ШОЛУ: Қазақстан спортшылары Олимпиада мен Универсиадаға дайындалуда

Жалпы, Қазақстан Республикасы1991 жылдан бастап дербес тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық спорттық ареналарда өнер көрсете бастады. Республикада жоғары дәрежелі спортшыларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерінен бастап Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларына дейін дайындау жүйесі жұмыс істейді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап республикамыздың спортшылары:
қысқы олимпиада ойындарында (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014)
1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль. Барлығы 7 медаль;
жазғы олимпиада ойындарында (1996, 2000, 2004, 2008, 2012)16 алтын, 17 күміс, 19 қола медаль. Барлығы 52 медаль;
жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында (2010, 2014) 6 алтын,
3 күміс, 6 қола медаль. Барлығы 15 медаль;
қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында (2012, 2016) 2 күміс, 5 қола медаль. Барлығы 7 медаль (№ 4 кесте).
жазғы Азия ойындарынан (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдары) қатысып, 140 алтын, 140 күміс және 201 қола, барлығы 481 медаль жеңіп алды.
қысқы Азия ойындарында (1996, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары) қазақстандық спортшылар 69 алтын, 51 күміс, 44 қола медаль жеңіп алды. Барлығы 164 медаль.
1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында ұлттық құрама командалар спортшылары
48 алтын, 44 күміс және 64 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 4 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алынды.
2011 жылы еліміз 7-ші Қысқы Азия ойындарынАстана және Алматы қалаларында өткізді. Ойындарға Азия құрлығының 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спорттың он бір түрінен алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойналды. Командалық есепте Қазақстанның құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальды ұтып алып, бірінші орынды иеленді.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда республикалық кешенді жарыстарды өткізу қайта жандандырылды:
- Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасы;
- Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасы;
- Қысқы жасөспірімдер ойындары;
- Жазғы жасөспірімдер ойындары;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне 17 спорт түрінен халық спорты ойындары;
- Мүгедектертер арасындағы спартакиада;
- Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорттық ойындары, ұлттық спорт түрлері фестивалі, қысқы ауыл Спартакиадасы мен қысқы жасөспірімдер ойындары, «Қазақстан барысы» және «Жас барыс» республикалық турнирлар, ұлттық спорт түрлерінен әр жастағы топтағы Қазақстан Республикасының чемпонаттарын өткізу;
- Ұлттық спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстар.
Қазақстанда спортты дамытуға қанша қаржы бөлініп, нақты қандай бағдарламалар іске асырылды дегенге келсек, ең соңғы әрі нәтижелі бағдарлама ретінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың
2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын атауға болады.Бірақ, алдымен осы тұжырымның алғышарты болған «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның» мақсаты мен мінедттері туралы толық баяндап өтсек.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы Жарлығын іске асыру мақсатында ел Үкіметі 2011 жылдың соңында Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекітті. Жалпы, салалық бағдарламаның мақсаты мен міндеті: дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 2010 жылғы 17,4%-дан 2015 жылы 26 %-ға дейін ұлғайту; балалар мен жеткіншектердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектерді қамтуды 2010 жылғы 9,5%-дан 2015 жылы 12,6 % -ға дейін ұлғайту; 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсету қорытындысы бойынша Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 28 орынды алады (2008 жылы - 29 орын); 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсету қорытындысы бойынша Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 23 орынды алады (2010 жылы - 24 орын). Салалық бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатының, көлемі шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылды. Бағдарламаны 2011 - 2015 жылдары іске асыруға барлығы 138 984 334 мың теңге жұмсалған. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен 127 975 248 мың теңге; оның ішінде 2011 ж. - 13 246 100 мың теңге; 2012 ж. - 25 733 189 мың теңге; 2013 ж. - 26 785 225 мың теңге; 2014 ж. - 32 844 279 мың теңге; 2015 ж. - 29 366 455 мың теңге;
2) жергілікті бюджеттен: 11 009 086 мың теңге; оның ішінде 2011 ж. - 2 854 745 мың теңге; 2012 ж. - 2 505 941 мың теңге; 2013 ж. - 3 040 936 мың теңге; 2014 ж. - 2 607 464 мың теңгебөлінген.
Салалық бағдарлама халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасауға, халықты қолжетімді спорт құрылыстарымен қамтамасыз етуге, спорт саласында кадрларды, сондай-ақ спорт резерві мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған болатын. Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15%-ы) 2,3 млн. адамды құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам немесе 17,7%-ын құраған.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы екені белгілі. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Елімізде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болды.
Пекинде өткен 2008 жылғы XXIX жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық медалға ие болдық, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29 орынды қамтамасыз етті.
Иеленген медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кездердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл - 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл - 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл - 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады. 2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындысы бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.
Ел спортшылары 2010 жылғы әлем чемпионатында жазғы Олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медалды, Азия чемпионаттарында 50 медалды, Азия кубоктарында 6 медалды, Еуразиялық ойындарда 131 медалды иеленді.
2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы 1 жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24 орынды қамтамасыз етті.
2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын жасай отырып, бірінші орынды жеңіп алды.
Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау жөнінде үздіксіз және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталық спортшыларының 95%-ы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді. 2007 - 2010 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
2007 - 2011 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) құрылды. 2010 жылы бүкіл республика бойынша спорт ғимараттарының саны 31 мың бірліктен асты, оның 1717-сі жеке меншікте, 20166-сы ауылдық елді мекендерде. 2009 жылмен салыстырғанда барлық объектілер саны 936 бірлікке, ауылдық жерде 721-ге және жеке меншіктегілер саны 690 объектіге көбейді.
Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт қазақстандықтардың көпшілігі үшін әлі де болса олардың жеке құндылығына айналмаған және олардың өмір сүру салтында тиісті орнын таппаған.
Тұрғындар денсаулығының төмен деңгейде болуының себебі олардың саламатты өмір салтын сүру және аурудың алдын алу мәселесінде хабардарлығының, сауаттылығының және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі болып отыр.
Елде бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын және кәсіби спортты қарқынды жағымды дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасау қажет, себебі бүгінде мемлекеттің осы саладағы барлық шараларын тұтынушылар бойынша ақшаны бөлу арқылы іске асырылып отырған моделі өзін-өзі ақтамай отыр.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында құқықтық база құрылды.
Спорт инфрақұрылымының тұрақты өсу үрдісі байқалмағанымен, негізінен республика бойынша, әсіресе ауылдық жерде спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз болып отыр. 7000 ауыл мен кентте 20166 ғимарат бар, оның ішінде 13134-і, яғни 65,1%-ы жазық ғимараттарды (ашық спорт алаңдарын) құрайды және тек 3%-ы ғана (307 бірлік) жабық спорт кешендері, Ақтөбе; Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының халық тығыз орналасқан ауылдық мекендерінде спорт кешендері тіпті жоқ.
Бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт залының 90%-ы жалпы білім беру мектептерінде, бұл ретте, олар спорттық инвентармен жеткіліксіз жабдықталған және қолданыстағы техникалық пайдалану талаптарына сай емес. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының деректері бойынша, спорт залдары мен алаңдарының 40%-ы ағымдық немесе күрделі жөндеуді талап етеді.
Бұған қоса, республикада жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетикалық манеждер, велотректер, шаңғы базалары, есу арналары сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі сезілуде.
Елде мамандандырылған есу базаларының болмауы тұтастай алғанда есу спорты түрлерін дамытуға және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге кері әсерін тигізіп отыр. Бұл спорт түрі медаль көп үлескен түсетін спорт түрінің бірі болып табылады, себебі Олимпиада, Азия ойындарында 16 медаль жиынтығына дейін ұтысқа салынады. Оңтүстік Қазақстан облысында есу базасын салу үшін барлық алғышарттары бар Бадам су қоймасы жұмыс істейді. Қолайлы климаттық жағдайлар оқу-жаттығу үдерісін, сондай-ақ жыл бойы республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Спорттың кейбір түрлері бойынша республикада спортшыларды Олимпиада ойындарына және басқа ірі халықаралық жарыстарға даярлауға арналған техникалық жарақтандырылған заманауи базалар жоқ.
Осыған байланысты, республикалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базаларының болмауы Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда бюджеттік спорттық ұйымдар отандық спортшылар мен спорттық командаларды шетелдегі ұзақ мерзімді оқу-жаттығу жиындарымен қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Бұған қоса, қазақстандық командалардың шетелдік бәсекеге қабілетті спортшылар мен мамандарды біздің елге осы тектес оқу-жаттығу үдерісін өткізуге шақыруға мүмкіндіктері жоқ.
Тағы да бір шешуді талап ететін проблема балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі болып табылады.
Республикада мектепке дейінгі жаста 1 млн.-нан астам және мектеп жасындағы 2,5 млн.-нан астам өмір сүреді. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беру мекемелерінің материалдық базасы одан әрі дамытуды, оқушылардың дене шынықтыру бағдарламасын толық көлемде орындауы үшін қажетті спорттық жабдықтармен жарақатандыруды және жаңартуды талап етеді. Жалпы білім беру мектептерінің 73,2%-ында дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған спорт залдары бар. 1156 мектепке дейінгі балалар ұйымдарының 765-інің немесе 66,3%-ының ғана спорт залдары, 32-сінің жүзу бассейіндері бар, соның салдарынан жалпы білім беру мектептеріндегі спорт секцияларында оқушыларды қамту 22%-дан аспайды.
Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу көптеген шет елдерде балалар мен жастардың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға ерекше орын берілетіндігін көрсетті.
Айталық, АҚШ-та мектептік, студенттік және бұқаралық спорт толығымен жергілікті биліктің құзыретінде болып табылады. Канада, Франция, Италия, Финляндия және басқа да бірқатар елдерде балалар мен жасөспірімдердің және студенттер спортының шығыстарының негізгі үлесін жергілікті бюджет арқалайды. Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінген ақша аударымының 80%-ы жалпыға ортақ пайдаланудағы спорт объектілерін салуға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Бізде керісінше: 80%-ы шеберлер командасына және тек 20%-ы ғана балалар спортына бөлінеді. Елдің спорттық жүйесі балалар спортына басымдық беріле отырып құрылуы қажет.
Мекемелерде, ұйымдарда және халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда күрделі проблемалар бар. Ұйымдар экономикалық тұрғыдан орынсыз деген себеппен спорттық және сауықтыру объектілерін ұстаудан бас тартады, дене шынықтыру және спорт мамандарын қысқартады.
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша тек 530 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді, ведомстволық спорт қоғамдарының жұмыс тәжірибесі жоғалған, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің құны қымбаттауда. Талдау көрсеткендей, бағасы жоғары болғандықтан, жастардың көпшілігі спорттық-сауықтыру қызметіне қол жеткізе алмайды.
Біздің ойымызша, Еуропаның тәжірибесі бойынша қоғамдық ұйымдар құру қажет.
Мысалы, Финляндияда 54 спорт одағын, 18 аумақтық органды, 4335 спорт клубы мен 1,1 млн. адамды біріктіретін спорт ұйымы жұмыс істейді.
Швецияда «Баршаға арналған спорт» бағдарламасы бойынша жұмысты негізінен 2 мыңнан астам клубқа тиесілі 360 мың ресми тіркелген мүшесі бар Швед гимнастикалық ұйымы жүзеге асырады. Жалпы гимнастика секцияларында 225 мыңнан астам адам шұғылданады.
Қоғамда мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар барынша назар аударуды талап етеді. Олармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы дайындалған кадрлар, ғылыми негізделген ұсынымдар мен әдістемелік әзірлемелер, халықтың осы санаттағы адамдарын дене жаттығуларымен белсенді айналасуға тарту бойынша кеңінен түсіндіру-насихат жұмыстары жетіспейді.
Елде денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған жіктері арасында дене шынықтыру және спортты дамытуды тежейтін бірқатар проблемалар бар, атап айтқанда:
мамандандырылған немесе бейімделген спорттық ғимараттардың, жабдықтардың, инвентардың жоқтығы;
жұмыс істейтін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімсіздігі;
мүгедектердің сауықтыру және спорттық ұйымдары жүйесінің болмауы;
дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын мүгедектер, үшін арнайы қосалқы құралдарды шығаруды қамтамасыз ету;
мүгедектермен дене шынықтыру-оңалту және спорттық жұмыстарды жүргізу үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Саланы кадрлық қамтамасыз ету проблемалық мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселенің жай-күйін талдау саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің, дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының ғылыми базасының әлсіз дамығанын көрсетіп отыр.
Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың негізі спорттық жаттығуларда заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру болып табылады, және елде отандық спорт ғылымының дамуы әлі күнге дейін күрделі проблема күйінде қалып отыр. Республиканың жаттықтырушы-оқытушылар құрамы көбінесе «кеңестік» кезеңде әзірленген әдістемемен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгермеген.
Финляндияда спорттық ғылыммен айналысатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың кемінде 20%-ы оқу уақытын ғылыми ізденістерге арналады. Бұған қоса, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.
Республикада спорт психологтары жоқ деп айтуға болады, спорттың медико-биологиялық қызметі әлсіз дамыған, халықтың әр түрлі жастағы топтарымен және спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің дене шынықтыру-сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелері жоқ.
Дене шынықтыру кадрларының өздерінің есебінен басқа қызмет саласынан кетуі тоқтамай отыр. Бүкіл ел бойынша бүгінгі күні спорттан 1543 әдіскер-нұсқаушы жұмыс істейді, олардың 719-ы ауылдық жерде. Бұл ретте спорт ұйымдарының кадрларға деген сұранысы 962 бірлікті құрайды.
Тәжірибе көрсеткендей, дене шынықтыру және спорт бойынша дипломдары бар мамандардың аз бөлігі ғана жалпы білім беру мектептерінде, БЖСМ, бала бақшаларда, басқа да дене шынықтыру-спорттық мекемелердегі жұмысты таңдайды, бұл төмен жалақы және көрсетілген мамандар санатының әлеуметтік кепілінің болмауының салдары болып табылады.
Осылайша, спортшылардың арасында артып келе жатқан бәсекелестікті, халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеріп тұратын талаптарын ескере отырып, спортшыларды даярлаудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіруді, республиканың спортшыларын «жаңа бастаған спортшыдан» халықаралық дәрежедегі шебер деңгейіне дейін тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды есепке ала отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу қажет. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды оқыту және басқаруды білікті қызметкерлер қамтамасыз ету керек екенін көрсететін халықаралық тәжірибе мен заңнамада да дәлелдеп отыр.
Мысалы, Қытайда дене шынықтыру оқытушысы немесе жаттықтырушы дипломын алудың үш жолы бар:
1. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы спорттық оқу орнында 4-жылдық білім алу керек. Бұл жағдайда «мектеп мұғалімі» біліктілігі бойынша диплом алады.
2. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы оқу орнында 4 жыл оқыған соң және спорт түрлері бойынша екі жылдық арнайы дайындықтан кейін жоғары біліктілік жаттықтырушысы дипломын алады.
3. Барлық деңгейдегі жаттықтырушы жұмысына рұқсатты мұның алдында қаланың немесе провинцияның құрамасында немесе ұлттық құрамада міндетті мүшелігі болған және спорттық интернат негізінде жалпы білім беру мектебінде тоғыз жыл оқыған мамандар ғана алады.
Финляндияда спорт мамандары мен оқытушыларын дайындау 11 дене шынықтыру-спорт орталығы мен оқу орнында жүргізіледі. Виерумяки спорт және дене шынықтыру жөніндегі ірі институтында жақсы спорт орталығы бар, оның қызметінің негізіне «дамыту, өндіру, сату» деген бизнес-идея алынған. Орталықтың жақсы дамыған инфрақұрылымы бар, орталықта 11 штаттық қызметкер мен бір жыл аралығында қажетіне қарай тартылатын 800-ге жуық штаттан тыс адамдар жұмыс істейді. Спорттық мамандарды даярлау мен оқыту жүйесі 3-4 жылды көздейді. Орталық өз шығындарының бір бөлігін Білім министрлігі бюджетінің есебінен жабады, мұнда мемлекет дотациялары 10%-ды құрайды, қызметкерлердің жалақысы үшін кірістің 38%-ы жұмсалады.
Дене шынықтыру және спорт күшті сауықтыру факторы, қоғамның бірігуі, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ ұстау, аурудың алдын алу, өмір сүру сапасын және оның ұзақтығын арттыру сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін адамның дене тәрбиесі мүмкіндіктерін арттыру құралы болып табылады. АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде спорттың дамуына жасалған талдау, тұрғындардың спортқа деген белсенді ұстанымы БАҚ арқылы жақсы насихаттау нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Спорттың түрлерін дәріптеу БАҚ-қа және бірінші кезекте теледидарға байланысты болады, ал дене шынықтыру-спорттық қызметпен айналысу өмір сүру мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Соңғы оңжылдықта дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-ақпараттық ресурстар маңыздылығы жағынан бірінші орынға шыға бастады. Халықаралық сарапшылар осы ресурстарды екі санатқа бөледі - саламатты өмір салтын насихаттау және жаттықтырушының және басқа спорт қызметкерінің жұмысын ақпараттық-ғылыми қолдау. Мұндай бөліп қарау шет елдің жетекші спорттық ғылыми-ақпараттық ұйымдарының қызметінен көрінеді.
Германияда спортты баршаға насихаттау ерекше орын алады, ол әр түрлі кампаниялар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Барлық жобалардың маңызды қаржылай қолдауға ие екендігін ерекше атап өткен жөн. Нәтижесінде жиырма жыл ішінде клубтардың саны 40 мыңнан 80 мыңға дейін, спортпен шұғылданатындар саны 10 млн.-нан 21 млн.-ға дейін, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты айналысатын адамдар саны 21 млн.-нан 36 млн.-ға дейін артты, яғни халықты бұқаралық спортпен қамту 60%-ға жеткен.
Көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлік баршаға арналған спорттың едәуір қаржылық ресурсын құрайды. Алайда мына аспектіні атап өту қажет. Спорттық қызметтің жоғары капиталды талап етуіне орай, аталған салада коммерциялық ұйым құру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Сондықтан да мемлекеттік және жергілікті органдардың қолдауынсыз, кәсіпкерлік ресурстары тек қана халықтың табысы жоғары жіктерінің спортпен шұғылдану сұранысын қанағаттандыруға бағытталатын болады, ал балалар, орташа топ, зейнеткерлер және сол сияқты секторлардың дене тәрбиесімен шұғылдануына мүмкіндігі болмайды. Шет елдерде мемлекеттің тікелей немесе қосымша қатысуы арқылы спорттың коммерциялық ұйымдарының қызметіндегі осы проблема шешімін тапқан.
