ШОЛУ: Қазақстанның сыртқы саясаты. ІV бөлім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық саясатта беделі бар ел, көптеген интеграциялық бірлестіктердің бастамашысы ретінде танылып жүр. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан кейін ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атанды. Ядролық қаруды қаруды таратпау саласында еліміз бүкіл әлемге үлгі көрсетті. Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, ЕҚЫҰ саммитін, экономика, спорт, саясат саласындағы бірқатар форумдар мен маңызды кездесулер өткізді. Алдағы жоспарлар да аз емес. 2017 жылы елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланбақ ниетте. Биылғы жылы сыртқы саясат саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? «ҚазАқпарат» Қазақстанның халықаралық арендағы қызметі жөніндегі материалдарына шолудың төртінші бөлімін ұсынады.
None
None

Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік бойынша саясаты

Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі - халықаралық қауіпсіздік. Бұл Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамалары негізіндегі еліміздің Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан айқындалған басты ұстаным болып табылады. Осы бағытта Қазақстан әлем елдерімен ынтымақтастықтың көпқырлы жолдарын дамытуға ниетті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон қаласында, Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесу кезінде Жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маңызды міндет ретінде атады. «Қазақстан бастамашылық еткен, халықаралық қолдауға кеңінен ие болып келе жатқан «АТОМ» халықаралық жобасы осы мақсатқа арналған. Ядролық сынақтарға қатысты баршаға бірдей тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне атсалысу жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағасы ретінде  Қазақстан оның толық әмбебаптануын қамтамасыз етуге күш салуын жалғастыра береді», - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы осы кездесуде қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне тоқталды. «Адамзат ХХI ғасырға бейбітшілік пен жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Өкінішке қарай, барынша қауіпсіз және тұрақты әлем қалыптастыру мүмкіндігін жіберіп алды. Әлемге тағы қауіп төніп тұр, оны елемеуге болмайды. Бұл қатер - жаһандық ауқымдағы жойқын соғыс», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті 1968 жылы қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өз мақсатын орындап отырмағанын, ал жаһандық ойыншылар арасындағы сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігінің әлсіреуіне әкеле жатқанын айтты. «ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі ядролық терроризм қатері мен ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы болып отыр. Әлем әлдеқайда қауіпті әрі болжаусыз жаңа ядролық ғасырға қарай жылжып келеді. 60 жылдан астам уақыт бұрын әйгілі ғалымдар А.Эйнштейн мен Б.Рассел манифест жариялап, «Адам ұрпағы жойыла ма әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген маңызды сауал қойды. Соғысты жою адамзат өркениетінің ең күрделі міндеті болып отыр. Бірақ одан басқа жол жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету үшін әлем дамуының парадигмасында сапалы да терең өзгерістер жасау, әлемнің барлық көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен барлық мемлекеттің күшін жұмылдыру қажеттігіне сенімді екенін айтты. Қазақстан Президенті осы міндеттерді шешу жолында еліміз қабылдап жатқан шараларды атап өтті. Олардың қатарында Жаһандық стратегиялық бастама - 2045 Жоспарын әзірлеу бастамасы, халықаралық құқық қағидаттарын қуаттауға және сенімді қалпына келтіруге бағытталған БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру жөніндегі ұсыныс, БҰҰ аясында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құру, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина лидерлерінің Минск кездесуін, сондай-ақ «норманд төрттігі» келіссөздерін ұйымдастыруға ықпал ету шаралары бар. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон қаласында, Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен осы кездесуінде қазіргі заманғы әлем құрылымының проблемалары мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне қатысты ой-пікірін де ортаға салды. Елбасы жаһандық дағдарыстың себебі әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің өзегінде жатқан олқылықтарда екеніне сенімді екенін айтты. «Төрт жыл бұрын біз барлық елдердің дағдарысқа қарсы күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған «G-Global» бастамасын ұсындық. Әлемдік даму проблемаларын 8 немесе 20 мемлекет емес, бүкіл халықаралық қоғамдастық шешуі тиіс. «G-Global» аясында Астана экономикалық форумында кеңінен қолдау тапқан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді», - деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Елбасы АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында жұмыс бабындағы кешкі асқа қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Іс-шара аясында Саммит делегаттары ядролық терроризм қатерін ескеру мәселесіне арналған интерактивті пікірталасқа қатысты.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің жетістіктері мен атқарылған жұмыстарды 40-қа тарта елдер мен ұйымдар қатысуымен құрылатын байланыс топтарының сарапшылары жалғастырады, деп хабарлады Вашингтонда өткен саммит қорытындысы бойынша АҚШ Президенті Барак Обама. Қатысушылардың бірлескен коммюникесіне сәйкес ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі саммит бұл форматтағы соңғысы болды. «Біз ядролық қауіпсіздік бойынша жаңа байланыс тобын құрамыз, бұл 30-дан астам елдердің жоғары деңгейдегі сарапшылар тобы, олар біздер қол жеткізген өзара іс-қимылды ұстап тұру, бұл жұмысты жүзеге асыру және алдағы жылдардағы ілгерілеуді ұстап тұру үшін тұрақты негізде кездесіп тұрады», - деді Обама саммит қорытындысында. Осыған байланысты Ақ үй қазіргі саммиттің 39 қатысушы-елдері өкілдерінен басқа байланыс тобының жыл сайынғы кездесулеріне қатысуға БҰҰ, ИНТЕРПОЛ қызығушылығын білдірді деп мәлімдеді. «Ядролық қауіпсіздік бойынша (саммиттердің) нәтижелерді  ілгері жылжытқысы келетін басқа елдер де оған қатысуға шақырылады», делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде. Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммиті 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтті.

Осы тұрғыда, Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығын атап өткен жөн. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің АҚШ энергетика министрі Эрнест Монизбен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, энергия тиімділігі және баламалы энергетиканы дамыту саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады. К.Мәсімов Э.Монизді ядролық қауіпсіздік бойынша Саммитті табысты өткізумен құттықтап, аталған саладағы біздің елдеріміздің мақсаттарының ортақтығын баса айтты. Премьер-Министр сондай-ақ жақында отырысы өткен қазақстандық-америкалық арнайы комиссияның энергетика саласындағы серіктестігі бойынша одан арғы жемісті еңбегіне сенімділігін білдірді.Өз кезегінде Э.Мониз Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесін және ирандық келіссөздер жүргізу кезіндегі оның маңызды рөлін жоғары бағалады.Кездесу қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен Э.Мониз екіжақты және көпжақты өзара қатынастарды одан әрі нығайтуға келісті.

ҚХР сарапшылары да Н.Назарбаевтың антиядролық бастамаларын жоғары бағалады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі, сонымен қатар  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесінің берілуі Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан кезекті зор үлесі саналады. Мұндай пікірді қазақстандық журналистерге сұхбат берген ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелері жөніндегі зерттеу орталығы Қоғамдық дамуды зерттеу институтының профессоры Ван Сяньцзюй (Wang Xianju) білдірді. «Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларының БҰҰ тарабынан кеңінен қолдау табуы және аталған халықаралық ұйымның ресми құжаты мәртебесін алуы көтеріліп отырған проблеманың өзектілігін бекіте түседі. Өз тарабымнан Қытайдың ғылыми қауымдастығы Қазақстан көшбасшысының бастамасын қолдайтындығын атап өткім келеді», - деді ол. Қытай сарапшысы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның басты үлесі әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық қарудан бас тартуы және Семей ядролық полигонын жабуы екендігін баса айтты. «Қазақстан бұл бағытқа баса күш-жігер жұмсауын жалғастыруда және ядролық таратпау ісіне, толықтай алғанда біздің ғаламшарымыздағы бейбітшілікті қамтамасыз етугезор үлес қосуда. Қазақстан Президенті өткен саммит барысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммитті Қазақстанда өткізуді ұсынды. Меніңше, бұл өте жақсы ұсыныс. ол Қазақстанның бұл мәселеге мұнан да айрықша мән беруін жалғастыра түсетіндігін дәлелдейді», - деді ол. Ван Сяньцзюй Қазақстанда МАГАТЭ-мен бірлесіп төмен байытылған отын банкін құрғанын, сонымен бірге саммит барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағанын атап өтті. Сонымен  қатар ол Чернобыль АЭС-інде болған апатты да еске салып өтті. «1986 жылғы Чернобыль апатын өз көзіммен көрдім десем де болады. Өте көп адам зардап шекті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бұл бір мемлекеттің емес, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың мәселесі», - деп түйіндеді сөзін ол.

Сонымен қатар «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің қытай тіліндегі мәтіні қытайлық әріптестеріміздің қолын тапсырылды. Рәсім Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті жанындағы сыртқы істер жөніндегі Жетекші топтың жауапты хатшысы Ян Цзечимен кездесуінде жүзеге асырылды.

Жүздесу Бейжіңдегі «Чжуннаньхай» мемлекеттік резиденциясында өтті. Оның барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуінің табысты нәтижелерін атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Өзекті жаһандық және өңірлік проблемалар, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Таяу Шығыстағы және өзге де жағдайлар  бойынша тереңдетілген түрде пікір алмасуға айтарлықтай назар аударылды. Еуразия кеңістігінде саясат пен экономиканың тұрақты дамуына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлескен күш-жігердің қажеттілігі ерекше аталды.  Ян Цзечи Қытай ү.ж. қыркүйекте Ханчжоуда өтетін  G20 саммитіне шақыруды қабылдағаны үшін алғысын білдіретінін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуына үлкен мән беретінін атады.

Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді қажет ететініне жалпы сенім білдірілді. Осыған байланысты, Е. Ыдырысов сұхбаттасының назарын халықаралық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның ұстанымына ерекше аударып, «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің қытай тіліндегі мәтінін тапсырды. Ян Цзечи, өз кезегінде, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу ұмтылысын қолдайтынын мәлімдеді. Сол күні Е. Ыдырысов ШЫҰ Хатшылығына барып, Қытай, Қырғызстан Сыртқы істер министрлерімен және Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан сыртқы саясат ведомстволары басшыларының орынбасарларымен бірге «ШЫҰ көгалының» ашылу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, ол  ШЫҰ Хатшылығы кітапханасының қорына қазақстандық авторлардың 100-ден аса ғылыми еңбектерін, соның ішінде ерекше орын алатын, ұйымның құрылу бастауында тұрған және оның одан әрі қалыптасып, нығаюына елеулі үлесін қосқан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы мен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ. Тоқаевтың «Преодоление. Очерки дипломата» кітабын тапсырды.

 

Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин мен Корея Республикасы Парламентінің  Спикері Чон Ый Хва бастамашылық жасаған шарада Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Сенат Төрағасы парламентшілердің назарын соғыс вирусының таралу салдарына терең талдау жасайтын Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінің мазмұнына аударды. «Мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы, халықаралық құқықты елемеу, әлемдік істерде үстемдік етуге ұмтылыс, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне немқұрайлы қарау - қазіргі заманның басты түйткілдері болып табылады. Қазіргі өркениетті сандаған қарулы қақтығыстар мен ажал себетін соғыс қатерінен арылту үшін күллі мемлекеттердің көшбасшылары саяси ерік-жігер көрсететін уақыт жетті. Дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер күш біріктірмей, Жер шары тұрғындарының игілікті өмірі туралы айту мүмкін еместігін түсінуміз қажет», - деді Сенат спикері. Сонымен қатар, Төраға әлемде қару-жараққа 2 триллион долларға жуық қаражат жұмсалатынын атап өтті. Осының өзі бірқатар елдердің парламенттері өз үкіметтерінің табанды талабы бойынша даму мақсаттарынан гөрі әскери қажеттіліктер басым түсетін бюджеттерді қабылдап отырғанын айқын көрсетеді. Бұл ретте спикер бейбітшілік үшін күрес - бұл көлемі мен күш-қуатына қарамастан, әрбір мемлекеттің саяси және моральдық парызы болып табылатынын еске салды. Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығы қарсаңында Сенат спикері парламентшілерді ядролық қаруды таратуға үзілді-кесілді «жоқ» деп айтуға шақырды. «Біз ірі мемлекеттердің толық қарусыздануын, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың орындалуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тез арада күшіне енуін талап етуге құқылымыз», - деді  Қ.Тоқаев. Сонымен бірге, Сенат Төрағасы Еуразия қазіргі әлемнің арқауы болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, Еуразия - планетадағы халықтың төрттен үшін қамтитын, әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайыздан астамын өндіретін және табиғи ресурстарға бай аумақты иеленіп отырған ең үлкен құрлық. Сондықтан да, спикер Еуразияның тұтастығы мен оның қауіпсіздігіне назар аударды. «Қару-жарақ пен адам саудасы, заңсыз есірткі айналымы, терроризм, заңсыз көші-қон, экологиялық апаттар сияқты қатерлерге Еуразияның орасан зор аумағы мен саяси шекаралары тосқауыл бола алмайды. Еуразия мемлекеттері, БҰҰ-ның әлемдік істердегі өзекті рөлін қолдап, БҰҰ Жарғысына қайшы келетін кез келген шектеу шаралары мен әскери акцияларға қарсы тұруға тиіс. Сонымен бірге, қауіпсіздік саласындағы өңірлік ұйымдар - ЕҚЫҰ, ШЫҰ және АӨСШК-нің маңызды рөлін, сонымен қатар Еуразия халықтарының мүдделері жолында экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажет», - деді Қ. Тоқаев. «Президент Н.Назарбаев құрылықтағы ірі интеграциялық жобаларды бір арнаға түйістіру мақсатында «Үлкен Еуразия» идеясын талқылауды ұсынады. Қазақстан өз тарапынан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бүкіл Еуразия аумағын көліктік дәліздермен байланыстыру мақсатында автомобиль және теміржол магистральдарын салуды, логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейтін ауқымды жобаларды жүзеге асыруда», - деді Төраға. Бұдан бөлек, сөз арасында спикер парламенттік дипломатия рөлінің еселеп өсіп отырғанын айта келе, жаһандық тұрақсыздық дәуірінде халықтар арасындағы ізгі ниетті байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі маңызды міндетті орындау заң шығарушылардың қолынан келетін іс екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада түрлі елдердің парламентшілері мен бүкіл әлем конфессиялары өкілдерінің қатысуымен өркениеттердің диалогы мен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында «Діндер терроризмге қарсы» атты конференция өтетіні туралы хабардар етті. Форумға қат ысушыларға Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі таратылды.

 

Ядролық қаруы жоқ елдер қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты мәселелер де назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл туралы Ташкент қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңестері  хатшыларының отырысында қаралды. Сонымен бірге,  сол күні делегация басшыларын Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов қабылдады. Бейжіңде «Шанхай бестігінің» шекаралық аудандарында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімнің 20-жылдығына орай форум өтіп жатыр. Қазақстандық делегация 13-14 сәуір күндері Бейжің қаласында «Шанхай бестігінің» шекаралық аудандарында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге қол қоюдың 20-жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуда. Делегация құрамына Қазақстан-Германия халықаралық және аймақтық ынтымақтастығы институтының директоры Болат Сұлтанов, «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев, ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Ерік Әшімов және басқа дипломаттар кірді. «Аталған келісімнің әлемдік дипломатияда баламасы жоқ және ол аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайту үдерістеріне үлкен әсерін тигізді... Уфа саммитінде қабылданған ШЫҰ-ын 2025 жылға дейін дамыту Стратегиясында мүше мемлекеттердің көшбасшылары ядролық қаруы жоқ елдер қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты сөз сөйледі», - деді конференцияның ашылуында Е.Әшімов.

Бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайту ХІІІ Еуразиялық медиа форум алаңында да талқыланды. Елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау  жолдады.  Құттықтауды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді. «Еуразиялық медиа форум қатысушыларын Қазақстан жері әрдайым құшақ жая қарсы алады. Форум әлемнің жетекші диалог алаңдарының біріне айналды. Онда қазіргі заманның ең өзекті мәселелері талқыланады. Дамудың жаңа парадигмалары қалыптасып, болашақтың сұлбасы жасалады. Бүгінгі таңда әлем барша адамзатқа теңдессіз сын-қатерлер төндірген жаңа дәуірге аяқ басады. Жаңа әлемнің, бәріміздің ортақ болашағымыздың қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Мен "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифесті ұсындым. Оның мақсаты - Жер бетінде соғыс атаулыны түп-тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жасампаздық сындарлы диалог салтанат құратын дәуір болуы тиіс. Сол себепті, Еуразиялық медиа форумның алаңында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа қосылар баға жетпес үлес. Форум жұмысының нәтижесі, сіздердің жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз дүниежүзілік коммуникацияның жаһандық диалогты дамытуға зор серпін береріне сенімдімін. Форумның барша қатысушыларына жемісті жұмыс пен бар жақсылықтарды тілеймін», - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

Ал ХІІІ Еуразиялық Медиа Форумының басты спикерлерінің бірі - Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы Президенті Хамид Карзай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігеріне зор баға берді. «Ауғанстанның дамуына мәдени-тарихи тұрғыда көп көмектескен Қазақстан еліне қайта келіп отырғаным мені зор қуанышқа бөлеп тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның жақсы досы, Ауғанстанды қалпына келтіру жолында біздің жақсы әріптесіміз болды.  Медиа-форумның жұмысы туралы айтпастан бұрын,  Ауғанстан студенттерінің Қазақстанда білім алуы үшін 1000 шәкіртақы тағайындаған Қазақстан Президенті мен  қазақ халқына алғыс айтқым келеді», - деді медиа форумның негізгі сессиясында сөз алған Ауғанстанның экс-президенті Х.Карзай. Бұл ретте Х.Карзай мыңнан аса стипендияның 200-ге жуығы медицина саласында екенін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы әлеуметтік тоқырауға ұшырап, жастарына білім бере алмаған Ауғанстан үшін бұл зор көмек екенін атап өтті. «Қазақстан Президенті сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандырып, бейбітшілікке бастау үшін де көп еңбек сіңірді. Н.Назарбаевтың жуырдағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңызы қандай болса, біздің елдің тұрақтануына қосқан үлесі де сондай зор. Сондықтан, Н.Назарбаевтың осы бағыттағы жұмыстарына табыс тілегім келеді. Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігерін қолдап, оның қажырлы еңбегіне үлес қосуымыз, көмектесуіміз қажет», - деді Х.Карзай.

Осы форумда Ауғанстанның экс-президенті Х.Карзай көтерген тағы бір мәселе - әлемдегі ірі державалар арасында сенімнің жоқтығынан дүниежүзінің зардап шегуі болды. Астанада өтіп жатқан ХІІІ медиа-форум  барысында «Әлемдік экономиканың бүгіні мен ертеңі. Көш басында кім? Ғаламдық дағдарыс. Мұнайсыз әлем соғыссыз дүние ме?» атты мәжіліске қатыса отырып, Ауғанстанның экс-президенті  Хамид Карзай осындай ойын мәлім етті. «Қазір бәрімізді алаңдатып отырған мәселе - экстремизм мен терроризм. Және терроризм Таяу шығыс елдеріне ғана емес, оңтүстік Азияға ғана емес, Парижге, Брюссельге, әлемнің түпкір-түпкіріне тараған қауіпке айналды.  Келесі бір мәселе - өсіп жатқан экономикалардың  (дамыған елдердің -агенттік) күші. Бұдан бөлек, ауыр қайғы бар. Қаншама жас адам аяқ асты қазаға ұшырап жатыр, біреуінің бала-шағасы қалды, біреуі қыршыннан қиылды. Бұл қатыгездікке қалай шыдап қарауға болады?» - дей келе Х.Карзай әлемдегі ірі державалар арасында, дамыған экономикалар арасында ашық келіссөз, берік сенім болу керек деген пікірін жеткізді. «Бәріміз әлем бойынша тыныштық пен экономикалық өркендеу  орнайды деп үміттенеміз. Және бәріміздің күш-жігеріміз осы мақсатқа жұмылуы керек. Бірақ, бұған қалай қол жеткізуге болады?  Менің Ауғанстанды басқарған қырық жылғы тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, ірі державалар арасындағы сенімсіздіктің зардабын біз тартып отырмыз. Сондықтан, Ауғанстанды басқарған жылдары менің айтқан ақылым: әрбір ел өзінің ұстанымын келесі елге өте ашық, түсінікті жеткізу керек», - деді Х.Карзай.

Экстремизммен және терроризмен күрес

Н.Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда Иран Президенті Хасан Руханимен бірлескен брифингіде Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды келіссөз арқылы жолға қоюдың маңызын атап өтті. Мемлекеттер басшылары экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Йемендегі қақтығысты саяси шешімдер негізінде тоқтату қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңыздылығын айтты.

Ал ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н. Ермекбаевтың айтуынша, экстремистік және лаңкестік ұйымдардың жаңа сын-қатерлері тиісті шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары өңірдегі әскери-саяси жағдайды, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. «Бұдан басқа осы жылғы маусымда Ташкентте жоспарланған ШЫҰ Саммитіне дайындық, атап айтқанда құжаттар тізбесі талқыланып, тиісті хаттамаға қол қойылды», - деп хабарлады ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н. Ермекбаев  Ташкентте журналистерге. «Қазіргі уақытта экстремистік, лаңкестік топтардың жаңа сын-қатерлері, нысандары мен әдістері киберқауіпсіздік бағытында жаңа шаралар, тәсілдер әзірлеуге, ақпарат алмасуға, жаңа дерекқор базасын жасауға мәжбүрлейді. Кеңестің барлық қатысушылары БҰҰ Бас Ассамблеясында ҚР Президенті Н. Назарбаев айтқан лаңкестікпен күрес және лаңкестік ұйымның бірыңғай тізбесін жасау жөніндегі жаһандық коалицияны құру мәселесін қолдады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде нақты шаралар мен жоспарлар белгіленді», - деп атап өтті Н. Ермекбаев.

Экстремизммен және терроризммен күресу мәселелері Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңызын аталған жиында да қаралды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда Иран Президенті Хасан Руханимен бірлескен брифингіде Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды келіссөз арқылы жолға қоюдың маңызын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекеттер басшылары экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Йемендегі қақтығысты саяси шешімдер негізінде тоқтату қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңыздылығын айтты. Қазақстан бастамасы бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің Халықаралық күні деп жариялады. «Биылғы жылдың сәуір айының басында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша 4-ші саммитте БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ресми құжат - «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі қабылданды. Аталған құжатта адамзат үшін тағдыршешті болып табылатын соғыс және бейбітшілік мәселелері, және ең алдымен  әлем елдерінің ядролық қаруға толық тыйым салудан бас тарту жағдайында ядролық апокалипсис қаупі бойынша позициясы атап көрсетілді», - деп атап өтті дипломат. Шараны Қытай халықаралық проблемалар институты, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты (РШЕОАИ), сондай-ақ Аумақтық егемендік, теңіз құқықтары және мүдделері Мемлекеттік инновациялық орталығы (Ухань университеті) ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанның 120-дан астам ғалымы мен дипломаты қатысуда.

Ал ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы және Ұлыбритания үкіметі лаңкестік ұйымдармен күрес бойынша ақпарат ауысымын жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы  ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының баспасөз қызметінен хабарлады. ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоевтың Өзбекстандағы Ұлыбритания елшісі  Кристофер Алленмен кездесуінде «Ислам мемлекеті» құрамында Сирия мен Иранда соғысқан шетелдік содырлардың тұрақты мекен-жайына оралуына байланысты жағдайды талқылады, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Кездесуде тараптар Париж және Брюссельдегі терактілер, сонымен қатар ШЫҰ-ның терроризммен күрес саласындағы өзге мемлекеттермен ықпалдастығы мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Сысоев Ұлыбританияның өкілетті органдар делегациясын қазан айында Ташкентте өтетін терроризм және экстремизммен күрус бойынша IV халықаралық конференцияға қатысуға ресми түрде шақырды.

Ауғанстандағы лаңкестік те әлем назарына, оның ішінде оған шекералас мемлекеттердің баса назарына алынып отырған мәселе.  Себебі, Ауғанстандағы лаңкестік белсенділіктің күшеюі Орталық Азия тұрақтылығына басты қауіп болмақ. Мұндай пікірді елордада өтіп жатқан әскери-ғылыми конференция барысында ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Руслан Әлімов білдірді. «Халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің күшейе түсуі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің айрықша алаңдаушылығын тудырды. «Тұрақсыздық доғасы» деп аталатын өңірдің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен шекаралас болуы Орталық Азия аймағы елдеріне қауіп төндіре түседі. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі назары Ауғанстанға ауып тұр. Өйткені, «Ислам мемлекеті» деп аталатын лаңкестік топ бұл өңірге дендеп ену үстінде. Таяу болашақта Ауғанстандағы лаңкестік белсенділігінің арта түсуі Орталық Азиядағы және ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі тұрақсыздықтың басты ошағы болуы мүмкін», - деді Р.Әлімов. Осы ретте ол ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің басты міндеті мен оны дамытудың өзекті мәселелері әскердің жауынгерлік дайындығы, басқару жүйесін жетілдіру, бірлескен операцияларды жан-жақты қамтамасыз ету болуы тиістігін баса айтты. Айта кетерлігі, шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан елдерінің шенді әскери қызметшілері қатысуда. Конференция қорытындысында арнайы қарар қабылдау да көзделген.  

Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымдары

Халықаралық деңгейде дүбірлі дүниеде болып жатқан даулы мәселелер жөнінде өз ұстанымдарын білдіруден Қазақстан бей-жай қалған емес. Соның бірі Армения мен Әзербайжанның арасындағы даулы аймақ - Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысқа қатысты.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдемесін жария етті. «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Карабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобының күш-жігерін қолдай отыра, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз», делінген хабарламада. «Қазақстан Республикасы Таулы Карабақ мәселесінің пәтуалық шешімдерін іздеу үдерісін жандандыра түсуді жақтайды және жанжалды реттеуде ілгері жылжу үшін мүдделі тараптардың сындарлы көзқарас танытатынына сенім артады», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Таулы Қарабақ мәселесі Мәскеуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында да қаралды. Оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты.

Қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Достастықтың аясындағы ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ТМД мемлекет басшылары деңгейіндегі алдағы күзде Бішкекте өтуі тиіс кездесуге мазмұндық тұрғыдан дайындық барысын талқылады. «Отырыстың маңызды тақырыбы Достастық құрылуының 25-жылдығын лайықты деңгейде қарсы алу болды. Өздеріңіз де білетіндей, ТМД 1991 жылы 21 желтоқсанында Тәуелсіз мемлекеттердің басшыларының Алматы декларациясымен құрылған еді»,  деді Е.Ыдырысов. Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда отырыстың аясында ТМД үш тең төрағалары болып саналатын мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақ жанжалы аймағындағы жағдайдың шиеленісуіне орай біріккен мәлімдеме қабылдады. Бұл мәлімдеме аталған жанжалды ЕҚЫҰ Минск тобы айқындаған ұстанымдарға сай бейбіт жолмен шешу жолындағы күш-жігерді жандандыруға шақыруға негізделген. ТМД тең төрағаларына ұйымның бұған дейінгі, қазіргі және келесі төрағалары, яғни Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей кіреді. Е.Ыдырысовтың мәлім етуінше, кездесуде көтерілген маңызды жайттардың тағы бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД қызметін және оның құрылымының тиімділігін арттыру және жаңғырту мәселелеріне арналды. Айта кетейік, ТМД СІМ кеңесі аясында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов Ресейдің Сыртқы істер министрі С.Лавровпен жұмыс кездесуін өткізіп, онда екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Ресейдің өңірлік және жаһандық тұрғыдағы өзара іс-қимылының маңызды мәселелерін талқыға салды. ТМД Сыртқы істер министрлері Елбасының ұйым құрылымын жаңарту бастамасын талқылады.

