцияның туберкулездік жұқпа немесе аллергия екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, кешеден бері елордада туберкулездің алдын алу бойынша айлық басталды. Медицина қызметкерлері азаматтармен алдын алу жұмыстарын күшейтеді.
Биыл құрылыс нысандарында жұмыс істейтін және базарларда сауда жасайтын мигранттар арасында да туберкулездің алдын алу бойынша жұмыстар қолға алынады.
Қазіргі кезде стационарда емделіп шыққаннан кейін үйлерінде түрлі мәселелерге тап болатындарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ай сайын науқастарға ем-дом қабылдау үшін емханаға баруға 340 жол жүру билеті мен 570 азық-түлік салынған қалта беріледі.

Астанада үш құрылыс компаниясының кесірінен 18 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғандар зардап шеккен - прокуратура
Астанада үш жосықсыз құрылыс салушы компания кесірінен 18 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алушылар зардап шекті, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда қылмыстық қадағалау органдарының өндірісінде құрылыс салушылардың жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын тартуы және құрылыстың ұзақ уақыт бойы аяқталмауы бойынша 12 қылмыстық іс бар (соның ішінде Астана қаласы бойыншамемлекеттік кірістер департаментінде - 2 іс, Астана қаласы бойынша ішкі істер департаментінде - 8 іс, ҚР Сыртқы істер министрлігінде - 2 іс).
Қылмыстық қудалау органдары «ШейхКазИнвест» ЖШС, «АльБаракатCompany» ЖШС басшыларына және «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшысына қатысты тұрғын объектілерін салу барысында азаматтардың ақша қаражаттарын талан-таражға салды деп сезіктену бойынша қылмыстық істерді тергеуде.
Нақтылай кетсек, «ШейхКазИнвест» ЖШС-ның басшысы Ольга Шнайдерге, «АльБаракатCompany» ЖШС-ның басшысы Бақытжан Тойымбетовке және «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшысы Ерқанат Тайжановқа қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы бекітілген. Ерқанат Тайжановқа іздеу жарияланды.

24 елдің спортшылары олимпиадалық лицензиялар үшін Астанаға келеді
Қазақстанның күрес федерациясында Азиялық олимпиадалық біліктілік турниріне даярлық қызу жүргізілуде. Осы жылғы 18-20 наурыз күндері Астанада жоспарланған спорт шарасы Рио-де-Жанейродағы олимпидалық ойындарға лицензиялар сарапқа салынатын ең алғашқы біліктілік жарысы (әлем чемпионатын есептемегенде) болмақ.
Сондықтан да биылғы жылдың ең маңызды спорт жарысына Қазақстан астанасында азиялық құрлықтың барлық үздік палуандары бас қосады, деп хабарланды федерацияның сайтында.
Федерацияның халықаралық бөлімінің мәліметтері бойынша, алдын ала тізімге 24 ел кірді, олардың арасында қазақстандық спортшыларға елеулі бәсекелес болып табылатын көшбасшы құрамалар бар: Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан.
«Тағы екі ел тіркеліп үлгерген жоқ, бірақ та турнирге қатысуды жоспарлап отыр, олар: Филиппин мен Иордания», - деп түсіндірді федерациядан. Қазіргі кезде бұл командалардың барлығы өздерінің көшбасшы-спортшыларын алты салмақ санаты, әртүрлі стиль бойынша үкілеп бәйгеге қосады, өйткені Олимпиада ойындарының талабы осындай.
Грек-рим күресі: 59, 66, 75, 85, 98, 130 келі; Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 келі; Әйелдер күресі: 48, 53, 58, 63, 69, 75 келі. Жоғарыда көрсетілген үш салмақ санаттары бойынша Қазақстанның төртжылдықтың басты сайысына қазірдің өзінде лицензиялары бар.
Алғашқы лицензияны 59 келі салмақ санатына дейінгі грек-рим күресінің палуаны Алмат Кебісбаев алды. Ол Риоға жолдамаға 2015 жылғы Лас-Вегастағы әлем чемпионатындағы қола медалі есебінен қол жеткізді. Осы жарыстарда екінші лицензияны классикалық күрестен 75 келі салмақ санатында Досжан Қартықов жеңіп алды. Риодағы үшінші жолдамаға 57 келіге дейінгі салмақ санатында еркін күрес шебері Санаа Артас ие болды. Ол Вегастағы әлем чемпионатында күштілердің бестігі қатарына кірді. Бұл спортшылар сондықтан да Астанадағы жарыстарға қатыспайды, ал қалған салмақ санаттары бойынша Қазақстан өзінің үздік палуандарын сайысқа салады.

Қытай «Астана» ХҚО-ның акционері болуға қызығушылық танытып отыр
Қытай «Астана» халықаралық қаржы орталығының акционері болуға және жаңадан құрылатын биржада жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Бейжіңге барған Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлады www.24.kz.
Ал аталмыш орталық биылдан бастап құрылады. Сондықтан осы салада көрші елдермен, әсіресе Қытаймен әріптестік орнату маңызды. Келімбетов бірқатар кездесу өткізді. Соның ішінде Қытай орталық банкі құнды қағаздарды реттеу комиссиясымен, «Жібек Жолы» қоры және осындағы инвестициялық корпорацияның басшылығымен жүздесті. Сонымен қатар Қытай еліндегі жұмыс сапары аясында Шанхай және Гонконг қалаларына да баруды жоспарлап отыр.
«Бірқатар ұйымдар Астана ХҚО-ның акционері болуға және биржада жұмыс істеуге ынта білдіріп отыр. Бұл біз үшін өте маңызды. Өйткені біз жергілікті биржалармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Бүгінде Шанхай және Гонконг биржаларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, біз қытайлық инвестициялық корпорациямен де әріптестік орнаттық, олардың еліміздің қаржы секторына инвестиция салмақ ойлары бар», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Астанада Кувейт мемлекеті Тәуелсіздігінің 55 жылдығына орай шара өтті
Кеше Тәуелсіздігінің 55 жылдығы мен азаттығының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Кувейт Мемлекетінің елшілігі Астанада Риксос - Астана қонақүйінде салтанатты қабылдау өткізу құрметіне ие болды, олар қонақ ретінде дипломатиялық корпус өкілдері, көрнекті қазақстандық саясат, экономика, қоғам қайраткерлерін, жергілікті қоғамдық ұйымдар, компаниялар, БАҚ өкілдерін, оның ішінде құрметті қонақ - ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, мәртебелі ханым Наталья Коржованы қабылдады.
Қазақстан Республикасындағы Кувейт Мемлекеті істерінде уақытша сенімді тұлға Халид Аль-Уаззан мырза қонақтар алдында кіріспе сөз сөйледі. Ол Кувейттің қалыптасу тарихы жайлы, экономикалық даму көздері мен түрлі елдердегі көптеген сыртқы инвестициялары туралы қысқаша айтып өтті. Сондай-ақ құрметті Халид Аль-Уаззан мырза әлемнің көптеген еліне, оның ішінде сирия халқына көрсеткен гуманитарлық жұмыстары мен көмектерінде ел мен оның басшылығының жетекшілік рөлін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, 1997 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Кувейт Мемлекетіне сапарына ерекше тоқталып өтіп, қазақстандық-кувейттік қатынастардың жай-күйі мен перспективаларына тоқталды. Осыған орай спикер Кувейттің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазіргі ғимаратын салуға 10 млн доллар және Арал маңын сумен жабдықтау жобасының ТЭН әзірлеуге 1,3 млн доллар бөлу сияқты түрлі гранттар ретінде Қазақстан экономикасына үлесін еске салды.
ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-кувейттік бірлескен комиссиясының тең төрағасы Наталья Коржова, өз кезегінде, Кувейт мемлекетін ерекше мерекесімен құттықтап, 1997 жылы Кувейт Мемлекетіне ресми сапары уақытында Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастарды нығайтуда Елбасының үлесін ерекше атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері туралы сөз етті.
Қабылдау кезінде қонақтар кувейттік дәмнен, мерекелік торттан дәм татты, сондай-ақ кувейт халқының дәстүрлі музыкасын тыңдады.

Астанада IV бүкілқазақстандық «Choreo» қазіргі заманғы хореография байқауы өтуде
Астанада IV бүкілқазақстандық «Choreo» қазіргі заманғы хореография байқауы басталды.
«Choreo» - Астанада ең жарқын әрі талантты бишілерді жыл сайын жинайтын би байқауы. Ауқымды хореографиялық шоу өзінің көлемі мен мәртебесі жағынан елімізде ең беделді болып табылады.
Айта кетейік, ең алғашқы бүкілқазақстандық байқау 2013 жылы ұйымдастырылған болатын және осы уақытқа дейін «Luxury Dolls» деп аталып келді. Шараның жаңа деңгейге өтуіне байланысты аталмыш байқауға толығымен ребрендинг жасау туралы шешім жасалды. Енді ол алғаш рет «Choreo» атауымен өткізілуде. Үш күн ішінде шоуды шамамен 400-ге тарта адам тамашалайды деп күтіліп отыр.
Шараны Istina би академиясы мен Logovo атты шығармашылық жоба ұйымдастыруда.
Байқау мақсаты - түрлі стильдерде өнер көрсететін талантты ұжымдар мен әлеуеті зор спортшыларды анықтау және қазақстандық бишілерге халықаралық хореографтармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.
Алдыңғы жылдарда жеңіске жеткен қатысушылар үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік алғаны белгілі. Мысалы, теміртаулық Мария Главатских Мәскеу қаласындағы «Girls Community» би ұжымының құрамына өтсе, Мадина Бейсекеева «ТНТ» телеарнасының «Танцы» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Көптеген қатысушылар шетелде білім алуда.
Байқаудың биылғы жүлде қоры жарты миллион теңгені құрап отыр.
«Choreo» аясында 26 ақпан айында 6 мен 11 жас аралығындағы балалар және 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында CHOREO Champ атты чемпионат өтеді. Ал 27 ақпан күні Istina би академиясында Қазақстан мен Ресей хореогравтарының шеберлік-сыныптары өткізіледі. Байқаудың ақтық сыны 28 ақпанда Astana Mall сауда үйінде өтеді. THE FINAL GRAND SHOW CHOREO жүргізушілері Иван Эрнст пен Григорий Хлыстун болады. Музыканы астаналық танымал ди-джейлер AST Production мен DJ Lustoff қамтамасыз етеді.

Қазақстанға ресми сапармен Мысыр Президенті келді
Астанаға Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси келді.
Елорданың халықаралық әуежайында Мысыр басшысын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ҚР Сыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов қарсы алды.
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған.
Сондай-ақ сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланған. Фото: И.Омаров

Астанада «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби-сазды рухани кеш өтті
Бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір қаласы мен әрбір ауылында, білім шаңырақтары мен рухани орталарда қазақ халқының мақтанышы, жыр алыбы - Жамбыл бабамыздың 170 жылдық торқалы тойы кеңінен атап өтілуде.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған осы дүбірлі мереке 26 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби-сазды рухани кешке ұласты. Рухани шараның басты мақсаты - сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
Университет ректоры, академик Тілектес Есполовтың құттықтау сөзімен ашылған мәдени шараға «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы - Жұмабай Шаштайұлы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, жазушы-публицист - Уәлихан Қалижан, ҚазҰПУ профессоры, әдебиеттанушы ғалым - Темірхан Тебегенов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, жыршы-термеші, Ж. Жабаевтың шөбересі - Бекмұрат Жамбыл, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония директоры, жыршы-термеші Ақан Әбдуәли сынды ұлт руханиятының белгілі өкілдері қатысты.
«Қазақтың ақындық өнерінің алыбы, шабытты жырларымен есімі әлемге әйгілі болған жырау - Жамбыл Жабаевтың шығармалары - ұлтымыздың ұлы қазынасы. Олай болса, Жәкеңнің тойы - әдебиеттің тойы, бүкіл халқымыздың тойы деп білеміз.
Қазіргі кезде біз білім мен ғылымды дамытумен қатар, университет жастарын ұлттық тұлғалар арқылы тәрбиелеу, солардың шығармашылық еңбектері мен өмір жолдарын өнеге ету жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл ретте Жамбыл бабамыздың бай мұрасын бүгінгі ұрпақтың жадына сіңіріп, санасына зерделеуді азаматтық парызымыз деп білеміз. Бүгінгі күнге дейін данагөй ақынның мерейтойына орай университеттің әр факультетінде, Студенттер үйлерінде Жамбыл шығармашылығын арқау еткен мағыналы әдеби шаралар, рухани кездесулер болып өтті. Белсенді жастарымыз жуырда ғана Жамбыл мұражайына арнайы барып, тәрбиелік мәні зор әсер алып қайтты.
Жамбыл бабамыздың қай сөзін алып қарасақ та оның мағыналы, терең екенін түсінеміз. Әр сөзі ұлағатқа айналған абыз ақынның рухани бай дүниесі ұлтымыз үшін баға жетпес құндылық екені сөзсіз. Осыны кейінгі жас буын ой-зердесіне терең тоқып жүрсе ләзім»,-деді өз сөзінде ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов.

Астана тұрғыны өз сайлау учаскесін WhatsApp және Telegram мессенджері арқылы біле алады
43 мыңнан астам астаналық сайлауда дауыс беру учаскелерін нақтылау үшін қала әкімдігінің қызметін пайдаланған, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Астана қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру учаскелерін нақтылау үшін тұрғындардың басым бөлігі - 22 мыңнан астамы әкімдіктің e.astana.kz электронды қызметтер веб-порталын («Сайлау учаскесчін іздеу» бөлімі) пайдаланған. Ал 19 мыңға жуық азамат 55-66-55 нөмірі бойынша қала әкімдігінің байланыс орталығына хабарласқан.
Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығы, e.astana.kz және аstana.gov.kz веб-сайттары, қала бойынша қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер, сондай-ақ, 1414 қысқа нөмірі бойынша SMS-сервисінен білуге болады. Сондай-ақ, осы аптада елорда әкімдігі қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін «пилоттық» режимде WhatsApp және Telegram қосымшалары арқылы хабар алмасу үшін интерактивті сервисін іске қосты. Оның нөмірі - +7 (747) 955 66 55.
Аталған сервис әр азаматқа сайлауда дауыс беру учаскесінің нөмірін, мекен жайын, телефоны мен сайлау учаскесі орналасқан ғимаратты көрсете отырып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, электронды карта арқылы ғимараттың орналасқан жеріне сілтеме береді.


Елорада аула клубтарының фестивалі өтті
Астанада «Аула жұлдыздары» фестиваліне 11 аула клубы қатысты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы аталған шараны оқушылар арасында алғаш рет өткізіп отыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде ұйымдастырылды. Шараға қатысуға өтінімдер бір ай бойы қабылданды. Жастар вокал, хореография, инструменталды музыка, спорттық-көрнекі номер және бейнелеу-қолданбалы өнер бағыттары бойынша сайысқа түсті.
«Бұл тәжірибемізде алғаш рет, балалардың барлығы өз машықтарын қолдануы керек деп ойлаймыз. Сахна - тәжірибені, оқытушылық пен білімді нығайту үшін лайықты алаң. Бүгін балалардың әлеуетін байқап отырмыз. Күн сайын өзіңді жетілдіріп отыру керек», - деді «Астана Жастары» орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов.
Оның айтуынша, аула клубтарының арасында спартакиада өткізу жоспарланған, ал шығармашылық ұжымдар Наурыз мерекесін тойлауға қатысады.
Жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі қазылар алқасының құрамына еркін күрестен спорт шебері, Азия чемпионы Қайрат Барсаев; Superstar.kz жобасына қатысушы, әнші Ринат Малцагов; «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әсемгүл Бейбіт және Әнуар Нұрпейісовтың өзі кірді.
Көрермендер назарына билер, музыкалық және спорттық номерлер ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша «хореография» номинациясында «Замандас» АК «Замандас» ансамблі «Модерн» биімен топ жарды; 2-ші орында үнді биімен «Алақай» ансамблі, «Армандастар» АК; «Шағала» АК татар биімен 3-ші орын алды.
«Вокал» номинациясында «Есіл» АК (Аяна Есіркепова) 1-орын; «Мирас» АК (Наргиз Урустемова) 2-орын; «Армандастар» АК (Досжан Сарбасов) 3-орын алды.
«Инструменталды музыка» номинациясында «Секіртпе» халық күйін орындаған «Замандас» АК 1-орында; 2-орында «Тепен көк» күйімен «Есіл» АК; 3-орында «Береке» АК - «Ерке сылқым».
«Спорт» номинациясында «Армандастар» АК 1-орында; «Астана» АК 2-орында; «Береке» АК 3-ші орында.
«Бейнелеу-қолданбалы өнер» номинациясында «Асар» АК 1-орын; «Шағала» АК 2-орын; «Замандас» АК 3-орын алды.

Қазақстанда «#МенЕлімдіСүйемін» акциясы өтуде
26 ақпанда «#МенЕлімдіСүйемін» акциясына арналған телекөпір өтті.
Акцияның мақсаты - туған жерге деген өзінің сүйіспеншілігі мен құрметін көрсету.
Екі апта ішінде #МенЕлімдіСүйемін хэштэгімен Қазнетте еліміздің әртүрлі өңірінен 200 посттар мен роликтер жарияланғанын атап өткен жөн
Акцияға жүргізушілер Азамат Сатыбалды, Диляра Әленова, Ирина Тен, «Қазақстаннның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы РҚБ басшысы Анатолий Ким, грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, жаттықтырушы, Азияның екі дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко, ғалым-биотехнолог Дәмел Мектепбаева, блогер Виталий Перов, оператор, Валерий Задарновский, «Астана Опера» театрының танымал орындаушылары, Әнел Рүстемова және Тайыр Гатауов, танымал медиалық тұлғалар Нұрлан Қоянбаев, Қуандық Қыстықбаев, Бүркіт қатысты.
Телекөпір аясында акцияны қолдау үшін флешмоб ұйымдастырған Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы байланыс арқылы қосылды.
Өңірлердегі шараларға қазақстандық жұлдыздар, олимпиада чемпиондары, белсенділер Ольга Рыпакова, Біржан Жақыпов, Мерсиева Диана, Әділбек Ниязымбетов, Мұсаев Ислам, «All Давай» тобы, Айдана Жұмағұлова, Мұрат Мұтырғанов, Ермахан Ибрайымов, Мәдина Сәдуақасова, Турал Эверест, Тұрар Рахымберлин қатысты. .
Акцияға #МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан хэштэгпен өздерінің жеке роликтері мен жазбаларын қандай да бір шектеусіз орналастыра отырып, Қазнеттің пайдаланушылары да қатыса алады.
Телекөпірді Орталық коммуникациялар қызметі, «Қазақстан» РТРК ұйымдастырды. «24kz» теклеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.
Акция қатысушылары қазақстандықтарды жобаға белсене қатысуға қатысуға шақырды.

Астанада мектеп автобустары іске қосылады
Қазіргі кезде елордада көлік кешенінің жұмысын жетілдіру бойынша жоба сәтті іске асырылып жатыр, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба аясында жылжымалы құрамды кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланып, жартылай орындалды. Ескі жылжымалы құрамды алмастыру үшін 358 автобус сатып алынып, бағдарлар бойынша жіберілді. Жоба аясында Астанада алты еxpress-маршрут жүре бастады:
- № 100 ТЖ вокзалы - Әуежай
- № 101 Ауданаралық аурухана - Жағалау-3
- № 102 Көктал-2 - Клиникалық-оңалту кешені
- № 103 «Шарын» базары - Қараөткел-2
- № 104 Болашақ к-сі - «Сарайшық» ТК
- № 105 «Бал бала» - «Жібек жолы»
Сонымен қатар, оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін арнайы автобустар енгізіледі, бұл елорда жолдарына түсетін жүктемені азайтады. Бүгінде оқу орындарының педагогтар құрамымен және ата-аналар комитетімен қажетті бірліктер саны мен бағдарлар бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Бұдан басқа, жаңа қалалық такси жүйесін іске қосу көзделген. Автокөліктер заманауи технологиялармен (қолма-қол ақшасыз төлем, есептік құжаттама, мобильді қосымшалармен интеграция) жабдықталады, бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Астанада қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болуы үшін қала маңына қатынайтын 12 бағдар ашылды, олар Астананы қала сыртындағы 16 елді мекенмен байланыстырады:
- № 302 Астана - Тайтөбе
- № 303 Астана - Қосшы
- № 304 Астана - Жібек жолы
- № 306 Астана - Талапкер
- № 307 Астана - Қоянды
- № 311 Астана - Воздвиженка
2015 жылы «Astra Bus» мобильді қосымшасы пайдалануға енгізілді. Аталған бағдарлама жолаушыларға оңтайлы бағытты таңдап, маңызды қалалық автобустар туралы ақпарат алуға, онлайн режимде автобустар қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. 1 қаңтар - 20 ақпан аралығында қосымшаны 95,5 мың пайдаланушы мобильді телефонына жүктеген.
Бұдан басқа, қоғамдық көлік жұмысын бақылау мақсатында Көліктік бақылау қызметі (КБҚ) құрылды. Аталған ұйым қызметкерлері қоғамдық көліктердің жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзу жағдайларына мониторинг жүргізеді, автобустардың санитарлық-техникалық жағдайларын тексереді, қалалық қоғамдық көлікте жолаушылардың жол жүру ақысын төлеуіне бақылауды жүзеге асырады. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы ҚБҚ инспекторлары жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 200 фактісін тіркеген.
Сонымен қатар, биыл көлік мамандарының біліктілік орталығында 1641 жүргізуші мен 1108 кондуктор оқытылады.


Бокстан Қазақстанның чемпион қыздары анықталды
Елордада әйелдер арасында бокстан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Жеңімпаз атанғандар қатарында таяуда Астанада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын және Рио Олимпиадасына баратын спортшылар да бар, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
Бұл чемпионаттың көптен күткен жаңалығы жаңа салмақ санатына көшкен әлем чемпионы Назым Қызайбайдың байрақты бәсекеде бас жүлдеге қол жеткізу болғаны анық. Назым 48 келіден Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген 51 салмаққа ауысқан болатын. Сол сәттен бері оның бапкерлері спортшының жаңа салмақ санатына бейімделіп кетуіне күдікпен қараған еді. Дегенмен, чемпионаттың финалдық кездесуінде еліміздің тағы бір мықты боксшысы Жайна Шекербековаға қарсы шыққан Назым өзінің бабында екендігін дәлелдей алды. Ендігі уақытта Н.Қызайбай Олимпиадаға жолдама алу үшін барын салатын болады. Ал Рио жолдамасы сарапқа салынатын келесі турнир наурыз айында Қытайда өтеді.
«Лицензия үшін осы чемпионатта бірінші орын алған қыздар жарыс жолына шығады. Олар Назым Қызайбайдан бөлек Назым Ищанова (60 келі) мен Дариға Шакимовалар (75 келі). Мамырда өтетін әлем чемпионатына кімдердің қатысатындығын әзірше айтпаймын. Дайындығы жоғары спортшы жарыс жолына шығатын болады», - деді әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк.
Сонымен 2016 жылы әйелдер бокстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар мыналар:

48 келі
I Алина Тұрлыбаева (Павлодар облысы)
II Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы)
III Динара Жамирова (Алматы облысы)
III Әйгерім Қасенаева (Астана)
51 келі
I Назым Қызайбай (Алматы)
II Жайна Шекербекова (ОҚО)
III Балауса Мұздиман (Алматы облысы)
III Севара Тәжіқұлова (ОҚО)
54 келі
I Дина Жоламан (Ақмола облысы)
II Рано Пархатова (Алматы)
III Аяулым Боранбаева (Астана)
III Гүлжан Әкімова (Алматы)
57 келі
I Сания Сұлтанқызы (Астана)
II Оксана Королёва (Қарағанды облысы)
III Аягөз Әбен (Астана)
III Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы)
60 келі
I Назым Ищанова (Атырау облысы)
II Римма Волосенко (Астана)
III Зарина Цолоева (Ақмола облысы)
III Фируза Шарипова (Жамбыл облысы)
64 келі
I Мадина Нұршаева (ОҚО)
II Әлия Әбдірайымова (Астана)
III Аида Сатыбалдинова (Астана)
III Әмина Аманқұл (Жамбыл облысы)
69 келі
I Валентина Хальзова (Астана)
II Зура Құсайынова (Павлодар облысы)
III Екатерина Братухина (Қарағанды облысы)
III Любовь Хасиева (ОҚО)
75 келі
I Дариға Шакимова (Алматы)
II Фариза Шолтай (Жамбыл облысы)
III Анастасия Рылина (Қостанай облысы)
III Анастасия Заикина (ОҚО)
81 келі
I Юлдуз Маматқұлова (Жамбыл облысы)
II Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы)
III Мереке Жүнісова (Астана)
III Ақбота Исағұлова (Қарағанды облысы)
+81 келі
I Ляззат Күнгейбаева (Астана)
II Умида Садықова (Алматы облысы)
III Тоғжан Сыздықова (Алматы)
III Меңсұлу Рысова (Ақтөбе облысы).

Ұлттық музейде Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтті
ҚР Ұлттық музейінде дәстүрлі күйші Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтті. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбай бүгінгі таңда қазақтың ұлттық өнерінің даму барысын сөз ете келе, қазақ халқының өмірінде домбыраның үлкен рөл атқаратынына тоқталып өтті.
«Қазақ күйлері ел тарихының жылнамасы, шежіресі деп жатамыз. Сондықтан даКетбұға, Сүгір секілді бабаларымыздың мұрасын жаңғырта беруіміз керек. «Ұлттық өнер дамымай жатыр» деген сөздерді естіп қалып жатамыз. Бірақ олай емес, жетіспей жатқаны жарнама ғана. Десе де өнердің жолы, оның ішінде ұлттық өнердің жолы өте ауыр.Оның өзіндік қиындықтары бар. Алайда қазақтың ұлттың болмыс-бітімі, жалпы табиғаты осы күй өнерінде көрініс тапқан, сақталған. Сол себепті де кешегі ұлылардан қалған музыканың бір дыбысын да бұзбай ойнау үлкен жауапкершілікті қажет етеді», - деді Ж.Жүзбай.
Кеште Жанғали Жүзбайдың Абылайхан Орманбек, Талғар Ғалымжан, Ақжусан Иманғазықызы секілді шәкірттері техникалық тұрғыдан аса қиын күйлерді орындап, жиналған қауымды ерекше күйге бөледі.
Айта өтейік,«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты бағдарламасы аясында өткен мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Майра Мұхамедқызы жеке концертін Наурыз мерекесіне арнайды
22 наурыз күні «Астана Опера» театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, П. Чайковский атындағы ХI халықаралық байқаудың лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызының «Шырқар әнім - Астана көктемі» атты жеке концерті өтеді.
Театрдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Наурызға арналған концерт «Астана Опера» театрының балет әртістері, симфониялық оркестрі мен хорының қатысуымен өтеді.
Концертті жүргізушілер - Дана Нұржігіт, Евгений Чайников.
Бағдарламаның бірінші бөлімінде - Дж. Верди, Ж. Массне, Г. Доницетти, С. Франк, И. Кальман, Ж. Оффенбахтың классикалық опера және оперетталарынан ариялар мен дуэттер орындалады.
Екінші бөлімде қазақ халық әндері мен заманауи әндер, сондай-ақ А. Жұбанов пен Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, А. Мұхитдиновтың операларынан ариялар мен дуэттер орындалады.
Дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Бас хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Елордада «Қазақстан - Ұлы дала елі» фотокөрмесі өтіп жатыр
Астанада Қазақстанның 25 жылдығына арналған «Қазақстан - Ұлы дала елі» фотокөрмесі ашылды. Шара Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Фотокөрмеге Астана мен Шығыс Қазақстан облысы фотографтарының қырыққа жуық еңбегі қойылған. Онда еліміздің көрікті жерлері бейнеленген. Барлық туындылар шығармашылықпен және креативтілікпен орындалған.
«Маған фотографтардың жаңа тәсілі ұнайды. Көрмеде елімізді басқа қырынан танимыз. Астананың суреттеріне қарап тұрып, мүлдем басқа қаланы көресің. Елорда мүлдем басқаша бейнеленген», - деді көрмеге келушілердің бірі Әнуар.
Қазақ даласының табиғаты мен кеңдігінен шабыт алған қазақстандық фотографтар ерекше пейзаждарды фотоға түсіріп, көрермендер назарына ұсынып отыр. Көрмеде А. Байсыдықов, Г. Куприянов және С. Аязбай сынды фотографтардың Қазақстан бойынша түсірген ерекше кадрлары қойылған.

Балалар мен жасөспірімдердің «Шаттық-2016» шығармашылық байқауының гала-концерті өтеді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтой аясында Астана қаласы Білім басқарамасының ұйымдастыруымен ақпан айының 15-29 жұлдызы аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы өтті. Астана қаласының мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары қатысқан шараның қорытындысы 29 ақпанда Астана қаласындағы Конгресс-холл сарайында гала-концертпен шығарылып, жүлдегерлер мерейтойлық алтын мүсіндермен және өзге де сыйлықтармен марапатталады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Шаттық» байқауы мемлекетіміздің мәдени әлеуеті мен кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізіледі. Қалалық байқауға қатысу және жеңімпаз атану - елордалық жастар арасындағы үлкен танымалдылық пен зор абыройға қол жеткізуге мүмкіндік береді.«Өткен он жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Оны өткізу тәжірибесі көрсеткендей, қатысушылардың көбі болашақ өмірлерін шығармашылықпен байланыстыруға шешім қабылдайды. Рүстем және Мұхаммедәли Жүгінісовтер, Александра Самарина, Әлібек Әлмадиев, Дильнур Биржанова - бұл есімдер міндетті түрде елорда тұрғындарының назарында бар. Бұл балалар үшін «Шаттық» байқауы «бастама алаңына» айнала білді. Байқаудың жақсы нәтижесі педагогтар мен концертмейстерлерге де өте маңызды, себебі бұл өз еңбегінің жемісін бағалауға мүмкіндік береді», делінген баспасөз баянында.Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі: 10-15 жас және 16-20 жас аралығында, сонымен қатар 8 жанр негізінде 15 аталыммен сайысқа түскен еді. Олар: жеке аспапта орындаушы/ ансамбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/ хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі. Байқаудың мерейтойлық жылына байланысты алғаш рет бағдарламаға «Ерекше жанр» және «Киім дизайны» қосылды. Конкусқа 5000-нан астам үміткер қатысты. 200-ден астам қатысушы күміс және алтын мүсіндердің жеңімпаздары атанды.


Астанада «Астана»-«Қайрат» матчына байланысты жол қозғалысы шектеледі
2016 жылы 8 наурызда «Астана»-«Қайрат» командасының арасында ҚР Супер кубогы үшін футбол матчын өткізуге байланысты елордада көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі.
Көлік қозғалысы 13.00-ден бастап Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары бойынша Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін аралықта шектеледі. Шара аяқталғанша жол жабық болады. Аталған аумақты айналып өту үшін - Орынбор көшесімен жүру керек.
Жанкүйерлерді жинау мен жеткізу бес арнайы бағдар бойныша төмендегі мекенжайларда жүзеге асырылады.
1) «Қазақстан» СК маңында (Қажымұқан көшесі бойынша);
2) «Хазірет Сұлтан» мешіті маңында (Қошқарбаев даңғылы бойынша);
3) «Нұр Астана» мешіті маңында (шығыс жақ автотұрақтан);
4) Елордалық цирк маңындағы автотұрақ (Қорғалжын тас жолы бойынша автотұрақ)
5) Мұңайтпасов стадионы маңындағы автотұрақ (Кенесары көшесі бойынша);

«Астана Опера» театры әйелдер мерекесіне орай әлемдік опера классикасының шығармаларын ұсынады
«Астана Опера» театры Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арулардың назарына әлемдік опера классикасының ең жарқын шығармаларын және қазақ, орыс, неаполитан әндері мен романстарын ұсынады. Камералық зал сахнасында 5 наурызда танымал «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Be my love» концерті өтеді.
«Концерт бағдарламасында - махаббат сезіміне арналған ең үздік шығармалар: М. Понсенің «Эстрелита» (Мексика серенадасы), Н. Бродскийдің «Be My Love», П. Чайковскийдің «Ертее көктемде болған еді...», Г. Свиридовтың «Купидон құдай», Н. Тілендиевтің «Әжеме», «Ақ сұнқар» және тағы басқа ән мен романстар бар. Э. Элгардың скрипка мен фортепианоға арналған «Salut d'Amour» («Махаббат сәлемі») атты шығармасы орындалады. Оны некелесу күні ағылшын романтик-композиторы өзінің сүйіктісі, жазушы Кэролайн Эллис Робертске сыйлаған», деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
«Қазақ өнерінде біздің халқымызға тән әйел затына деген құрмет көрсету ерекше. Мысалы, «Гауһар тас» халық әнінде берілген махаббат сезімінің пәктігі, ұлылығы мен сұлулығы талай буын тыңдаушыларының жүрегін тебірентеді» дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова. Бұл музыкалық шығарманы дарынды жас тенор Нарұл Тойкенов орындайды.
Вокал жанрының шеберлері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, Роза Нүркей, Елена Низамутдинова, Елена Ганжа, Әсем Сембина, Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Бейімбет Таңарықов, Нарұл Тойкенов, Алмат Избамбетов, Ескендір Әбжанов, Қазбек Дасмұхамбетов, Өміржан Қадыров, Болат Есімханов және Майя Бекназардың (скрипка) қатысуымен қойылатын концерт сүйікті жандарға тамаша сыйлық болып табылады.
Фортепиано партиясында - халықаралық байқаулардың лауреаттары Раушан Бескемпірова, Гауһар Тасбергенова, Ирина Кургузкина, Александра Егорова.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанадағы мектеп кітапханасына 300-ге жуық кітап сыйлады
Алғыс айту күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының №48 мектеп-лицейінде акция өткізіп, мектеп кітапханасына 300-ге жуық қазақ тіліндегі әдеби шығармалар мен сөздіктерді тарту етті.
Қор баспасөзінің хабарлауынша, шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары қордың қызметі және жобаларымен танысты. Олар: қазақ тілін онлайн режимінде үйрететін Soyle.kz порталы, оның Soyle мобильдік қосымшасы, балаларға арналған Bala.soyle.kz сайты, Abaialemi.kz онлайн-энциклопедиясы, Tattialma.kz атты қазақ тіліндегі балалар әдебиеті сайты, «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы, ҰБТ-ға дайындалуға болатын қазақ және орыс тілдеріндегі «Кім білгіш» мобильді ойыны.

Астана тұрғындары 4 наурыздан бастап өздерін сайлаушылар тізімінен тексере алады
Астана тұрғындары 4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімінен өзін іздеп таба алады. Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, тізімге тиісті сайлау учаскелері аумағында тұратын жері бойынша тіркелген Қазақстан азаматтары енгізілдген, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Елордалықтар тізіммен өз сайлау учаскесінде танысуына болады, сондай-ақ, мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қате берілген мәліметтерге, дәлсіздіктерге, өздері туралы мәліметтердің болмауына байланысты шағым бере алады.
Тізімге қосу, одан алып тастау немесе түзету туралы өтінішті учаскелік сайлау комиссиясы өтініш берілген күні қарайды. Оң шешім қабылданған жағдайда, сайлау комиссиясы сайлаушыны бірден тізімге қосады немесе мәліметтерді түзетеді. Ал өтініш қабылданбаған жағдайда, оның себебі көрсетілген шешімнің көшірмесі ұсынылады, ол бойынша сотқа шағымдануға болады.
Астана тұрғындары қаладан тыс жерге шыққан жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығы бойынша есептен шығару куәлігін алады. Бұл үшін 4-19 наурыз аралығында өтініш жазып, жеке куәлікті ұсыну керек.
Айта кетейік, учаскелік сайлау комиссиялары күн сайын сағат 09.00-20.00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді. Олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын мына сілтемедегі тізімде көрсетілген.

Елордада «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы өтеді
ҚР Ұлттық музейінде 1 наурызда Алғыс айту күніне орай «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Акция Ұлттық музейдің Ғылыми кітапханасына тұрақты қолдану үшін тарих, археология, этнография, мәдениеттану, қалпына келтіру, музейтану және басқа бағыттар бойынша кітаптар, мақалалар жинағы, конференция материалдары, монографияларды табыстауға шақырады.
Акцияға қатысушы әр бір еріктінің белсенділігі музейдің ағартушылық, ғылыми-зерттеу, білім беру қызметіне қосқан үлесі болып саналады. Осы уақытқа дейін тапсырылған барлық еңбектер музейдің Ғылыми кітапханасында сақталады.
Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарында бекіткен №173 Жарлығына сәйкес 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған аталмыш мереке ұлттар татулығын бекемдеп, тұрақтылықты нығайтуға негізделген.

1 наурызда елордада «Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан халқы фестивалі өтеді
ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 1-інде Алғыс айту күні мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан халқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Іс-шара барысында этно-мәдени дәстүрде жасалған балалар шығармашылығы орталықтары мен мектеп оқушыларының қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, аталған фестиваль аясында Астана қаласының орта және музыкалық мектептерінің оқушылары мерекелік концерт ұсынады.
Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарында бекіткен №173 Жарлығына сәйкес 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мереке ұлттар татулығын бекемдеп, ел бірлігін сақтау мақсатында жүзеге асырылған.

Астана әкімдігі қаланың азық-түлік белдеуінде кластерлік кооперативтер құруды ұсынып отыр
Елордада азық-түлік тапшылығы тіркелмегенімен, қала базарларында әлеуметке ең керекті 33 тағам түрінің барлығы сатылып жатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде азық-түлік белдеуіндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің конференциясында Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Әсет Құрманғалиев мәлім етті.
«Жалпы, Астанада азық-түлік тапшылығы тіркелген жоқ. Тек, қала базарларында әлеуметке аса қажетті 33 тағам түрінің барлығы сатылмайды. Азық-түлік белдеуі автономды бола алмай отыр және экономикалық тәуелсіздігі қамтылмаған. Яғни, елорданың базары маусымдық, ауа райының және өзге де факторлардың құбылуына тәуелді. Баға балансын да бақылау мүмкін емес. Бүгінде елорданың азық-түлік белдеуі қала сұранысының тек 35 пайызын қамтып отыр»,-дейді басқарма жетекшісі.
Алайда, Ә.Құрманғалиевтің айтуынша, нан, ұн өнімдері қала базарларында 200 пайыз, ет пен ет өнімдері 100 пайыз, сүт және сүт өнімдері 100 пайыз, жұмыртқа 200 пайыз, картоп 106 пайызға толып тұр. «Бірақ, бұл көрсеткіштер азық-түлік бағасын қалыптастыруда экономика мен маркетингтің заңына сай, бір бағаны қалыптастыруға әсер ете алмайды. Дүкен сөрелері өзге өңірлерден, тіпті, өзге елдерден келген тамаққа толып тұр»,-дейді Ә.Құрманғалиев.
Осыған байланысты қала әкімдігі азық-түлік белдеуінің радиусын 60-100 шақырымға дейін қысқартып, өндірісті, сақтау мен сатуды бір жүйеге біріктіру арқылы кластерлік кооперативтер құруды ұсынып отыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мына бір деректі де жасырмады: өзге өңірлердің өнім әкелу үшін кемінде жарты күн, тіпті, бірнеше күн уақыт кетеді, сондықтан, кез келген азық-түліктің, мысалы, көкөніс пен жеміс-жидектің жарамдық мерзімі өтіп те кетеді. Яғни, халық бұзылған азық-түлікті тұтынады. «Азық-түлік қауіпсіздігінің шартына сай, кез келген өңірдің өзі шығаратын өнім 80 пайызды, сырттан тасымалданатын өнім 20 пайызды құрауы керек. Ал, бізде азық-түліктің 60 пайызға жуығы елорданың азық-түлік белдеуінен тыс аумақтан тасымалданады»,-деп мәлімдеді Ә.Құрманғалиев.

Астанада негізгі азық-түліктер бағасының құнына қосылатын баға азаяды
Астана дүкендерінде негізгі азық-түлік бағасының бастапқы құнына қосылатын баға азаяды. Яғни, тауар өндірушілерге өз өнімін делдалдарсыз сатуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен азық-түлік белдеуіндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің конференциясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлім етті.
«Азық-түлік бағасына тоқталар болсақ, шешімін таппаған бірқатар жүйелі мәселелер бар. Мысалы, тұтынушы мен өндіруші арасындағы делдалдардың мәселесі. Мысалы, өндірушіден шыққан он жұмыртқаның бағасы 180 теңге болса, дүкенде ол 300 теңгеге сатылады, яғни, 76 пайыз қымбат. Астанада 50 шақырым жерлерден әкеліп сатылатын сиыр етінің бағасы 700 теңге болса, базарда ол 1200 теңгеге сатылады»,-дейді вице-министр.
Е.Көшербаевтың айтуынша, саудагерлер арасындағы бәсекелестік жоқтың қасы, салық жүйесінде де саудагерді ынталандыратын тетіктер аз, көкөніс сақтайтын қоймалар да тапшы, отандық фермерлер үшін мемлекеттік сатып алу нарығына жоқ. Мұның барлығы өндірушінің бағасына өте көп қосымша баға қосуға себеп болып отыр.
«Министрлік бұл мәселені қала айналасындағы өндірісті концентрациялау арқылы, Қазақстанның тауар өндірушілері үшін нарыққа шығатын кедергілерді азайту арқылы шешпек», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Астанада «Ақ жол» тұрғын кешенін салушы қамауға алынды
Апта сайын елордалық әкімдікте тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстары болып өтеді, онда әрбір проблемалық нысан бойынша шешу алгоритмі шығарылған, деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөз қызметінен.
Осылайша, отырыста Астана қалалық Ішкі істер департаменті бірқатар кәсіпорындар - «АСУА-2006», «РСР және К», «AdvancedTechnologyltd» ЖШС-нің басшысы, 1966 жылы дүниеге келген Манашов Ербол Білісбекұлын ұстағаны белгілі болды. Бұл адам алдау жолымен инвесторлардан Астана қаласындағы І.Есенберлин (Ақжайық көшесі, №15/2 үйдің ауданы) көшесінде орналасқан «Ақ жол» тұрғын кешенінің құрылысына ақша жинап, сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жұмсаған. Аталған тұрғын кешені проблемалық болып табылады, қазіргі уақытта оның құрылысы тоқтап қалған.
Бұдан басқа, Е.Б. Манашов қосалқы мердігер болып табылатын «СұлтанБ» ЖШС-нің алдында қарызы жоқ екені туралы жалған анықтама жасап, алдау жолымен жәбірленушілерге тұрғын бөлмелерін қайта сатқан, сол арқылы 45 696 000 теңге көлемінде шығын келтірді. Сарыарқа ауданының №2 соты Е.Манашовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Астана қалалық ІІД құрылыс салушы Е.Манашовтың әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды, сондай-ақ аталған іс үшін маңызды қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 71-62-28, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Бұдан басқа, «Төленді» ТҚК-нің төрағасы, «Столичный-2» (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысы), «Аниса» (Қорғалжын тас жолы) және «Көктал-2» (Тілендиев көшесі мен Ұлытау көшесінің қиылысы) көппәтерлі тұрғын кешендерінің салушысы болып табылатын және 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін пәтерлерді екі рет сатып, сол арқылы бірінші сатып алушылардың құқықтарын бұзған 1991 жылғы Байжұманов Айдын Саятұлына қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде.
Сот алдындағы тергеу амалдарының барысында жоғарыда аталған тұрғын кешендеріне құқық белгілеуші құжаттар, жарналар туралы келісімдер және «Төленді» ТҚК-нің мөрі алынды, сот сараптамалары тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты азаматтардың құрылыс салушысы «Төленді» ТҚК болып табылатын тұрғын кешендерінен пәтерлерді сатып алудан тартыну сұралып отыр. «№1 Сату орталығы» ЖШС-ға, Астана қаласында жылжымайтын мүлік бойынша басқа агенттіктер мен риэлторларға қылмыстық іс бойынша соңғы процессуалдық шешім шығарылғанша «Төленді» ТҚК-нің пәтерлерін сату бойынша консалтингтік қызметтерді көрсетуден тартынуға кеңес берілген.
Астана қалалық ІІД «Төленді» ТҚК салушысының әрекеттерінен зардап шеккен, сондай-ақ аталған іс үшін маңызды қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 71-62-13, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Астанада футбол матчы өтетін уақытта көлік қозғалысы шектеледі
8 наурызда "Астана Арена" стадионында еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» командасы мен алматылық «Қайрат» ФК ҚР суперкубогын сарапқа салатын болады. Матч өтетін уақытта қалада көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.
Ойын елордалық стадионда сағат 15:00-те басталады. Сағат 13:00-те Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойында Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жолдар матч соңына дейін жабық болады. Сондықтан әуежайға баратын астаналықтарға және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына полицейлер айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Ең ыңғайлы жол - Орынбор көшесі арқылы жүру.
Дәстүр бойынша футбол әуесқойлары үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар жанкүйерлерді бес жерден алып кетеді: «Қазақстан» спорт сарайының жанындағы тұрақ, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы тұрақтар, сондай-ақ, елордалық цирк жанындағы тұрақ.
Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі жанкүйерлерден бұл күні қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда «мобильді кассирлер» пайда болды
Кешеден бастап Астана-Щучинск ақылы автожолында төлем қабылдау бекеттеріндегі барлық операторлар мобильді кассалық аппараттармен жабдықталып, жүргізушілерден қолма-қол төлем қабылдай бастады.
«Төлем қабылданғаннан кейін көлік тоқтамастан өтуі үшін арнайы жолаққа бағытталады. Ол үшін пайдаланушы операторға өз көлігінің мемлекеттік нөмірін айтып, бекеттен бір рет немесе бірнеше мәрте өтуге қажетті төлемді жасайды», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.
Мамандардың сөзіне қарағанда, жаңа әдіс қалаға бағыт алған көліктер төлем қабылдау бекеттерінде көптеп жиналған кезде автокөліктер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері ақылы жолда «Касса 24» және«QIWI» төлем терминалдары арқылы алдын ала төлем жүйесі іске қосылған болатын. Енді бекеттерде кезекте тұрмас үшін сапар алдында жүргізушілер көліктің мемлекеттік нөмірі бойынша аталған терминалдар мен «Мобильді кассир» қызметі көмегімен алдын ала балансты толтыра алады.

Бүгінгі мерекеге орай Қазақстан бойынша 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылды
Бүгін Алғыс айту күніне орай Қазақстан бойынша 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи мәлім етті.
«Бүгін - керемет күн. Себебі, алғыс айту тарихының өзі керемет. 1 наурызда алғаш аталып өтіп жатқан бұл мереке аясында Қазақстан бойынша 800-ден астам шара қамтылған. Өздеріңіз білесіздер, бүгін Астанада Елбасының қатысуымен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталсақ, жалпы мейрімділік пен қайырымдылыққа арналған бұл мерекенің тәрбиелік мәні өте зор», - деп тоқталды Н. Шанаи.
Осы орайда ол өткен ғасырдың нәубетті жылдарында Қазақстан жеріне келген ұлттар мен ұлыстарға көмек қолын созған қазақ халқына шексіз алғысын айтып жатқандығын атап өтті.
«Бүгінде сол ұлт пен ұлыстар Қазақстанда өз орнын тауып, ортақ Отаны үшін еңбегін аямай қызмет етуде. Еліміздің дамуына, болашағына баршамыз бірлесе жұмылып қызмет атқарудамыз», - деді Н. Шанаи.
Бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.
Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде.

«Астананың» велоспортшысы Андреа Гуардини «Лангкави турының» кезеңінде жеңіске жетті
«Астана» командасының мүшесі италиялық Андреа Гуардини «Лангкави туры» велокөпкүндігінің жетінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.
Екінші және үшінші орынға сәйкесінше отандастары Якуб Марежко («Southeast-Venezuela») және Андреа Палини («SkyDive Dubai») ие болды. Бас іріктеу сынында алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: көш басында оңтүстік африкалық Рейнардт Ренсбург («Dimension Data»), одан кейін колумбиялықтар Даниэль Алехандер Харамильо Диез («UnitedHealthCare Professional») және Мигель Анхель Лопес («Астана»).
«Лангкави туры». Жетінші кезең. Seremban - Parit Sulong, 202,3 км 1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - 4:47:12 2. Якуб Марежко (Италия, «Southeast-Venezuela») 3. Андреа Палини (Италия, «SkyDive Dubai») 25. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») 40. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») 58. Диас Өмірзақов (Қазақстан, «Астана») 92. Арман Қамышев (Қазақстан, «Астана») - +0:25 Жетінші кезеңнен кейінгі жалпы есеп: 1. Рейнардт Ренсбург (ОАР, «Dimension Data») - 25:48.29 2. Даниэль Алехандер Харамильо Диез (Колумбия, «UnitedHealthCare Professional») - +0:11 3. Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия, «Астана») - +0:12 28. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») - +2:02 100. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - +28:30 103. Арман Қамышев (Қазақстан, «Астана») - +29:43 122. Диас Өмірзақов (Қазақстан, «Астана») - +52:32.

Жаңа стандарттарды енгізу Қазақстан нарығын сапасыз өнімдерден қорғайды - А.Лукин
Бүгін елорда әкімдігінде Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында негізінен 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселесі жан-жақты талқыға түсті. Отырысқа қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде жаңа стандарттарды енгізу Қазақстанның нарығын сапасыз өнімдерден қорғайтындығын баса айтты. «Соңғы нәтижеде бұл отандық нарықты сапасыз әрі қауіпті өнімнен қорғауға, әлемдік стандартқа сай өнімдерді шығару үшін қажетті жағдай жасауға, сонымен бірге ішкі нарықты еркін қамтуға мүмкіндік беретін болады. Бұл Индустрияландыру картасы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін табысты өткізуге өз септігін тигізеді», - деді ол.Отырысқа ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Доғалов, «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстандық метрология институты» РМК басшылары, Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Әр этностан шыққан Астана суретшілері «Алғыс айту» күніне орай Қазақстанға арнаған туындыларын көрмеге қойды (ФОТО)
Бүгін елордада түрлі этностардан шыққан Астана суретшілері «Алғыс айту» күніне орай Қазақстанға арнаған туындыларын экспресс-көрмеге қойды.
«Алғыс айту» күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген көрме «Астана» Ұлттық сурет галереясында ашылды. Сонымен қатар осында «Бірлік түбі - береке» атты Астана қаласының суретшілері және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
«Бүгінгі бірлік туының астында өтіп жатқан осынау мерекенің мағынасы өте жоғары. Себебі біздің Елбасымыздың бастамасымен көтерілген мейрамды біздің елімізде өмір сүріп жатқан 130-дан астам халық пен ұлт өкілдері атап өтуде. Бұл шара Наурыз мерекесінің алдында өтіп жатқан, жалпы көктем мерекесінің жаңа үрдісі секілді. Елбасының осындай мерекені елге алып келуінің астарында - халық бірін-бірі дос көрсін, бір-бірін әрқашан да сыйлап жүрсін деген мағына жатыр. Себебі бірін-бірі сыйлаған, бірін-бірі шын ниетпен жақсы көрген халық қана өсіп-өркендейді», - дейді суретші Жанұзақ Мүсәпір.
Туындылардың тақырыбы әр түрлі, қолданған жанрларда сан алуан: портреттер, натюрморт, мүсіндер. Сурет өнерінің классикадан бастап, қазіргі заманға дейінгі техникалары қолданылған. Мұнда белгілі бір концепция жоқ, әр суретші өзін еркін тақырыпта көрсетуге тырысқан.
«Бұл көрме сонысымен де қызықты, себебі олардың туындылары түрлі халықтардың мәдениетінен сусындайды», - дейді «Астана» галереясының бөлім басшысы Елена Чернова.
Айта кетейік, биыл 1 наурызда Қазақстан халқы алғаш рет «Алғыс айту» күнін мерекелеуде.

Астанада канадалық хоккей кеші өтеді
Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігі ҚР шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында канадалық хоккей кешін өткізеді.
Жанкүйерлер және көрермендер ойынды тегін тамашалай алады.
Онда "Канада-Қазақстан" кубогі үшін екі елдің құрамалары күш сынасады. Бұл матч 2012 жылдан ұйымдастырылып, игі дәстүрге айналды. Ол екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға септеседі. Канада командасын Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл басқарады. Жарыс барысында қайырымдылық лотереясы ойнатылады. Басты сыйлық NAFA аукционының (маркасының) канадалық қаракүзен тоны (құны 5500 АҚШ доллары) болмақ.
Екінші сыйлық - Bauer спорттық компаниясының хоккейшінің киім-кешегі, үшінші - канадалық стильдегі хоккей күртесі. Лотереядан жиналған қаражат Қазақстандағы әуесқой хоккейдің дамуына жұмсалады.
Шара 2016 жылы 7 наурызда сағат 18.00-де өтеді.

ЭКСПО-2017 көрмесінде италиялықтар электр қуатының даму тарихына арналған экспозицияны ұсынбақ
Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов италиялық Комо қаласы делегациясының өкілдерімен кездесті. Тараптар энергетика, қалалық инфрақұрылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, елорданы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындау мәселесін талқылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қосман Айтмұхаметов екі елдің әлеуметтік-экономикалық өзара іс-қимылы нәтижелі екендігін атап өтті.
- Қазақстан мен Италия тығыз достық қарым-қатынас орнатты. Біздің мемлекеттерімізде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынас салаларында өзара ықпалдастық ету үшін барлық жағдайлар жасалған, мемлекетаралық байланыстардың әртүрлі деңгейлерінде байланыс белсенді дамытылып жатыр, - деді Қ. Айтмұхаметов.
Қазақстандық-итальяндық өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы сауда-экономикалық салада екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Италия - еуропалық елдер арасында Қазақстанның сауда саласындағы басты серіктесі.
Итальяндық делегациялар елордада бірнеше рет болды. Өткен жылы Елорда күні аясында Астанаға Милан мэрі Джулиано Пизапиа ресми сапармен келген болатын. Ал астаналық делегацияның Миланға сапары барысында екі қаланың арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және Қалалық азық-түліктік саясат бойынша миландық тұжырымдамаға қол қойылды. 2015 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Астанаға Италияның ең дамыған өңірлерінің бірі Фриули-Венеция-Джулия делегациясы келді. Өңірдің өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Шетелдік қонақтар елорданы халықаралық көрмеге дайындауға ерекше қызығушылық танытты, аталған шара «болашақ энергиясының» өзекті мәселелерін талқылаудың ауқымды диалог алаңына айналмақ.
Бұл тақырып Комо өкілдеріне өте жақын, өйткені бұл қала белгілі ғалым-физик, электр ілімінің негізін қалаушылардың бірі, алғашқы болып тұрақты ток көзін ашқан Алессандро Вольтаның туған жері. Электр кернеуінің өлшем бірлігі оның құрметіне аталған. Комо қаласының көрікті жерлерінің бірі - Вольта шіркеуі, онда ұлы физик ашқан жаңалықтарға арналған музей орналасқан. Шетелдік қонақтар итальяндық павильон аясында электр қуатының даму тарихына арналған экспозицияны ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.
Қала басшысының орынбасары Қ. Айтмұхаметов бұл бастаманы қолдап, ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы жаһандық екендігін және әлемнің үздік энергия үнемдеу технологияларын, қазіргі баламалы энергия көздерін пайдалану технологиялары мен жаңа жобаларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, кездесу аясында қалалық инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі мәселелер талқыланды.

Астанада көліктік бақылау бөлімінің бас маманы ұсталды
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық департаменті қалалық көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Б.Мұхамбетқалиевті ұстады.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Мұхамбетқалиев бопсалау арқылы жеке тұлғадан 5 жүк көлікті Қызылжар көлік бекетінен кедергісіз өткізіп беру үшін жарты миллион теңге көлеміндегі соманы алғаны анықталды.
Ұсталушы өз кінәсін толық мойындады.
Қазір сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Елордада жапон суретшілерінің көрмесі өтеді
ҚР Ұлттық музейінде 3 наурызда жапон суретшілерінің «Бес суретші - бес құбылыс: дәстүрлер мен жаңашылдық» көрмесі ашылады.
Көрмеде Мията Рехей, Митамура Арисума, Сайто Норихико, Мизогучи Бокудо, Кавачи Кунпей секілді суретшілердің жапон ұлтының болмыс-бітімінен хабар беретін шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылады.
Атап айтсақ, нихонг суреттері, жапон каллиграфиясы, тушьпен салынған суреттер, шағын мүсіндер мен лакталған туындылар, бас-аяғы 37 жұмыс қамтылған. Осы туындылар арқылы жапон мәдениетінде ерекше орын алатын жер, су, от, ағаш және металдың құпия мәндері таныстырылады.
Көрмеге Қазақстандағы Жапония елшілігі демеушілік жасап отыр. Нәтижесінде Ұлттық музей мен Жапонияның көркем өнер мекемелері арасындағы рухани тәжірибе сабақтастығы қалыптасады деп күтілуде.
Айта кетейік, аталған көрме наурыз айы бойы жұмыс істейді.

Т.Құлыбаев шетелдік инвесторларды балабақша салуға емес, ғылыми қамтымды жобаларды жүзеге асыруға шақыруды ұсынды
Шетелдік инвесторлар капиталын ғылыми қамтымды жобаларды жүзеге асыруға шақырған дұрыс. Бұл туралы бүгін Астана қаласы кәсіпкерлерінің 3-ші конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев айтты.
«Мен мемлекеттік-жеке әріптестік бойынша кәсіпорындардың тізімін қарап шықтым, онда автобекеттер, тұрақтар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері бар. Маған балалардың мектепке дейінгі мекемесін салуға 4 шетелдік, қытайлық ұсыныстың болуы қызықты көрінді. Құрметті әріптестер, қытайлық инвесторларымыздыың капиталын ғылыми қамтымды жобаларға шақырайық та», - деді ол жиынға қатысушыларға қарата.
Оның атап өтуінше, Астана қалалық іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Оларды «Даму» қоры арқылы қаржы бөліп, мектепке дейінгі мекемелер салуға тартуға болады. Яғни, балабақшалар салу ісі елорданың іскер әйелдерінің де қолынан келеді.
«Мен инвесторларды экономиканың барынша сезімтал секторларына шақыруды ұсынамын. Ал мұндай істер (мектепке дейінгі мекемелерді салу) өзіміздің де қолымыздан келеді деп ойлаймын», - деді Т.Құлыбаев.

Астананың сол жағалауынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу керек - Ғ.Тасмағанбетов
Астананың сол жағалауынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу керек. Мұндай ұсынысты бүгін елорда кәсіпкерлерінің 3-ші конференциясында Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов жасады.
«Әділбек Рыскелдіұлы, егер сіз қолдау білдірсеңіз сол жағалаудан толыққанды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашсақ деп едік», - деді ол қала әкімі Ә.Жақсыбековке қарата.
Оның атап өтуінше, бүгінде көптеген мемлекеттік органдардың жекелеген қолдау көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр.
«Инвестициялар жөніндегі басқарманың Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, сәулет саласының да қызмет көрсету орталығы бар. Банктердің орталықтары қаланың түрлі бөліктерінде орналасқан. бізде бір орыннан кәсіпкерлерге барлық қызметтерді алуға мүмкіндік жасасақ. Егер қолдау көрсетсеңіз, бірге отырып талқылауға дайынбыз. Меніңше, бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болар еді», - деді Ғ.Тасмағанбетов.

Астана әкімдігінің көше саудасына 1000 орын бөлу бойынша жобасы өңірлерге де ұсынылады
Астана қаласы кәсіпкерлерінің ІІІ жыл сайынғы конференциясында бизнес өкілдері көше саудасы объектілеріне 1000 орын бөлу туралы елорда әкімдігінің бастамасын жоғары бағалады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Республика бойынша жер қатынастары, құрылысқа рұқсат беру бойынша мәселелер көп. Бұл мәселелер Астанада оң шешімін табуда. Тіпті, елорданың тәжірибесін барша республика бойынша қолданамыз демекпін, әсіресе, 1000 сауда орнын бөлу жобасын», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев.
Оның айтуынша, аталған жоба қалаға да, кәсіпкерге де қажет. Бір жағынан бұл көше инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ, 7 жылдың ішінде салынған инвестицияны қайтаруға мүмкіндік береді. «1000 орынға 1800 өтініш келіп түскен», деді «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы.
Қала басшысы Әділбек Жақсыбеков қызметтің бұл түрлеріне арналған жер учаскелері кәсіпкерлерге тең конкурстық негізде жалға берілетінін атап өтті.

Астана мен Бавария іскерлік ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті
Астана қаласының әкімдігі ғимаратында елорда басшысының орынбасары Андрей Лукин және Бавария (Германия) Экономика, коммуникация, энергетика және технология министрлігінің мемлекеттік хатшысы Франц Йозеф Пширер бірлескен жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Қаланың экономикалық көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша Астана көшбасшылар қатарында. Астана іскерлік және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Жас елордамыз кез келген ұсыныстарға дайын және бағыттардың кең спектрі бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын», - деді А. Лукин кездесу барысында.
Баварлықтар құрылыс, денсаулық сақтау, энергия тиімділігі, интеллектуалды технологияларды енгізу, электронды үкімет қызметі, жеңіл өнеркәсіп және туризм салаларына қызығушылық танытты.
«Біз неміс бизнес-қауымдастығына Астананың зор әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын тағы да бір түсіндіруге тырысамыз. Бавария Қазақстанға экспорттауға мүдделі, сондай-ақ Германия Қазақстанды Еуразиялық Экономикалық Одақ кеңістігіне есік ретінде қарастырады», - деді Франц Йозеф Пширер.
Қазақстандық тарап Мюнхенде және Нюрнбергте өтетін Bauma, IFAT және Free сияқты Дүниежүзілік көрмелерге шақырылды.
Тараптар өзара ықпалдастықтың ең басымды бағыттарының бірі «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындауда ынтымақтастық орнату және туризмді дамыту екендігін атап өтті.

Елордада Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған шаралар өтті
Астанада Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Қалалық Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының қызметкерлері «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары ТЖ бөлімдерімен бірге № 19, 59, 60, 66, 73 мектеп оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді.
Құтқарушылар балаларды Азаматтық қорғаудың Халықаралық мекемесінің тарихымен таныстырып, Қазақстандағы ТЖ қызметтерінің құрылуы жайында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, экскурсия шеңберінде оқушыларға құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіліп, оларды қолдану аясы жайында түсінік берілді. Балалар сүңгуіршінің суға сүңгуін, жедел көліктерге мініп көріп, киналогтардың иттерімен танысты. Экскурсия балалар үшін өте қызықты өтті. Олар қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Іс-шара аяқталған соң, қонақтар құтқарушыларға қызықты іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, мерекелерімен құттықтады.
Жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Атаулы дата 1992 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен белгіленді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты функцияларының бірі деуге болады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға елеулі үлесін қосады.
Астананың LRT жобасына қытай компанияларының консорциумы тартылады
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасына қытай компанияларының консорциумы тартылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай қаулысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.
«ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 93 қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 4640 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd», «Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd», «China Railway No.2 Engineering Group Co., Ltd» қытай компанияларының құрамындағы консорциум одан «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын өнім беруші болып айқындалсын.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Әлиевке жүктелсін.3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанда энерготиімділік саласында xалықты xабарландыруды арттыру бағдарламасы іске қосылмақ
Қазақстанда xалықты жарықтандыру тиімділігі саласындағы xабардарлығын арттыру жөніндегі дисконттық бағдарламасы іске қосылады.
Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында аталған жобаны БҰҰ Бағдарламасы және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі таныстырды. Бағдарлама Ғаламдық Экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Халықтың жарықтандыру тиімділігі саласындағы xабардарлығын арттыру мақсатында өткізілуде.
Бағдарлама Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында өткізіледі. Оның негізінде төрт қаланың тұрғындары құрамында энерготиімді, құрамында сынабы жоқ жарық-диодты шамдарды едәуір жеңілдікпен Chocolife купондары арқылы сатып ала алады. Жоба әлеуметтік маңызға ие және наурыздың 15-нен бастау алып, мамыр айына дейін жалғасады.
«Қазіргі шамдардың ең қауіпсізі - жарық-диодты шамдар. Өкінішке орай, мұндай шамдар ұзақ мерзімге шыдайтынын пайдалану, қолдау көрсету, оны алудың пайдасы туралы да көбісі біле бермейді. Біздің мақсатымыз - адамдарға аталған шамдардың өзге шамдардан экономикалық тұрғыда әлдеқайда үнемді және қауіпсіз екендігін жеткізу. Енді осындай дисконттық бағдарламаның арқасында жарық тиімді шамдар адамдарға қолжетімдірек болады», - деді БҰҰ ДБ тұрақты өкілінің орынбасары Мунтxуи Алтангэрэл.
Айта кету керек, БҰҰ Даму бағдарламасы 10 жыл бойы Қазақстандағы энергоүнемді теxнологияларды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келе жатыр.

Елордада 5 мыңнан астам нысан заңдастырылды
Астана қаласында 5 385 нысан заңдастырылды, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде елордада жалпы құны 21,2 млрд теңгенің 5 385 нысаны, сондай-ақ, жалпы сомасы 122,2 млрд теңгенің қаржысы заңдастырылды.
Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға елміздің аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша жалпы құны 76,2 млрд теңгенің 5 775 өтініші келіп түскен.
Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне алым төлеместен екінші деңгейлі банкте ашылған ағымдық шотқа ақша салу арқылы ақша қаражатын заңдастыру бойынша жалпы сомасы 122,2 млрд теңгенің 45 арнайы декларациясы ұсынылған.
Елордалық қаржы қызметкерлері азаматтарды мүлікті, ақша қаражатын заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақшаны және бағалы қағаздарды заңдастыру үшін Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдарына, ал рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастырғанда әкімдіктер жанындағы комиссияларға жүгіну керек. Құжаттар бір айдың ішінде өңделеді және шешім шығарылады. Содан кейін тізілімге енгізіледі және мүлікті тіркеу жүргізіледі.

Астанада еңбек жәрмеңкесінде 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды
Бүгін Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында тұрғындарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында 25-ке тарта жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл биыл бірінші мәрте өткізіліп отырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Онда «Целингидромаш» ӨК, «2Day Telecom» ЖШС, «ПИК «Ютария LTD» ЖШС, «Монолит» ЖШС, «СМЭУ Астана» ЖШС, «Rixos President Astana» қонақ үйі, «Цеснабанк» АҚ, «Алма ТВ» ЖШС, «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Uniserv» ЖШС, ҚР ІІМ Астана қаласының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» және т.б. ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынды.
«Биыл он рет бос орындар жәрмеңкесін өткізу көзделген. Тиісті шаралардың нәтижесі бар. Бұл жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы. Бір сағаттың ішінде 20 жұмыс берушімен әңгімелесуге болады, бір күннің ішінде жұмыс берушілер жүздеген түйіндеме жинайды. Біз жай жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні кездестіретін алаң ұсынамыз», - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Бүгін елордалық жұмыс берушілер білім, денсаулық сақтау, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды, сондай-ақ техникалық мамандарды да жұмысқа шақырды.
Еске салайық, өткен жылы елордалық Жұмыспен қамту орталығы 13 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырған, соның нәтижесінде 6 мыңға жуық қала тұрғыны жұмысқа орналасты.

Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылады
ҚР Ұлттық музейінде 4 наурыз күні сағат 11:00-де Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылады, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Музейдің педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырып жатқан шараның басты мақсаты балалардың шығармашылық жұмыс нәтижелерін көрсету және жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.
«Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымында жұмыс істей бастады. Үйірмеде ҚР суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов дәріс береді.
Айта кетейік, жарты жыл ішінде балалардың жұмыстары Ротари қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Astana Art Festival» байқауының арнайы сертификаттарын жеңіп алды.


Астанада 8 наурызға арналған мерекелік концерттер өтеді
«Астана Опера» театрының Үлкен залында «Махаббат әні» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Театрдың опера солистері, хоры мен оркестрі әлемдік опера классикасынан ең жарқын да құштарлыққа толы лирикалық әрі жүректен түрлі ой салар арияларды, сонымен қатар қазақ, орыс, неаполитандық әндер мен романстарды орындайды. Концертке балет әртістері де қатысады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сүйкімді жандарға махаббат сезімі: Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильо шумақтары, С. Гастольдонидің «Тыйым салынған әуені», Ж. Массненің «Севильянасы», М. Төлебаевтің «Біржан - Сара» операсынан Біржан мен Сараның және Л. Делибтің «Лакме» операсынан Лакме мен Маликаның дуэттері, сонымен қатар Ф. Легардың «Күлкі әлемі» опереттасынан Су-Чонгтың ариясы, С. Смирновтың «Бесік жыры», Естайдың «Құсни Қорлан», М. Ержановтың «Қуанамын» әндері арқылы білдіріледі.
В.А. Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан Папагено мен Папагенаның әзілқой дуэті, Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Герцогтың әйгілі әні, көктем әндеріне және неаполитандық - «Тарантелла», «Маританна», «Скажите девушки», «Гордая прелесть осанки», «Влюблённый солдат» әндеріне жасалынған попуррилер көрермендердің көңіл-күйін әбден көтереді.
Кеш бағдарламасын балет әртістері де өз шеберлігімен әсерлендіре түседі. Олардың орындауындағы «Баядерка» балетінен Үнді биі, Дж. Вильямстың «Жоғалған жұмағы» сияқты нөмірлер көрермендерді шаттыққа бөлейді.
6 наурызда «Астана Опера» театрында А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы, «Жастар» сарайында Мәскеу оперетта театрының орындауындағы «Брызги шампанского» мюзиклі көпшілік назарына ұсынылады, ал М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Қар патшайымы» ертегісін көрсетеді.
7 наурызда мерекелік іс-шаралар аясында «Жастар» сарайында JasArt балалар эстрада театрының таныстырылымы өтеді.
Халықаралық әйелдер күні Конгресс-холлда «Көктем шақырады» атты концерт өтеді. Бұл күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Смешанные чувства» мелодрамасын және Қуыршақ театрында «Су перісі» ертегісін тамашалауға болады.

Астанада жапон суретшілерінің көрмесінде «Күншығыс» елінің сирек өнері ұсынылды
Қазіргі заманның ең үздік жапон суретшілері өздерінің туындыларын қазақстандық жұртшылықтың назарына ұсынды. Астанадағы «Бес суретші - бес элемент: дәстүр және инновация» атты көрме ҚР Ұлттық музейінде наурыздың соңына дейін жалғасады.
Көрмеге әкелінген 35 туынды жапондардың дәстүрлі «нихонга» атты кескіндеме өнеріндегі, сонымен қатар «уруши» сия кескіндемесі мен шағын нысандар мүсіні өнеріндегі қазіргі заманғы суретшілердің жаңаша мақамын көруге болады.
«Жапонияның ең үздік бес суретшісі осындай көрмені алғаш рет ұйымдастырып отыр. Түрлі техникаларға қарамастан, бесеуінің де өнері өз елдерінің терең тарихымен астарласып жатыр», - дейді «суми-э» сиясымен салынған суреттердің авторы, Азия өнері қауымдастығының президенті Мизогучи Бокудо.
Экспозицияда Мизогучи Бокудоның туындыларымен қатар, уруши өнерін атадан балаға қалдырып келе жатқан дәстүрлі сурет өнерінің шырақшылары әулетінің ұрпағы Митамура Арисуманың, мүсінші, Токионың өнер университетінің ректоры Мията Рехейдің, Мәдениет университетінің профессоры Дайто Кавачи Кунпей мен нихонга сурет өнерінің өкілі Сайто Норихиконың картиналары мен мүсіндері ұсынылып отыр.
Қазақстандағы Жапония елшісі Камохара Масаесидің атап өткеніндей, барлық шығармаларда жапондықтардың көркемсурет өнерін нәзік түйсіну қабілеті байқалады.
Уруши техникасының керемет туындылары осында. Жапондық шеберлерден бөлек, бұл өнерді әлемде саусақпен санарлық адам меңгерген. Еуропада шамамен 10 адам, Ресейде - 3-5 адам сала алады», - дейді Қазақ Ұлттық Өнер университеті көркемсурет факультетінің деканы Ардақ Жүсіпова.
Уруши термині - ағаш деген сөзден шыққан. Уруши ағашының сөлі («лак» орысша) қару-жарақ, дулыға, ыдыс-аяқ, сандықшалар мен шәй салтанатына қажетті кеселерді әрлеу өндірісінде қолданылған.
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр
29 ақпаннан бастап күн сайын елордадағы «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы автотұрақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп жатыр. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудандары тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан 10-15 пайызға төмен. Бір келі картоп 60 теңге, пияз - 50-60 теңге, қызанақ - 750-850 теңге және т.б. сатылуда.
Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 6 наурызға дейін өтеді. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.
Астанада «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
Бүгін көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде Астана қаласы ТЖ департаменті республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді.
Оқу-жаттығулар Астана қаласының Железнодорожный кентінде өтті. Аталмыш оқу-жаттығулардың Орталық республикалық штабы Ақмола облысында орналасқан.
Практикалық жаттығулар «Жағалау» шағын ауданында №81 мектеп-гимназиясы аумағында ұйымдастырылды. Шара барысында ТЖ департаментінде аудан әкімдерінің өкілдерімен, Астана қаласы ТЖ және АҚ қызметтерінің басшыларымен ұйымдастырушылық тапсырмалар, дайындық жоспарын талқылау бойынша кеңестер өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқу-жаттығуларды өткізу барысында жедел әрекет ететін авариялық-құтқару жасақтарының, Астана қаласы АҚ қызметтерінің, ТЖД, ІІД бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық гвардиясының 5573 әскери бөлімінің дайындығы қаралды.
«Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары нақты су тасқыны болған қала қызметтерімен жедел іс-әрекетті нақыштау және опат болу мен зардап шығындарын болдырмау мақсатында өткізіледі. Биыл шараға жеке құрамнан 114 адам мен 34 техника бірлігі жұмылдырылып отыр. Қаламыздың қызметтері кез келген уақытта дереу әрекет етуге қашанда даяр болулары тиіс», - деді Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев.
Авариялық-құтқару жасақтары құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасауды көрсетті; қар тазалау және шығару, су тасқыны орын алған жерлерден суды сорып алу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру, төтенше жағдай орнынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, істен шыққан электр желілерін қалпына келтіру, адамдарды мұз құрсағынан құтқару жұмыстарын орындады.

Астанада жұмыс істейтін байқаушылардың басым бөлігі даярлықтан өтті
Астана қаласы бойынша сайлауды байқауға жәрдемдесу өңірлік орталығы «Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері. ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауындағы байқаушылар қызметіндегі әдістер және тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
«Біздің негізгі міндетіміз қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге негізделген. Бүгінде 100-ден астам адам оқыту курстарынан өтті. Атап айтқанда, тыңғылық даярлықтан өткізуге білікті мамандарды шақырылуда. Астана қаласы бойынша 178 сайлау учаскесі бар, осы орайда сайлау күнінде әрбір учаскеге бір байқаушыдан шақыруды көздеп отырмыз. Яғни, бұл тұрғыда әр учаске байқаушымен қамтылады»,-деді аталған өңірлік орталықтың жетекшісі Жұмағали Арыстан.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі семинар барысында 40-тан астам адам келіп, тиісті дайындықтан өтеді.
Семинарға қатысушыларға дәрісті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, Саяси ғылымдарының кандидаты М. Онучко, сондай-ақ Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының мүшелері оқыды.
Спикерлер семинар-тренингке қатысушылардың назарын сайлаудың ашық әрі заңнама нормаларына сәйкес өткізілуі бағытында қоғамдық байқау институтының маңызды рөлін атап өтті. Шара барысында байқаушылардың өкілеттігі, құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі талқыланды.

Астанада арулар мерекесі күні ұлттық нақышта дайындалған балет өнері көрсетіледі
8 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ғашықтық сезімін білдіру» атты романтикалық мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Симфониялық оркестрдің шебер музыканттары, ерекше хор құрамы, балалар студиясының жас әртістері, опера және балет өнерінің үздік шеберлері елорданың сахнасынан аруларға деген ықыласты сазбен жеткізеді.
Көрермендерді атақты тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, сонымен қатар театрымыздың опера жұлдыздары: Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Жәмилә Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Салтанат Мұратбекова, Бейімбет Таңарықов, Болат Есімханов, Нарұл Тойкенов, Галина Чеплакова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Елена Ганжа, Қазбек Досмұхамбетов, Мәдина Исламова сияқты әртістеріміз өнерлерімен таңқалдырады.
Тыңдаушылардың назарына опера классикасының көрнекті шығармалары: Л.Делибтің «Лакме» операсынан Лакме мен Маликаның нәзік «Цветочный» дуэті, Ж. Бизенің «Кармен» операсынан қызу қанды тореадор Эскамильоның шумақтары, П. Чайковскийдің «Иоланта» операсынан Робертоның ариясы, Р. Штраустың «Серенада», С.Гастольдонидің «Тыйым салынған әуен», Естайдың «Құсни-Қорлан», көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері - «Ақбақай», «Вдоль по Питерской» және басқалары.
Опера нөмірлерінің кезегіне ұлттық нақышта дайындалған балет өнері келеді: ұлттық нақыштағы билер, заманауи хореографиялық нөмірлер, классикалық балет жауһарларынан сахналық көріністер қойылады.
Театрдың режиссері Наталья Кагадий осы салтанатты кеште классикалық өнер табынушыларын шығармашылық ұжымның тағыда қандай өнерлерімен қуантатынын айтып өтті.
«Мерекелік кеште біз толғанарлық тосын сыйлармен бірге музыкалық тұсаукесерлер дайындап отырмыз, көптеген шығармалар жаңаша түрде орындалатынын болады. Сонымен қатар көрермендерді оперетта музыкасы да күтуде. Жалпы, біз классикалық академиялық концерт үлгісінен сәл алшақтаймыз - бұл жан-дүние, көңіл-күйді баурап алатын, өте әдемі көрініс, музыкалық феерия болмақ», - деп атап өтті Наталья Кагадий.

Астанада алдағы мереке күндері қайырымдылық шаралары өтеді
Алдағы мереке күндері елордалықтар қайырымдылық шараларына қатысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады, деп хабарлайды Астананың ресми сайты.
6-8 наурызда Astana Mall сауда, ойын-сауық орталығында «Әйелдерге гүлдер, балаларға балмұздақ» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шара күн сайын сағат 10:00-да басталып, 21:00-ге дейін жалғасады. Жәрмеңкеде жиналған қаржы ДЦП-мен ауыратын және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық көмекке жұмсалады.
Қала тұрғындары отбасыларымен демалып, қиыр және таяу шетелден келген сарапшылардың шеберлік-дәрістеріне қатысады, қызықты тауарлар мен бүкіл отбасыға арналған киімдер сатып ала алады, сондай-ақ, балаларға арналған интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. Көрме-жәрмеңкеде 67 компания тоғыз сала бойынша өз өнімін ұсынады.
Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5-8 наурыз аралығында «Балалрдың өмірін гүлдей жайнат!» қайырымдылық шарасы өтеді. Күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта еріктілер қала тұрғындарына қызғалдақтар ұсынады. Гүл шоқтары нарықтық бағамен сатылады, бірақ түскен қаржы ауыратын балалар үшін оңалту қондырғысын сатып алуға жұмсалады.
Ертең, 5 наурызда, сағат 10:30 «Керуен» СОО мүмкіндіге шектеулі жандар қолдан жасаған бұйымдардың көрме-сатылымы өтеді. Онда қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өз өнімдерін ұсынады. Елордалықтар саздан, ағаштан, теріден жасалған бұйымдар мен ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен моншақтан жасалған әшекейлер сатып ала алады.
Ал 6 наурызда қала тұрғындары сағат 12.00-17.00 дейін «Бочонок» мейрамханасында (Республика даңғылы, 33А) күні жетпей туылған балаларға киім тоқу үшін жиналады. Дайындалған бұйымдар еліміздегі неонатология бөлімдеріне таратылады. Келушілер өздерімен бірге жіп (100% жүн немесе балаларға арналған кез келген жіп) пен шұлық тоқуға арналған біз ала келуі керек.
Осы күні «Рахмет» сауда орталығында үшінші қабатта сағат 14.00-20.00 дейін мерекелік қайырымдылық жәрмеңке өтеді. Елордалықтар қолдан жасалған бұйымдарды, кәдесыйлар, кітаптар, ойыншықтар сатып ала алады. Сонымен қатар, балалар үшін қызықты шеберлік дәрістері өткізіледі. Жиналған қаржы Астана қаласы балалар үйлерінің тәрбиел

Елордада көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордадағы №72 орта мектепте «Алматы» ауданының көп балалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға және балаларына денсаулық, бақыт пен бар жақсылықты тіледі.
Көп балалы 21 ана марапаттарға ие болды. Салтанатты шара барысында жеті баладан артық тәбиелеп отырған бесеуіне «Алтын алқа» табысталды. Ал 16 ана күміс алқа алды.
- Менің алты балам бар, үлкен қызым ауылда тұрады, қалғаны осында жанымда. Оның үстіне сегіз немерем бар. Шынымды айтсам, тек солар үшін ғана өмір сүремін. Олар кішкентай болғанда қиналдым, ал бүгін маған көмектесіп жүреді, - деді Ирина Настыч.
Шара соңында мектеп оқушылары көп балалы аналарға музыкалық тарту жасап, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Сарыарқа ауданында тұрып жатқан 13 көп балалы ана аудан басшысы Павел Кулагиннің қолынан марапаттарға ие болды. «Алтын алқа» үш, ал «Күміс алқа» - 10 әйелге тапсырылды.
Айта кетейік, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Есіл» ауданында да ең белсенді 50 әйел мен ардагерлер аудан басшысы Сабила Мұстафинаның атынан құттықтауларды қабыл алды.