Республикада спорттық қызметті дамытуды қамтамасыз ету үшін спорттық инвентарлар мен құрал-жабдықтар өндірісін құру, жеке спорт ғимараттарын салу және қайта жаңарту, сондай-ақ аталған саладағы демеушілік пен қайырымдылықты дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру қажет.
Айтпақшы, осы мемлекеттік қолдау шараларына тоқталсақ, « Қазақстанда спорт түрлерін «медаль көп әкелетін» және «медалі аз» деп екіге бөлу науқаны басталды деп айтқан «Хабар" телеарнасының спорт шолушысы Амангелді Сейітхановтың сөзімен келісуге тура келеді. «Александр Парыгин 1996 жылы Атланта олимпиадасында қазіргі бессайыстан алтын алды. 2000 жылы триатлоннан Дмитрий Гааг Сидней олимпиадасында төртінші орын алды. Бірақ бұл екі спорт түрі қазір құлдырап кетті. Себебі мемлекеттен көңіл бөлінбей қалды. Неге? Өйткені қазіргі бессайыс пен триатлоннан олимпиадада бар болғаны бір комплект медаль сарапқа салынады. Сондықтан «медалі аз» спорт түрі ретінде құрбандыққа шалынды. Суға секіру спорты да дәл осындай жағдайға түсіп, құлдырап кетті - дейді журналист.
Осы жерде, кәсіби спорттан бұқаралық спортқа ауыссақ. Әрине, спорт - денсаулық кепілі. Қашаннан құлаққа сіңісті, тәжірибеде өзінің дұрыстығын дәлелдеп келе жатқан осы қағиданың бүгінде өмір салтына айналуы қиын болып тұр.Әңгіме бұл жерде әрине, барша жұртты қамтитын бұқаралық спорт хақында. Нақтырақ айтсақ, елімізде тұрғындардың 23,2 пайызы ғана дене шынықтыру шараларымен айналысады екен. Халықтың жетпіс пайыздан астамы спорттан алыс жүреді. Бұл әлбетте, жұртшылықтың спортқа құлқының жоқтығынан емес. Дене шынықтыруға ел арасында белсенділіктің төмендігі біріншіден, көбінің жұмыстан қолының тимеуіне, екіншіден, спорт залдар абонементінің қымбат құнын қалтаның көтермеуіне байланысты. Бокс бойынша олимпиадаға дайындау орталығының директоры Ермахан Ыбырайымов мәселені төтесінен қойды. Ол елімізде қаптатып аурухана салуға наразылығын білдірді. «Спортшы ретінде 100 мектеп салуға еш қарсылығым жоқ. Бірақ, 100 аурухана салудың не қажеті бар? Бұл Қазақстанда тек ауру адамдар тұрады деген сөз бе? Оның орнына, спорт кешендерін салып, аурудың алдын алған жөн емес пе? Сондықтан, 100 аурухананың орнына 50 аурухана, қалған 50 аурухананың орнына 50 спорт кешені салынса», - дей келіп, сөзінің соңында елімізде салауатты өмір салты ұлттық идеяға айналуы керектігіне, сонда ғана халық сапасы артып, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамитындығымызға назар аудартты. Ал, Білім және ғылым министрлігі өкілдері жергілікті жерлердегі спорт ғимараттарының оқушылар үшін тегін қызмет көрсетуі керектігін айтады. Олардың мәлімдеуінше, бүгінде бұл мәселенің шешімін табу тек атқарушы биліктің құзырында екен. Алайда, сенаторлар мұнымен келіспеді. Олар министрліктің барлық шаруаны жергілікті биліктің өкілеттігінде екенін айтып, жауапкершіліктен құтыла алмайтынын мәлімдеді. Құзырлы орын аталмыш проблема жойылуы үшін арнаулы нормативтерді жасап, олардың орындалуын жүйелі түрде қадағалап отыруы керек. Әдістемелік кеңестерді жүзеге асырғаны орынды. Шын мәнінде бұқаралық спорттың кері кетуі бұл жұмыстың құқықтық тетіктермен толыққанды қамтылмауымен астасып жатқандай. Мәселен, Астана қалалық әкімшілігі өкілінің айтуынша, бұқаралық спорт және дене шынықтыру шаралары бюджеттік бағдарламадан тыс қалған. Яғни, оның қаржылық мәселесі шешілмеген. Осының салдарынан жұмыс істеп тұрған, материалдық базасы тәуір деп айтуға келетін спорт мектептерін жекеменшікке беруге амал жасалуда. Ал бұл дегеніміз, олардың көпшілікке қолжетімділігін төмендетіп, бұқаралық спорттың дамуын тежейді. Сонымен қатар, жұртшылықтың спортқа деген құлшынысын арттырудың бірден-бір жолы аула клубтарымен байланысты десек, бұл жұмысты жандандыру да құқықтық тұрғыда қолдауға мұқтаж. Өйткені, оның бізде нақты мәртебесі заңнамалық түрде айқындалмаған. Бұл құрылымдар жүйелі жұмыс істеу үшін олардың барлық іс-қимылы, қаржы көзі құқықтық тұрғыда дәйектелуі керек. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарында «Бірегейлік пен бірлік» атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып отыр. Яғни, дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.
Қазіргі заманда спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады.
Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану - халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің экономикалық өсім мен ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатына, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағдарланған саясатты ілгерілетуге бағытталған тәжірибесі пайдаланылды.
Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары - жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу және т.б. болып табылады.
Тұжырымдама мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті міндеттерін ескере отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға бағытталға. 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
мен спортты дамытудың жалпы пайымы. Спорт және дене шынықтыру саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының өзіне тән ерекшелігі дәстүрлі түрде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытудың теңгерімді тәсілдерін іске асыру болып табылады. Бұқаралық спорт саласында ел халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр.
Республика халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі (2012 жылы - 21,6 %, 2013 жылы - 23,2 %, 2014 жылы - 25,1 %) байқалады.
Спорт секцияларына баратын студенттерді қамту - 55,8 % немесе 278.6 мың адам, еңбек ұжымдарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны - экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 15 %-ын немесе 1,6 млн. адамды; дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер саны - 9,2 %-ды немесе 22,6 мың адамды құрады. Жыл сайын 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен түрлі санаттағы мүгедектерге арналған 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионат пен турнирлер өткізіледі.
Спорт түрлерінен спартакиадаларды, түрлі турнирлерді, «Тұңғыш Президент - Елбасының тесттерін» тапсыру айлықтарын, «Анам, әкем, мен - спортшы отбасы!» атты отбасылар арасындағы спорттық жарыстарды, жыл сайын 2 млн. астам адам қатысатын жаппай жүгіру мен өзге де іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды.
Ұлттық ат спорты жарыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге жағдай жасалуда.
Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында стандартты ипподромдар салынды.
Спорт және дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесінде спортшылар Олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізетінін көрсетеді.
Отандық жоғары жетістіктер спорты нақты міндеттер мен даму бағыттарын іске асыруға бағдарланған.
Тәуелсіздік кезеңінде республикада кәсіби спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңінен жоғары спорттық шеберлікке дейінгі жүйесі қалыптасты.
Қазақстанда спорт түрлерінен 109 республикалық федерация, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлерінен - 40, ұлттық спорт түрінен - 7 федерация, мүгедектер спорты түрлерінен - 3 федерация және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 59 федерация жұмыс істейді.
Енді салаланың басты проблемаларына тоқталсақ. Ағымдағы жағдайды талдау негізінде саланың мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады:
1) жетекші шет елдермен салыстырғанда халықтың спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданумен қамтылуының төмендігі;
2) спорт саласы бірлік, мақтаныш сезімін және патриоттықты қалыптастыру арқылы ұлтты біріктіретін әлеуетті толық ашпайды;
3) бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға халықтың әлеуметтік осал топтарының жеткіліксіз ықпалдасуы;
4) жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық дене шынықтыруды дамыту мәселелерінде ғылыми тәсіл нашар көрініс тапқан;
5) халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді қоса алғанда, спорт және дене шынықтыру саласында ғылыми зерттеулерді жүргізудің үйлесімді стратегиясының болмауы;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуеті нашар пайдаланылады;
7) интернет-ресурстар арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды қоса алғанда, жеткіліксіз ақпараттық сүйемелдеу;
8) ауылдық жерлердегі нашар дамыған спорт инфрақұрылымы;
9) балалар-жасөспірімдер спортымен жүйелі айналысатын балалардың төмен қамтылуы;
10) білікті кадрлардың, оның ішінде спорт менеджменті және бизнес саласындағы, сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру жөніндегі кадрлардың тапшылығы;
11) спорттық мүкәммалмен, әсіресе ауылдық жерлерде төмен жарақталу. Ал шетелдің оң тәжірибеге шолу жасасақ. Қомақты қаржы шығындарын қажет ететін инфрақұрылым мен кадр әлеуетіне инвестиция салу сала дамуының аса маңызды негізгі факторы болып табылады.
ЭЫДҰ-ға мүше елдерде саланы мемлекет тарапынан, әсіресе, инфрақұрылымды дамыту мәселесінде, оның ішінде лотерея өткізуден ел бюджетіне түсетін қаражат есебінен жеңілдікті кредит беру практикасы кеңінен қолданылады.
Бұқара халықтың спорт саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған спорт құрылыстарын салу және сатып алу шығыстарын жабуға жеңілдікті кредиттер муниципалитеттерге де, сондай-ақ спорт ұйымдарына да беріледі.
Мемлекеттік дотациялар ғылым мен спортқа ғылыми қызмет көрсетуді қоса алғанда, еңбек ресурстарын қалыптастыруға да бөлінеді.
Мысалы, Финляндияда кемінде 10 мың халқы бар муниципалдық округтің халықтың арнайы топтарына арналған бір спорт нұсқаушысының жалақысын мемлекеттік қаржыландыруға құқығы бар.
Германия мен Францияда клубтардың иелігіне муниципалдық спорт құрылыстарын тегін беру тәжірибесі қолданылады.
Жетекші шет елдердің мемлекеттік саясатының жеке бағыты ғылыми- ақпараттық ресурстарды дамыту болып табылады.
АҚШ-та спортты дамыту мәселелері бойынша 23 институт жұмыс істейді, Қытайда спорт бейіміндегі 37 зерттеу құрылымы бар.
Ұлыбританияда клубтарға мүшелікті, спорттық жарыстарға қатысуды, спорт саласында көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылықты және оның қолжетімділігін қоса алғанда, халықтың түрлі топтарының спорттағы белсенділігін зерделеу мен бағалауға бағытталған арнайы зерттеулер тұрақты жүргізіледі.
Зерттеулер мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауда түйінді рөл атқарады, ел өңірлеріндегі сала дамуының жай-күйін бағалайды, спортқа қатысуға ықпал ететін жағдайларды талдайды, кедергілерді анықтайды және т.б.
Тұтастай алғанда, дамыған шет елдерде спорт және дене шынықтыру саласы денсаулық сақтауды, білім беруді, көлік инфрақұрылымын, қалалық жоспарлауды, еңбекті қорғауды, дұрыс тамақтану мен өзгелерді қоса алғанда, саламатты ұлтты дамытумен ортақ тұрғыдан қаралады.
Айталық, Еуропалық одақ елдерінде саланы дамытудың мақсаттары мен міндеттерін межелеудің аса маңызды шарты ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін пысықтау, сондай-ақ мүдделі тараптардың - орталық мемлекеттік органдардың, өңірлік биліктердің, үкіметтік емес сектор мен жеке меншік құрылымдардың өзара ынтымақтастығының барлық нысандарын көтермелеу болып табылады.
Әдетте, барлық бағдарламалар ведомствоаралық сипатта болады және ортақ мақсатқа негізделеді, мысалы, «Тамақтануды жақсарту, қимыл-қозғалысты жандандыру» сияқты екі ортақ мақсатты айқындайтын мультиспектрлі іс-қимыл жоспары.
Жетекші шет елдердің спорт саласын дамытудағы дербес бағыт - спорт индустриясын дамыту болып табылады, мұнда мәдениет және спорт саласы коммерциялық қызметтер көрсету мен халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды секторы ретінде қарастырылады.
Жоғарыда көрсетілген шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде Тұжырымдамада саламатты ұлтты дамытудың негізі ретінде спорт пен дене шынықтыру саласын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау көзделеді. Бұл ретте Тұжырымдама шеңберінде аурулар және теріс әлеуметтік құбылыстар профилактикасының құралы ретінде бұқаралық спортты дамытуға; спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыдан дамытуда пайдалануға баса назар аударылады.
ЭЫДҰ тәжірибесін есепке ала отырып, Қазақстанда бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін арттыру жөніндегі шаралар кешенін қолдану қажет.
Сонымен қатар, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жанкүйерлері мен көрермендерінің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жанкүйерлер клубтарының (фан-клубтар) қызметін реттеу қажет. Жалпы, қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы басымдықтарды айқындайтын стратегиялық құжат жоқ. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті ескере отырып, спорт пен саламатты өмір салтын таңдайтын саламатты ұлтты қалыптастыру жөніндегі ортақ мақсатқа және ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген спорт саласын дамытудың жаңа моделін жасау қажет. Халықты дене-шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру үшін тұрғылықты жері бойынша спорт клубтарының, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше айналысатын адамдар үшін демалыс күнгі спорт клубтары желісін құру мәселесін пысықтау қажет.
Өңіраралық, қазақстандық және халықаралық дене шынықтыру іс-шаралары мен спорттық іс-шаралардың жыл сайынғы бірыңғай күнтізбелік жоспарын жетілдіру ерекше назар аударуды қажет етеді, онда еліміздегі кешенді көп кезеңді спорттық және дене шынықтыру іс-шараларының негізі ретінде халықтың әртүрлі топтары арасындағы қазақстандық спартакиада жүйесі спорттық-күнтізбелік жоспардың құрамдас бөлігіне айналуға тиіс.
Спорт түрлері бойынша жарыстардың халықаралық жүйесіндегі өзгерістерді ескере отырып, Бірыңғай спорттық сыныптаманы жетілдіру қажет.
Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне қарай таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі бойынша ұсынымдарды әзірлеу және енгізу, білім беру мекемелерінде дене тәрбиелеу бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету қажет.
Халық тығыздығын, көлікке қолжетімділікті және дамып келе жатқан спорт түрлерін есепке ала отырып, спорт объектілерін орналастырудың сараланған тәсілін іске жалғастыру, спорт түрлерінен спорт федерацияларының мәртебесін жоғарылату болжанады.
Нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорт субъектілерінің функциялары мен өкілеттіктерін нақтылау, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатындардың мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Елдің спорттық өмірі ұлтты жұмылдырудың және Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ілгерілетудің маңызды факторына айналуға тиіс.
Спорт және дене шынықтыру саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде еліміздің әр өңірі халықтың әлеуметтік өмірінің алуан түрлілігіне ықпал ететін ақпараттық және оқиғаларға толы ортаны қалыптастыра отырып, жергілікті спорт қоғамдастықтарына сүйенуге тиіс.
Іс-шараларға қатысуға партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өзге де мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, спорттық оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Ел азаматтарының спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды көздейтін халықты әлеуметтік жұмыспен қамтуға бағдарланған дене шынықтыру-спорт бірлестіктері мен спорт клубтарының жұмысын жандандыру ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клубтарындағы ашық есік күндері акциялары дәстүрге айналуға тиіс.
Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша спорт клубтарының, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше шұғылданушыларға арналған демалыс күнгі спорт клубтарының желісін құрудың тиімді және қарапайым алгоритмін пысықтаған жөн.
Ауылда қоғамдық бастамаларда спорт акцияларын, әуесқойлар чемпионатын, конкурстар мен т.б. өткізу арқылы оқиғаларға толы спорттық өмірді қалыптастыру маңызды.
Осыған байланысты, танымал әрі қолжетімді спорт түрі ретінде футболды жаппай дамыту перспективалы бағыт болуы мүмкін. Футболдан әуесқойлар командаларын мектептер, жекелеген елді мекендер, облыстар және т.б. деңгейде қалыптастыруға болады. Әуесқойлар арасындағы футбол жарыстардың жалпыұлттық кестесіне енгізілуге тиіс, оның шарықтау шегін Қазақстан Футбол федерациясы кубогына әуесқойлар мен кәсіпқойлардың ақтық сайысымен аяқталатын «әуесқойлар футбол лигасы» матчтары түйіндейтін болады.
Барлық деңгейдегі әкімдерге жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, тиісті аумақтарда спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге жеке жауапкершілік жүктеу қажет.
Өңірлердің спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында «Елдің спорттық өмірінің орталығы» өңірлік эстафетасы қағидаты бойынша спорттық іс-шаралар желісін жоспарлаған жөн.
Спорттық әлеуметтің оң бейнесін қалыптастыру және фанаттар қозғалысының радикалдануын болдырмау мақсатында спорт федерацияларының жанкүйерлер қоғамдастықтарымен жұмысын күшейтудің маңызы зор.
Басты қағидаттар - спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға тең мүмкіндік жасау, талантты адамдардың дамуына жәрдемдесу.
Саламатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға тең мүмкіндіктер мен тең қолжетімділік арқылы бала жасында бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
Стратегиялық маңызды міндеттер - елдің барлық өңірінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін жоспарлы дамыту, спорт түрлерінен спорт федерацияларымен ынтымақтас спорт секциялары мен клубтары қызметін жандандыру арқылы дене шынықтыру және спорт саласында қосымша білім беру жүйесінің дамуын ынталандыру.
Бірінші кезектегі ұйымдастыру шарасы ретінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жұмысына қойылатын талаптардың айқын жүйесін қалыптастыру да қажет, мұның негізіне, дене күшінің және техникалық даярлықтың, дене дамуы мен денсаулық жағдайын бағалаудың үлгілік сипаттамаларын есепке ала отырып, дарынды жас спортшыларды ұзақ жылғы спорттық іріктеу қағидаттары салынатын болады.
