ШОЛУ: Қазақстандағы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» орындалу барысы
Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Қазақстандық арманға бастайтын - Ұлт жоспары ел іші сыртында үлкен талқыға түсіп, әлемдік саясаткерлердің оң бағасын алды. Бүгінге дейін Ұлт жоспары аясында қыруар іс-шаралар атқарылып жатыр.
14 маусым күні Ақордада өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің аралық қорытындыларына арналған кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 23-і толық орындалғандығын мәлім етті.
Кеңесте Мемлекет басшысы өткен кезеңдерде атқарылған жұмыстар алға қойған реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін жағымды ахуал қалыптастырып отырғанын атап өтті.
«Біз айқындаған бес институционалдық реформа - бұл жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы кешенді даму жоспары. Сондықтан да Ұлт жоспарын сапалы орындау - бірінші кезектегі негізгі міндет. Осы аралықта үлкен жұмыстар атқарылды. Үкімет қажетті заңдарды, тиісті нормативтік актілерді қабылдады, меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделі енді, әділсот жүйесінің үшбуынды жүйесіне көшу жүргізілді. Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңес те жұмысқа кірісті. Бұдан бөлек, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары да қатайтылды. Салықтық және кедендік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыстар атқарылу үстінде. Ауқымды жекешелендіру жүзеге асуда, елді индустрияландырудың екінші кезеңіне қадам бастық, әлеуметтік саясат та жетілдірілу үстінде, мемлекеттің есептілігі күшейтіліп жатыр. Тұтастай алғанда бүгінгі күні «100 нақты қадамның» 23-і толығымен орындалды», - деді Президент.
Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге бағытталған Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінң назарынан тыс қалған емес. Біз бүгін «Болашаққа 100 қадам» айдары бойынша материалдарға шолуды ұсынамыз.
***
Еліміздің сот жүйесі үшін Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында айқындаған міндеттер белгіленді. Онда Жоғарғы Сот жанынан Халықаралық кеңес құру және оның бірінші отырысын өткізу Ұлт Жоспарының 25-қадамында белгіленді. Осыған байланысты Жоғарғы Сотта Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.
Отырыстың жұмысына Халықаралық кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың және Астана қаласы сотының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, сондай-ақ Қазақстан Судьялар одағының басшылығы қатысты. Кеңестің шетелдік мүшелерінен Дубай Халықаралық қаржы орталығы соттарының тіркеушісі, Сот әкімшілігі бойынша халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биир, Корей Республикасының «Юльчон» заң компаниясының өкілі Хвачжун Ли, «Бейкер и Маккензи - Си-Ай-Эс Лимитед» компаниясы филиалының директоры, «Шетел инвесторларының қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының хатшысы Куртис Мастерс қатысты. Бұған қоса, отырысқа Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы Дэвид Стил сарапшы ретінде шақырылды.
Отырысты ашқан Қ.Мәми кеңес мүшелерін Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің құрамына сайлануымен құттықтап, кандидаттарды іріктеу кезінде олардың заң саласындағы және сарапшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі мен беделінің ескерілгендігін атап өтті.
«Өткен жыл еліміздің сот жүйесі үшін Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында айқындаған міндеттерді іске асыруға бағытталды. Қазақстандық сот жүйесінің алдында сот төрелігінің, соның ішінде, инвестициялық және коммерциялық даулар саласына озық халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты жаңа міндеттер тұр», - деді Қ. Мәми.
Жоғарғы Сот жанынан Халықаралық кеңес құру және оның бірінші отырысын өткізу Ұлт Жоспарының 25-қадамын тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Одан әрі отырысқа қатысушыларға Мемлекет басшысы жариялаған бес институттық реформа шеңберінде қазақстандық сот жүйесін реформалауда атқарылған жұмыстар туралы хабардар етілді.
Жоғарғы Сот Төрағасы отырыс қатысушыларға қарата айтқан сөзінде: «Кеңес мүшелерінен қазақстандық соттардың тәжірибесіне, нормашығармашылық қызметіне, сондай-ақ нақты инвестициялық даулар бойынша сот төрелігінің халықаралық стандарттарын одан әрі енгізу мәселелері бойынша сапалы сарапшылық қорытындылар күтетін болады», - деп атап өтті.
Бүгінгі кеңеске қатысушылар барлық мәселелер бойынша халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сындарлы пікір алмасты.
Қатысушылар әзірлеген ұсыныстар отырыстың хаттамалық шешімдерінде көрініс тауып, сот қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыным ретінде қолданылатын болады.
Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсының «Халықаралық ынтымақтастық» айдары шеңберінде «Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес» атты қосымша парақ ашылды. Кеңес жұмысы туралы барлық қажетті материалдар осы айдарда үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) орналастырылады.
Жиында Қазақстанның сот жүйесі инвестициялық және коммерциялық даулар бойынша үздік халықаралық стандарттарды енгізу жайы да көтерілді.
Айта кетейік, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды. Осы орайда 2016 жылы ҚР Судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының жаңа әдеп кодексін қабылдау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 15 қаңтарында өткен жалпы отырысының қаулысымен Халықаралық кеңес және оның құрамы туралы ереже бекітілді. Кеңес отандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық консультациялар береді. Белгілі қазақстандық ғалымдардан бөлек, оның құрамында беделді шетелдік заңгерлер де бар. Кеңесті Жоғарғы Сот Төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жыл мерзімге сайланады. Отырыс жылына кемінде екі рет өтетін болады.
Шараға шетелдік сарапшылар қатысты. Олар Қазақстан соттарына халықаралық тәжірибені енгізу жайын ұсынды.
Айта кетелік, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңес мүшесі Марк Биир Қазақстанда Халықаралық қаржы орталығын құруда жоғары әлеуетке ие екендігін атап өтті.
«Біз Қазақстанға соттар жұмысының үздік халықаралық тәжірибесін алып келеміз. Себебі, қазіргі кезде өз еліңде үздік атану жеткіліксіз, яғни әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда болуға талпыну керек. Меніңше, Еуразияны таныстыра алатындай осында халықаралық қаржы орталығының болуы үшін Қазақстан жоғары әлеуетке ие. Өздеріңіз білесіздер, бұндай орталықтар Нью-Йоркте, Сингапурда, Лондонда бар. Осындай қаржы орталықтары тек бір қала немесе ел үшін ғана емес, олар барша өңірге қажет. Орталықтар өңірдің мүддесін қорғауға керек. Атап айтқанда, Еуразия мүддесін қорғайтын қаржы орталығы бүгінде жоқ, осы орайда бұндай орталықты құру үшін Қазақстан өте жоғары әлеуетке ие»,-деді М. Биир.
Марк Биир Дубай Халықаралық қаржы орталығы соттарының тіркеушісі, Сот әкімшілігі бойынша халықаралық қауымдастықтың президенті болып табылады.
Халықаралық кеңес туралы ережені 2016 жылдың 15 қаңтарында Жоғарғы Сот қаулысымен бекітті. Кеңес құрамына қазақстандық ғалымдармен қатар, шет елдердің беделді заңгерлері енді.
Бұдан басқа Халықаралық кеңес ҚР Жоғарғы Сотының «инвестициялық даулар» ұғымдарын анықтау бойынша қадамдарын қолдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, кеше өткен ҚР Жоғарғы Сотының жанындағыХалықаралық кеңестің бірінші отырысында «инвестициялық даулар» түсінігін айқындау қадамдары талқыланды.
«Кеңестің барлық мүшелері «инвестициялық даулар» ұғымдарын анықтау бойынша Жоғарғы Соттың ұсынған қадамдарын қолдады. Инвестициялық дауларға инвестициялық келісімдерді бекіту, өзгерту, бұзу бойынша дауларды, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыруға келісімшартта қамтылған салықтық, кедендік, экологиялық, әлеуметтік міндеттемелерді инвестордың орындауына байланысты пікірталастарды жатқызуға болады»,-деді А. Қыдырбаева.
Оның айтуынша, кешегі отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.
Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарында сот жүйесіне қатысты көзделген реформаларды нәтижелі іске асыру білікті судьялар корпусына тікелей байланысты. Осы ретте Ұлт Жоспарының 18-қадамын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысының 2016 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы құрылды.
Елдегі сот төрелігі жүйесінің дамуы қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларды жаңғыртудағы басымдыққа ие факторлардың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекеттің мүддесін мүлтіксіз қорғау, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарының тиімді қорғалуын жүзеге асыру сот органдарының негізгі міндеті болып табылады. Дәл осы міндет, өз кезегінде, судьялардан жоғары білім мен өмірлік тәжірибе, ар-ождан ұстанымы мен заңды дұрыс қолдану дағдыларын талап етеді.
Жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру үшін сот жүйесінің кадрларын даярлау бағытындағы талаптардың артуы елімізде жүргізіліп жатқан институционалдық реформалардан туындап отыр.
Қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес болашақ судьяларды даярлау мен оқытудың баламалы екі жолымен жүзеге асырылып келеді: біріншісі - мамандандырылған магистратура, екіншісі - біліктілік емтиханын тапсыра отырып, соттарда тағылымдамадан өту. Осы ретте мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған тұлғалар тағылымдамадан өтуден босатылатындығын атап өткен жөн.
2004 жылдан бастап мамандандырылған магистратурадағы оқыту процесін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты жүзеге асырып келді. Осы кезең ішінде аталған магистратураны 585 адам бітіріп шықты. 2006 жылдан бастап 290 магистр судья болып тағайындалған. Қазіргі таңда жергілікті соттарда магистратураның 254 түлегі судья болып қызмет атқарса, оның 7-еуі - аудандық және мамандандырылған соттардың төрағасы, 4-еуі - облыстық соттың судьясы болып жұмыс істеуде.
Осы орайда Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқып, құқық магистрі дәрежесін алғандардың жартысынан астамы судья болған жоқ. Сондықтан да жай ғана құқық магистрін емес, болашақ судьяларды мақсатты түрде даярлайтын жоғары оқу орнын құру қажеттігі туып отыр.
Судьялыққа үміткерлерді бейінді оқытумен айналысатын оқу орындары әлемнің көптеген елдерінде, атап айтқанда, Францияда, Түркияда, Италияда, Испанияда, Литвада, Чехияда, Канадада, Жапонияда бар. Осы орайда көптеген елдерде болашақ судьяларды даярлайтын мамандандырылған оқу орындары айрықша мәртебеге ие және жоғары сот органының жанында құрылған.
Ұлт Жоспарына сәйкес сот жүйесінің кадрларын даярлайтын жоғары оқу орнын жоғары сот органының қарамағына беру сот қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге және оны жоғары сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес айрықша мәртебеге ие Сот төрелігі академиясы судьялық кадрларды даярлауда оқу, ғылым және әдістемелік салалары бойынша негізгі қағидаларды әзірлеп, енгізе алады, мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын айқындайды, оларды оқытудың мерзімдері мен түрлерін белгілейді. Осылайша, Академия оқытудың мазмұны мен оқыту қызметін ұйымдастыруды дербес жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпы оқыту бағдарламаларын іске асыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды қайта даярлау, сондай-ақ ғылыми қызметті жүзеге асыру Сот төрелігі академиясының негізгі бағыттарына жатады. Академия қызметінің әрбір бағытын жекелеген институттар атқаратын болады.
Бұдан былай заң ғылымы, білім беру мен сот практикасы секілді құрамдас бөліктердің өзара байланысы судьялық кадрларды даярлаудың іргетасын құрайтындығын атап өткен жөн.
Судьялар корпусының кәсіби деңгейіне қазіргі заманның қоятын талабы күн өткен сайын артып келеді, соған сәйкес болашақ судьяларды даярлау ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі керек.
Жоғарғы Сот болашақ судьяларды даярлаудың әлемдік тәжірибесін зерделеді. Сот төрелігі институтының білікті профессорлық-оқытушылар құрамының сабақтастығын сақтай отырып, әрбір оқытушының жаңа талаптар мен стандарттарға сәйкестігі жағдайында оқыту процесін негізінен француз тәжірибесі бойынша жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жүйеге сәйкес, болашақ судьялар аудиториядағы теориялық оқумен қатар, соттарда тағылымдамадан өтетін болады.
Академияның профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастыруда білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары ескерілді. Теория мен тәжірибенің өзара байланысын күшейту мақсатында Академиядағы сабақтарға жұмыс істеп жүрген судьяларды тарту көзделіп отыр. Мұндай тәсіл өз кезегінде судьялар корпусы үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға кепіл болып табылады.
Академияның оқу бағдарламасы магистранттардың сот төрелігін жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқудың екінші жылы ішінде магистратура тыңдаушылары аудандық соттарда практикадан өтетін болады. Олар соттарда процесті жүргізу өнерін, процестік құжаттарды құру дағдысын меңгеретін болады. Академияда оқу кезеңінде магистранттардың шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігінің қарастырылуы олардың білімін тереңдетуге жасалған мүмкіндік болып табылады.
Сот төрелігі академиясы жұмыс істеп жүрген судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен және қайта даярлаумен айналысатын болады. Академия қызметінің бұл бағыты маңызды болып табылады, себебі оқу процесінің үздіксіз жүргізілуі сот жүйесіндегі білім берудің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
Сот төрелігі академиясының өзіндік ғылыми зерттеулерді жүргізуі ғылым, оқыту және практика арасындағы ажырамас байланысты қамтамасыз етеді, республикадағы судьялар кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағытындағы ғылыми базаның негізін құрайды. Осылайша, отандық жоғары білікті судьялар корпусын даярлаудың іргелі негізі қалыптасты деуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот төрелігі академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жарлығынан туындайтын жұмыстарды жүзеге асыруда: Академия жарғысының жобасы әзірленді, оқу орнының қызметін лицензиялауға қажетті іс-шаралар жүргізілуде, сондай-ақ оқуға қабылдау ережесі әзірленуде.
Магистратура түлектері біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін судья лауазымына арналған конкурсқа қатыса алады. Магистратурадағы оқуды аяқтаған және судьялық лауазымға емтихан тапсырған тұлғалар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судьяларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Қорыта айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген судьяларды оқыту мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты күшейту бағытындағы жұмыстардың жемісті жүргізілуі еліміздегі білікті судьялар корпусын қалыптастырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соттың тиімділігін артыра отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Адам біреуден зорлық, яки нақақ қиянат көріп, бірақ сол сәтте әділдікке қол жеткізе алмайтынын білген жағдайда ашынғаннан амалы құрып, сосын күпті көңілін көншітер соңғы үміті ретінде «сотқа беремін» дейді. Осы сөзді айтудың өзі қиянат көрген адамның көңіліне сәл жеңілдік тудырары да анық. Өйткені, «жәбірленушіні сот ақтайды, жәбірлеушіні сот соттайды» деген сенім басым тұрады. Сол сияқты, өзін лауазымдық жағынан жоғары, әлеуметтік, яки тұрмыстық немесе материалдық жағынан бай-қуатты санап жүрген біреу екінші біреумен жанжалдасып, оны сол сәтте басып-жаншып тұқыртып алғысы келгенімен, анау әділдігін алға тартып болмай қойса және бұл оған есесі кетіп ұтылғанын байқаса, намыстан ба, ызақорлықтан ба көгеріп жарылардай болып: «Тұра тұр бәлем, әлі көзіңді көгертіп түрмеде шірітемін, соттатамын!» дейді. Сөйтіп, екеуінің де айтқаны орындалатындай көрінеді. Бірақ алғашқыда екінші мысалдағы адамның қаһары іске аспайтын кіжіңдей ғана әсер қалдырады. Өйткені, нақақ қиянат шеккен адам сотқа барса, айтқаны жүзеге асатыны белгілі дейміз. Себебі, заң біздің санамызға осы әділдіктің ғана салтанат құратынын сіңіріп тастаған. Қалайда, қашанда нақақ қиянат көрген адам жапа шекпеуі қажет. Алайда, бұл қағаз жүзіндегі шындықтың көрінісі ғой. Ал нақты өмірде қалай?
Әрине, нақты өмірде өзгешелік көп. Өйткені, көпшілік ана лауазымы жоғары, қолында билігі бар, ақшасы мол байдың дегені болатынын айтады. Расында, солай ма? Олай емес десек, оған қандай нақты дәлел бар? Сол сияқты, бұған келісер болсақ, оны немен дәлелдей аламыз? Жұрттың дені мұның алғашқысына да, соңғысына да келіспейтіндіктері сөзсіз және екеуіне де келісетіндер аз екені тағы рас. Сонда бұл адамдардың көзін нақты ақиқатқа қалай жеткізуге болады? Егер дауласқан екі жанның да айыбы болып тұрған жағдайда оларға ақиқатты ұғындыру мүмкін бе?
Нақты жағдайда мүмкіндік аз. Сондықтан, адам айыпты ма, айыпсыз ба, дұрыс па, жоқ па, кінәлі ме, кінәсіз бе, оның бәрін заң айқындайды. Заң осы даудың шешімін тауып, оған түпкілікті, әйтеуір, бір нүкте қою үшін қажет. Сосын сот заңға сүйеніп шешім шығарды дейді, бітті. Бұл орайда, осындай жағдайларда заңды сөзбұйдалыққа, қағазбастылыққа, сот істі қарауды ұзақ сергелдеңге айналдырмас үшін сот жүйесіне де өзгерістер енді. Өзгеріс тіптен көп. Бір ғана бес сатылы сот жүйесінен бірден үш сатылы сот амалына ауысудың өзі неге тұрады. Ол ел үшін жаңалық қана емес, ең бастысы, тараптарға әділдікке тез қол жеткізудің оңды жолы деп қарастырылуда. Осыған орай алғашқы саты - аудандық соттың, екінші саты - облыстық апелляциялық соттың және үшінші саты - Жоғарғы Соттың кассациялық мәртебесі артып, әрқайсысының дәрмені күшейді.
Ал бұрын бұл салада аудандық сот судьясының шығарған шешімі Жоғарғы Соттың шешімдеріне жұрттың күмәнін келтіретін жайттарды туғызатыны бар еді. Себебі, ертеректе аудандық соттың екі адамды соттаған ісін облыстық аппеляциялы, кассациялық соттар қолдап, бірақ Жоғарғы Сотқа келгенде, әлгі істің шикілігі байқалып, екі жігіттің жазықсыз сотталғаны анықталып, аудандық сот шешімі бұзылып, қайта қарауға облысқа жіберілген болатын. Жоғарғы Соттың аталған істі қараған қылмыстық алқа отырысының қаулысы бойынша облыстың апелляциялы алқасы бұл істі одан әрі жете толыққанды зерттеп, зерделей келе Жоғарғы Сот алқасының тапқан қателігі дұрыс екенін, аудандық сот тек қудалау органының бір жақты шала тексерісіне сай теріс үкім шығарғанын ашып, шешім күшін жойды. Одан әрі не болды дейсіз ғой. Одан әрі нағыз қызықтың көкесі орын алды.
Облыстық кассациялық алқа Жоғарғы Соттың да, облыстық апелляциялық алқасының шешімін де дұрыс емес, өйткені, олар аудандық сот судьясының шешім күшін жоюда қателескен деп тауып, істі бұрынғы бәз қалпына түсірді. Бұған, әрине, бәрі де наразы болды, бірақ бұл істі қайта қараған Жоғарғы Соттың жаңа құрамдағы қылмыстық істер бойынша алқасы енді істі алдында қараған облыстық апелляциялық соты да, Жоғарғы Соттың бірнеше судьялары да теріс шешім шығарған, сондықтан, аудандық соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылсын деп, дәу нүкте қойды. Сөйтіп, аудандық соттың тоқпағы мықты екен, облыстық, Жоғарғы Сот судьяларының уәждерін қайтарып тастады. Бұл ештеңе емес, бәрінен бұрын жұрт енді кімге сенім артарын білмей қалды. Өйткені, тағы бір жаңа құрамдағы қылмыстық істер алқасы осы істі тағы бір мәрте қарар болса, басқа шешім қабылданбасына кім кепілдік бере алады?
Ал аталған іске байланысты бастапқы шешімді шығарған аудандық соттың судьясы бірден ауысып кеткен. Бұл істі тергеген тергеушінің өзі қылмысқа шатылып, сотталған дейді. Жалпы, жазықсыз соттауға «заңды жағдай» жасаған құқық қорғау органдары өкілдерін олардың келеңсіздігінен тас қапасқа қамалып, тағдырлары тәрк болған екі баланың көз жасы жібермеген секілді. Мұны текке мысалға келтіріп отырған жоқпыз. Біздің елде мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан да, Мемлекет басшысы әділдік тек соттарда ғана салтанат құруы қажет деп атап көрсетті. Бұл сөздің мәні де, маңызы да зор. Адамның бәрі бірдей, сондықтан да, біздің елдің Ата Заңы бойынша бірде-бір адам жазықсыз жапа шекпеуі қажет. Ал оны қамтамасыз ете алатын тек сот қана.
Елбасы бұл туралы айтудай-ақ айтып келеді. Бірақ, әділдік ауылының төбесі қашан көрінеді деп көпшілік әлі алаңдаулы. Өйткені, қазір адам біткеннің көзі ашық: тарихтан та, саясаттан да, құқықтан да хабары мен ақпараты мол. Жаман мен жақсыны қалай тез айырса, дұрыс пен бұрысты да тез ажыратады. Демек, ешкім ештеңеге алдана қоймайды. Бірақ, қандай озық қоғам болмасын, адамдар арасында жоғарыдағыдай дау туындамай тұрмайды. Ал дау шешімін табуы тиіс дейміз. Онда да әлгі көкірегі ояу, көзі ашық жандардың көзін жеткізу үшін даудың нүктесіне ешкім шүбә келтірмеуі керек. Алайда, оған қол жеткізу оңай емес. Өйткені, әркім өзінікін ғана жөн дейді. Бірақ, шындығына келгенде, олардың бірінің ғана ақиқаты басым екені даусыз. Сонда оны қайткенде, қалай айыруға болады? Және екінші тараптың көзін оған қалай жеткізуге болады? Демек, қайткенде, қалай ғана қара қылды қақ жаратын әділдікті орната алуға болады дейміз, біз де. Мұның қазіргі күні бір амалы табылды ма?
Жоғарыда айтқанымыздай, әділдіктің соттарда салтанат құратынын Елбасымыз шегелеп айтып берді. Енді сол әділдікті орнату үшін не жетпей тұр? Әлде қазір әділдікті әділетсіздікпен айырбастап алған адамдар қатары көбейіп бара ма? Олай десек, онда қандай сот болмасын бекітілген заң шеңберінен шығып кете алмайтындай, яғни тура шешім ғана шығаруға мәжбүр қылатын құқықтық тетіктер қамтамасыз етілген амалдар іске асатын күн туа ма, өзі? Осы шетін мәселе төңірегінде реті келгенде біз Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәмимен ашық әңгімелескен едік. Ол біздің көкейімізде жүрген күпті мәселеге орай: «Міне, қазір сол күнге, сол сәтке де келіп жеттік. Қазіргі уақытта заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты іс-шараларды жүзеге асыру кезеңі басталды. Ал ондай шаралар Ұлт Жоспарында көрсетілгені баршаға аян. Өзіңіз айтқандай, адамдар кейде сот істі заңды қараған жоқ, заңсыздық орын алды дейді. Олар оны неге айтады? Заңсыздықтар орын алатын жағдайлар болуы мүмкін ғой. Міне, енді байқасаңыздар, осындай заңсыздықтарға жол берілмеуі үшін қажетті тетіктер жаппай қарастырылып отыр», деді.
Расында, байқар болсақ, Ұлт Жоспарына сай қазір тараптарға сотқа жүгіну мен судьяларға сот ісін қарау оңтайлы болуы үшін сот жүйесінде күрделі жаңалықтар пайда болғаны анық байқалады. Мұндағы алға тартылып отырған 11 қадамның барлығы да заңды түрде реттелді. Және оны азаматтар құқының талапқа сай қорғалуын оңтайландыру үшін көптеген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сөйтіп, уақыт талабына толық сәйкес келетін жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот кеңесі туралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, бүгінде барлық деңгейдегі соттар жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша жұмыс істеуге кірісті. Ал мұндай жаңалықтар бұрын болмады ма дерсіз. Болды. Бірақ заман ағысы бір орында тұрмайды ғой, даму үрдісі зор. «Сол дамуға сай біздің де негізгі мақсатымыз - әділдік. Ендеше, мына заңдарымыз да заман ағымына сай пайда болған кедергілерді жойып, тек сот әділдігін жүзеге асыруды ғана үдете түседі. Бұл, біздің көптен бергі межеміз - ұлттық сот жүйесіне деген халықтың және қоғамның сенімін арттыра беру», дейді Төраға.
Жоғарыда аталған мысалға байланысты Төраға үш сатылы соттың басымдықтарына кеңінен тоқталып өтті. Қандай өзгеріс болса да, қандай заң шықса да, оның бәрі тек халық мүддесіне сай қызмет етуге тиіс. Сол айтылғандай, сот жүйеміз бес сатылы ма, үш сатылы бола ма, мәселе, о да емес. Халыққа ең бастысы құқының талапқа сай қорғалғаны, даудың жоғарыдағы заңдарға сай әділ шешілгені керек. Демек, үш сатылы дегенде адамдар одан не ұтады деген заңды сұрақ туындайды? «Иә, не жасалса да, ол алдымен халықтың игілігіне асуы қажет. Сотта әділдікке жетудің бір-ақ жолы бар - әділ шешім. Ал мұндай жолдың тарихы әріден басталатын, әбден тәжірибеден өткен көрнекті бағыты өмірде қолданылып жатыр. Соның бірі - үш буынды сот жүйесі. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан үрдіс. Демек, бұл - бәріміз өте көп айтатын, яғни әділдікке жетудегі өте қажетті құрылым болып табылады. Осы құрылым арқылы біздің ойлаған басты мақсатымыз не? Басты мақсат - сот сатыларын мейлінше азайту арқылы азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот әділдігіне қолжетімділікті арттыру! Демек, үш сатылы сот жүйесі іс бойынша сот шешімінің жедел қабылдануына негіз қалайды. Ендеше, бұдан былай сотқа түскен істердің басым көпшілігі бірінші және екінші сатыдағы, яғни, аудандық, облыстық және оған теңестірілген соттарда өзінің түпкілікті шешімін таба бермек. Бұрын облыста адамдарды әрлі-берлі сабылтып қоятын, яғни бірінің шешімін бірі қайталайтын аппеляция мен кассация қатар жұмыс істеген еді. Енді бұл кемшілік қайталанбайды.
Осылайша, апелляциялық саты облыстық сотта қалып, ал кассациялық саты Жоғарғы Соттың құзырына берілді. Мұның пайдасы сол, ол сот шешімдерінің жедел әрі сапалы орындалуына мол мүмкіндік тудырады. Істі негізсіз созу, түрлі бұлтаққа салу сияқты келеңсіздікті жойып, кейде соттардың атына айтылатын әлгі «іс заңсыз қаралды» деген секілді небір алыпқашпа сөздерге тұсау салғызады. Сөйтіп, бұл аталған құрылым бүгінгі заман талабынан туындаған оңтайлы ұстаным екендігін халықтың разылығына бөлену арқылы дәлелдейтіні анық. Өйткені, осы жаңалықтың арқасында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың рөлі күшейеді. Істі қарауда таразының әділдік басы ғана тартады, демек, оның маңыз-дылығы мен мәртебесі де арта түседі» дейді Қайрат Әбдіразақұлы.
Демек, қазіргі уақытта заңдарымыздың әлеуеті артып, маңызы күшейді. Қылмыстық саясатқа байланысты төрт бірдей Кодекске өзгертулер мен толықтырулар да енді. Соған сай, міне, сот жүйесін реформалауға байланысты бірнеше қадамнан тұратын нақты амалдар да көрсетілді. Бірақ бұлар қанша жерден «алтынмен апталып, күміспен күптелгенмен» оларды жүзеге асыра алатын мамандар болмаса, әлі де біраз уақытымызды жоғалтатынымыз рас-ау. Осыған орай судьялық лауазымға үміткерлерге алдымен қатаң талап қойылатыны бекер емес. Бұл өте маңызды мәселе. Кейін бармақ тістеп, сан соқпас үшін судьялыққа бірден дұрыс адамды іріктеп, таңдап алған жөн. Көпшілік күтетіндей, судьялыққа сотқа жүгінген әр тарапқа мынау ақ, мынау қара деп ақиқатты тура айтып бере алатын білікті де, білімді жан тағайындалғаны керек. Бұл мақсатта кең көлемді жұмыстар жүргізілді. Мысалы, жоғары заңгерлік білімі бар, адамгершілік ұстанымы берік, кемінде бес жыл сот отырыстарының хатшысы, судьяның, прокурордың, адвокаттың консультанты (көмекшісі) немесе заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар үміткерлер судьялық қызметке таңдалынады. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын біліктілік емтихандарын тапсырады. Бірінші кезеңде еліміздің заңдарын білуге арналған компьютерлік тестілеуден өтеді. Екіншісінде, сот практикасына қатысты сұрақтарға жауап береді. Содан кейін психологиялық тестілеу жүргізіледі. Көрдіңіз бе, мұндай талаптар тек судья болатын үміткерлерге қойылатын сынақтар. Ол осы талаптарға сай келмесе, судья бола алмайды.
Судьялыққа кандидат үшін бұрын еңбек өтілі екі жыл ғана болатын. Қазір олай емес, алдында айтқанымыздай, талап күшейді. Демек, енді бес жыл мерзім қажет етіледі. Ал тағылымдамадан өту бір жыл болды. Ол тұрақты түрдегі және еңбекақы төленетін тағылымдама. Яғни, кандидат өзінің жұмысынан босатылып, тағылымдамадан өтуге тиісті. Жаңадан тағайындалған жас судьялар үшін бұлайша бір жылдық сынақ мерзімін енгізу - сот саласындағы маңызды жаңалық. Олар сынақ мерзімі кезеңінде әкімшілік, күрделі емес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды. Сынақ мерзімі аяқталған соң, оның нәтижелері облыстық соттың жалпы отырысында талқыланады. Оң қорытынды алған жағдайда, кәсіби деңгейіне қарай Сот жюриінің біліктілік комиссиясы баға береді.
Демек, біліксіз, тәжірибесі жоқ, тура шешім шығара алмайтын адам судьялыққа келе алмайды. Оған жол жоқ екен. Өйткені, сапалы сот төрелігін жүзеге асыру - осынау ауыр еңбекті таңдаған адамның кәсіби деңгейіне және адами қасиеттеріне тікелей байланысты болып отыр. Әр даудың артында адам тағдыры тұрады. Оны ешуақытта естен шығармаған жөн. «Сондықтан, біздер дамыған елдердің осы бағыттағы тәжірибесін терең зерделеп, үлкен талдау жасадық. Сөйтіп, ақыр аяғында судья лауазымына кадрларды іріктеу мәселелері бойынша осындай мәні зор, мазмұны ерекше өзгерістер енгізілді», дейді Қ.Мәми.
Алайда, кемшіліксіз адам жоқ дегенімізбен, судьялардың білмей қалып қателесуі мүмкін емес. Демек, олар қате шешім шығарса не біліксіздіктен, не сыбайластық жемқорлық жетегінде кеткендіктен деп түсінеміз. Бұл сенімге селкеу түсіреді. Оған жол бермеу мақсатында, дейді Төраға, Елбасы тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы бекітілген. Мұндай жүйе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ыстамбұл жоспарын орындау мақсатында іске асырылып отыр. Бұл құрылым қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға береді. Сонымен қатар, судьяның орнынан түсу құқығын растау, оны тоқтату мәселелерін және оларға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Бұл не деген сөз? Мұны тарқатып айтар болсақ, яғни Сот жюриінің құрамы біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметіне баға береді. Біліктілік комиссиясы 7 судьядан тұрады, олардың құрамында облыстық соттардың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және доғарыста жүрген бұрынғы үш судья болады.
Енді осы біліктілік алқасы әлгі судьялыққа үміткерлер бір жыл тағылымдамадан өткеннен кейін, олардан біліктілік емтиханын қабылдайды. Ал судьялық қызметке тағайындалғандар бес жылдан кейін осы біліктілік алқасында тағы да емтихан тапсырады. Сондай-ақ, аудандық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төрағаларына және облыстық соттардың төрағалары лауазымдарына тағайындалатын адамның да осы біліктілік алқасында емтихан тапсыруы қарастырылып отыр. Демек, судьялардың кәсіптік деңгейі үнемі бақылауда деген сөз.
Сонымен қатар, судьялардың кәсіби қызметіне баға тұңғыш рет судья лауазымын атқарған алғашқы жылғы жұмыс нәтижелері бойынша беріледі. Мұндай баға беру әрбір бес жыл сайын өтеді. Судьялық өтілі жиырма жылға толған судья кәсіби қызметін мерзімдік бағалаудан босатылады. Бұған қоса тәртіптік комиссия деген бар. Тәртіптік комиссия 9 судьядан тұрады. Оның құрамына аудандық және оған теңестірілген соттардың үш судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттардың 3 судьясы және Жоғарғы Соттың 3 судьясы енген. Тәртіптік комиссия судьяның орнынан түсу құқығын растау, судьяға қатысты тәртіптік іс қозғау мәселелерін қарастырады. Судьяға қатысты материалдарды тәртіптік комиссияда қарауға облыстық сот пен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының шешімдері негіз болып табылады. Ал Сот жюриі судьяға қатысты материалдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қарайды.
Сол сияқты, судьялардың әдептілігін де бақылайтын жаңа Әдеп кодексінің жобасы қазіргі уақытта дайын. Бұл Кодекстің бір ерекшелігі, азаматтар судьяның іс-әрекеттеріне көңілдері толмаған жағдайда, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдануға құқылы. Мұны аз десеңіз, осыларға қоса Судьялардың этикалық кодексінде судьяларға Президент, халық тарапынан қойылған талаптардың барлығы ескерілді. Кодекс жобасы Бангалор қағидаты мен ең үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жасалды. Осы жаңа кодекс судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қабылданады деп күтілуде. Көрдіңіз ғой, судьяларға тік тұрып, тура қызмет істеуден басқа бұлтаруға шама жоқ. Өйткені, тап осылай судьялар есептілігін күшейту, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың әрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі - олардың кәсіби тәртібін нығайтады.
Бұған қоса, Сот төрелігі институтын дербес оқу орны ретінде Мемлекеттік басқару академиясынан бөлу сот жүйесі үшін білікті кадрларды даярлауға және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретіндігі әбден зерделенген екен. Аталған институт Жоғарғы Сот жанынан қайта құрылып, судьялардың біліктілігін арттыруда тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Академия түрінде жоғары оқу орнын қайта құру еліміздің «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес келеді. Академия қызметінің негізгі бағыты - мамандандырылған магистратурада жоғары білімнен кейінгі бағдарламаны жүзеге асыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, сот қызметі саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу. Осы мақсатқа орай, Академияны үш институттың: Заң институты (мамандандырылған магистратура), Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты және Ғылыми-зерттеу институты базасында құру көзделінген. Білім беру мекемесінің мұндай моделін құру республикамызда судьялар корпусын даярлау және қайта даярлауды жетілдіруге тың серпін береді деп есептейміз. Ол тек жаңадан қызметке кірісетін судьяларды ғана дайындап қоймайды, бүгінгі күні жұмыс істеп жүрген судьялардың да кәсіби деңгейін көтерумен айналысады. Сондықтан, Сот төрелігі академиясының Жоғарғы Соттың жанынан ашылғаны тиімді болмақ.
Иә, біз «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегенімізбен, жығылғанға жұдырық та жұмсамайтын халық екендігіміз рас. Бірақ, жоғарыда келтірілген мысалға сай қылмыстық істегі алғашқы тергеу кезінде талай дөрекілік пен заңсыздықтың орын алып жататынын жұрттың бәрі біледі. Сондайда, сотқа дейінгі айыптау кезеңінде азаматтардың құқын қорғау қалай жүзеге асырылмақ? Ұстаудың, күштеп қамаудың ақ-қарасын кім айырып бермек деп жұрт жарыса сұрайды. Енді, Қайрат Әбдіразақұлының айтуына қарағанда, мұны тергеу судьясы жүзеге асырады. Ұлт Жоспарының 22-қадамында адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп ауыстыру көзделген. Сондықтан, тергеу судьясы күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамаққа отырғызу, медициналық мекемеге күшпен қамау және тағы басқа шаралардың заңдылығын тексереді. Бұған қоса, ол тексеру, тінту, алу және жеке адамды тінту әрекеттерін жүзеге асыруға құқылы. Прокурорлармен бірге азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қадағалайды әрі ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан бөлек істер бойынша кепілзат көлемін анықтайды. Осылайша, ол сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, тергеу процесі кезіндегі заңдық негіздер мен құқықтардың сақталуын жүзеге асыруы тиіс. Сонымен қатар, сот алдына барғанда кейбіреулердің бұрын берген жауабынан бас тартатыны бар. Осындай дәлелсіз деректерді азайтып, істің сотқа бұлтартпас айғақтар негізінде жетуін қамтамасыз ету - тергеу судьяларының басты міндеті көрінеді.
Әділдіктің нақ сотта ғана салтанат құру үрдісін кеңейту мақсатымен кезінде алқабилер соты да құрылғаны рас. Дегенмен, қазіргі күні осы алқабилер соты талап деңгейінен табылып келе ме деген сұрақ та көпшілікті мазалайтын секілді. Мүмкін, алқабилерден өзге, мәселен, өз ұлтымыздың ерекшелігіне лайықты етіп сот үлгісін жасау керек пе еді? Өйткені, сонау бұрынғы билер сотының әділдігіне орыс шаруалары да жүгінгені тарихтан белгілі ғой. Ендеше, қайсыбір адамдарды ежелден қалыптасқан еліміздің дәстүрлі құқық нормаларын сақтай отырып, қазақ сотын құру мүмкіндігі ескерілмей қалған жоқ па деген ой да мазалайды екен. Бұл орайда Төраға: «Бұрынғы билер сотының құрамын қазіргі қоғамға алып келейік деу - айтуға ғана оңай. Ол бүгінгі сот жүйесіне сол қалпында кіріге алмайды. «Алайда, біздің сот билер салған сара жолды, әділеттікті ту еткен турашылдықты, адалдық пен шыншылдықты берік ұстанған, имандылығы басым сенімдерінен рухани қуат аламыз. Қазіргі судьялар ұлы билеріміздің әділ сотта көрсеткен үлгі-өнегесінен мол тағылым алуына еш кедергі жоқ. Біз қай жағынан да Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің әділ билігінен таймауымыз керек. Бізге ең бастысы - осы ұлы билер қалдырып кеткен әділ биліктің өнегелі жолы. Дегенмен, қазақ елінің дәстүрлі құқығының кейбір ережелері жаңғырып келеді. Айталық, ХХ ғасырдың басына дейін келіп жеткен «Еселеп айып төлеттіру» - еліміздің жаңаша жасалған Қылмыстық кодексінен орын алды деп айта аламын. Кодекстегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде парақорлыққа делдал болу, пара беру, пара алу қылмыстары үшін лауазымды тұлға он еседен сексен есеге дейінгі теңге мөлшерінде айып тартады. Міне, мұның өзі дәстүрлі құқықтың кейбір нормалары бүгінгі заңнамадан орын алғанын көрсетпей ме?!» дейді.
Иә, сонымен халық қазір әділдікті соттан ғана іздейді. Сот қана соңғы сөзді айта алады. Сондықтан да, Елбасы жұрт іздеген әділдік сотта ғана табылатынын баса айтты. Бұл орайда еліміздің Жоғарғы Соты өзге соттарымыз бастау алатын әділдіктің шын мәніндегі қайнарына айналды десек, артық айтқандық емес шығар. Оған соңғы жылдары сот жүйесінде атқарылған орасан жұмыстар куә. Жоғарғы Соттың қазіргі Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы кезінде еліміздің Бас Прокуроры, Парламент Сенатының Төрағасы секілді беделді қызметтерді атқаруда халық пен мемлекет мүддесінің абыройын асқақтата түскен білікті басшы, мемлекетшіл абзал азамат. Оның отандық сот саласында көптеген реформалардың жүзеге асуына белсене атсалысқаны дүйім жұртқа белгілі және әлі де ат үстінен түспей келеді.