Астанадағы Қарттар үйінде «Анаң - сенің жұмағың» атты қайырымдылық шарасы өтеді
«Әзірет Сұлтан» мешіті 5 наурыз күні Астана қаласындағы Қарттар үйінде «Анаң сенің-жұмағың» атты қайырымдылық шарасын өткізеді.
Бұл шара аясында Қарттар үйіндегі 310 жанға арнайы сыйлықтар үлестірілетін болады. Сондай-ақ, қамкөңіл қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы концерттік бағдарлама өткізіледі.
Оған елімізге белгілі Қарақат пен Қыдырәлі, Ибрагим Ескендір, Досымжан Таңатаров, Ерлан Көкеев сынды әншілер қатысатын болады. Сондай-ақ, «Тағылым тамшылары» балалар театры сахналық қойылымдар көрсетеді.

Астана: Тұмаумен күресу үшін емдеу мекемелерінің жұмыс уақыты ұзартылды
Тұмаудың таралуының екінші толқынының басталуына байланысты елорда тұрғындары үшін қалалық емханаларда қызуы көтерілген науқастарды жеке қабылдайтын кабинеттер ашылды, деп хабарлайды қаланың ресми https://astana.gov.kz/kk/modules/material/10090 .
Сонымен қатар, емдеу мекемелерінде жұмыс күні сағат 20:00-ге, ал сенбі күні сағат 18:00-ге ұзартылды. Қосымша көлік бөлініп, жұмысқа жарамсыздық қағазын бірден 7 күнге беру тәртібі орнатылды.
Бүгінгі таңда елордада тұмаудың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу мақсатында 20 мобильді топ ұйымдастырылды. 1 қазанда ЖРВИ маусымы басталғалы 41 балабақша, 65 мектеп, 4 ЖОО, 9 ООМ профилактикалық жұмыспен қамтылды.
Айта кетейік, биыл 21 қаңтарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ЖРВИ-ге шалдыққан жүкті әйелдерді анықтау үшін үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде 95 мыңнан астам адам қаралды. Сондай-ақ, Астана қаласының стационарларында маска кию тәртібі белгіленіп, науқастарға келушілерге шектеу қойылды.
Қабылданған профилактикалық шаралардың арқасында елордада тұмауға шалдығу жағдайы тұрақты болып қалуда.
Дәрігерлер қала тұрғындарына эпидемиологиялық маусымда өзін-өзі ұстанудың қарапайым ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді. Ауруға шалдығуды болдырмау үшін дәрігерлер бұқаралық шараларға барған кезде маска киюге, қолды сабынмен немесе басқа да залалсыздандырушы заттармен жиі жууға, тұмауды ерте анықтаған жағдайда сәтті емдеуге болатындықтан аурудың алғашқы белгілері білінген кезде учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінуге шақырады.


Астанада тек отандық азық-түлік өнімдерін сататын алғашқы дүкен ашылды
Астанада тек қана отандық тауар өндірушілердің азық-түлік өнімдерін сататын алғашқы дүкен ашылды. Бұл кілең отандық азық өнімдерін сататын елордадағы ғана емес Қазақстандағы тұңғыш дүкен.
Алдағы уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында бұндай 22 дүкен ашу жоспарлануда.
Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаеваның айтуынша, дүкендегі азық түлік тауарларының үстеме бағасы 15 пайыздан аспайды. Ал «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаеваның сөзіне қарағанда, дүкеннен еліміздің барлық облыстарының азық-түлік тауарларын табуға болады. «Дүкеннен Қазақстанның барлық аумақтарынан, Оңтүстік Қазақстаннан бастап Маңғыстауға дейінгі барлық өңірлерінен әкелінген азық түрлері бар. Үш жүзден астам отандық тауар брендтерінің 2 мыңнан астам аталымы қойылған. Тұтастай алғанда, бұлар әрбір өңірде халықтың арасында танымал болған сүйікті тауар маркалары. Қазақстандағы бірінші дүкен Астанада ашылғандықтан «Астана Халық маркасы» деп аталып отыр. Біз республика бойынша барлық өңірлерден дүкендер желісін ашпақшымыз. Сондықтан да, 22 өңірдегі дүкендердің әрқайсысында өз атауы болады», - деді «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева.
Айта кетейік, тұңғыш отандық азық-түлік дүкені Астана қаласында Қошқарбаев көшесінде (Қошқарбаев көшесі 41) орналасқан. Еске салсақ, былтырғы жылы Астанада қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларының әмбебап дүкені ашылған болатын.

Астана қаласының 64 студенті WorldSkills Kazakhstan қалалық чемпионатына қатысады
11-12 наурызда Кәсіптік-техникалық колледжде WorldSkills Kazakhstan қалалық чемпионаты өтеді. Конкурсқа 18-22 жас аралығындағы 64 колледж студенті мен кәсіпорынның жас мамандары қатысады, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Конкурсқа қатысушылар аспаз ісі, желілік және жүйелік әкімшілік ету, веб-әзірлеме, шаштараз өнері, киім дизайны, мейрамхана сервисі, дәнекерлеу технологиясы, кондитер ісі, мектепке дейінгі тәрбие бойынша өзара сайысқа түседі.
Чемпионаттың мақсаты - мамандық мәртебесін, студенттердің және жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және республикалық конкурсқа қатысушыны анықтау.
Еске салайық, Қазақстан WorldSkills International халықаралық қозғалысына 2014 жылы қосылды. Астанада қалалық чемпионат алғаш рет былтыр өткізілді.

ЭКСПО-2017 көрмесінің гидтері шет тілдерін меңгерген кәсіби маман болуы тиіс
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейін аз уақыт қалды. Елордада қызмет көрсету саласының сапасын арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Қонақ үйлерді, мейрамханаларды дайындаумен қатар, шетелдік қонақтарды бізді мәдениетімізбен таныстыратын кәсіпқой гидтердің біліктілігін арттыруға да баса назар аударылады, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС жобалар бөлімінің бас маманы Айнұр Жанәбілованың айтуынша, қазіргі кезде гид-экскурсоводтарды Астана қаласының Recommended by EXPO-2017 серіктестер бағдарламасына енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Гидтер де қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану пунктері мен басқа да қызмет көрсету саласының кәсіпорындары секілді ұсынылады. Жақын арада бұл тізімге хостелдер мен көлік компаниялары енгізіледі.
«Қазіргі кезде гидтерге қойылатын талаптар әзірленуде. Олар мемлекет пен қала тарихын, көрікті жерлерді білетін, ағылшын және өзге тілдерді меңгерген кәсіби маман болуы тиіс. Біз қытай тілін оқытуға ерекше назар аударып отырмыз. Өйткені осы елден келетін қонақтар көп болады деп күтілуде. Бұдан басқа, туристке шараны қызықты өткізетіндер оның бойында әртістік қасиет болуы керек. Жалпы алғанда, қаламыздың келбеті, елорданың оң имиджін қалыптастыру тікелей соларға байланысты», - деді Айнұр Жанәбілова.
«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС өкілдерінің айтуынша, бүгінде жұмыс істеп жүрген гидтермен жекелеп, турфирмалар, мұражайлар негізінде кездесу өткіземіз. Тарих бұрмаланбауы тиіс, бұл өте маңызды, сондықтан кездесуге ғалымдар, өлкетанушылар, географтар да шақырылады. Олар қала туралы егжей-тегжейлі және толық ақпараттар береді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты - өткен және қазіргі заманғы туристтің барлық талаптарына сай, қала туралы дұрыс және қызықты айтып бере алатын кәсіпқой мамандармен қамтамасыз ету.
Үміткерлерді іріктеу қатаң түрде жүргізіледі,сондықтан елордалық гидтер қайта оқып, біліктілікті арттыру курстарына белсенді қатысуда. Бұл ретте үздік гидтерге Астана туралы нақты мәліметтер мен деректер көрсетілген басылымдар беріледі.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында өткен жылы елордалық әуежайда және теміржол вокзалында туристерге арналған ақпараттық дүңгіршектер ашылды. Онда бірінші болып іріктеуден өткен гидтер елордаға келген қонақтарды қарсы алып, оларға қажетті, соның ішінде орналасу, тамақтану орындары мен жол жүру туралы ақпаратты ұсынады.

Ұлттық музейде қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Шын жүректен» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Жәкен Таймағамбетов әр салада үздік деп танылған әйел азаматтарды құттықтап, шығармашылық жұмыстарына үлкен табыстар тіледі.
- Сіздерді бүгінгі көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әйел адамдардың қуанышы Отанымыздың мерейі. Осынау біздің ыстық лебізімізді қабыл алыңыздар, - деді Ж.Таймағамбетов.
Салтанатты шарада 30 жылдан астам уақыт музей саласында қызмет атқарып келе жатқан Тұрсынкүл Жайлаубаева, 40 жыл музей саласында қызмет еткен Сағымжан Садуақасова, Ұлттық музей директорының орынбасары Жазира Күлбаева, «Юнус Эмре» атындағы түрік мәдени орталығының директоры міндетін атқарушы, ф.ғ.д., профессор Алмагүл Исина, «Алтын алқа» иегерлері Ұлданай Әлімбаева, Бақыт Күзембаева секілді еңбегімен елге танылған және отбасыларының мерейін асырып жүрген әйелдер қауымына ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайдың атынан алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік дөңгелек үстелден кейін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Отандық әншілермен қатар Ұлттық музейде қызмет етіп жүрген

Мемлекет басшысы «Макдоналдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Макдоналдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орын бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған.
Компанияның екінші мейрамханасын да 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр.
«Макдоналдстың» Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келетін болады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасуда.
Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.
Айта кетейік, «Макдоналдс» - қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді.

Елордада мектеп медицинасы денсаулық сақтау жүйесіне беріледі
Елордада жалпы білім беру ұйымдарындағы мектеп медицинасы Денсаулық сақтау басқармасына беріледі, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен Денсаулық сақтау басқармасы Білім басқармасымен және Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірлесіп мектеп медицинасын Денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық қарауына беру туралы Жол картасына қол қойды.
Құжатқа сәйкес, мектеп медицинасының Денсаулық сақтау басқармасының қарауына өтуі кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мектептегі медицина қызметкерінің функционалдық міндеттері мен ролі қайта қаралады, медицина қызметкерлерінің штаттық нормативтерін есептеу қайта жүргізіледі, медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттырудың бірыңғай кешенді әдістемелік тәсілі қамтамасыз етіледі.
«Соңғы жылдары мектептегі медициналық кабинеттерге тиісті лицензиялар мен қажетті қондырғылар, жиһаз, дәрі-дәрмектер алынды.Мектеп медицинасын Денсаулық сақтау басқармасының қарауына өткізгеннен кейін де біз бұл мәселеге жауапты боламыз. Бастысы, бұл өзгеріс мектептерде жұмыс істейтін медициналық кадрлардың өздеріне оң әсерін тигізбек. Демек, көрсетілетін қызметтер сапасы артады», - деді Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.
Өткен жылдары мектептердегі медицина қызметкерлері аттестациядан денсаулық сақтау жүйесінде өтіп келді. Соңғы өзгерістерден кейін олардың еңбекақысы өседі, ал жүктемесі азаяды. Денсаулық сақтау жүйесінде нормативтер бойынша бір мейірбикеге 600 баладан келеді. Ал қазіргі модель бойынша 3000 астам бала оқитын нақты мектепте бір ғана мейірбике (бір жарым ставкаға) жұмыс істейді.Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіне өту бүгінде 37 журнал толтырып жүрген медицина қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтың айтуынша, бұл ең алдымен өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауға бағытталған өте маңызды шешім.
«Астана бұл жұмысты республика бойынша бірінші болып қолға алып отыр. Әңгіме біздің балаларымыз туралы болғандықтан бұл мәселе білім беру жүйесінде де, денсаулық сақтау жүйесінде де ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бәріміз де олардың денсаулығына алаңдаймыз, сондықтан дәрігерлердің біліктілігіне баса назар аударамыз. Бірінші кезекте, мектептегі медицина қызметкерлерінің барлығы өз біліктіліктерін арттырады», - деді Е. Байжүнісов.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, әрбір оқушымен жеке жұмыс істеуге тиіс болатын, қажет болғанда жүктемені анықтайтын - дене шынықтырумен айналысу сағаттарын, ем-дәм, парта қатарын және т.б. белгілейтін мектептегі медицина қызметкерінің статусын қайта қарау қажет. Бұл ретте дәрігерлердің барлығы қалалық емханаларда деп есептеледі.
Профилактикалық тексеру мәліметтері бойынша соңғы үш жылда оқушылардың ауыру құрылымында бірінші орында тыныс алу органдары аурулары, екінші орында - ас қорыту органдары аурулары, үшінші орында - көз аурулары, төртінші орында - жүйке жүйесі аурулары және бесінші орында - қан, қан жасау органдары аурулары, соның ішінде қаназдық.
Бірнеше жылдан бері заманауи стоматологиялық қызметтер көрсету жағынан оқушыларды сауықтыру мәселесі өзекті болып келеді, өйткені тіс жегі балалар арасында кеңінен тараған аурулардың бірі. Бүгінгі таңда 80 астам қалалық мектептің тек 11 ғана 2004 жылы сатып алынған стоматологиялық құралдар бар. 70 мектепті стоматологиялық құралдармен жабдықтау мәселесі қалалық денсаулық сақтау басқармасымен шешілетін болады. 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқушыларды тамақтандыруды жақсартуға да назар аударылмақ.
Осы өзгерістер денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан бірыңғай жетекшілік етуді қажет етеді. Қабылданған шаралар мектеп жасындағы балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Астанада 14 таксопарк жолаушылар тасымалдайды
Астана қаласында қазіргі таңда жолаушыларды тасымалдау және жол көлік транспортымен (такси) тасымалдауды 556 автотаксиі бар 14 таксопарк қамтамасыз етеді. Олардың қызметі ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша елордадағы жолаушыларды тасымалдау және багажды көлік транспорты ережесімен бекітілген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мұнымен қоса, жақын арада халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «City Taxi Astana» жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында көліктер барлық халықаралық стандарттарға сәйкес болады, ал жүргізушілер ҚР ЖҚЕ, Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелері, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті сияқты пәндер бойынша Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында оқытылады, сонымен қатар, шетелдік қонақтарға қызмет көрсету мақсатында ағылшын тілін меңгереді
Бұл қызметті ресми компаниялардан бөлек Жолаушылар көлігі басқармасынан рұқсат алмаған жеке кәсіпкерлер, жекеменшік такси жүргізушілері аталған қызметті көрсетіп жүр. Аталған жүргізушілер заңсыз көлік тұрағын, жүргізушілер өздеріне және де қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Ереже бойынша мұндай тасымалдаушылар ТС категориясына жататын тасымалдау шартына сәйкес келмейді (түс гаммасын бұзу, шахмат тәріздес белдеудің жоқтығы, байланыс радиолары, диспетчерлік қызмет және т.б.). Сонымен қатар, жеке меншік тасымалдаушылар еш жерде тіркеуде жоқ, бұл такси қатысуымен болған қылмыстарды ашуға кедергі келтіреді.
Айта кетейік, өткен аптада елорда әкімдігінің аппарат отырысында Жергілікті полиция қызметіне жол қозғалысы қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында такси жүргізушілерінің қылмыс бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтер жүргізу тапсырылған болатын. Сонымен, жыл басынан бастап 300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектіге жатпайтын такси жүргізушілеріне 400 жуық әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске сала кетейік, ҚР ӘҚБК 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда қызмет көрсету мақсатында адамның мазасын алу үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК айыппұл немесе бес тәулік мерзіміне тұтқындау қарастырылған.

Астана әкімі әйелдерді 8 наурызбен құттықтады
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков әйелдерді төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды astana. kz.
«Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!»,-делінген құттықтауда.


Әйелдер ардайым уақыт талабына сай болуы керек - С. Мұстафина
Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафинаның пайымынша, қазақстандық әйелдер ағымдағы уақыт талабына сай болуы керек.
«Біздің нәзік жандылар елімізбен бірге, уақыт талабына сай алға жылжуына, өздерін дамытуларына тілектеспін. Сондықтан қазіргі қарқынды әрі қызық заманда бізге мүмкіндіктерді қалт жібермеуіміз маңызды. Осы орайда жобаларды немесе бастамаларды жүзеге асыруда ерлерден қалмауымыз керек»,-деді ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.
Мұнымен қоса, С. Мұстафина әр жыл сайын Халықаралық әйелдер күнінде өзінің отбасы мүшелері қандай дәстүрді ұстанатынын айтып берді.
«8 наурызда таңертең күйеуіммен бірге алдымен үлкендерді, яғни әжейлерді, апаларымызды және әпкелерімізді құттықтауға барамыз. Ал түске қарай балаларым мені құттақтау келеді»,-деді ол.

«Астана» ФК Суперкубок матчына толығымен дайын - С. Стойлов
«Астана» футбол командасы Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матчқа еш жарақатсыз жетіп отыр. Бұл туралы бүгін матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті.
«Біздің қуанышымызға орай, футболшыларымызда еш жарақат жоқ, жаттығудан бірде-бір футболшы тыс қалған жоқ. Меніңше, команда ертең былтыр көрсеткен өзінің футболын паш ете алады. Және бұл сында мықты команданың басымдығы болады», - деп атап өтті бапкер.
Оның сөзі бойынша, «Астана» командасының барлық ойыншылары жоғары дайындықпен келіп отыр.
«Астана» мен «Қайрат» ойнағанда, жолдастық матч болуы мүмкін емес. Үлкен футбол қақтығысы орын алады. Біз бұл суперкубокқа дайындалдық. Футболшылар барлық күшін көрсетуі тиіс», - деді С. Стойлов.

С. Стойлов: Жолшиев әзірше «Астана» командасында ойнауға ниет танытып отырған жоқ
Бауыржан Жолшиев әзірше «Астана» футбол командасында ойнауға ниет танытып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті.
«Оның өз ойлағаны бар, оның басында не болып жатқанын ешкім білмейді. Әзірге ол «Астана» командасында ойнауға ниет білдірген жоқ. Мен ондай ойыншылардың артынан жүгірмеймін және жалынбаймын да. Кез келген футболшыға «Астана» клубында ойнау - үлкен басымдық», - деді С. Стойлов.
Бас бапкердің ойынша, Б.Жолшиев Еуропада ойнауды жоспарлап отырса керек.
«Ол Еуропада ойнауды ойлап жүргенде, трансферттік ауысулар тотатылды. Оның не ойлап жүргенін ешкім білмейді», - деп атап өтті С. Стойлов.

«Қайрат» пен «Астана» тағы да суперкубокқа таласады
Ертең Қазақстан футболының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды alaman.kz.
8 наурызда сағат 15:00-де «Астана Арена» стадионында былтырғы маусымның жеңімпазы «Астана» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» арасында Суперкубок ойыны өтеді.
Ойынды тікелей «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді. Оған өзбек рефериі Равшан Ирматов қазылық етеді.

Астанада М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсы қойылады
Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концертте отандық классиктер Е.Рахмадиевтің, Т.Қажығалиевтің симфониялық музыкалары және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалатын болады», делінген хабарламада.
Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсы жас ғашықтардың трагедиялық махаббаты туралы көне аңыз желісінен алынған XIII-XIV ғасырлардағы лиро-эпостық поэмасының желісінде жазылды. Музыкалық кештің бірінші бөлімінде концерттік орындалудағы опера ұсынылатын болады.
Өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, профессор, музыкатанушы, төлебаевтанушы Алтын Кетегенова көптеген жылдар бойы көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың шығармашылығын зерттеді. Ол аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсын тауып, бүгінгі таңда осы музыканың орындалуына бар күшін салды. Алтын Сәлімқызы ноталарды сақтап, түзетулерін жасап, композиторлардың шығарманың симфоникалық аспаптық орындалуына бастамашылық етті. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор Серік Еркімбеков осы бір қиын дүниені қолға алды. Ол туындыны оркестрлік орындауда автордың анық, әдемі, үйлесімді стилін ұстанды.
«Біз Алтын Сәлімқызына қазақ өнерінің дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. А.Кетегенованың бастамасы бойынша осы бір ғажайып туынды «Астана Опера» театры Үлкен Залының сахнасында орындалатын болады», - дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.
Бұдан басқа, концерттің бірінші бөлімінде үлкен өнерді бағалаушыларға «Астана Опера» симфониялық оркестрінің асқан шеберлігімен орындалатын, жақында ғана Мариин театрында гастрольдік сапарда болып, петербургтік қауымның зор ықыласына ие болған «Дала аңызы» аяқталмаған балетінен сюита көрсетілетін болады.
Кештің екінші бөлімінде қазіргі замандастарымыздың шығармалары шырқалатын болады: Балнұр Қыдырбек, Ақтоты Райымқұлова, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Рахат-Би Әбдісағин және т.б.
«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» операсындағы партияларды дарынды вокалистер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев және Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаты Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Рамзат Балакишиев, «Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры орындайтын болады, дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Астана әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков барша нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
«Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!» - делінген елорда әкімінің құттықтау хатында.

Эльмира Суханбердиева: Өз балаларыма қалай алаңдасам, өзгенің баласына да солай алаңдаймын
Елорданың білім саласы - толғауы тоқсан тіршіліктің тоғысқан жері. Әлеуметпен тікелей байланысты сала болғандықтан, жауапкершілігі де үлкен. Осы саланың сан қатпарлы шаруасын Эльмира Суханбердиева дөңгелетіп отыр. Ол негізі бала кезінде мұғалім болам деп ойламаса керек. Бірақ қоғамға пайдалы іс жасауды жастайынан армандаған. Бұл туралы «Астана ақшамы» газетінде жарық көрген мақалада жазылған.
«Бала кезімде біреуге титтей көмегім тисе, мәз болып қалатын едім. Қайырымдылық жасауды қасиет тұттым. Қалалық мәслихаттың депутаты болған кезде жұртшылықтың мұң-мұқтажын шешуге көмектесіп, елге пайдамды тигіземін деген балалық арманыма қол жеткізгендей болдым», - дейді ол.
Небары 24 жасында мектеп директоры болған Эльмира Амангелдіқызы бала тәрбиесіне аса ыждаһаттылықпен қарайды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі ол үшін ең маңызды мәселе. Осы іске немқұрайлы қараған талай педагогты тәжірибесіне, біліміне қарамай жұмыстан шығарған кездері болыпты. «Білесіз бе, ата-аналар дүниедегі ең қимасын, ең қымбаттысын бізге, мұғалімдерге сеніп тапсырып отыр. Әрбір мектеп, әрбір балабақша балалардың қауіпсіздігіне басымен жауапты. Бұл - өте нәзік мәселе. Бұған келгенде мен тым қаталмын және жазам да қатал. Мен өз балаларымның қауіпсіздігіне қаншалықты алаңдасам, басқа жеткіншектерге де сондай алаңдаймын. Білім ұйымдарында оқып жатқан әрбір оқушы менің жалғызым секілді», - дейді басқарма басшысы.
Балалар демекші, Эльмира Суханбердиева қат-қабат жұмысы бастан асып жатса да ана, жар екендігін ешқашан есінен шығарған емес. Жолдасы Берік екеуі төрт перзентті дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр. Тұңғышы Гаухар Англияда оқиды. Екінші қызы Зарема - мектеп оқушысы. Үшінші перзенті - Жәнібек төрт жаста болса, оның артынан кішкентай інісі Ілияс өсіп келеді. Ал отағасы - спортшы. Футбол федерациясында жұмыс істейді, шағын кәсібі бар.
- Маған Беріктей азаматты жолықтырған тағдырыма ризамын. Екеуміздің отасқанымызға 26 жыл болды. Унверситетте бірге оқыдық. Екінші курста үйлендік. Содан бері өмірдің ащы-тұщысын бірге көріп келеміз. Өмірлік жартыңның саған үнемі қолдау білдіріп, сүйеу болып, түсіністікпен қарап отырса, әйелге одан артық қандай бақыт керек?! - дейді Эльмира Амангелдіқызы.
Кейбір әйелдер жұмысын бұлдап, ана, жар ретіндегі міндетін босаңсытып жіберетіні бар. Ал Эльмира Суханбердиева олардың қатарынан емес. Оның күнделікті жұмыс кестесінің әр сағаты мен минуты нақты жоспарланған. Оның ішінде отбасына міндетті түрде уақыт бар. Басқарма басшысының пікірінше, әр бала таңертең оянғанда және ұйықтар алдында міндетті түрде анасын көруі керек. Өзі осы қағидатты бұлжытпай орындауға тырысады. «Қызметтегі әйелдер жұмысын да, отбасы тәрбиесін де қатар алып жүруі керек. Егер адам күнделікті іс-әрекетін дұрыс жоспарласа, қай-қайсысына да үлгеруге болады» дейді ол. Есесіне, кейіпкеріміз тамақ жасау, үй жинау секілді жұмыстарға осалдау екенін мойындады. «Қазір қыздарым өсті, қолымда сіңлілерім бар. Үй шаруасы, тамақ жасау - солардың мойнында. Бірақ анда-санда ас әзірлеуге деген «махаббатым» оянып кететіні бар. Ондай кезде әзірлегенім ғұрлы айналамдағы жақындарымды «сен сәбіз тазала, ал сен сарымсақ аршы» деп жұмсап бітемін. Сонда қыздарым: «түу, мама, тамақты кім солай жасайды?» деп күледі. Бірақ айына-жылына бір тамақ жасап қойсаң, «тамағыңыз қандай дәмді болған?» деген ілтипатты сөздердің астында қалып, қадірің артып-ақ қалады ғой» деп әзілдеп қойды.
Әйел - әр үйдің құт-берекесі. Эльмира Амангелдіқызы да үлкен бір әулеттің ырысы болып отыр. Өзі үнемі жанашырлық танытып жүретін жақындары бұған да қамқорлығын аяған емес. Эльмира Суханбердиеваның, әсіресе, енесіне деген құрметі ерекше. «Мен келін болып түскен күннен бастап маған ақылшы-кеңесші болған, керек кезде үнемі қасымнан табылатын енеме ризашылығым шексіз. Айтпақшы, 8 наурыз - ол кісінің туған күні. 70 жасқа толып отыр. Газеттеріңіз арқылы енемді құттықтап, оған бар жақсылықты тілегім келеді» деді ол.
Эльмира Амангелдіқызының жұртшылық біле бермейтін тағы бір қыры - әншілігі. Кезінде музыкалық мектепті бітірген ол фортепиано мен гитарада да шебер ойнайды. Журналистік қызығушылықпен қоярда-қоймай, басқарма басшысының телефон жадына сақталған бір әнін тыңдап қайттық.
8 наурызды біздің кейіпкеріміз жақындарын, құрбыларын құттықтау үшін тағатсыздана күтеді. «Өз басым қызғалдақ, інжугүл сияқты қарапайым гүлдерді жақсы көремін. Мінезім былай қаталдау, қызба көрінгенімен, талғамға келгенде ұстамды адаммын. Жақсы көретін гүлдерім де талғамыма сай», - дейді ол.

Суперкубок: «Астана» мен «Қайрат» бірінші таймда есеп ашқан жоқ
Бүгін елорданың «Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталуына орай «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында Суперкубок матчы өтуде. Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ.
Қос команда арасында ойын тартысты өтуде. Алғашқы 45 минутта екі командада да гол соғу мүмкіндіктері болғанымен, есеп ашылмады. Ойын тәртібін бұзғаны үшін бас төреші өзбекстандық қазы Равшан Ирматов ойыншыларға «сары қағазды» үш мәрте суыруға мәжбүр болды.
Айта кетерлігі, бұл - осы маусымдағы алғашқы матч. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шығып отыр. Айта кетерлігі, былтырғы жылы «Астана Аренада» «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын. "Астана Арена" стадионында шамамен он бес мыңға тарта жанкүйер футболды тамашалауда.
М.Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері өтеді - «Астана Опера»
Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концерттің аясындағы шарада отандық классиктер Е.Рахмадиевтің, Т.Қажығалиевтің симфониялық музыкалары және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалатын болады. Бұл туралы «Астана опера» театрының баспасөз қызметінен хабарланды.
Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсы жас ғашықтардың трагедиялық махаббаты туралы көне аңыз оқиғалар желісінен алынған, XIII-XIV ғасырлардағы лиро-эпостық поэмасы желісі негізінде жазылды. Музыкалық кештің бірінші бөлімінде концерттік орындалудағы опера ұсынылатын болады. Ұлы композитордың өзі «оны алтын нотамен жазатыны» туралы айтқан-ды.
«Өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, профессор, музыкатанушы, «төлебаевтанушы» Алтын Кетегенова көптеген жылдар бойы көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың шығармашылығын зерттеді.
Ол аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсын тауып, бүгінгі таңда осы музыканың орындалуына бар күшін салған болатын. Алтын Сәлімқызы ноталарды сақтап, түзетулерін жасап, композиторлардың шығарманың симфоникалық аспаптық орындалуына бастамашылық етті. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор Серік Еркімбеков осы бір қиын дүниені қолға алды. Ол туындыны оркестрлік орындауда автордың анық, әдемі, үйлесімді стилін ұстанды», - делінген баспасөз баянында.Бұдан басқа, концерттің бірінші бөлімінде үлкен өнерді бағалаушыларға «Астана Опера» симфониялық оркестрінің асқан шеберлігімен орындалатын, жақында ғана Мариин театрында гастрольдік сапарда болып, петербор қауымының зор ықыласына ие болған «Дала аңызы» аяқталмаған балетінен сюита көрсетілетін болады. Мариин театрының көркемдік жетекшісі әрі бас директоры Валерий Гергиев осы шығарманың қазіргі қазақ музыкасының бетке ұстарлықтай лайықты туындыларының бірі болатынын атап өткен-ді.Кештің екінші бөлімінде қазіргі замандастарымыздың шығармалары шырқалатын болады: Балнұр Қыдырбек, Ақтоты Райымқұлова, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Рахат-Би Әбдісағин және т.б.
«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» операсындағы партияларды дарынды вокалистер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев және Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаты Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Рамзат Балакишиев, «Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры орындайтын болады, дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Астанада тез тамақтануға арналған «Макдоналдс» мейрамханасы ашылды
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы алғашқы тез тамақтануға арналған «Макдоналдс» мейрамханасының ашылуына қатысты. Бұл оқиғадан кейін белгілі корпорация әлемдік нарықта 120-шы орынға шықты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Елорда әкімі бірінші кезекте нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ә. Жақсыбеков кәсіпорынның ашылуы қалаға жаңа инвестициялар тартып, жаңа жұмыс орындарын құрғанын атап өтті. Астанада тағы да бір әлемге әйгілі брендтің ашылуы өңірдегі бизнес климаттың қолайлы екендігінің белгісі, бұл халықаралық инвесторлар үшін жақсы сигнал болмақ.
Салтанатты шараға «Макдоналдс» корпорациясының президенті және басқару директоры Стив Истербрук та қатысты. «Біз жергілікті мәдениеттің бір бөлшегіне айналу және мейрамхана бизнесін жүргізудің озық тәжірибесін Қазақстанға үйрету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл біздің брендтің халықаралық дамуындағы маңызды қадам болмақ», - деді С. Истербрук.
«Макдоналдс» қазақстандық франшизасының иесі Қ. Боранбаевтың айтуынша, мейрамханалар желісі жергілікті кадрларды дамыту перспективасын береді, сондай-ақ, қалалық бюджетке тұрақты салық аударымдарын жасайды. Айта кетейік, Қазақстанда мейрамханалар желісін дамыту көзделген - алдағы бес жылда 15-ке жуық мейрамхана ашылмақ.
Мейрамхананың жалпы ауданы 863 шаршы метр. Орындар саны - 206. Кәсіпорында 200 астам жұмыс орны құрылды. Қазақстандық мейрамханаларға өнімдер мақұлданған жеткізушілерден ғана алынады. Болашақта оны жергілікті азық-түліктерден жасау жоспарланған. Қазіргі кезде жергілікті өндірушілердің базасын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Кеше жеке меншікті балалар үйінің тәрбиеленушілері мейрамханада бірінші болып дәм татты.
Астанада шоколадтан жасалған бұйымдар көрмесі өтеді
18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.
Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған.Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300 астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 кг артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады.Басты ерекшелік - Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады.Көрмеде шебердің бірегей технологиясымен орындалған эксклюзивті шоколад кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті-дәмділер әзірлеуді үйренеді. Шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі. Көрме Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Елорданың Сәулет және Жер қатынастары басқармалары мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзуға жол берген
Астана қалалық прокуратура мен қалалық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, былтырғы жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Жер қатынастары басқармаларының мемлекеттік қызмет көрсетудегі заңдылығына талдау жасаған болатын. Талдаудың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзуға жол берілгені анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, прокуратураның хабарлауынша қос басқарма кәсіпкерлік субъектілерінен стандартта көзделмеген құжаттарды талап етіп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзып келген.
«Нақтылай айтқанда, Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Аir Point Communication» ЖШС-не сыртқы жарнама нысанының қалыпты қызметін қамтасамыз ететін инженерлік рұқсаттың болмауына байланысты, сыртқы жарнама орнатуға рұқсат беруден бас тарқан. Алайда құжаттың бұл түрін талап ету мемлекеттік қызмет көрсету стандартында қарастырылмаған. Аталған басқармада 6 кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету мерзімдері 5 және одан да көп күнге кешіктіріліп көрсетілді», - делінген баспасөз баянында.
Прокуратураның хабарлауынша, қызмет көрсету мерзімдері Жер қатынастары басқармасында да сақталмаған. Мәселен, егер мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 37 жұмыс күнінен аспауы тиіс болса, басқармада бұл мерзімдер 2 айдан асқан жағдайлар анықталған.
«Талдаудың нәтижесінде қалалық прокуратура жергілікті атқарушы орган басшыларына әсер ету актісін жолдады. Соның нәтижесінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жүргізілген талдау мұндай бұрмалаушылықтардың жүйелі түрде орын алатындығын көрсеткен. Мұның салдары бизнестің дамуына кері әсер етіп отыр», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау органдарының заңсыз араласуын болдырмау мақсатында, қалалық прокуратурада кәсіпкерлер құқығының бұзылу фактілеріне жедел әсер ететін 4 мобильді топ қызмет етеді.
Жыл басынан бері мобильді топтарға 48 хабар келіп түскен, оның 15 расталып, прокурорлық ден қою шаралары қабылданған. Нәтижесінде 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 4 құқықтық актінің күші жойылды.

Республикалық диагностикалық орталығы жылына xалықаралық стандарттар бойынша миллионға тарта сараптама жасайды
Астанадағы Республикалық диагностикалық орталығы жақын арада ISO 15189:2012 xалықаралық стандарт аккредитациясын алады. Бұл туралы орталық директоры Қамалжан Надыров мәлім етті.
«Жалпы біздің орталықта күніне 3 мыңға тарта медициналық сараптама жасалады. Демек, жылына миллионға жуық сараптама өткізіледі. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Сондықтан жұмыс ауқымын ескере отырып, сараптамалардың xалықаралық стандарттарға сәйкестілігін қамтамасыз етуге тырысамыз», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, xалықаралық стандарттарға сай жасалатын сараптамалар мейлінше дәл келеді.
«Ол пациенттерге не береді? Ол зертxаналық қызметтердің дәлдігіне сенімділік береді. Диагноз дұрыс қойылса, ем де тиімді болады», - деп атап өтті орталық директоры.
Аталмыш аккредитацияны алу үдерісі екі жылға созылған. Бүгін соңғы кезең аяқталды. Халықаралық аудиторлар қазақстандық қызметкерлердің білігіне, орталықтағы теxнологиялық процесстерге, сондай-ақ менеджмент жүйесіне жоғары баға берді.
Айта кету керек, xалықаралық стандарттарды республикада алғаш рет аталмыш клиникаға берілгелі отыр.


Елорданың Алматы аудандық соты республикалық конкурста жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасының Судьялар одағы өз жұмысын үздік ұйымдастырған аудандық және оған теңестірілген соттардың арасындағы конкурстың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған байқау сот кеңселерінің сот төрелігін жүзеге асыру талаптарына сәйкестігі, сот жұмысын жоспарлау және талдау жұмысының деңгейі, сот процестерін ұйымдастыру, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, ақпараттық технологияларды енгізу, ұжымдағы микроклимат және сот қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдардың болмауы сынды критерийлер бойынша бағаланып, бас жүлде Астана қаласының Алматы аудандық сотына бұйырды. Өткен жылы бұл жүлде Семей қалалық сотының еншісінде болған еді.
Байқауға Алматы қаласының Жетісу аудандық соты, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты, Жамбыл облысының Тараз қалалық соты, Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық соты, Қарағанды облысының Саран қалалық соты, Қызылорда облысының Арал аудандық соты, Павлодар облысының Павлодар қалалық соты, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық соты қатысқан болатын.
Салтанатты марапаттау рәсімде Қазақстанның Судьялар одағы Орталық кеңесінің хатшысы Сансызбек Райымбаев Алматы аудандық сотының ұжымын құттықтай отырып, әділ сот төрелігінің атқарылуы - бұл адамдардың Конституциялық құқықтарының қорғалуы, құқықтық мемлекеттің өркениетті қалыптасуына ықпал ететін ахуал екенін атап өтті.
- «2016 жылдың қаңтарында республикалық комиссия жоғарыда аталған соттардың арасынан байқау-конкурстың жеңімпазын анықтап, республика бойынша Алматы аудандық сотын лайық деп тапты. Ғалымжан Насирдиновтың төрағалығымен басқарылып, республика бойынша үлкен нәтижеге қол жеткізу ұжым арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, әріптестердің біліктілігінің, әрі сот мамандарының белсенділігінің арқасы. Көп құрамды сотты басқару, әріптестердің арасындағы ынтымақтастықты сақтау, сапалы сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үлкен парасаттылық. Соттарыңыздың беделі, мәртебесі әрдайым биік болғай»,- деді Судьялар одағының хатшысы Сансызбек Райымбаев.
Шарада Алматы аудандық сотының төрағасы Ғалымжан Насирдинов сот жүйесін жылына бір рет сараптап, таразыға салу арқылы жетістіктермен қатар, кемшіліктерді де түзетіп, сот жұмысын алға бастырудың жолы екенін атап өтті.
- Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді назарда ұстап, аудандық соттар алдына сот төрелігін уақытылы, заң талаптарына сәйкес әділетті жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы тапсырмалардың кезең кезеңімен жоспарлы орындалуы бүгінгі жетістігіміздің нәтижесі деп білеміз. Алдағы уақытта да сот төрелігін тиімді, әрі сапалы жүзеге асыруға, судьялық қызметте жұмыс өтілі жоғары судьялардың оң тәжірибесін пайдаланып, әділ сот төрелігін артқаруға, сондай-ақ, сот өндірісіндегі күрделі және өзекті азаматтық істердің санаттары бойынша сот практикасын қалыптастыру бойынша жұмысымызды жандандыратын боламыз, - деді сот төрағасы Ғалымжан Насирдинов.

Елордада футзалдан Студенттік лига басталды
Бүгін елордалық университеттерде футзалдан Студенттік лига ойындары басталды. Бұл кезеңде сегіз команда екі-екі матчтан өткізеді. Үздік төрт команда ақтық кезеңде шеберлік байқасады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Студенттік лиганың алғашқы маусымы 12 мамырға дейін жалғасады. Турнир Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спортзалында бастау алады, ал ақтық кездесулерді Назарбаев университетінде өткізу жоспарланған.Жарысқа «Астана» медицина университетінің, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Қаржы академиясының командалары, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев университетінен екі-екі командадан қатысады. Әр командада 18 жуық студент ойнайды. - Астанада студенттер арасында футболдан турнирлер жиі өткізіледі. Астана Футбол федерациясының мақсаты - Студенттік лиганы жаңа сапалы деңгейге көтеру. Кездесулерде қазақстандық Премьер-лига мен Қазақстанның Бірінші лигасында жұмыс істеген арбитрлар төрешілік етеді, - деді Астана Футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов.

Nikolya-ның шоколад музейі Астанадағы көрме үшін жаңа экспонаттармен толықты
Танымал шоколатье Nikolya-ның бірегей жылжымалы шоколад музейі алғаш рет Астанаға келді. Ол көрмеге арнап Қазақстанға арналған туындылар топтамасын дайындап әкелді.
Бұл - көне зергерлік бұйымдар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтардың бас киімдері. Олардың барлығы Алматыда қазақстандық шоколадтан жасалған. Түпнұсқалары ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қорында сақталып отыр.
«Мұражай қызметкерлеріне рахмет! Мен алтын қорлар, жабық бөлмелерге барғанды, елдің ұлттық игіліктерін тамашалағанды ұнатамын. Олардың арқасында Қазақстанның алтын жауһарларының нұсқаларын жасап шықтым», - деді Николай Попов Астанада өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан басқа, танымал шоколатье кішкентай астаналықтар үшін кәдесыйлар дайындаудан шеберлік сабағын өткізді.
Атап өтейік, елорда - республикамызда «Nikolya шоколад мұражайы» келіп отырған төртінші қала. Әлемдік тур аясында авторлық көрме төрт елдің 40-тан астам қаласына, соның ішінде Алматы, Шымкент, Атырауға барып, 500 мыңнан астам адамды тартты.
Астанадағы көрме 2016 жылдың 18 наурызы мен 13 сәуір күндері аралығында Тәуелсіздік сарайында өтеді. Экспозицияда арасында жаңа экспонаттар да болатын жалпы салмағы 700 келіні құрайтын 300 туынды ұсынылмақ.

Елорда балабақшаларында бос орындарға қосымша орналастыру жүргізіліп жатыр
Балабақшаларға топтау барысында №61 мектепте қабылдайтын жұмыс тобына кезек бойынша ата-аналар түгел хабарласпағандықтан мемлекеттік балабақшаларда бос орындар қалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бүгін, 10 наурызда сағат 10.00-18.00 аралығында кезекте 1 - 400 дейінгі орында тұрған ата-аналар, ал 11 наурызда - 401-600 болып тұрғандар жолдама ала алды. Кезекте 600 орыннан кейін тұрған 2014 жылы туған балалар үшін балабақшалардан орын 14 және 15 наурызда берілетін болады. 2013 жылы туған балалардың ата-аналары жолдаманы 16 наурызда (кезектің номері - 1 - 3500) және 17 наурызда (3500 - 5000) алады.2012 жылы туған балалар үшін жолдамалар 18 наурызда (1 - 6000) және 24 наурызда (6000 - 8000) беріледі. 25 наурызда (1-6000) және 28 наурызда (6000 жоғары) жұмыс тобына 2011 жылы туған балалардың ата-аналары жолыға алады. Ал 29 және 30 наурызда жаңа балабақшаларға жолдамалар биылғы жылдың 1 қыркүйегінде 6 жасқа толмайтын балаларға жолдамалар беріледі.Топтау аяқталған соң 1 маусымда www.e.astana.kz сайтынан кезектің жылжығанын көруге болады. Жеңілдікті санаттар бойынша құжаттарды жұмыс тобы 1 сәуірге дейін қабылдайды және осы топтау аясында қарайды. Қаралған өтініш хаттардың нәтижесін 1 - 30 наурызда білуге болады.Егер құжаттар 1 сәуірден кейін тапсырылса, олар келесі топтау кезінде 2017 жылы қаралатын болады.Елорда тұрғындары хабарламада көрсетілген кезек нөмірін топтау кестесінде әрбір жас тобы үшін көрсетілген реттік номермен салыстыруы керек. Егер балабақшаның орналасқан жері ұнамаса, жолдаманы алмауға болады, бұл ретте кезек сақталады. Сондай-ақ, балабақшаларға жолдамалар тұрғылықты жері бойынша емес, бос орындардың болуына қарай беріледі.

Елордалық бес оқушы халықаралық конкурста бірінші орын алды
Алматыда Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының VІ халықаралық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесі бойынша елордалық 5 оқушы бірінші, 8 оқушы екінші және бесеуі үшінші орын алды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Халықаралық білім додасында № 66 мектеп-лицейінің, «Көгілдір желкен», Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының, «Мирас» халықаралық мектебінің, № 17, № 75, № 51, № 4 мектеп-гимназияларының және т.б. мектептерден 22 оқушы бақ сынасты. Дарынды балалар алдымен қалалық іріктеу кезеңінде өз жобаларын ұсынды. Содан кейін Ө. Жолдасбеков атындағы жыл сайынғы конкурста жүлделі орындарға таласты.Конкурстың басты міндеті - оқушылар арасында зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ математика ғылымдары саласындағы зерттеулерге қызығушылық пен қабілеттілік танытатын оқушыларды анықтау.- Турнир халықаралық деңгейде өткізіледі, оған Қазақстанның 16 өңірінен, Астана мен Алматы қалаларынан, Әзербайжан мен Қырғызстан елдерінен келген жоғары сынып оқушылары қатысады. Үздік оқушылар алдымен зерттеу жұмыстарын облыстық және қалалық деңгейде таныстырады, содан кейін мықтылары конкурсқа қатысады, - деді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Раш Ермағанбетова.Турнир қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарына дипломдар табысталды.


Астанада «Fashion Park» отандық киімдер дүкені ашылды
Астанада қырықтан астам дизайнердің өнімін біріктірген отандық киімдер дүкені ашылды. Fashion Park дүкені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылып отыр.
Аталған сауда нүктесін құрудың басты мақсаты - отандық өнім шығарушыларды қолдау және қазақстандық тауарлардың нарықтағы үлесін арттыру. Fashion Park - заманауи жабдықтарда тігілген жоғары сапалы қазақстандық киім мен аксессуарлардың кең көлемін ұсынатын мультибрендтік дүкен. Дүкен аумағы бойынша Астанада ең үлкен сауда орнына болмақ. Оның жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Тауарлардың баға саясаты да икемді, бұл жерде қалың бұқараға арналған киімдерден бастап, эксклюзивті қымбат киімдер де сатылады. «Fashion Park» дүкені отандық тауар өндірушілерге онлайн-сатылым жасауға да үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. «fashionpark.kz» сайтында барлық киімдер интернет арқылы сатылымға шығарылады. Дүкеннің ашылу құрметіне орай, Құралай Нұрқаділова шеберлік сыныбын өткізеді деп жоспарланған. Сонымен қатар дизайнер Дильбар Әшімбаева коллекцияларының көрсетілімі өтеді. «Біздің команда тәулік бойы қызмет етті. Мұнда өте қызықты жобалар ұсынылды. Жақсы идея. Бұл Астана үшін арзан бағамен ұсынылған эксклюзивті киімдер. Сондықтан барлықтарыңызды дүкеннің ашылуымен құттықтаймын», - деді Қ. Нұрқаділова.

Астанада 2016 жылғы бюджетті нақтылау жөнінде отырыс өтті
Астанада 2016 жылға арналған бюджетті нақтылау мәселесі бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
ҚР Бюджет кодексінің 104-бабына сәйкес нақтылау жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтарын үлестіруге байланысты жүргізіледі.Жергілікті бюджет қаржысын игерудің мониторингі нәтижелерінің негізінде іштей қайта үлестіру арқылы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы тағайындаулар қайта қаралды, оларды әлеуметтік саладағы - білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қаланы дамытудағы тығыз мәселелерді шешуге бағыттау ұсынылды. Атап айтқанда, қайта тапсырылған білім нысандарын ұстауға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, жолдарды орта және ағымдық жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмсалатын қаржы қарастырылды.Отырыс барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Жүсіпова, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий, Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Айтжанова және т.б. баяндама жасады.Еске салайық, азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты жобалар талқылау және ұсыныстар жасау үшін тиісті орталық мемлекеттік органдармен немесе облыстық, республикалық маңыздағы қалалық және елордалық мәслихаттармен бірлесіп құрылған Қоғамдық кеңестерге жолданады.

Ұлыбританияның ірі компаниясы «Астана» ХҚО-мен ынтымақтастыққа мүдделік танытуда
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов жұмыс сапарымен Лондонда жүр.
Сапар аясында Қ.Келімбетов бірқатар британдық үкіметтік құрылымның, инвестициялық компаниялардың және халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларымен, оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі президенті Сума Чакрабартимен, Лондон қаласының бұрынғы лорд-мэрі Дэвид Вуттонмен, Innovate Finance, Clifford Chance, Boston Consulting Group, UBS, Morgan Stanley, JPMorgan сынды компаниялардың жетекшілері бар.
Кездесу барысында Қ.Келімбетов британдық серіктестеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығы жайында ақпарат беріп, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің басым бағыттары жайында тарқата айтып берді. Орталықтың ағылшындық құқық жүйесіне негізделген ерекше құқықтық режімі бар еркін сауда аймағы болатындығы, ал оның қызметі әлемдік жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесіне арқа сүйейтіндігі баса айтылды.
Британдық бизнес қоғамдастық басшылығы ағылшын құқығы ұстанымдары негізіндегі нормативтік-құқықтық база құру, инвестиция тарту, активтер мен капиталдарды басқару, халықаралық арбитраждық орталықты құру және дамыту, халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау салаларына барынша қызығушылық танытты.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің атап өтуінше, бұл сапар аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі - еліміздің Ұлыбританиядағы Елшілігі ұйымдастырған «Астана» халықаралық қаржы орталығына арналған форум болды. Шара барысында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов сөз сөйлеп, аталған орталықтың еліміздің өршіл жобаларының бірі екендігіне, Орталық Азияның қаржылық хабына айналуға әрі әлемнің үздік қаржы орталықтарының 20-лығына кіруге ұмтылатындығына баса назар аударды.
Өз кезегінде Қ.Келімбетов «Астана» ХҚО Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тарту үшін жайлы қаржылық орта құру мақсатындағы Елбасы Н.Назарбаевтың «5 институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарына сай келетіндігін баса айтты. Орталық қызметі Дубайда, Нью-Йоркте, Лондонда, Гонконг пен Сингапурда орналасқан үздік қаржы орталықтары үлгісінде дамитындығын атап өтті.
Форум жұмысына қатысқан компания басшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қызығушылық танытып, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Шара барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өзара түсіністік меморандумына АХҚО, ЕҚДБ және The City UK корпорациясы басшысы қол қойды.
Айта кетерлігі, Қ.Келімбетов өз сапары аясында Ұлыбританияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен де кездесті. Кездесу барысында ол студенттерге халықаралық қаржы орталығының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, орталықтың алдағы жоспарларымен бөлісті.
Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 37 тонна өнім сатылды
Елордада 29 ақпан - 6 наурыз аралығында «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бір аптаның ішінде астаналық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 3 млн 990 мың теңгенің 37 тонна өнімін өткізген, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Ауылдың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілерінің жемістер мен көкөністері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон, шұжық өнімдері сатылды.Азық-түліктердің бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан 10-15 пайызға төмен болды. Бір килограмм картоп 60 теңгеден, пияз - 50-60 теңгеден, қызанақ - 750-850 теңгеден және т.б. сатылды.Еске салайық, осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада отандық тауар өндірушілерді қолдау және сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін жүйелі түрде өткізіледі.

Астанадағы Ұлттық музейде «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы өтеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде наурыздың 14-інде сағат 16.00-де Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы басталады, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Іс-шараның басты мақсаты - Амал мейрамын атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, ата салтын ардақтай отырып, ұлт мәртебесін көтеру.
Мерекелік іс-шара аясында әз-Наурыз мерекесінің атрибуты ретінде жасалған «Жолтерек» жобасының таныстырылымы өтеді. Асық атудан, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылады. Арнайы тігілген киіз үйде дастархан жайылып, қонақтар наурыз көжеден дәм тата алады.
Мерекелік іс-шараға ҚР Парламентінің сенаторлары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Сонымен қатар, музей қызметкерлерінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынады.

Астанада жылы аялдамалар бюджет қаражатына салынбайтын болды
Астанада 10 миллион теңгеге бағаланып, халық арасында дауға қалған жабық аялдамалар бюджет қаражатына салынбайтын болды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген ресми сауалында «Астана LRT» АҚ мәлім етті.
Айта кетейік, 2015 жылы Астанада қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтын жабық аялдамалар салына бастаған болатын. Халық арасында оның құнына қатысты тақырып үлкен дау тудырғаны мәлім.
Компанияның хабарлауынша, содан бері Астана қаласының көлік кешенін жаңарту аясында жабық типті 27 аялдама павильоны орнатылды.
«Жалпы алғанда қалада жолаушылар көп жиналатын және қаланың әлеуметтік маңызды аялдама пункттерінде 80-нен артық аялдама павильондары орнатылатын болады. Павильон құрылысының құнына қатысты, жабық типті павильондарды орнату инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланғандығын хабарлаймыз», - делінген «Астана LRT» АҚ-ның ресми жауабында.

Жаңа оқу жылында Астанада мектеп автобустары қатынай бастайды
«Astana School Bus» жобасын жүзеге асыру аясында 2016-2017 оқу жылында Астанада мектеп автобустары қатынай бастайды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген ресми сауалында «Астана LRT» АҚ мәлім етті.
Еске сала кетейік, қала әкімдігінің тапсырысы бойынша «Astana School Bus» жобасын «Астана LRT» жүзеге асыруда.
«Қазіргі уақытта қалада жалпы білім беретін 94 мектеп жұмыс жасауда, онда 117 мыңнан артық оқушы оқиды, оның шамамен 40%-ы жеке, сондай-ақ қоғамдық көлікпен мектепке барады, бұл қала жолының толы болуына себеп болып табылады. Осыған байланысты елордағы мектеп тасымалдарын енгізу жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген ресми жауапта.
Оның басты мақсаты - оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы көлік жағдайын жақсарту, мектептерден алыс тұратын оқушылар үшін жағдай жасау.
«Бүгінгі таңда жұмыс жасап жатқан мектеп тасымалдарына талдау жасалды, оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізілді, олардың мектеп тасымалдарына және жол жүру корреспонденциясына деген пікірі анықталды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе жан-жақты зерттелді. Бағдар торабын әзірлеу және ұлттық стандарттар мен Кедендік стандарттарға сәйкес келетін жылжымалы құрам санын анықтау бойынша жұмыс жасалуда. Бұл жобаны енгізу 2016 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», - деп жазады «Астана LRT» компаниясы.

Астанада қалалық таксопаркке электромобильдер сатып алу жоспарлануда
«Astana City Taxi» жобасына электр автомобильдерді қолдану жоспарлануда.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген ресми сауалында «Астана LRT» АҚ мәлім етті.
Компанияның хабарлауынша, ағымдағы жылы қаланың такси тапшылығына талдау жасалды. Ол бойынша қалаға қосымша 1500 такси қажет.
«Astana City Taxi» жобасы жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтарды азайтуға, қызмет сапасын және деңгейін жақсартуға, елорданың абыройын жоғарылатуға, қолжетімділікті қамтамасыз етуге, такси саласында қосымша қызмет көрсетуді дамытуға септігін тигізеді.
«Сондай-ақ жобаны іске асыру барысында қалада электр автомобильдерін қолдану мәселесі алғашқы рет пысықталып жатқандығын атап өту қажет. Қазіргі уақытта тарифтік саясат есебі бойынша жұмыс жүргізілуде, такси қызметіне, жүргізушілерді мамандандырылған оқыту бағдарламасына қойылатын кешенді талаптар әзірленуде», - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық музейі әз-Наурыз мейрамына арналған 10 күндік іс-шаралар легін әзірлеуде - Ж.Күлбаева
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі әз Наурызды Ұлыстың ұлы күні - əз Наурызды алғаш рет кең көлем де атап өткелі отыр. Оған арнайы бағдарлама дайындалып, іс-шаралар легі 10 күнге жоспарланған. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Жазира Күлбаева мәлім етті.
«Кез келген ұлттың өзіне тəн қаншама жылдан бері қарай қалыптасып келе жатқан салт-дəстүрі, ата танымы болады. Алайда, оны берік ұстану мына жаһандану кезеңінде тым қиынға соғып барады. Қалай десек те, ұлт ұлт ретінде сақталып қалуы үшін соның бəрі маңызды. Біздің қазақ халқының бүгінгі таңдағы берекелі тіршілігі, баянды бірлігі бір жағынан осынау баба аманатына аса жауапкершілікпен қарағанынан болса керек. Əлбетте, жоғын түгендеп, барын қастерлей білген халықтың болашағы да жарқын болмақ. Сондай қастерлі, қадірлі мұрамыздың бірі - Ұлыстың ұлы күні. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі əз Наурызды алғаш рет кең көлемде атап өткелі отыр. Оған арнайы бағдарлама дайындалып, іс-шаралар легі 10 күнге жоспарланған. Діттегеніміз - ұлттық құндылықтарымыздың дамуына күш сала отырып, салт-дəстүріміздің насихат жұмыстарын жаңғырту. Жаңарудың бастауы болып табылатын жыл басын бүкіл ұжым болып сəн-салтанатпен қарсы алмақ. Ендігі кезекте бағдарлама барысына қысқаша тоқталып өтсек.
14 наурыз Амал күнімен бастау алатын шаралардың жалпы мазмұны текті қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Оның үстіне, музей қызметкерлерінен құралған командалар арқан тартудан, асық атудан өзара жарысқа түскелі отыр. Осылайша наурыз айы - ұлттық ойын түрлерінің ұлықталатын уақыты екенін іспен көрсету.
16 наурыз күні «Наурыз - жыл басы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді. Оған этнографтар, тарихшылар қатысады. Шараның басты мақсаты - Наурыз мейрамын тойлауды уақыт талабына сай түрлендіру жұмыстарын ақылдасу, өзара талқыға салу. Зиялы қауымның ұсыныстары қоғам талқысына салынып, Ұлыстың ұлы күнін жалпыхалықтық мерекеге айналдыру үшін барынша жұмыс жүргізілетін болады.
Осынау 10 күндік бағдарламаның ішінде қайырымдылық шарасы да қамтылған. Атап айтқанда, 15 наурыз күні балалар үйінде тəрбиеленіп жатқан балалар «Тұсаукесер» рəсі міне қатысады. Қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін бұл дəс түріміздің Ұлттық музейдің шаңырағы астында көрініс табуы жаңа бастамалардың басы болай ын деп тұр. Аталған шарада балалар үйінің бірнеше тəрбиеленушісінің тұсауы кесіледі. Бұдан бөлек, жаңадан шаңырақ кө терген жас жұбайларға арнап «Ақ босаға» рəсімі ұйымдастырылады. Ел ағалары жастарға бата беріп, отбасы болудың маңызы туралы ақыл-кеңестер айтады. Бұл жобалар музейдің əлеуметтік парызын атқару үшін алдағы уақытта дəстүрлі түрде өтетін болады.
17 наурыз күні мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен «Қазақ халқының ұлттық ойындары» тақырыбында ашық сабақ өтеді. Ашық сабақтың бас ты мақсаты - ұлттық мұраларымызды əспеттей отырып, жас ұрпақтың көңіліне ой салып,жүрегіне қазақы рең беру. Сонымен қатар, 10 күн бойы балалардың құрметіне арналған «Қош келдің, əз Наурызым!» іс-шарасы жүргізіледі. Бұл ретте балақайларды мерекелік концерттер мен қызықты қойылымдар күтіп тұр.
Айта кетейік, Ұлттық музей қонақтары наурыз айы бойы Ұлыстың ұлы күніне арналған көрмелерге қатысуға мүмкіндігі бар. Мерекенің құрметіне тігілген киіз үйді тамашалап, ақтан дəм тата алады.
Осынау тың бастамалардың дайындық жұмыстары басталып та кетті. Оған барлық музей қызметкері жұмылдырылған. Дала заңын терең меңгерген ата-бабаларымыздың аманаттап тапсырған осыншама дүниесіне жауапкершілікпен қарау жəне оның өміршеңдігі жолында жұмыс жасау еліміздегі ең үлкен мəдениет ордасының басты миссиясы. Соның бəрін абыроймен өткізсек, алға қойған мақсат тарымыздың орындалғаны. Ұлттық на қыштағы игілікті іс-шаралардың көрермені болып, жыл басын бізбен бірге қарсы алуға шақырамыз.
Əз Наурыз құтты болсын, ағайын!», - делінген сұхбатта.
Астана қалалық мәслихатының депутаттығына 121 кандидат тіркелді
Астана қалалық мәслихатының депутаттығына 121 кандидат тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров айтты.
«Астана қалалық мәслихатының депутаттығына 121 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан 33, қоғамдық бірлестіктерден 6 кандидат бар және 82 кандидат өз-өзін ұсыну арқылы тіркелді. Қалалық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды және қалалық әкімшілікпен келісіп, партиялардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін 31 орын және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдары үшін 54 орын айқындалып жабдықталды», - деді ол.
Комиссия төрағасы сонымен қатар саяси партиялар мен кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде ұсынылатын 13 үй-жайдың тізімі бекітілгенін айтты.
«Сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады», - деді И.Жалбыров.
ҚР Премьер-Лигасы: «Астана» қарағандылық «Шахтер» командасынан басым түсті
Бүгін Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аясында елордалық стадионда «Астана» ФК мен қарағандылық «Шахтёр» ФК шеберлік байқасты. Ойын нәтижесінде алаң иелері 2:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу жағымды жаңалықтардан басталды. Алдымен қазақстандық Премьер-Лига-2015 үздік бапкердің есімі белгілі болды. «Астана» ФК жаттықтырушысына марапатты ҚР Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев табыстады.
Кездесу тартысты басталды, сегізінші минутта-ақ қарағандылықтар мергендік танытып, есеп ашты. Голды орындаған - Деслей Уббинк. Бірінші бөлімнің соңына дейін негізінен «Шахтер» футболшылары басымдыққа ие болды, үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.
Ал екінші тайм басталғанда «Астана» командасының жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестіре алды. Қазіргі ел чемпионы шабуылды тоқтатпады, алайда елордалық команда капитаны Танат Нөсербаев ойынның 65-ші минутында ғана гол соға алды, есеп - 2:1.
"Астана" ФК келесі кездесуін 20 наурызда Шымкентте «Ордабасы» командасымен өткізеді.
Астанада үй жануарын асыраушыларға талап күшейтілді
Енді Астанада итін қыдыртуға алып шыққандар міндетті түрде оның құжаты мен санитарлық кітапшасын да бірге алып жүруі тиіс, деп хабарлайды ktk.kz.
Табиғатты қорғау полицейлері жұртқа осы ережелерді түсіндіріп, оны елемегендерге айыппұл салды. Осыған дейін тұмылдырық пен қарғыбауы болса итті емін-еркін алып жүруге кедергі қойылмайтын. Ал жаңа ереже ит асыраушыларды біраз әбігерге салатын түрі бар. Өйткені құжат пен ауырмайтыны туралы медициналық анықтамадан бөлек, төрт аяқтылардан қалған қоқысты енді иесі тазалап жүруге міндетті. Әрі итін қоғамдық орында серуендету үшін ол міндетті түрде үйретілген және сөз ұғатын болуы керек. Бұдан бөлек, қарғыбауға байланған жіп бір жарым метрден аспауы тиіс. Бұл талап сақталмаса жаппай айыппұл салынады.
"Ескерту беріледі немесе 3 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал егер ит адам өміріне қауіп төндіріп, тістеп алған жағдайда 10 айлық, яғни 20 мың теңге айыппұл салынады", - дейді Астана қалалық ІІД табиғатты қорғау бөлімінің инспекторы Асан Қадыров.

Елордада Масленица мерекесі аталып өтіледі
Апта бойы қазақстандық славяндар халық мерекесі Масленицаны тойлауда. Жексенбі күні, 13 наурызда сағат 11:00 «Жастар» сарайының алдындағы алаңда елорда тұрғындары қысты шығарып салады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік серуенге «Лад» республикалық славяндар қозғалысының елордалық филиалы, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Жиналған қауым халықтық мерекені көңілді өткізіп, ойындарға, конкурстарға қатысады, спорттық жарыстарда күш сынасады. Алаңда ұйымдастырылатын шеберлік дәрістері барысында құймақ жасаудың құпияларымен танысуға болады.
Мұнымен қоса, Масленица мерекесі елордада Успенск кафедралды соборы аумағында да аталып өтіледі. Таңертеңнен бастап жәрмеңке өтіп, құймақтар мен қолдан жасалған бұйымдар сатылады, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік концерт ұсынылады. Сондай-ақ, хаски иттері жегілген шанамен сырғанауға да болады.


«Астана» - «Шахтер» матчына қолдан жасалған билеттер сатылуына жүйенің ақауы себеп болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы қарағандылық «Шахтермен» өтетін матчқа жүйедегі ақауға байланысты қолдан жасалған билеттер сатқан.
«ticketon арқылы электрондық билеттердің жаңа жүйесін енгіздік. Халық бұл жүйеге дағдыланбаған. Сондықтан онлайн режімінде ешкім билет сатып алмады. Интернет арқылы бар болғаны 100 билет сатылды. Қалған билеттер кассада сатылды. Техникалық жағдайлар туындап, жүйе істемей қалды. Сондықтан осы жолды таңдауға тура келді», - деді елордалық команда баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.
Атап өтсек, «Астана Аренасында» кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған. Көрермендер әлеуметтік желіде ойын қорытындысын емес, қолдан жасалған билетті талқыға салды. Бұл футбол сүйер қауымды сұрақтың астында қалдырды.
Бұдан бұрын айтылғандай, билет сатудың жаңа жүйесі әлемнің әр түпкірінен интернет, мобильдік құрылғы, терминалдар арқылы тәулігіне 24 сағат бойы билет сатып алуына мүмкіндік береді.

ҚХКП белсенділері жасөспірімдердің темекі шегу проблемаларына халықтың назарын аудару мақсатында акция өткізді
Астанада ҚХКП штабының белсенділері жасөспірімдердің темекі шегу, алкоголь тұтыну проблемаларына қалалықтардың назар аударға бағытталған «Тоқта. Сатушы заңды сақта!» акциясын өткізді.
Шара барысында коммунистер бірқатар елордалық шағын маркеттерге барды. Дүкеншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады ҚХКП баспасөз қызметінен.
ҚХКП сайлау алды штабының басшысы Айқын Қоңыров темекі өнімдері мен алкоголь сатуды реттеу саласындағы заңнаманы сақтауға азаматтық бақылау қажет екеніне сенімді.
«Бүгінде біз бөлшек сауда дүкендерінің сатушыларын Заң талаптарын сақтауға, жасөспірімдерге алкоголь, темекі сатпауға үгіттедік. Ата-аналар мен ересектер балаларының денсаулығын қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Біз өскелең ұрпақ тәрбиелеумен қатар, елдің салауатты тектік қорын сақтауды.

Астанада Масленица мерекесінде қысты шығарып салуға ауа райы бөгет бола алмады
Бүгін көптеген елдерде қысты шығарып салу славян мерекесінің соңғы күні - Масленица. Қазақстан астанасында бұл күн жауынды болды.
Сағат 11-ге қарай мерекелік концерт басталуы тиіс еді, алаңда ұйымдастырушылар мен сатушылардан басқа ешкім болмады, олар жаңбыр мен қарға ұшырады.
Көктемді қарсылау мерекесін дәстүрлі түрде қуанышпен өткізетін астаналықтар халық серуенін «Жастар» сарайының ішіне ауыстырды. Әзірге әртістер жаңа жағдайда концертке әзірленіп жатқанда, қонақтар Ұлы ораза басталуы алдында ренжіткен адамдарынан кешірім сұрап жатты. Православ халқында бұл күн Кешіру жексенбіі деп аталады.
«Бүгін тамаша мереке - Кешірім жексенбісі - Масленица аптасының соңғы күні, ал ертең Ұлы ораза басталады. Ауа райы тосын мінез танытқанмен біз мерекені ойдағыдай өткізуге бар күшімізді салдық», - деді республикалық «Лад» славян қозғалысының орыс-казак жексенбілік мектебінің жетекшісі Наталья Иванова.
Ұйымдастырушылар көктем мерекесіне жақсы әзірленген: мерекеге жианлғандар ән салып, би билеп, құймақтардан дәм татты.
Шараны ұйымдастыруға 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында славян қозғалысының өкілдерінен басқа, татар, украин, неміс, беларусь ұлттық бірлестіктерінің өкілдері, би ұжымдары болды.
«Біз мұндай мерекелерді әрқашан да жақсы өткізуге тырысамыз. Мерекелер арқылы өзіміздің тарихымызды еске түсіреміз, халық әндерін, өлеңдері мен коляда шырқап, тұрмыс-салттарымыз ұлықтаймыз. Сөйтіп, жас ұрпаққа өзіміздің дәстүрлерімізді жалғастырамыз», - деді Наталья Иванова.

Астанада Қазақстанда тігілген әйелдер киімі сатылатын дүкен ашылды
Астанада Гардероб А1 атты қазақстандық киім тігушілердің өнімі сатылатын әйелдер киімі дүкені ашылды.
Мұнда әйелге тән нәзіктікті, сұлулық пен сымбатты, сәнді бағалайтын жандарға киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар, сәнді әшекей бұйымдар және өнер мен сәнге қатысты басылымдар ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, жаңа дүкенде тұрақты түрде сәнге қатысты түрлі шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылып тұрмақ.
Айта кетейік, дүкенде «AtelierA1» қазақстандық киім бренді таныстырылды.

Наурыз мейрамында Астанада 70-тен астам шара өткізіледі
Бүгін елорда әкімдігінде аппарат отырысының басты тақырыбы ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және Астана қаласы мәслихатының кезекті сайлауы, сондай-ақ, Наурыз мейрамына дайындық мәселелері болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жексенбі күні, 20 наурызда елордада 213 сайлауда дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, әкімдіктің барлық қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін тағы да ескертті.Айта кетейік, елу мың қала тұрғыны өз сайлау учаскесін анықтау үшін Астана қаласы әкімдігінің қызметтерін пайдаланған. Адамдарға ыңғайлы болуы үшін сайлау учаскесін анықтаудың бірнеше жолы ұсынылған - e.astana.kz әкімдігінің электронды қызметтер веб-порталының және аstana.gov.kz әкімдік сайтының сервисі, Байланыс орталығы, қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер, сонымен қатар, 1414 қысқа номеріне SMS жолдау сервисі, WhatsApp және Telegram мобильді қосымшалары. Барлық шаралар 20 наурызда әр тұрғынның өзінің азаматтық құқығын жүзеге асыруына бағытталған.Биыл демалыс және мереке күндері наурыздың 19-нан 23-не дейін жалғасады. Сондықтан, елордалықтардың демалысына және қоғамдық қауіпсіздікке баса назар аударылатын болады. Қалада Наурыз мейрамы 14 жерде аталып өтіледі. Басты шара 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, Этноаул ашылады. Аталған мейрамға орайластырылған шаралар «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің алдындағы алаңдарда, Қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде де өтеді. Мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады.«Бағдарлама қанық әрі қызықты болуы тиіс, әр адам өзінің бұл іске ортақ екендігін сезінуі керек. Бұл ретте барлық қалалық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеуі қажет», - деді елорда әкімі.Жалпы, Наурыз мейрамы аясында Астанада 70 астам шара өткізу жоспарланған.

Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күніне орай бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Шара аясында мектеп оқушылары театрландырылған қойылым тамашалады. Аңыз кейіпкерлері Қыдыр ата мен Ұмай ана балаларға бата берді, Алдар көсе мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әжелерден құралған топ әннен шашу шашты.
Мерекелік жиында қол күресінен, асық атудан, арқан тартудан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
«Армысың, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізудегі басты мақсат - Ұлыстың ұлы күнін тәрбие тетігі ретінде пайдалана отырып, жас ұрпаққа қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытуға, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.
Айта кетейік, Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күніне орай балаларға арналған ертеңгіліктер 14-24 наурыз аралығында өтеді.

Астана базарларында сараптама орталығының мамандары тұрғындарға азық-түліктің сапасын тексеріп береді
Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай «Астаналық» базарында «Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнімдер» акциясы өткізілді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған шара 2009 жылы алғаш рет қолға алынған болатын.
Акция аясында сатып алушылар тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын анықтай алады. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы көкөністер мен жемістер құрамындағы нитраттардың мөлшерін анықтау үшін зертханалық зерттеулерді тегін жүргізеді, азық-түлікті термиялық өңдеуді бақылайды, сонымен қатар, сүт өнімдерінің қышқылдылығын анықтап береді.
«Өткен жылы 1000 адамға консультация берілді, 800 астам талдау жасалды. Зертхана экспресс-режимде жұмыс істейді. Егер қиындықтар туындаса, зерттеулер қайта жүргізіледі. Мұнда бактериологиялық және физика-химиялық зертхана өкілдері де бар. Егер нитраттар көп мөлшерде анықталса, өнімдер сатылымнан алынып тасталады», - деді Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мейрамғали Молдашев.
Жыл сайын өткізілетін акцияның мақсаты - халық көп тұтынатын тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқықтары мен оларды қорғау жолдары туралы құқықтық сауаттылық пен ақпараттылықты арттыру.
Мұнымен қоса, акция барысында қала тұрғындарына өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Акция ертең сағат 10.00 бастап «Шапағат» базарында жалғасады. Биыл «Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнім» акциясы 7 қалалық базарда өткізіледі.

Мысыр Қазақстанның елордасын көшіру тәжірибесіне қызығушылық танытты
Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрі Мұстафа Мадбули бастаған МысырАраб Республикасыныңделегациясымен кездесті. Шетелдік қонақтардың елордаға келуінің негізгі мақсаты - Қазақстанның елорданы ауыстыру бойынша тәжірибесін қабылдау, деп жазады қаланың ресми сайты.
Тура бір жыл бұрын министр М. Мадбули Шарм эш-Шейхте экономикалық даму және инвестициялар жөніндегі халықаралық конференцияда барша әлемге Каирден шығысқа қарай орналасқан Мысырдың жаңа астанасын салу туралы жоспарды таныстырған болатын. Қала халқының көптігі ел астанасын ауыстыруға септігін тигізіп отыр. Жаңа астана Каирдің жалғасы ретінде қайтадан салынады. Кездесуде Мысырда Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрлігі мен Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрлігі елорданы ауыстыру бойынша уәкілетті органдар болып табылатыны атап өтілді.
Мысырдың Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрі аз уақыттың ішінде еуразиялық өңірдің орталығына айналған қазақстандық елорданы ауыстыру тәжірибесіне мүдделілік танытты.
«Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнаған, Президентіміздің айтуымен мұнда Астанамен танысу үшін келдік», - деді М.Мадбули. Шетелдік қонақ мысырлық тараптың елорданы ауыстырудың бастапқы кезеңінде осы процесстерді ұйымдастыруды басқарудың қалай өткеніне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Ә. Жақсыбеков Қазақстанның жаңа елордасын салу туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдағанын жеткізді. Қайта құрылу кезінде қабылданған шешімге объективті экономикалық және басқа да факторлар да ықпал етті. Астана қысқа уақыттың ішінде экономикалық және әлеуметтік тұрақты, гүлденген демократиялық мемлекеттің заманауи Қазақстанның жаңа келбетіне айналуы жоспарланып, ол жүзеге асты.
«Алғашқы күннен бастап құрылыстың жоғары қарқыны белгіленіп, алға бірқатар міндеттер қойылды. Бүгінде Астана ұлттық идеяның көрінісіне, Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің символына айналды», - деді қала басшысы. Бұл ретте ол елорданың өз тәжірибесімен қуана бөлісетінін атап өтті.
Кеше, 13 наурызда шетелдік делегация Астананың маңызды жерлерін аралап, жалғасып жатқан құрылыстың ауқымымен танысты.
Мысыр Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрінің орынбасары, қарулы күштерді инженерлік басқарудың бастығы Камел Абдельхади Фараг Уазир Астанадан шабыт алғандарын айтты.
«Құрылыс саласында 38 жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келемін, сондықтан Астананы салуға жоғары білікті мамандар, құрылысшылар, сәулетшілер тартылғанын айта аламын. Бізбен бөліскелі отырған тәжірибелеріңізді жаңа астанамыздың құрылысында пайдаланатын боламыз»,- деді Мысыр Қорғаныс және әскери өнеркәсіп вице-министрі.
Ә. Жақсыбековтің атап өтуінше, Астананың қала құрылысы саясаты бірнеше кезеңнен тұрады, оларды жүзеге асыруға біртіндеп барша әлемнен үздік мамандар тартылды. Мысалы, қаланың Бас жоспарының ядросын салған белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокаво.
Кездесу барысында қала қонақтары елорданың 18 жылдың ішіндегі даму үрдісімен танысып, құрылыс жоспарларын және индустриалды әлеуетті іске асыруды, абаттандыру, көгалдандыру және қаланың тыныс-тіршілігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне ерекше назар аударылды.
Мысыр министрі Астана қаласының әкімдігіне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының қалыптасуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
Кездесуден кейін мысырлық делегация «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ-ында болды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун шетелдік қонақтарды қаланың дамуымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері мен ЭКСПО көрме кешенінің объектілерін тамашалайды.

Астанада мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары бос орындар жәрмеңкесіне қатысады
Астанада 17 наурызда «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында мүмкіндігі шектулі жандарға арналған «Кедергісіз келешек» бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараны қалалық Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бос орындар жәрмеңкесінде 20 жұмыс берушіден 120 бос жұмыс орны ұсынылады. Жұмыс іздеушілер консультациялар алып, жұмысқа орналасу, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қайта даярлаудан өту туралы толық ақпарат ала алады.Шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмектесу және оларды әлеуметтік қорғау туралы хабардар ету болып табылады.

Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі
Астанада Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсетіледі. «Қасиет» психология орталығының жетекшісі Айқын Дүйсембаев өткізетін тренинг үш күнге жалғасады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Шараның мақсаты - жұмыссыз жүрген азаматтарға психологиялық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналасуға қол ұшын созу.Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығында психологиялық тренингтің бір курсы өткізілді. Оған 12 адам қатысты. Тыңдаушыларға белсенді жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауды арттыру мен жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзін сенімді ұстану мәселелері бойынша кеңестер берілді.Курс соңында қатысушылар тренингке оң бағаларын беріп, көбі жұмысқа деген қатынастарын өзгертті. Үш күндік тренингке Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығында жазылуға болады.

Елордада қызмет көрсету саласының үздік мамандары марапатталды
Бүгін Астана қаласының әкімдігінде Дүнижүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне арналған кездесу өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарьянов қозғалыстың соңғы жылдары атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, астаналықтардың пікірінше үздік деп танылған дәрігерлерді, кондукторларды, көлік қызметкерлерін, слесарь және т.б. маман иелерін марапаттады.- Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғап, үлкен іс атқарамыз, адамдардың алғысы - біз үшін ең жоғары марапат. 1991 жылы КСРО-да Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды, ал ыдырағаннан кейін біз Қазақстанда алғаш рет «Әділет» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырдық, ол 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде біз тұтынушылардың нағыз құқық қорғаушыларына айналдық, елордада түрлі мәселелер бойынша 100 мыңнан астам адамға көмек көрсеттік, - деді К. Закарьянов.Оның айтуынша, соңғы жылы көмек сұраған азаматтар саны айтарлықтай азайды. 2014 жылы шағым білдіргендер саны 4 мыңнан асса, өткен жылы 2 мыңға жуық болған. Бұл ретте бұзушылықтар санының азаймағанын айта кеткеніміз жөн. Халықтың сауаттылығы артып, адамдардың көбі өз құқықтарын біледі, көп жағдайда мәселелер сол жерде шешіледі.Жыл сайын кәсіпқойлар азаматтардың оң пікірлерінің нәтижесінде іріктеледі. Кездесу соңында ең үздік мамандар марапатталды. Белсенділер арасында дәрігерлер, автобус жүргізушілері, кондукторлар, кәсіпкерлер, слесарьлар бар. Сонымен қатар, ең үлгілі кәсіпорындар - ауруханалар, ПИК және т.б. марапаттарға ие болды.

