ШОЛУ: Қазақстанның сыртқы саясаты. ІІІ бөлім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміз үшін аса маңызды құжат болып табылады. Осы құжаттың маңыздылығын айқындайтын негізгі үш мәселеге бар. Біріншіден, ұзақ мерзімге арналған бұл стратегиямыз мемлекеттің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады әрі соған жол ашады. Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясын ұсына отырып, дамуымызды жаңа бір сатыға шы­ғаратын ауқымды да үлкен құжатты жария етті. Құжаттың негізгі маңызды тезисі - Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын айқындап беруінде. Бұл мақсат еліміздің жаңа бір дең­гейге шыққандығын көрсетіп тұр. Стратегиядағы келесі бір ерекше атап өтетін мәселе, құжатта көрсетілген сыртқы саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік салалардағы мәселелердің барлығының оң шешілуі еліміздің тәуелсіздігі мен мем­лекеттілігінің күшеюіне тікелей әсер ететін болады.
None
None

ШОЛУ: Қазақстанның сыртқы саясаты. ІІІ бөлім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміз үшін аса маңызды құжат болып табылады. Осы құжаттың маңыздылығын айқындайтын негізгі үш мәселеге бар. Біріншіден, ұзақ мерзімге арналған бұл стратегиямыз мемлекеттің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады әрі соған жол ашады. Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясын ұсына отырып, дамуымызды жаңа бір сатыға шы­ғаратын ауқымды да үлкен құжатты жария етті. Құжаттың негізгі маңызды тезисі - Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын айқындап беруінде. Бұл мақсат еліміздің жаңа бір дең­гейге шыққандығын көрсетіп тұр. Стратегиядағы келесі бір ерекше атап өтетін мәселе, құжатта көрсетілген сыртқы саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік салалардағы мәселелердің барлығының оң шешілуі еліміздің тәуелсіздігі мен мем­лекеттілігінің күшеюіне тікелей әсер ететін болады. Үшіншіден, стратегияны  жария ету арқылы Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа алдағы онжылдықтарда қандай жолмен жүретінін көрсетіп отыр. Жаһан­дану заманында әр мемлекеттің дамуы  ішкі жағдайға ғана байланысты емес. Жа­һандану заманында кез келген мемлекет өзінің мүмкіндігін жіберіп алмай, әлемдік экономикаға кірігуі қажет. Кез кел­ген елдің дамуы өзге дамыған және да­мушы мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуына тығыз байланысты болады. Бұл өзге мемлекеттермен экономикалық қатынастарды дамыту, инвестициялар тарту, олардың озық үлгідегі технологияларын пайдалану үшін қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осы мақсатқа жұмыс істейтін болады. Өйткені, Қазақстан экономикасы ашық, экономикасы инновациялық, демократиялық жүйесі бар, ішкі жағдайы тұрақты мемлекет ретінде дамиды деп жарияладық. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта да Қазақстанға деген басқа мемлекеттердің сенімін арттыра отырып, қарым-қатынастардың нығая түсуіне ықпал ететін болады. Стратегия сонысымен де құнды.

Қазақстан халықаралық саясатта беделі бар ел, көптеген интеграциялық бірлестіктердің бастамашысы ретінде танылып жүр. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан кейін ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атанды. Ядролық қаруды қаруды таратпау саласында еліміз бүкіл әлемге үлгі көрсетті, Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, ЕҚЫҰ саммитін, экономика, спорт, саясат саласындағы талай форумдар мен маңызды кездесулер өткізді. Алдағы жоспарлар да аз емес. 2017 жылы елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланбақ ниетте. Биылғы жылы сыртқы саясат саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр. «ҚазАқпарат» Қазақстанның халықаралық арендағы қызметі жөніндегі қаңтар-мамыр айларында шыққан шолудың үшінші бөлімін ұсынады.

Қазақстан халықаралық қауіпсіздіктің көшбасшысы

Қазақстанның сыртқы саясаттағы айқындалған бағытының бірі қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы, әлеуметтік-гуманитарлық байланыстардағы ынтымақтастықты арттыра түсу болып табылады. Осы бағытта отандық дипломатия әлем елдерімен байланысты үздіксіз дамыту үстінде. Енді соларға назар аударалық.

Германия Бундестагы мен Бавария ландтагының депутаттары алғаш рет ҰҚШҰ Тұрақты Кеңесіне қатысты. Мәскеудегі ҰҚШҰ-ның хатшылығында ҰҚШҰ хатшылығының басшылығы мен ұйымның Тұрақты кеңесінің мүшелері Бундестагтың Христиан-Социальдық одағы (ХӘО) бавариялық партиясының депутаттар делегациясымен кездесті. Бұл туралы ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.Делегацияның құрамында Бундестагтың депутаты, Қорғаныс комитетінің мүшесі, ХӘО партиясының сыртқы саясат және қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы төрағасы Ф.Хан, Бундестаг депутаты, ішкі істер бойынша комитет мүшесі, ХДО фракциясының ішкі саясат бойынша жұмыс тобының төрағасы Штефан Майер, Бундестаг депутаты, Халықаралық істер бойынша комитет мүшесі Александр Радван, Бавариялық ландтаг, Федерация мен ЕО істері бойынша комитет және ЕО-ның аймақтық қатынастар бойынша мүшесі Александр Кенига болды.Бавариялық депутаттармен бірге Ханнс Зайдель қорының басқарушы қызметкерлері, делегацияның Ресейге сапарын ұйымдастыруға септігін тигізген  Людвиг Майлингер, Маркус Эм бірге жүрді.Депутаттар ҰҚШҰ және мүше мемлекеттердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелер бойынша бірқатар сауалдар қойды, оған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжа жауап берді. Өз тарапынан, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдері Бундестаг депутаттарынан халықаралық жағдайдың кейбір мәселелері бойынша түсініктеме беруін сұрады.

Тұрақты кеңес өз отырыстарына ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің мемлекеттік және саяси қайраткерлерін, үшінші тарапты, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін шақырып отырудың қажеттілігін атап өтті. 

Ал Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға ресми сапармен келген Британ Ұлттар достастығының бас хатшысы баронесса Патриция Джанет Скотландпен кездесті. «Келіссөздер барысында тараптар құқықтық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, қазақстандық-британдық стратегиялық әріптестікті тереңдетудің маңыздылығын айтып өтті», делінген хабарламада.Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.Кездесу қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен П.Скотланд өзара қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.

Ал Польша Сенатының спикері қазақстандықтарға қуғын-сүргін жылдары қандастарына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты. Қазақстанда алғаш рет 1 наурызда тойланып жатқан алғыс айту күніне орай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына   Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийден хат келді. Хатта Польша халқының тарихындағы қайғылы оқиғалар - Қазақстанға жаппай қоныс аудару аталып өтілген. «1936 жылы коммунистік репрессиялар салдарынан мыңдаған поляк өз үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Көп адам сталиндік тоталитарлық режим салдарынан зардап шекті, кейбіреулері қаза тапты» делінген хатта. «Қиын-қыстау заманды басынан кешірген отандастарымызды еске алып, қоныс аударған поляктарды бауырындай қарсы алып, құрмет көрсеткендеріне ризамыз», - деп жазды С.Карчевский. Осыған байланысты Польша сенатының төрағасы Рим Папасы Иоанн Павел II: «Ашықтық пен ынтымақтастық рухы сіздердің дәстүрлеріңіздің бір бөлігін құрайды. Өйткені есте қалмас ескі заман¬дар¬дан бері Қазақстан түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің бейбіт тоғысқан жері болып келеді», -деген сөзін келтірді.

 Айта кетерлігі, халықаралық қауіпсіздік мәселесінде Мемлекет басшысының ядролық қаруды таратпау бастамалары ерекше орын алады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл басында елімізде тіркелген шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының басын қосып, арнайы сөз арнауы дәстүрге айналғанына да біраз уақыт болғаны белгілі. Бұл жолғы мұндай кездесу 2 наурызға дөп келді. Әдеттегідей Ақорда төріне шетелдік елшілерді жинаған Елбасы Қазақ елінің ғана емес, жаһан жұртшылығының көкейіндегі өзекті мәселелерді қозғап, оны шешудің нақты жолдарын да «елдестіруге келген елшілердің» қаперіне құйып берді. Мұнан өзге ғаламдық өзекті мәселелерді қозғап қоймай оны шешу жолындағы Қазақстанның ұстанымдарын да ашық айтты. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысының Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режімін нығайту ісіне жүйелі үлес қосып келе жатқанын баса айтуының да өзіндік мәні мен зор мағынасы бар екендігі де түсінікті жайт. Өйткені, Қазақстан Тәуелсіздік ала салысымен Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниежүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылғандығы әлем жұртшылығының қаперінен еш шығуы мүмкін емес. Сондықтан да дүрбелеңге толы дүниеде бейбітшілік орнатуды басты мақсат тұтқан Қазақстан Президентінің, қазақ елінің биік мінберден ядролық арсеналдарды қысқарту және жоюды тұрақты түрде жақтауға моральдық құқығы бар екендігі сөзсіз. «Бүгінгі таңда ғаламшардағы ядролық арсеналдың жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбаның қуатынан 113 мың есе артық. Сондықтан өздеріңіз де білетіндей, ядролық сынақтан зардап шеккен, ядролық полигонды жапқан және ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның ядролық арсеналдарды қысқарту және жоюды тұрақты түрде жақтауға моральдық құқығы бар. Бұл күрделі мәселе. Меніңше осыған қарай ілгерілеу қажет», - деді Елбасы жиналған Елшілерге қарата айтқан сөзінде. Осы ретте Мемлекет басшысы ядролық қарусыздану 21 ғасырдың басты мақсаты деп жариялауды ұсынғанын да еске салып өтті. «Бізді БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдағанына, оның біз әзірлеген Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны үш ай бұрын бекіткеніне қуаныштымын», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстанның таратпау режімін нығайту ісіне жүйелі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2015 жылы тамызда Астанада төмен байытылған уран банкін елімізде орналастыру жөнінде МАГАТЭ-мен арадағы келісімге қол қойылуы маңызды қадам болғанын баса айтты. «Біз Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздер үдерісін әрдайым қолдадық және оған іс жүзінде үлес қостық. Алматыда өткен келіссөздердің екі раунды Иран ядролық бағдарламасы бойынша іс-қимылдың жалпыны қамтитын бірлескен жоспарына негіз болды. «Алтылық» тобы мен Иранның өтініші бойынша біз осы жоспардың имплементациясына атсалыстық. «Алтылық» тобы, Иран, МАГАТЭ және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті құрылымдарымен жұмысты үйлестіре отырып, Қазақстан 2015 жылғы 27 желтоқсанда Иранға осы елден аз байытылған уранды әкетудің өтемі ретінде 60 тонна уран жеткізді. Бұл таратпау режімін нығайтуды, мемлекеттердің бейбіт атомды дамытуға деген заңды құқықтарын жүзеге асыруды және ядролық отынға кемсітушіліксіз қолжетімділікті қамтамасыз ететініне сенімдіміз»,  деді Қазақстан Көшбасшысы. Елбасы өз сөзінде Таяу Шығысты шарпыған бүгінгі соғыс отына да тоқталып, Сириядағы жанжалды шешу жолындағы Ресей мен Америка Құрама Штаттарының ортақ ымыраға келуін оң бағалайтындығын жеткізді. Бүгінде Таяу