Ал енді биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Осы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің сот жүйесінің басты жетістіктері қандай екендігі турасында ол: «Әлбетте, дүниежүзінде, қай мемлекетте болмасын әділдікті жүзеге асыратын сот орындары ғана. Біздің елде әділдік айту бағзы заманнан, өзің айтқандай, сонау сұңғыла да шешен билерімізден бері қарай жалғасып келеді. Демек, соттардың әділдікті орнату қағидаты ешуақытта үзілмейді. Ол сол үшін де сот. Біздің бәріміздің үлкен мақсатымыз бар, ол - халық пен елдің игілігін арттыру. Сол арқылы елімізді қуатты мемлекетке айналдыра алу. Бірақ бұл оңай емес. Өйткені, ел тәуелсіздігінің осы жылдар ішінде белін жазған экономикамыз төрт аяғын тең басып тұра алуы керек. Ол үшін бар сала, бар адам бір кісідей бір бағытта жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет басшысы сот жүйесіне ерекше көңіл бөлуінің арқасында, ширек ғасырға жуық уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Алдымен сот жүйесі өз алдына тәуелсіз болды. Тәуелсіздігімізді баянды еткен осы уақыттан бері еліміздің құқықтық жүйесі, соның ішінде ең өзектісі - сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы жүргізілді», деді.
Иә, расында Елбасының ұдайы сындарлы тапсырмасының арқасында, отандық сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай дамып келеді. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Соттардың тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Қазақстанның рейтингісі жыл сайын жақсаруда. Мәселен, 2015 жылғы дерек бойынша, еліміздің осы рейтингтегі көрсеткіші 86 орыннан 72 орынға көтеріліп, 14 позицияға жақсарды. 140 елдің сот жүйесі сынға түскен әлемдік рейтинг бойынша, бұл - жақсы көрсеткіш. Тағы бір мысал. Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде соттардың жұмысы «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша бағаланады. Осы индикатор бойынша өткен жылы Қазақстан өз көрсеткішін 5 позицияға жақсартып, 189 елдің ішінде 9-шы орынды иемденді.
Қазақстандық сот корпусының біліктілігі мен кәсібилігін 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы жүргізген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері де растап отыр. Сауалдамаға жауап бергендердің 71,3 пайызы судьялар жұмысына қанағаттанушылық білдірген. Бұл - елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі. Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан сот жүйесіндегі реформалардың нәтижесінде соттардың жұмысы жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Осылайша, неғұрлым кәсіби, ашық, қолжетімді, сапалы және тәуелсіз сот жүйесі нығайып, еліміздің кез келген азаматы заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа нық сеніммен жүгінуіне мол мүмкіндік туғызылғанын көрдік. Бұл жетістіктер әділдікке жетудегі нақты сот кепілі екендігін тағы да дәлелдей түседі.
Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Соты биылғы жылдың 4 сәуірінен сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастады.
Сауалнаманың мақсаты - жүзеге асырылып жатқан реформаларға, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың көзқарасын анықтау.
Сауалнама арқылы соттар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио, бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жұмысының ашықтық деңгейі мен сапасы туралы респонденттердің пікірін білу жоспарланып отыр. Бұған қоса, сот жұмысын жақсарту жөніндегі тың ұсыныстар да күтіледі.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сот процесіне қатысушылар, сондай-ақ аталған сервиске тіркелген өзге де адамдар респондент ретінде қатыса алады. Сауалнамаға қатысу үшін олар «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі керек.
Қазіргі таңда 50 мыңнан астам азамат «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің тұтынады. Жоғарғы Сот бұл жобаны 2014 жылы іске қосты.
Сот жүйесін реформалау сәтті жүзеге асырылды, алдағы уақытта оған қазіргі халықаралық соттың жетістіктері мен жаңа құралдары да жергілікті жүйенің ерекшеліктерін ескеріле отырып енгізіле беретін болады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы өзгерістер қалыптасқан жүйені де ескеруі керек. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген білгілі саясаттанушы Айдос Сарым осылай мәлім етті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында кем дегенде 10-15 нақты бағыты өзгерістерді талап етеді. Сот жүйесі және басқалары да. Осының бәрі сөзсіз үлкен кәсіби жұмысты қажет етеді. Ол жерде экономикалық та, құқықтық та мәселелер бар.
Өзгерістер елімізде қалыптасқан жүйені де ескеруі керек, екіншіден ары қарай дамытатындай жаңа бағыт, жаңа серпіліс беретіндей өзгеріс болуы керек сияқты», деді саясаттанушы.
5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын орындау үшін 2015 жылы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Сол өзгерістерге сай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет орнату жөніндегі үйлестіру кеңесі бірқатар уәкілеттікке ие болса, гранттар мен премиялар түрінде ҮЕҰ-ларды қаржыландырудың жаңа формалары тәжірибеге ене бастады. Үкіметтік емес ұйым жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасы құрыла бастады. Енді еліміздегі әрбір коммерциялық емес ұйымға қойылатын талап - олардың қызметі осы бірыңғай мәліметтер базасына енгізілуі керек. Бұл жаңалықтар туралы, яғни, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасын құру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар жөніндегі комитеттің өкілі Василий Порубаймех толығырақ әңгімелеп берген еді.
«Біріншіден, 2015 жылдың 2 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҮЕҰ қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды. Бұл заң арқылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілген болатын. Атап айтсақ, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 41 бабына 5-пункт енгізілді, яғни, бұл пунктке сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, соның ішінде, өздерінің құрылтайшылары, мүлігі, қаржысының қалыптасу көзі мен шығын көзі туралы толық ақпарат ұсынып отыруы керек. Осылайша, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган толық ақпаратты ары қарай ҮЕҰ-лардың мәліметтер базасына тапсырады»,-деп түсіндірді В.Порубаймех.
«Ал, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган кім болады?» деген сұрағымызға жауап бере келе ол: - бұл функция өз ережесіне сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп отыр. Ал, министрлік ішінде, ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша біздің комитет жұмыс істейді,-деп жауап берді.
Сондай-ақ, маманның айтуынша, жоғарыдағы өзгерістерге сәйкес, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң енді «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен премиялар туралы» заң деп аталады екен.
«Тағы бір түсіндірер жайт, Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы ақпаратты уәкілетті органға пошта арқылы немесе қосымша хат арқылы жібере алады. 2016 жылдың 31 наурызына дейін барлық үкіметтік емес ұйымдар 2015 жылғы қызметі туралы мәліметтерді жіберуі керек»,-деп түсіндірді комитет өкілі.
Егер де ұйымыңыз туралы мәліметті поштамен жолдайтын болсаңыз, хатты 31 наурызға дейін жіберіп қою керек. Мәліметтер жазылған хат министрлікке сәуір айында жетуі мүмкін, бірақ, конверттің сыртында хаттың наурызда жөнелтілгені расталатын штамп болса, бұндай құжат қабылданады.
«Мәліметтер базасы 2017 жылдан іске қосылады. Үкіметтік емес ұйымдар 2017 жылдан бастап өздерінің қызметі туралы өзгерісті порталдағы жеке кабинеті арқылы қосып отыра алады. Порталдағы жеке кабинетке кіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды қолтаңба алу жеткілікті. Жалпы, Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасы әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда ҮЕҰ-лармен ынтымақтастықты бір ізге салу үшін өте керекті ұйым болмақ. Ең бастысы, бұл жаңалық жұмыс істемейтін коммерциялық емес ұйымдарды жоюға мүмкіндік береді»,-деп түйіндеді сөзін Василий Порубаймех.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басқа да тұстарын жүзеге асыру жүріп жатыр. Сонымен қатар отандастарымыз «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының іске асырылуын қуана қарсы алуда. Ал осыншама үлкен игі істерді атқару үшін елдегі бірліктің, халықтың қолдауының маңызы зор екендігі белгілі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшынысы үшін бүкіл Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдірді. Ол Елбасының Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысуында көрінді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым өкілдері, жастар қатысты.
Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтағаны белгілі. «Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні - енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті тарихымыздың көптеген беттері биік моральдық құндылықтардың бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті.
«Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айрылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сол қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақтары Қазақстанның қасиетті жерінде көрген қамқорлық пен қонақжайлықты қазір айрықша жылылықпен еске алатынын айтты.
«Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде еліміздің көпэтностылық тарихынан сабақ алу қажеттігіне назар аударды.
«ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халық қалыптасты. Столыпин реформасы кезіндегі шаруаларды қоныстандыру барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 мың адам келді. 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық өңірлерінен тәркілеуге түскен 250 мың шаруа жер аударылды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарының құрылысына 1,2 миллион адам келді. Сталин режимі кезінде тұтастай бір халықтар - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың корей отбасы Қиыр Шығыстан жер аударылды. Оларды тауар вагондарына тиеп, қақаған қыста ашық далаға әкеп тастады. Ол кездері мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Өздері жоқшылықта отырса да, қазақ отбасылары оларды үйлеріне кіргізді. Солардың бірі біздің үй болатын», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сталиндік қуғын-сүргін кезінде елімізде 11 арнаулы лагерь - АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг, Дальлаг, Песчанлаг, Камышлаг, Жезқазғанлаг, Актөбе, Петропавл, Кегір және Өскемен лагерлері құрылғанын, оларда мыңдаған тұтқын отырғанын айтты.
«Солардың көпшілігі тұтқыннан босағаннан соң кеткен жоқ, осы жерде тұрақтап қалды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізге түрлі кезеңдерде көп адам келгенін атап өтті.
«Соғыс кезінде Қазақстан эвакуацияланған 350 мың адамды қабылдады. 50-жылдары тың игеруге 1,5 миллион адам келді, жабық әскери нысандарда 150 мың маман және олардың отбасы мүшелері жұмыс істеді. ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстанға барлығы 5,6 миллион адам қоныстанды. Жергілікті халықтың саны ол кездері 6 миллионның шамасында болатын. Қылмыстық сипаттағы Сталиндік ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион адам аштан қырылды. Тағы миллионнан аса адам өзін және балаларын аман сақтау үшін бұрынғы КСРО аумағынан кетуге мәжбүр болды. Қазақтарға жойылып кету қаупі туды. Біздің көпэтностылығымыз осылайша қолдан жасалды. Бірақ мұнда біздің жерімізге еркінен тыс келген адамдардың еш кінәсі жоқ. Біз Тәуелсіздіктің жаңа дәуірінде барлық этностарды біртұтас, ұйысқан халыққа айналдыра білдік. Бүгінде бұл - біздің ең басты артықшылығымыз. Біздің күшіміз де осында. Менің тапсырмам бойынша, тарихымыздың осы парақтары Астанадағы жаңа Ұлттық тарих музейінің экспозицияларында көрініс табатын болады», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеңнің тоталитарлық машинасынан барлығы жапа шеккенін атап өтті.
«Біз жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бүгінде біз - 100-ден аса этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, индустрияны дамытып, жол салып жатырмыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. Табыстарымызға бірге қуанып, ең қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Менің тапсырмаммен Ассамблеяның бүкіл елдегі барлық қайырымдылық шаралардың үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт жоспары аясында заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Ассамблея тарихы - біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы. Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті татулық пен келісімде бірлесіп өмір сүру салты әсіресе жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында көші-қон хаосы басталған, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстар ушыққан бүгінгі таңда еліміздің ең қымбат тәжірибесі екеніне назар аударды.
«Біздің бірегей этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз бола түсетініне сенімдімін. Біз - ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде біздің болашағы біртұтас ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маңызды. Осыған байланысты Ассамблеяның арнаулы қорын құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн болар еді. Әрбір ауылда, ауданда, қала мен облыста әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша мәнге ие», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы бүгінде Қазақстаның алдында зор міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Менің халыққа Жолдауымды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жүріп жатыр. Біз «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асырудамыз. Сондықтан мен бүгін бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшынысы үшін бүкіл Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдіргім келеді. Әр үйде татулық, жақсылық және береке болсын. Алғыс айту күні еліміздің ең айшықты, әркімнің де жүрегіне жақын мейрам болатынына сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз тағы бір тарихи сәт - «Нұр Отан» партиясының құрылған күні екенін атап өтті.
«Мен баршаңызды осы айшықты күнмен құттықтаймын. «Нұр Отан» 17 жылда үлкен жолды жүріп өтті. Біздің партиямыздың саяси көшбасшылығы барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын нақты жетістіктерге айналды. Қазір партия алдында айрықша маңызды міндеттер тұр. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мен қолжетімді баспана, жол, электр стансаларының құрылыстарына, әрбір кенттегі нысандарды жөндеу жұмыстарына елеулі қаражат бөлу туралы мәлімдедім. Осының бәрі адамдар үшін жасалуда, олар жұмысқа тартылады. Осы қызметтің бәрін «Нұр Отан» жүргізетін болады. Әрбір қазақстандықтың игілігіне бағытталған, жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламалардың мәнін әрбір адамға түсіндіре аламыз деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті қазір «Нұр Отан» партиясы Мәжіліс сайлауы бойынша сайлау науқанын жүргізіп жатқанына назар аударды.
«Бұл - мемлекеттің баршаны ұйыстырып, Қазақстанымыздың өркендеуіне жұмылдырып отырған нағыз басты саяси күші екеніне сенімдімін. Сайлау науқаны аясында тек үгіт-насихат қана емес, тұғырнаманы таныстыру да жүріп жатыр. Партияның өзі жаңарып, жаңа жақтастармен толығуда. Біздің қатарымызға Қазақстанның жаңа азаматтары қосылып отырғанының мәні зор», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті рәсім барысында «Нұр Отанның» жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды. Мемлекет басшысы олардың бәрін өмір жолындағы жаңа кезеңдерімен құттықтап, мықты денсаулық пен игілік тіледі.
«Бұл - Сіздер үшін саяси саладағы жаңа жолдың басы. Сіздер халықтың игілігіне бағытталған партияның идеялары мен ой-тұжырымдарын жеткізушілер боласыздар. Сіздер өз энтузиазмдарыңызбен және өз халқыңызға пайдасын тигізуге деген ниеттеріңізбен адамдардың жүрегіне жігер беруге тиіссіздер. Бүгін партияға түрлі этностардың өкілдері кіріп отырғанының да терең символдық мәні бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Конституция мен ел заңнамасында ұлттық және діни ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтардың теңдігі көрініс тапқанына назар аударды.
Заңның осы ережелерін мүлтіксіз орындау керек, оларды қалауынша әлдекімдерге түсіндіруге жол беруге болмайды. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше рөл жүктеледі. Мен орын алған кейбір құқық бұзушылықтарға байланысты бұл туралы айттым да. Біз үштілділік бағытын ұстанып отырмыз және бұл әлдебіреудің қалауы емес, уақыттың талабы. Мемлекеттік тілді, титулды этностың тілін білуге біз міндеттіміз. сондықтан да біз қазақшаға балаларды мектептен бастап үйретіп жатырмыз. Біз ағылшын тілін де білуге тиіспіз, өйткені ол ғылымның, инновация мен ақпараттық технологияның тілі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін де білу маңызды. Балаларымызға бұл қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық белсенділерін еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын тың табыстармен және жасампаз өзгерістермен қарсы алуға шақырды.
«Ең алдымен «шағын істер» - әрбір қала мен ауылды, жолдарды, мәдениет нысандарын абаттандыру жайын есте ұстау керек. Әрбір елді мекен жұмыс пен демалыс үшін таза, жайлы бола түсуі тиіс. 25 жылдық мереке дегеніміз осы. Барлық қала мен елді мекендерде аумақты тазарту мен көгалдандыру, балалар үйлеріне, егде адамдарға, мұқтаж жандарға көмектесу жұмыстары жүргізілуі керек», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бұдан бес жыл бұрын, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы белесінде «Ауылды көркейту - Қазақстанды көркейту» жобасы іске асырылғанын еске салды және биыл да бүкіл елде дәл сондай патриоттық акция өткізуге шақырды.
«Еліміздің халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде біздің бүкіл табысымыздың қозғаушы күшіне айналатын елдің аграрлық секторын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Мұны «Нұр Отанға» және партияның әрбір мүшесіне менің тікелей тапсырмам деп санаңыздар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әл-ауқаты, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік - Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін айтты.
«Ұлы Дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы», - деді Қазақстан Президенті.
Біз кедей емес, бай адамдар өмір сүретін мемлекет қалыптастырып жатырмыз. Бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Сөз арасында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде жаңа функционалдық бағыт қолдау тапқанын жеткізді. «Біріншіден, бұл - қайырымдылық. Қайырымдылық туралы жаңа заңда ҚХА-ның бас үйлестіруші ретіндегі қызметі бекітілген. Біздің тарихымызда алғаш рет меценаттар мен донорлардың, қайырымдылық ұйымдарының съезі болып өтті. Бұны жалғастыруымыз керек, өйткені біздің көптеген ізгі азаматтарымыз қайырымдылық қорларына қаражат аударып жүр», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» акциясы аясында былтырғы жылы 400 мың қазақстандыққа қайырымдылық көмек берілгенін атап өтті. Балалар үйінің 7800 тәрбиеленушісі үшін 5 млн. теңгеге шот ашылған.
«Бұл ендігі күні Ассамблеяның жұмысына айналып отыр», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатаа, «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес реформа аясындағы «біртектілік пен бірлік» бағытындағы жұмыстарды оң бағалады.
Сөз арасында Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген үш негізгі бағытқа тоқталып, оның барлығы тұтастай Қазақстан халқы бірлігін, келісімі мен татулығын нығайтатынын атап өтті.
«Ауқымды жұмыс атқарылды. Бес реформаның төртінші реформасымен қоғамның барлық жігі қамтылуы керек болатын. Мәселен, мемлекеттік рәміздер туралы жаңа заң қабылданып, қазақстандық патриотизм аясындағы рәміздерді пайдалану мәселелері назарға алынды. Отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жалпыұлттық, адамгершілік және рухани құндылықтар жоспары шоғырландырылды. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын ілгерілету бойынша да жалпыұлттық жоспарлар жүзеге асуда. «Кәсібилер лигасы» жобасының да қоғам мен жастар үшін мәні зор. Оның аясында Дүниежүзілік банктің қолдауымен өңірлерде 15 ахуалдық орталық құрылды. Осының бәрін түйіндей келе, мен «біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бірінші кезеңін оң бағалаймын», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылғанын әрі оған жұмсалған қаражаттар да соншалықты көп болмағанын атап өтті.
Осы тұста еліміздегі этностар мен диаспоралардың бірлігі мен біртекті мәдени дамуына Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосып келе жатқанын айта кету керек.
Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң кеңейтiлген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақстандықтардың басым бөлігі Мемлекет басшысының бес институттық реформасын қолдайды», деп мәлім еткен болатын.
«Ғылыми-сарапшылық кеңес жасаған әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсеткеніндей, Қазақстан халқының басым бөлігі Елбасының бес институттық реформасын қолдайды. Соның ішінде реформаның төртінші бағыты - «Болашағы біртұтас ұлт» бағытын респонденттердің 85,4 пайызы жақтаған. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі немесе 94,2 пайызы «Мәңгілік ел» құндылықтарын толық қолдайтындықтарын білдірді. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өсті», - деді Е. Тоғжанов.
Сонымен қатар, Төраға орынбасары «Болашағы бiртұтас ұлт» реформасының шеңберiнде төрт заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiліп, «Қайырымдылық туралы» арнайы заң, Мемлекет басшысының 5 Жарлығы қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын респонденттердің 80,7 пайызы қолдаған, ал «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын сауалнамаға қатысқандардың 78,9 пайызы жақтаған. Бұдан бөлек, үштілді білім беру бастамасына да қатысушылардың 76 пайызы тарапынан қолдау жасалды.
«Соңғы үш жылда Қазақстанда жүргізілген ғылыми зерттеулер қоғамдық сананың өзгерістерінде оң динамика байқалатынын көрсетті. Сонымен қатар, қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін де халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда», - деді ол.
Сонымен қатар отандық белгілі сарапшылар ҚР Президенті ұсынған реформалардың жүзеге асырылуының негізгі бағыттарына қатысты өз ойларын ортаға салуда.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен «Аймақтық экономиканы әртараптандыру: келешегі мен міндеттері» тақырыбында аймақтық сарапшылар форумы өткені белгілі.
Аталмыш шараға отандық белгілі сарапшылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Сарапшылар ҚР Президенті ұсынған реформалардың жүзеге асырылуының негізгі бағыттарын қарастырды. Соның ішінде, аймақтық экономиканы әртараптандыру мәселелері, «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері талқыланды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар қарастырылып, оның өңірдің дамуына оң әсерін тілге тиек етті.
Талқылауға қатысушылардың пікірінше, Елбасы ұсынған институттық реформалар мемлекетті дамытуда жаңа мүмкіншіліктер мен бағыттарға ие, сол себепті ұсынған стратегиялық мақсаттардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету керек.
Форум жұмысының соңында сарапшылар белгіленген стратегиялық бастамаларды орындау елдің мемлекеттілігін нығайтуға және дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретіні жөнінде ортақ пікірге келді.
Қазақстан өзінің экономикалық артықшылықтарын (адами әлеует, табиғи ресурс, жағырапиялық орналасу) жақсы түсінеді және іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында оларды тиімді пайдалану үшін шараларды қолға алуда. Бұл туралы Гонконгтегі танымал «Феникс» («Phoenix Weekly») апталығы «Қазақстан теңдессіз жекешелендіруді жүргізуде» деген мақаласында жазады.
Автор жекешелендіру жөніндегі жоспарлар шетел инвесторларын тартуға көмектесе ала ма, деген сауал қояды.
«Соңғы уақыттардағы Қазақстанның мемлекеттік активтерді теңдессіз жекешелендіру шаралары халықаралық қауымдастықтың назарын аударытты. 2015 жылы 22 желтоқсандағы отырыста Қазақстан Үкіметі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жоспарын ресми бекітті және жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімін аяқтау жөнінде шешім қабылдады, бұл Кеңес одағынан 1991 жылы Тәуелсіздік алған елде екінші жекешелендірудің басталғандығын көрсетті», - деп жазады басылым.
Мақалада бұдан әрі қазақстандық мемлекеттік активтерді жекешелендіруді іске асырушы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ екендігі атап өтілген.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ын құру ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы Сингапурға сапарынан кейін басталды. 10 жылға жуық жүргізілген реформалар мен жекешелендіру үдерістері нәтижесінде Қазақстанда экономиканың құрылымы мен шаруашылық нысандарының түрлері оның ішінде мемлекеттік, жеке, шетелдік, бірлескен кәсіпорындар және басқалары бар барлығы әртараптандырылды. 2000 жылдан кейін Қазақстанның мемлекеттік активтерін жекешелендіру толық жекеге беруден (мемлекеттік меншікті және мемлекеттік активтерді сату) біртіндеп активтерді мемлекеттік басқаруға ауыстыруға мән берілді», - делінген мақалада.
Н.Назарбаев Сингапурда елдегі қаржы министрлігіне бағынысты Temasek инвестициялық холдингінің қызметімен танысып, қазақстандық сарапшыларға осы құрылымның табысты тәжірибесін тереңірек зерттеуге және осыған балама компанияны Қазақстанда құру жөнінде ұсыныс берген, деп жазады автор.
«Phoenix Weekly» бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің экономикалық қиыншылықтардың алдында тұрғанын, оның көптеген дамушы елдерге әсер етіп, бұған дейінгі жаһандық дағдарыстардан асып түсетіндігі туралы ескерткендігін жазады. «Ұзақ әрі қатал қыс алдында біз қазірден бастап іске кірісуіміз керек», - деген Н.Назарбаевтың сөздерін басылым келтіре кеткен.
Мақалада аталған жоспарларды іске асыру Қазақстанның экономикалық «тамырларын» дамытуға мүмкіндік беретіндігі, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың тәжірибесін қажет ететіндігі аталып өтілген. «Сондықтан жекешелендірудің мәнін осы салада қарастырған жөн», - деп қорытады автор.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстанда «Постфактум» кедендік тазарту режімін енгізу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Кедендік рәсімдер әдістемесі басқармасы бастығының орынбасары Арман Жалитов осындай мәлімдеме жасағаны белгілі.
Оның атап өтуінше, «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Постфактум» кедендік тазарту режімін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Аталған рәсім кедендік шекара арқылы өту кезінде тауарға арналған декларацияны ұсынбастан және ішкі тұтыну үшін енгізгеннен кейін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қоса, осындай декларацияны қажет етпей тауарларды кедендік тазартуды көздейді.
«Қойылған міндеттерді іске асыруда Қазақстан Республикасы тұжырымдамалық түзетулер пакетінде Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жолдады», - деді ол.
А.Жалитовтің сөзіне қарағанда, аталған түзетулер тауарлар тізбесін, сондай-ақ кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару мүмкіндігі бөлігінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар санаттарының тізбесін кеңейтуді көздеуді болжайды.
«ЕАЭО мүше мемлекеттердің барлық тараптарымен талқылау нәтижесінде инвестициялық жобаларды іске асыру аясында әкелінген тауарлар үшін кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару мүмкіндігін ұсыну бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексінің жобасы ережелерінің редакциясын пысықтау қолдау тапты», - деді А.Жалитов.
Жұмыспен қамту шараларын жаңа деңгейге көтеру үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу тәртібі өзгертілетін болады. Сенаттың Әлуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті. Комитет отырысында «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасы талқыланған болатын.
«Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, біз жұмыссыздарды тіркеу тәртібін өзгертетін боламыз. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша біз жұмыспен қамту орталықтарына келген азаматтарды бірден есепке алатынбыз. Ал жаңа заң жобасы бойынша біз ол азаматтарды әуелі «жұмыс іздеуші адам» ретінде есепке алатын боламыз. Сосын жұмыспен қамту орталықтары әлгі азаматқа лайықты жұмыс орнын іздейтін болады. Егерде лайықты жұмыс табылмаса, он күннен кейін ғана әлгі азамат «жұмыссыз» статусын алып, тіркелетін болады», - деді Б. Нұрымбетов.
Оның айтуынша, бұндай норма жұмыссыздарды формальді түрде тіркеуге жол бермейді. Сонымен қатар, бұл ретте ең біріншіден адамның жұмыс табу ниетіне баса назар аударылып, соған қатысты көмектер көрсетіледі.
Комитет отырысында талқыланған «Жұмыспен қамту туралы» жаңа Заң жобасы біріншіден, жаңа Еңбек кодексінің, көші-қон туралы және міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнамалардың күшіне енумен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына көшуге байланысты әзірленіп отыр. Бұнымен қоса, қолданыстағы жұмыспен қамту туралы заңнама 2001 жылы қабылданғандықтан, ондағы нормалар жаңа заманауи талаптарға сай келмейді.
«Бұдан бөлек, жұмыс іздеп келген азаматтарға кәсіби бағдар беру мәселелері де толық қамтылып отыр. Ол азаматтардың отбасының әрбір мүшесінің табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, онда олар атаулы әлеуметтік көмек алатын болады. Бұнымен бірге, жаңа заңға сәйкес, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендерге міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды мемлекет аударатын болады», - деді вице-министр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жұмыссыздардың қатарына жатқызылатын болады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, құжатта көзделген басты мақсат - Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
«Осыған байланысты Қазақстан дамыған елдердің стандарттарына біртіндеп көше бастайды. Бұл ретте Халықаралық еңбек ұйымының заманауи ұстанымдары бойынша еңбек нарығындағы көрсеткіштерге өзгерістер енгізіледі. Мәселен, біз бірінші кезекте еңбек нарығында қолданылатын атауларды ауыстыратын боламыз. Бұған сәйкес, қазір қолданылып жүрген «экономикалық тұрғыдан белсенді халық» терминін «жұмыс күші» деп атайтын боламыз. Ал «экономикалық тұрғыдан енжар халық» «жұмыс күшіне енбейтіндер» деп аталады. Мағынасына келсек, бізде жұмыспен қамтылған азаматтар ішінде «жалдамалы жұмысшылар», «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деген топтар бар. Бұлар да жаңа талапқа сәйкес өзгеретін болады», - деді Б. Нұрымбетов.
Оның айтуынша, жаңа көрсеткіштерге сәйкес, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» санатының аражігі ажыратылады. Мәселен, аталған санаттың ішінде жеке қосалқы шаруашылығында өндіріспен айналыспайтын, одан пайда таппайтындар бар. «Жаңа талап бойынша бұл азаматтар жұмыспен қамтылғандардың қатарынан шығарылып, олар не «жұмыссыз» не болмаса «жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар» деген санатқа жатқызылатын болады», - деді Б. Нұрымбетов.
Ал Жамбыл облысында 22 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр.
2016 жылы Жамбыл облысында 22 мыңнан астамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарлануда, бұл мақсатқа 11,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жорабек Баубеков мәлім етті.
Брифингі барысында ол Жамбыл облысында 2014-2015 жылдары «Өрлеу» ілкі бағдарламасын енгізу жүргізілгенін, оның ауқымында 2014 жылдан бері белгілі бір ақшалай көмек тағайындалғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында баяндалған тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, ол 2018 жылдың қаңтарынан күшіне енеді.
Ж.Баубековтің атуынша, 2015 жылдың 12 айында 1788 отбасындағы 9694 адамға 420,4 млн. теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды. Көмек алған отбасылар ішінен 5511 еңбекке қабілетті жастағы адам әлеуметтік қолдаудың белсенді формаларына тартылды (тұрақты жұмыс орындарына 1794 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға - 928 адам, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы ауқымындағы жұмыстарға - 1768 адам, жастар практикасына және қайта оқытуға 718 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 303 адам жіберілді.
«2015 жылдың қорытындыларымен Жұмыспен қамтудың белсенді кешенді жоспарына сәйкес 26256 адам (жоспар - 18826 адам, 139,5-ға орындалды) қамтылды, соның ішінде 17 642 адам тұрақты жұмыстарға, 1146 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға - 3574 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1096 адам, жастар практикасына - 1394 адам, кәсіби оқытуға - 702 адам тартылды, 402 адам шағын несие алды», - деп атап өтті Жораьбек Баубеков.
2016 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 22 мыңнан астам адам тартылады, бұл мақсаттарға 11,7 млрд. теңге, соның ішінде облыс бюджетінен 4,6 млрд. теңге көзделген.
Осы тұста жаңа жұмыс орындарын ынталандыруға халықаралық банк қомақты қаржы бөлуді ұсынғанын айта кетуге болады. Дүниежүзілік банк пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ресми түрде Қазақстандағы жұмыспен қамту нәтижелерін жақсартуды қарастыратын «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын бастады. Министрліктің мәліметіне қарағанда, аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы негіздемелік келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.
Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн. АҚШ доллары) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн. АҚШ доллары) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»жобасы) 2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.
«Аталған жоба білімге негізделген Қазақстанның экономикаға қатысты өзгерген қадамдарын көрсетеді. Осы орайда мемлекет адами капитал мен қазақстандықтардың біліктілігі ел экономикасының өсімі мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі драйвері болуы қажет екеніне мән беріп отыр», - деп тоқталды Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің бас директоры Клаудия Костин.
Жоба мақсатына тоқталатын болсақ, онда ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру; мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау бағыттары қамтылған.
Жобаны жүзеге асырудан экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту нәтижесі алынбақ. Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.
Аталған бағдарлама аясында 550 кәсіби стандарттарды әзірлеп, бекіту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық біліктілік негізінің барлық сегіз деңгейін қамтымақ. Сонымен қатар біліктіліктің ұлттық жүйесі саласында нормативтік құқықтық база мен әдіснама қайта қаралады, кәсіби стандарттарды қолдау мен жаңарту үшін автоматтандырылған ұлттық база құрылады және арнайы оқыту арқылы ұлттық сарапшылардың банкі қалыптастырылады.
«Мұнымен қоса, жоба аясында мамандықтардың бірыңғай ұлттық топтастырушысы әзірленіп, бекітілмек. Ол өз кезегінде 8 мыңнан астам мамандықты, жұмысшылар мен қызметкерлер лауазымдарын біріктіреді», -деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
Б. Нұрымбетовтің айтуынша, кәсіби стандарттар негізінде 173 білім беру бағдарламалары даярланып, бекітіледі. Сондай-ақ мұнай мен газ, тау-кен, металлургия, туризм, машина жасау мен құрылыс салалары үшін тестілеу және сертификацияның арнайы бес орталығы құрылады деп күтілуде.
Жаңа жұмыс орындарын ашуда шағын және орта кәсіптің атиқарар рөлі зор. Сондықтан жергілікті атқарушы билік инвестиция тарту, өңірдегі ірі және шағын кәсіпорындрдың жұмысын белсендіруге ат салысуы тиіс.
Батыс Қазақстан облысында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан және басқа бағдарламалық құжаттардан туындайтын мақсат-міндеттерге сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру биыл да жалғасады. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Миржан Сатқанов осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартып, бизнестің дамуына жағдай туғызу, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы және экономикадағы өсімді қамтамасыз ету жөніндегі республикалық, облыстық жоспарларды орындау бағытында жұмыстар жалғасын табады. Оған қоса отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау бағытында жергілікті үлесті көбейту жөнінде форумдар барысында қол қойылған меморандумдарды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінбек. Сондай шаралардың нәтижесінде биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 110 млрд теңге немесе 100,5 пайыз болады деп жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін биыл республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралып отыр. Екінші деңгейдегі банктер несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені демеуқаржыландыру, несиелерді кепілдендіру, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді грантпен қаржыландыру үзілмейді. Ауыл халқын шағын несиелендіру аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 489 млн. теңге және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету бағытында 152 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл ауыл тұрғындарының несиеге жеңілдікпен қол жеткізуіне жол ашады. Осы тұста БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Миржан Сатқановтан осы мәселеге қатысты пікірін білген болатынбыз.
-Миржан Мұнайдарұлы, енді өткен жыл қорытындыларына да тоқтала кетсеңіз?
-Өңір экономикасының негізін өнеркәсіп өндірісі құрайды, оның жалпы аймақтық өнімдегі үлестік салмағы - 53 пайыз. Республика бойынша Батыс Қазақстан өнеркәсіп өнімінің 9 пайызын шығаруды қамтамасыз етеді. Облыста 346 өнеркәсіп кәсіпорнында 22 мыңнан астам адам еңбек етуде.
Сыртқы және ішкі факторлар, әсіресе, әлемдік мұнай нарығындағы қолайсыз жағдай облыс экономикасына, соның ішінде өнеркәсіп саласына әсер етпей қалған жоқ. 2015 жылы өңірде 1259,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 94,7 пайыз. Облыс еліміздегі газ конденсатының 97, газдың 44 пайызын өндіреді. Өткен жылы жергілікті үлесті дамыту мақсатында облыс әкімдігі, ұлттық компаниялар, сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасында 44,9 млрд. теңгеге 39 меморандумға қол қойылды. Осы меморандумдар аясында 38,6 млрд. теңгеге 385 келісім жасалды.
Өңір экономикасына құйылған инвестицияның 354,7 млрд. теңгеге жетіп, 28 пайызға артқанын атап өткен жөн. Негізгі қаржыға қосылған сыртқы инвестициялар үлесі жөнінен облыс республикада екінші орынды иеленеді. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 57,1 пайызға өсіп, 19,5 млрд. теңгені құрады.
Инвестиция тарту мақсатында индустриялық аймақ құру жұмысы жүргізілуде. Құрылыс қызметі, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндіру, энергетикалық құрылғылар, тоқыма және тері бұйымдары, тұрмыстық химия саласында бес бірдей түрік компаниясы аймақ құруға мүдделілік танытып отыр. Қазіргі кезде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды.
Соңғы жылдары облыста жаңа өндіріс орындарын іске қосу жандана түсті. Мысалы, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ General Electric компаниясының технологиясы негізінде газтурбиналы қондырғыларды және автоматика мен басқару жүйесін жөндеу мен қызмет көрсету сервистік орталығын ашты. «Орал трансформатор зауыты» ЖШС Германия, Италия, Швейцария жабдықтары негізінде жылына 10 мың дана күштік трансформатор өндіретін жобаны іске қосты. Тез жүретін «Айбар» күзет катерін шығаруды жолға қойған «Орал «Зенит» зауыты» АҚ индустрияландыру картасы аясында су ығыстырылымы 600 тоннаға дейінгі, құны 458,8 млн. теңге тұратын кемені осы жылдың екінші жартыжылдығында құрастырып бітіруді көздеуде. Болашақта су ығыстырылымы 720 тоннадай, көп қырлы қызмет атқаратын «Бұлан» және басқа кемелер құрастырылмақшы. Сол үшін №16 корпусты қайта құру ісі жүргізілуде. Сондай-ақ зауыт ресейлік «Газпром автоматизация» ААҚ-пен бірлесіп газ тарату тармақтарын шығармақшы. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ биыл франциялық «ECAROBOTICS» компаниясымен бірлесіп су асты робот техникасының базалық үлгісін игермекші. Содан кейін шетелдік компания робот техникасының басқа бағыттары бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Бұған қоса «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ базасында индустрияландыру картасы аясында шағын катерлер өндірісі жаңғыртылып, түрлері көбейтілмек. Бұл жобаның құны - 300 млн. теңге. Сол секілді «Оралагрореммаш» АҚ базасында венгриялық EVOРRО компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобусын шығару жөнінде келісім жасалды.
Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттың бірі шағын және орта бизнесті дамыту екендігі белгілі. Облыста осындай 45,4 мың нысан болса, онда еңбек ететіндер 2,9 пайызға өсіп, 108,1 мың адамға жетті.
-Негізгі бағдарламалар қалай орындалуда, индустрияландыру картасы аясында қандай жаңа жобалар қолға алынбақшы?
-Индустрияландыру картасы аясында облыста 327,2 млрд. теңгеге 40 инвестициялық жоба (2264 жұмыс орны) жүзеге асырылуда. Бірінші бесжылдықта 257,9 млрд. теңгеге 32 жоба (1890 жұмыс орны) іске қосылса, соның 27-сі жоспарлы қуатының 70 пайыздан астамына, екеуі 50 пайыздан астамына шықты.
Екінші бесжылдықта 69,3 млрд. теңгеге 8 жобаны (374 жұмыс орны) жүзеге асыру жоспарланса, соның екеуі (17,1 млрд. теңге, 73 жұмыс орны) өткен жылы мәреге жетті. Атап айтқанда, Бөкей ордасы ауданында Б.Жұмағұлованың жеке кәсіпкерлігі сүт өндіретін цех салса, Зеленов ауданы Белес ауылында «Батыс Пауэр» ЖШС газтурбиналы электр стансасының бірінші кезегін (100 МВт) пайдалануға берді.
Биыл облыста құны 51,8 млрд. теңге бес жобаны (246 жұмыс орны) іске қосу жоспарлануда. «Аквамәдени тәжірибе-өнеркәсіп өндірісі оқу-ғылыми кешені» ЖШС қара уылдырық пен тауарлы бекіре өндіретін аквамәдени кешенін қолға алса, «Конденсат» АҚ К5 экологиялық сыныптағы моторлы отын өндіріп, Қазақстанның батыс өңірін сапалы бензинмен қамтымақшы. Сондай-ақ «Родник» фирмасы» ЖШС құтыға құйылған ауыз су өндірісі кешенін, «СпецстройСервис» ЖШС ұсақ бетон бұйымдары зауытын, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ құрғақ салмағы 600 тоннаға дейінгі және басқа жаңа тұрпаттағы ірі кеме өндірісін іске қоспақшы.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлікті дамытуға 2,6 млрд. астам теңге жұмсалды. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені демеуқаржыландыруға 1,8 млрд. теңге, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 560 млн. теңге, ішінара кепілдендіруге 252 млн. теңге, грант үшін 11 млн. теңге берілді. Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту бағытында үш жобаға 515,9 млн. теңге, соның ішінде Ұлттық қордан 383,9 млн. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлік нысандарының 5,9 млрд. теңгені құрайтын (несиелер мен жетпейтін инфрақұрылымдар) 108 жобасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.