Мәжіліс спикері мен ҚР-дағы ЕО өкілдігінің басшысы визалық режимді жеңілдетуді талқылады. Мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеаны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәртебелі мейман Б. Ізмұхамбетовті Мәжіліс төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, өте жауапты жұмыста табыс тіледі. Палата Спикері атап өткендей,  Еуропалық одақпен әріптестік байланысты кеңейту әрі тереңдету біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда ғана Брюссельге іс-сапармен барып қайтқаны дәлел бола алады. Тараптар  Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында қол қойылған Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісімді сөз етті. Аталған құжат Парламент Сенатында ратификацияланып, ағымдағы жылы 25 наурызда Президенттің қолы қойылды. Тараптар бұл келісімнің Қазақстан мен ЕО халықтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар, екіжақты және көптармақты байланыстарын нығайтуға ерекше серпін беретініне сенімді. Б. Ізмұхамбетов сауда-экономикалық байланысты сөз ете келіп, Еуроодақ Қазастанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі екенін айтты. Мәселен, 2015 жылы Еуродақпен сыртқы сауда 31 млрд. АҚШ долларын құраған. Соңғы 10 жылда қос тарап арасындағы тауар айналымы 13 мәрте, ал еуропалық инвестиция көлемі 10 мәрте өскен. Мәжіліс төрағасы шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан ұсынып отырған қосымша ынталандыру шараларына тоқталды. Сонымен қатар, Б.Ізмұхамбетов Еуропалық одақпен визалық режимді оңайлатудың өзектілігін алға тартып, өкілдік басшысын қолдау көрсетуге шақырды. Палата спикері елшіні Мәжілістің жаңа құрамымен таныстыра келіп, Қазақстан Президентінің 5 институционалды реформасын заңнамалық қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Мәжіліс еуропалық әріптестерімен қайтадан құрылған «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын. Сондай-ақ бүгін Бюро отырысында мүдделі мемлекеттермен, соның ішінде еуропалық елдер парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтардың жаңа құрамы бекітілді. Өз кезегінде Т. Христеа екі тараптың ықпалдастық келісімдерін жүзеге асыруға белсене араласатынын атап өтті. Б. Ізмұхамбетов әңгіме барысында 22 наурызда Брюссельде болған лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айту білдіріп, бұл қатермен күресте Қазақстан Еуропалық елдерді толықтай қолдайтындығын жеткізді.

Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары зор маңызға ие, себебі еліміз ТМД құрамына енген елдер қатарында. Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Достастықтың аясындағы ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ТМД мемлекет басшылары деңгейіндегі алдағы күзде Бішкекте өтуі тиіс кездесуге мазмұндық тұрғыдан дайындық барысын талқылады. «Отырыстың маңызды тақырыбы Достастық құрылуының 25-жылдығын лайықты деңгейде қарсы алу болды. Өздеріңіз де білетіндей, ТМД 1991 жылы 21 желтоқсанында Тәуелсіз мемлекеттердің басшыларының Алматы декларациясымен құрылған еді»,  деді Е.Ыдырысов.Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда отырыстың аясында ТМД үш тең төрағалары болып саналатын мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақ жанжалы аймағындағы жағдайдың шиеленісуіне орай біріккен мәлімдеме қабылдады. Бұл мәлімдеме аталған жанжалды ЕҚЫҰ Минск тобы айқындаған ұстанымдарға сай бейбіт жолмен шешу жолындағы күш-жігерді жандандыруға шақыруға негізделген. ТМД тең төрағаларына ұйымның бұған дейінгі, қазіргі және келесі төрағалары, яғни Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей кіреді. Е.Ыдырысовтың мәлім етуінше, кездесуде көтерілген маңызды жайттардың тағы бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД қызметін және оның құрылымының тиімділігін арттыру және жаңғырту мәселелеріне арналды. Айта кетейік, ТМД СІМ кеңесі аясында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов Ресейдің Сыртқы істер министрі С.Лавровпен жұмыс кездесуін өткізіп, онда екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Ресейдің өңірлік және жаһандық тұрғыдағы өзара іс-қимылының маңызды мәселелерін талқыға салды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу - зор мәртебе, мол мүмкіндік. Бұл - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарих белесіндегі маңызды сәттердің бірі. 

Жаңадан тағайындалған БҰҰ-ның Қазақстандағы Резидент-үйлестіруші - БҰҰ Даму бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу бастамасына пікір білдірді. Айта кетейік, Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тұрақты өкіл Норимаса Шимомураны қабылдаған болатын. «Қазақстан ұлттық деңгейде өте ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өткен жөн. Елдеріңіз бірқатар маңызды реформаларды іске қосты. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өте маңызды жұмыстарымен көрінді.   Оның ішінде ҚР Президенті өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеп, көптеген халықаралық бастамаларды қозғады және олар ұйым деңгейінде қолдауға ие болды. Әрине, біз БҰҰ ретінде осы идеяны қолдаймыз, себебі Қазақстан өзінің тәжірибесін енгізіп, сонымен қатар саяси және экономикалық даму үрдісін үдете алады. Қазақстан өзіне қосымша міндеттемелерді алуға қауқарлы екенін қолдаймын және қуаныштымын. Бұл ретте елдеріңіз БҰҰ жүйесіне өзіндік үлесін қоса алады деп ойлаймын»,- деді Норимаса Шимомура тілшілерге берген сұхбатында. Бұл ретте ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ны реформалау бойынша ұсынысына тоқталды. «Президенттің бастамасы өте маңызды. Мен әрдайым Нұрсұлтан Назарбаев өте парасатты адам екенін айтып жүремін. Ұйым ХХ ғасырда құрылды, сәйкесінше ол кезде әлем басқашалау еді және ол кездегі ойын ережелері де өзгеше болатын. Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ, қазіргі ХХІ ғасырда әлем өзгеруде, осы орайда ББҰ да реформалануы тиіс. Егер де өзгерістер ұйымның игілігіне қарай болса, мен бұл жаңашылдықтарды әрқашан да қолдаймын», - деді ол. Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биылғы маусымда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланған жағдайда, адамзат алдындағы мәселелерді шешуде айтарлықтай үлес қосуға, сонымен қатар Орталық Азия өңірінің мәселелеріне халықаралық қауымдастықтың назарын белсенді тартуға дайын екенін атады.

Д. Паттен 2017-2018  жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлау науқанының негізгі басымдықтарын оң қабылдады. ҚР СІМ баспасөз қызметінде атап өткендей, Қазақстан мен Либерия арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін үкіметаралық комиссия құру бойынша екі жақты мүддесін білдірді. Джордж Паттен қазақстандық тарапқа мыңдаған адамның өмірін қиған Батыс Африкадағы Эбола вирусының таралуымен күресте көрсеткен көмегі, сондай-ақ орнықты даму аясында БҰҰ ДБ бірлесіп, Қазақстан мен Африка арасындағы әріптестікті жүзеге асыруға қосқан үлесі  үшін алғыс білдірді.  Либерия Республикасы  - Батыс Африкадағы мемлекет,  халқы -  4 млн. адам. Басқару нысаны - республика; астанасы - Монровия.   1945 жылы Либерия  БҰҰ құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болды. Ел ірі минералдық, ауыл шаруашылығы, орман, гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Негізгі экспортталатын тауарлары кофе, какао және алмас.

 

Осы аталған ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігінің пайдасына дәйек Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі бола алады. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты тереңдігімен, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» Манифесі 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ҚР-ны сайлау пайдасына шешуге ықпалдасатын дәйектердің бірі.  «ҚазАқпарат» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мұндай пікірімен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты сараптамалық орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы Андрей Казанцев бөлісті. «Президент Н.Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік бойынша IV жаһандық саммитте сөйлеген сөзі адамзат алдына маңызды және перспективті міндеттерді қойып отыр. Қақтығыстардың, соның ішінде ядролық қаруды пайдалану қаупінің күшеюімен сипатталатын қазіргі  жағдайда бұл мәселені көтеру маңызды әрі өзекті. Мен бұл идеяны құптаймын. Манифесте ұсынылған идеялардың көбін тез жүзеге асыру мүмкін емес екендігін түсінген жөн. Алайда біреу бұл тақырыпты халықаралық қауымдастықта ілгерілетуі керек.   Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бастаманы өз мойнына алғаны қуантады. Бұл проблеманы біреу көтеру керек», - деп атап өтті Андрей Казанцев. Оның сөзіне қарағанда, Манифестке БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін беруі БҰҰ сияқты негізгі халықаралық ұйымның Қазақстан бастамаларының маңыздылығын түсінетінін көрсетеді. Қазақстанның мүдделері жағынан қарасақ та бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына өтініш білдіруі аясында маңызды. «Нұрсұлтан Назарбаев көп жылдар бойы көптеген бастамаларды көтеріп келеді. Соның ішінде АӨСШК және т.б. бар.  Бұл тақырыпты (Манифест - ҚазАқпарат түсініктемесі) жалғастыру керек, өйткені, менің ойымша халықаралық қауымдастық та оны жақсы қабылдады.

Елбасы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі - осы жаһандық ынтымаққа жол ашатын теңдесі жоқ құжат екенін атап өту керек. Оны әлемдік деңгейде тарату маңызды. Осы мақсатта, Қ.Тоқаев Әзербайжан Президентіне «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсі VII жаһандық форумына қатысу үшін Бакуге жұмыс бабындағы сапармен барды. Сапар аясында Сенат Төрағасы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Қ.Тоқаев Әзербайжан басшысын БҰҰ Өркениеттер Альянсі «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір сүру: қатер мен мақсат» тақырыбындағы жаһандық форумын өткізуімен құттықтады. Сенат басшысы Әзербайжан жетекшісіне қарулы қақтығыстар мен соғыстарды түбірінен жоюды толық қамтитын бағдарламасын әзірлеу ұсынылған Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті. Президент И.Әлиев форумға жоғары деңгейде қатысқаны үшін қазақстандық делегацияға алғысын білдірді және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара достық қатынастарды одан әрі нығайту жайында айтты. Ол Әзербайжанда көрнекті мемлекет қайраткер саналатын Президент Н.Назарбаевқа ізгі тілектестігін жолдады.

Алматыда БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша өңірлік тренинг басталды. Алматыда БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) мен Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) «Орталық Азияда тұрақты даму бойынша әлеуетті күшейту: 2015 жылдан кейінгі көзқарас» жобасы аясында 5 күндік өңірлік оқыту тренингіне Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, экономика, білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, тұрақты даму, адами даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша ЖОО профессорлары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сарапшылар және тренерлер қатысуда. «Біз осы тренинг арқылы Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін, әлеуетін арттырғымыз келеді. Өйткені, Тұрақты даму бойынша мақсаттарды ұлттық тұрғыда бейімдейтін солар ғой. Сол үшін, біз мемлкеттік қызметкерлердің ел дамуына арналған маңызды стратегиялық құжаттарды жазғанда кең, ауқымды, үйлесімді түрде ойлағандарын қалаймыз. Олар осы курс арқылы өздерінің біліктілігін, білімін арттыра алады. Олардың қолдарынан шыққан құжаттар экономиканы ғана емес, әлеуметтік және экологиялық салаларды қамтып жатса, нұр үстіне нұр. Өйткені, тұрақты даму - бұл бірінші кезекте экономика, экология және әлеуметтік салалардың үйлесімінен туындайтын дүние», - деді өз сөзінде бүгінгі шараны ұйымдастырушы ұйым - Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы атқарушы директорының кеңесшісі Татьяна Шәкірова. Сонымен қатар, ол БҰҰ 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бойынша мақсаттарына арналған Күн тәртібінің маңыздылығына тоқталды. «Әрине, мақсаттар көп қой. Бірақ, бұған дейін БҰҰ тарапынан қабылданған мақсаттар негізінен дамушы елдерге бағытталып келді. Ал бұл - 2015 жылы қыркүйек айында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған Тұрақты даму мақсаттары - әлемнің барлық елдерін қамтитын әмбебап құжат», - деді Т. Шәкірова.

Айта кетелік, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары нақты 17 мақсатты қамтиды. Олардың ішінде: кедейлікті жою, аштықты жою, саламатты өмір салтын қамтамасыз ету, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қалалар мен елдімекендерді дамыту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, су ресурстарына қол жетімділік, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, климаттың өзгеруіне қарсы күресу, энергия көздеріне қол жетімділік, экологиялық жүйелерді тиімді қолдану және басқару, сапалы білімге қол жетімділік, тұрақты индустрияландыруға қол жеткізу және инновацияны енгізу сынды бағыттары бар. 

Қазақстан мен Беларусьте әйелдер құқығы мен отбасы құндылықтарын ұстанудағы күш-жігер ұқсас. Бұндай пікірді Астанада тілшілерге берген сұхбатында Қазақстандағы Беларусь елінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов айтты. «Атап айтқанда, ұлттық жоспарлар түрлі құжаттарды әзірлеуді қарастырады. Қазақстан тарапы Стратегияны даярлау жолымен бағыт алды. Бұл құжат көп жылдарды қамтып отыр, яғни 2006-дан 2016 жыл аралығында қажетті жұмыстар атқарылды. Егер де Беларусь туралы айтатын болсақ, бізде ұлттық жоспарлар бес жылға есептеледі. Бұл тұрғыда кейбір өзгешеліктер бар, алайда ең бастысы - қазақстандық Стратегия құжаты да және беларусьтік құжат та БҰҰ-ның ұстанымдарына негізделген гендердік теңдік саласында ұлттық саясатты жүзеге асыруды қарастырады. Бұл ретте әйелдер құқығын қорғау, конституциялық құқықтарды іске асыруда отбасы мүшелері құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде»,-деді Елші Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алдын ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда.

Оның сөзіне қарағанда, Стратегияны жүзеге асыру қорытындысын талқылау өте маңызды болып табылады. Конференция барысында жасалған баяндамалардан Қазақстан әйелдер құқығы мен отбасы құқығы секілді құндылықтарға қатысты өзінің азаматтары алдында міндеттерді тиісті деңгейде орындап жатқандығын байқауға болады.

Сөз соңында А.Ничкасов Қазақстан мен Беларусь аталған құндылықтарды қорғауда бірдей ұстанымда екенін, сондай-ақ екі елде де отбасы әрдайым қоғам өміріндегі маңызды элемент болғанын және бола беретінін атап өтті.

Қ.Тоқаев Ұлыбритания СІМ бұрынғы басшысымен әлемдегі саяси ахуал туралы пікір алмасты. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ХІІІ Еуразиялық медиафорумға келген Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Строны қабылдады. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің заң шығару қызметі және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың институттық реформаларын іске асыру туралы әңгімеледі. Жүздесушілер әлемдегі саяси ахуал туралы пікір алмасты. 

Ал Лондонда Қазақстанның халықаралық бастамалары талқыланды.  Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбританияның көптеген салалар, соның ішінде инвестициялар, энергетика, мәдени-гуманитарлық байланыстар бойынша ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясатқа қатысты бірқатар маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен. Кездесуде Қазақстанның халықаралық бастамаларына, бәрінен бұрын, ядролық қаруды таратпау және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Е.Қазыханов Т.Элвудты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың сәуір айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитіндегі жұмысының қорытындылары туралы ақпараттандырып, сондай-ақ біздің мемлекетіміз басшымыздыі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін тапсырды. Сонымен қатар, тараптар 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ұсыну болашағын, сондай-ақ Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселелерін талқылады.

 

Қазақстан мен Либерия дипломатиялық қатынас орнатты. Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов пен Либерия Республикасы істері уақытша сеніп тапсырылған, елші Джордж Паттен екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы мәлімдемеге қол қойды. Қол қою рәсімі уақытында тараптар екіжақты деңгейде ынтымақтастықтың перспективалары және Қазақстан мен Либерияның  өзара мүддесін білдіретін БҰҰ күн тәртібінің маңызды мәселелері туралы пікір алмасты. Олардың ішінде  - Орнықты даму мақсаттарын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, бітімгерлік, қатығыстан кейінгі даму бар. Тараптар мемлекеттер арасындағы, әсіресе білім беру саласындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейту маңыздылығын таныды. Қазақстандық тарап Либерия өкіліне «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

 

Басқа да елдермен сот саласында ынтымақтастық орнату арқылы Қазақстан өз мамандарының біліктілігін арттыратын болады. Осы мақсатта, ЕО тарапы Қазақстанда қылмыстық сот төрелегін жетілдіруге 5,5 млн. еуро бөлді. Астанада Еуропалық одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы таныстырылды. Бұл жоба халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларды қолдауға бағытталған. Осы ретте қылмыстық сот төрелегі жүйесінің реформалары тиімділігін бағалау жүргізіледі деп күтілуде. Елімізде пробация қызметін ары қарай дамыту мақсатында жоба бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ жазалаудың баламалы шараларын кеңінен қолдануды ұсынбақ. Сонымен қатар қылмыстық сот әділдігі саласында мамандардың кәсіби білімі деңгейін арттыруға жекелей басымдық берілмек. Жобаның жалпы бюджеті 5,5 млн. еуроны құрамақ және оны Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы келісім аясында ЕО қаржыландырады. «Біз осында қандай да бір жұмыстың жүйесін енгізу үшін келгеніміз жоқ. Жоба қылмыстық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мен оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қатысты Президент Нұрсұлтан Назарабаев қойған мақсаттарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі»,-деді жоба жетекшісі Уильям Ирвайн.

Халықаралық сот орындаушылары одағы қазақстандық өкілдермен толықты. Бұл туралы Алматыда «Кәсіби әдеп және атқарушылық іс жүргізу әділдігі. Сот орындаушылығы саласындағы халықаралық стандарттар және ұлттық құжаттар» тақырыбында семинар барысында белгілі болды. Онда отандық және халықаралық сарапшылар сот орындаушысының мәртебесі, оған қойылатын талаптар, сондай-ақ, жеке сот орындаушылығы ұлттық институтының даму келешегіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. «Бұл семинар - тәжірибе алмасу алаңы іспеттес. Біз ғана емес, сонымен қатар, бүгінгі жиынға Германиядан, Чехиядан, Эстониядан және басқа да елдерден келген мамандар да жергілікті тәжірибемен танысады. Өйткені, Қазақстанда бұл салада тиімді жұмыс атқаратын заң нормалары жетерлік. Семинар соңында осы салаға қатысты заңнамалық бастамалар әзірленеді», - деді Алматы қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік Палатасының жетекшісі Серік Нұғманов.  Шара барысында Республикалық жеке сот орындаушылары Палатасының Халықаралық сот орындаушылары одағына (UIHJ) толыққанды мүше болғандығы туралы меморандумға қол қойылды. «Бұл халықаралық одаққа мүше болу қазақстандық жеке сот орындаушылығы институтын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық дәрежеде ынтымақтастық орнатуға және халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге жол ашады», - деді UIHJ қазынашысы Юрий Подконицкий.Айта кетелік, 2016 жылдың басынан отандық жеке сот орындаушыларына айыппұлдар және алимент өндіріп алу ісі берілген болатын. Осыған байланысты соңғы үш ай ішінде жеке сот орындаушыларына 300 мың іс келіп түскен. Бұл бүкіл 2015 жылмен салыстырғанда екі есе көп. 

 

Қазақстан «жасыл» технологиялар саласында Финляндиямен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы «Фин энергетикалық күні - 2016» конференциясында «Электрэнергия және энергосақтауды дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы Айдар Махамбет мәлім етті. «Қазақстан «жасыл» технологияларды дамыту бағытын таңдап отыр, осы орайда ел алдында бірқатар мақсаттар қойылған. Мәселен, 2020 жылға қарай ел экономикасының энергия тұтыну көлемі 25 пайызға дейін оңтайландырылуы тиіс, бұл өте үлкен көрсеткіш. Осы тұрғыда біз үшін фин технологиялары мен тәжірибесі өте қызықты», - деп атап өтті ол.Қазірдің өзінде Қазақстан мен Финляндия технологиялардың трансферті саласында инвесторларды тарту бағытында өзара әріптестік орнатқан.

«Біз финляндиялық хаб арқылы осы мәселеге кәсіпкерлердің назарын аудартқымыз келеді. Біздің институт былтыр энерготиімділік пен энергосақтау саласындағы ұлттық институт мәртебесін алған болатын. Қазіргі уақытта қыруар жұмыстың басы басталып та кетті. Бүгінде мемлекеттік энерготехникалық реестрге 6 мыңға тарта компания кіргізілген. Жылына екі мәрте олар бізге энерготиімділік бағытындағы жұмыстары жайында есеп беріп тұрады. Қазіргі кезде отын ресурстары тұтыну құрылымының басым бөлігін иеленуде. Біздің мақсат - 2020 жылға қарай біздің экономиканы энерготиімді ету, оның тұтыну деңгейін оңтайландыру», - деп атап өтті А.Махамбет.

Айта кетейік, Финляндия «жасыл» технологиялардың өсімі бойынша топ-10 елдің қатарына кіреді. 2010 жылдың өзінде бұл мемлекетте жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 5,6 пайызға артқан.  

Беларусь пен Қазақстан заңсыз миграцияға қарсы шараларды талқылады. Бұл Минскі қаласында Беларусь пен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі арасында консулдық мәселелерге қатысты кезекті кеңесте жүзеге асты. «Тараптар Беларусь пен Қазақстанның жүргізіп отырған визалық саясаттың мәні мен нақты бағыттарын, заңсыз миграцияға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері мәселелерін қорғау жөніндегі консулдық қызметтің өзара іс-қимылдарын талқылады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Беларусь делегациясын бас консулдық басқарма басшысы Игорь Фисенко басқарса, қазақстандық  тарапқа консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев жетекшілік етті. Кездесуге Беларусь пен Қазақстанның ІІІМ көші-қон қызметтерінің басшылары қатысты. Е. Досаев пен Э.Густас Қазақстан мен Литваның сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Литва Республикасының шаруашылық министрі Эвалдас Густаспен кездесу өткізді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады. Тараптар екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективасын талқылады. Келіссөздер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және Литва Республикасының Шаруашылық министрлігінің арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі елдің арасындағы тауар айналым 2015 жылы $ 321,7 млн. құрады.

Қазақстан Еуропалық одақтың, жалпы Еуропаның әлемдегі өз орны жоғалмайтынына сенеді. Бұл туралы ХІІІ Еуразия медиа форумының үшінші күнінде сөз ала отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті. «Еуропа - бірден-бір әлем назар тігетін орталық. Еуропа дамыған технология мен инвестициялардың көзі емес, Еуропа - жаңа құндылықтардың, инновациялар мен саяси реформалардың  бастауы. Сондықтан, Қазақстан үшін Еуропаның рөлі мен орны сақтала береді», - деді өз ойын жеткізген Е.Ыдырысов. «Еуропа қазіргі қауіп-қатерлерді жеңе алатынына сенеміз», - деп толықтырды пікірін Е.Ыдырысов. «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан интеграцияны, яғни, ықпалдасу шараларын қолдайды, сондықтан, Еуразиялық экономикалық интеграцияның идеясы Еуропалық одақтың интеграция жөніндегі үлгісінен шабыт алды», - деп түсіндірді Қазақстанның сыртқы істер министрі. Е.Ыдырысовтың пікірінше, әлем бойынша Еуропалық одақтай интеграцияның үлгісін жасаған қауымдастық жоқ. «Еуропаның әлемдегі орны сақтала беретініне сенеміз. Қазақстан үшін Еуропа ең ірі саяси және сауда-саттықтағы жақсы әріптес болып қала береді», - деген Е.Ыдырысовты форумға қатысып жатқан шетелдік әріптестері «Еуропаның мықты адвокаты» деп қалжыңдады. 

Брюссельде Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов пен Еуропалық қызметтің сыртқы іс-әрекеттер басшысы Тиво Клаардың басшылық етуімен Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестициялар, энергетика және көлік бойынша кіші комитеттің (Кіші комитет) 16-отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметі

Тараптар екіжақты сауда, Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесiн беру, Қазақстанның ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелері, тауарлардың қатар импорты, сондай-ақ инвестиция саласындағы соңғы үрдістері, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тимур Жақсылықов, Еуропалық Одақ - Қазақстан Республикасының маңызды сауда және инвестициялық серіктестіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Вице-министр: «Екіжақты ынтымақтастықты арттыру әлеуетін ескере отырып, бүгінгі Кіші комитеттің отырысы Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынын» - айтты.    Анықтама: Кіші комитет Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік ынтымақтастығы, сондай-ақ, энергетика және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шеңбері бойынша стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайту және әртараптандыру бойынша маңызды тетігі болып табылады.

Қазақстан техникалық себептерге байланысты климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі Париж келісіміне қол қоя алмады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов мәлім етті.

«Қазақстан бұл құжатқа қол қойған жоқ. Өйткені, мемлекетішілік процедура жүргізіп үлгермеді. Біздің БҰҰ-дағы тұрақты өкіліміз Қайрат Әбдірахманов бұл құжатты қолдап мәлімдеме жасап, оған еліміздің таяу арада қол қоятындығын айтты. Техникалық себептерге байланысты қол қойылмады. Бұған қоса, Қазақстанның Париж келісімінің тез арада күшіне енуін жақтайтын елдер тобына қосылғанын атап өткен жөн», - деді А.Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, Париж келісіміне қол қоюдың салтанатты шарасы 22 сәуір күні БҰҰ Бас ассамблеясы залында өтті. Бұл датаны таңдап алу да тегін емес. Өйткені, дәл сол күні ғаламшар тұрғындары Жер күнін атап өткен болатын. Құжатқа әлемнің 175 елі қол қойды. Құжат жаһандық парникті газдар шығарындылары жалпы көлемінің кемінде 55 пайызы тиесілі 55 ел ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Айта кетерлігі, қабылданған жаһандық құжатта 2020 жылдан бастап әлемдік іс-қимылдың негізгі ұстанымдары мен пішіні ғана бекітілген. Сондықтан да алдағы бірнеше жыл ішінде келісімнің орындалу ережелерін әзірлеу міндеті тұр. Киото хаттамасына қарағанда жаңа келісімде дамушы елдердің парникті газдардың шығарындыларын қысқарту ісіне белсене арасуы көзделеді. Аталған мақсаттарға орай құжатта мұндай елдерге 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 млрд. ш.б. көлемінде қаржылай көмек бөлу қарастырылған.

Сенатор Серік Біләлов Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің парламенттеріне арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық семинарға қатысты. Шара Бухаресте болды. Семинарға Орталық және Шығыс Еуропа елдері парламенттерінің депутаттары мен аппараттар қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-да қабылданған және 2016-2030 жылдары іске асыру ұсынылған Орнықты дамудың 17-ші мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ оны шешуге парламенттерді белсенді түрде қатыстыру мәселелері талқыланды.

