ШОЛУ: Ұлт жоспарын сапалы орындау - бірінші кезектегі негізгі міндет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.    

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Қазақстандық арманға бастайтын - Ұлт жоспары ел іші сыртында үлкен талқыға түсіп, әлемдік саясаткерлердің оң бағасын алды. Бүгінге дейін Ұлт жоспары аясында қыруар іс-шаралар атқарылып жатыр.

14 маусым күні Ақордада өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің аралық қорытындыларына арналған кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 23-і толық орындалғандығын мәлім етті.

Кеңесте Мемлекет басшысы өткен кезеңдерде атқарылған жұмыстар алға қойған реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін жағымды ахуал қалыптастырып отырғанын атап өтті.

«Біз айқындаған бес институционалдық реформа - бұл жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы кешенді даму жоспары. Сондықтан да Ұлт жоспарын сапалы орындау - бірінші кезектегі негізгі міндет. Осы аралықта үлкен жұмыстар атқарылды. Үкімет қажетті заңдарды, тиісті нормативтік актілерді қабылдады, меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделі енді, әділсот жүйесінің үшбуынды жүйесіне көшу жүргізілді. Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңес те жұмысқа кірісті. Бұдан бөлек, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары да қатайтылды. Салықтық және кедендік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыстар атқарылу үстінде. Ауқымды жекешелендіру жүзеге асуда, елді индустрияландырудың екінші кезеңіне қадам бастық, әлеуметтік саясат та жетілдірілу үстінде, мемлекеттің есептілігі күшейтіліп жатыр. Тұтастай алғанда бүгінгі күні «100 нақты қадамның» 23-і толығымен орындалды», - деді Президент.

Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге бағытталған Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінң назарынан тыс қалған емес. Біз бүгін агентігімізде сәуір айында «Болашаққа 100 қадам» айдары бойынша жарияланған материалдарға шолуды ұсынамыз.

 ***

Мемлекет стратегиялықменеджерболуытиіс - БақытСұлтанов

 

 «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Қазақстан Республикасының бюджет саясатын трансформациялау үдерістеріне үлкен көңіл бөлінген. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу мемлекеттің экономикаға қатысу тәсілдерін түбегейлі қайта қараумен қоса жүреді. Олай болса, осы трансформациялау үдерісі қалай өтіп жатыр? Ол туралы бүгін ресми БАҚ-та жарияланған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановпен әңгімеде сөз болады.

- Бақыт Тұрлыханұлы, өт­кен жы­лы Қазақстан әлемдік дағдарыстың барлық «қызығы» мен «шыжығын» өзі де татып көрді. Біздің бюджет энергия ресурстары құнының осылайша күрт құлдырауына қалай төтеп берді? Ен­ді үстіміздегі жылға перспективалар қандай?

- Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлем экономикалық жүйенің трансформациясын бақылап отыр. Бұл мұнай мен металдар құнының құлдырауымен, дамыған және дамушы елдердің, оның ішінде Қытайдың «жаңа нормасының» өсу қар­қынының баяулауымен қатар жүруде. Соның салдары ретінде шикізатқа әлемдік сұраныс төмендейді, өндіріс көлемі құлдырайды. Жағдай әртүрлі елдердің экономикаларының «сауығуына» аз ықпал ететін геосаяси факторлармен де шиеленісе түседі.

Жаһандық экономикалық жүйенің бір бөлігі ретінде Қазақ­станның да жоғарыда келтірілген факторлар тарапынан қысым көруі табиғи жайт. Оның ішінде, бұған біздің экономикамыздың шикізаттық ресурстар экспортына айтарлықтай тәуелділігі және соның салдарынан соңғы бірнеше жылда байқалып отырған осы ағындардан бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуі де себеп болып отыр. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың «голланд ауруынан» сауығуына бағытталған. Біз қазірдің өзінде-ақ шикізаттық емес сектордың біртіндеп ұлғайғанын айта аламыз. Оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар түріндегі түсімдердің өсуін де көріп отырмыз.

Елбасы белгілеген және «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парының негізі болған Бес институттық реформаның іске асырылуы еліміздің дамуын трансформациялаудың және мемлекеттің орнықты нарықтық қатынастар жолына түсуінің жалғасы болып табылады.

Мұндай «терең» өзгерістерсіз ғасыр­дың басты стратегиялық мақсаты - дамы­ған 30 мемлекеттің тобына кіруге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мақсатқа жету жолында бізді күтіп тұрған кедергілер де аз емес. Ол «шикізат ресурстары нәу­бетінен» де қатерлі болуы мүмкін. Көкжиекте көрініп тұрған осындай айқын табалдырықтардың бірі - бұрын біздікі сияқты проблемалары мен мүмкіндіктері болған бірқатар мемлекеттер де төтеп бере алмаған «кірісі орташа елдер тұзағы».

Институттық реформаның даму век­торынан басқа екінші әсері - бұл экономиканың, социумның және бюд­жеттің орнықтылығы.

Бюджеттің «көңіл-күйіне» келсек, онда өткен жыл біз үшін шынымен де күрделі сынақ болды. Бірақ «қиын жылдарда» жинақталған резервтер бізге 2015 жылдан проблемаларсыз өтуге көмектесті.

Өткен жылдың аяғында, өздеріңіз білетіндей, Қаржы минис­трлігінде бюд­жетті оңтай­ландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Біз көп­теген нақтылаулар кезінде өзіміздің шы­ғыстарымызды 1,5 трлн. теңгеге қыс­қарттық. Бюджетті ағымдағы үшжыл­дыққа қалыптастырған кезде біз бас­ты идеяны - жобалар экономиканың нә­тижесіне және оң әсеріне бағытталуы және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеп соғуы тиіс екенін айттық.

- Дегенмен, сонда да ағым­дағы жылғы перспективалар қандай?

- Жалпы, мен Қаржы министрі ретінде ағымдағы жылдың перспективаларын оң бағалаймын.

Экономиканың шикізаттың емес секторы өз айналымдарын өсі­ретінін біз байқап отырмыз. Бюджетке салықтық түсімдер ұлғаюда.

Оның сыртында, шикізат нарық­тарындағы ахуал да құбылмалылықты біртіндеп төмендетуде және тепе-теңдікке ұмтылыс бар. Қазіргі таңда баррель құны 40 доллардан асады. Біз бюджетті соңғы нақтылау уақытында Brent маркасының құнын баррель үшін 30 доллар деп белгіледік. Яғни, 30 доллар кезінде де Қазақстанның бюджеттік шығындары елдің барлық әлеу­меттік міндеттемелерін және Елбасы тапсырмасын орындауға негізделген. Оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға да бағытталған.

- Қаржы министрлігі бюджеттік саясатты трансформациялау бойынша жұ­мыстар жүргізеді. Ол қалай жасалады?

- Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, рефор­малар, даму» атты Жолдауында бюд­жет шығындарына тексеру жүр­гізу жө­нінде тапсырма берілген. Шы­ғыс­тарды қаржыландыруды нысаналы индикаторларға қатаң байланыстыру аса маңызды міндет болып табылады.

Бірінші кезекте, қаржыландыру ба­­ғыттары бойынша шығыстар мен бағ­дар­ламалардың экономикалық тиім­ділігіне және экономиканың нақты секторына бағдар жасалып отыр. Талдау барысында бағ­дарламалар тиімділігінің төменгі деңгейде болуына ықпал ететін және бірсыпыра жылдар ішінде оларды іске асыру мониторингі барысында көрінетін институттық, әкімшілік, нормативтік және басқарушы факторлар анықталды. Мемлекеттік аппараттың жұмысы осындай факторларды, ең алдымен, заңнамалық тұрғыда жоюға бағдарланған.

Бұл ретте, бюджет шығыстарын ха­лықтың тұрмыс деңгейін сапалы көтеруге тиісті әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға жұмсауға ден қойылды.

Мемлекет шын мәнінде өзіне шы­ғыстардың әлеуметтік бөлігін ғана алуы тиіс. Мемлекеттің рөлі жеке сектордың дамуына жағдай жасайтын және ынталандыратын стратегиялық менеджер деңгейімен шектелуі тиіс. Сонымен бірге, тауашаларды босата отырып, бизнесті жүргізу үдерісін заңнамалық түрде жеңілдетуі қажет.

- Сіз жекешелендіруді айтып отырсыз ғой?

- Иә. Бүгінде экономиканы мемлекет иелігінен алу мемлекеттік мен­шік­тегі мүліктің 70 пайызына дейінін бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын ауқымды жекешелендіру арқылы өтіп жатыр. Оның ішінде нарыққа бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор басқаратын ірі нысандарды беру жоспарланып отыр. Олар: әуежайлар, өндіруші компаниялар және т.б.

Бұл тәжірибе қолдану аумағы мен жеке кәсіпкерлік бастамаларын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға да жағдай жасайды. Өйткені, жекеменшік иесі мемлекетке қарағанда анағұрлым тиімді менеджер болып табылады.

Жекешелендіруден барлығы да ұтады - бизнес мемлекеттік монополия басым болып отырған салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік алады, мемлекет са­лықтардың түсуі есебінен ұтады, жалпы экономикалық жағдай жақсарады.

Одан басқа, бюджеттік шығыс­тар­ды жүзеге асыру тетігін қайта қарау шеңберінде мемлекет мемлекет-жеке­меншік әріп­тестігі негізінде, сол сияқты, сервистік үлгіні пайдалана отырып, бәсекелестік ортаға өзінің жекелеген функцияларын береді. Бұл жеке бастама жұмыс істей алатын жұмыстар мен қымбат тұратын жабдықтарды бөліп тө­леу арқылы (сервистік модель) және қызметтер мен жұмыстар аутсорсингін сатып алу есебінен бюджетке жүктелімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

- Капиталды жария ету бюджетке қалайша әсер етуде?

- Капиталға рақымшылық жасау ел экономикасы мен оның бюджетіне едәуір кешірек, яғни кейінірек әсер етеді. Бұл акцияның мультипликативті әсері бар. Бүгінгі таңда жария етуге қа­тысушылардың экономикалық жүйе­нің толыққанды ойыншылары болу, жекешелендіруге қатысу арқылы да, сол сияқты, үдемелі индустриялық-ин­новациялық даму және «Нұрлы Жол» шеңберінде іске асырылатын бірқатар жобалардың инвесторлары болу арқылы да экономикаға инвестор ретінде қатысу мүмкіндігі бар. Яғни, азаматтар жария етілген қаражатты ағымдағы жылы да, сол сияқты, мысалға, 2018 жылы да инвестициялай алады. Сондықтан, ақшаның қашан экономикалық үдерістердің бір бөлігі болатынын айту қиын. Бірақ осындай мүмкіндіктің пайда болатыны анық.

Мүлікті жария ету мүлікті уақы­тылы ресімдемегені үш­ін ықтимал айып­пұлдарды бол­дырмауға, оны болашақта проблемасыз сатуға немесе жалға беруге мүмкіндік береді. Бізде коммерциялық құрылыстар мен бұрын­нан бар ғимараттарға жапсарлас құры­лыстарды жария етуге өтініштер көп. Яғни, азаматтар бұл мүлікті өз­дерінің коммерциялық активтері ретінде ресім­деуге заңды құқық алады.

Бұл кірістер мен шығыстарды жал­пыға бірдей декларациялаудың 2017 жылдан басталуына байланысты өте маңызды. Және бұл туралы Мемлекет басшысы 2016 жылдың аяғына дейін жария етудің ақшаға да және олардың иелеріне де заңды айналымға оралудың соңғы мүмкіндігі екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Бұл ретте жария ету рәсімі барынша оңайлатылған: заңнамаға соңғы тү­зетулермен капиталды жария ету бойынша іс жүзінде барлық шектеулер алып тасталды және мүлікті жария ету рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді. Капи­талды жария етудің мұндай жеңіл­дікті шарттары әлемнің ешбір елінде болған емес.

Қазақстан елге ақшаны әкелген жағ­дайда оны жария етуге салынатын са­лықты толық алып тастады және жария етудің мәлімдеу нысанында салықтың небәрі 10%-ы қалдырылды. Кейбір елдерде жария ету алымдары жария еті­летіннің жартысын немесе сомасының 70%-ын құрайтынын айта кету қажет. Рақымшылық етудің ең бір либералды жағдайларының өзінде жария етуге салынатын салық мөлшерлемесі кемінде 3-5 пайыз болады.

- Бизнеске қайта оралайық. Сіз мемлекет стратегиялық ме­неджер бо­луға тиіс деген едіңіз. Осы менеджмент кәсіп­керлікті қолдау бөлігінде қалай көрсетілуге тиіс?

- Мемлекет бизнестің дамуы және салық төлей алуы үшін оған қолайлы жағдайлар туғызуға тиіс. Өйткені, салық­тар мемлекеттің кіріс көздері болып табылады. Оларды тиімді пайдалану арқылы мемлекет халық алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындайды.

Біз 2030 жылға қарай ШОБ деңгейін ішкі жалпы өнімнің 40 пайызына дейін жеткізу мақсатын қойғанымыз сіздерге мәлім. Ол үшін мемлекет қолайлы және сапалы салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, салық төлеушіге салық төлеуді ыңғайлы ету жағ­дайын жасау қажет. Экономиканы жандандыру және түрлі себептер бойынша нашар жұмыс істейтін немесе тіптен жасырын активтерді экономикалық айналымға тарту үшін кәсіпорындарды оңалту жүйесі енгізілді. «Банкроттық туралы» заң борышкерге кредиторлармен бәтуалық келісім жасасуға немесе қиын жағдайдан шығу үшін жоспар әзірлеуі үшін мүмкіндік береді. Заң кәсіпорынды атауымен және тауарлық белгісімен бірге сатып алуға және «оған жаңа өмір беруге» мүмкіндік туғызады. Бұл ретте, жұмыс орындары сақталады, ал өндіріс тоқтамайды. Қазір біз жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты жұмыстар жүргізудеміз.

Алтыншы шақырылған Пар­ламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бизнес үшін рәсімдерді әкім­шілік тұрғыда оңайлатуға бағытталған жаңа міндеттер белгіледі. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай кеден-салық кодексі қабылданатын болады. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы кодексте осы са­ладағы қаты­настарды реттейтін барлық нор­малар бірыңғай заңнамалық актіде шоғырландырылмақшы. Монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші ке­зеңі шеңберінде бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.

Мемлекет бизнес үшін оны алмас­тырмай, оған бағдар ғана беретінін және ойынның қолайлы жағдайларын туғызатынын тағы да қайталап өтемін. Сол арқылы оның дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде, бюджетке тиесілі салық түсімдері арта түсетін болады. Ал бұл жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасайды.

Мемлекет басшысы белгілеген Ұлт Жоспары - бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» да дәл осыған бағытталған.

Қазақстан мен Сингапур парламентаралық үнқатысуды нығайтуда

 

30 наурыз - 2 сәуір аралығында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасында ресми сапармен болып, осы елдің басшыларымен кездесті, сондай-ақ жыл сайынғы Сингапур форумында негізгі баяндама жасады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Сапар Сингапур Парламентінің төрағасы Халима Якобтың шақыруы бойынша жүзеге асқан болатын.

Сингапур Парламентінде Қазақстан Сенатының төрағасы мен Сингапур Парламентінің төрағасы екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы, Парламенттің қызметі, сондай-ақ елді жаңғырту жөніндегі президенттік «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы хабардар етті. Ол «Назарбаев университеті» мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі арасындағы жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ екі елдің техникалық білім беру саласындағы өзара іс-қимылын атап өтті.  Парламентаралық үнқатысуды жалғастыру үшін Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Сингапур Парламентінің төрағасын Қазақстанның дамуы, еліміздің халықаралық маңызды мәселелер, ұлтаралық және тіл саясаты қызықтырды. Х.Якоб сондай-ақ Сингапурдың экономикалық өзгерістеріне байланысты қазіргі кездегі мемлекеттік саясатының басымдықтары туралы әңгімеледі. Бұл ретте, оның пікірінше, бүкіл қоғамды роботтар мен автоматика үстемдік құратын жаңа экономикаға дайындау міндеті тұр.

Сингапур Президенті Тони Тан Кенг Яммен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі тілектестігін жеткізді және екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі жалғасатынына сенім білдірді. Тони Тан Кенг Ям Қазақстан Президенті мен Сингапур басшылығы арасындағы дәстүрлі жеке байланыстар арқылы нығая түскен екі елдің дағдылы жылы шырайлы қатынастарын атап өтті. Келешегі зор ынтымақтастықтың ауқымды аясын атап өтіп, Сингапурдың даму тәжірибесіне Қазақстанның ықыласына қолдау білдірді.