Шығыста шын мәнінде бүкіл әлемнің тағдыры шешіліп жатқанына да айрықша назар аудартты. «Сириядағы қақтығыстардың теріс салдарлары өңірден сыртқа тарауда. Қоныс аударушылар мен босқындардың мұнша көп легі Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған емес. Халықаралық қоғамдастықтың «Ислам мемлекетіне» қарсы күрестегі іс-қимылының әркелкілігі, жүйесіздігі терроршыларға қолайлы болып отыр. Сондықтан мен БҰҰ аясында халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құруды ұсындым. Біз Ресей мен АҚШ-тың Сирияда атысты тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін құптаймыз. Барлық тарапты жасалған уағдаластықты толық орындауға шақырамыз. Бұл ұзақмерзімді саяси реттеу үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдіміз»,  деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын халықаралық құқықтың түпкі негіздерін сақтай отырып жаңғырту қажеттілігі пісіп-жетілгенін де баса атап өтті. «Елдердің құқықтық нормалар мен халықаралық міндеттемелерін сақтауы қазіргі заманғы әлемдік құрылымның маңызды мәселесіне айналды. Қазақстан 2016 жылы халықаралық құқық қағидаттарын растауға және сенімді қалпына келтіруге бағытталған жоғары деңгейдегі БҰҰ Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады»,  деді Мемлекет басшысы. Елбасы лаңкестікті  бейбітсүйгіш исламмен және басқа да діндермен шатастыруға жол беруге болмайтынын да әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған елшілердің қаперіне тағы да бір мәрте салып өтті. «Біздің бастамамыз бойынша биылғы мамыр айында БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында «Дін бейбітшілік үшін» тақырыбымен Жоғары деңгейдегі диалог өткізілетін болады. Терроризм мен экстремизмге және осы бір жаһандық зұлымдықты көлегейлеу үшін дінді пайдалануға қарсы бірауыздан қарсы шығу үшін барлық елдерді осы форумға қатысуға шақырамын»,  деді Н.Назарбаев. Алқалы жиын соңында ҚР Президенті Қазақстанның белсенді сыртқы экономикалық қызметіне тоқталып, өз сапарлары барысында жалпы құны 60 миллиард доллар болатын 275 экономикалық келісімге қол қойылғанын, ағымдағы жылы да еліміз көпвекторлы, сындарлы сыртқы саясатын, әлемдік экономикалық кеңістікке кірігудегі магистральды бағытты жүзеге асыруды жалғастыратынын атап өтті.

  Қазақстан мен Пәкістанның әскери қызметшілері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов пен Пәкістан ҚК ӘТК штабтық колледжі делегациясының басшысы коммадор Сәжид Махмұд Шахзаданың кездесуі барысында әскери білім беру және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық талқыланды. «Қазақстандық тарап тәжірибе алмасу, персоналды оқыту, халықаралық әскери жарыстар мен оқу-жаттығуларға қатысу жөніндегі бірлескен күш-жігерді өрістетуге ниетті», - деді өз сөзінде контр-адмирал Жандарбек Жанзақов. Қазақстан мен Пәкістанның әскери ынтымақтастығын дамытудағы маңызды бағыт әскери білім беру болып табылады. Бүгінде қазақстандық әскери қызметшілердің Пәкістан Ислам Республикасының оқу орындарында, Құрлық әскерлерінің Әскери академиясында, Ұлттық қорғаныс колледжінде және т.б. білім алуларына мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жыл сайын таныстыру сапарымен Қазақстан Республикасына келетін пәкістандық әскери колледждердің тыңдаушыларын қабылдайды.  Бүгінгі күні Қазақстан мен Пәкістанның Қарулы Күштері әртүрлі бағыттарда өзара іс-әрекет жасап жүргендерін айта кеткен жөн. Қорғаныс аясындағы екіжақты қарым-қатынастың дамудағы әлеуеті орасан зор.

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері Ұлыбританияда өтетін «Дала қыраны - 2016» оқу-жаттығуына аттанады. «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының базасында қазақстандық, американдық, британдық, тәжік, қырғыз және түрік әскери қызметшілерінің қатысуымен «Дала қыраны - 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының негізгі жоспарлаушы конференциясы өткізілді.  2016 жылдың шілдесінде «Дала қыраны - 2016»  тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын Ұлыбританияның аумағында өткізу жоспарлануда. Онда ҚР ҚК әскери-көліктік авиациясының жеке құрамы мен қару-жарағын жөнелтуге пайдалана отырып, «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының 250-ге дейін әскери қызметшісі тартылады деп күтілуде.  Алдағы оқу-жаттығудың мақсаты бейбітшілікті қолдау, «Жедел әлеуеттің тұжырымдамасы» НАТО-ның бағдарламасы бойынша ҚР ҚК сарапшыларының өзін-өзі бағалауды өткізуі және осымен байланысты барлық рәсімдерді іс жүзінде сынамалау үшін шетелде ҚР ҚК-нің бітімгершілік ротасын жөнелту және өрістету процесін пысықтау, сондай-ақ болашақта ротаны БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына жолдау кезінде ұсынымдарды әзірлеу бойынша «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонын операцияға қатысуын дайындау болып табылады. «Дала қыраны - 2016» оқу-жаттығуы республиканың шекарасында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ.  2014 жылы «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өтті. Оған ҚР  ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.

 Сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері Африкада өткен БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысты.

 30-дан аса елдің өкілдерімен бірлесіп әскери қызметшілеріміз әскери бақылаушылардың міндеттемелерін орындауда. Әскери қызметшілердің сөзіне қарағанда, миссиялардағы қиындықтар тек қана климатпен байланысты. Шөл даладағы қапырық, бағдарлар, жоғары температуралық режімдер - мұның барлығы кей кезде патрульдеуге қиындық туғызады. Негізгі тапсырмамен, яки, белгіленген жауапкершілік аймақтарын патрульдеумен қатар, олар алынған ақпаратты жинау және талдаумен айналысады, әскери уағдаластықты сақтау мониторингісін жүргізеді.  ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінде айтқандай, бүгінде Батыс Сахарасы (MINURSO) мен  Кот-д'Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында жеті қазақстандық офицер бар.

Шын мәнінде саны бойынша бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүрген әскери қызметшілердің азғантай ғана контингенті. Әскери бақылаушылар БҰҰ-ның персоналы болып табылады. Олар дау-дамай шығарушы бірде-бір тарапты қолдамай, бейтараптылық қағидатын ұстанады, қол жеткізілген бейбіт уағдаластықтың сақталуын қадағалайды.  Сонымен бірге, миссия барысында жинақталатын тәжірибе де аса құнды.

Миссиядан миссияға ол әртүрлі елдер мен әлемнің түкпір-түкпірінен әскери бақылаушылармен беріледі. Шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ала отырып, офицерлеріміз оралғаннан кейін өз ойларымен бөлісіп, армиямызға енгізеді.

  Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды бақылау миссиясының басшысы Борис Фрлецпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Бас Прокуроры азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы, оның ішінде сайлау үрдісіне қатысты өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. А. Дауылбаев қадағалау қызметінде заң бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмауға ерекше көңіл аударылып отырғанын, осыған орай прокурорлардың заңды түсіндіру бағытындағы жұмыстары күшейтілгенін атап өтті. Б. Фрлец ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы қызметінің міндеттері мен қағидалары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауды өткізуге қатысты дайындық жұмыстары туралы баяндады. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы басты қадағалау органынан сайлау заңнамасының қолданылуы және аталмыш заңнаманы бұзу орын алған жағдайларға қатысты ақпарат алуға қызығушылығын танытты. Тараптар мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура органдарының сайлау ашықтығын қамтамасыз етудегі жұмыстарын талқылады. Сонымен қатар Борис Фрлец кездесу барысындағы қозғалған мәселелер бойынша Бас прокуратураның барынша ашықтығын ерекше ықыласпен атап өтті. Пікір алмасу кезінде Б. Фрлец сайлау үрдісінің заңдылығын қамтамасыз етуге қатысты қойған сұрақтарына толыққанды жауап алып, мазмұнды сұхбат үшін ризашылығын білдірді.