Сенат депутаты С.Біләлов осы сала бойынша біздің еліміздің тәжірибесімен таныстырды. Сенатор өз сөзінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы, Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, семинарға қатысушыларды ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Шара аясында С.Біләлов Румыния Сенатының Төрағасы Й.Келару, Румыния Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары К.Йордакемен және Депутаттар палатасындағы Румыния-Қазақстан достық тобының жетекшісі К.Алексемен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Румынияның парламентаралық ынтымақтастығын нығайту, әсіресе, аграрлық саладағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды, жаһандық дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның күш-жігері жария етілді. 

Мәскеуде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары мен «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының Ресейлік даму және қолдау қорының басшылығымен кездесуі өтті. Диалогқа «Валдай» қорының басшылығы: кеңес төрағасы Андрей Быстрицкий, атқарушы директор Надежда Лаврентьева, бағдарламалық директор Тимофей Бордачев, атқарушы директордың кеңесшісі Анна Старкова қатысты. ҚСЗИ делегациясының атынан, институт директоры Ерлан Карин, директордың орынбасары Санат Құшқымбаев, Қазбек Исаев және ғылыми қызметер Ескендір Ақылбаев қатысты. Талқылау барысында тараптар қазақстандық және ресейлік «ой орталықтарының» арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамытудың негізгі мәселелерін қарастырды. Әріптестерімен амандаса отырып, Андрей Быстрицкий Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы көптеген салаларда тиімді дамып отырғанын және сарапшылық-талдау саласындағы серіктестікті реттеу екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. 
Кездесу қорытындылары бойынша, ҚСЗИ мен «Валдай» қорының арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында тараптар қазақстандық-ресейлік сарапшылық кеңестің құрылуы және бірлескен зерттеу жобаларының жұмысын жүргізу жөнінде келісті.

 

«Қазақстан-2050» және «Сауд Арабиясы-2030» даму стратегиялары біздің екіжақты экономикалық, инвестициялық және сауда қатынастарымыздың дамуына берік негіз қалайтын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Әдел әл-Жубейрмен болған кездесудің қорытынды баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Кеше әлемдік жаңалықтарда Сауд Арабиясы жариялаған 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жарыса талқылады. Бұл - өте іргелі стратегия, біз Сауд Арабиясының экономикалық әртараптандыруға бағытталған жаңа бағдарламасын жоғары қабылдаймыз. Бұл біздің мемлекеттік дамуға қатысты біздің көзқарастарымызға сай келеді», - деді министр. «Меніңше, «Қазақстан-2050» және «Сауд Арабиясы-2030» даму стратегиялары біздің екіжақты экономикалық, инвестициялық және сауда қатынастарымыздың дамуына берік негіз қалайтын болады», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

 

Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынасы

Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастықты дамыта отырып, елге инвестиция тарту, экономикалық байланысты нығайту мәселесіне де мейлінше назар аударады.

Н. Назарбаев пен А. Лукашенко екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы байқаушы елдің - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды. 

Қазақстан мен Сингапур парламентаралық үнқатысуды нығайтуда. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасында ресми сапармен болып, осы елдің басшыларымен кездесті, сондай-ақ жыл сайынғы Сингапур форумында негізгі баяндама жасады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Сапар Сингапур Парламентінің төрағасы Халима Якобтың шақыруы бойынша жүзеге асқан болатын. Сингапур Парламентінде Қазақстан Сенатының төрағасы мен Сингапур Парламентінің төрағасы екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы, Парламенттің қызметі, сондай-ақ елді жаңғырту жөніндегі президенттік «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы хабардар етті. Ол «Назарбаев университеті» мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі арасындағы жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ екі елдің техникалық білім беру саласындағы өзара іс-қимылын атап өтті.  Парламентаралық үнқатысуды жалғастыру үшін Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Сингапур Парламентінің төрағасын Қазақстанның дамуы, еліміздің халықаралық маңызды мәселелер, ұлтаралық және тіл саясаты қызықтырды. Х.Якоб сондай-ақ Сингапурдың экономикалық өзгерістеріне байланысты қазіргі кездегі мемлекеттік саясатының басымдықтары туралы әңгімеледі. Бұл ретте, оның пікірінше, бүкіл қоғамды роботтар мен автоматика үстемдік құратын жаңа экономикаға дайындау міндеті тұр. Сингапур Президенті Тони Тан Кенг Яммен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі тілектестігін жеткізді және екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі жалғасатынына сенім білдірді. Тони Тан Кенг Ям Қазақстан Президенті мен Сингапур басшылығы арасындағы дәстүрлі жеке байланыстар арқылы нығая түскен екі елдің дағдылы жылы шырайлы қатынастарын атап өтті. Келешегі зор ынтымақтастықтың ауқымды аясын атап өтіп, Сингапурдың даму тәжірибесіне Қазақстанның ықыласына қолдау білдірді.

Президенттік «Истана» сарайында сондай-ақ Құрметті аға министр, Сингапурдың бұрынғы Премьер-Министрі Гок Чок Тонгпен де кездесу болды. Жүздесушілер терроризм, Орталық Азияның дамуы және қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» стратегиясымен бірге жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Го Чок Тонг биыл Қазақстанға сапарлап келу ниетін  жеткізді. Сапар барысында Қазақстан делегациясы Сингапурдағы мұнай химиясы және туризм кластерінде болды.

Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев «Азия және әлем - ортақ мүмкіндіктер, бірлесіп өркендеу» тақырыбымен өткен екінші Сингапур форумының ашылуында сөз сөйледі. Қ.Тоқаев өзінің сөзінің басында Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Юды құрметпен еске алып, оның 1991 жылы біздің елімізге сапарлап келгенде елдің дамуына қатысты пайдалы кеңестер айтқанын еске салды. Қ.Тоқаев өзінің баяндамасында еуразияның келешегіне қатысушылардың назарын аударып, құрылықтағы оқиғалардың дамуы туралы өз ойларын ортаға салды. «Қазіргі кездегі әлемнің тірегі бола отырып, Еуразия бүкіл әлем үшін зардаптары алысқа кететін түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде». - деді Төраға. Бұл ретте ол Ресейде, Қытайда, Еуропа Одағында және Таяу Шығыста болып жатқан өзгерістерді бөліп алып, талдау жасады. Қ.Тоқаев әлемдік саясаттағы Орталық Азияның рөлі арта түскенін атап өтті. «Бұл аймақ ауқымды табиғи ресурстар мен шиеленіс орындарына, атап айтқанда, Ауғанстанға жақындығы Еуразия құрылығының негізіне айналады», - деді Төраға. «Орталық Азия елдері үшін алдыңғы қатардағы мемлекеттердің сауда-экономикалық стратегияларының түйіндесу әдістерін әзірлеу аса маңызды міндет болып табылады. Мегажобалардың өзара байланысы аймаққа жаһандық экономикалық дамудың тиімді және теңгерімді үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.  Форумға қатысушылар қауіпсіздіктің  аймақтық ұйымдары: АӨСШК, ШЫҰ және ЕҚЫҰ-ның жұмысындағы Қазақстанның қадамдары туралы жан-жақты хабардар етілді. Бұл ретте Қ.Тоқаев халықаралық істердегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайтудың маңызы бар екенін атап өтті. «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқықтың тотығуы, әсіресе, халықаралық терроризм өршіп тұрған кезде қазіргі әлемге бүлдіргіштік түрде әсер етуі мүмкін. Қазақстан халықаралық қатынастардағы сенімді қалпына келтіру мақсатында халықаралық құқық ұстанымдарын растауға арналған жоғарғы деңгейдегі БҰҰ конференциясын шақыруды ұсынады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы. Қазақстан Сенатының Төрағасы Еуразиялық Экономикалық Одақтың іске қосылуымен және қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының іске аса бастауымен азиялық, оның ішінде АСЕАН мемлекеттерінің кәсіпкерлері үшін Қазақстанда ашылып жатқан экономикалық мүмкіндіктерге жиналғандардың назарын аударды. Одан басқа, Қ.Тоқаев Қазақстан аумағындағы көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасына, «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлік және «Астана» халықаралық қаржы орталығының келешегіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сенат Төрағасы экономикалық дүрбелең жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы шаралар топтамасымен және инфрақұрылымдық дамумен шектелмейтінін, заң үстемдігін, индустрияландыру мен экономикалық өркендеуді, ұлттың ынтымағын нығайтуды, сондай-ақ ашық және есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды институттық реформаларды іске асыратынын атап өтті. «Парламент 59 заңнан тұратын, елдегі шетелдік инвесторлардың жұмысын оңайлататын қажетті заңнамалық топтаманы қабылдады», - деді Төраға. Қ.Тоқаевтың сөзін форумға қатысушылар зор ықыласпен қабылдап, қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді.  

Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның  теміржол ведомстволары  Халықаралық транскаспийлік көліктік консорциум құруға келісті. Бұл туралы «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы Надир Азмамедов хабарлады. Тиісті келісімге Бакуде өткен транскаспийлік көліктік бағыт бойынша жүк тасымалдайтын оператор-компаниялардың кездесуінде қол қойылды. Консорциум мүшелері  әзербайжандық ADY Express пен ACSC Logistics ААҚ, қазақстандық KTZ Express  АҚ және  грузиялық Trans Caucasus Terminals ААҚ болды. «Жиында консорциумның байқаушы кеңесін құру шешімі қабылданды. Кеңес құрамына консорциумға мүше компаниялардан бір өкілден енді, ал төрағасы болып «Әзербайжан темір жолы» басшысының орынбасары Игбал Гусейнов тағайындалды» - деді Н.Азмамедов. Оның сөзіне қарағанда, отырыс қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойып, Транскаспийлік бағыт бойынша жүк пойыздарының кестесі мамыр айында анықталады деген шешімге келді. Еске сала кетейік: 14 қаңтарда Әзербайжан, Қазақстан, Грузия және Украина Транскаспийлік халықаралық көліктік бағыт бойынша жүк тасымалына арналған бәсекеге қабілетті жеңілдетілген тарифтерді бекіту туралы хаттамаға қол қойды. Транскаспийлік халықаралық көліктік бағыт Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузию арқылы ары қарай Түркия және Украинаға, кейін Еуропаға өтеді.  Шихэцзы (Қытай)-Достық-Ақтау-Алят бағыты бойынша жүретін бірінші сынамалық контейнерлік пойыз Баку халықаралық теңіз сауда портына өткен жылы үшінші тамызда жетті.  

Қазақстан мен Польша арасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспар бекітілді. Варшавада Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарып барған қазақстандық делегацияның құрамына «KaznexИнвест» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «ҚазАТО» халықаралық автокөлікпен тасымалдаушылар одағы және басқа мүдделі ұйымдардың басшылары енді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстан-Польша арасындағы экономикалық, индустриалды-инновациялық және аграрлық ынтымақтастықты дамытудың келешегі, көлік және логистика, туризм, экология, тұрғын-үй және өндіріс салаларындағы жаңа мақсат-мұраттар, поляк бизнесінің ҚР-дағы жекешелендірудің екінші кезегіне қатысу қызығушылығы Комиссия отырысының негізін қалап, оның күн тәртібін айқындады.

Тараптар сауда серіктестігі және жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларын бекітті. Отырыс шеңберінде поляк компаниялары және ұйымдарының қатысуымен бизнес-семинар өтіп, оның барысында ҚР экономикалық саясатының құралдары, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме және «Астана» халықаралық қаржы орталығы бойынша таныстырылымдар өткізілді.

Р.Василенко Қазақстан-Польша іскерлік ынтымақтастығын қарқындатудың құқықтық және практикалық негіздеріне тоқталып, 2016 жылдың 1 мамырдан уақытша күшіне енетін ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі Үкіметтің міндеттері мен басымдықтары жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

Комиссияның тең-төрағалары Р. Василенко мен Польшаның Даму вице-министрі Радослав Домагальски-Лабендзки 2016-2017 жылдар ҚР-дың ДСҰ-ға мүше болуына байланысты бірқатар басымды екіжақты жобаларды дамыту және іске асыруда, Қазақстанның ЭЫДҰ-ға мүше болуы және әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттер, Польшаның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы және басқа бірлескен жобалар үшін ерекше мәнге ие болатынын атап өтті.

Поляк тарапы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуі, жүйелік реформаларды іске асыру мен еуропалық және халықаралық қаржы-экономикалық құрылымдармен ықпалдастығын жоғары бағалап, Астана экономикалық форумына жоғары деңгейлі үкіметтік делегациясы қатысатынын айтты. Поляк серіктестері ПР Үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Польша ұлттық секциясының комиссарын тағайындағанын және Астанадағы көрме шеңберінде баламалы энергия қорлары саласындағы озат технологияларымен таныстыратынын ресми түрде хабарлады.

Польша - Қазақстанның 1,35 млрд. АҚШ доллары тауар айналымы бар. Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Қазақстандық делегацияның Варшаваға сапары шеңберінде Р. Василенконың Польшаның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Марек Жюлковскиймен кездесуі өтіп, оның барысында өзекті екіжақты және халықаралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу орын алды.

Қазақстан - Польшаның негізгі өңірлік әріптесі, деді В. Словик. «Қазақстан мен Польшаның даму бағдарламалары бір-біріне өте ұқсас. Сондықтан, біздің үкіметтің жаңа саясаты екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін береді деген сенімдемін. Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы жыл сайын ұлғайып келеді. Өткен жылы ол - 1,3 млрд. АҚШ долларына жеткен болатын. Біз бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаевпен ауыл шаруашылығы саласында өзара әрекеттесу мәселелерін талқыладық. Мысалы, алма бақтарын дамыту саласында бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болады. Өйткені, Польша бұл салада мол тәжірибе жинақтаған», - деді В. Словик. Ол сонымен қатар, бөлшек сауда экономиканың маңызды бөлігі екендігін айта келе, бүгінгі форумға келген польшалық компания өкілдерінің Қазақстанда өздеріне жаңа серіктестер табатындығына сенім білдірді.

«Мен Алматы базарларының бірінде болып, польшалық алмаларды көріп риза болдым. Бірақ, мені олардың қымбаттығы таң қалдырды. Олар, Польшадағы бағамен салыстырғанда үш есе қымбат! Енді, Қазақстанның ДСҰ құрамына енуі, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың нығая түсуі екіжақты сауданың дамуына ықпал етуі тиіс. Ал бұл бағалардың да реттелетіндігіне сөзсіз оң әсер етеді», - деді Польша Республикасының вице-министрі.   Сонымен қатар, оңтүстік астанада польшалық делегация өкілдерінің қала әкімдігінің өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Онда жеңіл рельсті көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланатын болады.

Б.Сағынтаев индустрияландырудың ІІ кезеңінің жобаларын іске асыруға АҚШ компанияларын тартуда мүдделілік танытты. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Америкалық-Қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың  (USKBA) президенті Уильям Кортнимен кездесті. Кездесу барысында өндірістік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Бақытжан Сағынтаев республикада қолайлы инвестициялық  климат құрылатынын атап өтті және АҚШ бизнесмендерін қазақстандық нарықты белсендірек игеруге шақырды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары индустрияландырудың екінші кезеңінің аясында жобаларды іске асыруға америкалық компанияларды тартуда мүдделілік танытты. Бақытжан Сағынтаев АҚШ бизнесмендерін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Бұл «жасыл технологияны» дамытуға қосымша серпін береді және энергетикалық тиімді бағдарламаларды алға жылжытуға жәрдемдеседі.

 

Канадалық компания Қазақстанға бизнеске консультация беру үшін шақырылды. Бұған «Аға сеньорлар» жобасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы канадалық CESO компаниясымен меморандумға қол қою арқылы қол жеткізілді. Бұл жоба халықаралық шетел ұйымдарымен ынтымақтастықта «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ұйымдар аға мырзалар қызметін үйлестіреді, атап айтқанда, олар өзінің білімімен және тәжірибесімен бөлісе отырып, Қазақстандағы кәсіпорындарды дамытуға жәрдемдеседі. Сарапшылық көмегі техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдағы проблемаларды шешу кезінде қызметкерлерді оқыту мен тәжірибелік көмек көрсетуге байланысты болып отыр. «Канада тарапы Қазақстанда экономикалық және қоғамдық секторда жасалып жатқан реформалар мүмкіндігіне сенеді. Біздің елдер арасында ұқсастықтар өте көп. Бұл өз кезегінде бізге экономикалық, инвестициялық салаларға өзгерістерді жылдамырақ енгізуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы ретте келетін сарапшылар инновацияларды енгізіп, қазақстандық бизнеске тиімділігін, табыстылығын арттыруға жәрдемдесетініне сенімдімін»,-деді Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Стайл құжатқа қол қою барысында. 

 

Қазақстан мен Түркия тауар айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізбек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия холдингілері мен компаниялары басшыларымен кездесу кезінде мәлім болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Түркияның Ulker Group, Turkuaz Group, Yildirim Group, Yildiz Holding, Akfel Holding, Aselsan Electronic, Acibadem сияқты 25-ке жуық компаниясының басшылары қатысты. Әңгіме барысында ынтымақтастықтың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасылды. Компания басшылары Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалғанына алғыс білдіріп, мұның қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимыл аясын кеңейту мүмкіндігіне жол ашып отырғанын айтты. Қазақстан Президенті қазіргі кезде елімізде түрік капиталының үлесі бар 1600-ден аса компания жұмыс істейтініне, сондай-ақ Түркияның 15 мыңға жуық азаматы тұрып жатқанына назар аударды.
- Қиындықтар бар екеніне қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түседі. Президент Ердоғанмен уағдаластық бойынша, бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Соңғы 10 жылда түрік бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициясы 2 миллиард доллардан асты. Былтыр Қазақстанда белсенді инвестициялық жұмыс жасаған шетелдік он компанияның үшеуі түріктікі болды. Мысалы, қазір Қазақстан мен Түркияның жалпы құны шамамен 3 миллиард доллар  болатын 91 бірлескен жобасы жүзеге асырылуда, - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі мен Қытай Халық Республикасымен көршілестігі аясында бизнес үшін туындайтын зор мүмкіндіктерді атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Бес институционалдық реформа туралы да әңгімелеп, оның аясында шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде шаралар қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар, біздің ел көздеген мақсаттары жөнінен ҚХР-дың Жібек жолы Экономикалық белдеуі бастамасына ұқсас «Нұрлы  жол» бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруда. Аталған жоспар аясында елімізді инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жолдың» және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мүмкіндіктерін түрік компаниялары да тиімді пайдалана алатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті түрік компанияларын алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. Мемлекет басшысы кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен бастамаларға қолдау білдіре отырып, Түркия бизнесмендерінің қызметіне біздің елде жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап айтты.

 

Қазақстан мен Испания туризм саласын бірлесіп дамыта алады. Бұл туралы Испания-Қазақстан бизнес форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті. «Испания - Қазақстанның Еуропадағы басты экономикалық серіктестерінің бірі.  Біздің серіктестігіміз өте жақсы даму нәтижесін көрсетіп отыр. Испаниялық компаниялармен ынтымақтастығымызда да зор тәжірибеміз бар. Сіздердің басым көпшіліктеріңіз Қазақстанда жұмыс істедіңіздер әрі біздің елімізді жеткілікті деңгейде білесіздер. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда испандық капиталдың қатысумен 47 компания жұмыс істейді. Оң мысалдар өте көп», - деді ол. Осы ретте министр Қазақстан мен Испания инженерия, туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңаратын энергия көздері, мемлекеттік жеке-серіктестік сынды жаңа бағыттарда ынтымақтастықты жолға қоюға әлеуетті екендігін баса айтты. «Жалпы, инвесторлар біздерге ұлттық заңнамамызды әсіресе салық және экологиялық реттеу бөлігінде өзгертуге жәрдем береді. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді, сонымен бірге «ЭКСПО-қалашық» аумағында Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Инвесторлар үшін біз ағылшын заңнамасы негізінде арнайы заңдар ұсынамыз. Сондай-ақ даулы мәселелерді қарау үшін халықаралық судьялар тартылады», - деді Ә.Исекешев.

Түркіменстан ҚХР-дың Ляньюньган кемежайында логистикалық орталықты құру және тиімді пайдалану тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында Түркіменстанның Қытайдағы Елшісі Чинар Рустамова айтты. «Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран» трансұлттық көлік дәлізінің тақырыбы алғаш рет оның табысты қызметі турады әзірге хабары аз қытайлық аудиторияның алдында қозғалды. Біз елдеріміздің арасындағы сауданы жандандырып, сол арқылы Қазақстан және Түркіменстан үкіметтерінің Жібек жолын жаңа сапада жандандыру саласында қойған міндеттерін іске асыру үшін Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне жүктерді тасымалдау қарқынын өсіруге ниеттіміз. Мысалы, Қазақстанның «Нұрлы жол» ұлттық бағдарламасы да, біздің құрметті Президентіміз Гурбангулы Бердімұхамедовтың стратегиясы да бірінші кезекте экономиканы оңтайландыру және біздің халықтарымыздың өмірін жақсарту үшін оның тұрақты дамуын қамтамасыз етілуін қарастырады», - деді ол 25 сәуірде Бейжіңде өткен «Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран» бағдары бойынша теміржол қатынасының таныстырылымы кезінде. Оның айтуынша, қытай бизнесінің аталған дәліздің басымдықтарымен танысуы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. «2013 жылы Қытайға Елші ретінде келгенімде, мен Ляньюньган қаласындағы Қазақстан-Қытай логистикалық орталығына бардым. Онда бұл жерде дайындық жұмыстары енді ғана басталып жатқан еді. Бүгін мен қала басшылығынан Түркіменстаннан келген делегацияның да Қазақстанның болашағы зор және өнегелі тәжірибесін зерттеу және қолдану үшін  тиімді қызмет етіп отырған орталыққа баруын сұрадым. Түркіменстанда Қазақстанның Ляньюньган кемежайындағы логистикалық орталығына үлкен мән беріп отыр», - деді ол.

 

Қазақстанның қырғыз еліне жеткізетін электр энергиясының құны белгілі болды. Оның 1кВ/сағаты 9 теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. «Өздеріңіз де білетіндей, бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға электр энергиясын жеткізуші болып келген еді. Яғни, біз үнемі жазғы уақытта су жеткізуге байланысты қырғыз электр энергиясын қабылдап келдік. ҚР Үкіметінің қолдауымен біз алғаш рет серіктестерімізбен өзара іс-қимылдың нарықтық тетігін қолданудамыз. Жеткізу ақшалай есеп айырысу арқылы жүргізілуде. Біз Қазақстан-Қырғызстан шекарасына электр энергиясына 9 теңгеге жеткіземіз»,- деді А.Сәтқалиев. Таратылған мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанмен арадағы келісімшарт бойынша 2016 жылы 218 млн. кВ/сағат көлемінде электр энергиясы жеткізілуі тиіс. Бүгінде қырғыз еліне экспортталған электр энергиясының көлемі 57,6 млн. кВ/сағатты құрап отыр.  Жалпы, «Самұрық-Энерго» басшысының айтуына қарағанда, бұл ынтымақтастықтан екі ел де пайда табуда. Мәселен, Қазақстан қолданыстағы қуат жүктемесін төмендетіп, кіріс алуға мүмкіндік туып отыр. Ал, Қырғыз елі болса Тоқтағұл су қоймасына су жинауға әрі өздерінің энергия нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

 

Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін берері мол деп күтілуде. Одақ өз жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастаған еді. Осы бағыттағы материалдар «ҚазАқпарат» ХАА сайтында кеңінен жарияланды. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынсақ. 

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік жеңілдіктердің бірыңғай жүйесін қолдану шарттары мен тәртібі туралы жаңа ережені бекітті. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл ереже дамушы және барынша төмен дамыған елдерге қолдау көрсетуге бағытталған. Ол тарифтік жеңілдіктер ұсынуды реттейді: дамушы елдердің бірқатар тауарларына сырттан келген тауарға салынатын кедендік салықтың ширегі салынады, ал төмен дамыған елдердің тауарлары ЕАЭО-ға салық төлеместен жеткізіледі. Ереженің жаңа редакциясына сәйкес «дамушы елдерге» Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс «ортадан жоғары»деңгейден табыстары аспайтын елдер жатады. «Бүгінде «дамушы елдердің» көпшілігі іс жүзінде ЕАЭО елдерімен салыстырғанда барынша жайлы экономикалық жағдайда тұр және өз тауарларымен жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті болып отыр. Мұндай елдерге қосымша жеңілдіктер беру Одақ елдерінің өндірушілеріне қатысты әділетсіз қадамға бару дегенді білдірсе керек.  Тарифтік жеңілдіктер жүйесін қолдану туралы ереженің жаңа  редакциясы Одаққа тарифтік жеңілдіктер ұсыну үшін барынша объектівті критерийлер енгізеді», - деді ЕЭК-тың сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина.

 

ЕЭК кеңесінің отырысында ЕАЭО-ның кедендік қызметтерінің ақпараттық жүйелерін түйіндестірудің жоспары талқыланды. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев видеоконференция форматында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысына қатысты. Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің экономикалық ықпалдастығын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарды талқылады. Отырыста актілер мен халықаралық келісім-шарттарды ЕАЭО туралы келісім-шартқа сәйкес әзірлеудің жұмыс жоспарын орындау барысы қаралды. Жоспардың іс-шараларын орындау «төрт еркіндік» қағидасын - тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңес мүшелері жалпы ЕАЭО тарифтік артықшылықтарының бірыңғай жүйесін қолдану шарттары мен тәртібі туралы ережені мақұлдады, ол дамушы және аз дамыған елдермен саудаға арналған шарттарды кеңейтуге мүмкіндік береді. ЕЭК кеңесі отырысы аясында ЕАЭО ықпалдастырылған  ақпараттық жүйесінің негізінде кедендік қызметтердің және өзге де құзіретті органдардың ақпараттық жүйелерін түйіндестірудің жоспар-кестесі талқыланды. Сәйкес іс-шаралар жүргізу тауарларды кедендік аумаққа әкелгеннен бастап тұтынушыларға өткізгенге дейінгі қозғалысты бақылауды қамтамасыз етеді. Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін ЕЭК кеңесі отырысында сәйкес халықаралық келісім-шарт әзірлеуді жеделдету тапсырылды.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағы арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдау мүмкіншіліктерін қарастыруда. Бұл турлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков  Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесуден кейін мәлім етті. «Еуразиялық экономикалық одақ елдері арқылы тауар транзиті мәселесі қаралды. Біз, сонымен қатар, бірлесіп жүзеге асыратын ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша жан-жақты жол картасын түзуге уағдаластық. Біздің түйісер нүктеміз өте көп. Органикалық өнімдерді сертификаттау, Жібек жолы белдеуі елдері арқылы транзитті кеңейту салаларындағы мәселелерді талқыладық. Жергілікті фермерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында территорияны зондтаудағы Еуропалық одақ тәжірибесін тыңғылықты қарастыратын боламыз. Меніңше, бұл мәселелер таяу аралықта жүзеге асырылады», - деді А.Мамытбеков. Өз кезегінде Ф.Хоган Қазақстанның географиялық тұрғыда оңтайлы орналасқанын  айрықша атап өтті. «Бұл бізге Қазақстан мен ЕО арасындағы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері саласындағы ынтымақтастықты дамытуға тамаша мүмкіндік береді әрі екі жаққа да барынша тиімді. Еуропалық одақ Қазақстанмен ауыл шаруашылығын дамытуда ынтымақтастықты жолға қоюға, тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын», - деді Ф.Хоган.

Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалық етеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәскеу түбіндегі «Горки-9» резиденциясында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Отырыс қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықтың салалық бағыттарын дамытуға қатысты интеграциялық күн тәртібі мәселелерін және интеграциялық бірлестікке қатысушы елдер экономикаларының орнықты даму шараларының кең ауқымын қарады. ЕАЭО мүше-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары 2014 жылғы 29 мамырда құрылған ЕАЭО туралы шарттың жекелеген ережелерінде көзделген және Одаққа мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, әлемдік шикізат нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейін арттыруды қарастыратын ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын мақұлдады. Сонымен қатар, отырыс барысында мүше-мемлекеттерді орнықты әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету және олардың технологиялық әлеуетін артыру бойынша бірқатар бағдарламалық құжаттар қаралып, бекітілді. Олардың ішінде еуразиялық технологиялық платформа құру және оның жұмыс істеуі туралы ереже және кешенді технологиялық шешімдерді дайындау, өндіру, іске асыру, қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Одақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарына өзге де инженерлік-консультациялық қызметтер көрсететін Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасы бар. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов ағымдағы жылы Қазақстан ЕАЭО органдарында төрағалық ететінін еске салды. «Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша 2016 жыл «Одақтың үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы болып жарияланды», - деп атап өтті К.Мәсімов.

Сонымен қатар Қазақстан мен ЕО ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырады.Астанаға оралғаннан кейін ҚР Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті.  Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-еуропалық сауда-инвестициялық, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын және оны тереңдету перспективаларын талқылады. К.Мәсімов пен Ф.Хоган 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы Келісімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты қатынастарды дамыту қарқындарына қанағаттанатындықтарын білдірді.

Осыдан кейін мәртебелі мейман ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өткізді. Жүздесу барысында  Бақытжан Сағынтаев кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды жан-жақты дамытуға мықты негіз болуды көздейтінін баса айтты. Құжат екіжақты өзара іс-әрекеттегі, оның ішінде аграрлық-азық-түлік саласындағы, ауыл шаруашылығын дамытудағы, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті сын-тегеуріндерді шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады. Өз кезегінде Фил Хоган ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективаларын атап өтіп, ҚР және ЕО арасындағы диалогты дамыту динамикасын жоғары бағалады. Еуропалық Комиссар сондай-ақ кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісім сауда-инвестициялық бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.

Ф.Хоган еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен де кездесті. Жабық есік жағдайында өткен кездесуден кейін олар БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, тілшілер тарабынан туындаған сауалдарға тұщымды жауап берді.   «Еуразиялық экономикалық одақ елдері арқылы тауар транзиті мәселесі қаралды. Біз, сонымен қатар, бірлесіп жүзеге асыратын ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша жан-жақты жол картасын түзуге уағдаластық. Біздің түйісер нүктеміз өте көп. Органикалық өнімдерді сертификаттау, Жібек жолы белдеуі елдері арқылы транзитті кеңейту салаларындағы мәселелерді талқыладық. Жергілікті фермерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында территорияны зондтаудағы Еуропалық одақ тәжірибесін тыңғылықты қарастыратын боламыз. Меніңше, бұл мәселелер таяу аралықта жүзеге асырылады», - деді А.Мамытбеков брифинг барысында. Өз кезегінде Ф.Хоган Қазақстанның географиялық тұрғыда оңтайлы орналасқанын айрықша атап өтті. «Бұл бізге Қазақстан мен ЕО арасындағы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері саласындағы ынтымақтастықты дамытуға тамаша мүмкіндік береді әрі екі жаққа да барынша тиімді. Еуропалық одақ Қазақстанмен ауыл шаруашылығын дамытуда ынтымақтастықты жолға қоюға, тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын», - деді Ф.Хоган.

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрі БАҚ өкілдерінің тарабынан ауыл шаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылатындығына қатысты сауалына да жауап берді. «Жер мәселесі бойынша ешқандай шешім қабылданған жоқ және қабылданбайды да. Өйткені, жер негізінен сол жерді пайдаланушыларға сатылады. Қазақстанның Жер туралы кодексінде, заңдарында ешқандай шетелдікке ауыл шаруашылығы саласындағы жерлер сатылмайды деп жазылған. Сондықтан жер өзіміздің азаматтарға және жергілікті компанияларға ғана тиесілі болады», - деді министр. Айта кетерлігі, 2015 жылы Қазақстанның Еуропалық одақпен ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті қайта өңдеу бойынша сыртқы тауар айналымы 635,9 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан өткен жылы Еуропалық одаққа 92 мың тонна астық, 247,7  мың тонна зығыр, 15,9 мың тонна мақта талшығы мен 5,9 мың тонна балық сүбесін экспорттады.

ЕЭК үшінші елдермен саудадағы кедергілерді жоюға ниетті. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен бірлесе отырып, үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою қағидалары және тәртібі туралы шарт әзірлеуде. Халықаралық шарт жобасын ЕЭК ЕАЭО-мен шартқа және саудадағы техникалық кедергілер бойынша ДСҰ келісімінде белгілеген ережелер мен принциптерге, ең үздік халықаралық практиканы ескере отырып, актілерді әзірлеудің жұмыс жоспарына сәйкес даярлады. «Құжат жобасында үшінші елдермен, олардың ықпалдастық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен саудадағы кедергілерді жоюға тұрғылар, мұндай кедергілерді жою тетіктері, соның ішінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануды қамтамасыз ететін мүмкіндіктер белгіленген», - деп түсіндірді баспасөз қызметі. ЕЭК техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Валерий Корешковтің төрағалығымен өткен отырысқа шарт жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері - ЕАЭО елдерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары мен мемлекеттік өкіметтің өкілетті органдарының өкілдері қатысты. Екі күндік жұмыс барысында отырысқа қатысушылар шарт жобасы  бойынша ұсыныстарды талқылады, олар ескеріле отырып, пысықталды. Одақ елдері мен комиссияға шартты қабылдау жөнінде жедел жұмыс жүргізуге тура келеді, деп атап көрсетті Валерий Корешков. Оның айтуынша, үшінші елдермен және басты ықпалдастық бірлестіктермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ЕАЭО-ны дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Талқылау ескеріле отырып,  шарт жобасы жақын арада одақ елдеріне ішкі мемлекеттік келісулер рәсімдері үшін жіберіледі. 

 

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының қарым-қатынасы өзара сенім, бір-бірінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге құрылған. Бұл елмен ынтымақтастығымз күннен-күнге нығаюда. Соның бір дәлелі, Иран мен Қазақстан арасында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Атап айтқанда, Тегеранда екі елдің сауда-экономикалық және ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Иран Ислам Республикасына ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация сапармен барған болатын. Қол қойылған 7 экспорттық келісімшарттың үшеуі ҚР ИДМ «KAZNEXINVEST» ұлттық агенттігінің көмегімен қол жеткізілген келісімдер. Қазақстандық компания «Топан» ЖШС-мен ирандық «Электро Кавир» компаниясы арасындағы келісім Қазақстанда жасалған көмірсутектерді технологиялық және коммерциялық есептеудің жүйесін жеткізуді іске асыруды көздейді. Жоба құны - 70 млн АҚШ доллары. «Топан» ЖШС-мен ҚР ИДМ «KAZNEXINVEST» АҚ-ы былтырдан бастап жұмыс істей бастады. 2015 жылы қазанда компания экспортты ілгерлету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды және Ирандағы жарнамалық-таныстырылымдық іс-шараға қатысты. Сол жолғы сапар барысында компания мұнай-газ құрылғысының сынақ нұсқасын жеткізу жөніндегі шешім қабылдады. 2016 жылы ақпанда министр Әсет Исекешев сапары аясында қазақстан-иран бизнес форумына қатысты. Сонымен қатар, қазақстандық «Торговый дом «АЛЗ БАТТ» ЖШС мен ирандық «K.T. SteelComplex ManufacturingImport» компаниясы арасында 150 мың тонна темір өнімі мен 100 мың тонна фасонды жайма, жалпы құны 71 млн АҚШ доллары болатын өнім жеткізу туралы келісім жасалды.
2014 жылы «KAZNEXINVEST» АҚ және «Ақтау темір құю зауыты» ЖШС зауыт өнімдерін экспортқа шығару туралы бірлескен жоспар жасаған болатын. Сол жоспар аясындағы бірінші шара компанияның Ресейде өткен «Металл Экспо-2014» халықаралық өндірістік көрмесіне қатысуы болды. Осыдан кейін компания өз өнімдерін «Туркменское строительство-2015» көрмесінде ұсынып, онда 6 млн АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімшартқа қол жеткізді. Тауар белгісін ілгерілету сынды мемлекеттік қолдаудың арқасында компания 2014 жылы ирандық компаниямен 77 млн АҚШ доллары көлемінде экспорттық келісімшартқа қол қойды.  Қазақстандық «Alageumgroup» ЖШС мен ирандық «Niroo Nransfo Co.» компаниясы арасында Иранға трансформаторлар мен трансформатор майларын жеткізу туралы келісімшарт жасалды. «Alageumgroup» ЖШС-ға ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» АҚ тарапынан жасалған мемлекеттік қолдау арқасында компания әр жылдары Түрікменстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Беларусь, Армения елдерінде өткен сауда миссиялары мен Мәскеу, Ашхабад, Ташкент қалаларында өткен халықаралық ірі көрмелерге қатысты.

 

Сондай-ақ Қазақстан мен Иран арасында 1 млрд. долларға 50 келісім жасалды. Тегеранда қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің отырысы өтті. Жиын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына сапары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ баспасөз қызметінен. Іскерлік кеңестің жұмысына Қазақстан мен Ираннан 200-ден астам компания қатысты.  Қорытындысында екі елдің бизнесмендері шамамен 1 млрд. доллар сомасына ынтымақтастық туралы 50 келісімге қол қойды. Оның ішінде 304 млн. долларды құрайтын 9 құжатты «Бәйтерек» холдингінің тобы мен оның әріптестері рәсімдеді.  Қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің тең төрағасы, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастың белсенді дамуы процесінде екі елдің мемлекет басшылары үлкен рөл атқарды.   «Қазақстан экономикасына ирандық компаниялардың инвестицияларын тартуды көздейтін бұл келісімдер ирандық компаниялар үлкен прогреске жеткен салалардан болғандығына қуаныштымыз. Өткен іскерлік кеңесте әуе бағыттары бойынша жеке мәселе көтерілген еді. Барлық айтылған мәселелерді біз Қазақстан Үкіметіне жеткіздік. Көлік қатынасының проблемалары жақын арада шешіледі. «Эйр Астана» Қазақстан мен Иран арасында жаңа бағыттарды ашып жатыр. Бұл бізге сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді Қ.Бишімбаев.Бұдан басқа, екі елдің сауда-экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан визалық қолдау жөніндегі мәселенің шешіміне кірісті. «Біз визалық қолдау мәселесін Қазақстанның Үкіметіне жеткіздік. Осы мәселе бойынша жұмыс басталып кетті. Виза алу қиындықтарына тап болмай, Қазақстан мен Иран арасында алаңсыз ұшу үшін қазақстандық тарап ең жақын уақытта барлық шаралар қабылдайды деп үміттенеміз», - деді Қ.Бишімбаев. Өз кезегінде ирандық-қазақстандық іскерлік кеңестің тең төрағасы А. Абеди: «Бауыр үшін үйдің есігін жабық ұстауға болмайды. Қазақстан әуежайларда 40 мемлекетпен виза беру жұмысын ретке келтірді. Визалық мәселелер шешімін тапса, онда туризм, сауда және қаржы саласындағы ынтымақтастық тиімді дамитын болады»,-  деді. 

 

Тегеранда Қазақстанмен 40-тан астам екіжақты құжатқа қол қоюға дайындық жүріп жатыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға ресми сапарына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Бағдад Әміреев 6 сәуірде Иран елінің өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзадемен кездесті. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылап, сондай-ақ сапар кезінде 40-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және коммерциялық екіжақты құжатқа қол қоюға дайындық барысы туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындылары бойынша ирандық өкілдер Қазақстан Президентінің сапары түрлі салалардағы аймақтық және екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беріп, екі елдің жаңа аймақтық жағдайда өзара ықпалдастығының дамуында маңызды кезең болатынына сенім білдірді. 

 

Н.Назарбаевтың Иранға сапары аясында 2 млрд. доллардан астам сомаға екіжақты 66 құжатқа қол қойылды. Тегеранда Қазақстан мен Иран Президенттерінің кездесу қорытындысына арналған бірлескен брифингі өтті,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  Брифинг барысында келіссөздерде сауда қатынастарын дамыту үшін бизнесмендерге виза беру үдерісін жеңілдету мәселелері талқыланғаны атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ғылым, технология және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту жайы айтылды. Тараптар көлік-логистика, сондай-ақ экологияны қорғау, Каспийде кеме қатынасы мен туризмді дамыту салаларындағы және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі құжаттарға қол қою барысындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттер басшылары экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Йемендегі қақтығысты саяси шешімдер негізінде тоқтату қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев  Х.Руханиді және бүкіл Иран халқын ядролық мәселені шешудегі қол жеткен табыстарымен, елдің алдынан зор мүмкіндіктер ашатын санкциялардың алынуымен құттықтады. Елбасы қалыптасқан жағдайға қарамастан біздің елдің Иранмен жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста болғанын айтты. Мемлекет басшысы осы сапар аясында металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым және білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты құжатқа қол қойылғанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханидің тікелей атсалысуымен Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол құрылысының жобасы жүзеге асырылғанын айтты. - Алғашқы контейнерлік пойыз шығыс Қытайдан Иранға 12 күнде келді. Теңіз арқылы тасымал екі есе уақыт алар еді, - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы елдеріміздің арасын қазіргі уақытта үш бірдей көлік бағыты - теміржол, автомобиль жолы және Каспий теңізі жалғап жатқанын, мұның қарым-қатынасты бұдан ары дамытуға оң ықпалын тигізетінін атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, Х.Руханиді елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Иран Президенті Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері достас ел болып келе жатқанына тоқталды. - Қазақстан әрдайым бізге жақын болды, Иранның «алтылықпен» ядролық келіссөздерінің екі раундын өткізуге көмектесті. Енді Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары аясында қол ұшын созуда, - деді Х.Рухани. Иран Президенті екі ел арасында еркін сауда айналымына мүмкіндік ашатын жаңа құжаттарды ратификациялаудың және Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында басымдығы бар тарифтер қалыптастырудың маңыздылығын айтты.

 

Н.Назарбаев  пен Ә.Хаменеи қазақстан-иран қатынастарының даму қарқынына қанағаттанатындықтарын білдірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы Әли Хаменеимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран халықтарын ежелден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және рухани қарым-қатынас байланыстыратынын айтты. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасып, терроризммен және экстремизммен күрестің маңыздылығын атап өтті.Нұрсұлтан Назарбаев пен Әли Хаменей Қазақстан-Иран қарым-қатынасының сауда және инвестиция, бірлескен жаңа жобалар жасау салаларындағы даму қарқынына қанағаттанушылық білдіріп, осының бәрі екі елдің халқының достығын нығайту жолындағы берік негіз қызметін атқаратынын айтты. 

 

Қазақстан-Иран экономикалық байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Батыс елдері мен АҚШ-тың санкциялық бұғауынан босаған Иран Ислам Республикасымен бүгінде әлемнің көптеген елдері экономикалық байланыстарды жолға қоюға тырысып бағуда. Бұл елде игерілмеген нарық көп. Ал одан өз үлесін алуға тырысып жатқан елдердің қатарында Қазақстанның да бар екендігі белгілі. Бірден айта кетерлігі, бұл нарықты игеру жолында еліміздің мүмкіншілігі мол десек те болады. Өйткені, Қазақстан мен Иранды «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолы мен Каспий теңізі арқылы су жолы жалғап жатыр.

Сондықтан да Иранға ресми сапар жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығымен ғана емес, сонымен бірге ирандық ірі компаниялар мен холдингтердің басшыларымен де кездесті. Мемлекет басшысы қазіргі кезде Қазақстанда басымдылығы бар бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын, оларға Иран компаниялары қатыса алатынын атап өтті. Бұлар - инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы, индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңі және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы. Сонымен қатар Қазақстан Иранмен медицина, биотехнология, агротехнология, ғарыш технологиясы сияқты салаларда ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

Айта кетерлігі, Елбасының сапары аясында екі ел арасында жалпы құны 2 млрд. долларды құрайтын 66 келісім рәсімделген болатын. Қол жеткізілген уағдаластықтардың ішінде - Иранға ауыл шаруашылығы мен машина жасау саласы өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарттар, химия және мұнай химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру келісімдері және басқа да жайттар бар. Мәселен, құны 304 млн. долларға тең 9 құжатқа «Бәйтерек» холдингінің тобы мен оның әріптестері қол қойды.  Қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің тең төрағасы, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастың белсенді дамуы процесінде екі елдің мемлекет басшылары үлкен рөл атқарды. «Қазақстан экономикасына ирандық компаниялардың инвестицияларын тартуды көздейтін бұл келісімдер ирандық компаниялар үлкен прогреске жеткен салалардан болғандығына қуаныштымыз. Өткен іскерлік кеңесте әуе бағыттары бойынша жеке мәселе көтерілген еді. Барлық айтылған мәселелерді біз Қазақстан Үкіметіне жеткіздік. Көлік қатынасының проблемалары жақын арада шешіледі. «Эйр Астана» Қазақстан мен Иран арасында жаңа бағыттарды ашып жатыр. Бұл бізге сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деген еді Қ.Бишімбаев Тегеранда өткен іскерлік кеңес барысында.

Сонымен «Бәйтерек» холдингі қол жеткізген келісімдерге тоқталар болсақ, оның бірі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ пен ирандық «Каве Индастри Групп» компаниясы арасындағы құны 200 млн. долларға тең Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жөніндегі келісімді атап өтуге болады. Бұл қазақстандық-ирандық жоба Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу жобасының жалғасы болмақ. Жақын арада тараптар кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріспек. Келесі бір келісімшартқа сәйкес қазақстандық «Континент трейдинг» компаниясы Иранға 30 млн. доллар сомасына ет пен тоңазытылған жартылай фабрикаттарды жеткізеді. Ал «Alageum electric» компаниясы трансформаторлар мен трансформатор майын жеткізу үшін ирандық «Niroo Nransfo Co.» компаниясымен уағдаластық жасады.  

Толықтай алғанда, Қазақстан Президентінің Иран еліне бұл сапары мемлекеттер арасында экономикалық байланыстарды жандандыруға тың серпін береді деп толық сеніммен айтуға болады.

Қазақстан Көшбасшысы Ираннан кейін бірден Түркияға ат басын бұрып Ыстамбұлда «Бірлік пен ынтымақ әділеттілік пен бейбітшілік үшін» деген тақырыпен өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты.  Мұнан бөлек, Түркияның Ulker Group, Turkuaz Group, Yildirim Group, Yildiz Holding, Akfel Holding, Aselsan Electronic, Acibadem сияқты 25-ке жуық компаниясының басшыларымен кездесіп, ынтымақтастықтың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті қазіргі кезде елімізде түрік капиталының үлесі бар 1600-ден аса компания жұмыс істейтініне, сондай-ақ Түркияның 15 мыңға жуық азаматы тұрып жатқанына назар аударды. «Қиындықтар бар екеніне қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түседі. Президент Ердоғанмен уағдаластық бойынша, бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Соңғы 10 жылда түрік бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициясы 2 миллиард доллардан асты. Былтыр Қазақстанда белсенді инвестициялық жұмыс жасаған шетелдік он компанияның үшеуі түріктікі болды. Мысалы, қазір Қазақстан мен Түркияның жалпы құны шамамен 3 миллиард доллар болатын 91 бірлескен жобасы жүзеге асырылуда», - деген Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі мен Қытай Халық Республикасымен көршілестігі аясында бизнес үшін туындайтын зор мүмкіндіктерді атап өтті.

Астанада Иран Ислам Республикасының армия күніне орай ресми қабылдау өтті. ИИР-дың Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған салтанатты рәсімге ҚР ҚК бас штабы басшысының орынбасары генерал-майор Мұхаметжан Таласов, Иранның әскери атташесі Хамза Рухи Кабарег және Елші Моджтаба Дамирчилу мырза қатысты. Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу өз сөзінде Иран қарулы күштері армия күнінің маңызы туралы айтты.

«Бүгінгі күн - Иран Ислам Республикасының мұраттарына адал армия үшін ерекше күн. Армия күні барлық ирандықтар үшін маңызы басым. Әскер күнін ұлықтау Иран мен ирандық құндылықтарды қорғауда өздерін құрбат еткен Иран армиясының жауынгерлеріне тағзым ету болып табылады», - деп атап өтті Елші.  

Сондай-ақ, ол Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуына тоқталды.

«Өзара сенім мен ортақ дамуға негізделген біздің елдеріміз саяси диалогты белсенді қолдап келеді. Түрлі халықаралық және аймақтық мәселелерге бірлікке ат салысудамыз. Оның жарқын үлгілерінің бірі - жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға сапары барсында 60-тан астам келісімшартпен меморандумдарға қол қойылды. Бұл екі елдің сауда экономикалық қатынастарын одан әрі дамыта түседі», - деді дипломат.

Шара барысында сөз алған ҚР ҚК бас штабы басшысының орынбасары генерал-майор ҚР Қорғаныс министірлігі атынан Иран Қарулы Күштерін армия күнімен құттықтап, екі ел қарулы күштерінің достық қатынасына тоқталды. «Армия елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және дамудың кепілі ретінде мемлекетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан мен Иранның достық қарым қатынастары жақсы дамып келеді. Біз әртүрлі халықаралық ұйымдар, сондай-ақ АӨСШК және ШЫҰ шеңберінде өзара сәтті жұмыстар атқарудамыз. Екі елдің қорғаныс  ведомстволары арасындағы ынтымақтастық уағдаластықтардың негізінде қарқынды дамып келеді. Бейбітшілік пен сенімділікті екі елдің Қарулы Күштері арасындағы өзара берік байланыс пен табысты ынтымақтастықты орнату мақсатында елдеріміздің қорғаныс ведомстволары арасындағы байланыс сенімді жалғаса береді деп білеміз»,- деді Мұхаметжан Таласов.

Иран мемлекеті өзіне екі мықты стратегиялық серіктес қарастырып отыр, оның бірі - Индия деп ашық айтты, екіншісін - Қазақстан деп белгіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мəслихатында Қазақстандағы мұнай сервис компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов мəлім етті.

 

"25 жылда трансұлттық компаниялар мен инвесторлардың арқасында біз шеберлігімізді, кəсіби мамандарымыздың деңгейін көтердік. Қазір өзіміздің Отанда ғана қызмет етпей, білім мен өнерімізді басқа елге экспорттап жатырмыз. Мысалы, Түркіменстан, Əзербайжан, Ресей, Иран елдері бар. Осы төрт мемлекеттің ішінде бізге ең қызығы Иран мемлекеті болып отыр. Қазір жеті компаниямыз Иранмен нақты келісімшартқа отырып, жұмыстарын бастап кетті. Иран мемлекеті даму үстінде жəне бұл жұмыстарды жүргізуге қаржылары да жеткілікті", - деген Р.Жақсылықов жуырда Иранда өткен іскерлік форум барысында Иран Қазақстанды екі стратегиялық серіктесінің бірі деп белгілегенін мəлім етті.

"Жақында Иранда іскерлер форумы өтті, оған біз де барып қатыстық. Иран мемлекеті өзіне екі мықты стратегиялық серіктес қарастырып отыр, оның бірі - Үндістан деп ашық айтты, екіншісін - Қазақстан деп белгіледі. Сондықтан, бізбен қоян-қолтық жұмыс істеу ыңғайлы болмақ. Жəне де Иранның да бізге берері өте мол. Біріншіден, Иран отыз жыл төңірегінде мұнайсыз өмір сүріп үйренген ел, бұрын мұнайға қызмет көрсеткен компаниялар басқа салаларға кетіп, қазірде мемлекетіне қажет тауарларының 98 пайызын өздері өндіріп отыр. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Екіншіден, бізге үйрететіні - қалдықсыз өнім шығару жəне ауыл шаруашылығын игеру", - деп мəлім етті Р.Жақсылықов.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы қарым-қатынастың экономикалық  бағытын одан әрі күшейтуге ниетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрмен болған кездесудің қорытынды баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Бізде экономикалық бағытта үлкен әлеует бар. Ең елеулі бағыттар: ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, атом өнеркәсібі, сонымен қатар қорғаныс және техникалық әріптестік. Бірлескен инвестициялық құралдарды жасақтау бағытында да бірқатар идея бар», - деді министр.

ҚР СІМ басшысы биыл 30 сәуірде біздің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 22 жыл толғанын да атап өтті. «Осы жылдар ішінде достық пен сенімнің берік байланыстары орнады», - деді министр.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сауд Арабиясы көрсеткен көмекті жоғары бағалайды. Біздің елдер барлық деңгейде саяси диалогтың тереңдеуіне дайын», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті сондай-ақ екі елдің ұзақмерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты. Ә. әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды. 

 

Қазақстан су саласын дамыту үшін Ислам даму банкінен 300 млн доллар қаржы алады. Елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы барысында су шаруашылығы саласындағы екі жобаны іске асыру үшін мемлекеттің кепілдігімен Ислам даму банкінен қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды. Құжатты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Ислам даму банкі президенті Ахмад Мохамед Әли Әл-Мадани рәсімдеді. Бұл жобалар ауылдық елді екендерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және жерлерді ылғалдандыру жүйесін қалпына келтіруге бағытталады. Атап айтқанда, Алматы облысының Еңбекші және Қарасай аудандарын сумен жабдықтауды жақсарту жобасын жүзеге асыру аясында 15 ауылдық елді мекендерде жалпы ұзындығы 680 шақырым, оның ішінде 234 шақырымы тартылған құбырлар және 446 шақырым су жабдықтау жүйесі, сонымен қатар қуаттылығы күніне 18,3 текше метр су тазалау стансасын салу және қолданыстағы 6 құрғату кәрізін қалпына келтіру жоспарланған. Бөлінетін қаржы сомасы - 75,3 млн. доллар.