Ағаш өңдеу, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі саласында 11 млн. теңгені құрайтын 11 тегін грант берілді.
Бағдарламаға қатысушылар жобалар нәтижесінде 5,4 мың жұмыс орнын сақтап, 921-ін жаңадан ашпақшы. Күні бүгін 125 жаңа жұмыс орны пайда болды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы республикалық бюджеттен 465,706 млн. теңге мақсатты трансферт бөлініп, ауыл кәсіпкерлеріне 231 шағын несие үлестірілді. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 250 адам оқып, 312 жұмыс орны ұйымдастырылды.
Моноқала болып есептелетін Ақсайдағы кәсіпкерлер үшін 300 млн теңге қаралса, соның 192 млн теңгесі несие жүгін жеңілдетуге, 10 млн. теңге грант, 107 млн теңге шағын несие түрінде берілді. Кәсіпкерлердің 2,2 млрд теңгені құрайтын 23 жобасы мақұлданып, бес грант қолға тиді.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімшесі де өз жұмыстарын атқаруда.
Қорыта айтқанда, осындай шаралардың бәрі қазіргідей жаһандық дағдарыс кезеңінде өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін тұрақтандырып, тынысын ашумен бірге жұмыс орындарын барынша сақтауды көздейді.
Енді еліміздің тұрғын саны көп мегоополисі Алматы қаласына назар аударсақ. Ондағы кәсіпорындардың санының көбеюі, жұмыс орындарының ашылуы және инвестицияға тартымдылығы тұрғындардың көбеюіне, ішкі миграцияның қарқынының артуына себепші болып отыр. Қала әкімдігі осы әлеуметтік мндетті шешу үшін мектепке дейінгі мекемелер санын көбейтуге, олардың құрылысын қаржыландыруға ден қойған.
Алматыда 2016 жылы әлеуметтік салада 25 бала бақша, 4 мектеп және бір емхана салынатын болады. Бұған 34,5 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы тұрғындарымен жылдық есептік кездесу барысында қала басшысы Бауыржан Байбек мәлім етті.
«Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2015 жылы 110 аулалық спорт алаңқайлары салынды. Ал биыл қаламызда 34,5 млрд. теңгеге 25 жаңа бала бақша, 3 мектеп және бір емхана салынады», - деді Б. Байбек.
Сонымен қатар, қала басшысы Алматыда 2015 жылы тұрғын үй құрылысы қарқынды дамығандығын айтты.
«Алматыда «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде, жаңа ықшам аудандар салынып, қаланың батыс жағына қосылған жаңа аймақтар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Алматыда 2015 жылы тұрғын үй құрылысы 3,2 пайызға өсті. Бір жыл ішінде 1 373,7 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3000 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. Қол жетімді баспана көлемі 1,4 есеге көбейді. Алдағы уақытта тағы 4000 мыңға жуық пәтер салынады», - деді қала басшысы.
Алматыда 2016 жылы 26 қалалық кәсіпорын жекешелендіруге беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда қала тұрғындарымен жылдық есептік кездесу барысында қала басшысы Бауыржан Байбек осылай мәлімдеп өтті.
«Алматыда биылғы жылы 26 қалалық муниципалдық кәсіпорын жекешелендіруге шығарылады. Біз алдымен шағын кәсіпорындарды шығарамыз. Қала тұрғындары бұл шараның оң нәтижесін көруі қажет. Содан кейін барып, ірі кәсіпорындарды да сатылымға шығара бастаймыз. Бұл кең көлемді жекешелендіру шарасы - елімізде бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Көптеген отандық жеке кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуға қол жеткізетін болады. Біз бұл шараны ашық түрде жүргіземіз», - деді Б. Байбек.
Сонымен қатар, қала басшысы қаржы мен мүліктерді заңдастыру арқылы көлеңкелі экономиканы күнгейге шығару - бюджет қаржысын арттыруға септігін тигізетіндігін жеткізді.
«Бүгінгі таңда Алматыда заңдастырылған активтердің көлемі республикалық көлемнің 60 пайызын құрайды. Ал бұл, бюджетке 1 млрд. теңге көлемінде салықтың түсуіне септігін тигізді. Яғни, заңдастыру арқасында Алматыда қалалық бюджетке 1 млрд. теңге қосымша қаржы келіп түсті. Сондай-ақ, қалада қоғамдық көліктерде және көше бойындағы автұрақтарда ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізіп жатырмыз. Ал бұл, бизнес жүргізуге жол ашады», - деді қала басшысы. Б. Байбек.
Ақмола облысы да экономикалық өсімді арттырып, дағдарыстың теріс салдарын толығымен жоюға атсалысуда. Ақмола облысына 2015 жылы 200 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин халық алдында есептік кездесуінде «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері» айтып өтті.
Аймақ басшысының айтуынша, өткен 2015 жыл біздің мемлекетіміздің тарихи жылнамасын айғақтайтын жарқын да айтулы оқиғаларға толы болды. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы. Солардың ішінде сөз жоқ, ұлтаралық келісім мен татулықтың айрықша моделі, Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы да бар.
«Әлемдік экономикада байқалған дағдарысты ескерсек, 2015 жыл күрделі, сонымен бірге, экономикалық және қаржылық оқиғаларға толы болды. Еліміз сыртқы факторлардың ықпалына ғана емес, сондай-ақ, жаңа жағдайға тап болды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда Мемлекет басшысы қолға алған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі маңызды міндеттер тұр. Ең алдымен, бұл - бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам», Жалпыұлттық және дағдарысқа қарсы жоспарлар, үдемелі индустриалды-инновациялық даму, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау бағдарламалары. Мұның бәрі 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуына мүмкіндік береді», деді С.Кулагин өз сөзінде.
Сонымен қатар, ол ел экономикасының дамуына Ақмола облысы да лайықты үлесін қосып келе жатқандығын атап өтті.
«Өнеркәсіп орындары тұрақты жұмыс істеуде, ірі индустриялық жобалар іске асырылып, жаңа технологиялар енгізілуде, тұрғын үй, білім және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өткен жылы астықтың жоғары түсіміне қол жеткізілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2406 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 199,3 миллиард теңге инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі орташа айлық еңбекақының өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай туғызды», -деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 52 жобаның тізбегі жасалғанны облыс әкімі Сергей Кулагиннің мәлім етті. Облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту аясында қолға алынған шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, облыс бойынша жалпы құны 24,5 миллиард теңгені құрайтын 52 жобаның тізбегі жасалған. Оның ішіндегі 35-і инвестициялық шығын өтемақысын қажет етпейтін жобалар.
«Целиноград ауданы Ақмол аулында 1 жобаның тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі кезде аталған жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 20,8 миллион теңге қарастырылып отыр», деді Д.Әділбеков.
Оған қоса, Еуропалық қайта құру және даму банкімен серіктестік шеңберінде Көкшетау қаласында коммуналдық сала бойынша 3 жоба ұсынылып отыр. Оның ішінде қаланы сумен жабдықтау пилоттық жоба ретінде қарастырылмақ. Осындай жобалар Степногор және Атбасар қалалары мен Ерейментау және Аршалы кенттерінде қолға алынуы мүмкін.
Еске сала кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік - бұл мемлекеттік және жекеменшік сектордағы инфроструктуралық қызметтер мен қоғамдық қызметтер көрсету жобаларын іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық (білім, денсаулық, ТКШ, энергетика және көлік).
Инветиция тартымдылығымен қатар, кәсіпкерлік саласындағы құқықтық мәселелерде біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Соның ең өзектісі банкроттық мәселесі. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының жетекшісі Айгүл Уалиева банкрот деп танылған кәсіпорынның дағдарыстан шығуының жаңа жолдарын айқындап берді.
Оның атап өтуінше, Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспары аясында оңалту және банкроттық мәселелері бойынша заң қабылданды. Ол банкрот деп танылған кәсіпорынның дағдарыстан шығуының жаңа жолдарын айқындайды.
«Біріншіден, төлем қабілетсіздігін реттеу. Кәсіпорында қарыздар болған жағдайда, ол банкроттыққа баруға міндетті емес. Заң борышкерге кредиторлармен қарыздарды қайтару жолдары мен мерзімі туралы келісімге келуге мүмкіндік береді. Бұған 2 ай уақыт беріледі. Бұл ретте тұрақсыздық айыбын есептеу тоқтатылады және ешкім борышкерді банкрот деп тануға жүгіне алмайды.
Келісім сотпен бекітіледі және борышкер әдеттегі қызметіне кіріседі. Кредиторларға төлемдер кестеге сәйкес жүргізіледі. Екіншіден, банкроттық рәсімінен оңалтуға көшу. Банкроттық механизмі жүргізілу барысында борышкер-кәсіпорынның меншік иесі өзінің бизнесін сақтап қалу мүмкіндігін тапқан кездер орын алады. Қабылданған Заң, банкроттықтан оңалтуға көшу мүмкіндігін береді. Бұл ретте оңалту жоспарын әзірлеп, оны барлық кредиторлармен келісіп, сотқа жолдау қажет. Сот тарапынан оңалту қолданған күннен бастап әзірленген жоспар негізінде банкроттық рәсімі тоқтатылады», - деді ол.
А.Дуалиеваның айтуынша, үшіншіден бітімгершілік келісім жасалады. Бұл ретте Заң борышкерге банкроттықтың кез келген сатысында барлық кредиторлармен бітімгершілік келісім жасасуға мүмкіндік береді. Міндетті шарт: алдын ала еңбекақы бойынша берешек толық көлемде өтелуі тиіс. Бітімгершілік келісімді сот бекіткен сәттен бастап банкрот деп тану туралы сот шешімі орындалуға жатпайды.
«Төртіншіден, банкрот-компанияны сату және меншік иесін ауыстыру.
Қабылданған Заңға сәйкес банкрот-кәсіпорынды тұтас мүліктік кешен ретінде, атауы және сауда белгісімен сатып алып, оның жаңа иесіне айналуға болады.
Кредиторлармен есептескеннен кейін мекеме банкрот деген статусынан айырылады», - деді ол.
Бұл кәсіпкердің бір мәселесі. Оның да шешімі табылып отыр. Сонымен қатар, салық төлеу, қаржыға аудит жасату жайын өкілетті мекемелер қолға алуда. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің,орталық және жергілікті атқарушы органдардан ішкі аудит қызметтерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.
Жиын барысында Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин былтырғы жылы Бес институттық реформа аясында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылданғанына тоқталды. Заңға сәйкес Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің рөлі айтарлықтай арта түсетін болады.
«Біріншіден, егер бұған дейін Үйлестіру кеңесіне сыртқы қаржылық бақылау органының өкілдері, яғни Есеп комитеті мен ревизиялық комиссия мүшелері кіріп келген болатын. Ендігі күні оның құрамына мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың барлық органдарының өкілдері енетін болады. Екіншіден, егер бұған дейін Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болса, енді олар барлық мемелкеттік органдар үшін міндетті сипатта болады», - деді Қ. Жаңбыршин.
Оның айтуынша, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары Үйлестіру кеңесінің барлық шешімін орындауға міндетті болады. Бұдан бөлек, Есеп комитетінің басшысы Елбасының жүктеген тапсырмаларына тоқтала келе, мемлекеттік аудит қаржылық бақылаудағы басым бағыттардың біріне айналатынын жеткізді.
Жиында мемлекеттік аудитті енгізу,сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды ұйымдастыру, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру мәселелері жайында сөз қозғалды.
Инвестициялық тартымдылықтың бір сипаты өңірлік қаржы орталығының қалыптасуы. Дәл қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығының дәл сондай өңірлік және әлемдік ірі құрылымдарымен ынтымақтастығын дамыту бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізіліп, қытайлық, дубайлық және ағылшындық серіктестердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін қолдана отырып, АХҚО-ның негізгі институттары құрылу үстінде. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудың болашағы жайында Қытай елінің астанасы Бейжіңге жұмыс сапарымен келген АХҚО-ның басқарушысы Қайрат Келімбетов тарқата айтып берді.
- Қайрат Нематұлы, сіздің бұл жолғы Қытайға жұмыс сапарыңыздың негізгі мақсаты қандай?
- Өздеріңіз де білетіндей, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заңға қол қойған болатын. Осы жылдың өзінде аталған орталық, оның барлық сәйкесінше органдары, институттары құрыла бастады. Орталықтың дамуына жауап беретін АХҚО акционерлік қоғамы құрылды. Ол «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымын пайдаланатын болады.
Бұл халықаралық қаржы орталығы болғандықтан, ең алдымен біздің қаржы орталығымыздың қызметіне бағытталған елдердегі серіктестермен, реттеушілермен қарым-қатынасты жолға қою өте маңызды. Әрине, бұл біздің көршілеріміз Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Орта Азия және Қытай екені сөзсіз. Осыған орай қазіргі уақытта біз Қытайдың халық банкі, Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттік комиссия сынды қаржылық реттеушілермен қатар, Қытайдың инвестициялық корпорациясы, «Жібек жолы» қоры, Азиялық инфрақұрылымдық даму банкі секілді бизнес-құрылымдармен бірқатар кездесулер жүргізіп жатырмыз.
Біздің маңызды мемлекеттік Индустриалды-инновациялық даму және «Нұрлы жол» бағдарламаларымыз Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен өте тығыз үндеседі. Көптеген жобаларды қаржыландыру үшін «Жібек жолы» қоры мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен және өзге де құрылымдармен келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АХҚО құру туралы бастамасы бұл жұмыстармен барынша қабысатындығы анық. Өйткені инвесторлар үшін мынадай өлшеусіз жеңілдіктер ұсынылады: ағылшындық құқық, 50 жылға арналған арнайы салық жеңілдіктері, жеңілдетілген виза және еңбек режимдері.
- Қытайлық серіктестер АХҚО қызметінің қандай нақты аспектілеріне қызығушылық танытуда?
- Ең алдымен екі елдің арасында көптеген инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды жүзеге асыру жайында уағдаластық бар. Оларды қаржыландыру «Жібек жолы» қоры, Қытай инвестициялық корпорациясы, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі сынды көптеген ұйымдар үшін маңызды міндет болып саналады. Олар біздің ұлттық басқарушы холдингтермен, компаниялармен және даму институттарымен тығыз ынтымақтасуда.
Екінші мәселе бұл АХҚО жаңа биржасының мүмкіншілігі. Көптеген ұйымдар акционер болғылары және болашақта биржада жұмыс істегілері келеді. Қазіргі уақытта Шанхай мен Гонконг қор биржаларымен, Гонконг түсті металдар биржасы және Шанхай алтын биржасымен келіссөздер жүргізудеміз.
Сонымен қатар біз елімізде белсенді жұмыстар жүргізіп жатқан СИТИК корпорациясымен ынтымақтасудамыз. Олардың қазіргі сәтте Қазақстанның қаржы секторына инвестиция құю туралы зор жоспары бар. CNPC, Sinopec, CITIC сынды қытайлық инвесторлар өздерін жақсы қырынан көрсете алған біздің ынтымақтастығымыздың дәстүрлі энергетикалық саласынан бөлек, инновациялық және қаржылық делдалдық салаларында зор серпіліс бар екендігін айрықша атап өткім келеді. Мәселен, СИТИК IZP Technologies Co компаниясы Қазақстанда үлкен дата-орталықтар құрылысына инвестиция салуға ниетті және АХҚО-ның жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүдделілік танытуда. Қазақстандық компаниялар үшін Қытайдың үлкен мәліметтер базасын құру бағытындағы «Алибаба», «Сяоми», «Леново» корпорацияларының тәжірибелері барынша тартымды. Біздің тарап үшін бұл сандық технологияларда зор серпіліс, ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшін ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң бола алады.
- Осы сапар барысында сіз Шанхай және Гонконг қор биржаларына барасыз. Олардың тәжірибесінен АХҚО үшін бұл қор биржаларының қайсысы маңызды әрі іс жүзінде пайдалы болады деп ойлайсыз?
- АХҚО-ны құрудағы мақсат біздің елімізді, толықтай алғанда Орталық Азияны дамыту үшін тікелей шетел инвестициясын тарту болып саналады. Мәселен біз Гонконг және Сингапур сынды қаржы орталықтарының көмегімен барынша жаңа қаржылық технологияларды және осы алаңдарда жұмыс істейтін инвесторларды тартуды жоспарлаудамыз.
Қазіргі уақытта ұлттық валюталарда барынша кең сауда-саттық жүргізу талқылану үстінде. Өзіңіз де білетіндей, «Юань-теңге» операциялары туралы екі елдің орталық банктері арасында сәйкесінше келісім бар. АХҚО мүмкіншіліктерін тыңғылықты зерделеу үшін Елордаға Гонконг қаржы орталығынан үлкен делегацияның сапары күтіліп отыр.
- Қытай бағытынан бөлек, АХҚО-ны дамыту бойынша жұмыстар қандай елдермен жүргізілу үстінде?
- Біздің орталық үшін Дубай моделі үлгі болып саналады. Қазіргі уақытта біз «Дубай» халықаралық қаржы орталығымен Астанада тәуелсіз қаржы сотын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біз NASDAQ Dubai биржасымен ынтымақтасудамыз және толықтай алғанда «Дубай» халықаралық қаржы орталығын біздің Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі серіктесіміз санаймыз.
Сонымен қатар біз Лондондағы халықаралық қаржы орталығымен, Лондон қор биржасымен және Лондондық барша қаржыгерлер қоғамдастығымен тығыз ынтымақтасудамыз. Бұл біздің таңдап алған мынадай негізгі төрт бағытымызды дамыту үшін зор мүмкіншіліктер береді: капиталдың жергілікті нарықтарын дамыту (capital markets), активтерді басқару жөніндегі нарықтар мен сараптамалар (asset management), жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару (private banking), исламдық қаржыландыру нарығын құру (Islamic finance).
Біз Нью-Йорк, Чикаго, Торонто, бірқатар Еуропалық елдердің қаржы орталықтарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеудеміз. Сондықтан да біздің дамудағы мүмкіншілігіміз барынша зор.
- АХҚО қызметінен іс жүзіндегі табыс қашан түседі, оның болашағын қалай елестетесіз?
- Біз халықаралық қаржы орталығын құру жылдарға созылатындығын жақсы түсінеміз. Бірақ біз мұндай толыққанды құрылым қалыптастыру үшін таяу бір-екі жылдың ішінде мынадай институттар құру қажет деп санаймыз: Тәуелсіз қаржы соты, АХҚО реттеушісі, арбитраждық орталық. Сондай-ақ біз «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымдары АХҚО қарауына өтуін күтудеміз.
Егер мерзімін болжаммен айтатын болсақ, 2018 жылдың басында «Астана» халықаралық қаржы орталығы толыққанды жұмыс істей бастайды. Бірақ кейбір нақты қызмет түрлерін біз 2017 жылы «Астана» ХҚО алаңы арқылы Қазақстанның және Орталық Азияның өзге елдерінің экономикасына инвестиция құюға дайын инвесторлар үшін осы жылдың соңында көрсете бастаймыз.
Біз мүмкіндігінше тез арада Азия қаржы орталықтарының үздік ондығына кіргіміз келеді. Таяу арадағы 7-10 жылдың ішінде шамамен 18 мың жаңа жұмыс орындары ашылады, оның 2-3 мыңын қазақстандық қаржыгерлер, заңгерлер, консультанттар және өзге де мамандар құрайтын болады.
Біз экономикалық өсімдегі орталықтың үлесі мұнайдан емес, жалпы ішкі өнімнің 1 пайызынан кем болмайды деп жоспарлаудамыз. Бұл Қазақстанда құрылымдық реформалар жүргізуге зор тиімділік береді.
Осы түста ОҚО-ға келсек, Шымкентте «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында атқарылған жұмыстар жария етілді. ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай Елбасының Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Ұлт жоспарындағы өзі жетекшілік ететін салалар бойынша баяндаған қала әкімі бірқатар жүйеленген жұмыстардың барысымен бөлісті.
Мәселен, реформаның 30-қадамы аясында жергілікті полиция қызметі құрылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін велополиция мен жол қауіпсіздігіне жауапты әуе бақылауы жұмысын бастаған. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеу үшін «уатсап» мессенджері сервисі іске қосылып, ортақ қауіпсіздікті сақтауға қала тұрғындары да атсалысуда. Мәселен, соңғы үш күнде аталған қызмет түрі арқылы 42 өтініш келіп түскен.
«Ұлт жоспарындағы 76 қадам - білім саласы бойынша өткен жылдан бастап Шымкенттегі білім саласына жаңа жүйелер енгізіліп, білім ошақтарына электронды басқару ақпараттық-бағдарламалық кешені енгізілуде. Сонымен бірге, қала мектептерінің директорларын тағайындау ашық жүргізіліп, 5 мектептің басшысы осы конкурс негізінде тағайындалды. Мұнан бөлек, білім беру мекемелерінде «қамқоршылық кеңесі» құрылып, түрлі көмектер бойынша жұмысын бастаса, қаладағы 37 мектеп танымал оқыту әдістемесі - «Сындарлы оқыту теориясының» оқу сапасына әсерімен танысу үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасу және педагогикалық қауымдастық құру мақсатында меморандум түзді», - деді қала әкімінің орынбасары.
Баспасөз жиынында Қ.Нұртай «100 нақты қадамның» 99-қадамы қоғамдық кеңестер құру бойынша да жұмыстардың жүргізілгенін баяндап, таяуда оның мүшелеріне қала басшысының атқарылған жұмыстар бойынша есеп бергенін жеткізді. Елбасының Ұлт жоспарына қойған басты мәселесі - үш тұғырлы тілге көшу аясында да айтып берген Қ.Ырзақұлұлы Шымкенттегі ересек тұрғындардың 87,3 пайызы мемлекеттік тілді, 79,8 пайызы қазақ және орыс тілдерін, 15 пайызы қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілін меңгергенін хабарлады. Сондай-ақ, спорттағы жасалып жатқан жұмыстарды да жеткізген әкім орынбасары барлық істердің Мемлекет басшысының саясатының аясында жүріп жатқанын айтты.
ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұлт жоспарындағы өзі жетекшілік ететін салалар бойынша баяндаған Қайрат Ырзақұлұлы бірқатар жүйеленген жұмыстардың барысымен бөлісті. Мәселен, реформаның 30-қадамы аясында жергілікті полиция қызметі құрылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін велополиция мен жол қауіпсіздігіне жауапты әуе бақылауы жұмысын бастаған. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеу үшін 8 701 0130102 WhatsApp сервисі іске қосылып, ортақ қауіпсіздікті сақтауға қала тұрғындары да атсалысуда. Мәселен, соңғы үш күнде аталған қызмет түрі арқылы 42 өтініш келіп түскен.
«Ұлт жоспарындағы 76-шы қадам - білім саласы бойынша өткен жылдан бастап Шымкенттегі білім саласына жаңа жүйелер енгізіліп, білім ошақтарына электронды басқару ақпараттық-бағдарламалық кешені енгізілуде. Сонымен бірге, қала мектептерінің директорларын тағайындау ашық жүргізіліп, 5 мектептің басшысы осы конкурс негізінде тағайындалды. Мұнан бөлек, білім беру мекемелерінде «қамқоршылық кеңесі» құрылып, түрлі көмектер бойынша жұмысын бастаса, қаладағы 37 мектеп танымал оқыту әдістемесі - «Сындарлы оқыту теориясының» оқу сапасына әсерімен танысу үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасу және педагогикалық қауымдастық құру мақсатында меморандум түзді», - деді қала әкімінің орынбасары.
Баспасөз жиынында Қ.Нұртай «100 нақты қадамның» 99-қадамы қоғамдық кеңестер құру бойынша да жұмыстардың жүргізілгенін баяндап, таяуда оның мүшелеріне қала басшысының атқарылған жұмыстар бойынша есеп бергенін жеткізді. Елбасының Ұлт жоспарына қойған басты мәселесі - үш тұғырлы тілге көшу аясында да айтып берген Қ.Ырзақұлұлы Шымкенттегі ересек тұрғындардың 87,3 пайызы мемлекеттік тілді, 79,8 пайызы қазақ және орыс тілдерін, 15 пайызы қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілін меңгергенін хабарлады. Сондай-ақ, спорттағы жасалып жатқан жұмыстарды да жеткізген әкім орынбасары барлық істердің Мемлекет басшысының саясатының аясында жүріп жатқанын айтты.
Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті апаттық мектептер мен үш ауысымдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасының орындалуына тоқтала кетсек. Шымкентте жыл соңына дейін апатты мектептердің мәселесі шешіледі. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов айтты.
Елбасының «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының Шымкент қаласында атқарылуы мен қаланың даму тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысын баяндаған қала басшысы бұл жұмыстардың алдағы бес жылдық даму концепциясы аясында жасалатынын жеткізді.
2016 жылға 29 млрд теңге қарастылып отыр. Бұл қаржы, ең алдымен, қаладағы коммуналдық және абаттандыру мәселелерін шешуге жұмсалады. Бөлінген ақшаға қаладағы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр жарығын, 2 елді мекенге газ тартуға, 28 көше мен 231 ауланы жарықтандыруға, «Нұрсәт» шағын ауданындағы орталық аллея мен «Мәртөбе» саябағын қайта құрып, №17 шағын аудандағы гүлзарды көріктендіруге жұмсалады.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қаладағы бірқатар көшелер мен өткелдер қайта құрылып, транспорт саласында бірқатар шаруалар атқарылады.
«Тұрғын үй құрылысын дамыту аясында биыл 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Білім беру нысандарын дамыту бойынша 4 жаңа мектеп, 4 мектептің қосымша құрылысы, 1 апатты мектеп және 1 балабақша құрылысы жүргізіледі. Соның есебінен, 2016 жылы апатты мектептер, 2018 жылға дейін үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілетін болады», - деді Ғ.Әбдірахымов.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерімен шетлідктер де танысуда. 14 наурызда БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссияның 60-сессиясына қатысуға келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс сапары жалғасуда, осы күндері Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жиында ол әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баяндама жасайды.
Сапар аясында Г.Н.Әбдіқалықова Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, бизнес топтарымен және сарапшылар қоғамдастығымен бірқатар кездесулер өткізді.
Г.Әбдіқалықова азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер бойынша АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мемлекеттік хатшы АҚШ тарапын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды.
Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі - Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарапшы, академиялық және қоғамдық топтардың өкілдері, сондай-ақ Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қатысушы аудиторияның ҚР Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту бойынша салып отырған күш-жігері туралы және басқа да көптеген сауалдарына жауап берді.
Гүлшара Әбдіқалықова «Жаһандық әріптестік» «Жанды дауыстар» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның Президенті Элис Нельсонмен кездесті, сондай-ақ құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Ұйым 1997 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клинтон және Мемлекеттік хатшы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы - бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы оларды жаһандық үдерістердің катализаторына айналдыру болып табылады.
АҚШ-тың іскер топтары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қатысуға шақыратынын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиант студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды.
Іссапар соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықованың Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өтетін «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысуы жоспарланған.
Енді Қытай елімен дипломатиялық қарым-қатынас жайына келсек. Көрші ел Қазақстанға инвестиция салып, мұнай-газ, көлік-логистика саласының дамуына, сол арқылы өз өнімін Еуропа, Африка және Батыс Азия елдеріне жеткізуге құлықты. Сондай ниетпен біздің елге ат басын бұрған делегация Алматы қаласының әкімшілігімен жолықты. Алматы әкімдігінде Қытай Халық Республикасы Хубэй провинциясының вице-губернаторы Гань Жункун бастаған делегациямен кездесу өтті.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, сауда, инновация, мәдениет және білім салаларында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті үлкен екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Алматы әкімдігінің басшылығы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты сипатқа ие екенін жеткізді.
Айта кетелік, бүгінгі таңда тек Алматы қаласының өзінде 69 бірлескен және қытайлық капиталдың қатысуымен 170-тен астам астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Осы компаниялардың қызметі арқасында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар айында 100 млн. АҚШ долларына жетті.
Өз кезегінде Гань Жункун мырза Хубэй провинциясының орталығы - Ухань қаласынан Қазақстанға және Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне тауарлық пойыздардың қатынауы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетіндігін атап өтті.
Бұдан басқа, ынтымақтастық мәселесін талқылай келе, қытайлық делегация жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше тоқталды.
Мысалы, Қытай Үкіметі 1991 жылы жоғары технологияны дамыту мақсатында бүкіл елде жоғары технологиялар паркін құру туралы шешім қабылдаған. Ал бүгінде Қытайда мұндай парктердің саны - 130-ға жетті. Сондықтан, қытайлық делегация Алматы әкімдігінің басшылығына инновация саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды.
Кездесу соңында Алматы әкімдігінің басшылығы қытайлық делегацияны Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу шараларына және 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарын тамашалауға шақырды.
Қытайдың қазақ еліндегі көлік-логистика саласының дамуына қызығушылық танытуы осы жолмен өз өнімдерін Қазақстанмен шекаралас елдерге экспорттау жол шығынын азайтуға, баламалы логистикалық бағыттарды дамытуға ниетінен туындап отыр. Осындай қазақ-қытай елінің ірі жобасы «Қорғас» еркін аймағы.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар барысында Панфилов ауданындағы бірқатар нысандарды «ҚТЖ» АҚ президенті Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және басқа да жауапты тұлғалар бірге аралады. Ресми делегацияның алғашқы тоқтаған нысаны «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы, оның қазақстандық және қытайлық бөлігі, «Қорғас» еркін экономикалық аймағының бақылау - өткізу пункті мен нысандардың инфрақұрылымы болды.
«Қорғас» ХШЫО-ның толыққанды іске қосылуы 2018 жылға межеленіп отырғанын атап өту керек. Бүгінгі күні жоспарланған 91 инфрақұрылым нысандарының 73-інің құрылысы аяқталған, оның 41-і іске қосылды. 2015 жылы тартылған жеке инвестиция көлемі 0,94 млрд. теңгеге жуықтады. Мұнан соң «Жаркент» БӨП таныстырылып, Үкімет басшысының бірінші орынбасары пунктті аралап көрді.
Бұдан кейін делегация «Қорғас - Шығыс қақпасы» ЕЭА Құрғақ порт аумағына атбасын бұрды. Мұнда бүгінгі күні Құрғақ порттың екінші кезегі нысандарының құрылыс жұмыстары 80 % аяқталған. Бұған дейін 2014 жылдың соңында Құрғақ порттың бірінші кезеңі қолданысқа берілген болатын. Бірінші кезегінің іске қосылуы барысында 300-ге тарта жұмыс орны құрылды. Өткен жылы Құрғақ порттың операторы «KTZE - Khorgos Gateway» ЖШС 19 мыңнан астам контейнерді өңдеді, биылғы жылы оның санын 200 мыңға жеткізу көзделген, ал 2020 жылға қарай 500 мың контейнерлік жобалық қуаттылыққа шығу міндеті тұр. Сонымен қатар қалған құрылыс нысандарын биылғы жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланған.
Экспорттың және валюта бағамының өзгеруі азық-түлік бағасының өзгеруіне әсер етуі заңдылық. Алайда үкімет осы бағыттағы күрт өзгерістерді болдырмауғ халықтың әл-ауқатының төмендеуіне жол бермеу үшін бірқатар шараларды қолға алды. Халық көп тұтынатын ет өнімдері қымбаттамайды. Мұны KazMeatAstana-2016 атты халықаралық форумына қатысу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Ішкі тұтынуға арналған еттің бағасы қымбаттамайды, алайда мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту есебінен делдалдар маржасы төмендейді», - деді ол форумнан соң тілшілерге берген сұхбатында.
Оған қоса, ауыл шаруашылығы министрі қазақстандық ет бағасы ішкі нарықта шетелдік нарықтарға қарағанда, атап айтқанда Израиль мен Қытайға қарағанда үш есе арзан екенін айтып өтті.
«ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның ет бойынша зор әлеуетін айтып өтті. Біздің елімізде осы бағытта басымдықтар бар, әсіресе жалпы аумағы 180 млн. гектардан асатын жайылым жерлердің болуы бізге үлкен жол аша алады», - деп баса айтты министр.
Сонымен қатар форум барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева еліміздің ет экспорты әлеуеті жайында баяндады.
«Отандық өндірушілер алғаш рет жақын көршілерге ет тасымалдай бастады. Былтыр қазақстандық кәсіпкерлер 16 мың тонна ет пен ет өнімдерін Ресейге жөнелтті. Бірақ ол аз, мәселен, Ресей мен Қытай өзге елдерден 1 миллион тонна етті шетелден сатып алады. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, осы нарықты біздің ет өндірушілер басуы керек», - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта Қытай азық-түлік қауіпсіздігінің жаңа стандарттарын енгізуде. Осыған байланысты, Қытайда органикалық азық-түлікке деген сұраныс еселеп артпақ.
«Қазақстанда мал жайылымы табиғи тұрғыда іске асады. Мал басы да жетерлік деңгейде көбейтілуде, инфрақұрылымдар дамытылуда», - дейді вице-министр.
Белгілі болғандай, Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарамды жердің 60 пайызы пайдаға асып жатпаған көрінеді. «Бүгінгі таңда Қазақстанда 222 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, олардың ішінде тек 91 миллион гектары ғана, яғни 40 пайызы пайдаға асырылып жатыр», - деп атап өтті Г. Исаева.
Демек, ауыл шаруашылығына жарайтын 60 пайыз жердің әлеуеті ел экономикасына қолданылмай тұр.
«222 млн гектар жердің 187 миллионы мал жайылымы. Өздеріңіз көріп отырғандай, елде мал шаруашылығының әлеуеті өте жоғары», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.
Айта кетейік, Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.
Қазақстан алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған елдер санатына жетуі үшін білім саласын реформалауды жалғастырады. Білімнің стандарттары ғана емес, оған деген стратегиялық бағытта осы деңгейге жауап беруі тиіс. Сондыұтан еліміз біртекті мемлекеттік стандартты диплом беруден бас тартуда. Алдағы уақытта елімізде сапалы әрі жоғары деңгейлі білім беретін ЖОО-лар дипломы ғана сұранысқа ие болады. ҚР Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев өзіндік үлгідегі дипломдар беру елдегі жоғары білім беру сапасын арттырудың жүйелі жүйесі болады деп санайды.
«Біз мемлекет атын жамылып кей әлсіз ЖОО-лар дипломды сатып жататынын білеміз. Мемлекеттік үлгідегі дипломдар бірқатар посткеңестік және бірнеше шығыс-еуропалық елдерден басқа, әлемде еш жерде жоқ. Бұл халықаралық тәжірибе, ЭЫДҰ елдерінде мемлекеттік үлгідегі диплом жоқ, олар өз бірегей дипломдарын табыс етеді. Егер дипломда мемлекеттік мөр болмаса, талапкерлер мен ата-аналар сол университетті таңдау керек пе, жоқ па деген ойға қалуы мүмкін. Олар басқа оқу орнын іздей бастауы мүмкін. Бәсекелестік күшейеді. Сол кезде лайықты оқу орындары ғана қалады. Бұл мәселе мемлекеттік және жеке ЖОО басшыларымен бірнеше рет келісілген. Бұл - оңтайлы шара, алайда бірден енгізуге болмайды. ЖОО-ларға жаңа жағдайларға бейімделуге уақыт береміз. Бұл 2021 жылы енгізіледі. Ал жаңа үлгідегі дипломдарды 2017 жылғы талапкерлер алатын болады», - деді Е. Сағадиев.
Бұдан бөлек, министр 2016 жылы мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға мүмкіндік берілетінін мәлім етті.
«Сенат депутаттарының бастамасы бойынша биылғы жылдан бастап мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сенаттың бұл бастамасына Үкімет те, Білім және ғылым министрлігі де, жалпы қоғам да қолдау білдірген болатын», - деді Ерлан Сағадиев.
Министрлік ұсынған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жыл сайын ҰБТ тапсырмайтын мектеп бітірушілер саны артып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш шамамен 46 мың адамға жуықтаған.
Сонымен бір мезгілде Ресей мен Қытайға оқуға баратын студенттер қатары да жыл санап артып отыр. Мәселен, 2015 жылы Ресейде 39 мыңға тарта қазақстандық оқыған.
«Мектеп бітірушілер ҰБТ бір немесе бірнеше балл ала алмай қалып, шетелдік оқу орындарына ақылы негізге кетіп жатыр. Осылайша олар басқа елдердің білім мекемелеріне инвестиция құюда», - деді Е. Сағадиев.
Жалпы ведомство басшысының айтуынша, ҰБТ тапсыру тетігінде өзгерістер күтілмейді. ҰБТ қайта тапсыру ақылы негізде шекті межеден аса алмағандар үшін беріледі.
2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан жаңа құқықтық және институттық орта жағдайында өмір сүруде - Д.Назарбаева
2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан жаңа құқықтық және институттық орта жағдайында өмір сүруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
«2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан 59 заң мен 400-ден астам заңнамалық актінің қабылдануымен қалыптасқан жаңа құқықтық және институттық орта жағдайында өмір сүруде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеудің үш сатылы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, командалық ауыс-түйіс доғарылды, нәтижеге сәйкес жалақымен қамтамасыз ететін әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдісі енгізілді», - деді Д.Назарбаева.
Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары еліміздің сот жүйесі 5 буынды жүйеден 3 буынды жүйеге көшкенін атап өтті. Жоғарғы сот кеңесі дербес аппаратымен автономды мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істей бастағандығын, құрылыс саласында рұқсат беру құжаттарын ұсыну мерзімі түбегейлі қысқарғанын еске салды.
Қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын мүмкіншіліктерді білуі тиіс..
«Ұлт жоспарының табысты жүзеге асырылуы Қазақстанға дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, экономикалық өсім үшін лайықты жағдай жасауға және барша қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Ұлт жоспары келешекте қазақстандықтардың өмір сапасын бүгінгі ЭЫДҰ елдерінде орын алып отырған жоғары өмір деңгейі мен стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған», - деді вице-премьер.
Сонымен қатар Д.Назарбаева Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында еліміздің әрбір азаматы үшін әлемнің ең дамыған елдеріндегідей жаңа мүмкіншіліктер ашылатындығын айтты.
«Сондықтан да бұл мүмкіншіліктер жайында қазақстандықтардың білгені және оны тиімді пайдалана алғаны барынша маңызды», - деді Д.Назарбаева өз сөзінде.
Жыл соңына дейін Қазақстанда бүкіл сот залдары бейне жазу жүйесімен қамтылады - М.Бекетаев
Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот залдарында сот процестерін бейне жəне таспаға жазуға мүмкіндік беретін жаңа жүйемен жабдықтау жұмысы жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1 050 зал немесе барлық залдардың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев мəлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өтіп жатқан баспасөз мәслихатының тақырыбы - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру».
«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыты бойынша реформаларды іске асыру туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. Жыл басынан сот органдары бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге көшті. Сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетумен қоса, бұл - істерді сотта қарау мерзімдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Сот бақылауын күшейту жəне азаматтардың құқықтарын қосымша қорғау мақсатында сотқа төрт тергеу қызметіне санкция беру уəкілеттіліктері берілді.
Бұл - қарап тексеру, тінту, алу жəне жеке басын тінту. Жыл басынан бері бұлар бойынша сотқа 4 715 материал түскен.
Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот мəжіліс залдарында сот процестерін бейне жəне таспаға жазуға мүмкіндік беретін жаңа жүйемен жабдықтау жұмысы жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1 050 зал немесе барлық залдардың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады»,-деп хабарлады М.Бекетаев.
Елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып, өзіндік деңгейіне жетті. Сондықтан оны алдыңғы қатарлы елдердегідей санаттық стандартқа көшіру жұмысы қолға алынып отыр. Соныңі бірі - Қазақстанның құрылыс саласында еурокод жүйесіне көшуі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Министрдің атап өтуінше, құрылыс саласында бастапқы рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдері 40 күннен 17 жұмыс күніне дейін, эскизді жобаны келісу 60 күннен 15 жұмыс күніне дейін түбегейлі қысқартылды, құрылыстың басталуы туралы хабарламаны 1 күн ішінде (электронды түрде) беру қамтамасыз етілді.
«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сараптамалық жұмыстардың 50 пайызы нарыққа берілді және жеке сараптамалық ұйымдармен жүргізіледі. Ресурстық әдіс енгізілді және Еурокодтар жүйесіне ауысу басталды», - деді Е.Досаев.
Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, жеке ұйымдармен сараптама өткізу үшін берілген ныснадар тізбесі бекітілген. Оған мыналар кіреді: Тұрғын үй-азаматтық мақсатындағы жаңа, қалпына келтіру және қолданыстағы техникалық және технологиялық күрделі емес ғимараттар мен құрылыстардың капиталды жөндеуі бойынша ТЭН және ЖСҚ; Елді мекендер аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыруға ТЭН және ЖСҚ; Технологиялық күрделі емеске жататын инженерлік инфрақұрылым объектілері; Қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық бір-екі қабатты ғимараттар мен құрылыстар; шағын қонақ үй кешендері және т.б.
Қазақстан сыртқы сауда жүргізу рәсімдерін жеңілдетті. «Сыртқы сауданы жүргізу рәсімдерін жеңілдету мақсатында экспорттық-импорттық операцияларды жасау кезіндегі құжаттар саны қысқартылды. Тауарларды экспорттау кезінде - 3 құжат, импорттау кезінде - 4 құжат қысқарды. Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тәуекел деңгейі төмен, орта және жоғары 3 санатын енгізе отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың тәсілдері қайта қаралды», - деді Е.Досаев.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қаржы министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, посткедендік ресімдеу бойынша «300 ірі салық төлеушіге арналған жасыл дәліз» ілкі жобасын іске асырған.
2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда доминанттар тізілімі жойылады.
«Монополияға қарсы реттеу саласын реформалау аясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Доминанттар тізілімі - 914 нарық субъектісінен 254 субъектіге дейін қысқарды. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тізілім жойылатын болады», - деді Е.Досаев.
Оның атап өтуінше, мемлекет қатысатын (50% астам) заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС) қызметі түрлерінің тізбесін қабылдау жолымен кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуы 47 пайызға қысқарды.
«Реформаның екінші кезеңін іске асыру үшін 2016 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Бәсекелестік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленіп енгізілді», - деді министр.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы индустриалдық реформа нәтижелері жайында айтып берді.
«Экономикалық ынтымастық және даму ұйымы стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, инвесторларға 350-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған «бір терезе» іске қосылды. Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес құрылды. Осыған ұқсас кеңестер әкімдердің басшылығымен барлық өңірлерде құрылып, ХҚКО-ларда Инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды», - деді министр.
Сонымен қатар, оның атап өтуінше, өткен жылы «зәкірлік инвесторлар» мен трансұлттық компаниялардың (Tikkurila, General Electric, Halliburton, JAC) қатысуымен жалпы сомасы 130 млн. АҚШ долларына 4 жаңа өндіріс іске қосылып, жалпы сомасы 113 млн. АҚШ долларына 6 компания (Danone, LG Electronics, Galaksi Group, BTM Group, Lotte Group, Coca-Cola) кері инвестицияланды.
«Фармацевтикада, агроөнеркәсіптік кешенде, тау-кен-металлургия кешенінде, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісінде «зәкірлік инвесторлар» мен ТҰК қатысуымен 2,2 млрд. АҚШ долларына 16 жобаны тарту мен іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді», - деді Е.Досаев.
Осы жылдың ІІ тоқсанында министрлер, ІІІ тоқсанында ұлттық университеттердің ректорлары халық алдында есеп беруі керек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Сенат төрағасының орынбасары, осы комиссияның мүшесі Асқар Бейсенбаев мəлім етті.
«Ұлт жоспарының 5-ші бағыты, яғни, халыққа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі реформалар аясында маңызды шаралар қабылданды. Біріншіден, мемлекеттік жоспарлауда оңтайландыру іске асырылды. Түрлі деңгейдегі сегіз бағдарлама жолға қойылып, бес салалық бағдарлама үкіметтік негізде қайта бекітілді.
Екіншіден, барлық министрліктер мен əкімдіктерде жаңа заңнамалық негізде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылуда», - деп хабарлады А.Бейсенбаев.
«Үшіншіден, мемлекеттік органдардың қызметін бағалайтын жаңа жүйе жұмыс істей бастады. Мемлекеттік органдар, əкімдер, ұлттық университеттердің басшылары жыл сайын халық алдында есеп беру тəжірибесі енгізілді. Бірінші тоқсанда барлық əкімдер есеп берді. 2016 жылдың екінші тоқсанында - министрлер, үшінші тоқсанында ұлттық университеттердің ректорлары есеп береді», - деп хабарлады ол.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша 33 нормативтік акті қабылданды - Е. Тоғжанов
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша 33 нормативтік акті қабылданды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан xалқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Оның сөзі бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты аясында қазіргі таңда 5 пункт жүзеге асырылу кезеңінде.
2015 жылдың соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту Тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру және бүкілқазақстандық мәдениетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына беріледі.
«Ұлт Жоспары» «100 нақты қадам» аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамытылады. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.
«Бұл реформалар Қазақстан xалқы Ассамблеясы негізінде іске асады. Себебі, елдің бірлігі әрқашанда тәуелсіздіктің тірегі болып қала береді. Ол - ел дамуының негізгі құндылықтарының бірі. Егер 30 дамыған елдің қатарына енуге талпынатын болсақ, еліміздің туын жоғары көтеріп, экономикалық-әлеуметтік сұрағын да шешеміз дейтін болсақ, алдымен қоғамдық келісімді, еліміздің тұрақты дамуын тікелей қамтамасыз етуіміз керек»,-деді ол.
Қазіргі кезеңде Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды - Дариға Назарбаева
Қазіргі кезеңде Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
«Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша арнайы Ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кетті. Содан бері бірталай жұмыс атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, отандық, халықаралық сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысы Елбасының ұдайы бақылауында.
Аз ғана уақыт ішінде Ұлттық комиссияның 48 отырысы өтті. Әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданды. 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Олардың бәрі бүгінде күшіне енді. Заң шығару жұмыстары биыл да жалғасатын болады. Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелері бар. Қазіргі кезеңде Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды»,-деді ол.
Біріктірілген Салық және Кедендік кодексі 1 қыркүйекте Парламентке жолданады - Е. Досаев
Ұлттық экономика министрлігінің біріктірілген Салық және Кеден кодексі биыл 1 қыркүйекте Парламентке жолданады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Осы уақытқа дейін бизнес пен билік елде қандай салық түрі болады: сатылымнан түскен салық немесе қосымша құн салығы қалуы тиіс па деген сауалда ортақ ымыраға келуі тиіс», - деп атап өтті министр.
«Бүгінде пікірлер екіге жарылды. Қайсысы жақсы: қосымша құн салығы ма, әлде сатылымнан түсетін салық па? Сұрақтар көп, оның жақсы тұстары да, теріс тұстары да бар», - дейді Е. Досаев.
Оның айтуынша, қандай салық тиімді деген сауал тәуелсіздік алғалы бері талқыланып келеді. Қазіргі уақытта салық түрлеріне қатысты сараптама өткізілуде. Алайда, бұл мәселе біржақты шешілмей отыр.
«Мемлекет Басшысы қажетті есептеулер жасап, бизнеспен тілдесуді, қандай салық қажет екенін анықтауды нақты тапсырды. Ол қалай іске асады?! Біз біріктірілген Салық және Кедендік кодексін жасадық, ол 1 қыркүйекте Парламентке жолданады. Демек, нақты шешім сонда көрсетіледі», - дейді министр.
Қазақстанның мемлекеттік сараптама жүйесі толықтай жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жобалау сараптамаларының 50 пайызын жеке секторға бердік. 2019 жылға қарай біз сараптама қызметінің 90 пайызын жеке меншікке өткіземіз. Тек мемлекеттік маңызға ие нысандарға сараптама жасау мемсекторда қалады», - деп атап өтті министр.
ҚР ҰЭМ басшысының айтуынша, сараптама қызметімен айналысатын барлық ұйымдарға талап күшейтіледі.
«ҚР ҰЭМ-де 42 сараптама ұйымы тіркелген. Оларға қатысты талаптар нақты көрсетілген. Сонымен қатар осы сарапшылардың барлығына тұңғыш рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр», - деді Е.Досаев.
«Мониторинг қорытындысы бойынша, нарықта бәсекеге төтеп бере алған компаниялар қайсы екенін біз көретін боламыз. Жалпы бүгінде шектеу жоқ, порталда талапқа сай келетін әрбір білікті компания тіркеле алады», - деді ол.
Т. Донақов: Мемлекеттік қызметке келетін шетелдік мамандар жалақыны арнайы қордан алады
Мемлекеттік қызметтегі шетелдік мамандар жалақыны Үкімет тағайындаған арнайы қордан алатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет министрі Талғат Донақов мәлім етті.
«Бұл жерде сөз мемлекеттік аппарат жұмысына алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені алып келе алатын білікті мамандар туралы. Олар шет мемлекеттің азаматтары болғандықтан, оларды Қазақстанның мемлекеттік аппаратына қабылдау процедуралары да өзгеше. Олармен арнайы шарт жасалады. Оның үстіне тиісті органдардан тексерістен өтеді», - деп атап өтті Т.Донақов.
Оның сөзіне қарағанда, осылайша мемлекеттік қызметке Қазақстанда мүлдем жоқ өте жоғары білікті мамандар тартылатын болады.
«Олар тек шет мемлекеттерде бар технологияларға және үлкен тәжірибелерге ие», - деді министр.
Т.Донақовтың мәлім еткеніндей, мемлекеттік қызметке келген шетелдік мамандар жалақыны Үкімет тағайындайтын арнайы қордан алатын болады.
Қазақстан мен Венгрия бастапқы көлемі 40 миллион доллар болатын бірлескен инвестициялық қор құруда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, аталған уағдаластық ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Мажарстан еліне жасаған сапары барысында қол жеткізілді.
«Қазақстан-Венгрия инвестициялық қорының құрылуы екі елдің қарым-қатынасын нығайтатыны сөзсіз. Ауыл шаруашылығында үлкен әлеует барын ескерсек, бұл - үлкен оқиға. Біздің елдердің мүмкіндіктерін бағамдайтын болсақ, құрдың құрылуы технологияларды трансферттеуге, венгриялық және еуропалық елдердің инвестицияларын тартуға мол мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, алғашқы капитализация 40 миллион долларды (әр елден 20 млн доллардан) құрамақ. Сонымен қатар қор бірлескен жобаларға қосымша 100 миллион долларды тартуды көздеп отыр. Қор Қазақстанның , өңдеу, логистика, аграрлық және тамақ өнеркәсібі салаларындағы компанияларға ақша салады.
Болашақта «ҚазАгро» осындай қорларды Қытай, Ұлыбритания елдерімен де құруды межелеп отыр.
ҚР АШМ мәліметтері бойынша, 2015 жылы ауыл шаруашылығына 167 млрд. теңге тартылған.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Үкіметтің зейнетақы қорынан бөлген 100 млрд теңгесін міндетті түрде қайтаруға уәде беруде.
Холдингтің басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, бұл қаражат Елбасының «100 нақты қадам» реформасының үш қадамын қаржыландыруға жұмсалатын болады.
Бұл қадам бойынша, агроөнеркәсіптік кешенге 10 трансұлттық корпорацияны тарту, Қазақстанның сүт және ет саласына шетел инвесторларын тарту көзделген.
«Біз бұл бағыттар бойынша клиенттердің өтінімдерін қабылдап, өңдейтін боламыз. Бұл өтінімдер қаржылық тиімділігі, өзін-өзі ақтауы, кепілдіктің қамтамасыз етілуі бойынша салалық және экономикалық сараптамадан өтетін болады. Осыдан кейін ғана жобалардың жылдамдығына, қайтарымдылығына қарай ақшаны бөлеміз. Біз бұл қаржыны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етеміз», - деді Н. Малелов.
Білікті кадрларды даярлау ісі мемлекетіміздің даму үрдісіне сай қалыптасуы қажет - Г. Әбдіқалықова
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыруға, оның ішінде дағдарысқа қарсы жобаларға «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған мамандардың атсалысуына аса үлкен мән беруіміз қажет. Сол себепті, бүгінде елімізде білікті кадрларды даярлау ісі мемлекетіміздің даму үрдісіне және Елбасы белгіліп берген басым бағыттарға сай қалыптасуы қажет деп ойлаймын»,-деді Мемлекеттік хатшы.
Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап стипендия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Өзгерістер шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты енгізілді. 163 позициядан тұратын басым мамандықтар тізбесі жаңартылды, оның 41 пайызы инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға бағытталған.
Комиссия отырысында «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының жобалары үшін мақсатты тапсырыстар тұрғысында мамандарды нақты даярлауға бағытталған тағылымдама бағдарламасы бойынша «Болашақ халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу үшін қызметкерлер санаты анықталды.
Отырыста Г. Әбдіқалықова «Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігінің тиімділігін одан ары қарай жетілдіру және арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.
Отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов 2016-2020 жылдарға арналған бес жылдық даму стратегиясы қабылданғанын еске салып өтті.
«Осы жылдан бастап, аталған стратегияны іске асыруға толықтай кірісеміз. Бұл құжаттың басты мақсаты - ол «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарына негізделген. Сондықтан, бес реформа аясында жаңа кадрларды даярлауға ерекше мән беріп отырмыз. Сол себепті, біздің тағылымдама бағдарламасы бойынша, сондай-ақ магистратура, докторантура бағдарламалары бағытында мамандарды даярлаймыз. Биылғы жылы мемлекет тарапынан 700 стипендия бөлінді және оның көбісі техникалық мамандықтарға арналған»,-деді Ғ. Нығыметов.
Бүгін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы 2015 жылғы ғылыми қызметі туралы әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жобалар жайлы жиын өткізді.
Конференция жұмысына академиктер: Р.Алшанов, К.Абдуллаев, М.Бекмағамбетов, М.Битимбаев, А.Болотов, А.Джомартов, А.Кулибаев, Н.Нәдіров, А.Төлешов, А.Татығұлов және облыстық филиал басшылары қатысты.
«Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруда инженерлік саланың маңызы зор. Үдемелі индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда инженерлік жоспарлар мен бағдарламалардың жүзеге асуы маңызды. Транспорттық саланың жұмысы жайлы айтсақ, Батыс Еуропа Батыс Қытай мегажобасы жүзеге асуда, бірнеше жоба өндіріске енгізіліп жатыр. Атап айтсақ, 34 жоба орындалды, жалпы академия бойынша 235 жоба, 18 ғылыми бағдарлама орындалды», - деді ҚР ҰИА президиумының бас ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының докторы Гүлбазар Медиева.
Оның айтуынша, аталған академия Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында WSEC-2017 ауқымды инженерлік конгрес өткізуді жоспарлап отыр. Жиынға дүниенің төрт бұрышынан белгілі ғалымдар жиналмақ.
«Негізгі қаралатын мәселе жасыл энергетика, келешектің энергиясы. Қазірдің өзінде инженерлік конгресске Ирена ұйымдары, Мастар университеті қызығушылық танытып, бізбен бірге өткізеді. ҰИА былтыр қыркүйекте үлкен мұнай газ конференциясын өткізді. Қытай инженерлік академиясы мен ҚР ҰИА арасындағы меморандум шеңберінде Синопек, СНПС біздің когресске үлесін қосып жатыр», - деді ол.
Ақмола облысында жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылған. Ақмола облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанбай Омаров айтты.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 30-шы қадамында халық алдында есеп беріп отыратын жергілікті полиция қызметін құру мәселесі қамтылған.
Жергілікті полиция қызметі басшысының айтуынша, Ұлт жоспарында полиция қызметкерлері ендігі уақытта қарапайым жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, адамдардың әрбір арыз-шағымына жете назар аударатын болады. Бұл өз кезегіндеқызмет сапасын, қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартпақ.
«Осы мақсатта дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын» акциясының мәні зор болып отыр.Акция шеңберінде учаскелік инспекторлар барлық дерлік тұрғындармен кездесіп, байланыс орнатады. Сонымен қатар «Тұрмыс. Бақылау және алкоголь» жедел алдын алу шарасы да үзбей өткізілуде. Шара барысында тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға, араққа салынып отбасының, көрші-қолаңның тынышын алатындарды тәртіпке шақыруғамүмкіндік жасалады. Көшедегі қылмыстар мен бұзақылықтардың алдын алу, тыю мақсатында өткізілетін «Бұзақы», «Тонаушы» жедел алдын алу шаралары да оң нәтижелерін беріп келеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін «Түнгі қаладағы балалар» акциясы үнемі өткізіледі. Шара барысында ересектердің бақылауынсыз түнде қыдырып жүрген балалардың ата-аналарына ескерту жасалып, мұның ақырының жамандыққа ұшыратуы мүмкіндігі ескертіледі», деді Ж. Омаров.
Сонымен қатар ол жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат полицияның халық алдында есеп беруі арқылы оның жұртшылық алдындағы жауапкершілігін арттыруға жағдай жасау болатынын айтуда.
«Облыс бойынша жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылған. Жергілікті полиция Ішкі істер министрлігінің орталықтанған жүйесіне кіреді және жергілікті атқарушы органның құрамына қосылмайды, бірақ жергілікті билік пен халық алдында есеп беріп отырады», дейді Ж. Омаров.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда 234 ғылыми жоба орындалды
Бүгін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы 2015 жылғы ғылыми қызметі туралы әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жобалар жайлы жиын өткізді.
Конференция жұмысына академиктер: Р.Алшанов, К.Абдуллаев, М.Бекмағамбетов, М.Битимбаев, А.Болотов, А.Джомартов, А.Кулибаев, Н.Нәдіров, А.Төлешов, А.Татығұлов және облыстық филиал басшылары қатысты.
«Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруда инженерлік саланың маңызы зор. Үдемелі индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда инженерлік жоспарлар мен бағдарламалардың жүзеге асуы маңызды. Транспорттық саланың жұмысы жайлы айтсақ, Батыс Еуропа Батыс Қытай мегажобасы жүзеге асуда, бірнеше жоба өндіріске енгізіліп жатыр. Атап айтсақ, 34 жоба орындалды, жалпы академия бойынша 235 жоба, 18 ғылыми бағдарлама орындалды», - деді ҚР ҰИА президиумының бас ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының докторы Гүлбазар Медиева.
Оның айтуынша, аталған академия Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында WSEC-2017 ауқымды инженерлік конгрес өткізуді жоспарлап отыр. Жиынға дүниенің төрт бұрышынан белгілі ғалымдар жиналмақ.
«Негізгі қаралатын мәселе жасыл энергетика, келешектің энергиясы. Қазірдің өзінде инженерлік конгресске Ирена ұйымдары, Мастар университеті қызығушылық танытып, бізбен бірге өткізеді. ҰИА былтыр қыркүйекте үлкен мұнай газ конференциясын өткізді. Қытай инженерлік академиясы мен ҚР ҰИА арасындағы меморандум шеңберінде Синопек, СНПС біздің когресске үлесін қосып жатыр», - деді ол.
Жамбыл облысында жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын
Жамбыл облысында жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы айтты.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Тараз көлік жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт-бетон зауыты өңірлік индустрияландыру картасына 2015 жылы енгізілді. Салынатын инвестиция көлемі 250,0 млн. теңгені құрап 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, зауыт жұмыс жасауға дайын. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша 37,0 млн. теңгеге электр қуатын тарту жоспарланды, қазіргі уақытта құжаттары мемлекеттік сараптамада. Жылына 600,0 млн. теңгенің өнімін өндіру жоспарланып отыр.
***
Ұлт жоспарын сапалы орындау - бірінші кезектегі негізгі міндет. Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге бағытталған Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған атқарылған іс-шаралардың қарқыны наурыз айындада бәсеңдемеді .
Мемлекет стратегиялық менеджер болуы тиіс - Бақыт Сұлтанов
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Қазақстан Республикасының бюджет саясатын трансформациялау үдерістеріне үлкен көңіл бөлінген. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу мемлекеттің экономикаға қатысу тәсілдерін түбегейлі қайта қараумен қоса жүреді. Олай болса, осы трансформациялау үдерісі қалай өтіп жатыр? Ол туралы бүгін ресми БАҚ-та жарияланған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановпен әңгімеде сөз болады.
- Бақыт Тұрлыханұлы, өткен жылы Қазақстан әлемдік дағдарыстың барлық «қызығы» мен «шыжығын» өзі де татып көрді. Біздің бюджет энергия ресурстары құнының осылайша күрт құлдырауына қалай төтеп берді? Енді үстіміздегі жылға перспективалар қандай?
- Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлем экономикалық жүйенің трансформациясын бақылап отыр. Бұл мұнай мен металдар құнының құлдырауымен, дамыған және дамушы елдердің, оның ішінде Қытайдың «жаңа нормасының» өсу қарқынының баяулауымен қатар жүруде. Соның салдары ретінде шикізатқа әлемдік сұраныс төмендейді, өндіріс көлемі құлдырайды. Жағдай әртүрлі елдердің экономикаларының «сауығуына» аз ықпал ететін геосаяси факторлармен де шиеленісе түседі.
Жаһандық экономикалық жүйенің бір бөлігі ретінде Қазақстанның да жоғарыда келтірілген факторлар тарапынан қысым көруі табиғи жайт. Оның ішінде, бұған біздің экономикамыздың шикізаттық ресурстар экспортына айтарлықтай тәуелділігі және соның салдарынан соңғы бірнеше жылда байқалып отырған осы ағындардан бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуі де себеп болып отыр. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың «голланд ауруынан» сауығуына бағытталған. Біз қазірдің өзінде-ақ шикізаттық емес сектордың біртіндеп ұлғайғанын айта аламыз. Оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар түріндегі түсімдердің өсуін де көріп отырмыз.
Елбасы белгілеген және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізі болған Бес институттық реформаның іске асырылуы еліміздің дамуын трансформациялаудың және мемлекеттің орнықты нарықтық қатынастар жолына түсуінің жалғасы болып табылады.
Мұндай «терең» өзгерістерсіз ғасырдың басты стратегиялық мақсаты - дамыған 30 мемлекеттің тобына кіруге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мақсатқа жету жолында бізді күтіп тұрған кедергілер де аз емес. Ол «шикізат ресурстары нәубетінен» де қатерлі болуы мүмкін. Көкжиекте көрініп тұрған осындай айқын табалдырықтардың бірі - бұрын біздікі сияқты проблемалары мен мүмкіндіктері болған бірқатар мемлекеттер де төтеп бере алмаған «кірісі орташа елдер тұзағы».
Институттық реформаның даму векторынан басқа екінші әсері - бұл экономиканың, социумның және бюджеттің орнықтылығы.
Бюджеттің «көңіл-күйіне» келсек, онда өткен жыл біз үшін шынымен де күрделі сынақ болды. Бірақ «қиын жылдарда» жинақталған резервтер бізге 2015 жылдан проблемаларсыз өтуге көмектесті.
Өткен жылдың аяғында, өздеріңіз білетіндей, Қаржы министрлігінде бюджетті оңтайландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Біз көптеген нақтылаулар кезінде өзіміздің шығыстарымызды 1,5 трлн. теңгеге қысқарттық. Бюджетті ағымдағы үшжылдыққа қалыптастырған кезде біз басты идеяны - жобалар экономиканың нәтижесіне және оң әсеріне бағытталуы және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеп соғуы тиіс екенін айттық.
- Дегенмен, сонда да ағымдағы жылғы перспективалар қандай?
- Жалпы, мен Қаржы министрі ретінде ағымдағы жылдың перспективаларын оң бағалаймын.
Экономиканың шикізаттың емес секторы өз айналымдарын өсіретінін біз байқап отырмыз. Бюджетке салықтық түсімдер ұлғаюда.
Оның сыртында, шикізат нарықтарындағы ахуал да құбылмалылықты біртіндеп төмендетуде және тепе-теңдікке ұмтылыс бар. Қазіргі таңда баррель құны 40 доллардан асады. Біз бюджетті соңғы нақтылау уақытында Brent маркасының құнын баррель үшін 30 доллар деп белгіледік. Яғни, 30 доллар кезінде де Қазақстанның бюджеттік шығындары елдің барлық әлеуметтік міндеттемелерін және Елбасы тапсырмасын орындауға негізделген. Оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға да бағытталған.
- Қаржы министрлігі бюджеттік саясатты трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ол қалай жасалады?
- Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында бюджет шығындарына тексеру жүргізу жөнінде тапсырма берілген. Шығыстарды қаржыландыруды нысаналы индикаторларға қатаң байланыстыру аса маңызды міндет болып табылады.
Бірінші кезекте, қаржыландыру бағыттары бойынша шығыстар мен бағдарламалардың экономикалық тиімділігіне және экономиканың нақты секторына бағдар жасалып отыр. Талдау барысында бағдарламалар тиімділігінің төменгі деңгейде болуына ықпал ететін және бірсыпыра жылдар ішінде оларды іске асыру мониторингі барысында көрінетін институттық, әкімшілік, нормативтік және басқарушы факторлар анықталды. Мемлекеттік аппараттың жұмысы осындай факторларды, ең алдымен, заңнамалық тұрғыда жоюға бағдарланған.
Бұл ретте, бюджет шығыстарын халықтың тұрмыс деңгейін сапалы көтеруге тиісті әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға жұмсауға ден қойылды.
Мемлекет шын мәнінде өзіне шығыстардың әлеуметтік бөлігін ғана алуы тиіс. Мемлекеттің рөлі жеке сектордың дамуына жағдай жасайтын және ынталандыратын стратегиялық менеджер деңгейімен шектелуі тиіс. Сонымен бірге, тауашаларды босата отырып, бизнесті жүргізу үдерісін заңнамалық түрде жеңілдетуі қажет.
- Сіз жекешелендіруді айтып отырсыз ғой?
- Иә. Бүгінде экономиканы мемлекет иелігінен алу мемлекеттік меншіктегі мүліктің 70 пайызына дейінін бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын ауқымды жекешелендіру арқылы өтіп жатыр. Оның ішінде нарыққа бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор басқаратын ірі нысандарды беру жоспарланып отыр. Олар: әуежайлар, өндіруші компаниялар және т.б.
Бұл тәжірибе қолдану аумағы мен жеке кәсіпкерлік бастамаларын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға да жағдай жасайды. Өйткені, жекеменшік иесі мемлекетке қарағанда анағұрлым тиімді менеджер болып табылады.
Жекешелендіруден барлығы да ұтады - бизнес мемлекеттік монополия басым болып отырған салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік алады, мемлекет салықтардың түсуі есебінен ұтады, жалпы экономикалық жағдай жақсарады.
Одан басқа, бюджеттік шығыстарды жүзеге асыру тетігін қайта қарау шеңберінде мемлекет мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде, сол сияқты, сервистік үлгіні пайдалана отырып, бәсекелестік ортаға өзінің жекелеген функцияларын береді. Бұл жеке бастама жұмыс істей алатын жұмыстар мен қымбат тұратын жабдықтарды бөліп төлеу арқылы (сервистік модель) және қызметтер мен жұмыстар аутсорсингін сатып алу есебінен бюджетке жүктелімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
- Капиталды жария ету бюджетке қалайша әсер етуде?
- Капиталға рақымшылық жасау ел экономикасы мен оның бюджетіне едәуір кешірек, яғни кейінірек әсер етеді. Бұл акцияның мультипликативті әсері бар. Бүгінгі таңда жария етуге қатысушылардың экономикалық жүйенің толыққанды ойыншылары болу, жекешелендіруге қатысу арқылы да, сол сияқты, үдемелі индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы Жол» шеңберінде іске асырылатын бірқатар жобалардың инвесторлары болу арқылы да экономикаға инвестор ретінде қатысу мүмкіндігі бар. Яғни, азаматтар жария етілген қаражатты ағымдағы жылы да, сол сияқты, мысалға, 2018 жылы да инвестициялай алады. Сондықтан, ақшаның қашан экономикалық үдерістердің бір бөлігі болатынын айту қиын. Бірақ осындай мүмкіндіктің пайда болатыны анық.
Мүлікті жария ету мүлікті уақытылы ресімдемегені үшін ықтимал айыппұлдарды болдырмауға, оны болашақта проблемасыз сатуға немесе жалға беруге мүмкіндік береді. Бізде коммерциялық құрылыстар мен бұрыннан бар ғимараттарға жапсарлас құрылыстарды жария етуге өтініштер көп. Яғни, азаматтар бұл мүлікті өздерінің коммерциялық активтері ретінде ресімдеуге заңды құқық алады.
Бұл кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялаудың 2017 жылдан басталуына байланысты өте маңызды. Және бұл туралы Мемлекет басшысы 2016 жылдың аяғына дейін жария етудің ақшаға да және олардың иелеріне де заңды айналымға оралудың соңғы мүмкіндігі екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Бұл ретте жария ету рәсімі барынша оңайлатылған: заңнамаға соңғы түзетулермен капиталды жария ету бойынша іс жүзінде барлық шектеулер алып тасталды және мүлікті жария ету рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді. Капиталды жария етудің мұндай жеңілдікті шарттары әлемнің ешбір елінде болған емес.
Қазақстан елге ақшаны әкелген жағдайда оны жария етуге салынатын салықты толық алып тастады және жария етудің мәлімдеу нысанында салықтың небәрі 10%-ы қалдырылды. Кейбір елдерде жария ету алымдары жария етілетіннің жартысын немесе сомасының 70%-ын құрайтынын айта кету қажет. Рақымшылық етудің ең бір либералды жағдайларының өзінде жария етуге салынатын салық мөлшерлемесі кемінде 3-5 пайыз болады.
- Бизнеске қайта оралайық. Сіз мемлекет стратегиялық менеджер болуға тиіс деген едіңіз. Осы менеджмент кәсіпкерлікті қолдау бөлігінде қалай көрсетілуге тиіс?
- Мемлекет бизнестің дамуы және салық төлей алуы үшін оған қолайлы жағдайлар туғызуға тиіс. Өйткені, салықтар мемлекеттің кіріс көздері болып табылады. Оларды тиімді пайдалану арқылы мемлекет халық алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындайды.
Біз 2030 жылға қарай ШОБ деңгейін ішкі жалпы өнімнің 40 пайызына дейін жеткізу мақсатын қойғанымыз сіздерге мәлім. Ол үшін мемлекет қолайлы және сапалы салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, салық төлеушіге салық төлеуді ыңғайлы ету жағдайын жасау қажет. Экономиканы жандандыру және түрлі себептер бойынша нашар жұмыс істейтін немесе тіптен жасырын активтерді экономикалық айналымға тарту үшін кәсіпорындарды оңалту жүйесі енгізілді. «Банкроттық туралы» заң борышкерге кредиторлармен бәтуалық келісім жасасуға немесе қиын жағдайдан шығу үшін жоспар әзірлеуі үшін мүмкіндік береді. Заң кәсіпорынды атауымен және тауарлық белгісімен бірге сатып алуға және «оған жаңа өмір беруге» мүмкіндік туғызады. Бұл ретте, жұмыс орындары сақталады, ал өндіріс тоқтамайды. Қазір біз жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты жұмыстар жүргізудеміз.
Алтыншы шақырылған Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бизнес үшін рәсімдерді әкімшілік тұрғыда оңайлатуға бағытталған жаңа міндеттер белгіледі. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай кеден-салық кодексі қабылданатын болады. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы кодексте осы саладағы қатынастарды реттейтін барлық нормалар бірыңғай заңнамалық актіде шоғырландырылмақшы. Монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші кезеңі шеңберінде бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.
Мемлекет бизнес үшін оны алмастырмай, оған бағдар ғана беретінін және ойынның қолайлы жағдайларын туғызатынын тағы да қайталап өтемін. Сол арқылы оның дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде, бюджетке тиесілі салық түсімдері арта түсетін болады. Ал бұл жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасайды.
Мемлекет басшысы белгілеген Ұлт Жоспары - бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» да дәл осыған бағытталған.
Үш тілді оқыту жүйесі Ақмола облысында да кезең-кезеңмен жүзеге асуда - Б.Ізбасарова
Үш тілді оқыту жүйесі Ақмола облысында да кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова айтып берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспарының 76-қадамында ЭЫДҰ стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
77-қадамында Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.
79-қадамында Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсат - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру мәселелері айтылған болатын. Бұл міндеттер Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Оның айтуынша елімізде барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық үлгісін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда.
«Жалпы білімді ұрпақты тәрбиелеуде 12 жылдық білім беру бағдарламасының рөлі зор болмақ. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірін ашық жеткізуіне, шығармашылық әлеуетінің толық жүзеге асуына ықпал етеді. Осы ретте, жалпы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы еліміздегі 30 мектепке енгізілетін болады. Солардың ішінде, біздің облысымызда Бұланды ауданындағы Никольский орта мектебі мен Степногор қаласындағы №5 көп салалы мектеп-лицейі де бар. Ағымдағы жылы аталмыш білім ошақтарында жобаны пысықтау жұмыстары жүргізіліп, 1 сыныптың 87 оқушысы қамтылды», деп атап өтті ол.
Тәжірибе жасауға дайындық барысында білім беру нысандарындағы оқу сыныптары жөнделіп, материалдық-техникалық базасы нығайтылғанына да тоқталды. Айта кетерлігі, 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сабақ беретін мұғалімдердің әрқайсысының жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылды. Сондай-ақ, Астана қаласында өткізілген арнайы курстарда 29 ұстаз білімдерін жетілдірді.
Бүгінде еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы қатты байқалуда. Облыс орталығындағы жоғары техникалық мектеп он жетекші оқу орындарының қатарына кіріп, екі тәжірибелік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Оқушылары сандық бағдарламалы жүйелермен басқарылатын «HaasAutomation» фирмасының құрылғылары орнатылған оқу-өндірістік орталық ашылды. Білім ошағының мұғалімдері мен шеберлері жастарды жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеуге баулуда. Бұның болашақта, елімізде қазіргі заманғы өндірістік индустрияны қарыштап дамытуға ықпалы болады деген сенім бар, деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар ол үш тілді оқыту жүйесі де Ақмола облысында кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқанына да тоқталды.
«Осы мақсатта 2004 жылы төрт мектепте ағылшын тілін ерте жастан үйретуге арналған тәжірибе басталды. Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында 7 сыныптан бастап, алгебра, биология сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі. Мектепте ағылшын тілін жетік білетін математика және биология пәндерінің мұғалімдері сабақ береді.
Сонымен бірге, облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернатында да 7 сыныптан бастап 5 пән ағылшын тілінде оқытылады. Дегенмен, барлық мектептерде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу үшін білікті мамандар қажет. Алдын-ала жасалған зерттеулер бойынша білім ошақтарындағы жоғары буынға жалпы білім беретін пәндерді ағылшын тілінде өткізуге 5000-ға жуық мұғалім қажет», деп сөзін одан әрі жалғастырды кейіпкеріміз.
«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Облыста білікті жұмысшы және орта буын мамандарын даярлауды 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Оның 29-ы мемлекеттік болса, 9-ы жекеменшіктің басқаруында. Осы ретте, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген Worldskills халықаралық жобасы жүйелі түрде өткізіліп отырады. Кәсіптік шеберлік байқауы 7 мамандық негізінде ұйымдастырылады. Олар - жону ісі, дәнекерлеу жұмыстары, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, сылақ және гипсокартон жұмыстары, шаштараз, мейрамхана ісі. Оқушылардың шеберлігін шыңдау үшін барлық жағдай жасалған. Бұған Степногор қаласындағы №2 индустриялық-техникалық колледжінің түлегі Әділет Тәкежановтің «Токарь ісі» бойынша халықаралық байқауда жеңіске жеткені дәлел бола алады», - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.
Ақмола облысында жергілікті полиция қызметіне қосымша 500 млн. теңге бөлінбек
Ақмола облысында жергілікті полиция қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қосымша 500 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын өңірлік деңгейді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.
«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша екінші қадам аясында Президенттің Жарлығын орындау бағытында Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның негізгі міндетеріне тоқталатын болсақ, бұл тұрғыда қоғамдық тәртіпті қорғау, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары қамтылған. Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыс бюджетінде қосымша 500 млн. теңге жоспарланды»,-деді С. Кулагин.
Атап айтқанда Ұлт жоспарының 30-қадамында Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру ескерілген.
«Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі»,-деп атап өтілген онда.
Ақмола облысында ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өткен брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.
Оның айтуынша өңірде Ұлт жоспарын орындаудың тәжiрибелiк кезеңi басталды, онда жергiлiктi атқару органдары 49 iс-шараны жүзеге асыру бойынша жұмылдырылған.
«Орын алып отырған экономикалық жағдай қарамастан біз өткен жылды табысты аяқтадық. Облыс 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында оң нәтижеге қол жеткізді.
Өнеркәсіп саласында нақты көлем индексінің көрсеткіші 106,9 пайызға жетіп, облыс Республика бойынша бірінші орынға шықты.
Аграрлық салада да өткен жылды табысты аяқтадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды.
«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2200 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 200 миллиард теңге шамасында инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция тартылды.
Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасы өзінің дамуы қарқынын сақтап қалды. Өнеркәсіп және тауар айналымы жағынан алғанда нақты индекс көлемі бойынша біз республикадағы өңірлер арасында 1 орынға шықтық.
Құрылыс саласында және тұрғын үйлерді пайдалануға беруде 2 орындамыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі және инвестиция тарту жағынан 3 орынға тұрақтадық. Облыста ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Жыл соңына дейін біз олқылықтарды жойып, үздік ондыққа кіруді жоспарлап отырмыз», - деді С.Кулагин.
Ақмола облысында 42 жалға алушы 90 мың гектарға жуық жерді сатып алуға ниетті. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын өңірлік деңгейді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.
«Облыста жерді пайдаланушылардың арендасында 10 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар. Қазіргі кезде 42 жалға алушы жеке меншікке 90 мың гектарға тарта жерді сатып алуға ниетті. Бүгінде олармен тиісті шарттарды бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облысындағы филиалында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін сату үшін бүгінде 117 жер учаскесі (43 мың гектар) дайындалды. Бұл жер телімдерін сату бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесінен басталады.
Айта кетейік, Жер кодексіне енгізілген жаңашылдықтар ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген жерлерді кадастрлық құнынан 50 пайыз жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ бұл жерлердің құнын 10 жыл мерзімге бөліп төлеуге болады.
С. Кулагиннің сөзіне қарағанда, жер мәселелері бойынша қабылданған шаралар жер иелерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ақмола облысында 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өтіп жатқан брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.
Аймақ басшысының айтуынша, аграрлық сектор - аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің төрттен бірін өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі. Сонымен қатар өңірде мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр.
«Облыста жалпы қуаты 27,6 мың ірі қара мал болатын мамандандырылған 31 бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Олардың қазіргі кездегі қуаты 65 пайызды құрайды. Биылғы жылы Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» ЖШС 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылады. Оған қоса Зеренді ауданындағы «Щучье сүт зауыт» ЖШС қуатын 3 мың бас дейін ұлғайту көзделген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ет өндірісі 12,1 пайызға артты.
«Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осындай қолға алынған шаралардың нәтижесінде сүт өндірісі 28 пайызға өсті.
Ал, көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа келетін болсақ, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан облыс тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізу арқылы егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден айналып, 4,7 миллион тонна астық жинап алды. Қажетті жем шөп қоры да жасалды.
Осыған орай, облыстан тыс жерге 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар жерге дән сіңіруді көздеп отыр. Оған қажетті 520 мың тонна тұқым қоры жасалынды. Сондай-ақ, 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту қарқынды жүргізілуде», - деді С.Кулагин.
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин шетелдік ірі инвесторларды халықаралық форумға шақырмақ. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Инвестициялардың жаңа көздерін табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста Инвесторларды тарту жөніндегі кеңес құрылып, шаралар жоспары әзірленді. Оның аясында биыл халықаралық инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік ірі инвесторлар, дипломатиялық миссиялар мен елшіліктердің басшылары шақырылады»,-деді С. Кулагин.
Сонымен қатар облыста индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 461 млрд. теңгенің 30 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Әкімнің сөзінше, биыл барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеуде.
Қайрат Мәми Венециялық комиссия сарапшыларымен судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссия сарапшыларымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - Венециялық комиссияға сараптамаға алдын ала жолданған Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын (бұдан әрі - Кодекс) талқылау.
Қайрат Мәми кездесудегі кіріспе сөзінде: «Венециялық комиссия бірнеше рет Қазақстан үшін өте маңызды құжаттарға сараптамалық талдау жасаған болатын. 2011 жылы ЕҚЫҰ ААҚДИБ мен Венециялық комиссия «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы бойынша бірлескен қорытынды әзірленген еді. Біздің сіздердің қатысуларыңызбен сот секторында қажетті өзгерістерге қол жеткізгеніміз маңызды. Сіздердің Әдеп кодексі жобасы бойынша берген ұсынымдарыңыз біз үшін маңызды болатынына сенім білдіремін» деп атап өтті.
Кездесу барысында Қ.Мәми шетелдік сарапшыларды еліміздің Президенті Н. Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалармен таныстырып өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар Кодекс жобасы мен сот жұмысының басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесуді қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Венециялық комиссия сарапшыларын жаңа Кодекс жобасына жүргізіп жатқан сараптамасы үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Венециялық комиссия сарапшылары Жоғарғы Сот судьясы, Сот жюриінің төрағасы М. Шегеновпен, Жоғарғы Сот судьясы, Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Н. Қайыпжанмен кездесті. Бұған қоса, Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Роговпен, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А. Смолинмен және Қазақстан Судьялар Одағының Төрағасы С. Байбатыровпен кездесу өткізді.
Еске сала кетейік, жаңа Кодекстің жобасы Ұлт Жоспарына сәйкес әзірленген. Онда сот корпусы мен ғалым-құқықтанушылардың ой-пікірлері мен көзқарастары, «Судьялар мінез-құлқының Бангалор қағидаты», Сот билігінің тәуелсіздігі мәселелері бойынша Киев конференциясының ұсынымдары (2010 ж.) секілді басқа да халықаралық құжаттардың ережелері ескерілді. Жоба 5 тараудан және 33 баптан тұрады. Онда «Судьялар мінез-құлқының әдеп қағидаттары», «Кәсіби міндеттерін атқару барысындағы судьялар мінез-құлқының әдеп қағидалары», «Судьяның отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқының әдеп қағидалары» атты тараулар бар. Кодекс жобасы Жоғарғы Сот сайтында жарияланды. Оған кез-келген азамат өзінің ұсыныстары мен комментарийлерін ұсына алады.
Анықтама: Венециялық комиссияның құрамына Еуропа Кеңесінің 47 қатысушы-мемлекеті кіреді. Қазақстан Комиссияға 2011 жылдың қараша айында мүше болды. Өз жұмысында Еуропалық комиссия демократия, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігі секілді Еуропа Кеңесі қызметінің бастауындағы үш негізгі еуропалық конституциялық құндылық қағидатын басшылыққа алады.
Ақтөбе облысында БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен 3 ірі өндірісті іске қосу жоспарлануда
Ақтөбе облысында БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен 3 ірі өндірісті іске қосу жоспарлануда.
Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
Облыс әкімі өз сөзінде өңірде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың аралық қорытындысына тоқталды.
Б.Сапарбаевтың атап өтуінше, экспорттық тауарлар өндіру және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін қайта өңдеу секторына трансұлттық компанияларды тарту шаралары қабылданды. Соған орай өңірде бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың қатарында инвестиция көлемі 150 млн. долларлық жылдық қуаты 1 млн. тонна цемент пен 500 мың тонна қоспаны құрайтын зауыт бар. Қазіргі уақытта «Хуасинь цемент» корпорациясының жобалаушылары цемент зауыты құрылысының жобасын әзірлеуде.
«Австралиялық «Қазақстан Поташ Корпорэйшн» компаниясы инвестиция көлемі 595,2 млн. долларды құрайтын, жылдық қуаты 800 мың тонна калий тыңайтқышы өндірісін іске қосуға ниетті. Біріккен Араб Әмірлігінің «ПанджаГолдэн Оазис Дженерал Трэйдинг Л.Л.С» инвесторы жылдық қуаты 3 мың тонна никель оксиді концентраты мен 123 мың тонна кобальт оксиді концентратына тең никель зауытына 125 млн. доллар инвестиция құюға дайын», - деді Б.Сапарбаев.
Инвесторлар бүгінде 30 гектар жер учаскесін алып, жобалардың бизнес-жоспарын әзірлеген. Таяу аралықта жобаны жүзеге асыру басталады. Аталған жобалар аясында 1600 жаңа жұмыс орындары құрылмақ.
Жерлерді жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Бұл туралы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов айтты.
Оның айтуынша, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану тетіктері көрсетілген.
«Аталған заңдағы жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау нормасы жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді», - дейді Б.Смағулов.
Ұлт жоспарының 59-қадамын жүзеге асыру энергия үнемдеу саласына инвестор тартуға септігін тигізеді - М.Алтангерел
Ұлт жоспарының 59-қадамы іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік туады. Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел осылай деді.
«Ұлт жоспарындағы 59-қадам халықаралық дәрежеде мойындалған энергосервистік келісімдер механизмі (ЭСКО) арқылы энергия үнемдеу саласына инвестор тартуды көздейді. Энергосервистік келісім энергия ресурстарын үнемдеу саласына инвестор тартудың қаржылық механизмі болып отыр. ЭСКО үнемделген энергия есебінен инвестицияны ақтауға мүмкіндік береді. 2010-2014 жылдары БҰҰДБ, ҚР Үкіметі ЭСКО тетігін барлық салаға енгізу бойынша жұмыс жасалды. Қарағандыда ғимараттардың жылуды пайдалануында ЭСКО тетігі сыналып көрді. Барлық құжаттар мен ұсыныстар ҚР Үкіметіне жіберілді», - деді ол.
ҚР Парламент мәжілісі 2014 жылдың соңында БҰҰДБ ұсынымдарына иек арта отырып энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру туралы ҚР заңын елдегі энергосервистік компаниялардың жұмысын реттеу туралы қосымша нормалармен толықтырды.
«59-қадам - ЭСКО-ны Қазақстанға енгізуді жүзеге асыру. Бұл қадам іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Энергосервистік компаниялар нарығының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты әлеуметтік қолдауға сеп болар еді», - деді М.Алтангерел.
ҚР Үкіметі БҰҰДБ-ның тиімді мемлекеттік басқару саласындағы ұсынымдарын қабылдады.
Осы әріптестік аясында 2013 жылы мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хаб құрылды.
Қ. Мәми: Біздің межеміз - ұлттық сот жүйесіне деген халықтың және қоғамның сенімін арттыра беру
Әділдікті орнату үшін не жетпей тұр? Әлде қазір әділдікті әділетсіздікпен айырбастап алған адамдар қатары көбейіп бара ма? Олай десек, онда қандай сот болмасын бекітілген заң шеңберінен шығып кете алмайтындай, яғни тура шешім ғана шығаруға мәжбүр қылатын құқықтық тетіктер қамтамасыз етілген амалдар іске асатын күн туа ма, өзі? Осы мәселе төңірегінде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәмимен ашық әңгімелескен. Республикалық газеттің бүгінгі санында «Сот кепілі» деген тақырыппен берілген мақаланы жариялауды жөн көрдік.
***
2016 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 21,9 пайызға өсті
Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 21,9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны аяқталды. Ішкі және сыртқы факторларды қоса алғандағы жалпы өңірлік өнімнің атаулы көлемі 500 млрд теңгеден асатындығы күтілуде. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемі 301 млрд теңгені немесе 121,9 пайызды, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 30,1 млрд теңгені немесе 105 пайызды құрап отыр», - деді Д.Ахметов.
Оның айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында 65,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Өсім - 3,5 пайыз. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес мемлекеттік бюджетке 49,9 млрд теңге салық пен төлемдер аударылды. Бұл 2,5 пайыз өсімді құрайды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 22,3 млрд теңге аударылып отыр. Бұл да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,4 пайызға артық.
Сонымен қатар әкім өз сөзінде өңірде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жұмыстары Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы тапсырмаларға сай жүргізіп жатқанын, экономика өсімін қарқынын сақтауға, мығым әлеуметтік кепілді қамтамасыз етуге бағытталған атап өтті.
Теңіз мұнай кен орнында үшінші зауыт салынады
«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз мұнай кен орнында мұнай дайындайтын үшінші зауыттың құрылысы үшін жобалық құжаттарды дайындап жатыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысын баяндай отырып, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Бүгінгі таңда Теңізшевройл жылына 26,5 млн тонна мұнай өндіреді. Болашақта жоба аяқталғаннан кейін мұнай алу көлемі 12 млн тоннаға артып, 37 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы маған ТШО-ның бас директоры Тед Этчисон айтып берді. Бұл жоба - өте күрделі және ресурстарды шығындайтын жоба. Бірақ, салған ақшамыз ақталады», - деп хабарлады Н.Ноғаев.
Атырау облысында 45 жаңа жоба қатарға қосылды
Атырау облысында жаңадан 45 жоба қатарға қосылды. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы айта келе, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Жаңа инвестициялық жобалар мұнай химия өнеркәсібі саласында, машина құрастыру, құрылыс индустриясы, фармацевтика, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі агронеркәсіптік кешен саласында жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны 101 млрд теңге. 45 жобаны қатарға қосудың арқасында 3 328 тұрақты жұмыс орнын аштық. Қазіргі және жаңа жобаларға инвестиция тарту жұмысы одан әрі жалғасуда», - деді аймақ басшысы.
Н.Ноғаевтың мәліметінше, қазір Атырау облысы әлемнің жеті еліндегі 11 компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Маңызды жобалардың қатарында күн және жел электр стансаларының құрылысы, фармацевтикалық зауыт пен газ-химия саласындағы жобалар бар.
Атырау облысының ауыл шаруашылығын дамытуда ет өндірісін көбейтуге басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Бұл бағытта Атырау облысының әлеуеті өте зор. Және сол әлеуетті арттырып, пайдалана білуіміз керек. Бұл бағытта әрине тиісті жұмыстардың барлығын атқарып жатырмыз. Осындай мерзімге дейін осынша тонна ет өндіреміз деп нақты цифрларды атай алмаймын қазір. Бірақ, бұл бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Ең бастысы, бөлінген субсидиялардың арқасында осы бағытты дамытуға көмектесуіміз керек. Ең біріншіден, шаруаларға мемлекеттің қолдауы мен оның тиімділігі туралы толық мәлімет беруіміз керек», - дейді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша біраз мал соятын цехтар мен ет өндіретін нысандар бар. Алайда, олардың ең басты проблемасы - шикізат, яғни, мал етінің тапшылығы. Сондықтан, облыс өзге өңірлерден, әсіресе, Оралдан көп ет тасымалдап отыр.
Жолдар, тұрғын үй, инфрақұрылымдарды салуға басымдық беріледі
Бүгін баспасөз мәслихатында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің таяу және ұзақмерзімді перспективада өңірдің дамуының басымдықтары туралы қойған сұрағына облыс әкімі Д. Ахметов:
«Жолдар, тұрғын үй, инфрақұрылым салуға баса мән беріп, «100 қадам» бағдарламасының міндеттерін орындаймыз», - деп жауап берді.
Д. Ахметов әкім лауазымына тағайындалған сәтте өңірде өткен бірінші мәжілісінде айтқан «көктен алтын жауатын дәуірдің» аяқталғанын, білекті сыбанып «бюджеттік инъекцияны» қысқартуға, экономикаға шетел инвестициясын тартуға жұмыс істеу қажеттігі туралы өз ұстанымын тағы бір нақтылады.
ҚазАқпараттың бұрын белгіленген жобалар оңтайландырыла ма деген сұрағына «белгіленген жоспарлардың бірде-бір тармағы қысқартылмайды. Халықаралық қарыздарды әкеліп, концессиялық жобалар, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, басқа да қаржы институттары арқылы жұмыс істейтін боламыз. Барлық тармақ орындалатын болады», - деп сөзін нақтылады ШҚО әкімі.
Д. Ахметов биыл облыста мемлекеттік инвестиция бойынша даму бюджеті 2015 жылғы деңгейге қарағанда, 38 млрд төмендегенін атап өтті. Шығынның орын толтыру және инженерлік инфрақұрылым бойынша міндеттерді шешу үшін аймақ әкімшілігі өңірге 22 млрд теңге (ЕҚДБ) тартты, қазір тағы 38 млрд теңге инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылуда.
«Жалпы, біз өңірге 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуды жоспарлаудамыз», - деді әкім.
Д. Ахметов басты жобалар ретінде (9 жоба - автор ескерт.) ұзындығы 1,5 шақырым болатын «Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелі құрылысы» екенін айтты.
Астана қалалық ІІД-нде Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, консультативтік кеңестің алғашқы отырысын Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ашты.
«Консультативтік кеңес органы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың 100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында көзделген талаптарын жүзеге асыру мақсатында құрылды және органның басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыұқтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметін әділ әрі ашық ету, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарын арасында өзара байланыс орнату болып табылады», деді департамент басшысы.
Консультативтік кеңес оқұрамына ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Сонымен қатар, отырыста дауыс беру арқылы ІІД жанындағы Консультативтік кеңес органының төрағасы болып «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин сайланды.
Жамбыл облысында 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер оқумен қамтылады
Жамбыл облысында 869 мемлекеттік қызметкерді оқытумен қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.
«Облыста Ұлт Жоспарының 5 бағыты бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілген. Арнайы медиа-жоспар әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деп тоқталды өңір әкімі.
Бірінші бағыт - кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң аясында жүргізілуде (1-15 қадам).
«Жыл басынан бері облыс бойынша төменгі лауазымдарға 4 жалпы конкурс жарияланды. Аяқталған конкурстар нәтижесінде 52 адам сынақ мерзімін өтуде.Облыста бірыңғай конкурстық комиссиялар және персоналды басқару қызметтері құрылды. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 5195 бірлікті құрайды, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда - 2747 бірлік (саяси мемлекеттік қызметші - 6, әкімшілік «А» корпусы - 16, әкімшілік «Б» корпусы - 5173)»,-деді ол «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалу барысын баяндау кезінде.
Атап айтқанда, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» бекітілді. Әдістемеге сәйкес «Б» корпусы қызметкерлерінің 2346 жеке жоспары құрылды және «А» корпусының қызметкерлері жұмыстарының басымдықтары туралы 11 келісім жасалды.
Мұнымен қоса, облыс әкімдігінде мемлекеттік органдардың қадр қызметтерімен тығыз байланыста болатын Әдеп жөнiндегi өкілетті өкіл лауазымы енгізілді, тәлімгерлер кеңестері құрылды.
Мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың 2016-2018 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында 42 млн. теңге қаражат қарастырылған. 869 мемлекеттік қызметшіні оқытумен қамту жоспарлануда. Өткен тоқсан ішінде 225 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті немесе 26% (оның ішінде 165 адам (30,2%) біліктілігін арттыру және 60 адам (18,6%) қайта даярлау курстарынан өтті»,-деді Кәрім Көкірекбаев.
Жамбыл облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен құны 170 млн. доллардан асатын 14 жоба жүзеге асырылмақ
Жамбыл облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен құны 170 млн. доллардан асатын 14 жоба жүзеге асырылмақ.
Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.
«Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен 26 болашағы зор инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Оның ішінде Қытай Халық Республикасымен экономикаық ынтымақтастықты жандандыру аясында қытайлық компаниялардың қатысуымен 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіншілігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны шамамен 170,4 млн. долларды құрайды», - деді өңір басшысы.
Оның атап өтуінше, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында облыс әкімдігі сүт, сүт өнімдері, сонымен бірге ет өнімдері өндірісіне стратегиялық инвесторлар тарту бойынша шаралар қабылдауда. Мәселен, жаңазеландиялық «FRONTERRA» мен даниялық «ARLA» компанияларымен 40 шаруашылықтың басын қосатын, сүт және сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Меркі өнімдері» атты ірі ілкі жобаны жүзеге асыру қолға алынған.
«Таяу аралықта өндірістік кооперативтер төңірегінде 70-тен 200-ге дейін асыл тұқымды сүтті сиыр ұстайтын сүтті-тауарлы фермалар құрылады. Бүгінгі күні сүт зауыты салынатын учаске анықталып, техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру әрбір кооперативтің таяу 5 жылдың ішінде тәулігіне 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеуіне қол жеткізетін болады», - деді К.Көкірекбаев.
Жамбыл өңіріне ет өнімдерін шығаруға 6,5 млрд. теңге инвестиция салуға дайын 5 инвестор келді. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.
«Облысқа ірі қара мал еті мен тауық етін өндіру және қайта өңдеуді дамыту үшін жалпы инвестиция көлемі 6,5 млрд. теңгені құрайтын 5 ірі инвестор тартылды», - деді К.Көкірекбаев.
Өңір басшысы деректеріне сәйкес, «Халал» стандартымен 1757 тонна ет өнімдерін шығаратын өндіріс орны Жамбыл ауданында ашылады. «ОңтүстікХалалТағамдары» серіктестігі жүзеге асыратын жобаға Біріккен Араб Әмірлігінің «ADEAS Development» компаниясы инвестиция құятын болады. Жоба құны 2,5 млрд. теңгені құраса, бүгінде оның 1,8 млрд. теңгесі толығымен игерілген.
«Agrostanferms» ЖШС малайзиялық инвесторлардың көмегімен Меркі ауданында 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау орнын салмақ. Инвестиция көлемі шамамен 10 млн. долларға тең. «Агро фирма Турікпен» ЖШС-і де 3 мың ірі қараға арналған бордақылау кешенін салып, 5 мың бас ірі қараға арналған мал тұқымын асылдандыру шаруашылығын құрмақ. Бұл жобаның құны шамамен 500 млн. теңгені құрайды.
Жамбыл облысының әкімдігі күн және жел электр стансаларын салуға инвесторлар іздестіріп жатыр. Бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалуына арналған брифингте аталған өңірдің әкімі Кәрім Көкірекбаев осылай мәлім етті.
«Бүгінде облыс басшылығы күн және жел электр стансалары құрылысы секілді жаңаратын энергия көздері бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту шараларын қарастыруда»,-деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, индустрияландыру бағдарламасы бойынша облыста шетел инвесторларының қатысуымен 3,6 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 13 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы 17 млн. доллар көлеміндегі 2 нысанды іске қосу көзделіп отыр.
Белгілі болғандай, 2015 жылы шетел инвесторларымен 50-ге жуық кездесу өткен. Қазіргі кезде 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру тұрғысында әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Оның ішінде ҚХР-мен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру аясында қытайлық компаниялардың қатысуымен 14 инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны 4 170,4 млн. долларды құрап отыр.
Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.
«Шикізатты емес, өңделген өнімді экспорттау қажеттігі туралы сұрақты қойып отырғандарыңыз орынды, шикізат күйінде жөнелтпей, өзімізде өңдеп, сосын экспорттап, одан пайда көруіміз қажет, - деді К. Көкірекбаев, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің қойған сұрағына жауап беріп, - бұдан бұрын малды тірідей қайда жібердік? Қордай ауданы Алматыға, Жуалы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысына, Ал Тараз, Мойынқұм ауданы - Қарағандыға жөнелтті. Қазір осыған орай, бізде «Оңтүстік халал» іске қосылады. Өзіміз өңдеп, салқындатылған түрде отандық және шетел тұтынушыларына жөнелтеміз. Иран, Араб Әмірлігі, Мысырмен және бірқатар елдермен сауда шарттары жасалды».
Облыс әкімі жамбылдық «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС БАӘ инвесторлардың қатысуымен Жамбыл ауданында қуаты жылына 1 757 тонна «Халал» стандартының ет өнімдерін шығару жобасын іске асыратынын атап өтті. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. «Бұл комбинат жоғары сапалы тоңазытылған ет жеткізеді, мұның мұздатылғанға қарағанда, артықшылығы бар. Егер тірілей салмаққа қатысты айтар болсақ, «Оңтүстік халал» ет комбинаты күніне 40 тонна өнім өңдей отырып, 250 ІҚМ және 1800 қой жеткізеді. Мұндай комбинат Меркеде де бар. Бұдан басқа «Agrostanferms» компаниясы Малайзиядан инвестордың қатысуымен 5 600 бас қойға арналған бордақылау базасын дайындады, енді Алматының бірқатар ірі супермаркеттеріне Жамбыл облысынан ет жеткізіледі. Бұрындары тірілей салмақта жөнелтсек, қазір өңдеп барып жеткіземіз».
К. Көкірекбаев көкөніс өнімдерін өңдеу мәселесін де қозғады. «Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында қызанақ өсіреміз. 30-40 пайызын сатамыз, 20 пайызын тұтынамыз. 25-30 пайызы зая кетеді. Кеше ғана Қытайда болғанда, қытай бизнесмендерімен келіссөз жүргіздік, олар мамырда келіп, қызанақты томат пастасы етіп өңдейтін зауыт салмақ. Жыл сайын Мерке ауданында егістік күнін өткіземіз. Онда 126 га алма бағын ектік. 80 гектарға жүзім өсіріледі. Жамбыл облысында 100 гектарға сондай-ақ қарқынды технология бойынша алма бағын өсіреміз. Жаңа технология бойынша - бақшаларды тамшылатып суару қолға алынды. Тұқымды, көкөніс өнімдерін екі есеге ұлғайтуды көздеп жатырмыз. Алғаш рет өткен жылы Ресейге 1 034 вагон пияз жөнелттік. Бұл, әрине, шикізат, алайда біздің аграршылар алғаш рет осындай жоғары өнімге қол жеткізді», - деді өңір басшысы.
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу дамып отыр - К. Көкірекбаев
Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.
«Шикізатты емес, өңделген өнімді экспорттау қажеттігі туралы сұрақты қойып отырғандарыңыз орынды, шикізат күйінде жөнелтпей, өзімізде өңдеп, сосын экспорттап, одан пайда көруіміз қажет, - деді К. Көкірекбаев, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің қойған сұрағына жауап беріп, - бұдан бұрын малды тірідей қайда жібердік? Қордай ауданы Алматыға, Жуалы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысына, Ал Тараз, Мойынқұм ауданы - Қарағандыға жөнелтті. Қазір осыған орай, бізде «Оңтүстік халал» іске қосылады. Өзіміз өңдеп, салқындатылған түрде отандық және шетел тұтынушыларына жөнелтеміз. Иран, Араб Әмірлігі, Мысырмен және бірқатар елдермен сауда шарттары жасалды».
Облыс әкімі жамбылдық «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС БАӘ инвесторлардың қатысуымен Жамбыл ауданында қуаты жылына 1 757 тонна «Халал» стандартының ет өнімдерін шығару жобасын іске асыратынын атап өтті. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. «Бұл комбинат жоғары сапалы тоңазытылған ет жеткізеді, мұның мұздатылғанға қарағанда, артықшылығы бар. Егер тірілей салмаққа қатысты айтар болсақ, «Оңтүстік халал» ет комбинаты күніне 40 тонна өнім өңдей отырып, 250 ІҚМ және 1800 қой жеткізеді. Мұндай комбинат Меркеде де бар. Бұдан басқа «Agrostanferms» компаниясы Малайзиядан инвестордың қатысуымен 5 600 бас қойға арналған бордақылау базасын дайындады, енді Алматының бірқатар ірі супермаркеттеріне Жамбыл облысынан ет жеткізіледі. Бұрындары тірілей салмақта жөнелтсек, қазір өңдеп барып жеткіземіз».
К. Көкірекбаев көкөніс өнімдерін өңдеу мәселесін де қозғады. «Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында қызанақ өсіреміз. 30-40 пайызын сатамыз, 20 пайызын тұтынамыз. 25-30 пайызы зая кетеді. Кеше ғана Қытайда болғанда, қытай бизнесмендерімен келіссөз жүргіздік, олар мамырда келіп, қызанақты томат пастасы етіп өңдейтін зауыт салмақ. Жыл сайын Мерке ауданында егістік күнін өткіземіз. Онда 126 га алма бағын ектік. 80 гектарға жүзім өсіріледі. Жамбыл облысында 100 гектарға сондай-ақ қарқынды технология бойынша алма бағын өсіреміз. Жаңа технология бойынша - бақшаларды тамшылатып суару қолға алынды. Тұқымды, көкөніс өнімдерін екі есеге ұлғайтуды көздеп жатырмыз. Алғаш рет өткен жылы Ресейге 1 034 вагон пияз жөнелттік. Бұл, әрине, шикізат, алайда біздің аграршылар алғаш рет осындай жоғары өнімге қол жеткізді», - деді өңір басшысы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадам ұлт жоспарында балаларға, жастарға білім, тәлім-тәрбие беру мәселесіне жан-жақты назар аударылғаны белгілі. Бұл ретте еліміздің болашағы мектеп оқушыларын демалыс уақыттарында сауықтыру мен олардың толыққанды демалысын және бос жүрмеуін ұйымдастыру үдерісі де маңызды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген 5 күндік оқу режиміне келесі оқу жылынан бастап көшуге байланысты жазғы каникулдің басталуы 1 шілдеге қарай ығысатынын ескеретін болсақ, бұл проблеманың тиімді және кәсіби шешімін табу бүгінде аса өзекті мәселе болып отырғаны байқалады. Демек, мектеп оқушыларын сауықтыру орталықтарына жаңа міндет қойылып отырғаны анық.
Бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы 7-8 сәуірі күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы жазғы демалыс кезінде балалар демалысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру мәселелеріне арналған республикалық семинар өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялардың білім беру басқармаларының, облыстардың және Астана мен Алмат қаласы әкімдігінің өкілдері, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары қатысты. Жиынның жалпы отырысында балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстарындағы барлық қызметтерді ведомствоаралық үйлестіру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысында ұсыныстар әзірленді.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда бүгінде үлкен жұмыстар жүргізіп отырған «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы да жазғы маусымға жан-жақты әзірленуде. Осы ретте ҚазАқпарат «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбайды сұхбатқа тартқан болатын.
- Мұхитдин Бекболатұлы, өзіңіз басшылық жасайтын орталықта бүгінде кімдер демала алады?
- Өздеріңізде білетіндей, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Халықаралық «Артек» балалар орталығының үлгісімен құрылған болатын. Жыл сайын біздің жыл бойы жұмыс істейтін орталықтың базасында елдің әр аймақтарындағы әртүрлі мектептерден алты мыңнан астам талантты мектеп оқушылары оқиды және демалады. «Балдәурен» бір ауысымда Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ге дейін баланы қабылдайды. Жазғы уақытта ауысым ұзақтығы 15 күн болады, ал оқу жылы кезеңінде ауысым 20 күнге созылады.
Орталыққа демалуға конкурстық негізде жолдаманы жеңіп алған 11-ден 15 жасқа дейінгі (5-9 сыныптар оқушылары) дарынды балалар келеді. Бұл оқу үздіктері, мектептік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, спорт жарыстарының, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ғылыми жобалар жеңімпаздары. Жолдамалар облыстық білім департаменттері арқылы бөлінетінін атап өтейін.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның ең беделді лагері «Балдәуренге» жіберілетін ең лайықты мектеп оқушыларын іріктеу жөніндегі әкімдіктердің, облыстық білім департаменттерінің, қалалық және аудандық білім басқармалары өкілдерінің үздік жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді.
- Балалардың демалуына, білім алуына қандай жағдайлар жасалған?
- Біздің орталықта балалардың демалуы үшін ең үздік жағдайлар жасалған. «Балдәурен» бүгінде деңгейі мен ауқымы жағынан Орталық Азия елдеріндегі бірден-бір ұлттық балалар лагері болып табылады, мұнда отандық балалар мен жасөспірімдер жайлы да қызықты, өзі үшін барынша пайдалы демалады. Онда олар сапалы қосымша білім алады және шығармашылық қабілеттерін шеберліктің жоғары деңгейіне көтере алады. Біздің орталықта жүйелі негізде балалармен және жасөспірімдермен тәрбие-білім және сауықтыру жұмыстарының көпжылғы тәжірибесі жинақталған, мұнда ең табысты және озық отандық және халықаралық педагогикалық технологиялар жүзеге асырылады.
Егер материалдық-техникалық база жөнінде айтар болсақ, «Балдәурен» орталығының аумағында әдемі де кең ғимараттар бар, олар осы заманғы талаптарға сай балалардың толыққанды демалуын қамтамасыз етеді. Мысалға, сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету сияқты шетін мәселе бізде мемлекеттік стандарттарға сай шешілген. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету де жоғары деңгейде жүргізіледі, заманауи техникамен жарақтанған мектеп сыныптары, спорт залдары, жабық бассейн және басқа да жайлы өмір сүру және демалу атрибуттары бар.
Орталық қызметін ҚР Білім және ғылым министрлігі бағыттап отырады. Бізде барлық өзекті және ағымдағы мәселелер бойынша білім ведомстволарымен белсенді байланыстар жолға қойылған. Жүйеленген ұдайы және өзара байланысты жұмыс болмайынша, үлкен Орталықтың қызметін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
- Орталық қызметі саласына не кіреді?
- Орталық қызметіне өңірлік білім ұйымдарымен үйлестірілген өзара іс-қимыл, климаттык ерекшеліктерді ескеру, жыл маусымына қарай білім беру және ойын бағдарламаларын жіті жоспарлау кіреді.
Сондай-ақ жыл бойы ұлттық жобаларды және патриоттық акцияларды сүйемелдеу шаралары жүзеге асырылады, үнемі алмасып отыратын лагер ауысымдары бойы тоқталмайтын тәрбие процесі мен барлық қызметтердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп отырады. Біз идеялы, жас және патриоттық үлгіде тәрбиеленген жас көшбасшылардың инкубаторына айналдық. Біз өскелең ұрпақтың озық буынын тәрбиелеу жөніндегі өзекті міндеттерді нақты және кәсіби түрде шешетін институтқа айналдық.
Қорыта келгенде, осының бәрі Орталық туралы күрделі тетік ретінде ғана емес, дәлірек айтсақ, одан әрі даму үшін жаңа креативтік идеялар мен мақсаттарды үнемі талап ететін жанды педагогикалық организм ретінде айтуға мүмкіндік береді.
- Жас ұрпаққа патриоттық тәлім-тәрбие беру бағытында недей жұмыстар атқарудасыздар?
- Иә, қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты патриоттық тәрибиелеудің рөлі арта түсіп отырғанын бөлек атап өткен жөн. Осыған байланысты «Балдәурен» Орталығына 2011 жылғы 20 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында) Жеңіс туының көшірмесін сақтауға беру бірегей тәрбиелік мәні зор оқиға болды. Жеңіс туы қанқұйлы жаумен жан беріскен ұрыста кеңес халқын ерлікке бастаған қасиетті символ болып табылады. Қазір осы Тудың көшірмесі біздің Орталықта сақтаулы тұр.
Бұл қасиетті жәдігер «Балалар демалысын ұйымдастырушылардың достастығы» Халықаралық қоғамдық ұйымы Атқару комитетінің бастамасымен Ресей Федерациясы әскери қолбасшылары клубының атынан «Балдәурен» орталығына 1941-1945 жылдардағы Жеңістің 65 жылдығына арналған еске алу-мемориалдық және мәдени-бұқаралық шараларға белсене қатысқаны үшін берілді. Жеңіс Туының көшірмесін беру салтанатты рәсімінің қатысушылары балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеттері, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары, өкімет органдарының өкілдері, «Балалар демалысын ұйымдастырушылар достастығы» Халықаралық қоғамдық ұйымы Атқару комитетінің өкілдері, Орталық қызметкерлері, масс-медиа өкілдері болды.
Бүгінде мемлекеттің басты ұлттық жобаларының бірі келесі жылы өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі болып отыр. «Балдәурен» Орталығы да бұл жобаны қолдауға белсене араласты. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен біздің Орталықта 2016 жылғы 12 наурызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге арналған «Табиғатты аялайық!» республикалық акциясы басталды.
Акция жұртшылық назарын қоршаған ортаны қорғауға аударуға, әрбір азаматта экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, волонтерлік қозғалысты қолдауға және дамытуға бағытталған. Бұл акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінің жалпы білім беретін мекемелерінің қатысуы ұсынылады. Акция қатысушылары немен айналысады? Олар қорғап, сақтауды талап ететін өз өлкесінің «экологиялық нысандарын» анықтайды, одан кейін бұл мәселелерді шешудің бірқатар практикалық шараларын қолға алады. Қатысушы-мектеп оқушылары «Балдәуреннен» өз өлкелеріне оралғаннан кейін бұл акцияны жергілікті жерлерде одан әрі насихаттайды, бүкіл ел үшін маңызды істің белсенді жанашырлары болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында былай деп жазады: «...күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдық элитаға, жоғарғы технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет. Тек өзінің интеллектуалдық әлеуетінің арқасында ғана ел әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады. ...Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі - бұл, үнемі құбылып отыратын бүгінгі мен белгісіз ертеңгіге дайын болуға көмектесетін, өмірлік машықтардың шоғырлануы. ...Бізге бағдарламаның шеңберінде қалып қойғандар емес, еркін жол таба білетіндер керек».
Біздің Орталық, біздің вожатыйларымыз, біздің педагогтарымыз ойын және басқа да педагогикалық формалар арқылы балалардың бойына озық ойлау мәдениетін еге отырып, баланы өз Отанының шынайы патриоты және азаматы етіп өсіруге көмектесе отырып, міне, нақ осындай бәсекеге қабілетті жеке адамды қалыптастыруға жағдай жасауға тырысуда.
Демалыс маусымы аяқталған кезде біздің балалар қайтадан келуге және осынау білім мен еңбек мерекесі әлеміне бой ұруға үміттеніп, лагермен көзіне жас алып қимай қоштасады. Тағы бір айта кетер жайт, «Балдәуренде» шеберлік сабақтарында болған, өңірлерден келген көптеген вожатыйлар одан әрі біздің Орталықтағы бос орындар конкурсына қатысатынын атап өткен жөн.
«Балдәурен» Орталығы елдің педагогикалық тәжірибесі қоржынына ғана емес, сонымен бірге ресейлік (бұл «Артек», «Орленок» және «Океан»), беларустық («Зубренок»), болгарлық («Камчия») сияқты халықаралық педагогикалық қоғамдастықтардың және басқа да халықаралық балалар демалысы орталықтарының тәжірибесіне өз үлесін қосып келеді. Біздің педагог-ұйымдастырушылар, біздің вожатыйлар педагогикалық ойын бағдарламалары халықаралық конкурстарына үнемі қатыса отырып, кәсіби жарыстардың жеңімпаздары және лауреаттары болып келеді. Сондай-ақ Орталықта Вожатый шеберлігі мектебі және Вожатый шеберлігінің жоғары мектебі түрақты негізде жұмыс істейді, оларда республикамыздың барлық өңірлерінен келген вожатыйлар үшін сабақтарды өткізу формасы лекциялар, семнарлар мен практикумдар ғана емес, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сабақтары және рөлдік ойындар түрінде де өтеді. Сонымен бірге біз нақ осы кадрларға деген өсіп отырған қажеттілікті көріп отырмыз, өйткені олар «Балдәурен» қабырғаларында бірегей мамандар болып шығады десек, асыра айтқандық емес. Балалар демалыс орталықтары үшін кадрлар даярлауға біз үлкен жауапкершілікпен қараймыз және вожатыйлардың кәсіби құзыретін арттыру мемлекеттік ауқымдағы міндеттерді жүзеге асыруда Орталықтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Біздің Орталық интеллектуалдық дарынды және өзіндік азаматтық ұстанымымен патриоттық тәрбие алған жеке адамды дамыту және қолдау үшін барлық жағдайды жасауға ұмтылуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгілеген бастамалары аясында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұжымы педагогикалық шеберліктің алдыңғы шебінде болуға ұмтыла отырып, ең таңдаулы халықаралық креативтік технологияларды таңдап, талмастан игеруде.
Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру мақсаттарының экономикалық және саяси маңызын түсіне отырып, біз алдымызға әлемнің танымал сауықтыру орталықтарының арасындағы көшбасшылардың бірі болу мақсатын қойып отырмыз.
100 ҚАДАМ: ҚР ҰЭМ мамандары Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің тиімді тұстары туралы айтып берді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдер, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілетін жоспарланған өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақстында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы қабылданды, ол 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Жер кодексіне енгізілген түзетулер көздейді: мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру; жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну; жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау; ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.
«Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады», - атап өтті Гүлжахан Бимендина.
Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» (Салық-кеден кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-нің, ҮЕҰ-нің және бизнес ұйымдарының өкілдері кірді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімділігін ескере отырып, сатудан алынатын салықты қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуде, шағын бизнес үшін патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері пысықталуда, сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктері мен салықтық және кедендік үрдістерін әкімшілендіру тетігіне талдау жасалуда.
Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Салық-кеден кодексінің жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетін болады.
Батыс Қазақстан облысында да Ұлт жоспарын орындалуы ойдағыдай
Батыс Қазақстан облысында сот отырыстарына азаматтардың қатысуын ұйымдастыру үшін алқа билер кандидаттарының тізімі жасақталды.
Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының дамыған елдердің отыздығына кіру жолында жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 16-шы 34-ші аралығындағы қадамдары Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытына арналған. Ата заңда айқындалғандай, заң алдында азаматтардың бәрі бірдей. Осы қағидатты мүлтіксіз сақтау тұрғысында Ұлт жоспарында бірқатар нақты тапсырмалар берілді», - деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, сот билігі тармағымен сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыруға, судья лауазымына іріктеу талаптарын күшейтуге, бір сөзбен айтқанда сот жүйесін жетілдіруге арналған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Сот отырыстарына азаматтардың қатысуын ұйымдастыру мақсатында алқа билер кандидаттарының тізімдері (6250 адам) жасақталды», - деді А.Күлгінов.
Батыс Қазақстан облысы экономикасына 355 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Үшінші бағыт - Индустрияландыру және экономикалық өсім. Ұлт жоспарының аталған бағыты ең ауқымды әрі Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды мәселелерін қамтиды. Мемлекет басшысы ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы мен әлеуметтік жаңғыртылуын одан ары жүзеге асыруда бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыт аясында облыста жаңа өндіріс орындарын құру мен инвестиция тарту мәселесіне зор назар аударылуда», - деді А.Көлгінов.
Оның сөзіне қарағанда, облыс экономикасына 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсіммен негізгі капиталға 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте аудандар мен облыс орталығы шегінде өңдеу өнеркәсібінің негізігі үлесін Орал қаласы (70 пайыз), Бөрлі (14), Зеленов (6,5) және Теректі (5,5) аудандары алып отыр.