  Ал Парижде ЮНЕСКО  штаб-пәтерінде Франциядағы Қазақстан елшісі, ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі Нұрлан Дәненов ЮНЕСКО  бас директорының орынбасары Нада әл-Нашифпен кездесті. ЮНЕСКО жанынан Халықаралық бейбітшілік академиясын құру идеясын алға жылжыту бойынша пікір алмасу өтті. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың пікірінше, үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бейбітшілікті қолдау және орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша үдемелі идеялар мен тиімді шараларды жүзеге асыруға болады. ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Н. Назарбаевтың бастамасын жоғары бағалап,   ұсыныстардың өзектілігі мен негізгі бағдарламалар мен ұйымдастыру стратегиясына сәйкес келетінін атап өтті. Н. Әл-Нашифтің пікірінше, осындай академия құру идеясын іске асыру үшін ЮНЕСКО-ның зияткерлік әлеуетін жұмылдыру аса маңызды. Осыған орай құрылған тиісті жұмыс тобы сараптамалық ұсыныстарды зерделеп, талдайды.2013-2022 жылдарға арналған халықаралық мәдениеттерді жақындастыру онжылдығының іс-қимыл жоспарын іске асыру мәселелерін талқылау аясында БҰҰ Бас хатшысының баяндамасында жарық көрген  ЮНЕСКО-ның осы бағдарламасының қалыптасуына Қазақстанның қосқан маңызды үлесі атап өтілді.

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

 Каспий маңы елдері Түркіменстандағы «Аваз» туристік аймағында бас қосады. Авазда «Каспий теңізі - тұрақты даму және басқару» атты коференция өтеді, оған Түркіменстан, Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран елдерінің өкілдері, Халықаралық мұхиттар институтының мамандары, Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері, Түркіменстан президенті жанындағы Каспий теңізінің мәселелері жөніндегі уәкіл, қатысады. Жиынның мақсаты - Каспий бассейніндегі  мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасасуына одан әрі серпін беру, табиғи ортаны қорғау мақсатындағы ынтымақтастық, өңірдің тұрақты дамуы, Каспий аймағындағы кәсіби мекемелердің мамандарының білімі мен біліктілігін арттыру.Шараны Түркіменстан СІМ мен Мемлекеттік мекемесі, Түркіменстан президенті жанындағы Каспий теңізінің мәселелері жөніндегі уәкіл ұйымдастыруда.

Тәттімбеттің 200 жылдығы Түркияда аталып өтеді.  Үстіміздегі жылдың 10-13 наурыз күндерінде қазақтың көрнекті сазгері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына орай Анкара, Ескишехир, Амасия және Болу қалаларында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы ТҮРКСОЙ-дың баспасөз қызметі хабарлады. Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің және Әзербайжанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан мен Түркия достығы» атты концерттер береді.  Оркестрдің көркемдік  жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай. Екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсуіне  үлес қосатын айтулы мерекелі шараға Түркияның Ұлы Мәжіліс депутаттары, қала губернаторлары мен мэрлері, дипломатиялық мекемелердің өкілдері, түрік зиялылары мен өнерсүйер қауым қатысады. Шара ұйымдастырушылары - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Қарағанды облысының әкімдігі.

Түркияда Тәттімбеттің 200 жылдық мерейтойына орай саябақ ашылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) және Анкара қаласының Етимесгут ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәттімбеттің 200 жылдық мерей тойына орай «Тәттімбет атындағы саябақ» ашылды. Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақтың ашылу салтанатына Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Етимесгут ауданы әкімі Енвер Демирель Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев, С.Сейфуллин драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов, Тәттімбеттің ұрпақтары Дастан Құдабаев пен Мүсілім Жағыппаров және ақын - жазушылар қатысты. Ашылу салтанаты барысында Тәттімбет Қазанғапұлының өмірбаяны мен күйлері насихатталып, Тәттімбеттің тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақынжанды сері адам болғандығы туралы айтылды. Өз кезегінде сөз алған Түркия Республикасы Анкара қаласы Етимесгут ауданы әкімі Енвер Демирель Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениет саласында жүргізіліп жатқан іс-шараларды айта келіп, қазақтың көрнекті сазгері Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы саябақтың бауырлас екі елді жақындастыруға және тарихи, мәдени тамырластығын тереңдетудегі алатын орнына тоқталды. Сонымен қатар Елші Ж.Түймебаев 2011 жылы Етимесгут ауданында қазақ халқының атақты күйшісі «Дина Нұрпейісова саябағы» ашылғандығын айта отырып, тарихы ортақ түркі әлемінің ұлы өнер адамдарының бірі болып табылатын ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлы мұрасының халықтарымызды өзара рухани байытудағы және достық дәнекерлерін нығайтудағы үлкен рөлін тілге тиек етті.

Айта кету керек, ЮНЕСКО Бас конференциясының Парижде өткен 38-сессиясында Алаш көсемдерінің бірі, қайраткер тұлға Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өту жөніндегі шешім қабылданған болатын. Ресей Елшісі Қазақстанның сыртқы саясатта елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Қазақстан сыртқы саясатта елеулі табыстарға қол жеткізді.  Бұл туралы Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық корпус дуайені  Михаил Бочарников. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде айтты. Ресей дипломаты өткен жылдың Қазақстан үшін Конституция мен ҚХА-ның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, экономиканы жаңғырту жөніндегі ауқымды реформалардың басталуы, сондай-ақ бүкіл әлемге  Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын көрсеткен президент сайлауы сияқты тарихи оқиғалармен айшықталғанын атап өтті. М.Бочарниковтің айтуынша, аталған кезеңде Қазақстан сыртқы саясатта елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл - ең алдымен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ЕАЭО-ға төрағалық етіп, ұйымның сыртқы серіктестерімен байланысын нығайтуы, интеграциялық бірлестік жұмысын «Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуімен» ұластыру.

Ә.Байменов Қазақстанның мемлекеттік органдарына шетел азаматтарының қызметке келуі мүмкін екендігін айтты. Мемлекеттік қызмет саласындағы Орталық Азия Өңірлік хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Қазақстанның мемлекеттік органдарында шетел азаматтарының келуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Дегенмен ол шетел азаматтарының басқарушы лауазымдарға тағайындалуы екіталай екенін де жеткізді. «Меніңше, біздің елде Украинадағыдай шетелдік азаматтар бірінші басқарушылық лауазымдарға тағайындала қоятынына күмәнім бар. Оның қажеттілігі де шамалы. Бірақ жекелеген салаларда шетелдік сарапшылар тартылады. Алайда олар біздің ұлттық мүдделерімізге сай, тиісті қызметтермен тексерілгеннен кейін, тек кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынуымен ғана жұмысқа қабылдана алады. Бұл норма «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңда көрсетілген», - деп атап өтті ол Астанада өткен «Мемлекеттік қызметтегі заманауи үрдістер мен реформалар» атты конференцияда. «Кейбір мемлекеттердің үлкен жетістікке жеткен жекелеген бағыттары бар. Меніңше, егер сол елдердің сарапшылары өз білімімен бөлісер болса, бұл Қазақстан дамуына үлкен серпін берер еді», - дейді Ә.Байменов.

Лондонда қазақстандық ақынның шығармалар жинағы таныстырылады. Британдық Hertfordshire Press баспасы 2016 жылғы қазанда Лондонда қазақстандық ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың «Жаңбыр көлеңкесі» атты таңдамалы шығармалар жинағын таныстырады. «Жаңбыр көлеңкесі» - Hertfordshire Press баспасы ағылшын тілінде басып шығарған оның алғашқы өлеңдер жинағы емес. 2015 жылы ақынның «Жусан желі» кітабы таныстырылған болатын, ол шетелдік сыншылардан да, Орталық Азия жазушыларынан да жақсы баға алды. Раушан прозамен де әуестенеді, жазушылар одағының, қазақ Пен-клубының мүшесі, оның бірнеше кітаптары бар: «Жусан желі», «Көшпелі әйел-махаббат», «Түнгі айна», «Үміт жағалауы» және басқалары. Ол өзінің жұмыстарында қазіргі заманның  экологиялық және әлеуметтік проблемаларын көтереді. Раушан Бүркітбаева-Нүкенова кітабы E-book форматында басылып шыққан алғашқы қазақ ақыны. Лондондағы төртінші халықаралық «Open Eurasia and Central Asia Book Forum and Literature Festival 2015» әдеби фестивалі ауқымында Раушан Бүркітбаева-Нүкенова «Жыл серпіні-2015» аталымында дипломмен марапатталды.