Ұлттық музейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Сәбилердің тұсауын кесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы Майра Мұхамедқызы, «Астана ақшамы» ЖШС директорының орынбасары, белгілі журналист Зейін Әліпбек, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, ақын Қалқаман Сарин, «Балапан» телеарнасының директоры, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі саясаттанушы-журналист Жарқын Түсіпбекұлы тәрізді танымал тұлғалар шақырылды.
«Тұсаукесер» рәсімі» жобасының жетекшісі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс журналистерге берген сұхбатында аталған шараның маңызына тоқталып өтті.
«Қариясын «қазынам», ұлын «ұрпақ жалғастырарым», қызын «өрісімді кеңейтерім» деп білген халқымыз үшін әр салт-дәстүрдің орны ерекше болған. Дүниеге келген сәтінен бастап сәбиін елі мен жерін сүюге, халқының мұрасын қастерлеуге тәрбиелейтін асыл дәстүрлеріміз Ұлттық музейдің қайырымдылық жобасында өз жалғасын тауып отыр. Бұл жоба мемлекеттік деңгейде басталған «Жақсылық Жаса» атты халықтық жобасының аясында өткізілді. Осыдан біраз уақыт бұрын басталған бұл жобаға бүкіл қазақстандықтар атсалысты. Жоба өз жалғасын тауып келеді. Ұлттық музей ұжымы да бұл жобадан қалыс қалмай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Тұсаукесер» рәсімі» жобасын қолға алды. Жоба алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады. Жетімін жылатпаған бабаларымыздың асыл қасиетінің осындай жоба арқылы көрініс тапқанына қуаныштымыз, - деді Н.Жолбарыс.
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісіМайра Мұхамедқызыбалалардың болашағына ақ жол тілеп, өзінің аналық лебізін білдірді.
«Өзім ана болған соң, осы іс-шараға арнайы келдім. Наурыз мерекесіне орай өткізіліп жатқан «Тұсаукесер» рәсіміне қатысқаным үшін де өте қуаныштымын. Мұндай іс-шаралар дәстүрлі түрде жолға қойылса нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ біздің қазақ жастары бала мәселесіне жеңіл қарамаса екен деймін. Ол үлкен жауапкершілікті қажет ететін дүние. Сонымен қатар, жетімдер үйі болмаса екен деймін. Бұл бүлдіршіндер махаббатқа, мейірімге зәру келеді. Сондықтан да оларды сүйіспеншілікке бөлеу бәріміздің адамдық борышымыз», - деді М.Мұхамедқызы.
Сонымен қатар, Қалқаман Сарин, Ләйлә Сұлтанқызы, Зейін Әліпбек, Жарқын Түсіпбекұлы балалардың тұсауын кесіп, ақ тілектерін арнады. Жоба аясында Астанадағы сәбилер үйінің 5 тәрбиеленушісінің тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміндегі фотосуреттер мен тапсырылатын сертификаттар балалардың жеке іс-парағына тігіліп, болашақта өздерінің тұсауын кескен тұлғаларды біліп жүруі үшін сақталатын болады.
Наурыз мерекесіне орай өткізілген бұл шара алдағы уақытта әр мереке сайын өз жалғасын таппақ.

Астанада сайлау өтетін күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтетін күні қала тұрғындарының барлық санаты үшін қоғамдық көліктермен жол жүру тегін болады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Айта кетейік, қазіргі кезде Астанада 63 қалалық бағдар және аялдамалар саны аз, тура қозғалатын 6 экспресс-маршрут, сондай-ақ, жолаушылар тасымалының барлық нормативтеріне сәйкес келетін қала маңына қатынайтын 15 маршрут жүреді.
Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары үшін 213 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады.

Астана әкімдігі үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 12 нысанға қатысты мәселені қарады
Бүгін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлескерлік құрылыс барысында заң бұзушылыққа жол берген компаниялардың ісі қаралды.
«Жүргізілген мониторинг нәтижесінде бүгінгі күні «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңдардың бұзылуына жол берген 12 нысан анықталып отыр», - деді көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын ашқан С.Хорошун.
Отырысы барысында құрылыс барысында заң бұзушылыққа жол берген, оның ішінде тиісті рұқсат құжатсынсыз пәтерлері сатылған 12 нысанның ісі қаралып, оларға қатысты нақты ұсыныстар жасалды. Проблемалы нысандар қатарында «Бейбарыс», «Елім-ай», «Көркем-Тауэр», «Семейный», «Зере-2», «Лазурный берег», «ЭкоДом» сынды тұрғын үй кешендері бар.
Айта кетерлігі, бүгінгі күні құрылыс барысында заң бұзышулықтарға жол берген нысандар тізіміне 41 нысан енгізілген. Қала тұрғындары тарабынан шағымдардың көп түсуіне байланысты тұрақты бақылауды қажет ететін және жұмыстарды жүргізу кестесінен айтарлықтай қалып қойған әрі құрылыс барысында заң бұзушылықтарға жол берген 14 нысан да тізімге алынып отыр.

Елорда Наурыз мейрамына дайындық үстінде
Биыл Наурыз мейрамы бес күн бойы тойланады. Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында қалада 70 жуық мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылады.
Елорда қазірден бастап көктем мерекесіне дайындық үстінде, деп хабарлайды astana.kz. Ғимараттардың қасбеттері безендіріліп, жарқыраған конструкциялар мен ұлттық нақыштағы шағын архитектуралық пішіндер орнатылады.
Елорда көшелерінде жарық иллюминациялық аркалар, жарық динамикалық панно мен жолдардың бойында жарқыраған ағаштар жасалады. Барлық қалалық саябақтарда шағын архитектуралық пішіндер қойылады. «Астаналық» паркте «Жар Жар», Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында «Желпуіштер» декорациясы, сондай-ақ, «Керуен», «Шарлар өрнегі», «Той», «Өрнектелген ағаштар» және т.б. шағын архитектуралық пішіндер орнатылады.
Қалалық алаңда мерекелік киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар болады, Жеңіс даңғылы мен Кенесары көшесінің, Жеңіс даңғылы мен Абай даңғылының, Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің, Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының, Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылыстарында, теміржол вокзалының аумағында 20 «Бәйшешектер» композициясы орнатылады.
Елорданы мерекелік безендірудің Астана тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатыны сөзсіз.
Мереке күндері халықтық серуен ұйымдастырылады. «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінің алдында, қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» саябақтарында, «Жастар» театрының алдындағы алаңда, Мичурино және Железнодорожный кенттерінде, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алаптарында, № 20 ОМ аумағында, сондай-ақ, «Наз» мемлекеттік би театрының алдында мерекелік шаралар өтеді. Қала тұрғындарының назарына шығармашылық ұжымдардың концерттері мен киіз үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылатын болады, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі.
22-27 наурызда Конгресс-холлда күн сайын сағат 10.00-20.00 «Наурыз - 2016» көрме-жәрмеңкесі, ал 21-23 наурызда «Жастар» сарайында «Жастар көктем лебі» фестивалі аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді.
Сонымен қатар, Наурыз мейрамына орай «Жастар» театрында, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және Қуыршақ театрында мерекелік қойылымдар көрсетіледі. 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сағат 12.00 үлкен мерекелік концерт, сондай-ақ Конгресс-холлда сағат 18.00 тағы да бір концерт өтеді.

17 астаналық оқушы Оңтүстік Кореяда конкурсынан жүлделі қайтты
Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауына қатысқан жоғары сыныптардың 32 оқушысы елордаға оралды. Турнир қорытындысы бойынша екі оқушы бірінші орын, жетеуі екінші, сегіз оқушы үшінші орын алды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Конкурсқа бес секция бойынша 16 қалалық мектеп оқушылары қатысты. Олар математика, физика, химия, биология, география, тарих, тіл білімі, экономикадан өз жобаларын орыс және ағылшын тілдерінде ұсынды.
№17 мектеп-гимназиясының оқушысы Аида Қасымова химиядан «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» санаты бойынша және № 51 мектеп-гимназиясының оқушысы Дана Исмағұлова физикадан «Жаңартылатын энергетика - болашақ энергиясы» секциясында бірінші орын алды.
«Фундаментальды математика және қазіргі заманғы экономикадағы математикалық әдістер» санатында Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің өкілі Абылай Ақылбек, №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Аделаида Аллахвердиева мен №75 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Шауали күміс жүлде иеленді. Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Ақыл Зайділбек қола жүлдеге қол жеткізді.
Оқушылар химия мен биологиядан жобаларды «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясында қорғады. Бұл салада «күміс» № 60 мектеп-лицейінің оқушысы Жания Баймағамбетова және Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Әлібек Даркембаевқа бұйырды. № 73 мектеп-лицейінің оқушысы Санжар Ахметов пен Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Ільяс Ахмурзин үшінші орын алды.
«ХХІ ғасырдағы тіл, мәдениет және құқық: тану сатылары» санатында тарихтан № 3 мектеп-гимназиясының оқушысы Әділ Зейнелғаби және №1 мектеп-лицейінің өкілі Тоты Нұртай «күміс» олжалады, «қола» №59 мектеп-лицейінің оқушысы Аяла Оразбаеваның еншісінде. Дарынды қыздарға арналған ҚТЛ өкілі Данелия Мұсабекова тіл білімі бойынша жобасын қорғап үшінші орын алды, №60 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсар Рахметов ағылшын тілінен қола алды. №60 мектеп-лицейінің оқушысы Асан Советқалиев пен №38 мектеп-лицейінің оқушысы Саян Кемеңгер де үшінші орын алды. Бұл екеуі де «Жаңартылатын энергетика - болашақ энергиясы» секциясында физикадан өз жобаларын қорғады.
Жарыс жүлдегерлерінің бірі Жания Баймағамбетова өз пікірімен бөлісті:
«Мен өз жобамды химия пәнінен ұсындым, өзім химия-биология сыныбында оқимын. Шынын айтсам, қиын болды. Жұмысымды орыс тілінде жазғандықтан оны ағылшын тіліне аударып, қорғауға тура келді. Төрт жылдан бері химияны тереңдету тобында оқып жүрмін, олимпиадаларға, турнирлерге жиі қатысамын, мектептен кейін ғылыммен айналыспақпын».
Айта кетейік, оқушылар сапар аясында бизнес мектебінің профессорларының «Кәсіпкерлік шығармашылық» және «Инновациялық менеджмент» тақырыптары бойынша дәрістерін тыңдады.
17 астаналық оқушы Оңтүстік Кореяда «Жас ғалым» конкурсынан олжалы қайтты
Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауына қатысқан елордалық 32 жоғары сынып оқушысы елге оралды. Турнир қорытындысы бойынша екі оқушы бірінші орын, жетеуі екінші, сегіз оқушы үшінші орын алды.
Конкурсқа бес секция бойынша 16 қалалық мектеп оқушылары қатысты. Олар математика, физика, химия, биология, география, тарих, тіл білімі, экономикадан өз жобаларын орыс және ағылшын тілдерінде ұсынды.
№17 мектеп-гимназиясының оқушысы Аида Қасымова химиядан «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» санаты бойынша және № 51 мектеп-гимназиясының оқушысы Дана Исмағұлова физикадан «Жаңартылатын энергетика - болашақ энергиясы» секциясында бірінші орын алды.
«Фундаментальды математика және қазіргі заманғы экономикадағы математикалық әдістер» санатында Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің өкілі Абылай Ақылбек, №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Аделаида Аллахвердиева мен №75 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Шауали күміс жүлде иеленді. Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Ақыл Зайділбек қола жүлдеге қол жеткізді.
Оқушылар химия мен биологиядан жобаларды «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясында қорғады. Бұл салада «күміс» № 60 мектеп-лицейінің оқушысы Жания Баймағамбетова және Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Әлібек Даркембаевқа бұйырды. № 73 мектеп-лицейінің оқушысы Санжар Ахметов пен Дарынды балаларға арналған ҚТЛ оқушысы Ільяс Ахмурзин үшінші орын алды.
«ХХІ ғасырдағы тіл, мәдениет және құқық: тану сатылары» санатында тарихтан № 3 мектеп-гимназиясының оқушысы Әділ Зейнелғаби және №1 мектеп-лицейінің өкілі Тоты Нұртай «күміс» олжалады, «қола» №59 мектеп-лицейінің оқушысы Аяла Оразбаеваның еншісінде. Дарынды қыздарға арналған ҚТЛ өкілі Данелия Мұсабекова тіл білімі бойынша жобасын қорғап үшінші орын алды, №60 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсар Рахметов ағылшын тілінен қола алды. №60 мектеп-лицейінің оқушысы Асан Советқалиев пен №38 мектеп-лицейінің оқушысы Саян Кемеңгер де үшінші орын алды. Бұл екеуі де «Жаңартылатын энергетика - болашақ энергиясы» секциясында физикадан өз жобаларын қорғады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарыс жүлдегерлерінің бірі Жания Баймағамбетова өз пікірімен бөлісті:
«Мен өз жобамды химия пәнінен ұсындым, өзім химия-биология сыныбында оқимын. Шынын айтсам, қиын болды. Жұмысымды орыс тілінде жазғандықтан оны ағылшын тіліне аударып, қорғауға тура келді. Төрт жылдан бері химияны тереңдету тобында оқып жүрмін, олимпиадаларға, турнирлерге жиі қатысамын, мектептен кейін ғылыммен айналыспақпын».
Айта кетейік, оқушылар сапар аясында бизнес мектебінің профессорларының «Кәсіпкерлік шығармашылық» және «Инновациялық менеджмент» тақырыптары бойынша дәрістерін тыңдады.

Лондондағы Олимпиада чемпиондары Астанадағы лицензиялық турнирге келеді
Лондон Олимпиадасының грек-рим күресі бойынша жеңімпаздары оңтүстіккореялық Ким Хен-Ву және ирандық Хамид Сориан Қазақстанның елордасы Астанада Азиялық лицензиялық турнирде өз мүмкіндіктерін сынайды, деп хабарланды ВКонтакте желісіндегі Kazakhstan Wrestling Online парақшасында.
Сондай-ақ Олимпиадаға жолдама алу үшін грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегерлері Омид Ноурузи (Иран) және Елмурат Тасмурадов (Өзбекстан) келеді. Еркін күрес бойынша әлем біріншілігінің жүлдегерлері Сосукэ Такатани (Жапония), Комеиль Гасеми (Иран) және т.б. астанамызға табан тірейді.
Жарыстың әр күнінде әр түрінен екі салмақта күш сынасады. Турнир 18-20 наурызда өтеді. Әр салмақ дәрежесіндегі финалға шыққандар олимпиадалық лицензиялардың иегері атанады.

Астана әуежайы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы ауданы 40 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды.
Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеттілігі жылына 7 млн-нан астам жолаушыға жетеді. Қарбалас кездерде рейстерді күту залдарына бір уақытта 2,525 жолаушыны сыйғызуға болады.
Бүгінгі күні құрылыстың бастапқы кезеңі аяқталды, терминал ғимаратының жер бетіндегі бөлігінде лифті шахталары мен баспалдақ аралықтары орнатылды, металдан жасалған құрылымдар мен аралықтардың монтажы орындалып жатыр. 2015 жылы перронды ауқымды қайта жаңарту жүргізілді, жаңа бизнес терминалы қолданысқа енгізілді.
Астана қаласының халықаралық әуежайы өндірістік көрсеткіштер бойынша Қазақстанның екінші басты әуежайы болып табылады.
Қазіргі уақытта ірі әлемдік авиакомпаниялар Америка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа мен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің арасында континент аралық тасымалдауларды орындай отырып, Астана қаласының әуежайында аралық ұшақ отырғызуларын жүзеге асырады.
Әуежай Air Astana, Etihad, Asiana Airlines, flydubai, Aeroflot, Lufthansa, Turkish Airlines, Russia, SCAT, Uzbekiston Hava Yollary сияқты және басқа да авиакомпанияларға қызмет көрсетеді. Олар күн сайын Қазақстан бойынша 15 бағытта және таяу және қиыр шетел елдеріне 22 бағытта тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асырады.
Нарықта QAZAQ Air қазақстандық тасымалдаушысының пайда болуы еліміздің түрлі өңірінің халқы үшін жағымды жағдай жасады. Жақын арада халықаралық масштабтағы тасымалдаушы KLM ROYAL DUTCH AIRLINES Астана қаласы мен Голландияның астанасы Амстердам қаласын байланыстыра отырып, жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Әуежай нық қадамдармен әуежайды Орталық Азия өңірінің ХАБ-ы ретінде дамыта отырып, өзінің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге талпынуда.
Жолаушыларға қызмет көрсету, перронда қызмет көрсету, жүкті және багажды өңдену сапасын арттыру және Астана халықаралық әуежайына халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін швейцариялық Swissport International компаниясы тартылған болатын.
Республиканың транзиттік - көлік әлеуетін дамыту маңыздылығын назарға ала отыра, Астана халықаралық әуежайы көлік саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін басшылыққа ала және сүйене отырып, Қазақстанның жаңа буындағы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Дағыстандық легионер Қазақстан атынан жолдамаға таласады
18-20 наурызда Астанада өтетін күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеуге қатысатын грек-рим күресінен құрама белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz сайты.
66 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы, Дағыстаннан келген Магомед Чухалов жолдамаға таласады.
Ал 85 келіде ел чемпионы болған Нұрсұлтан Тұрсыновтың жарақатына байланысты оның орнына биыл ел чемпионатында үшінші орын алған Азамат Құстыбаев кілемге шығады.
Ал 98 келіде ел чемпионы Марғұлан Әсембеков, 130 келіде Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тыналиев қатысады.
Қазақстан құрамасында әзірге бір жолдама бар. Оны былтырғы әлем чемпионатында 56 келіде Алмат Кебіспаев иеленген.
Олимпиада жолдамасын алу үшін балуандар финалға шығуы тиіс.

Astana Bike велосипедтері жазғы маусымға дайындалды
Көктемде Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары басталады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
«Қазіргі кезде қала бойынша станцияларды тазалау, веложабдықтарды дайындау - жұмыс жағдайын тексеру, жалпы диагностикалау, велосипедтерді жөндеу және құрастыру, жүйенің бағдарламалық қамтылымын тексеру - координаттарды салыстыру және велостансаларда сигналдардың өтуін диагностикалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Биылғы маусымда қалаға жалпы ұзындығы 85 шақырымдық 45 көшеде 1 мың велосипеді бар 150 велостанса қызмет көрсетеді.
Пайдаланушылар қажетті ақпаратты, соның ішінде қазіргі кезде белсенді және белсенді емес стансалар туралы прокат сайтынан біле алады. Сонымен қатар, онлайн-төлем жүйесі де жұмыс істейді, қосымша Android және IOS негізінде әзірленген және велопрокат жүйесін уақытша пайдалану қызметі қолжетімді.
Еске сала кетсек, ауа райына байланысты 2015 жылы велосипед тебу маусымы 15 сәуірде басталған болатын. Биыл да оның ашылуы ауа райының қолайлылығына байланысты болады.
Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесі 2014 жылғы 7 шілдеде іске қосылған. Astana Bike жүйесін енгізудің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлікпен жүре алады, осылайша қоршаған орта жағдайы жақсара түседі.


Астанада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 26 жоба мақұлданды
Астана қаласының үдемелі индустриалды дамуының үйлестіру кеңесі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында банктердің, лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 26 жобаны мақұлдады. Несие желісінің жалпы сомасы - 3,4 млрд. теңге, соның ішінде 9 жобаға 549,3 млн. теңге көлемінде несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жалпы алғанда бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 88 107,9 млн. теңгенің 506 жобасы мақұлданды.Жалпы құны 85 316,7 млн. теңгені құрайтын 451 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша мақұлданды, 100 адамға 4 417,4 млн. теңге көлемінде несиелер бойынша кепілдер берілді. Өндірістік инфрақұрылымға келсек, электр қуатымен жабдықтау, жол жөндеу, кәріз жүйелері, сумен жабдықтау, бу трассасын ауыстыру бойынша республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 2 791,23 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды. Мұнымен қоса, 59,9 млн. теңгенің 20 жобасына грант аясында рұқсат берілді.

Астанада «Ауыл» партиясының жастар қанаты «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында акция ұйымдастырды
Астана қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының жастар қанаты «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында акция ұйымдастырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
Іс-шараның мақсаты жастардың назарын ғасыр дерті - есірткінің келтірер залалдарына аудару. Жаман әдеттің әрбір адамның келешегіне балта шабатынын түсіндіру әрі салауатты өмір салтын насихаттау.
Шараға жағымсыз теріс әдеттерге тез еліктегіш, солқылдақ кезең 16-29 жас аралығындағы жастар қатысты.
Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабының өкілдері қатысты.
Есірткінің кесірі және оның адамның жүйке жүйесіне тигізер зардабы туралы Астана қаласының медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының дәрігер-наркологы толыққанды айтып берді.
Депутаттыққа үміткер Толымбек Ғабділәшімовтің айтуынша, отбасы құндылықтарын сақтап, оны жаңғырту маңызды. Әрбір отбасындағы тұрақтылық пен татулық ондағы баланың дамуына да оң әсерін береді. Себебі бала ұяда көргенін ұшқанда іледі. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында отбасы құндылықтарын жаңғырту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар бағдарламада салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың саулығын қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған.
Іс шаралардың қорытындысында есірткіге деген төзбеушілк сезімін білдіру мақсатында жастар аспанға әуе шарларын жіберді.
Астанада 300 адам тегін қазақ тілін үйрене алады
Жыл басынан бері елордада азаматтарға қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта тегін курстарға тағы да 300 адам жазыла алады. Ол үшін 29 наурызға дейін Тілдерді дамыту басқармасына өтініш беру керек, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тегін курстарға жазылу үшін өтініш беріп, анкета толтыру қажет, өзіңізбен бірге жеке куәліктің көшірмесін ала келуіңіз керек.
Оқыту курсы 1 сәуірде басталады. Сабақтар күндіз «Іскер» орталығында сағат 09.00-18.00 аралығында өткізіледі. Айта кетейік, курстарға тек ересектер ғана жазыла алады. Жыл соңына дейін тіл үйрену курстары тегін болады.

UWW президенті: Астанадағы турнирде нағыз күресті көрсетуіміз керек
Әлем күрестері бірлестігінің (UWW) президенті Ненад Лалович ертең Астанада өтетін азиялық лицензиялау турнирінің қатысушыларын таза және әділ күреске шақырды.
«Техникалық делегаттар, жарыс төрешілері жұмыстарына қатысты нұсқаулықтар алды. Бірінші орында нағыз және таза күрес болу керек. Бір-бірінің саусақтарын сындыратын тәсілдерді ұмытуларыңыз қажет. Палуандар әлемге әділ күресті көрсетеді деп үміттенемін», - деді Н.Лалович түрлі делегациялардың өкілдеріне.
Астанада күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі 18 - 20 наурыз аралығында өтеді. Жарыстарға 20-дан астам елдің спортшылары қатысады. Солардың ішінде Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан құрамалары бар.
Онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама сарапқа салынады.

Елордадағы азиялық лицензиялық турнирді бүкіл әлем тамашалайды
18 наурыз күні Қазақстан елордасында басталатын күрестен байрақты бәсекені бүкіл әлем жұртшылығы ғаламтор арқылы тамашалай алады.
Бұл туралы Әлем күрестері бірлестігінің (UWW) президенті Ненад Лалович елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
«Бұл сайысты бүкіл әлем жұртшылығы тамашалай алатындығын естеріңізге салғым келеді. Біреулер телеарналар арқылы, дегенмен, басым бөлігі Video Stream арқылы онлайн-көрсетілімді көреді. Турнирді тікелей көрсететін телеарналардың саны бүгін белгілі болады. Қалай десек те, видеокөрсетілімді әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады».
Сонымен қатар ол соңғы әлем чемпионатында жалпы 40 млн, оның ішінде Ташкент турнирін 1 миллионнан астам, Лас-Вегас турнирін 14 миллионнан астам, ал Латвия турнирін 5 миллионнан астам адам тамашалағандығын жеткізді.
Айта кетерлігі, Астанаға шамамен 400-ге жуық спортшылар, жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер, журналистер мен жанкүйерлер келді. Астанада күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі 18 - 20 наурыз аралығында өтеді. Жарыстарға 20-дан астам елдің спортшылары қатысады. Солардың ішінде Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан құрамалары бар. Онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама сарапқа салынады. Грек-рим күресінен ерлер 59, 66, 75, 85, 98, 130 келіде, ал еркін күресте 57, 65, 74, 86, 97, 125 келіде белдеседі. Ал әйелдер 48, 53, 58, 63, 69 және 75 келі салмақ санатында үздіктерді анықтайды.

Назарбаев Университетінде АҚШ-тың жетекші компанияларының көшбасшы әйелдерімен кездесу өтті
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі біздің елімізге ғылым, технологилар, инженерия және математика саласындағы көшбасшы әйелдердің үлкен делегациясын ұйымдастырды.
Шара 14-18 наурыз аралығында АҚШ пен Қазақстан арасындағы инновация саласындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығы аясында өтуде. TechWomen делегациясына қатысушылар Астана және Алматы қалаларында мектептердің оқушы қыздары үшін шеберлік сабақтарын өткізеді, жас кәсіпкер әйелдер үшін «speed geek» нетворкинг кездесулеріне, студенттер мен әйелдерге арналған бейресми нетворкинг кездесулері үшін бос орындар жәрмеңкесіне қатысады. Оларда мансап ретінде жоғары технологиялар саласы қаралады.
TechWomen мақсаты STEM саласында қол жетімділік пен мүмкіндіктер ұсыну арқылы көшбасшы-әйелдердің келесі ұрпағына қолдау көрсету, байланыс орнатып, оларды жігерлендіру.
Бүгін Астанада TechWoman делегаттарының «Назарбаев Университетінің» студенттерімен және оқытушылармен кездесуі өтті. Әйелдер АҚШ-тың көшбасшы tech компанияларында: Apple, LinkedIn, Mozilla, Symantec және Yahoo кәсіпорындарында жұмыс жасайтындықтарын айтты. Делегация құрамында Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан ақпараттық техологиялар саласындағы жеке компаниялардан және техникалық университеттерден төрт қыз бар. Олар АҚШ-тағы 2015 жылғы TechWomen алмасу және менторлық бағдарламаларының түлектері. Бұлар осы компанияларда тағылымдамалық жобаларға және кәсіби даму семинарларына қатысты.
Оған қатысқан қазақстандықтардың бірі Диана Цой бағдарлама Қазақстанның жас қыздарының әртүрлі салаларда мансаптық өсуіне жол ашуға жігерлендіретінін айтты.
Бұл TechWomen делегациясының Орталық Азияға алғашқы сапары. Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы бұл сапар аймақта тиімді ынтымақтастықты құруға оң ықпал етеді және ғылыми инновациялар саласындағы адамдар мен елдер арасындағы жұмысты нығайтады деген сенімде.

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне ең үздік кәдесый өніміне республикалық конкурс жарияланады
Бүгін сағат 11.00-де елордадағы «Керуен» СОО-да І Республикалық «Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінің» ашылу салтанаты өткізіледі. Іс-шараның аясында қолөнер бұйымдары мен кәдесый өнімдерінің көрмесі мен сатылымы және ұлттық ерекшелікпен жасалынған сәндік киімдердің көрсетілімі қарастырылған. Сонымен қатар барлық ниет білдірушілер үшін бейнелеу өнері, киізбен жұмыс істеу, ағаш ою, себеттер тоқу, қыш заттар жасау бойынша тегін шеберлік сабақтары өткізіледі.
Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сәндік көрсетілімде белгілі қазақстандық дизайнерлер «Асыл Дизайн» сән үйінен өзінің эксклюзивті топтамасымен Айдархан Қалиев (Тараз қ.) және «Тарбия» қазақтың ұлттық киімінің сән салонының басшысы Тарбия Айдымбаева қатысады.
«Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінің» мақсаты - халқымыздың қолөнерлік дәстүрлерін сақтау және танымалдандыру, сонымен қатар өзінің бұйымдарымен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген Қазақстанның қолөнер шеберлерінің әлеуетін көрсету болып табылады. Көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 70-тен аса қолөнершілер қатысады.
І Республикалық «Ұлы дала көрме-жәрмеңкесінде» «Astana Expo-2017» логотипін тапсыру үшін ең сапалы өнімді анықтау мақсатымен ЭКСПО-2017 көрмесіне ең үздік кәдесый өніміне республикалық конкурстың басталуы жарияланатын болады.
2005 жылдан бастап БҰҰ ДБ тұрақты табыстарын қамтамасыз ету үшін қолөнершілердің шеберлігін жоғарылатуда және халық шығармашылығын қайта жандандыруда Қазақстанның өңірлеріндегі қолөнершілерге (негізінен әйелдерге) белсенді қолдау көрсетті. Көрме-жәрмеңкеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Бірлескен бағдарламалары жүзеге асырылатын Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аумақтарындағы жобалардың аясында БҰҰДБ қолдауына ие болған және киізбен айналысатын қолөнершілер ерекше орынға ие болады деп күтілуде.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы және G-Global халықаралық хатшылығы.
Бос орындар жәрмеңкесіне 2000-нан астам жас астаналық қатысты
Елордада жұмыссыз жүрген жастарға, ЖОО студенттері мен түлектеріне арналған алғашқы салалық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер техникалық саладағы 200 артық мамандық бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Елордалық жұмыссыз жүрген жастар мен техникалық мамандықтар бойынша бітірген түлектер «Теплотранзит» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «Базис-А» ЖШС, «КазТрансГаз» АҚ, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, «ArabTec» ЖШС және т.б. компаниялардың өкілдерімен кездесті. Жұмыс берушілер жұмыс іздеушілерді ұсынылған бос орындар тізімімен таныстырып, өз ұйымдары мен кәсіпорындары туралы толық ақпарат ұсынды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 200 астам адам әңгімелесуге шақырылды.
Алдағы уақытта сала бойынша бос орындар жәрмеңкесін екі айда бір өткізу жоспарланып отыр. Басты мақсаты - экономиканың белгілі бір саласын кәсіпорындар кадрларымен қамтамасыз ету. Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, хабарлауынша, шараның басты міндеті бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс іздеушілерді нақты санаттар бойынша біліктілігіне қарай әңгімелесуге жіберу үшін белгілі бір саладағы жұмыс берушілерді жинау болып табылады.

Қазақстанның үздік қолөнершілері өздерінің өнімдерін ЭКСПО-қалашықта сатады
Астанадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Ұлы Дала жәрмеңкесі» атты республикалық көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Шара барысында қолөнер бұйымдары мен кәдесый өнімдері, ұлттық нақыштағы сәндік киімдердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар қызығушылық танытқан тұрғындарға бейнелеу өнері, киізбен жұмыс істеу, ағаштан және қыштан бірегей заттарды жасаудан тегін шеберлік сабақтары өткізіледі.
«Бұл жәрмеңке аясында «Ұлы Дала өнері» қолөнершілерінің республикалық байқауы өткізіледі. Осы орайда үздік бұйымдар іріктелінеді. Кейіннен біз бұл жұмыстарды жинап, ЭКСПО-қалашық аумағында сатуға мүмкіндік жасаймыз. Атап айтқанда, өнімдер өздерінің бірегейлігімен, сапасымен ерекшеленіп, ұлттық нақышқа сай болуы тиіс»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «EXPO & Women» халықаралық ұйымының директоры Салтанат Рахымбекова.
Байқауды ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жеңімпаздардың бұйымдарына Astana EXPO-2017 логотипі беріледі.
Айта кетейік, іс-шараны Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы және G-Global халықаралық хатшылығы ұйымдастырды.

Астанадағы турнирде қазақстандық екі балуан Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Астана қаласында бүгін «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың түске дейінгі қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға шығып, Рио Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.
Бірінші жолдаманы әйелдер арасындағы 69 келі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова финалға өтіп қанжығасына байлады. Ал еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғ. Өсербаев финалға сүрінбей жетіп, Қазақстан қоржынына екінші жолдаманы салды.
53 келіде сынға түскен З. Яхиарова мен 85 келіде «классик» А. Құстыбаев жарысты ерте аяқтады.
Енді финал кешкі сағат 18:00-де басталады. Жолдама алған қос саңлағымыз бүгін кеште алтынға таласады.
Естеріңізге сала кетейік, финалға жолдама алған балуандар лицензияға қол жеткізеді.
Астанадағы турнирге қатысатын Азияның 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салады.
Астанаға газ тарту жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды - Энергетика министрлігі
Астанаға газ тарту жөніндегі мәселе белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлім етті.
«Бүгінгі таңда Астанаға газ құбырын тартудың екі жобасы бар. Олар: Қостанай облысынан тартылатын «Қарталы - Тобыл - Көкшетау - Астана» магистралі мен «Бейнеу - Бозой - Шымкент» құбырына «Қызылорда - Жезқазған - Теміртау - Қарағанды - Астана» магистралін жалғау арқылы елордаға газ жеткізу. Бірінші жоба бойынша жұмыстар атқарылды, жобалық-сметалық құжаттамасы да бар. Екінші магистраль бойынша аздаған теxникалық-экономикалық есептеулер жасалды. Қазіргі уақытта екі жобаны да тоқтата тұру туралы шешім шығарылды. Әзірге белгісіз мерзімге», - деп атап өтті департамент директоры.

Астана мемлекеттік академиялық филормониясы көпшілікке жаңа туындыларды таныстырды
Наурыз мейрамы қарсаңында Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында Астана мемлекеттік академиялық филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің «Ғасырлар үні» атты концерті өтті. Ең бастысы, бұл концерт бірнеше жаңа туындылардың алғаш рет орындалуымен ерекше болды.
Атап айтқанда, Мағжан Жұмабайұлының «Батыр Баян» поэмасы бойынша жазылған композитор Дулат Әбілдиновтың «Батыр Баян» музыкалық шығармасы алғаш рет көрермендер назарына ұсынылды.
Сол секілді композитор Тоғжан Жахиннің «Еділ патша», «Жаңа заман» атты музыкалық поэмаларын елордалықтар жылы қабыл алды.
Композитор Мәдина Тұрсынбаеваның «Самға, Астана» әні де халықаралық байқаулардың лауреаты Күнсұлу Тұрлыбекованың орындауында алғаш рет шырқалды. Бұдан кейін оркестр композитор Ардақ Тәңірбергенұлының «Жорықта» шығармасын да алғаш рет тыңдармандарға таныстырды. Дирижерлік жасаған Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
Бұдан бір-екі жыл бұрын композитор Нұрлан Бекенов қазақтың өр рухты ақыны, батыры Махамбет Өтемісұлына арнап «Қызғыш құс» деген күй шығарған болатын. Міне, осы күйді аталған оркестр алғаш рет көрермендерге тарту етті. Жеке домбырада Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Анар Мұздаханова орындады. Оркестр мен жеке орындаушы арасындағы үйлесім күрделі күйдің көркін аша түсті.
Әнші, республикалық байқаулардың лауреаты Данияр Мұқан композитор Базаралы Түсіпжановтың «Домбыра» әнін нақышына келтіре шырқап, ән сүйер қауымның қошеметіне бөленді.
Сонымен қатар композитор Жанар Жүсіпованың «Гүлсім ханымға» әні тұңғыш рет шырқалды. Бұл ән Мағжан Жұмабайұлының сөзіне жазылған.
Келесі кезекте композитор Арман Жайымның «Әз-Тәуке», Төле би кантатасынан «Қарлығаштың әні», Бибарыс операсынан «Айдананың ариясы» сияқты бірқатар музыкалық шығармалары орындалды. Бұл шығармалардағы терең тебіреніске толы әндердің сөздерін оркестрдің сүйемелдеуімен әнші, республикалық байқаулардың лауреаты Шахризада Тыныштық көрермендерге жеткізді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымовтың дирижерлік етуімен бірнеше шығармалар орындалды. Соның бірі - Арман Жайымның фортепиано мен оркестрге арналған «Махамбет» атты № 2 концерттен финал. Бұл туындыны оркестрдің қолдауымен автор Арман Жайымның өзі орындап берді. Осы шығарма да көрермендер назарына алғаш рет ұсынылғанын айта кеткеніміз жөн.
Әр көрерменнің жанына шабыт беріп, көңілін күйге бөлеген концертте басқа да әндер шырқалды, күйлер тартылды.

Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық байқауында бірінші орын алды
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының арасында ХІ «Зерде» республикалық конкурсы өтті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпы командалық есепте бірінші орын алып «Үздік команда» атанды.
Конкурс нәтижесінде, 19 астаналық оқушы алтын, 13-і күміс, жетеуі қола алды.
Конкурс қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика-информатика, физика-техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану; биология, химия; валеология, экология пәндерінен өтті.
Айта кетейік, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және зерттеу қызметін дамыту, әлемді, ғылымды тануға деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалдық және ғылыми конкурстарды тұрақты түрде өткізеді.

Астанада Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті
Бүгін Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті.
«Іс-шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің, Қазақстан дінтанушылар Конгресінің, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және ҚР МСМ Дін істері комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты», делінген хабарламада.
Жиналыс жұмысының аясында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің атынан Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан халқына құттықтау хаты бекітілді.
Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Жиналыстың мүшелері мен қонақтары үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның ресми бөлігінен кейін оған қатысушыларға ыстық шәй, «Наурыз көже» дәстүрлі тағамы, шығыс тамақтары ұсынылды.
Сондай-ақ түрлі конфессия өкілдері «Асық ату», «Арқан тарту» ұлттық ойындарына белсене қатысты.

Елордалық ардагерлерге Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден төленеді
Бүгін Астанада бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин жақын арада қандай жобаларға қаржы бөлінетіні туралы баяндады, деп хабарлады astana-akshamy.kz.
2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыра келе, А. Лукин Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монументті жасауға және орнатуға жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, сондай-ақ, бюджетте Триумфалды арканың жанындағы дөңгелек алаңды абаттандыру қарастырылған.
Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс барысында Астанада мүгедектерді, қарттар мен ауру жандарды күту бойынша жаңа кәсіпорын ашылатыны мәлім болды.
- Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыскерлер үш аудандық әкімдіктің құрамында. Олардың жалпы саны - 112 адам. Енді бұл жұмыскерлер бір мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорынға біріктіріледі, ол мүгедектерді, қарттар мен сырқат жандарды күту бойынша қызметтер ауқымын кеңейтеді. Мұқтаж жандарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында аудан әкімдіктеріне 185 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының функциялары Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына беріледі. Бұл кәсіпорынға ауру адамдарды, қарттарды күтуді қажет ететіндердің барлығы жүгіне алады. Алдағы уақытта қызметтер ауқымы кеңейе түспек, - деді Андрей Лукин.
Астана қаласы әкімінің орынбасары түскен қаржы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеуге жұмсалатынын жеткізді. Бұл мақсаттарға қосымша қаржылар бөлінбейді, ол қайта үлестіріледі.
Кәсіпорын өз жұмысын биыл сәуір айында бастайды.
Сонымен қатар, психоневрологиялық диспансер салу туралы шешім қабылданды. А. Лукин ең жақын психоневрологиялық диспансердің Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқанын атап өтті.
Кезектен тыс сессия барысында биыл елордалық ардагерлерге 9 мамыр мерекесіне орай тағы да 1 миллион теңгеден төленетіні айтылды. Жалпы, Астанада Ұлы Отан соғысына қатысқан 172 адам тұрып жатыр. Қалалық мәслихат депутаттары бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Отырыс соңында жергілікті бюджетке енгізілетін түзетулер бекітілді. Андрей Лукиннің мәліметінше, 2016 жылдың басында қалалық қазынада 9 миллиард 200 миллион теңге көлемінде бос қаражат қалған. Кіріс бөлігі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артуымен байланысты. Оның айтуынша, бұл қаржыдан қаланың қажеттіліктеріне 8 миллиард теңге жұмсау көзделген.

Астана: «Наурыз мейрамы» аясындағы 19 наурызда өтетін шаралар
Астанада Ұлыстың Ұлы күні - Әз-Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар басталды. ҚазАқпарат бүгін, 19 наурыз күні өтетін мәдени шаралар кестесін ұсынады.
19 наурыз
10:00 - Бұқаралық шара Интернациональный елдімекені
11:00 - Е.Шварц «Қызыл телпек» (ертегі) М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
12:00 - С.Қасымбек «Наурыз ару» (ертегі) «Жастар» театры
12:00, 14:00 - А.Салаева «Армысың, әз-Наурыз!» Астана қаласының қуыршақтар театры
16:00 - «Жыртқыштар империясы» бағдарламасы Астаналық цирк
18:00 - Н.Гоголь «Мұнда бәріміз де өзіміз», «Ревизор» пьесасы бойынша импровизация М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
18:00 - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиевтің «Айттым сәлем, сағынып!» концерті Конгресс-холл
19:00 - «Армысың, Әз Наурыз!» байқауының гала концерті «Қобыз» сарайы

Астана «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына қатысты
‪ Бүгін, 19 наурызда, елорда «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. ‬‬‬‬‬
Барша әлемде миллиардтаған адам планетамыздың болашағына немқұрайлы қарамаудың белгісі ретінде өз үйлері мен пәтерлерінде жарық пен электр құралдарын бір сағатқа өшірді. Сонымен қатар, басты объектілер мен туристік көрікті жерлерде де жарық сөндірілді.Астанада сағат 20.30 - 21.30 аралығында 300 астам ғимараттың сыртқы жарықтандырылуы тоқтатылды, соның ішінде «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында.Шараға «Қазақстан» спорт кешені, «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз айдын сарайы, «Барыс Арена» сияқты спорттық нысандар да қосылды. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Елордалық цирк, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Жастар» сарайы, Қуыршақ театры мен «Наз» би театры да акцияға қолдау көрсетті.«Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) барша әлемде жүздеген мемлекетті қамтыған және табиғатты сақтаудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқор болудың белгісі болып табылатын ауқымды акциясы. Өткен жылы акцияға 172 мемлекет пен 2 миллиардтан астам адам қатысқан.Биыл елімізде «Жер сағаты» 16 сәуір - 16 мамыр аралығында өтетін «Ұлттық орман отырғызу күні» республикалық акциясының қамқорлығымен ұйымдастырылды. Акцияға Қазақстаннан 80 қала қатысты. Елорда аталған халықаралық шараны бірнеше жылдан бері қолдап келеді.Акция қоғам назары баламалы энергия көздерін пайдалануға бағытталған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында аса маңызды болып табылады. Мемлекет энергия үнемдегіш технологияларды пайдаланып, «жасыл экономиканы» дамытуда, осы мақсатта жасалған алғашқы қадам - ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру.

Астанада 20 наурыз күні өтетін мерекелік шаралар
Астана қаласында «Наурыз мейрамы - 2016» тойы аясында 20 наурыз күні өтетін шаралар:
11-00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры. О.Розум «Марғаудың жаңа жылды құтқару хикаясы /Ертегі/.12-00, 14-00-де Астана қаласының Қуыршақтар театры. А.Саламова. «Армысың, әз-Наурыз!»16-00-де Астаналық цирк. «Жыртқыштар империясы» бағдарламасы.«Астана ақшамы» газетінен алынды.

Елордалық қуыршақ театры халықаралық фестивальға қатысады
Астана қалалық Қуыршақ театры наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында Тамбов қаласында (РФ) өтетін халықаралық фестивальға дайындалу үстінде, әртістер көпшілік назарына «Атамекен» трагедиясын ұсынбақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
21 наурызда Халықаралық қуыршақтар театры күні аталып өтіледі. Аталған мереке барша әлемде 2003 жылдан бері тойланып келеді. Астана қалалық Қуыршақ театрына биыл 9 жыл болады, онда 30 астам актер, қоюшы-режиссер, суретші мен қуыршақтар шебері еңбек етеді. Театр труппасы әрбір қойылымға мұқият дайындалады, өйткені спектакльге ең мұқият жас көрермен өз бағасын береді.Қазіргі кезде әртістер наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында Тамбов қаласында (РФ) өтетін халықаралық фестивальға дайындалу үстінде, әртістер көпшілік назарына «Атамекен» трагедиясын ұсынбақ. Қойылымда тауларды қар басып, туған жеріне жете алмай отырған шағын қазақ ауылының тұрғындары жайлы баяндалады. Спектакльде қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті сипатталады.Театрдың қоюшы-режиссері әртістердің әрбір дайындығын мұқият бақылайды.Театр репертуарында түрлі жанрдағы қойылымдар бар, балалар трагедияларды да, көңілді комедияларды да ұнатады. Әр спектакль белгілі бір жастағы балаларға арналған. «3+» тобы - ең кішкентай балаларға арналған, барлық жастағы оқушыларға ұсынылатын қойылымдар да бар. Санатына қарай спектакльдің ұзақтығы да өзгереді.Елордалық қуыршақтар театры өз жұмысын «Қыз Жібек» поэмасының желісі бойынша «Махаббат туралы поэма» спектаклінің премьерасынан бастады. Театр арсеналында жарқын және ерекше қуыршақтар бар, ең үлкені биыл 9-ға келеді. Жаңа қуыршақ кейіпкерін жасау процесі көп еңбекті қажет етеді. Алдымен, кейіпкерді режиссер ойлап табады, содан кейін суретші оның бейнесінің эскизін салады, ал соңғы кезеңде тігінші қуыршақтың әрбір элементін жасайды.Айжан Салаева, Астана қаласының Қуыршақ театрының қоюшы-режиссері:- Бізде арнайы суретші мен тігін цехы бар. Алдымен бәрін солармен келісеміз. Біз не қалайтынымызды және қуыршақтың қандай болатынын айтамыз. Содан кейін эскиз бен қуыршақ жасалады.Қазіргі кезде театр барлық республикалық мерекелік шараларға белсенді қатысады, театр қоржынында «Үздік спектакль» және «Үздік актерлік жұмыс» бойынша халықаралық фестивальдардың марапаттары бар.Елордалық театр қызметкерлері төл мерекелерін зор мақтанышпен қарсы алады. Олардың әрқайсысы еңбектерінің жас көрермендердің тәрбиесіне оң әсерін тигізгенін қалайды.

КҮРЕС: Қазақстан құрамасы Олимпиаданың тағы төрт жолдамасын иеленді
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирдің үшінші күні Қазақстан құрамасы Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды.
Атап айтқанда, әйелдер күресінен жеңіл салмақтағы (48 келі) Жұлдыз Ешимова ширек финалда өзбек қызы Жақсымұратованы 10:0 есебімен, ал жартылай финалда үндіс аруы Винешті 5:4 есебімен ұтты. Сонымен қатар, 63 келідегі Екатерина Ларионова да жеңіс тұғырынан көрініп, лицензияны қанжығасына байлады.
Ал еркін күрестен 86 келіде күрескен Аслан Кахидзе жартылай финалда жапондық палуанды 6:3 есебімен ұтып, жолдамаға қол жеткізді. Сондай-ақ, еркін күрестен аса ауыр салмақтағы (125 келі) Дәулет Шабанбай жартылай финалда қырғыз Аял Лазаревті 10:8 есебімен жеңіп финалға шықты. Осылайша ол екінші мәрте Олимпиада ойындарына бару мүмкіндігіне ие болып отыр.
Өкініштісі, грек-рим күресінен палуандарымыздың жолы болмады. 66 күрескен легионер Магомед Чухалов жартылай финалда жапон балуанына есе жіберді. Ал 98 келіде белдескен еліміздің он дүркін, Азияның екі мәрте чемпионы Марғұлан Әсембеков те уысындағы жолдаманы жіберіп алды. Ол жартылай финалда үндіс балуаны Хардеептен 11:2 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, келесі іріктеу турнирлері Ұлан-Батырда (Моңғолия) 22-24 сәуірде және екінші іріктеу Стамбұлда (Түркия) 6-8 мамыр күндері болады.

Литва байқаушысы: Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі
Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Литва атынан келген xалықаралық байқаушы, Литва Сеймінің депутаты, ЕКПА-дағы Литва делегациясының мүшесі Гедиминас Якавонис мәлім етті.
«Қазір сайлау барысында Сіздердің мемлекеттеріңіз болашаққа, келешек басымдықтарға маңыз беріп келе жатқандығын байқауға болады. Мемлекетте ұзақ мерзімдік стратегия бар. Бірінші кезекте ол - 2050 стратегиясы. Ол әлемдегі дағдарыс жағдайынан тиімді шығудың шешімін ұсынады. Сіздердің мемлекеттеріңіз бен биліктеріңіздің саясаты ешкімге тәуелді еместігі ұнайды. Сіздердің Президенттеріңіз елді өте ақылды басқаруда. Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі», - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.

Италия байқаушыларын Қазақстанның қонақжайлылығы тәнті етті
Италия байқаушыларын Қазақстанның қонақжайлылығы тәнті етті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын қадағалауға келген Италия делегациясының өкілі Адель Гамбаро айтты.
«Бізде сайлау учаскелеріне бару мүмкіндігі болды. Кейбіріміз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Сіздердің қонақжайлылықтарыңыз қатты тәнтті етті, бізге ұнады», - деп атап өтті А.Гамбаро Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өткеніндей, Қазақстандағы Парламент сайлауы туралы заңға сай өтуде.
«Мен бұның алдында көптеген елдерде сайлау барысын бақылап келдім. Бір байқағаным, Қазақстандағы сайлаудың барысы өте ашық өтуде, барлық талаптар орындалуда. Біз бірқатар учаскелерде болдық. Түске дейін 700 мың адамның дауыс беруі бізді таңқалдырды. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептейміз»,- деді итальяндық байқаушы.
Сонымен қатар, Адель Гамбаро сайлауға жастардың көп келуін ерекше атап өтті.
«Жас сайлаушылар ерте келіп, өз дауыстарын беріп жатты. Меніңше бұл өте жағымды үрдіс», - деп атап өтті ол.

Қазақстан шынайы демократия құру жолында ілгерілеу үстінде - корейлік байқаушы
Қазақстан шынайы демократия құру жолында ілгерілеу үстінде. Бұл туралы бүгін Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының бөлім бастығы Лим Чай Мэн айтты.
«Ең алдымен сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ал сайлау процесіне келер болсақ, ол Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сай, мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Мен бұл сайлаулардың нәтижесінде ел барынша тұрақталып, өзінің ішкі ұлттық интеграциясын нығайта түседі деп сенемін», - деді ол.
Сонымен қатар корейлік байқаушы Қазақстан мен Корея сайлауды байқау саласындағы ынтымақтастығын нығайту арқылы өзара байланыстарын күшейте түсетіндігін атап өтті.
«Қазақстан шынайы демократия құру жолында ілгерілеп келеді. Айта кетерлігі, Кореяның сайлау барысында заманауи электронды технологияларды қолдануда мол тәжірибеге ие. Біз сайлау процесінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе бөліспек ойымызда бар. Сонымен қатар біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың да кеңейе түскеніне мүдделіміз», - деді Лим Чай Мэн.

Ресейлік байқаушыны сайлауға келген халықтың қалың нөпірі таңқалдырды
Ресей байқаушысы, РФ Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ ПА өкілі Владимир Васильевті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға келген халықтың көптігі таңқалдырды.
Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Сайлау жақсы өтіп жатыр. Халыққа басты Конституциялық міндеттерін орындауға барлық жағдайлар жасалған. Біз сайлау басталмай жатып, 7 сайлау учаскесінде болдық. Барлық жағдайлар қамтамасыз етілген. Мен және өзге де шетелдік байқаушылар ешбір заңбұзушылықты анықтаған жоқпыз», - деді В.Васильев.
Ол сонымен қатар Қазақстан халқының сайлаудағы белсенділігіне де жоғары баға бере кетті.
«Сайлау учаскесіне келгенімізде, оның алдында дауыс беруге ниет танытқан халықтың саны өте көп екендігін көрдік. Менің барлық әріптестерім осы бір ерекшелік басқа да сайлау учаскелерінде болғанын атап өтті. Олардың айтуынша, барлық сайлау учаскелерінде таңғы 7-ден бастап, ұзынсонар кезек тұрған», - деді ол.
Дауыс беру үдерісінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ - С. Марков
Дауыс беру үдерісінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада берген баспасөз мәслихатында Ресей байқаушысы, Мәскеудің Саяси зерттеулер институтының директоры Сергей Марков мәлім етті.
«Қазақстан халқын парламенттік сайлаудың сәтті өткізіліп жатқанымен құттықтаймын! Сайлаудың нәтижелері бойынша да сіздерді құттықтауға болады деп сенеміз», - деді С.Марков.
Оның айтуынша, ол Астанада 6 сайлау учаскесінде болған және онда сайлау заңнамасына қайшы келетін ешбір заңбұзушылық анықталмаған.
«Сайлау барысында біз 6 сайлау учаскесінде болдық. Бұл біздің аздаған миссиямыздың аясында ғана, біздің басқа да әріптестеріміз учаскелерде болып қайтты. Біздің бақылауымызша, сайлау барысы заң аясында өтуде. Сайлау үдерісіне қатысты ешқандай заңбұзушылықтар анықталмады. Сонымен қатар халықтың жоғары белсенділігін атап өткім келеді. Олардың мемлекеттік институтқа өздерінің дауыстары арқылы қолдау көрсетуге ниетті екендіктері көрініп тұрды», - деп түйді сөзі ресейлік байқаушы.

Қазақстанда сайлау ашық, әрі әділ өтуде - Грекия байқаушысы
Қазақстанда сайлау ашық, әрі әділ өтуде. Бұл туралы бүгін Астанада берген баспасөз мәслихатында Грекия атынан келген халықаралық байқаушы, Теннис федерациясының президенті Занияс Спиридон мәлім етті.
«Біз кеше сайлауалды дайындықты пысықтадық. Дауыс беру үдерісі басталмай тұрып, сайлау учаскелерінің дайындығын қарап шықтық. Бүгін 5-6 сайлау учаскесін араладық. Сайлау барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жеке өзім ешқандай заңбұзушылықты көрген жоқпыз. Барлығы ашық және әділ өтіп жатты», - деп атап өтті З.Спиридон.
«Соңғы жылдары біздің мемлекеттер арасында қарым-қатынастар жақсара бастады. Біздің осы елге келуіміз бұл байланыстарды тереңдете түседі деп сенемін», - деді халықаралық байқаушы.

Елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары сайлауда дауыс берді
Елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
ҚР Армян диаспорасының өкілі, «Ван» этномәдени орталығының хатшысы Саак Салумян алғашқылардың бірі болып №51 сайлау учаскесінде дауыс берді.
- Мемлекетімізді және Президентімізді толығымен қолдаймын. Ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында ертеңгі күнге сенімді қадам басып, әрқашан да тек алға ғана жылжу үшін Қазақстан халқы өз таңдауын жасамақ. Дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін, - деп бөлісті өз пікірімен Саак Салумян.
«Достық» өзбек этномәдени орталығының төрағасы Хасан Шәріпов №17 мектеп ғимаратындағы № 92 сайлау учаскесінде дауыс берді.
- Бәріміз үшін аса маңызды оқиға - сайлауға бүкіл отбасымызбен келдік. Қазақстанның болашағы, бірлік пен ынтымақ үшін дауыс бердік, - деді Хасан Шәріпов. Ол Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу әлемде қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты дұрыс қабылданған шешім екендігін атап өтті.
«Поляктар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Роговская еліміздегі үлкен саяси оқиғаны қолдап, өз таңдауыңды жасау маңызды деп санайды.
- Мемлекетке жаңа серпін қажет, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттың жаңартылған құрамы экономикамызды модернизациялайды. Біздің қоғам дұрыс жолмен келеді, адамдар үлкен өзгерістерді күтуде, сайлауға да шын ниетпен келіп жатыр.
№8 сайлау учаскесінде кісі көп болды, дауыс беру үшін кезекте тұруға тура келді, - дейді Елена Роговская.
Айта кетейік, ертең Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кандидаттарды сайлау өтеді.


Әзербайжан байқаушысы: Гүлденген Қазақстан үшін бұл сайлау - демократияға қарай тағы бір қадам ілгерілеушілік
Қазақстанның Орталық сайлау комисиясы өз жұмыстары барысында кәсібилік танытты. Бұл пікірді бүгін Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі Рашид Юсифбейли білдірді.
«Біз Астана қаласындағы учаскелерде дауыс беру барысын байқадық. Ашылуында да болдық, күні бойы түрлі учаскелердегі дауыс беру барысын бақыладық. Учаскелердің жабылуына да куә болып, дауыстарды санау барысын көрдік. Толықтай алғанда, біз сайлаудың өте ұйымшылдықпен өткенін, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өз жұмыстарында кәсібилік танытқандығын айта аламыз», - деді ол.
Сонымен қатар әзербайжандық байқаушы дауыс беру барысы тыныш әрі еш оқыс жайттарсыз өткендігін баса айтты.
«Біз сайлаушылардың қалауы ескерілгендігін көрдік. Біздіңше, гүлденген Қазақстан үшін бұл сайлау демократияға қарай тағы бір қадам болды», - деді Р.Юсифбейли.

Астанада сайлаушылардың 74,65 пайызы дауыс берген
ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беру аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астанада сайлаушылардың 74,65%-ы дауыс берген. Жалпы, Республика бойынша сайлаушылар саны 7 миллион 500 мыңды құраған, халықтың 77,1%-ы сайлауға қатысқан.
Елімізде дауыс беру процесі 9 840 сайлау учаскесінде өтті, астаналықтар 178 ашық сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сайлауда дауыс беруге әртүрлі жастағы және түрлі кәсіп иелері келді. 18 жасқа толған және бүгін туған күнін мерекелеген азаматтар да дауыс беру бюллетеньдерін сайлау жәшіктеріне салды. Зейнеткерлер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекет үшін маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. Халықтың аталған санаттарына жататын және денсаулығының жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған азаматтар үйлерінде дауыс берді.
Қазіргі кезде барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауысын есептеу жүргізіліп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес бұған 12 сағат уақыт беріледі.
Астанада «Наурыз» мерекесін тойлауға арналған шаралар
Астана қаласында «Наурыз мейрамы - 2016» мерекесін тойлауға арналған шаралар бағдарламасын оқырман назарына ұсынамыз.
10:00-де Ашық алаңдарда өтетін бұқаралық шаралар
Өтетін орындары:
«Қазақ елі» монументі,
«Жастар» театры алдындағы алаң,
«Железнодорожный» ауылы,
«Шығыс Ильинка» тұрғын алабы,
«Пригородный» елді мекені,
«Наз» театрының алдындағы алаң,
«Өндіріс» тұрғын алабы.
11:00-де
«Студенттік» саябағы,
«Жерұйық» саябағы.
12:00-де
Қалалық алаң
«Астана-Бәйтерек» монументі.
14:00-де
«Астана-Арена» стадионы.
12:00-де
Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт
Өтетін орны: «Сарыарқа» республикалық велотрегі.
12:00 және 14:00-де
А.Салаева, «Армысың әз-Наурыз!»
Өтетін орны: Астана қаласының Қуыршақтар театры.
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс съезі
Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы
18:00-де «Қазақтың мың күйі» концерт.
Өтетін орны: Конгресс-холл
18-00-де
«Жастар көктем лебі» фествиалі аясында қолданбалы өнер көрмесі
Өтетін орны: «Жастар сарайы» "Астана ақшамы" басылымынан алынды.

Астанада Елбасының қатысуымен жеңімпаздар форумы басталды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеше, 20 наурыз күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында халықтың басым дауысын жинаған «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтуде.
Форумға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, партияға мүше танымал азаматтар, спортшылар мен әншілер қатысуда. Жеңімпаздар форумы Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының нақты нәтижелерін жария етті. Сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясына 82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясына 7,14, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына 7,18, «Бірлік» Саяси партиясына 0,29, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 1,18, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 2 пайыз сайлаушылардың дауысы берілген.

Біздің ортақ міндетіміз - Қазақстанды бәріміз үшін жайлы мекенге айналдыру - ҚР Президенті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы сайлауда дауыс берді және байқаушылармен әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы бұл институттың бірегейлігін, соның арқасында Қазақстан 20 жыл бойы тыныштық пен татулықта өмір сүріп, өсіп-өркендеп келе жатқанын атап өтті.
«Ассамблея 100-ден аса этнос атынан өздерінің мүддесін қорғайтын 9 депутатын сайлайды. Республикамыздың барлық облыстарында достық үйлері жұмыс істейді, 960-қа жуық этно-мәдени бірлестік бар. Жастарға, балаларға өз тілін, мәдениеті мен тарихын оқып-үйрену мүмкіндігі берілген.
Сол арқылы біз бүкіл Қазақстан халқын байыта түсеміз. Мұндай тәжірибе еш жерде жоқ. Әлемнің әр түпкірінен келген байқаушылар Ассамблеяның бірегей тәжірибесін өзге елдерге тарату керектігін айтуда. Біз мемлекетімізді сіздермен бірге құрып жатырмыз, біздің ортақ міндетіміз - Қазақстанды бәріміз үшін жайлы мекенге айналдыру», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әлемге айқын әрі әділ сайлау өтіп жатқанын көрсеттік - Елбасы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткен жеңімпаздар форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде баршаны «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
«Сайлауға қатысу көрсеткіші 77 пайыздан асты, қазақстандықтардың 82 пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл - еліміз үшін рекордтық көрсеткіш. Біз бүкіл әлемге республикамызда ашық, айқын әрі әділ сайлау өтіп жатқанын, соның нәтижесінде Парламентте көппартиялы жүйе жұмыс істейтінін паш еттік.
Сайлаудың өту барысын жан-жақты жазып-жариялап, әлемдік қоғамдастыққа көрсеткен шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс айтамын.
Бұл - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында қол жеткен зор демократиялық жетістігіміз. Осыған байланысты республикалық және өңірлік штаб мүшелеріне, әрбір сайлаушыға саясатымызды түсіндірген және жұртты бірлік пен болашақ табыстарға жігерлендірген сайлау алдындағы жұмысқа қатысушылардың барлығына алғыс білдіремін. Біздің ұстанған бағытымызды қолдағаны үшін барлық қазақстандықтарға рахмет. Біз біртұтас екенімізді, кез келген қиындықты еңсеріп, Қазақстанды гүлденген елге айналдыра алатынымызды көрсеттік», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарына да сөз арнады.
«Мен болашақ ұрпаққа халқымыздың бірлігі мен тұтастығын сақтауды аманаттаймын. Біз Қазақстанның өсіп-өркендеп, бүкіл әлемде беделді болуы үшін тыныштық пен келісімнің негізін қаладық. Осының бәрін біз Қазақстан жастары үшін жасап жатырмыз», - деді Мемлекет басшысы.
Соңында Елбасы елдің барша халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Елбасы елордада Наурызға арналған мерекелік шараны тамашалады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан алаңға келіп, халықпен бірге осында мейрамдық көріністерді тамашалады.
Қазіргі уақытта «Астана Арена» маңындағы алаңда орналасқан этноауылда елорда тұрғындары мен қала қонақтары назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, спорттық жарыстар өтіп жатыр. Тайқазан жанында театрландырылған қойылым көрсетіліп, жиналған жұртшылық «Наурыз көженің» дәмін татты.
Осында «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Құда түсу» салт-дәстүрі көрсетілді, сондай-ақ «Тоғыз құмалақ» және басқа ұлттық ойындардан сайыс өтті.
Спорт алаңында жиналған қауым қазақша күрестен, арқан тарту, гір спорты және армрестлинг жарыстарына қатысты.
Мұнымен қоса, Шығыс базарында шеберлер қыштан жасалған бұйымдарды, зергерлік, киізден, ағаштан жасалған өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Орнатылған алтыбақандарда қыз-жігіттер арасында ән-айтыс ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
«Әз-Наурыз барша халқымызға құтты болсын! Осы жерге жиналған халыққа, барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен бақ-береке тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні кешегі сайлаудағы ұлы жеңісімізбен қатар келді. Сондықтан Қазақстан халқы бір үйдің баласындай аман-есен жүріп жатқан жағдайымыз бар. Осы бірліктен Жаратқан бізді әр уақытта ажыратпасын. Барлық істеп жатқан жұмыс - келер ұрпақтың қамы. Келер ұрпаққа беретін аманатымыз елдің бірлігін сақтап, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, болашаққа жол салатын болсын», - деді Президент.
Осы орайда Елбасы Қазақстан тыныштық жағдайында өркендеп өсіп жатқандығын атап өтті.
«Осы күні адамдар бір-біріне қандай да бір реніштерін кешіріп, көшет отырғызып, бұлақтардың көзін ашқан, мұқтаждар мен кедейлерге көмек көрсеткен. Сонымен қатар мейірімділікке шақырып, жақсы тілектер айтқан. Мен баршамызға амандық, әр отбасыға, әр адамға бақыт пен барлық жақсылықты тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазіргі уақытта «Астана Арена» маңындағы алаңда орналасқан этноауылда елорда тұрғындары мен қала қонақтары назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, спорттық жарыстар өтіп жатыр. Осында «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Құда түсу» салт-дәстүрі көрсетілді, сондай-ақ «Тоғыз құмалақ» және басқа ұлттық ойындардан сайыс өтті.

ИЫҰ Қазақстанда сайлау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті деп баға берді
Ислам ынтымақтастық ұйымы Қазақстандағы сайлаушылар келешекке деген жауапкершілікті жақсы түсінеді деп санайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты халықаралық байқаушылардың брифингінде мәлім болды.
«Бұл - Ислам ынтымақтастық ұйымы байқаушы ретінде қатысып келе жатқан Қазақстандағы төртінші сайлау. Осының бәрінде Қазақстан халқы сайлау секілді аса маңызды саяси мәселеде оң тәжрибе жинақтағанын көрсетті», - деді Ислам ынтымақтастық ұйымы хатшылығының Саяси мәселелер департаментінің директоры Аболхассани Шахреза Әли.
ИЫҰ -да басқа байқаушылар секілді сайлаушылардың көптігі мен белсенділігіне тәнті болған. «Қазақстан халқы өздерінің келешегіне жауапкершілігін түсінеді, сол үшін дауыс беруге келіп жатыр, деп түйдік. Кешегі сайлау тыныш, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Әділ, ашық болды. Ешқандай да өрескел қателіктер мен кемшіліктерді байқаған емеспіз. Бізге саяси партиялар атынан да, азаматтар атынан да ешқандай шағымдар түскен жоқ. Жергілікті партия байқаушыларымен жүздестік. Мен Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Болашақтарыңыз жарқын болсын», - деді Аболхассани Шахреза Әли.


Болашаққа апаратын жолымыз Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын - Елбасы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана Арена» стадионы алдындағы алаңда өтіп жатқан Наурыз мерекесіне қатысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Елбасы этно-ауылды аралап көрді. Мұнда концерттік бағдарлама, театрландырылған көріністер, спорт сайыстары, колөнершілер ауылы мен ұлттық салт-дәстүрді таныстыру шаралары ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі.
«Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын. Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын. Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін», - деді Қазақстан Президенті.

Астанада Наурыз мерекесінде жедел жәрдем дәрігерлері баспаналы болды
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Жедел медициналық жәрдемнің 30 дәрігеріне пәтер кілтін табыстады. Салтанатты шара Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті, деп жазады елорданың ресми сайты.
Мерекелік шара жедел медициналық жәрдем стансасы аумағында ұйымдастырылды. Әртістер мен қызметкерлер ұлттық киімдер киіп, Наурыз мейрамын қарсы алуға жиналды.
«Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Биыл қала бойынша көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін кешенді жоспар әзірленді. Бүгін пәтерлердің кілтін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, аталған кешенді жоспарға сәйкес, жедел медициналық жәрдемнің үлкен кешенінің құрылысы қолға алынған. Медициналық қызметтер сапасын арттыру үшін сіздерге барынша жағдайлар жасалады», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары.
Ермек Аманшаевтың айтуынша, қала аудандарында медициналық көмек көрсету сапасын арттыру үшін қосымша шағын «жедел жәрдем» стансалары құрылды, жаңадан 40 автокөлік сатып алынды, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және дәрігер мамандығының тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.
«Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі себептерінің бірі - баспананың болмауы. Биыл медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Әзірге, қалалық тұрғын үй қорынан жедел жәрдем қызметкерлеріне осы 30 пәтер беріліп отыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне арналған отбасылық типтегі жатақхананың құрылысын бастау жоспарланған, бұл тұрғын үй мәселесін шешуге тиіс», - деді Е. Аманшаев.
Қала басшысының орынбасары пәтер кілтіне ие болған медицина қызметкерлерін құттықтады.
« Бұл күнді ұзақ күттім, менің арманым орындалды - пәтердің кілті қолымда. Жедел жәрдем станциясында 11 жыл бойы жұмыс істедім. Қала әкімі біздің еңбегімізді бағалайды, бізге осындай сый жасап отыр», - деді жедел медициналық жәрдем қызметкері Раиса Қайырбекова.
Қазіргі кезде, жедел медициналық жәрдем станциясы - жаңа қондырғылармен жабдықталған ірі кәсіпорын. Мұнда 1 239 адам еңбек етеді. Өткен жылы елордалық жедел медициналық жәрдем станциясы медициналық ұйымдардың аккредитациясынан сәтті өтіп, сертификат алған болатын.
Сонымен қатар, Ермек Аманшаев мекемеге 8 арнайы жедел медициналық жәрдем көліктерінің кілтін табыстады.
Айта кетейік, 2016 жылы қыркүйек айында Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының жаңа заманауи ғимаратын пайдалануға беру жоспарланған.

Елордада мерекелік халықтық серуен өтіп жатыр
Елордада Наурыз мейрамына орай халықтық серуендер өтіп жатыр. Мереке екі күн бойы тойланады, деп жазады елорданың ресми сайты.
Басты шаралардың бірі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда өтті. Әдеттегідей, киіз үйлер тігіліп, спорт жарыстары ұйымдастырылды, алтыбақан орнатылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
«Жыл сайын киіз үйлер тігіп, бауырсақ таратамыз, наурыз көже мен қымыз ұсынамыз. Киіз үйлерде дастархандар жайылды. Ең басты мерекелердің бірі - гүлдену мен халық бірігетін күн. Бүгін қонақтарды таңғы сағат 8-ден бастап қарсы алудамыз. Үлкен-кішінің барлығы кеп жатыр», - деді қалалық басқармалардың өкілдерінің бірі Айман Шынбаева.
Халық арасында күрес, гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату жарыстары өткізілді. Қалалық мәдениет мекемелері адамдарға мерекелік көңіл күй сыйлауда. Жас театр әртістері астаналықтардың назарына тақырыптық көріністер ұсынуда.
Мерекелік шаралар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, сондай-ақ, қалалық алаңда да өтіп жатыр. Қалалық қызметтер киіз үйлер тігіп, тәтті-дәмділер таратып, сәндік бұйымдарды көпшілікке көрсетуде.
Айта кетейік, елордада халықтық серуен ертең де өтеді. Мерекелік шаралар «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде, «Астана-Арена» стадионы жанындағы этноауылда, қалалық алаңда, Қазақ елі монументінің және Бәйтерек монументінің жанындағы алаңдарда ұйымдастырылады.

Астана тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын тойлауда
Елорда тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын халықтық серуенмен, ән айтып, би билеп дәстүрлі тағамдармен қарсы алуда.
Қаланың бірнеше алаңдарында мерекелік шаралар өтіп жатыр. Басты шаралардың бірі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда болды. Мұнда әдеттегідей, киіз үйлер тігіліп, спорт жарыстары ұйымдастырылды, алтыбақан орнатылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
Халық арасында күрес, гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату жарыстары өткізілді. Қалалық мәдениет мекемелері болса, адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Ашық аспан аясында өтіп жатқан мерекеге еліміздің басқа өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар да қатысуда.
Айта кетер жайт, мерекелік шаралар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, сондай-ақ қалалық алаңда да өтіп жатыр.


Бүгін елордада өтетін «Наурыз» мерекесін тойлауға арналған шаралар
Астана қаласында бүгін «Наурыз мейрамы - 2016» мерекесін тойлауға арналған шаралар бағдарламасын оқырман назарына ұсынамыз.
10:00-де Ашық алаңдарда өтетін бұқаралық шаралар
Өтетін орындары:
«Қазақ елі» монументі
«Жастар» театры алдындағы алаң
«Астана-Арена» стадионы
«Астана-Бәйтерек» монументі
Қалалық алаң
10:00-де
«Наурыз-2016» көрме-жәрмеңке
Өтетін орны:
Конгресс-холл дәлізі
11:00-де
«Студенттер» саябағы,
«Жерұйық» саябағы.
12:00, 14:00-де-де
А.Салаева, «Армысың әз-Наурыз!»
Өтетін орны: Астана қаласының Қуыршақтар театры.
17:00-де
«Шекарасыз шығармашылық» атты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған гала-концерт пен марапаттау рәсімі
Өтетін орны: Жастар сарайы
18:00-де
Касона «Жабайы. Үшінші сөз», мелодрама.
Өтетін орны: Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
18:30-да
Е. Жуасбек «Сен үшін» (комедия)
Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық театры

«Астана ақшамы» басылымынан алынды
Астана қалалық сотында «Ең үздік киіз үй» бәсекесі ұйымдастырылды
Даналықтың ұлы мейрамы әз-Наурыз алты Алаштың ақ ордасы - елорда төріндегі Астана қалалық сотында аталып өтілуде,- деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Кеше сот маңына Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Мәңгілік Алаш елі және Есіл ауылы атанған 5 киіз үй құрылып, думанды кеш әсем сазды ән мен күмбірлеген тәтті күйге ұласты.
Салтанатты шараны ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми ашып, Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мейрамымен құттықтады.
Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев Наурыз береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың, риясыз шаттықтың, көтеріңкі көңілдің бастауы болып, елге құт-береке дарытатын, рухани тазартатын, адамзатты бақытқа, қуанышқа бөлейтін тамаша мереке екенін айтып, барша қауымды Ұлыс мейрамымен құттықтады.
«Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін! Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Шаңырағыңызға Қыдыр қонып, бақ дарысын!»,- деді сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев.
Шара аясында «Ең үздік киі үй» сайысынан жарыс ұйымдастырылып, бірінші орын «Мәңгілік ел», екіншіні Әйтеке би, ал үшінші орынды Есіл ауылы еншіледі. «Арқан тартудан» Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты үздік шықты.
Думанды шараға қатысқан Жоғарғы Сот төрағасы қызметін атқарған, ардагер судья Михаил Федорович, Парламент Сенатының депутаты Б.Бекназаров өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Құтқарушылар «Наурыз» мейрамын атап өтті
Бүгін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Наурыз» мейрамын тойлады. Әріптестерін көктем мерекесімен құттықтауға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккер, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері келді.
ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлауынша, салтанатты іс-шара кезінде жеке құрам күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт өткізілген. Астана қаласындағы «Құлагер» спорт кешенінде киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды, дала асханасы қойылды.
«Наурыз» мейрамын тойлау аясында армрестлинг, қазақ күресі жарыстары өткізілді.
«Наурыз - бұл өмір салтанатының мерекесі, жаңа жыл басталуының жаршысы көктемгі тепе-теңдік күні. Көктем адамдардың бойына үміт ұялатады, Наурыз қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырады», - деп В.К. Божко өз сөзінде атап өтті.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жақсы өткізілген іс-шара мен салтанатты бағдарламаның арқасында мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ә. Жақсыбеков елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Елорда әкімі Ә. Жақсыбеков қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әз Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Көктемнің осынау ғажайып мерекесі ежелден ырыс пен берекенің, молшылық пен жаңашылдықтың жаршысы саналған. Күн мен түннің теңесіп, дүниенің жайнайтын сәті Қазақ еліне жақсылығын ала келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген қала әкімінің құттықтауында.



Бүгін елордада өтетін «Наурыз» мерекесін тойлауға арналған шаралар
Астана қаласында 23 наурызда «Наурыз мейрамы - 2016» мерекесін тойлауға арналған мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасын оқырман назарына ұсынамыз.
10:00-де «Наурыз - 2016» көрме жәрмеңке
Өтетін орны: Конгресс-холл дәлізі
12:00, 14:00-де А.Салаева «Армысың, әз Наурыз! »
Өтетін орны: Астана қаласының қуыршақтар театры
17:00-де «Жастар көктем лебі» фестиваль байқаудың гала-концерті
Өтетін орны: Жастар сарайы
17:00:де «Көктемнің шуағы»
Өтетін орны: ҚазҰӨУ Орган залы
18:00-де «Жұлдыздар айтысады» шоу концерті
Өтетін орны: Конгресс-холл
18:30-да О.Жанайдаров «Жұт» (драма)
Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театры
18:30-да Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» (ноктрюн)
Өтетін орны: Жастар театры
19:00-де Ирина Астахованың әдеби кеші
Өтетін орны: М.Горкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры«Астана ақшамы» газетінен көшірілді

«Astana Arlans» «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен кездеспес бұрын бір ұпай еншіледі
«Puerto-Rico Hurricanes» бокс командасы Астанаға келіп жетті. Алайда команда құрамында 64 келі салмақта боксшысы жоқ. Осыған байланысты аталған салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Самат Башеновтің еншісіне бір ұпай жазылды. Ол Янкарлос Ривьерамен жекпе-жекке шығуы тиіс болған.
24 наурыз күні пуэрторикалықтар Петропавл қаласына барады, осы қалада 26 наурыз күні 17:00-де «Astana Arlans» VS «Puerto-Rico Hurricanes» кездесуі өтеді, деп хабарлайды sports.kz.
Астана қалалық мәслихатына сайланған депутаттар тізімі жарияланды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-ші, 111-ші баптарына сәйкес, округтік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде қалалық сайлау комиссиясы Астана қалалық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті. Дауыс беру 213 сайлау учаскесінде жүргізілді.Астана қалалық мәслихатының хабарлауынша, сайлаушылар тізіміне 400445 сайлаушы енгізілді, дауыс беруге 296364 сайлаушы немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,0 пайызы дауыс берген. 1821 сайлаушы дауыс беруге арналған орыннан тыс жерде дауыс берген. Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау 25 сайлау округі бойынша өтті. Сайлау бюллетеньдеріне мәслихат депутаттығына 56 кандидат енгізілді. Алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 25 наурызда сағат 16.00 қалалық әкімдік ғимаратында өтеді.Сайланған депутаттардың есімдерімен сілтеме арқылы танысуға болады.

А.Жамхан мен Ш.Айдостың «Жамбыл Жабаев» картинасының тұсаукесері өтеді
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Дарын-2008» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айдар Жамхан мен Астана қаласы Қазақ суретшілер қауымдастығының мүшесі Шахмардан Айдостың «Жамбыл Жабаев» картинасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпаратық-имидждік қызметі.
Картинада қолында домбырасы бар, басына қара-қоңыр түсті бөрік, үстіне ұлттық шапан киген ақын бейнеленген. Сонымен қатар, туындыдан қызыл жолбарыстың бейнесін және басқұр, кілем, түскиіздің элементтерін көруге болады. Композицияның оң жағында қазақтың кең даласы мен аспаны, асқар таудың бейнесі бар.
Іс-шараға ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады.

ҚР ІІМ ресейлік құтқарушылармен бірлесе отырып апатпен күресу үшін ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және апатты оқиғалардың салдарларын жою істері жөніндегі министрі Владимир Пучковпен кездесті.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екі елдің ведомство басшылары ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойды.
«Хаттама халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласында қазақстан-ресей арасындағы өзара іс-қимыл жасасу деңгейін арттыруға бағытталды.
Онда екі елдің тиісті ведомстволарының апатты оқиғаларды болжау, алдын алу және салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастығын жандандыру көзделеді», делінген хабарламада.
Сонымен бірге Хаттамада халықты және аумақты табиғи апаттардан, техногендік апаттардан қорғау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайларға ықпал ету мәселелерінде кешенді шараларды пысықтау мақсатында тұрақты түрде кездесулер мен кеңейтілген кеңестер өткізу шаралары қамтылған.
Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында шекаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасасуға ерекше назар аударылатын болады.
Кездесу достық жағдайда өтті және төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою бойынша жан-жақты өзара іс-қимыл жасасуды арттыруға екі тараптың да мүдделі екенін көрсетті.

Астана оқушылары Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды
Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Бес күн бойыеліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты. Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Олимпиаданың іріктеу турларына республиканың 350 мың оқушысы қатысты. Ақтық сынға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.
Техника саласындағы жаңашылдықтар да тыс қалған жоқ. Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жаратылыстану-политехникалық бағытта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, соның ішінде 5 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, екі бала Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантына ие болды.

Американдық The Exchange тобы Қазақстанға гастрольмен келеді
The Exchange заманауи американдық акапэлла тобы Қазақстанның 3 қаласына (Астана, Қызылорда, Алматы) 2016 жылдың наурыз айынының 28-нен сәуірдің 5-не дейін сапар шегеді.
«Бұл АҚШ Мемлекеттік Департаментінің «Шетелдегі американдық музыка» бағдарламасы және биылғы жылы тойланатын АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған Қазақстандағы АҚШ миссиясының мәдени шараларының бірі», - деп хабарлвады АҚШ-тың қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.
2012 жылы жігіттерден құралған топ ерекше қайталанбас стилімен және рок, опера, R&B, хип-хоп бағытында акапэлла репертуарларымен көзге түсті. Топтың бес мүшесінің әрқайсысы - Аарон Спербер, Альфредо Остин, Кристофер Диаз, Джамал Мур, Ричард Штайнер - өздеріне тән анық түсті дауыстарымен музыканы әрлендіре түседі. The Exchange тобы бір сахнада танымал Olly Murs, Flo Rida, Sara Bareilles, Wynton Marsalis, Boyz II Menмен бірге өнер көрсетті; McDonalds, Kraft, және NY Giantsпен бірігіп жұмыс жасады; сондай-ақ, The Daily Show, Rolling Stone, Ryan Seacrest, Perez Hilton, және Entertainment Weekly атты танымал түсірілімдерге қатысты. Көп ұзамай the Backstreet Boys тобымен әлемнің 32 қаласын шарлап, бірге өнерлерін сомдады.
Бағдарлама жайында айтатын болсақ, Қазақстандағы АҚШ Миссиясының баспа, білім және мәдениет консулы былай дейді: "Мәдениет пен музыкаға өте бай Қазақстан еліне The Exchange тобын әкелетінімізді мақтаныш етеміз. Топтың әр мүшесі музыкадағы өзіндік айқын стилімен көрерменнің көңілін жаулап, нәтижесінде өнерге тәнті болған көрерменді аяғына тік тұрғызады. Топ әншілерінің өмірбаяндарының әртүрлілігі түрлі салт-дәстүрге бай көпұлтты Қазақстанның көңілінен шығады деп сенемін. Сондай ақ, The Exchange тобының сапары барысында көптеген шеберлік с абақтары мен семинарлар өткізілетіндігіне де қуаныштымыз, себебі ол жергілікті оқушыларға, студенттерге, музыканттарға, жалпы жастарға әрі қарай топпен бірігіп қарым-қатынас жасауға және олардан тәлім алуға зор мүмкіндік береді."
The Exchange тобының Қазақстанға сапарының бағдарламасында
Астанада: 28 наурызда 14:00: Урюпин балалар үйінде семинар,, 29 наурызда 13:00-те - Қазақ Ұлттық өнер университетінде студенттерге арналған шеберлік сабағы, 29 наурызда 17:00те - Американдық Бұрышта жастармен кездесу, 30 наурыздв 19:00-да - Бейбітшілік және келісім сарайында тегін концерт өтеді (билеттерді https://ticketon.kz/event/the-exchange-usa арқылы алуға болады).
Астанада The Exchange тобы Қазақстандық A Capella Apriori, Ардана, Ләйлә Тәжібаева сияқты орындаушылармен бірге өнер көрсетеді.
Қызылордада: 2 сәуірде, 18:00-де Бекежанов атындағы Қазақ драма театрында тегін концерт өтеді.
Алматыда: 4 сәуірде: Наурызбай елді мекеніндегі студенттермен кездесу болады.

Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы І халықаралық байқау өтеді
Ертең елордада КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор еркеғали Рахмадиев атындағы І халықаралық байқау басталады.
Бұл шараны ҚР Мәденеиет және спорт министрлігі мен «Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырып отыр.
Байқау вокалдық өнер және хорды дирижерлеу деген екі аталым бойынша жүргізіледі.
Байқаудың салатантты ашылуы «Шпабыт» ғимаратында, Жамбыл жабаев атындағы залда болады. Байқау вокалдық өнер және хорды дирижерлеу деген екі аталым бойынша жүргізіледі.
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев - КСРО және қазақстандық композитор, педагог, қоғамдық және саяси қайраткер, ҚСРО мен еліміздің халық әртісі, ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны сегіз жыл бойы басқарған, 27 жыл бойы Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы болған, сондай-ақ ҚСРО композиторлар Одағының хатшысы және республиканың Мәдениет министрі болды.. Қамар-сұлу» (1963 ж.), «Алпамыс» (1972 ж.), «Абылай хан» (1999 ж.) операларының, көптеген оркестрлік, вокалдық-хор, театр-сахналық камера-аспаптық шығармалар мен романстардың авторы. Музыкалық өнердің дамуына қосқан зор үлесі үшін 2005 жылы Е.Р.Рахмадиев Жыл тұлғасы атанды.
Еркеғали Рахмадиев атындағы бірінші халықаралық байқаудың университеттің іргесінде өткізілуі кездейсоқ емес. Абзал ұстаз әрдайым дарынды жастарды қолдап, отандық композиторлар мен музыка қайраткерлерінің талай саңлақтарын тәрбиелеген. Соңғы жылдары университеттің дамуы үшін аянбай еңбек етті. Ал оның қазақ музыкасының бай мұрасын классикалық музыкамен шебер байланыстырған композиторлық еңбегі өзінше бір бөлек. Еркеғали Рахмадиұлы - әнімен де, азаматтығымен де, өмірімен де, кісілік үлкен жолымен танымал ірі адам, біртуар тұлға. Шығармалары - халық жүрегінде өшпес із қалдырған асыл мұра. Олар опера театрларының сахналарында, концерт пен радиода, теледидарда жиі орындалады

Астаналық оқушылар Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды
Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Бес күн бойыеліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты. Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды, деп хабарлады astana.gov.kz.
Олимпиаданың іріктеу турларында барша Қзақстаннан 350 мың оқушы бағын сынады. Ақтық сынға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.
Техника саласындағы жаңашылдықтар да тыс қалған жоқ. Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жаратылыстану-политехникалық бағытта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, соның ішінде 5 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, екі бала Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантына ие болды.
Елордада «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI республикалық фестивалі өтеді
Елордада «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI республикалық фестивалі өтеді.
2016 жылғы 28 наурыздағы сағ. 15.00-де Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына шараның ұйымдастырушылары мен әріптестеріқатысады.
Ұйымдастырушы - «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры. Қорды 2005 жылы «BI-Group» инвестициялық-құрылыс холдингі құрған.
«BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерінің қатарында. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.
Биылғы жылы бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің 16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астананы аралап шығады.
Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалайды. Аралық қорытындылар мен жеңімпаздар плэнері республикалық «Балдәурен» балалар лагерінде өткізіледі.
Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды қызық мазмұнды бағдарлама - еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.
Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады.
Бұл жолғы фестиваль мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жағымды орта жасау бойынша фестивальді ұйымдастырушымен бірыңғай көзқарастағы бірқатар жаңа серіктестермен ынтымақтастықта өткізілуде.
Фестиваль әріптестері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізуге барынша көңіл бөліп келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылғы 3 ақпанда құрылған және 1992 жылғы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитетінің танымалдығына ие болды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, атақты спортшылар спорт тақырыбын және қазақстандықтардың жетістіктерін ерекше атап көрсете отырып, фестиваль қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды салтанатты марапаттауға қатысады.
Астана қ. Балалар Көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының негізі 1983 жылы қаланды. ЮНЕСКО клубы мәртебесін 2008 жылы алды. Астана қ. БКСМ - ЮНЕСКО клубының оқытушылары сарапшылар қызметін атқарады және жұмыстарды бағалауға, фестиваль жеңімпаздарын анықтауға қатысады. Вернисаж кезінде Музейде БКСМ тәрбиеленушілерінің қатысуымен фестивальге қатысушылар пленэрі өткізіледі.

Елордада «Жамбыл Жабаев» картинасының тұсаукесері өтті
Бүгін Ұлттық музейінде мемлекеттік «Дарын-2008» жастар сыйлығының лауреаты Айдар Жамхан мен Астана қаласы Қазақ суретшілер қауымдастығының мүшесі Шахмардан Айдостың «Жамбыл Жабаев» картинасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпаратық-имидждік қызметі.
Шараның салтанатты ашылуында сөз алған Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай Жамбыл Жабаевтың ақындық мұрасы туралы айта келе, жаңа туындының авторларына алғыс білдірді.
«Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпағына мирас ретінде қалдырған шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қазынасы болып табылады. Қанша жылдар өтсе де Жамбыл Жабаевтың өлеңдері өміршеңдігін жоғалтқан емес. Қайта керісінше, бірнеше тілдерге аударылып, әлі күнге дейін кітап болып басылып шығып жатыр. Қазақ деген ел барда жыр алыбының жырлары жасай бермек. Сондықтан да Жамбыл атамыздың көрген түсінің желісімен салынған мұндай картинаның Ұлттық музейдің төрінен орын алуы орынды деп ойлаймын», - деді Д.Мыңбай.
Картина авторларының бірі Шахмардан Айдос Ұлттық музейдің суретшілер жұмысына жасаған қолдауына алғыс білдіре келе, жаңа туындының ерекшелігіне тоқталып өтті. «Бұл жұмысқа кіріспес бұрын, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына терең танысып шықтық. Айдар Жамханмен ақылдаса келе, ақынның 170 жылдығына орай осындай дүние жасап шығардық. Ұлттық музейдің қазақ суретшілеріне жасаған қамқорлығына ерекше алғыс білдіреміз», - деді Ш.Айдос.
сонымен қатар шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Сембіғали Смағұлов аталған картина авторларын құттықтап, жастарға ақжол тіледі. «Осыншама жұртты жинап, бір ғана картинаны таныстыру дәстүрі біздің елімізде де кеңінен үрдіс алып келе жатқаны көңіл қуантады. Байқап отырмын, суретшілер өте жақсы жұмыс істеген. Бәрінен бұрын өнерлі жастарға жасалып жатқан қолдауларды көріп көз қуанады. Шәкірттеріме шығармашылық табыс тілеймін», - деді С.Смағұлов.
Айта кетейік, картинада қолында домбырасы бар, басына қара-қоңыр түсті бөрік, үстіне ұлттық шапан киген ақын бейнеленген. Сонымен қатар, қызыл жолбарыстың бейнесін және басқұр, кілем, түскиіздің элементтерін көруге болады. Композицияның оң жағында қазақтың кең даласы мен аспаны, асқар таудың бейнесі суреттелген.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаев туралы деректі фильмдер көрсетіліп, Астана қаласы орта мектептерінің оқушылары жырдан шашу шашты.

Арнайы кеңес Астанадағы «Ғашықтар» ескерткішінің тағдырын әлі шешкен жоқ - Мәдениет министрі
Мәдениет және спорт министрлігінің көркемдік кеңесі Астанадағы атышулы «Ғашықтар» ескерткішінің тағдырын әлі шешкен жоқ, деп хабарлады Арыстанбек Мұхамедиұлы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
«Оқиғаның соңын бағу керек. Ескерткіштердің дамуы жөніндегі көркемдік кеңестің бірінші отырысы ғана өтті. Ескерткішті орнатпастан бұрын комиссия өзінің келісімін беруі тиіс. Бірақ, менің ойымша, олар ескерткішке орамал таққан блогерлерге қарағанда оптимистік көзқарас танытып отыр. Комиссия мүшелерінің көзқарасы бойынша, анау айтқандай бұзушылық жоқ. Мен аздап сабырлық танытуды сұраймын және кеңестің қорытынды шешімін күтейік», - деді министр.
А.Мұхамедиұлының сөзі бойынша, егер кеңес мүшелері ескерткіштің тұрпаты жөнсіз деп тапса, ол едәуір өзгерістерге ұшырайды.
«Бұл комиссияның бірінші отырысы ғана өтті. Қазіргі уақытта біз ескерткіш авторының ұсыныстарын күтіп отырмыз. Барлығы жіті зерделенеді, басқа мамандардың пікірі де сарапқа салынады. Алайда мәселе оңай емес», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі.
Оның сөзі бойынша, егер ескерткіш талапқа сай болмай шықса, онда Қазақстандағы барлық ескерткіштер ревизиядан өтпек.
Еске сала кетейік, Астана орталығында орналасқан «Ғашықтар» атты ескерткіш елорданың кейбір тұрғындары арасында үлкен дау туғызды. Ол кейін халық арасында әлеуметтік желіде қызу талқыға да салынды. Жекелеген блогерлердің ойынша, ескерткіштегі қазақ қызының образы тым жеңілтек көрінеді. Айта кеткен жөн, ескерткіш 2005 жылы орнатылған болатын.


Елордада көркем гимнастикадан ел Кубогы өтті
Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 230 спортшы қатысты. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Елордалық спортшылар 39 медаль еншіледі: 18 алтын, 12 күміс және 9 қола.
Командалық есепте астаналық гимнастшылар 2001-2003 ж.т., 2004 ж.т. және одан кіші жас санаттарында бірінші орынға табан тіреді. Жас спорт шеберлері көпсайыстан жеке жарыста да, топтық жаттығуларда да (2001-2003 ж.т.) тұғырға көтерілді.
Қалалық көркем гимнастика мектебінің шәкірттері де көпсайыстан бірінші орын алды, ал доппен жаттығуда бәсекелестеріне есе жіберді.
«Өткен жылы ел Кубогы Қарағандыда өткен болатын, енді турнирді өзімізде елордада өткізіп жатырмыз. Елордалық гимнастшылар өз шеберліктерін көрсетті, әдеттегідей олар барлық шағын топтарда көш бастады», деді Астана қаласының көркем гимнастикадан аға бапкері Ләйлім Омарова.
Оның айтуынша, спортшылар сәуір айының соңында Астанада ұйымдастырылатын Азия біріншілігіне қатысады.

ОҚО-да кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 800-ден астам фактісі тіркелді - Ұласбек Сәдібеков
Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту қажет. Бұл туралы бүгін Астанада ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.
«Жас қыздарымыздың ерте ана болуы тұрғысында көкейкесті мәселе бар. Әрине, бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, яғни үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың, мұғалімдердің жұмыстары қамтылуда. Дегенмен де, бұл саладағы жұмыстар жетілдіруді қажет етеді. Атап айтқанда, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту қажет. Қыз тәрбиесіндегі ананың, ұл тәрбиесіндегі әкенің рөліне ерекше мән берген дұрыс. Сонымен қатар жас қыздардың ерте ана болуы тұрғысында жігіттердің де арасындағы тиісті жауапкершілік мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Жігіттерде қыздардың болашақ өміріне жауапкершілікпен, намыспен қарау деген мәселе ұмыт болып бара жатқан секілді», - деді Ұ. Сәдібеков Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысының алдында тілшілерге берген сұхбатында.
Осы орайда ол балалар әлеуметтік желілерді көбірек пайдаланатынын, сол арқылы таныс тауып, оның салдары өкінішті жағдайларды туындататынын атап өтті.
Ұ. Сәдібеков өңірде жастардың саны 700 мыңға жуық екенін айта келе, оның ішінде 90 мыңнан астамы 15-17 жас аралығындағылар екенін жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жыл мен биылғы жылды қоса есептегенде ОҚО-да кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 800-ден астам фактісі тіркелді. Олардың негізгі бөлігі 17 жастағы қыздардың үлесінде екен.Өз кезегінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесі Ақтөбе облысы бойынша өзекті болып отырғанын жеткізді.
«Себебі, 2015 жылдың қорытындысы бойынша өңірде жасөспірімдер арасындағы жүктілік жағдайлары 175-ке жетті. Ағымдағы жылдың екі айында 28 факті тіркелді. Әрине, бұл оқиғалар бізді алаңдатып отыр. Осы мәселемен мемлекеттік органдар айналысып келсе, енді қоғамды көбірек тартуды көздеп отырмыз. Өйткені, бұны тек мемлекеттік органдардың күшімен еңсеру мүмкін емес, яғни осы өзекті мәселеге қоғам араласуы керек. Бұл тұрғыдағы проблемаларға жаһандану үдерісі, Интернеттегі ақпараттың жастарға қолжетімділігі әсер етуде»,-деді А. Шериязданов
Оның пайымынша, жүкті болып қалған жасөспірімдерді сынға алып, жазғырғаннан гөрі түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс болады.
«Қазіргі кезде ата-аналармен тиісті шаралар қамтылып, жоғары сынып оқушыларымен, жасөспірімдермен тәрбие жұмыстарына ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар олардың арасында сауалнама жүргізіліп, жастарға сенім телефондары арқылы білікті психологтардың көбірек ақпарат беруі бағытында жұмыстарды ұйымдастырып жатырмыз»,-деді әкімнің орынбасары.

Үздік бизнес-кейс ойынының жеңімпаздары қомақты қаржылай жүлдеге ие болды
Назарбаев университетінің жоғарғы бизнес мектебінде Қазақстандағы ЖОО студенттері мен бизнеске құмар жастардың командалары «Bolashak Business Competition» бизнес кейстерін шешіп, қомақты қаржылай жүлдеге ие болды.
Ойынның жеңімпаздары 400 мың теңге, 2-орын иеленген команда 200 мың теңге, 3-орын алған топ 120 мың теңге ұтысқа ие болды.
«Ойынға әртүрлі жастағы азаматтар қатысты. Тіпті, кейбір командада жасы 18-дегі қатысушы бар. Әдетте, мұндай конкурстарға біраз тәжірибесі бар адамдар қатысады. Бизнес-кейстердің форматы да әртүрлі, олар «Бәйтерек» қорының қолдауымен арнайы әзірленді. Бизнес-кейстердің барлығы қазақстандық компаниялардың үлгісі бойынша дайындалған»,-дейді Қостанайдағы «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының өкілі Никита Карцев.
Ал, ойынның қорытындысына келер болсақ, 1-орынды Алматыдан келген "Dream Team" командасы, екінші орынды «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубы, 3-орынды Астананың "Оптимус" командасы жеңіп алды.
Жалпы, «Bolashak Business Competition» ойыны жинақ материалдар негізінде, жастардың кәсіпкерлігін дамытуға бағыттала отырып, жастардың талдау қабілетін дамыту мақсатында өткізіліп отыр, дейді ұйымдастырушылар. Ойынға әрқайсысы 4 адамнан құралған 10 топ қатысты. Н.Карцевтің айтуынша, бұл он топ 71 команданың арасында алғырлығын байқатып, финалға шыққан топтар.


Астанада алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті
Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттың бірінші кезекті сессиясы өтті.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, сессияның күн тәртібінде алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат хатшысын сайлау, алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Астана қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров Астана қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысымен таныстырып, сайланған депутаттарға куәліктер мен белгілер табыстады.
Бірінші сессияда депутаттар Астана қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары мен құрамын сайлады. Гайдар Касенов заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып сайланды; бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсәпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияға Мирас Шекенов төрағалық етеді; құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссияға Сәрсенбек Жүнісов төраға болады; әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып Мажит Шайдаров сайланды.
Астана қалалық мәслихатының хатшысы болып Жанат Нұрпейісов бірауыздан сайланды.
Елорда әкімі Ә. Жақсыбеков қайта сайланған депутаттарды құттықтап, бесінші шақырылымдағы мәслихат хатшысы Сансызбай Есіловтың көп жыл бойы еңбек еткенін ерекше атап өтті, сондай-ақ, бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді.
«Елорданың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысу керек, өз жұмысыңда қала тұрғындарының сенімін ақтау қажет. Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің алдына бірқатар міндеттер қойды, осы тапсырмаларды орындау барысында бізге да жүктелетін ортақ жауапкершілік мол», - деді Ә. Жақсыбеков жаңа шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына қаратып айтқан сөзінде.
Айта кетейік, 2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттының депутаттарын сайлау өтті. 213 сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізілді.
Сайлаушылар тізіміне 400445 сайлаушы енгізілді, дауыс беруге 296364 сайлаушы немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,0 пайызы дауыс берген. 1821 сайлаушы дауыс беруге арналған орыннан тыс жерде дауыс берген. Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау 25 сайлау округі бойынша өтті. Сайлау бюллетеньдеріне мәслихат депутаттығына 56 кандидат енгізілді.

Елордада Халықаралық театр күніне арналған мерекелік шаралар өтеді
Ертең, 27 наурызда елордадағы Жастар театрында Халықаралық театр күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
«Кешке Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс академиялық театры, Астана қаласы Көңілді тапқырлар театры, Қуыршақ театры және «Наз» мемлекеттік би театрлары қатысады», деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Театр күнін тойлау - бас қаланың мәдени өмірінде дәстүрге айналған. Бұл күні Астана қаласының театрлары сахна мен сахна сыртындағы қызықты сәттер, әдемі әуен мен көңілді миниатюралар көрсетеді. Сонымен қатар, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов шығармашылық ұжымдарды құттықтап, үздік актерлерге және театр саласының мамандарына алғыс хаттар табыс етіледі. Кеш соңында Астана қалалық мемлекеттік филармониясының шығармашылық ұжымы Өнер иелеріне арнап концерт береді.
Сондай-ақ, театр фойесінде театрлар көрмесі өтеді.
27 наурыз Мереке мәртебесіне 1961 жылы Венада өткен, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының ІХ Конгресінде қол жеткізді. Сол уақыттан бері бұл күнді бүкіл әлемде мереке ретінде атап өтеді.
Астанада «Наурыз мейрамы-2016» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада Оқушылар сарайы ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Наурыз мейрамы - 2016» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын мерекелеген күндері мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, жалпы 40-тан астам мекеме арасында қалалық байқау өткізілді.
Белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қаламгерлерден құралған комиссия мереке күндері қаланың барлық алаң, саябақ, тұрғын алаптарын аралап, киіз үйлердің ұлттық нақышта безендірілуі, Наурыз мейрамын қарсы алу рәсімдері мен ұлттық дәстүрлерді көрсетуі, ұлттық тағамдарды ұсынуы, іс-шараның мазмұндылығы, киімдердің ұлттық нақыштағы деңгейі сияқты шарттарға назар аударып, өз бағаларын берді.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатын Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев ашты. Басқарма басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
«Баршаңызды әкімдік атынан мерекемен құттықтаймын. Халқымызға бірлік, келісім мен денсаулық тілеймін. Байқауға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді Т. Қышқашбаев.
Байқауда Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы гран-при иегері атанды. 1-орын Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасына, 2-орын - Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, 3-орын Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына берілді.
Сонымен қатар, қазылар алқасы Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасын, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасын, сондай-ақ, Көлік және коммуникациялар колледжін арнайы номинациялар бойынша атап өтті.
Шара соңында көпшілік назарына мерекелік концерт ұсынылды.
Айта кетейік, аталған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар мен қаламгерлер, қала басшылығы, мемлекеттік мекеме жетекшілері, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері шақырылды, деп хабарлайды astana.kz.

Елорданың театр әртістері төл мерекелерін тойлауда
Дүниежүзілік театр күніне орай елорданың үздік әртістері «Жастар» театрында бас қосты. Аталған шараны өткізу дәстүрге айналған.
«Театр өнерінің жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп өтіп, құттықтаулар қабылдады, әріптестерінің мерекелік қойылымдарын тамашалады», деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Мерекелік бағдарлама басында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театрлардың шығармашылық ұжымдарын құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен шабыт тіледі.
«Театр - жаңа бояулармен, сиқырлы дыбыстармен және сахналық құбылыстармен баурап алатын ұлы өнер. Сіздерді, әріптестерімді осы бір керемет мерекемен құттықтаймын. Мұнда елорданың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналған театр қызметкерлері жиналды. Соңғы жылдары театрларымыз халықаралық фестивальдарда Гран-при иеленіп жүр, бұл қажырлы еңбектерііздің және таланттарыңыздың арқасы, баршаңызға табыс тілеймін», - деді Е. Аманшаев.
Елордалық үздік жеті театрдың әртістері елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар қабыл алды.
Шара барысында театрлардың жас шығармашылық ұжымдары көпшілік назарына мерекелік бағдарлама ұсынды: Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, Көңілді тапқырлар театры, Қуыршақтар театры, «Наз» мемлекеттік би театры.
«Біздің театрдың жас әртістері өте дарынды. Қыздар да, жігіттер де креативті, ынталы. Өз атымнан осы саланың барлық қызметкерлерін Халықаралық театр күнімен құттықтаймын! Барлығына денсаулық, бейбітшілік, шығармашылық табыс тілеймін», - деді Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Жүгінісова.
Айта кетейік, Дүниежүзілік театр күні - жыл сайын барша әлемде 27 наурызда аталып өтеді.

Елордалық аспаздар Даун синдромына шалдыққан балаларға шеберлік сабағын өткізді
26-27 наурыз, демалыс күндері «Кафе Целинников» мейрамханасы мен «АртиШОК» кондитерлер клубының аспаздары Даун синдромына шалдыққан балаларға шеберлік сабағын өткізді.
26 наурыз күні «Кафе Целлиников» мейрамханасында 5-9 жастағы балалар «АртиШОК» кондитерлер клубы аспаздарының жетекшілігімен шоколад тәттілерін жасап, оларды кейіннен ата-аналарымен бірге дәм татты.
Ал бүгін жасөспірімдерді мейрамхананың бас аспазы Эка Надирадзе қарсы алып, ол балаларға нағыз хачапури дайындауды үйретті.
Айта кетерлігі, шеберлік сабақтары балаларға тегін өткізілді. Мұнан бөлек, олар бірегей тағамнан дәм татып, торт жасаудың қыр-сырын да үйренді.
Бүгінде елордада Даун синдромына шалдыққан шамамен 300 бала бар. Жыл сайын Астанада дәл осындай диагнозбен 30 сәби дүниеге келеді. 2015 жылдың желтоқсанында ата-аналардың күшімен «Солнечный мир» қоғамдық қоры құрылды. Оның басты мақсаты - Даун синдромына шалдыққан балаларды оңалту және оларға көмек көрсету.

Астанада күй апталығы өтеді
Қазақ Ұлттық өнер университетінің күйшілері күй апталығын өткізеді. Үш күнде алты бірдей күй кешін тамашалай аласыздар, деп хабарлайды shynyrau.kz.
Дүйсенбі, 28 наурыз
Рымхан Әбілханұлы - басталуы сағат 15.00-де
Нұрбек Тапалов - басталуы сағат 16.30-да
Сейсенбі, 29 наурыз
Жанғали Жүзбай - басталуы сағат 15.00-де
Ақжусан Иманғазықызы - басталуы сағат 16.30-да
Сәрсенбі, 30 наурыз
Еділ Басығараев - басталуы сағат 15.00-де
Жұмабек Қадырқұлов - басталуы сағат 16.30-да
Өтетін орын - Қазақ Ұлттық өнер университетінің (Шабыт) Ф. Шопен атындағы концерт залы .

Қазіргі таңда ұлттық музыкаға деген сұраныс бар - «ХасСақ» ансамблі
«ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблі қазір көптің назарына түсіп, оқырман ықыласына бөленіп жүр. Топ өзінің ұлттық ерекшелігімен көрермен назарын бірден өзіне аудартты. Осы орайда ансамбль мүшесі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында оқытушы, осы оқу орнында «Жетігеншілер» ансамблінің жетекшісі, «ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының қоры» грантының иегері, «Жетігенге арналған хрестоматия» атты кітабының авторы Мүсірепова Жадыраны әңгімеге тартқан едік.
- Жадыра, «ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблі қашан құрылды? Сұхбатымызды осыдан бастасақ.
- 2010 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова апайымыздың бастауымен «Сақ» тобы құрылған болатын. Ол ансамбльдің бастапқыда бағыты өзгеше, көбіне эстрадалық музыка болатын. 2013 жылдан бастап, атауымызды «ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблі деп өзгертіп, өз бетімізше жұмыс жасап келеміз.
- Ансамбльді құру туралы идея қайдан бастау алады?
- Қазақ музыка өнеріне үлкен жаңалық, жаңа леп болып келген, қазақтың төл аспаптарын керемет шеберлікпен үндестіре білген, талайдың таңдайын қақтырған, аттары әлемге жайылған «Тұран» этно-фольклорлы ансамблі бар екенін білесіздер. Әрқайсысы бірнеше аспапта еркін ойнайтын мульти- инструменталистер. Шығармаларында әні, күйі, биі де бар. Мұның барлығын бес-ақ адам орындайды. Бұндай ансамбльдер, қазақ сахнасында бұрын-соңды болған емес. Сондықтан, болар «Тұран» ансамбліне қызығып, еліктегендер аз емес. Біз де осы ансамбльге қарап бой түзейміз. Идея - «Тұраннан» бастау алады.
- Ұлттық музыканы жаңғыртушылар аз емес, «ХасСақ» несімен ерекшеленбек?
- Қазіргі таңда ұлттық музыкаға деген сұраныс бар. Сұраныс бар жерде бәсекелестік бар. Бәсекелестік болған жерде өсу бар. Сондықтан, ұлттық музыкамызды насихаттаушылар көбейген сайын сапалы, бағалы, мағыналы дүниелер де артады деп ойлаймын.
Ұлттық музыканы жаңғыртып жүргендер аз емес. Әр орындаушының өзіндік бағыты бар, өзіндік орындаушылық ерекшелігі бар, халыққа айтар ойы бар, тыңдармандары бар. «ХасСақ» ансамбльіне келетін болсақ, бұл ансамбльдің орындаушылары - кәсіби музыканттар, бірнеше аспапты еркін меңгерген мульти- инструменталистер, дәстүрлі әншілер. Жалпы кейде біреулер «ХасСақты» «Тұран» ансамблімен салыстырып жатады. Аспаптарымыз бір, екі ансамбльде де бес орындаушы болғандықтан, ұқсастықтардың болуы заңды. Алайда сырт көзге ұқсас көрінгенмен, кәсіби музыканттар, шығармаларымыздың құрылымындағы айырмашылықты, музыкалық идеяның әртүрлі екенін, орындау ерекшелігін, шығармалардың тақырыптарының бөлек екендігін, жалпы ансамбльдердің табиғаты бір- бірінен өзгеше екендігін бірден байқайды. Сондықтан, қазіргі таңда «ХасСақ» ансамблі өзіндік қайталанбас бояуы бар музыкасымен, орындаушылық шеберлігімен, ұлттық нақышта, заманауи стильде тігілген әсерлі киімдерімен ерекшеленеді деп толық сеніммен айтуға болады!
- Жадыра, негізгі діттеген мақсаттарыңыз не?
- Бала күннен ұлттық музыканы бойымызға сіңіріп өскендіктен, кішкентайымыздан қолымызға аспап ұстап, үлкен сахнаны армандап, өнердің қиыны мен қызығын көріп қалыптасқандықтан, музыка біздің - барымыз, өміріміз! Сондықтан да армандарымыз көп, мақсаттарымыз биік! «ХасСақ» коммерциялық жоба емес. Басты мақсатымыз - қазақтың ұлттық музыкасын, дәстүрі мен салтын насихаттау. Ұмыт бола бастаған, ұмыт болып кеткен қазақтың төл аспаптарын қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізіп, халыққа қайтару. Келер ұрпақтың, қазіргі жастардың, ұлттық музыкаға, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы мен еліне деген патриоттық сезімін ояту. Мирас болып қалған асыл мұраларымызды сақтап, келер ұрпаққа аманат ету. Қазақтың ұлттық өнерін әлемге таныстыру.
- Ансамбль мүшелерімен таныстырып өтсеңіздер?
- Ансамбль мүшелері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері мен түлектері. Ансамбль жетекшісі: көптеген халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доктарантурасында оқып, осы оқу орнында шәкірт тәрбиелеп жүрген, дарынды күйші - Ержан Жәмеңкеев.
Шығармашылық ұжымымыз: Ақжол Жүсіпұлы - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының үшінші курс студенті. Дәстүрлі ән мамандығы бойынша, Дәнеш Рақышевтің мектебінде білім алады. Ақжол дәстүрлі әнмен қатар, эстрадалық әндерді де, гитараның сүйемелдеуімен де керемет орындайды. Сонымен қатар, сыбызғының көне орындаушылық дәстүрін меңгерген. Сондай-ақ, шаңқобыз, барбыт, шертер, шіңкілдек т.б аспаптарда ойнайды. Бірнеше тілде (қытай, ағылшын тілдері) еркін сөйлейді. (Ақжолдың бірінші дипломы бойынша мамандығы - хирург).
Бақия Азамат - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үшінші курсында сыбызғы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Азамат та сыбызғыдан бөлек көптеген аспаптарда еркін ойнайды. Бала кезінен, ағаштан аспаптар жасауды ермек қылған. Бүгін де Азаматтың ұлттық аспаптар жасайтын жеке шеберханасы бар. Біздің ансамбльді алуан түрлі аспаптармен қамтамасыз ететін осы жігіт.
Ербол Мөлдір - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ансамбльдің қобызшысы. Сонымен қатар, Мөлдір қызымыз эстрадалық бағытта ән айтады. Және өзім.
- Репертуарларыңызда қазір қанша шығарма бар?
- Қазіргі таңда, репертуарымызда оннан астам шығармаларымыз бар.
- Ән-жыр мектептерінде негізіне қай мектепке сүйенесіздер?
- Біз аспаптық ансамбль болғандықтан, күйлерге көбірек көңіл бөлеміз. Алайда, ансамбль репертуарында әндер де жоқ емес. Әншілік мектептердің барлығын сүйіп тыңдаймыз. Дегенмен, жетісу мен арқаның әндері жанымызға жақын.
- Репертуар таңдағанда қандай талаптарға сүйенесіздер?
- Ансамбль репертуарында түрлі тақырыптағы шығармалар бар. Олар: халық композиторларының шығармалары, халық әндері, қазіргі заман композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары бар.
- Алғашқы бейнебаяндарыңыз да шықты, осыдан кейін қандай композицияны түсірмексіздер?
- Көптен күткен алғашқы бейнебаянымыз, «Аманат» деп аталатын өзіміздің төл туындымызға түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Сөзі Мирас Қадырмұраттікі. «ХасСақты» халыққа таныстыратын алғашқы бейнебаянымыз болғандықтан барынша сапалы, мағыналы дүние жасауға тырыстық. Бейнебаянымыз көпшіліктің көңілінен шығып, жақсы пікір- тілектерге ие болып жатқаны қуантады. Ендігі жоспарда тұрған келесі бейнебаянымыз, өнердегі, өмірдегі жақын досымыз, жас та болса өте тәжірибелі, мықты музыкант, дарынды композитор Серік Нұрмолдаевтың «Ана жүрегі» деп аталатын шығармасына түсірілмек.
- Болашақ жоспарларыңызбен бөліссеңіздер?
- Жоспар көп! Қазіргі уақытта алғашқы күйтабағымызды жазу үстіндеміз, жаңа шығармалар шығарып жатырмыз. Екінші бейнебаянымызды түсіруге дайындалып жүрміз. Сонымен қатар, жуық арада жеке концертімізді бермекпіз.
- Жадыра, сөз соңында бастарыңыздан өткен бір қызық оқиғаны оқырманмен бөлісе отырсаңыздар?
- Өнер жолында жүрсең, үнемі қызық оқиғаларға тап болып жүресің ғой. «ХасСақтың» қызық оқиғаларының бірін айтып берейін...
Чехияның Карловы Вары қаласына кезекті гастрольдік сапармен барған болатынбыз. Концертімізді сәтті өткізгеннен соң, Чехияға келіп тұрып екі сағаттық жердегі астанасы Праганы көрмей кету болмас деп шештік. Ұшағымыз Карловы Варыдан ұшатындықтан, келесі күні қайтып келу үшін автобусқа билет алып қойдық... Сонымен, Прага қаласын әбден араладық. Бірақ қыдырып жүріп бір-бірімізді жоғалтып алып, біраз іздедік. Әйтеуір, таксофонмен «звондап» жүріп таптық. Автобусымыздың кететін уақыты таяп қалғандықтан, бәріміз жүгіріп метроға кіріп билет алдық. Бір кезде алдымыздан тексерушілер шығып билетіміздің тіркелмегендігін айтып, айыппұл салды (билеттерді кассадан сатып алғаннан соң, тағы аппаратқа салып тіркеу керек екен) . Ол адамдарға мән-жәйді түсіндіріп тұратын уақытымыз болмағандықтан, айыппұлын төлей салып, ары қарай жүгіріп кеттік. Сонымен, автобусымызды тауып алып, жүгіріп кірген сәтте есіктер жабылып, автобус жүріп кетті. Тура бізді күтіп тұрғандай болды. Барлығымыз ентігімізді баса алмай, бір-бірімізге қарап күлгеніміз бар...


Астана мен Әбу-Даби бауырлас қалалар болады
Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.
Қалалар арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қатынастарды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Қалалар арасындағы муниципалдық әріптестік сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.
ҚР Елшісі Қ.Лама Шариф қазіргі кезде Астананың 42 бауырлас қалалармен және әріптестермен шарттық қатынастары жолға қойылғаныны атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастарының айғағы - қазірдің өзінде Астанада салынып жатқан көпфункциональды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің және Шейх Халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі 2015 жылғы 28 қазанда Астанада алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы және осы жылғы 16 ақпанда БАӘ астанасында Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласы әкімдігінің екінші қазақстандық-әмірлік «БАӘ және Қазақстан: Бір-біріне қарай қозғалыс» бизнес-форумның өтуі болды.
Әбу-Даби муниципалитеті істері жөніндегі департамент Біріккен Араб Әмірліктерінің жергілікті өзін-өзі басқару органы. Әбу-Даби муниципалитеті 1962 жылы құрылған болатын. 1969 жылы БАӘ Президентінің жарлығымен қаланың алғашқы муниципалдық кеңесі тағайындалды.
Департамент халыққа кешенді қызмет көрсетуге, тиісті жоспарлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол желілерін, қалаға техникалық қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығын дамытуға және әртүрлі салалардағы қоғамдық нарықтарды құруды реттеуге жауап береді.

Астанада электр энергиясын заңсыз тұтынғандармен күрес белсенді жүргізіле бастады
Электр энергиясын заңсыз тұтынуға қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар аясында «Астана-АЭК» АҚ мамандары жосықсыз тұтынушыларды анықтау жөнінде жүйелі іс-шаралар жүргізіп келеді. Мысалы, жыл басынан бері электр желісіне рұқсатсыз жалғанған тұтынушыларды анықтау бойынша жұмыс кестесі құрылды. Тексеру нәтижесінде электр энергиясын пайдалану қағидасын бұзу туралы 190 акті жасалды. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы аумақтық департаментіне тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 10-нан астам материалдар жолданды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Электр энергиясын ұрлаушыларды анықтау «Астана-АЭК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания өкілдері Астана қаласының аудан әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдармен кездесулер өткізді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдеріне тек қана құқық белгілейтін құжаттар, техникалық шарттар, энергиямен жабдықтау шарты және т.б. сәйкес құжаттарды ұсынған кезде тұтынушыларды тұрғын үйлердің кірістегі тарату құрылғысына жалғау тәртібі түсіндірілген болатын», - делінген баспасөз баянында.
«Электр энергиясын заңсыз тұтыну және есептеу құралдарының жұмысына араласу заңды бұзу болып табылады. Есепке алынбаған тұтынуға жол берген, оның ішінде электр энергиясын заңсыз қолдану айыбы ашылғандарға акті толтырылып, олар келтірген материалдық шығынды төлеуді міндеттеледі», - дейді компанияның электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы Денис Неходцев.
Бұдан басқа, электр энергиясын заңсыз тұтыну желіде шамадан тыс жүктемеге әкеледі, ол заңға бағынатын тұтынушыларды электрмен жабдықтауға тікелей ықпал етеді. Тәжірибе көрсеткендей, электр тоғы соғып адамдардың қаза болу оқиғалары электр қондырғыларға заңсыз кіру әрекеті, сондай-ақ электр желілік кешен объектілеріне заңсыз жалғану кезінде жиі болады.

Елордалық қызметтерге Астанадағы жолдарды жөндеуге бір ай уақыт берілді
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды өткізудің қорытындысын шығарудан басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атап өтуінше, Астана «Нұр Отан» партиясын қолдау бойынша ең үздік нәтижеге (85,18%) қол жеткізген. Сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші 75%-ды құрады, бұл Астана тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жақсы көрсеткіші болып табылады.
Отырыс барысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды. Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.
Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен бейіндік қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.
Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері сезіле алатын болуы тиіс.

Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды
Астанада әйелдер мен ерлер арасында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты басталды.
Жарыс 28-30 наурыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді.
«Біріншілікке 105 спортшы қатысып отыр, бұл ҚР-ның көпсайыстан әйелдер мен ерлер арасындағы чемпионаты. Жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты да қатар өтеді. Жарысқа 8 аймақтан спортшылар келіп отыр», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Кенже Сәрсекенова.
Оның айтуына қарағанда, чемпионаттың нәтижесі бойынша, ұлттық құрамаға жеңіске жеткен 10-ға тарта спортшы алынады. Танымал спортшылардан бүгінгі жарысқа Александр Жигин, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Екатерина Айдова қатысып жатқандығын да айта кеткен жөн.
«Ерлер 500, 3000, 1500, 5000 метр қашықтықта, әйелдер 500, 1000, 1500, 3000 метр қашықтықта сайысады. Төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша чемпиондарды анықтаймыз. Осы жарыспен 2015-2016 жылғы жарыс маусымы аяқталады. Бұл 2016-2017 жылғы жарыс кезеңіне іріктеу болып саналады. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша, 1, 2, 3 орындарға ие болған спортшылардан келесі жылға ұлттық құрама мен жастар командасын құрамыз», - дейді мемлекеттік жаттықтырушы.

Астанада аудан әкімдері жолдың жағдайы туралы толық есеп жасады
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен профильді қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері үшін сезілуі керек.

Астанада балалар шығармашылығы көрмесіне 250 оқушы қатысты
Астанада М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар шығармашылығы мен бейнелеу өнерінің «Тұмар-2016» қалалық көрмесінің қорытындысы шығарылды. Көрмеге 250 оқушы қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жас шеберлер коллаждар, аппликациялар, ою-өрнектер, мүсіндер, ас үй заттарын және т.б. жасаған.
Байқау қорытындысы бойынша «Арт-инсталляция» номинациясында «Нұр Орда» мектебінің өкілі сегіз жасар Ахмет Қабдолла үздік атанды. «Сәндік-қолданбалы өнер» санатында №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Қайорғазинова көш бастады. «Макеттер, коллаждар, қағазбастылық» номинациясында №27 мектеп-лицейінің шәкірті Камилл Камаловтың және Елена Кирпичеваның еңбектері ерекше деп танылды. Ең креативті мүсіннің авторы №1 математикалық-экономикалық лицейдің оқушысы он алты жасар Ермек Тұрғымбаев болып шықты.- Байқау елордада екінші рет өткізіліп отыр. Әр мектепте технология сабағы өткізіледі, балаларға бар үйренгенін көрсететін алаң қажет. Көрмеге әртүрлі жұмыстар ұсынылады, барлығы ұлттық өнер түрлеріне арналады. Өткен жылы негізінен ұлттық нақыштағы бұйымдар жасалды, бұл жолы Қазақстанның болашағына арналған заттар көп болды, - деді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Астанада аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету шарасы өтеді
2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні. Бұл күні жыл сайын Light It Up Blue флешмобы өткізіледі. Астана аталған шараға алғаш рет қосылмақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Шара аясында «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» СОО сыртқы жарықтандырылуы көк түске боялады. Сонымен қатар, аутизмге шалдыққан балалардың, қалалық спорттық және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен акция ұйымдастырылады.Бұл шараларды өткізу туралы бастаманы «Сенім» психологиялық-педагогикалық түзеу орталығы көтеріп отыр. Акцияға Астана қаласының әкімдігі, психологиялық түзеу орталықтары, аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мен еріктілер қолдау көрсетіп отыр. - Біздің басты мақсатымыз - қоғам назарын аутизм проблемасына аудару, осындай балалар мен олардың ата-аналарына құрметпен қарауды қалыптастыру. Халық аутизм туралы мүлдем хабарсыз, адамдар оның ауру еместігін, оны түзеуге болатынын білмейді. Мұндай балалар кез келген салада жетістікке жете алады, өз елінің игілігі үшін еңбек етеді, олар үшін өздерін түсінбейтін қоғамда болу аса қиын. Біз осы жандардың ерекше әлемін көрсетпекпіз, сол туралы сөз қозғаймыз, - деді ұйымдастырушылардың бірі Гүлфия Әлиева.Акция «Қазақстан» спорт сарайында сағат 11.00 басталады. Сонымен қатар, 6 сәуірде былтыр Астанада ашылған аутизмі бар балаларға арналған «Алтын мирас» орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық кешкі ас беріледі. Жиналған қаржы аутист балаларға арналған шығармашылық шеберханалар жасауға жұмсалады.

Астанада екі бірдей халықаралық құрылыс көрмесі ашылды
Астанада «Өнеркәсіпқұрылыс - Астана» және «ЭкспоЖылжымайтын мүлік - 2016» атты құрылыс саласындағы екі халықаралық көрме ашылды. Көрмеге қатысу үшін Қазақстанға 10 елдің компаниялары келді.
«Өнеркәсіпқұрылыс - Астана» көрмесінде жұртшылық назарына құрылыс материалдарын, тау-кен өндіріс өнеркәсібіне арналған техниканы және басқа да өнімдер ұсынылып отыр. Иран компаниялары көрмеге алғаш рет қатысуда.
Көп жылдар бойы осы көрме барысында көптеген іскерлік бағдарламалар іске асырылып келеді.
«ЭкспоЖылжымайтын мүлік - 2016» көрмесіне тоқталатын болсақ, бұл шара Қазақстан мен шетелдің жылжымайтын мүлігі нарығы жайында ақпарат ұсынудың бірегей мүмкіндігіне айналып отыр. Көрмеге келушілер тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті, жер телімдерін сатып алу, бизнесті шетелде жүргізу мәселелері бойынша кеңес алады.
Айта кетейік, құрылыс саласындағы бұл шараларды «Атакент-Экспо» ХКК тарапы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Астана әкімдігінің қолдауымен өткізіп жатыр. Көрмелер 31 наурызға дейін жалғасады.

Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді - ҚР Ұлттық музейі
ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Кездесуге екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен қатысады. П.Салопек - бүкіл әлемді жеті жыл ішінде жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал, А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік етіп келе жатқан ғалым. Сондай-ақ, шараға антропология, археология саласындағы белгілі қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысады.
Күн тәртібіндегі басты мәселе - «National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі және беделді басылым қозғайтын тақырыптар. Сонымен қатар, география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілмек.
Айта кетейік, «National Geographic» - әлемдегі ең беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған ұйымның меншігіне бірқатар телеарна, журнал, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде 700 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғамдық ұйым 11 000 грант бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Бүгінде дүниежүзі бойынша журнал әлемнің 38 тілінде шығарылып, 80-нен астам елге тарайды. «National Geographic» Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда жарық көріп отыр.


Астанада әскерилер арасында AIBA қағидасы бойынша бокстан ашық турнир өтуде
Бүгін Астанада «Жас ұлан» республикалық мектебінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің боксынан ІІІ ашық турнир басталды. Турнирге офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатыса алады.
«Бокс - бұл еліміздегі сұранысқа ие спорттың бір түрі. Бұл спорт түрінде былғары қолғап шеберлеріміз халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Спорттың аталмыш түрі Қарулы күштерінің жүйесінде де танымал болып келеді. Бұл турнирдің алдында бөлімдер мен құрамаларда, өңірлік қолбасшылықтарда, тікелей бағынысты бөлімдерде үздік боксшыларды іріктеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінде біз боксты ғана емес, сонымен бірге Қарулы күштері қызметкерлерінің дене даярлығын тамашалаймыз. Себебі, төзімділік - бұл жауынгерлік даярлықтың, Қарулы күштеріміздің жауынгерлік әзірлігінің бір бөлігі», - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы - ҚР ҚК ҚӘ БҚБ жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы генерал-майор Сәбит Құдайбергенов.
Турнир AIBA халықаралық бокс федерациясының халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Команданың құрамы - 10 адам (8 спортшы, 1 өкіл және 1 төреші). Сайысқа 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақтағы қатысушылар қатыса алады.

Елорда көктемгі су тасқынына дайындалуда
Көктемде Астананың кейбір аудандарын су басуы мүмкін. Қазіргі кезде қаладағы су тасқыны болуы ықтимал учаскелердің картасы әзірленді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынын жою үшін 309 адамнан тұратын топ құрды, сондай-ақ оған 49 техника, 12 жүзу құралы мен тікұшақ тартылмақ.
Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, адамдар көп жүретін 266 нысанда қар тазалау жұмыстары аяқталды.
Астана қаласының Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отряды Есіл және Ақбұлақ өзендерінде мұз жағдайын бақылау және жағаны патрульдеу бойынша кезекшілік етеді.
Төтенше жағдайдың орын алу қаупі болған жағдайда қалалық коммуналдық қызметтерде, шаруашылық органдарда, тәртіпті қорғау органдарында бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік пен бақылау мәліметтері өңдеу, жағдайды бақылау және оның үрдісін болжау ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жоюға қосымша 125 адамнан тұратын жедел әрекет ету отряды, 48 инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш пен КамАЗ) тартылмақ.
Департамент қызметкерлері азаматтарды су тасқынының қаупі мен су басуға қарсы күрес шаралары туралы хабардар ету мақсатында рейдтер өткізуде. ТЖД су тасқыны кезіндегі әрекеттер туралы жадынамалар басып шығарды. Жедел ақпаратты тұрғындарға жеткізу үшін қалалық хабардар ету жүйесі дайындалды.

Астаналық өрт сөндіру бөлімі еліміздегі үздік бөлімдердің қатарында
«Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау-конкурсында Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі 2-ші орын алды. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Алғашқы ведомствоішілік кезеңде өрт депосы ғимаратының іші, өрт техникасы, байланыс құралдары, өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық жабдықталуы бағаланды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі үздік деп танылды.
Конкурстың екінші кезеңінде нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеу өткізіліп, қатысушылар әзірлеген рефераттар, фотоальбомдар, бейне материалдар, бірінші кезең бойынша бағалау ведомостілері қаралды.
Бұдан басқа, қатысушылардың дене шынықтыру дайындығын тексеру мақсатында биылғы жылы үміткерлер өрт-құтқару спорты бойынша келесідей нормативтерді тапсырды: оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілу, 100 метрлік кедергісі бар жолды жүгіру мен қысымды ауа аппаратын тексеру.
Байқау қорытындысы бойынша, елордалық құтқарушылар 1274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Өрт сөндіру бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ә.Жақсыбеков Ресейдің Пенза облысының делегациясын қабылдады
РФ Пенза облысының губернаторы Иван Белозерцев бастаған делегация Астанаға үш күндік ресми сапармен келді, деп хабарлайды Елорданың ресми сайты.
Сапардың басты мақсаты - экономикалық және гуманитарлық екіжақты қарым-қатынасты нығайту.
Бүгін ресейлік делегация Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Елорда басшысы аймақтар арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзара қарым-қатынастың негізі дәстүрлі тарихи байланыстар ғана емес, сондай-ақ, нақты іс жүзіндегі байланыста болатынын атап өтті.
«Біз Пенза облысымен серіктестік қарым-қатынасты тереңдетуге және жүйелі түрде кеңейтуге көп мән береміз», - деді Ә. Жақсыбеков. Елорда әкімі аймақ басшысының сапары көрші мемлекеттердің аймақтары арасындағы достықты нығайтуға және оны одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Төрт жылдан бері Астана мен Пенза облысының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы екі жақты келісім әрекет етуде. Атап айтқанда, аймақтар арасында азық-түліктік және ауыл шаруашылық салаларда белсенді сауда жүргізіледі.
Пенза облысының губернаторыАстана қаласының әкіміне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының дамуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
«Бүгінде Астана жетістікке қол жеткізді. Қазіргі заманғы тұрғын үй, мәдениет және спорт нысандары құрылысының қарқыны таң қалдырады. Бұған кеше қаланы аралаған кезде тағы да көз жеткіздік. Бұл қонақжай жер, адам капиталын тартатын орталық, қарқынды экономикалық даму аумағы болып табылатыны сөзсіз», - деді И. Белозерцев. Губернатор Пенза облысы үшін аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екендігін атап өтті.
Бүгін Астана әкімдігі мен Пенза облысы Үкіметінің денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм салаларындағы профильді құрылымдарының өкілдері жұмыс кездсулерін өткізеді. Сонымен қатар, делегация EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында болады.
Пенза облысының губернаторыАстана қаласы әкімінің келер жылы кеңейтілген делегациямен Астанаға келуге шақыруын қабыл алды. И.Белозерцев аймақ тұрғындарының алдағы жылы өтетін көрмеге қуана келетінін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Пенза облысының Астанадағы күндерін өткізу туралы уағдаласты.
Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі
Бүгін, 30 наурыз күні, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруда ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Меморандум аясында әкімдік пен «Даму» қоры салалық шектеусіз ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңге (әрқайсысы 1 млрд. теңгеден) бөледі.
Кәсіпкерліктің жоғары әлеуеті кез келген қаланың экономикасы ілгерілеуінің басты факторы болып табылады. Сондықтан Астана қаласы әкімдігі қызметінің басты міндеттерінің бірі - бизнесті дамыту мен қолдау болмақ. Жаңа Меморандумға Астана қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық Палатасының елордалық шағын және орта бизнесті қаржыландыру туралы алдын ала келісімі аясында қол жеткізілді.
Қалада кәсіпкерлік ортаны жетілдіру бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптерімен бизнес-аухалды жақсарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Астананың ЖӨӨ-дағы ШОБ-тың үлесі 61 пайызға жеткен. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есеге артық. Астана несиелерді кепілдендіру бойынша республика бойынша бірінші орында, субсидиялау бойынша - екінші орында тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторында салықтар есебінен түсетін түсімдер де оң нәтижесін беруде. Қазіргі кезде жергілікті бюджетке түсетін салықтың 65%-ы елордалық шағын және орта бизнестің үлесінде.
ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау идеясын Астана қаласының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген ІІІ жыл сайынғы конференциясында елорда басшысы ұсынған болатын. Жаңа бағдарламаға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қызметі экономиканың басымды салаларының тізіміне енбеген кәсіпкерлер қатыса алады. Несиенің ең көп сомасы - 50 млн. теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 7,9%, несие мерзімі - 7 жылға дейін. Жобаларды іріктеуді өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.
Айта кетейік, қазіргі кезде елордада шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту мақсатында «Даму» қорымен бірлесіп 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алатын жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы мен сауда саласын мақсатты несиелеу бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар бойынша қаржыны игеру 100%-ды құрады, оларды жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасады.


«Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпиондары анықталды
Бүгін Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Денис Кузин, әйелдер арасында - Екатерина Айдова чемпион атанды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөөз қызметінен.
Үш күн бойы «Алау» мұзайдыны сарайында өткен чемпионатқа сегіз аймақтан келген спортшылар қатысты. Жарыстар ересектер арасында да, жасөспірімдер арасында да ұйымдастырылды. Жалпы, 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды.500, 1500, 1000 және 3000 метрге жүгіруде жиналған ұпай саны бойынша Екатерина Айдова көш бастады, Татьяна Климчук екінші, Мария Сизова үшінші орында.Ерлер арасында барлық қашықтықтар бойынша жарыстарда Денис Кузин үздік болды, Дмитрий Морозов күміс, Александр Кленко қола медаль еншіледі.Жасөспірімдер арасында классикалық көпсайыстан Демьян Гаврилов, қыздар арасында Александра Примак топ жарды.Конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік бапкер Кенже Сәрсекенованың айтуынша, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алдағы маусымдағы құрамы анықталады.- Біздің спортшылар үшін бұл маусым жақсы өтті. Жасөспірімдер резерві артып келеді. Мысалы, Станислав Палкин Әлем кубогының бірнеше кезеңінде, халықаралық жарыстарда бағын сынады, Әлем чемпионатында «еркін» сайыста жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтадық, Әлем кубогы кезеңінде Палкин қола медаль олжалады. Негізгі құрамаға тоқталсақ, спринттен Қазақстанда көш бастап тұрған Роман Креч биыл Әлем чемпионатында 500 м қашықтықта 5-орын алды. Келесі маусымда спортшыларымыздың үздік нәтижелерге қол жеткізетініне үміттенеміз, - деді мемлекеттік бапкер.Келесі маусымда спортшылар басты жарыс - Алматы қаласында өтетін Универсиадаға дайындалатын болады.

«Астана» ХҚО халықаралық 3 қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады
«Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық 3 қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» акционерлік қоғамын құрды және Дубай халықаралық қаржы орталығымен, CityUK (Лондон-Сити) британдық корпорациямен, Катар қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады», - деді министр.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты жетім балалардың құқығын қорғады
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат Д-ның төрт азаматқа және «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-на, «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органына қатысты жекешелендіру шартын және сату-сатып алу шартын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сот «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ әкімшілігі 1982 жылы өз жұмысшысы Р-ға үш бөлмелі пәтер түрінде тұрғын үй бергенін, ол үйді Р. кейіннен өзінің қызына, күйеу баласы мен жиендеріне тіркегенін анықтады.
Пәтер иесі қайтыс болғаннан кейін оның қызы мен күйеу баласы ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты қарияның немерелері «Светоч» балалар үйінде тәрбиеленген. Заң бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, мемлекет қорғауына алынған балалардың өздеріне мұраға қалған тұрғын үйге меншік құқығы сақталады.
Жауапкерлер даулы пәтерді заңсыз жекешелендіріп, қайта сатып жіберген.
Сарыарқа аудандық соты істі талқылау барысында жауапкерлердің мәмілесімен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылғанын, тиісінше жекешелендіру шарты мен сату-сатып алу шарты заңсыз болып табылатынын анықтады.
Сот мәміленің құқық тәртібінің негіздерін көрінеу бұза отырып рәсімделгенін және адамгершілікке қайшы фактінің орын алғандығын дәлелдеді, осыған байланысты талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Американдық «The Exchange» тобының Астанадағы шоуы аса әсерлі болды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына арналған шаралар өткізуде.
Бұл шаралар негізінен: инновация, достық және әріптестік тақырыптарын қамтып отыр. Осынау атаулы күнге орай Астанада АҚШ елшілігінің American Music Abroad» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдауымен американдық «The Exchange» тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ бұл концертке қазақстандық әртістер: «Акапелло Априори» тобы, қобызшы Ләйлә Тәжибаева және әнші Ардана ( Артемис тобы) қатысты.
Өнер кеші Бейбітшілік және келісім сарайында болды.

Астанада бүгін «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
Бүгін 31 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жасқа толған мерейтойына байланысты «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешіміне сәйкес, Әлихан Бөкейхановтың мерейтойы 2016 жылғы ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.
Дөңгелек үстел барысында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» ғылыми-зерттеу институты (директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы). тарапынан қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде дайындалған «Әлихан Бөкейхан. Alikhan Bukeikhan. Алихан Букейхан» атты зерттеулер, публицистикалық мақалалар, сұхбаттар және дөңгелек үстел материалдарының жинағы кітапханаға сыйға тартылады. Биыл бұл институт Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы 2 томдық монографиясының бірінші томын, оның 16-18 томдық шығармалар жинағының толық жинағын, «Алаштың Әлиханы», «Әлихан тағылымы» жинақтарын, сондай-ақ басқа да кітаптар мен жинақтарын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Дөңгелек үстел жұмысына «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Мемлекеттік тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары Зиябек Қабылдинов, Данагүл Махат қатысады.
«Алаш қозғалысының көсемі» атты кітап көрмесі Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік, ғылыми, публицистикалық және журналистік қызметі және оның бай мұрасына арналады. Көрмеде автордың кітаптары, жинақтары, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылады. Сондай-ақ «Алаш ардақтыларына тағзым» тақырыбымен Алаш қайраткерлері суреттерінің көрмесі өтеді

Жапонияның бес танымал суретшісі ҚР Ұлттық музейіне туындыларын сыйға тартты
ҚР Ұлттық музейіне жапондық бес суретші өздерінің тоғыз картинасын сыйға тартты.
Бұл сый-сияпат 3-31 наурыз аралығында «Бес суретші - бес құбылыс: дәстүрлер мен жаңашылдық» көрмесі ұйымдастырылуына орай жапондық тараптың ризашылығымен табысталды.
Мията Рёхэй, Митамура Арисума, Сайто Норихико, Мизогучи Бодуко және Кавачи Кунпей секілді суретшілер елорданың өнер сүйер қауымының назарына 35 туындысын ұсынды.
Бұл көрмеде каллиграфия, нихонг көркем суреттерін, тушьпен салынған туындыларды, шағын мүсіндерді, сондай-ақ өзге де жапондық өнердің жетістіктерін байқауға болады.
ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрмеге Жапонияның өнердегі үздік шеберлерінің туындылары ұсынылған атап өтті.
«Бұл көрмені мәдени диалогтың бастауы, елдеріміз мәдениеттерінің жақындасуы ретінде бағалап отрымыз. Өз кезегінде Қазақстан да Жапонияның көрме алаңдары мен музейлерінде еліміздің суретшілерін таныстыра алады», - деді ол.
Сыйға тартылған 9 картинаның арасында жапондық ЖОО ректоры Мията Рёхэйдің де еңбегі бар. Сонымен қатар ол «Токио-2020» Олимпиадалық ойындары ұйымдастыру комитетіне басшылық етуде.
Айта кетейік, бұл көрмені ұйымдастыруға Жапон қоры, Суретшілердің Азия-Тынық мұхиттық қауымдастығы, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі қолдау жасады.

Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өтеді
Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы төртінші рет өткізіледі, оған еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатыса алады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Ертеңнен бастап ұлттық конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы қатысушылардан өтінімдерді қабылдай бастайды.
«Мерейлі отбасы» конкурс 3 кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең - аудандық (қалалық); екінші кезең - облыстық; үшінші кезең - республикалық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қабылданады.
Айта кетейік, өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.
Өткен жылы шығармашыл Жүгінісовтар мен спортшы Елеусіновтер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының елордалық кезеңінің жеңімпаздары атанған болатын.
Толық ақпаратты 556708, 556701 телефондары арқылы алуға болады.

«Жастар жалыны - 2016» студенттер фестиваліне жаңашылдықтар енгізілді - З. Арықбаева
Астанада жыл сайын көктемде студенттер арасындағы «Жастар жалыны - 2016» фестивалі өтеді, биыл төртінші рет өткізілетін шара елордалық жігерлі әрі шығармашыл жастардың басын қоспақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Алғашқы «Жастар жалыны» фестивалі 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған Астанадағы барлық оқу орындарынан жүздеген дарынды студент қатысты. Сол сәттен бастап көктем мен достық мерекесін өткізу дәстүрге айналды.Бүгінде қалалық ЖОО-лар мен колледждерде шығармашылық атмосфера орнады, креативті идеялар ұсынылып, номерлер мен қойылымдар әзірленуде, костюмдер тігіліп жатыр. «Жастар жалыны» фестивалінің ашылуы 8 сәуірде өтеді. Биыл шығармашылық фестиваль ерекше салтанатты форматта өтеді және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы Зүлфира Арықбаеваның айтуынша, биыл шараға біраз жаңашылдықтар енгізілген. Бұрынғы алты номинацияға «Үздік волонтерлық жоба», «Авторлық оқу», «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойыны, сондай-ақ, «Квест» шытырман ойыны қосылды.- Бұл жолы фестиваль кеңейді, жастар шығармашылық және зияткерлік бағыттардағы сайыстарға қатысады. Биыл шараға қатысушылар саны артады деп ойлаймыз, - деді З. Арықбаева.«Жастар жалыны-2016» жастар фестивалі 8-12 сәуір аралығында қаланың түрлі алаңдарында өтеді.13 сәуірде сағат 18.00 Конгресс-холлда өтетін гала-концертте 10 номинация бойынша жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Астанада Н.Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді
1 сәуірде Конгресс-холлда қазақ елінің біртуар перзенті, халқымыздың мәдениеті, музыка өнерінде композитор, дирижер ретінде өшпес із қалдырған, күйші, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» гала-концерті өтеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.
Нұрғиса Тілендиевке арналған концерттің ерекшелігі - автордың халық ұжымдарына арнап жазған шығармаларын Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің орындайтынында. Дирижері - Ернар Нұртазин және Берік Батырхан.
Ән-жыр кешіне КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның жастар сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова, Нұрбол Балапанов, Шахризада Тыныштық қатысады.
Гала-концерт сағат 19.00-де басталады.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Лондон - Астана, Астана - Лондон бағытындағы рейстер санын ұлғайтады
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 2 маусымнан бастап әуе компаниясы Лондон - Астана, Астана - Лондон бағытында жасалатын апта сайынғы рейстерінің санын төртке дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі хабарлады.
Қазақстанға аптасына үш рет орындалатын рейстерге қосымша «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг 757» лайнері Лондон қаласының «Хитроу» әуежайынан Қазақстан астанасына дүйсенбі күндері аттанады.
Қазіргі таңда, «Эйр Астана» рейстері Қазақстанға аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.

Астана тұрғындары «құпия» белгінің жауабын іздеп, бас қатыруда
Елорда халқының, тіпті, Астанаға келетін кез келген қонақтың көп баратын орны - Есіл өзенінің жағасы, жағалау бойындағы әдемі саябақ. Міне, көктем келе, күннің салқындығына қарамастан, жағалауда серуендей бастаған жұрт бір аптадан бері әлеуметтік желіде де, сөз арасында да бір сұрақтың жауабын таппай әлек - мына суреттегі белгі қандай мағына береді?
Әлеуметтік желідегі белсенді жұрттың бірі бұл белгі «көпірдің астымен жүрме» деп ескертіп тұр десе, енді бірі «суға қоқыс лақтыруға болмайды», «кемемен жүзуге тыйым салынған» деген болжамын айтып жатыр. Тіпті, қалжыңға басқан елорда жастары «қайыр сұрауға болмайды», «мұз еріген», «суға кілем жууға болмайды» деген болжамдарын ұсынуда. Тіпті, бір «тапқыр» «елегенге үш үшбұрыш, екі болты, бір темір мен екі сим-карта салуға болмайды» деп, белгінің суретін желіге жүктеген.
Бұл белгінің қандай мағына беретіні ҚазАқпарат тілшісіне де қызық болды. Анықтағанымыз жоғарыдағы болжамдардың маңына да жуымайтын мағына екен.
Онда біле жүріңіз, бұл белгіні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстар жөніндегі комитеті орнатқан екен.
«Дұрыстап қарасаңыздар, өзеннің жағасы осы белгіге қосымша көк тақтайша орнатып, «Су қорғайтын аумақ» деп жазғанбыз. Ол белгі ҚР СТ 1742-2008 стандарты бойынша бекітілген. Стандарт 2008 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінде тіркеуден өткен»,-деп хабарлады АШМ Су ресурстар комитеті.
Сонымен, суреттегі белгінің мағынасы - бұл жерге өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын көметін орын мен қойма орналастыруға болмайды деген сөз.


«Бұл кітап əлемі» атты айлық аясында Астанада 60 іс-шара өтеді
Бүгіннен, яғни, 1 сəуірден бастап "Бұл кітар əлемі..." атты айлық акция аясында Ұлттық академиялық кітапханада 62 іс-шара өтеді. Бұл туралы бүгін акцияға орай өткен баспасөз мəслихатында белгілі болды.
Шаралардың саны қаншалықты көп болса, олардың мəн-мазмұны да соншалықты терең болмақ. Мысалы, ол іс-шаралардың арасында абайтанушы, шəкəрімтанушы, ақын, жазушы, ҚазССР əнұранының авторы Қайым Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойына байланысты "Алаш мұрасының көзі" тақырыбындағы еске алу кеші, кітап мерейтойлары - Жүсіпбек Аймауытовтың "Қартқожа" романының (90 жыл), Əкім Таразидің "Құйрықты жұлдыз" (50 жыл), Əнуар Əлімжановтың "Сувенир из Отырара" (50жыл) повесінің бенефисі, сондай-ақ, "Менің сүйікті шығармам" атты кітап конференциясы, "Менің өмірімді өзгерткен кітап" атты оқырмандардың бенефисі өтеді екен.
"Көркем əдебиет, көркем ойлар ұлы мемлекеттік, ұлттық идеяларға бастаған. Ұлттың болашағы көркем шығармалардағы ақиқатпен тығыз байланысты. Тіпті, тəуелсіздігіміздің бастауы сонау жырау-ақындарымыздың дана сөздерінен бастап 20 ғасырдағы атақты қазақ жазушыларының шығармаларында жатыр",-дейді баспасөз мəслихатына қатысқан акцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы, жазушы Ғарифолла Есім.
Айта кетейік, акция ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар аясында жəне Халықаралық балалар кітабы күні мен Бүкілəлемдік кітап жəне авторлық құқық күніне орай өткізіліп отыр.

Елордада АИТВ инфекциясына шалдыққандардың дені 20-29 жаста
Астана қаласының ЖИТС орталығында аталған мекеменің мамандары мен мектеп және арнайы-орта оқу орындарының басшылары бас қосқан жиын өтті.
Бұл туралы орталықтың ақпарат бөлімінен хабарлады.Шара барысында қоғамдағы қатерлі дерттің алдын алу, яғни, ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақты АИТВ-жұқпасынан сақтау мәселесі кеңінен талқыға түсті. Мамандардың бұлай дабыл қағуына, бұл дерттің әсіресе жастардың арасында дендеп келе жатқаны себеп болса керек. Мәселен, орталық деректеріне қарағанда, бүгінде Астана қаласында бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны мыңға жуықтаса, оның дені 20-29 жас шамасындағы азаматтарды құрап отыр. Ал соңғы жылдарда аталған дерттің құрығына ілінгендердің 70 пайызы жұқпаны жыныстық жолман жұқтырғандары дәлелденген. Сол себепті дөңгелек үстелге қатысушылар өскелең ұрпақты ерте, бейберекет жыныстық қатынастан сақ болуға шақыру ортақ міндеттері екендіктерін атап өтті. Атап айтқанда, №6 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Қамажай Қуанышқызы қоғамдағы асқынған ауруға ұстаз ретінде ғана емес, ана ретінде де қатты алаңдайтынын баса айтты.«АИТВ-тің жұғу жолдарын оқушыларымызға, әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларына әр тәрбие сағаты сайын айтып отыруға тырысамыз. Алайда, сол тәрбие сағатын өткізетін әр ұстаз аурудың жұғу жолдары мен оның қаншалықты қатерлі екені туралы толық, нақты ақпаратты білуі тиіс. Сондықтан педагогтармен осындай тренингтер жиі өткізіліп тұрса дұрыс болар еді», - деді ол. Ал, дәрігерлер қазіргі уақыттағы АИТВ-инфекциясын жұқтырудың қарқыны, жұмыла жұмыс істеуді қажет ететін медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық феномендік эпидемиологиялық сипатқа ие болып отырғанын атап өтті. Жиынның соңында орталық мамандары алдағы уақытта ЖИТС-ке қарсы күресу жұмыстарын күшейтетінін, осы мақсатта білім беру мекемелеріне жиі барып тұратындықтарын айтты.

Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өтеді
Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, Астананы дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қалада тұрақты тіркеуі бар жұмыссыз жүрген азаматтарды тегін курстарға алдын ала жазу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады.
Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Осы санатқа жататын азаматтардың білімі туралы дипломы болуы керек, ниет білдіргендер әкімгер, гид-экскурсовод, іс жүргізуші, кондитер, аспаз, электрогаздәнекерлеуші және т.б. мамандықтарды меңгере алады.
Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады, аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады.
Барлық сұрақтар бойынша «Бейбітшілік көшесі, 25» мекенжайында орналасқан «Өркен» іскерлік орталығындағы Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.


Дариға Назарбаева елордадағы №10 қалалық емхананың жұмысымен танысты
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева елордадағы №10 қалалық емханада Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу алдында Үкімет басшысының орынбасары емхананы аралап, дәрігерлердің медициналық жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс барысымен танысты.
Д. Назарбаева бұндай кездесулер өте маңызды екенін айта келе, яғни медицина саласындағы кәсіби қоғамдастықтың мәселелері, салада толғандырып отырған бағыттар кеңінен талқыланатынын жеткізді.
«Жаңа осы емхананың жұмысымен танысып өттім. Қазіргі заманғы бұл медициналық орталық және соңғы буынды құралдармен жабдықталған. Жалпы, осында ақпараттандыру толықтай жүргізілген. Онлайн режімде дәрігерге жазылып, үйден шықпастан консультация алуға болады. Менің ойымша, жақын арада осындай мүмкіндіктер еліміздегі барша медициналық мекемелерде болуы тиіс»,-деді ол.
Айта кетейік, бұл медициналық мекеме «100 мектеп - 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынып, 2014 жылдың ақпан айынан жұмысын бастады. Емхана бір ауысымда орташа есеппен алғанда 500 адам қабылдайды, оның 350-і ересек тұрғындар болса, 150-і - балалар. Медициналық мекемеде жаңаша құралдармен жабдықталған ота жасау кабинеті бар.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары дәрігерлерді нашар статистиканы жасырмауға шақырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесу барысында ақ халаттыларды медицина саласындағы нашар статистикаларды жасырмауға шақырды.
Осы ретте ол саладағы сапа деңгейін бағалауды қайта қарастыру қажет екенін атап өтті.
«Жалпы сапаны бағалау өлшемін өзгерту керек. Қазіргі өлшемдер көптеген жағымсыз фактілерді жасыруға алып келеді. Бұл өз кезегінде бюджетті жоспарлауға теріс әсер етеді. Яғни, проблема көрсетілмегеннен кейін қаржы бөлінбейді»,-деп тоқталды Д. Назарбаева.
Осы орайда Премьер-Министрдің орынбасары қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі алдында анықталған сенімді статистиканы барынша көрсету мақсаты қойылып отырғандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында, бюджеттік жоспарларда аталған проблемаларды шешу шараларын барынша қамтуға негізделіп отыр.
Сөз соңында Д. Назарбаева салада бар проблемаларды жасырмау қажет екенін және оған жайбарақат қарамау керектігін қадап айтты.

Қазақстанда туберкулезді рентгенсіз анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп жатыр
Елорда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов флюорографияға түспестен туберкулезді анықтауға бағытталған қанатқақты жоба туралы айтып берді.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында Е. Байжүнісов бұл технология Оңтүстік Кореядан жеткізілгенін атап өтті.
«Биылдан бастап туберкулезді қан арқылы анықтау әдісіне алғаш рет көшкенімізді атап өткім келеді. Оңтүстік Корея тарапымен тиісті келісімге қол қойып, олар жабдықтарды жеткізіп, орнатты. Қазіргі кезде біз екі емханада қанатқақты режімде зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Егер де бұл бағыттағы жұмыстар нәтиже көрсетсе, онда скринингтік зерттеулер жүргіземіз. Яғни туберкулезді қан арқылы анықтайтын боламыз», - деді басқарма басшысы.
Осы ретте ол бұл әдіс науқастардан туберкулезді нақты анықтауға, сондай-ақ емделушілердің антибиотиктерге сезімталдығын байқауға мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
«Биыл біз тубдиспансердің жаңа ғимаратын салатын боламыз. Менің ойымша, онда ем-дом жасаудың барлық циклі қамтылады. Осы ретте туберкулезді түбегейлі жеңуге болады», - деді Е. Байжүнісов.


Д. Назарбаева мектептен тыс жерлерде балалардың немен тамақтанатынын бақылауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектептерден тыс жерлерде балалар тамақтанатын тағамдарды бақылау керектігін тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлім етті.
«Балалардың денсаулығы мәселесіне тоқталатын болсақ, денсаулық сақтау қызметтері балалар болатын барлық жерде, оның ішінде мектептен тыс орындарда бақылау жүргізуі тиіс. Атап айтқанда, буфеттер мен дәмханаларда сатылып жатқан тағамдарды байқау керек. Жалпы, сатылатын және біздің балаларды тамақтандыруға жіберілетін өнімдердің сапасына талаптарды қатайтқан дұрыс болады деп санаймын», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Елордадағы № 5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табылдинаның айтуынша, мектеп дәрігері оқушыларды сауықтыру жұмыстарымен тыңғылықты айналысатын болады, оның ішінде дұрыс тамақтандыру шаралары да қамтылады. Осы орайда ол пайдалы тамақтандыру бағытындағы жеткіліксіз бақылау мектептердегі проблемалардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Астанадағы әрбір үшінші оқушыда тісжегі бар
Астанадағы әрбір үшінші оқушыда тісжегі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында № 5 қалалық емхананың бас дәрігері Атыншаш Табулдина мәлім етті.
«Бүгінде мектептерде балалардың денсаулығы мәселесі өте өзекті. Әрбір үшінші балада тісжегі бар екенін білеміз. Балалардың мүсіні мен көздерінің бұзылуы проблемалары бар. Сонымен қатар балалардың пайдалы тамақтануы жеткілікті қадағаланбауда, салауытты өмір салтын насихаттау да тиісті деңгейде емес», - деді ол.
Осы орайда бас дәрігер қала әкімінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау және білім беру басқармалары мектеп медицинасын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берудің жол картасын әзірлегенін атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, жұмыс комиссиясы мектеп дәрігерінің, медбикелердің қызметтік міндеттерін, мектеп медицинасы туралы ережені даярлады.
«Мектептерде профилактикалық тексерулерді оңтайландыру бойынша көп ұсыныстар бар. Мәселен, мектеп дәрігері балалардың тісжегісін тексеріп, анықталғандарды тікелей мамандарға бағыттай алады. Мектеп дәрігері тыңғылықты түрде оқушыларды сауықтырумен, дұрыс тамақтану және басқа да шаралармен айналысады»,-деп түйді ол.

Біздің емханаларда кезектер жойылды - Астана әкімінің орынбасары
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, елорда емханаларында кезектер жойылды. Бұл туралы бүгін ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлім етті.
«Бүгінде қала бойынша нақты нәтижелер бар, яғни шағымдардың төмендеуі байқалды. Бүгінде емханалық кешендерде кезектер жоқ деп айта аламыз. Бұған соңғы жарты жылда жүргізілген ақпараттандыру бойынша жобаны жүзеге асыру ықпал етті», - деді әкімнің орынбасары.
Бұдан бөлек Е. Аманшаев «Электронды медициналық карта» жобасын іске қосу тақырыбына тоқталды.
«Жылдың соңына қарай электронды медициналық картасымен қаланың барлық халқын қамтуды жоспарлап отырмыз. Жоба түрлі форматтарда жүзеге асырылады, оның ішінде онлайн режімде бірнеше тілде іске қосылады», - деді ол.
Астанада 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Астана қаласында 2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады astana.gov.kz.
Оның ішінде 349-ы - өнеркәсіп, 1 103-і - сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і - көлік және қойма, 771-і - білім және денсаулық сақтау, 660-ы - құрылыс болса, қалған 1 728-і - экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Астанада жол қауіпсіздігі ережесі бойынша акция өтті
Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Елордада «Назар аударыңыз, жүргінші» атты аймақтық акция 29 наурызда басталып, 4 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, аталған акциялар балалар зардап шегетін апаттар санын азайтуға ықпал еткен.- Өткен жылмен салыстырғанда биыл статистика бойынша «Назар аударыңыз, жүргінші», «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акцияларын өткізудің арқасында балалар зардап шегетін жол-көлік апаттар саны 18% төмендеген, - деді Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.Акция аясында жас инспекторлар жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар белдеулер, байламдардағы белгішелер, білезіктер таратты.Эксперттер шағылыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүргізушілер жақыннан 50 метр қашықтықта, алыстан 150 м қашықтықта көре алатынын дәлелдеген.Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге кішкентай бала кезден жол қауіпсіздігі ережесін үйретуге шақырады, ал жүргізушілерге жолдарда сақ болуға кеңес береді.

Астанада 17 мектеп үш тілде білім беріп жатыр
Астанада үш тілді ілкі тәртіпте жалпы білім беретін 17 мектепте енгізілді. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында Астана қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева осылай мәлім етті.
«Қазіргі кезде елордадағы мектептерде үш тілді білім беруді енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті кадрлардың қажеттілігіне мониторинг жасалуда. Үш тілде білім беруге ауысудың нормативтік-құқықтық әдіснамалық негізін жоспарлы зерттеу жүруде. Бүгінде үш тілде білім беруді енгізу тұрғысында қанатқақты мектептер ретінде 17 оқу орны іріктелінді. Бұл 17 мектепте пәндер ішінара ағылшын тілінде өткізіледі, яғни математика, билогия, химия, география пәндері ағылшынша оқытылуда»,-деді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы қаладағы білім беру саласындағы кейбір көрсеткіштерге тоқталды. Жыл сайын Астанаға орташа есеппен алғанда мектеп жасындағы 6,5 мың бала көшіп келеді. Осы ретте бір мұғалімге 86 оқушы тиесілі болады, ал 2015 жылы көші-қонды ескере отырып, елордада балаларды білім берумен қамту 103 пайызды құрады.

ҚР Вице-премьері асханалар мектептің қосымша табыс көзі болуы керек деп санайды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектептер асханаларын жалға беру арқылы елеулі табыстан қағылып отырғанын айтты.
«Сіздер асхананы жалға бергенді қалайсыздар, бірақ та бұл тұрғыда елеулі табыстан қағылып отырсыздар. Менің ойымша, өзгеріс енгізіп, мектептің міндетіне жүктеу керек. Оқу орны қызметкерлерді өзі жалдап, табыс алуы қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында.
Бұл ретте Д. Назарбаева асханадан келген кірісті мектептегі материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, ұстаздарға қосымша төлем жасау, балалар үшін экскурсиялар мен сапарларды ұйымдастыру секілді мақсаттарға жұмсауға болатынын атап өтті.
«Сондықтан да асхананы мектепке қайтарған дұрыс деп санаймын», - деді ол.

Астана кәсіпкерлері бірлесіп, тауарларын экспортқа шығармақ
Астана кәсіпкерлері шетелге өз тауарларын экспорттау үшін кооперативке білесудің барлық мүмкіншіліктерін қарастыруда. Бұл мәселені бүгін елордада 500-ден астам шағын және орта бизнес компаниялары бас қосқан «Елорда» бизнес форумын ұйымдастырушылар көтерді.
«Мәселен, сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлермен бірге Қытайға барды. Қытай Қазақстаннан не қалайтындығын айтып, көлемін ұсынған кезде біздің бірде-бір компания оны игере алмайтындығы белгілі болды. Сол себепті компанияларды сектор бойынша кооперацияға біріктіру идеясы ұсынылды. Бұған қоса, кооперациялар туралы заң қабылданды. Бұл заң аясында компанияларды кооперацияға бірігіп, тауарларды бір маркамен сатуды ұсынамыз. Сол кезде Қытаймен келісімшарт жасасуға шынайы мүмк3ндік бар», - деді Астана кәсіпкерлерінің «Сарыарқа» қауымдастығы басқармасының төрағасы Данияр Ахтаев.
Оның атап өтуінше, тауарлардың қатарында ет, астық, бидай және майлы дәнді-дақылдар да болуы мүмкін. Сондықтан да бүгінгі форум шағын және орта бизнес кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшыларын бір-бірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ форум аясында көрме өтіп, онда 100-ден астам компания өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
«Біз қауымдастық мүшелері бір-бірімен жақын танысқанын қалаймыз. Көп жағдайда біздің қауымдастық мүшелері бір-бірін білмейді. Мәселен, импортталатын шикізат пайдаланатын компания бар. Ал біз қазақстандық компаниялар бір-бірінен сатып алғанын, сол арқылы импортты отандық тауармен алмастыруға ұмтылғанын қалаймыз», - деді ол.