«Қалған аудандар негізінен ауыл шаруашылығына бағдарланған. Оларда мал басының көбеюі, ет және ет өнімдерін шығару көлемінің артуы есебінен өндірісі өсімі байқалады», - деді өңір басшысы.
Батыс Қазақстан облысы экономикасына 355 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Үшінші бағыт - Индустрияландыру және экономикалық өсім. Ұлт жоспарының аталған бағыты ең ауқымды әрі Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды мәселелерін қамтиды. Мемлекет басшысы ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы мен әлеуметтік жаңғыртылуын одан ары жүзеге асыруда бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыт аясында облыста жаңа өндіріс орындарын құру мен инвестиция тарту мәселесіне зор назар аударылуда», - деді А.Көлгінов.
Оның сөзіне қарағанда, облыс экономикасына 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсіммен негізгі капиталға 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте аудандар мен облыс орталығы шегінде өңдеу өнеркәсібінің негізігі үлесін Орал қаласы (70 пайыз), Бөрлі (14), Зеленов (6,5) және Теректі (5,5) аудандары алып отыр.
«Қалған аудандар негізінен ауыл шаруашылығына бағдарланған. Оларда мал басының көбеюі, ет және ет өнімдерін шығару көлемінің артуы есебінен өндірісі өсімі байқалады», - деді өңір басшысы.
Батыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Бүгінгі күннің негізі міндеттерінің бірі жаңа өндіріс орындарын құрып, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту болып отыр. Индустрияландыру картасы аясындағы өзектендірілуді еске алғанда облыста сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда 2242 жұмыс орны құрылады», - деді ол.
Әкімнің алға тартқан деректеріне сәйкес, Индустрияландырудың алғашқы 5 жылдығында 258 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1828 жұмыс орны құрылған. 2015 жылдың қорытындысында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі 30 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 14 пайызды құраған.
«Мұндай жобалардың бірі - «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Жоба құны 3,1 млрд. теңгені құрайды. Трасформаторларды пайдаланушылар мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар, энергетикалық кешен кәсіпорындары мен темір жолдар болып саналады. Бұған қоса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өнімдерінің 90 пайызына дейін ТМД елдеріне экспорттауға бағытталған, Иран нарығына шығуды да жоспарлауда. Бұл жерде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Толық қуатына көшкенде 600 жұмыс орны құрылады»,- деді А.Көлгінов.
Өңір басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың сәуіріндегі жағдайға сәйкес, кәсіпорын 500 млн. теңгенің 840 трансформаторын шығарған. Оның 300-і ТМД елдеріне экспортталған.
«Бұған қоса, ағымдағы жылы «Орал трансформатор зауыты» түрік инвесторларымен серіктестікте электр техникалары құрал-жаблықтарын шығаратын «Оралэнерго» ЖШС бірлескен кәсіпорнын ашады. Құны 1,5 млрд. теңге болатын электр техникалары құрал-жабдықтарын бірлесіп шығаруды ұйымдастыру келісімшартына қол қойылған. Жаңадан 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған өндіріс орнын ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарланған», - деді БҚО әкімі.
Батыс Қазақстан облысында 1 мыңға жуық адам дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Ұлт жоспарының 76-79 қадамдары білім беру саласын жаңғыртуға арналған. Мемлекет басшысы функционалды сауаттандыруды дамыту мақсатында біртіндеп 12 жылдық білім беруге көшу керектігін айтты. 12 жылдық білім беру бойынша осы оқу жылы барысында Орал қаласының Ықсанов атындағы №36 мектеп пен Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі бекітілді. Педагог мамандар Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде біліктілігін арттырып, арнайы курстардан өтті», -деді өңір басшысы.
Оның атап өтуінше, еліміздің 10 өңірінде жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында әріптестік негізде таңдалатын колледж бар, соның ішінде Батыс Қазақстан индустриалды колледжі енген. «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжі арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған. Ол бойынша колледждің инжерлік-педагогикалық жұмысшылары Астана және Минск қалаларында біліктілігін арттырды. Колледж бен облыстағы «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» арасында ынтымақтастық туралы келісім бекітілген.
«Соңғы 2 жылда облыста дуальды оқыту жүйесі енгізіле бастады. Осы бағытта облыс бойынша 53 өндіріс орындарымен келісім жасалып, 979 адам осы жүйе бойынша оқытылып келеді. Яғни, түске дейін сабақта, түстен кейін өндіріс орнында 979 оралдық колледж студенттері теория мен тәжірибені ұштастыруда», - деді А.Көлгінов.
2015 жылы Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнестің құны 6 млрд. теңгелік 108 жобасы мақұлданды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Кәсіпкерлікті дамытуда шағын және орта бизнес субъектілері айтарлықтай рөлге ие. Жыл басынан бері облыста тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 45,4 мыңды құрады. ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 108 мың адамды құрайды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Мемлекет бюджетіне шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдері 49 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық. 2015 жылғы салық түсімдеріндегі ШОБ үлесі 30,6 пайызды құрады»,- деді А.Көлгінов.
Оның айтуынша, өңірдегі кәсіпкерлік белсенділігінің артуына мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы септігін тигізген. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 56 млрд. теңгеге 513 жоба мақұлданған. 22 мың жұмыс орны сақталып қалып, қосымша 3 300 жаңа жұмыс орны құрылған. Ауылдық жерлерде 20 млрд. теңгеге 195 жоба мақұлданған.
Мұнан бөлек, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге 108 жоба мақұлданып отыр. Мақұлданған жобалардың 56 пайызы ауылдық жерлерге тиесілі.
Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында 1750 пәтер салынады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылымға 12 млрд. теңге бөлінді. 2016 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы жалпы аумағы 130 мың шаршы метрді немесе 1750 пәтерді құрайтын 15 көппәтерлі үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 22 нысанын салу жоспарланған», - деді облыс әкімі.
А.Көлгіновтің атап өтуінше, аталған пәтерлердің 675-сі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына, 180-і жас отбасыларға, 671-і Қазақстанның ипотекалық компаниясы желісі арқылы кезекте тұрғандарға табыс етіледі. Ал 225 пәтер мемлекеттік жеке-серіктестік арқылы апатты үйлердің тұрғындарына беріледі.
Қарағанды облысының экономикасы 2016 жылы 1,9 пайызға артпақ
Қарағанды облысының экономикасы 2016 жылы болжам бойынша 1,9 пайызға өседі, деп хабарлады бүгін аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
«Облыс жұмысының тиімділігін бағалап, жауапкершілікті арттыру үшін ҚР Премьер-Министрімен 2016 жылға арналған жеті негізгі көрсеткішті арттыру жөнінде меморандумға қол қойдық. Облыс экономикасы 1,9 пайызға, жан басына шаққандағы инвестицияның өсімі 15,2 пайызды, жергілікті бюджеттен салық пен өзге де көздерден түсетін кіріс 3,3 пайызға артады деп жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік салаға келер болсақ, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталып, халықтың өмір сүру жасын 70 жасқа жеткіземіз», - деді облыс басшысы.
Аймақ басшысы атап өткендей, билік сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру күш салады. Облыстың негізгі бағдарламалық құжаттары жаңа форматта әзірленіп, бекітілген екен. Негізгі құжаттарды атар болсақ, бұл - Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 93-қадамында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылдау міндеті жүктелген болатын. Күшіне енген сол заңға сәйкес, елімізде Камералдық бақылау институты енгізілді. Осыған орай, ағымды жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу қамтылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Камералдық бақылау-ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеуге бағытталған ақпарат көздерін қолдау арқылы жүргізілетін қызмет. Осыған байланысты ағымды жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу қамтылды. Оның ішінде 17 мың сатып алу бойынша жалпы сомасы 116 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Демек әрбір 4-інші сатып алу бұзушылықтармен жүргізілген», - делінген баспасөз баянында.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, жауапты тұлғаларға бұзушылықтарды дербес жою үшін хабарламалар бағытталған. Айта кетерлігі, қателіктерді уақтылы жойған кезде лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты 2016 жылдың 1 тоқсанында әкімшілік жауапкершіліктен 4 637 лауазымды тұлға босатылған.
«Жаңа институттың экономикалық тиімділігі зор. Камералдық бақылау объектілерге бармастан жүргізілетіндіктен, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктеме төмендеді. Бұдан басқа камералдық бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган іссапарлық шығыстарды көтермейді», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, 2015 жылы атқарылған жұмыстар барысында 2,7 млрд. теңгеге бұзушылық анықталған. 481 қызметкер жауапкершілікке тартылып, 249,1 млн. теңгеге келісімшарттық міндеттемелер бұзылды.
«Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда Алматы облысында қандай шаралар атқарылып жатқанын бір шолып өтсек:
Биыл Алматы облысы бейне тіркегіштермен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» екінші бағыты бойынша (16-34-қадамдар) төрт қадам жүзеге асырылуда. 30-қадамды орындау үшін ағымдағы жылдың қаңтарында облыстық, аудандық және қалалық жергілікті полиция қызметтерінің басшылары тағайындалды. Олардың 1976 бірлік көлемде штаттық саны, ережесі және құрылымы бекітілді.
«60 қызметтік автомашина (қамтамасыз етілу - 100%), 166 бейне тіркегіш сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы осындай 300 құрылғы жеткізіледі және қамтылу 100 пайызды құрайды. Бұл мақсаттарға 450 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта облыста құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия жұмыс жасайды. Қоғамда тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Учаскелік инспекторлардың халық және кәсіпорындар мен ұйымдар алдында 519 есептік кездесуі өткізілді»,- деді А.Баталов.
Облыс әкімінің айтуынша, полицияның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер департаментінің жанында 8 адамнан тұратын Кеңес беру-кеңесу органы құрылды. Ол қауымдастықтың ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қамтамасыз етеді.
«32-қадамға сәйкес елде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы әзірленуде, онда барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей енгізілетін болады. Интернет-порталға қосылу үшін бүгінгі таңда облыс орталығының және барлық аудан орталықтарының геоақпараттық карталары әзірленіп, Бас прокуратураға берілді. Қалған елді мекендердің карталары кезең-кезеңімен әзірленуде», - деді өңір басшысы.
Ағымдағы жылдың мамырында Талдықорғанда өңірдің инвестициялық форумы өтеді.
«Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытын жүзеге асыруда инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті болып табылады. Облыста өңірлік Инвесторлар кеңесі құрылды, инвестиция тарту жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленді, «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсету Өңірлік орталығы жұмыс істейді», - деді А.Баталов.
Осы ретте өңір басшысы алдағы мамыр айында инвестициялық форум өткізіліп, оған отандық және шетелдік инвесторлар шақырылатындығын еске салып өтті.
«Бұл өте тиімді сұхбат алаңы болмақ, бұрын өткізілген форумдар қорытындылары бойынша қант қызылшасын, бақтарды қалпына келтіру, Алакөл көлінің жағалауын дамыту үшін ірі инвесторларды тартуға қол жеткіздік», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол 100 қадамды жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер туатындығын, рұқсат беру құжаттары қысқартылғанын, индустриялық аймақтарда жер телімдерін беру әрекеттері жеңілдетілгенін, инженерлік инфрақұрылымды дайындау жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Алматы облысы жыл соңына қарай ет экспортын 2 мың тоннаға жеткізетін болады.
Оның айтуынша, 61-қадам аясында ет өндірісін және өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту міндеті қойылған.
Негізгі мақсат - шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау. «Облыста ірі қара мал саны бір миллион бастан асты, оның ішінде асыл тұқымды мал үлесі 18,3 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда 19 мың мал басына арналған алты ірі жемдеу алаңы жұмыс жасайды. Оның ішінде үшеуі - «ӨтесБиоАзия» ЖШС, «Жақсылық» ШҚ және «Империя Фуд» ЖШС-і 67 шаруа қожалықтары үш кооперативке біріктірілуде», - деді ол.
Облыс басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы 16,9 мың мал басына арналған тағы 12 жемдеу алаңы іске қосылады. Екі ет өңдеу зауытының құрылысы басталады. Олар қуаты сегіз мың тонна болатын ирандық «Империя Фуд» компаниясы және Қарасай ауданында қуаты жылына 10 мың тонна болатын «Үміт» ЖШС.
«Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша ет өндірісі 14,6 мың тоннаға артып, 330,4 мың тоннаға жетті. Экспортқа екі мың тонна жеткізіледі», - деді өңір басшысы.
Алматы облысында инвестиция көлемі 34,7 млрд. теңгені құрайтын үш ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.
«56-қадам «Экономиканың басым секторларына «зәкірлі» инвесторлар тарту» аясында жалпы инвестиция көлемі 34,7 млрд. теңгені құрайтын үш ірі жоба жүзеге асырылуда, шамамен 500 жұмыс орны құрылды.
Оның біреуі - мен айтып өткен ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет комбинаты және екеуі - ресейлік компаниялар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, оның бірі - Іле ауданында 60 гектар жерді алып жатқан «ЭКО-культура» агрохолдингінің өнеркәсіптік-жылыжай кешенінің құрылысы. Бірінші кезеңде 20 гектар алаңға қуаты жылына 15 мың тонна томат өңдейтін жылыжай кешені салынады. 260 жұмыс орны құрылады. Ал екіншісі май өнімдерін өндіретін «ЭФКО» компаниясы өткен жылдан бері майбұршақты Ақсу, Көксу, Ескелді, Алакөл және Сарқан аудандарының шаруа қожалықтарынан сатып алып, оны Алматы қаласында өңдеуде.
«Енді олар «Талдықорған» индустриялық аймағының аумағында 350 мың тоннаға дейін майбұршақ өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Болжамды іске қосу мерзімі - 2017 жыл»,- деді өңір басшысы.
Алматы облысында биыл 84 балабақша салынбақ
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында өңірдің 2016 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және IІ тоқсандағы міндеттері қаралды, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.
Негізгі баяндаманы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов жасады.
Баяндамашының айтуынша, ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі - 58,1 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артып, 929,6 мың га жетті. Көктемгі дала жұмыстары басталып, қажетті дизель отын, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер сатып алынды. Барлығы 69,4 мың тонна мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,5%-ке көп.
Өнеркәсіпте 128,1 млрд. теңгенің, ал өңдеу өнеркәсібінде 100,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Жергілікті мазмұн бойынша 5,1 млрд. теңгеге келісімшарттар жасалды, оның мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі үлесі 66,9%-ті құрады. Жаңа 7 нысан іске қосылып, 5 өндірісті кеңейту есебінен қосымша 169 жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнес туралы айта келіп Л. Тұрлашов 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аталмыш сала субъектілерінің саны 6,6%-ке артып, 161,5 мың бірлікті құрағанын жеткізді.
«Бизнестің жол картасы - 2020», «Балапан», «Өңірлерді дамыту - 2020», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» бағдарламаларының орындалу барысы туралы да баяндап, орын алған кемшіліктерді, жұмысты дұрыс үйлестіре алмай отырған аудандарды атап өтті.
Атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы Райымбек және Ақсу аудандарының әкімдері хабарлады.
Сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішовтің хабарламасы көктемгі егіс науқанының барысы, дақылдар егу, ет және сүт өндірісі саласының дамуы, қант қызылшасын өсіруді ұлғайту мәселелері жөнінде болды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 6350 га қант қызылшасы себілген, егістік жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар С. Бекішов Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарының белсенді атқарылып жатқанын айтты.
Құрылыс жұмыстары мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т. Бектасов биылғы жылға және келесі жылға ауысатын барлық құрылыс нысандары жайлы баяндады.
Жиын қорытындылай келе облыс әкімі А. Баталов жалпы бүгінге дейін атқарылған жұмысты оң деп бағалауға болатынын, дегенмен әлі де іске қарқын қосу қажеттігін атап өтті.
- Барлық бағыттағы жұмыстарды жылдамдату керек. Жан-жақты жоғары нәтижеге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Ең бастысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі тиімді орындауымыз қажет. Қазіргі кезде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мен өңдеу мәселесін шешуге күш салуға тиіспіз. Бұл істі Талдықорғаннан бастау керек. Газдандыру да өте ыждаһаттылықты талап етеді. Сонымен қатар тариф мәселесін шешу де күн тәртібінде тұр. Әлеуметтік мәселе де тұрақты назарда болуы тиіс. Алда мектеп емтихандары, жазғы демалыс. ҰБТ-ны өткізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру басым бағыттың бірі болуы керек, - деді А. Баталов.
Сонымен қатар инвестиция тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту ісін жалғастыру туралы тапсырма берді. Мәселен, биылғы жылы облыста 84 балабақша салу жоспарланса, соның 75-і - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылмақшы. Сөйтіп, Алматы облысындағы мектепке дейінгі мекмелермен қамту деңгейі 87 %-ке жететін болады.
Биыл Алматы облысында барлығы 74 жекеменшік балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.
«Балапан» бағдарламасының аясында 99 балабақша ашылды, оның ішінде 88-і - жекеменшік. Жалпы, облыс мектепалды білім беру бағытындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жөнге салған, осылайша, ірі инвесторларды тартып отырмыз. Мысалы, Іле ауданының Өтеген батыр кентінде 500 орынды балабақша, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 240 орынды балабақша ашылды»,-деп хабарлады әкім.
А.Баталов мәлім еткендей, биыл 74 жекеменшік балабақша ашылады. «Осылайша, облыс бүлдіршіндерін балабақшамен қамту деңгейі 87 пайызға жетеді»,-деп толықтырды әкім.
Алматы облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті аясында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 140 жобаны жүзеге асыруға ұсынған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін қаражат төрт қаржыландыру көзінен бөлінеді деп күтілуде. Ол қаржыландыру көздері ұлттық қор, республикалық бюджет, жергілікті бюджет және жекеменшік инвестиция»,-дей келе А.Баталов облыстың көздеген бір мақсаты - аймақтың дамуына жеке инвестиция тарту екенін атап өтті.
Ал, жеке инвестиция тартудың бір тетігі - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік.
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы жаңа заң қабылданғаннан соң, бұл бағытта бір жыл сайын кемінде бес жобаны жүзеге асыру мақсатын көздеп отырмыз. Қазіргі таңда 16 жобаға қатысты келіссөздер жүргіздік. Ал, жалпы, Алматы облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 140 жобаны жүзеге асыруға ұсынды»,-деп түйіндеді сөзін әкім.
Биылғы жыл «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын іске асырудың нақты кезеңі ретінде ерекше маңызға ие екені белгілі. Мемлекетті, экономика мен тұтастай қоғамды дамыту һәм жаңғырту үшін Елбасы бастама жасаған бес институттық реформа жалпы алғанда Қазақстандағы жаңа құқықтық ортаны қалыптастыратын болады. Сонымен бір мезгілде, ұлттық экономика жаңа әлемдік қатерлерге бейімделіп, бірқатар өзгерістерді бастан кешіріп отырған жайы баршылық. Сондықтан да, кең ауқымды жүргізіліп жатқан реформалар аясында қаржылық бақылау саласын әлемдік тәжірибеде мойындалған стандарттармен толықтыру, қаржылық саясатты жетілдіру мәселесі де өзекті болып отырғаны даусыз.
Айта кетерлігі, «100 нақты қадамның» 93-інші қадамын Елбасы Н. Назарбаев «аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу» бағытындағы тапсырмаларымен айқындаған болатын. Бұл ретте жүктелген тапсырмаларға орай мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Ал мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Президент Н. Назарбаев «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» жаңа заң қабылдау қажеттігін айтып, Есеп комитетіне бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істеуді, ағымдық операциялық бақылаудан кетуді тапсырған еді.
Аталған заң былтыр Парламентте қабылданып, оның нормалары 2016 жылдың қаңтарынан бастап іске аса бастады. Құжаттың басты мақсаты - қаржылық бақылаудың құқықтық қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру. Осы мақсаттар аясында Қазақстан ұмтылып отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше мемлекеттерінің тәжірибесі талданып, елімізде халықаралық кәсіби аудит стандарттарын енгізу жүргізіле бастады. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит түрлері бойынша тиімділік аудитіне, қаржылық есептілік аудитіне және сәйкестік аудитіне бөлінеді. Оның ішінде мемлекеттік аудиттың өзі сыртқы және ішкі аудитке жіктеліп отыр. Ең бастысы егер бұған дейінгі жылдары қаржылық бақылау жұмысы заң бұзушылықтарды ашуға бағытталса, жаңа мемлекеттік аудит бұзушылықтарды жойып қана қоймай, қаржы саласындағы олқылықтардың алдын алуға, заңсыздықтарды барынша азайтуға ықпал етуді қарастырады.
Осылайша, жаңа стандарттар мен жүйелерді белгілеген заңның аясындағы ережелер ҚР Қаржы министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тарапынан жүзеге аса бастады.
Мәселен, ҚР Қаржы министрлігінде жаңа институт - камералдық бақылау жүйесі енгізілді. Бақылаудың бұл түрі - ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеуге бағытталған ақпарат көздерін қолдану арқылы жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе ағымдағы жылдың басынан ғана енгізілгеніне қарамастан бірқатар нәтижелерді паш етіп отыр. Мәселен, 2016 жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу үдерістері қамтылған екен. Соның ішінде жаңа жүйе бойынша тексеру арқылы 17 мың сатып алудағы жалпы сомасы 116 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып отыр. Яғни, камералдық бақылау арқылы әрбір 4-інші сатып алу үдерісі заң бұзушылықтарға жол бере жүргізілгені белгілі болды.
Айта кетерлігі, камералдық бақылаудың тиімділігін статистикалық мәліметтер де нақтылайды. Мысалы, қаржылық бақылау дәстүрлі тексеру арқылы ғана жүзеге асырылған былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың өзінде бақылау тиімділігінің өсуі бірнеше есеге артқаны байқалды. Айталық, 2015 жылдың 1 тоқсанында дәстүрлі тексерулер арқылы 3 мың процедура бойынша 37,4 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталған еді.
Мамандар жаңадан енгізіліп отырған қаржылық бақылау жүйесінің экономикалық тиімділігін де атап өтеді. Мәселен, камералдық бақылау қызметі объектілерге бармастан жүргізілетіндіктен, мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік жүктеме төмендейді. Екіншіден, камералдық бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган ешқандай да іс-сапарлық шығыстарды көтермейді. Бұдан бөлек, тексеру-бақылау барысында адамдардың араласу фактілері жойылады. Осының нәтижесінде 2016 жылдың үш айы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда бұзушылықтарды анықтау және жоюға байланысты ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің заңсыз әрекетіне арыз-шағымдар саны әжептәуір азайған.
Нәтижесінде, камералдық бақылау арқылы қаржылық заң бұзушылықтарға жол бергендерге дербес жою үшін хабарламалар жолдана бастады. Бұл ретте тоқтала кететін жайт, Қаржы министрлігі қателіктерді уақытылы жойған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Осылайша, 2016 жылдың 1 тоқсанында қателіктерін дер кезінде жойған 4 637 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершіліктен босатылған. Осының арқасында конкурстардың күшін жою арқылы 65 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары бюджетке қалпына келтірілген. Айта кетерлігі, 2015 жылы жүргізілген жұмыс барысында 2,7 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып, 481 қызметкер жауапкершілікке тартылған екен. 249,1 млн. теңгені құрайтын келісімшарттық міндеттемелер күшін жойды.
Сонымен қатар, реформа аясында қабылданған заңға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың анықтығын, квазимемлекеттік сектор субъектілері стратегияларының іске асырылуы мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған жаңа функциялар жүктелді. Және бір ерекшелік, Есеп комитетінің жанындағы Үйлестіру кеңесі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі болып қайта құрылып отыр. Қайта құрылған кеңестің шешімдері ендігі күні мемлекеттік органдар үшін ұсынымдық сипатта емес, міндеттілік сипатына ие. Кеңес ақпан айында өзінің алғашқы отырысын өткізіп, онда мемлекеттік аудитті енгізу, мемлекеттік аудиторларды сертификаттау, бірыңғай ақпараттық дерекқордың жұмыс істеуі мәселелері талқыланған болатын.
Тоқтала кететін жайт, Есеп комитеті өз қызметін бастаған кезден бері 26,0 трлн. теңгеден аса бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамти отырып, барлығы 734 бақылау іс-шарасын жүргізген екен. Бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 трлн. теңгеден асады. Соның ішінде, тек өткен 2015 жылдың өзінде қаржылық бақылаудың нәтижесінде 1 триллион 300 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталып, шамамен 316,4 млрд. теңге бюджетке қалпына келтірілген.
Тұтастай алғанда, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Мемлекет басшысы бюджет саясатын трансформациялау үдерістеріне мейлінше мән беріп отыр. Сол тұрғыдан алғанда, Ұлт Жоспарының тұтастай қадамдарын сапалы іске асыру мемлекеттің орнықты дамуын қамтып, халықаралық нарықтық қатынастар жолына түсуін қамтамасыз ететін болады.
Жамбыл облысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар барысында Ө. Шөкеев Орталық Азиядағы ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Ол Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында орналасқан.
Шетелдік инвестордың қатысуымен қуаты 50 МВт-қа дейін КЭС 10 ай ішінде салынған. Ол ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу барысында 2015 жылдың 2 шілдесінде іске қосылды.
Күннен электр қуатын өндіретін стансаны «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен британдық UG Energy Limited компаниясы бірлескен «Бурное Солар-1» ЖШС кәсіпорынын құру жолымен іске асырды. Оның құны - 125 млн доллар.
Қазір кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жылдың электр қуатын өндіру көлемі - 58,718 млн кВт/с. Ол болжанған көрсеткіштен 10 пайызға көп.
«Бурное» станциясы Қазақстанның EXPO-2017 халықаралық көрме аясындағы «жасыл экономика» жасау мақсатының табысты дәлелі бола алады. Сондықтан біз станция қуатын 100 МВт-қа арттыруды көздеп отырмыз. Бұл үшін 220 киловольтты станция дайын, қосымша 50 МВт қуатты арттыру артық шығынды қажет етпейді», - деді, «Самұрық-Қазына Инвест» басшысы Қайрат Найзабеков.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапары барысында Шу ауданындағы «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына барды.
Еске сала кетсек, жоба халықаралық «TARAZ INVEST- 2012» инвестициялық форумында таныстырылған. ҚР Президенті Жарлығымен Шу ауданында аумағы 505 га арнайы экономикалық аймақ құрылған. Жоба Жамбыл облысындағы инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін іске асырылуда. АЭА қатысушылары бірқатар жеңілдіктерге ие, сондай-ақ қажетті ресурстар мен инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген. Инвестициялардың жалпы сомасы - 375 млрд теңге.
АЭА аумағында 16 жоғары технологиялық химия зауыты пайда болады деп күтілуде. Олардың жалпы жылдық қуаты 25 түрлі 2 млн тонна химиялық өнім шығару болмақ. Қазіргі уақытта жеті импортты алмастыратын өндірісті іске асыруды көздеп отырған 5 қатысушы тіркелген. Сондай-ақ табиғи газды тереңірек өңдейтін зауыт құрылысы жоспарланған.
Жоба бойынша 2016 жылдың басында АЭА-ны барлық сыртқы инфрақұрылымдарының құрылысын аяқтау көзделген. Ө. Шөкеев инфрақұрылымдар нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары барысымен танысты. Бұлар аймаққа келетін тұстағы автожол және темір жол, газ құбыры, су құбыры және электрмен жабдықтау желісі.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы Алматы-1-Шу жол бөлігіндегі жұмыстармен танысты. Бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр. 7 сәуірде мұнда «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС тұңғыш өнімі - рельс-шпалды торкөзінің алғашқы кезегі төселді.
«Бүгінгі күні Жамбыл облысында іске асырылып жатқан жобалардың өңір үшін әлеуметтік және экономикалық мәні мен ел экономикасының дамуындағы стратегиялық маңызы өте зор. Соның ішінде, екі жоба - «Бурное» мен «Тараз химия паркі» біздің қордың жаңа үлгісіне, республикада жаңа салаларды дамыту мақсатына сай келеді», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.
Елбасы Н. Назарбаев бастамасымен жүзеге аса бастаған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары Қазақстандағы жаңа құқықтық ортаны қалыптастырады. Десе де, бағдары айқын реформаның табысты орындалуы, ең алдымен, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да Ұлт Жоспарында қамтылған қадамдар заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше мән беріп, осы бағытта қызмет атқаратын құқық қорғау органдарын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Реформалар аясында қоғамды жаңғыртудың бір қадамы ретінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі пенитенциарлық жүйені дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ол бойынша Ұлт Жоспарының 34-ші қадамында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдану тетігі қарастырылған болатын. Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұловтың айтуынша, азаматтар үшін заң үстемдігі мен әділдіктің салтанат құруына қылмыстардың көптеп ашылуы ғана емес, сонымен бірге қылмыскерлерге әділ жаза тағайындау да маңызды рөл атқарады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, үнемі жаза кесіп, бас бостандығынан айыратын үкімдерді күшейту қылмыспен күресте тиімді құрал болған емес. Бұл негізінен қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулауға соқтырып, оны қайта тәрбиелеудің орнына, керісінше адамды одан сайын тұқыртады. Соның салдарынан қоғамнан жырақта өмірін өткізген қылмыскердің жазасын өтеп шыққаннан соң әлеуметтік ортаға бейімделуі оңай болмайды.
«Сондықтан да, көптеген дамыған елдерде жазаның балама тәсілдері белсенді қолданылып, пробация қызметін дамытуға, түзеу мекемелерінің инфрақұрылымын жаңғыртуға мейлінше назар аударыла бастады. Қазақстан да өз Тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап пенитенциарлық жүйесін ізгілендіріп, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарын қолға алды. Көпжылдық реформалардың нәтижесі де жаман емес», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов. Оның айтуынша, егер 2002 жылы Қазақстан «түрмедегілер саны» индексі бойынша әлемде 3-ші орында болса, қазіргі таңда еліміз ондай жағымсыз үштіктен кетіп, 61-ші орынға сырғыдық.
Бұдан бөлек, реформалар аясында Қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігінің құзырынан Ішкі істер министрлігінің қарамағына қайта өтіп, ведомство осы саланы жаңғыртуды одан әрі жалғастырған болатын. «Қазіргі таңда түрмелерде құқықтық тәртіп орнықты. Онда орын алатын қылмыстар деңгейі де 45 пайызға азайып, өрескел құқық бұзушылықтар 42 пайызға, өзіне қол жұмсау оқиғаларының көрсеткіші 25 пайызға кеміген. Түзеу мекемесінің әкімшілігіне сотталушылар тарапынан түсетін арыз-шағымдар саны да жеті есеге қысқарды», - дейді Б. Бисенқұлов.
Реформаның осындай жағымды нәтижелерімен қатар, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқарушылық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстер еліміздегі «түрме халқының» санын азайтуға өз септігін тигізген екен. Айта кетерлігі, былтырғы жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылғандар саны 16 мыңнан астам адамды құрап, ол 2014 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары болды. Мерзімінен шартты түрде ерте босатылғандар саны 15 пайызға артса, жазасы жеңілдетілген сотталушылардың саны үш есеге өскен. Сонымен қатар, қазіргі күні қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде шамамен 38 мың адам ұсталып отыр. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 19 пайызға аз, ал 2002 жылмен салыстырсақ, түрмедегілер саны былтыр 45 пайызға қысқарған. Осының нәтижесінде соңғы бір жарым жыл ішінде Павлодар қаласындағы түрме жабылып, Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемесі қайта бейінделуден өткізілген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «түрмедегілер санының» қысқаруына байланысты республика бойынша тағы жеті мекемені жабу жұмыстары атқарылатын болады.
«Жазаны орындау жүйесінің маңызды өркениетті өлшемдерінің бірі - бұл бас бостандығынан айырылған азаматтардың ұсталу жағдайы. Осы бағытта да бізде оң өзгерістер орын алуда. Біз сотталғандардың санын азайту арқылы бір жағынан бас бостандығынан айырылғандардың материалдық-тұрмыстық қамтылуын жақсарттық, оларға тиесілі орындар аумағы да кеңейді. Сотталушылардың барлық дерлік медициналық және коммуналдық-тұрмыстық жабдықтары жаңартылды. Туберкулезге қарсы ауруханалар күрделі жөндеуден өткізіліп, сотталушылардың өмір сапасына тікелей тәуелді болып табылатын 65 нысан жаңартылды», - дейді Берік Бисенқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде сотталушыларды камералық типте ұстауға көшіруге арналған мекемелердің құрылысын салу және қайта құрылымдау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, камералық ұстау сотталғандардың жағдайын жақсартып қана қоймай, жазасын өтеушілердің арасында қылмыстарды болдырмауға септігін тигізеді.
«Сонымен бірге, қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл Ұлт Жоспарының 34-і қадамында жүктелген тапсырма болатын. Жалпы Қазақстанда қызмет етіп жатқан қылмыстық-атқарушылық жүйесіндегі ұстау мекемелерінің барлығы дерлік қырық жыл бұрын салынған нысандар. Сондықтан да, қазір жаңа мекемелер салу күн тәртібіне шығып отыр. Ал бұл айтарлықтай қаржылық шығынды талап ететіні сөзсіз. Сондықтан да, мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты бөлісу үшін жеке инвестициялар тарту туралы шешім қабылданған болатын. Ал жеке инвестиция тартудың негізгі тетіктерінің бірі - мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығын дамытатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Біз осы бағыттағы халықаралық тәжірибелерді зерделеп, талдап шықтық. Сондықтан да, Қазақстанда пенитенциарлық инфрақұрылым жүйелерін дамытудың мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы аса қолайлы түрі - концессия болып табылады. Бұл қазіргі заманауи түзеу мекемелерінің құрылысын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұтастай алғанда пенитенциарлық жүйені басқару тетігін жақсартады», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда мамандандырылған түзеу мекемесінің типтік жоспары әзірленген. Ол 1500 орынға шақталып отыр. Мұндай мекеменің құрылысын Шымкент қаласында салу үшін тиісті экономикалық қорытынды да алынған. Осындай заманауи мекеменің құрылысын жүргізу үшін Шымкент, Петропавл, Астана және Қарағанды қалаларында жер учаскелері де бөлінді. Ең бастысы, пенитенциарлық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздік мәселесі, жазаны атқару мен күзетпен қамтамасыз ету - мемлекеттік құзыретте болуы керек әрі солай болып қала да береді. Яғни, ондай функциялар мемлекеттік емес секторға жүктелмейді.
«Тағы бір маңызды мәселе бар: бүгінгі күні мемлекет жазасын өтеуші азаматтарды ұстап тұруға қомақты қаражатын сарп етіп келеді. Оның үстіне сотталғандардың басым бөлігі сот үкіміне сәйкес, жапа шегушілерге келтірілген материалдық залалын да өтеуі керек. Ал ондай проблеманы сотталғандардың өздерін еңбекпен қамтымай шешу еш мүмкін емес», - дейді Берік Бисенқұлов.
Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздегі Қылмыстық-атқару жүйелеріндегі кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар салмақты шаралар қабылданған. Осының арқасында сотталушылар үшін қосымша жұмыс орындары да ашыла бастады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жүзеге асыру сотталғандарды жұмыспен қамтуда да маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі 92 нысан жеке тұлғаларға жалға берілсе, 32 нысан сенімді басқару қолына өткен. Осының арқасында 2 мыңнан астам сотталушы жұмыспен қамтылып отыр. Бұдан бөлек, жаңа заңнамалық кеңістік сотталушыларға, олар жазаларын өтеу барысында да жеке кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті табысты игеріп жатқандар да баршылық», - дейді ІІМ өкілі.
Оның айтуына қарағанда, 2015 жылы сотталып, жазасын өтеп жатқан еңбекке қабілетті азаматтардың 55 пайызы жұмыспен қамтылған. Соның арқасында 1 млрд. теңгені құрайтын шығындардың орны толтырылған. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш үш есе аз болып, 352 миллион теңгені құраған екен.
Сотталып, түрмеге түсетіндердің барлығында бірдей мамандық пен кәсіп бола бермейтіні анық. Ол тұрмақ сотталушылардың кейбірінде тіпті орта білім де жоқ екені белгілі. Сондықтан да, түрме мекемелерінде жалпы білім беру және кәсіби оқыту жұмыстары атқарылады. Мәселен, өткен оқу жылында 1200 сотталушы аттестат пен орта білімі туралы куәлік алған. Сондай-ақ, 3600 адам кәсіптерді иеленсе, қазіргі күні 3,5 мыңға тарта сотталған адам 35 түрлі жұмысшы мамандығына оқытылуда.
«Кеңестік кинода айтылатын: «Ұры түрмеде отыруы керек!» деген мәселе аксиома емес. Сөзсіз, қылмыс жасаған адам қолымен жасағанды мойнымен көтеріп, жазасын тартуы қажет. Дегенмен, жазалау деген осы екен деп, сүрінгеннің бәрін түрмеге тоғыта беруге де болмайды. Сондықтан да, жаңа қылмыстық заңнама осы мәселеге оң қырынан келіп, жазалаудың бас бостандығынан айырумен байланысты емес балама тәсілін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтті. Қазіргі таңда Қазақстанда 2012 жылы құрылған қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация табысты дамып келеді», - дейді Б. Бисенқұлов. Оның сөзіне қарағанда, бұл механизм қазірдің өзінде жағымды нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, пробация қызметінде есепке алынған тұлғалардың қайтара қылмыс жасауы өткен жылы 32 пайызға төмендеген. Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 22 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік, құқықтық көмектер берген. Сондықтан да, Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта пробация қызметінің төрт сатысын заң арқылы бекітуді жоспарлайды. Бұлар - сотқа дейінгі, үкім барысындағы, пенитенциарлық және пенитенциарлық кезең барысындағы қызметтер.
«Әрине, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілгендер бақылаусыз қалмауы керек. Дегенмен, бақылаудың электрондық құралы енгізілсе ондай азаматтарды ұдайы бақылап отыру да қиын бола қоймайды. «Электронды білезік» аталатын құрылғы тағылғандар бостандықта қалыпты өмір кешеді. Бұл сотталушының бір жағынан әлеуметтік бейімділігіне үлкен мүмкіндік берсе, екінші жағынан өзінің ұдайы бақылауда екенін білетін олар қылмысты қайтара жасауға ешқандай да құлықты бола қоймас», - дейді Б. Бисенқұлов.
Түйіндей айтсақ, қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту және осы бағыттағы реформалар кешенін одан әрі жүзеге асыру саланы халықаралық стандарттарға мейлінше жақындата түсетіні анық. Ұлт Жоспары аясындағы бүгінгі күні Ішкі істер министрлігінде атқарып жатқан шаралар кешені де осындай игі мақсатқа негізделген. «Ең ақыры Қазақстан Республикасының Конституциясы мен БҰҰ Конвенцияларында қарастырылған адам құқықтарын, әсіресе бас бостандығынан айырылған санаттағы азаматтардың құқығын қорғау арқылы біз заңды, мемлекет пен қоғамды құрметтейтін азаматтардың мүддесін жоғары деңгейде қорғай алатынымыз анық», - деп түйіндейді Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов.
«100 қадам» энергетика саласының әлеуетін арттырады
Кемелді болашақтың жоспары - «100 нақты қадамның» «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты бөлігінде электр энергетикасын дамытуға байланысты бірнеше міндеттер қамтылған. Нақтырақ айтқанда, электр энергетикасы саласындағы атқарылар іс-шаралар әлеуметтің үдесінен шығуы тиіс. Бүгінде осы бағытта бірқатар ауқымды істер іске асырылуда.