Қазақстанның сыртқы саясаты - бейбітшілік бастамаларымен ерекшеленеді

ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ-нің күш-жігері мығым әлемнегізін құруға бағытталған. Иордания Королі Ұлы мәртебелі Абдалла ІІ-нің  ішкі реформадағы және халықаралық форумдар жұмысындағы күш-жігері өңірде мығым әрі жалпықамтымды әлем негізін құруға бағытталған. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және халықаралық мәселелердегі күш-жігерімен үндеседі. Иордания Хашимиттік Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің Иордания университетінде ұйымдастырған дәрісі барысында аталған елден «Парламентшілер - ядролық таратпау және қарусыздану үшін» жаһандық желісінің үйлестірушісі Муна Махамрех айтты. Аталған шара екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа арналған болатын. М.Махамрех  өз сөзінде қазақстандық-иорданиялық екіжақты қарым-қатынастың жай-күйіне тоқталып, екі ел басшыларының ішкі және сыртқы саясаттағы, экономика мен қауіпсіздік мәселелеріндегі бағдарына қатысты ой бөлісті. «Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты Қазақстан ішінде де, сонымен бірге өңірлік және халықаралық мәселелерде де бауырластық құндылығына, құқық теңдігіне, толеранттылық пен ұлттық бірлікке негізделген көрегенділігімен ерекшеленетіндігін көреміз. Бұл өз кезегінде барлық саладағы, оның ішінде экстремизммен күрестегі екіжақты ынтымақтастықты кеңейте түсуге өз септігін тигізеді», - деді М.Махамрех. Осы ретте ол дәріс тыңдаушыларына Президент Н.Назарбаевтың «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын шақыру және БҰҰ аясында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұрудың бірыңғай әлемдік желісін құру туралы бастамалары жайында тарқата айтып берді. Бұған қоса, иордандық үйлестіруші Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларациясын қабылдағандығын жоғары бағалады. «Жоғарыда атап өткен бұл аспектілер екіжақты қазақстандық-иорданиялық қарым-қатынасқа мығым негіз қалайтын жайттардың бірі. Президент Н.Назарбаев пен Король Абдалла ІІ-нің саяси бағдары сәйкес келеді, олар екі халық үшін лайықты өмір мен қауіпсіздіктің негізін қалап, бейбітшілік орната алды», - деп түйіндеді ойын М.Махамрех.

Қазақстанның Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Бердібай өз сөзінде екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа кеңінен тоқталып, қауіпсіздік пен даму саласына қосқан ортақ үлесін айрықша атап өтті.

«Біздің елдеріміздің арасында тұрақты түрде саяси сұхбаттастық қалыптасқан. Өзара сапарлар барысында Король Абдалла ІІ мен біздің мемлекет басшымыз Н.Назарбаев лаңкестікпен күрес саласындағы одан ары ынтымақтастыққа сенім артылған болатын. Осы орайда екі мемлекеттің халықаралық және өңірлік саясат мәселелеріндегі көзқарастары сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Бұл бағыт Ливанда, Мысырда, Түркия мен Парижде «ДАИШ» лаңкестік ұйымының белсенділік танытуына байланысты барынша өзекті», - деді А.Бердібай. Сонымен қатар Елші Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынуына ерекше тоқталып өтті. Дәріс аяқталғаннан кейін Қазақстанның қалалары, қонақжайлылығы және Астанада салынып жатқан «ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жайында бейнеролик көрсетілді.

«ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері қауіпсіздігін, соның ішінде лаңкестік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты құралдарының бірі  - ұйымның күш-қуаты

 Сенаттың жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше-мемлекеттердің ақпараттық саладағы қылмыстық әрекеттерге қарсы өзара әрекеттесу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған хаттамаға ҰҚШҰ мемлекеттер басшылары 2014 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде қол қойған. Хаттама ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, ақпарат саласындағы ыдыратушылық ақпараттық ықпал етулер мен төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталады. Сонымен бірге, ҰҚШҰ аясындағы арнайы қызмет органдарының ақпаратпен алмасу, бірлескен іс-шаралар мен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, процессуалды іс-қимылдар мен кадрлар даярлау бойынша өзара әрекеттесу тәртібін айқындайды. Бұдан бөлек, құжат ынтымақтастық тиімділігін арттыруға, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың өсуін болдырмауға септігін тигізеді. Хаттама ережелеріне сәйкуес, ҰҚШҰ мемлекеттері ақпараттық кеңістікті ыдыратушылық ықпал етуден қорғау мүддесінде ынтымақтасатын болады. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын және ұлттық заңнамада конституциялық құрылыстың негізіне, мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы, бейбітшілікке, адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ретінде сараланатын қылмыс белгілері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырып, ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтасуға міндетті болады.

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаттарының бірі. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында осындай пікірін айтты. «Бүгінде ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері халықаралық лаңкестіктің басты нысандарының бірі болып отыр», - деп баса айтты Бордюжа. Оның айтуынша, НАТО мемлекеттері әскери топтарының күшеюі, біздің шекараларымыз маңында бұрынғы жанжалдарды қайта қоздату қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірумен қатар, әлемде және ұжымдық қауіпсіздік аймағында лаңкестік және экстремистік топтар қызметі жандана түсуде. Бордюжа қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру ұйымның басымдықты міндеттерінің біріне айналып отырғанын атап көрсетті. «Экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру саласындағы бірлескен іс-қимылды үйлестіру үшін ҰҚШҰ мемлекеттері сарапшыларының жұмыс тобы қалыптастырылды және тұрақты негізде қауіпсіздік органдары, ішкі істер және Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының қызметкерлерінің отырысы өткізілуде», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ елдері экстремистерге қарсы іс-қимылға ерекше ден қоюда. ҰҚШҰ ерте бастан дағдарыстың алдын алу тетіктерін іске асыруына қарамастан, Ауғанстан аумағындағы лаңкестік топқа байланысты ҰҚШҰ оңтүстік шекараларына қауіп артып отыр, деді Мемдума депутаты Анатолий Выборный. ҰҚШҰ елдері өз аумағында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы іс-әрекетке баса мән береді, деп мәлімдеді Парламенттік Ассамблея тұрақты комиссиясының  қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі төрағасы, Мемдума депутаты Анатолий Выборный.

Бұдан бөлек, 11 наурызда Ереванда ҰҚШҰ ПА отырысы өтті. Оған қатысқан РФ Парламенттің төменгі палатасының спикері Сергей Нарышкиннің айтуынша, ҰҚШҰ ерте бастан дағдарыстың  алдын алу тетіктерін іске асыруына қарамастан, Ауғанстан аумағында орналасқан лаңкестік топқа байланысты ҰҚШҰ оңтүстік шекараларына қауіп артып отыр.Ол қазір экстремистік ұйымдарға қарсы әрекетті, заңсыз қару мен есірткі сатумен күресті күшейтіп, ҰҚШҰ қатысушы елдер жастарының лаңкестердің жетегінде кетуіне жол бермеу шараларын қабылдау қажеттігін баса айтты.Шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдарға, аумаққа заңсыз қарулы құрамалардың енуінің, лаңкестік шабуылдың, есірткі сатудың, адам саудасының жолын кесу тұрғысынан бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін ерекше бақылайтын боламыз», деп қосты депутат.

 

 

 

 

Сонымен қатар, ҰҚШҰ елдері экстремистерге қарсы іс-қимылға ерекше ден қоюда. ҰҚШҰ ерте бастан дағдарыстың алдын алу тетіктерін іске асыруына қарамастан, Ауғанстан аумағындағы лаңкестік топқа байланысты ҰҚШҰ оңтүстік шекараларына қауіп артып отыр, деді Мемдума депутаты Анатолий Выборный. ҰҚШҰ елдері өз аумағында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы іс-әрекетке баса мән береді, деп мәлімдеді Парламенттік Ассамблея тұрақты комиссиясының  қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі төрағасы, Мемдума депутаты Анатолий Выборный.

  Айта кетер жайт, ҰҚШҰ әскери мүліктерді тасымалдау саласында да ынтымақтасатын болады. Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Аталған келісімге Душанбе қаласында 2015 жылдың 15 қыркүйегінде қол қойылған. Құжаттың мақсаты көлік түрлеріне қарамастан әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін тасымалдау және жоспарлау барысында тараптардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Тасымалдар бірлескен операцияларды жүргізу барысында,  командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығуларда, бітімгерлік операцияларында,  төтенше жағдайлар салдарын жою барысында жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің қарулы күштерінің мүддесі үшін әскери нысандағы өнімдерді жеткізу барысында да осы шаралар атқарылады», - дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров. Оның айтуынша, тасымалдар оларды алдын ала келісілгеннен соң және уәкілетті органдардың жоспарынан соң жүзеге асады. Жүзеге асыру қабылдаушы немесе транзиттік мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асады. Ал өтінімдерді қарау келіп түскен күннен басталып он бес күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Бұдан бөлек, келісімде мемлекеттік және кедендік шекараларды кесіп өту тәртібі, шекаралық және басқа да бақылау түрлерін жүзеге асыру, жүктерді күзету және тасымал қауіпсіздіктері туралы мәселелер қаралады, күзетуші тұлғалар мен мамандардың құқықтары мен міндеттері де қарастырылып отыр.

 Сондай-ақ қауіпсіздік мәселесі  ҰҚШҰ-ның жұмыс тобы Ауғанстандағы жағдайды талқыланды. 2016 жылы 29 наурызда Мәскеуде  ҰҚШҰ  СІМК жанындағы Ауғанстан бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Шараға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасарлары, ҰҚШҰ жанындағы тұрақты және уәкілді өкілдері, сонымен қатар ҰҚШҰ  Хатшылығының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Ауғанстанда қауырт әскери-саяси жағдай байқалатыны және ол өршуі мүмкін екендігін атап өтті.   ДАИШ қызметін белсенді ете түскені, тұрақсыздық елдің оңтүстігінен солтүстігіне өтуі алаңдатып отыр. Саяси және этникалық топтар арасында билік үшін ішкі күрес байқалуда. Орталық Азия елдері үшін Ауғанстан мен Пәкістанда содырларды дайындау лагерьлерінің болуы, Ауғанстанның солтүстігінен радикалдар мен экстремистердің кіруі қауіп тудырады. Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ауғанстандық бағыттағы жұмыстарын шоғырландыру керек екені аталып өтілді. ҰҚШҰ СІМК  жанындағы Ауғанстан бойынша Жұмыс тобының 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған Жұмыстар жоспары қарастырылды және бекітілді. ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан ісі бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы 2016 жылы қараша-желтоқсан айларында өткізу жоспарланған.