Органикалық өнім өндірісі Қазақстан үшін екінші мұнай бола алады - А.Омаров
Органикалық өнім өндірісі Қазақстан үшін екінші мұнай бола алады. Бұл туралы бүгін елордада 500-ден астам шағын және орта бизнес компаниялары бас қосқан «Елорда» бизнес форумында ҚР Сыртқы сауда палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Айтуған Омаров айтты.
«Әлемде тұтыну көлемі артып келеді. Өйткені, халық саны үздіксіз өсу үстінде және Қазақстан үшін органикалық өнімдер екінші мұнай бола алар еді. Мен әріптестеріме осы жайында ойлануға кеңес беремін. Себебі Үндістан, Қытай халқы өсуде. Өздеріңіз де білетіндей, Қытайда екінші баланың тууына рұқсат беретін заң таяуда ғана қабылданды. Соған сәйкес демографиялық дүмпу болатындығы күтілуде», - деді ол.
Оның атап өтуінше, өткен жылы Қазақстаннан Қытайға жеткізілген азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 106 млн. доллардан сәл ғана асқан. Ал Қытайдың шетелдерден алатын азық-түлік өнімдерінің көлемі 104 млрд. долларға жетіп отыр. яғни, Қытай импортындағы Қазақстан экспортының үлесі не бәрі 0,1 пайызды ғана құрады.
«Мұнан бөлек, Азия мен Таяу Шығыс бар. Демек, бүкіл әлемге экспортқа шығаруда қазақстандық агробизнестің мүмкіншілігі өте зор», - деді ол.
Сондықтан да А.Омаров қазақстандық кәсіпкерлер тарихи тұрғыда сауда-саттық қарым-қатынас жолға қойылған көрші елдердің нарығына назар аударуы қажеттігін баса айтты және қазақстандық компаниялар шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін артыруы керектігін ескертті.

Астанада барлық салық түсімдерінің 65 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі
Астанада барлық салық түсімдерінің 65 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл туралы бүгін «Елорда» бизнес форумында Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағамбетов мәлім етті.
«Толықтай алғанда Астананың ішкі жалпы өнімі 4,2 трлн. теңгені құрайды. Шағын және орта бизнес өндіретін өнім үлесі 61 пайызға тең. Ал барлық салық түсімдерінің 65 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. қала экономикасына шағын және орта бизнестің қатысуы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 3 есе артық. Астанадағы шағын және орта бизнес барынша белсенді», - деді ол. Ғ.Тасмағамбетовтің атап өтуінше, қала инновация бойынша да көш бастап келеді. Елімізде өндірілетін барлық инновациялық өнімдердің бестен бірін елордалық компаниялар өндіреді. Жалпы, бүгінде Астана Қазақстанның жалпы өнімінің оннан бірін беріп отыр. Сонымен қатар ол ағымдағы жылы жас кәсіпкерлік пен сауданы қолдауға 600 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Бұған қоса, екінші жартыжылдықта жаңа бағдарламаны қаржыландырылуы басталады. Оның аясында стартап-жобаларға 2 млрд. теңге бағытталады.

Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтеді
Бүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.
Турнирді ұйымастырушылардың хабарлауынша, іріктеу сайыстарына барлығы 38 палуан қатыспақ.
Бұл кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан астанасында 2016 жылғы 3 шілдеде өтетін ҚР Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алады.
Іріктеу кезеңіне өткен жылдардағы турнирдің бірнеше финалистері қатысады, олардың арасында 2015 жылғы қола белбеу жүлдегері Ғани Сейділдаев бар.
Өткізу орны:«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК, Тұран даңғылы 4/2, Астана қ. Өткізу уақыты: 10:00 ден 18:00 дейін (кіру тегін).
Турнирдің ұйымдастырушылары:«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы,Астана қаласы қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті, Астана қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы.
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпиадаға барлық салмақ санаттары бойынша қатысады
Бүгін Астана әуежайында Қытайдағы іріктеу турнирінде Қазақстан үшін 7 олимпиадалық жолдаманы жеңіп алған боксшыларды қарсылады, олардың 6-уы - ерлер құрамасында, біреуін қыздар арасында Дариға Шәкімова жеңіп алды, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.
«Жалпы алғанда Қазақстанда 11 бокс жолдамасы бар, біздің ерлер құрамамыз Олимпиадаға тұңғыш рет барлық салмақ санаты бойынша қатысады», - делінген хабарламада.
Абылайхан Жүсіпов Риоға жолдама алумен қатар, турнирдің алтын жүлдегері атанды, бұл оның ересектер командасы құрамында алғаш рет сайысқа қатысуы.
- Бес ұрыс жүргіздім, қарсыластар да кілең мықтылар болды. Алғашқы ұрыста аздап толқыдым, өйткені деңгей басқа. Одан кейін ширап кеттім. Ұрыстардың бәрі де ауыр болды. Ең күрделісі корейлікпен екінші ұрыс болды, ол турнирде бірінші болып тұрған еді. Барлығы да сәтті аяқталды, біз жоспарды орындадық, - деді А.Жүсіпов. Турнирдің алтын жүлдегері Иван Дычко да өз ойын былайша білдірді:
- Азияда боксшылар өсіп келе жатқанын көрдім, тәжірибе жинап, техниканы да, тактиканы да меңгеруде. Жартылай финалда қиын болды, мен қарсыласыммен біраз әурелендім. Ал финал жақсы өтті. Жолдамалардың толық жиынтығын алу - бұл жақсы, енді осы жетістікті ұстай білуіміз, Олимпиадаға жақсы әзірлікпен баруымыз қажет.
Команданының аға жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин команда Дохадағы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктерінен кейін қайтадан сабасына түсті, деп санайды.
Құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Риоға дейін бірде-бір күнді бос жібермеу қажеттігін айтады. «Олимпиадаға әзірлік жоспары әркімде бөлек. Әрине, кемшліктерімізді айқындап, соны жоюды қарауға тиіспіз. Бірлескен жиындар да өткізетін боламыз, сергектікті сақтау үшін бірнеше халықаралық турнирлерге де қатысамыз. Келесі жиын 10 сәуірде өтеді», - деді ол.

«Астана Опера» камералық залында «Би ырғағында» концерті өтеді
Көктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.
Отандық және шетелдік композиторлардың музыкасын белгілі опера әншілері орындайды - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғалия Байғазинова, Қазақстанның құрметті қайраткері Айгүл Ниязова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Айзада Капонова, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Азат Мәлік, дарынды скрипкашылар Майя Бекназар, Шынар Барлықова және т.б.
«Вальс королі» Иоганн Штраустың, «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов туындылары, С. Джоплиннің «Рэгтаймы», А. Пьяццолланың «Либертангосы», Л. Делибтің «Испан әні», Ш. Лекоктың «Мадам Анго қызы» опереттасынан «Гавот», Н. Достальдың «Моника» опереттасынан Моника вальсі, Ф. Легардің «Көңілді жесір» опереттасынан Ганна мен Данило дуэті және т.б. орындалады.
Сопрано Елена Низамутдинова Дж. Россинидің «Музыкалық кешінің» циклынан «Неаполитанская тарантелланы» орындайды.
- Дж. Россини - сүйікті композиторларымның бірі, оның шығармашылығына тәнтімін. Адамның көңіл-күйін ерекше сезімге бөлейді. Сонымен бірге, Имре Кальманның «Королева чардаша» опереттасынан Сильваның ариясын орындаймын, - деді Елена Низамутдинова.
Фортепиано партиясында - халықаралық байқаулардың лауреаттары Раушан Бескемпірова, Меруерт Жекенова.
Концерт 19:00 басталады, билет құны - 2000 теңге.

Мәшһүр Жүсіп мұралары Астанада
6 сәуір күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш және көрменің ашылады. Бұл туралы Музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған шара Музейдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған көрмелер кезеңін ашады. Және бұл кездейсоқ емес: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы тәуелсіздік пен еркін ойлау идеяларынының іргетасы болып табылатын қазақ фольклорының өзіндігі мен мәдени әралуандығының философиялық талдауын бейнелейді.
Әдеби кеш және көрме - ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі.
Көрмеде Музей қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұхар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары ұсынылады.
Негізгі іс-шара Бұхар жырау атындағы музейдің қазақ ақындары мен ойшылдарының мұрасын, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының арқасында жасалды.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: (1858-1931жж.) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Фольклортанушы, этнограф, тарихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби және ғылыми мұрасы - Тәуелсіздік идеясының тұғырына айналған, алтын қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Астанада саяжай немесе кеңсеге азаматтарды тіркеуге тыйым салу ұсынылды
Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Астанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.Барлық астаналарда кеңінен тараған мәселелердің бірі - азаматтардың тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды. «Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», - деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Астанада жалпықалалық сенбіліктер 23 сәуірде басталады
23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек.Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.

«ASPA» Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты дамытуға жәрдем бермек
Американдық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Біз рәсімдеген меморандумда ұйымымыздың Астана хабына қалай жәрдем көрсететіндігін нақты қадамдары жазылған. Бұл ынтымақтастықтан Астана хабы ғана емес, сонымен бірге 7 мың мүшесі бар біздің қоғам да өте қажетті дүниелерді алады деп санаймыз», - деді ASPA-ның атқарушы директоры Уильям Шилдс.
Өз кезегінде Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов келесі жылға арналған жоспар қазірден бастап жасалып жатқанын айтты. Айта кетерлігі, ASPA өзінің жыл сайынңы конференциясы аясында Астана өңірлік хабының қызметіне арналған арнайы сессия ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Астана өңірлік хабы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Бүгін елордада Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«ЭЫДҰ қатарында әлемнің барынша дамыған 34 экономикасы бар және ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі мен директораты өңірдегі реформалар бойынша өз бағдарламасын жүзеге асырып жатқан барлық елдер үшін маңызды. Біз бұл ынтымақтастығымыз барлық үкіметтердің игілігі үшін жұмыс істейді деп үміт артамыз», - деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.
Өз кезегінде ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және территориялық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтер Қазақстан ұйым үшін тамаша серіктес екендігін баса атап өтті.
«Біз Қазақстанмен тамаша ынтымақтастықты жолға қойып, керемет достарға айналдық. Бұл жақтың адамдары бар ынта-жігерімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалауға ұмтылатындығы байқалады. Біз, ЭЫДҰ тарабынан бұл саладағы оң тәжірибелерді тек Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге көрші елдерге де бере аламыз», - деді ол.
Айта кетерлігі, шара барысында ЭЫДҰ мен Қазастандағы БҰҰ Даму бағдарламасы арасында 4 жылдық кезеңге арналған келісім де рәсімделді. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның атап өтуінше, қол қойылған құжат Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуына жәрдем беретін болады.

Жоғары сынып оқушыларына экстернат формасында оқуға рұқсатты «Азаматтарға арналған үкімет» береді
Елорданың Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің қарауына 10 мәселе енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Кеңес мүшелері ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-сын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құрумен байланысты өзгерістер енгізілген қала әкімі қаулыларының кейбір жобаларын талқылады.
Жер қатынастары және жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов мекеме атауының өзгертілуіне орай Астана қаласы аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер регламентіне өзгерістер енгізілгенін баяндады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев кеңес мүшелерінің қарауына қала әкімдігінің карантиндік режим енгізу үшін карантиндік аймақтарды белгілеу туралы қаулысының жобасын ұсынды.
Кеңес мүшелері қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың баяндамасын тыңдады. Мекеме басшысы мамандықтар бөлінісінде оқудың құнын көрсете отырып, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдарының тізімімен таныстырып өтті.
Отырыс барысында бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысының оқуына жұмсалатын қаржыны есептеу мәселесі талқыланды. Түрлі мекемелерде оқу мерзімдері мен оқудың құнына байланысты айырмашылықтар бар екендігіне баса назар аударылды. Кеңес төрағасы Сансызбай Есіловтың ұсынысымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының осы бағыты бойынша қаржыны ішкі үлестіру механизмін кеңес мүшелері жеке қарайтын болады.
Сондай-ақ, отырыс барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева да баяндама жасады. Шетелге оқуға түсетін жоғары сынып оқушыларына экстернат формасында оқуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді білім мекемелерінен енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деп аталатын ХҚКО-ларға беру туралы қала әкімдігі жобаларының қаулылары және т.б. бірауыздан қолдау тапты.
Отырыс барысында елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен жайын нақтылау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенттерін бекіту туралы» қала әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндамасы тыңдалды
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» регламентін талқылау барысында көптеген даулы мәселелер туындағандықтан оны қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды.

Елордада жыл сайынғы Ломоносов оқулары өтеді
15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ғимаратында «Ломоносов - 2016» халықаралық конференциясының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың «Ломоносов-2016» ХІІ конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 15 жылдығына орайластырылып отыр.
Конференция еуразиялық кеңістікте халықаралық және университеттер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін ғылым мен мәдениет саласындағы маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінен 400-ден астам адам оқуларға қатысуға өтінім берген.
«Ғылыми конференцияның негізгі мақсаты - студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жаңа заман ғылымының өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру ісіне жас ғалымдарды жұмылдыру, Қазақстан мен Ресей студенттері арасындағы ғылыми байланысты нығайту», - дейді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары, профессор Нұрсұлу Шәймерденова.
«Ломоносов-2016» конференциясына Қазақстан, Ресей және т.б. елдерден келген 35 жасқа дейінгі студенттер мен жас ғалымдар қатысады. Авторлар тіркелген баяндамаларын бес секция бойынша ұсынады: «Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар», «Қазіргі заманғы даму кезеңінде тұрақты және тиімді экономика қалыптастыру проблемасы», «Қазіргі замандағы тіл мен әдебиет», «Аймақтық экологиялық проблемалар», сонымен қатар «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастықтың құндылықтары мен дәстүрлері».
«Ломоносов-2016» XII халықаралық конференциясының қорытындысы келесі күні пленарлық жиналыс барысында шығарылады. Үздік баяндамашылар үшін I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Осы күні халықаралық конференцияның салтанатты жабылуы өтеді.

Астанада ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жәрмеңкелері өте бастайды
Астанада 22 сәуірде ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады, алғашқы шаралар «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Елорда тұрғындары күн сайын сағат таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады.

Юрий Мельниченко мен Ермахан Ыбрайымов оқушыларға дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді
Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина мен Ермахан Ыбрайымов Астана мектептерінің бірінде оқушылар мен ұстаздарға дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді.
Аталған шара 7 сәуір күні тойланатын Денсаулық күні қарсаңында ұйымдастрылуы тегін емес. Оқушыларға арналған алғашқы сабақ Астана қаласы №56 мектепте өтті. Айта кету керек, осындай сабақтар 7 сәуірде ғана емес, оқу жылы аяқталғанша өткізіліп тұрмақ. Осылайша, 9 және 16 жас аралығындағы оқушылар Олимпиада чемпиондарының сабақтарына қатысатын болады. Сабақтың басты ерекшелігі - онда түрлі фитнес-технологиялар қолданылады. Бұл оқушылардың спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттырады, деп санайды ұйымдастырушылар.Елордада даңқты спортшылар 5 мектепте 25 сабақ өткізбек. Бұл туралы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, «Астана» президенттік спорт клубының менеджері Юрий Мельниченко мәлім етті. «Егер бала жастайынан спортқа берілсе, дене шынықтырумен шындап кіріссе және ол оған қуаныш сыйласа, олар спорттық пәндердің күнделікті өтуін өздері-ақ сұрайтын болады. Сабақтың қызықты өтуі оның әдісіне, ұйымдастырылуына қатты байланысты. Біз тек оқытушылар мен балаларға біз білетін қызықты дене шынықтыру әдістерін көрсеткіміз келеді», - дейді Ю. Мельниченко. «Балалардың дені қазір өте сылбыр. Осы сабақтар арқылы біз балалардың көңілдерін көтеріп, спорттық үйірмелерге қатысуға итермелей аламыз деп ойлаймын», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина.Аталған жобаның авторлары осы тәжірибені кейін республиканың барлық аймақтарына таратуды көздеп отыр.

Денсаулық күні Қазақстанда таңертеңгілік гимнастика өтеді
7 сәуірде, Халықаралық Денсаулық күні Қазақстанда жаппай таңертеңгілік гимнастика өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Ақмарал Құрманбаева мәлім етті.
«Қазақстанда 7 сәуір күні жыл сайын Халықаралық Денсаулық сақтау күні аталып өтіледі. Биыл Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен 7 сәуірде медициналық және медициналық емес ұйымдардың қатысуымен «Бес минуттық саулық» атты акция өтеді. Біздің шараға банктер, мектептер және өзге де жекеменшік ұйымдар қолдау танытып отыр. Меніңше, 7 сәуір күні гимнастика жасауға ынта танытқандар саны көп болады», - деп атап өтті ол.Ұйымдастырушылар аталған акция жаппай таңертеңгілік гимнастика түрінде өткізуді жоспарлап отыр. Шараның басты ұраны - «Денсаулық таңғы жаттығудан басталады!» Айта кеткен жөн, Халықаралық Денсаулық күні мерекесі әлем бойынша 1905 жылдан бері тойланып келеді.

Астанада вокзал аумағындағы ақылы тұрақ пилоттық жобасы іске қосылды
Бүгін елордада вокзал аумағындағы алаңда «Астана қаласында тұрақ кеңістігін басқару» жобасы тестілік режімде жұмыс істей бастады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Вокзал аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыруды өзгертудің мақсаты - кез-келген көлік түрлерінен жолаушыларды отырғызуға және түсіруге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал маңында көлік жүйесін және көлік ағынын тәртіпке келтіру. Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, жоба жолаушыларды заңсыз тасымалдау қызметін 70-80% азайтуға, көлік құралдарының айналымын 30-40% ұлғайтуға, вокзал маңы аумағында жол желісіне түсетін салмақты 20-30% азайтуға, сондай-ақ, тұрақ орындарының жүктемесін 40-50% төмендетуге ықпал етеді.Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған аумақта көлік құралдарының қозғалысы мен уақытын есепке алатын автоматтандырылған жүйе (бейнетіркеу жүйесімен), сондай-ақ, номер белгілерін автоматты түрде тану жүйесі орнатылып, іске қосылды. Қазіргі кезде көлікті тұрақта 2 күннен артық уақытқа қалдыруға болмайды.Тестілік режимде қондырғының жұмысын тексеру және оның кемшіліктерін анықтау жүзеге асырылады. Осы кезеңде вокзал маңы аумағына кірген көліктерден төлем алынбайды. Вокзал маңындағы тұрақтың көлік сыйымдылығы - 251 бірлікті құрайды.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде осы учаскеде күн сайынғы жолаушылар айналымы 7500 адамды құрайды. Тәулігіне пойыздың 30 құрамы келеді. Сонымен қатар, қала маңына 18 маршрут қатынайды.

Бүгіннен «Smart Astana» тегін мобильдік қосымшасы астаналықтар үшін қолжетімді болды
«Smart Astana» қосымшасы арқылы қалалық автобустардың қозғалысын онлайн режимде бақылау, Жол қозғалысы ережелері айыппұлдарын тексеру, Интеллектуалдық байланыс орталығына өтініш білдіру және басқа да мүмкіндіктер бар. Бүгіннен бастап бағдарлама Apple Store және Play Market-те қолжетімді болып отыр, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қосымша арқылы пайдаланушылар нақты уақыт тәртібінде қоғамдық көлік қозғалысын, халықаралық және ішкі әуе рейстерінің ұшу және ұшып келу уақытын бақылайды, сондай-ақ пойыз, электричка және қалааралық автобустардың кестесімен танысады. Қалалық автокөлік әуесқойлары Жол қозғалысы ережелері айыппұлдарын тексере алады.«Astana 109» айдары Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығына коммуналдық-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініш білдіруге және Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес алуға мүмкіндік береді.«Smart tickets» айдарында 11 мәдениет нысанында өтетін іс-шараларға билетті онлайн сатып алуға болады. Жақында спорттық шараларға да билет сатып алу мүмкіндігі ұсынылмақ.Бұған қоса, қосымша мектептердегі сабақтардың болмауы, тас жолдардың жабылуы мен ашылуы және қаладағы қолайсыз ауа райы туралы push-хабарламаларды лезде алу функциясымен ыңғайлы. Астаналықтар үшін ұсынылатын маңызды ақпарат тізімі бұдан әрі де толықтырыла түседі.Сондай-ақ, қосымшаны коммуналдық және басқа да төлемдерді онлайн түрде төлеу, өз учаскелік инспекторын немесе учаскелік дәрігерін қарау ақпараттық сервисі, сондай-ақ қазақ-орыс электрондық сөздігі сияқты жаңа қызмет түрлерімен жүйелі түрде толықтырып отыру жоспарланған.

Астана мен Алматы қалаларынан Сочиге тікелей əуе рейсі ашылады
Алдағы маусым айынан бастап, Астана жəне Алматы қалаларынан Ресейдің Сочи қаласына тікелей əуе рейстері ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомовтың қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында «Алеан» тур-агенттігінің президенті Илья Уманский мəлім етті.
«Қазақстан тарапынан жағажай бағытына қызығушылық көп екенін байқадық. Сондықтан, Сочи қаласының мэрі Анатолий ақылдаса отырып, Ресей тұтынатын нарықтың жартысын Қазақстанның нарығына бөлу керек деген шешімге келдік. Сочи курорты біреудің көңіліне жақпай қалады деген қорқыныш жоқ. Себебі, Сочи курорты - Олимпиада ойындарынан кейін, жалпы, соңғы 5-6 жылда қатты өзгерді»,-дейді И.Уманский. Оның айтуынша, Қазақстаннан келетін туристердің санын арттыру үшін тікелей əуе рейсін ашу мəселесі туындаған.«Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жағдайында қандай өзгерістер болғаны белгілі. Сондықтан, Қазақстанның туристері үшін көршілес елдердің курорты қызығушылық тудыра бастайтыны анық. Біз қазір «Scat əуе» компаниясымен бірге 10 маусымнан бастап аптасына бір рет Астана жəне Алматы қаласынан тікелей əуе рейсін ашпақпыз. Астанадан апта сайын рейс ұшады. Бұл рейстерді жыл бойы ұшыруға бар күшімізді саламыз»,-деді И.Уманский.

Астанада автоматтандырылған ақылы тұрақ пайда болды
Бүгін елорда вокзалының аумағындағы алаңда «Астана қаласында тұрақ кеңістігін басқару» жобасы тестілік режімде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Вокзал аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыруды өзгертудің мақсаты - кез келген көліктен жолаушыларды отырғызуға және түсіруге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал маңында көлік ағынын тәртіпке келтіру.
Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, жоба жолаушыларды заңсыз тасымалдауды 70-80%-ға азайтуға, көліктердің айналымын 30-40%-ға ұлғайтуға, вокзал маңы аумағында жолға түсетін салмақты 20-30%-ға азайтуға, сондай-ақ, тұрақ орындарының жүктемесін 40-50%-ға төмендетуге ықпал етеді.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда аталған аумақта көлік құралдарының қозғалысы мен уақытын есепке алатын автоматтандырылған жүйе (бейнетіркеу жүйесімен), сондай-ақ, нөмір белгілерін автоматты түрде тану жүйесі орнатылып, іске қосылды. Қазіргі кезде көлікті тұрақта 2 күннен артық уақытқа қалдыруға болмайды.
Тестілік режимде қондырғының жұмысын тексеру және оның кемшіліктерін анықтау жүзеге асырылады. Осы кезеңде вокзал маңы аумағына кірген көліктерден төлем алынбайды. Вокзал маңындағы тұрақтың сыйымдылығы - 251 көлік.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде осы учаскеде күн сайынғы жолаушылар айналымы - 7,5 мың адам. Тәулігіне пойыздың 30 құрамы келеді. Сонымен қатар, қала маңына 18 бағдар қатынайды.

Астанада құны 25 млрд теңгеден асатын 5,5 мың нысан заңдастырылды
Заңдастыру жəне мүлікті жария ету акциясы басталғаннан бері Астана қаласы бойынша құны 25 млрд 940 млн теңге болатын 5 569 нысан заңдастырылған. Бұл туралы бүгін Астана қаласы əкімдігінде осы мəселеге қатысты өткен баспасөз мəслихатында Астана қаласы қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаев мəлім етті.
«Астана тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Астана қаласындағы əрбір ауданның əкімдігі жанынан жария ету жөніндегі комиссиялар құрылды. Жария ету акциясының бірінші күнінен бастап қазіргі уақытқа дейін осы комиссияларға заңдастыру мəселесі бойынша он бес мыңнан астам өтініш келіп түскен. Өтініштерге қатысты түсініктемелер мен кеңес берілді», - деп мəлім етті Р.Досаев.
Басқарма басшысының айтуынша, Астана қаласы бойынша бес заңды тұлғаға 458 млн теңге заңдастырылған.
«2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша жалпы құны 81 млрд 534 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік 6 013 өтінішпен тіркелді. Комиссиялар тіркелген өтініштердің ішінен 2 544-ін қарап, олар бойынша 25 млрд 940 млн теңгенің 5 569 нысанды заңдастыру туралы шешім қабылдады. Осыдан бөлек, Астана қаласы бойынша бес заңды тұлғаға 458 млн теңге заңдастырылды.
Сондай-ақ бүгінгі күні Астана қаласында заңдастыру басталғаннан бері 127 млрд теңгеден астам қаражатты заңдастыру жөнінде 59 декларция ұсынылды. Сондай-ақ, 8 млн 110 мың теңге соманың құнды қағаз заңдастырылды», - деп мəлім етті басқарма басшысы.

Білім министрі оқушылардың мектеп формасы қандай болу керектігін айтып берді
Астанада мектеп оқушыларының мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің көрме-форумы өтуде. Онда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың мектепге киетін формасы қандай болу керектігін айтып берді.
Министрдің айтуынша, ата-аналар Қазақстанда оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасының енгізілуін құптап отыр.
«Біз бұны қуана айтамыз. Ата-аналардың сөзі бойынша, форма балалардың сырт-келбетін көріктендіреді, тәртіпке салады, оқуға мән беруге ықпал етеді, балаларды теңестіреді. Оқушылар форма олардың тұлғалық даралықтарын еш кемітпейді», - дейді ол.
Е.Сағадиев, сонымен қатар, әр мектепте өзіне тән форманың болғанын дұрыс көретіндігін және оны қолдайтындығын айтты.
«Меніңше, ол дұрыс, әр мектеп дараланып тұрғаны дұрыс. Мектепті оқушылардың формасынан-ақ тануға болса, ол тіпті жақсы. Себебі форма мектеп брендіне айналуы тиіс. Сондықтан мен оны қолдаймын. Дегенмен олар жалпыға бірдей іскерлік стильдің нормаларына жауап беруі керек, біздің балаларымызды дұрыс дресс-кодқа үйретуі тиіс», - деді Е. Сағадиев.

«Астанаэнергосбыт» қызметкерлерінің міндетіне азаматтардың пәтерге тіркелуін тексеру кірмейді - Астана қалалық ІІД
Елорда тұрғындары «Астанаэнергосбыть» қызметкерлерінің тұрғын үйге тіркелуіне қатысты сұрақтарына жауап бермеуге құқылы.
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлім етті.
Айта кетерлігі, баспасөз мәслихаты барысында соңғы уақытта «Астанаэнергосбыть» қызметкерлерінің коммуналдық қызмет деректерін тексере келе азаматтардан тұрып жатқан үйде тіркелген-тіркелмегенін сұрап, сәйкесінше құжат талап ететіндігі жиі орын алып жатқандығы айтылды.
«Оның еш қылмыстық сипаты жоқ. Сондықтан да мүмкіндік болып жатса, құжаттарды көрсетіп, сауалдарына жауап берген жөн. Дегенмен, азаматтар жауап беруге міндетті де емес», - деп түсіндірді Б.Малыбаев.
Сонымен қатар ол учаскелік полиция қызметкерлері азаматтардың тіркелуін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын және пәтерін заңсыз жалға беретіндерді жиі анықтайтындығын атап өтті.
«Жалпы, олар (Астанаэнергосбыть) сәйкесінше сауалмен жүгінетін болса, онда біз өзіміз-ақ жауап бере аламыз», - деп қосты ол.
Астанада азаматтарға «жабысқан» такси жүргізушілері жазаланды
Астанада азаматтарға «жабысқан» такси жүргізушілері жазаланды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлім етті.
«Мемлекет басшысының қоғамдағы бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған шараларды атқаруға айрықша назар аударылды», - деді ол.Оның атап өтуінше, бұл мәселеде жергілікті полиция барлық мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтаса жұмыс істеуде. «Мәселен, мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, вокзал маңы мен әуежайда такси қызметін көрсететін жүргізушілердің азаматтарға «жабысуын» алдын алу бойынша шаралар жүргізілді. Әкімшілік кодекстің 449 бабына сәйкес 1 194 тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді Б.Малыбаев. Жергілікті полиция қызметі бастығының айтуынша, әкімшілік соттың қолдауымен көшпелі сот отырысын жүргізу қолға алынған. Бүгінде 9 сот отырысы өтті.


Ертең Астанада айтыс өтеді
Ертең, 6 сəуір күні Қазақ Ұлттық өнер университеті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алаш қайраткерлерінің бірі Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысын өткізгелі отыр.
Университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, айтысқа оқу орнының «Дәстүрлі ән» кафедрасындағы айтыс өнеріне маманданып жүрген студенттер мен Астана қаласы жоғары оқу орындарының таңдаулы айтыскерлері қатысады.
"Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры, ҚР Еңбек Ері, Әлем әртісі Айман Мұсақожаеваның қолдауымен 2014 жылы ашылған «Айтыс» мамандығында қазіргі таңда 7 студент білім алуда. Сол жеті жас талап ақындар жыр додасында өз бақтарын сынап көрмек. Сонымен қатар, Ардакерей Кәп, Дәурен Полатбаев, Нартай Тілеуқұл сынды жас айтыскерлер қатысады деп күтілуде. Айтыстың мақсаты - от ауызды, орақ тілді ақындардың жүрекжарды жырымен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және азаттық жолында алтын бастарын бәйгеге тіккен Алаш ардагерлерін еске алу, атамұра өнерді дәріптеу",-деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.
ҚазҰӨУ қабырғасында тұңғыш рет өткізілгелі отырған студент жастар айтысына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков, академик, ғалым Сейіт Қасқабасов, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, жыршы, ҚазҰӨУ профессоры Алмас Алматов бастаған Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, Жібек Болтанова, Дәулеткерей Кәпұлы, Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Шырынбек Қойлыбаев, Қалқаман Сарин, Әсем Ережеқызы, Еркебұлан Қайназаров, Иран-Ғайып Күзембаев, Сара Тоқтамыс, Жандарбек Бұлғақов сынды елге танымал ақындар қонақ ретінде келеді.
Үздік өнерімен дараланған ақынға - Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры, ҚР Еңбек Ері, Әлем әртісі Айман Мұсақожаеваның арнайы жүлдесі табысталады деп хабарланып отыр.

Астанада отандық өндірушілер мектеп оқушыларының киім үлгілерін ұсынды
Астанада оқушылардың мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің көрме-форумы өтуде. Аталмыш көрмеде көрсетілген мектеп формаларын көру үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев арнайы келді.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында орта білім беру ұйымдары үшін оқушылардың міндетті формасы туралы бұйрық шыққан болатын. Бұл бұйрыққа «Атамекен» ҰКП-ның мектеп формаларын тек отандық өндірушілерден сатып алу жөніндегі ұсыныс та қарастырылған.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, мектеп формасының жылдық нарығы 30 млрд теңгеге жетеді. Дегенмен, «Атамекен» палатасының ақпаратына сай, мектеп формасы нарығында отандық өндірушілердің үлесі тек 7 пайызды құрап отыр. Осы мақсатта жеңіл өнеркәсіпте қызмет етіп жатқан қосымша 55 тігін фабрикасы мектеп формаларына тапсырыс алуға дайын.

Астана тұрғындарына тиесілі шет елдегі 10 нысан заңдастырылды
Жыл басынан бері Астана тұрғындарына тиесілі шетелдегі 10 нысан заңдастырылған. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде өткен баспасөз мəслихатында қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Фарзат Омаров мəлім етті.
«Бұрынғы заңға сəйкес, 2015 жылы Астана қаласы бойынша шетелдегі мүлкікті заңдастыруға қатысты бір де бір өтініш түскен жоқ. Ал, «заңдастыру процедураларын жеңілдету туралы» жаңа заң күшіне енген соң, жыл басынан бері астаналықтардан 5 декларация қабылданып, шет елдегі 10 жылжымайтын мүлік заңдастырылды»,-деп хабарлады Ф.Омаров.
Бірақ, басқарма басшысы заңды алға тарта отырып, жылжымайтын мүліктер қай елде орналасқанын айтудан бас тартты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша жалпы құны 81 млрд 534 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік 6 013 өтінішпен тіркелсе, арнайы комиссия тіркелген өтініштердің ішінен 2 544 өтінішті қарап, олар бойынша 25 млрд 940 млн теңгенің 5 569 нысанды заңдастыру туралы шешім қабылдаған. Осыдан бөлек, Астана қаласы бойынша бес заңды тұлғаға 458 млн теңге заңдастырылды.
«Бүгінгі күні Астана қаласында заңдастыру басталғаннан бері 127 млрд теңгеден астам қаражатты заңдастыру жөнінде 59 декларция ұсынылды. 8 млн 110 мың теңге соманың құнды қағаз заңдастырылды», - деп мəлім етті басқарма басшысы.

Сочи Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне туристік топтарды жіберетін болды
Бүгін Астанада баспасөз мəслихатын өткізген Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомов уəде еткендей, Сочи ЭКСПО-2017 көрмесін көрсету үшін арнайы туристік топтар жібереді.
«Сочи - Олимпиада ойындарын өткізген қала. Бұдан бөлек, əлем чемпионаттары сияқты ауқымды шараларды ұйымдастыруда да қаланың мол тəжірибесі бар. Бүгін Астана қаласының əкімімен кездескенде, қала басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруда Сочи қандай көмек көрсете алады?» деген сұрақ қойды. Мен өз кезегімде Сочи қаласы ЭКСПО көрмесіне қатысатын жəне көрмені көріп қайтатын туристік топтар ұйымдастыруға қолдан келген көмегімді аямаймын деп жауап бердім. Біздің федеральді тур-агенттік бұл мəселеге бүгіннен бастап-ақ кіріседі»,-дейді Сочи мэрі.
А.Пахомов атап өткендей, Сочи қаласының əкімдігі еріктілер қозғалысын құруға, сондай-ақ логистика мен өзге де ұйымдастыру шараларын өткізуге қатысты тəжірибесін көрсетуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылы 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Олимпиада чемпиондары елордалық оқушыларға дене тәрбиесі сабағын өткізді
7 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында №56 мектепте әдеттен тыс дене тәрбиесі сабағы өтті. Әртүрлі жастағы оқушылар еліміздің танымал спортшыларының және кәсіпқой фитнес нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығулар орындады.
«Физкульт-Ура!» жобасының басты міндеті - жасөспірімдердің салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығын ояту. Жыл бойы спорт жұлдыздары елордалық мектептерде 25 сабақ өткізеді. Бүгін дене тәрбиесі сабағында олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко мен Ермахан Ыбрайымов мұғалім болды, деп жазады елорданың ресми сайты.
«Бұл - толығымен әлеуметтік жоба, балаларға, өскелең ұрпаққа дене тәрбиесінің әр баланың өмірінде маңызды екендігін көрсетпекпіз. Мектептерде оқытылатын сабақтарды ұдайы жетілдіріліп отыруы керек. Егер мектептен шыққанда сау болса, кәмелеттік жасқа толғанда өз жолдарын өздері таңдайтын болады - біреуі өнер, біреуі мәдениет жолына түссе, басқалары кәсіптік спорттық дағдыларын дамытатын болады», - деді олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.
Сабақта спортшыларға қаладағы үздік фитнес-нұсқаушылар да көмектесті. Олардың пікірінше, сабақты қызықты әрі тиімді өткізу үшін аса қымбат қондырғылар, залдарды арнайы жарықтандырудың қажеті жоқ, ойын технологиялары мен элементтерін қолданса да жеткілікті.
Сабақтан кейін оқушыларға танымал спортшылардың қолы қойылған күнтізбелер таратылды.
Шараны ұйымдастырушы - «Астана» президенттік кәсіптік спорт клубы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және елорда әкімдігі - аталған жобаға еліміздің өзге де өңірлері қолдау көрсетеді деп үміттенеді.
Айта кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай жыл сайын флешмобтар, жүгіру мен түрлі акциялар ұйымдастырылады. Биыл 7 сәуірде барлық қалалық емхана мен ауруханаларда бір уақытта жаттығу жасалады.

Астанада 6 сәуірде ҚХА төрағасының орынбасары Олег Дымовпен қоштасу өтеді
6 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Олег Григорьевич Дымовпен қаралы қоштасу митингісі өтеді.
2016 жылғы 3 сәуірде ауыр науқастан кейін 70-ке қараған шағында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Олег Дымов дүниеден өтті.
ҚХА баспасөз қызметі хабарлағандай, қаралы митингі таңертеңгі сағат 09.30-да М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында (Астана қ., Желтоқсан көшесі, 11) өтеді.
Олег Григорьевич Дымов 1946 жылғы 4 желтоқсанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Краснокутск ауылында дүниеге келді.
СОКП ОК жанындағы Мәскеу жоғары партия мектебін «Саясаттану», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстанның болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республиквасының еңбек сіңірген қайраткері болды.
Мемлекеттік қызметте 44 жыл, соның ішінде 14 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығында еңбек етті.
Ш және ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Олег Григорьевич «Қазақстан жерінің жылуы», «Біз, Қазақстан халқы» кітаптарының, «Менің жүрегімнің пернесі», «Менің жан дүниемнің әуені» өлеңдер жинақтарының авторы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Қазақстанға қоныс аударылған халықтар», «Қазақстан халықтары» кітаптары авторларының бірі.
2005 жылы София қаласында (Болгария) Н.Ә.Назарбаевтың болгар тіліне аударылған «Сындарлы он жыл» кітабының таныстырылымын өткізді. 2007 жылы Болгарияда Олег Григорьевичтің «Біз, Қазақстан халқы» кітабы болгар тілінде жарық көрді.
Олег Григорьевич «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапатымен, 6 медальмен марапатталған, екі рет Мемлекет басшысының алғысхатына ие болды.

Астанадағы Уәлиханов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Елордада Ш.Уәлиханов көшесінің Абай даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде нөсер кәріз жүйелері жартылай ауыстырылып, орташа (ағымдық) жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Осыған байланысты 6-15 сәуір аралығында көшенің аталған бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, ал 16 сәуірден 1 мамырға дейін толығымен жабылады.
«Жол жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.


2016 жылы Астанада апатты жағдайдағы және ескі 112 үй бұзылады
2016 жылдың соңына дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының ілкі жобасы аясында апатты жағдайда тұрған жəне ескі 112 үй бұзылады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астана тұрғын үй инспекциясы басқармасының жетекшісі Əлихан Қуатбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылға дейін 157 апатты үйде тұрған 2 483 отбасы жаңа үйге қоныстануы керек.
«Ілкі жобаға сай, Астананың жергілікті атқарушы органы тұрғын үй қорына талдау жүргізіп, 2017 жылдың соңына дейін апатты жағдайда тұрған көп пəтерлі 228 үй анықталды. Осы күнге дейін 1 000 пəтерді құрайтын 70 үйді бұздық»,-дейді Ə.Қуатбеков.
Ілкі жобаның бір жақсысы - үйлер «қайтарым принципі» бойынша салынып жатыр. яғни, Астанадағы жаңа үйлердің жартысы бұзылған үйлердің тұрғындарна берілсе, жартысы коммерциялық негізде сатылады. Сол сатылған үйлердің қаражаты бағдарламаның одан əрі жүзеге асырылуына жұмсалады.
«Үйлердің қай ауданда орналасатынын елорданың тұрғын үй басқармасы шешеді. Алдын ала мəлімет бойынша, Жағалау тұрғын үй кешенінде, Қобыланды жəне М.Жұмабаев көшелерінде орналасады. Жаңа пəтерлер бұзылған үйлердегі пəтердің көлеміне қарай бөлінеді. Бірақ, жаңа пəтер көлемі ескі үйден əлдеқайда үлкен болады. Жаңа үйлерді жекешелендіруге болады»,-деді Ə.Қуатбеков.

Астанада су тасқыны кезінде 309 құтқарушыдан тұратын топ жасақталды
Су тасқыны маусымы басталысымен қала тұрғындарынан еріген қар суын сорғызып алу бойынша барлығы 1 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осылар бойынша 129 630 текше метр қызыл су тартылып алынған. Сонымен қатар 3,2 млн текше метр қар шығарылды. Қазіргі кезде елордада су тасқыны жағдайы қалыпты, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
Астанада су тасқыны жағдайына дайындық ерте басталды. Қала аумағында көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Су тасқыны жағдайының алдын-алуға бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі - қала аумағындағы қарды тазалау. Осыған байланысты екі ауысыммен түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сегіз эвакуациялық пункт дайындалып, 30 шақырым су өткізгіш және 326 шақырым арық пен нөсер-кәріз желілері тазартылды.
Қала аумағында адам көп шоғырланатын 266 нысан бойынша қар тазалау жұмыстары уақытылы аяқталды.
Суды сорғызып алу мен қарды тазалаудан басқа 309 адамнан және төтенше жағдайды жоюға арналған күштерден тұратын топ жасақталды. Сонымен қатар, су тасқыны жағдайында халықты жедел құлақтандыру үшін қалалық құлақтандыру жүйесі дайындалды.
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің логотипі бекітілді
Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның отырысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің логотипі бекітілді.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің логотипі сарапшылық деңгейде қаралды. Егер қарсы болмасаңыздар, аталмыш логотипті бекітуді сұраймын», - деді Г.Әбдіқалықова.
«Елді мекендерде тиісті безендіру мерзімдерін кешіктірмеу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне 25 сәуірден қалдырмай, мерекенің визуалды сүйемелдеуіне қатысты эскиздарды ұсынуды тапсырамын. ҚР Сыртқы істер министрлігін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, дипломатиялық корпусты тарта отырып, шетелде тиісті ақпараттық-имидждік жұмыстарды атқаруға атсалысуын сұраймын», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Г.Әбдіқалықованың айтуынша, еліміздің мерейтойы мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, патриоттық сезімдердің қалыптасуына, жасампаздыққа және жетістіктерге ынталандыруға жетелейтіндей сапалы шаралармен аталып өтуі тиіс.
Астана қалалық ТЖД Сығанақ көшесін су басу салдарын жойды, қазір нысандарды су басу қаупі жоқ
Бүгін сағат 10:45 Астана қаласының ТЖ департаментіне Сығанақ көшесін су басқаны жайлы хабар келіп түсті.
«Оқиға орнына жеткен соң АstanaVipProject құрылыс компаниясы қазу жұмыстарын жүргізуі және Кіші Талдыкөл жағасының шайылып кетуі салдарынан кабель көмілетін арықтарымен жолға жайылған су Сығанақ көшесіне қарай аққан.
Бастапқыда су шамамен 300 метр жерді басты, су деңгейі 20 см-ге жеткен. Қаланың жедел және коммуналдық қызметтері шұғыл түрде әрекет етті»¸ - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оқиғаның салдарын жою үшін «Астана Тазалық», «Стройинвест» құрылыс компаниясының және қалалық ТЖД-ның 21 техникасы жұмылдырылды.
Қазір судың барлығы сорғызылып алынды. Көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупі жоқ.

Астанада «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтеді
Бүгін Қазақ ұлттық өнер университеті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алаш қайраткерлерінің бірі Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысын өткізеді.
Айтысқа оқу орнының «Дәстүрлі ән» кафедрасы «Айтыс» мамандығының студенттері және Астана қаласы жоғары оқу орындарының таңдаулы айтыскерлері қатысады.
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Әлем әртісі Айман Мұсақожаеваның қолдауымен 2014 жылы ашылған «Айтыс» мамандығында қазіргі таңда 7 студент білім алуда. Атап айтқанда 2 курс студенттері: Аруна Керімбек, Бек Шымат, Дәурен Ысқақ, Сырым Әділбек; 1-курс студенттері: Рай Дөңбай, Төрехан Совет, Сұлужан Таубалды сынды жас талап ақындар жыр додасында өз бақтарын сынап көрмек. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары - Рауан Хайдаров, Нұрқанат Қайрат; 2015 жылғы республикалық жастар айтысының жеңімпаздары: Еуразия гуманитарлық институтының студенті Таңжарық Ержан, Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі Данияр Алдаберген; сондай-ақ Ардакерей Кәп, Дәурен Полатбаев, Нартай Тілеуқұл сынды жас айтыскерлер қатысады деп күтілуде.
Айтыстың мақсаты - от ауызды, орақ тілді ақындардың жүрекжарды жырымен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және азаттық жолында алтын бастарын бәйгеге тіккен Алаш ардагерлерін еске алу, атамұра өнерді дәріптеу болып табылады.
ҚазҰӨУ қабырғасында тұңғыш рет өткізілгелі отырған айтысқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков, академик, ғалым Сейіт Қасқабасов, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, жыршы, ҚазҰӨУ профессоры Алмас Алматов бастаған Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, Жібек Болтанова, Дәулеткерей Кәпұлы, Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Шырынбек Қойлыбаев, Қалқаман Сарин, Әсем Ережеқызы, Еркебұлан Қайназаров, Иран-Ғайып Күзембаев, Сара Тоқтамыс Жандарбек Бұлғақов сынды елге танымал ақындар қонақ ретінде келмекші.
Айтысты ұйымдастырушы Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасы. Қорқыт Ата атындағы ғылыми-зерттеу институты мен Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы қолдау да білдіріп, өз жүлделерін тағайындап отыр.
Үздік өнерімен дараланған ақынға - Қазақ ұлттық өнер университетінің ректорының арнайы жүлдесі табысталады. Мұнымен қоса, қатысқан ақындарға айтыс ардагерлері атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр.
Астанада шебер француз пианиношысы Селимен Доде концерт өткізеді
Шебер француз пианиношысы Селимен Доде «Астана Опера» театрының камералық залында «Франциядан сүйіспеншілікпен» атты концерт қояды. Шара Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Бағдарламаның бірінші бөлімін Ф. Лист пен Ф. Шопеннің шығармалары көркемдесе, екінші бөлімде Г. Форе мен С. Франктың танымал шығармалары орындалады. Француз музыка сыншылары Форенің бекзаттық сазды стилін, музыкасының мәнерлігі мен тазалығын жоғары бағалайды.
«Шетел музыканттарының өнер көрсетуі, танымал классика шығармаларын жаңаша орындау стилін ұсынады. Франция пианиношысы Селимен Доденің қалай ойнайтынын, оның орындауындағы Ф. Шопен, Ф. Лист, сонымен қатар оның отандастары - Сезар Франк пен Габриэль Форенің шығармаларын тыңдаған өте қызық. Пианиношы бағдарламасында Г. Форенің си-минорлы Ноктюрнін ұсынады. Бұл тамаша композитордың музыкасы бүгін де өзінің тартымдылығын жоғалтпаған. Астаналық музыка сүйер қауым Селимен Доденің орындауындағы отандастарының музыкасын рақаттана тыңдайтынына сенімдімін», - дейді музыкатанушы, әрі кеш жүргізушісі Маржан Жәкенова.
Селимен Доде - Жан Франсе атындағы байқаудың, Валь-д'Изердегі халықаралық конкурстың, Pro Musicis Халықаралық сыйлығының лауреаты.
Arion студиясында Бахтың «Фуганың өнері» дискілерін жазды (2013). Скрипкашы Аманда Фавьемен бірге жасаған «Майдангердің жол дорбасында» жобасы (2013), Бірінші дүниежүзілік соғыс Жүзжылдығының миссиясы тағайындаған «Жүзжылдық» белгісін иеленді.
Пианиношы хореографтар - Юваль Пик пен Йоанн Буржуа, актриса Мари-Кристин Барромен бірігіп, өзіндік ерекше шығармалар жобасын жасаумен айналысуда. Ол Дромдағы Люсьен Дюрозуар атындағы камералық музыка фестивалінің көркемдік директоры қызметін атқарады.

Астанада өтетін «Kazakhstan open 2016» турниріне 100-ден астам биші қатысады
8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен арбамен билеудің «Kazakhstan open 2016» үшінші халықаралық турнирі басталады.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, алты мемлекеттен келген қатысушылар классикалық еуропалық, қызба латынамерикалық бағдарламалар, сондай-ақ, «фристайл» дисциплинасында жарысқа түседі.
Бишілер сайысы 8-9 сәуір күндері өтеді. Би алаңында Австрия, Грузия, Тайвань, Ресей, Қырғызстан, Гонконг және еліміздің сегіз өңірінен жиналған бишілер бағын сынайды. 28 қатысушы елорда намысын қорғайтын болады.
ҚР Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекованың сөзіне қарағанда, арбамен спорттық би билеу өнері кеңінен тарап келеді, ал осы сияқты шаралар бұған өз септігін тигізеді.
«Үшінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен келген арбамен билейтін бишілер елордада бас қосып отыр. Биыл дебютанттар ішінде Ақтөбе, Рудный және т.б. қалалардан келген жұптар бар. Фестиваль бағдарламасы да кеңейтілгенін айтып өткеніміз жөн. Өткен жылдан бері фристайл дисциплинасы қосылды, онда рейтинг, ұпай жинауға болады. Турнирде биылғы Азия чемпионатына жолдамалар сарапқа салынады», - деді Әлия Түсіпбекова.
Айта кетейік, демалыс күндері Тәуелсіздік сарайында сегіз жастан асқан балалар арасында спорттық биден ашық ел біріншілігі өтеді. Қазақстанның 10 өңірінен 1500 астам қатысушы келеді деп күтілуде. Чемпионат аясында ересектер арасындағы бірнеше тур өткізіледі.
Ал жексенбі күні, 10 сәуірде биден Азия олимпиадасы басталады, оған 8 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен 3 мыңнан астам биші қатысады.

«Астана» ФК жаттықтырушысына 350 мың теңге айыппұл салынды
6 сәуірде өткен Бақылау-тәртіптік комитеттің отырысында мынадай шешімдер шығарылды, деп хабарлады Sports.kz.
Премьер-Лига
III тур
«Астана» - «Ақтөбе» - «Астана» футбол клубының жаттықтырушысы Аркадий Бакулинге мынадай санкциялар қолданылсын;
1) төрешілердің рұқсатынсыз техникалық аймақ сыртына шыққаны үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2) матч барысына араласқаны үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынсын.
-«Астана» футбол клубы бас жаттықтырушысының ассистенті Григорий Бабаянға техникалық аймақтан нұсқау беруге қатысты ойын ережесін бұзғаны үшін «ескерту» түрінде санкция қолданылсын.
«Ордабасы» - «Ордабасы» футбол клубының бас жаттықтырушысы Б.Байсейітовке БТК-нің 2016 жылғы 30 наурыздағы шешімімен салынған «екі матчқа ойыннан шектеу» түріндегі санкцияны жүзеге асырудың мынадай тәртібі белгіленсін: бір матч - нақты біліктілігінен айыру, бір матч үшін шартты жаза ретінде алты ай мерзімге сынақ мерзімі тағайындалсын. Б.Байсейітовті біліктіліктен айыру мерзімі 2016 жылғы 21 наурыздан басталсын.
«Тараз» -«Тараз» футбол клубының біліктілігінен айырылған ойыншысы Олег Недашковскийге шартты жаза қолданудан бас тартылсын.
Екінші Лига
«Астана» -«Астана» футбол клубының біліктілігінен айырылған ойыншысы Әбілқайыр Ысмайыловқа шартты жаза қолданудан бас тартылсын.
Астанада «#ҚазақстанЖақсылықЖасайды» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтеді
7 сәуір, Дүниежүзілік денсаулық күні Астана қаласында «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының республикалық ауқымдағы «#ҚазақстанЖақсылықЖасайды» жобасы басталады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Бұл күні №2 Қалалық балалар ауруханасында жоба аясындағы алғашқы акцияның тұсаукесері өтеді. Атақты дизайнерлер мен суретшілер балалармен бірге ауруханының қабырғаларын көркем суреттермен безендіреді.
«Аталған жоба арқылы әрбір қазақстандықтың айналысатын ісі мен кәсібіне қарамастан өмірімізді көркейтіп, ізгілік пен мейірімге бөлей алатындықтарын дәлелдегіміз келеді. Олар әртүрлі салалардағы еріктілер: суретшілер, құрылысшылар, дәрігерлер немесе мұғалімдер. Ал біздің Қордың қызметі сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетуге арналған жобалармен байланысты болғандықтан, «#ҚазақстанЖақсылықЖасайды» жобасы аясында Қазақстан бойынша 14 оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», - деп ой бөлісті қордың директоры Гүлмира Әбілдина.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 433 бала сал ауруына шалдыққан болса, олардың тек 2 621 (20%) 2015 жылы оңалтудан өткен. Мемлекеттік медициналық мекемелерде оңалту-сауықтыру орындарының тапшылығына орай 10 мыңнан аса бала өз дерттеріне мойынұсынуға мәжбүр.
«Біздің мұрындық болуымызбен ашылған Астанадағыдай оңалту орталықтары еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасап отырса, бұл балаларға көмектесуге болар еді. Осы орайда Қордың арнайы әзірленген әдіснамасы бар және онымен бөлісуге даярмыз. Аталған балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтарды, атап айтсақ атқарушы билік органдарын, бизнес-құрылымдар мен мамандарды игі бастамаға қолдау көрсетіп, атсалысуға шықарамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген емес пе?! Ендеше, жұдырықтай жұмылсақ, балаларымызға жарқын болашақ, бақытты балалық сыйлай аламыз», - деді қор директоры Гүлмира Әбілдина.
7 сәуір «#ҚазақстанЖақсылықЖасайды» жобасына «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері, Қазақ ұлттық өнер университеті, Black&White Group компаниясы және Жанна Ахметова мен Камила Шоқанова сияқты танымал блогерлер қолдау көрсетуге келеді."Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 2009 жылы балаларға қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ олардың Қазақстанда сапалы және қолжетімді ем қабылдаулары үшін жағдай туғызу мақсатында құрылған болатын. Қор «Ұлт болашағы - дені сау балалар» жобасы шеңберінде 9 балалар үйін үздік оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етіп, 2014 жылы Астана қаласында Қазақстанның әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан және балалар үйінің нейроортопедиялық патологиялары бар балалары үшін көп салалы оңалту орталығын ашты.


БАӘ миллиардері Астана экономикалық форумына қатысуға ниетті
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ іскерлік ортасының бай әрі ықпалды өкілдерінің бірі Хусейн ан-Нувейспен кездесті.
Әмірлік миллиардері осы жылы 25-26 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына қатысуға шақыртуды алғыспен қабыл алды.
Әмірлік бизнесменімен байланысы бар компаниялар энергетика (Ұлттық мұнай құрылыс компаниясының (NPCC) президенті), өнеркәсіп («Senaat» өнеркәсіптік холдингтің басқарма төрағасы), инвестиция («Maha Capitals», «Al Nowais Investment» және «The Abraaj Group» компанияларының құрылтайшысы), қонақүй бизнесі («Ротана» отельелер желісінің директоры) және басқа да секторларда қызмет көрсетеді. Оның компаниясына тиесілі активтердің жалпы құны, кей деректер бойынша, 6,8 млрд. АҚШ долларынан асады.
Қазіргі миллиардер іске асырып жатқан барынша ірі инвестициялық жоба Мысырдың мемлекеттік электорэнергетикалық холдингтік компаниясымен (Egyptian Electricity Holding Company (EEHC)) бірлесіп, Синай түбегінде қуаты 2460 МВт «Уюн әл-Муса» электр стансасын салу жобасы болып табылады. Жобаның құны 4,5 млрд АҚШ долларына бағаланады, оның 70 пайыз инвестициясы «Al Nowais Investment» компаниясына, ал қалған 30 пайызы - Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай және Мысырдың жеке инсвесторларына тиесілі.
Х.Ан-Нувейспен кездесу нәтижесі бойынша олардың қазақстандық экономикаға инвестиция салу перспективаларын қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Министрліктер үйінің маңынан 6 қабатты ақылы екі автотұрақ салынады
Астанада 6 қабатты жерасты ақылы екі паркинг жəне 3 қабатты ақылы бір паркинг салынады. Алты қабатты бірінші паркинг - Қабанбай батыр даңғылында (Инвестициялар жəне даму министрлігінің жанында), екінші жер асты паркингі - Орынбор көшесінде (Жоғарғы соттың жанында) орналасса, үш қабатты үшінші паркинг Достық көшесінде («Мəскеу» бизнес орталығының маңында) орналасады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.
Оның ақпаратына сүйенсек, Қабанбай батыр даңғылындағы паркингтің құрылысы 2017-2018 жылдарға жоспарланған. Жəне паркинг 2045 жылға дейін қызмет көрсете алады деп сендірді компания. Алты қабатты автотұраққа 568 көлік сыяды. Бұл паркингке 2 200 млн теңге инвестиция керек.
«Орынбор көшесіндегі алты қабатты паркингтің құны 1,93 млрд теңге. Автотұраққа 472 көліктің орны салынады. Достық көшесінде орналасатын үш қабатты паркингтің құны 1,31 млн теңгені құрайды. Оған 300 көлік сыяды»,-деді Ə.Бикеева.
Компанияның ақпаратына сүйенсек, алты қабатты жер асты автотұрағы мен үш қабатты паркингтің бағасы - сағатына 100 теңге, бір түнге көлік қалдыру бағасы - 600 теңге болады.

2019 жылы Астанада екі автовокзал жұмысын бастайды
2017-2018 жылдары Астанада ортақ сыйымдылығы күніне 9000 жолушыға арналған екі автовкозал салынып, 2019 жылы олар толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында "Astana Innovations" АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.
"Абылай хан даңғылы мен Қобда көшесінің қиылысында орналасатын автовокзалдың құрылысына қажетті инвестиция 5 436 млн теңгені құрайды. Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесінің қиылысындағы автовокзалдың инвестициялық құны 4 673 млн теңге", - деп хабарлады Ə.Бикеева.
Автовокзалдар жалпы 28 жыл қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр. Əр вокзал күніне 4500 жолаушы тасымалдауға қуатты болу керек. Екеуі де төрт қабатты ғимарат болады. Автовокзалдардың құрылысы 2017-2018 жылдарға есептелген, нысандар 2019 жылы толықтай іске қосылуы керек.

Астанада 80 мыңнан астам адам сенбілікке шығады
Әдеттегідей көктемде елордада экологиялық айлық өткізіледі. Биыл алғашқы экологиялық сенбілікті өткізу 23 сәуірге белгіленіп отыр. Елорданы тазарту жұмыстарына 80 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК өкілдері, қала тұрғындары қатыспақ. Осы күні Астананың үш ауданы тұрғындарының күшімен 1000 жуық ағаш отырғызу көзделген.
Сенбілікке 300 астам арнайы техника, әсіресе, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» және мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды жинап, ағаштардың бастарын кеседі, қоқыстарды жинап, шығарады. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Сейфуллин көшесіндегі Астананың №1 емханасы толық бұзылады
Астана қаласы С.Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан №1 емхана толық бұзылады. Орнына мемлекеттік-жекеменшік əріптестік бойынша жаңа емхана салынады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында "Astana Innovations" АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.
Жалпы, дереккөзіне сүйенсек, бұл емхананы күрделі жөндеуден өткізу мəселесі де қаралған. Алайда, ғимарат өте ескі болғандықтан жəне нысанның техникалық паспорты жаңа талаптарға сай келмегендіктен, емхана ғимаратын түбегейлі бұзып, орнына жаңа емхана салу туралы шешім қабылданған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы əлеуетті инвестор іздеу үшін сəуір айында конкурс жариялайды.
"Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша Астана қаласында үш дəрігерлік амбулатория мен бір емхананың құрылысы жүргізіледі. Жобаның мақсаты - халыққа сапалы медициналық-санитрлық көмек көрсету. Үш дəрігерлік амбулатория "Теміржол" тұрғын үй алқабының ауданындағы Көкжазық көшесінде, Мойылды-Наурыз көшелерінің қиылысындағы Көктал-2 тұрғын үй алқабында жəне Өндіріс тұрғын үй алқабының маңындағы Өндіріс тас жолының оңтүстік-шығысында орналасады. Ал, емхана Сейфуллин көшесінің бойындағы №1 емхананың орнына тұрғызылады", - деп хабарлады Ə.Бикеева.
Елордада 2017 жылы бес балабақша ашылады
2017 жылы елордада жаңадан бес балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.
«№29 жəне №36 көшелерінің қиылысында ашылатын балабақшаның инвестициялық құны - 1 млн 536 мың теңге; Хусейн бен Талал көшесі мен №36 көшенің қиылысындағы балабақшаның құны - 1 млн 419 мың теңге; №200 жəне №321 көшелердің қиылысындағы балабақшаның құны - 1 млн 093 мың теңге, Е51, Е54, Е77, Е79 көшелерінің қиылысындағы балабақшаның инвестициялық бағасы - 1 млн 279 мың теңге, Алматы көшесіндегі - 1 млн 092 мың теңге», - деп мəлім етті Ə.Бикеева.
Бұл балабақшалар 1 440 бүлдіршінді мектепалды біліммен қамтиды.

Астанада дәрігерлер Денсаулық күнін атап өтті
Бүгін елордада денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері Дүниежүзік денсаулық күнін атап өтті. Аталған мереке ДДСҰ-ның жарғысы ратификацияланған сәттен бастап 1950 жылдан бері мерекеленіп келеді.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, қалалық емханалар мен ауруханаларда жұмыс күні таңғы жаттығу жасаудан басталды. Спорттық шараға медицина қызметкерлерінен басқа, денсаулық сақтау мектебінің оқушылары мен келушілер қатысты.
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада және «Денсаулық» бағдарламасында халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, ортақ жауапкершілік туралы үндеулер жазылған. Бүгінгі мақсатымыз - әрбір қала тұрғынына салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін жеткізу», - дейді №2 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Анар Салықова.
Спорттық шараға қатысушылар «Қара жорға» биін билеп, командалық сайыстарда күш сынасты.
ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық күнін жыл сайын белгілі бір тақырыпқа орайластырып, насихат жұмыстарын жүргізеді. 2016 жыл «Диабетті жеңеміз!» ұранымен өтпек. БҰҰ Бас хатшысы және ДДСҰ бас директоры өздерінің жыл сайынғы жолдауларында Дүниежүзілік денсаулық күніне ерекше назар аударған.


Ұлттық музейде «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» атты көрме өтеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 8 сәуір күні «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» атты көрме өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
2013 жылы Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Мәскеу ақша сарайынан Қасиетті Меккеге арналған 999 сынамалы күмістен эксклюзивті технологиямен жасалған 40 маркадан тұратын топтама шықты. Түпнұсқа ретінде Ауғанстан, Алжир, Бангладеш, Камерун, Комор аралдары, Иран, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливия, Малайзия, Мали, Мавритания, Марокко, Нигер, Оман, Пәкістан, Қатар, Сауд Арабиясы, Сомали, Сирия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен сынды 24 мұсылман елі әр жылдары шығарған пошта маркалары алынды.
Күміс маркалар айтулы пошта маркаларының түпнұсқасын дәлме-дәл қайталайды және бүгіннің өзінде тарихи артефакт болып табылады. Осы ескерткіш топтаманы жасау барысында Мәскеу ақша сарайында марканың бедерлі бөлшектері бар тұстарына алдын ала қолдан мүсін дайындалды, осылайша, маркалар үш өлшемді көлемге ие болады. Барлық маркалардың өлшемі түпнұсқамен бірдей. Оларды жасауға ғалымдар, сарапшылар, технологтар, инженерлер, дизайнерлер, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.
Топтаманы жасауға 3 жыл қажет болды.
Күміс маркалар өте шектеулі тиражбен шығарылды, сондықтан да олар тез арада сирек кездесетін антиквариатқа айналды. Тарихи құндылықтарды нағыз бағалаушылар және көркемдік талғамы жоғары адамдар қымбат маркалардың сұлулығы мен нәзіктігіне лайықты баға беруде. Бірегей эстетикалық шешім күміс маркаларға мәңгілік өмір сүруге және ХХІ ғасырдағы өнердің әлемде баламасы жоқ көркемдігі жоғары бұйымға айналуына мүмкіндік береді.
Топтамадағы маркалардың саны тура қырық және бұл кездейсоқтық емес. 40 саны - көптеген діндерде зор мән берілген ең ұлы сан, ол табиғаттағы ашық және жасырын құбылыстар арасындағы үйлесімдікті білдіреді. Көптеген басқа діндердегі сияқты исламда да қырық саны қасиетті болып саналады және өзгерісті, ымыраласуды және ұстанымға оралуды білдіреді. Бұл сан маңызды сыни кезеңдерді белгілеу үшін ислами дәстүрлердегі салт- жоралармен байланысты. Мұхаммед Пайғамбар дәл осы қырық жасында Алланың сөзін естіген, ал Қасиетті Құранды әрбір қырық күнде оқиды.
Рухани білім іздеген әрбір адамға рухани ізденіс барысында көкейінде туындаған күдіктерді жою үшін ақиқат қажет. Осындай ақиқаттың бірі бұл - Қасиетті Мекке, соның арқасында надандық түнегі білім жарығымен жойылады және түнектен жол көрінеді.
Ресейде күміс маркалардың көрмесі алғаш рет 2013 жылы мұсылмандық ағартушылық орталықтарының бірі болып табылатын, халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қызмет жасайтын Татарстанда өтіп, Дүниежүзілік XXVII Жазғы Универсиадаға қатысушылар мен қонақтардың көз қуанышына айналды.
2013 жылғы сәуірде «Қазан Кремлі Мемлекеттік тарихи-сәулеттік музей-қорығындағы» Ислам мәдениеті музейінде (Татарстан) «Күміспен күптелген Мекке: Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы қажылық символикасы» бірінші көрмесінің ашылуы өтті, ал 2013 жылғы мамыр айында «Булгар» сәулеттік-тарихи кешенінде Еділ бойы халықтарының Ислам дінін ресми қабылдаған күніне орай Татарстан Республикасында өткізілген салтанатты шаралар кезінде екінші көрме ашылып 2013 жылғы 31 тамызға дейін созылды.
2014 жылы мамыр айында топтама Дағыстан басшысының басшылығымен Махачкалада үкіметтік «Достық Үйі» кешенінде, ал Мәскеуде П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында өткен Иранның «Ай аңызы» классикалық музыкалар концерті кезінде (сәуір), Мемлекеттік шығыс музейінде (шілде), Қырымда Бахчисарай музей-қорығындағы Қырым хандығының бұрынғы ордасы болған XVI-XVIII ғасырларға тән атақты сәулет ескерткіші «Хан-Сарайы», бүгінгі Буюк Хан Джами Үлкен хан мешітіндегі Хан ложасында (тамыз-қазан) көрсетілді.
Сол сияқты топтама 2014 жылы серіктесі білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) болған Әлемдік «Өркениеттер диалогы» (Грекия, Родос аралы, қыркүйек) форумында және ұйымдастырушысы Ресей Федерациясы Мұсылмандарының діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесі болған Х Халықаралық мұсылмандар форумында көрсетілді.
Бірегей топтама 2015 жылы «Ресей - ислам әлемі» атты Стратегиялық болжаулар тобының мәжілісіне шақырылды, оған Ресей Федерациясы сыртқы істер министрі С.В.Лавров, Татарстан Республикасының президенті Р. Н. Минниханов, Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы И. Мадани, мемлекеттік және діни қайраткерлер, дипломаттар, Ресей және бірқатар мұсылман елдерінің ғалымдары қатысты. Сыртқы істер министрі оқыған Ресей Президенті В.В. Путиннің құттықтау сөзінде: «Ресейдің тарихының өзі әртүрлі діндердің үйлесімді өмір сүргенінің дәлелі», - делінген.
2015 жылы топтама Шешен Республикасындағы «А.А. Кадыров атындағы Даңқ мемориалды кешені» музейінде (шілде-қыркүйек), ал шілде айында Рязань облысындағы Касимов өлкетану музейінде көрсетілді.
«Күміспен күптелген Мекке» атты маркалар топтамасын жасау идеясы 2006 жылы «Алтын және Күміс Құрандар» жобасын жалғастыру әрі оны дамыту ретінде пайда болды. Идеяның авторы «ВТ» компаниясының директоры және иесі
Владимир Прусаков, компания адамзаттың мәңгілік рухани құндылықтарына ХХІ ғасыр музейіне лайық өнер туындыларының баламасы жоқ жаңа бірегей түрін берумен айналысады.
Бұған дейін «ВТ» компаниясының тапсырысымен 2006 жылы Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің «Мәскеу Ақша Сарайында» бірегей технологиямен VIII ғасырдағы ежелгі ислам қолжазбасы «Осман Құранының» әлемдегі жалғыз дәл көшірмесі соғып шығарылған болатын, ол ең жоғары 999 сынымалы алтыннан жасалған 162 тілімнен тұрады. Оны дайындауға 1,5 жыл уақыт қажет болды. «Осман Құранының» түпнұсқасы Ресей меншігі болып табылады және Санкт-Петербургте Ресей Ғылым Академиясының Шығыс қолжазбалар институтында (император Петр І негізін қалаған бұрынғы Азия музейі ) сақтаулы. «Алтын Құран» алғаш рет 2007 жылы Мәскеуде әлемнің ең керемет музейлерінің бірі А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде толығымен көрсетілді, сонымен қатар Ирандағы 15-Халықаралық «Қасиетті Құран» көрмесінде (2007), Бахрейнде (2008), Ливияда (2008), Ресейде (2009), Мысырда (2010) бірнеше беттері көрсетіліп, дипломдармен марапатталды.
2010 жылы Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің «Мәскеу Ақша Сарайында» «Күміс Құран» жасалды. Бұл да «Осман Құранының» VIII ғасырдағы қолжазбасының ең жоғары 999 сынымалы күмістен жасалған дәл көшірмесі болып табылады.
«Күміс Құранның» толық жинағы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» бас мешітіне Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың және Мәскеу бас Собор мешітінің меценаттары атынан сыйға тартылды. Бұл шараға Ресей Президенті В.В.Путин де қатысқан болатын.
Елорда оқушылары жазушы Қ.Мұхамбетқалиевпен кездесті
Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен басталған «Бұл кітап әлемі...» атты айлық шара аясында бүгін Астананың оқушылары мен ұстаздары жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұхамбетқалиевпен кездесті.
Қажығали Мұхамбетқалиев қазақ оқырмандарына аудармашы ретінде де жақсы таныс. Қ.Мұхамбетқалиев жапон жазушысы Рюноскэ Акутагава, француз жазушылары Эжен Сю мен Проспер Мэрименің, британ жазушысы Ульям Моэмның шығармаларын аударған.
Ал, жазушының өзі «әдебиет тірі процесс болғандықтан, әр буынның өз көзқарасы болады» дейді.
«Әдебиет деген - тірі процес. Сондықтан, әдебиетке жаңа буын керек, қазіргі буынның да өз жаңалығы мен ізденісі бар. Жалпы, әдебиеттің заңы бойынша, әр буын өзінің оқырманын ала келеді, әр буын өзінің жеке көзқарасын ала келеді. Сондықтан, осындай кездесулердің барлығы пайдалы ғой деп ойлаймын»,-дейді жазушы.
Аудармашы ретінде қазақ әдебиеті мен шет ел әдебиетін салыстырған Қ.Мұхамбетқалиев: «қазақ әдебиеті мен шет ел әдебиетін салыстыруға болмайды. Себебі, шетелдік жазушылардың өскен менталитеті қазақтың ұлттық менталитетіне сай емес. Бірақ, адамзатқа ортақ сезім мен қасиеттер бар. Солардың барлығын көрсету үшін аударма керек. Кез келген елдің жазушысы белгілі ойға жетелейді»,-дейді Қ.Мұхамбетқалиев.
Айта кетейік, жазушы журналистика саласында да еңбек еткен. Мысалы, ол Ақтөбе облысы телевизия және радио комитетінде, сол облыстың «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында жұмыс істеген. Сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Соңғы жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламентте еңбек еткен, «Таңшолпан» журналында да жұмыс істеді.

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтті.
Шараға Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың спортшылары, орта мектеп, «Жас Ұлан» оқушылары мен балалар үйлерінің жеткіншектері қатысты.
Кеш басында жас спортшылары гимнастика, бокс, таэквондо, грек-рим күресінен көрсетілімдер ұсынды. Еске алу кешінде жауырыны жерге тимеген қазақ даласының батыры туралы танымдық бейнебаяндар көрсетілді.
«Тарихи тұлғалар» жобасы аясында өтетін іс-шараның басты мақсаты - Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы деректермен таныстыру, жас ұрпақты ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру.
«Қажымұқан Мұңайтпасов секілді атақты тұлғаның сол кездердегі жетістіктерімен бүгінгі жас ұрпақ мақтана алады. Оның өмірі бүгінгі жастар үшін үлгі. Ол өзінің ұмтылысымен әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерді көрсетті. Бүгінде көптеген спорттық нысандарға Қ. Мұңайтпасовтың есімі берілген. Осы ретте күрес үйірмелеріне келген әрбір бала бірінші кезекте аты аңызға айналған Қажымұқанды үлгі тұтып, өзін дамытады»,-деді грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Ж.Депардье А.Мұхамедиұлымен кездесуде Қазақстанда опера қоюға ниет білдірді
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әйгілі француз актеры Жерар Депардьемен кездесті, бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство басшысы және 200-ден аса кинофильмдер кейіпкерінің кездесуі достық әңгіме ретінде өтті.
Әйгілі актерды қарсы ала отырып, Арыстанбек Мұхамедиұлы Ж. Депардьенің қатысуымен түсірілген фильмдер барша қазақстандықтарға танымал, ал отандық «Күзгі махаббат» және «Дала дауысы» киноленталары шетелде де кеңінен көрсетілгендігін айтып өтті.
«Барлығымыз да сіздің Наталья Орынбасаровамен бірге түскен «Күзгі махаббат» киносын жақсы білеміз. Бұл өте мейірімді фильм ауыл болмысы туралы баяндайды. Одан басқа бірлесіп іске асырған өзге шығармашылық жобаларымыз бар», - деді министр
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан-Франция шығармашылық ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Сонымен қатар ол болашаққа деген шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Француз актеры алдағы уақытта Қазақстанда опера қоюға ниетін білдірді.
«Мен операда бірнеше рет ойнап, оны қоюға қатысқан едім. Қазақстанда адамдар классикалық музыканы сүйіп тыңдайды, бұл жерде дарынды опера әншілері де өте көп. Қазақстанда шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік мол», - деп бөлісті ол.

Ауғанстанның экс-президенті Астанадағы Еуразия медиа-форумына шақырылды
Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Қарзай 20-22 сәуірде Астанада өтетін Еуразиялық медиа-форумға шақырылған.
Медиа-форумның сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ауғанстанды 10 жыл басқарған Хамид Қарзай форумға спикер ретінде шақырылған екен.
Жалпы, медиа-форумда 25 белгілі адам сөз алады деп көрсетілген. Олардың арасында Британияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтар бар.
Айта кетейік, 20-22 сәуір күндері Астанада он үшінші Еуразиялық медиа форум өтеді.

АҚШ ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанмен стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыта беруге мүдделі - АҚШ Энергетика министрі
АҚШ ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанмен стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыта беруге мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстанға сапары аясында Назарбаев Университетіндегі дәріс оқыған АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз мәлім етті.
Дәріс барысында АҚШ минситрі Қазақстанның ғаламдық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап өтті.
«Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын, жалпы Орталық Азияда болған емеспін. Меніңше, бұл өте сапалы әрі тиімді сапар болып отыр. Назарбаев Университетін көріп, мен үлкен әсер алдым, бұл Қазақстан үшін жаңа білім беру пулы болмақ және жалпы елдің дамуына көлемді үлес қосады деп есептеймін. Климаттың өзгеруіне және таза энергетикаға қатысты тақырыпты қозғамас бұрын, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға тоқталғым келеді. Бұл қарым-қатынастар адамзат алдындағы екі өзгерістерге қатысты болып отыр. Оның алғашқысы - ядролық қауіпсіздік, оның ішінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі мәселе. Біз Қазақстанмен осы бағытта көп жылдардан бері әріптестік орнатқанбыз, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері біз ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік жөнінде байланыс жасап келеміз. Бұл біздің достығымыз үшін өте маңызды тақырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпауға қатысты өзінің берік ұстанымын танытып келеді», - деп атап өтті Э.Мониз студенттер алдында оқыған дәрісінде.
АҚШ энергетика министрі, сонымен қатар, Қазақстанның Иран келіссөздерін шешуге үлкен үлес қосып, әлемдік бейбітшілік жолында өзінің рөлін қосқанын да тілге тиек етті. Әлемде ядролық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қарусыз әлем жөніндегі ортақ көзқарасқа жетуде АҚШ Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жалғастыруға дайын екендігін де білдірді.
«Иран мәселесінде Қазақстан үлкен үлес қосты. Оны бағалай кетпеуге болмайды, себебі Қазақстанның арқасында былтыр күзде Иран келіссөздері нәтижелі пәтуәмен аяқталған болатын. Осы келіссөздер негізінде байытылған уранды Ираннан шығаруға мүмкін болды. Және оның орнына Қазақстан табиғи уранды жеткізген еді. Осының барлығы Қазақстанның маңызды рөлін көрсетіп отыр. Біз осы бағыттта Қазақстанмен ары қарай да қарым-қатынасымызды дамыта беруге мүдделіміз. Менің бұған күмәнім жоқ және біз Иран келісімін толықтай орындап шығамыз деп ойлаймын», - деп түйді Э.Мониз.
Астана қалалық мәслихатында алғашқы жұмыс кеңесі өтті
Бүгін қалалық мәслихатта бірінші семинар-кеңес өтіп, жаңа алтыншы шақырылымдағы депутаттар алдағы жұмыспен толығырақ танысты.
Айта кетейік, 25 наурызда өткен бірінші ұйымдастыру сессиясында қалалық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен құрамы сайланды. Осылайша, алтыншы шақырылымдағы депутаттар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды astana.kz.
- Бізге халық қалаулылары ретінде депутаттық өкілеттіктер берілді. Енді қалалық басқармалармен, аумақтық бөлішелермен жұмыс істеуіміз керек. Сайлауалды науқан кезінде сайлаушылар көтерген көптеген мәселелер, өтініш-тілектер бар, оларды қарастыру керек. Алдағы жұмысымыз осы мәселелерді қалай орындайтынымызға байланысты. Жалпы, сайлаушылармен тұрақты түрде жұмыс істеуіміз керек, - деді қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов.
Астана қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Вера Пытьева депутаттардың құқықтары, міндеттері мен өкілеттіктері туралы айтып берді. Оның хабарлауынша, мәслихат аппараты заңнама актілерін зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады.


Қаржы министрлігі Астанада республикалық меншік нысандарын сату бойынша сауда-саттықтар өткізеді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектілерін сату бойынша сауда-саттықтарды өткізетінін хабарлайды.
Аукцион 2016 жылғы 27 сәуірде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.
Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдiсiмен аукцион арқылы нысандар сатылымға шығарылады. Атап айтқанда, бірінші нысан - «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ. Мәдениет және өнер сапасындағы әлеуметтік маңызы бар және мәдениет іс-шараларын өткізу бойынша қызметтермен айналысатын компанияның бастапқы бағасы 78 000 000 теңгеге, ең төменгі баға 39 000 000 теңгеге, ал кепілдік жарна 11 700 000 теңгеге белгіленген. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Егер сауда-саттықтың аукционға бағаны төмендету әдiсiмен қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 27 сәуірде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 - да www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тендер өткізіледі. Тендерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгипроорманшар» қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қойылып отыр.
Сатып алушы мүліктік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгипроорманшар» қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының азаматтық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Нысанның бастапқы бағасы 58 096 406 теңге, кепілдік жарнасы - 48 246 150 теңге. Негізгі қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау талап етіледі.
Тендерге қойылатын екінші нысан «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ. Оның бастапқы бағасы 80 508 000 теңге, кепілдік жарна - 48 304 800 теңге.
Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.
Тендер және аукционға қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2016 жылғы 27 сәуірде сағат 08.00-де аяқталады.