Осы тұрғыда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 50-қадам «Электр энергетикасын қайтадан құру», «Бірыңғай сатып алушы» моделін бекіту» міндеттерін көздейді. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
Жасыратыны жоқ, электр энергиясы түрлерінің тарифтері барлық жерде бірдей емес. Осыған орай, тұтынушылар тарапынан тарифтердің жиі өзгеріске ұшырауына байланысты наразылықтар туындауы ықтимал. Сондықтан, мұндай олқылықтарға жол бермеу мақсатында электр энергетикасы саласын ұлғайта отырып, «Бірыңғай сатып алушы» моделі енгізілгені жөн. Қазіргі таңда электр энергетикасы саласын қайта ұйымдастыру аясында ҚР Энергетика министрлігі салаға инвестициялар тартуды ынталандыратын жаңа тарифтік саясатты енгізу жұмысын жүргізуде. Қуат өндіретін ұйымдардың арасында бәсекелестікті дамыту үшін электр қуатын сатып алу орталықтандырылған сауда-саттық арқылы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қуатты сатып алу ісімен Есептік-қаржы орталығы - Тікелей ұзақ мерзімді шарттар жөніндегі бірыңғай сатып алушы айналысатын болады. Бұл инвесторларға жаңа жинақтаушы қуаттарды салуға және жұмыс істеп жатқандар нысандарды кеңейтуге кеткен салымдарын қайтару кепілдіктерін алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 51-қадамда «Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру» мәселесі қойылған. Бұл міндетті іске асыру энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін артырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады. Осының өзі тұтынушы тілегіне сай келетіні талас тудырмайды.
Ал, Ұлт жоспарындағы 52-қадам «Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу» деп аталады. Әрине, тариф құрылымы өзгертуді талап етеді. Тарифтерде 2 құрылушы ерекшеленетін болады: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленеді. Бұл шығынды өтеу әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
Көріп отырғанымыздай, ел экономикасын ілгері дамытудың басты тегершігіне айналған электр энергетикасын оңтайландыру жолдары баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттің Ұлт жоспарында осылайша көрініс тапқан. Ендігі міндет - осы шараларды дәйектілікпен іс жүзіне асыру.
Интеллектуалды ұлт - болашақ капиталы
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынуы жаһанданған әлемнің жаңа сын-қатерлеріне жауап ретінде дүниеге келді.
Мемлекеттілікті нығайтуға, қазақстандық қоғамның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға бағытталған бұл іс-шаралар білім беру жүйесіне тікелей қатыстылығы айқын аңғарылады. Дүниежүзілік үрдіс бойынша барған сайын ғылым мен білімнің рөлі артып, ол қоғамдық байлықты құрудың басты тәсіліне айналды. Бұл үрдістер білім жүйесінің алдына жаңа талаптар қойып отыр. Ақпараттық қоғамда жұмыс күшінің нарығы жоғары білім дәрежесі және адамның қайта мамандануға бейімділігіне қарай қалыптасады.
Кез келген мемлекеттің басты байлығы - адам. Адам капиталы қазіргі заманда қоғамдық дамудың бағытын және елдің болашағын айқындайтын маңызды фактор саналады. Адами капиталды табысты жүзеге асыру тиісті әлеуметтік кеңістік құруды және адамдардың интеллектуалдық қабылеттерін ашатын мүмкіндіктер жасауды қажет етеді. Мемлекетті табысқа жеткізетін де осы креативті тап - ғалымдар, білікті мамандар, инноваторлар мен кәсіпкерлер. Сондықтан да ҚР Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасында ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру міндетін қойды.
Бұдан былай жастар жаппай заң, құқық, қаржы іспетті мамандықтарға жүгірмей, заманауи кәсіпорындарда еңбек ететін техникалық мамандық түрлерін таңдағаны өздері үшін тиімді. Мұндай жұмысшылар жоғары жалақы алады, олардың біліктілігі мен кәсіби дағдылары жұмыс нарығында әрдайым сұранысқа ие. Еліміздегі индустрияландыру бағдарламасы бойынша ашылған жаңа кәсіпорындардағы мамандар тапшылығы да білікті мамандарға деген өткір сұраныстың айқын дәлелі. Сонымен қатар индустриалдық өндірістегі еңбек өнімділігінің артуына және технология жетістіктерін қолдануға байланысты бұған дейінгі кәсіптік дағдылар мен біліктіліктердің ескіретіні сөзсіз. Осыған орай жаңа талаптарға жауап бере алатын мамандықтарға баулитын кәсіптік-техникалық оқу орындарын жаңғырту мәселесі өзектіленді.
«100 нақты қадамның» 77-қадамында айтылған «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он ЖОО-да білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына таратудың» да басты мақсаты мамандардың бәсекеге қабылетін арттырудан туындап отыр. Бұл міндет қазірдің өзінде үлкен өзгерістерге жол ашты. Мысалы, кәсіптік-техникалық оқу орындарында дуальді оқыту моделін енгізу еңбекке жағымды көзқарасты қалыптастырумен бірге жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды қолдануға ұмтылысты ынталандырады, өндірістің және халық табысының жедел өсуіне үлес қосады. Дуальді оқыту теория мен тәжірибенің тығыз ұштастырылуы негізінде жүзеге асады және жас маманның алған білімдерін өмірде қолдана алуына ықпал етеді. Германияда кең таралған оқытудың бұл әдісі бойынша практикалық сабақтар тікелей кәсіпорында өткізіледі. Кәсіпорындағы білікті мамандардың көмегімен студенттер теориялық білімімен қоса нақты тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Осылайша оқу орнын бітірген түлек тәжірибелі маман болып шығып, бірден өндіріс орнына жол тарта алады. Бұл оқу орны түлектерінің жұмыссыз қалмауының бір кепілі. Еуропа елдерінде сыннан табыспен өткен дуальді оқыту жүйесі алдағы уақытта оқу орындарының басым көпшілігінде қолданылуы әбден мүмкін. Өйткені жұмыс берушілер де білікті маманға зәру және бұл еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізетін оң үрдіс.
Жергілікті полициядағы реформа функцияларды бөліп тастаумен шектелмейді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі жергілікті полиция қызметі тақырыбына арналған Үкімет сағатында қосымша баяндама жасаған депутат Нұрлан Әбдіров осылай мәлім етті.
«Ұлт Жоспарының 30-шы қадамын сәтті жүзеге асыруы, жергілікті билік пен полиция президенттік реформаның маңызын қаншалықты дұрыс және терең түсінетіндігіне тікелей байланысты екенін атап өткім келеді. Реформа тек қана функциялар мен өкілеттіктерді бөліп тастаумен шектелмейтіні анық. 30-шы қадамды жүзеге асыру стратегиясы үшін жауапкершілікті жергілікті атқарушы органдар мен полицияның өз-ара бірлескен түсінушілігі маңызды болуы қажет»,- деді депутат.
Оның айтуынша, жергілікті полиция секілді жаңа институттың құрылғанына әлі толық бес ай өткен жоқ. Сондықтан да, бұл институтқа баға беруге әлі ертерек.
«Осыны ескере отырып, жергілікті полиция қызметінің қалыптасуы туралы мәселені биылғы жылғы қорытындылары бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында қарауды орынды деп есептейміз», деді Нұрлан Әбдіров.
Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі қазығы - Елбасы ұсынған бес институттық реформа мен содан туындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары екендігі белгілі. Осы маңызды құжаттарда еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпаққа сапалы білім білім беру және оның тетіктерін барынша жетілдіру мәселесі жиі көтеріліп келеді. Біз бұған қуануымыз керек және оны барынша қолдауға тиіспіз.
Өйткені, жас ұрпақтың келешегі кемелді, білімі терең, ақыл-ойы мен парасаты биік болуына бүгінгі біздер, аға ұрпақ өкілдері, зиялы азаматтар айрықша жауаптымыз.Ұлт жоспары: «100 нақты қадамның» әрбір жолын оқыған сайын осындай ой түюге болады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру жүйесіне байланысты айтылған қағидаларға қайта оралар болсақ, осы құжаттың 76-қадамында: «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» мәселелері көтерілген екен. Уақыт, заман талабына сай туындаған бұл мәселелердің өз кезегінде орын-орнына келетіндігі сөзсіз. Мақсат - ілгері басу, экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік саланы барынша жандандыру болғандықтан, мұндай қадамдарды қолдау қажет.
77-ші қадамдағы: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж бен 10 жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарын тарту» қажеттігі айтылған. Мұның да пісіп-жетілген мәселе екені даусыз. Білікті кадрлар біздің елімізде жеткілікті. Бұл тәжірибені басқа да оқу орындарына таратқаннан еш ұтылмаймыз. Тәжірибе - көпке ортақ қасиетін ешқашан жоғалтпайды. Қазіргі таңда, әсіресе, Назарбаев зияткерлік мектептері өзінің білім саласындағы табыстарымен көзге түсіп үлгерді және осы білім беру ошақтарының тәжірибесі бүкіл ел ұстаздары үшін үлгі ретінде кеңінен таратылуға лайық. Бұл бағыттағы іс-шаралар оқушы жастардың сапалы білім алуына септігін тигізеді және жастардың бәсекеге қабілетті маманға айналуына ықпал етпек.
«Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып (78-қадам), ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» мәселесі де орынды. Бұл міндет ЖОО-лардың қызметіне тың серпін беріп, ең бастысы, даярланатын кадрлардың сапасын көтеруге әсер етуі тиіс.
Ұлт жоспарының одан әрі 79-ші қадамында білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшудің қажеттігі айтылған. Мұндағы басты мақсат - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабылетін арттыру және білім беру секторының экспортық әлеуетін көтеру. Бұл еліміз үшін маңызды өмірлік мәселе ғой. Ағылшын тілі - әлемге кең тараған тіл. Бүкіл білім атаулының негіздері, ақпараттың көзі осы тілде дүниеге келеді. Оны бүлдіршіндерімізге балабақшадан, мектептен бастап тыңғылықты үйрете берсек, ештеңеден ұтылмаймыз. Болашақ маман жастардың қай-қайсысына да өз ана тілін, өзге де тілдердің бәрін білгеннің еш зияны жоқ. Көп тілділік бүгінгі заманға жарасады. Тек Қадыр ақын айтқандай, «өз тілімізді де қадірлей білейік». Ал, тіл білген адам әлемнің кез келген бұрышында емін-еркін жүре алады. Мұның бәрі, сайып келгенде, Қазақстан азаматтарының әлемдік дәрежеде білімді, кез келген саланы игерген толыққанды маман болуы арқылы елімізді жаңа бір белеске көтеруді көздейтін игілікті бастамадан туған іс-шара деп білеміз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дамытатын бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берді. Бұл - ұлт болашағы үшін жасалған нақты жоспар, халықтың әл-ауқатын барынша жақсарту, тұрмыс дәрежесін жоғары деңгейге көтеруден туған және де жан-жақты қорытындыланған тұжырымдар.
Бұған дейінгі жеткен жетістіктерімізге сүйене отырып, алға қарай қозғалу мемлекеттілікті дамытудың бір шарты болмақ. Сондықтан, ел дамуының 100 нақты қадамы әрбір саладағы еңбек ұжымдарынан алда атқарылар қыруар шараларға барынша ықтияттылықпен және жауапапкершілікпен қарауды талап етеді.
Елбасы нақты қадамдарды жәй ғана ұсынып қойған жоқ, тәуелсіз еліміздің бұдан былайғы дамуына басқаша көзқараспен қараудың, оны жаңа деңгейге көтеру үшін табандылық танытудың аса қажет екендігін алға тартты. Осы бағытта ұсынылған басты бағыттардың атқарылу жолдарын көрсетіп, мақсатын да дәл айқындап берді.
Бес институттық реформадан туындайтын 100 нақты қадам - бұл стратегиялық үлкен жоспар. 100 нақты қадамның «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты тарауы ел дамуының басты тетігі - экономикаға байланысты ең өзекті мәселелер тізбегін құрайды. Мұндағы 35-тен 84-ке дейінгі қадамдар елімізде экономикалық реформалардың кешенін жүзеге асырудың жағдайын жасайтын негіздерді қамтиды. Атап айтқанда, сол 35-інші қадамда: «Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да Заң актілеріне өзгерістер енгізу» мәселесі көтерілген. Жеріміз бай, ұшы-қиыры жоқ кең дегенімізбен де, жердің де сұрауы бар екендігін ұмытпауға тиістіміз.
Оның ішінде халықтың дастарханына көл-көсір өнім әкелетін ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, оларды нарықтық айналымға енгізу - бүгінгі күннің басты мәселесі екендігі даусыз. Бұл мәселеде әлі де шешілмеген түйіндердің бар екендігі рас. Соларды болдырмас үшін Жер кодексіне және басқа да Заң актілеріне өзгерістердің енгізілуі көзделген және бұл халық тарапынан қолдау табуы тиіс.
Осы тараудың 39-ыншы қадамында: «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады» делінген. Бұл да экономикалық өсімге игі әсер ететін шара. Кедендік ресімдеулердің оңтайландырылуы, әлемдік тәжірибеге кереғар тариф саясатын жеңілдету шаралары осы салада ауқымды жұмыс жүргізуді білдіреді және олар басталып та кетті. Айталық, кеден ресімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын, электронды жүйе енгізу, қажетті құжаттар санын азайту экспорт пен импортпен айналысушыларға үлкен жеңілдік болмақ. Сондай-ақ, кеден және салық жүйелерінің жұмысына бұл қадамның да оң өзгеріс әкелері сөзсіз.
Сондай-ақ, құрылыс, электр энергетикасы, жол-көлік инфрақұрылымы, өндірістік инновациялар енгізу, осы салаларда жаңа нормативтерді енгізу,
оларды қаржыландыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, еңбек қатынастарын ырықтандыру, жаңа Еңбек кодексін әзірлеуге қатысты қадамдардың да көтеріп тұрған жүктері салмақты. Басты міндет - экономикалық даму серпінін қамтамасыз етуден туындайтын бұл іс-шараларды іске асыру экономиканы әртараптандыру есебінен жүргізіледі және мұның бәрі елдің әл-ауқатын көтеру жолындағы шешуші бағыттарды құрайды. Бір сөзбен айтқанда, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін елімізде жаңа индустрияландыру мен экономикалық өсімнің қарқыны жоғары деңгейде болуы шарт. «100 нақты қадам» бізді осыған бастайды және де ол баршаның көкірегіне үміт отын ұялататын маңызды құжат.
Солтүстік Қазақстан облысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қыруар шаралар атқарылды. Төменде СҚО өңіріне тоқталамыз:
Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» мәселесіне арналған. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтің тұтас жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына жетелейтін бағдарлама. Бұл құжатта әрбір қазақстандықтың мүддесі қозғалған. Кәсіби мемлекет, қызмет, бизнес құрудың жолдары көрсетілген», - деді әкім сөзін бастай отырып.
Аймақ басшысы атап өткендей, қазір облыста бас-аяғы бес мыңнан аса мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.
«Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 542 мемлекеттік органда 5013 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Бағдарламада меритократия мен кәсібилікке бағытталған мансаптық жоғарылату үлгісі енгізілуде. Үш кезеңнен тұратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді конкурстық іріктеу, жаңа бағалау әдістемесі және еңбекақы төлеу жүйесі енгізіліп жатыр. Жаңа Әдеп кодексі әзірленді, онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы және тұрмыстағы мінез-құлық стандарттары регламенттелген, әдеп жөніндегі уәкілдерді тағайындау қарастырылған. Енгізіліп жатқан осынау жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен, мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті әкім.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын күшейту үшін биыл қосымша 300 млн теңге бөледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалына келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«Ұлт жоспарының екінші бағытындағы 30-шы қадамды орындау аясында «Жергілікті полиция қызметі» деген жаңа құқық қорғау құрылымы жасақталды. Жергілікті полиция билік органдары мен азаматтардың алдында үнемі есеп беріп отырады. Жергілікті полицияның қызметі негізінен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, тұрмыстық жанжалдарға қарсы әрекет етіп, жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған», - деді Ұлт жоспарының отызыншы қадамына тоқтала отырып.
Әкімнің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті полициясында 1 005 адам қызметке кіріскен.
«Облыс бойынша жергілікті полицияның құрамына 1005 қызметкер кірді. Жергілікті полицияның бөлімшелерінде 259 автокөлік және 37 видеотіркегіш бар. Базаны толықтыра түсу керек. Сондықтан, биыл жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 300 млн теңге бөлінеді», - деп мәлім етті Е.Сұлтанов.
Солтүстік Қазақстан облысы Индустрияландыру картасының аясында жалпы құны 30 млрд теңгеден астам 41 жоба жүзеге асырылуда. «Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 30 млрд. теңгеден асатын 41 жоба жүзеге асырылуда. Осылайша, 1,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады»,-деп атап өтті әкім.
Е.Сұлтановтың хабарлауынша, биыл осы жобалардың арасынан 11 жоба толық аяқталып, іске қосылған. 11 жобаның арқасында 400 адам жұмыс тапқан. Облыс сондай-ақ импортты алмастыратын өндірістерді игермек екен.
СҚО-дан ерекшелігі Алматыда Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындау үшін арнайы комиссия құрылды.
Еске сала кетсек, Алматыда Орталық коммуникация қызметінің Алматыдағы филиалында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Оған Алматы қаласы әкімі аппараты мен басқармалардың, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес субъектіліренің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.
Өзінің алғы сөзінде қала басшысы Алматыда «100 нақты қадамды» орындауда бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді.
«Алматыда Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына елге танымал белгілі тұлғалар енді. Бес институтционалды реформаны жүзеге асыруда басты мақсат - экономиканы тұрақты түрде дамыта отырып, қуатты мемлекет қалыптастыру және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл жолда реформаларды жүзеге асыруда Алматы қаласы үлгі болуы тиіс. Біз дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындау - Қазақстан үшін дамудың жаңа тарихи кезеңі. Әрине, еліміздегі институционалдық реформа қиын кезеңде өтуде. Әлемдік дағдарыстың кезекті толқыны көптеген елдердің алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Дегенмен, дағдарыс - бұл мүмкіндіктер тетігі. Ұлт жоспары шеңберіндегі институционалдық реформалар Алматы қаласының инновациялық, мәдени және туристік орталық ретіндегі әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Бұл үшін бізде белсенді азаматтық қоғамның әлеуеті жетеді», - деді Б. Байбек.
Орталық коммуникация қызметінің Алматыдағы филиалында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Оған Алматы қаласы әкімі аппараты мен басқармалардың, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес субъектілерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.
Өзінің алғы сөзінде қала басшысы Алматыда «100 нақты қадамды» орындауда бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді.
«Алматы - көлік жүргізушілерінің емес, жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің қаласы болуы керек. Қалада қоғамдық көлік саласын дамыту өте маңызды. Бұл тұрғыда Алматы қаласы әкімдігінің құрылымын қайта ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Автомобиль жолдары мен Жолаушылар көлігі басқармалары біріктіріледі. Сонда көлік жүйесіне қатысты саясат бір басқармада әзірленетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы бірқатар қалалық басқармалардың жұмысы оңтайландырылатын болады, яғни біріктіріледі. Ал үш ірі басқарманың штаты қысқартылады. Ал атқарылатын жұмыстардың бірқатар бөлігі аудандық әкімдіктерге беріледі. Бұл жерде басты мақсат - тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару», - деді Б. Байбек.
Ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференция барысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Премьер-Министрдің тапсырмасымен 2016-2020 жылдарға арналған мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамытудың ұлттық жоспары бекітілді. Ұлттық жоспарды жүзеге асыру 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін 23 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл 8 млрд. теңгеден астам қаржы», - деді министр.
Оның атап өтуінше, гендерлік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың Үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы ең біріншіден, әлеуметтік жобалар санының артуына ықпал етеді. Мәселен, 2012 жылы бұл салада 73 млн. теңгеге 62 жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 200 млн. теңгеден астам қаржыға 160 жобаны іске асыру көзделуде. Екіншіден, стратегияны жүзеге асыру аясында елімізде Әйелдер көшбасшылығы мектебінің желісі құрылды. Бүгінде оның қатарына еліміздің барлық өңірін қамтитын 69 ҮЕҰ кіріп отыр.
«Үшіншіден, Қазақстанда отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту, отбасындағы тәрбие рөлін арттыру мақсатында Отбасы күні белгіленген. «Мерейлі отбасы» байқауы да айрықша танымалдыққа ие болды», - деді А.Мұхамедиұлы.
Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Бұл жоба «Алматы көлігі тарихының мұражайы» деп аталады. Біз бұл жобаны әлі де жан-жақты талқылайтын боламыз. Сметасы жасалады. Сөйтіп, екі гектар жерді алып жатқан аумаққа қала бюджеті есебінен саябақ жасалады», - деді қала басшысы.
Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол-көлік апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған көлік апаты салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.
Алматыда 2020 жылға қарай, қоқыстардың 40 пайызға жуығы қайта өңделетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Алматыда бүгінгі таңда жылына 750 мың тонна қоқыс жиналады. Солардың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 5 пайызы ғана қайта ұқсатылады. Сондықтан, біз бұл жұмысты ерекше бақылауға алдық. Тек 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 60 стихиялық қоқыс тастайтын орын жойылды. Неге бұлай? Өйткені, қоқыс шығарумен айналысатын жекелеген компаниялар қоқыстарды қаладан шығармайды, бір жерден алады да екінші жерге тастай салады. Яғни, ақшасын, жанармайын үндемдейді. Осылайша, қоқыс шығаратын 7 компанияға айыппұл салынды. «Алматы-2020» бағдарламасы бойынша Алматыда 2020 жылға қарай қоқыстарды қайта өңдеуді 40 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Қазір екі үлкен жоба пысықталып жатыр. Олардың бірі - жылына 300 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар мен 360 мың тонна кәріздік лай тұнбаларын өңдейтін кешен және қоқыс жағатын зауыт. Қоқыстарды қайта өңдеу - «жасыл» қаланы қалыптастыруда үлкен қадам болып табылады», - деді Б. Байбек.
ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жобасын жүзеге асыру мәселелері Маңғыстау облысында қалай атқарылып жатыр?
«Ұлт жоспары» біз үшін әлемдік экономикалық дағдарыстың тыншымайтын теңізіндегі шамшырағымыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында өңір басшысы Алик Айдарбаев мәлім етті.
«Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші реформаның да өңір үшін маңызы зор. Аудандар мен қалалардың әкімдері үшін өңірлік экономиканың өсімін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша негізгі көрсеткіштер мен критерийлер анықталды. Барлық көрсеткіштерге жету үшін Маңғыстау облысы әкімінің 2016 жылға арналған Меморандумы жасалды. Жаңа форматты есепке ала отырып, Маңғыстау облысы дамуының 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді», - деді ол.
Сонымен қатар ол мәслихаттар мен әкімдіктердің жергілікті проблемаларды шешудегі әлеуетін арттыру, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, азаматтарды жандандыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмысқа азаматтық қоғамдастық белсенді араласты.
«Ұлт жоспарының» маңызы зор. Мұнда біздің орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған дамуымыздың негізі салынған. Шын мәнінде, барлығымыз үшін Ұлт жоспары әлемдік экономикалық дағдарыстың тыншымайтын теңізіндегі шамшырағы болып табылады. Жоспарды іске асыру - бұл жалпы бірінші кезектегі міндет қана емес, ол - командалық рух пен қоғамның барлық ұйымдарының бірлігін көрсету. Біздің еліміздің басқарушы капитаны бар, әрі нақты бағыты бар. Ортақ міндетіміз - берілген бағдар мен қарқыннан таймай, бар күш-жігерімізді біріктіріп, кемеміздің тұрақтылығы мен жылдамдығын арттыру», - деп түйіндеді сөзін облыс басшысы.
Маңғыстау облысында инвестициялық даулар бойынша бөлек сот ісі құрылуда.
«Бұл өз кезегінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасап, даулы мәселелер туындаған кезде қазақстандық сот әділдігіне инвесторлардың сенімі тұрғысында оң әсер етеді»,-деді өңір басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» реформасы аясында облыста барлық қажетті шаралар қабылданды.
«Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарастыру кезінде 100 пайыздық деңгейде дыбыс және бейнежазба құралдарын пайдалану қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде істерді шапшаң әрі транспарентті қарастыруға тықпал етеді», - деді А. Айдарбаев.
Ұлт жоспарының орындалуына Қызылордада облысы қалай үлес қосып жатыр? Дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізілетін «Байқоңыр-Инвест» форумын VІІ бірнеше мәрте өткізу жоспарланған. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
Аталған форум - пікір алмасуға зор мүмкіндік алаңы. Әкімнің айтуынша, осыған дейін өткізілген 6 форумның нәтижесінде облыс экономикасына 100 млрд. теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды.
Мұнан әрі ол шетелдік әріптестермен бірлескен жоба шыны зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын, алдағы мамыр айынан бастап зауытқа құрал-жабдықтар жеткізіле бастайтынын айтты.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Арал тұз» АҚ кальцийлендірілген сода шығару зауытының құрылысын салуға инвестор тарту мәселесімен айналысып жатыр (жобаның ТЭН дайын). Бұл компонент тек шыны өндірісіне ғана емес, сондай-ақ көптеген өнеркәсіп салаларын қажетті теңдесі жоқ реагент (құрылыс индустриясы, металлургия, мұнай өндірісі, т.б.)
Ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасы мен «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар аяқталды. Жақын арада өндірістік өңдеу жұмыстары басталады.
«Самұрық-Қазына» қорымен бірге қазір «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жұмыстары жүріп жатыр. Кен байыту комбинатының құрылысын жақын арада бастаймыз. Одан кейін жақын келешекте гидрометаллургиялық зауытты салу да жоспарда.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қытайлық әріптестермен бірлесе отырып Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі зауытының құрылысын (жылдық қуаты 1 млн тонна цемент) және Жаңақорған ауданында ресейлік әріптестермен бірге тағы бір цемент өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарланып отыр (оның жылдық қуаты 560 мың тонна цемент).
Сондай-ақ, асфальт-бетон, силикат кірпішін шығаратын зауыт және басқа да индустриалды жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Иран, Қытай, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Германия, Жапония, АҚШ, Украина, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен бірге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 15 жобаға инвесторларды тарту мүмкіндігі қарастырылуда. Олардың қатарында 500 орындық емхана, кәсіптік-техникалық колледж құрылыстарының, жаңа әуежай терминалы құрылысының концессиялық жобалары бар.
Сонымен бірге, жеке инвестор есебінен заманауи онкологиялық орталық құру жобасы қаралуда.
Облыс орталығында тәулігіне 3 тонна ет өнімдерін өндіретін фабрика құрылысы, Сырдария ауданында 5 мың бас қой өсіруге арналған кешен және 10 мың бас малға арналған бордақылау алаңы мен жылдық қуаты 250 тонна болатын ет комбинатының құрылысы жүруде.
Бұл нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі бүгін журналистермен өткен брифинг кезінде айтып берді.
Қытай инвесторларымен бірге Қызылорда қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Нысанның құрылысына қажетті құжаттар дайын.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде Жаңақорған ауданында томат пастасын өндіру кешенін құру жобасы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда, қызанақтың оңтайлы түрін анықтау үшін қытайлық инвесторлармен («Сofco» компаниясы) бірлесе отырып 2 гектар жерге томаттың түрлі сорттары егіліп, эксперимент жұмыстары басталып кетті. Ал келер жылдан бастап бұл тәжірибе 4 мың гектар жерге дейін ұлғайып, бұйырса жылдық қуаты 15 мың тонна болатын томат өндіру зауыты іске қосылады.
«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында облыста 26 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
«Нұрлы жол», «Аумақтарды дамыту» бағдарламалары аясында облысымызда өткен жылдың өзінде тек мемлекет қаражаты есебінен 138,8 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 1740 пәтерлі 53 көпқабатты үй құрылысы басталып, 42 үй пайдалануға берілді, - деді Қырымбек Көшербаев бүгінгі өткен брифинг барысында.
Осылайша, мемлекет қорындағы тұрғын үй көлемі 2014 жылға қарағанда облыста 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласында салынған тұрғын үй көлемі 8 есеге артты. Тек қана облыс орталығында пәтердің кезегі бір жылда 17 пайызға қысқарып отыр.
Биыл да осы қарқынды сақтап қалу үшін «Қазақстанның ипотекалық компаниясы», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» тығыз жұмыс жүріп жатыр. Сол кезде былтырғыдан кем болмайтын көлемде құрылыс жүреді. Дәлірек айтқанда, жалпы алаңы 212,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй немесе 3170 пәтерлік 63 тұрғын үй салынады.
Енді ШҚО-да облысындағы өнеркәсіп саласына келсек. Жаңа индустрияландыру бағдарламасы бойына Бесқарағай ауданында кобальт-никель өнімін шығару қолға алынбақ.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары серпініне қол жеткізумен қатар Бесқарағай ауданының міндеті инвестиция тарту және ішкі резервтерді іздеуге бағытталған.
Осы жылдың үш айында 103,8 млн теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5 пайызға жоғары, деп хабарлады ШҚО өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Оның айтуынша, негізгі вектор «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді іске асыруға бағытталған. «Біз инвестиция тарту және ішкі резервтерді іздеу, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар белгіледік», - деді аудан әкімі.
Индустрияландыру бағдарламасының аясында "SAT Nickel" ЖШС кобальт-никель өнім алуға бағытталған зауыт салуға инвестжоба мақұлданды. Зауытты іске қосумен 600 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазір осы жобаны қаржыландыру бойынша банк акционерлерімен алдын ала келісу жұмыстары жүргізілуде, деп қосты Н. Тоқсейітов.
Павлодар облысының төрт ауданында мамыр айында бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Еріс» баспасөз клубында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов мәлім етті.
- Биыл инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты дамытуға республикалық бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлініп, 123 жоба мақұлданған. Соның ішінде Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылында және Ақсу ауылдық аймағына қарасты Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулатория, Качир ауданы Жанабет ауылы мен Успен ауданы Таволжан ауылында медициналық пункт, сонымен қатар Ақсу ауылдық аймағы Алғабас ауылында бір фельдшерлік және акушерлік пункт мамыр айынан бастап салына бастайды. Жалпы осы бағытта 1560 уақытша орын құрылады. Сонымен қатар, 332 миллион теңгеге Качир ауданында 16 пәтерлі және Лебяжі ауданында 24 пәтерлі жұмысышы жастарға арналған жатақхана құрылысы басталады, -деді Б.Қаппасов.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша биыл облыс бойынша 11 175 жаңа жұмыс орны құрылады, оның 5246-сы тұрақты жұмыс. Қазіргі уақытта 1054 жұмыс орны ашылған. Бұдан басқа, 357 адамға шағын несие беру мақсатында 1 миллиард 77 миллион теңге бөлінген, бұл қаражат өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсеткені белгілі.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту аясында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметіне Қазақстанда құрастырылған «Peugeot 301» маркалы 35 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.
«Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары статусқа лайықты және барлық көрсеткіштер бойынша үлгі аларлықтай болуы тиіс», - деді Ә. Жақсыбеков.
Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тәртіп сақшыларының, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсеткені үшін қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді.
Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІО мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдікпен қала аумағында қосымша полиция пункттерін ашу үшін орынжайлар беріліп жатыр.
Астана қаласының әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілді. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері жаңа баспанаға ие болды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсетті. Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу.
Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімін шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Әлжан Қырықпаев айтты.
Оның айтуынша, жылдық қуаты 5 мың текше метр ағаш өнімдерін шығаратын зауыт 2014 жылы өндіріс көлемін 8 мың текше метрге ұлғайтқан болатын.
«Біздің зауыт 2009 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылды. Кәсіпорында қазіргі заманғы технология бойынша еуропалық стандарттарға сай ағаштан үй, терезе жақтаулары мен есіктер тәрізді түрлі құрылыс материалдары шығарылады. Бұл - еліміздегі орман шаруашылығы саласындағы жоғары қарқынмен дамып отырған алғашқы «қарлығаштарының» бірі. «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға 280 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген.
2014 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қолға алынып, өндіріс көлемін 8 мың текше метрге дейін ұлғайттық. Осының арқасында өндіріс көлемі де артып, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы, бүгінгі күні кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары», - дейді кәсіпорын басшысы.
Алдағы болашақта «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылып отырған Шу ауданында үш мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуына арналған брифингте Шу ауданының әкімі Дәулет Рүстем хабарлады.
Еске сала кетейік, «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның жоспары «TARAZ INVEST-2012» халықаралық форумында таныстырылды. ҚР Президентінің Жарлығымен Шу ауданында арнайы экономикалық аймақ құрылған, онда инвесторларға қолайлы жағдайлар, бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер, сондай-ақ қорлар мен инфрақұрылым жасалған.
АЭА-ның аумағында жалпы жылдық қуаттылығы 2 млн. тоннадан асатын, химия өнімдерінің 25 бірлігін шығаратын жоғарытехнологиялық химиялық зауыттар пайда болады. Импорттың орнын басатын 7 өндірісті (күйдіргіш сода, хлор, глифосат, үшхлорлы фосфор, менатол, натрийдің құрғақ бутил ксантогенаты), табиғи газды терең өңдеу зауытының құрылысын іске асыру жоспарланып отыр. 2016 жылы АЭА-ның сыртқы инфрақұрылымының құрылысын аяқтау, қыркүйекте - бірінші кезекті пайдалануға енгізу, ал 2018 жылдың тамызында - инфрақұрылым нысанларының екінші кезегін енгізу жоспарланып отыр.
Бұл жобаны іске асыру аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартатыны, салық түсімдерін арттыратыны, өнеркәсіптің бір-бірімен байланысты салаларының, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретіні күтіліп отыр.
«2016 жылы «Kaz Miya» ЖШС-нің («Хим-плюс») инвестициялық жобалары - құны 66,4 млрд. теңгені құрайтын, 783 жұмыс орны құрылатын сульфат және глифосат өндірісін іске асыру жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдарға арналған ИИД бағдарламасының аясында біздің ауданымызда жалпы құны 216,3 млрд. теңгені құрайтын, 1 228 жұмыс орны құрылатын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деп баяндады Шу ауданының әкімі.
«2016 жылы «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның жобалары бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 128,3 млрд. теңгені құрайды. Зауыттарды пайдалануға беру кезеңінде 2400-ден астам адам жұмысқа тұрғызылады. Инфрақұрылымды құруға 2014 жылдан бастап 25,9 млрд. теңге бөлінген», - деп ақпараттандырды Р.Дәулет.
Республика бойынша өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы оңтүстік өңірдің үлесіне тиесілі. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған өңір басшысы Б.Атамқұлов мәлім етті.
Облыс әкімінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда фармацевтика кластері қалыптасуда, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.
«Индустрияландыру картасы шеңберінде фармацевтика саласында 6 жоба жүзеге асырылды. «Химфарм» АҚ-ында жалпы құны 100 млн доллар 4 кезеңнен тұратын жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде бірінші кезеңі іске қосылып, нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды. Ал биыл құны 10,5 млн долларлық ұнтақты антибиотиктерді өндіру цехының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда», - деді облыс басшысы.
Бұдан бөлек, таблеткалар өндірісі және қан жинайтын контейнер өндіретін 2 зауыттың құрылысы басталды, ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары аяқталуда.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы - фармацевтикалық бейіндегі мамандармен нарықты қамтамасыз ететін Қазақстандағы жалғыз фармацевтикалық жоғарғы оқу орны.
Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру мен шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриялық аймақ құрылуда. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған өңір басшысы Б.Атамқұлов мәлім етті.
«Бүгінде жалпы аумағы 525 га 6 индустриялық аймақ іске қосылды. Онда 143 жоба іске асырылып, 11,4 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі баспасөз мәслихатында еліміз бойынша алғаш болып жұмысын бастаған «Оңтүстік» индустриалдық аймағы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Онда 20,4 млрд теңгенің 39 жобасы іске асырылып, 3,1 мың жұмыс орны ашылған.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда инфрақұрылым тартуға жұмсалған қаржының 67 пайызы бюджетке салық түрінде қайтарылған. Осы түсімдер динамикасы сақталған жағдайда, алдағы 2 жылда бюджеттік инвестиция толық қайтарылады деп күтілуде.
Жалпы индустриалдық аймақ құрылғалы оның қатысушылары 67,9 млрд. теңгенің (2015 жылы 19,2 млрд. теңге) өнімін шығарған.
Қазақстанның аграрлық секторы үшін органикалық өнім саласының келешегі зор. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау барысында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.
«Отандық аграрлық сектор үшін келешегі бар бағыттардың қатарында органикалық өндіріс саласын атауға болады. Бұл бағытты дамыту ауыл шалуашылығының түсімін жоғары деңгейге көтере алады. Қазір бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға артып отыр», - деді Сенат спикері.
Сонымен қатар, Қ. Тоқаев Қазақстанның аграрлық саладағы географиялық артықшылықтарын пайдалану аса маңызды екенін атап өтті.
«Қазақстан тағам өнімдеріне сұраныс үнемі артып отыратын Қытай, Ресей, Орта және Таяу Шығыс пен Еуропа сияқты негізгі нарықтардың ортасында орналасқан. Сонымен бірге, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ нарығы - келешегі зор нарықтардың бірі.
Ресей жекелеген елдерден азық-түлік әкелуге тыйым салғаннан кейін, Қазақстанның аграрлық секторы үшін ресейлік нарықта өз позициясын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер пайда болды. Осы орайда ағымдағы жылы жалпы ет экспорттауды 60 мың тоннаға жеткізу туралы Президенттің тапсырмасының немесе Үкіметтің Қытайға жыл сайын 3 млн. тонна астық сату жөніндегі уәдесінің орындалуы жөнінде орынды сауал пайда болып отыр», - деді Сенат спикері.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 1 және 2 қадамдарында Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы және Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс деп айтылған болатын.
Бүгінгі күні бұл бағытта қолға алынған жұмыстар Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» стратегиясындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастапғ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңы қолданысқа енгізілген болатын. Ол кадрларды іріктеудің жетілдірілген тәсілдерін енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын сапалы жақсартуды, мансаптық жоғарылату мен кәсіби дайындықты көздейді.
«Мемлекеттік басқарушылар қатарына барынша білікті, өз міндеттерін тиянақты, әрі адал атқаратын мамандарды тарту мақсатында аталған заңның негізіне меритократия қағидаты енгізілген. Мемлекеттік қызмет пен оның тұрақтылығының серпінділігі арасындағы теңгерім анықталып, заңды түрде бекітілді. Мемлекеттік мекеменің басшысы ауыса қалған жағдайда ұжымдағы басқа да қызметкерлердің топтық алмастырылуы қатаң түрде тек байқау өткізу арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, бір қызметтен екіншісіне ауысу тәртібінде тағайындаулар үлесі мейлінше қысқартылды.
Жаңа заң ашық бәсекелестік пен іріктеу қағидаты негізінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндігін бұрынғыдан да күшейте түсірді. Байқаудың барлық кезеңі, ғаламтор ресурстарында хабарландыруларды жариялаудан бастап, комиссия отырысына байқаушыларды, сарапшыларды шақыру, іріктеу қорытындыларын орналастыруға дейін барлығы әділ өтеді. Ендігі кезекте мемлекеттік қызметке кіру тек жүйелі іріктеудің нәтижесінде ғана мүмкін, әрі ол төменгі лауазымдардан басталады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабының жоғарылауы оның құзыреті мен жинаған тәжірибесіне байланысты»,- дейді Е.Жайықбаев.
Сонымен қатар, ол облыс аумағында мемлекеттік қызметке қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан нақты шараларға тоқталды.
«Жыл басынан бері облысымыздың мемлекеттік органдары 37 ішкі және 24 жалпы конкурс жария етсе, соның ішінде бүгінгі таңда жоғары лауазымдарға 12 ішкі конкурс аяқталып, 20 мемлекеттік қызметші жеңімпаз деп танылды. Барлық конкурстар жаңа заң аясында байқаушылардың қатысуымен өтті.