Практикалық тұрғыда облыстарда орта мектептерді кешенді спорт алаңдарымен қамтамасыз ету, сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін спорт түрлерінен спорт секциялары мен клубтарын дамыту арқылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға балалар мен жасөспірімдерді көбірек тарту, республикалық деңгейде жастарға арналған әскери-спорттық чемпионаттарды тұрақты негізде өткізу мәселесін пысықтаған жөн.
Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру қажет.
Мемлекет те дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық жастар ұйымдарының дамуына жүйелі қолдау көрсететін болады.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, денсаулықты нығайтуға және жан-жақты тәни дамуға бағытталған жастар арасындағы Дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысының кешенді іс-қимыл жоспарын жасау мәселесін пысықтау қажет.
Жастарды неғұрлым көбірек қамту үшін баскетболдан, волейболдан, футболдан, бокстан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын дамыту мәселесін пысықтау қажет.
Елімізде бейімделген дене шынықтыруды дамыту шеңберінде денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау құрдастарының ортасына тарту мақсатында олардың қатысуымен спорт жарыстары мен турнирлерін жүйелі түрде өткізу қажет.
Жаһандану кезеңінде әлемдік спорт аренасында Қазақстанның спорттық имиджін одан әрі нығайту мен ілгерілеудің, сондай-ақ халықаралық спорт қоғамдастығымен ықпалдастырудың маңызы зор.
Спорт еліміздің жалпыұлттық брендінің маңызды құрауышы болып табылатындықтан, бұл Қазақстан үшін де маңызды.
Осы мақсатта Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетінің, Спорт жөніндегі Еуропа кеңесінің және Азия олимпиадалық кеңесінің атқарушы органдарына және т.б. енуі арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша халықаралық спорт ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру болжануда.
Халықаралық имидждік жобаларды іске асыру шеңберінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің ашылуына орайластырылған Халықаралық велотур ұйымдастыру мәселесін пысықтау жоспарлануда.
Аңызға айналған тарихи маршруттармен өтетін «Ұлы Жібек жолы» халықаралық ралли гран-приін өткізу саламатты өмір салтын насихаттауды жандандыруға, спорт қызметі мен іс-шараларға туристерді тартуға мүмкіндік береді.
Спорт туризмін (әсіресе, ішкі) дамытуға жаңа серпін беру мақсатында елдің танымал туристік маршруттар картасына неғұрлым тартымды спорт объектілерін кіріктіру, аумақтардың спорттық брендтерін қалыптастыру қажет.
Жоғары жетістіктер спорты - келешекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы факторларының біріне айналатын спорт индустриясының дамуын пәрменді ынталандырушы күш.
Жоғары жетістіктер спорты Қазақстанның әлемдік аренада ілгерілеуіне, отансүйгіштіктің, елі үшін мақтаныш сезімінің қалыптасуына, азаматтардың бірігуіне де ықпал етеді.
Жоғары сыныпты спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға қабілеті бар перспективалы спортшылар санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Спорт резервін даярлауға, ел өңірлерінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін одан әрі дамытудың болжамды жол картасын қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.
Жұмыстың перспективалы бағыттары - дене шынықтыру және спорт саласының жоғары оқу орындары базасында олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командаларды спорттық даярлау орталықтарын құру жөніндегі мәселені пысықтау болып отыр.
Спортшыларды ғылыми-әдістемелік және медициналық сүйемелдеудің сапасын жақсарту, сондай-ақ спорттық мүкәммал мен арнайы киім-кешекке қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру талап етіледі.
Сондай-ақ елдің спорт резервін даярлау шеңберінде спорт түрлерін дамыту жөніндегі федерациялар жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
Жаттықтырушылар құрамының, спорттық медицина мамандары мен спорт төрешілерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың дуальді жүйесі негізінде үздіксіз кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру туралы мәселені пысықтау қажет.
Спорт саласындағы ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру және кәсіби стандарттарды әзірлеу шеңберінде спорт саласының қажеттіліктері үшін заманауи менеджерлер мен мамандарды даярлау, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласындағы жоғары білім беру стандарттарына «Спорт менеджменті», «Спорт экономикасы» «Спорттық дәрігер» және «Спорттық психолог» мамандықтарын енгізу мәселесін пысықтау қажет.
2025 жылға қарай Астана қаласында Спорт академиясын құру мәселесін пысықтау да перспективалы жоба болып табылады, ол спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болады.
Соңғы жылдары халықаралық спорт аренасында бәсекелестік айтарлықтай өсті, осыған байланысты жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спорттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеке ғылыми базаны құру және дамыту қажет.
Осы мақсатта спорт саласын дамыту мәселелерінде ғылыми тәсілді дамыту және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыбын кеңейту қажет.
Бұл жағдай жаттығу және жарыс процестері уақытында медициналық қамтамасыз етуге де толығымен қатысты. Қазіргі таңда спорттың дамуында осы саладағы ең жаңа жетістіктер негізінде спорт қызметін медициналық-биологиялық реттеу деңгейі басты орынға шығып отыр.
Спорт резервін даярлау жүйесінің теориялық-әдістемелік және медициналық-биологиялық негіздері саласында ауқымды ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу мәселесі де пысықтауды қажет етеді. Саламатты ұлт түсінігіне қимыл-қозғалыс белсенділігі мен спортпен жүйелі шұғылдануды ынталандыру, сондай-ақ, ең маңыздысы қимыл-қозғалыс белсенділігі болып табылатын шаралар мен шарттардың ауқымды кешені кіреді. Саламатты ұлтты қалыптастырудың кешенді тәсілін іске асырудың басты құралы - жас, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. ерекшеліктері бойынша халықтың негізгі нысаналы топтарына бейімделген ақпараттық жұмыс болмақ.
Осы мақсатта қазақстандық «KAZsport» телеарнасын қоса алғанда, жетекші телевизиялық арналар аудиториясын кеңейтуге және ақпараттық жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ танымал интернет-ресурстарды дамытуға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау қажет.
Қазіргі заманғы мектепте балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастырудың басқа да оң тұстары ретінде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің негізгі нысаналы топтарына сапалы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ көрсетілетін спорттық-сауықтыру қызметтеріне сұраныстар мен ұсыныстардың арақатынасын қамтамасыз ету қажет.
Телеарналарда бұқаралық спортты, олардың ішінде спартакиадаларды, республикалық, халықтық, жалпыұлттық және зияткерлік ойындарды дамытуға арналған жобаларды іске асыруды жалғастыру керек.
Өңірлерде бұқара халық арасында спортты және спорттық өмір салтын белсенді түрде танымал ету үшін әр өңірде спорт объектілерінің және оларда жұмыс істейтін спорт секциялары мен клубтарының қызметі бойынша насихаттау жұмысын жалғастыру қажет.
Халықпен ақпараттық жұмыстың тиімділігін мониторингтеу бойынша жұмысты жолға қою маңызды. Негізгі әдіс - әлеуметтік және сараптамалық зерттеулер.Қолжетімді әрі сапалы инфрақұрылымның болуы спорттық көрсетілетін қызметтер нарығының толыққанды жұмысының ең маңызды шарты, дене шынықтыру мен спорттық көрсетілетін қызметтер нарығы ретінде спорт индустриясын ілгерілетудің аса маңызды факторы болып табылады.
Табыс негізі - сала өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне жаппай сұраныстың қалыптасуы.
Әр адамға өз қажеттіліктеріне сәйкес дене шынықтыру мен спорт инфрақұрылымының артықшылығын пайдалануға мүмкіндік жасау.
Саланың экономикалық әлеуетін дамытудың жаңа деңгейі маркетинг саясатын қалыптастырудың жүйелі тәсілін, спорттық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың сұранысы мен ынтасын зерттеуді талап етеді.
Спорт ұйымдары, федерациялары, клубтары демеушілерді, жарнама берушілерді табу, сақтандыру және т.б. мәселелерді қоса алғанда, кәсіби консалтингтік қолдауға мұқтаж.
Осыған байланысты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бизнес-белсенділікті ынталандыруға, ықтимал демеушілер мен инвесторларды тартуға бағытталған тығыз ынтымақтастықты жолға қойған жөн.
Спорт мүкәммалының отандық өндірісін іске қосуды, спорт киімін тігуді, брендтік және. имидждік және басқа да өнім шығаруды қоса алғанда, спорт объектілерін салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуетін неғұрлым кеңінен пайдалану қажет.
Өңірлермен бұқаралық спорт объектілерінің. қолжетімділігін кеңейту, секциялар мен клубтар желісін дамыту бойынша өзара іс-қимылды күшейтудің маңызы зор.
Қазақстанның назары - Риода
Заңнамалық құжаттарды қорытындылай отырып, 2016 жылдың басты спорт жарысы - Рио Олимпиадасына назар салсақ. Биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында төрт жылда бір келетін дүбірлі дода - жазғы Олимпиада ойындары байрағын көтереді. Төрткүл дүние асыға күткен айтулы байрақты бәсеке тамыздың 5 күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алауын тұтатады. Олимпиаданың бюджеті 9,75 млрд. долларды құрайды. 2015 жылдың тамыз айында құрылған бұған дейінгі шығындар сметасымен салыстырғанда, ойындардың бюджеті 400 млн. реалға (шамамен 100 млн. доллар) өскен. Бұл ретте жарыстарды өткізу өтінімін беру кезінде бразилиялық билік көздері ойындардың бағасы 28,2 млрд. реалды (7,2 млрд. доллар) құрайтынына сендірген. Салыстыратын болсақ, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға ұйымдастырушылар 16,3 млрд. доллар жұмсаған, ал Бразилияда 2014 жылы өткен футболдан әлем чемпионатына 6,8 млрд. доллар жұмсалды. Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың бюджеті үш құрамдастан құралған. Спорттық нысандардың құрылысына 7,07 млрд. реал (1,77 млрд. доллар) салынды. Олимпиадалық мұра - қалада жарыстың алдында салынған инфрақұрылым нысандарының құны 24,6 млрд. реалды (6,15 млрд. доллар) құрайды. Ал олардан бөлек ойындардың ашылу және жабылу рәсімдерін өткізетін «Рио-2016» Ұйымдастыру комитетінің бюджеті 7,4 млрд. реалға (1,85 млрд. доллар) тең. XXXI жазғы Олимпиада 2016 жылдың 5-21 тамыз күндері аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өткізілетін бірінші Олимпиада ойындары болмақ.
Бүгінде осынау ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшыларымыздың біразының есімдері де белгілі болып отыр, спорттың 10 түрінен 50-ге жуық лицензиямыз бар. Дегенмен, алда әлі талай лицензиялық жарыстар бар. Яғни, бұл жылда жерлестеріміз 70 құрлықтық, 52 әлем кубогы кезеңдерінде бағы мен бабын сынайды.Бүгінде ауыр атлеттеріміздің алдағы Олимпиада ойындарына берілетін 6 ер және 4 әйелдер арасындағы жолдамаға қол жеткізді. Яғни, зілтеміршілеріміз Риоға толық құрамда барады деген сөз. Алайда, өкінішке орай 94 келі салмақ санатында Олимпиада алтынынан басты үміткер санаған зілтеміршілеріміз Алмас Өтешев пен Жасұлан Қыдырбаев допинг дауына ұрынды. Олардың алдағы тағдыры белгісіз. Қазіргі уақытта ҚР ауыр атлетика федерациясы допинг-бақылау бойынша Жасұлан Қыдырбаев, Ермек Өміртай және Алмас Өтешовтен алынған «А» сынамасынан тыйым салынған препараттың табылуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, тергеу жұмыстарын бастады. Допинг-сынама спортшылардан таяуда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Әлем Чемпионатынан кейін іле-шала алынған болатын. «Спортшыларымызға қатысты допинг-сынаманың оң нәтиже бергендігі біз үшін барып тұрған сорақы дерек, бұл жерде біреудің көрінер-көзге қателік жібергені көрініп-ақ тұр. Бұған біздің жігіттердің ешқандай қатысы жоқтығына сенімдіміз. Біз жағдайды анықтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз және біздің атлеттердің тамағына немесе дәрумендеріне тыйым салынған препараттың салынуына себепші болған тұлғаларды әшкерелеуге барынша күш саламыз. Егер кінәлі азамат атлеттердің өз айналасынан табылар болса. онда Халықаралық ауыр атлетика федерациясымен бірлесе отырып, мұндай адамды спорттан мүлдем аластату және спорт жарыстарына қатысу құқығынын айыру туралы шешім қабылдаймыз», - деген еді таяуда ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин.
Риоға баратын спортшыларымыздың қатарында жеңіл атлеттеріміз Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Гүлжанат Жанатбек, Михаил Красилов, Ирина Смольникова, Георгий Шейко, Ирина Эктова, Флорида Миниянова, ескекшілеріміз Илья Голендов, Александр Емельянов, Дәулет Сұлтанбеков және Андрей Ергучев, Наталья Сергеева, Ирина Подойникова, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев бар.
Боксшыларымыздың қоржынында 4 лицензия. 60 келіде Берік Әбдірахманов, 49 келіде Біржан Жақыпов, 91 келіде Василий Левит және 69 келіде Данияр Елеусіновтің Рио төрінде жасындай жарқырауына жол ашық. Мырзағали Айтжановтың шәкірттері осы жылы өтетін үш лицензиялық жарыста қалған олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Алғашқы Олимпиадаға іріктеу турнирі 2016 жылы 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қытайдың Цяньан қаласында Азия мен Тынық мұхит боксшыларының қатысуымен өтсе, мамырда Болгария астанасы Софияда боксшылар WSB мен APB жобалары бойынша жолдамаға таласады. Үшінші іріктеу шілденің 7-19 аралығында Бакуде өтетін болады.
Олимпиада бағдарламасына енгізілген нысана көздеу спортынан еліміздің намысын Рашид Юнусметов, Владимир Исаченко, Юрий Юрков, Елизавета Король, ал садақ атудан ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев пен әйелдер арасында Луиза Сайдиева қорғайды.
Грек-рим күресінен екі жолдама бар. Оны Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев жеңіп алды. Ал еркін күрестен жалғыз жолдаманы Артас Сана иеленген болатын. Мұнан бөлек, жүзу спортынан Дмитрий Баландин бір жолдамаға иелік етсе, қазіргі бессайыстан Елена Потапенко бір жолдама жеңіп алғаны есте.
Қазақстан тамыздың 5-21 аралында өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрі бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алуды жоспарлауда. Есте болса, бұған дейінгі Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 25 түрінен 105 лицензия ұтып алған еді. Сол Олимпиадада Қазақстан саңлақтары 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Бүгінгі таңда елордалық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Женейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 9 лицензияға қол жеткізді.
Атап айтқанда, бокстан Василия Левит пен ұлтық құрамы капитаны Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Флорида Менянова және қазіргі заманғы бессайыстан Елена Потапенко. Үш лицезия байдаркамен және каноэмен есу бойынша спортшылар Инна Клинова, Зоя Ананченко және Олег Токарницкидің еншісінде. Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев та Рио-2016 олимпиадасында грек-рим күресінен әлемнің үздік балуандарымен күш сынасатын болды. Айта кетейік, төрт жылдық ҚР Спартакиадасында астаналықтар жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді, бұл елордалық атлеттер үшін қалыпты көрсеткіш. Спортшылар 170 медаль (56 алтын, 53 күміс, 61 қола) алды. Қазіргі кезде Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы жанынан 76 спорт түрінен жаттықтыратын 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Спортшылардың жалпы саны - 13 753, соңғы бес жылда спортшылар контингенті екі есеге артқан. Лицензиялық жарыстар әлі де жалғасуда, бапкерлер Қазақстанның ұлттық олимпиада құрамасында астаналық спортшылар санының арта түсетініне сенімді. Ал, Қазақстанның велоспортшылары Рио Олимпиадасына екі лицензия ұтып алды. Олимпиадалық іріктеу жүйесіне сәйкес, Қазақстан «Азия Турде» 602 ұпай жинап 2-орынға ие болды. Бұл топтық жарысқа екі адамға және жеке жарыста бір адамға квота құқығын береді. Топтық жарысқа барлығы 144 спортшы қатыса алады. Олимпиада трассасында жеке сынға 40 спортшы шығады. Дели қаласында өткен атыс түрлерінен Азия чемпионатында екі спортшымыз Олимпиада лицензиясына ие болды. Андрей Могилевский (Астана қаласы) мен Максим Коломоецтен (Қызылорда қаласы) құралған біздің командамыз трапта Олимпиада лицензиясына ие болды. Осылайша бұл спортшылар 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығу құқығын алу үшін іріктеуге қатысады.Жлапы, біз Риодан не күтеміз?Биылғы жылдың басты додасы Рио-де-Жанейро олимпиадасының басталуына санаулы айлар ғана қалды. Төртжылдық доданың дүбірі жақындаған сайын әркімнің көңілінде «Бразилия төрінде Лондондағы жетістікті қайталай аламыз ба?» деген сауалдың жүргені анық.Қазақстан спортшылары қазірге дейін, XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 46 жолдама алып үлгерді. Әлі алдағы уақытта көптеген жолдамалар сарапқа салынатын «бәйгелерде» бұл көрсеткішті еселей түседі деген сенімдеміз. Себебі, бұған дейінгі Олимпиада ойындарына елімізден ең кемінде тоқсан спортшыдан кем барған кезі болған жоқ. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты додаға қатысқан спортшыларымыздың санына көз жүгіртсек, әр төрт жыл сайын спортшылар мен жолдамалар саны біртіндеп өсіп отырғанын байқауға болады. Соңғы Лондон олимпиадасы кезінде ел намысын спорттың 20 түрінен 115 спортшы қорғады. Биыл да жолдамалар санын осы көрсеткішке жеткізу көзделіп отыр. Алайда, бізге ең маңыздысы жолдамалар саны емес, спортшылардың сапасы екенін басты назарда ұстауды ұмытпағанымыз абзал. Лондон олимпиадасынан бері төрт жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі де көз алдымызда. Тарихымызда бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен еліміздің спортшылары 200 мемлекеттің арасында 12-орын алғанда қай қазақ бөркін аспанға атпады?! Содан бері біраз уақыт өтті. Енді биылғы Рио олимпиадасында кімдердің бағы жанып, жасындай жарқырайтыны әзірге беймәлім. Десе де, Бразилия төрінде қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының биік сатыларына көтерілетін ұл-қыздары шығатынына сенімдіміз. Себебі, біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес Олимпия ойындарына қатысып, жүлдесіз қайтып көрген емес. Үкілеп қосқан саңлақтарымыз үмітті ақтап, Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбіретті. Қазір санап отырсақ, спортшыларымыз тек жазғы төрт жылда бір келетін Олимпиада ойындарында 52 медаль, оның ішінде 16 алтын, 17 күміс және 19 қола жүлдеге ие болды. Бұл биыл Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуын енді тойлағалы отырған жас мемлекетіміз үшін оңай жетістік емес. Енді, міне, төрт жылды тағы да артқа тастап, Рио Олимпиадасын қарсы алғалы отырмыз. Биыл спортшыларымызға қойылатын талап та, міндет те ауыр екені белгілі. Себебі, Лондондағы қол жеткізген биік жетістіктерімізді қолдан бермей алға ұмтылу басты назарда болмақ. Сол үшін бүгін Тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ спортшылары қатысқан бес Олимпиада ойындарының тарихына қайта бір көз жүгіртіп, командалык есепте, қай жылы нешінші орындарды иеленгені және кімдердің қандай спорт түрлерінен медальға қол жеткізгенін жариялауды жөн көріп отырмыз. Атланта олимпиадасы (1996) Спортшы саны - 94. Спорт түрі - 15. Медаль саны - 11. Командалық есеп - 24. Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін); Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу). Сидней олимпиадасы (2000) Спортшы саны - 130. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 7. Командалық есеп - 22. Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт). Афины олимпиадасы (2004) Спортшы саны - 114. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 8. Командалық есеп - 40. Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі); Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі); Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика). Бейжің олимпиадасы (2008) Спортшы саны - 129. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 29. Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі), Лондон олимпиадасы (2012) Спортшы саны - 115. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 12. Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі); Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі); Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі). Сонымен, «Бразилия төрінде Лондондағы жетістікті қайталай аламыз ба?».Қазақстан спортшылары қазірге дейін, XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 100 жолдама алып үлгерді. Әлі алдағы уақытта жолдамалар сарапқа салынатын «бәйгелерде» бұл көрсеткіш көбейеді деген сенімдеміз. Бұған дейінгі Олимпиада ойындарына елімізден ең кемінде тоқсан спортшыдан кем барған кезі болған жоқ. Алайда, бізге ең маңыздысы жолдамалар саны емес, спортшылардың сапасы екенін басты назарда ұстауды ұмытпағанымыз абзал. Лондон олимпиадасынан бері төрт жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі де көз алдымызда. Тарихымызда бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен еліміздің спортшылары 200 мемлекеттің арасында 12-орын алғанда қай қазақ бөркін аспанға атпады?! Содан бері біраз уақыт өтті. Енді биылғы Рио олимпиадасында кімдердің бағы жанып, жасындай жарқырайтыны әзірге беймәлім. Десе де, Бразилия төрінде қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының биік сатыларына көтерілетін ұл-қыздары шығатынына сенімдіміз. Себебі, біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес Олимпия ойындарына қатысып, жүлдесіз қайтып көрген емес. Үкілеп қосқан саңлақтарымыз үмітті ақтап, Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбіретті. Қазір санап отырсақ, спортшыларымыз төрт жылда бір келетін тек жазғы Олимпиада ойындарында 52 медаль, оның ішінде 16 алтын, 17 күміс және 19 қола жүлдеге ие болды. Бұл биыл Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуын енді тойлағалы отырған жас мемлекетіміз үшін оңай жетістік емес. Енді, міне, төрт жылды тағы да артқа тастап, Рио Олимпиадасын қарсы алғалы отырмыз. Биыл спортшыларымызға қойылатын талап та, міндет те ауыр екені белгілі. Себебі, Лондондағы қол жеткізген биік жетістіктерімізді қолдан бермей алға ұмтылу басты назарда болмақ. Сол үшін бүгін Тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ спортшылары қатысқан бес Олимпиада ойындарының тарихына қайта бір көз жүгіртіп, командалык есепте, қай жылы нешінші орындарды иеленгені және кімдердің қандай спорт түрлерінен медальға қол жеткізгенін жариялауды жөн көріп отырмыз.