Президенттік «Истана» сарайында сондай-ақ Құрметті аға министр, Сингапурдың бұрынғы Премьер-Министрі Гок Чок Тонгпен де кездесу болды. Жүздесушілер терроризм, Орталық Азияның дамуы және қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» стратегиясымен бірге жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Го Чок Тонг биыл Қазақстанға сапарлап келу ниетін  жеткізді.

Сапар барысында Қазақстан делегациясы Сингапурдағы мұнай химиясы және туризм кластерінде болды.

2 сәуір күні Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев «Азия және әлем - ортақ мүмкіндіктер, бірлесіп өркендеу» тақырыбымен өткен екінші Сингапур форумының ашылуында сөз сөйледі. Қ.Тоқаев өзінің сөзінің басында Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Юды құрметпен еске алып, оның 1991 жылы біздің елімізге сапарлап келгенде елдің дамуына қатысты пайдалы кеңестер айтқанын еске салды.

Қ.Тоқаев өзінің баяндамасында еуразияның келешегіне қатысушылардың назарын аударып, құрылықтағы оқиғалардың дамуы туралы өз ойларын ортаға салды.

«Қазіргі кездегі әлемнің тірегі бола отырып, Еуразия бүкіл әлем үшін зардаптары алысқа кететін түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде». - деді Төраға. Бұл ретте ол Ресейде, Қытайда, Еуропа Одағында және Таяу Шығыста болып жатқан өзгерістерді бөліп алып, талдау жасады. Қ.Тоқаев әлемдік саясаттағы Орталық Азияның рөлі арта түскенін атап өтті. «Бұл аймақ ауқымды табиғи ресурстар мен шиеленіс орындарына, атап айтқанда, Ауғанстанға жақындығы Еуразия құрылығының негізіне айналады», - деді Төраға. «Орталық Азия елдері үшін алдыңғы қатардағы мемлекеттердің сауда-экономикалық стратегияларының түйіндесу әдістерін әзірлеу аса маңызды міндет болып табылады. Мегажобалардың өзара байланысы аймаққа жаһандық экономикалық дамудың тиімді және теңгерімді үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.  

Форумға қатысушылар қауіпсіздіктің  аймақтық ұйымдары: АӨСШК, ШЫҰ және ЕҚЫҰ-ның жұмысындағы Қазақстанның қадамдары туралы жан-жақты хабардар етілді. Бұл ретте Қ.Тоқаев халықаралық істердегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайтудың маңызы бар екенін атап өтті. «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқықтың тотығуы, әсіресе, халықаралық терроризм өршіп тұрған кезде қазіргі әлемге бүлдіргіштік түрде әсер етуі мүмкін. Қазақстан халықаралық қатынастардағы сенімді қалпына келтіру мақсатында халықаралық құқық ұстанымдарын растауға арналған жоғарғы деңгейдегі БҰҰ конференциясын шақыруды ұсынады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Қазақстан Сенатының Төрағасы Еуразиялық Экономикалық Одақтың іске қосылуымен және қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының іске аса бастауымен азиялық, оның ішінде АСЕАН мемлекеттерінің кәсіпкерлері үшін Қазақстанда ашылып жатқан экономикалық мүмкіндіктерге жиналғандардың назарын аударды. Одан басқа, Қ.Тоқаев Қазақстан аумағындағы көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасына, «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлік және «Астана» халықаралық қаржы орталығының келешегіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сенат Төрағасы экономикалық дүрбелең жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы шаралар топтамасымен және инфрақұрылымдық дамумен шектелмейтінін, заң үстемдігін, индустрияландыру мен экономикалық өркендеуді, ұлттың ынтымағын нығайтуды, сондай-ақ ашық және есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды институттық реформаларды іске асыратынын атап өтті. «Парламент 59 заңнан тұратын, елдегі шетелдік инвесторлардың жұмысын оңайлататын қажетті заңнамалық топтаманы қабылдады», - деді Төраға.

Қ.Тоқаевтың сөзін форумға қатысушылар зор ықыласпен қабылдап, қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді.  

Үш тілді оқытужүйесіАқмолаоблы­сындадакезең-кезеңменжүзегеасуда - Б.Ізбасарова

Үш тілді оқыту жүйесі Ақмола облы­сында да кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова айтып берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспарының 76-қадамында ЭЫДҰ стандарттарының негізінде­ адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу­, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жо­ғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруд­ы енгізу, табысты мектептерді ынталандыр­у жүйесін құру.

77-қадамында Экономиканың алты негізгі са­ласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен­ он жоғары оқу орнында білікті кадрларды­ әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміз­дің басқа оқу орындарына тарату.

79-қадамында Білім беру жүйесінде - жоғары ­сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде о­қытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсат­ - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторы­ның экспорттық әлеуетін көтеру мәселелері айтылған болатын. Бұл міндеттер Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Оның айтуынша елімізде барлық деңгейдегі сапалы білімг­е қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім ­берудің ұлттық үлгісін дамытуға қолайлы ­жағдайлар жасалуда. 

«Жалпы білімді­ ұрпақты тәрбиелеуде 12 жылдық білім бер­у бағдарламасының рөлі зор болмақ. Бағд­арламаның негізгі ерекшелігі - баланың ж­ан-жақты дамуына, өз пікірін ашық жеткі­зуіне, шығармашылық әлеуетінің толық жү­зеге асуына ықпал етеді. Осы ретте, жалпы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилотты­қ жобасы еліміздегі 30 мектепке енгізілетін болады. Солардың ішінде, біздің облы­сымызда Бұланды ауданындағы Никольский ­орта мектебі мен Степногор қаласындағы­ №5 көп салалы мектеп-лицейі де бар. Ағ­ымдағы жылы аталмыш білім ошақтарында жо­баны пысықтау жұмыстары жүргізіліп, 1 сы­ныптың 87 оқушысы қамтылды», деп атап өтті ол. 

Тәжірибе жасауға дайындық барысында білі­м беру нысандарындағы оқу сыныптары жөнд­еліп, материалдық-техникалық базасы ныға­йтылғанына да тоқталды. Айта кетерлігі, 12 жылдық білім­ беру жүйесі бойынша сабақ беретін мұғал­імдердің әрқайсысының жалақысына 25 пайы­з үстемақы қосылды. Сондай-ақ, Астана қ­аласында өткізілген арнайы курстарда 29 ­ұстаз білімдерін жетілдірді.

Бүгінде еңбек нарығында жоғары білікті м­амандар тапшылығы қатты байқалуда. Облыс­ орталығындағы жоғары техникалық мектеп ­он жетекші оқу орындарының қатарына кірі­п, екі тәжірибелік білім беру бағдарлама­ларын жүзеге асырып келеді.

Оқушылары сандық бағдарламалы жүйелерме­н басқарылатын «HaasAutomation» фирмасын­ың құрылғылары орнатылған оқу-өндірістік­ орталық ашылды. Білім ошағының мұғалімд­ері мен шеберлері жастарды жоғары технол­огиялық жабдықтармен жұмыс істеуге баулу­да. Бұның болашақта, елімізде қазіргі за­манғы өндірістік индустрияны қарыштап да­мытуға ықпалы болады деген сенім бар, деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар ол үш тілді оқыту жүйесі де Ақмола облы­сында кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқанына да тоқталды. 

«Осы мақсатта 2004 жылы төрт мектепте ағыл­шын тілін ерте жастан үйретуге арналған тәжірибе басталды. Көкшетау қаласындағы ­Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында 7 сыныптан бастап, алгебра, био­логия сабақтары ағылшын тілінде жүргізіл­еді. Мектепте ағылшын тілін жетік білеті­н математика және биология пәндерінің мұ­ғалімдері сабақ береді.

Сонымен бірге, облыс орталығындағы дарын­ды балаларға арналған №1 облыстық маманд­андырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-и­нтернатында да 7 сыныптан бастап 5 пән а­ғылшын тілінде оқытылады. Дегенмен, барл­ық мектептерде пәндерді ағылшын тілінде ­жүргізу үшін білікті мамандар қажет. Алд­ын-ала жасалған зерттеулер бойынша білім­ ошақтарындағы жоғары буынға жалпы білі­м беретін пәндерді ағылшын тілінде өткіз­уге 5000-ға жуық мұғалім қажет», деп сөзін одан әрі жалғастырды кейіпкеріміз. 

«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мә­селесі өте өзекті болып отыр. Облыста ­білікті жұмысшы және орта буын мамандары­н даярлауды 38 техникалық және кәсіптік­ білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Он­ың 29-ы мемлекеттік болса, 9-ы жекеменш­іктің басқаруында. Осы ретте, жас маманд­ардың кәсіби біліктілігін арттыруға негі­зделген Worldskills халықаралық жобасы ж­үйелі түрде өткізіліп отырады. Кәсіптік ­шеберлік байқауы 7 мамандық негізінде ұй­ымдастырылады. Олар - жону ісі, дәнекерл­еу жұмыстары, кірпіш қалау, сантехника ж­әне жылыту, сылақ және гипсокартон жұмыс­тары, шаштараз, мейрамхана ісі. Оқушылар­дың шеберлігін шыңдау үшін барлық жағда­й жасалған. Бұған Степногор қаласындағ­ы №2 индустриялық-техникалық колледжінің­ түлегі Әділет Тәкежановтің «Токарь ісі­» бойынша халықаралық байқауда жеңіске ­жеткені дәлел бола алады», -  деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.  

Ақмолаоблысындажергіліктіполицияқызметінеқосымша 500 млн. теңгебөлінбек

 

Ақмола облысында жергілікті полиция қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қосымша 500 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын өңірлік  деңгейді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша екінші қадам аясында  Президенттің Жарлығын орындау бағытында Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның негізгі міндетеріне тоқталатын болсақ, бұл тұрғыда қоғамдық тәртіпті қорғау, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары қамтылған. Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыс бюджетінде қосымша 500 млн. теңге жоспарланды»,-деді С. Кулагин.

Атап айтқанда Ұлт жоспарының 30-қадамында Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру ескерілген. 

«Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі»,-деп атап өтілген онда.

Алғашқы 2 айдыңқорытындысыбойыншаоблысэкономикасыөзініңдамуқарқынынсақтапқалды - СергейКулагин

 

Ақмола облысында ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өткен брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.  

Оның айтуынша өңірде Ұлт жоспарын орындаудың тәжiрибелiк кезеңi басталды, онда жергiлiктi атқару органдары 49 iс-шараны жүзеге асыру бойынша жұмылдырылған.

«Орын алып отырған экономикалық жағдай қарамастан біз өткен жылды табысты аяқтадық. Облыс 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында оң нәтижеге қол жеткізді. 

Өнеркәсіп саласында нақты көлем индексінің көрсеткіші 106,9 пайызға жетіп, облыс Республика бойынша бірінші орынға шықты.

Аграрлық салада да өткен жылды табысты аяқтадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды. 

«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2200 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 200 миллиард теңге шамасында инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасы өзінің дамуы қарқынын сақтап қалды. Өнеркәсіп және тауар айналымы жағынан алғанда нақты индекс көлемі бойынша біз республикадағы өңірлер арасында 1 орынға шықтық.

Құрылыс саласында және тұрғын үйлерді пайдалануға беруде 2 орындамыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі және инвестиция тарту жағынан 3 орынға тұрақтадық. Облыста ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Жыл соңына дейін біз олқылықтарды жойып, үздік ондыққа кіруді жоспарлап отырмыз», - деді С.Кулагин.

Ақмола облысында 42 жалға алушы 90 мың гектарға жуық жерді сатып алмақ

 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында  42 жалға алушы 90 мың гектарға жуық жерді сатып алуға ниетті. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын өңірлік  деңгейді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

«Облыста жерді пайдаланушылардың арендасында 10 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар. Қазіргі кезде 42 жалға алушы жеке меншікке 90 мың гектарға тарта жерді сатып алуға ниетті. Бүгінде олармен тиісті шарттарды бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облысындағы филиалында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін сату үшін бүгінде 117 жер учаскесі (43 мың гектар) дайындалды. Бұл жер телімдерін сату бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесінен басталады.

Айта кетейік, Жер кодексіне енгізілген жаңашылдықтар ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген жерлерді кадастрлық құнынан 50 пайыз жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ бұл жерлердің құнын 10 жыл мерзімге бөліп төлеуге болады.

С. Кулагиннің сөзіне қарағанда, жер мәселелері бойынша қабылданған шаралар жер иелерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Ақмолаоблысында 1,8 миллионтоннаастықэкспортқашығарылды

 

Ақмола облысында 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өтіп жатқан брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.

Аймақ басшысының айтуынша, аграрлық сектор - аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің төрттен бірін өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі. Сонымен қатар өңірде мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр. 

«Облыста жалпы қуаты 27,6 мың ірі қара мал болатын мамандандырылған 31 бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Олардың қазіргі кездегі қуаты 65 пайызды құрайды. Биылғы жылы Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» ЖШС 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылады. Оған қоса Зеренді ауданындағы «Щучье сүт зауыт» ЖШС қуатын 3 мың бас дейін ұлғайту көзделген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ет өндірісі 12,1 пайызға артты. 

«Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осындай қолға алынған шаралардың нәтижесінде сүт өндірісі 28 пайызға өсті.

Ал, көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа келетін болсақ, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан облыс тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізу арқылы егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден айналып, 4,7 миллион тонна астық жинап алды. Қажетті жем шөп қоры да жасалды.

Осыған орай, облыстан тыс жерге 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар жерге дән сіңіруді көздеп отыр. Оған қажетті 520 мың тонна тұқым қоры жасалынды. Сондай-ақ, 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту қарқынды жүргізілуде», - деді С.Кулагин.

Қайрат МәмиВенециялықкомиссиясарапшыларыменсудьялардыңжаңаәдепкодексіжобасынталқылады

 

 Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссия сарапшыларымен кездесті.

Кездесудің мақсаты - Венециялық комиссияға сараптамаға алдын ала жолданған Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын (бұдан әрі - Кодекс) талқылау.

Қайрат Мәми кездесудегі кіріспе сөзінде: «Венециялық комиссия бірнеше рет Қазақстан үшін өте маңызды құжаттарға сараптамалық талдау жасаған болатын. 2011 жылы ЕҚЫҰ ААҚДИБ мен Венециялық комиссия «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы бойынша бірлескен қорытынды әзірленген еді. Біздің сіздердің қатысуларыңызбен сот секторында қажетті өзгерістерге қол жеткізгеніміз маңызды. Сіздердің Әдеп кодексі жобасы бойынша берген ұсынымдарыңыз біз үшін маңызды болатынына сенім білдіремін» деп атап өтті.

Кездесу барысында Қ.Мәми шетелдік сарапшыларды еліміздің Президенті Н. Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалармен таныстырып өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар Кодекс жобасы мен сот жұмысының басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуді қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Венециялық комиссия сарапшыларын жаңа Кодекс жобасына жүргізіп жатқан сараптамасы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Венециялық комиссия сарапшылары Жоғарғы Сот судьясы, Сот жюриінің төрағасы М. Шегеновпен, Жоғарғы Сот судьясы, Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Н. Қайыпжанмен кездесті. Бұған қоса, Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Роговпен, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А. Смолинмен және Қазақстан Судьялар Одағының Төрағасы С. Байбатыровпен кездесу өткізді.

Еске сала кетейік, жаңа Кодекстің жобасы Ұлт Жоспарына сәйкес әзірленген. Онда сот корпусы мен ғалым-құқықтанушылардың ой-пікірлері мен көзқарастары, «Судьялар мінез-құлқының Бангалор қағидаты», Сот билігінің тәуелсіздігі мәселелері бойынша Киев конференциясының ұсынымдары (2010 ж.) секілді басқа да халықаралық құжаттардың ережелері ескерілді. Жоба 5 тараудан және 33 баптан тұрады. Онда «Судьялар мінез-құлқының әдеп қағидаттары», «Кәсіби міндеттерін атқару барысындағы судьялар мінез-құлқының әдеп қағидалары», «Судьяның отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқының әдеп қағидалары» атты тараулар бар. Кодекс жобасы Жоғарғы Сот сайтында жарияланды. Оған кез-келген азамат өзінің ұсыныстары мен комментарийлерін ұсына алады.