Жоғарыда атап өткеніміздей, мемлекеттік қызметке жаңадан орналасушы тұлғалар қызметтерін төменгі лауазымдардан және сынақ мерзімімен бастайды. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 96 адам мемлекеттік қызметке сынақ мерзімімен қабылданды. Салаға алғаш келген 71 маман тәлімгерлерге бекітілді. Мемлекеттік мекемелердің жолдамасымен 56 мемлекеттік қызметші кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін арнайы тағылымдамадан өтті.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң қағидаттарының бірі - мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту және қажетті құзыреттіліктерін дамыту. 2016 жылдың үш айында 216 маман оқуға жіберіліп, соның ішінде 123-і біліктіліктерін арттырса, 93 қызметші қайта даярлау курстарына қатысты. Осы секілді жыл басынан бері атқарылған істер өте көп. Мұның барлығы қолданыстағы жаңа заңның тиімді тұстары деп атап көрсетуге болады», - дейді Ерлаз Жайықбаев.
Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуді көздейтін бес институттық реформаның бір бағыты - «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталады. Шындығында, Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» - бұл бір жағынан жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болса, екінші жағынан жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына ұмтылу жоспары болып табылады. Ендеше, халыққа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру - елімізді жаңғыртудың жарқын жолына айналатыны сөзсіз.
Айта кетерлігі, былтырғы жылғы «100 нақты қадам» төңірегіндегі заңнамалық жұмыс бағытында 94, 95, 96-қадамдарды іске асыру мақсатында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заңның негізгі өзегі Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Ашық Үкімет» бастамасын жүзеге асыруды көздейді. Бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің тәжірибелері талданып, халықаралық маман-сарапшылардың ұсыныстары ескерілген. Соның ішінде Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей тәжірибелері сараланып, еліміздің қалыптасқан басқару жүйесінің ерекшеліктеріне мән берілді, озық үлгілер назарға алынды.
Тоқтала кететін жайт, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң нормалары 2016 жылдың қаңтарынан бастап күшіне ене бастағаны белгілі. Ал ондағы нормаларда қамтылған жаңалықтарға келсек, бірінші кезекте - азаматтар үшін ақпараттарды алуға шектеу қойылмайтын салалар нақты айқындалып, олардың тізімі алғаш рет заң деңгейінде қамтылып отыр. Атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, сондай-ақ қылмыстық ахуалдың жай-күйі, терроризм актілері, экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, жеке және заңды тұлғаларға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар мен жеңілдіктер, Ұлттық банктің алтын-валюта қорының мөлшері, мемлекеттік құпиялардан басқа нормативтік-құқықтық актілердің мәтіні мен олардың жобаларын қамтитын ақпараттар туралы мәліметтерге ешқандай шектеу қойылмайды, яғни бәрі де халыққа қолжетімді болды. Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдар заңда қамтылған тізім бойынша азаматтар тарапынан келіп түскен сауалға қатысты ақпарат беруден жалтара алмайды, тіпті шығарыпсалма жауап бере алмайтын болады. Бұл - заң талабы.
Ал ақпарат алушы халықты ақпаратпен қамтамасыз етудің жолдарына келсек, оның да нақты тәсілдері айқындалған. Мәселен, азаматтардың сұрау салуы бойынша, мемлекеттік органдар орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарға ақпаратты орналастыру арқылы беріледі. Қысқасы, әр азамат заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыра алады. Және бір мысал - енді азаматтар ауызша сұрау салу арқылы мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, пошталық және электронды мекенжайы, анықтама қызметтерінің телефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер, ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер) өткізу уақыты мен орны, бос қызметтік орындар туралы мәлімет беретін мекеменің телефон нөмірлері секілді ақпараттарды алуына болады. Бұған дейін азаматтар үшін мұндай ақпараттарды ауызша сұрап алу оңайға соқпайтын, тіпті еш мүмкін еместей де көрінетін. Ендеше, жаңа заң арқылы жағдай да өзгереді, заман да жаңғырады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, ресми сайттарында халыққа қажетті ақпараттар толық қамтылатын болады. Бұдан бөлек, Парламент палаталары отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының отырыстарын, мемлекеттік органдардың жыл қорытындылары бойынша өткізілетін алқа отырыстарын интернет-ресурстарында онлайн режімі арқылы ашық көрсетуді қамтамасыз ету арқылы ақпараттар ашық жеткізіледі. Қорғаныс министрлігінен басқа барлық орталық атқарушы мемлекеттік органдар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау мен талқылаулар ашық түрде өткізіліп, пайдаланушының қалауынша ақпарат толығымен беріледі.
Тағы бір маңызды мәселе - азаматтар ендігіде ашық ақпаратты алудан бөлек, заң жобаларын, бюджет жобаларын талқылауға қатысып, өз ұсыныстарын енгізіп, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл үшін Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы да шыққан болатын. Сарапшылардың болжауынша, осы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның арқасында Қазақстан азаматтары үшін ақпараттардың 70 пайызы ашық, қолжетімді болады.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ақпараттық қызметтің 40 пайызы қолжетімді емес. Сонымен қатар, ақпараттың 40 пайызы ашық, 20 пайызы құпия ақпараттар болып табылады. Дегенмен, осы заң арқылы біз азаматтар үшін ақпараттардың басым бөлігіне, шамамен 70 пайызға дейін, ашық қолжетімділік болады деп болжаймыз», - дейді Мәжіліс депутаты, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық Үкіметті» енгізу жөніндегі Кіші жұмыс тобының жетекшісі Мәулен Әшімбаев. Оның айтуынша, ендігіде ақпаратты ұсынудан бас тартқан немесе қасақана жалған ақпарат берген тұлғаларға жауапкершілік те қаралады. Яғни, жеке немесе заңды тұлға қандай да бір мемлекеттік органға ақпарат алу үшін сұрау салса, ал ақпарат оған берілмесе, сонымен бірге ақпарат бермеуге еш негіздер көрсетілмесе, не болмаса сұрау салынған ақпарат бойынша жалған ақпарат берілсе, ондай тұлға жауапкершілікке тартылады. Бұл норма мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, бюджеттің қаражатын алатын әрі азаматтар үшін қажетті ақпараттар иеленетін жеке бизнес субъектілерін де қамтиды.
Тоқтала кететін жайт, 2016 жылдың қаңтарынан бері «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң нормалары жүзеге асып жатыр. Заңның қолданысын толыққанды қамтамасыз ету үшін 8 заңға тәуелді акті, 4 Үкімет қаулысы, 4 министр бұйрығы қабылданған. Орталық мемлекеттік органдардың 17 интернет-ресурсына бағалау жасалып, олардың Заңға сәйкестігі тексерілген.
Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, қазіргі таңда «Ашық Үкімет» аясындағы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталы арқылы 1455 нормативтік-құқықтық акті бұқаралық талқылауларға шығарылды. «Осыдан бір апта бұрын бұл 1416 жоба болса, бір апта ішінде құқықтық актілер толығып жатыр. Яғни, мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Ашық бюджет» порталына жыл басынан бері бюджеттік бағдарламаларға қатысты 82 есеп орналастырылды. Қазір бюджетті қалыптастыру жүргізіліп жатқаны белгілі. Сондықтан да, менің ойымша, «Ашық бюджет» порталына қойылатын есептер саны жазға қарай айтарлықтай өседі», - дейді С. Сәрсенов. Вице-министрдің айтуынша, бюджет жөніндегі халықаралық әріптестіктің бағалауы бойынша Қазақстан бюджеттің ашықтығы индексі бойынша 100 балдың 51-балына ие болып отыр. Орташа әлемдік көрсеткіш 45 балл болып табылатынын ескерсек, еліміздің көрсеткіші жағымды сипатқа ие. Бұдан бөлек, мемелкеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасына 2012 жылдан бері 193 578 өтініш түскен. Олардың 141 772-іне жауап берілді. Яғни, бұл 73,2 пайызын құрайды. Алдағы уақытта «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заңға сәйкес, мемлекетттік органдар келіп түскен сауалдарға жауап беруге міндетті болатыны белгілі. Сондықтан да, бұл көрсеткіштің 100 пайызды құрайтыны күтіледі.
Айта кетерлігі, жақында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық Үкіметті» енгізу жөніндегі Кіші жұмыс тобының отырысы өтіп, онда осыған дейін атқарылған жұмыстар талқыланған болатын. Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Мәулен Әшімбаев ендігі уақытта заңның орындалуы мониторингіленетінін айтып қалды. «Заңды қабылдауға бәріміз атсалыстық. Енді мемлекеттік органдар тарапынан оның қалай орындалатынын бақылауға тиіспіз. Жұмыс тобымыз аясында «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заңның орындалуына қатысты үдерістерді бақылайтын боламыз», - деді М. Әшімбаев. Оның айтуынша, алдағы уақытта «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заңның орындалу барысында жұмыс істемейтін нормаларды анықтауға, құқықтық олқылықтарға, кемшіліктерге, заңдағы нормалық жетіспеушіліктерге мән беріледі.
Ең бастысы - елге есеп беретін мемлекеттің заңнамалық тетігі іске қосылды. Ендігі міндет - оның сапалы орындалуын қамтамасыз етуде тұр. Кіші жұмыс тобы да осыған жіті назар аудармақ ниет танытты.
Елімізде мемлекеттік статистика ұсынудың нақтылығы мен дер уақытылығына жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.
Ол өз сөзінде Ұлт жоспарының 91-ші қадамы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» Заңға депутаттардың бірқатар өзгертулер енгізгенін атап өтті.
«Оның ішінде бастапқы және әкімшілік мәліметтерді нақты әрі дер уақытында ұсынудағы респонденттер мен әкімшілік дерек көздерінің жауапкершілігі күшейтілген. Бұған қоса, Әкімшілік кодексте де жауапкершілік қатаңдатылды. Өйткені, статистика нақты әрі дұрыс болған жағдайда ғана кез келген алдағы жылдың бюджеті нақты болады», - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның атап өтуінше, статистика нақтылығы талабының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін статистика бойынша өкілетті органдардың ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қазірдің өзінде 21 ақпараттық жүйе аталған бағытта ықпалдастырылған. Алдағы 1,5 жылда қалған 4 ақпараттық жүйе ықпалдастырылатын болады.
2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда мемлекеттік органдарға тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға беруге дайындық жұмыстары аяқталады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.
«Толықтай алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін бәсекелестік ортаға беру келесі алгоритммен ұсынылады. Бірінші қадам - бәсекелестік орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру үшін мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайын түгендеу жүргізу. Ағымдағы жылы бұл жұмыс мамыр айының соңына дейін жүргзіледі. Екінші қадам - нарықтық дайындығына сараптама жүргізу. Бәсекелестік орта мен үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылда негізгі рөл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Азаматтық альянсына жүктеледі. Үшінші қадам - түгендеу мен нарықтың дайындығына жүргізілген сараптама негізінде комиссия Үкіметке шешім қабылдау үшін ұсыныс енгізетін болады. Бұл қадамды ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған», - деді М.Құсайынов.
Оның атап өтуінше, мұнан ары ұсыныстарды Үкіметтің мақұлдауын ескере отырып, мемлекеттік органдар заңнамалық жұмыстар арқылы нарыққа қызметтерді тікелей беруге кіріседі.
Сонымен қатар вице-министр өз баяндамасы барысында Ұлт жоспарының 97-қадамына сәйкес өзін-өзі реттеу және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту арқылы шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіншілігін кеңейту қарастырылғанын атап өтті. Бұл қадамды жүзеге асыру барысында әлемдік үздік тәжірибе зерделенген әрі АҚШ-тың қолданыстағы әдістері негізге алынған. Сәйкесінше заң жобасы ағымдағы жылдың шілдесінде комиссия назарына ұсынылатын болады.
Павлодарда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мекемесінде өткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-і қадамы түсіндірілді.
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу жобалау институты» АҚ құрылыстағы баға қалыптастыру орталығының директоры Бауыржан Жанұзақовтың айтуынша, бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша бой көтеретін нысанның құрылыстың сметалық құны 50 мың теңгеден басталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Бағдарламаның 48-і қадамы бойынша жасалатын негізгі жұмыс - құрылыстағы бағаны нарық заңына қарай әр тоқсан сайын өзгертіп отыру. Мысалы, 2001 жылы Алматыда белгіленген баға бүкіл республика бойынша тұрақты болатын. Ал, бүгінде еліміздің өңірлерінде тоқсан сайын әртүрлі баға белгіленеді. Құрылыс саласындағы бағаны реттеу мәселелері бойынша үш заңнамалық құжат пен 13 мемлекеттік нормативтік талаптар шықты. Бұл бағытта республика бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті Б. Жанұзақов.
Енді Семей қаласына кезек берсек, бұл қалада ҮИИД бағдарламасы аясында 4 жобаны іске асыру аяқталмақ. Өнеркәсіптік кешенді дамыту песпективалары «100 қадам» Ұлт жоспарында айқындалғаны белгілі.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінен 11 млрд теңге инвестиция тартылды.
Биыл ҮИИД бағдарламасының аясында 4,8 млрд теңгеге 4 жобаны іске асыруды аяқтау жоспарланды. Өңірлік кеңес қарауына ЭБЖ бағандарын шығаруды ұйымдастыру, ЖЭО-3 салу бойынша жұмыс жіберілді.
Бүгінде сомасы 11,0 млрд теңгеге 2 басым инвестициялық жоба бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен шартқа қол қойылды.
2016 жылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында «Kaz Azmeco» ЖШС-мен 1290 орындық 5 балабақша құрылысын салу концессиялық жобасы бойынша шартқа қол қойылды, деп хабарлады қала әкімдігінен.
Ендігі кезекте Қазақстанның экономикалық болашағы мен бүгінге дейінгі атқарылған реформалар жемісі жайында айта кетсек. Халықаралық ұйымның мәртебелі сарапшысы еліміздің салық-бюджет саясаты негіздерін де оның ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жақсарта түсуге қол жеткізу қажет деп санайды.
Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагард өз жұмысын мамыр айының соңында Қазақстанға келіп Астана экономикалық форумына қатысты. Мәртебелі мейман Қазақстанға ұшып келгенге дейін біздің агенттікке эксклюзивті сұхбат беруге өз келісімін берген болатын.
- Сәлеметсіз бе, Лагард ханым! Қазақстанға қош келдіңіз. Бұл сіздің Қазақстанға және Орталық Азияға алғашқы сапарыңыз. Сапарыңыздың мақсаты қандай және Қазақстанның ресми тұлғаларымен кездесуден не күтесіз?
- Шындығында да, бұл менің Қазақстанға және бұл өңірге алғашқы сапарым. Бұл уақыт - Орталық Азия мен Қазақстан үшін Тәуелсіздіктерінің 25 жылдық кезеңі. Дегенмен, қазір өте күрделі кезең болып тұр. Мұнай мен өзге де биржалық тауарлардың бағасы, Ресей мен Қытай сынды негізгі серіктестердің экономика өсімінің қарқыны күрт құлдырап, жаһандық қаржылық ахуал да барынша қатаңдана түсті.
Бұл өзгерістер ұзақмерзімді болуы ықтимал. Сондықтан Қазақстанның ресми органдарымен бірлесе ұйымдастыратын біздің дөңгелек үстеліміз барысындағы өңірлік талқылаулар нағыз дер уақытында қолға алынған шара десек те болады. Біз экономикалық қиындықтарды қалай еңсеру, Қазақстан мен Орталық Азия өңірін өсім мен гүлденудің дұрыс жолына қалай алып шығу керектігін талқылаймыз. Ол үшін ұлттық саясат шаралары, сонымен бірге өңірлік ынтымақтастық талап етіледі.
- Сіздің көзқарасыңызша, Қазақстан экономикасының келешегі қандай?
- Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған уақыттан бері көптеген табысқа қол жеткізді. Әсіресе, соңғы 15 жылда биржалық тауар бағасының жоғары болуы мен өндіріс өсімінің артуына байланысты халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі айтарлықтай еселене түсті. Қазақстан осы уақыттың аралығында табыстың бір бөлігін ұлттық қорға жинақтау арқылы өте ақылды шешім қабылдай алды. Ол 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы салдарын табысты еңсеруге өз септігін тигізген еді.
Ендігі қиындықтар мүлдем басқа сипатта болып отыр. Басқа да мұнай экспорттаушыларға сияқты Қазақстанға да қара алтын бағасының құлдырауы айтарлықтай әсерін тигізді. Ағымдағы жылы ел экономикасының өсімі 0,1 пайыз көлемінде ғана болжанып отыр. Бұл соңғы 15 жыл бойы жылына орташа есеппен 7,5 пайыз болған өсім қарқынан әлдеқайда төмен. Біз соңғы бірнеше жылдың ішінде өсім қарқыны қайтадан көтерілетіндігін күтіп те отырған жоқпыз. Яғни, бұл шын мәнінде айтарлықтай өзгерістер десек те болады.
Ең маңыздысы ресми органдар теңгенің еркін бағамын енгізіп, ақша-несие негізі мен бағамдық саясатты нығайта алды. Біздің пайымымызша, мұның барлығы да ойға қонымды болды. Біз салық-бюджет саясаты негіздерін де оның ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жақсарта түсуге қол жеткізу қажет деп санаймыз. Осы ретте мемлекеттік бюджеттің, жергілікті басқарушы органдардың бюджеттерінің, сонымен бірге «бюджеттен тыс» қорлардың есепшоттарын бір формаға шоғырландыруды ұсынамыз. Бұл ресми органдардың саясаты мен операциялары мақсаттарын нақты көрсетуге септігін тигізеді.
Егер, мұнай бағасы шамамен осы деңгейде қалатын болса, онда Үкіметтен кейбір бюджеттік ресурстарды қайта бөлу талап етілуі мүмкін. Әлеуметтік шығыстарға бағытталатын ресурстарды арттыру, экономика өсіміне көмектесу және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасау мақсатында күрделі шығыстарды ұлғайту, жалпы сальдоға бақылауды сақтап қалу үшін бірқатар бюджеттік бапты қысқарту қажет.
Сонымен қатар біз Қазақстанға мұнайды ұлттық кірістің негізгі көзі ретіндегі бағытынан тайып, экономиканы әртараптандыру жолдарын іздеуге кеңес береміз. Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы «көпір» ретінде зор қызығушылық туындататындығын жақсы білеміз. Осы қызығушылықтың, соның арқасында елге келетін қаржылық ресурстардың нәтижесінде мемлекет үшін зор мүмкіншіліктер туындайды. Бұл ресустарды экономика өсімі мен жұмыс орындарының құрылуына дұрыс бағыттау қажет.
- Өзіңіз де білетіндей, таяуда теңге бағамы төмендеді. ХВҚ-ның ұлттық валютаның қазіргі құнына және айырбас бағамының икемділігіне қатысты пікірі қандай?
- Теңге бағамының төмендеуі экспорттаушыларға, сонымен қатар импортпен бәсекелес тауарлар мен қызметтер өндірушілерге жаңа мүмкіншіліктер жасап отыр. Қазақстандық кәсіпкерлер мұндай мүмкіншіліктерді пайдалана алатындай іскерлік ортаның болу қажеттігі сөзсіз. Бірақ, біз девальвация шығынымен де қатар жүретіндігін қаперден шығармауға тиіспіз. Инфляция көтерілді және доллармен қарыз алған компаниялар мен адамдар және займдар берген банктер қиын жағдайға душар болды. Сондықтан да біз Орталық банк ақша-несие саясаты тетіктерін пайдалана отырып, инфляцияны одан ары төмендетуі, өзінің ақша операцияларын нақты жариялауы және банктерге мониторигті күшейтуі қажет деп санаймыз.
- Өңірдегі елдер сияқты Қазақстанның да көрші Қытай мен Ресейдің экономикасындағы ахуалға тәуелді екендігі құпия емес. Осы ретте ХВҚ-ның бұл елдерге болжамы қандай? Қазақстан, жалпы өңір бұл елдерден туындайтын теріс салдармен қалай күресе алады?
- 2015 жылы Ресей экономикасы теріс өсім қарқынына ие болды және оның қалпына келуі мұнай бағасының одан ары құлдырауына байланысты 2016 жылдың соңғы айларына шегеріліп отыр. Дегенмен, Ресейде жүргізілген шаралар бұл күйзелістің салдарын біршама әлсіретті. Яғни, бұл ел айырбас бағамын еркіндікке жіберіп, банк жүйесі капиталын толықтырған болатын.
Сауда-саттықта барынша маңызды серіктес саналатын Қытай үшін біз ағымдағы жылы экономика өсімі 6,5 пайыз, ал келесі жылы 6,2 пайыз деңгейінде болады деп болжаудамыз. Қытай шын мәнінде өз экономикасын қайта теңгерімдеуде қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірақ, саяси шаралар мен құрылымдық реформаларды дұрыс түйіндестіре алса, ел бұл кезеңді табысты еңсере алады.
Теріс салдар туындауына байланысты Қазақстан қандай шаралар қабылдау керек? Біріншіден, жоғарыда атап өткенімдей, ақша-несие және бағам саясатына байланысты икемділікті сақтап қалу маңызды. Бұл келешектегі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қорды сақтауға, яғни, валюталық қордың жоғалуын тоқтатуға көмек береді. Валюта бағамын түзету бағаның жоғарлауына түрткі болды. Сондықтан ақша-несие саясатында инфляциялық қысымға қарсы тұруға баса мән берген жөн.
Екіншіден, салық-бюджет саясаты шараларына қатысты бірқатар қосымша мақсатты бағыттар мен уақытша шығыстар экономика белсенділігін қолдауға мүмкіндік бере алады. Толықтай алғанда, болашақ ұрпақ үшін дәнекер қор ретінде қаржы жинауды, сонымен қатар мемлекет қарызын экономикалық қолайлы деңгейде ұстап тұруды жалғастыру маңызды?
- Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сіздің біздің еліміз, елордамыз Астана, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы жеке пікіріңіз қандай?
- Соңғы ширек ғасырда елдеріңіз және көршілеріңіз алға қарай ауқымды жолды еңсерді және көптеген жетістіктерімен мақтана алады. Қазақстан - бұл болашағынан зор үміт күттіретін ел. Ол мұнай мен басқа да биржалық тауарлардың ірі экспорттаушысы болып саналады және Еуропа мен Қытайдың арасындағы маңызды стратегиялық орынға ие. Сонымен қатар сіздер шын мәнде әдемі де бірегей жаңа елордаларыңыз Астананы салдыңыздар, бұл өте зор жетістік десек артық емес.
Мен жоғарыда әртараптандыру мен өзге де реформалардың маңыздылығын ескертіп өткен едім. Президент Н.Назарбаев Қазақстан үшін «Қазақстан-2050» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын қоса алғанда тамаша жоспар белгіледі. Бұл бағдарламаларда белгіленген жоспарлар дұрыс бағытқа жол сілтейді және біз оны Қазақстанмен өтетін тұрақты консультацияларымыз барысында талқылауымызды асыға әрі қызыға күтіп жүрміз.
- Таяуда Time журналы Сізді әлемнің ең ықпалды адамдарының тізіміне қосты. Сіздің реакцияңыз қалай болды? Жалпы, жеке табысыңыздың сыры неде?
- Өзге де танымал тұлғалармен бірге ең ықпалды адамдардың қатарында болу зор құрмет. Үкіметтердің лауазымды қызметкерлеріне азаматтардың өмірін жақсарту үшін саясаттың оңтайлы шаралары туралы ұсыныс бере отырып, өзімнің күнделікті жұмыстарым арқылы ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге бізге мүше мемлекеттерге сапарлап, түрлі адамдармен сұхбат құру мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мен үшін жас буынмен өз тәжірибеммен бөлісу мүмкіндігі болғандығы барынша маңызды. Олар маған да зор ықпал етеді.
Сарапшының сөздеріне қазіргі әлемдегі ахуал жөніндегі деректерді қоса ұсына кетсек.
Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, соңғы кезеңдерде Жер халқының саны жыл сайын 60-80 миллион адамға ұлғайып келеді. Мәселен, 1920 жылы Жер шарындағы халық саны шамамен 1,3 миллиард адам болса, БҰҰ сарапшылары 2011 жылдың қараша айында 7 миллиардыншы Жер тұрғынының дүниеге келгенін жария еткен болатын. Болжам бойынша 2050 жылы Жер тұрғындарының саны 8-10 миллиард шамасында болуы мүмкін. Әрине, халық санының өсімі кез-келген мемлекеттің экономикалық ахуалына оң септігін тигізетіні белгілі. Дегенмен, мәселенің екінші жағы - әлемге ортақ проблема - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі төніп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы уақытта халық үшін әсіресе сапалы, қауіпсіз азық-түлікке деген сұраныс арта түсетіні белгілі. Ендеше, осы іске аграрлық әлеуеті зор Қазақстанның да белсене араласатын кезі келді.
Халықта «Ауру - астан» деген сөз бар. Соңғы жылдары сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету аясында осы даналықтың өзектілігі де барған сайын арта түскен тәрізді. Дүкен сөрелерінде қоспаларсыз, бояусыз, ГМО-сыз, синтетикалық агрохимикаттармен уланбаған, гормондар қосылмаған таза органикалық өнімнің ығысуы да байқалады. Олардың орнын баға жағынан бәсекесі басым, алайда сапасы күмән тудыратын өнімдер басуда. Осының өзі бір жағынан халықтың азық-түлікке деген сұранысы шапшаң өсіп отырғанын білдірсе, екінші жағынан сапалы өнімнің жетіспеушілігін аңғартады емес пе?
Айта кетерлігі, Халықаралық экологиялық ауыл шаруашылық қозғалысы федерациясының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда әлемнің 172 елі органикалық ауыл шаруашылық өнімін өндіріп келеді. 82 мемлекетте органикалық өнімдер туралы арнайы заң қабылданған. Әлемнің 11 мемлекетінде ауыл шаруашылығы жер көлемінің 10 пайыздан астамы органикалық жерлерге жатады. Органикалық ауыл шаруашылығы тауарын өндіру нарығында АҚШ жетекші мемлекет саналса, одан кейінгі орындарда Германия мен Франция тұр.
Ал 2013 жылы Қытай осы нарыққа қатысты ресми мәліметтерін алғаш рет жариялап, үздік төрттікке енген еді. Осының өзі нарықтың ауқымдана бастағанын аңғартса керек. Сонымен қатар, сарапшылар органикалық азық-түлік өнімдер нарығына сұраныс жыл сайын орта есеппен 15,5 пайызға өсіп отыратынын алға тартады. Ал 2020 жылға қарай органикалық өнімдердің жаһандық нарығы 212 млрд. долларға дейін жетеді деген де болжам баршылық. Қазірдің өзінде сарапшылар бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға артып отырғанын алға тартады. Ал органикалық өнімді көп пайдаланатын мемлекеттер қатарында Еуропалық Одақ пен АҚШ, Канада секілді елдер тұр. Дегенмен, соңғы жылдары тұтыну бағытында Оңтүстік Американың біраз елдері, Африка елдерінде, Қытай, Үндістан мен Индонезияда белсенділік артып келеді. дамып отыр.
Ал мұндай жағдай ауыл шаруашылығының әлеуеті зор, аграрлық секторында органикалық өнім келешегі үлкен үміт күттіретін Қазақстанның өз мүмкіндіктерін пайдаланбауы еш қисынға сыймайтыны анық. Әрине, бұл бағытта мемлекеттік ұстанымға да соңғы кездері жан біте бастады. Мәселен, Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құру жүктелген болатын. Былтыр осы тапсырманы орындау мақсатында арнайы «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.
Жалпы жаңа заңның мақсаты органикалық өнім өндіруді дамыту үшін жағдай жасау, табиғат ресурстарды сақтау, топырақты, суды, ауаны қоса алғанда табиғи ресурстарды басқарудың, биоәралуандылықты қолдаудың орнықты жүйелерін пайдалану болып табылады. Бұдан бөлек, тамақ өнімдерінің сапасын арттырып, экологиялық өнімге баса мән бере отырып, бәсекеге қабілетті ұлттық бренд жасауға қолдау көрсету қарастырылады. Осы арқылы басқа да дамушы елдерге қазақстандық азық-түлік өнімдерінің экспортын ұлғайту шаралары қамтылу көзделген болатын.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық егін шаруашылығы үшін 300 мың гектар жер пайдаланылып келеді екен. Қазақстандағы органикалық өнімдер өндіру әлеуеті өте зор екеніне қарамастан, елімізде жеке компанияларды органикалық өнім өндіру бойынша сертификаттайтын мемлекеттік жүйе қалыптаспай, кедергілер де басым болатын. Сонымен қатар, органикалық өнім өндіру саласын заңнамалық реттеудің болмауы бұғанға дейін осы нарықтың дамуына тұсау салып келген еді. Ендігі күні кедергілердің бәрі кертілді. Арнайы заң органикалық өнім өндірушілер тап болатын олқылықтарды жойып қана қоймай, халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы ескеріле отырып, органикалық өнім өндіруге талаптар қойылады. Жабайы өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін болғызбау жағдайлары да қарастырылады.
Органикалық өнімді дамыту әлеуеті тұрғысынан алғанда Қазақстанның ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрлі ауыл шаруашылығы мен географиялық оңтайлы орналасу мәселесіне де назар аударған ләзім. Шындығында, Қазақстан тағам өнімдеріне сұраныс үнемі артып отыратын Қытай, Ресей, Орта және Таяу Шығыс пен Еуропа сияқты негізгі нарықтардың ортасында орналасқан. Бұл ауқымды ауыл шаруашылығы жерлерін иемденіп отырған мемлекет үшін үлкен мүмкіндік. Соның ішінде кейінгі жылдары сарапшылар әсіресе Қытай бағытына Қазақстаннан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімін импорттауға ерекше көңіл бөліп отырғанын аңғару да қиын емес. Мәселен, ҚР Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков өткізу нарықтарын дамыту жөніндегі басым міндет - органикалық өнімдерді Қытай нарығына экспорттау екенін айтқан болатын.
«Қытайда былтырғы жылы елдегі бас партияның съезінде халықты экологиялық таза, органикалық өніммен қамтамасыз ету туралы бастама көтерді. Партияның шешімі - аса маңызды міндет саналатындықтан, қазір Қытай осы бағытта Қазақстанның нарығынан өте үлкен көлемде өнімдерді жақсы бағамен сатып алуға дайын. Соның бір дәлелі - жақында ғана алғаш рет 60 вагон өсімдік майы Қазақстанның Қытайдың орталығында орналасқан Синьянь қаласына жөнелтілді. Бұнымен шектелмейді, Қытай алдағы уақытта осы бағыттағы келісімшарттарға қол қоюға мүдделілік танытып отыр», - деді А. Мамытбеков. Осыған орай, бұрынғы министр Қазақстан үшін сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда ешқандай қиындықтар тумайтынына зор сенім білдірген еді. «Қазақстанда органикалық өнім өндіру үшін қолайлы жағдай қалыптасқан. 2015 жылдың соңында біз «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылдадық. Заң бізге халықты жоғары сапалы өніммен, ал өндірушілерді әділ бағамен қамтамасыз етуге септігін тигізетін органикалық өндірісті қолдау және реттеу жүйесін құруға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Органикалық өнімдердің қытайлық бағытын арттырудың әлеуеті туралы ҚР Сыртқы сауда палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Айтуған Омаров та жағымды пікір білдіреді. Оның айтуынша, жаһандағы халық санының үздіксіз өсуі мен әлемдегі тұтыну көлемінің артуы жағдайында Қазақстан үшін органикалық өнім саласын «екінші мұнай» деңгейіне айналдырға толық мүмкіндік бар. «Мен бизнесте жүрген әріптестеріме осы жайында ойлануға кеңес беремін. Себебі Үндістан мен Қытай халқы шапшаң өсуде. Қытай «бір отбасы бір бала» саясатынан бас тартып қана қойған жоқ, салауатты ұрпақты дамытуға да назар аударды. Оған басты мысал - Қытайдың органикалық өнім тұтынуды қолдау саясаты», - дейді Айтуған Омаров. Оның атап өтуінше, өткен жылы Қазақстаннан Қытайға жеткізілген азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 106 млн. доллардан асқан. Ал Қытайдың шетелдерден экспорттайтын жыл сайынғы азық-түлік өнімдерінің көлемі 104 млрд. долларға жетіп отыр. Яғни, Қытай импортындағы Қазақстан экспортының үлесі небәрі 0,1 пайызды ғана құраған. Мұнан бөлек, Азия мен Таяу Шығыстың тұтыну нарығы бар. Демек, бүкіл әлемге органикалық өнімді экспортқа шығаруда қазақстандық агробизнестің мүмкіндігі өте зор деген сөз. Сондықтан да, Сыртқы сауда палатасының өкілі А.Омаров қазақстандық кәсіпкерлер тарихи тұрғыда сауда-саттық қарым-қатынасы жолға қойылған көрші елдердің нарығына назар аударуы керектігін, қазақстандық компаниялар шығаратын сапалы, таза өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін артыруға әбден болатынын алға тартады.
Бәсекелестік демекші, Қазақстанда өндірілген органикалық өнім сапасына келсек, сарапшылар бұл бағыттағы отандық өнімді кез-келген Еуропаның брендімен теңестіруге болатынын да айтады. Мәселен, «Жасыл экономика үшін және G-GLOBAL-ды дамыту» коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекованың сөзіне қарағанда, осыдан біраз бұрын Астанадан 40 шақырым жерде орналасқан көкөніс өсіретін фитодиодты жылыжай мен күн биовегитаридің мүмкіндіктері зерттелген. Халықтық «жасыл» технологиялар академиясы жанынан құрылған сынақ алаңында органикалық өнім өсіру үшін құрамында химиялық заттар мен нитраттары жоқ және табиғи жолмен өңделген көң пайдаланылған. «Бұл шағын жылыжайдан бизнес жасау туралы ойламаған едік. Алайда, бұндай қадам жасауға біздің серіктесіміз, шетелдік ірі сауда желісі ұсыныс жасады. Олардың мәліметіне қарағанда, сатып алынатын кейбір өнімдер қымбат, бұл өз кезегінде тұтынушыларға да ауыртпалық түсіреді. Ал шетелдік сауда желісі Қазақстаннан өндірілетін көкөністер мен өзге де өнімдерді тұтынушыға қолайлы бағамен сатуға мән бермек», - деді С. Рахымбекова. Оның сөзіне қарағанда, аталған сауда желісімен экологиялық таза органикалық өнім дайындау туралы келісім жасалып, әлгі компания сонымен қатар серіктестер өнімінің сапасы бойынша зертханалық нақтылау шараларын да өз мойнына алып отыр. «Біздің өнім барлық талаптарға сай болады. Тіпті, зертханалық зерттеу нәтижелері сапа жағынан жоғары қорытынды көрсетіп отыр. Қазақстандық өнім мен Франциядан жеткізілетін өнімдердің сапасын тексеріп, қазақстандық өнімнің құрамы кейбір дәрумендерге бай екендігі анықталды», - деді Салтанат Рахымбекова.
Дегенмен, сарапшы органикалық өнімді ынталандыру үшін әлі де бірқатар шаралар атқарылу қажеттігін алға тартады. Мәселен, оның айтуынша, Қазақстанда органикалық өнімді растайтын арнайы зертханасы жоқ. Соның салдарынан Қазақстанда органикалық өнім өндіретін шаруашылықтар зертханалық нақтылауды Германияға, Түркияға өнім сынамаларын жіберу арқылы алып келеді. Бұл зертханалар астық сапасымен қатар, топырақ тазалығын және басқа да көрсеткіштерді тексереді. «Әлемдегі ірі астық экспорттаушы мемлекет ретінде Қазақстан органикалық өнім бойынша зертханалық тексерулерді өз ішінде жүзеге асыратын болуы керек», - дейді ол.
Түйіндей айтсақ, Қазақстанның жайлауы мен жайылымы мал шаруашылығын, дархан даласы егін шаруашылығын дамытуға да аса қолайлы. Бұл үшін жерден көп өнім алудың соңына түсіп, оны улаудың да, химиялық қоспалармен бүлдірудің да еш қажеті жоқ. Қоспасыз таза өнім - Қазақстанның басты ерекшелігі. Ең ақыр аяғы Қазақстан өзінің әлемдік аренадағы органикалық, экологиялық таза тағам өндіретін ел ретінде имиджін құру керек. Қазірдің өзінде бұған мол мүмкіндік бар. Өйткені, Ресейде, Араб Әмірліктерінде және Қытайда Қазақстан экоөнімдерімен танымал бола бастады. Бұл іс ары қарай жалғасын тапса, оған мемлекеттік деңгейде мән берілсе игі. Сонымен қатар, экологиялық таза, қоспасыз органикалық өнімді ішкі нарықта да қолдап, халық саулығы үшін де, экономика үшін де өз нарығымызды осындай өніммен толтырып алсақ. Бұл ретте елімізде азық-түліктің 70 пайызы импорттан екенін де естен шығармағанымыз ләзім ғой.
Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастары отаннан жырақ жүрсе де еліміздің экономикалық болашағына мән беруде.
Берлинде Германияда оқып жатқан қазақстандық студенттердің VI форумы өтті. Мюнхен мен Франкфуртан келген делегаттар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның даму перспективасын талқылады.
Студенттер сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының да маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институтционалдық реформасын дамыту, жол картасы және Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуі туралы ойларын да ортаға салды, деп хабарлайды 24.kz. Депутат Карин Штренцтің пікірінше, Қазақстанның кең көлемді жоспарын жүзеге асыруға «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып жатқан студенттер де атсалысуда. Президенттің жобасы арқылы 1993 жылдан бері Германияда 300 қазақстандық білім алып қайтқан.
«Қазақстандық студенттер Германияның көптеген университетінде білім алып жатыр. Жастар екі ел арасындағы қарым-қатынасты бекемдей түсті. Осындай білім беру бағдарламасының барына біз өте қуаныштымыз. Ол қазақстандық жастарға еуропалық біліммен сусындап, жинақтаған тәжірибе мен білімдерін отандарында қолдануға мүмкіндік береді», - дейді Бундестаг депутаты Карин Штренц.
«Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 27-ші қадамы шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту» деп аталды.
Алматыда осы тақырып бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған Дөңгелек үстелде жеке сот орындаушылары институтын жетілдіру мәселесі талқыланды.
Бұл көшпелі отырысқа ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры Саида Сағдат, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли, сондай-ақ, прокуратура, сот және ішкі істер органдарының өкілдері, Алматы қалалық әділет басқармасының және жергілікті жердегі жеке сот орындаушылары мен әділет департаменттерінің жетекшілері - барлығы 200-ге тарта адам қатысты.
Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы: «Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 27-ші қадамы шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту» деп аталды.
«Мемлекеттік сот орындаушылық институты өзінің көрсететін қызметтерін біртіндеп жеке сот орындаушыларының құзыретіне тапсырып жатыр. Біз осы бағытта қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда сот және мемлекеттік органдардың айыппұлдарға қатысты қабылданған шешімдерінің 57 пайызы жеке сот орындаушылардың күшімен орындалуда. Ал жеке тұлғаларға қатысты қаржы-қаражаттардың қайтарылуын қарайтын болсақ, бұл жұмыстардың 54 пайызын бүгінде жеке сот орындаушылары орындап жатыр. Біздің мақсатымыз - алдағы 3-4 жыл ішінде жеке сот орындаушылары институтын аяғынан нық тұрғызу», - деді өз сөзінде Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.
Айта кетелік, «ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 27-ші қадамының қаншалықты орындалып жатқаны жөнінде әр түрлі өңірлерге барып, тиісті мониторинг жүргізіп жатыр. Таяу күні депутаттар Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Ал бүгін Алматыға келіп, жергілікті мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен кездесті. Онда осы саладағы басты мәселелер: әкімшілік айыппұлдар, алимент төлемеу, банк пен жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар, көптеген сот шешімдерінің орындалмай жатқандағы туралы мәселелер талқыланды.