Елордалық жұмыс берушілер кадрларды жұмыспен қамту орталығымен бірге таңдайды
Бүгін Астанада жергілікті жұмыс берушілер Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының және Жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті. Шараның мақсаты қала әкімдігінің Астана халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмектесу жөніндегі 2016 жылға арналған жоспарын жүзеге асыру болып табылады, деп хабарлады astana.gov.kz.
Кездесу барысында Астана қаласының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина мен Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың қатысуымен ынтымақтастықтың маңызды критерийлері, жұмыс берушілерді алаңдататын мәселелер талқыланып, дұрыс еңбек келісімшартын жасау мәселесі қаралды.
- Егер лайықты жұмыс таба алмасақ немесе бұл мамандық бойынша қазіргі кезде сұраныс болмаса, онда тегін курстан өтуді ұсынамыз. Оқудың үш түрі бар: қайта даярлау, біліктілікті арттыру және дайындау. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» аясында біз жұмыс берушіні де ескереміз, - деді Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Кездесу барысында жұмыс берушілерге Жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ, орталықпен ынтымақтастық орнатқан жағдайда оларға жүктелетін міндеттер туралы айтылды. Шара соңында екі жақты ынтымақтастықтың белгісі ретінде қатысушылар ниет хаттамасына қол қойды. Құжат аясында тараптар «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру және кадрлық кәсіпорындарды кадрлармен қамтуды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізетін болады.
Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды
Астанада Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды. Елордалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Конкурсқа халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, басқа да мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Конкурсқа халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталған кемінде 1 жылдан астам уақыттан бері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар жіберіледі.
Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады.
Конкурсқа қатысу шарттарымен Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында немесе 21-22-61, 21-62-17 телефондары арқылы танысуға болады.
Астанада 700-ден астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады
Бүгінгі таңда 742 қала тұрғынына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Мемлекеттік бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрғылықты тұратын орташа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (күн көріс деңгейінің 40%) азаматтарға тағайындалады.
Аталған қызметтерді алуға үміткерлер - көп балалы, толық емес отбасылар, құрамында мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасылар. 2015 жылы 1 мыңнан астам аз қамтылған тұрғын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші тоқсанына бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласады.
Адамға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді. 2016 жылдың 2 тоқсанында кедейлік шегі 9 157 теңгені құрайды.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап жәрдемақының үш түрі біріктіріледі: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік көмек, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және жаңа форматта ұсынылатын болады. Жаңа атаулы көмек екі түр бойынша жіктеледі - шартты және шартсыз.

Астана Халықаралық әуежайында су басу қаупі жоқ - ҚР ІІМ ТЖК
Бүгін Астана қ. ТЖД жедел тобы Астана қ. Халықаралық әуежайын су басу қаупі мәселесі бойынша оқиға орнына шұғыл жетті.
Тексеру кезінде Майбалық көліндегі су деңгейі қалыпты деңгейде екені анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Астана қ. Халықаралық әуежайының аумағында және ұшу жолақтарында су басу қаупі жоқ. Әуежай аумағындағы су қардың еруі мен жаңбырдың жаууы салдарынан жиналды.
Әуежай аумағынан су шығарылды.
Қазір әуежай қызметкерлері, Астана және Ақмола облысының ТЖД - 13 адамы су деңгейін тексеріп жатыр. Сондай-ақ 7 техника тартылды.

Астана Опера театры Барокко дәуірінің музыкасынан концерт береді
«Астана Опера» театрында тыңдарман назарына көне музыканың ең үздік үлгілері ұсынылады. 10 сәуірде «Барокко» залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Музыкалық қонақжай» циклынан «Барокко сиқыры» атты концерт өтеді.
Онда театрдың жетекші солисі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімованың (сопрано), аспапты жанр шеберлері, халықаралық конкурстардың лауреаттары - бірінші скрипка, симфониялық оркестр концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановтың, үрмелі ағаш аспаптары тобының концертмейстерлері: Алексей Косыревтің (флейта), Әсет Нелдібаевтің (фагот), сонымен қатар П.И. Чайковский ат. жасөспірімдердің халықаралық конкурсының лауреаты Ақбөпе Ахмедиярова (скрипка) өнер көрсетеді.
Бағдарламада - «Ринальдо» операсынан атақты Альмирена ариясы, Г.Гендельдің «Мессия», «Баязет» ораториясынан ария, «Жыл мезгілдері» циклынан «Жаз», А. Вивальдидің фаготқа арналған ми-минор концерті, №2 си-минор оркестр сюитасынан «Менуэт» пен «Әзіл», оркестрмен скрипкаға арналған ля минор концерті, «Non sa che sia dolore» контатасынан ария, И.С. Бахтың сопрано, флейта солосына және камералық оркестрге арналған BWV 209 және басқалары бар.
XVI-XVIII ғғ. әсем әрі тыңдағанға керемет вокалдық музыкасы әлемдік сахна алаңдарында сирек орындалады. Себебі, мұндай күрделі де, асқан шеберлікпен шырқалатын арияларды кез-келген опера солисі орындай бермейді. Олардың ішінде жарқыраған колоратуралық сопрано Әлфия Кәрімованың орындауындағы А. Вивальдидің «Гризельда» операсынан Констанца, Г. Ф. Гендельдің «Son come navicella» (Асау теңіздегі кішкентай кеме) арияларын атап өтуге болады. Мұндай музыканы тамаша шырқау үшін жетілген техника қажет, мысалы, Констанца ариясының ерекшелігі, ноталар төменнен бастап, жоғарысына дейінгі зор диапазонды қажет етеді.
«Барокко дәуірінің музыкасы жанды ерекше тербейді, мен оны әркез асқан шаттықпен орындаймын. Оркестр құрамында ішекті аспаптардың тиісінше басымдық танытуы мен клавесинді жиі пайдалану, таза үндестікке қол жеткізеді. Г.Ф. Гендель, А. Вивальди, И.С. Бах - әркез таң қалдыратын сазгерлер. Олардың музыкасы әнді аспаптың сүйемелдеуімен айту мәнерін талап етеді. Бұл И.С. Бахтың жеке сопраноға, жеке флейтаға және камералық оркестрге жазылған 209 кантатасында айрықша көрінеді. Аталған шығармада барлық дауыстар үндесіп, біріккен аспапты ансамбльді құрайды», - деді Әлфия Кәрімова.

Астанада «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі басталды
Астанада арбадағы спорт би жарысы бойынша «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі ашылды. Әлемнің алты елінен келген спортшылар осы жылдың қарашасында өтетін Азия чемпионатына лицензияны жеңіп алады.
«Бұл жарыс - Астанада үшінші жыл өтіп отыр. Әдетте, халықаралық турнирға сегіз елдің өкілдері келетін еді, бірақ, өкінішке қарай, биыл Грузия, Қырғызстан, Тайпей, Ресей және Қазақстан қатысып отыр. Баса айта кетерлігі, жарысқа Қазақстанның сегіз өнерпазы қатысуда», - дейді Қазақстандағы заманауи және спорт биі федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.
Жарыс екі күнге жалғасады. Спортшылар төрт бағдарлама бойынша, атап айтсақ, бір адам арбада, бір спортшы тұрып билейтін; арбаға таңылған екі адам билейтін, жеке бір адам билейтін және фристайл бағдарламалары бойынша өнер көрсетеді.
Жалпы, үш жыл ішінде турнирге қатысамын деушілердің саны артқан. Жарыс ең бірінші рет өткен жылы 36 адам қатысса, қазір арбада отырған 80 адам жарысқа қатысып жатыр. Осылайша, арбадағы спортшыларды қоса алғанда, Халықаралық турнирға барлығы 100-ден астам адам қатысуда.

Биыл елордада 30-дан астам аула абаттандырылады
Астанада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында жол жабыны ауыстырылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері орнатылады, көлік қоятын орындар жасалады, деп хабарлады astana.gov.kz.
Биыл «Сарыарқа» ауданында 19, «Есіл» ауданында 7 ауланы абаттандыру көзделген. «Алматы» ауданында көп қабатты тұрғын үй секторындағы 16 үйді қамтитын 10 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, 11 балалар ойын алаңы, 3 спорт және 5 гимнастика алаңы жасалады, 56 тренажер, 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық орнатылып, 8 күрке, 8 кір жаятын орын дайындалады. Сонымен қатар, 12 801 шаршы метр аумақта асфальтбетон жабыны жөнделеді, ал 4 465 шаршы метр аумақта қайта төселеді.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада абаттандыру бағдарламасы аясында 41 аула мен 12 аула аумағы абаттандырылды. Жөндеу жұмыстары аясында аулаларда қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, «Есіл» ауданында спорт және ойын алаңдары жасалды, бұзылған шағын архитектуралық пішіндер, спорттық снарядтар мен тренажерлар, сәндік қоршаулар қалпына келтіріліп, ауыстырылды, балалар алаңдарына жарақат алуға жол бермейтін қауіпсіз резеңке жабындар төселді.

«Астана» велошабандозы Диего Роса «Баскілер елі туры» бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды
«Баскілер елі туры» велокөпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды, оған қатысушылар таулы жолбағыт бойынша 150 шақырымдық қашықтықты еңсерді, деп хабарлады Sports.kz.
Мәре сызығын біірнші болып «Астананың» испандық шабандозы Диего Роса кесіп өтті, екінші болып «Sky» командасынан колумбиялық Серхио Энао мәреге жетті, көшбасшылар үштігін «Tinkoff» командасынан испандық Альберто Контадор түйіндеді.
«Астанааның» қалған шабандоздары мәреге мына тәртіппен жетті: Мигель Анхель Лопес 28-ші, Андрей Зейц - 32-ші, Луис Леон Санчес - 50-ші, Дарио Катальдо - 78-ші болып келді, Фабио Ару бұл кезеңді аяқтай алмады.

Тұрмысы төмен отбасылардың балалары «Астана Операда» концертте болды
«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы тұрмысы төмен және мұқтаж отбасылардың балаларын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы «Жануарлар карнавалы» әдеби-музыкалық концертіне қонаққа шақырды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Астана Опера» театрында жас көрермендердің болуына «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Бақытты балалық» жобасы аясында «Мәдениет» партия ұйымының жас жігіттері мен қыздары көмектесті. Балалар дирижер Руслан Баймұрзиннің басқаруындағы симфониялық оркестрдің орындауында «Жануарлар карнавалы» концертін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
«Жануарлар карнавалы» концерті француздың көрнекті композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың көрнекті шығармаларының бірі. Театрдың жас көрермендеріне симфониялық оркестрдің шеберлігі және олардың музыкалық аспаптарда жануарлар мен құстардың дауысын. сондай-ақ олардың ән салуға еліктеуін салуы үлкен әсер қалдырды.
Концерттен кейіңн балалар елдің үздік опералық залында өз әсерлерімен бөлісті.
«Бақытты балалық» жобасы жалғасуда. Ол өскелең ұрпақта рухани құндылықтарды нығайтуға, балалардың бойында қазақстандық патриотизмді және өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған. «Мәдениет» партия ұйымы әлеуметтік жағынан әлжуаз және тұрмысы төмен отбасылардың балалары арасында тәрбиелік, мәдени-ағарту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті.


Елордада жас аспапшылар француз импрессионист сазгерлерінің шығармаларын орындайды
«Астана Опера» театрының жас, талантты аспапшылары 13 сәуірде камералық залда «Париж көктемі» атты романтикалық концерт өткізеді.
Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешті басқа да музыкалық аспаптар ансамблімен бірге ойнайтын рояль басқарады. Фортепиано партиясын Эльмира Сұлтанғазина, Динара Қалабаева, Анастасия Гришенкова, Айгүл Қалкенова орындайды. Оларға симфониялық оркестрдің шебер музыканттары - Әлима Әбеуова (флейта), Думан Орынғалиұлы (труба), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Мақсат Сүлейменов (ксилофон) қосылады.
Музыкалық импрессионизм көшбасшылары - француз композиторларының сүйікті шығармаларын орындау идеясы жас музыканттарды біріктірді. Концерт бағдарламасында М. Равельдің труба мен фортепианоға арналған хабанера түріндегі вокализ-этюді, фортепианоға арналған «Ноктюрны», К. Дебюссидің «Арабескасы», «Ай жарығы», екі фортепианоға арналған «Эксцентристік сұлу» ансамбль-циклы, Э. Сатидің флейта, кларнет пен фортепианоға салынған «Гимнопедиясы», Д. Мийоның екі фортепианоға арналған «Скарамуш» ансамбль-циклы, Ж. Ибердің «Оқиғалары» және т.б. шырқалады.
Эльмира Сұлтанғазина, тыңдарман назарына ұсынылатын шығармалардың ерекшелігі, сол заман идеяларының жаңашылдығы мен таңғажайыптығында екенін атап өтті.
«Әрбір солист композитор-импрессионисттердің үздік шығармаларынан өзінің жан-дүниесіне жақын көңіл-күй таба білді. Бұл сирек орындалатын музыка жарқын реңдерге қанық шаттық сезімге бөлейді, бір жағынан, тыңдарман оны да сезінсін деген ой болды. Барлық шығармалар өзінің сипаты мен көңіл қоштығына қарай әртүрлі, әйтсе де олардың бәрі бірдей қабылдағанға жеңіл және оларда француздарға тән нәзіктік бар», - деп әңгімеледі Эльмира Сұлтанғазина.

А.Байгенжин Астана қалалық ІІД жанындағы Консультативтік кеңес төрағасы болып сайланды
Астана қалалық ІІД-нде Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, консультативтік кеңестің алғашқы отырысын Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ашты.
«Консультативтік кеңес органы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың 100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында көзделген талаптарын жүзеге асыру мақсатында құрылды және органның басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыұқтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметін әділ әрі ашық ету, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарын арасында өзара байланыс орнату болып табылады», деді департамент басшысы.
Консультативтік кеңес оқұрамына ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Сонымен қатар, отырыста дауыс беру арқылы ІІД жанындағы Консультативтік кеңес органының төрағасы болып «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин сайланды.

Астананың полициясы ізі суыған 12 қылмыстың бетін ашты
Елордада 8-10 сәуір аралығында «Қала шеті» атты жедел-алдын алу шарасы өтті. Осылайша, Астананың криминалды полиция қызметкерлері ізі суып бара жатқан 12 қылмыстың бетін ашқан.
Мысалы, «З» есімді азамат 8 сәуір күні үйінің тоналғаны туралы арыз жазған. Азаматтың айтуынша, ұрылар үйінің терезесін бұзып, шамамен 200 мың теңге тұратын құнды заттарды қолды қылған. «Сарыарқа» аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел шараларды қолға алып, сол күні күдікті азамат - Оңтүстік Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғынын ұстап, Астана қалалық ІІД-нің уақытша қамау абақтысына жапқан. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабына сай, сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер тізіміне енгізілді. Тергеу аясында ұсталған азаматтың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.
Жалпы, жедел-алдын алу шарасының аясында әкімшілік полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі шамамен 1 500 әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін анықтаған. Соның ішінде, бұзақылыққа қатысты 100 факт, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен азаматтарға қатысты 200 факт, тыйым салған орында сауда сатқан азаматтарға қатысты 35 факт тіркелген.
Ал, жол қауіпсіздігіне келер болсақ, екі күн ішінде 231 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі көші-қон заңнамасын бұзған ТМД елдерінің 54 азаматы да әкімшілік жазаға тартылғанын хабарлап отыр.

Қаллеки театры «Шие» премьерасын ұсынады
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына кезекті жаңа премьерасын ұсынады. Театр сәуір айының 18-19 күндері сағат 19.00-де драматург Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасының негізінде «ШИЕ» комедиясының премьерасын өткізеді.
Қаллеки театрының баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, спектакльдің режиссері - танымал театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.
Шие рөлін «Золотой Витязь 2015» Халықаралық театр форумының алтын диплом иегері Ақмарал Танабаева сомдаса, Балташ рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов, Ғайып рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері- Қуандық Қыстықбаев образдайды.

Ұлттық музей ғылыми қызметкерлерінің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ашылады
ҚР Ұлттық музейінде ертең Ғылым қызметкерлері күніне орай дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Іс-шараға археология, этнография және тарих саласының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері қатысады.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми-зерттеу жұмысына қорытынды жасалып, даму перспективалары талқыланады. Сонымен қатар, Ұлттық музей қабырғасында музей ғылыми қызметкерлерінің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ашылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 12 сәуір Ғылым қызметкерлері күні болып бекітілді. Аталған заң жаңа ұлттық ғылыми жүйе құруға негіз болды.

Астанада Челябі облысының күндері басталды
Бүгін елордада Челябі облысының Астанадағы күндерінің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Екіжақты кездесу барысында қала басшысы мен Челябі облысының губернаторы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, өзара ықпалдастықтың перспективалық бағыттарын айқындады.
«Достық қарым-қатынас сабақтастығы сақталып, жалғасын тауып отырғаны қуантарлық жайт. Уралдық әріптестеріміз бен достарымызды әрқашан да құшақ жая қарсы аламыз. Делегацияның осы сапары аймақтардың экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге айтарлықтай серпін бермек», - деді Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы Астана мен Челябі облыстарының географиялық жақындығы осыған өз ықпалын тигізетінін атап өтті.
Астана әкімі аймақ басшысын Челябі облысының 2020 жылы ШЫҰ мен БРИКС саммитін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады. Өз кезегінде, Б. Дубровский Қазақстанның астанасына қаланың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесін зерттеу үшін келгендігін жеткізді.
«Астананың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесі аса маңызды. Астанадан үйренеріміз бар - халықаралық тәжірибе перспективасында да, іс-шараларды ұйымдастыру жағынан да. Біз осы дағдыларға қызығушылық танытып отырмыз», - деді Челябі облысының губернаторы.
Б. Дубровский Қазақстанның елордасы 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге дайын болатынына сенімін білдірді. Аймақ басшысы ресейлік тараптың Астананы, соның ішінде туристік салада қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ губернатор Астананың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәжірибесін, аймақта бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын атап өтті. Осы және басқа да салаларда қолға алынған жұмыстар туралы толығырақ тараптар іскерлік кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» барысында талқылайтын болады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік пен ШОБ-ты қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы ресейлік қонақтарға Кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтып береді.
Елорда әкімдігінде тараптардың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, инвестициялар, кәсіпкерлік және туризм салаларында ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, бірқатар мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Бүгін хоккейден «Барыс» және «Трактор» балалар командаларының жолдастық кездесуі өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында Оңтүстік Уралға арналған көркемсурет көрмесі, Челябі облысының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.
Ертең қонақтар Астананың өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік нысандарымен танысады, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығымен кездеседі.
Айта кетейік, Астана мен Челябі облысының арасындағы ынтымақтастық 15 жылдан бері жалғасып келеді. Аймақтар арасындағы қарым-қатынас ресми түрде 2001 жылы қазан айында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылған кезде басталған болатын.

Астананы су басу қаупі жоқ - ҚР ІІМ ТЖК
Елорданы су басу қаупі жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті.
«Астананы су басу қаупі жоқ. Бұған дейін айтқанымдай, Вячеславск немесе Астана су қоймалары артық су көлемінен дер кезінде арылды», - деді ол БАҚ өілдерінің сауалына орай.
Оның нақтылай түсуінше, 6 сәуірде Вячеславск су қоймасынан артық суды ағызып жіберу жұмыстары қолға алынған.
«Бүгінде суды ағызу секундына шамамен 110 текше метр көлемінде жүргізілуде. Астанаға дейін жету уақыты - шамамен 2 күн. Есіл өзенінің қалалық тармағына секундына не бәрі 5 текше метр су жіберілуде. Қалған судың барлығы да Астана қаласын қорғау кешені деп аталатын қарсы реттегішке ағызылуда. Бүгінде ол жақта 20 млн. текше метрден астам су жиналған. Сондықтан Астанаға еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді В.Беккер.
Комитет басшысының айтуынша, бұл суды қарсы реттегіште ұстап тұру жоспарланған. Одан кейін бұл су бірқатар өңірдегі су тасқыны қаупі басылғаннан кейін өзенге жіберіледі.
«Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдай өткеннен кейін бұл суды біз біртіндеп, 30 текше метрге дейін көлеммен өзенге ағызатын боламыз», - деп түсіндірді комитеті басшысы.

«Барыс» пен «Трактор» балалар хоккей мектебінің командалары жолдастық кездесу өткізді
Астанадағы Челябі облысының (РФ) күндері аясында «Барыс Арена» мұз стадионында «Барыс» (Астана) пен «Трактор» (Челябі) балалар хоккей мектебінің командалары жолдастық кездесу өткізді.
Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский алаңға шайба тастап, матчты салтанатты түрде ашып берді.
Қазақстан астанасына сапары кезінде бүгін Б.Дубровский елорда әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Басқосу кезінде тараптар екі өңірдің инвестициялық қарым-қатынасы мен түрлі салалардағы байланыстардың әлеуетін талқылады. Челябі облысының губернаторы өз сөзінде Астананың түрлі ауқымдағы шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі қызықтыратындығын атап өтті.
Матчтан соң губернатор Бейбітшілік және келісім сарайында арнайы фотокөрменің ашылуына барады және «Урал» мен «Уральский Диксиленд» би ансамбльдерінің концертін тамашалайды деп күтілуде. Астанадағы Челябі облысының (РФ) күндері 13 сәуірге дейін жалғасады.

Ə.Жақсыбеков Челябі облысының Астанадағы күндерінің салтанатты ашылуына қатысты
Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков пен РФ Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский елордадағы Челябі облысы күндерінің салтанатты ашылуына арналған концертті тамашалады.
Астана əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл салтанатты кешке келмес бұрын елорда əкімі мен Челябі облысының губернаторы екіжақты кездесу өткізіп, өзара іс-қимылдың болашағын талқылаған.
Ал, салтанатты кеш аясында сөз алған Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков Қазақстанның елордасы мен Челябі облысының арасындағы достықтың нығайып келе жатқанына қуанатынын айтты. "Уралдық достарымыздың келгені бізді əрқашан қуантады. Облыс губернаторы бастаған үлкен делегацияның сапары екі өңірдің гуманитарлық, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынасын одан сайын нығайта түспек", - деді əкім.
Челябі облысы 2020 жылы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізетін болған соң Ə.Жақсыбеков орыс əріптесін осы жеңіспен де құттықтап өтті. Бұл ретте, Б.Дубровский Астанаға келудегі мақсатының бірі - Астананың осындай халықаралық ірі шараларды өткізудегі тəжірибесін үйрену деп атап өтті.
Ал, салтанатты шараға тоқталар болсақ, концертте Челябі облысының ғана емес, бүкіл Ресейдің атағын шығарып жүрген "Урал" мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетті. Концерт аясында оңтүстік Урал туралы сыр шертетін көркем фотокөрме өтті.

Астанада шығармашыл жастардың гала-концерті өтеді
13 сәуір күні Конгресс-холлда Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар Жалыны - 2016» атты шығармашыл жастар фестивалінің ресми жабылу салтанатына арналған гала-концерт өтеді. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады.
Дәстүрлі шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Гала-концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Димаш Құдайбергенов, ағайынды Жүгінісовтер және т.б. қатысады.
Шараның мақсаты - жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Ұлттық музейде ғылым күніне арналған шара өтті
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Ғылым қызметкерлері күніне орай дөңгелек үстел өтті.
«Өздеріңізде білетіндей, бүгін ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл 2011 жылы Елбасымыздың Жарлығымен бекітілген мереке және оның 12-ші сәуірге белгіленуі де тегіннен-тегін емес. Өйткені, адам баласының ғарышты игеруі өткен ғасырдың 61 жылының дәл 12-ші сәуіріне дөп келген еді. Мұнан бөлек, ғұлама ғалымымыз Қаныш Иматайұлы Сәтбаевтың да туған күні. Сондықтан Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күнімен баршаңызды құттықтаймын»,- деді дөңгелек үстел отырысын ашқан Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми-зерттеу жұмысына қорытынды жасалып, даму перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, Ұлттық музей қабырғасында музей ғылыми қызметкерлерінің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ашылды.
Айта кетерлігі, дөңгелек үстел отырысына археология, этнография және тарих саласының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері қатысты.

е-Gov.kz порталын 5 млн қазақстандық үзіліссіз пайдаланып келеді - Б.Бекбауов
Қазақстанның электронды үкімет порталы арқылы халыққа он жыл ішінде 130 млн рет қызмет көрсетілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Ұлттық ақпараттық технолориялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов мəлім етті.
«Бүгін «е-Gov.kz» порталының іске қосылғанына он жыл толған күн. Электронды үкімет порталы бір күнде құрыла салған жоқ. Мемлекеттік органдардың бір-бірімен өте тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік қызмет түрлерін барынша электронды жүйеге асуыстыру керек деген бір мақсатты көздегенінің арқасында жақсы нəтижелерге қол жеткіздік.
Осы уақыт ішінде серверлік ифрақұрылым құрылды, бірыңғай транспорттық желілер құрылды. Сондай-ақ электронды қолтаңба пайда болды. Статистикаға тоқталар болсақ, қазір 900-ге жуық қызмет түрлері мен сервистер автоматтандырылған. Соның ішінде, 240 қызмет түрі электронды үкімет порталының төңірегінде автоматтандырылған. Оы уақытқа дейін 130 миллионға жуық қызмет көрсетілген. Біздің электронды үкімет порталында 5 миллионға жуық қолданушы тіркелген», - деді Б.Бекбауов.
Электронды үкіметтің бір дамыған қызметі - бизнесті онлайн тіркеу қызметі екен. Себебі, бүгінгі брифингте белгілі болғандай, 2013 жылдан бері е-Gov порталы арқылы 73 мың компания ашылған. Ал, жалпы портал арқылы мекен-жай анықтамасы мен зейнетақы аударымдары туралы анықтама алуды қазақстандықтар əдетке айналдырғаны баса айтылды.
Астана оқушылары ғарыштық зерттеулер жарысынан жүлделі оралды
Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған XII «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыс аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша елордалық 26 жас ғалым үйге олжалы қайтты. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
XII «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыс Байқоңыр қаласында академик В.Челомея атындағы халықаралық ғарыш мектебінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Ғарышкерлер күні қарсаңында жыл сайын өткізіледі.
Ғылыми жарыстардың басты мақсаты - ғылымға жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметіне баулу, отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттау, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.
Ғылыми жобаларды қорғау 5 секция бойынша жүргізілді: «Зымырандық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі».
Жарысқа 11 сынып оқушылары - биылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом алғандар қатысты. Ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша 26 елордалық оқушы жүлделі орындарға ие болды, соның ішінде 9 «алтын», 7 «күміс», 10 «қола».
«Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балалар ғарышқа жақын кеңістікке енді. Алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағын, тұңғыш ғарышкер музейін, конструктор Королевтың үйін тамашалады. Көптеген пайдалы ақпаратты олар өз жобаларына қосқан болатын. Осылайша, жарыста жақсы нәтижелерге қол жеткізді», - деді «Астана дарыны» РҒПО инновациялық педагогикалық технологиялар зертханасының әдіскері Жанар Бейсенбаева.

Әлемнің 30 елінде «Ұлы Дала. Мәңгілік ел» атты деректі фильмнің түсірілімі басталмақ
Мемлекет басшысының бес реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, Сапар Ысқақұлы ТОО «DAMU MEDIA GROUP» түсірілім тобымен «Ұлы Дала. Мәңгілік ел» атты авторлық жоба құрғалы отыр.
Ол жобада 40-50 бөлімнен тұратын Ұлы Даладағы мемлекеттің құрылуы туралы деректі фильм түсіру жоспарланған. Фильм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.
Фильмге қажетті материал жинау - сәуір айынан басталып, осы жылдың қараша айына дейін созылмақ.
Аталған деректі фильм Ресей Федерациясында, атап айтқанда Омбы, Орынбор, Астрахань қалаларында, сонымен қатар Башқұртстан, Дағыстан, Қырым, Карашай-Шеркес, Қабардин-Балқар Республикаларында, Ставрополь аймағы, Татарстан, Шешенстан, Монғолия, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Украина, Румыния, Молдавия, Мажарстан, Болгария, Хорватия, Армения, Грузия, Сирия, Мысыр, Үндістан, Израиль, Палестина, Франция, Германия, Италия елдерінде және еліміздің Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал қалаларында түсіріледі деп жоспарлануда.
Деректі фильмде жоғарыда аталып өткен елдердегі атақты ғалымдар мен зерттеушілермен сұхбаттар, тарихи және археологиялық ескерткіштер көрсетілмек. Сапар Ысқақұлының айтуынша, бұл фильм Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін, ата-бабалардың ерлігін жан-жақты ашуға бағытталған.
«Біздің мақсатымыз - қазақ салт-аттының, тұлпарының тұяғы басқан жерлерді көрсету. Қазаққа, оның ішінде жастарға біздің бабаларымыздың қаншалықты батыр болғандығын, озық болғандығын, білімдар болғандығын, сол замандарда қаншалықты өркениетті ел болғанымызды айтып жеткізу, олар бізге қандай мұра қалдырды - осының барлығын экспедиция барысында деректі репортаж ретінде паш еткіміз келеді», - деп атап өтті С.Ысқақұлы тілшілерге берген сұхбатында.
Фильм түсірілімі бір жылға таяу мерзімде түсірілмек және онда жоба авторлары Еуропаны, Үндістанды, Қытайды бағындырған бабалар жайында тың материалдар ұсынбақ.
«Біздің тарихымыз 550 жылмен шектелмейді, бұл біздің бержағындағы ғана тарихымыз. Біздің тарих біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан біз әріден бастаймыз. Біздің заманымызға дейінгі 300-400 жыл бұрын Жетісу аймағында Сақтар өркениеті дүркіреп тұрды, сапар барысында сонда боламыз, сонан соң Моңғолия жеріндегі Көк түркілер дәуірі туралы түсіреміз. Үндістанда болдық. Онда Бабыр ханмен бірге қыпшақтар да барғаны мәлім. Олардың ішінде жауынгерлер, қолбасшылар ғана емес, қолөнершілеріміз, ақындарымыз, би-шонжарларымыз да барған. Үндістанның солтүстік Кашмир аймағын Мұхаммед Хайдар Дулати басқарғанын бірі білсе, бірі білмейді. Хайдар Дулати туралы да түсіреміз», - дейді С.Ысқақұлы.
Сапар Ысқақұлы - Әлемнің 6 құрлығының 125-тен астам елдерінде болып, Оңтүстік полюс (Антарктика) мен Солтүстік полюс (Арктика) бағындырған танымал саяxатшы, меценат. 2014-жылы «Queen Elizabeth 6» кемесімен әлемді кезіп, 27 елдерінде «Astana ЭКСПО - 2017» жалауын желбіреткен болатын. 2015 жылы Оңтүстік және Орталық Америка, Үнді Мұхиты елдерінде болып, көптеген кездесулер өткізді. Бұл - кездесулерде осы елдердің Үкімет өкілдері, бизнес, туризм, БАҚ құралдарының өкілдеріне алдымыздағы «Astana ЭКСПО - 2017» туралы, жалпы Қазақстан Республикасы туралы айтылды. Бұл - саяхаттардың нәтижесі «Хабар» арнасында «Тур де Хабар» атты 53 бағдарлама көрсетілді.

Астанада алғашқы қазақстандық зомби-триллердің көрсетілімі болды
Бүгін Астанадағы «Good Fellas. Cinema & Lounge» кино клубында тілшілерге арнап «Өліктермен селфи» атты алғашқы қазақстандық зомби-триллердің көрсетілімі болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, фильм кинотеатр экрандарына 14 сәуірден бастап шығады. Бұл лентада зомби-апокалипсис жайында баяндалады, яғни оған Астанадағы аса құпиялы зертханадан таралған вирустың салдарынан адамзатқа төнген қатер арқау болып отыр. Туындының басты кейіпкері Асан есімді азамат вирус жұқтырған баласын құтқаруға тырысады.
Тілшілерге картинаны продюсер Ермек Шахмет, режиссер Дәулет Әуелбеков, сондай-ақ Наргиз Рашиденова, Камила Нүсіпова, Абылай Ибрайұлы секілді актерлер таныстырды.
«Сюжеті бойынша барлық зомби-фильмдер бір-біріне ұқсас келеді. Бірақ та олардан бір ерекшелігі - біз ондағы оқиға желісін еліміздің аумағында болғандай етіп, осындағы жағдайға бейімдеуге тырыстық. Бұл туынды негізінен жастарға қызықты болуы үшін түсірдік»,-дейді Е. Шахмет.
Е. Шахметтің сөзіне қарағанда, түсіру тобы фильмнің екінші бөлімін түсіруді жоспарлап отыр.
«Екінші бөлімнің сюжеті әзірге құпия. Енді біз Алматыдағы оқиға желісін көрсеткіміз келеді. Менің ойымша, біз онда қызықты сәттерді көбірек қамтитын боламыз. Қазіргі кезде сценариін аяқтауға жақындап қалдық, яғни мамыр айының соңына қарай фильмді түсіруді бастаймыз деген ойдамын», -деп түйді сөзін продюсер.


Қазғарышта Айдын Айымбетовті құттықтады
Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да адамның ғарышқа алғаш ұшуының 55 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті.
Компания президентінің м.а. Ерболсын Нұрсейітов ұжымды ғарышкерлер күнімен құттықтады.
«Біз бұл күні барлық үш қазақстандық ғарышкерді құттықтаймыз. Соның ішінде біздің компанияның вице-президенті Айдын Ақанұлы Айымбетов бар», - деп атап өтті ол.
Компания қызметкерлері Тоқтар Әубәкіровтің, Талғат Мұсабаевтың, Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы туралы бейне және фотоматериалдарды дайындап, қазақстандық ғарыш тарихына шолу жасады.
Айдын Айымбетов әріптестерінің өтініші бойынша ғарышқа ұшу кезінде орын алған қызықты жағдайлар туралы баяндап берді.
«Менің ғарышкер болу арманым қазақстандықтардың қолдауының арқасында орындалды. Қазіргі кезде мен өмірімізге заманауи ғарыш технологияларын енгізіп отырған компанияда қызмет атқарып отырмын. Мен өз еңбегіммен қазақстандық ғарышты дамыту саласына үлес қоса алатыныма бақыттымын», - деді қызметтестерін мерекемен құттықтаған А.Айымбетов.
Атаулы датаның құрметіне «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыш технологиялары жөніндегі вице-президенті А.Айымбетов компания басшылығының атынан үздік қызметкерлерге грамоталар мен алғысхаттар табыстады.
Сәуір айы бойы елордада бейнелеу өнері бойынша дәрістер топтамасы ұйымдастырылады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында сәуір айы бойы «Астана» Ұлттық сурет галереясы елорда тұрғындары мен қонақтарына арнайы бейнелеу өнері бойынша дәрістер топтамасын ұйымдастырады.
Осы ретте 13 сәуір күні аталған галереяда «Қазақстанның графика өнері» атты дәріс өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстанның бейнелеу өнерін дәріптеу, бейнелеу өнері туралы қысқаша теориялық білім беру, жастардың бойындағы эстетикалық сезімді тәрбиелеу, көркемдік талғам мен шығармашылық ой қалыптастыру, ұлттық тарих және әлемдік мәдениет бойынша білім беруге негізделген.
Атап айтқанда, дәрістер графика әдістері, гравюра, графиканың бейнелеу өнерінде алатын орны тақырыптарын қамтымақ.
Оның барысында Ә. Қастеев, А. Ғалымбаева, И. Исабаев, Е. Сидоркин, Н. Баранов және тағы басқа Қазақстан суретшілері, графика мен гравюра шеберлері шығармаларының репродукциясы назарға ұсынылады.

Ұлттық музейде елорда оқушыларының арасында асық атудан ашық турнир өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана мектептері оқушыларының қатысуымен асық атудан ашық турнир өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Турнирдің ашылуында сөз сөйлеген Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин асық ату ойынының маңыздылығы туралы айта келе, қоғам болып қазақтың ұлттық ойындарын қолдауға шақырды.
«Асық ойыны баланы мергендікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Қазақ: «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деп бекер айтпаған. Ұлттық тәрбие - ұлттық ойыннан келіп шығады. Кешегі қиын кезеңдерде ұлттық болмысымызға жасалған түрлі шабуылдарды бастан кештік. Тәуелсіз ел болып, өз еркіміз өз қолымызға тигенде ата-бабаларымыздан қалған құнды мұраларымызды қайта жаңғырту, насихаттау біздің басты борышымыз. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға қош келдіңіздер», - деді А.Сатубалдин.

Туристік саланы дамытуға арналған «Кең Дала» ұлттық сыйлығы жарияланды
Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында туристік саладағы «Кең Дала» ұлттық сыйлығы байқауының басталғандығы мәлім болды.
Атап айтқанда, байқауды еліміздің туристік нарығының көшбасшыларын біріктірген Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағы ұйымдастырып отыр.
Аталған одақтың атқарушы директоры Гауһар Жеңісбектің сөзіне қарағанда, бұл сыйлық туризмнің дамуын ынталандыруға, жақсы компанияларды анықтауға және танымал бағдарлар трендін жасауға бағытталған.
«Ұлттық сыйлық туризм индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін салалық жүлде ретінде тағайындалды. Байқау 12 аталымды қамтып отыр»,-деді Г. Жеңісбек.
Аталымдар арасында оқиғалық туризмнің ең жақсы жобасы; үздік ұлттық туристік компания; үздік аймақтық туристік компания; үздік гид-саяхат жүргізуші; үздік шипажай; қонақ үй индустриясының үздік нысаны; үздік балалар демалысы бағыттары қамтылған.
Оның сөзіне қарағанда, байқаудың нәтижесін әділ бағалау үшін «Сарапшылық кеңес» құрылуда. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар , қоғам қайраткерлері, туристік мамандар шақырылады.
Жобаның міндеттері «ЭКСПО-2017» қарсаңында туристік қызметтердің сапасын жақсартуға, туризммен байланысты салаларды (қолөнершілер, қызмет көрсету саласы, көлік, тамақтандыру, қонақ үйлер және басқалар) дамытуға, экологиялық туризмді дамытуға көмектесуге негізделген.

«Алғашқы Қарлығаш» лақап атымен танымал наркобаронның күйеу баласы 25 жылға сотталуы ықтимал
Криминалдық ортада «Алғашқы Қарлығаш» лақап атымен танымал наркобаронның күйеу баласы, Қырғызстаннан героиннің ірі арнасын ұйымдастырғаны үшін 25 жылға сотталуы ықтимал. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткіге қарсы күрес департаментінің директоры Сұлтан Құсетов мәлім етті.
«Оны 25 жылға дейін жазалау мүмкін. Себебі трансшекаралық қылмыстық топ жасақтап, есірткінің ірі көлемін жеткізетін арна құрған», - деп атап өтті ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Оның айтуынша, қылмыстық топқа «қамқорлық» жасап келген полицейлер туралы мәлімет жоқ, дегенмен мұндай байланыстардың болған, болмағанын тергеу барысында мамандар тексеретін болады.
С.Құсетовтің сөзі бойынша, аталмыш қылмыстық топ құқыққорғаушылардың назарына жарты жыл бұрын түскен. Жедел талдау көрсеткеніндей, топ жұмысын өте құпия ұйымдастырған, оның әрбір мүшесінде өзінің нақты міндеттері болған, топ-топқа бөлінген олар бірін-бірі туралы білмеген және олардың іс-қимылынан да мақрұм болған, бұл өз кезегінде ақпараттың сыртқа тарап кетуін болдырмайды.
Келіссөздер барысында құпия сөздер мен терминдер қолданылған. Героинді жеткізу үшін және қылмыстық топ адамдарының тасымалы үшін тексерілген такси жүргізушілері мен пойыз жолсеріктері тартылып отырған. Есірткіден түскен қаражатты жіберу үшін тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды жалдап отырған. Есірткіні сақтау үшін Қырғызстан мен Қазақстан қалаларында әрдайым жалдамалы пәтерлерді өзгертіп отырған.
«Мүдделі органдардың бірлескен іс-қимылы арқасында Қазақстанға және өзге де мемлекеттерге ауған есірткісін жеткізу арнасы жойылды. Қылмыскерлерді құрықтау кезінде ғана 100 млн теңгеге 3 келі героин тәркіленді», - деп атап өтті С.Құсетов.
Анықталып отырғанындай, соңғы екі жылда аталмыш қылмыстық топ есірткіден 558 миллион теңге қаражат заңдастырған.

Елордалық дәрігерлер израильдік әріптестерінің тәжірибесін үйренуде
Астаналық дәрігерлер жедел медициналық жәрдем жұмысы саласында Израильдің жетекші клиникаларында білім алды.
Халықаралық тәжірибені үйреніп келген дәрігерлер алдағы уақытта өз білімдерімен және тәжірибелерімен қалалық жедел жәрдемнің басқа қызметкерлерімен бөліспек, деп хабарлайды astana.kz.
Астана қаласының Оқу-клиникалық орталығының кешенді жоспарына сәйкес, қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясындағы әріптестерінің озық тәжірибесін үйрену мақсатында елордалық Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен бір топ дәрігер Изральдің жетекші клиникаларына оқуға жіберілді.
Оқу барысында отандық мамандар жалпы медициналық қызмет көрсетуден басқа, донорлықты ұйымдастырып, халыққа алғашқы көмек көрсету жолдарын үйрететін Израиль ұлттық шұғыл көмек көрсету қызметінің жұмысымен танысты.
- Қызметкерлер оқуы керек, шетелге барып, тәжірибе жинайды, басқа мемлекеттерде жұмыстардың қалай жүргізілетінін біліп, халықтың жедел жәрдемге қалай қарайтынымен танысуға тиіс. Теледидардан көріп, естіген басқа, қызметімізді дамыту үшін осындай сапарлар қажет. Израильде дәрігерлердің жұмысы жолға қойылған, медиктер келгенше шұғыл көмек көрсететін волонтерлар да жақсы жұмыс істейді, - дейді Астана қаласы жедел медициналық жәрдем стансасы медицина бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Сұлушаш Әбілқасымова.
Оның пікірінше, тәжірибе алмасу практикасын тар шеңберлі маманданған және орта медицина қызметкерлерінің, фельдшерлердің де арасында қолданып, тренингтер өткізу үшін шетелдік мамандарды елордаға шақыру керек.
Астана дәрігерлері Тель-Авив қаласындағы ауруханаларда, симуляциялық тренинг-орталықтарында, парамедиктерді оқыту орталықтарында болып, көру алаңында нақты бір жағдайда бірінші кезектегі және біркелкі іс-шараларды (емдеу, профилактикалық, эвакуациялық) қажет ететін зардап шеккендер мен науқастарды топтарға бөлу - «триаж» медициналық топтау негіздерімен танысты.
Айта кетейік, жақын арада Израильге барып келген дәрігерлер елордалық әріптестеріне арнап шеберлік дәрісін өткізеді.

Елордалық жоғары сынып оқушылары патриоттық конкурсқа белсенді қатысуда
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жасөспірімдердің вокалдық ұжымдары арасындағы «Жеңіс деген ұлы сөз» қалалық конкурсы өтіп жатыр. Шығармашылық сайыс Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Көктемнің ізгі күндері 2016» патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады astana.gov.kz.
Конкурстың ашылуына М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының вокалдық және хореографиялық ұжымдары қатысты. Шараның мақсаты жастардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, белсенді азаматтық позициясын тәрбиелеу, жоғары сынып оқушыларының арасында вокалдық өнерді кеңінен тарату болып табылады. Конкурс барысында ұжымдар тақырып бойынша вокалдық номерлер мен 1941-1945 жылдары орын алған атаулы оқиғаларға және тарихта өшпес із қалдырған тұлғаларға арналған аса көркем шығармаларды көпшілік назарына ұсынатын болады.
Конкурс 24 сәуірге дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша №30 орта мектептің, №47, 67 мектеп-гимназияларының, №48, 28, 64, 55, 58 мектеп-лицейлерінің және №1 математикалық-экономикалық лицейдің жасөспірімдер вокалдық ұжымдары ақтық сында бағын сынамақ.

Жойылып кету қаупі бар 10 түркі тілі туралы ҚР ғалымдарының деректері Макс Планк институтында сақталады
Жоғалып кету қаупіндегі 10 түркі тілдері туралы қазақстандық мамандар жинақтаған деректер Макс Планк атындағы институтқа сақтауға беріледі. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры Сәуле Тәжібаева ұлысаралық қатынастар және этносаясатқа арналған семинар-тренингі сыртында айтты.
«Қазір әлемде 40-тан астам түркі ұлысы бар, олардың 25-і - Қазақстанда. 10-ға жуық түркі тілі жоғалып кету қаупінде. Ғалымдардың, ҚХА өкілдерінің күшімен біз маңызды ғылыми мәліметтерді жинап, жоғалып бара жатқан этностар тілін құжаттандырып, оларды ұрпақтар үшін сақтап қоямыз. Жинақталған барлық деректерді құжаттап, ғылыми түрде мұрағаттап, Голландиядағы Макс Планк институтында сақтаймыз», - деді ол.
Профессордың айтуынша, соңғы халық санағы бойынша Қазақстанда 218 қарайым, 25 қырымшақ, 96 шорлық, 37 тувалық, хакас, чуваш және т.б. бар.
«Олардың тілдері жоғалып кеткен саналады. Сондықтан материалды ғылыми талдау өте маңызды. Бұл тек біздің елге ғана емес, әлемдік түркітану қоғамдастығы үшін орасан құндылық болады», - деп қосты С. Тәжібаева.

Голландия мен Италия компаниялары Қазақстан қалаларын бірегей өсімдікпен көгалдандыруды ұсынады
Бүгін Астанада Гүлдер, жайлылық пен әдемілік атты апталық басталды. Шара аясында гүлдер мен өсімдіктер, гүлзарлар, коттедж құрылыстары мен абаттандыру және дизайн бағытын қамтыған көрме ашылып отыр.
Көрмеге әлемнің 12 елінен 120-ға тарта компаниялар қатысуда. Ондағы әрбір алаңда бизнес-әріптестікті дамыту үшін жағдайлар жасалған. Мәселен, осындай алаңда «AstanaFloraExpo» бойынша Голландия, Италия мен Ресей компаниялары қазақстандық мамандармен ынтымақтастыққа әзірлігін танытуда.
«Биыл «AstanaFloraExpo» көрмесі осымен 8-і мәрте өткізілуде. Сонымен қатар, биылғы жылдың басты ерекшелігі Голландия мен Италия өсірушілері өздерінің бірегей өсімдіктерін, гүлдерін ұсынып отыр. Бұл өсімдіктер Қазақстанда өсірілмейді, сондықтан да олар Қазақстанның қалаларын көгалдандыру үшін отырғызу материалдарын ұсынғысы келеді. Ондай ерекше өсімдіктерді Астана мен Алматы қалаларында отырғызу ұсынылады», - дейді «AstanaFloraExpo» менеджері Айгерім Серікова.
Оның айтуынша, голландиялық өсімдік өсірушілер негізінен жеке және коммерциялық бақшалар құру үшін өсімдіктер ұсынса, италиялық компаниялар бақша, бөлме және көше өсімдіктерін өсірумен айналысады. Бұдан бөлек, көрмеге бақша және жеміс дақылдарының тұқымдарының, отырғызу материалдарының ірі жеткізушісі саналатын «Сады России» компаниясы да алғаш рет қатысып отыр. Олар дәл осыған ұқсас желіні Қазақстанда ашуға қызығушылық танытады.
Айта кетерлігі, апталық аясында Астанада өсімдіктер өсіру мен көгалдандыру тақырыптарын қамтыған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланған. 60-тан астам компания өкілдері шақырылған шараның басты мақсаты - Орталық Азия мамандарының басын қосып, тәжірибе алмасу. Оның барысында Еуропа қалаларын көгалдандыру тәжірибесі талқыланып, білікті мамандар баяндама жасайтын болады.
Гүлдер апталығы 15-ші сәуірге дейін «Көрме» орталығында жалғасады.

Астанада «Өрлеу» бағдарламасы арқылы ақшалай көмек көрсетіліп жатыр
Елордада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек тиімділігін арттыру бойынша «Өрлеу» жобасымен шартты ақшалай көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Өрлеу» жобасының басты мақсаты аз қамтылған еңбекке қабілетті отбасына жәрдемақы төлеу, сондай-ақ, оны әлеуметтік бейімдеу және пассивті ақшалай көмектен отбасыға белсенді қолдау көрсетуге көшу болып табылады.
Шартты ақшалай көмек 2016 жылдың II тоқсанында 13 735 теңгені құрады. ШАК алты айға тағайындалады, қайта есептеу тек жалақының мөлшеріне қарай жүргізіледі.
Алты ай ішінде отбасында бейімделу және мұқтаждықтан шығу, тұрақты табыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.
Жобаға қатысушы уақытша қосымша жәрдемақының орнына жұмысқа орналасуға, оның ішінде жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орнына орналасуға, қажет болған жағдайда басқа мамандықтарға қайта оқуға және өз отбасын өмір сүрудің сапалы басқа деңгейіне шығаруға барлық мүмкіндіктер жасауға міндеттенеді.
Ақшалай жәрдемақы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын орындаған жағдайда ғана төленеді. Келісім шарт бойынша отбасы мүшелері отбасының әлеуметтік белсенділігі үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс істеуге міндеттенеді.
Айта кетейік, өткен жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында 15 отбасы қамтылды, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 74 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды.

Астанада жазушы, қоғам қайраткері О. Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтеді
Астанада ақын, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, саясаткер Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.
Конференция 24 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Конференцияның мақсаты - Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа, тың деректер негізінде зерделеу, жастар бойындағы отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері, алыс және жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қызметкерлері мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.
Ғылыми конференция барысында О.Сүлейменовтің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін фото және кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Конференция материалдарын «Мәдени мұра» журналында жариялау жоспарланып отыр.
«Аstanabike» веломаусымы ертең басталады
15 сәуірде «Аstanabike» өз жұмысын бастайды. Елордадағы велосипедтерді жалға берудің автоматтандырылған жүйесі қолданысқа енгізілуге дайын тұр.
2015 жылдың веломаусымында жобаны 1 800-ден астам адам пайдаланған. Велосипедтерді қала тұрғындары 89 мың рет мініп, оны пайдалану уақыты 1,5 млн минутқа тең болған. Жалға берілген велосипедтер жиыны 180 мың шақырым жүрген. Ал оны жалға беру жөніндегі velobike.kz сайтына 1 378 адам тіркелген.
Былтыр елордадағы велобекеттер саны 150-ге дейін, велосипедтер саны 1 мыңға дейін жеткізілді. Бекеттер мейлінше ыңғайлы болуы үшін, 300-500 метрден аспайтын қашықтықта орналастырылды. Әр бекет күн энергиясымен қуаттандырылып, өзге қуат көздерін қажет етпейді.
Пайдаланушылар үшін қолжетімді, әрі икемді тарифтер ұсынылуда. Bike Sharing жүйесін алғашқы пайдалануда 30 минуты тегін. Яғни, велосипедті бекеттерде жарты сағат ішінде ауыстырып пайдаланса онымен күні бойы тегін жүруге болады.
Жобаның мобильді қосымшалар мен интернет арқылы онлайн төлеу жүйелері іске қосылды.
Еске сала кетсек, «Аstanabike» веложобасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әлеуметтік саясаты аясында іске асырылып отырған бірегей жоба. Б

ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайында балаларға қазақстандық жауынгерлердің ерлігі насихатталды
Жеңіс мерекесінің қарсаңында Астана қаласының аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасының балалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсиямен барып қайтты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Экскурсияны «Бақытты балалық шақ» жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырды.
Балалар мұражайда Қазақстан Қарулы күштерінің залдары мен әртүрлі әскери көрмелерін қарап шықты. Олар қару-жарақтың түрлерімен, әскери киім-кешек пен әскери жабдықтармен танысты. Экскурсия барысында балалар көне дәуірден бастап, осы күнге дейінгі әскердің тарихынан жаңа ақпарат алып, Қазақстан Әскери Стратегиясының негізгі бағыттары туралы хабардар болды. Жасөспірімдер Қазақ хандығы тұсындағы соғыстар тарихы мен Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан аумағында кеңестік әскери контингенттің құрамындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы маңызды мәліметтерге қызығушылық танытты. Еске сала кетсек, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы өскелең ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз ету, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Отан үшін соғысып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың жауынгерлігін насихаттауға бағытталған.

АЭФ-ке қатысу үшін ақылы тіркеу алымы енгізіледі
Астана экономикалық форумына қатысу үшін ақылы тіркеу алымы енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихаты барысында «ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеу институты» АҚ басқармасы төрағасы Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
«Бірінші кезекте, біз форумға қатысу үшін тіркеу алымын енгіземіз. Ақылы пакет бойынша 35 мың теңге сомасына пленарлық отырыстан басқаның бәрі кіреді. Егжей-тегжейлі айтсақ, - бұл барлық сессияға, нетворкингке, воркшопқа және басқаларына қолжетімділік. 100 мың теңге тұратын пакетке биыл «Қазақстан» ОКЗ ғимаратында өтетін пленарлық отырысқа қатысу да кіреді», - деп нақтылады Ә. Ерғалиев.
Ол ақылы тіркеу алымын енгізу шараның өз-өзін ақтауы үшін жүргізіліп жатқанын түсіндірді. «Ақы төлеуді енгізу - бұл халықаралық практика. Егер халықаралық деңгеймен және басқа да форумдармен салыстырсақ, онда цифрлар он есе көп. Тіркеу алымын енгізу форумды коммерцияландыру, оның өзін-өзі ақтауын арттыру, оған халықаралық деңгейдегі шара ретінде қосымша эксклюзивтілік беру жағына алғашқы қадам жасауға байланысты», - деп түйіндеді спикер.
Еске салсақ, Астана экономикалық форумы биыл 25-26 мамырда өтеді. Оның негізгі тақырыбы «Жаңа экономикалық нақтылық: әртараптандыру, инновация және экономикалық білім».

Астана экономикалық форумын Еуропада тікелей эфирде көрсетеді
Астана экономикалық форумын (АЭФ) Еуропада тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Әсет Ерғалиев мәлім етті.
«Биыл Астана экономикалық форумы 25-26 мамырда өтеді. Негізгі тақырып «Жаңа экономикалық нақтылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Тақырыптың таңдалуы бүгінде әлемдік экономикадаға жаңа экономикалық нақтылық аясында экономикалық саясатты жүзеге асыру кезінде көптеген ел тап болып жатқан қауіп-қатерлермен байланысты», - пояснил Ә. Ерғалиев.
Биылғы форумның ерекшелігі 26 мамырда түскі сағат 3-тен бастап «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін АЭФ-нің пленарлық отырысы болмақ.
Оның ақпаратына қарағанда, Астана экономикалық форумы аясында 20-ға жуық шара ұйымдастыру көзделген.


Астанада 9 жасар бала төрт тағандап тұрудан жаңа әлемдік рекорд орнатты
Астанада 9 жасар Әмір Махмет «төрт тағандап тұрудан» балалар арасында әлемдік және Қазақстан бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Ол екбеттеген қалпы шынтағына сүйеніп 1 сағат 2 секунд тұрған.
Өз рекордын Әмір Махмет 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін орнатты.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, әдеттегі адам бұлай шамамен екі минут, ал спортшы бес минутқа жуық тұра алады.
Әмір Махмет - ҚАЭА (КИнЭС) - Қазақстандық рекордтар кітабының үш дүркін рекордшысы, әрі бокспен шұғылданады.
Ол 2015 жылы жазда кеудесін жерден 450 рет көтеріп, бірінші рекордын орнатты.
Екіншісін Ақмола облысындағы Street Workout бойынша чемпионатта 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтеру арқылы орнатты.
Үшінші рет Әмір 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында 550 рет кеудесін жерден көтеріп, рекордшы атанды.

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр
Жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатысады. Ұлттық конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы конкурсқа қатысуға өтінімдерді 30 сәуірге дейін қабылдайды.
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын өткізіледі. Байқау 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезең - аудандық (қалалық); екінші кезең - облыстық; үшінші кезең - республикалық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында қабылданады.
Айта кетейік, өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылықтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.
Толық ақпаратты 556708, 556701 телефондары арқылы алуға болады.

Серік Сәпиев елордалық оқушылар үшін дене шынықтыру сабағын өткізеді
Белгілі қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елордалық мектептердің бірінің алтыншы сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабағын өткізеді, деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасынан.
Аталып өтілгендей, 2016 жылы 5 сәуірден 31 желтоқсанға дейін Астанада «Физкульт-УРА!» жобасы жұмыс істейді. Онда фитнес-клубтардың нұсқаушыларын, сонымен қатар «Астана» Кәсіби президенттік спорт клубының белгілі спортшы өкілдерін тарту арқылы оқушылар үшін дене шынықтыру сабағын өткізу қарастырылған.
Жалпы алғанда, олимпиадашылар елорда мектептерінде 25 сабақ өткізеді.

Астанада «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді
Алдағы жұма және сенбі күндері «Астана Опера» театрында Джакома Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады www.24.kz.
Жауһар туындының қоюшы режиссері - италиялық Лоренцо Амато. Бас кейіпкер Мадам Баттерфляйдің бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай мен Айгүл Ниязова сомдайды. Ал оның сүйіктісі, американдық флот лейтенанты Пинкертонның партиясын Итальяның опера майталманы Фабио Армилиато мен елімізге еңбегі сіңген қайраткер Медет Шотабаев орындайды. Қойылым қайталанбас декорациямен ерекшеленеді. Табиғат көріністерін көрсету үшін 3D технологиясы қолданылған. Ал әртістердің киім үлгісін жасауға «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино атсалысқан. Туындының музыкалық жетекшісі - Алан Бөрібаев. Операны сәтті орындап шығу үшін қазақстандық әртістер арнайы Италияға барып, тіл үйренген.
«Біз безендіру жағын басқа театрлардан алған жоқпыз. Барлығы өзіміздің жасаған дүниелеріміз болып саналады», - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеубек Әлпиев.
Астаналықтар Ғашықтар күнін атап өтеді
15 сәуірде Қазақстанда Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аталып өтіледі. Ұлттық мереке ғашықтар күнінің баламасы болып табылады және Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібектің арасындағы шынайы махаббаттың символы. Биыл мереке аясында елордада бірқатар шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады astana.gov.kz.
15 сәуір күні сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде театр және кино әртістерінің қатысуымен «Жұлдызды жұптармен жүздесу» кеші өтеді.
Сондай-ақ, сағат 19:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының «Атриум» залында үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылмақ. Концертке Қазақстан эстрада әншілері қатысып, жас жұбайлардың некесі қиылады.
Сол күні сағат 21:00-де Ғашықтар саябағында әуе шарлары ұшырылады.
Бұдан басқа, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Ең үздік махаббат дастаны» тақырыбына түсірілген үздік бейнеролик пен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнінің логотипіне байқау жарияланды. Жеңімпаздардың есімдері ертең белгілі болады.

Елордалық жастарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі
18-22 сәуірде Астанада «Азия» бизнес орталығында (Әуезов к-сі, 8) жастарға арналған жұмысқа орналастыру бойынша тегін тренинг өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Оған 18-29 жастағы кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі семинарлар барысында ең бірінші саты - жұмыс іздеуден бастап, мансаптық баспалдақпен көтерілу ережелерімен және жолдарымен таныстырады. Жобаның негізгі міндеттері - жастардың ұйымдастырушылық, шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту, сондай-ақ, басқару дағдыларын, өз позициясын құру және оны қорғау шеберлігін үйрету.
Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі.
Айта кетейік, бір жылда 300 адамды қамту жоспарланып отыр. Тренингтер сағат 18:00-21:00 өтеді. Барлық қатысушыларға тренинг аяқталған соң сертификаттар беріледі.
Анықтама телефондары: +7 707 879 82 65, +7775 143 64 67.
Астаналықтар көбінесе көше ластығы мен көліктерді дұрыс қоймағандарға шығымданады - ІІД
Жыл басынан бері қалалық Ішкі істер департаментінің желісі бойынша елордалық әкімдіктің ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау» айдарына азаматтардан 700-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Елордалық әкімдіктің ресми сайтында 2013 жылғы сәуірден бастап «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау» арнайы айдарлар жұмыс істейді, оған елорданың азаматтары құқық бұзушылық жайлы шағымдарын білдіреді.
Күн сайын ІІД қызметкерлері келіп-түскен өтініштерге мониторинг жүргізіп, ол бойынша шаралар қабылдайды.
Көбінесе азаматтар көлік қою қағидасының бұзылғанын байқайды. Олар көп жағдайда көліктерді аяқжолға, гүлзарға, балалар немесе спорт алаңдарына қойған фактілерге шағымданады. Бұдан басқа тыныштық бұзу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық ортаның ластануы жайлы шағымдар түсіп жатады.
Полиция қызметкерлері әр өтініш бойынша ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылдайды.
Сонымен, «Халықтық бақылау» айдарына Абылай хан даңғылы бойындағы үйлердің бірінің тұрғыны Оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы тұрғын үстінен шағымданды, ол «жол маңындағы арыққа жүйелі түрде күл төккен». Бұл шағым бойынша табиғатты қорғау қызметкерлері үй иесін жақын маңды қоқыстан уақтылы тазартпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.


Қазақстанда электрондық құралдар қалдықтарын қабылдау акциясы басталды
Бүгін Астанада ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен электрондық және электр қалдықтарын жинау бойынша акция өткізілді.
Электрондық және электр қалдықтарын жинау бойынша акция 2016 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырға дейін жалғасады. Бұл шара Қазақстан халқын қоқыстарды бөлек жинау халықаралық тәжірибесіне қатыстыру, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды, оның ішінде электрондық және электр құралдарын жинаудың ең қолайлы тетіктерін айқындау мақсатында өткізілуде. Атап айтқанда, осы қалдықтардың құрамында адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қорғасын, сынап, полихлордифенил, асбест және хлорфторкөміртегі сияқты қауіпті заттар болуы мүмкін.
Акция аясында Астана тұрғындары мен кәсіпорындар Технодом мен Алсердің сауда залдарында ескі техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін жою үшін оларды тапсыра алады. Қалдықтар ретінде тұрмыстық техника, яғни теледидарлар, магнитофондар, электр ойыншықтар, үтіктер, энергия үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқыштарды қоса алғанда, ас үй жабдықтары, сондай-ақ компьютерлер, ұялы телефондар, сканерлер және істен шыққан басқа да құралдар қабылданады.
Акцияға барысында экология мамандығының студенттері қалалық мектептердегі орта және жоғары сынып оқушыларына ағартушылық жұмыстарын жүргізеді.

Еліміздегі тұңғыш генерал әйелге «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс қолдау тапты
Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннiң қатысуымен алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті.
Облыстық мәслихаттың депутаты Сағадат Әшебековтің төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібіне сай алдымен «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізу мәселесі қаралды.
Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров айтып берді.
Оның айтуынша бюджет қаржысы негізінен, қолға алынған жобаларды аяқтау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталып отыр. Осыған байланысты төрт білім беру нысанының құрылысына 525,6 миллион теңге, ал екі денсаулық сақтау мекемесінің ғимаратын аяқтауға 100 миллион теңге қаражат бөлу көзделген.
Сонымен қатар сессияда облыстық бюджеттен Степногорск, Есіл қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңартуға, басқа да елді мекендерде су құбырларын жөндеуге қомақты қаражат көзі қарастырылып отырғаны да айтылды.
Сессия барысында үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы еліміздің құқық қорғау саласында қызмет ететін әйелдер арасында тұңғыш рет генерал атағын алған жерлесіміз Сәуле Айтпаеваға «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы облыстық әкімдіктің ұсынысы қаралып, қолдау тапты.

Елордада Орынбор көшесі 2 мамырға дейін жабылады
Елордада Орынбор көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабыны ауыстырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Осыған байланысты аталған жол учаскесінде бүгін сағат 22:00-ден бастап 2 мамырға дейін көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде жүргізушілерден жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Елордада ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне бір миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі
Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының екінші кезектен тыс сессиясы өткізілді. Отырысқа Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, сессия төрағасы Мирас Шекенов, сондай-ақ, елордалық басқармалардың басшылары қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде ең алдымен Астана қаласы тұрғындарының жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндері қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды.
- 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен азаматтардың кейбір жекелеген санаттарына 192 миллион 650 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету көзделген: 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні - Чернобыль АЭС апат салдарын жоюға қатысқан 580 тұлғаға 80 мың теңге, жесір қалған әйелге 50 мың теңге мөлшерінде. Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне (172 адам) 850 мың теңгеден берілмек. Сонымен қатар, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 9 мамыр мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден ақшалай төлем жасалады. Яғни, үстіміздегі жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жалпы есепте бір миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деді Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.
Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
Отырыс барысында депутаттар кіреберістер мен аулаларда ардагерлерге қолайлы жағдайлар жасап, абаттандыру мәселесін көтерді. Тұрғындар хабарсыз болғандықтан, соғысқа қатысушылар тұратын үйлерге «Мұнда ҰОС ардагері тұрады» деген жазуларды ілу туралы ұсыныс жасалды.
Мұнымен қоса, депутаттар мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық комиссия құрамын қарады.
Астана қаласы Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Ерсін Өтебаевтың хабарлауынша, аталған мекеме Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық комиссия құрды. Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік сатып алулар саласында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулар процестерінің айқындылығы, ашықтығы, заңдылығы қағидаттары негізінде мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады. Комиссия құрамы бірауыздан бекітілді, оған жергілікті атқарушы органдардың, Астана қаласы прокуратурасының, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Нұр Отан» партиясының, қалалық мәслихат пен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

Астанада қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі мамыр айында қолданысқа енгізіледі
Елорда әкімдігі ғимаратында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері қалалық қоғамдық көліктерде электрондық төлем жасау жүйесі (ЭТЖЖ) карталарын қолданысқа енгізу туралы баяндады.
Аталған жобаны мамыр айында іске қосу көзделген.
«Біз азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін арнайы мәліметтер базасын жасап, карталарды дербестендірдік. Олар автобустармен тегін жол жүреді. Бұл ретте валидация жасауға, яғни автобуста картаны пайдалануға міндетті. Оқушыларға да дербес карталар беріледі, оны жазғы демалыс кезінде 30-шы тамызға дейін қолдануға болады», - деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.
Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлағандай, карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Егер жолаушының картасы болмаса, ол жолақыны жүргізушінің жанындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлейді. Автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады.
ЭТЖЖ жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді және осы саланың айқындылығын қамтамасыз етеді.
Елордада мектеп бітіруші түлектер сырқатқа шалдыққан сыныптасы үшін салтанатты шарадан бас тартты
Мектеппен қоштасу кешіне жинаған ақшаны оқушылар қан ауруына шалдыққан сыныптасының ем-домына аударды, деп жазады «Хабар» арнасы.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Темірлан Мырзағалиев бүгінде Оңтүстік Кореяда емделіп жатыр. Мектеп ұжымы да оқушының тағдырына бей-жай қарамай, өз еріктерімен бір күндік жалақысын қайырымдылыққа бағыттады.
Темірлан Мырзағалиевті емдеу үшін оңтүстіккореялық дәрігерлер: «160 мың доллар көлемінде ақша қажет», - деген. Оны мамырдың біріне дейін жинау керек. Осыны естіген сыныптастары ойланбастан мектеппен қоштасу кешіне жиналған азын-аулақ қаржыны Темірланның есепшотына аударды.
«Сол сәтте ақша өте тез керек болды. Және мектеп бітіру кешіне жиналған ақшамыз дайын болған. Сондықтан біз оны тез бере салуға шештік. Темірлан келгенде біз бәріміз бір жерге барып, өте жақсы уақыт өткіземіз деген сенімдеміз», - дейді Темірланның сыныптасы Жәния Әбдімаш.
Мұғалімдер қауымы да болашағынан зор үміт күтіп отырған оқушыны тағдырдың тәлкегіне тастамай, бір күндік жалақыларын Темірланның есепшотына аударды.
«100 мың доллардан артық жинап, оның барлығын сол баланың шотына жіберіп үлгердік. Әрине, түгел мектептерге, әсіресе біздің осы басқарушы ұйымымызға үлкен алғысымызды айтамыз», - дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жәкенов.
Биыл мектеп бітіретін Темірланға бүгінде АҚШ-тың 3 және Ұлыбританияның 2 жоғары оқу орнынан ұсыныс түскен. Мектеп басшылығының айтуынша, бұл университеттердің бәрі де қазақ баласына демеу болуға дайын. Мектепте Темірланға сабақ беретін шетелдік мұғалімдер оның алғыр оқушы екенін айтады. Сеул қаласында ем алып жатқан Темірлан мектебінің бұл қолдауын біледі. Сондықтан арнайы сәлемдеме жолдап, үлкен алғысын білдірген.
Сыныптастары қажетті соманы жинау үшін қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, одан түскен қаржыны Темірланның туыстарына жеткізуде. Алдағы күндері Астанадағы сауда орындарының бірінде оқушылар концерт беріп, арнайы көрме өткізуді көздеп отыр. Бүгінде бұл шараға балалар жаппай дайындалуда. «Ең бастысы, Темірлан тез сауығып, ортамызға оралса екен», - дейді жанашыр достары.
Елордаға француз раушангүлдері отырғызылмақ
Қалалық коммуналдық қызметтер 23 сәуірге белгіленген жалпықалалық сенбілікке дайындалып жатыр. Қазіргі кезде аудандарда ағаштар мен көшеттер отырғызатын орындар әзірленіп, гүлзарларды, көшелер мен гүлбақтарды тазалау, топырақ пен құм шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланы санитарлық тазарту және жерлерді гүл отырғызуға дайындау жұмыстары қолға алынды.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі кезде аудандарда барлық учаскелерде жұмыс істеу кестелері жасалып, жауапты тұлғалар анықталды.
«Сенбілікке дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 2200-ге жуық ірі ағаш, соның ішінде, қарағай, шырша, қайың отырғызылады. Бұдан басқа, үш ауданда 13 900 көшет егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, мойыл, шегіршін, шетен және долана. Биыл бір күнде 16 мың ағаш отырғызылады», - деді «Астана - Зеленстрой» АҚ төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова.
Елордада Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылады, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінеді.
Айта кетейік, биыл қаланы жинау мен көгалдандыру жұмыстарында шағын механикаландырылған машиналар пайдаланылатын болады. Оның басты басымдықтарының бірі ықшамдылық пен салмағының жеңіл болуы, бұл кеспе тастар мен жолдың жиектерін байқап тазалауға мүмкіндік береді.
Мұнымен қоса, биыл бір жылдық гүлдер аз отырғызылады. Олардың орнына елордада көп жылдық гүлдер, соның ішінде раушангүлдер мен қызғалдақтар егіледі.
Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын жерге 25 мың бірлік француз раушангүлі отырғызылмақ. 2016 жылы жалпы ауданы 162 288 шаршы метрлік жерге гүл өсіріледі.
Қала әкімдігі тұрғындарды елорданы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосып, алдағы сенбілікке қатысуға шақырады.

Қаллеки театрының сахнасында «Шие» комедиясының премьерасы өтеді
Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына кезекті жаңа премьерасын ұсынады. Сәуір айының 18-19 күндері сағат 19.00-де белгілі орыс драматургі Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасының негізінде «ШИЕ» комедиясының премьерасын өткізеді, деп хабарлайды театрдың ақпарат орталығы.
Спектакльдің режиссері - Якутиядан арнайы шақыртылған танымал театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.
Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өліара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында. Осы орайда, спектакль көрермен қауымды селсоқ қалдырмасы анық.
Сахна төрінде режиссердің шешімі бойынша Л.А. Раневская бейнесін Шие есімімен театрдың жас актрисасы, «Золотой Витязь 2015» Халықаралық театр фестивалінің алтын диплом иегері Ақмарал Танабаева сахналайды. Сондай-ақ, спектакль барысында бүгінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген театр артистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - К. Нұрланов, Қ. Қыстықбаев, Н. Өтеуілов, ҚР «Дарын» Жастар сыйлығының иегері С. Қашқабаев, актриса А. Аймағамбет, Д. Алимов, Ш. Ордабаев, А. Ибраева, Ж. Искакова өнер көрсетеді.

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады
Қазақстанның елордасында Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады. Ол Орталық Азиядағы кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар бірінші оқу ордасы болмақ.
«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2015 жылы 11 наурыздағы №126 қаулысына сәйкес құрылды. 2016 жылдың мамырында республикада Академия студенттерін қабылдау жарияланады", делінген жаңа оқу орнының хабарламасында.
Академия балет өнерінің түрлі саласында білім беруді жүзеге асырады және кішкентай кезден кәсіби балет орындаушыларын дайындайды.
Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады. Білім берудің көпсатылы формасы - Бастапқы білім, Техникалық және кәсіби білім, Жоғары білім (бакалавриат), ЖОО-дан кейінгі білім (магистратура), Сонымен қатар ЖОО-дан кейінгі білімнен (докторантура PhD) тұрады.
Оның негізгі қызметі «Балет әртісі», «Би ансамблінің әртісі», «Режиссер хореограф», «Хореограф педагог», «Спорттық баллдық би педагогы», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау.
Қазақ ұлттық хореография академиясы оқушыларына тегін білім береді. Сонымен бірге аталған оқу ордасының шәкірттері тұратын орны мен медициналық қызметке төлемейді.
Академияның оқу бағдарламасы барлық жалпы білім беру стандарттары бойынша жүзеге асырылады.


Елордада жедел жәрдем қызметінің кешігіп жетуінің себебі айтылды
Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен елорда әкімдігінің аппарат отырысында қалалық денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы кемшіліктер талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында елорда әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем бригадасының шақырулар бойынша жету уақытын 10 минутқа дейін азайту міндеті қойылған болатын. Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында елорда әкімдігі барлық қолайлы жағдайды жасағанына қарамастан «жедел жәрдем» жұмысында кемшіліктер бар. Жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдар әкімдікке әлі де болса, түсіп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жедел көмекті күтуге көп уақыт кетеді.
Қала басшысының тапсырмасымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне талдау жүргізілді, соның аясында қызметкерлер бригадалармен бірге шақыруларға барды. Талдау қорытындысы бойынша операторлардың ақпаратты кеш беруі мен кезекші ауруханаларда азаматтарды қабылдаудың сапасыз ұйымдастырылуы бойынша ескертулер жасалды. Бұдан басқа, жедел жәрдемнің шақырулар бойынша кеш баруының объективті себептері де бар, мысалы жолдардағы кептелістер, «Bus Lane» бақыланбайтын жолақтары, тұрғын үйлер аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар. Осыған байланысты, сәулет, тұрғын үй инспекциясы басқармаларына, аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметіне ескертулерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы қала әкімдігі қызметінің басым бағыты болып қалатыны атап өтілді. Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Елордада жаңа нысандар бой көтеріп, материалдық-техникалық база жақсартылуда, денсаулық сақтау саласы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында жедел жәрдем мамандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Елорда әкімі өзінің орынбасары Ермек Аманшаевқа барлық ауруханалар мен емханалар бойынша мұқият талдау жүргізуді және Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын бақылауға алуды тапсырды.
«Егер мәселелер бар болса, оларды айтып, шешу керек. Ештеңені де жасырмаңыздар», -деді Ә. Жақсыбеков. Оның айтуынша, қалалық денсаулық сақтаудың сапасын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуге тиіс. Бұған ең алдымен қала тұрғындары өз бағасын беруі қажет.
Мұнымен қоса, аппарат отырысында заңсыз орнатылған сауда нысандары бойынша мәселелер көтерілді. Аталған нысандар қаланың көркін бұзып, нысан иелері салық төлеуден жалтарады және оны күтіп ұстау ережелерін сақтамайды. Қала басшысы заңсыз орнатылған объектілердің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, оларды ресми тіркеу және сәйкесінше рәсімдеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Ұлттық музейде «ХХ ғасырдың ұмытылмаған тағдырлары» атты іс-шара өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде сәуірдің 19-ы күні Венгриядағы Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күніне орай «ХХ ғасырдың ұмытылмаған тағдырлары» іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметінен хабарлады.
Бұған дейін Мәскеу, Екатеринбор және Калининград қалаларында өткен көрме 30-40-жылдарғы оқиғаларға байланысты тағдырлары күрт өзгеріске ұшыраған венгерлік ғалымдардың, жазушылардың, актерлардың, спортшылардың, музыканттардың өмірбаянын ашып көрсетеді. Айталық, ұлы атом физиктері Эде Теллердің және Ено Вигнердің, голографияны ойлап табушы, физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Денеш Габордың және ең алғашқы компьютердің негізін қалаған математик Янош Нейманның, криптон шамын жасаған Имре Бродидің және т.б. ғалымдардың ауыр тағдырларынан хабар беретін суреттер көпшілік назарына ұсынылады.
Көрмеге қойылған экспонаттар фашисттік диктатураны айыптай отырып, венгер халқының басынан өткен қасіреттерді ұмыттырмайды. Сол арқылы қатыгездікті жеңген жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайды.
Астанада жастар депуттармен бірге сенбілікке шығады
Елордада 23 сәуірде «Таза қала - бақытты қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді. Қала бойынша тұрғындарды тазалық пен тәртіпке шақыратын символдар ілінеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Сенбілікке дейін бірнеше күн бұрын жинау мен абаттандыруды қажет ететін сауда орындарының витриналарына, ғимараттардың қасбеттеріне және басқа да нысандарға қызыл түсті «смайлдар» жабыстырылады.Сенбі күні жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың киімдеріне, жабдықтарына, мекемелердің атаулары жазылған тақтайшаларға, арнайы техникаға осы символ салынып, #SmileofAstana хештегі жазылады. Сонымен қатар, жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындарын тарту үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, ресми кездесулер өткізіледі. Жарияланымдар да #SmileofAstana хештегімен белгіленеді. LED-экрандардан әлеуметтік ролик көрсетіліп, оқушылар мен студенттердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылады.Жалпықалалық сенбілікке қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Белсенді жастар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге қала көшелерін тазалап, ретке келтіреді.

2016 жылы Қазақстанда жұмыс орындарын сақтау бойынша 30 мыңнан астам меморандум бекітілді
2016 жылғы 18 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, жұмыс орындарын сақтау бойынша облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларымен, сондай-ақ жұмыс берушілер және өндіріс орындарының кәсіподақтарымен өзара ынтымақтастық туралы 30 207 меморандум жасалды.
«Бұл шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық көрсеткішінің ұлғайып кетпеуіне мүмкіндік берді. Өткен жылдың басынан бастап, 2,4 млн. жұмысшыларды қамтыған 105 557-ге жуық меморандумға қол қойылды. Қол қойылған келісімдер 1,9 мыңға жуық ірі кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштің 83 пайызы), 103,9 мыңнан аса орта және шағын кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштің 59 пайызы) қамтыды», - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде. Атап айтқанда, аймақтар бойынша меморандумдардың басым көпшілігі Қостанай және Ақмола облыстарының кәсіпорындарымен жасалды. Қостанай облысында жұмысшылар саны 166,5 мың адамды құрайтын 6 мың 323 кәсіпорынмен келісім жасалды. Ақмола облысында 90,1 мыңнан аса қызметкері бар 4 мың 789 ұйыммен меморандум бекітілді.

22 сәуірде елордада «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығының жеңімпаздары марапатталады
«Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығы - астаналық авторлар мен орындаушылардың шығармашылық бәйгесі.
Тұңғыш музыкалық радиосыйлық - «Астана» радиосы эфирінен 11 жыл бойые беріліп келе жатқан «Жұлдызды Астана» хит-шеруінің қорытынды концерті. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен хабарлады.
Радиосыйлықтың ерекшелігі - жоба радиожурналистика саласында алғаш рет жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 11 аталым бойынша өтетін бас жүлдеге үміткерлер ашық дауыс беру арқылы анықталады.
Дауыс беру «Үздік орындаушы», «Үздік топ», «Онжылдықтың үздік әні», «Үздік шығармашылық дуэт», «Үздік радиоконцерт», «Үздік сазгер», «Жастық жалыны», «Үздік өңдеуші», «Астана туралы үздік ән», «Үздік мәтін авторы», «Үздік аспаптық жоба» аталымдары бойынша жүргізілді.
Соңғы 5 ай көлемінде тыңдармандар zhuldyzdyastana.kaztrk.kz сайтында 11 аталым бойынша дауыс берді. Ашық дауыс беру 11 сәуірден бастап тоқтатылды. Аталмыш радиосыйлық қорытындысы 50 пайыз тыңдарман дауысы мен 50 пайыз қазылар алқасының дауыстарын қосу арқылы шығарылатын болады.
Кештің арнайы қонақтары - Айгүл Иманбаева, Бейбіт Қошқалиев, «Меломен» тобы, Әли Оқапов және Мөлдір Әуелбекова.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 22 сәуір сағат 19:00-де Астана қаласы, «Конгресс холл» сарайында өтеді.