 

Шет мемлекеттер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерімен танысуда

Бұл ретте, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың АҚШ-та «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерін таныстыруын атап өтуге болады. 14 наурызда БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссияның  60-сессиясына  қатысуға келген Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс сапарымен болған еді. Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жиында ол әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баяндама  жасайды. Сапар аясында Г.Н.Әбдіқалықова Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, бизнес топтарымен және сарапшылар қоғамдастығымен бірқатар кездесулер өткізді. Г.Әбдіқалықова азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер бойынша АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мемлекеттік хатшы АҚШ  тарапын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт  жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі - Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарапшы, академиялық және қоғамдық топтардың өкілдері, сондай-ақ Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қатысушы аудиторияның ҚР Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту бойынша салып отырған күш-жігері туралы және басқа да көптеген сауалдарына жауап берді. Гүлшара Әбдіқалықова «Жаһандық әріптестік» «Жанды дауыстар» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның Президенті Элис Нельсонмен кездесті, сондай-ақ құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Ұйым 1997 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клинтон және Мемлекеттік хатшы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы - бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы оларды жаһандық үдерістердің катализаторына айналдыру болып табылады.

АҚШ-тың іскер топтары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қатысуға шақыратынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиант студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды. Іссапар соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықованың Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өтетін «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысуы жоспарланған.

 

Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестіктің серпінді кезеңіне қадам басады

Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатында Еуропалық Одақпен қарым-қатынасқа мейлінше маңыз беріліп келеді. Әсіресе, соңғы жылдардағы күрделеніп кеткен әлемдік ахуал, жетекші державалар арасындағы қырғи-қабақтық текетірес, өзара санкциялар секілді алмағайып заманда мемлекеттерді алыстату емес, керісінше жақындастыру саясатын ұстанған Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен байланысты дамыту аса өзекті болып табылады. Сондықтан да, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақ елдерімен серіктестік пен ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін айқындау үшін жаңа келісім әзірлеуді жүктеген болатын. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы әзірленген болатын. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Құжатқа 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада қол қойылған болатын. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, Еуропалық Одақ - Қазақстан үшін ең басты сауда-экономикалық әріптес. Сондықтан да, бұл келісім Қазақстан үшін үлкен саяси маңызға ие. «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы еліміздің Еуропалық Одақпен жаңа кеісіміне ерекше мән беріп отыр. Елбасы Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік елдер арасындағы ынтымақтастығымызды байытып, Қазақстанның бұдан әрі экономикалық және саяси жаңғыруына жол ашады деп санайды», - дейді Р. Василенко. Оның сөзіне қарағанда, жаңа келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы 1995 жылдан бергі қолданыстағы келісімді алмастырады. Айта кетерлігі, қолданыстағы келісім ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясындағы өзінің рөлін толық атқарды. Дегенмен, бұл Еуропалық Одақтың барлық ТМД мемелкеттерімен жасасқан типтік келісім болған еді әрі оның көптеген ережелері моральдық тұрғыдан ескірген болатын. «Атап айтқанда, осы уақыттар аралығында әлемдегі саяси ахуал өзгерді, Қазақстанның Орталық Азия мен посткеңестік кеңістіктегі рөлі артты. Сонымен қатар, еліміздің экономикалық және саяси әлеуетінің нығаюы ЕО-пен қағидатты түрде «екінші буынның» жаңа келісімін қабылдауды уақыт талабы етіп отыр. Қолданыстағы келісіммен таза техникалық тұрғыдан салыстырғанда жаңа келісімнің сапалық және сандық өзгерістерін бірден байқауға болады. Мәселен, жаңа келісімнің қамтитын ауқымы қолданыстағы келісімге қарағанда 4 есеге жуық артты, ондағы баптарының өзі 3 есеге көбейді, қосымшалары, әсіресе сауда-саттық бөліміне ерекше мұқияттылық байқалады», - деді Р. Василенко.  Оның айтуынша, Қазақстан мен ЕО арасындағы қағидатты түрде жаңа бағыттар ретінде ғарыштық қауіпсіздік, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атыс және жеңіл қараулардың таралымы, киберқылмысқа қарсы шаралар, дербес мәліметтерді қорғау, мемлекеттік қызмет саласы, климаттың өзгеруі, құқық қорғау салаларын атап өтуге болады. Құжат алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады.

Осы құжат комитетте талқаланғаннан соң, Парламент Сенаты Қазақстан мен Еуропа қауымдастығының жаңа парағын ашатын осынау тарихи құжатты ратификациялады. Енді бұған дейінгі келісімді алмастыратын «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы Мемлекет басшысының қол қоюынан соң күшіне енетін болады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы бірінші Келісім 1995 жылғы 23 қаңтарда 10 жыл мерзімге қол қойылып, ол 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген болатын. Осы ескі келісімді жаңарту туралы Елбасы Н. Назарбаев Еурокомиссияның сол кездегі басшысы Жозе Мануэль Баррозумен кездесуінде көтерген болатын. Сол кездесуде тараптар өткен он жыл ішінде әлемде жаңа қауіп-қатерлер туындап, әлемдік экономикалық архитектураның өзгергенін мойындаған еді. Осылайша, жаңа келісімге бастама жасалды. Ал Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша келіссөздер 2011 жылғы 27 маусымда Брюссельде бастау алды. 2014 жылғы 9 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Брюссельге ресми сапары барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтау туралы саяси хаттамаға қол қойылды. Нәтижесінде былтырғы 2015 жылдың 21 желтоқсанда Астанада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстан Орталық Азияның Еуроодақпен кең ауқымдағы ынтымақтастықты тұтастай қамтитын жаңа құжатқа қол қойған алғашқы елі болды. Сарапшылардың айтуынша, бұл ТМД кеңістігінде де теңдессіз құжат саналады. Жаңа келісім сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын және Еуразиялық экономикалық одақты дамытуды қоса алғанда, Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимыл шеңберін едәуір ұлғайтады және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастық бағыттарына экономика және қаржы, көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, білім және зерттеу, сондай-ақ деректерді қорғау, көші-қон, заңның үстем болуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салалары кіреді. Тараптар сонымен қатар терроризмге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтуді, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа көмектесуді көздеуде. Сарапшылардың айтуынша, 1999 жылғы келісімді алмастыратын жаңа құжат бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауқымды: 9 бөлімнен, 287 баптан, сауда бөлігіндегі жеті қосымшадан тұрады әрі ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтиды. «Қазіргі Еуропалық Одақ Қазақстанның аса маңызды әрі ірі сауда экономикалық әріптесі және инвесторы. Тауар айналымының 50 пайызы мен тартылған шетелдік инвестициялардың 50 пайыздан астамы ЕО үлесіне тиесілі. Ал Қазақстанның ЕО жалпы тауар айналымының көлемі 26-орынды иелене отырып, ЕО-ның басты сауда әріптестерінің ішінде 30 ірі мемлекеттер қатарына енеді. Келісім кешенді сипаттағы құжат болып табылады: саяси диалогты нығайтуды арттырады, ондағы қағидатты түрде жаңа бағыттар ретінде ғарыштық қауіпсіздік, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атыс және жеңіл қараулардың таралымы, киберқылмысқа қарсы шаралар, дербес мәліметтерді қорғау, мемлекеттік қызмет саласы, климаттың өзгеруі, құқық қорғау салаларын атап өтуге болады. Құжатта бостандық, қауіпсіздік, әділет және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастыққа да барынша мән беріліп отыр. ЕО инновациялар, ғылым және технология, білім және мәдениет өзара іс қимыл одан әрі дамытылады», - деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

 Диалогқа келсек, Қазақстан экономиканы жаңғырту және әртараптандыру жасап, «жасыл экономикаға» көшу, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ісінде Еуропалық Одақтың көмегі мен тәжірибесін мейлінше кең пайдаланатын болады. ЕО-та өз тарапынан Қазақстанмен жасалған жаңа келісімге үлкен мән береді. Олардың пікірінше, жаңа келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды терең дамытуға едәуір қарқын беріп, өңірдегі басқа елдерге жарқын үлгіге айналады. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, тұтастай алғанда Қазақстан мен ЕО арасындағы «екінші буын» келісімі ынтымақтастықтың ауқымын айтарлықтай ұлғайтады. Мәселен, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан ЕО арасындағы іс-қимылдың жаңа кезеңге шығатынын ескере отырып, «ЕО-ЕАЭО» желісі бойынша ынтымақтастық орнату идеясын ілгерілетуге күш салатын болады. «Тұтастай алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау Қазақстанның ЕО қарым қатынасын дамытудың жаңа кезеңіне айналады, бұл қатынастардың сапалы жаңа деңгейге көшкенін растайды. Құжат қабылданғаннан кейін Сыртқы істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру бойынша Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты тұтастай қамтитын бағдарлама жасауға кірісетін болады», - деді министр Ерлан Ыдырысов.