 

Қазақстан мен Македония инвестицияларды өзара қорғайтын болады. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған келісім Астана қаласында 2012 жылдың 2 шілдесінде жасалған. Келісім екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, Тараптардың инвестициялық климатын жақсартуға, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. Бұдан бөлек, келісім аясында екі елде өзара инвестициялар жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделіп отыр. Бұл ретте бір Тарап екінші Тарап инвесторларына өздерінің ұлттық инвесторларына ұсынатын режимнен кем болмайтын жағдай жасайтын болады. Екі мемлекет инвесторларының инвестициялары мен одан түскен кірістеріне әділ және тең құқылы режим ұсынылып, олардың толық қорғалуын қамтамасыз етеді. «Қазіргі уақытта инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау Қазақстанның инвестициялық саясатының басты мақсаттарының бірі болып отыр. Әлемдік тәжірибеде тығыз экономикалық ынтымақтастық екі халықаралық келісіммен өлшенеді. Оның біріншісі - инвестицияны өзара қорғау болса, екіншісі - қосарланған салықты болдырмау. Бүгінгі күні Қазақтан осындай 48 келісімге қол қойған. Бұл құжаттар мемлекеттер арасындағы қарым қатынасты одан әрі дамытуға өз септігін тигізеді. Македониямен тығыз инвестициялық қарым-қатынасты орнату үшін тиісті заңнамалық базаны жасау керек. Сондықтан, келісімнің күшіне енуі өзара инвестиция тарту үшін маңызды құқықтық негіз қалыптастырады»,  - деді заң жобасы бойынша баяндаған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.  Бұдан бөлек, келісім аясында екі мемлекет соғыстың, басқа да қарулы қақтығыстардың, бүліншіліктің, көтерілістердің салдарынан өз аумағында залал шеккен кезде оларға реститутцияға, өтеуге немесе өтемақыға қатысты өз инвесторларына ұсынатын қолайлы режимнен кем болмайтын тәртіпті өзара ұстанатын болады. 

Заң жобасында Қазақстан мен Македония арасындағы дауларды шешу рәсімін жан-жақты реттейтін ережелер де қамтылып отыр. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына ұсынылады.

Шет мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуға еліміздің өңірлері де мүделілік танытуда. Мәселен, Атырау облысы АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейтеді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірге келген ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді. «Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. 2016 жылғы қаңтар-ақпанда өңірдің  АҚШ-пен тауар айналымы 36,6 млн АҚШ долларын құрады. Облыста америкалық капиталдың үлестік қатысуымен 58 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз шетел әріптестерімен, оның ішінде америкалық кәсіпкерлермен  өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Президенттің сыртқы саясатының арқасында өңір әлемдік қауымдастыққа интеграцияланып, іскерлік әріптестікті дамытуға мүмкіндік алды. Атырау облысында бұл үшін мұнай өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, химиялық емес кластерді дамыту саласында үлкен мүмкіндіктер бар. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын жалпы алаңы 3,5 гектар болатын «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопарк» АЭА арттырып тұр. Оның мақсаты инфрақұрылым нысандарын салу, енгізу және пайдалану болып табылады, басқа да инвестициялық мүмкіндіктер бар», - деп мәлімдеді өңір басшысы. Кездесу барысында бизнес-құрылымдар ынтымақтастығын қалай жақсарту керектігі жайлы сөз болды. 

 

Австралияның «ILUKA RESOURCES» компаниясы  Солтүстік Қазақстан облысының жер қойнауын зерделеу жөніндегі жұмыстарды бастайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалына келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті. «Ұлт жоспарының 74-ші қадамын орындау үшін жер қойнауын пайдалану саласына халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста 286 кен орны бар. Оның 34-і металды, екеуі - металды емес, 217  кен орны құрылыс және технологиялық шикізатын шығаратын және 33 кен орны жер асты суларының кен орны. Тайынша ауданында титан-циркони кенінің ірі кенорындары, Есіл ауданында  алтын, Уәлиханов ауданында уран және Айыртау ауданында қалайы шығарылады», - деп хабарлады облыс әкімі. Е.Сұлтанов хабарлағандай, биыл мамырында Австралияның «ILUKA RESOURCES» компаниясы  облыстың  жер қойнауын зерделеу жөніндегі жұмыстарды бастайды деп  жоспарлап отыр. Оң нәтиже берген жағдайда, компания  кен және байыту фабрикасын салуға қатысты егжей-тегжейлі барлау жүргізеді», - деп хабарлады әкім.

 

145 жылдық ескі темір жолдарын жаңартпақ ниеттегі молдовалықтар екібастұздық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істемек. «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин «Молдова темір жолы» ЖТ бас директоры Юрий Топалды екібастұздық кәсіпорындармен таныстырып, келген қонақ доңғалақ жұбын, рельс пен шпал шығаратын кәсіпорындармен жұмыс істегісі келетінін алға тартты. Юрий Топал екібастұздық «Проммашкомплект» зауыты мен Қазақстан вагонжасау  компаниясында болып, Молдова темір жолын қайта салу үшін керекті жабдықтардың барлығы осында бар екенінін айтты. - Біздің жол 145 жылдан бері қолданылып келеді. Жолдың әбден тозығы жеткен. Бұдан басқа тепловоздардың да пайдалану мерзімі шығып, барлық көліктің жасы 30-40 жылдан асып кеткен. Қазіргі уақытта бізге Еуропа қол ұшын созып, ақшалай көмек көрсетуде. Енді жол жөндеуге және тепловоздарды сатып алуға тендер жасаймыз, оған кез келген адам қатыса алады, - деді Ю.Топал.

Молдовалық кәсіпорын басшысының айтуынша, Павлодар облысында керекті жабдықтардың барлығы жаңа технологиялармен шығарылады. 

Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және Екібастұз қаласына келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Молдова темір жолдары» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Юрий Топал кездесу кезінде логистика, көлік, теміржол машина құрылысы салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде белгілі болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Қазақстандық кәсіпорындардың Молдова темір жолын жаңғыртуға, заманауи локомотивтерді, жүк және жолаушылар вагондарын, ұзын рельстерді  және басқа да жабдықтарды жеткізуге қатысуына баса көңіл бөлінді. Молдова тарапына екібастұздық  - «Қазақстандық вагон құрылысы компаниясы» ЖШС және «Проммашкомплект» кәсіпорындарының мүмкіндіктері таныстырылды.  «Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар,- деп атап өтті Ю.Топал. - Біздің жолымыздың салынғанына 145 жылдан асты, қазір оның жағдайы наша. Тепловоздарды, және басқа да машиналарды пайдалану мерзімі асып кетті, олардың көбіне 30-40 жыл болды. Бізге қазір Еуропа қаржылық қолдау көрсетуде. Енді біз жолды жөндеуге және тепловоздар сатып алуға тендер жариялаймыз. Оған тілек білдірушілердің бәрі де қатыса алады».

 

Польша Алматыдағы жеңіл рельсті көлік инфрақұрылымын дамытуға ынта білдірді. Алматы әкімдігіне Польша даму вице-министрі Витольд Словик басқарған бизнес делегация ресми іссапармен келді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Шетелдік қонақтар Қазақстан мен Польшаның Орталық Азия, Орталық Шығыс Еуропадағы беделді мемлекеттер екендігін атап өтіп, өзара бизнес ынтымақтастықтың тиімді тұстарын дамытуды ұсынды. Тек биылдың өзінде қаңтар-ақпан айларында Алматы мен Польшаның арасындағы тауар айналымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқан. Бүгінде Алматыда 49 біріккен кәсіпорын бар. 26 кәсіпорын Польша капиталымен жұмыс жасап жатыр. Кездеу барысында Витольд Словик Алматының инвестициялық әлеуетін жоғары бағалады.«Мегаполистің индустриалды-инновациялық дамуы үлкен қарқын көрсетіп келеді. Қалада бизнес-алаңдар, біріккен кәсіпорындар өте көп», - деді Польша вице-министрі. Польша тарапы жеңіл рельсті көлік жүйесін дамытуға үлкен қызығушылық білдірді. Аталған жоба жақын арада жүзеге асуы ықтимал. Сондай-ақ, олар тұрмыстық қалдықтар мен балама энергетика көзін дамытуға инвестиция құюға ынта білдірді. Алматы әкімдігінің өкілдері бизнес-делегацияны Алматының 1000 жылдығын тойлауға, «Универсиада-2017» шарасына қатысуға шақырды.

 

Польша үкіметі Қазақстанда су тасқыны кезінде зардап шеккен поляктарға көмек ретінде 250 мың злотый (57 мыңға жуық еуро) бөледі. Сәуір айының басында елдің солтүстігіндегі Тайынша ауданында бірнеше кентті су басты. Жергілікті 250 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендердің 80 пайызы поляктар болып табылады. Польша билігі жергілікті поляктарға көмек көрсетіп, шығындарын қалпына келтіру, сондай-ақ ниет білдіргендерді Польшаға репатриациялау процесін жылдамдатуға ниетті. Бұл туралы ПР Сыртқы істер министрі Ян Дзедзичак хабарлады.

Қазақстанда қалуды шешкен поляктар үшін үйлерді жөндеу және малды сатып алу үшін қаржылық көмек көрсетіледі. Үкімет бұл мақсатқа 250 мың злотый (57 мыңға жуық еуро) бөлуді қарастырған. «Бұл сома Польшаға өте үлкен емес болып көрінеді, біз елімізде үй салу үшін қанша қаражат кететінін білеміз. Бірақ Қазақстанда бағалар төмен, бұл адамдардың үлкен тобына көмектесуге мүмкіндік береді», - деді Ян Дзедзичак. Польша радиосының хабарлауынша, қаражаттың бірінші бөлігі - 6 мың еуро Қазақстанға жіберілді, бұл қаражат азық-түліктер мен жылы киімдер сатып алуға арналған.

4 мамырда Сенат спикері Станислав Карчевский мен сенатор Анна Мария Андерс бастаған поляк делегациясы, сондай-ақ репатриациялау мәселелерімен айналысатын билік және ұйымдардың өкілдері Қазақстанға келеді. Еске сала кетейік, Қазақстанда ұлты поляк 34 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Олар бүгінгі Украина мен Литвадан жер аударып жіберілген поляктардың ұрпақтары болып табылады.

«Ontustik invest - 2016» халықаралық форумында 40-тан астам меморандумға қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан облысында екінші күнге жалғасып жатқан халықаралық «Ontustik Invest - 2016»  инвестициялық форумында өңір басшысы Б.Атамқұлов сөз алып, облыстың дамуына үлес қосу жолында инвестиция салуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғысын білдірді, деп хабарлады аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметі. Облыс әкімі аталған «Ontustik Invest» форумы шетел инвесторлары мен жергілікті кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдерінің сұхбат алаңына айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл форум аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Форум барысында, шетелдік инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, аймақтың экономикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға  шетелдік компаниялар мен  дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен жергілікті бизнес-қауымдастықтардың, сонымен қатар, орталық жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың және даму институттарының 600-ден аса өкілі қатысты. Естеріңізге салсақ, форумның алғашқы күні отандық тауарөндірушілердің көрмесі өтіп, жиынға қатысушы бизнес-делегаттар Шымкенттегі ірі өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысқан болатын. Өңіріміздің  туристік әлеуетімен таныстыру мақсатында 30 сәуір күні Ақсу-Жабағлы, Шымкент пен Түркістан қаласының тарихи-туристік аймақтарына саяхат ұйымдастырылады.

Халықаралық форум - Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тартып, аймақтың болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін болады.

 

Ал Еуропа қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан облысымен байланысты нығайта түспек. Бұл туралы өңір инфрақұрылымын дамыту жобаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері талқыланған БҚО әкімі Алтай Көлгінов пен Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы өкілдігінің директоры  Джанет Хэкманның кездесуінде мәлім етілді. Онда өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуынан мейманды хабардар етіп, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға гранттар бөлу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, сумен және жылумен қамту жобалары төңірегінде әңгімелесті.

Джанет Хэкманның сөзіне қарағанда, Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Банктың қатысуымен 15 миллиардтай доллар тұратын жобалар қаржыландырылған.  Қазіргі кезде 2,5 млрд. теңгеге бағаланған сексендей жоба жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар әріптестікті күшейту жөніндегі келісім  аясында Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнес жобаларын іске қосу мақсатында 40 млн. еуро көлемінде гранттар бөлді. Соның ішінде батысқазақстандық 153 кәсіпорынға гранттар берілді. Банк қазіргі кезде «Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын нақтылау үстінде.

Ал Бішкек қаласында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды. 4-5 сәуір аралығында Бішкек қаласында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы Сауда және инвестициялар бойынша негіздемелік келісім бойынша кеңес (ТИФА) мәжілісі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өсенбаев бастап барды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен. Мәжіліс шеңберінде қатысушылар АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, сонымен қатар өңірлік интеграцияны нығайту болашағын талқылады. Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде ТИФА кеңесі АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тәсілдерін әзірлеу мен стратегиялық маңызды салаларын одан әрі жүзеге асыру бойынша диалогтың маңызды бөлігі екенін айтып өтті. Қазақстанның ТИФА елдерімен 2015 жылғы сыртқы сауда айналымының көлемі $ 5 317,37 млн. құрады. Жиында Қазақстанның өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударатындығы баса айтылды.

Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды дамыту үшін қолайлы тарифтік шарт жасақтады.  Мұнда мәлімет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминның Өзбекстанға  жұмыс сапары барысында айтылды. А. Мамин сапар барысында Өзбекстан вице-премьері Батыр Закировпен, сыртқы экономикалық байланыс және сауда министрі Эльер Ганиевпен және «Узбекистон темир йоллари» АҚ басқарма төрағасы Ачилбек Раматовпен келіссөздер жүргізді. «Келіссөз барысында көлік және логистикалық саладағы серіктестік аясын әрі қарай кеңейту туралы мәселе қаралды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Өзбекстан арасында темір жол көлігімен жүк тасымалының оң динамикалық өсімі  байқалған» делінген «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. Жүк тасымалы көлемін, соның ішінде транзиттік тасымалды ұлғайту мақсатында тараптар әрі қарай икемді таритік саясат жүргізуге келісті. Оның ішінде астық, ұн, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін, мақта талшығы, минералдық тыңайтқыштар, түсті металл және басқа да бірқатар жүк түрлері бойынша транзиттік тарифке жеңілдік жасау мүмкіндігі қарастырылды. Тараптар екі ел кәсіпорындары өндірген өнімдерді темір жол көлігімен тасымалдау бойынша өзара тиімді байланысты жалғастырады. Қазақстандық өндірушілердің темір жол өнімдерін  Өзбекстанға  жеткізу бойынша келісімге қол жеткізілді. Өзбекстанның жеміс-жидек өнімдерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық инфрақұрылымын пайдаланып,  Кеден Одағы елдеріне жеткізу көлемі мен номенклатурасы келісілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша  Қазақстан мен Өзбекстан темір жол әкімшіліктері арасында тиісті хаттамаларға қол қойылды.

Өңірде трансшекаралық өзендерді пайдалануды реттейтін құжат қажет.  Бұл туралы Ташкентте журналистерге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. «Күн тәртібінің маңызды мәселесі өңір елдерінің трансшекаралық өзендерін пайдалану болып табылады. Біз өзеннің төменгі жағында орналасқанбыз. Осыған байланысты Қырғызстанмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мәселе суды электр энергиясына алмастыру жолымен шешіледі. Суды тауарға айналдырмау қажет. Әр ел өз үлесін алуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.  «Осыған байланысты бір құжатқа қол қою арқылы бір  шоғырландырылған шешімге келуіміз қажет.Әрине, тиісінше әр ел өз пайдасын көздейді, біз мұндай құжатқа қол қойсақ, шарасыз қаламыз деп ойлайды. Шекаралас өзендер әлемнің басқа елдерінде, оның ішінде Еуропада да бар.  Алайда олар су  ресурстарын пайдалану проблемаларын шешіп алған», - деп қосты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары. Қазіргі уақытта тиісті көлемде су бөлу туралы Өзбекстанмен ауызша уағдаластық бар, бұл мәселе Өзбекстан Премьер-Министрінің бақылауында, деп түсіндірді Б. Сағынтаев. Еске салсақ, Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері екіжақты келіссөздері өтті. 

Сондай-ақ Таиланд компаниялары Алматыға инвестиция бөлуге дайын. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастаған қазақстандық делегация Таиланд корольдігінде болған кезінде белгілі болды. Сапар барысында қазақстандық делегация Таиланд бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен, туризм және спорт министрі К.Ваттанаврангкулмен, Бангкок губернаторы С.Парибатрамен, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтармен кездесті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Қалалардың ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге деген тұрақтылығын, экологиясын жақсартуды қамтамасыз ету: өңірлік әлеуеттер мен мүмкіндіктер» атты Азия-Тынық мұхит Форумының сессиясына қатысты. «Қазақстан және Таиланд: инновациялар, инвестициялар,серіктестік» деген тақырыпта өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда- инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі векторлары, Алматыға Таиланд капиталын инвестициялау мәселелері талқыланды. Бизнес-форумның қорытындысы бойынша екі елдің іскер адамдары келесі кездесуді Қазақстанда өткізіп, екі жаққа да пайдалы серіктестікке қатысты құжаттарға қол қоюға келісті. Алматы қаласының әкімі Туризм және спорт министрімен кездесу кезінде мегаполистің туристік және экономикалық потенциалы туралы айтып берді. Өз кезегінде К.Ваттанаврангкул Таиланд Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және екі ел арасында туристер санын арттыруға ниетті екендігін айтты. «Біз Таиланд туристері үшін Қазақстанның есігін ашқымыз келеді. Сондықтан визалық процедураларды азайтып, топтық туристік визаларды беру мәселесін қарастырамыз. Туризм бизнесті дамытып, инвестиция тартуға жол ашады», - деді К.Ваттанаврангкул. Бангкок губернаторы С.Парибатра  Бангкок пен Алматы мегаполистердің бәсекеге лайық мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық өндірістік-бөлу жүйелері арқылы қала экономикасын интеграциялауды дамудың басты факторы деп санайтындығын жеткізді. Екі қала арасындағы экономикалық байланысты одан әрі кеңейту мақсатында тараптар Бангкок пен Алматыны бауырлас қалаға айналдыруға келісті. Ал ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтармен кездесуде Бауыржан Байбек Алматы әкімдігі мен ЭСКАТО Хатшылығының «Алматы-2020» Бағдарламасын жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастығын талқылады. «Алматының даму Бағдарламасы - 2020» алғаш рет азаматтық қоғамның және негізгі ұт өкілдерінің қатысуымен кеңінен талқыланып, адамдарға барынша жайлы, қауіпсіз қала құруға бағытталған. Аталған бағдарламаның механизмдері мен индикаторлары ЭСКАТО-ның Оңтүстік-Шығыс-Азия қалалары бойынша жыл сайынғы есебінің арнайы бөлімі мен БҰҰ Хабитатына қала аумағын дамытудың ең үздік көрінісі ретінде енетін болады», - деді Ш.Ахтар ханым.

 

Экспорт саласы ел экономикасын дамыту алғышарттарының бірі. Осыны ескерген Қазақстан тарапы Ауғанстан нарығына тауар экспорттау бойынша Пәкістан кәсіпорындарын ығыстыруға қауқарлы. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы  Мейірбек Мәжитов мәлім етті. «Ауғанстан нарығы біз үшін қызығушылық тудырып отыр. Бұл елде бүгінде айтарлықтай тұрақты болмаса да, дегенмен де нарықтары қалпына келіп жатыр. Атап айтқанда, бұл мемлекетте Қазақстанның ұннан жасалған өнімдері мен астығы жоғары сұранысқа ие. Жақында Ауғанстанмен сауда-саттық ауқымын кеңейту мақсатында Кабулда Қазақстанның алғашқы сауда үйі ашылды. Бұл өз кезегінде еліміздің кәсіпорындарына тауарларын кеңінен таныстыруға мүмкіндік беріп отыр»,-деп тоқталды М. Мәжитов. Осы ретте бизнес-қоғамдастықтардың  іскерлік келіссөздері нәтижесінде 700 000 АҚШ доллары көлемінде өнімдерге шарттар жасалды. «Келіссөздер аясында экспорт деңгейі арта түседі. Ауған кәсіпкерлері ұннан жасалған өнімдерге, оның ішінде қазақстандық кеспені импорттауға айтарлықтай қызығушылық танытуда. Ауғанстан Ислам Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісінің пайымынша, Қазақстан тарапы экспорттық тауарлар бойынша Пәкістанмен белсенді бәсекелестікке  түсіп, олардың өнімдерінің орнын басуға қауқарлы»,-деді басқарма төрағасы. Мұнымен қоса, Ауғанстан жағы Қазақстанның мұнай өнімдерін алуға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Сонымен қатар қазақстандық кондитерлік өнімдерді экспорттауға елеулі мүмкіндік жасалып отыр. «Ауғанстан Үкіметі тарапынан жыл сайын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 2 млрд. доллар бөлінеді, яғни бұл тұрғыда жолдардың, электр энергиясы желілері, су қоймаларының құрылыстары қамтылып отыр. Осы орайда біздің кәсіпорындарға бұл құрылыс нарығына кіруге жақсы мүмкіндік бар. Бүгінде құрылыс жобаларына қатысу үшін қазақстандық кәсіпорынмен алдын ала келісім жасалды»,-деді Мейірбек Мәжитов.

Сонымен қатар Қазақстан компаниялары Тәжікстанмен 4 млн. доллардың өнімін жеткізу туралы экспорттық шарт жасасты.  Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы  Мейірбек Мәжитов мәлім етті. «Біз Орталық Азия елдерімен белсенді іс-қимылдар жасаудамыз. Мәселен, жақында Тәжікстаннан біздің делегация келді. Осы ретте ауыл шаруашылығы, кондитерлік өнімдер, цемент, ұн, күріш және астық жеткізу бойынша 4 млн. доллардың шарттары бекітілді. Сонымен қатар басқа да салалар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр»,-деді М. Мәжитов. Оның сөзіне қарағанда, бір аптадан кейін 20 компаниядан құралған тағы бір делегация Тәжікстанға баратын болады. Оларда тәжік нарығына отандық өнімді экспорттау тұрғысында алдын ала келісім жасап үлгерген көрінеді.

Жыл басынан бері Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 35 млн. АҚШ доллары көлемінде экспортты ұйымдастырды.  Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған палатаның басқарма төрағасы  Мейірбек Мәжитов мәлім етті. «Бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша Сыртқы сауда палатасы Қазақстан мен Иранның, Мысырдың іскер топтарының қатысуымен  үш маңызды отырыс өткізді. Сонымен қатар Ресейге, Иранға, Ауғанстанға және Тәжікстанға 6 сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастырылды. Бұл шараларға 400-ден астам отандық кәсіпкерлер тартылды»,-деді М. Мәжитов. Оның сөзіне қарағанда, санкциялардың күші жойылғаннан кейінгі Иранмен екіжақты ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерінің бірі - ол 30 млн. доллар көлемінде ірі қара және қой етін экспорттауға жасалған келісімшартқа байланысты болып отыр. Бұдан бөлек, Ақмола облысының астығы, Ақтөбе облысының ұны, Қызылорда облысының күріші және Қостанай облысының кондитерлік өнімдері, сондай-ақ тараздық цемент елеулі көлемде Тәжікстанға экспортталады. Сонымен қатар жақында Ауғанстанмен сауда-саттық ауқымын кеңейту мақсатында Кабулда Қазақстанның алғашқы сауда үйі ашылды. Осы орайда бизнес-қоғамдастықтардың  іскерлік келіссөздері нәтижесінде 700 мың АҚШ доллары көлемінде өнімдерге шарттар жасалды. «Осы мүмкіндіктердің барлығы сыртқы экономикалық іс-қимылдарды дамыту үшін ауқымды әлеуетті ашып отыр. Бұл ретте отандық кәсіпкер бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалануы тиіс деп ойлаймын»,-деп түйді М. Мәжитов. 

Қазақстан 2015 жылы Еуропалық одаққа 219,8 млн. доллардың ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады. Бұл мәліметтер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратта айтылған. «2015 жылы Қазақстанның Еуропалық одақпен  ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті қайта өңдеу бойынша  сыртқы тауар айналымы 635,9 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан өткен жылы Еуропалық одаққа 92 мың тонна астық, 247,7  мың тонна зығыр, 15,9 мың тонна мақта талшығы мен 5,9 мың тонна балық сүбесін экспорттады»,-  делінген хабарламада. Сонымен қатар ведомство ақпаратына қарағанда, бүгінде Қазақстанда итальяндық, германдық және венгриялық ірі компаниялар өз қызметтерін белсене жандандыру үстінде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Саудпен Ыстамбұлдағы Ислам ынтымақтастығы ұйымы ХІІІ Саммиті алаңында кездесті. Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы Королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық деңгейдегі іс-қимылдың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар ИЫҰ саммитіне тоқталып, оның табысты өтетініне, қабылдануы жоспарланған шешімдерінің тиімді болатынына үміттенетіндерін білдірді. 

Әзербайжан Қазақстанмен экспортты және импортты ұлғайтты. Әзербайжанның ТМД елдерімен жылдық есептемедегі экспортының көлемі 49,46 пайызды болып, қаңтар-наурыз айларында 117 037,3 мың АҚШ долларын құрады. Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, Әзербайжанның ТМД елдерінен импорты керісінше 35,16 пайызға қысқарып, 305 250,69 мың долларды құраған.

Есепке сәйкес экспорттың жалпы көлемінің 6,57 пайызы және импорттың жалпы көлемінің 16,72 пайызы ТМД елдерінің үлесіне тиеді. Экспорт Қазақстанда, Беларусьта, Молдовада, Тәжікстанда, Түркіменстанда, Украинада өскен, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Ресейде қысқарған. Импорттың Қазақстанмен және Қырғызстанмен өсуі байқалады, басқа елдерден импорт қысқарған. Аталған кезде Ресейге экспорт 24,49 пайызға - 46 139,19 мың долларға, импорт 38,48 пайызға - 206 171,77 мың долларға қысқарды, Украинаға экспорт 20,74 пайызға - 3 604,58 мың долларға өскен, импорт 51,89 пайызға - 38 525,58 мың долларға дейін азайған. Қазақстанға экспорт 12,35 пайызға - 3 396,61 мың долларға дейін, импорт 55,27 пайызға - 41 203,71 мың долларға дейін артқан.