Атланта олимпиадасы (1996)
Спортшы саны - 94.
Спорт түрі - 15.
Медаль саны - 11.
Командалық есеп - 24.
Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі);
Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін);
Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).
Сидней олимпиадасы (2000)
Спортшы саны - 130.
Спорт түрі - 18.
Медаль саны - 7.
Командалық есеп - 22.
Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика);
Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).
Афины олимпиадасы (2004)
Спортшы саны - 114.
Спорт түрі - 18.
Медаль саны - 8.
Командалық есеп - 40.
Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі);
Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі);
Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).
Бейжіңолимпиадасы (2008)
Спортшы саны - 129.
Спорт түрі - 20.
Медаль саны - 13.
Командалық есеп - 29.
Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);
Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі);
Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі).
Лондон олимпиадасы (2012)
Спортшы саны - 115.
Спорт түрі - 20.
Медаль саны - 13.
Командалық есеп - 12.
Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі);
Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі);
Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі).
Бұл жекелеген спортшыларымыздың үлкен Олимпиадалардағы жетістігі. Ал, сіз Олимпиада тарихында Қазақстанның қай облысы бір де бір медаль иеленбегінін білесіз бе? Ол - Павлодар облысы екен. Рио Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. Қазір елімізден осы додаға жолдама алған әр облыстың спортшылары бір үйдің баласындай бірігіп, Тәуелсіз Қазақстанның байрағын желбіретіп қайтуға сақадай сайланып жатыр.
Осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында жарқын жеңістерімен қуантқан Қазақстан спортшылары биыл Рио-де-Жанейро олимпиадасында сол биікті бағындыра ала ма, жоқ па ол уақыт еншісінде. Қазірге дейін спортшыларымыз Риоға жолдамалар санын жүзге жеткізді. Естеріңізде болса, Лондон олимпиадасына 116 спортшымыз барып, 25 спорт түрінен бақ сынап, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 12-орынды жеңіп алған болатын.
Осы ірі жетістіктен кейін, Қазақстан спортшылары Тәуелсіз ел ретінде қатысқан 5 жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіп алған жалпы медальдар санын 52-ге жеткізді. Оның 16-сы алтын, 17-сі күміс, 19-ы қола медаль.
Бұл медальдардың барлығы бір спортшыға немесе бір облысқа ғана тиесілі емес. Тұтас ел болып төгілген маңдай тердің нәтижесі. Алайда, Олимпиада тарихына көз жүгіртіп, осы медальдар санына қай облыс қанша ұлес қосты дегенге келетін болсақ, әр өңірдің жетістігі әрқалай. Тіпті, еліміз Тәуелсіздік алған 25 жылда, 5 жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бірде бір медаль салмаған облыс бар. Ол қай облыс? Төмендегі статистикаға назар аударайық.
Атланта-1996
3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль:
Алматы облысы - 2 алтын медаль, 1 қола медаль;
Қарағанды облысы - 1 алтын медаль;
Алматы қаласы - 2 күміс, 2 қола медаль;
Жамбыл облысы - 1 күміс, 1 қола медаль;
Ақмола облысы - 1 күміс медаль;
Сидней-2000
3 алтын, 4 күміс медаль
ОҚО - 1 алтын, 1 күміс медаль;
Алматы қаласы - 1 алтын медаль;
Ақтөбе облысы - 1 алтын медаль;
Жамбыл облысы - 2 күміс медаль;
СҚО - 1 күміс медаль;
Афины-2004
1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль
Жамбыл облысы - 1 алтын медаль;
Алматы облысы - 2 күміс медаль;
Қарағанды облысы - 1 күміс, 2 қола медаль;
ОҚО - 1 күміс медаль;
Алматы қаласы - 1 қола медаль;
Бейжің-2008
2 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль
Алматы қаласы - 1 алтын, 1 қола медаль;
Қызылорда облысы - 1 алтын медаль;
ОҚО - 1 күміс, 2 қола медаль;
Ақмола облысы - 1 күміс, 1 қола медаль;
Астана қаласы - 1 күміс медаль;
БҚО - 1 күміс медаль;
Алматы облысы - 1 қола медаль;
Атырау облысы - 1 қола медаль;
Маңғыстау облысы - 1 қола медаль;
Лондон-2012
7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль
Алматы облысы - 3 алтын медаль;
Қарағанды облысы - 1 алтын медаль;
СҚО - 1 алтын медаль;
Қызылорда облысы - 1 алтын медаль;
ШҚО - 1 алтын медаль;
Маңғыстау облысы - 1 күміс медаль;
Жамбыл облысы - 1 қола медаль;
Алматы қаласы - 1 қола медаль;
Астана қаласы - 1 қола медаль:
Қостанай облысы - 1 қола медаль;
БҚО - 1 қола медаль.
Енді осы медальдар санын әр өңір бойынша көбінен азына қарай жеке-жеке жинақтап шығайық.
Алматы облысы - 5 алтын, 2 күміс, 2 қола (9) медаль;
Алматы қаласы - 2 алтын, 2 күміс, 5 қола (9) медаль;
Қарағанды облысы - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола (5) медаль;
Қызылорда облысы - 2 алтын, 0 күміс, 0 қола (2) медаль;
Жамбыл облысы - 1 алтын, 3 күміс, 2 қола (6) медаль;
ОҚО - 1 алтын, 3 күміс, 2 қола (6) медаль;
СҚО - 1 алтын, 1 күміс, 0 қола (2) медаль;
Ақтөбе облысы - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1) медаль;
ШҚО - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1) медаль;
Ақмола облысы - 0 алтын, 2 күміс, 1 қола (3) медаль;
Астана қаласы - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;
БҚО - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;
Маңғыстау облысы - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;
Атырау облысы - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1) медаль;
Қостанай облысы - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1) медаль;
Павлодар облысы - 0 алтын, 0 күміс, 0 қола (0) медаль;
Осы сандарға қарасаңыз, жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшыларымыз арасында Алматы облысының спортшылары ең көп жүлде алғанын көруге болады. Ал Павлодар облысынан әлі бірде-бір спортшы олимпиада ойындарында жүлдеге іліне алмай келеді...Әттеген-ай.
Өңірлерді шоли отырып, байқанағымыз, бұрындары спорт десе, көз алдымызға тек ер жігіттер ғана елестейтін. Қыздар спортпен айналысады деген түсінік болмаған кездер болды. Әсіресе, қызын құдайындай сыйлап, құрметтейтін қазақ қоғамында қыз баланы «қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» деп мәпелеп, ауыр жұмысқа салмай аялап өсірген.
Алайда, бүгінгі таңда бұл көзқарас мүлде өзгеріп кетті. Тіпті кейбір спорт түрлерінен жігіттерден емес, қыздардан үміт күтетін деңгейге жеттік. Мысалы, биыл көптеген қазақ жанкүйерлері жеңіл атлет аруымыз Ольга Рыпаковаға зор үміт артып отыр. Ал осы спорт түрінен «жігіттердің қайсысы жүлдеге лайық» деп сұрай қалсаңыз ойланып барып жауап берері сөзсіз.
Қазір елімізде спортпен айналысып, Халықаралық ареналарда көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды аспандата шырқатып жүрген аруларымыз жеткілікті. Оған ана-мына жарыстар емес, спорт жарысының төресі, төрт жылда бір алауы тұтанатын Олимпиада ойындарындағы жетістіктеріміз дәлел.
Қыздарымыз спорттың ауыр атлетика, бокс, күрес сияқты физикалық дене күші мен психологиялық төзімділікті талап ететін түрлерінен жарыстарда жігіттерден кем өнер көрсетпейді. Мұндай ауыр спорт түріне көп жағдайда жігіттің жігіті ғана төзе алады. Жалпы қыздарымыз жігіттер айналысатын спорттың барлық түрімен айналыса алатынын дәлелдеп жүр.
Тәуелсіздік алғаннан бері отандастарымыз қатысқан 5 Жазғы олимпиаданың тарихына үңілсеңіз, жерлестеріміз Қазақстан қоржынына жалпы 52 медаль салған екен. Бұл жүлденің барлығы тек жігіттерімізге ғана тиесілі емес. Оның 11-і аруларымыздың еншісінде. Осы 11 медальдің 5-еуі алтын, 2-і күміс, 4-і қола медаль.
Алтын медальдің иегері атанған аруларымыз:
Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) - Сидней олимпиадасы (2000),
Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) - Лондон олимпиадасы (2012)
Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі) - Лондон олимпиадасы (2012)
Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі) - Лондон олимпиадасы (2012)
Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі) - Лондон олимпиадасы (2012)
Күміс медальдің иегері атанған аруларымыз:
Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі) - Бейжің олимпиадасы (2008)
Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі) - Бейжің олимпиадасы (2008)
Қола медальдің иегері атанған аруларымыз:
Елена Шалыгина (әйелдер күресі, 63 келі) - Бейжің олимпиадасы (2008)
Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі) - Бейжің олимпиадасы (2008)
Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі) - Лондон олимпиадасы (2012)
Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі) - Лондон олимпиадасы (2012)
Міне, қызақстандық қыздардың Олимпиада ойындарында ел қоржынына салған жүлделері. Ал, әлем және құрлықтық біріншіліктердегі жетістіктеріміз бұдан әлдеқайда көп екені айтпасақ та түсінікті.
Осы орайда айта кетейік, Алаштың ендігі арманы қазақтың қаракөз қыздары арасынан бір Олимпиада чемпионын көру. Бұйыртса, бұл күндер де алыс емес деген үміттеміз. Ендеше, биылғы Рио Олимпиадасында бір қазақ қызы Олимпиаданы бағындырып, қазақтың қыздарын күллі әлемге танытсын деп тілейік.
Айтпақшы, Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстаған болады. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде «неге туды басқа танымал спортшыларға бермейді?», «боксшылардың бірі ұстауы керек еді» деген сияқты әртүрлі ой-пікірлер көтерілді. Осы сұрақтарға жауап іздеп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне хабарласқан едік. «Руслан Жапаровтың көк байрағымызды Олимпиада ойындарында көтеріп шығуы жай кездейсоқтық емес. Себебі, ол біріншіден өте талантты спортшы. Егер қатардағы жай спортшы болса, Олимиадаға жолдама ала алмас еді. Бүгінде таэквондошыларымыздың еншісінде 3 жолдама бар. Соның бірі осы Руслан бауырымызға тиесілі. Біз Риода Жапаров бауырымыздан да үміт күтеміз», - деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит.
Оның айтуынша, ту көтеретін спортшы психологиялық тұрғыдан да өте тұрақты болуы тиіс. Себебі, ту көтеріп ұзақ қатарда тұру адамның жүйкесіне салмақ салады.
«Бұл азамат осы талапқа да сай келеді. Үшіншіден, Русланның жарыс кестесіне сәйкес шаршы алаңға шығатын күні басқа спортшыларға қарағанда әрірек. Олимпиада басталғаннан кейін 3-4 күннен кейін жарысқа шығады. Сондықтан әдейі Русланды таңдадық. Ал сіздер ойлаған спортшылардың барлығы бүгін ту көтерсе, ертесі жарысқа шығатын болды. Ту көтерген спортшы салтанатты ашылу рәсімінде 7-8 сағат тікесінен тік тұрады. Ол жақта күн өте ыстық. Сағаттап тұру спортшыға өте үлкен салмақ түсіреді. Шаршатады. Ол ертесі жарыста әсер етуі мүмкін. Сол үшін ту көтергеннен кейін жарысқа асықпай шығатын Русланды таңдадық», - деді баспасөз хатшысы.
Ал, әлеуметтік желі қолданушылары көк байрағымызды жыл сайын ең көп медаль әкелетін боксшылар көтеріп шығады деп үміттенсе керек... Бокс демекші, Қазақстанның бокстан ұлттық құрама жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановпен де әңгімелескен едік. «Біз қазір Алматыда Алатау бөктерінде жатып, жаттығу жасап жатырмыз. Тау бөктерінде ауа таза, жүгіруге де, тас лақтыруға да, шыңдарға өрмелеп жарысуға да барлық жағынан өте қолайлы», - дейді бас бапкер. Әрине, жігіттеріміз Риоға сақадай сай. Осыған дейін өзіміз жасаған жоспар бойынша жаттығудың бірнеше сатысын аяқтадық. Қазір жігіттеріміз күш жинап жатыр. Алда тағы да бірнеше оқу-жаттығу жиындарымыз бар. Алла қаласа, шілденің 17-нен бастап Астанада жаттығуымызды жалғастыратын боламыз. Қазақта «арық айтып, семіз шығайық» деген аталы сөз бар. Менде сол ұстанымды қатты ұстанатын жігіттердің бірімін. Жалпы 5 медаль аламыз деген жоспарымыз бар. Оның ішінде 2 алтын алу басты мақсатымыз. Ал бізде жалпы 5 медальдан артык алуға мүмкіндігіміз бар. Менің қоластымдағы жаттығып жатқан боксшылардың барлығы өз балам сияқты. Әрқайсысын әр түрлі жерде жеке-жеке жаттықтырып жүрген жоқпын. Барлығы бірге жаттығады. Анау мықты, мынау осал деп бөле жарып көрген емеспін. Барлығы да медальдан үмітті. Алайда, әрқайсысының өздерінің бағына байланысты»,-дейді Мырзағали Айтжанов. Алтын әкелген қай спортшы болсын, мемлекеттен сыйақы алып, халықтың қошеметіне бөленетіні анық. Сыйақы демекші, Олимпиада ойындарында әр ел чемпиондары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы ұсынады. Лондон олимпиадасында Грузия мемлекеті бірінші орын алған спортшыларына 1.2 миллион АҚШ долларын беріп, ең көп сыйақы ұсынған ел ретінде есте қалды. Одан кейін айтарлықтай сыйақы берген екінші ел - Әзербайжан. Олар чемпиондарына 510 мың АҚШ долларын тарту етті. Ал Қазақстан спортшыларына сыйақы беруден үздік үштікті түйіндеген болатын. Біздің елде Олимпиада чемпионы атанған спортшы 250 мың АҚШ долларына ие болады. Биыл да Риода топ жарған спортшыларды осындай ірі көлемдегі сыйақы күтіп тұр. Екінші орын алған спортшы 150, үшінші орын алған спортшы 75 мың АҚШ долларына иелік етеді. Бұл әрине, мемлекеттің ұсынатын сыйақысы. Ал әр спортшыны қай облыстың атынан шықса, сол жердегі жергілікті билік тағы да марапаттап жатады. Басына үй, астына көлік мінгізетін әкімдер де көп кездеседі.