Оның айтуынша, келісім саяси диалогты нығайтуды арттырады, қағидатты түрде жаңа бағыттар ретінде ғарыштық қауіпсіздік, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атыс және жеңіл қараулардың таралымы, киберқылмысқа қарсы шаралар, дербес мәліметтерді қорғау, мемлекеттік қызмет саласы, климаттың өзгеруі, құқық қорғау салаларын атап өтуге болады. Құжатта бостандық, қауіпсіздік, әділет және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастыққа да барынша мән беріліп отыр. ЕО инновациялар, ғылым және технология, білім және мәдениет өзара іс қимыл одан әрі дамытылады. «Келісім арқылы Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету, Қазақстанды нарықтық экономикасы бар мәртебесін беру, еліміздің авиакомпанияларын ЕО шектеу тізімінен шығару жұмыстары жандана түседі. Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім еліміздің таңдап алған ұлттық бағытына, «Қазақстан-2050» стратегиясына, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға, бес институттық реформаны, Ұлт жоспарына толықтай сәйкес келеді»,- деді сыртқы саясат ведомствосының басшысы. Ал сенатор Нұртай Әбіқаевтың пікірінше, Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің саяси-экономикалық маңызы зор. Сенатордың сөзіне қарағанда, Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында Еуропалық Одақ бұндай келісімді жасап отырған бірінші мемлекет. «Баса тоқтала кететін жайт, келісімнің екі элементі бар. Біріншісі - демократиялық қағидаларды, адам құқығын және заң үстемдігін басшылыққа алу. Екіншісі - жаппай қырып-жою қаруын таратпау. Қазақстан келісімді ратификациялағаннан кейін және құқықтық қағидаттардың уақытша қолданылуы басталғаннан соң тараптар бірінші элемент бойынша міндеттемелерін қатаң орындауы керек. Ал екінші элемент бойынша міндеттемелер келісім күшіне енгеннен соң ғана орындалатын болады. Жалпы айтқанда, Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісімде Еуропалық Одақпен саяси ассоциация және экономикалық интеграция бойынша, сондай-ақ, терең саяси және экономикалық реформалар жүргізу бойынша ешқандай міндеттемелер қарастырылмаған. Украина, Молдова, Грузия секілді елдердің келісімінен басты ерекшелігі де осында. Еуропамен ұзақмерзімді ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасына толық сәйкеседі», - деді Н. Әбіқаев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасының жаңа парағын ашатын болады. Оның ішінде сауда-экономикалық байланыс жанданатыны да сөзсіз, өйткені құжатта ынтымақтастықтың экономикалық блогына үлкен мән беріліп отыр. Айта кетерлігі, Тәуелсіздіктен бері Еуропалық Одақ Қазақстанның жетекші сауда әрі инвестициялық әріптесіне айналып отыр. Мысалы, Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен тауар айналымы 2015 жылы 31 млрд доллларды құрады, бұл еліміздің жалпы сауда айналымының 51,4 пайызына тең. Ал елімізге тікелей инвестициялар жалпы 215 млрд доллар болса, соның ішінде Еуропа Одағының үлесіне тиетін инвестиция - 100 млрд доллардан асады.

Бұл арада  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) миссиясының басшысы, испан парламентінің депутаты Жорди Чукламен кездесуіне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.  Е. Ыдырысов 2004 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы арасындағы табысты және жемісті ынтымақтастықты атады.  «Министр Қазақстанның сайлауды халықаралық үлгілерге сай ашық, айқын және шын өтетініне үлкен назар аударатынын жариялай отырып, еліміздегі кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылауда Еуропа парламенті депутаттарының қатысуының маңыздылығын атап өткен еді. Осыған орай Е. Ыдырысов: «Қазақстан Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының бақылау миссиясын қошеметпен қарсы алады, осы халықаралық маңызды институтпен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі», - деді. ЕКПА миссиясының басшысы, өз кезегінде Қазақстанда өтетін алдағы сайлауды бақылауға шақырғаны үшін алғысын айтып, алдағы мезгілде өзара тығыз және үйлесімді әрекеттесуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен ЕКПА және Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Ж. Чукла ЕКПА мен қазақстандық заң шығарушылармен табысты жұмысын атап, 20 наурыздағы сайлау нәтижесінде сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа шақырылымының депутаттарымен үйлесімді ынтымақтастықты орнатуға дайын екенін білдірді.

 Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде Қазақстан парламенттік делегациялары Страсбургтағы ЕКПА пленарлық сессияларына тұрақты түрде (жылына 4 рет) қатысады. ЕКПА өкілдері, өз кезегінде тұрақты түрде Қазақстанға келіп, сайлау миссияларына және Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына қатысады.

Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Еуропалық Кеңес басшысы Дональд Тускпен кездесуі басталды.Кездесу алдында Н.Назарбаев пен Д.Туск қол алысты және келіссөздер өткізуге бет алды. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Сонымен бірге, халықаралық күн тәртібінің өзекті қырлары бойынша пікір алмасады. Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. ЕО үлесіне қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы және Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік капиталдың 50%-ы тиесілі. Соңғы 10 жылда Еуроодақ елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 107,4 млрд. АҚШ долларын (барлық инвестиция көлемі - 218 млрд АҚШ доллары) құрады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ЕО-ның энергетикалық саладағы сенімді әрі жауапты әріптесі ретінде танылды. Қазақстан Еуропаға энергия тасымалдау көлемі бойынша ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Ресей және Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Еуропаның бірқатар елдерінде Қазақстаннан жеткізілетін мұнайдың үлесі жоғары. Атап айтқанда, Австрияда 25%, Румынияда - 30%. Қазақстан Германияға энергия ресурстарын тасымалдаушы елдер арасында төртінші орында.  Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары басталған болатын. Д. Тускпен келіссөздерден кейін Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К. Юнкермен кездесу өткізу жоспарланған. 

Ал Елбасының Брюссельдегі кездесуінде Еуроодақ тарапының виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі қозғалды. Брюссель қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің кездесуінде Қазақстан мен ЕО азаматтарының өзара барыс-келісі, соның ішінде Еуроодақ тарапының да виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалды.Тараптар Қазақстан әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуын шектеуге байланысты ахуалды шешу жайын да талқылады. Соңында, Нұрсұлтан Назарбаев қарастырылған барлық мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілгеніне назар аударды. Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды.  Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібін, соның ішінде Орталық Азия өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Еуроодақ - Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі

Бұл мәселес Елбасы Н. Назарбаевтың Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесуі барысында айтылды. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген және стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты. Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Еске сала кетсек, 29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келген болатын.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Еуропалық Одақ санкциялық текетіресті тиімді шешу жөніндегі бірлескен жұмыстыжалғастыруға уағдаласты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінде Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті.  Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды. Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібін, соның ішінде Орталық Азия өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.-К.Юнкер бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен брифинг өткізді.

Қазақстан Президенті еліміздің Еуропалық одақпен 23 жыл бойы ынтымақтасып келе жатқанына назар аударды. «Бүгінде Қазақстан - Еуроодақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір ел.  Бұл құжатқа былтыр қол қойылды, республикамыз оны ратификациялады, сондықтан осы келісімнің экономикалық бөлігін 1 мамырдан бастап уақытша пайдалана аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде өткен президенттік және парламентік сайлауларға байланысты құттықтау жолдағаны үшін де алғыс айтты.

- Таяудағы парламенттік сайлауды 1000-ға жуық шетелдік байқаушы бақылады, олар сайлау үдерісі демократия, бостандық және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде барлық тиісті заңнаманы сақтай отырып жүзеге асырылғанын растады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕО елдерін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕО санкциялық текетіресті әсіресе оның біздің елге ықпалын ескере отырып, барлық мүдделі тараптарға тиімді түрде шешу жөніндегі іс-қимыл аясындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның таяу көршілерімен - Қытай Халық Республикасымен және Ресей Федерациясымен жақын достық қарым-қатынас орнатып отырғанына, олар экономикалық ынтымақтастық бойынша негізгі серіктес болып саналатынына назар аударды.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Қазақстан мен ЕО азаматтарының өзара барыс-келісі, соның ішінде Еуроодақ тарапының да виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалғанын атап өтті. Тараптар Қазақстан әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуын шектеуге байланысты ахуалды шешу жайын да талқылады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қарастырылған барлық мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілгеніне назар аударды.

Ж.-К.Юнкер сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

- Бұл тығыз қарым-қатынастар сан түрлі формаға ие болуда. Еуропалық одақ - Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі, - деді Еуропалық комиссия төрағасы.

Сондай-ақ, ол маңызды өңірлік үдерістерге қатысып отырған Қазақстанның бітімгерлік ықпалына Еуропалық одақтың сенім артатынын атап өтті.

Ж.-К.Юнкер келіссөз барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен адам құқығын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері қозғалғанын айтты.

 Еске сала кетсек, Астанада өткен «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 15-і отырысында  Қазақстан мен ЕО саясат пен экономика саласында өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға келіскен болатын.

Қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко,  ал Еуропалық Одақ делегациясына - Еуропа сыртқы іс-қимылдар қызметі Орталық Азиялық басқарма басшысы Тойво Клаар жетекшілік етті. Отырысқа Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері, соның ішінде Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Қорғаныс және Мемлекеттік істер министрліктерінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратура мен Адам құқы жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері қатысты.

Ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысушылар сауда, өзара инвестициялар, энергетика мен көлік саласын дамыту, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік ынтымақтастық секілді өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, тараптар жаңа қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейту және адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударды. Сондай-ақ, ЕО-тың Орталық Азия бойынша жаңартылған Стратегиясын жүзеге асыру және Астанада былтырғы жылдың желтоқсан айында өткен ЕО-ОА Конференциясының қорытындылары күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде талқыланды.

2015 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру перспективаларына да ерекше назар бұрылды.

«Жақында еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен оның ірі инвестиция және сауда әріптесі ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім - сауда айналымын арттыруға және еуропалық инвестицияны тартуға негіз болатынын атап өткен еді. Сондықтан да, біз Келісімнің сауда-экономикалық және басқа да салалардағы әлеуетін жүзеге асыру перспективасына ерекше мән беріп отырмыз», - деді Р. Василенко. Оның айтуынша, Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім өзара қатынастардың дамуын жаңа деңгейге шығарады.