Анықтама: Венециялық комиссияның құрамына Еуропа Кеңесінің 47 қатысушы-мемлекеті кіреді. Қазақстан Комиссияға 2011 жылдың қараша айында мүше болды. Өз жұмысында Еуропалық комиссия демократия, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігі секілді Еуропа Кеңесі қызметінің бастауындағы үш негізгі еуропалық конституциялық құндылық қағидатын басшылыққа алады.

Ақмола облысы шетелдік ірі инвесторларды халықаралық форумға шақырмақ

 

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин шетелдік ірі инвесторларды халықаралық форумға шақырмақ. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

 

«Инвестициялардың жаңа көздерін табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста Инвесторларды тарту жөніндегі кеңес құрылып, шаралар жоспары әзірленді. Оның аясында биыл халықаралық инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік ірі инвесторлар, дипломатиялық миссиялар мен елшіліктердің басшылары шақырылады»,-деді С. Кулагин.

Сонымен қатар облыста индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 461 млрд. теңгенің 30 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Әкімнің сөзінше, биыл барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеуде.

  

АқтөбеоблысындаБАӘ, ҚХРжәнеАвстралияинвесторларыныңқатысуымен 3 ірі өндірістііскеқосужоспарлануда

 

Ақтөбе облысында  БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен 3 ірі өндірісті іске қосу жоспарлануда. 

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында  өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың аралық қорытындысына тоқталды.

Б.Сапарбаевтың атап өтуінше, экспорттық тауарлар өндіру және Қазақстанның  әлемдік нарыққа шығуы үшін қайта өңдеу секторына трансұлттық компанияларды тарту шаралары қабылданды. Соған орай өңірде бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың қатарында инвестиция көлемі 150 млн. долларлық жылдық қуаты 1 млн. тонна цемент пен 500 мың тонна қоспаны құрайтын зауыт бар. Қазіргі уақытта «Хуасинь цемент» корпорациясының жобалаушылары цемент зауыты құрылысының жобасын әзірлеуде.

«Австралиялық «Қазақстан Поташ Корпорэйшн» компаниясы инвестиция көлемі 595,2 млн. долларды құрайтын, жылдық қуаты 800 мың тонна калий тыңайтқышы өндірісін іске қосуға ниетті. Біріккен Араб Әмірлігінің «ПанджаГолдэн Оазис Дженерал Трэйдинг Л.Л.С» инвесторы жылдық қуаты 3 мың тонна никель оксиді концентраты мен 123 мың тонна кобальт оксиді концентратына тең никель зауытына 125 млн. доллар инвестиция құюға дайын», - деді Б.Сапарбаев.

Инвесторлар бүгінде 30 гектар жер учаскесін алып, жобалардың бизнес-жоспарын әзірлеген. Таяу аралықта жобаны жүзеге асыру басталады. Аталған жобалар аясында 1600 жаңа жұмыс орындары құрылмақ.

Жерлерді жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді - Б.Смағұлов

Жерлерді жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Бұл туралы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов айтты.

Оның айтуынша,  2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану тетіктері көрсетілген.

«Аталған заңдағы жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау нормасы жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар,  ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді», - дейді Б.Смағулов.

Ұлт жоспарының 59-қадамынжүзегеасыруэнергияүнемдеусаласынаинвестортартуғасептігінтигізеді - М.Алтангерел

 

Ұлт жоспарының 59-қадамы іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік туады. Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел осылай деді.

«Ұлт жоспарындағы 59-қадам халықаралық дәрежеде мойындалған энергосервистік келісімдер механизмі (ЭСКО) арқылы энергия үнемдеу саласына инвестор тартуды көздейді. Энергосервистік келісім  энергия ресурстарын үнемдеу саласына инвестор тартудың қаржылық механизмі болып отыр. ЭСКО үнемделген энергия есебінен инвестицияны ақтауға мүмкіндік береді. 2010-2014 жылдары БҰҰДБ, ҚР Үкіметі ЭСКО тетігін барлық салаға енгізу бойынша жұмыс жасалды. Қарағандыда ғимараттардың жылуды пайдалануында ЭСКО тетігі сыналып көрді. Барлық құжаттар мен ұсыныстар ҚР Үкіметіне жіберілді», - деді ол.

ҚР Парламент мәжілісі 2014 жылдың соңында БҰҰДБ ұсынымдарына иек арта отырып энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру туралы ҚР заңын елдегі энергосервистік компаниялардың жұмысын реттеу туралы қосымша нормалармен толықтырды.

«59-қадам - ЭСКО-ны Қазақстанға енгізуді жүзеге асыру. Бұл қадам іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Энергосервистік компаниялар нарығының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты әлеуметтік қолдауға сеп болар еді», - деді М.Алтангерел.

ҚР Үкіметі БҰҰДБ-ның тиімді мемлекеттік басқару саласындағы ұсынымдарын қабылдады.

Осы әріптестік аясында 2013 жылы мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хаб құрылды.

 

 Қ. Мәми: Біздің межеміз - ұлттық сот жүйесіне деген халықтың және қоғамның сенімін арттыра беру

 

Әділдікті орнату үшін не жетпей тұр? Әлде қазір әділдікті әділетсіздікпен айырбастап алған адамдар қатары көбейіп бара ма? Олай десек, онда қандай сот болмасын бекітілген заң шеңберінен шығып кете алмайтындай, яғни тура шешім ғана шығаруға мәжбүр қылатын құқықтық тетіктер қамтамасыз етілген амалдар іске асатын күн туа ма, өзі? Осы мәселе төңірегінде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәмимен ашық әңгімелескен. Республикалық газеттің бүгінгі санында «Сот кепілі» деген тақырыппен берілген мақаланы жариялауды жөн көрдік.

***

Сот кепілі

  

 «Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының
ашылуында сөйлеген сөзінен.

Адам біреуден зорлық, яки на­қақ қиянат көріп, бірақ сол сәтте әділ­дікке қол жеткізе алмайтынын білген жағдайда ашынғаннан ама­лы құрып, сосын күпті көңілін көн­шітер соңғы үміті ретінде «сотқа беремін» дейді. Осы сөзді айтудың өзі қиянат көрген адамның көңі­ліне сәл жеңілдік тудырары да анық. Өйткені, «жәбірленушіні сот ақтайды, жәбірлеушіні сот соттайды» деген сенім басым тұрады. Сол сияқты, өзін лауазымдық жа­ғы­­­нан жоғары, әлеуметтік, яки тұр­­мыстық немесе материалдық жағы­нан бай-қуатты санап жүрген біреу екінші біреумен жанжалдасып, оны сол сәтте басып-жаншып тұқыртып алғысы келгенімен, анау әділдігін алға тартып болмай қойса және бұл оған есесі кет­іп ұтылғанын байқаса, намыс­тан ба, ызақорлықтан ба көгеріп жары­лардай болып: «Тұра тұр бәлем, әлі көзіңді көгертіп түрмеде шірі­темін, соттатамын!» дейді. Сөйтіп, екеуі­нің де айтқаны орындалатын­дай көрінеді. Бірақ алғашқыда екін­ші мысалдағы адамның қаһа­ры іске аспайтын кіжіңдей ғана әсер қалдырады. Өйткені, нақақ қия­нат шеккен адам сотқа барса, айт­қаны жүзеге асатыны белгілі дейміз. Себебі, заң біздің сана­мыз­ға осы әділдіктің ғана салтанат құ­ратынын сіңіріп тастаған. Қалай­да, қашанда нақақ қиянат көрген адам жапа шекпеуі қажет. Алайда, бұл қағаз жүзіндегі шындықтың кө­рі­нісі ғой. Ал нақты өмірде қалай?

Әрине, нақты өмірде өзгешелік көп. Өйткені, көпшілік ана лауазымы жоғары, қолында билігі бар, ақшасы мол байдың дегені бо­латынын айтады. Расында, солай ма? Олай емес десек, оған қан­дай нақты дәлел бар? Сол сияқты, бұ­ған келісер болсақ, оны немен дәлелдей аламыз? Жұрттың де­ні мұ­ның алғашқысына да, соңғы­сына да келіспейтіндіктері сөз­сіз және екеуіне де келісетіндер аз еке­ні тағы рас. Сонда бұл адам­дар­­дың көзін нақты ақиқатқа қалай жет­кізуге болады? Егер даулас­қан екі жанның да айыбы болып тұр­ған жағдайда оларға ақиқатты ұғын­дыру мүмкін бе?

Нақты жағдайда мүмкіндік аз. Сондықтан, адам айыпты ма, айып­­сыз ба, дұрыс па, жоқ па, кінәлі ме, кінәсіз бе, оның бәрін заң ай­­қындайды. Заң осы даудың шеші­­мін тауып, оған түпкілікті, әйтеуір, бір нүкте қою үшін қажет. Со­­сын сот заңға сүйеніп шешім шы­­ғарды дейді, бітті. Бұл орайда, осындай жағдайларда заңды сөз­бұйдалыққа, қағазбастылыққа, сот істі қарау­ды ұзақ сергелдеңге ай­нал­­дыр­мас үшін сот жүйесіне де өз­герістер енді. Өзгеріс тіптен көп. Бір ғана бес сатылы сот жү­йе­сі­нен бірден үш сатылы сот ама­лына ауысудың өзі неге тұрады. Ол ел үшін жаңалық қана емес, ең бастысы, тараптарға әділ­дікке тез қол жеткізудің оңды жолы деп қарастырылуда. Осыған орай ал­ғашқы саты - аудандық сот­тың, екін­ші саты - облыстық апел­ля­ция­­лық соттың және үшінші саты - Жо­­ғарғы Соттың кассациялық мәр­те­бесі артып, әрқайсысының дәр­мені күшейді.

Ал бұрын бұл салада аудандық сот судьясының шығарған шешімі Жоғарғы Соттың шешімдеріне жұрт­­тың күмәнін келтіретін жайт­тарды туғызатыны бар еді. Себе­бі, ертеректе аудандық сот­тың екі адамды соттаған ісін об­лыстық ап­пеляциялы, кассациялық сот­тар қолдап, бірақ Жоғарғы Сот­қа келгенде, әлгі істің шикілігі бай­­­қалып, екі жігіттің жазықсыз сотталғаны анықталып, аудандық сот шешімі бұзылып, қайта қарау­ға облысқа жіберілген болатын. Жоғарғы Соттың аталған істі қа­раған қылмыстық алқа отыры­сының қаулысы бойынша облыс­тың апелляциялы алқасы бұл істі одан әрі жете толыққанды зерт­теп, зерделей келе Жоғарғы Сот ал­қасының тапқан қателігі дұрыс еке­нін, аудандық сот тек қудалау органының бір жақты шала тексерісіне сай теріс үкім шығарғанын ашып, шешім күшін жойды. Одан әрі не болды дейсіз ғой. Одан әрі нағыз қызықтың көкесі орын алды.

Облыстық кассациялық алқа Жо­ғарғы Соттың да, облыстық апелляциялық алқасының шешімін де дұрыс емес, өйткені, олар аудан­дық сот судьясының шешім күшін жою­да қателескен деп тауып, істі бұ­рынғы бәз қалпына түсірді. Бұ­ған, әрине, бәрі де наразы болды, бірақ бұл істі қайта қараған Жо­ғарғы Соттың жаңа құрамдағы қыл­­­мыстық істер бойынша алқасы ен­ді істі алдында қараған облыстық апелляциялық соты да, Жоғарғы Соттың бірнеше судьялары да те­ріс шешім шығарған, сондықтан, аудандық соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылсын деп, дәу нүкте қойды. Сөйтіп, аудандық соттың тоқпағы мықты екен, облыстық, Жоғарғы Сот судьяларының уәждерін қайтарып тастады. Бұл ештеңе емес, бәрі­нен бұрын жұрт енді кімге сенім артарын білмей қалды. Өйт­кені, тағы бір жаңа құрамдағы қыл­мыс­тық істер алқасы осы істі тағы бір мәрте қарар болса, басқа шешім қа­был­дан­басына кім кепілдік бере алады?

Ал аталған іске байланыс­ты бастапқы шешімді шығарған ау­дан­дық соттың судьясы бірден ауысып кеткен. Бұл істі тергеген тергеушінің өзі қылмысқа ша­ты­лып, сотталған дейді. Жалпы, жа­зық­­сыз соттауға «заңды жағдай» жа­саған құқық қорғау органдары өкілдерін олардың келеңсіздігінен тас қапасқа қамалып, тағдырлары тәрк болған екі баланың көз жасы жібермеген секілді. Мұны текке мысалға келтіріп отырған жоқ­пыз. Біздің елде мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан да, Мемлекет басшысы әділдік тек соттарда ғана салтанат құруы қажет деп атап көрсетті. Бұл сөздің мәні де, маңызы да зор. Адамның бәрі бірдей, сондықтан да, біздің елдің Ата Заңы бойынша бірде-бір адам жазықсыз жапа шекпеуі қажет. Ал оны қамтамасыз ете алатын тек сот қана.

Елбасы бұл туралы айтудай-ақ айтып келеді. Бірақ, әділдік ауы­лы­ның төбесі қашан көрінеді деп көпшілік әлі алаңдаулы. Өйткені, қазір адам біткеннің көзі ашық: тарихтан та, саясаттан да, құқықтан да хабары мен ақпараты мол. Жаман мен жақсыны қалай тез айырса, дұрыс пен бұрысты да тез ажыратады. Демек, ешкім ештеңеге алдана қоймайды. Бірақ, қандай озық қоғам болмасын, адамдар арасында жоғарыдағыдай дау туындамай тұрмайды. Ал дау шешімін табуы тиіс дейміз. Онда да әлгі көкірегі ояу, көзі ашық жандардың көзін жеткізу үшін даудың нүктесіне еш­кім шүбә келтірмеуі керек. Алай­д­а, оған қол жеткізу оңай емес. Өйт­­кені, әркім өзінікін ғана жөн дейді. Бірақ, шындығына келгенде, олардың бірінің ғана ақиқаты басым екені даусыз. Сонда оны қайткенде, қалай айыруға болады? Және екінші тараптың көзін оған қалай жеткізуге болады? Демек, қайткенде, қалай ғана қара қылды қақ жаратын әділдікті орната алуға болады дейміз, біз де. Мұның қазіргі күні бір амалы табылды ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, әділдіктің соттарда салтанат құра­ты­нын Елбасымыз шегелеп айтып берді. Енді сол әділдікті орнату үшін не жетпей тұр? Әлде қазір әділдікті әділетсіздікпен айырбастап алған адамдар қатары көбейіп бара ма? Олай десек, онда қандай сот болмасын бекітілген заң шеңберінен шығып кете алмайтындай, яғни тура шешім ғана шығаруға мәжбүр қылатын құқықтық тетіктер қамтамасыз етілген амалдар іске асатын күн туа ма, өзі? Осы шетін мәселе төңірегінде реті келгенде біз Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәмимен ашық әңгімелескен едік. Ол біздің көкейімізде жүрген күпті мәселеге орай: «Міне, қазір сол күнге, сол сәтке де келіп жеттік. Қазір­гі уақытта заң үстемдігін қам­тама­сыз ету үшін нақты іс-шара­ларды жүзеге асыру кезеңі басталды. Ал ондай шаралар Ұлт Жоспарында көрсетілгені баршаға аян. Өзіңіз айтқандай, адам­дар кейде сот істі заңды қара­ған жоқ, заңсыздық орын ал­ды дейді. Олар оны неге айтады? Заңсыздықтар орын алатын жағдайлар болуы мүмкін ғой. Міне, енді байқасаңыздар, осындай заңсыздықтарға жол берілмеуі үшін қажетті тетіктер жаппай қарас­тырылып отыр», деді.