Қазақстан үшін мұнай-газ саласы экономикамыздың тірегі. Бұл бағытта, малайзиялық «Hadid Engineering»Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағына енді. Алматыда Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары Одағы (KazService) мен малайзиялық «Hadid Engineering» мұнай компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. «KazService» төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов өз сөзінде Одақтың бұдан бес жыл бұрын құрылғандығын айтты.Ондағы мақсат - жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын қызмет көрсету саласында қазақстандық мазмұнның үлесін ұлғайту. Оның пікірінше, малайзиялық компанияның Одаққа енуі бизнесті басқару саласына инвестицияның және жаңа технологиялардың жеткізілуіне, сондай-ақ, экономикалық ойлаудың дамуына септігін тигізеді. «Қазақстанның экономикасы үшін бұл - біршама жаңа сала. Елімізде осы саладағы сервистік жұмыстардың жыл сайынғы айналымы 10-12 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі таңда қазақстандық компаниялардың инжинирингтегі үлес салмағы - 50 пайызға жетсе, логистикада - 18 пайыздан төмен. Құрылыс бойынша - 58 пайызға көтерілді, ал қызмет көрсету бойынша көрсеткіш - 80 пайыздан асады. Біздің міндетіміз жалпы көрсеткішті 60 пайызға жеткізу. Бұл жерде шет елдік компаниялардың қатысуы шынайы бәсекелестік туғызады және тәжірибе артады», - деді KazService өкілі. Өз кезегінде «Hadid Engineering» компаниясының еншілес компаниясы «Hadid Oil&Gas» ЖШС Бас директоры Шыңғыс Нәбиев Малайзияның мұнай-газ және сервистік сала бойынша бай тәжірибе жинақтағандығын айтты.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» АҚШ, Еуропа, Қытай нарығына қатысуды күшейтеді. Бұл туралы АҚШ-та өткен Атом өнеркәсібі саммитінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты.  «Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп» өз қызметін жетілдіру және АҚШ, Еуропа, Қытайдағы біздің әріптестер үшін жоғары дәрежеде клиенттік қызмет көрсету мақсатында жаһандық маркетинг жүйесі мен сатылымды қайта құрылымдауда. Бұл үдерістің басты элементі Швейцарияда трейдингтік компания құру болып табылады. Ол сату икемділігін құрып, әлеуетті мәмілелерге ден қою уақытын жеделдетеді. АҚШ-та бұл үдеріс ағымдағы өкілдікті жойып, оның функциясын жаңа құрылым аясында толыққанды «еншілес» заңды тұлғаларға беруден көрінетін болады. «Қазатомөнеркәсіптің» даму жоспарларына жауап бере отырып, Басқарма төрағасы қысқа мерзімді кезеңде негізгі міндеттер - өзгеріс бағдарламасын енгізу, ұсынылатын өнім спектрін кеңейту, өндірісті әртараптандыру екенін мәлім етті. «Біз ұнтақ пен таблетка өндіріп жатырмыз, таяуда қытайлық әріптестермен бірлескен компания құрамыз, ол ҚХР реакторлары үшін отындық жинақ өндірумен айналысады. Таяуда жетекші конверсиялық қызмет - ConverDyn компаниясымен келісімге қол қойылды. Онымен бірге бірлескен UF6 өнімін нарыққа ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.  Сондай-ақ, бүгінде компания өндірісті кеңейтіп, өндіру көлемін ұлғайтуды жоспарламайтыны белгілі болды. Қазіргі уақытта нарыққа қосымша жеткізу оны қалпына келтіруде мерзімін ұзартуға алып келер еді. Компанияны одан әрі дамыту өндіру және сатуды әртараптандырумен көбірек байланысты. Жұмағалиев сондай-ақ қордың жоғары сапасы мен рентабельді өндіру жүйесі Қазатомөнеркәсіпке уранға төмен баға белгіленген қазіргі кезде де тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретінін қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Африкадан Латын Америкасына дейін кеңеймек. Бұл туралы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов  мәлім етті. «Біз біздер үшін жаңа өңірлер, атап айтқанда, Африка мен Латын Америкасы тарабынан ынтымақтастыққа мүдделікті байқап отырмыз. Маусым айында мұндай шараның бірін Аддис-Абебада өткізу жоспарланған», -  деді ол хабтың «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы әріптестік» атты жыл сайынғы конференциясы барысында. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта өңірлік хабқа 32 ел кіретіндігін атап өтті. Хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сингапурлық орталығымен бірлескен жұмыстар жүргізіп жатқандығын да айтты. Мұнан бөлек, хаб Америкалық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғам, Азиялық мемлекеттік басқару жөніндегі қауымдастық, UNPAN жаһандық желісі сынды кәсіби өңірлік қауымдастықтармен және мемлекеттік басқару саласындағы жетекші университеттермен   ынтымақтастықты жолға қойған.

Елордада Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. «ЭЫДҰ қатарында әлемнің барынша дамыған 34 экономикасы бар және ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі мен директораты өңірдегі реформалар бойынша өз бағдарламасын жүзеге асырып жатқан барлық елдер үшін маңызды. Біз бұл ынтымақтастығымыз барлық үкіметтердің игілігі үшін жұмыс істейді деп үміт артамыз», - деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов. Өз кезегінде ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және территориялық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтер Қазақстан ұйым үшін тамаша серіктес екендігін баса атап өтті. «Біз Қазақстанмен тамаша ынтымақтастықты жолға қойып, керемет достарға айналдық. Бұл жақтың адамдары бар ынта-жігерімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалауға ұмтылатындығы байқалады. Біз, ЭЫДҰ тарабынан бұл саладағы оң тәжірибелерді тек Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге көрші елдерге де бере аламыз», - деді ол. Айта кетерлігі, шара барысында ЭЫДҰ мен Қазастандағы БҰҰ Даму бағдарламасы арасында 4 жылдық кезеңге арналған келісім де рәсімделді. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның атап өтуінше, қол қойылған құжат Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуына жәрдем беретін болады.

 

Ауғанстанмен сауда-саттық ауқымын кеңейту мақсатында Кабулда Қазақстанның алғашқы сауда үйі ашылды. Сауда үйі Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен Ауғанстан Ислам Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен іске қосылып отыр. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды. Ауғанстан Ислам Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімовтің айтуынша, екі ел арасында сауда байланыстарын дамыту түрлі сауда орталықтарын ашу арқылы жандана түседі. Бұл ретте Кабулде сауда үйінің ашылуы екі ел кәсіпкерлері үшін тығыз байланыстар орнатуға негіз болмақ. «Ауғанстан үкіметі Қазақстанмен сауда қатынастарын дамыту арқылы үлкен экономикалық өсімге қол жеткізеді деп сенеміз. Жалпы Қазақстан мен Ауғанстан арасында көпжылдық сауда қатынастары жолға қойылған. Осыған байланысты біздің еліміз азық-түлік импорттары үшін тамаша балама бола алады», - деді Елші. Айта кетерлігі, өткен жылдар мәліметтері бойынша Қазақстан Ауғанстаннан 3 млн. доллар шамасында тауарлар импорттаған. Ал Қазақстанның Ауғанстанға экспорты 333 млн. долларды құрап отыр. Оның ішінде ұн мен мұнай өнімдері басымдыққа ие. Қазақстан сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжітовтің айтуынша, Ауғанстан астанасында сауда үйінің ашылуы сауда саласындағы байланыстарды арттыруға тамаша бастама болып табылады. «Осы арқылы отандық тауар өндірушілер өздерінің өнімдерін Кабулдағы «Ауғанстан ЭКСПО Центр»  ірі көрме павильонына тегін орналастыра алады. Ал көрме өкілдері жергілікті нарық бойынша қазақстандық тауар өндірушілермен іскерлік байланысқа дайын», - дейді М.Мәжітов. 

 

Қазақстанның өндірушілері ауған бизнесімен 700 мың долларды құрайтын келісімшарт жасады. 700 мың долларды құрайтын Қазақстанның астығы мен ұн өнімдері Ауғанстанға экспортталатын болды. Қазақстан сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен Ауғанстан Ислам Республикасына жасалған сауда-экономикалық миссия аясында екі тарап кәсіпкерлері осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды. «В2В» форматындағы екіжақты сессия барысында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылып, ауған бизнесі тауарлар сапасына көз жеткізген болатын. Соның арқасында ауғанстандық кәсіпкерлер макарон өнімдерін шығаратын қазақстандық компаниялар өнімдеріне үлкен қызығушылық тудырды. Келіссөздер нәтижесінде ауған бизнесмендері өнімді тікелей жеткізу туралы уағдаласып, Ауғанстанда макарон өнімдерінің тауар желісіне эксклюзивті дистрибьютер болуға ұсыныстарын жеткізді», - делінген баспасөз баянында. Сонымен қатар, ауғанстан кәсіпкерлері жақын аралдықта Қазақстанға сапарлап, макарон өнімдерін шығаратын зауытпен танысқысы келетіндерін де алға тартқан.
Бұдан бөлек, қазақстандық соя дақылдарын өңдейтін кәсіпорындар ауғанстандық сүт өндіру қауымдастығының өкілдерімен де келісімшарттар жасасқан. «Халық саны 35 миллионды құрайтын Ауғанстан экономикасы қазір тұрақталып, қозғалыс жанданып келе жатыр. Соның ішінде перспективалық бағыттардың бірі Ауған үкіметінің инфрақұрылымдық жобаларына қазақстандық мердігерлердің қатысуы болып отыр. Ауғанстан жыл сайын инфрақұрылымдық нысандар құрылысына 2 млрд. долларға дейін қаражат бөлуде. Оның аясында электр желілері, темір жол желісі, автокөлік жолдары мен коммуникациялық желілер құрылысы бар», - дейді Қазақстан сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитов.  Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен Ауғанстан сауда-өнеркәсіп палатасының бірлескен форумының қорытындысы бойынша іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылданған. Кеңес екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын нығайтуға жұмыс істейтін болады. 
Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанмен сауда-саттық ауқымын кеңейту мақсатында Кабулде Қазақстанның алғашқы сауда үйі ашылған болатын.

 

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Кубада қол қойылған меморандум жайлы толығырақ айтып берді. «Бүгін біз Кубаның энергетика және тау-кен өндірісі министрімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ өндірісіне қатысты. Әсіресе, Қубаны қоршап жатқан кен орындарын айтып отырмын. Тіпті, Қазақстан мұнайын Кубаның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мүмкіндіктері де қаралуда», - дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Мәлім болғандай, Гавана Астанада өтетін EXPO көрмесіне қызығушылық танытып отыр. Қатысатыны жөнінде құжат былтыр қабылданып қойған. Жұмыс тәртібі бекіді. Жалпы жасыл теxнологиялар саласындағы Латын Америка елдерінің жеткен жетістіктері аз емес. Бізге қажет тәжірибенің озық үлгілері бар бұл өңірде. Оны кубалықтар көрмеге алып келмек ойда. «Көмір, мұнай-газ жоқтығынан үлкен іздену жұмыстары, ғылыми жұмыстар атқарып жатыр. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде осындай энергияның үлесі 90%-ға жетті. Кубада ол төмендеу, бірақ үлкен жоспарлар қойып отыр. Асқан қызығушулықпен біздің көрмеге дайындалып жатыр екен», - дейді «Астана EXPO- 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімов. 

Астана экономикалық форумы - жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы. Өзінің ауқымы бойынша бүкіл Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосады. БАӘ миллиардері Астана экономикалық форумына қатысуға ниетті.Әбу-Дабиде БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифтің БАӘ іскерлік ортасының бай әрі ықпалды өкілдерінің бірі Хусейн ан-Нувейспен кездесуінде бұл туралы белгілі болды. Әмірлік миллиардері осы жылы 25-26 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына қатысуға шақыртуды алғыспен қабыл алды. Әмірлік бизнесменімен байланысы бар компаниялар энергетика (Ұлттық мұнай құрылыс компаниясының (NPCC) президенті), өнеркәсіп («Senaat» өнеркәсіптік холдингтің басқарма төрағасы), инвестиция («Maha Capitals», «Al Nowais Investment» және «The Abraaj Group» компанияларының құрылтайшысы), қонақүй бизнесі («Ротана» отельелер желісінің директоры) және басқа да секторларда қызмет көрсетеді. Оның компаниясына тиесілі активтердің жалпы құны, кей деректер бойынша, 6,8 млрд. АҚШ долларынан асады.

Қазіргі миллиардер іске асырып жатқан барынша ірі инвестициялық жоба Мысырдың мемлекеттік электорэнергетикалық холдингтік компаниясымен (Egyptian Electricity Holding Company (EEHC)) бірлесіп, Синай түбегінде қуаты 2460 МВт «Уюн әл-Муса» электр стансасын салу жобасы болып табылады. Жобаның құны 4,5 млрд АҚШ долларына бағаланады, оның 70 пайыз инвестициясы «Al Nowais Investment» компаниясына, ал қалған 30 пайызы - Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай және Мысырдың жеке инсвесторларына тиесілі. Х.Ан-Нувейспен кездесу нәтижесі бойынша олардың қазақстандық экономикаға инвестиция салу перспективаларын қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Астана экономикалық форумын (АЭФ) Еуропада  тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Әсет Ерғалиев мәлім етті. «Биыл Астана экономикалық форумы 25-26 мамырда өтеді. Негізгі тақырып «Жаңа экономикалық нақтылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Тақырыптың таңдалуы бүгінде әлемдік экономикадаға жаңа экономикалық нақтылық аясында экономикалық саясатты жүзеге асыру кезінде көптеген ел тап болып жатқан қауіп-қатерлермен байланысты», - пояснил Ә. Ерғалиев. Биылғы форумның ерекшелігі 26 мамырда түскі сағат 3-тен бастап «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін АЭФ-нің пленарлық отырысы болмақ. Оның ақпаратына қарағанда, Астана экономикалық форумы аясында 20-ға жуық шара ұйымдастыру көзделген. 

 

Қазақстан және Қытай қарым-қатынасы

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас - 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. Бұл қарым-қатынастар қазіргі таңда көрші мемлекеттер арасындағы  тату байланыстар дамуының жарқын көрінісі болып отыр. «ҚазАқпарат» ХАА сайтында екі ел арасындағы мызғымас достықты паш ететін материалдар көптеп жарияланды.

Жамбыл облысының делегациясы  ҚХР аймақтарымен достық қатынастарды нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасына барады. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасының Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесіне барады. Сапардың мақсаты - Тараз және Чанцзи қалаларының арасындағы достық байланыстарды нығайту. Делегацияның құрамында облыстық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, облыстық басқармалардың басшылары, ЖОО ректорлары, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапар бағдарламасында жамбылдық делегацияның Чанцзи қаласының басшылығымен кездесуі, кәсіпорындар, мәдениет мекемелеріне бару бар. Қазақстандық делегация қытайлық ауылшаруашылық аймақтың қызметімен,  «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясының жұмысымен танысып, «Ланьшань-Тунхэ» химиялық компаниясында және «TBEA» электр техникалық компаниясының бас басқармасына барады. Бұдан басқа, «Сиюйчунь», сүт өнімдерін шығаратын және өңдейтін компания, Чанцзидегі кәсіби-техникалық институт, Чанцзи ұлттық жоғары технологиялық өнеркәсіп аймағымен танысу жоспарланып отыр. Сапар қорытындысында Жамбыл облысы мен  Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің арасында бауырластық байланыстарды орнату туралы келісушілікке қол қойылуы мүмкін. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі мемлекеттің іскерлік орталарының қатысуымен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет бойынша меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді. 

Сондай-ақ аталған екі ел қарым-қатынасының жарқын көрінісі ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бейжің шетел тілдері университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уіниверситетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Бейжің шетел тілдері университетінде болды. Университет ректоры Пэн Лунмен кездесу барысында білім саласындағы ынтымақтастық, екі ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасуы, 2015 жылы желтоқсанда ашылған «Қазақстан орталығы» базасында әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.  Бейжің университетінің ректоры оқу орнында өз кезінде Қытайдың шет мемлекеттердегі 400-ден астам елшілері білім алғанын атап өтті, ал оқу орнының өзі ҚХР дипломатиялық қызметі үшін кадрлардың ұстаханасы болып табылады. Биылғы жылы 72 әлем тілдері оқытылатын университетте 10 таңдаулы талапкерді қазақ тілінде оқыту үшін іріктеп алуды жоспарлап отыр, олар қабылдау емтиханысыз-ақ жоғары оқу орнына түсетін болады. Өз тарапынан Ғ.Мұтанов елдегі жетеші жоғары оқу орны болып табылатын Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен елшілердің тұтас шоғырын өсіріп шығарғанын атап өтті. Ол ҚазҰУ-дың Бейжің университеті студенттерін қазақ тілінде оқытуға, жоғары оқу орнына жоғары білікті оқытушыларды жіберуге әзір екенін айтты. Кездесу қорытындыларымен ҚазҰУ мен БШТУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат студенттермен және оқытушылармен алмасуды, бірлескен зерттеу қызметін жүргізуді, баяндамалар, мақалалар және басқа да ғылыми еңбектер жариялауды, сондай-ақ біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастьыруды көздейді.

Қытайдағы Қазақстан Елшілігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталыққа қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдарды, сөздіктерді және әдебиеттерді сыйға тартты. Еске сала кетейік, Қазақстан орталығының ашылуы рәсімі 2015 жылы желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың ҚХР-ға сапары кезінде өткен еді. Қытай аумағында ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Қазақстанды зерттеу жөнінде үш орталық (Шанхай, Дальян, Бейжің қалаларында) ашылды, олар Қазақстанның тарихын, тілін және мәдениетін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын және қазақстандық қоғамның басқа да құндылықтарын таратып, ілгері жылжытуы тиіс. 

Ал ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы G20 саммитіне қатысуға шақырды, бұл ҚР өкілдеріне «үлкен жиырмалықтың» ауқымындағы шаралардың жылдық кестесіне қатысуға мүмкіндік береді. «Жиырмалық тобы» (G20) жаһандық экономикалық және қаржылық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын жетекші форум. G20 әлемнің ірі дамыған және дамушы экономикаларын біріктіреді, олардың үлесіне әлемдік  ІЖӨ-нің 85 пайызға жуығы тиеді: Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік корея, ОАР, Жапония және Еуропалық Одақ.

 

Сонымен қатар ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің қызметкерлері 4-5 сәуір күндері Нанкинде өткен G20 сауда және инвестициялар жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.

«Үлкен жиырмалық» мүше елдерімен және Қазақстанмен қатар кездесу қатысушылары халықаралық ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, Халықаралық сауда орталығы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы, Бүкіләлемдік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы), сондай-ақ Египет, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Сенегал, Сингапур, Испания, Зимбабве елдерінің өкілдері болды. Шарада сөз сөйлеген ҚХР коммерция министрінің орынбасары Ван Шувэнь соңғы төрт жыл бойына әлемдік сауданың төмен деңгейі «үлкен жиырмалық» елдерінің алаңдаушылығын туғызып отырғанын атап өтті. «Осыған байланысты G20 елдерінің алдында заманауи қатерлерге бірлескен жауап іздеу, сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыру міндеті тұр», - деді ол. Жұмыс тоының отырысында Әлемдік сауданың өсуіне жәрдемдесу  бойынша стратегиялық жоспардың жобасы мақұлданды. Құжат 2025 жылға қарай сауда шығындарын 15 пайызға дейін қысқартуды, халықаралық сауданың жыл сайынғы өсімін қаржылық қолдаудың көптарапты бағдарламалары арқылы 30-50 млрд. доллар шегінде қамтамасыз етуді көздейді. Қатысушылар жаһандық тізбекте инклюзивтік және үйлестірілген құн құруды ынтыландыру мәселелерін қарады. ҚХР дамушы елдердегі шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктер  жасау, оның жаһандық өндірістік тізбекке ықпалдасуына жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық жоспарының жобасын ұсынды. Министрлік конференция өткізу және жаһандық сауда мен инвестицияларды ілгері жылжыту жөнінде коммюнике қабылдау 2016 жылғы маусым айына жоспарланған. Еске сала кетейік, «жиырмалыққа» төрағалық 2015 жылғы желтоқсанда Түркиядан Қытайға көшті. «Инновациялық, салауатты, өзара байланысты және инклюзивтік әлемдік сауда құрылысы» таққырыбындағы G20 саммиті 4-5 қыркүйек күндері Ханчжоу қаласында өтеді. 

Ауыл шаруашылығы саласындағы Қытаймен ынтымақтастықты арттыру да Қазақстан тарапынан зор қызығушылық білдіріліп отырған сала. Қытай тарапы Қазақстаннан өсімдік майын сатып алуды бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры  Ажар Қаджыбекова мәлім етті. Майлы дақылдар егістерін арттыру нәтижесінде салада шетел инвесторларының қызығушылығы артқанына тоқталған ол, қазіргі кезде Қазақстан аумағында майлы дақылдарды өңдеу бойынша зауыттардың құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді. Департамент басшысының сөзіне қарағанда, наурызда ҚР АШМ мен ҚХР-дың «Синома» атты ірі мемлекеттік корпорациясы Қытайға импортты алға жылжыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті. «Биыл корпорация Қазақстанда майлы дақылдардың шикізатын (күнбағыс, зығыр, рапс) сатып алып, Қытайға импорттауды көздеуде. Сонымен қатар олар бұл дақылдардан өсімдік майын да сатып алуға ниетті. ҚХР-ға 2 мың тонна өсімдік майы экспортталды. Болашақта жыл сайын әрбір дақылдан сатып алу көлемін 200 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр»,- деді Ажар Қаджыбекова.

 

Сондай-ақ ҚХР-дың тәжірибесі жамбылдықтарды  ШҰАӨ Чанцзидің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу  қызықтырды. Жамбыл облысының аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев бастаған үлкен делегациясы ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің бірқатар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарында болды. Қазақстандықтар ауыл шаруашылығы аймақтары мен базалары, «Ланьшань-Тунхэ» жоғары технологиялар өнеркәсіп паркі, «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясының, Цзюшэнхэ» тұқым индустриясы компаниясының, ҚХР-дағы «Ихай цзяли» ұн және майлы дақылдар өндірісі жөніндегі ірі компаниясының чанцзи филилаының, Шыңжаң медициналық университеті жанындағы №1 аурухана филиалының, сондай-ақ әлемдегі ірі ТВЕА электр-техникадық корпорациясының штаб-пәтерімен және зауыты қызметімен танысты. Қытай шенеуніктерімен және кәсіпкерлерімен кездесулер барысында К.Көкірекбаев ҚР-ның Жамбыл облысы мен ҚХР-дың ШҰАӨ Чанцзи-Хуэй автономиялық округі арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, сондай-ақ Жамбыл облысы жағдайында Чанцзи ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тәжірибесін қолдануды қазақстандық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құнанбаева, Жамбыл облысы Байзақ (Мұратхан Шөкеев), Қордай (Қайрат Досаев) және Шу «(Рүстем Дәулет) аудандарының әкімдері, облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұржан Нұржігітов, мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Мүбарак Жинақбаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (Дария Қожамжарова) және Тараз инновациялық-гуманитарлық институтының  (Ерболат Саурықов) ректорлары, «Рыспаева және К» ЖШС директоры Сәуле Рыспаева, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, сондай-ақ «Бапыш-Сейсенбай» (Сәкен Рәпілбеков), «Олжа» (Берік Егембердиев), «Злиха» (Нұржігіт Бегалы), «Талап» (Мауыт Фазылов), «Нариман» (Бақтыбай Саудабаев) шаруа қожалықтарының басшылары болды.  

 

«Біз Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін білеміз, Сиань ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне үнемі қатысып жүрміз. Бүгін біз ШҰАӨ Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің жылыжай шаруашылығын каралап көрдік. Бізді мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу тәжірибесі, ең алдымен қызанақ өсіру тәжірибесі қатты қызықтырды. Біз жылына 70-80 мың тоннадай томат өсіреміз, сондықтан да біз осы өнімдерді өңдейтін зауыттар мен цехтар құруымыз қажет», - деді Жамбыл облысы әкімінің оынбасарыАбдалы Нұралиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. «Анықтама. Чанцзи (Санжи) қаласы - Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің маңызды көлік торабы, олар арқылы Шыңжаң солтүстік темір жолы мен Укуй магистралі өтеді. Ежелгі уақытта қала Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы негізгі пункттерінің бірі болды.

Аталған өңір қазақстан-қытай өңіраралық ынтымақтастығын дамытудың алдында келеді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған Жамбыл облысының делегациясы ҚХР-дың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында болды. Сапар қорытындыларымен жалпы сомасы 400 млн. долларға жуық келісімдерге қол қойылды. Бірлескен басты жобалар - қытайлық «Да И» компаниясының қуаты 200 МВт жел электр стансасын салу, Янлин үлгілі ауыл шаруашылығы аймағын басқару комитетінің Жамбыл облысында жоғары технологиялық аграрлы-инновациялық парк құру келісімі болды. Тараз және Сиань - бауырлас қалалар. Осы жолғы сапар барысында Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономиялық округімен бауырластық байланыстар орнату жоспарлануда. Жамбыл облысы мен Қытайдың аталған өңірімен арасындағы байланыстырушы буын Қазақстан дүнгендері қауымдастығы болмақ. 

Сонымен қатар Жамбыл облысының делегациясы ҚХР-дың ШҰАӨ-дегі Чанцзида тамшылатып суару және дуальдық білім беру жүйесімен танысты. ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Чанцзи-Хуэй автономиялық округіне жұмыс сапарының екінші күні Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация бірқатар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарында болды. Жамбылдықтар аймақтық музейдегі қысқаша экскурсия барысында қаланың және округтің тарихымен танысты. Музейдегі бірқатар техникалық шешімдер К.Көкірекбаевтың қызығушылығын туғызды, ол әкімдік қызметкерлеріне оларды Тараз қаласындағы мәдениет нысандарында пайдалану мүмкіндігін зерделеуге нақты тапсырма берді. Қазақстандықтар ШҰАӨ ЧХАО Хутуби уезінде ауыл шаруашылығы аймағының жұмысымен, тамшылатып суару жүйесінің нәтижелілігімен (суарудың арық жүйесімен салыстырғанда су шығынын үш есе қысқартып, фермерлердің  кірісін арттырған)  және ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Әкім К.Көкірекбаев ауыл шаруашылығы аймағының және Хутуби уезінің басшыларын тәжірибе алмасуға және практикалық өзара іс-қимылды жолға қою үшін Жамбыл облысына келіп қайтуға шақырды. Бұдан әрі қытай тарабы Жамбыл облысының делегациясына «Сиюйчунь» компаниясының сүт өнімдерін көрсетті, сондай-ақ ҚХР-дың бүкіл солтүстік-батыс аймағының қажеттігін қамтамасыз ететін көшеттерді және гүлдерді өсіру жөніндегі база қызметінің ауқымымен таныстырды. Әкім К.Көкірекбаев Жамбыл облысының Мерке, Жамбыл және басқа да аудандарының бақша және гүл өсіру шаруашылықтарына 28 тамызда ШҰАӨ ЧХАО Хутуби уезінде өтетін жыл сайынғы мамандандырылған көрмеге қатысуға ұсынуды тапсырды. Чанцзи кәсіптік-техникалық колледжінде болған кезде Жамбыл облысының училищелерімен, техникумдарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Делегация мүшелері қазақ диаспорасының өкілдері «технологиялық үдерістерді және өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бірінші курста оқып жатқан Араймен және Зухрамен, сондай-ақ оқытушы Гүлзар Бәделханқызымен әңгімелесті. Қазақстандықтарға Чанцзи кәсіптік-техникалық колледжінің оқушылары алған білімдерін практикада қолданатын «дуальдық оқыту жүйесі) өндірістік нысандар көрсетілді. Белгілі болғандай, 2016 жылдың басында бұл оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен әріптестік қатынастар орнатқан болатын - тараптар аспаздық, дәнекерлеу, машина жасау және басқа да мамандықтар бойынша 10 студент алмасқан еді. Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құланбаева, Жамбыл облысы Байзақ (Мұратхан Шөкеев), Қордай (Қайрат Досаев) және Шу «(Рүстем Дәулет) аудандарының әкімдері, облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұржан Нұржігітов, мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Мүбарак Жинақбаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (Дария Қожамжарова) және Тараз инновациялық-гуманитарлық институтының  (Ерболат Саурықов) ректорлары, «Рыспаева және К» ЖШС директоры Сәуле Рыспаева, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, сондай-ақ «Бапыш-Сейсенбай» (Сәкен Рәпілбеков), «Олжа» (Берік Егембердиев), «Злиха» (Нұржігіт Бегалы), «Талап» (Мауыт Фазылов), «Нариман» (Бақтыбай Саудабаев) шаруа қожалықтарының басшылары болды.  