«Біз экономика, инвестиция, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік, жаңа технологиялар салаларын, сондай-ақ екі жақты сауданы дамыту бойынша өзара әрекеттестікті нығайту жөнінде уағдаластық. Күн тәртібіндегі ерекше тақырып Қазақстан азаматтары үшін ЕО елдеріне визалық режимді жеңілдету келешегін талқылау болды. Сонымен бірге, Қазақстанға нарықтық экономика мемлекеті мәртебесін беру мәселесіне де ерекше көңіл аударылды», - деді сыртқы саясат ведомство басшысының орынбасары.

Өз кезегінде ЕО делегация басшысы Тойво Клаар ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімнің келешегіне тоқтала келе, құжатты келешек ұрпақ үшін аса маңызды ретінде атап өтті. Оның айтуныша, ЕО бұндай келісімді Орталық азия елдерінің арасында Қазақстанмен алғаш рет жасап отыр. 

Келісім ауқымында қамтылатын өзара әрекеттестік бағыттары арасында экономика мен қаржы, көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, білім мен зерттеу, мәліметтерді қорғау, көші-қон, заң билігі мен сыбайлас жемқорлықпен күрес, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық бойынша көмектер көрсету салалары бар.

Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда және инвестиция әріптесі болып табылады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 51 пайызы ЕО үлесіне тиеді. ҚР мен ЕО арасындағы сауда айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 31 млрд. доллардлан асқан.

Бұған қоса айтарымыз, ЕЭК-ның 9 наурыздағы отырысында ЕЭК Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету орындары және тауарлардың өту орындарының атаулары Келісім жобасы туралы» өкімінің жобасы мақұлданды.

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тауар белгілері, қызмет көрсету орындары және тауарлардың шыққан жерінің атаулары Келісім жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін тіркеу, құқықтық күзету және пайдалану, одақ тауарлары шыққан жерлерінің атауларына байланысты қатынастарды реттейді, - деп хабарлайды Еуразиялық комиссияның баспасөз қызметі. 

 АлКанада еліміздің тау-кен саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып жатыр. Бұл  Канаданың Торонто қаласында өткен «Prospectors & Developers Association of Canada» (PDAC) жыл сайынғы халықаралық таукен форумында белгілі болды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Диалог алаңы пайдалы қазбалар барлаумен, тау-кен ісімен айналысатын мамандар, компаниялар әрі ұйымдардың кездесуі үшін тұрақты орынға айналды. Биылғы форумның жұмысына әлемнің 100 елінен мыңға жуық шетелдік компаниялар мен 23500 келушілер қатысты. Салаға инвестициялар тарту, сондай-ақ әлемдегі озық компанияларымен байланыстарды жолға қою мақсатында Қазақстан алғаш рет өзінің таныстыру стендін жұртшылық назарына шығарып, «Prospectors & Developers Association of Canada»-ның толыққанды қатысушысына айналды.

«Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов пен ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ақбатыр Надырбаев Қазақстан атынан форумда өкілдік етті.

«Barrick Gold Corporation» компаниясының басшысы Келвин Душнискимен кездесуде Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық мүкіндіктері талқыланды.

«Сіздің компания таяу уақытта «Қазгеология» АҚ әріптестері - Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция салушы әлемдегі көшбасшы компаниялар қатарын толықтыруына күш саламыз» - деп атап өтті Ғалым Нұржанов.

Айта кетейік, «Barrick Gold» - канаданың тау-кен өндіруші компаниясы, алтын өндіру саласындағы әлемдегі көшбасшы. Компания АҚШ-та,  Канадада, Австралияда, Перуде, Чилиде, Аргентинада, Папуа-Жаңа Гвинеяда, Сауд Арабиясында, Замбияда және Доминикан Республикасында алтын өндіруді және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Barrick Gold»-ке 20-дан астам кеніш меншігінде тиесілі, оларда күміс пен мыс өндіріледі.  Компания, сондай-ақ металдардың платина тобы мен никель өндіру бағытында жұмыс істейді. Компанияның 2016 жылғы айналымы 14,2 млрд.$. деңгейінде жоспарлануда. «Barrick Gold» компаниясының тапсырысы бойынша Канаданың корольдік монета сарайы компания сатып алып, жарнама мақсатында кезең-кезеңімен көрсететін салмағы 100 кг әрі номиналы 1 миллион канада долларын құрайтын (нақты құны 5 млн долларға жуық) алтын монетасын жасап шығарды. 2012 жылғы сәуір -  2013 жылғы сәуір кезеңінде монета Оттава қаласындағы Канада табиғит мұражайында көрмеге қойылды.

Тағы бір қуанышты оқиға, Брюссельде Қазақстанға нарық экономикасы бар ел мәртебесін беру мәселесі талқылануы. 2016 жылдың 29 ақпанында Брюссельде ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова Еуропа одағының сауда мәселелері жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстроммен кездесті.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Ж.Айтжанова мен С.Мальмстром Қазақстанға нарық экономикасының мәртебесін беру мәселелерін, ЕО елдерінде шығарылатын, ветеринарлық бақылауға жатқызылатын тауарларды кіргізу және транзиттеуге қатысты бірқатар мәселелерді, сондай-ақ еуропалық инвесторлар мен қазақстандық компаниялардың арасындағы дауларды шешумен байланысты мәселелерді ортаға салды.

Қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстанның ЕО-ның өз серіктестеріне нарық экономикасы мәртебесін беру негіздеріндегі өлшемдерге сәйкес болуына дәлелдерін келтіріп, Қазақстан Үкіметі қолданып отырған реформалар жайында айтып өтті. 

«Қазақстан үшін нарық экономикасының мәртебесі екіжақты сауда көлемін өсіру үшін ғана емес, сондай-ақ ЕО елдерінен экономиканың өңдеу секторларына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың арасында 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің аясында инвестицияларды тарту үшін маңызды», - деп атап өтті Жанар Айтжанова.

Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда серіктесі. Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 2015 жылы 31,3 млрд теңгеге жеткізді. Бұл Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 40 пайызы. 

Сондай-ақ Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттарының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдауы екі елдің  арасында инвестициялардың өзара қорғалуына ықпал етпек.

 Аталған Келісімге 2007 жылғы 21 қарашада Братислава қаласында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Словак Республикасына ресми сапары барысында қол қойылған.

Келісім Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына серпін береді. Бұл ретте екі елдің өзара инвестицияларын ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер қарастырылып, өзара тиімді сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жол ашылады.

«Словакия - Қазақстанның перспективалық әріптесі. Біздің бірлескен жұмыстарымыз құрылыс, аграрлық сектор, азық-түлік және агроөнеркәсіптері болып табылады. Келісімнің күшіне енуі Қазақстан экономикасына Словак инвестициясын тарту үшін маңызды», деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.Тұтастай алғанда заң Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгендегіден өзге қағидаларды белгілейтін бірқатар ережелерді қамтып отыр. Мәселен, келісімнің 5-бабында инвесторға оның инвестицияларын экспроприациялаған және мемлекет меншігіне алған кезде өтемақы төлеу көзделген. Сондай-ақ келісім тараптардың арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын, халықаралық төрелік сотын қалыптастыру рәсімдерін егжей-тегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды.

  Норвегиялық бизнесмендер болса, Қазақстанда, оның ішінде Ақтауда жұмыс істеуге қызығушылық танытуда.

Норвегия Корольдігі Елшілігінің Астана қаласындағы миссиясы басшысының орынбасары Вегард Стенсруд Маңғыстау облысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшыларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Талғат Ноғаев өңірдегі бизнес ахуал, сонымен бірге, кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы әңгімелеп берді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарланды.

«Бізді мұнай және газ саласында халықаралық стандарттарға сай кадрлар даярлау бойынша сіздердің үлкен тәжірибелеріңіз қызықтырады.  Сонымен қатар, Норвегия балық шаруашылығын дамытуға заманауи және тиімді технологиялар енгізу бойынша әлемдік көшбасшы екені де бізге белгілі. Осы бағыттағы әріптестікті дамыту біз үшін өзекті», - деді Т. Ноғаев кездесуде.

Мейман Вегард Стенсруд Қазақстандағы Норвегия Елшілігі өз елінің инвесторларын Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолдап, көмектерін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, Норвегия экономикасы жаңа бизнес-әріптестер үшін ашық, сонымен бірге, олар мұнайгаз саласында, туризм саласында, балық шаруашылығы мен тағы да басқа бағыттар бойынша ынтымақтастыққа әзір. Осыған орай, ол екі елдің бизнесмендері үшін әріптестік қатынастарды нығайтуға кең мүмкіндіктер қамтылатынын атап өтті.

«Қазір күрделі кезеңді бастан кешірудеміз, дағдарыс та көп жұмысқа кедергі келтіруде. Соған қарамастан, біздер үшін норвегиялық-қазақстандық кәсіпкерлердің санын арттыруға күш салу өзекті болып табылады. Бізде расында да балық шаруашылығы өркендеуде, Каспий теңізінде де балық шаруашылығы дамып жатыр. Осы бағытта біз ортақ мүдделер таба аламыз деп ойлаймын. Сонымен бірге, мен Маңғыстау облысынан сауда экономикалық миссия бойынша Норвегияға сапарлайтын делегация жасақталып жатқанына қуаныштымын. Өз тарапымыздан бұған барлық қолдауды жасаймыз деп сендіремін», - деп атап өтті Норвегия сыртқы сауда өкілі. 

 «Астана» халықаралық қаржы орталығының Лондондағы британдық іскерлік ортаға таныстырылуы да Еуродақпен арадағы тімді байланыстардың бір көзіне айналаыры шындық. Бұл орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов британдық бірқатар үкіметтік құрылымдар, инвестициялық компаниялар және халықаралық қаржы ұйымдары басшыларымен жұмыс кездесу өткізді. Олардың арасында Лондондық Ситидің бұрынғы лорд-мэрі сэр Дэвид Вуттон, сондай-ақ Innovate Finance, Clifford Chance, Boston Consulting Group (BCG), Голдман Сакс, UBS, Морган Стэнли сияқты компаниялардың жетекшілері бар», деп хабарлайды Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі.