Расында, байқар болсақ, Ұлт Жоспарына сай қазір тараптарға сотқа жүгіну мен судьяларға сот ісін қарау оңтайлы болуы үшін сот жүйесінде күрделі жаңалықтар пайда болғаны анық байқалады. Мұндағы алға тартылып отырған 11 қадамның барлығы да заңды түрде реттелді. Және оны азаматтар құқының талапқа сай қор­ғалуын оңтайландыру үшін көп­теген заңдарға өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді. Сөйтіп, уақыт талабына толық сәйкес келе­тін жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот кеңесі туралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, бүгінде барлық деңгейдегі соттар жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заң­нама бойынша жұмыс істеуге кірісті. Ал мұндай жаңалықтар бұ­рын болмады ма дерсіз. Болды. Бірақ заман ағысы бір орында тұрмайды ғой, даму үрдісі зор. «Сол дамуға сай біздің де негізгі мақ­сатымыз - әділдік. Ендеше, мына заңдарымыз да заман ағы­мы­на сай пайда болған кедергілерді жойып, тек сот әділдігін жүзеге асыруды ғана үдете түседі. Бұл, біздің көп­тен бергі межеміз - ұлттық сот жүйесіне деген халықтың және қоғамның сенімін арттыра беру», дейді Төраға.

Жоғарыда аталған мысалға бай­­ланысты Төраға үш сатылы сот­тың басымдықтарына кеңінен тоқ­талып өтті. Қандай өзгеріс болса да, қандай заң шықса да, оның бәрі тек халық мүддесіне сай қызмет етуге тиіс. Сол айтылғандай, сот жүйеміз бес сатылы ма, үш сатылы бола ма, мәселе, о да емес. Халыққа ең бастысы құқының талапқа сай қорғалғаны, даудың жоғарыдағы заңдарға сай әділ шешілгені керек. Демек, үш сатылы дегенде адамдар одан не ұтады деген заңды сұрақ туындайды? «Иә, не жасалса да, ол алдымен халықтың игілігіне асуы қажет. Сотта әділдікке жетудің бір-ақ жолы бар - әділ шешім. Ал мұндай жолдың тарихы әріден басталатын, әбден тәжірибеден өткен көрнекті бағыты өмірде қол­данылып жатыр. Соның бірі - үш буынды сот жүйесі. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан үрдіс. Демек, бұл - бәріміз өте көп айтатын, яғни әділдікке жетудегі өте қажетті құрылым болып табылады. Осы құрылым арқылы біздің ойлаған басты мақсатымыз не? Басты мақсат - сот сатыларын мейлінше азайту арқылы азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот әділдігіне қолжетімділікті арттыру! Демек, үш сатылы сот жүйесі іс бойынша сот шешімінің жедел қабылдануына негіз қалайды. Ендеше, бұдан былай сотқа түс­кен істердің басым көпшілігі бірінші және екінші сатыдағы, яғни, аудан­дық, облыстық және оған теңестірілген соттарда өзінің түп­кілікті шешімін таба бермек. Бұрын облыста адамдарды әрлі-берлі сабылтып қоятын, яғни бірінің шешімін бірі қайталайтын аппеляция мен кассация қатар жұмыс істеген еді. Енді бұл кемшілік қай­таланбайды.

Осылайша, апелляциялық саты облыстық сотта қалып, ал касса­ция­лық саты Жоғарғы Соттың құзы­рына берілді. Мұның пайдасы сол, ол сот шешімдерінің жедел әрі сапалы орындалуына мол мүмкіндік тудырады. Істі негізсіз созу, түрлі бұлтаққа салу сияқты келеңсіздікті жойып, кейде соттардың атына айтылатын әлгі «іс заңсыз қаралды» деген секілді небір алыпқашпа сөздерге тұсау салғызады. Сөйтіп, бұл аталған құрылым бүгінгі заман талабынан туындаған оңтайлы ұстаным екендігін халықтың разы­лығына бөлену арқылы дәлел­дейтіні анық. Өйткені, осы жаңа­лықтың арқасында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың рөлі күшейеді. Істі қарауда тара­зы­ның әділдік басы ғана тартады, демек, оның маңыз-дылығы мен мәртебесі де арта түседі» дейді Қайрат Әбдіразақұлы.

Демек, қазіргі уақытта заң­дары­мыздың әлеуеті артып, маңызы күшейді. Қылмыстық саясатқа бай­ланысты төрт бірдей Кодекске өзгертулер мен толықтырулар да енді. Соған сай, міне, сот жүйесін реформалауға байланысты бірнеше қадамнан тұратын нақты амалдар да көрсетілді. Бірақ бұлар қанша жерден «алтынмен апталып, күміспен күптелгенмен» оларды жүзеге асыра алатын маман­дар болмаса, әлі де біраз уақытымызды жоғалтатынымыз рас-ау. Осыған орай судьялық лауазымға үміткерлерге алдымен қатаң талап қойылатыны бекер емес. Бұл өте маңызды мәселе. Кейін бармақ тістеп, сан соқпас үшін судьялыққа бірден дұрыс адамды іріктеп, таңдап алған жөн. Көпшілік күтетіндей, судьялыққа сотқа жүгінген әр тарапқа мынау ақ, мынау қара деп ақиқатты тура айтып бере алатын білікті де, білімді жан тағайындалғаны керек. Бұл мақсатта кең көлемді жұмыстар жүргізілді. Мысалы, жоғары заңгерлік білімі бар, адамгершілік ұстанымы берік, кемінде бес жыл сот отырыстарының хатшысы, судьяның, прокурордың, адвокаттың консультанты (көмекшісі) немесе заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар үміткерлер судьялық қызметке таңдалынады. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын біліктілік емтихандарын тапсырады. Бірінші кезеңде еліміздің заңдарын білуге арналған компьютерлік тестілеуден өтеді. Екіншісінде, сот практикасына қатысты сұрақтарға жауап береді. Содан кейін психологиялық тестілеу жүргізіледі. Көрдіңіз бе, мұндай талаптар тек судья болатын үміткерлерге қойылатын сынақтар. Ол осы талаптарға сай келмесе, судья бола алмайды.

Судьялыққа кандидат үшін бұрын еңбек өтілі екі жыл ғана болатын. Қазір олай емес, алдында айтқанымыздай, талап күшейді. Демек, енді бес жыл мерзім қажет етіледі. Ал тағылымдамадан өту бір жыл болды. Ол тұрақты түрдегі және еңбекақы төленетін тағылымдама. Яғни, кандидат өзінің жұмысынан босатылып, тағылымдамадан өтуге тиісті. Жаңадан тағайындалған жас судьялар үшін бұлайша бір жылдық сынақ мерзімін енгізу - сот саласындағы маңызды жаңалық. Олар сынақ мерзімі кезеңінде әкімшілік, күрделі емес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды. Сынақ мерзімі аяқталған соң, оның нәтижелері облыстық соттың жалпы отырысында талқыланады. Оң қорытынды алған жағдайда, кәсіби деңгейіне қарай Сот жюриінің біліктілік комиссиясы баға береді.

Демек, біліксіз, тәжірибесі жоқ, тура шешім шығара алмайтын адам судьялыққа келе алмайды. Оған жол жоқ екен. Өйткені, сапалы сот төрелігін жүзеге асыру - осынау ауыр еңбекті таңдаған адамның кәсіби деңгейіне және адами қасиеттеріне тікелей байланысты болып отыр. Әр даудың артында адам тағдыры тұрады. Оны ешуақытта естен шығармаған жөн. «Сондықтан, біздер дамыған елдердің осы бағыттағы тәжірибесін терең зерделеп, үлкен талдау жаса­дық. Сөйтіп, ақыр аяғында судья лауазымына кадрларды іріктеу мәселелері бойынша осындай мәні зор, мазмұны ерекше өзгерістер енгізілді», дейді Қ.Мәми.

Алайда, кемшіліксіз адам жоқ дегенімізбен, судьялардың білмей қалып қателесуі мүмкін емес. Демек, олар қате шешім шығарса не біліксіздіктен, не сыбайластық жемқорлық жетегінде кеткендіктен деп түсінеміз. Бұл сенімге селкеу түсіреді. Оған жол бермеу мақсатында, дейді Төраға, Елбасы тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы бекітілген. Мұндай жүйе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ыстамбұл жос­парын орындау мақсатында іске асырылып отыр. Бұл құрылым қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға береді. Сонымен қатар, судьяның орнынан түсу құқығын растау, оны тоқтату мәселелерін және оларға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Бұл не деген сөз? Мұны тарқатып айтар болсақ, яғни Сот жюриінің құрамы біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қыз­метіне баға береді. Біліктілік комиссиясы 7 судьядан тұрады, олар­дың құрамында облыстық сот­тар­дың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және доғарыста жүрген бұрынғы үш судья болады.

Енді осы біліктілік алқасы әлгі судьялыққа үміткерлер бір жыл тағы­лымдамадан өткеннен кейін, олардан біліктілік емтиханын қа­был­дайды. Ал судьялық қызметке та­­ға­йындалғандар бес жылдан кейін осы біліктілік алқасында тағы да ем­тихан тапсырады. Сондай-ақ, аудан­дық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төр­аға­ларына және облыстық соттар­дың төрағалары лауазымдарына тағайындалатын адамның да осы біліктілік алқасында емтихан тапсыруы қарастырылып отыр. Демек, судьялардың кәсіптік деңгейі үнемі бақылауда деген сөз.

Сонымен қатар, судьялардың кәсіби қызметіне баға тұңғыш рет судья лауазымын атқарған алғашқы жылғы жұмыс нәтижелері бойынша беріледі. Мұндай баға беру әрбір бес жыл сайын өтеді. Судьялық өтілі жиырма жылға толған судья кәсіби қызметін мерзімдік баға­лаудан босатылады. Бұған қоса тәртіптік комиссия деген бар. Тәртіптік комиссия 9 судьядан тұрады. Оның құрамына аудандық және оған теңестірілген соттардың үш судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттардың 3 судьясы және Жоғарғы Соттың 3 судьясы енген. Тәртіптік комиссия судьяның орнынан түсу құқығын растау, судьяға қатысты тәртіптік іс қозғау мәселелерін қарастырады. Судьяға қатысты материалдарды тәртіптік комиссияда қарауға облыстық сот пен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының шешімдері негіз болып табылады. Ал Сот жюриі судьяға қатысты материалдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қарайды.

Сол сияқты, судьялардың әдептілігін де бақылайтын жаңа Әдеп кодексінің жобасы қазіргі уақытта дайын. Бұл Кодекстің бір ерекшелігі, азаматтар судьяның іс-әрекеттеріне көңілдері толмаған жағдайда, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдануға құқылы. Мұны аз десеңіз, осыларға қоса Судьялардың этикалық кодексінде судьяларға Президент, халық тарапынан қойылған талаптардың барлығы ескерілді. Кодекс жобасы Бангалор қағидаты мен ең үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жасалды. Осы жаңа кодекс судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қабылданады деп күтілуде. Көрдіңіз ғой, судьяларға тік тұрып, тура қызмет істеуден басқа бұлтаруға шама жоқ. Өйткені, тап осылай судьялар есептілігін күшейту, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың әрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі - олардың кәсіби тәртібін нығайтады.

Бұған қоса, Сот төрелігі инс­титутын дербес оқу орны ретінде Мемлекеттік басқару академия­сынан бөлу сот жүйесі үшін білікті кадрларды даярлауға және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретіндігі әбден зерделенген екен. Аталған институт Жоғарғы Сот жанынан қайта құрылып, судьялардың білік­тілігін арттыруда тұрақты жұ­мыс істеуді қамтамасыз етеді. Ака­демия түрінде жоғары оқу орнын қай­та құру еліміздің «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес келе­ді. Академия қызметінің негізгі бағыты - мамандандырылған магистратурада жоғары білімнен кейін­гі бағдарламаны жүзеге асыру, судьялар мен сот жүйесі қыз­меткерлерінің кәсіби деңгейін арт­тыру, сот қызметі саласында ғы­­лы­ми зерттеулерді жүргізу. Осы мақ­сатқа орай, Академияны үш институттың: Заң институты (мамандандырылған магистратура), Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты және Ғылыми-зерттеу институты базасында құру көзделінген. Білім беру меке­месі­нің мұндай моделін құру респуб­ликамызда судьялар корпусын даярлау және қайта даярлауды жетілдіруге тың серпін береді деп есептейміз. Ол тек жаңадан қыз­мет­ке кірісетін судьяларды ғана дайын­дап қоймайды, бүгінгі күні жұмыс істеп жүрген судьялардың да кәсіби деңгейін көтерумен айналысады. Сондықтан, Сот төрелігі академиясының Жоғарғы Соттың жанынан ашылғаны тиімді болмақ.

Иә, біз «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегенімізбен, жығылғанға жұды­рық та жұмсамайтын халық екен­дігіміз рас. Бірақ, жоғарыда келті­ріл­ген мысалға сай қылмыстық істегі алғашқы тергеу кезінде талай дөрекілік пен заңсыздықтың орын алып жататынын жұрттың бәрі біледі. Сондайда, сотқа дейінгі айыптау кезеңінде азаматтардың құқын қорғау қалай жүзеге асы­рыл­мақ? Ұстаудың, күштеп қамау­дың ақ-қарасын кім айырып бермек деп жұрт жарыса сұрайды. Енді, Қай­рат Әбдіразақұлының айтуына қара­ғанда, мұны тергеу судьясы жүзе­ге асырады. Ұлт Жоспарының 22-қадамында адам­ның және азамат­тардың конс­ти­туциялық құқын шектейтін бар­лық тергеу қызметі жө­нін­дегі өкілеттікті тергеу судьясына бір­тіндеп ауыстыру көзделген. Сон­дықтан, тергеу судьясы күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамаққа отыр­ғызу, медициналық мекемеге күшпен қамау және тағы бас­қа шара­лардың заңдылығын тек­середі. Бұған қоса, ол тексеру, тінту, алу және жеке адам­ды тін­ту әрекеттерін жүзеге асы­руға құ­­­қылы. Прокурорлар­­мен бір­ге аза­­­мат­­­тарымыздың құқық­­­­тарын қор­­ғауды қадағалайды әрі ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан бөлек істер бойынша кепілзат көлемін анықтайды. Осылайша, ол сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, тергеу процесі кезін­дегі заң­­­дық негіздер мен құқық­тар­дың сақ­­­талуын жүзеге асыруы тиіс. Со­ны­­мен қатар, сот алды­на бар­­ған­да кей­біреулердің бұ­рын берген жауабы­нан бас тарта­ты­ны бар. Осындай дә­лел­сіз деректерді азайтып, істің сот­қа бұлтартпас айғақтар негі­зін­де жетуін қамтамасыз ету - тергеу судьяларының басты міндеті көрінеді.

Әділдіктің нақ сотта ғана сал­та­нат құру үрдісін кеңейту мақ­сатымен кезінде алқабилер соты да құрылғаны рас. Дегенмен, қазіргі күні осы алқабилер соты талап дең­гейінен табылып келе ме деген сұрақ та көпшілікті мазалайтын секілді. Мүмкін, алқабилерден өзге, мәселен, өз ұлтымыздың ерек­шелігіне лайықты етіп сот үлгісін жасау керек пе еді? Өйткені, сонау бұрынғы билер сотының әділдігіне орыс шаруалары да жүгінгені тарихтан белгілі ғой. Ендеше, қайсыбір адамдарды ежелден қалыптасқан еліміздің дәстүрлі құқық нормаларын сақтай отырып, қазақ сотын құру мүмкіндігі ескерілмей қалған жоқ па деген ой да мазалайды екен. Бұл орайда Төраға: «Бұрынғы билер сотының құрамын қазіргі қоғамға алып келейік деу - айтуға ғана оңай. Ол бүгінгі сот жүйесіне сол қалпында кіріге алмайды. «Алайда, біздің сот билер салған сара жолды, әділеттікті ту еткен турашылдықты, адалдық пен шыншылдықты берік ұстанған, имандылығы басым сенімдерінен рухани қуат аламыз. Қазіргі судьялар ұлы билеріміздің әділ сотта көрсеткен үлгі-өнегесінен мол тағылым алуына еш кедергі жоқ. Біз қай жағынан да Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің әділ билігінен таймауы­мыз керек. Бізге ең бастысы - осы ұлы билер қалдырып кеткен әділ биліктің өнегелі жолы. Дегенмен, қазақ елінің дәстүрлі құқығының кейбір ережелері жаңғырып келеді. Айталық, ХХ ғасырдың басына дейін келіп жеткен «Еселеп айып төлеттіру» - еліміздің жаңаша жа­сал­ған Қылмыстық кодексінен орын алды деп айта аламын. Кодекс­тегі мемлекеттік қызмет пен мем­лекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде парақорлыққа делдал болу, пара беру, пара алу қылмыстары үшін лауазымды тұлға он еседен сексен есеге дейінгі теңге мөлшерінде айып тартады. Міне, мұның өзі дәстүрлі құқықтың кейбір нормалары бүгінгі заңнамадан орын алғанын көрсетпей ме?!» дейді.