Астанада Иран армиясының күніне орай ресми қабылдау өтті
Бүгін Астанада Иран Ислам Республикасының армия күніне орай ресми қабылдау өтті. ИИР-дың Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған салтанатты рәсімге ҚР ҚК бас штабы басшысының орынбасары генерал-майор Мұхаметжан Таласов, Иранның әскери атташесі Хамза Рухи Кабарег және Елші Моджтаба Дамирчилу мырза қатысты.
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу өз сөзінде Иран қарулы күштері армия күнінің маңызы туралы айтты.
«Бүгінгі күн - Иран Ислам Республикасының мұраттарына адал армия үшін ерекше күн. Армия күні барлық ирандықтар үшін маңызы басым. Әскер күнін ұлықтау Иран мен ирандық құндылықтарды қорғауда өздерін құрбат еткен Иран армиясының жауынгерлеріне тағзым ету болып табылады», - деп атап өтті Елші.
Сондай-ақ, ол Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуына тоқталды.
«Өзара сенім мен ортақ дамуға негізделген біздің елдеріміз саяси диалогты белсенді қолдап келеді. Түрлі халықаралық және аймақтық мәселелерге бірлікке ат салысудамыз. Оның жарқын үлгілерінің бірі - жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға сапары барсында 60-тан астам келісімшартпен меморандумдарға қол қойылды. Бұл екі елдің сауда экономикалық қатынастарын одан әрі дамыта түседі», - деді дипломат.
Шара барысында сөз алған ҚР ҚК бас штабы басшысының орынбасары генерал-майор ҚР Қорғаныс министірлігі атынан Иран Қарулы Күштерін армия күнімен құттықтап, екі ел қарулы күштерінің достық қатынасына тоқталды. «Армия елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және дамудың кепілі ретінде мемлекетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан мен Иранның достық қарым қатынастары жақсы дамып келеді. Біз әртүрлі халықаралық ұйымдар, сондай-ақ АӨСШК және ШЫҰ шеңберінде өзара сәтті жұмыстар атқарудамыз. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастық уағдаластықтардың негізінде қарқынды дамып келеді. Бейбітшілік пен сенімділікті екі елдің Қарулы Күштері арасындағы өзара берік байланыс пен табысты ынтымақтастықты орнату мақсатында елдеріміздің қорғаныс ведомстволары арасындағы байланыс сенімді жалғаса береді деп білеміз»,- деді Мұхаметжан Таласов.

Ұлттық ұлан Астанада ардагерлерге құрмет көрсетті
Бүгін елорда маңында орналасқан 5573 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлерін құрметтеу кеші өтті. Салтанатты шараны Ұлттық ұланның астаналық бригадасы мен «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы алда келе жатқан Жеңіс күніне орай ұйымдастырып отыр.
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Батырлар мәңгі есімізде!» атты ақпараттық-насихаттық акциясы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында өткізілген бұл шараға ұландық жауынгерлер, әскери-патриоттық клубтар, сондай-ақ елорда мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Ал соғыс және тыл ардагерлері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары арнайы қонақ ретінде шақырылды.
«Батырлар мәңгі есімізде» акциясы тәжік-ауған шекарасында қаза болған Ішкі әскердің 17 жауынгерінің рухына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған. Аталмыш акция шеңберінде Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде сәуір-мамыр айларында түрлі іс-шаралар өткізіледі. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы «Нұр Отан» партиясы көшбасшысының тапсырмасымен дүниеге келген. Бұл жобаның негізінде еліміздің барлық өңірлерінде ардагерлер мен қарттарға қолдау көрсету, жастарды атриоттық рухта тәрбиелеу бағытында бірнеше жыл қатарынан кешенді жұмыстар атқарылып келеді.
«Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Арын - байрақ, намысын - найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Соғысқа елімізден 1 млн 200 мыңдай адам аттанып, олардың 620 мыңға жуығы майданнан оралмады. 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Жер бетінде бейбітшілік орнату үшін жасалған ерлікті ешқандай шекара, кедендік кедергілер мен қиындықтар, әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірдің қарама-қайшылықтары көлеңкеде қалдыра алмайды» - деді бөлім командирінің орынбасары полковник Болат Смағұлов.
Салтанатты кеш Ұлттық ұлан жауынгерлері мен Ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымы әзірлеген концерттік-театрландырылған бағдарламаға ұласты. Қонақтарға әскери жылдардан сыр шертетін бейнероликтер көрсетіліп, қару-жарақ, инженерлік қызмет құралдары, әскери және арнайы киім үлгілерінен көрме ұйымдастырылды. Шара соңында ұйымдастырушылар ардагерлерге арнайы әзірлеген сый-сияпаттарын табыс етті.
Астана саябағы 1 мамырдан бастап ашылады
Биыл елорда паркінде қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және т.б. іске қосылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Саябақты қалпына келтіру кезінде басты аллея мен «Уақыт өзені» субұрқағы, «Сағат» стеласы, су перделі үңгірлер, «Күн көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.
Демалыс орнындағы тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.
Саябақ жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.
Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналды. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған, бұл спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Әділбек Жақсыбеков әлеуметтік сала нысандарын аралады
Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық әлеуметтік нысандардың - Жұмыспен қамту орталығының, Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қатерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған дағдарыстық орталықтың және Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің жұмысымен танысты, деп хабарлады astana.gov.kz.
«Әлеуметтік саясат пен халық алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрқашан да мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың назарында», - деді қала басшысы аталған мекемелерді аралау барысында.
Жұмыс сапарына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагин, сондай-ақ, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов қатысты.
Елорда әкімі алдымен Жұмыспен қамту орталығына барды. Аталған мекеме бес жылдан бері адамдарды жұмысқа орналастырумен айналысып келеді, сондай-ақ, кәсіби оқыту және қайта даярлау курстарын өткізеді.
Жыл басынан бері 3,3 мыңнан астам адам орталыққа жүгінген. Олардың жартысы жұмысқа орналастырылды, жалпы білім беру мекемесінің 218 түлегі жастар практикасына, 800-ден астам адам қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қала тұрғындары ай сайын өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне оң бағасын беруде.
Айта кетейік, өткен жылы Астана мемлекет бойынша жұмыссыздық деңгейінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді, 18 мың жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығының базасында 3500 бос орын тіркелген, ал жұмыс іздеушілер саны 950 адамды құрайды. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде елордада құрылыс саласындағы жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие, атап айтқанда, әрлеушілер, сылақшы-сырлаушылар, тас қалаушылар және т.б. Сонымен қатар, D санатындағы жүргізушілердің жетіспеушілігі байқалады. Күн сайын елордалық Жұмыспен қамту орталығына 500-ден астам адам белгілі бір мәселемен жүгінеді.
Мұнымен қоса, Ә. Жақсыбеков 2013 жылғы қараша айында ашылған Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қатерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған дағдарыстық орталыққа ат басын тіреді. Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан қиын жағдайға тап болған әйелдерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бұл әйелдер кейіннен отбасылрына орала алады. Олардың балаларымен тәрбиешілер мен балалар психологы жұмыс істейді.
Орталықта әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі. Осы күнге дейін орталық қызметіне 329 адам жүгінген: 107 әйел және 222 бала. Олардың көбі әлі де болса мекеменің психологтарымен және әлеуметтік қызметкерлерімен тұрақты байланысып тұрады, қиын кезде қолдау көрсеткендері үшін оларға алғыс айтуда.
Қаладағы маңызды әлеуметтік нысандардың бірі Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Қазіргі кезде мұнда 25-тен 102 жасқа дейінгі 298 адам тұрып жатыр: 121 мүмкіндігі шектеулі тұлға және 177 қария, соның ішінде, төртеуі ҰОС ардагері.
Мекемеде 121 дәрігер жұмыс істейді, 25 медбике мен 44 санитар тәулік бойы медициналық күтім көрсетеді. Мүгедектер оңалтудың жеке бағдарламасынан өтеді, осы мақсатта орталық барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бұдан басқа, спортқа да баса назар аударылады, мүгедектер арасында үстел теннисінен және тоғызқұмалақтан чемпиондар да бар. Мекемеде даңқ музейі ашылған, ал әжелер хоры ҰОС Жеңіс күніне дайындалып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы, Астанада жүз мыңнан астам адам түрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған болатын.

Астанада Ұлттық орман егу күні өтеді
23 сәуірде елордада жалпықалалық сенбіліктен басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000-нан астам көшеті отырғызылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
- Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан жастарды бүкіл жерге ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, - дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.
Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілді. Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді.
Айта кетейік, қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары Астананың үш ауданында жүргізіледі. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.
Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жерлерде жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді.

Астанада отандық тауарлардың «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтеді
ҚР ИДМ-нің «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ Астана қаласында 23-24 сәуір күндері «Astana Mall» СОО-да өтетін отандық тауарлардың «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесін өткізеді, деп хбарлады агенттіктің баспас өз қызметі.
Онда республиканың барлық өңірінен келетін 60-тан астам компания өздерінің отандық өнімдерін төменгі бағамен ұсынатын болады. Бұл жәрмеңке осымен екінші рет өткелі отыр және 2015 жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай көбеймек.
Жәрмеңкеде мынадай өнім түрлері ұсынылатын болады: әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған киімдер, аяқ-киім, шұлық-ұйық бұйымдары, үй тоқымасы, тұрмыстық химия, керек-жарақ заттар, косметика, балаларға арналған ойыншықтар, сондай-ақ азық-түлік өнімдері.
«Қазақстандық өнімді таңдай отырып, біз мыңдаған адамдарға өздерінің жұмыс орындарын сақтап қалуға, елдің дамуына өз үлесін қосуға көмектесеміз!»,- делінген хабарламада.

Астанада иммундау апталығы өтеді
24-30 сәуірде елордада «Иммундаудағы кемшіліктерді жою» ұранымен Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді.
Онкүндік шараның мақсаты вакцинацияға қатысты қоғамның сенімін, денсаулық үшін иммундаудың маңызы туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда LED-мониторлар мен лайтбокстардан, сауда, ойын-сауық орталықтарында, әуежайда иммундаудың артықшылықтары туралы аудио- және бейнероликтер ротацияланады.
Елордалық медицина қызметкерлері үшін осы кезеңде түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.
Соңғы уақытта вакцинациядан бас тарту жағдайлары жиілеп кетті. Бұл мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Орталық мамандарының пікірінше, халықтың иммунопрофилактикаға қатысты сенімін қалыптастыру, халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі; вакцинациядан бас тартуға байланысты қауіп-қатер мен себеп-салдар туралы ақпараттандыру қажет.
Айта кетейік, 2015 жылы жыл сайын вакцина жасалатын адамдар саны 8 100 709 құрады.
Астананың Жасыл белдеуі нағыз орманға айналып келеді
Бүгінгі күні Астананың Жасыл белдеуінде шамамен 11 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын егілетін көшеттер 300 гектарға артып отыр. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
«Бүгінгі күні Жасыл белдеу нағыз орман болып қалыптасып келеді, ол жабайы аңдардың да тіршілік мекеніне айналып отыр. Бұған дейін ештеңе өспеген, тақыр далада қазір қырғауылдар ұшып, қоян мен түлкілер жорта бастады. Біз олардың санын арттыруды бақылауда ұстаймыз. Жыл сайын шамамен 400-500 қырғауыл түрлері осы маңға ұшырылуда», - деді ол.
Айта кетерлігі, бүгін Астана маңындағы орманды далаға 125 қырғауыл, өткен аптада 875 қырғауыл ұшырылған. Басқарма басшысының айтуынша, жабайы құстар, аңдар ұдайы бақылауда болады. Ал орманға ұласқан ағаштарға келсек, олардың Жасыл белдеуде жерсінуі 90 пайызды құрап отыр.
«Жасыл белдеуде жеміс ағаштарын отырғызудың жаңа тәжірибесін де қолға алып жатырмыз. Дегенмен, бір проблема бар: мұнда көбейген қояндар жеміс ағаштарының тамырын қазып, сонымен қоректенеді. Бұл біршама тежегіш фактор болып тұр», - дейді Ә. Сәрсембаев.

Астана көшелерінде алма мен алмұрт көшеттері отырғызылады
Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, елордада жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы ауқымданып, бас қала жасыл қалаға айналып келеді. Дегенмен, тез құбылатын Астана климатына негізінен қылқан жапырақты ағаштар өсіріледі.
«Бірақ, біз қазірдің өзінде алма, алмұрт секілді жеміс ағаштарын отырғызғымыз келеді. Бұлар елордадағы өсімдіктер дүниесіне араласуы керек. Алдағы уақытта алма көшеттері қаланың көшелерінде пайда болады деп жоспарладық», - деді Ә. Сәрсембаев.
Оның айтуынша, қазіргі күні Астанада жасыл көшеттерді санитарлық кесуге рұқсат тек кәрі, құрт түскен ағаштарға, сонымен бірге инженерлік желілер мен көліктік инфрақұрылымға кедергі келтіргенде ғана беріледі. Былтыр осыған байланысты 400-ге тарта рұқсат жасалған. «Бұл біздің қатаң қабылауымызда. Оның үстіне әрбір кесілген ағаштың орнына жаңа екі ағаштан егіледі», - деді басқарма басшысы.

Астанада 1 мамырға дайындық кезеңінде Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады
Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Астана қаласы жергілікті полиция баспасөз қызметінде хабарлағандай, ағымдағы жылғы 19-27 сәуір аралығында монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс ішінара жабылатын болады.
27 сәуір мен 1 мамыр аралығында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол қозғалысы толықтай шектеледі. Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарын баламалы маршруттарды алдын ала жоспарлауды ескертеді.
Ә.Жақсыбеков абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралады
Елорда басшысы Әділбек Жақсыбеков қалалық қызметтердің көгалдандыруға дайындығын тексеріп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының құрылысымен танысты. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Қаладағы, әсіресе, ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды нысандарының бірі 4-ші және 5-ші жылу магистральдары. Аталған жоба ЭКСПО-2017 көрмесінің объектілерін жылумен жабдықтауға бағытталған және қайта салынып жатқан аудандарды жылумен қамтудың басты жолы.
«Инженерлік инфрақұрылым қаланы одан әрі дамытудың фундаменті болып табылады. Сондықтан осы саладағы жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыру қалалық қызметтердің басым бағыттарына жатады», - деп атап өтті Астана әкімі.
Жылу желісінің құрылысы екі кезекпен жүргізілуде. Кеңейтіліп жатқан ЖЭО-2 жылу энергиясын «Мыңжылдық аллеясы» ауданына, жаңа вокзал мен Астананың сол жағалауына тарату үшін салынып жатқан 1-ші кезектегі 4-ші жылу магистралінің ұзындығы 13,7 км.
Ә. Жақсыбеков салынып жатқан жылу магистралінің қажетті гидравликалық режимін қамтамасыз ететін №15 сорғы стансасында болды. Қазіргі кезде монолитті фундамент салу, ғимараттың негізгі қаңқасын және қабырғалар панельдерін монтаждау бойынша негізгі жұмыстар аяқталды, технологиялық қондырғыларды құрастыру қолға алынды. 4-ші жылу магистралінің құрылысын 2016/2017жж жылыту маусымы басталғанша аяқтау көзделген.
ЖЭО-3 жылуын қаланың сол жағалауына тарату үшін 5-ші жылу магистралі салынып жатыр. Осылайша, елорданың жаңа аудандары да үздіксіз және сенімді жылумен қамтамасыз етіледі.

Бүгін Астанада ХІ жыл сайынғы республикалық «Тарих ата» олимпиадасының қорытынды туры басталады
Бүгін Астанада 5-10 сыныптар оқушылары арасында ХІ жыл сайынғы республикалық «Тарих ата» қашықтан өткізілетін олимпиадасының қорытынды туры басталады. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.
Олимпиаданың басты мақсаттары мен міндеттері - мектеп оқушыларының Қазақстан тарихына қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және жинақтаған білімдерін қолдана білуін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу болмақ.
Биылғы жылы республикалық «Тарих ата» қашықтан өткізілетін олимпиадасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады.
Олимпиаданың алғашқы қашықтан өткізілген турына Қазақстанның барлық аймақтарынан 1624 оқушы қатысқан болатын. Жартылай финалға 148 жеңімпаздар мен лауреаттар шықты, енді олар жүлделі орындар үшін бақтарын сынайды.
Конкурстың ашылу рәсімі сағат 10:00-да Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінде болады.
5-10 сыныптар оқушылары Қазақстан тарихынан тестілік тапсырмаларды орындайды. Одан кейін шығармашылық конкурста Қазақстан тарихының өзекті тақырыптарына эссе жазады.
Сондай-ақ олимпиада бағдарламасында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы жалпы білім беретін мектептер мұғалімдері үшін «Ұлттық тарихты оқытудың өзекті проблемалары» тақырыбында семинар өткізеді. Тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
ХІ республикалық қашықтан өткізілетін олимпиаданың негізгі әріптесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының кітапханасы. Олимпиада қатысушылары үшін кітапханаға экскурсия өткізіліп, Қазақстан Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіледі. Мектеп оқушылары «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік білім кешенінде Елбасы бастамаларымен танысады және ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяғанмен кездеседі.
Сонымен бірге, олимпиада аясында оған қатысушылар ҚР Ұлттық музейінде болады.
Олимпиаданың жабылуы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы кітапханасында өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Біздің Президент» және «Өзекжарды ойлар» кітаптары тапсырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді даярлаған мұғалімдер «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады.

Астанада «МАЙНЕКС Орталық Азия» тау-кен өнеркәсібі форумы басталды
Астанада «МАЙНЕКС Орталық Азия» тау-кен өнеркәсібі форумы басталды. Бұл беделді форум әлемдік дағдарыс жағдайындағы минералдық шикізат саласының даму барысы мен болашақтағы мүмкіндіктеріне басымдық бермек.
Форумның басты мақсаты: халықаралық байланысты нығайту, аталмыш мәселе бойынша мемлекеттік үйлестіруді арттыру, техникалық жаңғыртуды жетілдіру, кәсіби мамандарды даярлау, тау-кен өндірісін қаржыландыру және инвестиция тарту.
Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, тау-кен өндірісінің, инженерлік және инвестициялық компаниялардың 300-ден астам басшылары қатысады. Орталық Азиядағы Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, сонымен қатар Моңғолия, Ресей және алыс шет мемлекеттерден 80-ге тарта баяндамашы сөз сөйлейді деп күтілуде. Олар тау-кен бизнесінің алдағы даму барысына қатысты өз ойларымен бөліседі.
Форум аясында Еуразиялық Топ (ERG) пен «Инновациялық технологиялар паркі» автономиялық кластерлік қоры арасында әріптестік және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. Бұл құжат тау-кен кешенін индустриялық және инновациялық дамыту жобаларын жүзеге асыруға бағытталып отыр.
Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, ҚР-дағы Ұлыбритания Елшісі Кэролин Браун, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) директорының орынбасары Агрис Прейманис қатысады.

Жыл басынан бері Астанада 5740 нысан заңдастырылды
Бүгінгі таңда Астанада құны 26 350 987 теңгенің 5740 нысаны, сондай-ақ 130 325 445 теңге мөлшерінде ақша қражаты заңдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астананың жергілікті атқарушы органдарындағы комиссияларға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша 6276 өтініш келіп түскен. Жалпы, тұрғын, тұрғын емес және коммерциялық 5740 нысанды заңдастыру мақұлданды.
Сонымен қатар, Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті органдарына ҚР аумағынан тыс орналасқан 57 608 мың теңгелік төрт және құны 1 012 432 мың теңгелік 11 нысан бойынша алты арнайы декларация тапсырылған. Мемлекеттен тыс жердегі құны 6243 мың теңгені құрайтын заңды тұлғаларға қатысудың екі үлесі заңдастырылды.
Ақша қаражатына тоқталсақ, қалалық мемлекеттік кірістер органдарына жалпы сомасы 130 325 445 72 мың теңгені құрайтын ақшаны заңдастыру бойынша 72 өтініш келіп түскен, сондай-ақ, құны 8110 мың теңгені құрайтын құнды қағаздар заңдастырылды.
Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда, азаматтар оны заңдастырғаны үшін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін төлеген алымды қайтара алады.

Биыл елордада 25 шақырым көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Биыл 25,36 шақырым жолды салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Астана қаласы автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының редакциясына берген сұхбатында биыл елордада жол жөндеу бойынша жүргізілетін жұмыстарға толығырақ тоқталып өтті.«Қаланың көше-жол желісінің жағдайына жүргізілген кешенді талдау бойынша қанағаттанарлықсыз жағдайда деп танылған 117 көше (ұзындығы 287 км) анықталды. Атапа йтқанда, Абылай хан даңғылы Пушкин көшесінен Момышұлы даңғылына дейін, Манас көшесі Абылай хан даңғылынан Қобыланды батыр көшесіне дейін, Кенесары көшесі Пушкин көшесінен Республика даңғылына дейін, Орынбор көшесі Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін және т.б. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілді. Биыл 25,36 км жол салу, жөндеу, қалпына келтіру көзделген. Соның ішінде 15,8 км жол салынады, 1,4 км қалпына келтіріледі, 8,16 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі», делінген Сымбат Мырзағұлов берген сұхбатта.

Астанада 100-ге жуық қоғамдық көмекші марапатталды
Бүгін жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев полицияға пәрменді көмек көрсеткен 96 азаматқа грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыстады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілермен бірлесіп жұмыс істеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Құқық қорғау бағдары бойынша қоғамдық тәртіпті күзетуге 900 аса қоғамдық құрылым өкілдері қатысады, соның ішінде қоғамдық кеңес құрамындағы 37 құқық қорғау органдарының ардагері, 217 консьерж және полиция бөлімшелері жанындағы қоғамдық көмекшілер, күзет құрылымдарының 343 қызметкері, жедел-жастар жасағының 122 мүшесі және т.б.
Жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің мәліметі бойынша, 4 қылмыс пен 165 әкімшілік құқық бұзушылық ашылып, 210 азамат учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Елордада робототехникадан «KazRoboSport-2016» жарысы өтеді
Алдағы сенбі күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «KazRoboSport-2016» аймақтық чемпионаты басталады. Жарысқа қатысуға 30 жуық команда өтінім берді. Балалар өз автономды роботтарын таныстырып, сайысқа түседі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Чемпионат төрт санат бойынша өткізіледі. Конкурсқа қатысушылар өз қолымен жинаған автономды роботтар «кегельринг» және «сызық бойынша жарыста», сондай-ақ робо-сумода күш сынасады.- Робототехника математика, физика, информатика пәндерін біріктіреді. Оларды жеке оқыған қиын, ал бірге алғанда қызықты. Балалар мен жасөспірімдер өз шығармашылықтарын паш етсе, конструкторлар қолдан робот құрастырып, өз еңбектерінің жемісін көре алады. Жалпы айтқанда, робототехника - әлемдегі ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Балалардың инженерлік ойлау қабілеттілігі қалыптасады, перспективада олар мұнымен кәсіптік деңгейде айналыса алады, - дейді Білім беру және спорттық робототехника федерациясының Астанадағы филиалы «Роботек» клубының директоры Михаил Малород.Қазіргі кезде 2 адамнан тұратын 30 жуық команда жарысқа қатысатындарын растады. Негізінен, Назарбаев зияткерлік мектебінің, «Роботек» робототехника клубының, «Шестеренки» эксперименталды механика және робототехника клубынің балалар мен жасөспірімдер командалары, сондай-ақ, Ақмола облысынан, Қарағанды және Көкшетаудан келген командалар бақтарын сынамақ. Ережеге сәйкес, сайысқа 10-нан 25 жасқа дейінгі жастар қатысады.Конкурс аясында «Білім беретін робототехника» тақырыбында шеберлік дәрісі өткізіледі, балаларға 3D-баспаның ерекшеліктері мен принциптері туралы айтылады. Жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін «KazRoboSport» жарысының республикалық кезеңіне жолдамаға ие болады.

Астанада ХІІІ Еуразия медиа форумы басталды
Елордада ХІІІ Еуразия медиа форумы жұмысын бастады.
Атап айтқанда, биыл Қазақстанға әлемнің 50 елінен 30 спикер мен 400 делегат келді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкілі форумнан хабар таратады.
Форум барысында бүгін негізгі 4 мәжіліс өтеді, сондай-ақ белгілі журналистер, саясаткерлер мен экономистер 5 шеберлік сабағын өткізеді.
Шараның бүгінгі күнтәртібінде ғаламдық дағдарыс, мұнай өндіру саласындағы проблемалар, Таяу Шығыстағы ахуал, Ауғанстан мәселесі, ХХІ ғасырдағы ақпарат соғысының ерекшеліктері, мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару тақырыптары талқыланады.
Форумға ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, ұлыбританиялық экономист Саймон Анхольт, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин және басқа да белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, ЕАМФ 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен бейсаяси әрі коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Форум Батыс пен Шығысты толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылауға бағытталған.

ЕАМФ алаңында теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа баға жетпес үлес - Н.Назарбаев
Бүгін елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді.
"Еуразиялық медиа форум қатысушыларын Қазақстан жері әрдайым құшақ жая қарсы алады. Форум әлемнің жетекші диалог алаңдарының біріне айналды. Онда қазіргі заманның ең өзекті мәселелері талқыланады. Дамудың жаңа парадигмалары қалыптасып, болашақтың сұлбасы жасалады. Бүгінгі таңда әлем барша адамзатқа теңдессіз сын-қатерлер төндірген жаңа дәуірге аяқ басады. Жаңа әлемнің, бәріміздің ортақ болашағымыздың қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Мен "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифесті ұсындым. Оның мақсаты - Жер бетінде соғыс атаулыны түп-тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жасампаздық сындарлы диалог салтанат құратын дәуір болуы тиіс. Сол себепті, Еуразиялық медиа форумның алаңында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа қосылар баға жетпес үлес. Форум жұмысының нәтижесі, сіздердің жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз дүниежүзілік коммуникацияның жаһандық диалогты дамытуға зор серпін береріне сенімдімін. Форумның барша қатысушыларына жемісті жұмыс пен бар жақсылықтарды тілеймін", - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

Қазақстан ұзақ жылдар бойы әлемдік процестерден тыс өмір сүретіндей ойлады - Е.Қарин
Біздің бір кемшілігіміз - ұзақ жылдар бойы әлемдік процестердің шетінде өмір сүретіндей ойлап келдік, - дейді бүгін ХІІІ Еуразиялық медиа форум аясында журналистерге пікірін жеткізген белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин.
«Жалпы, әлемдегі шиеленістерге байланысты, мемлекеттердің түрлі белсенді топтары арасында диалог, қарым-қатынас барынша көп болуы керек. Міне, Еуразия медиа форумының бір артықшылығы осы», - дейді Е.Қарин.
«Біздің бір кемшілігіміз - ұзақ жылдар бойы әлемдік процестердің шетінде өмір сүретіндей ойлап келдік. Яғни, әлемде болып жатқан процестердің бізге еш қатысы жоқ деп ойладық. Бірақ, қазір көріп отырғанымыздай, Ауғанстанда, Таяу Шығыста, Оңтүстік Африкада болып жатқан жағдайлардың кері әсері қалай болғанда да басқа елдерге, соның ішінде, Орталық Азия аймағына да тиюі мүмкін. Алып мемлекеттер арасындағы теке тірестің салқыны бізге де тие береді. Сондықтан, біздер де саяси диалогтың дамуына үлесімізді қоса беруіміз керек», - деді Еуразия медиа форумының жұмысына баға бере келе Е.Қарин.
Елордалық дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде
Астанада қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының базасында Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия бөлімінің профессоры доктор Уго Лоайса Левано бірнеше күн бойы балалар анестезиологтары, реаниматологтар, қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлері мен медбикелеріне, балалар инфекционисттеріне арналған шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлады. astana.gov.kz.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Оқу-клиникалық орталығы «Балаларға арналған қарқынды терапия» тақырыбындағы тренингті ұйымдастырды.
Оқыту барысында балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары нозокомиалды инфекция, инфекциялық-уытты шок, жүрек-өкпе қабынуы кезінде және балалардың қарқынды терапиясында гемодинамикалық қолдауды, респираторлық қолдау және басқа да балаларға медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық әдістерін зерттеді.
Оқыту сабақтастық, бірізділік принциптері бойынша жұмыс орындарында, кішкентай пациенттердің төсегінің жанында қолда бар тәжірибені тікелей үйрету арқылы өткізілді.
Тренингке балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан 23 маман қатысты, оқуды аяқтаған соң оларға сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, бұл ресейлік әріптестеріміздің елордаға жасаған алғашқы сапары емес. Бұған дейін профессор Уго Лоайса Левано Н.И. Пирогов атындағы РҰМЗУ балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Владимир Лазаревпен бірге елорданың № 1 және № 2 қалалық балалар ауруханаларында жұмыс орындарында тренинг өткізген болатын. Ресейлік әріптестердің жетекшілігімен жансақтау және қарқынды терапия бөліміндегі ауыр өкпе патологиясы бар пациенттерді емдеудің бірқатар әдістемелері мен тәсілдері қайта қаралып, ауыр халде жатқан балалардың өкпесін аппараттық жасанды жолмен желдету бағдарламаларының режимдері өзгертіліп, емдеу ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір пациентке көрсетілетін қарқынды дәрілік терапия комбинациясының жеке тәсілі ұсынылады.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы ресейлік, испан, үнділік халықаралық сарапшылардың қатысуымен елордалық мамандар үшін келесі бағыттар бойынша бес шеберлік дәрісі ұйымдастырылды: балалар анестезиологиясы және реаниматология, онкология, балалардың қарқынды терапиясы, мейірбике ісі. Алдағы уақытта Франция, Корея және Израильден келген мамандардың қатысуымен тренингтер мен шеберлік дәрістерін өткізу жоспарланған.
Мұнымен қоса, елордалық медицина қызметкерлері Израиль, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттерде білім алады. Жақын арада қалалық медицина мекемелерінің басшылары Англия мен Кореяның жетекші орталықтарында болып, денсаулық сақтау менеджментін меңгеретін болады.

Астанада автовокзалда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгін «Сапаржай» автовокзалы ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл - биыл өткізіліп отырған осындай үшінші шара. Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жұмыссыз жүрген астаналықтар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта даярлаудан өту және жаңа мамандықты меңгеру туралы ақпарат алды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Олжас Омардың айтуынша, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін автовокзалда өткізудің өзіндік мәні бар.
«Авто- және теміржол вокзалдары аумағында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жүреді. Ол пәтерлерді жалға берумен, жүк тасумен айналысады, жолаушы тасымалдау қызметтерін ұсынады және т.б. Бұл оларға ұнайтын да шығар, бірақ біздің мақсатымыз оларды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту, берекелі болашаққа қол жеткізу үшін зейнетақы аударымдарын жасау қажеттілігін түсіндіру. Сондай-ақ, балама жұмыс орындарын ұсынамыз. Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға олардың уақыты болмаған шығар, ал мұнда аз ғана уақыттың ішінде ондаған жұмыс берушімен кездесіп, түйіндемелерін қалдырады, алдын ала әңгімелесуден өтеді», - деді Олжас Омар.
Шара барысында 20 жуық жұмыс беруші қызмет көрсету саласы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдарынан бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесіне өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан басқа, вокзал қызметкерлері мен басқа да қала тұрғындары қатысты.
«Мен автовокзалда сантехник болып істеймін, бірақ басқа ұйымдарда бос орын бар ма екенін сұрадым, олардың қандай талаптар қоятындарын білдім. Екі жерге түйіндеме қалдырдым. Кешкі уақытта немесе демалыс күндері қосымша қаржы табатын жұмыс табылып қалар», - дейді Ғабдул Құлынтаев.
Жәрмеңкеге келгендердің бірінің мамандығы бухгалтер, бірақ оның жұмыс өтілі аз. Сол үшін ол төрт жылдан бері жұмысқа орналаса алмай жүр.
«Бос орындар жәрмеңкесі туралы кездейсоқ естідім. Сөйтіп, бағымды сынап көрейін дедім, «Цесна-Астық» ЖШС түйіндемемді қалдырдым, оларға тауартанушы керек екен, менің бұл орынға лайықты екенімді айтты», - деді қала тұрғыны.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу туралы азаматтардың сұрақтары бойынша қайта даярлау және жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндіктері туралы кеңес берді, жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтағы тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға болатыны туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Астана қалалық Прокуратура және Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлері азаматтардын еңбек саласында конституциялық құқықтарын қорғауға арналған «Ашық есік күнін» өткізді.
Елордада экологиялық патруль өз жұмысын бастады
Бүгін Астанада экологиялық патруль қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 50 студент пен табиғат қорғау полициясының 25 өкілі енді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөзы қызметінен.
Патруль қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз факторлардың ықпал етуінің артуына байланысты ұйымдастырылып отыр.- Экологиялық патрульдің негізгі қызметі - табиғат қорғау заңнамасы нормаларын бұзудың себептерін анықтау. Студенттер бұзушылықтарды тіркеп, Астана қаласының ІІД-не жолдайды, - деді Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.Жалпы, жергілікті полиция қызметі бұзушылықтарды анықтау үшін қаланы патрульдеу бойынша 10 рейд өткізуді жоспарлап отыр, студенттер де экологиялық бұзушылықты тіркеген жағдайда, кез келген уақытта хабарласа алады.

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталады
Елордада 22 сәуірде Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облысының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу маусымы басталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ертеңнен бастап, әр демалыс сайын елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып ала алады. Жәрмеңке 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін «Думан» ОСО (автотұрақ) алдында өткізіледі.
Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20-дан астам түрі ұсынылады. Атап айтқанда, картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында Астана қаласы мәслихатының депутаттары кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Тараптар қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығының арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Кездесуге мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.Отырыс барысында Сәрсенбай Мыңбаев қаладағы 380 кәсіподақ ұйымының қызметіне тоқталды. Астанада автомобиль көлігі қызметкерлерінің, мемлекеттік мекемелердің, теміржолшылардың, денсаулық сақтау, құрылыс, коммуналдық кәсіпорындар, мәдениет, білім, кәсіпкерлік, байланыс қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары құрылған, олар жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ат салысады.- Қалалық мәслихат пен кәсіподақтар көптеген бағыттар бойынша өзара әрекет етуі мүмкін: кәсіподақ қызметкерлері мәслихат сессияларына материалдар әзірленіп жатқанда жұмыс топтарына қатыса алады; көпшілік тыңдауларға қатысып, ұсыныстар енгізе алады; сайлау учаскелерінде мәслихат депутаттарымен бірлесіп іс-шаралар өткізе алады; тақырыптық және мақсатты іс-шараларға екіжақты қатыса алады, - дейді Сәрсенбай Мыңбаев.Кездесудің негізгі мақсаты қалалық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыру кезінде мәслихат пен кәсіподақтардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету, қалалық ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданыстағы заңнамалардың нормаларын сақтау кезінде қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіподақ қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарын нығайту, халыққа сервистік қызмет көрсетуді жақсарту, өзекті мәселелерді шешу болды.- Кәсіподақ қозғалысы - кез келген еңбек ұжымының мағынасы сона жатыр. Меморандумға қол қою арқылы тараптардың бірлесіп қызмет ету аясы кеңейе түспек. Депутаттық корпус кәсіпорындарға баруға, еңбек ұжымдарымен танысуға дайын, - деді Жанат Нұрпейісов.


ҚР Ұлттық музейінде мексикалық суретші Сандра Панидің «Ағаш тәрізді» атты көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде мексикалық суретші Сандра Панидің «Ағаш тәрізді» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Көрменің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова аталмыш көрменің маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің құттықтау сөзін жеткізді.
«Ағаш сияқты» көрмесінің Ұлттық музейде өтуі Қазақстан мен Мексика елдері қарым-қатынасын одан әрі дамыта түседі деп сенеміз. Бүгін көпшіліктің назарына ұсынылып отырған шығармашылық жұмыстар суретші Сандра Панидің көп жылғы еңбегі және ол жоғары бағаға лайық. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан авторды құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді К.Сейітова.
Мексиканың Қазақстандағы елшісі Марта Елена Барсена көрмені өткізуге ерекше жағдай жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайға алғыс білдіріп, Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
«Бүгінгі көрменің өтуіне ерекше үлес қосқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мырзаға алғыс айтамын. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Атаулы датаның қарсаңында мексикалық танымал суретші Сандра Панидің көрмесі ашылып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстанның да, Мексиканың да мәдениетке, өнерге деген қолдауы жоғары екені қуантады. Бұл туындылардан адам мен табиғат егіз ұғым екенін, олардың арасындағы байланыстың маңыздылығын көруге болады», - деді М.Е. Барсена.
Суретші Сандра Пани графикалық туындыларының топтамасын 2007 жылдан бастап жасаған. Бүгінгі таңда топтама 36 суреттен тұрады.
Айта кетейік, «Ағаш тәрізді» көрмесі 21 мамырға дейін жалғасады.

Астанада «AstraPlat» қоғамдық көлікте электронды жолақы төлеу жүйесі мамыр айында енгізіле бастайды
Астана қаласында қоғамдық көлікте электронды жолақы төлеу жүйесі мамыр айынан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бұл жүйе AstraPlat, ал көлік картасы - AstraCard деп аталады.
Автобус жолаушысы жол жүру ақысын төлеу үшін картаны кіреберісте орнатылған арнайы жабдық - валидаторға қосады, осы аппараттың көмегімен балансты да тексеруге болады. Электронды карталарды сатып алу және балансты толықтыру үшін кезең-кезеңмен 10 кеңсе ашылмақ, 30 автомат орнатылып, 25 сату пункті іске қосылады. Болашақта аталған желі кеңейтіліп, оны төлем терминалдары жүйесімен және интернет-банкинг порталдарымен интеграциялау көзделген.Жолаушы картаны сатып алуға үлгермеген жағдайда, автобуста жолақысын қолма-қол ақшамен төлей алады. Ол үшін жүргізуші кабинасының жанында QR-коды бар бір реттік билет беретін терминал (жүргізуші консолі) орнатылады.Ал электронды билеттеуге астаналықтарды көбірек тарту үшін икемді тарифтік жүйе қарастырылған - автобуспен көбірек жол жүру жолаушы үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып шықпақ.Сәуір айының соңында көлік карталары азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына таратылмақ. Осы мақсатта 2015 жылы тамыз айында фототіркеу ұйымдастырылып, автобуспен тегін жүретін жолаушылардың мәліметтер базасы құрылған болатын. Карталар берілетін орын мен уақыты БАҚ арқылы қосымша хабарланады.Айта кетейік, қоғамдық көліктерде «AstraPlat» электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізу бір реттік жол жүру билеттердің есепке алынбауы, жолаушылар ағыны туралы мәліметтердің болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерінің кірісті жасыруы сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қазіргі қолайсыз төлем жүйесін жояды. Жаңа жүйе жолаушылар үшін қолма-қол ақшаны қажет етпейтінімен қолайлы болмақ.
Д.Назарбаева ХІІІ Еуразия медиа форумын қорытындылады
Бүгін Астанада ХІІІ Еуразия медиа форумы қорытындыланды. Форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева форум жайлы пікірін айтты.
«ХІІІ Еуразия медиа форумына барлығы 185 БАҚ өкілі қатысты. Оның ішінде - 103 БАҚ Қазақстанның журналистері болса, 82 БАҚ шет елден келді. Форумға бас-аяғы 567 делегат қатысса, оның 250-ге жуығы шетелдік делегат. Арнайы қырыққа жуық спикер шақырып, олардың ақыл-кеңесін тыңдадық»,-деген Д.Назарбаева жаһандық өркениетке қатысты ойын айтты.
«Менің ойымша, қазір әлемдегі қиын процестер өркениеттер арасындағы қақтығыс емес, керісінше, жаһандануға бейімделу процесінің әсері. Бейімделу - өте ұзаққа созылатын, драмаға толы процесс. Сондықтан, бүкіл адамзаттың өркениеті өзара үйлескен, өзара түсінікті және бейбіт жолға түсуі үшін бірнеше ұрпақ алмасуы керек шығар. Менің ойымша, оқшауланбай, өркениеттер арасындағы кедергіні жою керек. Ақпараттық коммуникация мен интернет адамның жақсы өмір іздеуіне мүмкіндік беріп тұрғанда ешбір ел оқшауланып өмір сүре алмайды»,-деді Д.Назарбаева.

Әділбек Жақсыбеков «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелеріне Елбасы атынан алғыс хаттар табыстады
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан партияның белсенді мүшелеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Партия мүшелерін құттықтай отырып, Ә. Жақсыбеков қалалық штабтың сайлауалды науқанда атқарған жұмысын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, елорда басшысы «Нұр Отан» партиясын қолдау бойынша сайлаушылар дауысының 85,18% жинап, Астананың мемлекеттегі ең үздік нәтижеге қол жеткізгеніне тоқталды.
«Бұл маңызды және жауапты жұмыстың объективті қорытындысы. Астанада партияға теңдессіз қолдау көрсетілді. Халық Елбасын және еліміздің қазіргі саяси бағытын құптайды. Адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді Ә. Жақсыбеков.
Азаматтарға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіруге белсенді қатысқан қоғам қайраткерлері, сайлауалды штаб мүшелері, жас белсенділер алғыс хаттармен марапатталды.
Астанада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маусымы ашылды
Бүгін «Гүлдене бер, Туған ел!» жалпыұлттық жастар марафон-эстафетасы басталды. Белсенді жастардың 300 жуық өкілі «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылуына қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Аптасына екі рет еріктілер қаланы тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, ағаш отырғызып, жасыл көшеттерге күтім көрсетеді, сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне тұрмыста көмектесетін болады.
Акцияға «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Жасыл ел» жасағының және студенттік құрылыс отрядтарының өкілдері, ЖОО, колледж студенттері, орта мектеп оқушылары тартылмақ.
- Біздің басты мақсатымыз әр патриотты қаланы абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосуға тарту. «Гүлдене бер, Туған ел!» акциясына жастар өз еркімен қатысады. Қазіргі жастар белсенді, бастаманы қуана қолдай кетеді, тазалықта тұрып, еңбек еткенді қалайды, - дейді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов.
Тұрақты түрде сенбіліктер өткізіледі. Жастар елорда көшелерін, аулалардағы ашық алаңдарды тазартып, ретке келтіреді, сондай-ақ, көгалдандырумен айналысады. Оның үстіне соғыс ардагерлері мен қарт адамдарға қол ұшын созады.
- Осындай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Мен мұны қала алдындағы борышым деп санаймын. Елорданы абаттандыруға үлес қосып, адамдарды қоқыс тастамауға, тазалықты сақтауға, ардагерлерге көмектесуге шақырамын, - дейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Аслан Асылбеков.
Қолайсыз ауа райына қарамастан акция басталып, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 11-ші маусымы ашылған соң жастар іске кірісті - парк аумағын жинап, көшеттер отырғызды.
Айта кетейік, ертең, 23 сәуірде қалада «Таза қала - бақытты қала» жалпықалалқ сенбілігі өтеді.

Елордада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтеді
Бүгін «Жастар» театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XVII қалалық «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты Қазақстан халқы достығының фестивалі басталды. Шара барысында этномәдени бірлестіктер түрлі жанрдағы көркемдік номерлерді көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
«Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелей отырып, негізі қаланғанына 25 жылдан асып кеткен кейбір этномәдени бірлестіктерді ерекше атап өтпекпіз. Бұл Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін елімізде ұлтаралық келісімге және этномәдени қозғалысты дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің белгісі», - дейді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
Фестиваль шымылдығын «Радима» беларусь орталығы ашты. Олар көпшілік назарына вокалдық және би номерлерін ұсынып, өлеңдер оқыды, жас жігітті әскерге шығарып салу салтын көрсетті. Содан кейін Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті. Олар үйлену тойында өткізілетін салт-дәстүрлермен таныстырды.
Екі күннің ішінде «Жастар» театрының сахнасында 22 этномәдени бірлестік өз өнерін ортаға салады. Әр қойылым жарты сағатқа созылады және түрлі жанрлардан көркемдік номерлер көрсетіледі: хор және вокалды топтар, жеке орындау, хореография, дәстүрлі музыкалық-хореографиялық композиция, сондай-ақ, бейнелеу өнері, графика мен қолөнер туындыларының көрмесі.
«Фестивальдың негізгі мақсаты - ана тіліндегі еркін шығармашылыққа жағдай жасау, төл мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпқа деген сүйіспеншілікке баулу, оған құрмет көрсету, мәдени жетістіктерді сақтап, көбейту», - деді Л. Құсайынова.
Ертең сағат 14.00 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін шара жалғасын табады. Қазақстан халқы достығы фестивалінің гала-концерті сағат 18:00 «Жастар» театрында өтеді.


ХІІІ Еуразиялық медиафорум қатысушылары ЕХРО құрылысымен танысты
ХІІІ Еуразиялық медиафорум қатысушылары ЕХРО қалашығын аралады. Делегаттар халықаралық көрменің құрылыс барысымен танысып, алдағы уақытта жүзеге асатын жобалардан хабардар болды, деп хабарлады www.24.kz.
Қонақтарға «болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігі мен барша адамзат үшін тиімді тұстары баяндалды. Жиынға қатысушылардың басым бөлігі бас шаһарымызда өтетін көрмеге жоғары қызығушылық танытып, келер жылы Астанаға келуге ниет танытты.
«Бой көтеріп жатқан сәулет нысандары ерекше әсерге бөлейді. ЕХРО қалашығының жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан адамдар өте талантты. Мен көрмені өз көзіммен тамашалауға міндетті түрде келемін», - деді сәулетші Шани Камине.

Астанада көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр
Осы аптада Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінен Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 60-қа жуық жаңадан шақырылған бозбала жөнелтілді. Жаңадан шақырылғандарға өз туған жерін қорғаған аға буынның ерліктері дәріптелді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
«Ұлы мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша мемлекет қамқорлық көрсетіп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мадақтаймыз және сендер аға буынның даңқты дәстүрінің жалғастырушылары, ізбасарлары болып табыласыңдар. Себебі, отбасыңды, халқыңды қорғау - әрбір ер азамат үшін бастапқы міндет, абыройлы іс. Сендерге әскери антқа адал болып, туған өлкелеріне Отан қорғаушылар ретінде оралуларыңды тілеймін», - деді Астана қаласының ҚІЖД бастығы полковник Талғат Амангелдиев.
Жиын пунктінде жас бозбалаларды жеке тамақтану рационымен қамтамасыз етті және дәстүр бойынша ата-аналары, достары және туған-туысқандары жаңадан шақырылғандарды шығарып салуға келді.
«Мен борышымды өткергім келеді», - деп Астанадан шақырылған Жандос Жандарбек сеніммен айтты. Армияда ең алдымен мінез-құлық түзеледі. Мен жақсы көңіл-күймен конституциялық міндетімді атқаруға бара жатырмын. Отанымыздың су шекарасында қызмет етуге моральдық және физикалық тұрғыда дайынмын деп ойлаймын.
Бозбалалар мен олардың жақындары әскерде қызмет ету олар үшін абыройлы іс екенін атап өтті. Көбісі қуана-қуана Отанға қызмет етуге аттанғалы отыр.

Елордалықтар сенбілік кезінде 16 мың ағаш егеді - Ә.Жақсыбеков
Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков 100 мың астаналықпен бірге жалпықалалық сенбілікке шықты.
«Бүгін қала бойынша 16 мыңнан астам ағаш егіліп, барлық көшелер тазаланатын болады. Бүгінгі сенбілікке шыққан барлық елордалықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Өз қалаңды таза ұстау оның тұрғындарының да зор жауапкершілігі деп білемін», - деген қала басшысы ҚР Ұлттық музей жанындағы саябаққа өз қолымен сібір шыршасын отырғызды.
Айта кетерлігі, сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысуда, соның ішінде 4000-ға жуық кәсіпорын мен ұйым, 200-ден астам денсаулық сақтау және білім мекемесі, 130-дан артық мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар бар. Қалалық коммуналдық қызметтерден 885-ке жуық техника бірлігі тартылған.
Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерін тарта отырып, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылуда.

Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды
Елбасы Астанада өткен «Таза қала - бақытты қала» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев ағаш егу жұмысына қатысып, сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.
«Бір ай ішінде мен жетекші елдер басшыларының бәрімен дерлік кездесу өткіздім. Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтті, оған 50-ге жуық елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары қатысты. Солардың көпшілігімен кездестім. Жақында Ыстамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтті, оған 57 мемлекеттің көшбасшысы қатысты. Олармен де кездесулер болды. Осы іс-шараларда Қазақстанның түрлі мәселелер бойынша ұстанымы мен елде жүргізіліп жатқан реформалар баян етілді. Бұл ретте біздің еліміз бен оның бастамалары туралы бүкіл әлем білетінін атап өткен жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылғанын, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.
«Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қарай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл - елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады», - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.
«Егер әрбір азамат, әсіресе жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды», - деді Мемлекет басшысы.
***
Сенбілік қаланың санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлығы аясында өткізіліп отыр. Оған 4 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымнан, 200-ден аса денсаулық сақтау және білім беру мекемесінен, 130 мемлекеттік мекеме мен ведомстводан және ұлттық компаниялардан 100 мыңнан астам адам қатысты.
Сенбілік барысында 16 мыңдай ағаш егілді. Сонымен қатар Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатымен экологиялық акция өткізілді.
Қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлық 18 сәуірден 18 мамырға дейін жалғасады.



Елордалық көлік полицейлері сенбілікке шықты
Бүгін Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтуде. Осыған орай Көліктегі ІІД басшылығы мен жеке құрамы департаменттің ауласын және іргелес жатқан Затаевич және Есенберлин көшелерін тазартуға шықты.
Оған еліміздің 250-ден аса көлік сақшысы қатысып, ғимарат маңы мен іргелес жатқан екі көшені қыстан қалған қоқыстар мен артық заттардан тазартты, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ағаштардың түптерін әктеумен, қопсытумен айналысты. Осылайша, көлік полицейлері күннен күнге құлпырып, айшықтала түскен Астанамыздың тазалығына сүбелі үлес қосты. Бұл сенбілік көлік сақшыларының қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатындықтарын көрсетті.
«Astana Arlans» «Caciques Venezuela» боксшыларын 9:1 есебімен жеңді
WSB ширек финалының екінші күні қазақстандық «Astana Arlans» клубы «Caciques Venezuela» боксшыларын 5:0 есбеімен жеңді, деп хабарлады Sports.kz.
Азамат Исақұлов (52 келі) Йоэль Финолға ешқандай үміт қалдырмады - 3:0 (48:47, 48:47, 49:46), Закир Сафиуллин (60 келі) Луис Кабрераның қарсыласуының бетін қайтарды - 3:0 (50:45, 50:44, 50:45), Бекзод Халметов (69 келі) Габриэль Маэстреден күштірек болып шықты - 3:0 (48:48, 49:46, 49:46), Арман Рысбек (81 келі) Напек Корбахты шарасыз қалдырды - 3:0 (48:46, 48:46, 48:46), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) екінші раундыда Эдгар Муньосты нокаутқа жіберді.
Сөйтіп, «Astana Arlans» екі күннің қорытындысымен 9:1 есебімен алға озды.

«Алтынға пара-пар парақтар»: Астананың білім ордасындағы 300 қазына
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім бұлағы саналатын әрбір кітаптың тарихы мен тағылым берер бағдары сан алуан болғанымен түйісер тұсы адамзат баласының рухани жан-дүниесін байытып, танымдық ой-өрісін кемелдендіру болары сөзсіз. Қалам арқылы қатталған әрбір парақта шынайы тарихи оқиғалармен қатар қаламгердің қиялынан туған ғажайып дүниенің де оқырман үшін берері мол. Осы ретте ҚазАқпарат өз оқырмандарына Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының Кітап музейінде сақталған қызықты экспонаттармен таныстыру үшін бірегей фоторепортажды жария етуді жөн көрді.
Ең алдымен мұның қаншалықты таңғажайып дүние екендігін сезіну үшін, бірегей туындыларды өз көздеріңізбен көру үшін мына кітапқа зер сала қараңызшы. Бұл кітаптың ғаламшарда не бәрі үш ғана данасы бар. Оның бірі американдық букинистің жеке коллекциясында сақтаулы болса, екіншісі әлемге аты танымал Лувр музейінде тұр. Ал үшіншісі, суреттен көріп отырған кітабыңыз елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапхананың қорында. Бір қызығы, дәл осы кітапты еуропалықтар Париж төріндегі музейден өз көздерімен көріп, тамашалау үшін қалтасынан талай қаржысын қағуға, ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Ал бізде керісінше, жаһандық жауғарға айналған бұл дүниені кезексіз әрі тегін тамашалауыңа мүмкіндік бар. Бірақ...
Бұл кітапты қазақ тіліне аударар болсақ «Парсы, Үндістан, Қытай және Жапонияның түпнұсқа еңбектерінен алынған қытайлық нақыл сөздері кітабы. Аса құрметті суретші Дюк мырза салған, оның құрметіне арналады» («Книга китайских замыслов, извлеченная из оригинальных трудов Персии, Индии, Китая и Японии. Собранная и нарисованная многоуважаемым художником мсье Дюком, посвященная его светлости») деп аталады. Бұл кітапты Франция королі Людовик XV-ке Оңтүстік-Шығыс Азияға сапарлап келген француздық зерттеулер сыйға тартқан екен. Ал ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ақпараттық-мәдени секторының жетекшісі Батырхан Жұмабаев Бұл бірегей туындыны кітапханаға қарапайым оқырмандардың бірінің сыйға тартқанын айтты.
«Оның қанша тұратындығын айтуға да жүрегім дауаламайды. Бұл сауалға жауап беру мүмкін емес сияқты. Шындығын айтар болсақ, тіпті, кітапхананың өзінде бұл дананы сатып алуға қаржы жетпес еді. Біз мұндай сыйлыққа айран-асыр болдық», - деді ол.
Айта кетерлігі, дәл осы кітап кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында сақтаулы тұр. Сөз арасында айта кетерлігі, Ұлттық академиялық кітапханада сақтаулы тұрған 1,5 млн. еңбектің шамамен 20 мыңы шын мәнінде баға жетпес құнды дүние саналады. Ал Кітап музейінде соның 300-і келушілер назарына ұсынылған.
Бұл музей 2014 жылдың 1 желтоқсанында ҚР Тұңғыш Президенті күнінде ашылды. Шара Ұлттық академиялық кітапхананың 10 жылдығына арналған еді. Айта кетерлігі, Қазақстанның арғы-бергі тарихынан сыр шертіп қана қоймай, оны көз алдыңда зерделеуге мүмкіндік беретін ғимарат ішіндегі жайт қара түнектегі (Кітап тікелей күн сәулесін сүймейді, сондықтан бөлмеде үнемі күңгірттік пен тұрақты ауа райы сақталады) ертегі әлеміне жетелейтіндей.
«Біз кітаптың рухани және мәдени құбылыс ретіндегі мән-мағынасын аша отырып, ол жайындағы материалдарды жинаймыз, зерделейміз, сақтаймыз және таратамыз. Сонымен қатар бұл ұлттық электронды кітапхананы қазақстандық мазмұндағы, ең бірінші кезекте сирек кездесетін кітаптармен толықтыра түсуге септігін тигізеді», - деді Б.Жұмабаев.

Музей алты бөлімнен тұрады: «Қазақ жазуы мен кітабының даму тарихы», «Құран, Ислам жайындағы кітап», «ХІх ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы оқулықтар мен оқу құралдары», «Қазақстанда және шетелде шыққан Қазақстан туралы кітаптар (1945-2014 ж.)», «Заки Ахметовтің мемориалдық коллекциясы».

Келушілер үшін қызықты экскурсия күтіп тұр демес те болады. Оның барысында музей қызметшілері Көне Шығыстың ғалмдар мен ойшыларының кітаптарымен, қолжазбаларымен, еңбектерімен егжей-тегжейлі таныстырып, олардың қазақ халқын ағарту ісіне қосқан зор үлесі жайында мол мағлұмат береді. Қазақтың ақын-жазушыларының алғаш рет жарық көрген еңбектерімен таныстырады. Ал біз оқырман назарына сол еңбектердің, қазақ халқына қатысы бар кейбір туындылардың кейбірінің суретін ұсынбақпыз.

Бұл 1892 жылы жылы жарық көрген көне Моңғолияның атласы. Авторы: шығыстанушы-түрколог, археолог әрі педагог, шыққан тегі неміс болғанымен түркі тілі мен халықтарын салыстырмалы түрде тарихи тұрғыда зерттеген алғашқы ғалым Василий Радлов. В.Радлов 1891 жылы Моңғолияға Орхон экспедциясын ұйымдастырып, оған басшылық жасаған еді. Оның барысында орхон-енисей руникалық жазба ескерткіштері табылған болатын.

1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиі негізінде қазақ жазуына реформа жасады. «Жаңа емле» немесе «Төте жазу» деген атауға ие болған қазақ әліпбиі әлі күнге дейін Қытай, Ауғанстан және Иран елдерінде тарихи түрлі жайттарға байланысты қоныс аударған қазақтар арасында кеңінен қолданылады. Бұл ретте айта кетерлігі, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі шетелдегі қандастарға тарихи отандарында орын алып жатқан кез келген ақпаратты жедел жеткізу үшін төте жазу нұсқасындағы сайтын ашқан болатын.

Ұзақ уақытқа созылған пікірсайыстан кейін 1929 жылы қазақ әліпбиі латын графикасына көшірілген болатын. Дегенмен, оның ғұмыры ұзаққа созылмады. Араға 10 жыл салып, яғни 1939 жылы қазақ әліпбиі кирилицаға көшірілді. Осы орайда болашақта Қазақстан латын әріпіне көшер болса, онда біздің жазуымыз мынадай болары түсінікті.

«Жалпы, қазақ халқы оқи алмаған, сауатсыз болған, кеңес өкіметі келгеннен кейін білім алып сауатын ашқан деген пікір жаңсақ», - дейді Б.Жұмабаев. Шынтуайтына келгенде, қазақтардың орыспен қатар шетел әдебиетінен де мол хабары болған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, араға 10 жыл салып қазақ әліпбиі кириллицаға көшірілді. Орыс графикасы негізіндегі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкестендірілген 42 әріптен тұратын жаңа әліпби жобасы 1940 жылы ұсынылды. Сол уақыттан бері қазақтың кітап-журналдары мен газетттері, мектептегі оқу ісі жаңа әліпбиге көшірілген еді.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының алғашқы басылымы «Абай» деп аталды. Ол 1943 жылы оқырман қолына тиді. Ал мына суретте сол кітаптың алғашқы данасының автор қолтаңба қалдырған нұсқасы.

Қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ұланғайыр үлес қосқан ағыртушылардың бірі педагог әрі қаламгер Ыбырай Алтынсарин. Ол ондаған мектеп пен училище, тіпті қазақ қыздарына арналған қыздар училищесінің де негізін қалады. Ол тек қазақ балаларына мектеп ашып қана қоймай, олардың білім алуы үшін сапалы кітаптар жазуға да айрықша ықылас қойды. Ы.Алтынсарин «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздардың орыс тілін оқуына жетекшілік»

Жалпы, бұл музейде автордың қолтаңбасы бар кітаптар өте көп. Б.Жұмабаевтың айтуынша, кітапханада тіпті орыс ақыны Александр Блоктың қолтаңбасы қойылған кітап та бар.

Орыс зерттеушілерінің еңбектері

Музыкант-этнограф Александр Затаевичтің алғашқы еңбектері. Оның 1925 жылы жарық көрген кітабы «Қырыз халқының 1000 әні» деп аталған еді. Дегемен, 1931 жылы жарық көрген басылымда кітап атауы «Қазақ халқының 1000 әні» деп берілді.

Этнограф Л.Ф. Семеновтың бұл кітабы да қазақ халқы үшін қызықты деректерге толы десек артық емес. Бұл басылымды Ақмола округтың музейі жарыққа шығарған. Автор қазіргі елордамыз Астана бой түзеген қаланың тарихи жылнамасы жайындағы сөзді сонау 1830 жылдан бастап қозғайды. Бұл еңбек «100 жылдық материалдар мен жылнамадағы Ақмола» деп аталады. Тарихи ғалымы мол еңбекте Слобода (қазіргі Кенесары көшесінің бастау алар тұсы) елді мекенінің, Қоянды жәрмеңесінің, 1894 жылды су тасынының және қала үшін өзге де өзекті тарихи деректерден сыр шертеді.

Музейдің мақтан тұтар бірегей жәдігерлерінің бірі сирек кездесетін ислам әдебиеті топтамасы десек артық емес. Бірқатар жәдігердің өзіндік қызықты тарихи бар. Мына суретте таңдаланған Құран кітабы 19 ғасырдың дүниесі. Оның музейге осы мекеме қызметкерлерінің бірі сыйға тартыпты. Кітап Самарқанд пен Қазанда діни білім алып, молда болған әкесіне тиесілі екен. 1969 жылы әкесін Қазақстаннан Қабардин-Балқарға қоныс аударыпты. Жылдар-жылжып өтіп, жылымық кезең туған 90-шы жылдарда Әмина апа әкесінің сүйегін тарихи отанына әкелу үшін жат жерге сапар шегіпті. Алайда, жергілікті кавказдықтар молданың сүйегін қызына беруден бас тартқан екен. Өйткені, сол өңірдің ақсақалдары барған жерінде де зор құрметке бөленіп, қылышынан қан тамып тұрған кеңес заманының өзінде, сонау 1970 жылдары 2 мешіт тұрғызып берген молданы жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін қатты құрметтейтіндігін айтыпты. Осылайша, жергілікті тұрғындар Әминаға әкесінің бейітінен бір уыс топырақ пен мына суреттегі кітапты ұстатып жіберіпті.

Сіздердің назарларыңызға тағы бір сирек кездесетін құнды жәдігерді ұсыну мүмкіндігі туып отыр. Кітап музейдің жәдігері саналады әрі кітапхананың сирек кітаптар қорында сақталады. Бұл британдық ғалымдар академиялық ғылымның жаңалығы деп атаған «Құранның тәпсірі» кітабы да бар.
«Жазға қарай біз музейді кеңейтуге ниеттеніп отырмыз. Алматыдағы Кітап музейі жабылды. Оның қоры бізге берілмек. Бізде арнайы келісім де бар. Музейіміз демалыссыз, күнсайын 10-00-ден 18-00-ге дейін тегін жұмыс істейді», - деді ол.
Кітапхана алғаш рет ашылған сәтте оның қорында 200 мыңнан астам кітап бар болатын. Бүгінде оның қорында 1 миллионнан астам бірегей еңбек сақтаулы. Алдағы уақытта оның санын 200 миллионға дейін жеткізу жоспарда.

Елордада апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталды, онда қала тұрғындары отандық өнімдерді төмендетілген бағамен сатып ала алады. «Думан» ОСО алдында елордалық, Ақмола және Қарағанды облыстарынан 150 жуық жеткізуші азық-түлік өнімдерін ұсынады. Ал 29 сәуірден бастап әлеуметтік маңызды тауарларды Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жанынан да сатып алуға болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкелер 8 қарашаға дейін әр жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-18.00 өткізілетін болады. Қазіргі кезде сатып алушылар Ақмола және Қарағанды облыстарынан әкелінген тауарларға өз бағасын беріп үлгерді.
- Біздің отбасымыз үлкен, дүкенге жиі баруға тура келеді. Жәрмеңкеде өнімдер қалалық базарға қарағанда арзанырақ, ал сапасы мен дәмі бірдей, - деді елорда тұрғыны Мария Кондрикова.
Жәрмеңкеде азық-түлік тауарларының 500-ден астам түрі сатылады - ет, балық, сүт пен шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б. Жалпы, 200 тоннадан астам тауар әкелінген.
- Біз әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баса назар аударамыз, олардың бағасы нарықтағыдан 10-15% төмен. Мысалы, қала бойынша картоптың орташа бағасы 65-70 теңге болса, мұнда - 55, қырыққабат - 250 теңге, бізде - 175. Қызанақ пен қияр бағасы 850 және одан жоғары. Ал жәрмеңкеде оны 700 теңгеге алуға болады, - дейді қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Риза Қайкенова.
Оның айтуынша, жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкелері жыл сайын өткізіледі, ал күзде өнім жиналған соң елордада аймақтық жәрмеңкелер маусымы ашылады.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Астанада жол жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 24 сәуірден 15 мамырға дейін Абылай хан даңғылының Мұстафин көшесінен Мүсірепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектелетін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 23-25 сәуірде Арай көшесінің Ғарышкерлер көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
23-25 сәуір аралығында Ғарышкерлер көшесінің Арай көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігіндегі жол жабылады.

«Парвиз» қоғамының өкілі: ҚР халқының бірлігі күні - қазақстандық патриотизм мерекесі
Елордалық «Жастар» театрында «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» Қазақстан халықтары достығының XVII қалалық фестивалінің бірінші күні өтті.
Фестивальдің бірінші күні беларустік «Радима» мәдени орталығы көрермендерге вокалдық, би нөмірлерін ұсынып, жас жігіттерді әскерге шығарып салу рәсімін өткізді.
Театр фойесінде украин, болгар диаспорасының этномәдени бірлестіктерінің халық аспаптар және ұлттық экспонаттарының көрмесі өтті. Бұдан басқа, тәжіктің «Парвиз» қоғамының өкілдері олардың дәстүрінде үйлену тойы қалай өтетінін көрсетті.
Екі күнде «Жастар» театрында 22 этномәдени бірлестік өкілдері өнер көрсетеді. Гала-концерт сенбі өтеді.
«Парвиз» тәжік қоғамының Астанадан өкілі Фарид Сайытғалиев фестивальдің негізгі міндеті - халықтың салт-дәстүрлерін настихаттау, жастарды патритоизмге тәрбиелеу, жұртшылықтың назарын дәстүрді сақтауға, ана тілін білуге аударту екенін атап өтті.
Оның айтуынша, халық бірлігі адамзат тарихында кез келген елдің ең жоғары құндылығы. Сондықтан Қазақстанда халықтардың бірлігі күні 1 мамырда атап өтіледі. Мереке тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал етуде.

Астана полицейлерінің автопаркі отандық көліктермен толықты
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту аясында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметіне Қазақстанда құрастырылған «Peugeot 301» маркалы 35 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары статусқа лайықты және барлық көрсеткіштер бойынша үлгі аларлықтай болуы тиіс», - деді Ә. Жақсыбеков.Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тәртіп сақшыларының, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсеткені үшін қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді. Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІО мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдікпен қала аумағында қосымша полиция пункттерін ашу үшін орынжайлар беріліп жатыр.Астана қаласының әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілді. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері жаңа баспанаға ие болды.Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсетті. Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу.

Испан делегациясы Астанадағы «Тұлпар-Тальго» зауытында болды
24 сәуірде Испанияның Сыртқы істер және серіктестік жөніндегі министрі Х.М.Гарсия-Маргальо бастаған делегация «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ында болды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Астанаға келген делегация құрамында Испанияның сауда палатасының, Өнеркәсіп кәсіпорындары, кәсіпкерлік ұйымдарының конфедерациясы өкілдері бар.
Делегация мүшелері өндіріс орнындағы жұмыс барысымен, шығарылып жатқан өнім түрлерімен, сондай-ақ кәсіпорынды дамыту болашағы туралы жоспарларымен танысты.
«Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның Бас директоры Паскуаль Торрес Дуарте кәсіпорындағы атқарылған жұмыс қорытындысымен таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі таңда осы зауыттан шығарылған 400-ден астам жолаушылар вагондары Қазақстанның болат жолдарында жүйткіп жүр. Соңғы уақытта 16 пойыз жасақталған. 2021 жылға қарай 48 жылжымалы құрам жасақтау жоспарланып отыр.
Испан делегациясы жетекшісінің пікіріне қарағанда, «Тұлпар-Тальго» зауыты табысты қызмет етуде. Әлі де 600 вагон шығару мүмкіндігі бар.
«Қазақстан табиғат байлықтарынның мол қоры бар аса ауқымды территорияға ие. Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енген», - дей келіп Х. М. Гарсия-Маргальо «испан тарабының қазақстандық өндірушілермен темір жол көлігін жасау саласында серіктестігін жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.
«Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт 2011 жылы іске қосылған. Зауыттың қуаты жылына 150 вагон шығаруға жетеді. Вагонның жоба бойынша жылдамдығы сағатына 200 шақырым жол жүруге арналған.
Биылғы жылы өндіріс орны 603 қорабы кеңейтілген, алыс жолдарға лайықталған вагондар шығаруды жоспарлап отыр.

Г. Әбдіқалықова: «Әлем. XXI ғасыр» манифесі үлкен xалықаралық резонанс туғызды
Қазақстан Президенті Вашингтондағы ядролық саммитте жария еткен «Әлем. XXI ғасыр» манифесі үлкен xалықаралық резонанс туғызды және БҰҰ-ның ресми құжаттарының қатарына енгізілді. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
«Әлем. XXI ғасыр» манифесі адамзат тағдырына деген шын алаңдаушылықтан туған болатын. Құжат-парадигма үлкен xалықаралық резонанс туғызды және БҰҰ-ның ресми құжаттарының қатарына енгізілді. Манифест мемлекет басшыларын, әлем елдері мен xалықтарын ядросыз әлем үшін күресті жұмыла жүргізуді үндейді», - деді ол.
Оның сөзінше, Н.Назарбаевтың бастамалары Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасқандығын, кемелдене түскендігін аңғартады. Бұл ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім саясатының жалғасы іспетті. Осы бейбітсүйгіш саясаты арқылы Қазақстан әлем xалықтарының сүйіспеншілігіне бөленуде.
«Қазақстанның сыртқы саясатында қолданып отырған қарым-қатынастарды дамытуы, келісім арқылы дамуға жол ашу ниеті оның ішкі саясатынан да көрінетіндігін байқау қиын емес», - деп атап өтті Мемлекеттік xатшы.

12 елордалық спортшы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алды
Биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға Астана қаласынан 12 спортшы қатысады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Қалалық Спорт және дене тәрбиесі басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта оларға теннисшілер, жүзгіштер мен әйелдер арасындағы күрестен спортшылар қосылып, бұл көрсеткіш артуы мүмкін.
Қазіргі кезде бокстан Қазақстан чемпионы Василий Левит пен әлем чемпионы Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының жүлдегері Флорида Менянова, қазіргі заманғы бессайыстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Елена Потапенко, байдаркамен және каноэмен есуден Азия ойындарының чемпионы Инна Клинова және байдаркамен және каноэмен есуден Азия чемпиондары Зоя Ананченко мен Олег Токарницкий, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев, әйелдер арасындағы күрестен әлемдік жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Жұлдыз Ешімова мен әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада-2012 қола жүлдегері Гузель Манюрова, сондай-ақ, үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.
«Лицензия алғандардың барлығына жаттығу үшін жағдайлар жасалады. Әрқайсысы Спорт федерациясының ұсыныстарына сәйкес жеке бағдарлама бойынша дайындалады. Оларға Астана қаласының әкімдігі Спорт басқармасы, Спорт федерациясы тарапынан қолдау көрсетіледі. Жеңіл атлетика мен үстел теннисі биыл тарихта алғаш рет лицензия иеленіп отыр», - деді қалалық спорт және дене тәрбиесі басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.
Еске сала кетейік, биыл 5-21 тамызда Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Жарыста 206 мемлекеттің спортшылары күш сынаспақ.

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы» өкімге қол қойған болатын.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясы 2016 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен шақырылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген Өкім мәтінінде.

Елбасы ҚХА-ның XXIV сессиясын ашты
Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өз жұмысын бастады.
Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғылыми, шығармашылық және интеллигенция өкілдері қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Алқалы жиын барысында ол халқымыз үшін Ассамблеяның бұл сессиясы тағдыршешті болатындығын баса айтқан еді.
«Ол Ассамблея тарихындағы маңызды кезең болады. Біріншіден, сессияның «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» деп аталатын күн тәртібі Қазақстанды жаһандық трансформация мен экономикалық турбуленттік кезеңінде табысты дамытудың шарты ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын көрсетеді. Екіншіден, сессия барысында 5 институттық реформаның «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытын жүзеге асырудың аралық қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру туралы есебі тыңдалады. Үшіншіден, сессия Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өтеді және бұл тақырып күн тәртібін айқындаушы болады», - деген еді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекет басшысы ҚХА сессиясында этнос өкілдеріне ризашылығын білдірді
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылды.
Елбасы сессия күн тәртібіне тоқтала келе, жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелердің жалпы саны 446, жиынға 427-і қатысып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Елбасы ресми түрде сессияның отырысын ашық деп жариялап, жиын Әнұранның орындалуымен ашылды.
«Биылғы алқалы жиын ең қастерлі құндылығымыз - Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық тойының қарсаңында өтуде. Еліміздің тәуелсіздік тарихы татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісім шежіресі мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та бірлікте дейді халқымыз. Еліміздің әлемге сыйлы, бай да бақуатты мемлекет боулына татулығымыздың тұтқасы - Ассамблея зор үлес қосып келед. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Елбасы сессияны ашу барысында.


ҚХА сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды бастап береді - Н. Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды бастап береді.
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. Сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған болатын.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - біздің Тәуелсіздігіміздің ең асыл құндылықтарының бірі. Осы жаңа қоғамдық институтты бекітуді 1992 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздігіміздің бір жылдығы қарсаңында ұсыныс жасағанымның өзіндік мәні бар. Қазір көпшілік сол кезеңнің қаншалықты күрделі болғанын біле бермейді. Ал сол тұста дүниеге келгендер қазір 25 жасқа толып, ересек адам болды. Олар біздің басымыздан өткергеніміздің көбін білмейді», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірқатар елдерде қантөгістер орын алғанын еске салып, олардың кейбірінде қақтығыстар әлі де жалғасып тұратынын атап өтті.
«Әрине, қатерлер зор болды. Дегенмен, бізге қатысты айтылған ең сорақы болжамдардың барлығы Қазақстанды айналып өтті. Бұл кездейсоқтық емес, біздің мемлекетіміздің нысаналы жұмыстарының нәтижесі болатын. Біз достықты сақтап қалдық. Халықтың ерік-жігері арқасында біз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың тең құқылығы, бірлігі мен келісім жолын таңдадық. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл біздің Тәуелсіздігіміздің жемісі. Ол кез келген қатерлерден жоғары тұрды», - деді Н. Назарбаев.

Жаһандық өркендеу индексінде Қазақстан былтыр 56-орын алды - Мемлекет басшысы
Жаһандық өркендеу индексінде Қазақстан былтыр 56-орын алды. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлім етті. Сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған болатын.
«Өткен 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бұрынғы Кеңестік империяның шикізаттық аграриясынан ХХІ ғасырдағы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қостық. Аға буын өкілдерінің есінде, біз бұрынғы Кеңес Одағы құрамында өмірдің жиынтық деңгейі бойынша ең соңғы орынның бірінде тұрған едік. Бір ғана көрсеткішті атап өткім келеді: 1990 жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 600 долларға әрең жететін еді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13 000 долларға жетіп, 20 есеге артты. Ал жаһандық өркендеу индексі бойынша 142 мемлекет арасында Қазақстан 2015 жылы 56-орын алды», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл - ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
«БҰҰ Адами даму көрсеткіші бойынша Қазақстан тек өткен бір ғана жылдың ішінде өзінің көрсеткішін бірден 14 позицияға жақсартып, 190 елдің арасында 56-орынға шықты. БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Ұйымға мүшелік еткен 24 жылдың ішінде басында жан-жақтан көмек алған Қазақстан енді сол елдерге өзі көмек беретін деңгейге жетіп отыр. Бұл - халықаралық қауымдастық тарапынан берілген жоғары баға. Осындай қысқа кезең ішінде осындай жеңгейге жеткен мемлекеттер саусақпен санарлық», - деді Н. Назарбаев.

Әлемде орын алып отырған қақтығыстардың төркінінде этникаралық, дінаралық жарылыстар жатыр - ҚР Президенті
Әлемде орын алып отырған қақтығыстардың төркінінде этникаралық, дінаралық жарылыстар жатыр. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. Сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған болатын.
«Тәуелсіздіктің жолы оңай болған жоқ, болмайды да. 25 жыл ішінде біз көптеген қиындықты бастан кешірдік, жаһандық, өңірлік дағдарыстарды еңсердік. Бұндай күрделі кезеңді Қазақстан қазір де бастан кешіруде. Әлемдік экономиканың құлдырауы жалғасуда, энергоресурстарды, шикізаттарды, металды, азық-түлікті қоса алғанда негізгі экспорттық тауарларға бағалар төмендеу үстінде. Осының бәрі біздің бюджетімізге, экономиканы қаржыландыруға әсер етпей қоймайды», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы ірі державалар арасындағы қарама-қайшылықтар мен өзара айыптаулардың, санкциялардың өршуімен байланысты геосаяси тәуекелдер де күрт артып отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек, Президент халықаралық терроризм қатері де өсіп отырғанын, көптеген елдер аса қиын жағдайда қалып отырғанын, бірқатар елдер саяси хаосты бастан кешіріп, ондағы қақтығыстар азамат соғысына айналғанын атап өтті.
«Ал ондай ішкі қақтығыстардың түбірінде этникаралық, дінаралық жарылыстар жатыр. Босқындар мәселесі де үлкен проблемаға айналды. Осыған ұқсас жағдайлардың бәрі де болжап болмайтын ХХІ ғасырда да жалғасып жатқаны белгілі. Мен Вашингтондағы жаһандық саммитте де, одан кейінгі Ислам ынтымақтастық ұйымының конференциясында да көптеген мемлекеттер басшыларымен, әлемдік саясаткерлермен кездестім. Бәрінің айтатыны - «дағдарыс, терроризм, босқындар», одан қалса, Украина мен санкция әңгімелері. Ендеше проблема барлық жерде бар. Мен соған байланысты біздің жоспарымызға өмірдің өзі өзгерістер енгізетінін айтқан едім. Бұл солай болып та жатыр», - деді сөз арасында Елбасы Н. Назарбаев.