Олимпиада өте маңызды, универсиаданың жөні бір басқа
Бүгінгі таңда спорттың сан алуан түрі бар. Әр жарыс өз шығу тарихымен ерекшеленеді. Сол бәсекелердің бірі екі жылда бір рет жалауы желбірейтін Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары.
Өткен аптада Алматыда 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиада ойындарының спорт нысандары туралы таныстырған болатынбыз. Бүгін тарихы туралы қысқаша тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
Алдымен, әсем қала Алматының тарихына аз-кем тоқталсақ. азақстан Президенті өзінің халыққа жолдауында, 2020 жылға дейін ел тұрғындарының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысу керектігін міндеттеген болатын. 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтеді. Бұл отандық спорттың әлемдік деңгейге көтерілгенін айқын аңғартады.
АЛМАТЫНЫҢ ТАРИХЫ
Алматы - Республиканың оңтүстік-шығысында Іле Алатауының баурайындаорналасқан Қазақстанның ең үлкен қаласы.
Қазіргі Алматының ең алғашқы тұрғындары - сақтар мен үйсіндер. Х ғасырдың өзінде Алматы мыңға жуық адам тұратын, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. Қала Ұлы Жібек жолының Тянь-Шань бөлігіне кірді. Археологтар керамикалық бұйымдарды, ежелгі ұсталардың шеберханаларын және ХІІІ ғасырға жататын «Алмату» деген жазуы бар күміс теңгелерді тапты.
1854 жылы Кіші Алматы көлінің жанына форт салынып, «Верный» аты берілген. 1921 жылдың 5 ақпанында Верный қаласының аты Алма-Ата деп өзгертілді. Сол жылы қала Қазақ ССР-нің астанасы болып жарияланды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Алматыға республикалық маңызы бар қала статусы берілді.
2016 жылы Алматы 1000 жылдық мерейтойын атап өтеді. ЮНЕСКО-ның 38-ші Бас конференциясында ЮНЕСКО-ның 2016 жылдағы мерейтойлық және атаулы күндерінің қатарына қаланың 1000 жылдығын атап өту ресми түрде қосылды.
Биылғы жылы Алматы қаласында 100-ден аса түрлі мерекелік шара ұйымдастырылу көзделіп отыр.
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАСЫ
Алматы - бұл Қазақстанның қаржылық, экономикалық, мәдени орталығы. Алматыда экономиканың динамикалық тұрақты өсуі арқасында 2014 жылы ЖІӨ өндіру көлемі 20 пайызға жетіп, 8 трлн. теңгені құрады.Алматының экономикасының негізгі тетіктері өнеркәсіп және ауыл-шаруашылығы. Қала халқының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 92,2 %-ды құрайды.
ҚАЛА ХАЛҚЫ
Қала халқының саны 1,5 миллионға жуық. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, шахар тұрғындарының орта жасы 33-34 құрайды. Алматыда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қала сегіз ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Медеу, Бостандық, Түркісіб, Әуезов, Жетісу және Наурызбай.
Алматыда метро желістері, қоғамдық көлік маршруттары, екі теміржол вокзалы (Алматы-1 және Алматы-2) бар.
Қазақстандағы ең ірі әуежай Алматы қаласында. Ол елдегі ішкі және сыртқы Әуетасымалынан бірінші орын алады. Бір жылда Алматы әуежайы 4500000 адамды қабылдайды. Күніне 220 рейстерді жүзеге асырады.
Алматыға келген меймандарды қабылдайтын 250-ден астам қонақүйлер бар.
ҚАЛАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ
Алматы - жасыл желекке оранған, шуақты, кең көшелері мен әсем ғимараттары мен көптеген саябақтарға бай қала. Қаланың 150 жылдық тарихы оның көптеген ғажайып мәдени - тарихи ескерткіштері мен тарихынан, қаланың контрасты сәулетінде ескі сәнмен салынған ғимараттардан бастап жаңа үлгідегі биік кешендерінен көрінеді. Алматыда республикалық және жергілікті мәнге ие 126 сәулет ескерткіші бар. Ең көне ғимараттар ретінде Абай атындағы опера және балет театры (1936-1941 ж), Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы (1930 ж), Үкімет үйі (1951-1957 ж) т.б. айтуға болады.
Еліміздің ең ірі мегаполисі - Алматы қаласының атауы алма жемісімен байланысты. Алманың төресі - апорт Алматы шаһарының белгісі. Алматы аппортының салмағы 350 грамм, кейде 400-900 грамм болып жатады.
АЛМАТЫ - 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастырушы қала
Қазір Алматы қаласы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы қабылдауға дайындықтарын жүргізіп жатыр. Қалада үш бірдей спорт нысанының құрылысы жүруде. 2016 жылдың күзіне дейін 5000 адамға арналған Атлетикалық қалашық, 12 мың орындық Мұз сарайы және сыйымдылығы 3 мыңдық Мұз аренасы пайдалануға берілмек.
Алматы аталған шараларды бірінші рет қабылдағалы жатқан жоқ. 2011 жылы алып шахарда 7-ші қысқы Азия ойындары өткен. Сол уақытта Азиядаға арналып «Сұңқар» трамплиндер кешені мен «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы салынған болатын. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Барлық спорт нысандары еліміздің негізгі инфрақұрылымдарына жатады.
Бүкіләлемдік универсиаданың тарихы 1905 жылдан бастау алады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Міне, содан бері Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды.
Универсиада - Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (International University Sports Federation (FISU) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
Спорт тарихындағы тұңғыш қысқы Универсиаданың тұсауы 1960 жылы Францияның Шамони қаласында кесілді. 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен бұл халықаралық додада 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Франциякөш бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлаған Кеңес Одағы екінші орын иеленді. Содан бері екі жылда бір болатын қысқы Универсиада төрткүл дүниенің төрт бұрышынан жастардың басын біріктіретін ірі додаға айналып үлгерді.
Универсиадаға студенттер, аспиранттар және ЖОО түлектері қатыса алады. Олардың жас шамасы 17-ден төмен 28 жастан аспауы көзделген.
Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдар ішінде 700 спортшы қатысып, 125 медаль иемденді.
Қазақстандық спортшылар үшін 2015 жылғы қысқы Универсиада ең нәтижелі болды. Құрама бірінші рет жалпы есепте 3-орын алды (5 алтын, 6 күміс).
Жазғы Универсиадаға қатысқанда ең нәтижелі деп, 2007 жылғы Бангкоктағы Универсиаданы айта аламыз. Спортшыларымыз 14 медаль алды (11-орын).
2011 жылдың 29 қарашасында Халықаралық студенттер спорты 2017 жылы Алматы қаласын 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданы өткізетін қала ретінде таңдады. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды.
Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Ал Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып Қысқы Универсиаданы өткізу мәртебесіне ие болып отыр. Бұл қазақ елінің әлем алдындағы абыройлы ел екендігінің айқын дәлелі.
Осыған дейін Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын әлемнің 15 мемлекеті өз елінде өткізу құқығына ие болды. Соның ішінде бұл байрақты бәсекені ең көп өткізу мәртебесіне ие болған Италия болса (6 рет), Чехословакия мен Испания елдері әрқайсысы үш реттен өткізіп екінші орында тұр. Ал Аустрия, Болгария, Польша елдері әрқайсысы екі-екіден өткізу мәртебесін иеленіпті. Франция, Швейцария, Финляндия, АҚШ, Жапония, Корея, Словакия, Қытай, Түркия елдері бір-бірден жарысты ұйымдастыру құқығына ие болыпты. Міне, осы елдердің қатарына 16-шы болып қазақ елі қосылмақ.
Универсиада туын Алматы қаласына табыс ету салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.
Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.
Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.
Осы универсиада ойындарының заңнамалық негізін қалау үшін ҚР Үкіметінің Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы қаулыны қабылдаған болатын.
2011 жылдың 29-шы қарашасында студенттік спорттың халықаралық федерациясы (FISU) Алматы қаласын, 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы қабылдаушы қала деп таныды. Осыған орай "Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция" МҚ құрылды.
Дирекцияның мақсаты мен атқарар қызметі: Халықаралық студенттік спорт федерациясының алдында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы сәтті өткізу.
2017 жылдың 14 маусымында қысқы Универсиада дирекциясына жаңа директор тағайындалды. Енді бұл қызметті Наиль Фаридұлы Нұров атқарады. Ол 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу мен өткізу жөніндегі дирекциясына, Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен ауысты.
Наиль Нұров 1967 жылдың 21 мамырында дүниеге келді. Алматы қаласындағы Қазақстан денешынықтыру және спорт институтын жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары Қазақстан дене шынықтыру институтының ЛКЖО жастар комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің «Спутник» халықаралық туризм бөлімінің меңгерушісі, жас студенттер нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Главтур СП мекемесі мен «Фирма «Нұр» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды. ҚР спорт және туризм агенттігінің «Қазспортқамту» АҚ Президенті болды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының директоры, «Медеу» мұз айдынының директоры, Алматы қаласындағы Туризм және спорт басқармасының бастығы, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарын және Олимпиада алауы эстафетасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қалалық дирекция» МҚКК-ның директоры, Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайының басшысы қызметтерін атқарды
Алматыдағы қысқы универсиадаға байланысты ашылған almaty2017.com сайты оқырмандары мен спорт сүйер қауымға үнемі қызықты ақпараттар таратып отырады. Мысалы, сайттың хабарлауынша, студенттер арасындағы алғашқы сайыс АҚШ, Англия, Швейцарияда өтті. Соның негізінде студенттердің спорттық қауымдастықтары құрыла бастады. Мұндай қауымдастық тұңғыш рет 1905 жылы АҚШ-та пайда болды. Халықаралық студенттік спорт федерациясы (International University Sports Federation - FISU) - студенттер арасында әлем чемпионаттары мен Универсиада ойындарын өткізетін ұйым.
ФИСУ-дың құрамына бес құрлықтан 171 мемлекет кіреді.
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР
XIX ғасырдың басында спорттық жарыстар алғашқы рет өткізіле бастады. Оның пайда болуына Олимпиада ойындарының негізін қалаушы барон Пьер де Кубертэн түрткі болды. Студенттер арасындағы алғашқы сайыс АҚШ, Англия, Швейцарияда өтті. Соның негізінде студенттердің спорттық қауымдастықтары құрыла бастады. Мұндай қауымдастық тұңғыш рет 1905 жылы АҚШ-та пайда болды. 1894 жылы құрылған Олимпиада қозғалысынан оның өзгешелігі болды. Ал студенттердің халықаралық конфедерациясы 1919 жылы құрылды. Аталған ұйымның мұрындық болуымен 1923 жылы алғаш рет студент жастары арасында әлемдік ойындар өткен болатын.
FISU ресми түрде 1949 жылы құрылды. Бірақ оның қызметі 1920 жылдан бастау алды.
1925 пен 1939 жылдар аралығында аталған ұйымның бастауымен тағы да әлемдік спорттық шаралар өткізілді. Атап айтсақ: Прага (1925 ж.), Рим (1927 ж.), тағы да Парижде (1928 ж.), Дармштадте (1930 ж.), Турин (1933 ж.), Париж (1937 ж.), Монако (1939 ж.). Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ойындар үзіліп қалып, соғыс біткеннен соң қайта жанданған болатын.
FISU-ДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1946 жылы Халықаралық Студенттер Одағы Прагада қызметін қайта жалғастырды. Аталған одақ студенттердің IX Әлемдік Ойындарын өткізеді. Осы ойындардан кейін, Халықаралық Студенттер Одағы бөлініп кетеді. 1949 жылы люксембурлық Пол Шлеймердің бастамасымен Халықаралық Студенттер Спортының Федерациясы (FISU) құрылады. Олар 1949 жылы Италияның Мерано қаласында студенттер спортының апталығын ұйымдастырады. Келесі апталықтар 1951 жылы Люксембургте, 1953 жылы Дортмундта және 1955 жылы Сан-Себастьянда өткізіледі. 1957 жылы француз федерациясы студенттер арасында әлемдік чемпионаттарын жасайды. Осының арқасында бүкіл әлемнің студенттері бас қосатын Ойындарды өткізуге деген ниет арта түседі.
БІРІНШІ УНИВЕРСИАДА
1959 жылы FISU мен ISU Италияның Турин қаласындағы Ойындарға қатысуға келісімін береді. Аталған доданы Италияның Студенттер Спортының қауымдастығы өткізеді. Сол жыл FISU-ге қатты әсер етеді. Сонда алғаш рет италиялық ұйымдастырушылар аталған жарысқа "Универсиада" деген атау береді. Олар бес жұлдызбен қоршалған "U" әрпі бейнеленген жарыстың туын жасап шығарады.
СТУДЕНТТІК СПОРТТЫҢ КЕҢЕЮІ
Небір кезеңдерді бастан өткерген Универсиадаға қатысушылардың қатары жыл санап артумен болды. 1959 жылы Туринде өткен додада 1407 қатысушы болса, FISU-дің жемісті еңбегінің арқасында 2001 жылғы Бейжіңде өткен жазғы Ойындарда 165 елден 6 757 спортшы қатысты. 2003 жылы Кореяның Даегу қаласында өткен Универсиадаға 174 елден 6 643 спортшы бақ сынады. Ең көп қатысушы 2011 жылы Қытайдың Женьшене қаласында өткен жарыста тіркелді. Оған 10 624 спортшы қатысты. Қысқы Универсиадаға қатысушылардың да саны артқан. Мәселен 1958 жылы Австрияның Зел-Ам-Си қаласында ұйымдастырылған Ойынға 98 атлет қатысса, 2009 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Универсиада да барлық рекорд жаңартылды. Жарысқа әлемнің 44 елінен 2931 спортшы қатысқан еді.
50 жыл ішінде 300 ден астам біріншіліктер өтіпті. 2000 жылы студенттер арасындағы 20 әлем чемпионаты әр түрлі жерде әр спорт түрінен өткізілді. Бұл жарыстарға 83 елден 3 623 спортшы қатысқан. 2010 жылы 27 біріншілік өтіп, 4431 спортшы бақ сынаған.
ФИСУ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ
FISU-дың бірінші президенті болып, люксембурлық физик әрі математик Пауль Шлеймер тағайындалады. Ол FISU-ды 12 жыл басқарады. Кейін оны бұл қызметте Примо Небиоло алмастырады. Бүкіләлемдік универсиадалардың қарқынды дамуын Небиолоның есімімен байланыстырады. Ал 1999-2011 жылдары FISU-ды Джордж Киллиан басқарды. 2011 жылдың 9-шы тамызында Қытайдың Шеньчжен қаласында өткен FISU-дың атқару комитетінің отырысында Клод-Луи Галльен FISU-дың жаңа президенті болып сайланады. Ал 2015 жылдың 8-ші қарашасында Швейцарияның Лозанна қаласында өткен FISU-дың атқару комитетінің отырысында ресейлік Олег Матыцин FISU-дың жаңа басшысы болды. Дауыс беруге қатысқан өкілдердің 102-сі Олег Матыцинге дауыстарын берген.
FISU МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЫНТАМАҚТАСТЫҢ ТАРИХЫ
Қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта 700 отандық спортшы Универсиадалар да бағын сынады. Жалпы есепте 125 жүлде жеңіп алды. Оның 35-і алтын, 39-ы күміс және 51-і қола медаль.
АЛДАҒЫ УНИВЕРСИАДАЛАР
2017 жылы Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтеді. Сайыстар 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында ұйымдастырылады. Жарысқа 55 елден 17 мен 28 жас аралығындағы 2000 спортшы қатыспақ. Универсиада кезінде 3000 ерікті жұмылдырылады. Олар 8 спорт нысанында, әуежай мен қонақүйлерде қызмет етеді. Шетелден 30000 турист келеді деп күтілуде.
2019 жылы Универсиада Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өткізілмек. Ресей өз тариында бірінші мәрте Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастырмақ. 2019 жылғы Бүкіләлемдік Универсиада - Ресейдің қабылдап жатқан үшінші Универсиада ойыны. Бұған дейін ресейліктер 1973 жылы Мәскеуде және 2013 жылы қазанда жазғы Универсиада ойындарын өткізген еді.
2017 жылы 29-шы Бүкіләлемдік жазғы Универсиада Тайбейде өтеді.
2019 жылы Бразилияда 30-шы жазғы Универсиада ойындары өтеді.
Осыған дейін Қысқы Универсиаданы өткізген елдер:
1960 жыл:
I Ойындар - Шамони (Франция)
1962 жыл:
II Ойындар - Вилларс (Швейцария)
1964 жыл:
III Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1966 жыл:
IV Ойындар - Сестриере (Италия)
1968 жыл:
V Ойындар - Инсбрук (Аустрия)
1970 жыл:
VI Ойындар - Рованиеми (Финляндия)
1972 жыл:
VII Ойындар - Лэйк-Плэсид (АҚШ)
1975 жыл:
VIII Ойындар - Ливиньо (Италия)
1978 жыл:
IX Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1981 жыл:
X Ойындар - Хака (Испания)
1983 жыл:
XI Ойындар - София (Болгария)
1985 жыл:
XII Ойындар - Белунно (Италия)
1987 жыл:
XIII Ойындар - Штрбске Плесо (Чехословакия)
1989 жыл:
XIV Ойындар - София (Болгария)
1991 жыл:
XV Ойындар - Сапорро (Жапония)
1993 жыл:
XVI Ойындар - Закопане (Польша)
1995 жыл:
XVII Ойындар - Хака (Испания)
1997 жыл:
XVIII Ойындар - Муджу (Корея Республикасы)
1999 жыл:
XIX Ойындар - Попрад (Словакия)
2001 жыл:
XX Ойындар - Закопане (Польша)
2003 жыл:
XXI Ойындар -Тарвизио (Италия)
2005 жыл:
XXII Ойындар - Инсбрук Зеефельд (Аустрия)
2007 жыл:
XXIII Ойындар - Турин (Италия)
2009 жыл:
XXIV Ойындар - Харбин (Қытай)
2011 жыл:
XXV Ойындар - Эрзурум, (Түркия)
2013 жыл:
XXVI Ойындар - Трентино (Италия)
2015 жыл:
XXVII Ойындар - Гранада (Испания)
Ал келесі XXVIII Универсиада ойындары қазақ елінің Алматы қаласында 2017 жылы 29 қаңтар мен ақпанның 8-і аралығында өтеді. Алматыда алауы тұтанатын Универсиада ойындарына арналған спорт нысандары толықтай дайын деуге болады. Бұрыннан бар нысандар күрделі жөндеуден өтсе, бірқатар нысандар жаңадан бой көтеріп үлгерді. Алматыдағы XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтетін спорт нысандарын таныстырмақпыз. Жалпы Универсиада ойындары мына тоғыз спорт кешенінде өтеді.