Иә, сонымен халық қазір әділ­дік­ті соттан ғана іздейді. Сот қана соңғы сөзді айта алады. Сондықтан да, Елбасы жұрт іздеген әділдік сотта ғана табылатынын баса айтты. Бұл орайда еліміздің Жоғарғы Соты өзге соттарымыз бастау ала­­тын әділдіктің шын мәніндегі қай­нарына айналды десек, артық айт­қандық емес шығар. Оған соңғы жылдары сот жүйесінде атқарылған орасан жұмыстар куә. Жоғарғы Соттың қазіргі Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы кезінде еліміздің Бас Прокуроры, Парламент Сена­ты­ның Төрағасы секілді беделді қызметтерді атқаруда халық пен мемлекет мүддесінің абыройын асқақтата түскен білікті басшы, мемлекетшіл абзал азамат. Оның отандық сот саласында көптеген реформалардың жүзеге асуына белсене атсалысқаны дүйім жұртқа белгілі және әлі де ат үстінен түспей келеді.

Ал енді биыл еліміздің Тәуелсіз­ді­гіне 25 жыл толғалы отыр. Осы тәуелсіздік жылдарындағы елі­міз­дің сот жүйесінің басты жетістіктері қандай екендігі турасында ол: «Әлбетте, дүниежүзінде, қай мемлекетте болмасын әділдікті жүзеге асыратын сот орындары ғана. Біз­дің елде әділдік айту бағзы заман­нан, өзің айтқандай, сонау сұң­ғы­ла да шешен билерімізден бері қарай жалғасып келеді. Демек, соттардың әділдікті орнату қағи­даты ешуақытта үзілмейді. Ол сол үшін де сот. Біздің бәріміздің үлкен мақсатымыз бар, ол - халық пен елдің игілігін арттыру. Сол арқылы елімізді қуатты мемлекетке айналдыра алу. Бірақ бұл оңай емес. Өйткені, ел тәуелсіздігінің осы жылдар ішінде белін жазған экономикамыз төрт аяғын тең басып тұра алуы керек. Ол үшін бар сала, бар адам бір кісідей бір бағытта жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет басшысы сот жүйесіне ерекше көңіл бөлуінің арқасында, ширек ғасырға жуық уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Алдымен сот жүйе­сі өз алдына тәуелсіз болды. Тәуел­сіз­дігімізді баянды еткен осы уа­қы­т­тан бері еліміздің құқықтық жү­йесі, соның ішінде ең өзектісі - сот төре­лігін заман талабына сай жаң­ғыр­ту жылдар бойы жүргізілді», деді.

Иә, расында Елбасының ұдайы сын­дарлы тапсырмасының ар­қа­­сында, отандық сот жүйесі ха­лық­аралық стандарттарға сай дамып келеді. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Соттардың тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Қазақстанның рейтингісі жыл сайын жақсаруда. Мәселен, 2015 жылғы дерек бойынша, еліміздің осы рейтингтегі көрсеткіші 86 орыннан 72 орынға көтеріліп, 14 позицияға жақсарды. 140 елдің сот жүйесі сы­н­ға түскен әлемдік рейтинг бо­йын­­ша, бұл - жақсы көрсеткіш. Тағы бір мысал. Дүниежүзілік Банк­­тің рейтингісінде соттардың жұ­мысы «Келісімшарттардың орын­далуын қамтамасыз ету» инди­каторы бойынша бағаланады. Осы индикатор бойынша өткен жылы Қазақстан өз көрсеткішін 5 по­зи­цияға жақсартып, 189 елдің ішінде 9-шы орынды иемденді.

Қазақстандық сот корпусының біліктілігі мен кәсібилігін 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы жүргізген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нә­ти­­желері де растап отыр. Сауалда­маға жауап бергендердің 71,3 пайы­зы судьялар жұмысына қана­ғат­танушылық білдірген. Бұл - елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі. Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан сот жүйесіндегі реформалардың нәтижесінде сот­тар­дың жұмысы жаңа сапалы дең­гейге көтерілді. Осылайша, не­ғұрлым кәсіби, ашық, қолжетімді, сапалы және тәуелсіз сот жүйесі нығайып, еліміздің кез келген азаматы заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа нық сеніммен жүгінуіне мол мүмкіндік туғызылғанын көрдік. Бұл жетістіктер әділдікке жетудегі нақты сот кепілі екендігін тағы да дәлелдей түседі.

 

2016 жылдың 1 тоқсанындаөнеркәсіпөнімдерінөндіру 21,9 пайызғаөсті - ШҚОәкімі

 

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 21,9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны аяқталды. Ішкі және сыртқы факторларды қоса алғандағы жалпы өңірлік өнімнің атаулы көлемі 500 млрд теңгеден асатындығы күтілуде. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемі 301 млрд теңгені немесе 121,9 пайызды, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 30,1 млрд теңгені немесе 105 пайызды құрап отыр», - деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында 65,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Өсім - 3,5 пайыз. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес мемлекеттік бюджетке 49,9 млрд теңге салық пен төлемдер аударылды. Бұл 2,5 пайыз өсімді құрайды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 22,3 млрд теңге аударылып отыр. Бұл да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,4 пайызға артық.

Сонымен қатар әкім өз сөзінде өңірде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жұмыстары Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы тапсырмаларға сай жүргізіп жатқанын, экономика өсімін қарқынын сақтауға, мығым әлеуметтік кепілді қамтамасыз етуге бағытталған атап өтті.

 Теңіз мұнай кен орнында үшінші зауыт салынады

 

 «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз мұнай кен орнында мұнай дайындайтын үшінші зауыттың құрылысы үшін жобалық құжаттарды дайындап жатыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысын баяндай отырып, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Теңізшевройл жылына 26,5 млн тонна мұнай өндіреді. Болашақта жоба аяқталғаннан кейін мұнай алу көлемі 12 млн тоннаға артып, 37 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы маған ТШО-ның бас директоры Тед Этчисон айтып берді. Бұл жоба - өте күрделі және ресурстарды шығындайтын жоба. Бірақ, салған ақшамыз ақталады», - деп хабарлады Н.Ноғаев.

 Атырау облысында 45 жаңа жоба қатарға қосылды

 

Атырау облысында жаңадан 45 жоба қатарға қосылды. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы айта келе, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Жаңа инвестициялық жобалар мұнай химия өнеркәсібі саласында, машина құрастыру, құрылыс индустриясы, фармацевтика, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі агронеркәсіптік кешен саласында жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны 101 млрд теңге. 45 жобаны қатарға қосудың арқасында 3 328 тұрақты жұмыс орнын аштық. Қазіргі және жаңа жобаларға инвестиция тарту жұмысы одан әрі жалғасуда», - деді аймақ басшысы.

Н.Ноғаевтың мәліметінше, қазір Атырау облысы  әлемнің жеті еліндегі 11 компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Маңызды  жобалардың қатарында күн және жел электр стансаларының құрылысы, фармацевтикалық зауыт пен газ-химия саласындағы жобалар бар.

Атырау облысында ет өндірісіартады - облысәкімі

 

Атырау облысының ауыл шаруашылығын дамытуда ет өндірісін көбейтуге басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Бұл бағытта Атырау облысының әлеуеті өте зор. Және сол әлеуетті арттырып, пайдалана білуіміз керек. Бұл бағытта әрине тиісті жұмыстардың барлығын атқарып жатырмыз. Осындай мерзімге дейін осынша тонна ет өндіреміз деп нақты цифрларды атай алмаймын қазір. Бірақ, бұл бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Ең бастысы, бөлінген субсидиялардың арқасында осы бағытты дамытуға көмектесуіміз керек. Ең біріншіден, шаруаларға мемлекеттің қолдауы мен оның тиімділігі туралы толық мәлімет беруіміз керек», - дейді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша біраз мал соятын цехтар мен ет өндіретін нысандар бар. Алайда, олардың ең басты проблемасы - шикізат, яғни, мал етінің тапшылығы. Сондықтан, облыс өзге өңірлерден, әсіресе, Оралдан көп ет тасымалдап отыр.

 

Жолдар, тұрғынүй, инфрақұрылымдардысалуғабасымдықберіледі - ШҚОәкіміД.Ахметов

 

Бүгін баспасөз мәслихатында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің таяу және ұзақмерзімді перспективада өңірдің дамуының басымдықтары туралы қойған сұрағына облыс әкімі Д. Ахметов: 

«Жолдар, тұрғын үй, инфрақұрылым салуға баса мән беріп, «100 қадам» бағдарламасының міндеттерін орындаймыз», - деп жауап берді.
Д. Ахметов әкім лауазымына тағайындалған сәтте өңірде өткен бірінші мәжілісінде айтқан «көктен алтын жауатын дәуірдің» аяқталғанын, білекті сыбанып  «бюджеттік инъекцияны»  қысқартуға, экономикаға шетел инвестициясын тартуға жұмыс істеу қажеттігі туралы өз ұстанымын тағы бір нақтылады.

ҚазАқпараттың бұрын белгіленген жобалар оңтайландырыла ма деген сұрағына «белгіленген жоспарлардың бірде-бір тармағы қысқартылмайды. Халықаралық қарыздарды әкеліп, концессиялық жобалар, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, басқа да қаржы институттары арқылы жұмыс істейтін боламыз. Барлық тармақ орындалатын болады», - деп сөзін нақтылады ШҚО әкімі.

Д. Ахметов биыл облыста мемлекеттік инвестиция бойынша даму бюджеті 2015 жылғы деңгейге қарағанда, 38 млрд төмендегенін атап өтті. Шығынның орын толтыру және инженерлік инфрақұрылым бойынша міндеттерді шешу үшін аймақ әкімшілігі өңірге 22 млрд теңге (ЕҚДБ) тартты, қазір тағы 38 млрд теңге инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылуда.

«Жалпы, біз өңірге 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуды жоспарлаудамыз», - деді әкім.

Д. Ахметов басты жобалар ретінде (9 жоба - автор ескерт.) ұзындығы 1,5 шақырым болатын  «Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелі құрылысы» екенін айтты.

А.Байгенжин Астана қалалықІІДжанындағыКонсультативтіккеңестөрағасыболыпсайланды

 

Астана қалалық ІІД-нде Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, консультативтік кеңестің алғашқы отырысын Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ашты.

«Консультативтік кеңес органы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың 100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында көзделген талаптарын жүзеге асыру  мақсатында құрылды және органның басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыұқтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметін әділ әрі ашық ету, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарын арасында өзара байланыс орнату болып табылады», деді департамент басшысы.

Консультативтік кеңес оқұрамына ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Сонымен қатар, отырыста дауыс беру арқылы ІІД жанындағы Консультативтік кеңес органының төрағасы болып «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин   сайланды.

 

 

 Жамбыл облысында 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер оқумен қамтылады

 

Жамбыл облысында 869 мемлекеттік қызметкерді оқытумен қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте  Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.

«Облыста Ұлт Жоспарының 5 бағыты бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілген. Арнайы медиа-жоспар әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары жүргізілуде»,-деп тоқталды өңір әкімі.

Бірінші бағыт - кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң аясында жүргізілуде (1-15 қадам).

«Жыл басынан бері облыс бойынша төменгі лауазымдарға 4 жалпы конкурс  жарияланды. Аяқталған  конкурстар  нәтижесінде 52 адам сынақ мерзімін өтуде.Облыста бірыңғай конкурстық комиссиялар және персоналды басқару қызметтері құрылды. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 5195 бірлікті құрайды, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда - 2747 бірлік (саяси мемлекеттік қызметші - 6, әкімшілік «А» корпусы - 16, әкімшілік «Б» корпусы - 5173)»,-деді ол «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалу барысын баяндау кезінде.

Атап айтқанда, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» бекітілді. Әдістемеге сәйкес «Б» корпусы қызметкерлерінің 2346 жеке жоспары құрылды және «А» корпусының қызметкерлері жұмыстарының басымдықтары туралы 11 келісім жасалды.

Мұнымен қоса, облыс әкімдігінде  мемлекеттік органдардың қадр қызметтерімен тығыз байланыста болатын Әдеп жөнiндегi өкілетті өкіл  лауазымы енгізілді, тәлімгерлер кеңестері құрылды.

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың   2016-2018 жылдарға арналған жоспары бекітілді.  Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында 42 млн. теңге қаражат қарастырылған. 869 мемлекеттік қызметшіні оқытумен қамту жоспарлануда. Өткен тоқсан ішінде 225 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті немесе 26% (оның ішінде 165 адам (30,2%) біліктілігін арттыру және 60 адам (18,6%) қайта даярлау курстарынан өтті»,-деді Кәрім Көкірекбаев.

 

Жамбыл облысында қытайлықкомпаниялардыңқатысуыменқұны 170 млн. долларданасатын 14 жоба жүзегеасырылмақ

 

Жамбыл облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен құны 170 млн. доллардан асатын 14 жоба жүзеге асырылмақ.

 Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен 26 болашағы зор инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Оның ішінде Қытай Халық Республикасымен экономикаық ынтымақтастықты жандандыру аясында қытайлық компаниялардың қатысуымен 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіншілігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны шамамен 170,4 млн. долларды құрайды», - деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында облыс әкімдігі сүт, сүт өнімдері, сонымен бірге ет өнімдері өндірісіне стратегиялық инвесторлар тарту бойынша шаралар қабылдауда. Мәселен, жаңазеландиялық «FRONTERRA» мен даниялық «ARLA» компанияларымен 40 шаруашылықтың басын қосатын, сүт және сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Меркі өнімдері» атты ірі ілкі жобаны жүзеге асыру қолға алынған.

«Таяу аралықта өндірістік кооперативтер төңірегінде 70-тен 200-ге дейін асыл тұқымды сүтті сиыр ұстайтын сүтті-тауарлы фермалар құрылады. Бүгінгі күні сүт зауыты салынатын учаске анықталып, техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру әрбір кооперативтің таяу 5 жылдың ішінде тәулігіне 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеуіне қол жеткізетін болады», - деді К.Көкірекбаев. 

Жамбыл өңірінеетөнімдеріншығаруға 6,5 млрд. теңгеинвестициясалуғадайын 5 инвесторкелді - К.Көкірекбаев

 

Жамбыл өңіріне ет өнімдерін шығаруға 6,5 млрд. теңге инвестиция салуға дайын 5 инвестор келді. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.

«Облысқа ірі қара мал еті мен тауық етін өндіру және қайта өңдеуді дамыту үшін жалпы инвестиция көлемі 6,5 млрд. теңгені құрайтын 5 ірі инвестор тартылды», - деді К.Көкірекбаев.

Өңір басшысы деректеріне сәйкес, «Халал» стандартымен 1757 тонна ет өнімдерін шығаратын өндіріс орны Жамбыл ауданында ашылады. «ОңтүстікХалалТағамдары» серіктестігі жүзеге асыратын жобаға Біріккен Араб Әмірлігінің «ADEAS Development» компаниясы инвестиция құятын болады. Жоба құны 2,5 млрд. теңгені құраса, бүгінде оның 1,8 млрд. теңгесі толығымен игерілген.  

«Agrostanferms» ЖШС малайзиялық инвесторлардың көмегімен Меркі ауданында 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау орнын салмақ. Инвестиция көлемі шамамен 10 млн. долларға тең. «Агро фирма Турікпен» ЖШС-і де 3 мың ірі қараға арналған бордақылау кешенін салып, 5 мың бас ірі қараға арналған мал тұқымын асылдандыру шаруашылығын құрмақ. Бұл жобаның құны шамамен 500 млн. теңгені құрайды.  

«Нұрлыжол»аясында «Ақсүйек-Бурылбайтал»жолыжаңғыртылады

 

 «Нұрлы жол» аясында «Ақсүйек-Бурылбайтал» жолы жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.

Өңір басшысының атап өтуінше, Ұлт жоспарының 65-ші қадамы Қазақстанның халықаралық көлік-коммуникация ағынын ықпалдасуын қарастырады. Бұл ретте облыста «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын учаскесі салынып, толығымен пайдалануға берілген.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлмасы аясында «Ақсүйек-Бурылбайтал» республикалық автомобиль жолының 62 шақырымын жаңғырту жоспарлануда», - деді К.Көкірекбаев. 