 

К.Көкірекбаевтың Чанцзиға сапарының қорытындылары бойынша  келісімге қол қойылды, 20 инвестор Жамбыл облысына қызығушылық білдірді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің (ЧХАӨ) губернаторы Ма Сюнчэн (Ma Xiongcheng) қазақстандықтардың Чанцзи қаласына жасаған екікүндік сапарының қорытындылары бойынша екі аймақ арасында бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойды. Олардың қатысуымен жамбылдық және чанцзи-хуэй делегацияларының мүшелері Жамбыл облысы мен TBEA электр-техникалық бірлестігі (әлемде электр трансформаторлары мен кабельдерді ең ірі шығарушы), Жамбыл облысының Байзақ ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Манас ауданы, Жамбыл облысының Қордай ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Хутуби ауданы, Жамбыл облысының Шу ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Мори-Қазақ автономдық ауданы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі экономика және саясат комитеті, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармалары мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Тараз мемлекеттік педагогика институты мен Чанцзи кәсіби-техникалық колледждің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумдарға қол қойды. «Бүгін біз ШҰАА Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің губернаторымен бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойдық. Өнеркәсіп саласында, соның ішінде химиялық тыңайтқыштарды өндірудегі өзара ықпалдастық ең басты мәселе болып отыр. Жамбыл облысында бұл индустрия, атап айтқанда фосфор, гомофос өндіру жақсы дамыған. Құрылыс саласында біздің облысымыз цемент, гипс шығарып отыр. Қытайлық тарап біздің бұл өнімдерді Қытайға жеткізуімізге қызығушылық танытуда. Үшінші сала - ауыл шаруашылығы. Олар ет, бидай, арпа, соя майы, жүгеріге қызығушылық танытып отыр», - деді Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Ол екі күннің ішінде ШҰАА ЧХАӨ-нің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандары қаралғанын атап өтті.

«Мұнда тамшылап суару жүйесі жоғары дамыған. Біз чанцзийліктерді Жамбыл облысына шақырдық. Бізге 20-ға жуық инвестор келмек. Біз өзімізде ауылшаруашылық өнімді, бірінші кезекте қызанақтарды қайта өңдейтін зауыттарды құруға қызығушылық танытудамыз. Мұндағы жылыжайларда өсімдіктердің шамамен 250 түрі өсіріліп жатыр. Біз оларды өз ауданымызда өсіруді жоспарладық», - деп атап өтті әкім. Оның айтуынша, Жамбыл облысы әлемде электр-техникалық жабдықтардың ең ірі шығарушысы TBEA компаниясымен (жылдық табысы - 800-ге жуық млн. доллар) ынтымақтасады. «Біз баламалы энергетиканы дамытып жатырмыз, жыл сайын сапалы трансформаторлардың көп саны керек», - деп атап өтті ол. «Мәдени салада біз қытайлық ғалымдар, археологтар, зерттеушілер және қарапайым туристердің Жамбыл облысына көп келуі үшін елдеріміздің арасында тарихи туризмді дамытуға ниеттіміз. Бізде 1 600 тарихи ескерткіш бар, Тараз қаласының орталығында ашық аспан астындағы мұражай ашылды, онда 33 мың артефакт сақталған. Біз Жібек жолында орналасқанбыз», - деді әкім.

Осы сапарының нәтижесінде К.Көкірекбаев Чанцзи қаласында қала салудың кейбір оң аспектілерінен де үлгі алуды жоспарлап отырғанын хабарлады. «Мен бұл сапар біз үшін жемісті болды деп ойлаймын. Қандай дағдарыс болғанына қарамастан, егер біз инвесторларды тартсақ, бізде барлығы жақсы болып, Жамбыл облысының экономикасы дамуын жалғастырады. Біз чанцзийлік әріптестерімізді биылғы жылдың мамыр айында қытайлық инвесторлар мен мамандардың егіс науқанына (соя, жүгері және басқа дақылдар) үлгеріп, барлығын өз көзімен көруі үшін Жамбыл облысына келуге шақырдық», - деп түйіндеді ол.  

Соңғы жылдардағы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі тұрақты тығыз байланыстар саяси өзара сенімділікті нығайтуға ықпал етуде. Енді Қазақстан Қытаймен сот органдарының білім орталықтары арасындағы байланысты орнатуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Бейжің қаласына (ҚХР) ресми сапарында белгілі болды.

Делегация құрамында Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының судьясы М. Балкен, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Н. Әбдіқанов пен Б. Әметов,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә. Қасенова бар. Делегация ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы Чжоу Цянмен кездесті. Кездесу барысында Қ. Мәми: «Биылғы қаңтарда біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 24 жыл толды. Осы уақыт аралығында өзара іс-қимылдың кең ауқымды салалары бойынша екіжақты байланыстарды серпінді нығайтуға бағытталған орнықты саяси бәтуаластыққа қол жеткізілді», - деп атап өтті. Қазақстандық сот жүйесінің дамуы жөнінде айта келе, Қайрат Мәми Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде еліміздің сот-құқықтық саласындағы оң өзгерістер туралы хабардар етті. Атап айтқанда, үш сатылы сот жүйесіне көшу, процестік заңнаманың жаңаруы, судьяларды іріктеу және кәсіби даярлау жүйесі, инвесторларға арналған мамандандырылған сот пен Халықаралық консультативтік кеңес құру туралы тоқталды. Дауларды шешудің баламалы тәсілін енгізу және сот ісін жүргізуде электрондық технологияларды қолдану саласында өзара тәжірибені, ақпаратты және ең үздік жетістіктерді алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация сондай-ақ Қытайдағы судьялардың Мемлекеттік академиясында болып, онда Жоғарғы Сот Төрағасы екі елдің сот органдарының білім орталықтары арасындағы байланысты орнатуға мүдделілік танытты. Мұндай ынтымақтастық кәсіби біліктілігін арттыру саласында білім алушылармен профессор-оқытушылар құрамы үшін өзара тәжірибе және білім алмасуға септігін тигізетіндігі атап өтілді. Сапар шеңберінде 12 сәуірде қазақстандық делегацияның Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті саяси-заңдық комиссиясының хатшысы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Мэн Цзяньчжумен кездесуі жоспарланған.

Қытай инвесторлары да Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін танытуда. Олар қазақстандық компанияларды өзара тиімді әріптестікке шақырады. Қытай инвесторлары қазақстандық жобаларға қатысуға аса мүдделілік танытады және қазақстандық бизнес қоғамдастыққа бірлескен бизнес-жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды біріктіруді ұсынды. Бұл туралы «KTZ Express» ұлттық мультимодалдық көлік операторының баспасөз қызметінен хабарланды. Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жақында Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға шетел инвесторларын тарту бойынша форум өтті. Форумға 150-ге тарта қытай компанияларының өкілі қатысқан. Форумда Қытайдың бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері ҚР мен ҚХР арасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-дағы индустриялық ынтымақтастық бағдарламасын орындаудағы ынтымақтастыққа дайындығы туралы хабарлады. «Біз қазақстандық бизнесмендермен бірлесіп жұмыс істеуді қалаймыз және оған дайынбыз. Біз жоба бойынша инвестициялардың қандай да бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз және қазақстандық тарап өз бөлігін сала алар еді. Ынтымақтастықтың мұдай әдісі екі тарапқа да кепілдік пен өзара тиімді талаптар береді», - деді Қытай бизнес-қоғамдастығының өкілдері. Айта кетерлігі, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қытай, Еуразия Одағы, Орталық Азия және Еуропа елдері арасындағы тауар ағындарының қиылысындағы өңірлік көлік-логистикалық хаб болып табылады. АЭА-тың бірегейлігі, ең алдымен, Азия мен Еуропаға жүк жеткізудің логистикалық тізбектерін қамтамасыз ету бойынша кең мүмкіндіктерде. Сонымен бірге, қазіргі заманғы инфрақұрылым, салықтық және кедендік жеңілдіктер, ең алдымен, халықтар саны шамамен 180 миллион адамды құрайтын және ҚХР-мен сауда айналымы шамамен 110 миллиард АҚШ долларды құрайтын Еуразиялық экономикалық одақтың нарығы үшін жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. Осыған орай, KTZ Express ұлттық мультимодалдық көлік операторы қазақстандық бизнесмендерді әріптестікке шақырады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА «ҚТЖ» ҰК» АҚ іске асыратын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы объектілерінің бірі болып табылады. 

Қытайлық инвесторлар сонымен қатар Үржар ауданындағы құс фабрикасының құрылысын қаржыландыруға ниетті. Аймақ басшысы Даниал Ахметов ҚХР инвесторларымен кездесу өткізді.  Кездесу барысында Қытай Халық Республикасы компанияларының Үржар ауданында салынатын құс фабрикасының құрылысын қаржыландыру мәселесі қаралды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. Guangdong Xinyin Fund Management CO. LTD президенті Ву Чуньхуэй және «КАЗАЗНЕКА Груп» бас директоры Айдын Харун  Қазақстанда жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғандықтарын айтып, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы құс фабрикасының құрылысын жүргізуді қаржыландыру мәселесін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Құс фабрикасының өндіріс қуаттылығы жылына 30 мың тонна құс етін құрамақ. Облыс әкімі Даниал Ахметов ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтіп, бір апта ішінде жобаның бизнес-жоспарын қарастыруды ұсынды.  
Аталған инвестициялық жобаны іске асыру құс етін импорттау бойынша маңызды мемлекеттік тапсырманы орындауға ммүкіндік береді. Құс фабрикасы пайдалануға берілген соң  800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Фабриканы салу үшін Үржар ауданының таңдалып алуының себебі Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының ірі қалаларына жақын орналасқан. Сонымен қатар, Үржар ауданында құс фабрикасының азық базасын қамтамасыз ету үшін, бос жатқан суармалы жерлер көп. 

Аспан асты елімен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға да бас екпін беріліп келеді. Соның бір мысалы, қазақстандық делегация ҚХР-дың кітапхана және мұражай саласының даму тәжірибесімен танысты. ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Махмұд Қасымбеков ҚХР Мәдениет министрінің орынбасары Ян Чжицзиньмен кездесті. Бұған дейін ол Қытайдың Ұлттық кітапханасында болды. «ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірімен жиі кездесіп отырады. Біздің елдеріміз тату көрші және сенімді серіктес, барлық бағыттар, соның ішінде мәдениет саласында да ынтымақтастығымыз дамып келеді», - деді келіссөздер барысында Ян Чжицзинь. Ол өткен жылы Алматы қаласында қытайлық композитор Сянь Синхайды, ал Бейжің қаласында Абайдың 170 жылдығын атап өткенін айтып өтті. Сондай-ақ, Қытайда кітапхана жүйесінің дамуы туралы баяндады. Сөз кезегін алған Махмұд Қасымбеков Ян Чжицзиньге жылы қарсы алғаны және сапардың мазмұнды бағдарламасы үшін алғыс білдіріп, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының кітапханасы туралы баяндап берді. 
Еске сала кетейік, 13-18 сәуір күндері М.Қасымбеков жетекшілік еткен қазақстандық делегация Бейжің, Шанхай және Сиань қалаларының заманауи мұражайлары және экспозициялармен танысу, мұражай саласының жаңа технологияларын зерттеу үшін жұмыс сапарымен Қытайға барды.

Ынтымақтастықты дамыту мәселесі өзекті мәселе ретінде халықаралық деңгейде  күн тәртібінен түскен емес. ШЫҰ қатысушы мемлекеттерінің өкілдері Сочиде өтетін форумда ынтымақтастық перспективаларын талқылайды. Сейсенбі күні Сочиде «Екінші тректе. Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңеюі мен дамуындағы қоғамдық дипломатия мен азаматтық қоғамның рөлі» халықаралық форумы ашылады, деп хабарлады ТАСС.   "Форумды өткізу мақсаты Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Орта Азия елдері мен бірқатар өзге мемлекеттер сарапшылары мен ғылыми қауымдастықтарының аймақтық қауіпсіздікті нығайту және күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының даму жолы туралы пікір алмасу", - делінген кездесуді ұйымдастырушылардың хабарламасында. Ұйымға қатысушы елдердің 300-ге жуық өкілі екі күн ішінде әлемдегі саяси және экономикалық ахуалдың үнемі өзгеруі жағдайында  өз қызметтерінің кеңеюі перспективаларын талқылайды.

 

Ал Қазақстанның шекаралас елдермен көлік қатынасын жолға қоюы ел экономикасын ілгерлетуге септігін тигізері сөзсіз. Бейжің қаласының Кемпински қонақүйінде Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағдары бойынша теміржол қатынасының таныстырылымы өтті. Шараны Қазақстан мен Түркіменстанның Қытайдағы Елшіліктері сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған. Таныстырылымға 130-дан астам адам қатысты, олардың арасында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Түркіменстанның Қытайдағы Елшісі Чинар Рустамова, ҚХР Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының мэрі Шангуан Цзицин, ҚКП Ляньюньган қаласындағы партия комитетінің хатшысы және аталған қала әкімшілігінің директоры У Ицяо, «Қытай теміржолдары» компаниясының вице-президенті Хуан Минь, Түркіменстан Теміржол көлігі министрлігі маркетинг бөлімінің бастығы Азат Арызмедов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев, ҚХР СІМ-нің өкілдері, сондай-ақ 40-қа жуық қытайлық көлік компаниялары мен БАҚ қатысты. «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» екі негізгі көлік дәлізі Орталық Азия елдері арқылы өтіп жатыр. Біріншісі - Қытайдан Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға дейін (Балтық теңізі), екіншісі - Қытайдан Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға және одан кейін Парсы шығанағына дейін. Алайда, аталған теміржол дәліздері салынып, қызмет етіп отырғанын көпшілік білмейді. Бұл ретте бұл бағыттағы бағдарлар теңіз тасымалымен салыстырғанда жүктерді жеткізу жылдамдығында өз басымдығын дәлелдеп шықты», - деді өз сөзінде Ш.Нұрышев. Оның айтуынша, егер Қазақстан арқылы Еуропаға жүретін теміржол дәлізі тиімді қызмет етіп отырса, Ираннан санкцияларды алу Иранға және одан кері теміржол тасымалдарын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Шара қытайлық бизнес өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

 

Қытаймен шекаралас өңіріміз Алматы облысында Қытаймен шекарада жаңа қала салынады. Бұл туралы «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті. «Біз үшін 65-қадамның маңызы зор, оның аясында Еуразиялық трансконтинентальді дәліз құру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.  Оның Қорғастан Ақтау портына дейінгі екінші бағыты облысымыздың аумағы бойынша өтеді. ҚХР шекарасында Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы іске қосылды, 2015 жылдың желтоқсанында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» құрғақ портының бірінші кезегі іске қосылды, 47 мың контейнер тасымалданды, ағымдағы жылы 200 мың контейнерді өткізу жоспарлануда»,- деді А.Баталов. Оның айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының ұзындығы  304 шақырым Алматы-Қорғас учаскесінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Талдықорған - Өскемен және Үшарал-Достық жолының құрылысы басталады. «Жолдар құрылысымен бірге логистика дамытылуда, қазір халықаралық стандарттағы алты көлік-логистикалық орталықтары бар. Іле ауданында 15 мың шаршы метр алаңда тағы бір ірі логистикалық орталықтың құрылысы басталды. Осы шаралардың барлығының нәтижесінде транзиттік тасымалдар төрт  млн. тоннадан 2020 жылға 10 млн. тоннаға дейін артады, Қытаймен шекарада жаңа қала салынады», - деді өңір басшысы. 

Сондай-ақ Қытайдың 10 ірі компаниясы Алматы облысымен 2 млрд. доллардан астам сомаға меморандумдарға қол қойды. Бұл облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға, жаңа серіктестер тауып, өзара тиімді ынтымақтастық келісімшарттарын жасасу мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған ресми делегация екі күндік сапармен Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіне сапары кезінде жүзеге асты. Сапар барысында ҚХР ШҰАӨ-дегі бірқатар іргелі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, үлкен бизнес-форум өткізілді. Алғашқы күні делегация қуаттылығы жылына 300 мың тонна қант өңдейтін ірі мемлекеттік корпорация зауытында болды. Мұнан кейін көп жылғы тарихы бар жиһаз өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінгі күні әлемге танымал «Сименс» компаниясының басты бәсекелесі энергия құралдарын шығаратын «Ти Би Эй» корпорациясына да атбасын бұрды. Кездесу қорытындысында өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалып, жаңартылған энергия көздеріне қатысты инвестициялық жобаларды қолға алу туралы меморандумға қол қойылды. Тағы бір назар аударылған нысан - металлургиялық зауыт, мұндағы кәсіпорынның өз жұмысшыларына демалыс және тұрмыстық жағдайлар жасаудағы тәжірибесі үйренуге тұрарлық. Өз кезегінде облыс әкімі А. Баталов қытайлық әріптестеріне облыстың мүмкіндіктері туралы баяндап, «Қорғас» шекара маңы орталығында және индустриалды аймақтарда серіктестікті дамытуға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Сапардың екінші күнінде ауқымды бизнес-форум өтіп, онда Жетісу өлкесінің инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Облыс басшысы А. Баталов кәсіпкерлерге ешқандай төрешілдік кедергісіз барлық жағдай жасалатынын жеткізді. ШҰАӨ төрағасының орынбасары Мао Сайдихамуза Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы екі аймақтың ынтымақтастығын кеңейту мен дамытудағы керемет платформа екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бұл тек экономикада ғана емес, білім, ғылым, туризм салаларында да жаңа байланыстарға жол ашатынын тілге тиек етті. Жалпы, сапар барысында 10-нан астам ірі компаниялар Алматы облысымен жалпы сомасы 2 млрд. доллардан астам инвестиция болатын 12 меморандумға қол қойды. Олардың қатарында күн және жел электр стансаларының, қабырға панельдерін шығаратын инновациялық зауыттың, қазақстандық-қытайлық агрокешеннің, ауыл шаруашылығы агроөңдеу паркінің құрылысы және тағы басқа жобалар бар. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, мәдени, іскери байланыстар дамытылып, бұдан әрі де ынтымақтастықта болу мәселесі пысықталды.

 

Ал шырайлы шығыс өлкеміздегі ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР-дағы АҚШ  дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Джон Марк Поммершайммен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі салалардағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.Даниал Ахметов Қазақстан Республикасындағы АҚШ дипломатиялық миссиясының өкіліне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.Өз кезегінде Поммершайм Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі мәдени, экономикалық және өзге салаларда әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.  ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс пен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,8%-ды құрады.  2016 жылдың басынан ШҚО мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 6,0 млн. АҚШ долларын жетті.

 

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде әлем елдерін алаңдатып отырған жағдай. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы саласына баса мән беріп, елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату оң ықпалын тигізбек. Қазақстан бұл бағытта халықаралық деңгейдегі өз орнын айқындауда шараларды қолға алып, белсенділік танытуда. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы қатысушыларына үндеу жолдады. Үндеуді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жария етті. «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас ассамблеясының тұсаукесер сесиясына қатысушыларға! Құрметті ханымдар мен мырзалар! Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының тұсаукесер сессиясына «Ұлы дала елінің» елордасы Астанаға қош келдіңіздер! 2011 жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері 38-ші кеңесіне төрағалығымыз барысында көтерілген өзара азық-түлік жәрдем қорын құру туралы бастаманың қолдау тапқанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Аталған ұйым хатшылығының Астанада орналасуын Қазақстан үшін ерекше сенім мен жауапкершілік деп түсінеміз. Ислам әлемі ашаршылықты жою, ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты көкейтесті мәселелерді шешеуден шет қалмауы тиіс. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер күш-жігерлерін жұмылдыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қоса алады. Өз кезегімізде еліміздің ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық және экспорттық жүйелерінің әлеуетін барынша пайдалануға әзірміз. Алдағы уақытта ИЫҰ-ға мүше барлық елдер Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылатынына сенім білдіремін», - делінген ҚР Президенті үндеуінде.

Осы жиында, яғни елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының құрылтайшы сессиясында ұйымға 5 мемлекеттің қосылуы ресми рәсімделді. «Осы іс-шаранны ұйымдастыру кезінде бірқатар мемлекеттен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылу ниеттері бар екендігі туралы өтініштерін алдық. Қазір сол мемлекеттердің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысына қол қою рәсіміне кезек берейік», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Осыдан кейін Бангладеш, Катар, Мазамбик, Тәжікстан және Камерун елдерінің өкілдері Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысына қол қойды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы жарғысы 10 мемлекет ратификациялағаннан кейін толық күшіне енетіні де елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясында белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының жарғысы 10 мемлекет ратификациялағаннан кейін толық күшіне енетіндігін атап өткен қажет деп санаймын. Бүгінгі таңда Қазақстан, Нигерия және Буркино-Фасо тарабынан ратификациялау рәсімдері аяқталды және қазір ғана Кувейт елінің өкілі ратификациялау рәсім өткендігін жария етті», - деді ол.Министрдің атап өтуінше, қабылданған ережелерге сәйкес, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысы 10 ел қол қойғаннан кейін алдын ала қолданылмақ. «Бүгінгі таңда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысына бүгін рәсімдеген елдерді алғанда 31 мемлекет қол қойғаны белгілі. Жаңа мүшелерді қосу және қол қойған мемлекеттердің жарғыны ратификациялауы жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Маған берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының толыққан мүшесі болу үшін сіздердің мемлекеттеріңіздің жарғыны жедел түрде ратификациялауына күш салуларыңызды сұраймын», - деді А.Мамытбеков.

Сондай-ақ министр Қазақстан әлемде ұзаққа созылған аштық пен тойып тамақтанбау проблемасын жою мәселесінде белсенді рөл атқара алады, деді. Бұл туралы ол Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлері конференциясының 7-ші сессиясында мәлім етті. «Бүкіл әлемде ұзаққа созылған аштық пен тойып тамақтанбау проблемасын жою үшін ынтымақтастықты кеңейту қажет, Қазақстан осы мәселеде белсенді рөл атқара алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағалауына сәйкес, 129 ел, оның ішінде Орталық Азия елдері, Қазақстан 2015 жылға қарай аштыққа ұшырағандар үлесін екі есеге төмендету бойынша мыңжылдықтың дамуы мақсатына қол жеткізді», - деді А.Мамытбеков. Сонымен қатар, ол Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі астықты өндіруші және экспорттаушы негізгі ел болып екенін, осылайша өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып отырғанын атап өтті. Қазақстан ФАО-да орналасқан «Жиырмалық тобы» аясындағы Ауыл шаруашылығы нарықтары туралы ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне (АМИС) белсенді қатысатындығын айта келе Қазақстанның жоғары ауыл шаруашылығы әлеуеті туралы кеңінен баяндады.
«Біз соңғы 5 жыл бойы ұн мен астық экспорттау бойынша әлемде жетекші орында келеміз. Біздің табиғи ресурстарымыз - шамамен 24 млн. гектар егістік жер мен 66 млн. гектар жайылым. Жалпы өнім көлемінің артуы соңғы 5 жылда 1,5 еседен асып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2,7 трлн. теңгені немесе шамамен 10 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 4,4 пайызға артық», - деді министр.

 

Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласында ЕАЭО-тың алатын орны ерекше. Одақтың мүшесі болып табылатын Қазақстан да осы маңызды мәселеге баса көңіл бөлуде. Осы тұрғыда, Еурзиялық экономикалық одаққа импорт алмастыру бойынша шынайы бағдарлама әзірлеуі қажеті. Бұл туралы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсібі алқасының мүшесі Сергей Сидорский Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі алқасының бірлескен отырысында айтты.  Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінен хабарланды. Алқа отырысына Одақтас мемлекеттердің мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота қатысты. Жиында Ресей мен Беларусьтың 2015 жылғы агроөнеркәсіп кешені саласындағы жұмыс қорытындысы мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралып, АӨК саласындағы одан арғы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Отырыста  сөз алған ЕЭК министрі Беларусь пен Ресейдің ЕАЭО-ның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айтарлықтай үлес қосып отырғандығын айтты. «Бұл аграрлық өндірістің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінде елдердің өзара іс-қимылын белсендіру үшін жақсы үлгі болады деп санаймын. Дәл осыған Еуразиялық одақ елдерімен жүзеге асырылатын келісілген агроөнеркәсіп саясат бағытталған», - деді Сергей Сидорский. ЕЭК министрі еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің бір-бірін толықтыра түсу мәселесіне орай комиссия әзірлеген ұсынымдарды тиімді пайдалануды ұсынды. «Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің сұраныстары мен ұсыныстарының болжамын қалыптастыру одақтың ішкі нарығындағы бәсекеге қабілетті өнімнің өндіріс және тұтыну көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Болжау тетігі интеграция процестерін тередетіп, мүше мемлекеттердің экспорттық мүмкіншілігін, азық-түлікпен өзін қамтамасыз ету жай-күйін бағалап қана қоймай, импорт алмастыру салаларын айқындап, импорт алмастыру бойынша шынайы бағдарлама жасауға өз септігін тигізеді», - деді С.Сидорский. Айта кетерлігі, екі елдің ауыл шаруашылығы ведомстволарының бірлескен отырысы жылына 1 мәрте тұрақты түрде өткізіледі.

Ал БАӘ «қант королі» - әлемдік ірі қант өндірушілердің бірі, «Al Khaleej Sugar» компаниясының басшысы Джамаль әл-Гурейр Қазақстан нарығына кіруге мүдделілік танытып отыр. Ол осы мақсатта Қазақстанға инвестициялық сапармен келмек. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі аккаунтында Қазақстанның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф хабарлады. «Оны арабтар «қант королі» деп атайды. Джамаль әл-Гурейр - «Al Khaleej Sugar»  (арабшадан аударғанда «Парсы шығанағының қанты» дегенді білдіреді) компаниясының иегері. Бүгінде «Al Khaleej Sugar» компаниясы Арабия түбегіндегі қант өндіретін ірі  зауыт. Кәсіпорыннның өндірістік қуаты - жылына 1,5 млн. тоннаны құрайды. Өнім әлемнің 40 еліне экспортталады», - деп жазды елші.  «Дамаль әл-Гурейрмен достық әңгіме барысында таяудағы уақытта Қазақстанға келу ниетін білдірді, ол «Al Khaleej Sugar» компаниясы Қазақстан нарығына кіруге мүдделілік танытып отырғанын атап көрсетті, кәсіпорын шикізат базасы - қант қызылшасы өндірісін дамыта отырып, қазақстандық қант өндіруге бет бұрмақ», деді дипломаты. 