Мұз аренасы
Жоспарланған аяқталу мерзімі:
2016 жылдың тамыз-қыркүйек айлары.
Көрермендерге арналған орын саны: 3000 орын
Аумақтық жалпы ауданы: 11,6 га.
Құрылыстың жалпы ауданы: 20 293,5 шаршы метр, нысан көпсалалы, әмбебап 3000 орынға арналған. Мұз аренасы мен 200 орынға арналған кіші аренадан тұрады.
Ойындар кезінде бұл нысан ерлер арасындағы шайбалы хоккейден жарыстарды қабылдайды.
Нысанның орналасқан жері: Алматы қ. Медеу ауданы, Талғар даңғыл жолы мен Құлжа даңғыл жолының қиылысы.
Мұз сарайы
Көрермендерге арналған орындар: 12000 орын
Жоспарланған аяқталу мерзімі: 2016 жылдың тамыз - қыркүйек айлары
Аумақтың жалпы ауданы: 10 734 га
Құрылыстың аумағы: 29 710,94 шаршы метр
Мұз сарайы: 12000 орынға арналған Бас арена мен 475 орынға арналған Кіші аренадан құралған
Ойындар кезінде сарайда өтетін шаралар: Ашылу және жабылу салтанаттары, спорттық дисциплиналар
Нысанда өткізілетін спорт жарыстарының түрлері:
Бас арена: мәнерлеп сырғанау
Кіші арена: керлинг
Нысанның орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, Рыскұлов даңғылының солтүстігіне қарай
Атлетикалық қалашық
Жатар орын: 5000 орын
Жоспарланған аяқталу мерзімі: 2016 жылдың шілдесі
Жалпы аумағы: 24,41 га
Құрылыс аумағы: 23 977,66 шаршы метр
Атлетикалық қалашық 8-9 қабатты тұрғын үйлерден тұрады. Онда барлығы 8 тұрғын үй бар. Және 14 қабатты 4 ғимарат бар. 800 орынға арналған асхана, бассейн, медициналық орталық, кинотеатр орналасқан. Универсиада аяқталғаннан кейін Атлетикалық қалашық студенттердің жатақанасы мен ұстаздарға тұрғын үй ретінде кепілдікке берілмек.
Орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, Рысқұлов даңғылының солтүстігіне қарай
«Медеу» мұз айдыны
Универсиададағы спорт түрлері:
Конькимен жүгіру спорты 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығы 2017 жыл
Бенди - допты хоккей 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығы 2017 жыл
Нысанның инфраструктурасы: 8 300 орындық; 38 ш.м 4 киім ауыстыру бөлмесі; Төрешілер бригадасына арналған 4 бөлме; 200 ш.м жаттығу залы; Баспасөз орталығы/медиа орталық; VIP аймағы; Спортшылар мен көрермендерге арналған тамақтану аймағы; Комментаторлық орындар.
Салынған уақыты: 1972 жыл
Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары: 2011 жыл
Жалпы аумағы: 12 031 ш.м
Сыйымдылығы: 8 300 орын
Атлетикалық қалашық пен ара қашықтығы: 30,6км
Орналасқан жері: Алматы қ, Горная көшесі, 465
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
Универсиада кезіндегі спорт түрі:
Басты арена - әйелдер арасында шайбалы хоккей 28 қаңтар мен 7 ақпан 2017 жыл
Сырғанау аренасы - Шорт-трек 3 мен 7 ақпан 2017 жыл
Басты арена
Нысанның қуаттылығы - 2037 кВт;
Жалпы аумағы - 10 695 ш.м.;
Көрерменге арналған орындар - 3 725;
Аумағы - 61,1 мен 68 ш.м 5 киім ауыстыратын бөлме; Төрешілер бригадасына арналған 1 бөлме; Аумағы 17,5 мен 41,7ш.м. апкерлерге арналған 2 бөлме; Қатысушыларды аккредтейтін 1 бөлме; 2 жаттығу залы, аумағы 40 ш.м и 150 ш.м құрайды; Хореография залы, аумағы 110 ш.м.;
Баспасөз-орталығы;
Тұрақты 10 TV камерасы.
Кіші арена
Жалпы аумағы - 8 801 ш.м.;
көрерменге арналған орындар - 1100
4 киім ауыстыратын бөлме; 4 бапкерлер бөлмесі; 650 орынға арналған 8 қабатты паркинг.
Салынған уақыты: 1967 жыл
Соңғы жөндеу жұмыстары: 2010 жыл
Жалпы аумағы: 24 426 ш.м.
Сыйымдылығы: 4 825 орын
Атлетикалық қалашық пен ара қашықтығы: 12, 7 км.
Орналасқан жері: Алматы қ, Абай даңғылы 44
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Тұрғылықты жері: Алматы қ. Медеу ауданы, Горная көшесі 640.
Орналасқан жері: Теңіз деңгейінен 2260 метр, Іле Алатауының баурайларында.
Салынған жылы: 1954 ж.
Жаз айларында орташа ауа температурасы +20С. жетіп, қыста -7С. құрайды.
Шымбұлақ кешені күрделі жөндеуден өткен:
Ұзындығы 6 км болатын трасса екі есеге ұзарған.
Жолдар халықаралық таушаңғы спорты федерациясының(FIS) аттестациясынан өткен.
2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарына арналып, «Шымбұлаққа» дейін, «Медеу» мұз айдынынан басталатын заманауи аспалы жол салынған. Барлығы 114 жайлы кабиналар бір сағатта 2500-3000 адамды тасымалдай алады.
Ойындар кезінде кешен, таушаңғы, сноуборд, фристайлдан жарыстарды қабылдайды.
Айта кетерлігі, Универсиада Алматы жастарын ерікті болуға шақырады. Ерікті болған жастар осындай ауқымды жарыс ұйымдастыруда тәжірибе жинап, шет тілдерін дамыта алады. Универсиада өтетін аралықта еріктілер тобы спорттық нысандардың сегізінде қызмет атқарады. Сондай-ақ әуежай мен қаладағы қонақүйлерде жұмыс істейді.
1. Делегациялармен жұмыс істеу және лингвистикалық қызмет көрсету - Ағылшын тілінде немесе өзге тілдерде еркін сөйлейсің бе? Егер рас болса, онда бұл қызмет сен үшін! Ерікті-хатшы, ерікті-аудармашы қызметтері тек қана лингвистикалық дайындықты қажет етпейді, сондай-ақ қаланы жетік білу, сабырлық пен біліктілікті талап етеді. Ең бастысы, Алматыға келетін мыңдаған меймандарға көмек қолын созуға ниетін болғаны абзал!
2. Орналастыру - Универсиада уақытында қонақтарды қарсы алу кезінде, «Орналастыру» қызметінің еріктілеріне баса мән беріледі. Қонақүй нөмірлерін тіркеу, жайғастыру, ресепшнде жұмыс істеу - аталған бағыттағы еріктілердің тікелей міндеті. Ағылшын тілін меңгерген, адамдармен тез тіл табыса кететін, ақжарқын және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азаматтар - бізге қажетті кандидаттар. Іріктеуден өткен еріктілер қонақүйлер мен Атлеттер қалашығында қызмет атқарады.
3. Хаттама - Аталған бағыттағы еріктілер Универсиада уақытында ресми кездесулерді өткізуге жұмылдырылады. Іріктеуден өткен еріктілер үшін өзі білетін шетел тілдерін машықтырып, лауазымды қонақтар мен спортшылармен кездесуіне мол мүмкіндік туады.
4. Аккредитация - Аккредитациямен айналысатын еріктілердің жұмысы да өте маңызды. Олардың жұмысына деген ыждихаттылығының арқасында жарысқа қатысатын спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, VIP-қонақтар аккредитациядан өз уақытылы өтуіне мүмкіндік алады.
5. Қонақтардың келуі мен кетуі - Сырттан келетін қонақтар дәл осы бағыттағы еріктілер тобымен бірінші болып танысады. Өйткені олар меймандарды әуежай мен вокзалдардан қарсы алады. Тек күтіп алып қана қоймай, оларға кедендік құжаттарды толтыруға, жүктерін тасымалдауға қол ұшын береді.
6. Транспорт (Көлік) - Бұл бағыттағы еріктілер Универсиада кезінде қонақтарды бір бағыттан екінші бағытқа көліктермен тасымалдау кезінде жұмылдырылады. Бұл қызметтің жұмысы өте маңызды. Көліктің келуі мен кетуін бақылау, спорт нысандарында көлік тұрағын қадағалау ісі мұның барлығы осы қызметтегі еріктілердің жұмысы. Бұл бағыттағы еріктілер ашылу салтанатын тамашалап қана қоймай, жабылу салтанаты мен спортшыларға жүлде табыстау салтанатында өз көзімен көріп, атсалыса алады. Аталған бағыттағы жұмыс көп күшті қажет етеді. Сондықтан үміткер физикалық тұрғыда мықты болғаны абзал. Сондай-ақ аса мұқияттылық пен жауаптылықты қажет етеді.
7. Тамақтану - Аталған бағытта қызмет атқаратын еріктілер Универсиада нысандарында тамақты әзірлеу мен оны бақылау ісіне жауапты. Яғни қажетті азық-түліктің мөлшерін қадағалап тұрулары қажет. Сондай-ақ қонақтарға тағамдар бойынша ақыл-кеңес беруге құқылы.
8. Ақпарат - Универсиадаға қатысты барлық жаңалықтан хабардар болып, өз мақаларыңызды жазғыңыз келсе, онда бұл бағыт сіздерге арналған. Бұл бағыттағы еріктілер додадағы ақпарат алмасудың қалай жүзеге асатынын көруге мүмкіндік алады.
9. Телеарна/ИБТ - Жауапты әрі қызықты бағыт. IT, радио және телекоммуникация саласына қызығатын болсаңыз, онда сіз осы бағыттағы еріктінің бірі бола аласыз. «Телеарна/ИБТ» бағытындағы еріктілер тобы - жүйелермен айналысады яғни олардың көмегімен Универсиаданы тікелей эфирде бүкіләлем тікелей тамашалауына жауап береді. Бұл бағыт әсіресе болашақ телерадио және коммуникациялар инжинерлері үшін таптырмайтын мүмкіндік. Халықаралық озық мамандарға көмектесудің өзі бір ғанибет емес пе?
10. Медицина және допинг-тексеру - Медициналық қызметтің еріктілері қажетті кезде барлық спорт нысандарындағы жарысқа қатысушылар мен қонақтарға көмекке келеді. Аталған бағыттағы үміткерлерді таңдауда медициналық оқу орындарының соңғы курсындағы студенттерге басымдық беріледі. Допинг-тексеру қызметіндегі еріктілердің басты міндеті - спортшыларды допинг тексеретін орынға жол көрсетулері қажет.
Егерде сен табысқа жетелейтін дара жолды іздеуші, еліңе, халқыңа қызмет етуге даяр тұрған жан болсаң - онда еріктілік қызмет сен үшін!
Талаптар:
- 18 жасқа толған
• шетел тілін білу қажет
Еріктілерді таңдау жүйесі:
- онлайн- анкета арқылы тіркелу
- сұхбат
- жалпы оқыту тренингтері
- Универсиада нысандарымен таныстыру
• тестілеу
Ерікті атанатын болсаң:
- әлемдік деңгейдегі спорттық жарысты өткізге
- қатысушы спортсмендермен танысуға
- Универсиады-2017 төсбелгісі бар үлгілі киім алуға
- шара барысында тегін тамақтануға
- шара кезінде көлікте тегін жүруге
- қатысушы сертификатын иеленуге
- естелік кәдесыйлар алуға
• Универсиады-2017 шарасының Ашылу мен Жабылу салтанатына қатысуға мүмкіндік аласың.
Енді Алматыда өтетін универсиада ойындары туралы қызықты ақпараттарға зер салсақ. Мысалы, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тұңғыш рет Уганда елінің сноубордшысы қатысады. Ең қызығы, өз тарихында тұңғыш рет қысқы Универсиадаға қатысатын Уганданың намысын жалғыз сноубордшысы қорғайды. Оның есімі - Бролин Маведже. Ол аталмыш сайтқа берген сұхбатында Алматыдағы додаға қалай дайындалып жатқаны туралы айтып берді.
«Өткен екі жылда мен Парк Сити Юнайтед (ParkCityUnited) деп аталатын сноуборд командасында жаттықтым. Дәл осы командада 2014 жылғы Олимпиада чемпионы Седжу Котсенбург та жаттығып, бапкерлер оның төрт жылдықтың басты додасында жоғарғы нәтиже көрсетуіне ықпал жасады. Қазір мен бапкерлеріммен бірге 28-ші қысқы студенттер ойынына дайындығымның арнайы жоспарын жасадық. Мен бірқатар халықаралық жарыстарға қатысқанмын. Атап айтсам: Рип Керл Про (RipCurlPro), Рев-тур (Rev-Tour) тағы басқа да жарыстар. Және де өзім оқитын колледжде екі жылдан бері сноубордшылар командасындамын. Өз ойымша, 2017 жылғы Универсиадаға қатысуға толықтай дайынмын»,-деді Бролин Маведже.
Сондай-ақ, Уганда спортшысы Универсиаданың өз өміріне қаншалықты маңызға ие екенін тілге тиек ете отырып, Африка жұртшылығының онымен мақтанатын күннің туатынына сенім білдірді.
«Алдағы Универсиада біздер үшін тарихи оқиға. Өйткені, Уганда, алғаш рет студенттердің қысқы ойындарына қатыспақ. Елімнің намысын қорғау маған бұйырыпты. Жалғыз өзім жүкті арқалаған соң, елімнің мерейін асырғым келеді».
«Мен жарыс уақытында жаңа достар табамын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға уақытты керемет өткізуіне, жарыстың сәтті болуын тілеймін», - деді Бролин Маведже.
Уганда елінен басқа ойынға қатысу үшін 64 ел өтініш білдірді. Бұл - рекордтық көрсеткіш болып отыр. Атап айтқанда, Еуропадан - Германия, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Польша, Ресей Федерациясы, Словакия, Италия, Швеция, Грузия, Австрия, Венгрия, Финляндия, Чехия, Түркия, Украина, Испания, Словения, Беларусь, Хорватия, Эстония, Румыния, Македония, Босния және Герцеговина, Болгария, Әзербайжан, Сербия, Литва, Армения, Нидерланды, Бельгия, Португалия, Израиль, Черногория;
Америка құрлығынан - Америка Құрама Штаттары, Канада, Бразилия, Аргентина, Чили;
Азия құрлығынан - Жапония, Қытай, Қазақстан, Корея Республикасы, Монғолия, Ауғанстан, Қытай Тайпэйі, Түркменстан, Тайланд, Қырғызстан, Ливан, Гонконг (Қытай), Тәжікстан, БАӘ, Пәкістан, Иран, Непал;
Африка құрлығынан - Оңтүстік-Африка Республикасы, Уганда, Мадагаскар, Гамбия, Океания континентінен - Австралия, Жаңа Зеландия елдері қатысады.
Айта кетейік, 2007 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадаға 48 ел қатысқан. Ал 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен ойындарда 52 ел, Трентино (Италия) 50 ел, Гранада, Штрбске-Плесо (Испания, Словакия) 42 ел қатысты.
«Алматыдағы Универсиадаға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Барлық операциялық жұмыстар Халықаралық студенттік спорт федерациясының кеңесі мен талабы бойынша атқарылуда. Барлық функциялар алдын-ала тестілік шараларда сыналады. Біздің мақсатымыз - Алматыдағы қысқы Универсиаданы жаңаша әрі тиімді өткізу. Бұл ойындар - Қазақстан мен әлемде студенттік спорттың дамуына септігін тигізеді», - деді 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының директоры Әсет Әбуалиев.
Еуропаның студенттік спорт федерациялары ең бірінші болып, 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысу туралы ниеттерін білдірді. Мәселен, Ұлыбритания құрамасы Алматыда өтетін Универсиадаға дайындықтарын бастап кетті.
«Қазір біз студент спортшыларды жан-жақты іріктеуді бастадық. Сыннан сүрінбегендер, келер жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға барады. Біз Ұлыбританияның барлық спорт федерацияларымен тығыз қарым-қатынастамыз. Олар біздерге жаттығу жұмыстарына көмек қолын созуда. Хоккейден ерлер құрамасы 29-шы қаңтар күні, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тура бір жыл қалған уақытта дайындықтарын бастап кетті», - деді Ұлыбританияның студенттік-спорт федерациясының бас хатшысы Нил Роджерс.
Алматыдағы қысқы ойындарға Ұлыбритания атынан 90 спортшы келеді деп жоспарланған. «FISU қанаты астындағы Универсиада ойындары- жауапты әрі қызықты, жоғары деңгейлі жарыс. Біз Алматыдағы қысқы ойындарды асыға күтудеміз», - дейді Н.Роджерс
Швейцарияның студент-спортшылары да қысқы ойындарға дайындықтарын бастады. Қазіргі таңда олар ұлттық және халықаралық жарыстарда тәжірибелерін шыңдап жүр.
Айта кетейік, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарыстар 12 спорт түрінен, 8 спорт нысанында өткізіледі. Алматыдағы доданы, жарыс уақытында әлемнің 1 млрд халқы тамашалайды деп күтілуде.
Бролин Маведженің елі Универсиадаға алғаш қатысады деп жүргенде, аты танымал спортшы Ярослава Шведова осы ойындардан құр қалмау үшін тіпті қайтадан оқуға түскен екен. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Қазақтың денешынықтыру, туризм және сервис колледжін тәмамдап, дипломын алды. Ол алдағы уақытта студенттік жолын жалғастырып, келер жылғы жазғы Универсиадаға қатысуға ниет білдірді. «Мен Қазан қаласында өткен жарыстарға қатысып, студенттік ойындардан алған сезімдерімен бөліскен бірнеше спортшы қызды танимын. Олардың айтуынша, жарыста достық және спорттық атмосфера сақталып тұрады. Атлеттер арасында Олимпиада ойындарындағыдай күрес жүреді. Менің Универсиадаға қатысып көргім келеді. Қытайдың Тайпей қаласында жүрген уақытта мен Универсиада жайлы естіп, біраз мағлұмат алғанмын. Қазан қаласында өткен жарыстарға жарақатымның кесірінен қатыса алмадым. Мен келесі студенттік ойындарына қатысуға өтініш білдіремін және алдағы уақытта мені Қазақ спорт және туризм академиясына түсу емтиханы күтіп тұр. Келесі Универсиадаға қатысып, Қазақстан атынан шығамын деген үміттемін», - дейді Я. Шведова.