Жамбыл облысыныңәкімдігікүнжәнежелэлектрстансаларынсалуғаинвесторларіздестіріпжатыр

Жамбыл облысының әкімдігі күн және жел электр стансаларын салуға инвесторлар іздестіріп жатыр. Бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалуына арналған брифингте аталған өңірдің әкімі Кәрім Көкірекбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінде облыс басшылығы күн және жел электр стансалары құрылысы секілді жаңаратын энергия көздері бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту шараларын қарастыруда»,-деді облыс әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, индустрияландыру бағдарламасы бойынша облыста шетел инвесторларының қатысуымен 3,6 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 13 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы 17 млн. доллар көлеміндегі 2 нысанды іске қосу көзделіп отыр.

Белгілі болғандай, 2015  жылы шетел инвесторларымен 50-ге жуық кездесу өткен. Қазіргі кезде 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру тұрғысында әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Оның ішінде ҚХР-мен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру аясында қытайлық компаниялардың қатысуымен 14 инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны 4 170,4 млн. долларды құрап отыр. 

«Балдәурен»әлемніңтанымалсауықтыруорталықтарыныңарасындағыкөшбасшылардыңбіріболуғаұмтылады - М.Төлепбай

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадам ұлт жоспарында балаларға, жастарға білім, тәлім-тәрбие беру мәселесіне жан-жақты назар аударылғаны белгілі. Бұл ретте еліміздің болашағы мектеп оқушыларын демалыс уақыттарында сауықтыру мен олардың толыққанды демалысын және бос жүрмеуін ұйымдастыру үдерісі де маңызды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген 5 күндік оқу режиміне келесі оқу жылынан бастап көшуге байланысты жазғы каникулдің басталуы 1 шілдеге қарай ығысатынын ескеретін болсақ, бұл проблеманың тиімді және кәсіби шешімін табу бүгінде аса өзекті мәселе болып отырғаны байқалады. Демек, мектеп оқушыларын сауықтыру орталықтарына жаңа міндет қойылып отырғаны анық.

Бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы 7-8 сәуірі күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы жазғы демалыс кезінде балалар демалысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру мәселелеріне арналған республикалық семинар өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялардың білім беру басқармаларының, облыстардың және Астана мен Алмат қаласы әкімдігінің өкілдері, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары қатысты. Жиынның жалпы отырысында балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстарындағы барлық қызметтерді ведомствоаралық үйлестіру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысында ұсыныстар әзірленді.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда бүгінде үлкен жұмыстар жүргізіп отырған    «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы да жазғы маусымға жан-жақты әзірленуде. Осы ретте ҚазАқпарат «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбайды  сұхбатқа тартқан болатын.

- Мұхитдин Бекболатұлы, өзіңіз басшылық жасайтын орталықта бүгінде кімдер демала алады?

- Өздеріңізде білетіндей, «Балдәурен»  республикалық оқу-сауықтыру орталығы, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Халықаралық «Артек» балалар орталығының үлгісімен құрылған болатын. Жыл сайын біздің жыл бойы жұмыс істейтін орталықтың базасында елдің әр аймақтарындағы әртүрлі мектептерден  алты мыңнан астам талантты мектеп оқушылары оқиды және демалады. «Балдәурен» бір ауысымда Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ге дейін баланы қабылдайды. Жазғы уақытта ауысым ұзақтығы 15 күн  болады, ал оқу жылы кезеңінде ауысым 20 күнге созылады.

Орталыққа демалуға конкурстық негізде жолдаманы жеңіп алған 11-ден 15 жасқа дейінгі (5-9 сыныптар оқушылары) дарынды балалар келеді. Бұл оқу үздіктері, мектептік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, спорт жарыстарының, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ғылыми жобалар жеңімпаздары. Жолдамалар облыстық білім департаменттері арқылы бөлінетінін атап өтейін.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның ең беделді лагері «Балдәуренге» жіберілетін ең лайықты мектеп оқушыларын іріктеу жөніндегі әкімдіктердің, облыстық білім департаменттерінің, қалалық және аудандық білім басқармалары өкілдерінің үздік жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді.

- Балалардың демалуына, білім алуына қандай жағдайлар жасалған?

- Біздің орталықта балалардың демалуы үшін ең үздік жағдайлар жасалған. «Балдәурен» бүгінде деңгейі мен ауқымы жағынан Орталық Азия елдеріндегі бірден-бір ұлттық балалар лагері болып табылады, мұнда отандық балалар мен жасөспірімдер жайлы да қызықты, өзі үшін барынша пайдалы демалады. Онда олар сапалы қосымша білім алады және шығармашылық қабілеттерін шеберліктің жоғары деңгейіне көтере алады. Біздің орталықта жүйелі негізде балалармен және жасөспірімдермен тәрбие-білім және сауықтыру жұмыстарының көпжылғы тәжірибесі жинақталған, мұнда ең табысты және озық отандық және халықаралық педагогикалық технологиялар жүзеге асырылады.

Егер материалдық-техникалық база жөнінде айтар болсақ, «Балдәурен» орталығының аумағында әдемі де кең ғимараттар бар, олар осы заманғы талаптарға сай балалардың толыққанды демалуын қамтамасыз етеді. Мысалға, сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету сияқты шетін мәселе бізде мемлекеттік стандарттарға сай шешілген. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету де жоғары деңгейде жүргізіледі, заманауи техникамен жарақтанған мектеп сыныптары, спорт залдары, жабық бассейн және басқа да жайлы өмір сүру және демалу атрибуттары бар.

Орталық қызметін ҚР Білім және ғылым министрлігі бағыттап отырады. Бізде барлық өзекті және ағымдағы мәселелер бойынша білім ведомстволарымен белсенді байланыстар жолға қойылған. Жүйеленген ұдайы және өзара байланысты жұмыс болмайынша, үлкен Орталықтың қызметін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

- Орталық қызметі саласына не кіреді?

- Орталық қызметіне өңірлік білім ұйымдарымен үйлестірілген өзара іс-қимыл, климаттык ерекшеліктерді ескеру, жыл маусымына қарай білім беру және ойын бағдарламаларын жіті жоспарлау кіреді.

Сондай-ақ жыл бойы ұлттық жобаларды және патриоттық акцияларды сүйемелдеу шаралары жүзеге асырылады, үнемі алмасып отыратын лагер ауысымдары бойы тоқталмайтын тәрбие процесі мен барлық қызметтердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп отырады. Біз идеялы, жас және патриоттық үлгіде тәрбиеленген жас көшбасшылардың инкубаторына айналдық. Біз өскелең ұрпақтың озық буынын тәрбиелеу жөніндегі өзекті міндеттерді нақты және кәсіби түрде шешетін институтқа айналдық.

Қорыта келгенде, осының бәрі Орталық туралы күрделі тетік ретінде ғана емес, дәлірек айтсақ, одан әрі даму үшін жаңа креативтік идеялар мен мақсаттарды үнемі талап ететін жанды педагогикалық организм ретінде айтуға мүмкіндік береді.

- Жас ұрпаққа патриоттық тәлім-тәрбие беру бағытында недей жұмыстар атқарудасыздар?

- Иә, қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты патриоттық тәрибиелеудің рөлі арта түсіп отырғанын бөлек атап өткен жөн. Осыған байланысты «Балдәурен» Орталығына 2011 жылғы 20 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында) Жеңіс туының көшірмесін сақтауға беру бірегей тәрбиелік мәні зор оқиға болды. Жеңіс туы қанқұйлы жаумен жан беріскен ұрыста кеңес халқын ерлікке бастаған қасиетті символ болып табылады. Қазір осы Тудың көшірмесі біздің Орталықта сақтаулы тұр.

Бұл қасиетті жәдігер «Балалар демалысын ұйымдастырушылардың достастығы» Халықаралық қоғамдық ұйымы Атқару комитетінің бастамасымен Ресей Федерациясы әскери қолбасшылары клубының атынан «Балдәурен» орталығына 1941-1945 жылдардағы Жеңістің 65 жылдығына арналған еске алу-мемориалдық және мәдени-бұқаралық шараларға белсене қатысқаны үшін берілді. Жеңіс Туының көшірмесін беру салтанатты рәсімінің қатысушылары балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеттері, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары, өкімет органдарының өкілдері, «Балалар демалысын ұйымдастырушылар достастығы» Халықаралық қоғамдық ұйымы Атқару комитетінің өкілдері, Орталық қызметкерлері, масс-медиа өкілдері болды.

Бүгінде мемлекеттің басты ұлттық жобаларының бірі келесі жылы өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі болып отыр. «Балдәурен» Орталығы да бұл жобаны қолдауға белсене араласты. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен біздің Орталықта 2016 жылғы 12 наурызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге арналған «Табиғатты аялайық!» республикалық акциясы басталды.

Акция жұртшылық назарын қоршаған ортаны қорғауға аударуға, әрбір азаматта экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, волонтерлік қозғалысты қолдауға және дамытуға бағытталған. Бұл акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінің жалпы білім беретін мекемелерінің қатысуы ұсынылады. Акция қатысушылары немен айналысады? Олар қорғап, сақтауды талап ететін өз өлкесінің «экологиялық нысандарын» анықтайды, одан  кейін бұл мәселелерді шешудің бірқатар практикалық шараларын қолға алады. Қатысушы-мектеп оқушылары «Балдәуреннен» өз өлкелеріне оралғаннан кейін бұл акцияны жергілікті жерлерде одан әрі насихаттайды, бүкіл ел үшін маңызды істің белсенді жанашырлары болады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында былай деп жазады: «...күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдық элитаға, жоғарғы технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет. Тек өзінің интеллектуалдық әлеуетінің арқасында ғана ел әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады. ...Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі - бұл, үнемі құбылып отыратын бүгінгі мен белгісіз ертеңгіге дайын болуға көмектесетін, өмірлік машықтардың шоғырлануы. ...Бізге бағдарламаның шеңберінде қалып қойғандар емес, еркін жол таба білетіндер керек».

Біздің Орталық, біздің вожатыйларымыз, біздің педагогтарымыз ойын және басқа да педагогикалық формалар арқылы балалардың бойына озық ойлау мәдениетін еге отырып, баланы өз Отанының шынайы патриоты және азаматы етіп өсіруге көмектесе отырып, міне, нақ осындай бәсекеге қабілетті жеке адамды қалыптастыруға жағдай жасауға тырысуда.

Демалыс маусымы аяқталған кезде біздің балалар қайтадан келуге және осынау білім мен еңбек мерекесі әлеміне бой ұруға үміттеніп, лагермен көзіне жас алып  қимай қоштасады. Тағы бір айта кетер жайт, «Балдәуренде» шеберлік сабақтарында болған, өңірлерден келген көптеген вожатыйлар одан әрі біздің Орталықтағы бос орындар конкурсына қатысатынын атап өткен жөн.

«Балдәурен» Орталығы елдің педагогикалық тәжірибесі қоржынына  ғана емес, сонымен бірге ресейлік (бұл «Артек», «Орленок» және «Океан»), беларустық («Зубренок»), болгарлық («Камчия») сияқты халықаралық педагогикалық қоғамдастықтардың және басқа да халықаралық балалар демалысы орталықтарының тәжірибесіне өз үлесін қосып келеді. Біздің педагог-ұйымдастырушылар, біздің вожатыйлар педагогикалық ойын бағдарламалары халықаралық конкурстарына үнемі қатыса отырып, кәсіби жарыстардың жеңімпаздары және лауреаттары болып келеді. Сондай-ақ Орталықта Вожатый шеберлігі мектебі және Вожатый шеберлігінің жоғары мектебі  түрақты негізде жұмыс істейді, оларда республикамыздың барлық өңірлерінен келген вожатыйлар үшін сабақтарды өткізу формасы лекциялар, семнарлар мен практикумдар ғана емес, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сабақтары және рөлдік ойындар түрінде де өтеді. Сонымен бірге біз нақ осы кадрларға деген өсіп отырған қажеттілікті көріп отырмыз, өйткені олар «Балдәурен» қабырғаларында бірегей мамандар болып шығады десек, асыра айтқандық емес. Балалар демалыс орталықтары үшін кадрлар даярлауға біз үлкен жауапкершілікпен қараймыз және вожатыйлардың кәсіби құзыретін арттыру мемлекеттік ауқымдағы міндеттерді жүзеге асыруда Орталықтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Біздің Орталық интеллектуалдық дарынды және өзіндік азаматтық ұстанымымен патриоттық тәрбие алған жеке адамды дамыту және қолдау үшін барлық жағдайды жасауға ұмтылуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгілеген бастамалары аясында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұжымы педагогикалық шеберліктің алдыңғы шебінде болуға ұмтыла отырып, ең таңдаулы халықаралық креативтік технологияларды таңдап, талмастан игеруде.

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру мақсаттарының экономикалық және саяси маңызын түсіне отырып, біз алдымызға әлемнің танымал сауықтыру орталықтарының арасындағы көшбасшылардың бірі болу мақсатын қойып отырмыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

100 ҚАДАМ: ҚРҰЭМмамандарыЖеркодексіне енгізілген өзгерістердіңтиімдітұстарытуралыайтыпберді

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдер, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілетін жоспарланған өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақстында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы қабылданды, ол 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Жер кодексіне енгізілген түзетулер көздейді: мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру; жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну; жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау; ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.

«Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады», - атап өтті Гүлжахан Бимендина.

Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» (Салық-кеден кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-нің, ҮЕҰ-нің және бизнес ұйымдарының өкілдері кірді, деп хабарлады ҚР Ұлттық  экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімділігін ескере отырып, сатудан алынатын салықты қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуде, шағын бизнес үшін патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері пысықталуда, сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктері мен салықтық және кедендік үрдістерін әкімшілендіру тетігіне талдау жасалуда.

Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Салық-кеден кодексінің жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетін болады.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығыөнімдерінөңдеудамыпотыр - К. Көкірекбаев

Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.

«Шикізатты емес, өңделген өнімді экспорттау қажеттігі туралы сұрақты  қойып отырғандарыңыз орынды, шикізат күйінде жөнелтпей, өзімізде өңдеп, сосын экспорттап, одан пайда көруіміз қажет, - деді К. Көкірекбаев, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің қойған сұрағына жауап беріп, -  бұдан бұрын малды тірідей қайда жібердік? Қордай ауданы Алматыға, Жуалы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысына, Ал Тараз, Мойынқұм ауданы - Қарағандыға жөнелтті. Қазір осыған орай, бізде «Оңтүстік халал» іске қосылады. Өзіміз өңдеп, салқындатылған түрде отандық және шетел тұтынушыларына жөнелтеміз. Иран, Араб Әмірлігі, Мысырмен және бірқатар елдермен  сауда шарттары жасалды».

Облыс әкімі жамбылдық «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС БАӘ инвесторлардың қатысуымен Жамбыл ауданында қуаты жылына 1 757 тонна «Халал» стандартының ет өнімдерін шығару жобасын іске асыратынын атап өтті. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. «Бұл комбинат жоғары сапалы тоңазытылған ет жеткізеді, мұның мұздатылғанға қарағанда, артықшылығы бар. Егер тірілей салмаққа қатысты айтар болсақ, «Оңтүстік халал» ет комбинаты күніне 40 тонна өнім өңдей отырып, 250 ІҚМ және 1800 қой жеткізеді. Мұндай комбинат Меркеде де бар. Бұдан басқа «Agrostanferms» компаниясы Малайзиядан инвестордың қатысуымен 5 600 бас қойға арналған бордақылау базасын дайындады, енді Алматының бірқатар ірі супермаркеттеріне Жамбыл облысынан ет жеткізіледі. Бұрындары тірілей салмақта жөнелтсек, қазір өңдеп барып жеткіземіз».

К. Көкірекбаев көкөніс өнімдерін өңдеу мәселесін де қозғады. «Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында қызанақ өсіреміз. 30-40 пайызын сатамыз, 20 пайызын тұтынамыз. 25-30 пайызы зая кетеді. Кеше ғана Қытайда болғанда, қытай бизнесмендерімен келіссөз жүргіздік, олар мамырда келіп, қызанақты томат пастасы етіп өңдейтін зауыт салмақ. Жыл сайын Мерке ауданында егістік күнін өткіземіз. Онда 126 га алма бағын ектік.  80 гектарға жүзім өсіріледі. Жамбыл облысында 100 гектарға сондай-ақ қарқынды технология бойынша алма бағын өсіреміз. Жаңа технология бойынша - бақшаларды тамшылатып суару қолға алынды. Тұқымды, көкөніс өнімдерін екі есеге ұлғайтуды көздеп жатырмыз. Алғаш рет өткен жылы Ресейге 1 034 вагон пияз жөнелттік. Бұл, әрине, шикізат, алайда біздің аграршылар алғаш рет осындай жоғары өнімге қол жеткізді», - деді өңір басшысы.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығыөнімдерінөңдеудамыпотыр - К. Көкірекбаев

 

Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.