 

Ал Иран кәсіпкерлері Ақтөбе облысында қой шаруашылығын дамытпақ. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «Агро Ай Групп» ЖШС бас директоры Тавакол Эбрахимимен кездесу барысында Иран мен Ақтөбе облысы бизнес-қоғамдастықтарының ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Ираннан Ақтөбе облысына келген кәсіпкерлер өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу үшін келді. Атап айтқанда, шетелдіктер алаңы 40 гектар жылыжай, сондай-ақ қуаты 10 мың бас ірі қара мал және 10 мың бас қойға арналған ферма салу үшін тиімді жағдай іздей келген. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы мен Иран арасындағы тауар айналым кеден органдарының деректеріне сәйкес, 17,4 млн долларды құрады. Бұл біздің өңір мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетіне толықтай сәйкес келмейді, деп санайды Бердібек Сапарбаев.«Ақтөбе облысында агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін ауқымды әлеует бар, өңірде 1 млн гектардан астам егістікке тиімді жер, 30 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Бұл ретте 100 мың гектардан астам суармалы сумен қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық және шабындыққа жарамды жерлер мүмкіндік береді », - деді өңір басшысы қонақтарға.Кездесу қорытындысы бойынша, ирандық инвесторлар Ақтөбе облысының билігіне өңірде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған іскерлік және ғылыми ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісім жасасуды ұсынды.  Келісім ирандық бизнесмендердің келесі сапары барысында пысықталмақ.

 

Ауғанстанның әскері мен министрліктері Қазақстан астығының тұтынушысына айналуда. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ауғанстан Ислам РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, астықты коммерциялық негізде түрлі бизнесмендер жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, ауған азаматтары Қазақстанға арнайы келіп, астық сатып алуда. «Жалпы, бізден 600 мың тонна бидай сатып алынады. Бұл тұрғыда мәселенің мәнісі мемлекеттік қажеттіліктер үшін перспективалық шарттарға қол қоюға байланысты болып отыр. Себебі, Ауғанстанда күш құрылымдарының блогы өте қуатты. Қазіргі кезде күш құрылымдарда 341 мың адам қамтылған», - деп тоқталды Елші. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау және Білім министрліктері де еліміздің тауарларын ауқымды көлемде тұтынады екен.

«Осы орайдағы жұмыстар еліміз өнімдеріне Ауғанстандағы сұранысты ретке келтіріп, тиісті шараларды қабылдауға қатысты болуда»,-деді ол. Ө. Бітімовтың айтуынша, астық ақысыз негізде жеткізілмейді, тек гуманитардық апаттар кезінде ғана тегін беріледі. «Ақысыз негізде біз табиғи апаттар кезінде көмектестік. Жыл сайын азық-түлікпен, киім-кешекпен, төсек-орын жабдықтарымен көмек бердік»,-деді ол. Елшінің пайымынша, экспортты жандандыру үшін басты проблема - ол қауіпсіздік. «Біздің жеткізушілер ондағы ахуалдан тиісті деңгейде хабардар емес. Сондықтан белсенділікті осы мәселе тежеп тұр»,-деді ол.

 

Білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық

Қазақстанның халықаралық деңгейде білім және мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастығы - басқа елдермен қарым-қатынасындағы болашағы мол бағыт. Осыны ескерген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева отандық оқытушыларды қысқа мерзімге шетелге тәжірибе алмасуға жіберудің тиімділігіне күмән келтіріп отыр. «Қысқа мерзімді сапарлардың, тәжірибе алмасулардың тиімділігіне менің үлкен күмәнім бар. Екі аптада, тіпті екі айда не үйреніп келуге болады? Екі айда ол жерге тек беймделуге кетеді, кейін тағы 2-3 ай қалса, терең білім алуы мүмкін, бұл - шындық», - деді ол бүгін Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-Техникалық университетіне жасаған сапары кезінде. Осыған байланысты, Вице-премьер ҚР БҒМ-не қазақстандық мамандар мен студенттердің шетелде білім жинақтаудың осындай алгоритмін жасақтауды тапсырды. «Мен шетелден біздің университеттерге түрлі салалар бойынша мамандарды 1, 2, 3 жылға келісімшартпен шақыруға көп сенемін. Шетелдік сапарлар мен тәжірибе алмасуларға кеткен қаражаттарды университеттің жұмысын жолға қойып бере алатын шетелдік мамандардың келісімшарттарына жұмсау едәуір пайдалы болар еді. Меніңше, бұл тиімдірек», - Д.Назарбаева.

 

Ал белгілі ақын, саясаткер, қоғам қайраткер Олжас Сүлейменовке Ататүрік атындағы университеттің құрметті докторы атағы берілді. Ататүрік атындағы университеттің ректоры Хикмет Кочак ақын, түркі әлемінің белгілі қоғам қайраткері, «Мәдениет» қорының президенті Олжас Сүлейменовке Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік атындағы университеттің құрметті докторы атағы берілгені туралы дипломды  тапсырды. «Бұл атақ оған мәденетаралық диалогты дамытуға, халықтар достығын нығайтуға сіңірген еңбектері және түркология саласындағы көпжылғы жемісті зерттеулері үшін берілді», - делінген ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің хабарламасында.Салтанатты рәсім ақынның, дипломаттың және ғалымның алдағы жақындап келе жатқан 80 жасқа толуы мерейтойына орайластырылды. Оған Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКІСОЙ халықаралық түркі әлемі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Эрзурум губернаторы Ахмет Алтыпармақ, сондай-ақ Түркияның қоғам және мәдениет қайраткерлері, журналистер, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Ататүрік атындағы университеттің ректоры Х.Кочак  өз сөзінде ақын О.Сүлейменовтің түркі әлемінің мәдениеті мен өнеріне, ғылымы мен әдебиетіне  қосқан үлесі, сондай-ақ оның түркі кеңістігінде бірлік пен ынтымақтастықты нығайту және сақтау жөніндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Университет кеңесінің шешімімен О.Сүлейменовке түркі мәдениетіне, сондай-ақ өткеннің ортақ рухани құндылықтарын түлетуге, түркі әлемніің  көшпелі заманнан ежелгі мәдениетіне дейінгі түркі тарихын зерделеуге қосқан орасан үлесі үшін құрметті доктор дипломын тапсыру туралы шешім қабылданды», - деді Х.Кочак. Эрзурум қаласының губернаторы А.Алтыпармақ провинция тұрғындары атынан өз құттықтауын жеткізді: «Бір замандарда орыстың ұлы ақыны А.Пушкин Эрзурумға келіп, «Арзрумға саяхат» деген кітабын жазған болатын. Бүгін түркі дүниесінің мақтанышысы ақын О.Сүлейменов те біздің қаламызда болып, бізді жаңа леппен қанаттандырды». ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов университеттің қазақ жазушысына құрметі - бүкіл Қазақстанға құрметінің көрінісі деп атап көрсетіп, ТҮРКІСОЙ атынан өзінің зор ризашылығын білдірді. Елші Ж.Түймебаев О.Сүлейменовтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан зор үлесі туралы айта келіп, ақынның дипломатиялық қызмет саласындағы жемісті жүмысын атап өтті, Қазақстан атынан Эрзурум қаласы әкімшілігі мен университетіне үлкен ризашылығын жеткізді. О.Сүлейменов салтанат аясында түрік халқына алғысын айтты және түркі халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын сақтауға шақырды. Атап өтейік, Ататүрік атындағы университет, Түркиядағы ірі оқу орындарының бірі, онда 23 факультетте 25 мың студент білім алады. 

 

Ал Ауғанстан студенттері Қазақстанның оқу орындарын жоғары бағалады. Ауған елі «Қазақстан-Ауғанстан» мемлекеттік білім беру бағларламасын жалғастыруға өтініш білдірді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов мәлім етті. Бұл бағдарлама 2010 жылы басталған болатын. Бұл бағытта 50 млн. доллар бөлінді. 10 жылға негізделген осы бағдарлама аясында Қазақстан жоғары оқу орындарында 1 мың ауған студенті білім алады. Осы ретте Ө. Бітімов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы өте танымал болғандығын атап өтті. Өткен жылы 200 студент шақырылған кезде бір орынға 1 мың адам үміткер болған екен. Бүгінде Ауғанстнның 200 азаматы оқуын тәмамдады, олардың арасында полицейлер мен шекарашылар да бар. Сонымен қатар медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер оқуын жалғастыруда. Ал инженер мамандар Ауғанстанда жұмыстарына кірісіп кеткен көрінеді.«Біздің білім беру бағдарламамыз халық пен үкіметтік құрылымдар арасында өте жоғары бағаға ие болып отыр. Біздің оқу орындарымыз жайында оларда өте жақсы пікір қалыптасты. Олар осы бағдарламаны жалғастыруды, сондай-ақ оны кеңейте түсуді өтінді. Себебі, бұл бағыттағы жұмыстар Ауғанстан экономикасын көтеруге және осы елдегі ахуалды тезірек тұрақтандыруға  қосып отырған елеулі үлес болып табылады»,-деді Елші. Осы ретте ол Қазақстанда білім алған ауған студенттері ешқашан лаңкестердің қатарына қосылмайтындығына, керісінше, лаңкестік пен экстремизмге және ескірткі саудасына қарсы күресетін азаматтар болатынына сенім артты. 

 

 

Ал ҚММУ оқытушылары Швецияда тағылымдамадан өтеді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртановтың Швецияға барған жұмыс сапары аясында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті (ҚММУ) мен Лунд Университетінің Таяу шығыс елдерін зерттеу орталығы арасында «Биология» бағыты бойынша Split-PhD бағдарламасын іске асыру келісіміне қол қойылды. Аталған келісім ҚММУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға, тағылымдамадан өтуге, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және «Болашақ» бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО базасында PhD докторантураға түсуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, келісім онкологиялық жасушаларды зерделеу саласында зерттеу жүргізуді, ісікке қарсы препараттарды іздеу, сондай-ақ, жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану мүмкіндігін қарастырады.Елжан Біртанов Лунд Университетінің Вице-канцлері, профессор Ева Вибергпен ЖОО арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қою мәселелерін тақылады. Сонымен қатар вице-министр Медицина факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары Карин Фриденлундпен білім беру бағдарламалары, студенттермен және оқытушылармен өзара алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

 

Ғ.Мұтанов БҰҰ Өркениет альянсының жаһандық форумында «Al-Farabi university smart city» жобасын ұсынды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бакуде БҰҰ Өркениет Альянсы VII жаһандық форумы алаңында сөйлеген сөзінде айтты. Ұлы ойшыл Әл-Фарабиге арналған сессияға Өркениет альянсының Түрік ұлттық үйлестіру кеңесінің төрағасы Бекір Қарлыға, қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов пен ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты. «Бүгінде баршамыз соғыс, лаңкестік, нәсілдік және діни төзімсіздіктің куәсі болудамыз. Экстремистік қақтығыстардың өсуі аясында кей адамдар     терроризм, экстремизм ұғымын ислам дініне таңылған қауіпті қосымша ретінде тануда. Алайда қатарында Әбу Насыр әл-Фараби бар классикалық ислам ойшылдарының философиясында басымдық әмбебап рухани-адамгершілік құндылықтар мен идеалдарға берілген. Олар ізгі қоғам қалыптастырудың бейбіт жолдарын ғана ұсынған», - деді ҚазҰУ ректоры. «Қай кезеңде болмасын рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіруде басты рөл білім беру жүйесіне, тұтастай, әсіресе университеттерге жүктеледі. Әл-Фараби   адамгершілік құндылықсыз білім күллі адамзат үшін қауіп екенін айтқан. Сондықтан университеттер құзыретті мамандар ғана емес, сонымен қатар ізгілікті қоғам тұрғындарын қалыптастырудың қайнар көзіне айналуы тиіс», - деді Ғ. Мұтанов. ҚазҰУ ректорының айтуынша, осы проблемаларды сезіну Әл-Фараби атын иеленген университетке «Al-Farabi university smart city»  ғылыми-инновациялық жобасын әзірлеуге негіз болды. Жобаның негізі Әл-Фараби ізгі қоғам идеясы болып табылады.  Ал оны таратушылар - студенттер. «Дүниежүзінде 20 мыңнан астам университет бар, егер олардың әрқайсысы  әлем азаматтарына жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастырумен айналысатын болса, ізгі қоғам құрғанымызға сенімді боламыз. Сол кезде адам өркениеті орнықты дамып, бейбіт ғұмыр кешетініміз сөзсіз», - деп сөзін түйіндеді ректор. Еске салсақ, форумға БҰҰ мүше елдерінің үкіметтері мен мемлекеттер басшыларын қоса алғанда, 2000-ға жуық қонақ, саяси көшбасшылар, халықаралық және өңірлік ұйымдар өкілдері, жеке сектор, өнер, медиа, академия, донорлық ұйымдар, қорлар, әріптестік құрылымдар өкілдері  қатысты. Жоғары деңгейдегі отырыста   Баку декларациясын қабылдау жоспарлануда. 

 

Түркиямен білім мен мәдениет саласындағы байланыстарды нығайту екі елдің өркендеуінің алғышарттарының бірі. Қазақстандық өнер өкілі Айман Мұсақожаева тұңғыш рет атақты Ыстамбұл симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті. Әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ыстамбұлдың өнерсүйер қауымына естен кетпес мерекелік концерт қойды.Салтанатты кешті түріктің белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, халықаралық ұйым жетекшілері мен жоғары оқу орнының студенттері тамашалады. Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның шығармашылығы түрік жұртына жақсы таныс. Скрипкашы былтыр Қазақ ұлттық Өнер университетінің ұжымымен бірге Түркияның төрт бірдей қаласында концерт қойып, халықтың ықыласына бөленген. Алайда осы жолы Айман Қожабекқызы тұңғыш рет атақты Ыстамбұл симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті. Кеште әлемдік классиканың үздік шығармалары мен Арам Хачатурянның музыкалары орындалды. 
«Өздеріміз өте бақыттымыз, өте ризамыз. Неге десеңіз, музыка қазіргі жағдайда өте қажет. Ол орыс болса, мен қазақ болсам, біз армян музыкасын, түрік музыкасын ойнап, керемет концерт бердік. Қазақстанның 25 жылдық мерекесіне орайластырып жатырмыз», - дейді ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева. Мерекелік концертте түріктің опера әншісі Седа Ортач та өнер көрсетті. Ол Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариясын шырқап, өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Ал сахна майталманы, Қазақстанның халық әртісі, белгілі опера әншісі Шахимардан Әбілов Абайдың ариясы мен Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін нақышына келтіре орындады. «Қазір 25 жылдың ішінде бүкіл әлем біледі біздің өнерімізді. Оның ішінде қазақ тілінің диапазонын, қазақ тілінің үнін әлемдік дүние өзінің интонациясынан, гармониясынан білініп жатыр. Ал мен Екатеринбордан бастадым. Калининградтан келіп, қазір Ыстамбұлдың симфониялық оркестрімен концерт беріп жатырмыз», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов. Мерекелік кештің соңында көрермен қауым қазақтың өнер тарландарының шеберлігіне тәнті екендіктерін атып, ақжарма тілектерін білдірді. Мехмет Хайри Өзгюзал, көрермен: «Ұмтылмас концерт көрдік. Уақыт бөліп келгеніме қатты қуандым. Өнерпаздардың шеберлігі өте жоғары деңгейде. Оларға алда шығармашылық табыс тілеймін». Дөне Яниеды, көрермен: «Классикалық музыканы ұнатамын. Сондықтан концерттерге жиі барып тұрамын. Бүгін Айман Мұсақожаеваны алғаш көріп, өнеріне ерекше тәнті болдым. Расында, скрипкада өте шебер ойнайды екен. Егер ертең концерті болса, тағы да алып-ұшып барар едім. Ыстамбұлға қайта келуін тағатсыздана күтетін боламыз». Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай әлемнің бірқатар елінде өнер көрсеткен әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева көпшіліктің өтінішімен Түркияның Самсун мен Бурса қалаларында да концерт қоймақ.

 

Айман Мұсақожаеваның ізбасарлары іспетті болашақта еліміздің атын әлемге паш ететін жас өнер иелері де аз емес. Мәселен, қазақстандық  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Массачусетс технологиялық институтында «Сарыарқа» күйін орындады. «Қазақстандық студенттер Массачусетс технологиялық институтында «Сарыарқа» күйін орындады!», - деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ елшілігі Фэйсбуктегі ресми парақшасында.  Қазақстандықтар Құрманғазы Сағырбайұлының туындысын  институттың «Килиан Холл» залында орындады. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) - композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат-тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе Құрманғазы күйін тыңдаңыз. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Адай» сынды күйлері қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады.Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы елде орын алып жатқан заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы жазықсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның «Сарыарқа», «Алатау», «Бұлбұлдың құрқұры» атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, «Кішкентай», «Төремұрат», «Адай» күйлері батырлар бейнесін, «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Кісен ашқан» күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған.

Алматыда Түркия жоғары оқу орындарының көрмесіне 8 университет қатысады. Алматыда Түркия университеттерінің көрмесі қарсаңында «Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті. Оған Алматы қаласында және еліміздің басқа да өңірлерінде орналасқан маңдай алды отандық университеттермен қатар, Түркия жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, білім саласында өзара ынтымақтасу мәселелерін талқылады. «Бүгінгі конференцияның басты мақсаты - Қазақстанның университеттерін Түркияға, ал Түркияның университеттерін Қазақстанға таныту. Біз түбі бір түркі халықтарымыз. Сондықтан, білім саласында өзара байланысымызды арттыра түсуіміз керек деп ойлаймын. Өйткені, сапалы білім  - қай ел болмасын, дамудың маңызды факторларының бірі. Біз бүгін қазақстандық әріптестермен осы білім беру саласындағы жетістіктеріміз, бағдарламаларымыз жайлы әңгімелесіп, жақын таныстық», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Түркиядағы Халықаралық студенттердің қызмет көрсету Қауымдастығының (ISSA) бас өкілі, доктор Дұрсын Айдын. Ол сонымен қатар, Алматыда өтетін көрмеге Түркиядан 8 университет қатысатындығын жеткізді. «Ол университтердің ішінде Аталым, Бейкент, Догуш, Фатих Сұлтан Мехмет, Ыстамбұл Шехир, Байбұрт, Фырат университеттері мен  Карадениз техникалық университеті бар. Жалпы, қазіргі таңда Түркияда 200-ге жақын жоғары оқу орындары бар. Олардың басым бөлігі мемлекет меншігінде. Мемлекеттік университеттерде шет елдік студенттерге арналған білім бағдарламалары жүзеге асырылады. Оқу негізінен түрік тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік университетерде орта есеппен жылдық оқу ақысы 3000 долларды құрайтын болса, шет елдік студент оның 500 долларын ғана төлейді. Ал қалған бөлігін Түркия мемлекеті өз мойынына алады. Оның үстіне бүгінгі таңда Түркиядағы білім бағдарламалары Еуропадағы білім стандарттарымен толығымен теңестірілген», - деді Д. Айдын. Алматыда көрме 23-24 сәуір аралығында Алматыда Grand Aisher қонақ үйінде болады. Айта кетелік, бүгінгі таңда Түркияда 2000-нан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. 

 

Е.Ыдырысов ШЫҰ хатшылығының кітапханасына Н. Назарбаевтың кітабын сыйға тартты. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытай мен Қырғызстан сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері орынбасарларымен бірлесіп, «ШЫҰ көк шалғынына» ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Дипломат Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының ашылған кітапханасына ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жүзге жуық кітабын тарту етті. «Сіздермен Шанхай ынтымақтастық ұйымы штаб-пәтерінде кездесу - мен үшін үлкен мәртебе. «ШЫҰ көк шалғынының» ашылуына қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Оның жасыл кілеміне ұйымның негізін қалаушы алты мемлекет халқының мызғымас достығын паш ететін алты қарағай жайғасты. Бұл Шанхай рухына, ұйымның бірлесіп дамудағы жасампаз күшіне деген адалдық. Мәңгі жасыл ағаштардың жасы - 15 жыл. Яғни, он бес жылда Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен даңғыл жолына сәйкес келеді», - деді ағаш егу рәсіміне қатысушыларға ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлімов. ШЫҰ мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығы ұйым хатшылығының кітапханасына кітап сыйға тартты.

 

Ал Әзербайжанда Шеки қаласында «Юхары Баш» мемлекеттік тарихи-сәулет қорығы аумағында 2016 - түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде Шеки жылының салтанатты ашылуы өтті. Шара қаланың бекініс қақпасының ішінде басталып, «Жазғы театрда» концерттік бағдарламаға ұласты. Рәсімге БҰҰ Өркениет альянсының жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер, Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, ӘР мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев, белгілі қазақ жазушысы Олжас Сүлейменов, халықаралық ұйымдар, түркі тілдес елдер делегациясы, Милли Меджлис депутаттары, Әзербайжандағы елшілік өкілдері, көрнекті ғылым, мәдениет қайраткерлері, басқа да қонақтар қатысты.

«Жыл астанасы» салтанатты ашылу рәсімінің бағдарламасы қызықты, ерекше шараларға бай болды. Жазғы театрда қорық аумағында «Түркі әлемінің мәдени астанасы - Шеки 2016» жылының ресми ашылу рәсімі өтті. Сосын 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылы медиа саласында ерекше көрінген  Әзербайжан, Қазақстан және басқа да түркі тілдес елдердің өкілдері мен басшыларына ТҮРКСОЙ наградаларын тапсырды. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ наградаларын «Казахстанская правда» РГ» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков пен «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп алды.

Рәсімнен кейін Әзербайжан және басқа да түркі тілді елдердің музыкалық ұжымы қызықты музыкалық бағдарлама ұсынды. Қатысушылар Әзербайжанның белгілі ақындары, мугама шеберлері, Қазақстан, Түркіменстан, Түркия, Қырғызстан, Башқұртстан, Гагаузиядан келген би ұжымдары, әншілердің, Шеки қаласы  камералық оркестрінің  өнерін тамашалады. Рәсім отшашумен аяқталды. Шеки қаласы 2016 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады. Бұл шешім түркімендік Мары қаласында өткен ТҮРКСОЙ  мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 33-ші отырысында қабылданған.

 

Жапондық «Ниппон» қоры Түркі академиясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Бұл туралы Түркі академиясы халықаралық ұйымына жапониялық «Ниппон» қорының атқарушы директоры Йоджи Мори, Қордың халықаралық бағдарламалар бойынша үйлестірушісі Икуко Окубо мен «Жапонияның Түркиямен және Орталық Азиямен достығы ассоциациясының» төрағасы Киоко Врбоски келуінде белгілі болды, деп хабарлады халықаралық ұйымның баспасөз қызметі. Күншығыс елінен келген қонақтарды қарсы алған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі мен жүзеге асырып жүрген ғылыми жобалары жайлы кеңірек таныстырды. Сонымен қатар, кездесуге Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов қатысты. Екіжақты кездесуде тараптар болашақта өзара ынтымақтастық орнатуға уағдаласып,  бірлескен ғылыми жобалар жүргізу жайын талқылады. Кездесу барысында Йоджи Мори мырза Қазақстанды Орталық Азияның жетекші мемлекеті ретінде танитынын, осы сапар барысында соған көздері тағы бір жеткенін баса айтты. Академияның кітапхана қорымен танысқан жапондық мамандарға ұйым басшысы ағылшын тілінде жарық көрген құнды басылымдарды тарту етті. Айта кету керек, Жапонияның іргелі «Ниппон» қоры - 1962 жылы бизнесмен және саяси қайраткер Риочи Сасакаваның бастамасымен Жапонияның кеме қатынасын қолдау мақсатында құрылған мемлекеттік емес ұйым. Құрылған күннен бері қордың қызмет аясы кеңіп, бүгінде түрлі волонтерлік ұйымдарға көмек көрсету, денсаулық, ғылым, білім беру, ауыл шаруашылығы және әлемдегі адами капиталды дамыту сынды жобалармен де айналысады. Сондай-ақ, Қор басқарушы қабілеті зор ғалымдар мен студенттерді тәрбиелеп, қалыптастыруға бағытталған бастамаларға басымдық беріп отыр. 

 

Голландия мен Италия компаниялары Қазақстан қалаларын бірегей өсімдікпен көгалдандыруды ұсынады. Астанада Гүлдер, жайлылық пен әдемілік атты апталық басталды. Шара аясында гүлдер мен өсімдіктер, гүлзарлар, коттедж құрылыстары мен абаттандыру және дизайн бағытын қамтыған көрме ашылып отыр.  Көрмеге әлемнің 12 елінен 120-ға тарта компаниялар қатысуда. Ондағы әрбір алаңда бизнес-әріптестікті дамыту үшін жағдайлар жасалған. Мәселен, осындай алаңда «AstanaFloraExpo» бойынша Голландия, Италия мен Ресей компаниялары қазақстандық мамандармен ынтымақтастыққа әзірлігін танытуда. «Биыл «AstanaFloraExpo» көрмесі осымен 8-і мәрте өткізілуде. Сонымен қатар, биылғы жылдың басты ерекшелігі Голландия мен Италия өсірушілері өздерінің бірегей өсімдіктерін, гүлдерін ұсынып отыр. Бұл өсімдіктер Қазақстанда  өсірілмейді, сондықтан да олар Қазақстанның қалаларын көгалдандыру үшін отырғызу материалдарын ұсынғысы келеді. Ондай ерекше өсімдіктерді Астана мен Алматы қалаларында отырғызу ұсынылады», - дейді «AstanaFloraExpo» менеджері Айгерім Серікова. Оның айтуынша, голландиялық өсімдік өсірушілер негізінен жеке және коммерциялық бақшалар құру үшін өсімдіктер ұсынса, италиялық компаниялар бақша, бөлме және көше өсімдіктерін өсірумен айналысады. Бұдан бөлек, көрмеге бақша және жеміс дақылдарының тұқымдарының, отырғызу материалдарының ірі жеткізушісі саналатын «Сады России» компаниясы да алғаш рет қатысып отыр. Олар дәл осыған ұқсас желіні Қазақстанда ашуға қызығушылық танытады. Айта кетерлігі, апталық аясында Астанада өсімдіктер өсіру мен көгалдандыру тақырыптарын қамтыған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланған. 60-тан астам компания өкілдері шақырылған шараның басты мақсаты - Орталық Азия мамандарының басын қосып, тәжірибе алмасу. Оның барысында Еуропа қалаларын көгалдандыру тәжірибесі талқыланып, білікті мамандар баяндама жасайтын болады.

 

Түйін

Қазақстанның сыртқы саясатында шетелдермен маңызды бағыттардағы ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Себебі, бұл ел экономикасын, демек, халықтың әлеуметтік ахуалын жоғарлатудың бірден бір кепілі. «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жарияланған еліміздің сыртқы саясатына қатысты материалдар легі көрсеткендей, бұл мемлекетіміздің халықаралық аренада өзіндік орны бар екенін байқатады.

Яғни, Қазақстан саяси-экономикалық, мәдени, білім, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік салаларында басқа мемлекеттермен әрі де ынтымақтастығын дамыта бермек. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ, ядролық қарусыздандыру бойынша өзара тығыз қарым-қатынастар орната беретін болады. Еліміз жан-жақты тұрғыдан мызғымас достық орнатқан елдер арасында Қытай, Иран, Польша сынды мемлекеттерді атап өтуге болады. Ал ТМД елдерімен «бір жеңнен қол, бір мойыннан бас шығару» аса маңызды.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан барлық бағыттар бойынша шет мемлекеттермен ынтымақтастықтарын әлі де нығайта түсетін болады. «ҚазАқпарат» ХАА еліміздің сыртқы саясатына қатысты маңызды материалдарын жалғастыра береді. 

Соңғы жаңалықтар