Сондай-ақ танымал теннисші Алматыда өтетін алдағы қысқы Универсиаданың сәтті өтетініне сенім білдірді.
«Универсиада - жастардың назарын аударатын және бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосатын жаһандық жоба. Мен, Қазақстанның 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу құқығына ие болғанына мақтанамын. Универсиада - Олимпиада секілді маңызды шара. Айырмашылығы тек студенттер арасында өтетіндігі ғана. Алматы қаласы қысқы Универсиаданы жоғарғы деңгейде өткізетініне сенімдемін дейді»,-спортшы.
Универсиада Қазақстанда спортты ғана емес, сән индустриясын да дамытатын шараға айналып отыр екен. Мысалы, Алматыда «Өз универсиадаңды әсемдей түс» республикалық байқауы жарияланды. Жеңімпаз еліміздің кәсіби дизайнерлерімен бірге Қазақстанның ұлттық командасының «Бүкіләлемдік Студенттер ойыны - 2017» кезіндегі спорттық киімдер үлгісінің авторы атанады.
Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатыр. Оған 14-28 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.
«Біздің байқау әлемдік «Универсиада-2017» ойындарына дайындықтың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Басты мақсат спорт киімінің үздік дизайнын жасау. Оларды киген спортшыларымыз Қазақстанға көптеген жеңіс сыйлайды деп үміттенеміз. Аталған байқау жас қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін аша түсіп, жалпы спорттық рух идеясының кеңінен таралуына ықпал ететін болады», - деді жоба авторы Илья Оразақов.
Айта кету керек, әр атлеттің спорттық киімінің жинақтамасына жылы күртеше мен шалбардан бастап плавки мен сүлгіге дейін 19 зат кіреді.
Барлық киімдер тематикалық жағынан біртекті болуы шарт. Қазір www.tvoyauniversiada.kz сайты арқылы тіркеу басталып кетті.
Іріктеу 2016 жылдың 15 маусымына дейін жалғасатын болды.
Белгілі қазақстандық спортшылар мен дизайнерлерден тұратын қазылар алқасы жұмыстарды іріктеп, басты шорт-парақты жасайды. 18-25 маусым аралығында көрсетілген сайтта көпшілік ашық дауыс беру арқылы жеңімпазды таңдап алатын болады.
«Мен осы байқауға қолдау білдіретініме және қазылар алқасында болатыныма разымын. Біздің елде дарынды дизайнерлер өте көп. Оларға жарқ етіп көрінуге мүмкіндік беру керек. Бұл арнайы білімі жоқ адам үшін үлкен мүмкіндік. Біздің сән үйіміз Бейжіңдегі олимпиадаға киім тіккенде мен ішкі процестің кемшіліктерін бақыладым. Соны жоюға тырысамыз», - деді белгілі модельер Аида Қауменова.
Сән мен спорттан басқа, Қазақстан Универсиала арқылы ақпарат нарығын да кеңейтіп отыр. Келер жылы елімізде екі бірдей ірі халықаралық деңгейдегі оқиға орын алғалы тұр. Бірі - ЭКСПО көрмесі болса, екіншісі - Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындары. Осы спорттық бәсекенің дайындық жұмыстары бүгінде қызу жүріп жатыр. Бұған дейін Универсиаданың жаңалықтарын ақпараттық және спорттық БАҚ беттерінен оқып келген болсаңыз, бұдан кейін арнайы онлайн-журналдан соңғы мәліметтерді түгел қарай аласыз.
«Универсиада-2017 сарапшысы» деген атау алған порталда студентік ойындарға дайындықтың қалай жүргізіліп жатқандығы жарияланатын болады. Сондай-ақ, жарыстар басталған сәтте де соңғы нәтижелердің барлығын осы интернет-ресурстан табатын боласыз. Тек ақпараттар ғана емес, сонымен қатар, фото және видеорепортаждар да назарыңызға ұсынылатын болады.
Хабаршының алғашқы шығарылымдарын https://almaty2017.com/kk/media сілтемесіне кіріп оқи аласыздар. Оқырмандар порталдан шетелдік спортшылардың Универсиадаға дайындығын, Алматыға туристер тарту жұмыстары, жарысқа қатысатын елдерді тіркеу, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) инспекциялық сапары жөнінде қызықты деректер таба алады.
«Универсиада-2017 хабаршысының» айына екі рет электронды нұсқада шығарылуы жоспарланған. Сондай-ақ, жарыс уақытында онлайн-журнал баспа түрінде де (FISU талабы бойынша) шығарылатын болады.
Айта кетейік, Алматыдағы XXVIII қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан күндері аралығында өтеді. Қазақстан мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізу мәртебесіне 2011 жылдың қараша айында ие болған еді. Жарысты өткізуге Италияның Тренто қаласы да үміктер болған. Алайда, елдегі дағдарысқа байланысты ел үкіметі Универсиада өткізу ойынан айнып, Алматыны бәсекелессіз қалдырды.
28-ші қысқы Универсиада барысында 13 түрлі спорт түрінен жарыстар өтеді. Қазақстан ұйымдастырушы ел ретінде осы ойындардың қатарына допты хоккейді қосты.
Алғашқыда Универсиада нысандарын салу үшін Қазақстан 950 миллион доллар жұмсауды көздеген болатын. Бұл қаражатқа Алматыда үлкен мұз айдыны, екі мұз жолы, студенттер қалашығы, Олимпиада ауылы және халықаралық әуежайдың терминалы салынады деп жоспарланған.
Сөз соңынд, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) өкілдерінен Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындары жайлы пікірлерін сұраған едік.
Олег Матыцин, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) Президенті: «Универсиадаға дайындық барлық бағытта жүріп жатыр. FISU тарапынан бағдарламаны жүзеге асыруда ескертпелер жоқ. Қазақстанда спорттық инфрақұрылым жедел дамыуда. Қазақстан Республикасының Президенті, ел Үкіметі, Алматы әкімдігі, спортқа бей-жай қарап жатқан жоқ. Универсиада- Қазақстан үшін әлеуметтік жоба екенін аңғарып отырмыз. Яғни, Қазақстан жарыстарды құр өткізіп қоймай, Универсиада аяқталғаннан кейін барлық спорт нысандарының халықтың пайдасына жарауын ойлағаны қуантады.
Аса жауапкершілік Алматы қаласына түсіп тұр. Өйткені бұл шахарда барлық сайыстар өтеді. Сол себепті Халықаралық федерация мен Алматы әкімшілігінің, қалалық Дирекциямен бірлесе жұмыс туралы мәселерге назар аудардық. Біз Алматы әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз, өйткені олар осы жоба арқылы Алматыны әлемге танытуды көздеп, шетелдік компанияларды тартып жатыр. Біз бұл спорттық оқиғаны Алматы 2011 жылы қабылдаушы қала болып шешілгеннен бастап күтіп жүрміз. Біз Алматыдағы Универсиада болашақтағы Универсиадаларға үлгі болады деп сенеміз. Универсиадаға дейін көп уақыт қалған жоқ. Дегенмен біраз жұмыстар атқарылды. Дайындық FISU бекіткен жоспар бойынша жүріп келеді».
Милан Августин, Қысқы универсиадалар FISU директоры:
«2017 жылғы қысқы Универсиада нысандарының керемет үлгіде екеніне көз жеткізгенбіз. Мұз сарайына мұз төсеу үшін ең озық технологиялар қолданылуда. Универсиадаға салынып жатқан нысандар, спорттың дамуына үлкен рөл атқармақ. Бірінші рет Универсиада ойындарына арналып, Атлетикалық қалашық салынып жатыр. Бұл жерде жарыс кезінде 5000 адам орналастырылады. Алматыдағы Универсиада, бұрыңғылардан әлдеқайда өзгерек болмақ».
Алматыдағы қысқы Универсиадаға қатысуға аккредтелген шетелдік студенттер спорты федерацияларының өкілдері:
Австрия студенттер спорты федерациясының бас хатшысы Манфред Пфайфер:«Дәл осы уақытта қысқы спорт түрлерінің спортшылары жарыстарда жүр. Біздің спортшылар келер жылғы Алматыда өтетін Универсиадаға тыңғылықты сақадай-сай дайын болады деп есептеймін. Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің біздер орналасатын Атлетикалық қалашық салып жатқанына дән ризамыз. Барлық спорт нысандары біздерге жоғарғы нәтиже көрсетуімізге мүмкіндік береді деп есептеймін.
Ауғанстан студенттік спорты федерациясының бас хатшысы Вахидулла Хамиди: «Біз қысқы Универсиаданың деңгейі жоғары болады деп есептейміз. Студенттер ойынында біздің елдің атынан 3 спортшы бақ сынайды. Олардың біреуі ер, екеуі қыз бала. «Көптеген адамдар Ауғанстандағы Бамиан провинциясын қысқы спорттың аймағы деп біледі. Сондықтан Бамиан провинциясынан жарысқа қатысушы делегацияны жасақтадық.
Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-біздер үшін ірі жарысқа қатысуға таптырмайтын мүмкіндік. Универсиада ойындары, Олимпиададан кейінгі екінші ірі жарыс. Сондықтан оның бәсі өте жоғары».
Ұлыбритания университеттері мен колледждері одағының өкілі Нил Роджерс: «Қазір біз студент спортшыларды жан-жақты іріктеуді бастадық. Сыннан сүрінбегендер, келер жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға барады. Біз Ұлыбританияның барлық спорт федерацияларымен тығыз қарым-қатынастамыз. Олар біздерге жаттығу жұмыстарына көмек қолын созуда. Хоккейден ерлер құрамасы 29-шы қаңтар күні, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тура бір жыл қалған уақытта дайындықтарын бастап кетті. Алматыдағы қысқы ойындарға Ұлыбритания атынан 90 спортшы келеді деп жоспарланған. «FISU қанаты астындағы Универсиада ойындары- жауапты әрі қызықты, жоғары деңгейлі жарыс. Біз Алматыдағы қысқы ойындарды асыға күтудеміз. Қазақстанның мәдениетімен, халқымен жақынырақ танысқымыз келеді. Бұған дейін Универсиада ойындары өткен Трентино (2013) мен Гранада (2013) қалалары Ұлыбританияға жақын болғандықтан, спортшылар үшін аса таңсық болмаған. Ал, Алматыдағы жарыс біздерге өте қызыққа толы болмақ.Ұлыбритания құрамасы Универсиадаға қатысушылардың барлығына ұмытылмастай қызықты сәттер тілейді. «Біз 2017 жылғы Универсиадада, 2018 және 2022 жылғы Олимпиададағы негізгі қарсыластарымызбен жолығуға асықпыз».
Германия студенттік спорты федерациясының бас хатшысы Кристов Фишер: «Барлық спортшылар мен Германия спорт федерацияларының өкілдері Алматыға баруды асыға күтуде. Біз Алматыдағы барлық қарлы әрі мұзды спорттарға арналған нысандардың озық екеніне тәнтіміз.
Спорт нысандарының Атлетикалық қалашыққа жақын орналасуы Алматыдағы Универсиаданың өзгелерге ұқсамайтынын аңғартады. Барлық спортшылар мен спорт делегаттары 2017 жылғы Универсиаданы ұзақ есінде сақтайтын болады.
Германия құрамасы сапында 40 атлет бар. Олар Универсиада алдында 2015/2016 қысқы маусымында өз тәжірибелерін арттыруда. Олардың кейбіреулері Әлем кубоктары мен Еуропа және ұлттық серияларда өнер көрсетті.
Біз барлық спортшыларға тек сәттіліктер тілеп, әлем спортшылары бір-бірінен үйренерлері көп деп үміттенеміз.Алматыдағы ірі додада спортшылар дін, діл, ұлт демей, барлығы бір атаның балаларындай күй кешеді деп ойлаймыз».
Оңтүстік Корея Олимпиада комитеті директорының орынбасары Чхве Мин Ген: «Біз Алматыға келуді, қала туралы көптеп біліп, Қазақстанда естен кетпес оқиғаларды бастан кешіруді тағатсыздана күтіп жүрміз. Біз дәстүрлеріміз жайлы ақпарат алмасып, Алматыда үлкен тәжірибе жинақтаймыз деп үміттенемін. Оңтүстік Корея елінен нақты қанша спортшының жарысқа қатысатыны белгісіз, дегенмен 150-ге жуық спортшы Алматыға келеді деп жоспарлап отырмыз. Біз Алматыдағы Универсиада жарысының жақсы ұйымдастырылатына сенеміз және ұйымдастырушы комитет пен ерктілердің көмегіне үміт артамыз. Оңтүстік кореялық спортшылар барлық қатысушыларға сәттілік тілейді, әртүрлі діни-наным, әдет-ғұрыптағы спортшылармен етене араласып, жаңа достарды табуға үміттенеді».
Латвия студенттік спорт федерациясы: «Біз бобслей, хоккей, кёрлинг, шаңғы спорт түрлеріне әуеспіз. Сондықтан дәл осы спорт түрлерінен Универсиадаға қатысқымыз келеді. Дәл қазір бізге қаражатпен көмектесетін демеуші табу міндет болып тұр. Өйткені шағын елдер үшін бір хоккей клубын шетеодік жарысқа апару ауыр тиеді. Сондықтан бізге демеу көрсететіндер табылса, тек қуанамыз. Біз Алматыдағы Универсиада ойындарына хоккей командамыз бен басқа да спортшыларымызды алып келгіміз келеді.
Универсиадаға қатысушылардың барлығына алдына мақсат қойып, соған жетуіне тілектеспіз.
Моңғолия студенттер спорты федерациясының өкілі: « Алматыда өтетін Универсиадаға 38 спортшы және Моңғолияның 24 ресми өкілдері барады деп жоспарлап отырмыз.
Бұл біздің спортшыларымыз үшін қуанышты жағдай. Алматы Моңғолияға жақын орналасқандықтан, әуе билеттері аса қымбатқа түспейді, сондықтан біз барынша көп спортшымызды әкелмекпіз.
Жарысқа қатысушылардың барлығына ақ жол тілейміз. Универсиада - арманыңды жүзеге асыратын дода».
Чехия студенттер спорты едерациясының Президенті Франтишек Дворак: «Біз барлық спортшылар мен делегаттардың Атлеттер қалашығына орналасатынына қуанып отырмыз, себебі бұл өте ыңғайлы. Бұған дейін қысқы Универсиада тарихында Атлеттер қалашығы болмаған.
Жарысқа Чехиядан 137 студент-спортшы келеді. Біз Алматыдағы студенттер ойыны абыроймен өтетініне сенім білдіреміз».
Швейцарияның студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Сесиль Бюссе: «Бізді Алматыда өте қызық жарыс күтіп тұр деп ойлаймыз. Бұған дейін біздің жолымыз Қазақстанға көп түспеді. Біз дода өтетін елмен жақынырақ танысқымыз келеді. Сондықтан келер жылды асыға күтеміз.
Бүгінгі таңда Швейцарияның жас спортшылары өздерінің біліктілігін арттыру жолында ұлттық және халықаралық жарыстарға етене қатыса бастады. Келер жылғы қысқы Универсиада ойындарына дейін олар тыңғылықты дайын болады деп есептейміз. Келер жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарына Швейцариядан 80 спортшы қатысады.
Осы ретте, Қазақстанның спортшылары мен бапкерлерін де әңгімеге тартып, Алматыда өтетін Қысқы Универсиада жайлы пікірлерін тыңдаған едік, олардың да айтар ойы, ақ тілектері бар екен.
Нұрберген Жұмағазиев, шорт-тректен Қазақстан құрамасының капитаны: 2017 жылғы қысқы Универсиадаға сақадай-сай дайынбыз. Қазір Голландияда оқу-жаттығу жиындарында жүрміз. Келер жылы Алматыда өтетін дүбірлі додада тек алтын алу үшін барымызды саламыз. Біздің команда мықты жігіттерден жасақталған. Сондықтан өзімізге сенеміз. Универсиада мен үшін Олимпиада ойындарымен пара-пар. Өйткені бұл жарыстарға Олимпиада ойындарына қатысып жүрген командалар келеді. Ал олардың арасынан топ жару, Олимп шыңын бағындырумен тең.
Виктор Ким, ҚР керлинг ассоциациясының Президенті: «2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық қызу жүруде. Біз қазір сол жарыста қызмет ететін төрешілерді, мұз төсейтін мамандарды шетелдерге жіберіп, дайындап жатырмыз. Керлингке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудамыз. Келер жылы өтетін қысқы ойындар ел спортының дамуына оң әсерін береді. Әсіресе, елімізде кенжелеп қалған керлинг спортының әлеуетін арттырады деп есептеймін.Бүгінде Қазақстанда 800 адам керлингпен айналысады. Ел құрамасының сапына 220 адам қабылданған. Олардың барлығы жастардан тұрады және халықаралық жарыстарда жүлде алуға мүмкіндіктері бар спортшылар. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға еліміздің атынан екі команда қатысады. Олар: ерлер және әйелдер құрамасы. Универсиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар белгілі. Олар қазір дайындықтарын бастап кетті. Универсиада ойындардында жүлдеге таласамыз».
Елена Хрусталева, 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері: «Қазақстан-дамушы мемлекет. Біздің елде спорт пен басқа салалардың дамып жатқанын көріп жүрміз. 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарын өткізу, елдегі спорттық инфрақұрылымның дамуына әкеледі. Қысқы спортқа ден қоюуымыз керек. Өйткені біз елімізді бүкіл әлемге танытуымыз қажет. Ал Универсиада соған жол ашып береді деп есептеймін. Универсиада ойындарында жетістікке жеткен спортшылар, 2018 жылы Кореяда өтетін Олимпиада ойындарында үздік нәтижеге қол жеткізуі мүмкін деп есептеймін».