«Шикізатты емес, өңделген өнімді экспорттау қажеттігі туралы сұрақты  қойып отырғандарыңыз орынды, шикізат күйінде жөнелтпей, өзімізде өңдеп, сосын экспорттап, одан пайда көруіміз қажет, - деді К. Көкірекбаев, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің қойған сұрағына жауап беріп, -  бұдан бұрын малды тірідей қайда жібердік? Қордай ауданы Алматыға, Жуалы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысына, Ал Тараз, Мойынқұм ауданы - Қарағандыға жөнелтті. Қазір осыған орай, бізде «Оңтүстік халал» іске қосылады. Өзіміз өңдеп, салқындатылған түрде отандық және шетел тұтынушыларына жөнелтеміз. Иран, Араб Әмірлігі, Мысырмен және бірқатар елдермен  сауда шарттары жасалды».

Облыс әкімі жамбылдық «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС БАӘ инвесторлардың қатысуымен Жамбыл ауданында қуаты жылына 1 757 тонна «Халал» стандартының ет өнімдерін шығару жобасын іске асыратынын атап өтті. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. «Бұл комбинат жоғары сапалы тоңазытылған ет жеткізеді, мұның мұздатылғанға қарағанда, артықшылығы бар. Егер тірілей салмаққа қатысты айтар болсақ, «Оңтүстік халал» ет комбинаты күніне 40 тонна өнім өңдей отырып, 250 ІҚМ және 1800 қой жеткізеді. Мұндай комбинат Меркеде де бар. Бұдан басқа «Agrostanferms» компаниясы Малайзиядан инвестордың қатысуымен 5 600 бас қойға арналған бордақылау базасын дайындады, енді Алматының бірқатар ірі супермаркеттеріне Жамбыл облысынан ет жеткізіледі. Бұрындары тірілей салмақта жөнелтсек, қазір өңдеп барып жеткіземіз».

К. Көкірекбаев көкөніс өнімдерін өңдеу мәселесін де қозғады. «Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында қызанақ өсіреміз. 30-40 пайызын сатамыз, 20 пайызын тұтынамыз. 25-30 пайызы зая кетеді. Кеше ғана Қытайда болғанда, қытай бизнесмендерімен келіссөз жүргіздік, олар мамырда келіп, қызанақты томат пастасы етіп өңдейтін зауыт салмақ. Жыл сайын Мерке ауданында егістік күнін өткіземіз. Онда 126 га алма бағын ектік.  80 гектарға жүзім өсіріледі. Жамбыл облысында 100 гектарға сондай-ақ қарқынды технология бойынша алма бағын өсіреміз. Жаңа технология бойынша - бақшаларды тамшылатып суару қолға алынды. Тұқымды, көкөніс өнімдерін екі есеге ұлғайтуды көздеп жатырмыз. Алғаш рет өткен жылы Ресейге 1 034 вагон пияз жөнелттік. Бұл, әрине, шикізат, алайда біздің аграршылар алғаш рет осындай жоғары өнімге қол жеткізді», - деді өңір басшысы.

Сот отырыстарына азаматтардыңқатысуынұйымдастыруүшіналқабилеркандидаттарыныңтізіміжасақталды - БҚОәкімі

 

Батыс Қазақстан облысында сот отырыстарына азаматтардың қатысуын ұйымдастыру үшін алқа билер кандидаттарының тізімі жасақталды. 

Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының дамыған елдердің отыздығына кіру жолында жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 16-шы 34-ші аралығындағы қадамдары  Заңның үстемдігін қамтамасыз ету  бағытына арналған. Ата заңда айқындалғандай, заң алдында азаматтардың бәрі бірдей. Осы  қағидатты  мүлтіксіз сақтау тұрғысында Ұлт жоспарында бірқатар нақты тапсырмалар берілді», - деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, сот билігі тармағымен сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыруға, судья лауазымына іріктеу талаптарын күшейтуге, бір сөзбен айтқанда сот жүйесін жетілдіруге  арналған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Сот отырыстарына азаматтардың қатысуын ұйымдастыру мақсатында алқа билер кандидаттарының тізімдері (6250 адам) жасақталды», - деді А.Күлгінов.

Батыс Қазақстаноблысыэкономикасына 355 млрд. теңгеинвестициятартылды - облысәкімі

 

Батыс Қазақстан облысы экономикасына 355 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Үшінші бағыт - Индустрияландыру және экономикалық өсім. Ұлт жоспарының аталған бағыты ең ауқымды әрі Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды мәселелерін қамтиды. Мемлекет басшысы ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы мен әлеуметтік жаңғыртылуын одан ары жүзеге асыруда бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыт аясында облыста жаңа өндіріс орындарын құру мен инвестиция тарту мәселесіне зор назар аударылуда», - деді А.Көлгінов.

Оның сөзіне қарағанда, облыс экономикасына 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсіммен негізгі капиталға 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте аудандар мен облыс орталығы шегінде өңдеу өнеркәсібінің негізігі үлесін Орал қаласы (70 пайыз), Бөрлі (14), Зеленов (6,5) және Теректі (5,5) аудандары алып отыр.

«Қалған аудандар негізінен ауыл шаруашылығына бағдарланған. Оларда мал басының көбеюі, ет және ет өнімдерін шығару көлемінің артуы есебінен өндірісі өсімі байқалады», - деді өңір басшысы.

 Батыс Қазақстан облысы экономикасына 355 млрд. теңге инвестиция тартылды - облыс әкімі

 

Батыс Қазақстан облысы экономикасына 355 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Үшінші бағыт - Индустрияландыру және экономикалық өсім. Ұлт жоспарының аталған бағыты ең ауқымды әрі Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды мәселелерін қамтиды. Мемлекет басшысы ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы мен әлеуметтік жаңғыртылуын одан ары жүзеге асыруда бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыт аясында облыста жаңа өндіріс орындарын құру мен инвестиция тарту мәселесіне зор назар аударылуда», - деді А.Көлгінов.

Оның сөзіне қарағанда, облыс экономикасына 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсіммен негізгі капиталға 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте аудандар мен облыс орталығы шегінде өңдеу өнеркәсібінің негізігі үлесін Орал қаласы (70 пайыз), Бөрлі (14), Зеленов (6,5) және Теректі (5,5) аудандары алып отыр.

«Қалған аудандар негізінен ауыл шаруашылығына бағдарланған. Оларда мал басының көбеюі, ет және ет өнімдерін шығару көлемінің артуы есебінен өндірісі өсімі байқалады», - деді өңір басшысы.

 

Батыс Қазақстаноблысындажалпысомасы 330 млрд. теңгеніқұрайтын 41 жобажүзегеасырылуда

Батыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Бүгінгі күннің негізі міндеттерінің бірі жаңа өндіріс орындарын құрып, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту болып отыр. Индустрияландыру картасы аясындағы өзектендірілуді еске алғанда облыста сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда 2242 жұмыс орны құрылады», -  деді ол.

Әкімнің алға тартқан деректеріне сәйкес, Индустрияландырудың алғашқы 5 жылдығында 258 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1828 жұмыс орны құрылған. 2015 жылдың қорытындысында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі 30 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 14 пайызды құраған.

«Мұндай жобалардың бірі - «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Жоба құны 3,1 млрд. теңгені құрайды. Трасформаторларды пайдаланушылар мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар, энергетикалық кешен кәсіпорындары мен темір жолдар болып саналады. Бұған қоса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  өнімдерінің 90 пайызына дейін ТМД елдеріне экспорттауға бағытталған, Иран нарығына шығуды да жоспарлауда. Бұл жерде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Толық қуатына көшкенде 600 жұмыс орны құрылады»,-  деді А.Көлгінов.

Өңір басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың сәуіріндегі жағдайға сәйкес, кәсіпорын 500  млн. теңгенің 840 трансформаторын шығарған. Оның 300-і ТМД елдеріне экспортталған.

«Бұған қоса, ағымдағы жылы «Орал трансформатор зауыты» түрік инвесторларымен серіктестікте электр техникалары құрал-жаблықтарын шығаратын «Оралэнерго» ЖШС бірлескен кәсіпорнын ашады. Құны 1,5 млрд. теңге болатын электр техникалары құрал-жабдықтарын бірлесіп шығаруды ұйымдастыру келісімшартына қол қойылған. Жаңадан 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған өндіріс орнын ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарланған», - деді БҚО әкімі.

Батыс Қазақстаноблысында 1 мыңғажуықадамдуальдыоқытужүйесіарқылыбілімалуда - А.Көлгінов

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 1 мыңға  жуық адам дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Ұлт жоспарының 76-79 қадамдары білім беру саласын жаңғыртуға арналған. Мемлекет басшысы функционалды сауаттандыруды дамыту мақсатында біртіндеп 12 жылдық білім беруге көшу керектігін айтты. 12 жылдық білім беру бойынша  осы оқу жылы барысында Орал қаласының Ықсанов атындағы №36 мектеп пен Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі бекітілді. Педагог мамандар Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  біліктілігін арттырып, арнайы курстардан өтті», -деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, еліміздің 10 өңірінде жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында әріптестік негізде таңдалатын колледж бар, соның ішінде Батыс Қазақстан индустриалды колледжі енген. «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжі арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған. Ол бойынша колледждің инжерлік-педагогикалық жұмысшылары Астана және Минск қалаларында біліктілігін арттырды. Колледж бен облыстағы «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» арасында ынтымақтастық туралы келісім бекітілген.

«Соңғы 2 жылда облыста дуальды оқыту жүйесі енгізіле бастады. Осы бағытта облыс бойынша 53 өндіріс орындарымен келісім жасалып, 979 адам осы жүйе бойынша оқытылып келеді. Яғни, түске дейін сабақта, түстен кейін өндіріс орнында 979 оралдық колледж студенттері теория мен тәжірибені ұштастыруда», - деді А.Көлгінов.   

 

2015 жылы БҚО-дашағынжәнеортабизнестіңқұны 6 млрд. теңгелік 108 жобасымақұлданды

 

2015 жылы Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнестің құны 6 млрд. теңгелік 108 жобасы мақұлданды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Кәсіпкерлікті дамытуда шағын және орта бизнес субъектілері айтарлықтай рөлге ие. Жыл басынан бері облыста тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 45,4 мыңды құрады. ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 108 мың адамды құрайды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Мемлекет бюджетіне шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдері 49 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық. 2015 жылғы салық түсімдеріндегі ШОБ үлесі 30,6 пайызды құрады»,-  деді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, өңірдегі кәсіпкерлік белсенділігінің артуына мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы септігін тигізген. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 56 млрд. теңгеге 513 жоба мақұлданған. 22 мың жұмыс орны сақталып қалып, қосымша 3 300 жаңа жұмыс орны құрылған. Ауылдық жерлерде 20 млрд. теңгеге 195 жоба мақұлданған.

Мұнан бөлек, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге 108 жоба мақұлданып отыр. Мақұлданған жобалардың 56 пайызы ауылдық жерлерге тиесілі. 

Биыл БҚО-да 1750 пәтерсалынады - А.Көлгінов

 

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында 1750 пәтер салынады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылымға 12 млрд. теңге бөлінді. 2016 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы жалпы аумағы 130 мың шаршы метрді немесе 1750 пәтерді құрайтын 15 көппәтерлі үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 22 нысанын салу жоспарланған», - деді облыс әкімі.

А.Көлгіновтің атап өтуінше, аталған пәтерлердің 675-сі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына, 180-і жас отбасыларға, 671-і Қазақстанның ипотекалық компаниясы желісі арқылы кезекте тұрғандарға табыс етіледі. Ал 225 пәтер мемлекеттік жеке-серіктестік арқылы апатты үйлердің тұрғындарына беріледі.

Қарағанды облысыныңэкономикасы 2016 жылы 1,9 пайызғаартады - аймақбасшысы

 

Қарағанды облысының экономикасы 2016 жылы  болжам бойынша 1,9 пайызға өседі, деп хабарлады бүгін аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Облыс жұмысының тиімділігін бағалап, жауапкершілікті арттыру үшін ҚР Премьер-Министрімен 2016 жылға арналған жеті негізгі көрсеткішті арттыру жөнінде меморандумға қол қойдық. Облыс экономикасы 1,9 пайызға, жан басына шаққандағы инвестицияның өсімі 15,2 пайызды, жергілікті бюджеттен салық пен өзге де көздерден түсетін кіріс 3,3 пайызға артады деп жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік салаға келер болсақ,  жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталып, халықтың өмір сүру жасын 70 жасқа жеткіземіз», - деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы атап өткендей, билік сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру күш салады. Облыстың негізгі бағдарламалық құжаттары жаңа форматта әзірленіп, бекітілген екен. Негізгі құжаттарды атар болсақ, бұл - Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

Қазақстанда «жасыл» экономикағакөшугенегізделгенқанатқақтыжобаларнәтижебереме?

 

БҰҰ Даму бағдарламасы ЕО-ның қаржылық қолдауымен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетпен серіктестік негізінде «Жасыл» экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасын жүзеге асыруда.

Құны 7 млн. еуро көлеміндегі бұл бағдарлама өткен жылдың жазында іске қосылған болатын. Қаржының басым бөлігі, яғни 70 пайызы нақты қанатқақты жобаларға бағытталады. Оның ішінде 3 млн. еуро сомасындағы 4 жобаны жүзеге асыруды биыл бастау жоспарланып отыр. Осы орайда «жасыл» экономика мәселелері аясында Астанада өткен жиында аталған жобаның менеджері Гүлжамал Исаева кеңінен баяндап берді.  

Мемлекет ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда, дегенмен де су тарту мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында іске асырылатын бірінші жоба арқылы халықаралық ұйымдар аталған проблеманы шешудің үлгісін көрсетуге ниетті.

«Су үнемдейтін технологияларды енгізу және ауыз су сапасын жақсарту, сондай-ақ ауылдың кәріз жүйесін қайта жаңарту нысанын салуда «жасыл» инфрақұрылым технологиялары пайдаланылады. Бұл өз кезегінде экологиялық тұрғыда қауіпсіз әрі тиімді, техникалық қызмет көрсетуге арнайы жабдықтарды қажет етпейді», - деді Г. Исаева

Екінші жобаның мақсаты - шөлейтті және жартылай шөлейтті жерлерде егін шаруашылығымен айналысу мүмкіндігін дәлелдеу. Бір фермерлік шаруашылық үлгісін пайдалана отырып, оазистік суару мүмкіндігі таныстырылады.

«Біз бұл технология арқылы жем-шөп дақылдарын өсіруге басымдық береміз. Осы ретте мал шаруашылығын дамыту мүмкіндігі артады»,-деді БҰҰДБ менеджері.

Тағы бір жұмыс Ақтөбе облысы аумағындағы екі су қоймада жүргізіледі. Оның бірі  - Ақтөбе су қоймасы. Нысандағы жұмыстарды жетілдіру үшін автоматтандырылған бақылау-өлшеу құрылғыларын орнату қарастырылуда, бұл өз кезегінде су қысымының артуы мен оның деңгейінің көтерілуі жөнінде қызметкерлерге алдын ала белгі береді. «Біздің ойымызша, осы бағыттағы шаралар төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік жасайды»,-деп қосты ол.

Екінші су қойма - ол Қарғалы нысаны. Бұл су қоймада туристік аумақты дамытуға жақсы жағдайлар бар. Г. Исаеваның сөзіне қарағанда, бұл нысанды табыс көзіне айналдыруға болады және кіріс қаржыны ескірген инфрақұрылымды жаңартуға жұмсауға мүмкіндік бар. «Біз осы су қойманың айналасына туризмді дамытып, балық және жылыжай шаруашылықтарын құрып, сондай-ақ шағын су электр стансасын салуға ниеттіміз. Бұл станса барша инфрақұрылымды энергиямен қамтамасыз ете алар еді»,-деді ол.