Кездесулер барысында Қ. Келімбетов британдық тарапты «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен және негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, АХҚО-ның ағылшын құқығына негізделген арнайы құқықтық режимі бар еркін қаржы орталығы болатындығы, ал оның қызметі әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесіне сүйенетіні айтылды.

Өз кезектерінде, британдық бизнес-қауымдастық жетекшілері «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ағылшын құқығы қағидаларының негізінде нормативтік-құқықтық база құру, инвестициялар тарту, активтер мен капиталдарды басқару, халықаралық арбитраждық орталық құру және оны дамыту, әлемдік деңгейдегі мамандар даярлау сияқты салаларда ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

Сонымен бірге, Лондонға сапар барысында АХҚО басқарушысы бірқатар британдық талдау орталықтарының басшыларымен, ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің Британия бойынша өкілдігімен, Green Investment Bank компаниясының, Лондондық қор биржасы мен металл биржасының басшыларымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша британдық тараппен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Қ. Келімбетовтың сапары аясында өткен маңызды іс-шаралардың бірі - «Астана» халықаралық қаржы орталығына арналған форум болды.

Форум Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және TheCityUK корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен өткізілді. Оған алдыңғы қатарлы британдық және халықаралық бизнес-құрылымдар басшылары, инвестициялық компаниялар жетекшілері және британдық БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Біріккен Корольдіктегі Елшісі Е. Қазыханов «Астана» халықаралық қаржы орталығының Орталық Азияның қаржы хабына айналуды және әлемдегі үздік 20 қаржы орталықтарының қатарына енуді мақсат тұтатын Қазақстанның аса ірі жобаларының бірі екендігін атап өтті.

Өз кезегінде, Қ. Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамына сәйкес Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тартуға қолайлы қаржылық жағдай жасау мақсатында құрылғындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, АХҚО-ның тағы бір міндеті - капитал нарығын, жеке тұлғалардың активтері мен әл-ауқатын дамыту мен тиімді басқару және исламдық қаржыландыруды дамыту. Орталықтың қызметі Дубай, Нью-Йорк, Лондон, Гонконг, Сингапур сияқты үздік халықаралық қаржы орталықтарының үлгісі бойынша дамитын болады.

Форумға қатысқан компаниялардың басшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына үлкен қызығушылық танытып, орталықпен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

Форум аясында АХҚО басшылығы, ЕҚДБ және TheCityUK копорациясы арасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге, сапар аясында АХҚО басқарушысы қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, оларға орталықтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, мекеменің алдағы жоспарларымен бөлісті.

АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетовтің Лондонға сапары ЕҚДБ Президенті С. Чакрабартимен, ПрайсуотерхаусКуперс, JP Morgan сияқты компаниялар басшыларымен кездесулермен жалғасты.

Еске сала кетсек, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Орталық ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жоғары технологиялық инфраструктурасының негізінде орналасатын болады. АХҚО-ның ресми тілі - ағылшын тілі болады.

Енді бір сәт Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Нидерланды корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ханс Дриссермен, Нидерланды Елшілігінің саяси мәселелер, адам құқығы және жобалар жөніндегі үйлестірушісі Ирина Бучинскаямен және Бельгия корольдігі елшісінің саяси, экономикалық және мәдени мәселелер жөніндегі қызметкері Дарья Суходольскаямен кездесуіне назар аударалық.

Жүздесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін және алдағы сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.

«Павлодар облысы - Қазақстанның тұрақты дамып келе жатқан ірі индустриалды аймағы. Біз өзара тиімді байланысқа әрқашан да дайынбыз», - деді Қанат Бозымбаев.

- Ішкі аймақтық өнімнің басым бөлігін экономиканың нақты секторы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс құрайды. Павлодар облысы алыс-жақын шетелге өзінің алюминийі, көмірі және электр энергиясымен танымал. Біздің өңір - ферроқорытпалардың негізгі өндірушісі. 
Аймағымызда мұнай өнімдері де үлкен көлемде өндіріледі. Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі Павлодарда орналасқан. Аймақ басшысының айтуынша, Павлодар облысы голландтық компаниялармен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялар тарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша әрекеттестікке мүдделі. 

- Қазіргі таңда Екібастұз қаласындағы жылыжай кешені раушан гүлдерін өсіру үшін голландтық технологияларды тиімді пайдалануда. Қазақстанның төрт облысымен және Ресей Федерациясының үш үлкен облыстарымен көршілес орналасқан Павлодар өңірінің бәсекелестікке қабілеті жоғары. Сондай-ақ, облыс маңызды табиғи ресурстарға бай. Өңірде түрлі жобаларды жүзеге асыруға болатын арнайы жер телімдері және арзан электр энергиясының көздері бар арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, - деді Қ. Бозымбаев. Өз кезегінде Нидерланды корольдігінің елшісі Ханс Дриссер голландтық бизнесмендердің өзара әрекеттестікке, тәжірибе алмасуға және жаңа технологияларды енгізуге дайын екендігін айтты.

Енді Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі және Мадридтегі  Еуропалық комиссия өкілдігінің қолдауымен өткен «Қазақстан және ЕО ынтымақтастығының басымдықтары мен келешегі» атты конференцияны тілге тиек етелік.  Бұл шараға беделді қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар мен түрлі компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысқан болатын.

Конференция аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Қазақстандағы инвестициялық ахуал, қазақстандық-испандық екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды. 

Шара барысында сөз алған Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын айтып берді. Сонымен қатар 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімнің маңыздылығына тоқталды. 

Елші 2017-2018 жылдарғы кезеңге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртесін алуға берген өтінімінің басымдықтарын тарқата айтып, Испания тарабына еліміздің кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беретіндігін атап өтті. 

Сондай-ақ Б.Дүйсенбаев Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ бастамасымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру, БҰҰ-ның халықаралық лаңкестік пен экстремизммен күрес жөніндегі жалпықамтымды конвенциясын қабылдау ұсыныстарын айтып, бұл идеяны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Конференция кезінде сөз алған испандық серіктестер еліміздегі саяси тұрақтылықты, инвестициялық ахуалдың қолайлы екендігін, діни және ұлтаралық татулықтың мығым екендігін атап өтті. 

 

 Айта кетелік, 2020 жылға қарай Қазақстан мен Австрия арасындағы жүк тасымалы екі есеге дейін артады.

 «Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастықтың арқасында тасымалдар көлемі жыл сайын артып келеді. Екі ел арасындағы автомобиль тасымалдарына құқықтық негіз құру мақсатында осы келісімге қол қойылған болатын. Оған сәйкес, екіжақты экспорттық-импорттық, транзиттік тасымалдар, сондай-ақ үшінші елдерге тасымалдар рұқсат негізінде жүзеге асырылатын болады», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, келісім қазақстандық жүк тасымалдаушылар үшін тиімді әрі  құжат қабылданса Қазақстанның халықаралық тасымалының ауқымы одан сайын кеңейе түседі. Бұдан бөлек, келісім Қазақстан мен Австрия арасындағы жүк тасымалын ұлғайтуға да септігін тигізеді.

«Өткен жылы екі ел арасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалы 9 мың 400 тоннаны құрады. Ал 2020 жылға дейін Қазақстан мен Австрия арасындағы жүк тасымалы екі есеге дейін артады деп ойлаймыз», - деді министр.

Түйін

Қазақстанның сыртқы саясатындағы шет елдермен экономикалық, саяси, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық байланыстары жайлы «ҚазАқпарат» ХАА жарияланған материалдарға жасалған талдау бойынша төмендегідей ой қорыттық.

Әдетте, кез кел­ген елдің дамуы өзге өркениетті  мемлекеттермен сан түрлі салада тығыз ынтымақтастық орнатуына тығыз байланысты екендігі шындық. Ал бұл өзге алыс та жақын елдермен экономикалық қатынастарды дамыту, инвестициялар тарту, олардың озық үлгідегі технологияларын пайдалану үшін қажет.

 Біз  Қазақстанның сыртқы саясатындағы орнықты қадамдары,  экономиканы тұрақтандыру, өзге елдермен сан саладағы іскерлік байланыстарды жолға қою, терең ынтымақтастықты қалыптастыру жөніндегі «ҚазАқпарат» ХАА жарияланған материалдарға жасалған талдау бойынша төмендегідей ой түйіндедік.

 Бұл күнде өзге елдер Қазақстанды экономикасы ашық,  инновациялық, демократиялық жүйесі орныққан, ішкі жағдайы тұрақты мемлекет ретінде танитындығы шындық.  Бұл өз кезегінде алдағы уақытта да Қазақстанға деген басқа мемлекеттердің сенімін арттыра отырып, тиімді қарым-қатынастардың нығая түсуіне ықпал ететін болады. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, жыл сайынғы Жолдаулар еліміздің ішкі де, сыртқы да сындарлы саясатының одан әрі тереңдей түсуіне бағыт-бағдар сілтейтіндігі де рас.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының қажырлы еңбегінің нәтижесінде, ірі-ірі шет мемлекеттермен іскерлік байланыстар орнықты. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта е тарих шежіресіне  жазылатын, қадау-қадау маңызды оқиғалар орын алды. Уақыт көшіне нық еріп келе жатқан еліміздегі аршынды қадамдар жайлы «ҚазАқпарат» ХАА   алдағы уақытта да  оқырмандарын үнемі хабардар етіп отыратын болады.

Соңғы жаңалықтар