ҚР Омбудсмені мен ЮНИСЕФ сарапшысы балаларға қатысты сот төрелігін талқылады
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық консультанты Робин Хаармен кездесті.
ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ елдік бағдарламасы шеңберінде іске асырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігі мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы екі құрамдық зерттеуді талқылау кездесудің мақсаты болды. Аталмыш жоба Омбудсмен мен ҚР-дағы ЮНИСЕФ арасында қол қойылған меморандумды дамыту үшін жүзеге асырылуда, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оның әріптестері ретінде болып отыр.
Кездесу барысында Омбудсмен А. Шәкіров Р. Хаардың Омбудсмен офисі мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүзеге асырылған балалықты қорғау бойынша бірқатар жобалар шеңберіндегі сараптамалық жұмысының нәтижелерін оң бағалады.
- Осындай үлгіде әзірленген мектептерде зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша сынамалы бағдарлама Шығыс-Қазақстан облысында сәтті қабылданып, Білім және ғылым министрлігі оны ұлттық деңгейде енгізу мәселесін қарастырып отыр, - деп мәлімдеді А. Шәкіров.
Омбудсмен Р. Хаардың сараптамалық қолдауы Үкімет пен уәкілетті органдарға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасы мен тәжірибесін жетілдіру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
- Біз аталмыш үлгідегі, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі саласындағы жұмысты жалғастырамыз, - деп түйіндеді құқық қорғаушы.
Өз кезегінде, Р. Хаар балаларға қатысты сот төрелігі саласында бар кедергілер мен факторлар кешенін белгілеу маңыздылығына тоқталып, Омбудсмен мекемесімен жобалар шеңберінде бірлесіп жасалынып жатқан жұмыстың тиімділігін атап өтті. Халықаралық сарапшы, атап айтқанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, олардың денсаулықтары мен дамуына озбырлық жасау, сондай-ақ қанау мәселелері бойынша халықаралық стандарттардың қазақстандық заңнамаға имплементтеудің деңгейін жоғары бағалады.
Р. Хаар балалардың құқықтары саласындағы көпшілік таныған халықаралық мамандардың бірі болып табылады және қазақстандық Омбудсмен офисі мен ЮНИСЕФ-тің ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанда балалықты қорғау жөніндегі жобаларды іске асыруға әлденеше рет тартылған еді. Бұл жобалар шеңберінде мектептерде, мемлекеттік интернаттық мекемелерде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау жөніндегі, сондай-ақ балалардың тәуекелді мінез-құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және Қазақстандағы адам саудасына осалдығы жөніндегі зерттеулер жасалынды. Әрбір зерттеудің нәтижесінде Үкіметке, Білім және ғылым министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға Қазақстанда балалар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктерін нығайттыру жөнінде ұсыныстар жолданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Түркітанушы ғалым М.Жолдасбековтің «Дүние, шіркін...» атты әдеби-сазды кеші өтеді
27 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белгілі түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековтің «Дүние, шіркін...» атты әдеби-сазды кеші өтеді.
Әдеби-сазды кешке ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, ақын Жүрсін Ерман, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсенов, Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева, Қорқыт ата атындағы ҒЗИ директорының орынбасары, PhD докторы Нұрболат Бөгенбаев қатысады.
Басқосу аясында Ілия Жақановтың «Дүние, шіркін...» кітабының тұсауы кесіледі. Бұл кітап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған.
М.Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосқан, Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізген. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдаған. Қоғамдық сананы, ғылыми ойлар қорын байытқан «Ежелгі әдебиет нұсқалары», «Асыл арналар», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Жамбыл және оның ақындық ортасы», «Асыл сөздің атасы», «Ел тағдыры - ер тағдыры», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Тоқсан толғау», «Елтұтқа», «Ел тағдыры - ер тағдыры» және басқа көптеген еңбектердің авторы.
Әдеби-сазды кеште Бекжан Тұрыс, Гүлмира Сарина, Ардақ Балажанова, Жанғали Жүзбаев, Гүлзира Бөкейханқызы секілді өнер майталмандары қайраткер ғалымның «Әй, угәй, армандамын Жаратқанға», «Бәйтерек», «Қыз дәурен - Ақбота» секілді әндері мен «Толғау» және «Қосбасар» күйлерін орындайды.
Сондай-ақ Ұлттық музейде «Ескерусіз қалған ескерткіштер» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты мәселелері талқыланды
Елордада қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес түрлері, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мәселелері талқыланып, кездесуге қатысушылар азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне немқұрайлылық танытпауға шақырды.
«1999 жылы ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң әзірлеп, қабылдады. Содан бері сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасы ұдайы жетілдіріліп келеді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин.
Оның айтуынша, департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды күшейтуге, яғни азаматтардың сенім деңгейін арттыруға басымдық беріп отыр, бұл елімізде жемқорлық жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокуратура органдарының да басты міндеті.
«Қазіргі кезде жемқорлықтың бірнеше түрі бар - заңды және заңсыз іс-әрекеттерді жасағаны үшін пара беруден бастап, лауазымды тұлғалардың қатысуымен күрделі операцияларды іске асыруға дейін және т.б. Бірінші тоқсанда құқық қорғау және арнайы органдармен 109 жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы анықталып, тіркелген. Бұрынғыдай қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу және беру жағдайлары жиі кездеседі», - деді Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Берік Мелдебеков.
Сыбайлас жемқорлықтың таралуына азаматтардың өз құқықтары мен мемлекеттік қызметтер ұсынудың тәртібі туралы тиісті дәрежеде хабардар болмауы ықпал етеді.
«Адамдар белсенді азаматтық көзқарасты ұстануы керек, өз-өзіңді қорғап, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздыққа шыдамсыздық таныту керек. Бүгінде азаматтық көзқарасыңды жеткізуге болатын алаңдар көп және кез келген мемлекеттік органға жүгінуге болады. Сайттарға кіріп, өтініш қалдыруға немесе call орталыққа хабарласуға болады. Барлығы азаматтарға жемқорлықпен күресуге көмектесуге дайын», - деді Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюро штабы басшысының орынбасары Дінмұхамед Шермаханбетұлы.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар, жемқорлыққа қарсы тәрбие беру мектептен басталатынын атап өтті. Кездесу соңында қалалық мектептер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында өткен шығармалар мен сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Астанада Чернобыль апатының құрбандары еске алынды
Бүгін Астанада Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және жастар ұйымдарының, Ресей және Беларусь мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар мен құрбан болғандардың туыстары қатысты.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, шара апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталған. Содан кейін ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.
Биыл атаулы оқиғаның орын алғанына 30 жыл толып отыр. Бұрынғы КСРО аумағында орналасқан Чернобыль Атом электр станциясындағы апат салдарынан 150 мың шаршы шақырымға жуық жер радиоактивті элементтермен ластанды. Жарылыс салдарын жоюға 800 мыңға жуық адам қатысты. Сол жылдары 30 мыңнан астам қазақстандық апат салдарын жоюға аттандырылды.
«Апаттың 15 жылдығына байланысты шағын кітап шығардым. Бүгінгі күні апаттың 30 жылдығына байланысты «Өлі қаланың куәгерлері - Очевидцы мертвого города» деген кітапты тарту етіп отырмын. Онда жалпы апаттың тарихы, қазақстандық азаматтардың ерлікпен көрсеткен ерен еңбектері және апаттан кейінгі барлық жақтардан атқарылып жатқан жұмыстары бүгінгі өмір тыныстары баяндалады. Яғни, 15 жыл бойы қолдағы материалдарды жинақтаумен және 2015 жылдың қарашасынан бастап кірісіп, қарашадан бері қарай жазып шықтым», - дейді «Чернобыль одағы» ҚР ЗТҚ төрағасының орынбасары Марат Жүнісбек.
Айта кетейік, «Астана қаласындағы азаматтардың жекелеген санаттарындағы әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқан адамдарға қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер мен басқа да төлемдерді төлеу үшін өтемақылар бөлінуде.
Сонымен қатар, 557 Чернобыль ардагеріне ақысыз тіс протездеу, қоғамдық көліктерде тегін жол жүру, тегін шипажайлық-курорттық ем қабылдау сияқты әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

2 мамырдан бастап «Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында №91/92 «Астана-Қостанай» бағытында жүретін жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының жолға шығатынын хабарлайды.
Пойыз 2016 жылдың 2 мамырынан бастап күнара қатынайтын болады.
Жол бойында аялдайтын бекеттері: Атбасар, Жақсы, Есіл, Құсмұрұн, Тобыл, Железорудная. Пойыз таңғы 09 сағат 15 минутта Астанадан, ал Қостанайдан кешкі 21 сағат 11 минутта аттанады. Жолда жүру уақыты Қостанайға дейін 09 сағат 15 минутты, ал Астанаға дейін 09 сағат 11 минутты құрайды.
«Тұлпар-Тальго» пойызы 27 вагоннан тұрады, оның 2-уі «Гранд», 2-уі «Бизнес», 18-і «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ 2 вагон-ресторан (вагон-бар) мен 3 техникалық вагон бар.
Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

Елордада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай халықаралық конференция мен «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады
Бүгін елордадағы «Көрме» орталығында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, 6-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады.
«Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөнінде өткізіліп отырған 6-шы халықаралық көрме мен конференцияға қош келдіңіздер. Біздің бұл көрмеміз бен конференциямыз дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр. 5 жылдың ішінде 20-дан астам компанияларды осы көрмеде көретін болсақ, бүгінде олардың саны 40-тан асты. Олар өздерінің құрал-жабдықтарын әкелді.Біз қауіпті жұмыс орындарының бар екендігін айтқанбыз. Солардағы еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы ең негізгі мәселе - әрбір жұмысшының қауіпсіздігін сақтайтын құралдармен жабдықтау», - деді жиынды ашқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.Айта кетерлігі, конференция мақсаты кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру. 2 күндік шара барысында өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі, еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып, кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылуда.

Елордада Еске алу аллеясы ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 60 мектеп-лицейі аумағында Еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады.
Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді.

Н.Назарбаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтуде
Бүгін елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңес өтуде.
«Біздің бас қаламыз Астана көз алдымызда елімізбен бірге өсіп-өркендеп келе жатыр. Бүгінде бүкіл жаһанға елордамыз белгілі, көптеген беделге ие болды. Халықаралық сарапшылар Астананы болашақтың қаласы деп айтуда. Біз соған жақындап келе жатырмыз. Еңселі елордамызды барша қазақстандықтар сүйеді, мақтаныш етеді. Біздің еліміздің жаңа сатыға көтерілуінің белгісі болып отыр. Біздің бас қаламыз барлық салада бүкіл еліміздің өңірлеріне үлгі болуы тиіс», - деді кеңесті ашқан Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада бүкіләлемдік халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігін, оған барлық мемлекеттік орталық органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып жатқандығын баса айтты. «Бүкіл ел болып халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Астана қаласының дамуы бойынша елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков баяндама жасауда. Ал ЭКСПО көрмесі мәселелеріне орай «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов баяндама жасайды.

Мемлекет басшысы Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астананың дамуына қатысты жиында мәлім етті.
Айта кетейік, Астана маңындағы сасық иістің ошағы болып табылатын Талдыкөл мәселесі он жылдан бері шешілмей келеді.
«Алты жыл Тасмағамбетов (Иманғали Тасмағамбетов - Астана қаласының бұрынғы әкімі) айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар.
6 млрд. теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса. Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз», - деп атап өтті Президент Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қаратып айтқан сөзінде.
Өз кезегінде әкім, Су сорғыш-тазарту стансасының құрылысы жоспар бойынша жүріп жатқандығын xабарлады. Ә. Жақсыбеков 2017 жылға дейін аталмыш мәселені шешуге уәде етті.

Елбасы: Өткен жылы Астана Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтамасыз етті
Өткен жылы Астана Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтамасыз етті. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Мен қазір ғана салынып жатқан нысандарды көрдім, қарқыны қызу. Белгіленген кесте орындалып жатыр. Күн сайын құрылыс нысандарында он мың адам жұмыс істеуде», деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы көрмені ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен елордамыздың келбетін паш етуі тиістігін баса айтты.
«Ал біздің жетістіктеріміз бар. Өткен жылдың қорытындысында ғана Астана ел өңірлері арасында ішкі өнім өсімінің ең жоғары қарқынына, бес пайыздық деңгейіне қол жеткізіп, 2015 жылы бүкіл Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтамасыз етті. Астаналықтарды бұл жетістіктерімен құттықтауға да болады»,- деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, елордада инвестиция тарту бағытында да айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Жалпы, елорда құрылған күннен бері тартылған инвестиция көлемі 6 трлн. теңгеден асып жығылды. Оның 2 трлн. теңгесі мемлекет бюджетінен бөлінген болатын. Алайда бүгінгі күннің өзінде ел қазынасына салық түрінде 4 трлн. теңге аударылған.
«Яғни, бұл мемлекет жүзеге асырған өте тиімді жоба болып отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, мемлекет шығындаған қаржы бір демде қайтарылды. Бұған қоса, өткен жылы Астана алғаш рет біздің бюджетіміздің доноры болды. 900 млрд. теңге аударылды. Барлық түсімдердің 75 пайызы қала халқының жартысын жұмыспен қамтып отырған шағын және орта бизнес үлесінде. Бұл барша Қазақстан ұмтылатын деңгей», деді Елбасы.

Астанада Көркем гимнастикадан 14-ші Азия чемпионаты өтеді
27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында 14-ші Азия чемпионаты өтеді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Гимнастика федерациясының президенті Үміт Шаяхметова мәлім етті.
Турнирге деке және топтық жаттығуларда шығатын спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Азия құрлығындағы 13 елден 150-ге тарта қатысушы келді.
«Қазақстанға келген спортшылардың өнеріне Корея, Сингапур, Қырғызстан, Малайзия, Жапония, Үндістан мамандары төрелік етеді, Жалпы Азия чемпионатында медальдардың 24 жиынтығы сарапқа салынады»,-деді Ү. Шаяхметова.
Қазақстанның гимнастика федерациясы 1992 жылдан бері жұмыс істеуде. Халықаралық гимнастика федерациясының және Азия гимнастикалық одағының мүшесі. Федерацияның құрамына Қазақстанның 13 аймағынан спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика, акробаттық жолақта және батутта секіруден аккредиттелген 16 аймақтық спорттық федерация кіріп отыр. Гимнастика федерациясы 10 мыңнан астам спортшыға жетекшілік етеді.

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанатын Қазақстан өз күшімен өткізеді
Еліміздің барлық өңірлерінің өнер адамдары ЭКСПО көрмесіне қатысуы қажет. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«ЭКСПО кезіндегі мәдени шаралар Мәдениет және спорт министрлігімен қарастырылды. Біз сонымен қатар Миландағы ЭКСПО-ның ашылу және жабылу салтанатын, таяудағы Анталия көрмесінің ашылуын жіті зерделедік. Бұл шаралар барынша ықшам түрде, ресми бөлігіне баса мән беріле отырып даңғазасыз өткізілгеніне көз жеткіздік. Бұл бізге онша келмейтін шығар. Біз өзіміздің менталитетімізді ескере отырып жақсылап дайындап жатырмыз», -деді кеңес барысында баяндама жасаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов.
«Ашылуын және жабылуын өзіміздің күшімізбен өткіземіз бе?» деп сұрады Елбасы өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ахметжан Смағұлұлы айтқандай, біз қазір әкімдікпен бірлесіп, сценарийін қарастырып жатырмыз. Өте дұрыс айтады, барлығын өз күшімізбен өткізуіміз керек»,- деді министр.
Осы орайда ҚР Президенті көрме өтетін үш ай бойы, күнделікті түрде ЭКСПО көрмесін тамашалауға келетін туристерге мәдениетіміз бен өнерімізді, салт-дәстүрімізді көрсетуіміз қажеттігін баса айтты.
«Қазақстанның барлық өңіріндегі өнер адамдарына сондай алаңдар ашылады. Қуанышты жағдай ғой. Барлық облыстардан, өңірлерден өнер адамдары қатысатын болсын», -деп тапсырды Н.Назарбаев.

Президент Астанада көлік кептелісі мәселесін шешуді тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада көлік кептелістерін шешуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астананың дамуына қатысты жиында мәлім етті.
«Қазірдің өзінде қалада көлік кептелісі қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін. Бұл мәселе пайда болды бізде. Енді осы бағытта жұмыс істеу керек. Егер қазір осы мәселені шешпесек, бірнеше жылдан соң, біздің қалада көліктік коллапс болады. Біздің елордада көлік қоятын орындардың мәселесі шешілмеген. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесі жоқ. Жылдамырақ енгізу қажет. LRT құрылыс баяу жүруде», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Өз кезегінде Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун жеңіл рельсті LRT қоғамдық көлігі Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін салынып бітпейтіндігін xабарлады. Себебі жобалау жұмыстары тек былтырғы жылдың желтоқсанында аяқталған.

ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 млн. еуро демеуші қаржысы тартылады
ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 млн. еуро демеуші қаржысы тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті.
«Бұған дейін қабылданған шараларға қосымша бюджет қаражатын оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл радио байланыс, кеңсе техникасы, тексеру құрал-жабдықтары, серверлік құрал- жабдықтар және аутсорсинг моделін пайдалануға қатысты», деді ол.
Сонымен қатар ұлттық компания басшысы бұл үнемдеулер көрмеге дайындық және оны өткізу шараларына еш теріс ықпал етпейтіндігін баса айтты.
«Тіркеу құжаттамасына сәйкес 147 млн. еуро демеуші қаржысын тарту жоспарланған. Қоғам қазақстандық және шетелдік компаниялармен жүз миллион еуроның шарттар мен меморандумдарына қол қойды»,- деді А.Есімов.

Елбасы Астанадағы жол сапасына қатысты әкімдік басшыларын қатты сынады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астананың дамуына қатысты жиында қалада су арықтарын салуды бұйырды.
Астанада жолдардың 27 пайызы, яғни 4/1-інде асфальт жоқ. Осыған жыл сайын бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді. Жақында ғана салынған жолдар, қазір шұрық-тесік, сапасы сын көтермейді. Бұл жол құрылысы кезінде бақылау жүйесінің жоқтығынан.
Өз кезегінде, Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметов елордада 1 маусымға дейін бүлінген жолдарды жөнге келтірілетіндігін уәде етті. «Қазіргі уақытта 93 учаскеде жұмысты бастап кеттік. Биыл 24 шақырым жол жөнделеді», - деді ол.
«Қалада салынған жол сапасын тексеретін арнайы зертxана жоқ. Содан жыл сайын жолдарың бүлініп жатыр. Неге зертxана жоқ? Басты себептердің бірі - қалада су арықтары жоқ. Мына суретті қараңыз, мынау қай қалада, Астанада ма, әлде өзге жерде ме?», - деп төтесінен қойды Н. Назарбаев елордада былтыр су басқан көшелерді нұсқап.
Ал елорда әкімінің орынбасары бұл жайттың Астанада орын алмағанын, көшелерді су басқан суреттің өзге қалада болғанын айтып ақталды.
«Келесі суретті көрсетіңдер, міне, мынау Тайланд па?! Астана ма, Париж ба?! Келесі слайд, болмады ма бізде? Жаңбырлы күндері сен қалада да жүрмейді екенсің ғой. Ақбұлақ көшесі түгілі, Ақорданың алдындағы Орынбор көшесінде де көліктер қалқып жүрді суда. Республиканың ақшасына 130 теxника сатып алынып, суды сорады. Осы қаражатты су арықтарына, кәріз жүйелеріне жұмсау керек еді?», - деп шүйлікті Президент. - Бұл күлкілі жағдай емес, Астана Венеция емес қой. Су соратын көліктер мәселені шеше ме?!».
Дегенмен Қ. Айтмұxамет тасқын су мәселесі биыл Астананың сол жағалауында толық шешілетіндігін xабарлады. Ал қала бойынша алдағы үш жылда су арықтары мәселесі түбегейлі шешімін табады.

Астанада әлі күнге заманауи такси қызметі жоқ - Н.Назарбаев
Астанада әлі күнге заманауи такси қызметі жоқ. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Әлі күнге дейін заманауи таси қызметі жоқ. «Экотаксиді» алмағанда барлық таксилер ала-құла, таксометрсіз, сыртқы түрлерінің стандарты, бірыңғай киім формасы жоқ. Мұны түзетеміз бе?», - деп сұрады Елбасы қала әкімі Әділбек Жақсыбековтен.
Өз кезегінде қала басшысы бұл мәселемен айналысып жатқандарын, бірақ елімізде такси қызметі реттелмейтіндігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта біз Үкіметпеносы мәселені қарастырудамыз. Реттелетін 300 такси ғана бар, ал бізге шамамен 3 мың керек. Біз бұл мәселені шешеміз, ЭКСПО-ға қарай түзететін боламыз», - деді елорда басшысы.
ҚР Президенті басқа қалалардың барлығында да бұл мәселе шешілгендігін, бірыңғай такси қызметі тек тиімді әрі әдемі ғана емес, сонымен бірге көптеген жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетіндігін айтты.
«Үкіметпен бірлесіп бұл іспен айналысыңыздар. Бұл үшін арнайы әзірленген автомобильдерге сұраныстың артуы отандық автоөнеркәсіп жүктемесінің көбеюіне септігін тигізе алады. Мұндай таксилер жасау тиімді. Бұл тек Астанаға ғана қатысты емес, барлық ірі қалаларда мұны жасау керек», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы жаңадан пайдалануға берілген үйлердің төменгі қабатында балабақшалар ашуды тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан пайдалануға беріліп жатқан үйлердің бірінші қабаттарынан балабақшалар ашуды тапсырды.
«Алдағы жылдары елорданың архитектуралық келбеті жаңарады және жаңа елеулі ғимараттармен толыға түседі. Әуежайдың жаңғыртылуы, теміржол вокзалы, Хореография академиясы, Әбу-Даби Плаза, Жасыл аудан тұрғын үй алабы, Ритс Карлтон қонақ үйі және өзге де нысандар салынады. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, 24 қонақ үй кешені және 15 мың орынға ЭКСПО қалашық салынады», - деп хабарлады Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елорданың дамуына қатысты өткен жиында.
Өз кезегінде, жиынға төрағалық еткен Мемлекет басшысы құрылыс барысында балабақшалардың салынуын көзден таса қылмауды тапсырды. Себебі Астана балабақшамен қамту деңгейі бойынша соңғы орындарда тұр.
«Қыруар тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Бұл үйлердің төменгі қабаттарында балабақша бар ма? Мұнда барлық құрылыс компанияларының басшылары отыр, біз оларға қаражат береміз, несие береміз. Біз ол тұрғын үйлердің ішінде балабақша болуын қарастырып, талап қоюымыз керек. Зәулім ғимараттар салып керек емес. Үй құрылысына рұқсат берер кезде, олардың бірінші қабаттарында балабақша салынуы тиіс деген талап қойыңыздар. Барлық әлемде солай», - деді Н.Назарбаев.

Мамырдан бастап елордалықтар ашық аспан аясында спортпен айналысады
8 мамырдан бастап әр жексенбі сайын Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтары спортпен тегін айналысатын болады. Тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар таза ауада кроссфит пен йогадан жаттығулар жасап, зумба мен т.б. бағыттар бойынша сабақтар өткізеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Әр жексенбі сайын сағат 10.00-13.00 аралығында жаңа спорт түрлерін меңгеріп, би билеуді үйренуге болады. Күш жинап, епті, икемді болғысы келетіндер кеңінен тараған спорттық бағыт кроссфитке қатысады.
Жекпе-жекке әуестер Combat Battle жаттығу жүйесін меңгереді. Айта кетейік, аталған спорт түрі жаңа бастағандар мен дайын спортшыларға да лайық. Сонымен қатар, парк аумағында жүрек қан-тамырлары жүйесін жаттықтыруға арналған Cardio-zone сабақтары өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсерлі биге әуес жандар латынамерикалық ырғақтармен зумба биін билейді.
Fitness Park Astana спорттық-бұқаралық іс-шарасына кішкентай астаналықтар да қатысады. Олар үшін арнайы аймақ жасалады.
Қызықты спорттық бағдарламамен қоса, акцияның барлық қатысушыларына дұрыс және теңгерімді тамақтану жолы таныстырылады.
Ал отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына әр жексенбі сайын музыкалық бағдарламалар тарту етеді.

Құрылыс заңын бұзса прокуратура органдарына жүгіну керек - Н.Назарбаев
Астанада 8 мыңға жуық үлескердің қатысуымен 45 проблемалы нысан пайда болды. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Мен қалада 1 млн. 750 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілгенін айттым, бұл рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, екінші жағынан біз 2008-2010 жылдары қордаланған үлескерлердің проблемасын шешу үшін ұлттық қордан мол қаржыны шығындадық. Алайда, қалада тағы да 8 мыңға жуық үлескердің қатысуымен 45 проблемалы нысан пайда болды. Олар қайдан шығып отыр?», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы елордада өз бетімен салынып жатқан 37 тұрғын үйдің анықталғанын, оның 31-інің құрылысы тоқтатылғанымен қалғанының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Тәртіпке келтіріңіздер. Егер заңды бұзса, прокуратура органдарына жүгініңіздер. Заңнамалық жолмен құрылысқа шектеу қою туралы шешім қабылдасын», - деді Н.Назарбаев.
Астанада қала сәулетіне сай келмейтін ескі және апатты жағдайдағы үйлер толықтай бұзылады - Ә.Жақсыбеков
2016 жылы Астанада 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен елорданың дамуына қатысты жиында хабарлады.
«Биыл біз 2 миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз. Тапсырмаға сәйкес, құрылыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуде, ол: Мың жылдық аллеясы, Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы. Сонымен қатар Астананың архитектуралық келбетіне және жоспарына сай келмейтін, ескі және апаттық жағдайдағы үйлерден толықтай арылу міндеті де бар», - деп атап өтті әкім.
Оның сөзі бойынша, ол қаланың үлкен мәселесіне айналды.
«Елорданың қазіргі заманғы келбетін саманнан салынған, құлағалы тұрған нысандар құртып тұр. Оларды біз қаланың ортасынан да көре аламыз. Сол үшін біз биыл және алдағы жылдары апаттық үйлерден толық арылуды ұйымдастырдық - бұл 228 үй. Осылайша, 3500 отбасы көшіріледі, саяжайлардың барлығы жойылады», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Ә.Жақсыбеков жеке және мемлекеттік балабақша төлемдерін теңестіруді ұсынды
Биылдан бастап жаңа салынатын үйлерде шағын балабақшалар болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Астана жас қала. Орташа жас 35-тен аспайды. Сондықтан жас отбасылар үшін балабақшамен қамтамасыз ету проблема болып отыр. Сондықтан бұл мәселені айтып кеткендіктен тоқталмай-ақ қояйын. Барлық құрылысшыларға қажетті жерде балабақшалардың болуын міндеттеңіздер. Бұл балабақшаларды бөлек салудың қажеті жоқ. Бүгінгі күні жыл сайын 100 тұрғын үй салынғанымен небәрі 25 шағын орталық құрылыпты. Сонда қарастырылмаған да ғой», - деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысына жауап берген елорданың құрылысына жауапты қызметкері салынып жатқан тұрғын үйде балабақша болуы тиіс деген нормативтің жоқтығын алға тартты.
«Ұсыныс енгізіңіздер. Кәрім Қажымханұлы (ҚР Премьер-Министрі) нормативті өзгертіңіздер. Сәйкесінше шешім қабылдайтын боламыз. Заңға өзгертулер енгізу қажет болса, енгіземіз. Осы жылы салынатын үйлерде ондай болуы керектігін бірден көрсету қажет», - деді Н.Назарбаев.
Осы ретте қала басшысы Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда төлемді теңестіру қажеттігін айтты. «Өйткені, қазір мемлекеттікке (балабақшаға) төмен төлем жасалғандықтан адамдар жекеменшік балабақшаларға бармай, кезекке тұрады», - деді қала басшысы.
Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі жылдан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру көлемі артатындығын айтты. «Сол кезде жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар арасындағы төлем теңесетін болады», - деді министр.

Елбасы «Травиата» операсына барды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен «Травиата» операсына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Операның басты орындаушылары - театрдың жетекші солистері - халықаралық конкурстардың лауреаты М.Мудряк пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Бекмұхамбетов.
Қоюшы-режиссер Х.Брокхауз Джузеппе Вердидің әйгілі операсын бірқатар қызғылықты сахналық шешімдер арқылы ұсынды. Сондай-ақ қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов басшылық ететін театр хоры қатысты.

ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы белгілі болды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы белгілі болды.
«Өзіңіз де білетіндей, қазіргі уақытта Қазақстан павильонының тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Сфераның тақырыптың тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы музейі» ретінде ұсынылған. 5 мың шаршы метр алаңды алып жатқан сфералық аймақ болады. Бірінде Қазақстанмен танысуға болса, екіншісі «Жасампаздық энергиясы» аймағы болып бөлінеді», - деді кеңес барысында «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, павильонның бірінші бөлігінде Қазақстанның табиғаты, мәдениет мен тарихы, бүгіні мен болашағы ұсынылатын болады. Бұл жұмыс Мәдениет және спорт министрлігімен бірге жүргізілуде.
Ал «Жасампаздық энергиясы» аймағында отандық ғалымдардың «Жасыл экономика» тақырыбындағы үздік жобалары келушілер назарына ұсынылады. Жобаларды іріктеу жұмысымен Энергетика министрі айналысады.
«Өзіңіз мақұлдаған көрменің басты нысаны сфераның жұмыс құжаттамасы әзірлеушілер бізді сендіргендей 11 мамырда дайын болады. Содан кейін оны нақты жүзеге асыруға кірісеміз», - деді ол Елбасы Н.Назарбаевқа қарата.

Ұлттық музейде «Ескерусіз қалған ескерткіштер» атты фотокөрме ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күніне орай «Ескерусіз қалған ескерткіштер» атты фотокөрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Көрменің ашылуында Ұлттық музей жанындағы"Халық қазынасы" институтының жетекшісі Ақан Оңғар аталмыш шараның басты мақсаты туралы айта келе, қазақ даласындағы құнды сәулет-ескерткіштерді тұтас қоғам болып қорғауға шақырды.
«Бүгінгі көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - ол Қазақстан аумағында табиғи, техногендік және адами факторлардың әсерінен бұзылып жатқан ескерткіштердің қазіргі жай-күйіне көпшілік назарын аудару.Сол арқылы тарихи мұраларға деген қоғам жауапкершілігін арттыру. Кеше ғана біз Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану мемлекеттік мекемесі және Ерейментау аудандық әкімдігімен бірлесіп, осы өңірдегі археологиялық ескерткіштер мен мәдени ландшафтаны қорғау мәселелері бойынша далалық семинар өткізіп келдік. Сондай-ақ халық арасында тарихи ескерткіштерді қорғау мен сақтауға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда арнайы темір іздейтін құрылғымен тарихи орындарды бүлдіріп, қазып кетіп жатқан жағдайлар көптеп кездеседі. Әрине мұндай заңбұзушылықтарға әр бір адам тосқауыл болып, жол бермеуі тиіс», - деді А.Оңғар.
Көрмеге еліміздің әр аймағында түсірілген 50-ге жуық фотоматериалдар қойылған.Олар«Қазреставрация» РММ, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мемлекеттік мекемелерінен және З. Самашев, М. Елеуов, К. Байпақов, А. Бейсенов, Д. Байтілеу,Ғ. Омаров, А. Нұржанов, А. Оңғар, Е. Оралбай, Е. Ақылбек сынды археолог-ғалымдардың жеке мұрағат қорлары мен ғылыми-көпшілік жарияланымдарынан алынды.


ЭКСПО-ға дайындық Астананың ғылыми қоғамдастығын инновациялық жобаларды әзірлеу ісіне белсене қатысуға ұмтылдыруға тиіс - Мемлекет басшысы
ЭКСПО-ға дайындықтың өзі Астананың ғылыми қоғамдастығын көрме тақырыбы аясындағы инновациялық жобаларды әзірлеу ісіне белсене қатысуға ұмтылдыруға тиіс. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Мемлекет басшысы кеңес алдында көрмедегі Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-сауық нысандары орналасатын құрылыс алаңын аралап көрді.
Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселесі мемлекеттің назарында екенін атап өтті.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу елорданы дамытудағы маңызды белес болып саналады. Мен көрменің салынып жатқан нысандарын қарап шықтым. Қарқын өте қарбалас, бірақ кесте орындалып жатыр. Бүгінде құрылыс нысандарында шамамен 10 мың адам жұмыспен қамтылған, - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті өткен жыл қорытындысы бойынша елорданың өңірлік жиынтық өнімінің өсім қарқыны 5 пайызға жетіп, бүкіл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш болғанына және жалпы Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтығанына назар аударды.
Инвестиция тарту тұрғысынан елеулі жұмыс атқарылды. Жалпы, елорданы көшіргеннен бері тартылған инвестицияның көлемі 6 триллион теңгеден асты. Соның 2 триллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді. Бұл ретте қазынаға түскен салық түсімдері қазірдің өзінде 4 триллион теңгеден асты. Бұл - мемлекет жүзеге асырған ең тиімді жоба. Көріп отырғандарыңыздай, мемлекеттің Астана құрылысына салған шығыстары ақталды. Бұған қоса, Астана былтыр бірінші рет бюджетіміздің донорына айналып, 900 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Барлық түсімдердің 75 пайызы қаладағы барлық жұмыс орнының жартысын қамтамасыз етіп отырған шағын және орта бизнестен түсіп жатыр. Бұл - біз бүкіл Қазақстан бойынша ұмтылып отырған деңгей, барлық өңір осы көрсеткішке теңесуі тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы 2015 жылы қалада 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын, жұмыссыздық ел бойынша ең төменгі, 4,7 пайыз деңгейінде екенін атап өтті.
Өткен жылдар ішінде 150 ірі әлеуметтік нысан салынды, жаңа университет халықаралық тұрғыдан мойындалды. Медициналық холдинг базасында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететін заманауи кластер жұмыс істеп жатыр. Оның қызметін былтыр 150 мың адам пайдаланды. Бүгінде елордада ең ұзақ өмір сүру жасы деңгейіне қол жеткізілді. Мәселен, орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 75 жастың шамасында, барлық өңір осы маңызды көрсеткішке ұмтылуы тиіс. Астанада орташа еңбекақы 190 мың теңгеден асады. Біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге жақсы нәтижелермен келіп отырмыз, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қала халқының саны болжам бойынша дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі ашылар кезге қарай 1 миллион адамға жететініне назар аударды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Астананың дамуындағы негізгі түйткілді мәселелерге тоқталды.
Қазіргі уақытта елорда экономикасын нығайту басым бағыт болатыны атап өтілді.
Арнаулы экономикалық аймақ оң ықпалын тигізді. Қазіргі кезде АЭА аумағында аффинажды зауыт, жолаушылар вагонын, локомотив, әскери жабдықтар, жарық диодты және оптикалық құралдар шығаратын кәсіпорындар тәрізді ірі жобалар жүзеге асырылды. Олардағы қазақстандық қамту үлесі 20-дан 50 пайызға дейін барады. Дегенмен, іске қосылған 22 жобаның тек 23 пайызы толық қуаты бойынша жұмыс істеп тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығы мәселесіне тоқталып, инвесторлармен жасалатын меморандумдардың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ жаңадан ашылып жатқан өндірістердің табыстылығына мониторинг жүргізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ жауапты органдарға жер ресурстарының тиімді игерілуін бақылауға алуды тапсырды.
Менің тиісті тапсырмамнан кейін Бас прокуратура мен өзге де органдар тексерулер жүргізді. Пайдаланылмай жатқан 16 мың гектар жер анықталды, енді соны қайтарып алумен айналысу керек. Игерілмеген аумақтар тіпті қаланың орталығында да бар, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Астанадағы іскерлік ортаның ахуалын жақсарту жолдары да сөз болды.
Елордада бизнес үшін қолайлы ахуал қалыптасқан, банктердің бизнеске зор қызығушылығы байқалады. Заманауи сауда орындарын ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге мыңдаған орын бөлу тұрғысындағы жақсы бастама жүзеге асырылып жатыр. Астанада алғашқы болып тек отандық тауарларды сататын сауда орындары ашылды. Алайда қалада, негізінен, кәсіпкерліктің екі түрі - сауда мен құрылыс дамуда. Шағын және орта бизнес инновация саласында тым аз, - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елорданың сауда орындарының елдің солтүстік және орталық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен өзара іс-қимылының нашар екеніне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев көлік инфрақұрылымы жұмысына арнайы тоқталып, ЭКСПО қарсаңында қала үшін мейлінше маңызды нысандар жаңа әуежай терминалы мен теміржол вокзалы екенін атап өтті.

Бүгіннің өзінде үлкен кептелістер қалыпты жағдайға айналды, бұл проблеманы шешу қажет. Егер сауатты түрде жобалаумен қазір айналыспасақ, бірнеше жылдан кейін бізді көлік коллапсы күтіп тұр. Қалада әлі күнге дейін тұрақтар жүйесі ұйымдастырылмаған,қоғамдық көлікте жолақы үшін электронды төлем жасау енгізілмеген, - деді ҚазақстанПрезиденті.
Сондай-ақ жолдар салу мен нөсер жауын жағдайына арналған кәріздер жүргізу сапасына тиімді бақылау жасау жүйесі енгізілу қажеттігі де айтылды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы азаматтардың жайлы жол жүруіне бағдарланған такси қызметі жұмысына бақылау ұйымдастыру ісін қолға алуды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жаңа тұрғын үйлер құрылысының қарқыны қанағаттанарлық екенін, бірақ қалада үлескерлік құрылыс аясында салынып жатқан проблемалы 45 нысан пайда болғанын айтты.
Қазақстан Президенті әлеуметтік саланы дамыту аспектілері арасынан балабақшадағы орынмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, бұл түйткілді тұрғын үйлерден тиісті орындар бөлу арқылы шешуді, жастар үшін спорт нысандарына қолжетімділік деңгейін, орта және жоғары білім сапасын арттыруды, сондай-ақ, әсіресе, медициналық туризм есебінен медицина кластерін дамытуды тапсырды.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, қаланың 7 университетінің бірде-бір ғылыми әзірлемесі жоқ, 6 университетінің бірде-бір авторлық куәлігі, 5-еуінің бірді-бір патенті жоқ екен. Мұндай жайт әлемде жоқ. ЭКСПО-ға дайындықтың өзі Астананың ғылыми қоғамдастығын көрме тақырыбы аясындағы инновациялық жобаларды әзірлеу ісіне белсене қатысуға ұмтылдыруға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаланы одан әрі көгалдандыру, ботаникалық бақ құрылысын салу және гүлзар аймағын жетілдіру қажеттігіне назар аударды.
Сөз соңында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.
Іс-шара аясында Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқармасының төрағасы А.Есімов, энергетика министрі Қ.Бозымбаев, сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Елордада Грациано Аричидің «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі өтіп жатыр
ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Италияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Грациано Аричидің «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Көрменің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова Грациано Аричидің жұмыстары туралы айта келе, олардан алған әсерімен бөлісті.
Грациано Аричи суретші-документалист ретінде тек Италияға ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал өнер иесі. Сондықтан да бұл көрме себепті екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас арта түседі деп сенеміз. Бүгін көрмеге 150-ден астам мазмұны өте бай шығармашылық жұмыстар қойылған. Оның бәрі Грациано Аричидің ең таңдаулы туындылары. Фотосуреттер кез келген адамды қуанышқа бөлеп, ерекше әсер сыйлайды. Сол үшін де авторға үлкен алғыс білдіреміз, - деді А.Райымқұлова.
Италияның Қазақстандағы Елшісі Стефан Раваньян суретші Грациано Аричиді көрменің ашылуымен құттықтай келе, оның өткізілуіне жағдай жасаған Ұлттық музейге алғыс білдірді.
Суретші Грациано Аричиді бүгінгі көрменің ашылуымен құттықтаймын. Осынау шығармашылық жұмыстарға терең үңілсеңіз, керемет күйге бөленесіздер. Өз ісін жақсы меңгерген шебер маманның еңбектері екенін бірден байқайсыздар. Осындай өнер иесінің шығармашылық туындыларын қазақстандықтарға ұсынып отырған Ұлттық музейге үлкен алғысымды білдіремін, - деді С. Раваньян.
Көрме авторы, Италия мәдениетінің ең көрнекті суретшісі Грациано Аричи Астанадан алған әсерімен бөлісіп, қазақстандықтардың қонақжайлығына тәнті екенін жеткізді.
Қазақстанды көптен бері көргім келіп жүрген. Астана қаласы сәулеті жарасқан өте ерекше шаһар екен. Халқы өте қонақжай. Мәдениетті және әркез саған көмектескісі келіп тұрады. Мен әлі де болса осында қалып жұмыс істегім келеді. Ең бастысы мәдениет пен өнерге ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан да авторлық көрмемнің Ұлттық музейде өтіп жатқанына өте қуаныштымын, - деді Г.Аричи.
Айта кетейік, «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі 22 мамырға дейін жұмыс істейді.

Мария Мудряк «Астана Опера» сахнасында итальяндық классиканы орындайды
әлемдегі ең жас дипломды опера әншісі Мария Мудряк өзінің танымал әріптестері - тенор Нұрлан Бекмұхамбетовпен және баритон Евгений Чайниковпен, сондай-ақ «Астана Опера» театрының хор әртістермен және симфониялық оркестрдің талантты музыканттармен «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасына шығады.
Дирижер пультінде Эдди де Надали (Италия). "Итальяндық стилдегі» концерт 3 мамырда Италияның Қазақстандағы мәдениет жылы ауқымында өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
«Мен үшін екі ел де өзінше маңызды, Қазақстанда туып-өстім, бұл менің отаным, ал «Италияда әнші болып қалыптастым, менің ұстаздарым тамаша білім беріп қанаттандырды, қазір мен Еуропаның көптеген театрларының сахнасында өнер көрсетіп жүрмін. Қайда болсам да мен Қазақстанның атынан шырқаймын, бәрі де мені қазақстандық деп біледі», - деді Мария Мудряк.
«Мәңгілік полк» елорда көшелерімен жүріп өтеді
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Мәңгілік полк» кең ауқымды акциясы өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Шеруге әскер мен флот ардагерлерінің, партизандардың, астыртын жұмыс істегендердің, тойтарысқа қатысқандардың, тыл еңбеккерлерінің, концлагерь тұтқындарының, қоршауда болғандардың және «соғыс балаларының» туыстары қатысады.
Қатысушылар 9 мамырда сағат 12:00 «Astanamall» СОО жанына жиналады. Шеру сағат 13:00 Тәуелсіздік даңғылының бойынан басталып, «Отан Қорғаушылар» монументіне дейін жалғасады. Сондай-ақ, монументке гүл қою салтанаты өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 1,8 км құрамақ.
2012 жылы тарих факуьтетінің студенті Аида Баймақова Астана қаласы мен Ақмола облысы кәсіподағының бұрынғы төрағасы Анна Шевчукпен бірге елордада да осындай шеру ұйымдастыруды қолға алды. Бір жылдан кейін Астана қаласы «Мәңгілік полкі» кеңесін құру туралы шешім қабылданды.
«Бұл коммерциялық емес, саяси емес, мемлекеттік емес бастама, бұл аталары мен әкелеріне тағзым етпек болған соғысқа қатысушылардың ұрпақтарының ұсынысы. Өткен жылы акцияға 1,5-2 мың адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш 3-5 мыңға жетед деп күтілуде», - деді А. Баймақова.
Қажетті транспаранттар мен суреттерді әр отбасы өзі дайындайды, шеруге кез келген адам қатыса алады, портреттің қажетті өлшемдері белгіленген. Полктің Астанадағы Үйлестіру кеңесі маршты ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ, кеңес арқылы ардагерлермен байланысып, оларға қандай да болмасын көмек пен қолдау көрсетуге болады.
Айта кетейік, алғаш рет акция Астанада былтыр 8 мамырда ұйымдастырылды. «Мәңгілік полк» акиясы әлемнің 620 қаласында өткізіледі, оған 10 астам мемлекет қатысады, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Израиль, Украина, Моңғолия, Эстония, жақында бұл тізімге Канада мен Оңтүстік Корея қосылды.
Акцияға қатысу бойынша қосымша ақпарат алу үшін +77016832383 телефонына хабарласуға болады.


Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі. Бұл туралы бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хамид А.Опелойеру мәлім етті.
«Бұл жиында біз ұйымның атқарушы кеңесін құрдық. Ол жылына кемінде бір рет Астанада өтетін болады. Өйткені, Астана бұл ұйымның штаб-пәтері саналады. Ал енді ұйымның Бас ассамблеясына қатысты айтар болсам, ол да жылына бір мәрте бас қосады», - деді ол.
ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары да Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бюджеті қатысушы елдердің жарнасы есебінен қалыптастырылатындығын атап өтті.
«Ұйымның атқарушы кеңесіне Түркия, Сауд Арабиясы, Бангладеш, Буркино-Фасо, Қазақстан, Судан, Нигерия және хатшылық бас директоры кіреді. Олардың барлығы 3 жылға сайланады», - деді Х.А.Опелойеру.

К.Мәсімов Астанада АҚИҰ Бас ассамблеясының құрылтай сессиясы аясында бірқатар кездесулер өткізді
Бүгін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысу аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохаммад Әли Әл Маданимен келіссөздер барысында екі жақты және көп жақты қаржы-инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. К.Мәсімов А.Әлиге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Тараптар өзара іскерлік қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделіліктерін білдірді.
Сондай-ақ К.Мәсімов Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ияд бен Әмин Маданимен кездесті.
К.Мәсімов пен И.Мадани Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру ИЫҰ қатысушы елдердің өзара ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге шығарады деген пікірге келді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ислам қауымдастығы дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынастарды нығайтуға дайындықтарын білдірді.


Астанада 30 мыңнан астам балаға екпе жасалды
24 сәуірден бастап елордада Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында дәрігер-эпидемиологтар ЮНИСЕФ қорының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерімен, сондай-ақ, дін мәселелері жөніндегі мамандармен кездесті. 30 сәуірге дейін созылатын кездесу барысында талқыланған басты мәселе иммундау проблемаларын жоюға бағытталды.
Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, шарада Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сархат Бейсенова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Ақмарал Құрманбаева, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сөз сөйледі. Жыл сайын бір жасқа дейінгі және жасөспірім балаларға екпе жасатудан бас тартатын ата-аналар саны артып келеді. Астанада 2016 жылдың І тоқсанында 38 157 бала егілді, ал 27 бүлдіршіннің ата-анасы вакциналаудан бас тартты. Ал өткен жылы 30 853 бала егілсе, 40 баланың ата-анасы иммундаудан бас тартты. Елордада жаңа туған сәбилерге екпе жасатпаған ата-аналар саны 2% жуықтады. Биыл 7346 сәби дүниеге келсе, оның 133-і егілген жоқ, бұл 1,8% құрайды. 2015 жылы жаңа туған 6665 нәрестенің 129-ы екпе жасатпады, бұл 1,9% құрады.
Медицина қызметкерлерінің пікірінше, қалыптасқан жағдайға негізінен жанама әсерлерден қорқу және вакциналардың сапасына деген сенімсіздік себеп болып отыр. Қазіргі кезде екпе жасатудан бас тартқандар санын азайту мақсатында елордалық дәрігерлер кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрігерлердің міндеті - ақпараттық кемшіліктерді жою және балалар мен жасөспірімдерді аса қауіпті инфекциялардан сақтап қалу.

Биылғы жылдың мамыр айында Астанадан Оралға «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайды
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін ҚТЖ Астанадан Оралға РФ-мен шекарада тексеру жүргізілмейтін Тұлпар-Тальго» пойызын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму бойынша комитетінің көшпелі отырысында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның вице-президенті Берік Қамалиев хабарлады.
«Проблема ресейлік тараптың пойыздардың РФ аумағында транзитпен тексерусіз жүруіне рұқсат бермегенінде болған. Қазіргі кезде ресейлік пойыздардың 16 жұбы осындай кестемен Қазақстан арқылы өтіп жатыр, және өткен жылдың қараша айында біз Ресей үкіметіне кейбір учаскелерде пойыздардың өзара тексерілуін жүргізу ұсынысын жасадық. РФ Көлік министрлігі қаулы жобасын іске қосты, ол арқылы екі қазақстандық пойыздың Илецк, Орал стансалары арқылы тоқтаусыз және кедендік шектеулерсіз өтуіне рұқсат берілген. Мамыр айының соңына дейін екі пойызды іске қосуымыз тиіс», - деп хабарлады Берік Қамалиев.
ҚТЖ вице-президенті Оралға «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүретінін атап өтті.

1 мамыр күні Астанада өтетін мерекелік шаралар
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараларға белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн сайын қалада жаңа мерекелік инсталляциялар пайда болып, сахналық алаңдар орнатылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шара «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Мерекелік концертте 450 жуық әртіс пен шығармашылық ұжым өнер көрсетпек. Этномәдени бірлестіктердің 300 астам өкілі халықтық серуенге қатысады. Бұл күні әрбір этномәдени ұйымы ұзындығы 50 метрлік мерекелік дастарқанға өзінің ұлттық тағамын қояды.
Көпшілік назарына Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Халықтық серуен өтетін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда мерекелік сауда, түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мәдени және спорттық шаралар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте де өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында қалалық мәдениет мекемелерінде де түрлі іс-шаралар (концерттер, спектакльдер, көрмелер) өткізіледі.
Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған жеке бағдарлама әзірледі. Кешке сағат 20.30-23.00 қалалық алаңда танымал «Формат» тобының Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерейтойлық концерті өтеді.
Сонымен қатар, Отан қорғаушы күніне және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Астанада жұмыссыздар жол жөндеуге тартылады
Елорданың жұмыссыз тұрғындары астана көшелеріндегі жолды жөндеу жұмыстарына тартылады, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы. Атап айтқанда, жұмыссыз тұрғындар Иманбаева, Мұстафин, Отырар, Нәжімеденов, Абылай хан даңғылы бойынша жол жөндеу жұмыстарына қатысады.
Жөндеу жұмыстарына Астанадан барлығы 137 жұмыссыз тартылады. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында биыл аталмыш көшелерде орташа жол жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Тек «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының көмегімен биыл Астанада жұмыссыздар күшімен елорданың 55 әлеуметтік нысаны жөнделгенін атап өткен жөн, олар: балабақша, мектеп, аурухана. Барлығы 1133 жаңа жұмыс орны құрылады, олардың 50 пайызын қаланың жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жұмыссыздар құрайды.

Елордалық көліктер газбен жүретін болады
Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында елорданың экологиялық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды. Отырыс барысында қаралған басты мәселе көліктерді газбен жүруге көшіру болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Исаевтың хабарлауынша, қалада тұрақты түрде қоршаған ортаға талдау жүргізіледі. Жалпы алғанда, Астананың ауа бассейні жағдайының көрсеткіші халықтың тіршілік етуіне экологиялық қолайлы және республика бойынша өңірлер бөлінісінде атмосфералық ауаның ластануы жағынан ең төмен деңгейді құрайтын бірінші топқа жатады.Астанада атмосфераға шығарылатын лас заттардың мөлшерін азайтуға баса назар аударылады. Жыл басынан бері 1316 жүргізуші жазаға тартылды.- Жылжымалы құралдардан шығарылатын лас заттардың мөлшерін қысқарту мақсатында қалалық көлік инфрақұрылымы жақсартылуда, орамдар, жаңа автомобиль жолдары салынып, қазіргі көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының барлығы қозғалыс қарқынын, қиылыстарда көліктердің тұрып қалуын, сәйкесінше, атмосфераға шығарылатын лас заттар мөлшерін азайтуға жол ашады. Айта кетейін, ауа сапасын арттыру үшін ведомствоға қарасты коммуналдық кәсіпорындардың 2965 көлігі газбен жүретін болады. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша коммуналдық кәсіпорындардың 318 машинасы газ отынына ауыстырылды, - деді Сәкен Исаев.Мұнымен қоса, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жеке меншікті көліктерді газбен жүруге ауыстыруға 1440 келісім берген. С. Исаевтың айтуынша, дизель мен бензинге қарағанда, газ отыны арзанға түседі.

Зияны тиіп жатса, жерді қайтарып алуға заңды құқығымыз бар - Жер қатынастары басқармасы
Жалға алушының жер құнарына зияны тиіп жатса, жерді қайтарып алуға заңды құқығымыз бар. Бұл туралы бүгін дөңгелек үстел барысында «Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Айдын Молдағалиев мәлім етті.
Оның мәлім еткеніндей, жер шетел азаматтарына сатылмайды. Ол тек, ҚР азаматтарына берілетін құқық. Шетелдік азаматтар жерді ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін 25 жылға жалға ала алады. Дегенмен мақсатсыз пайдаланса немесе экологияға, жердің құнарына зиян келтіретін болса, ол жерлер мемлекетке мәжбүрлі түрде қайтарылады.
«Одан қорқатын ештеңе жоқ деп ойлаймын, себебі жерді мақсатты пайдалануын, заңды бұзбауын қадағалайтын нақты құзырлы органдар. Жердің сапасы, құнары түсіп кетсе, оны заң аясында жазалайтын шаралары болады. Кейін оны заңды түрде, мәжбүрлі түрде қайтарып алуымызға да болады. Егер зияны келіп жатса, ондай құқығымыз бар», - деп атап өтті А.Молдағалиев.Айта кетейік, Ұлт Жоспары 100 нақты қадам шеңберінде 35-36 қадамдарын жүзеге асыру масатында Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Жер Кодексінің жаңа нормалары былтыр қараша айында қабылданды. Ал 2016 жылдың 1 шілдесінде ол қолданысқа енеді. Ол бойынша, ауыл шаруашылығына арналған жерлер ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына жекеменшікке аукцион арқылы сатылады. Ал шетелдік азаматтарға тек 25 жылға жалға беріледі. Ол еліміздің ауыл шаруашылығына шетелдік инвестициялар тартып, Қазақстанның өнімдерін молайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары да ашылады. Жер учаскесін оның кадастрлық құнынының 50 пайызынан төмен сатуға рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігіндегі жалда тұрған жер учаскелерін сатып алу үшін жеңілдіктер беріледі. Аталған норма қазіргі жер пайдаланушылардың мүдделерін ескереді. Бұрын оларға берілген ауыл шаруашылық жер учаскелері жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін, жеңілдік бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық беріледі, яғни жердің кадастрлық құнының 50 пайызы мөлшерімен 10 жыл мерзімге дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Астанада түлектерге гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмыс табуға көмек көрсетіледі
Ертең, 30 сәуірде елордалық жастарға гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Астанада осы бағыттағы алғашқы бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, жастарға 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салалық бос орындар жәрмеңкесі алғаш рет наурыз айында техникалық мамандықтар бойынша өткізілген болатын. Әрбір жұмыс беруші жастарға 5-тен артық бос жұмыс орнын ұсынды.
Бұл жолы бейінді жәрмеңкеге 40-тан астам елордалық жұмыс беруші қатысады. Бұл жастар үшін гуманитарлық саладағы бос жұмыс орындарын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей байланысудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.
Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер 30 сәуірде сағат 10.00-нан 13.00 дейін М.Өтемісов атындағы оқушылары сарайында кездеседі.
Жәрмеңкенің мақсаты - жоғары оқу орындары мен колледж түлектері мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға тиімді көмек көрсету. Алдағы уақытта Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КМУ басқа салалар бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлар отыр. Олардың бағыты нарықтағы сұранысқа қарай белгіленбек. Айта кетейік, «Астана жастары» кеңінен тараған мамандықтарға да мониторинг жүргізеді.

Астанада «Көшпенділер айқасы-7» ММА турнирі көрерменге нағыз шоу сыйламақ
30 сәуірде Астанада жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері тағатсыздана күткен шоу өтеді. Бұл ММА аралас жекпе-жектен 4-і Қазақстан чемпионаты мен «Көшпенділер айқасы-7» кәсіпқойлар турнирі. Асыға күткен айтулы дода барысында көрермендер қазақстандық ең үздік жауынгерлердің өнерін «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жолғы чемпионаттың бұрынғыдан басты ерекшелігі - жекпе-жекке жергілікті чемпиондар қатысып, шетелдіктерді шақыру идеясынан бас тартылған. Осыған орай, Астанада Қазақстанның танымал жекпе-жек клубтарының өкілдері өзара кездесетін болады. Ал «Көшпенділер айқасы-7» турнирінің басты тартысы «Kazakhstan MMA TOP TEAM» командасынан Шавкат Рахмонов пен «Alash Pride» клубынан Әділ Боранбаевтың жекпе-жегі болмақ.
«Біз алаңға барлық қазақстандық клуб өкілдерінің кіл күштілерін шығарғалы отырмыз. Ал 7-і көшпенділер айқасы ММА қолдауы аясында өтеді. Бұл ММА бойынша Қазақстанның аралас жекпе-жегінің төртінші чемпионаты. Жекпе-жек өнерінің дәл осы түрі елімізде қарқынды түрде дамып келеді», - деді Қазақстан ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким.
Айта кетерлігі, бүгін турнирге қатысушылар салмақ өлшесіп, бетпе-бет жүздесіп, қол алысты.
Еске сала кетейік, ММА аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионатының финалы мен «Battle of Nomads-7» халықаралық кәсіпқойлар турнирі 30 сәуірде сағат 16.00-де «Барыс-Аренада» өтеді.

Санкт-Петербор ортопедтері астаналық хирургтарға шеберлік дәрісін өткізді
Дүйсенбіден бері №2 қалалық балалар ауруханасында Санкт-Петербордан келген ортопед дәрігерлер астаналық әріптестеріне шеберлік дәрісін өткізуде. Хирургтар қолы мен аяғының дамуында туа біткен ауытқушылығы барбір жасқа дейінгі және одан асқан балаларға ота жасайды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Шеберлік дәрісі хирургтардың бірлескен консультативтік қызметі түрінде ұйымдастырылды, бәрі бірге науқастарды тексеріп, дұрыс емдеу бағдарламасын таңдайды. Операциялық бөлмеде де бірге жұмыс істейді, ота жасау барысында процесс туралы егжей-тегжейлі айтылып, көмек көрсетіледі. Оның үстіне, қол жеткізген нәтижелер талқыланады.
«Ең бастысы - белгілі бір принциптерді үйрету. Өйткені, отаны барлығы бірдей жасайды. Бірақ жазу бір, ал істеу басқа. Адамдар отаның қалай жасалатынын көргенде, оны есінде сақтайды, бұдан кейін тек уақыт пен жеке тәжірибе ғана қажет», - дейді дейді Г.А.Альбрехт атындағы Санкт-Петербор қаласының медициналық-әлеуметтік сараптаманың ғылыми-тәжірибелік және мүгедектерді оңалту орталығының бас директоры Игорь Шведовченко.
Бұрын ата-аналар балаларды емдеу үшін ақша жинап, Ресейге баратын. Енді біз мұны өз қаламызда жасай аламыз. Астаналық хирургтар оқудан өтіп, үздік ресейлік әріптестерінің тәжірибесін үйреніп, біліктілігін арттырып, өз бетінше операция жасауға ниетті.
«Әр адам оң нәтижені әртүрлі елестетеді. Бұрынғы пациенттерімнің арасында паралимпиада чемпиондары көп. Адамдар үшін бұл үлкен жетістік. Біз қалыптасқан жағдайды түзете алмаймыз, бірақ адамды қоршаған ортаға бейімдеп, адам тағдырын өзгертіп, оның өмір сүру сапасын арттыру қолымыздан келеді», - дейді И. Шведовченко.
Жыл сайын аяғы мен қолының туа біткен ауытқушылықтары бар балалардың саны ұлғаяды. Өткен жылы Астанада 160 нәресте түрлі кемістіктермен дүниеге келген, соның ішінде алтауының қолы дұрыс дамымаған. Биыл қолы мен аяғының туа біткен ауытқушылықтармен 52 бала дүниеге келсе, оның алтауының қолында шағын ауытқушылық бар.
Астанада әскерге аттанған жастарды салтанатты түрде шығарып салды
Бүгін елордада «Әскерге бару - азаматтық парызым!» ұранымен Қарулы Күштерінің қатарына жаңадан шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қызмет етуге аттанатын 52 елордалық шақырылушы әскери ант қабылдағаннан кейін еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша жауапты тапсырмаларды орындауға аттанады.
«Балаларымыз біздің басымыздан өткен сұрапыл соғысты көрмесін деп тілеймін. Ант қабылдайтын бозбалаларымыз лайықты қызмет етіп, жауынгерлік даярлық бойынша білімдерін жетілдіре түссін», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев. Барлық үміткерлер қатаң іріктеуден өтті. Шақырылушылар жоғары моральдық-іскерлік қасиеттерге ие, орташа немесе жоғары білімі, бойлары мен дене салмақтарының аражігі қалыпты.
«Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шақырылатын барлық шақырылушыларды жөнелтер алдында біз жиын пунктінде оларды әрі қарай қызмет өткерулері үшін әскери киіммен және барлық қажеттімен қамтамасыз еттік. Әскери бөлімдерде тәжірибелі офицерлер сарбаздарды әскери міндеттің бастапқы іліміне оқытып қана қоймай, олар үшін жаңа жағдайда бейімделулеріне көмектеседі. Бүгін шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шарасында жаңадан шақырылғандар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерінен бата алды», - деді Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Ғани Артықов.
«Менің ойымша әскерде қызмет ету - еліміздің әрбір азаматының міндеті және абыройы. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына түскеніме өте қуаныштымын. Барлық бозбалалардың атынан өз Отаныма адал және мүлтіксіз қызмет етемін деп ант етемін», - деді шақырылушы Ардақ Әркенов. «Көктем-2016» шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу дәстүрге айналды. Жаңадан шақырылғандар үшін экскурсия өткізілді. Онда олар Қазақ хандығының құрылуы, Қазақстан тарихының кеңес уақыты мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бірегей әскери экспонаттармен, сондай-ақ атыс қару-жарағымен, әскери-әуе және әскери-теңіз керек-жарағымен ұсынылған қазіргі уақыттағы жәдігерлермен танысты. Осы атаулы күнмен шақырылушыларды құттықтауға туған-туысқандары мен жақындары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар, Қарулы Күштерінің ардагерлері, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілері мен әскери-патриоттық клубтардың қатысушылары келді.

Балабақша ашуға басымдық беріледі - Апталық шолу
Осы аптаның басында елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Бейбітшілік пен келісім сарайында ұйымдастырылған шараға 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғылыми, шығармашылық және интеллигенция өкілдері болды.
Атап айтқанда, ҚХА-ның осы сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды бастап береді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - біздің Тәуелсіздігіміздің ең асыл құндылықтарының бірі. Осы жаңа қоғамдық институтты бекітуді 1992 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздігіміздің бір жылдығы қарсаңында ұсыныс жасағанымның өзіндік мәні бар. Қазір көпшілік сол кезеңнің қаншалықты күрделі болғанын біле бермейді. Ал сол тұста дүниеге келгендер қазір 25 жасқа толып, ересек адам болды. Олар біздің басымыздан өткергеніміздің көбін білмейді», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірқатар елдерде қантөгістер орын алғанын еске салып, олардың кейбірінде қақтығыстар әлі де жалғасып тұратынын атап өтті.
«Әрине, қатерлер зор болды. Дегенмен, бізге қатысты айтылған ең сорақы болжамдардың барлығы Қазақстанды айналып өтті. Бұл кездейсоқтық емес, біздің мемлекетіміздің нысаналы жұмыстарының нәтижесі болатын. Біз достықты сақтап қалдық. Халықтың ерік-жігері арқасында біз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың тең құқылығы, бірлігі мен келісім жолын таңдадық. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл біздің Тәуелсіздігіміздің жемісі. Ол кез келген қатерлерден жоғары тұрды», - деді Н. Назарбаев.
Ең маңыздысы - сессияда «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі қабылданды. Осы маңызды құжаттың көптен бері дайындалып, дәл биылғы мейірлі жылда қабылдануы айрықша маңызға ие.
«Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық. Патриоттық акт - халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы. Құжаттың әрбір тармағы халқымыздың жүрегіне берік орын аларына сенемін»,- деді Президент.
Патриоттық актіде көрсетілген барлық мәселелер қазақ халқының көкейінде жүрген, ата-бабамыздың көкейінде жүрген ойларды қамтып отыр.
«Сондықтан еліміздегі басқа ағайынымызды, біздің басқа азаматтарымызды осыған баулу үшін, түсіндіру үшін барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Патриоттық акт - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңдіру - біздің парызымыз. «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтарын, бірлікті бәрінен биік қоятын біртұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», - деп атап өтті Елбасы.
Астана көлік кептелісімен күреседі
Бұл аптаның ортасында елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада бүкіләлемдік халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігін, оған барлық мемлекеттік орталық органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып жатқандығын баса айтты. «Бүкіл ел болып халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.
Бұдан бөлек, Президент шаһардағы көлік мәселесіне тоқталып, көлік кептелістерін шешуді тапсырды. «Қазірдің өзінде қалада көлік кептелісі қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін. Бұл мәселе пайда болды бізде. Енді осы бағытта жұмыс істеу керек. Егер қазір осы мәселені шешпесек, бірнеше жылдан соң, біздің қалада көліктік коллапс болады. Біздің елордада көлік қоятын орындардың мәселесі шешілмеген. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесі жоқ. Жылдамырақ енгізу қажет. LRT құрылысы баяу жүруде», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Баяндама жасаған Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков алдағы жылдары елорданың архитектуралық келбеті жаңарады және жаңа елеулі ғимараттармен толыға түсетінін жеткізді. Әуежайдың жаңғыртылуы, теміржол вокзалы, Хореография академиясы, Әбу-Даби Плаза, Жасыл аудан тұрғын үй алабы, Ритс Карлтон қонақ үйі және өзге де нысандар салынады. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, 24 қонақ үй кешені және 15 мың орынға ЭКСПО қалашық тұрғызылады.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы құрылыс барысында балабақшалардың салынуын көзден таса қылмауды тапсырды. Себебі Астана балабақшамен қамту деңгейі бойынша соңғы орындарда тұр.
«Қыруар тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Бұл үйлердің төменгі қабаттарында балабақша бар ма? Мұнда барлық құрылыс компанияларының басшылары отыр, біз оларға қаражат береміз, несие береміз. Біз ол тұрғын үйлердің ішінде балабақша болуын қарастырып, талап қоюымыз керек. Зәулім ғимараттар салып керек емес. Үй құрылысына рұқсат берер кезде, олардың бірінші қабаттарында балабақша салынуы тиіс деген талап қойыңыздар. Барлық әлемде солай», - деді Н.Назарбаев.
Жиын барысында ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы айтылды.
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан павильонының тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Сфераның тақырыптың тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы музейі» ретінде ұсынылған. 5 мың шаршы метр алаңды алып жатқан сфералық аймақ болады. Бірінде Қазақстанмен танысуға болса, екіншісі «Жасампаздық энергиясы» аймағы болып бөлінеді.
Павильонның бірінші бөлігінде Қазақстанның табиғаты, мәдениет мен тарихы, бүгіні мен болашағы ұсынылатын болады. Бұл жұмыс Мәдениет және спорт министрлігімен бірге жүргізілуде.
Ал «Жасампаздық энергиясы» аймағында отандық ғалымдардың «Жасыл экономика» тақырыбындағы үздік жобалары келушілер назарына ұсынылады. Жобаларды іріктеу жұмысымен Энергетика министрі айналысады.
«Өзіңіз мақұлдаған көрменің басты нысаны сфераның жұмыс құжаттамасы әзірлеушілер бізді сендіргендей 11 мамырда дайын болады. Содан кейін оны нақты жүзеге асыруға кірісеміз», - деді ол Елбасы Н.Назарбаевқа қарата.

«Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуы өтті
Осы аптада Алматы облысының Заречное кенті маңында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы «Бүркіт» Жауынгерлік және Әдістемелік дайындық орталығында лаңкестікке қарсы «Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуы өтті. Оған Қазақстан Республикасының барлық күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысты. Олардың ішінде ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі, ҚР ІІМ «Сұңқар» және «Арлан» бөлімшелері, ҚР ҰҚК «Арыстан» арнайы мақсаттағы жасағы, сондай-ақ, ҚР Ұлттық ұланының әскери барлау бөлімшесі мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан» бөлімшесі бар. Операцияға барлығы 150-ден астам жауынгерлер мен офицерлер жұмылдырылды.
Биылғы «Қайсар-2016» оқу-жаттығуының барысын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бақылап, тиісті бағасын берді. Оқу-жаттығу барысында оған қатысқан бөлімшелер өзара бірлесе отырып, әр түрлі жағдайда адамдарды кепілдікке алған лаңкестерге қарсы тиімді де нәтижелі операциялар ұйымдастырды.
Айта кетелік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқу-жаттығу шарасының алдында осы орталықты арнайы аралап көріп, тиісті нұсқаулар берді. «Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуына даярлық 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізілгенін айта кеткен жөн.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді оқу-жаттығу аясында жекелеген әскери бөлімдерге әскери абырой мен айбындылықтың белгісі ретінде жауынгерлік туларды табыс етті.
ҚР Ұлттық ұланы 5572 әскери бөлімі мен ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы 22750 әскери бөлімінің командирлеріне салтанатты жағдайда жауынгерлік туларды табыстай отырып, Президент әскери бөлімдерді жауынгерлік борышқа адал болуға шақырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінгі оқу-жаттығуға қатысқан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің алты сарбазына пәтер кілтін табыс етті.

Өндірістік жарақаттану көрсеткіштері айтарлық төмендейді
Өтіп бара жатқан бұл аптада ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік тақырыбына арналған VI қазақстандық халықаралық конференцияға қатысты.
«Ресми деректерге сәйкес, 367 мың адам зиянды жағдайда жұмыс істейді. Қазақстанда əрбір төртінші адам қауіпті əрі зиянды еңбек жағдайында еңбек етеді. Өткен жылдың қорытындысында 675 адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін еңбек демалысы, үстемақы, қысқартылған жұмыс күні түрінде өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 103,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық», - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, соңғы он жылда елімізде өндірістік жарақат екі есеге қысқарып отыр. Дегенмен, бұған қарамастан республика бойынша жыл сайын екі мың адам өндірістік жарақат алса, оның үш жүзге жуығы көз жұмады.
Бұдан бөлек, Т. Дүйсенова 2020 жылға дейін экономиканың барлық салаларын қамтитын 550 кәсіби стандарт әзірлеу аяқталатынын атап өтті. Мемлекет кәсіподақтарды еңбек жағдайын жақсарту ісіндегі стратегиялық серіктесі ретінде қолдап, қызметтерін ынталандыра береді. Бүгінде кәсіподақтар қауіпсіз еңбек жағдайын құру, кәсіби стандарттар әзірлеу мен қызметкерлердің біліктілігін тану бойынша ұсыныстар әзірлеу процесіне қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Біз қазіргі уақытта біліктіліктің ұлттық жүйесін енгізу үстіндеміз. Біз жыл сайын жұмыс берушілер ұсынатын шамамен 20-25 мың бос жұмыс орнының қамтылмай қалатындығын айтамыз. Бұл жұмыс берушілер қойып отырған талаптарға әр уақытта да біздің жоғары, орта оқу орындары түлектерінің немесе оған дейін белгілі бір мамандығы бар жұмысшының сай келе бермеуінен орын алуда»,- деді министр.
Оның атап өтуінше, осыған орай министрлік жұмыс берушілермен бірлесе отырып, біліктіліктің ұлттық шегін енгізетін болады. Яғни, жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған кәсіби стандарттар әзірленеді. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта жұмыс берушілер әзірлеген кәсіби стандарттармен жұмыс істейтін 10 жоғары оқу орны мен 11 колледж Үкімет тарабынан іріктеліп алынған болатын.
«Бұл жұмыстар қазіргі уақытта Үкімет тарабынан біздің әлеуметтік серіктестерімізбен бірге жүргізілуде және 2020 жылға дейін экономиканың барлық салаларын қамтитын 550 кәсіби стандарт әзірлеуді аяқтағымыз келеді. Бұл бағыттар 2030 жылға қарай өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттану көрсеткіштерін айтарлық азайтып, әлемнің дамыған елдеріндегі деңгейге жетуге септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Т.Дүйсенова.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясына Қазақстан төрағалық етеді
Бұл аптада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы қатысушыларына үндеу жолдады. Үндеуді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жария етті.
«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының тұсаукесер сесиясына қатысушыларға! Құрметті ханымдар мен мырзалар! Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының тұсаукесер сессиясына «Ұлы дала елінің» елордасы Астанаға қош келдіңіздер! 2011 жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері 38-ші кеңесіне төрағалығымыз барысында көтерілген өзара азық-түлік жәрдем қорын құру туралы бастаманың қолдау тапқанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Аталған ұйым хатшылығының Астанада орналасуын Қазақстан үшін ерекше сенім мен жауапкершілік деп түсінеміз. Ислам әлемі ашаршылықты жою, ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты көкейтесті мәселелерді шешуден шет қалмауы тиіс. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер күш-жігерлерін жұмылдыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қоса алады. Өз кезегімізде еліміздің ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық және экспорттық жүйелерінің әлеуетін барынша пайдалануға әзірміз. Алдағы уақытта ИЫҰ-ға мүше барлық елдер Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына қосылатынына сенім білдіремін», - делінген ҚР Президенті үндеуінде.
Атап айтқанда, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясына Қазақстан төрағалық етеді.
«Ең алдымен, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы төрағасының орынбасарларын да осы лауазымға тағайындалуларымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мүшелерінің құрамына жаңа мемлекеттердің қосылуына куә болып отырмыз және қатысушы мемлекеттердің саны 29 елге жетті», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Айта кетерлігі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы төрағасының орынбасарлары болып Кот-д Ивуар мен Палестина өкілдері сайланды.
Сонымен қатар құрылтайшы сессияда ұйым хатшылығының бас директоры болып Ержан Жалмұқанов сайланды.
Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хамид А.Опелойерудің сөзіне қарағанда, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі.
«Бұл жиында біз ұйымның атқарушы кеңесін құрдық. Ол жылына кемінде бір рет Астанада өтетін болады. Өйткені, Астана бұл ұйымның штаб-пәтері саналады. Ал енді ұйымның Бас Ассамблеясына қатысты айтар болсам, ол да жылына бір мәрте бас қосады», - деді ол.
ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары да Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бюджеті қатысушы елдердің жарнасы есебінен қалыптастырылатындығын атап өтті.
«Ұйымның атқарушы кеңесіне Түркия, Сауд Арабиясы, Бангладеш, Буркино-Фасо, Қазақстан, Судан, Нигерия және хатшылық бас директоры кіреді. Олардың барлығы 3 жылға сайланады», - деді Х.А.Опелойеру.

Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы өтеді
30 сәуірде сағат 12.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Ұлттық олимпиада комитеті елорда әкімдігімен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастыратын «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы басталады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тамыз айында Рио-де-Жанейрода ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды қолдау мақсатында Олимпиадаға дейін қалған 100 күн аталып өтпек.
Интерактивті форматтағы акция барысында грек-рим, еркін, әйелдер арасындағы күрес балуандары, боксшылар, дзюдошылар, ауыр атлеттер, теннисшілер, гимнасттар, каратешілер, сондай-ақ, кәсіпқой паркуршылар мен урбан мәдениетінің басқа да өкілдері өз өнерлерін ортаға салмақ.
Шараға қазақстандық танымал спортшылар, соның ішінде олимпиадаға лицензиялар жеңіп алған спортшылар да қатысады.


Жол жөндеу жұмыстарына 100-ден астам жұмыссыз қала тұрғыны тартылады
Елордада жол жөндеу жұмыстарына 100 астам жұмыссыз қала тұрғыны тартылады. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлайды.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз жүргендер жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда конкурстық процедуралар жүргізілуде, ал мамыр айының соңында жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар анықталады, содан кейін жұмыс берушілерге жұмысқа мұқтаж азаматтар жіберілетін болады.
«Мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жол салуға өткізілген конкурста жеңіске жеткен компания Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмыссыз жүргендердің ішінен жұмыс істеу үшін 50 пайызын қабылдауға міндетті. Азаматтар өз келiсiмін бергенде ғана тиісті жұмыстарға жіберіледі. Содан кейін жұмыс берушілер әңгімелесу кезінде олардың кандидатурасын қарастырады. Жұмысшы мамандықтар бойынша тәжірибенің болуы қажет емес», - деді қалалық Жұмыспен қамту орталығы талдау бөлімінің басшысы Марат Қадырбаев.
Жоспарға сәйкес, жұмыссыз жүрген 137 қала тұрғыны Иманбаева, Мұстафин, Отырар, Нәжімеденов көшелерінде және Абылай хан даңғылында ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына тартылады.
Жалпы, биыл жұмыссыз жүргендердің күшімен елордада 55 түрлі нысанды жөнделеді, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары да жүргізіледі, 1 133 жұмыс орны құрылмақ. Салыстыру үшін, өткен жылы 10 жоба бойынша 144 жұмыс орны ашылды.
Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, қазіргі кезде елордада 4 597 жұмыссыз тіркелген, соның ішінде 1 998 адам жұмысқа орналастырылды.

Астанада күйші Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орай лекция-концерт өтті
Ұлттық музейде Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналған күйші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айтолқын Тоқтағанның «Бұлбұл» атты лекция-концерті өтті.
Музейдің ақпараттық-имидждік қызметінің хабарлауынша, шараның ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай күй анасы Дина Нұрпейісованың шығармашылығы туралы айта келе, оның ізін жалғап келе жатқан Айтолқын Тоқтаған секілді жастардың өнер жолындағы талпыныстарына сәттілік тіледі.
«Дина - кешегі халық сазгерлерінің шығармаларын бізге дейін жеткізген шебер орындаушы. Құрманғазының шәкірті. Қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған тұлға. 8-9 жасынан бастап орындалуы қиын күйлерді меңгеріп алған. Мінеки, біздің өнер жолында жүрген талантты Айтолқындай жастарымыз осы анамыздан қалған асыл мұраны жалғастырушы ұрпақ. Сондықтан да жас өнерпаздарға сәттілік тілей отырып, шығармашылық шабыттарыңыздың шарықтай беруіне шын жүректен тілектеспін», - деді Д.Мыңбай.
Шара аясында Айтолқын Тоқтаған Динаның «Көгентүп», «Жаңа бозшолақ», «Он алтыншы жыл», «Бұлбұл» т.б. күйлерін нақышына келтіріп орындаумен қатар, олардың шығу тарихына да тоқталып отырды. Бұдан бөлек, залға жиналған қонақтар Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Байжігіт, Сүгір, Сейтек сынды бірқатар халық композиторларының туындыларын тыңдады.
Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері, әнші Ерлан Рысқали әннен шашу шашып, өнер сүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, іс-шараны Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» бағдарламасы аясында өтті.
Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы аясында аспанға 100 шар ұшырылды
Бүгін «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Ұлттық олимпиада комитеті елорда әкімдігімен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясын өткізді.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.
Жазғы Олимпиада ойындарына үш айдан астам уақыт қалды. Осы күндері бүкіл әлемде байрақты жарысқа 100 күн қалғанын атап өтуде.
Шараның басты мақсаты - олимпиадалық қозғалысты насихаттап, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына аттанатын спортшыларға қолдау білдіру.
Астана қаласындағы «Хан Шатыр» ОСО маңындағы алаң спорт орталығына айналды. Арнайы спорттық аймақтар жасалып, сол жерде бокс, күрес, велоспорт, таеквондо, дзюдо, ауыр атлетика, триатлон, теннис сияқты олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық федерациялар арнайы шеберлік сабақтарын, түрлі байқаулар өткізіп, спортшылардың қолтаңбаларын таратты.
Бұл күні алаңға ат басын бұрған кез келген адам өзін нағыз спортшы сияқты сезінуге мүмкіндік алды. Олимпиадалық спорт түрлерінен басқа street workout (стрит уоркаут) және паркур да өз өнерлерін көрсетті.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті бас хатшысы Данияр Абулгазин, атақты спортшылар Юрий Мельниченко, Гюзель Манюрова, Данияр Елеусінов, Асхат Жіткеев, Арман Чилманов, Дариға Шәкімова, Ляззат Күнгейбаева, Юрий Щукин, Сабина Әшірбекова қатысты.
«Олимпиадаға 100 күн» шарасы аясында көкке 100 шар ұшырылды.
Астана тәртіп сақшыларының патрульдік қайығы Есіл өзенінде қызмет етеді
Астана акваторийіндегі Есіл өзенінде полиция Қазақстанда шығарылған «Kazboat-47» патрульдік қайығымен тәртіп күзетеді.
Астана қалалық ІІД-нің басшысы, полицияның генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, «Kazboat-47» қайығымен елордалық полицейлер бақылау жүргізеді. Олардың міндетіне Астана акваторийінің Есіл өзенінде тәртіпті күзету, жедел-іздеу, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу кіреді. Кеме судағы полиция пункті болып есептеледі.
Полиция жасағының құрамына Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің арнайы дайындықтан өткен екі қызметкері және бір кеме жүргізушісі кіреді. Патрульдеу уақыты - күн сайын сағат 14:00-ден бастап, 21:00-ге дейін. Полицияның кемесі дабыл, жылжымалы радио құрылғы және барлық қажетті арнайы құралдармен, сондай-ақ құтқару күртелерімен, өрт сөндіргіш құралдар және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдишамен жабдықталған.


Астаналықтар Олимпиада ойындарына 100 күн қалғанын атап өтті
Қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалғанына орай өткен спорттық шараға қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Сонымен бірге, шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин қатысты.
Төртжылдықтың басты спорт жарысының басталуына қалған 100 күнді бүкіл әлемде атап өтеді. Осы күні жүздеген елордалық тұрғын Риода ел намысын қорғайтын біздің спортшыларымызды қолдау үшін жиналды. Олар спортшылардың өнерін тамашалап, түрлі жарыстар мен шеберлік дәрістеріне қатысты. «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңы нағыз спорттық алаңға айналды.Елорда әкімі олимпиадашыларды төртжылдықтың басты додасының жақындауымен құттықтай отырып, оларға үлкен табыс тіледі, ал жиналғандарды спортпен айналысуға шақырды.«Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынына сенімдімін. Оларға сәттілік және денсаулық тілеймін. Бұл - әлемдегі ең елеулі және ауқымды шаралардың бірі. Бүгінде біздің спортшылар Олимпиаданың 82 жолдамасын жеңіп алды. Елімізде Президенттің тапсырмасымен спортшылар үшін барлық жағдай жасалған, сондықтан олар жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз, ал біз, жанкүйерлер, оларды қолдап, демеу көрсетеміз», - деді Ә. Жақсыбеков.Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дейін үш айдан асар-аспас уақыт қалғаны белгілі, және қазір отандық спортшылар жоғары нәтиже көрсету үшін жарысқа дайындықтарын пысықтай түскен.Олимпиада жолдамаларының қоржынына елордалық спортшылардың қосқан үлесі де қомақты. Бүгінгі күні астаналықтар 2016-шы жылғы Ойындарға спорттың 8 түрі бойынша 13 лицензия жеңіп алған. Алайда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, лицензиялар әлі де болады.Рио-де-Жанейрода өтетін спорт жарысында ел намысын қорғайтындардың бірі - бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы және AIBA-ның үздік боксшысы Данияр Елеусінов.- Мен, шынын айтатын болсам, жоғары нәтижеге - «алтын» алудан үміттімін. Риоға «алтын» үшін барамын, өйткені егер «күміс» немесе «қола» алам десем, қарсыласыма бірінші немесе екінші жекпе-жекте есе жіберуім мүмкін. Олимпиада «алтынын» жеңіп алып, барлығын, барша Қазақстан халқын, өз отбасымды және бірінші кезекте, өзімді бақытты еткім келеді, - деп пікір бөлісті Қазақстанның олимпиада құрамасының мүшесі және елордалық бокс мектебінің өкілі Д.Елеусінов.Шараға сондай-ақ, белгілі қазақстандық спортшылар Юрий Мельниченко, Гюзель Манюрова, Асхат Житкеев, Арман Чилманов, Дариға Шәкімова, Ләззат Күнгейбаева, Юрий Щукин, Сәбина Әшірбекова және т.б. қолдау білдірді.Астанада өткізілген акцияның нышаны ретінде шара соңында аспанға 100 әуе шары салтанатты жағдайда ұшырылды.

Соңғы жаңалықтар