Жанбота Алдабергенова, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы:
«Универсиада әр екі жыл сайын өткізілетін ірі спорттық шара. Ол жарыста тек студент спортшылар қатыса алады. Мен де қазір Университетте оқимын. Және келер жылы Алматыда өтетін Универсиада ойындарында бағымды сынамақ ниеттемін. Бұрын-соңды елімізде өткен халықаралық жарыстарға қатыспадым. Менің фристайлға деген қызығушылығымды 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен 7-ші қысқы Азия ойындары оятты. Сол кезде осы спорт түріне әуесім ауып, айналысуды шештім. Қазір көрсетіп жүрген нәтижелерім жаман емес. Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, 6-шы орын алдым. Былтыр Универсиадаға қатыспақ едім. Бірақ, шаңғы акробатикасы Универсиада бағдарламасына кірмей қалды. Сондықтан 2017 жылды асыға күтудемін. Менің ойымша, Универсиада біздің елімізді әлемге тағы бір мәрте танымал етпек».
Жанпейісов Қаиыргелді, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының директоры:
«Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары саяси және спорттық жоба ғана емес, сондай-ақ Алматының дамуы мен көркейуіне септігін тигізетін бірегей жоба. Өйткені барлық салынып жатқан спорттық нысандар Универсиада аяқтала сала, халықтың игілігіне беріледі. Осы арқылы елімізде бұқаралық спорттың да дами түсетіні ақиқат. Біздің спортшылар алысқа сабылмай, өз еліндегі спорттық нысандарда жаттығады. Бұл кететін уақыт пен қаржыны үнемдеу деген сөз. Универсиаданың арқасында қаншама адам жұмыспен қамтылады. Бұл аздай, ертең алда-жалда Олимпиада ойындарын өткізіп қалуымыз мүмкін. Ал ондай жарысты қабылдап жатсақ, тағы да көпке шашылмаймыз. Өйткені бізде барлығы дайын. Келешекте Универсиада нысандарында әлем чемпионаттары мен кубоктары, басқа да ірі жарыстар өтетіні белгілі. Өйткені нысандардың барлығы халықаралық талаптарға сай. 2017 жылғы Универсиадада біздің спортшылар жоғарғы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін. Дегенмен, 2011 жылғы Азия ойындарында көрсеткен нәтижемізді қайталау қиынға соғады. Өйткені ол кезде тек Азия елдерінңң командалары қатысса, келер жылы әлемнің әр түкпірін спортшылар келеді. Бірақ біздің елде өтетін жарыста, жанкүйерлерді жерге қаратуға болмайды. Спортшыларымыздың бағы мен бабы келісіп, ел намысын абыроймен қорғап шығатынына сенімдімін».
Мақсұт Жұмаев, альпинист, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы: «Қазір жаңа спорттық нысандар құрылысы жүріп жатыр. Олардың барлығы әлемдік стандарттарға сай келеді. Ең бастысы 2017 жылғы Универсиададан кейін нысандар бос болып қалып қалмай, халыққа қол жетімді болу керек. Әлемдік деңгейлі жарыстарды мүмкіндік болса жиі өткізіп тұру керек. Баяғыда спортшыларымызды дайындау үшін Еуропаға жіберетінбіз. Ал қазір олардың өз елімізде шынығуларына мүмкіндіктері бар. Бізде дайындық жасауға деген жағдай өте жоғары деңгейде. Ендігі мақсат, шетелдік спортшыларды Қазақстанда дайындық жасайтындай жұмыс жасау. Жақында Ақбұлақтағы АИБА Бокс Академиясын барып көрдім. Ол жер шетелдің спортшыларына лық толы екен. Бұл деген жетістіктің бастамасы. Барлық қазақстандықтар спортшылардың ойындарын тамашалап, жанкүйер болады. Лондон Олимпиадасы естеріңізде ме? Ел болып қолдап, батырларымыз керемет нәтижеге жетті. Осы жолы да дәл солай болады, басқа жол жоқ».
Наргиза Исаева, керлингтен Қазақстан құрамасының капитаны: «Алматы қаласында Универсиаданы өткізу ел спортының қарыштап дамуына септігін тигізеді. Бізде халықаралық талаптарға сай спорттық ареналар бой көтеріп, бәріміз салауатты өмір салтын ұстанамыз деп ойлаймын. Мәселен, 12000 орынға арналған Мұз сарайы керлингтен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға таптырмайтын нысан дер едім.Универсиада ойындарына қатысамын. Және оған дайындығым ойдағыдай жүріп жатыр. Әр жаттығу кезінде біздің команда 100 пайызға барын салып, қызу дайындалуда. Универсиада өз елімізде өткеннен соң, жанкүйерлерді жерге қаратуға болмайды. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әлемнің мықты студенттік командалары келеді. Және біз олардың арасынан үздік шығуға тырысамыз. Өйткені біздің командамыз да осалдардың қатарынан емес».
Регина Глазман, мәнерлеп сырғанаушы: «2017 жылы Алматыда өтетін қысқы студенттер ойыны менің қатысатын алғашқы Универсиадам. Сондықтан жауапкершілікті сезінгендіктен, бойымда алаңдаушылық бар. Дегенмен бәрін ысырып тастап, өзімді дайындауым керек. Өз елімде өтетін қысқы ойындарда барымды салып, жоғары нәтижеге қол жеткізгім келеді. Біз өз жанкүйерлеріміздің алдында өнер көрсетеміз, сондықтан олардың қолдауы бізге дем береді.
Жақында маған ота жасалды. Қазір мен қалпыма келіп жатырмын. Алайда ақпаннан бастап, жұмысқа кірісемін. Біз бапкерлерімізбен бірге арнайы жаттығу кестесін жасап қойдық. Соның негізінде дайындаламыз. Және Универсиадаға дейін, нағыз бабымда болсам деймін».
Серік Сәпиев, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы: «Біздің елімізде спортқа және оның инфрақұрылымына үлкен назар аударылады. Қазақстанда қысқы спорттың дамып келе жатқанын айқын байқауға болады. Өз елімізде қандай шара өткізсекте, бұл біздің мемлекетімізге айтарлықтай жетістік әкеледі. Универсиада сияқты ірі дода, спортты насихаттап қана қоймай, әлеуметтік рөл де атқарады. Қазақстанның әлем алдындағы әлеуеті артып келеді. Біздің спортшылар жоғарғы нәтижеге қол жеткізеді деп есептеймін. Дегенмен өз еліңде өтетін сайысқа қатысқанда, жауапкершілік еке есеге артады. Өйткені миллиондаған қазақстандықтар сенің жеңісіне сенім артады. Сенің мойныңда үлкен жүктің барын сезініп, олардың сенімін ақтауға тырысасың. Алайда жеңіспен қатар, ащы жеңілісте жүреді. Осы кезде жанкүйерлердің қолдауы аса қажет. Барлық спортшыларға төзімділік, жеңіс тілеймін!»
Элизабет Тұрсынбаева, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы: «Әрине, мен қысқы Универсиада ойындарына қатысқым келеді, бірақ оған жас мөлшерім жетпейді. Дегенмен, көңіл-күйімді түсіргім келмейді. Себебі, Қазақстан әлі де талай жарыстарды ұйымдастырып, соған қатысатыныма сенімдімін.Әрине, өз еліңнің қабырғасында өнер көрсеткен керемет. Қысқы Универсиаданы өткізу елімізде спорттың қарқынды дамып жатқандығын тағы да дәлелдей түседі. 2017 жылы қазақстандықтар әлемнің ең мықты спортшыларын өз көздерімен көре алады және бұл еліміздің спорт саласының дамуына үлесін тигізері анық. 2017 жылы біздің барлық спротшыларымыздың жанкүйері боламын. Жарыстың өз еліміздің қабырғасында өткізілетіндігі және жанкүйерлер қолдауы қазақстандық спортшылардың жеңіске жетуіне өз септігін тигізеді. Оларға көп медальды қанжығаларына байлауды тілеймін! Бар күштерін салып, өз жанкүйерлерін қуантсын дегім келеді! Барлық қазақстандықтар жанкүйер болады!»
Юлия Галышева, 2015 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы: «Гранададағы Универсиада мен қатысқан алғашқы студенттер додасы болды. Бірінші рет аталған сайыстың деңгейіне көз жеткіздім. Енді онда жинаған тәжірибемнің арқасында, 2017 жылы елімізде өтетін Универсиада ойындарында сәтті өнер көрсетемін деп ойлаймын. 2017 жылы Универсиада ойындарынан бөлек, әлем чемпионаты мен Азия ойындары бар. Осы жарыстың барлығында сүрінбеуге тырысамын. Оған шама толықтай жетеді. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындығым ойдағыдай өтіп жатыр. Жарысқа арнайы бағдарлама дайындамақпын. Елімізде өтетін додаға қатысатын барлық спортшыларға сәттілік тілеймін! Универсиада ойындарының Қазақстанда өтетіндігіне шынайы қуаныштымын».
Юрий Мельниченко, 1996 жылғы Олимпиада чемпионы: «Универсиада - Олимпиада ойындарынан кейінгі ең маңызды сайыстардың бірі. Жарыстың деңгейі өте жоғары деп сеніммен айта аламын. Өйткені әлемнің небір мықты спортшылары осы додада бақ сынайды. Бұл жарыс біздің елімізді әлемге жақынырақ таныстыруға таптырмайтын шара дер едім. Универсиаданы өткізу арқылы, біз болашақта Қазақстанда Олимпиада ойындарын қабылдауға нық қадам жасаймыз. Өйткені, Универсиадада пайдаланылатын барлық нысандар, Олимпиадаға да жарамды. Алматыдағы спорт нысандары халықаралық талаптарға сай салынған. Алматыны спорттық инфраструктурасы дамыған шахар деп айтуға болады. Менің ойымша, қазақстандық спортшылар Универсиадада толағай табыстарға жетеді деп үміттенемін. Біріншіден, олар осындағы ауа-райына дағдыланған. Екіншіден, Қазақстанда спорт десе ішер асын жерге қойуға дайын ұйымшыл жанкүйерлер қалыптасқан. Біздің жанкүйерлер сайыс басталғанда, нысандарға барып, спортшыларға демеу көрсетуге әзір тұрады.Олар барда, спортшылар жерге қаратпас».
Аслан Тоғбаев, спорттық баңдарлаудан 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы:«Универсиада сияқты доданың өтуі жастар үшін пайдасы зор. Мұндай спорттық шара Қазақстанда жыл сайын өткізіле бермейді. Және де әлемге белгілі спортшыларды көре бермейсіз. 2017 жылы Алматыға өз елінің чемпиондары келеді. Біздің спортшылар олармен иық тірестіріп өнер көрсетулері қажет. Өйткені бүкіл әлемнен миллион алық осы жарысты тамашалайды. Мемлекет кәсіби спортқа көп көңіл бөліп жүр. Жарыс өтеді де кетеді, бірақ Универсиаданың несібесі алыққа қалады. Барлық спорт нысандары тек кәсіби спортшыларға ғана емес, спортты серік еткен әуесқойларға да қолжетімді болады. Біздің құрамада талантты, мықты спортшылар жетерлік. Және олар 2017 жылғы қысқы Универсиадада ел намсымын абыроймен қорғайды деп сенемін. Оларға тек жеңіс тілеймін».
Анна Алябьева, көркем гимнастикадан 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы: «Қысқы спорт түрлерінен бізде мықты спортшылар тобы қалыптасқан. Ең ірі жарыстарда олардың көрсетіп жүрген жетістіктерімен мақтануымызға болады. Универсиада өз елімізде өтетінін ескерсек, біздің спортшыларға бұл үлкен шабыт берері сөссіз. Бір жылда Экспо мен Универсиаданың өтуі, біздің Отанымыз үшін айтулы оқиға.Қазақстан азаматтары екі шараға да атсалыса алатыны қуанышты.2017 жылыАлматыда әлемнің ең мықты спортшылары басқосады. Оларды қолдап келетін жанкүйерлердің де қарасы көп болады.Универсиаданы дәрежесі жағынан Олимпиада ойындарына теңер едім. Ал аталған додаға қатысу, спортшы мансабының маңызды бір оқиғасы деуге болады. Аталған ірі шаралардың Қазақстанда өтуі, еліміздің барлық бағытта дамып келе жатқандығын көрсетеді».
Данияр Елеусінов, бокстан әлем чемпионы: «Қазір біздің спортшылар алдағы додаға тыңғылықты дайындалуда. 2017 жылға дейін олар біраз сындарда шыңдалмақ. Универсиаданың алтынына таласу үшін əр елден 2000-нан астам спортшы келеді. Олардың кез-келгені өз елінің үздігі. Бәсеке жоғарғы деңгейде болмақ! 2017 жылы қазақстандық спортшылар үздік нəтиже көрсетеді деп сенемін. Олардың əрқайсысының мойнында ауыр жүк тұр, сондықтан жарысқа 100 пайыз дайындықпен келеді деп үміттенемін. Өз еліңде өтетін жарыста жеңіліп қалмау керек, ең жоғарғы жүлдеге қол жеткізу қажет. Бүкіл Қазақстан өз Отандастарының аяқ-алысын аңдып, тілеуін тілейді. Жеңістеріне күə болады деп ойлаймын"
Мұхит Тұрсынов, «Қазақстан барысы»: «Универсиаданың бізге берері, алдымен инфрақұрылымның дамуы. Осы додаға арнап қаншама спорттық нысандар салынуда. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерінен өтетін болғандықтан осы бір салаға қызығушылық артады. Дамуына үлкен серпін береді. Келер ұрпақ, жасөспірім балалар мен жастардың спортқа деген қызығушылығы оянады. Елімізге жан-жақтан туристер ағылады. Соның арқасында, мемлекетіміздің танымалдығы артады деген ойдамын. Біздің мұндай дәрежедегі жарысты өткізуден тәжірибеміз бар. 2011 жылғы Азия ойындары өте керемет өтті. Ал Универсиада ендігі 12 спорт түрінен өтеді. Соның арқасында, осы спорт түрлерінің бәрі белгілі бір шеңберде дамиды. Өзім, қысқы спорттан шаңғы тебуге қызығамын».
Ислам Байрамуков, еркін күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: «Универсиаданың елімізде өтетінін қолдаймын. Мұндай жарысты әлемнің кез келген елі өткізе бермейді. Өткіземін дегеннің өзінде әрбір елдің қолынан келе бермейді. Біздің мемлекет бұл жағынан жарап тұр. Универсиаданың пайдасы өте көп. Халықты салауатты өмір салтына шақырады, сонымен қатар, жарыс аяқталғаннан кейін қаншама спорт нысандары елдің игілігіне беріледі. Бұл жарыстың елімізде өтуінің басты мақсаты, қысқы спорт түрлерін дамыту деп ойлаймын. Спортшы болғаннан кейін барлық спорт түрлерін қараймын. Әсіресе, шаңғы тебу мен хоккей жаныма жақын. Одан бөлек, биатлонға қызығамын. Трамплиннен секірудің өзі, өз алдына бір өнер. Кейде ойлаймын, трамплиннен секіру үшін қандай жүрек жұтқан адам болу керек».
Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: «Бұрындары мұндай ірі дәрежедегі жарыстар өтпеуші еді елімізде. Қазір осы жарыстардың арқасында спортымыз дамып келеді. Спорттық нысандардың салынуымен спортымыз дами түседі. Соңғы Олимпиадада үлкен жетістіктерге жеттік. 2011 жылы елімізде өткен Азия ойындарында жоғары нәтижені көрсеттік. Ендігі Универсиадада осындай жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Әрине, ойымыздағыдай болмай шығу мүмкін, өйткені бұл спорт. Спортта бәрі болады. Универсиаданың арқасында жастарымыз қысқы спортқа қызыға түседі. Өзім спорт десе жанын беретін адаммын. Сол себепті осындай іс-шаралар мені тек қана қуантады. Бұл жарыс барлық жағынан да спортты дамыта түседі. Мұндай әлемдік доданы кез келген мемлекет өткізе алмайды. Өткізу үшін де талай еңбектену қажет. Барлық елдер осындай халықаралық жарыстарды қабылдауға тырысады, әрі бір-бірімен жарысады. Спортқа қызығушылардың саны артқан сайын, халқымыздың денсаулығы жақсара түседі».
Жібек Арапбаева, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері:
«Мен, 2011 жылы Қазақстанда өткен 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысқан болатынмын. Сол сында күміс еншілеп, тұғырға көтерілген сәтті ешқашан ұмытпаймын. Содан бері, аттай алты жыл өтті. Жеңістер де, сәтсіздіктер де болды. Жарақат алсам да, спорттан қол үзген емеспін. Өйткені мақсатыма толық жеттім дей айта алмаймын. Келер жылы елімізде өтетін Универсиада ойындарын асыға күтудемін. Осы сынға қатысуды көптен бері армандап, жоспарлап қойғанмын. Бұрын-соңды Универсиада ойындарына қатысып көрмегенмін. Елімнің мерейін асырғым келеді. Мен өзім айналысатын спорт түрін халыққа насихаттап, оның дамуына септігімді тигізгім келеді. 2011 жылы біздің командада, фристалдың акробатика түрінен бар-жоғы 3-4 адам болса, қазір біршама көбейіп қалдық. Ал Универсиада аяқталғаннан кейін, фристайлдың акробатикасына қызығып, осы спортқа ден қоятындардың қатары тіпті арта түседі деп есептеймін. Жеңісті күнде жолыққанша!»
Ермахан Ибраимов, Сидней Олимпиадасының чемпионы:
«2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада , халық арасында қысқы спортқа деген қызығушылықты оятады. Және қысқы спортпен айналысып жүрген спортшыларымыздың әлеуетін арттырады. Соңғы екі Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бар-жоғы екі медаль ғана жеңіп алды. Бұл өте аз. Біз келешекте Смирнов, Тен, Хрусталеваның ізбасарларын көргіміз келсе, қысқы спортты дамыта беруіміз керек. Ал қысқы спорттың дамуына Универсиада тікелей әсер етпек. Қазір осы жарыстың арқасында Алматыда жаңадан спорт нысандары салынып жатыр. Ертең, қысқы ойындар аяқталғаннан кейін, нысандардың барлығы халықтың спортпен шұғылдануы үшін пайдалануға беріледі. Керемет емес пе? Мен өз басым қысқы спортқа қызығамын. Маған допты және шайбалы хоккей ұнайды. Ондағы тартысты көргенде делебем қозады. Кезінде еліміздегі бір хоккей клубына мені кеңесші -жаттықтырушы ретінде шақырған. Бірақ мен келіспедім. Дегенмен бір рет барып, білген-түйгенімді жігіттерге үйретіп кеткенім бар. Нәтижесі жаман емес сияқты. Дамир Рыспаев сияқты ер жүректі жігіттердің шығып жатқаны қуантады».