Ал соңғы жоба Астанада жүзеге асырылуда және ол қалалық жағдайда ауыл шаруашылығын дамытудың үлгісі болып табылады. Атап айтқанда, бұл жоба солтүстік өңірдің жағдайында экологиялық таза өнімдерді бәсекеге қабілетті бағамен жыл бойы өндіруге мүмкіндік береді.

«Бұл тұрғыда негізгі мәселе  - ол жылу энергиясы көп жұмсалатын солтүстік өңірлерде өнімнің өзіндік құнын қолжетімді ету. Біз жаңаратын энергия есебінен шығын көлемін қалай төмендетуге болатындығын көрсетеміз. Осы орайда суды ысырап етпей, оны қайта пайдалану әдістерін кеңінен қолданамыз. Бұл өте қызық жоба және ол ЭКСПО көрмесі нысандарының бірі болады деген үміттеміз»,-деді ол.

Әрине, халықаралық ұйымдар Қазақстанның проблемаларын шеше алмайды. Бұл тек «жасыл» технологияларды дамыту арқылы ауылдық жерлерді қалайша көтерудің қанатқақты үлгілері болып табылады. Сонымен қатар бұл бағыттағы жобалар  озық технологияларды пайдаланудың тәжірибесін үйреніп, бұдан елеулі табыс алу үшін өндірушілерге жақсы мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.

Айта кетейік, ЕО мен БҰҰ бағдарламасы нақты жобаларды жүзеге асырумен қатар, олар Қазақстанға бұл салада нормативтік-құқықтық базаны дамытуда және олардың халықаралық заңнамамен үйлестіруге, сондай-ақ мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға өз көмектерін ұсынуда.

«Біз су ресурстары саласында мамандар үшін магистрлік курсты әзірлеудеміз және ол Қазақстанның жоғары оқу орындарына енгізілмек. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру бағдарламасын даярлап жатырмыз. Қазіргі кезде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен келіссөздер жүргізудеміз. Осы орайда бұл курсты енгізуге үміттіміз», - деп атап өтті Г. Исаева.

«Жасыл» жобалар өте қымбат және өзін ақтамайды деген таптаурынды түсінік бар. Әрине, қысқа мерзімді болашаққа жоспарласақ, онда қазір қолжетімді әрі кеңінен пайдаланылып жүрген технологиялардан «жасыл» жобалар қымбатырақ болуы мүмкін. Алайда, егер де дамығымыз келсе, онда кем дегенде орташа мерзімді перспективаға жоспарлауымыз қажет. Ал бұл бағытта жасалған барлық есептеулер озық технологиялар тиімді нәтижелер беріп, тұрақты және қолжетімді болатынын көрсетіп отыр»,-деп түйді сөзін Гүлжамал Исаева. 

«100 нақтықадам»: Камералдықбақылаумен 60 мыңмемлекеттіксатыпалуқамтылып, 116 млрд. теңгеніңзаңбұзушылығыанықталды

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 93-қадамында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылдау міндеті жүктелген болатын. Күшіне енген сол заңға сәйкес, елімізде Камералдық бақылау институты енгізілді. Осыған орай, ағымды жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу қамтылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Камералдық бақылау-ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеуге бағытталған ақпарат көздерін қолдау арқылы жүргізілетін қызмет. Осыған байланысты ағымды жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу қамтылды. Оның ішінде 17 мың сатып алу бойынша жалпы сомасы 116 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Демек әрбір 4-інші сатып алу бұзушылықтармен жүргізілген», - делінген баспасөз баянында.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, жауапты тұлғаларға бұзушылықтарды дербес жою үшін хабарламалар бағытталған. Айта кетерлігі, қателіктерді уақтылы жойған кезде лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты 2016 жылдың 1 тоқсанында әкімшілік жауапкершіліктен 4 637 лауазымды тұлға босатылған.

«Жаңа институттың экономикалық тиімділігі зор. Камералдық бақылау объектілерге бармастан жүргізілетіндіктен, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктеме төмендеді. Бұдан басқа камералдық бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган іссапарлық шығыстарды көтермейді», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, 2015 жылы атқарылған жұмыстар барысында 2,7 млрд. теңгеге бұзушылық анықталған. 481 қызметкер жауапкершілікке тартылып, 249,1 млн. теңгеге келісімшарттық міндеттемелер бұзылды. 

 А.Баталов: Биыл Алматы облысы бейне тіркегіштермен 100 пайыз қамтылады

 

 Биыл Алматы облысы бейне тіркегіштермен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» екінші бағыты бойынша (16-34-қадамдар) төрт қадам жүзеге асырылуда. 30-қадамды орындау үшін ағымдағы жылдың қаңтарында облыстық, аудандық және қалалық жергілікті полиция қызметтерінің басшылары тағайындалды. Олардың 1976 бірлік көлемде штаттық саны, ережесі және құрылымы бекітілді.

«60 қызметтік автомашина (қамтамасыз етілу - 100%), 166 бейне тіркегіш сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы осындай 300 құрылғы жеткізіледі және қамтылу 100 пайызды құрайды. Бұл мақсаттарға 450 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта облыста құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия жұмыс жасайды. Қоғамда тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Учаскелік инспекторлардың халық және кәсіпорындар мен ұйымдар алдында 519 есептік кездесуі өткізілді»,-  деді А.Баталов.

Облыс әкімінің айтуынша, полицияның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер департаментінің жанында 8 адамнан тұратын Кеңес беру-кеңесу органы құрылды. Ол қауымдастықтың ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қамтамасыз етеді.

«32-қадамға сәйкес елде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы әзірленуде, онда барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей енгізілетін болады. Интернет-порталға қосылу үшін бүгінгі таңда облыс орталығының және барлық аудан орталықтарының геоақпараттық карталары әзірленіп, Бас прокуратураға берілді. Қалған елді мекендердің карталары кезең-кезеңімен әзірленуде», - деді өңір басшысы.

 

Мамырда Талдықорғандаинвестициялық форум өтеді

 

Ағымдағы жылдың мамырында Талдықорғанда өңірдің инвестициялық форумы өтеді. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

«Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытын жүзеге асыруда инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті болып табылады. Облыста өңірлік Инвесторлар кеңесі құрылды, инвестиция тарту жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленді, «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсету Өңірлік орталығы жұмыс істейді», - деді А.Баталов.

Осы ретте өңір басшысы алдағы мамыр айында инвестициялық форум өткізіліп, оған отандық және шетелдік инвесторлар шақырылатындығын еске салып өтті.

«Бұл өте тиімді сұхбат алаңы болмақ, бұрын өткізілген форумдар қорытындылары бойынша қант қызылшасын, бақтарды қалпына келтіру, Алакөл көлінің жағалауын дамыту үшін ірі инвесторларды тартуға қол жеткіздік», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол 100 қадамды жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер туатындығын, рұқсат беру құжаттары қысқартылғанын, индустриялық аймақтарда жер телімдерін беру әрекеттері жеңілдетілгенін, инженерлік инфрақұрылымды дайындау жүргізіліп жатқанын баса айтты.

 Алматы облысы ет экспортын 2 мың тоннаға жеткізбек

 

Алматы облысы жыл соңына қарай ет экспортын 2 мың тоннаға жеткізетін болады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті. 
Оның айтуынша, 61-қадам аясында ет өндірісін және өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту міндеті қойылған.

Негізгі мақсат - шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау. «Облыста ірі қара мал саны бір миллион бастан асты, оның ішінде асыл тұқымды мал үлесі 18,3 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда 19 мың мал басына арналған алты ірі жемдеу алаңы жұмыс жасайды. Оның ішінде үшеуі - «ӨтесБиоАзия» ЖШС, «Жақсылық» ШҚ және «Империя Фуд» ЖШС-і 67 шаруа қожалықтары үш кооперативке біріктірілуде», - деді ол.

Облыс басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы 16,9 мың мал басына арналған тағы 12 жемдеу алаңы іске қосылады. Екі ет өңдеу зауытының құрылысы басталады. Олар қуаты сегіз мың тонна болатын ирандық «Империя Фуд» компаниясы және Қарасай ауданында қуаты жылына 10 мың тонна болатын «Үміт» ЖШС.

«Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша ет өндірісі 14,6 мың тоннаға артып, 330,4 мың тоннаға жетті. Экспортқа екі мың тонна жеткізіледі», - деді өңір басшысы.

Алматы облысында инвестиция көлемі 34,7 млрд. теңгеніқұрайтынүшіріжобажүзегеасырылуда - А.Баталов

 

Алматы облысында инвестиция көлемі 34,7 млрд. теңгені құрайтын үш ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

«56-қадам «Экономиканың басым секторларына «зәкірлі» инвесторлар тарту»  аясында жалпы инвестиция көлемі 34,7 млрд. теңгені құрайтын үш ірі жоба жүзеге асырылуда, шамамен 500 жұмыс орны құрылды.

Оның біреуі - мен айтып өткен ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет комбинаты және екеуі - ресейлік компаниялар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, оның бірі - Іле ауданында 60 гектар жерді алып жатқан «ЭКО-культура» агрохолдингінің өнеркәсіптік-жылыжай кешенінің құрылысы. Бірінші кезеңде 20 гектар алаңға қуаты жылына 15 мың тонна томат өңдейтін жылыжай кешені салынады. 260 жұмыс орны құрылады. Ал екіншісі май өнімдерін өндіретін «ЭФКО» компаниясы өткен жылдан бері майбұршақты Ақсу, Көксу, Ескелді, Алакөл және Сарқан аудандарының шаруа қожалықтарынан сатып алып, оны Алматы қаласында өңдеуде.

«Енді олар «Талдықорған»  индустриялық аймағының аумағында 350 мың тоннаға дейін майбұршақ өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Болжамды іске қосу мерзімі - 2017 жыл»,-  деді өңір басшысы.

 

 Биыл Алматы облысында 74 жекеменшік балабақша ашылады - А.Баталов

Биыл Алматы облысында барлығы 74 жекеменшік балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

«Балапан» бағдарламасының аясында 99 балабақша ашылды, оның ішінде 88-і - жекеменшік. Жалпы, облыс мектепалды білім беру бағытындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жөнге салған, осылайша, ірі инвесторларды тартып отырмыз. Мысалы, Іле ауданының Өтеген батыр кентінде 500 орынды балабақша, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 240 орынды балабақша ашылды»,-деп хабарлады әкім.
А.Баталов мәлім еткендей, биыл 74 жекеменшік балабақша ашылады. «Осылайша, облыс бүлдіршіндерін балабақшамен қамту деңгейі 87 пайызға жетеді»,-деп толықтырды әкім.

 

Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 140 жоба жүзеге асырылады

 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті аясында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 140 жобаны жүзеге асыруға ұсынған. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін қаражат төрт қаржыландыру көзінен бөлінеді деп күтілуде. Ол қаржыландыру көздері ұлттық қор, республикалық бюджет, жергілікті бюджет және жекеменшік инвестиция»,-дей келе А.Баталов облыстың көздеген бір мақсаты - аймақтың дамуына жеке инвестиция тарту екенін атап өтті. 

Ал, жеке инвестиция тартудың бір тетігі - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. 

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы жаңа заң қабылданғаннан соң, бұл бағытта бір жыл сайын кемінде бес жобаны жүзеге асыру мақсатын көздеп отырмыз. Қазіргі таңда 16 жобаға қатысты келіссөздер жүргіздік. Ал, жалпы, Алматы облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 140 жобаны жүзеге асыруға ұсынды»,-деп түйіндеді сөзін әкім.

 

Павлодар облысында сегіз тауарлы-сүт фермасы салынады

 

Павлодар облысының әкімдігі агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу саласына инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды күшейтті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

«Өткен жылы қайта өңдеу бағытында 26 нысан іске қосылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Осы ретте сегіз тауарлы-сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде Ақсу қаласының ауылдық аймағында «Үштерек және К» ЖШС мен Железин ауданында «Пахарь» ЖШС-ны ашу ескерілген. Шетел инвесторларының қатысуымен 600 бас ірі қара малға арналғантауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыруға француздық «Лакталис» компаниясы 1 млн. еуро инвестиция салды», - деді ол.

Бұдан бөлек Б. Бақауов мал бордақылауға арналған бірқатар нысандардың құрылысы қамтылғанын атап өтті. 

«100 нақты қадам»: Мемлекеттік аудит - мемлекеттің қаржылық саясатын сапалы деңгейге көтереді

 

Биылғы жыл «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын іске асырудың нақты кезеңі ретінде ерекше маңызға ие екені белгілі. Мемлекетті, экономика мен тұтастай қоғамды дамыту һәм жаңғырту үшін Елбасы бастама жасаған бес институттық реформа жалпы алғанда Қазақстандағы жаңа құқықтық ортаны қалыптастыратын болады. Сонымен бір мезгілде, ұлттық экономика жаңа әлемдік қатерлерге бейімделіп, бірқатар өзгерістерді бастан кешіріп отырған жайы баршылық. Сондықтан да, кең ауқымды жүргізіліп жатқан реформалар аясында қаржылық бақылау саласын әлемдік тәжірибеде мойындалған стандарттармен толықтыру, қаржылық саясатты жетілдіру мәселесі де өзекті болып отырғаны даусыз.

Айта кетерлігі, «100 нақты қадамның» 93-інші қадамын Елбасы Н. Назарбаев «аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу» бағытындағы тапсырмаларымен айқындаған болатын. Бұл ретте жүктелген тапсырмаларға орай мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Ал мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Президент Н. Назарбаев «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» жаңа заң қабылдау қажеттігін айтып, Есеп комитетіне бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істеуді, ағымдық операциялық бақылаудан кетуді тапсырған еді.

Аталған заң былтыр Парламентте қабылданып, оның нормалары 2016 жылдың қаңтарынан бастап іске аса бастады. Құжаттың басты мақсаты - қаржылық бақылаудың құқықтық қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру. Осы мақсаттар аясында Қазақстан ұмтылып отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше мемлекеттерінің тәжірибесі талданып, елімізде халықаралық кәсіби аудит стандарттарын енгізу жүргізіле бастады. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит түрлері бойынша тиімділік аудитіне, қаржылық есептілік аудитіне және сәйкестік аудитіне бөлінеді. Оның ішінде мемлекеттік аудиттың өзі сыртқы және ішкі аудитке жіктеліп отыр. Ең бастысы егер бұған дейінгі жылдары қаржылық бақылау жұмысы заң бұзушылықтарды ашуға бағытталса, жаңа мемлекеттік аудит бұзушылықтарды жойып қана қоймай, қаржы саласындағы олқылықтардың алдын алуға, заңсыздықтарды барынша азайтуға ықпал етуді қарастырады.

Осылайша, жаңа стандарттар мен жүйелерді белгілеген заңның аясындағы ережелер ҚР Қаржы министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тарапынан жүзеге аса бастады.

Мәселен, ҚР Қаржы министрлігінде жаңа институт - камералдық бақылау жүйесі енгізілді. Бақылаудың бұл түрі - ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеуге бағытталған ақпарат көздерін қолдану арқылы жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе ағымдағы жылдың басынан ғана енгізілгеніне қарамастан бірқатар нәтижелерді паш етіп отыр. Мәселен, 2016 жылдың үш айында камералдық бақылаумен 60 мың мемлекеттік сатып алу үдерістері қамтылған екен. Соның ішінде жаңа жүйе бойынша тексеру арқылы 17 мың сатып алудағы жалпы сомасы 116 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып отыр. Яғни, камералдық бақылау арқылы әрбір 4-інші сатып алу үдерісі заң бұзушылықтарға жол бере жүргізілгені белгілі болды.

Айта кетерлігі, камералдық бақылаудың тиімділігін статистикалық мәліметтер де нақтылайды. Мысалы, қаржылық бақылау дәстүрлі тексеру арқылы ғана жүзеге асырылған былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың өзінде бақылау тиімділігінің өсуі бірнеше есеге артқаны байқалды. Айталық, 2015 жылдың 1 тоқсанында дәстүрлі тексерулер арқылы 3 мың процедура бойынша 37,4 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталған еді.

Мамандар жаңадан енгізіліп отырған қаржылық бақылау жүйесінің экономикалық тиімділігін де атап өтеді. Мәселен, камералдық бақылау қызметі объектілерге бармастан жүргізілетіндіктен, мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік жүктеме төмендейді. Екіншіден, камералдық бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган ешқандай да іс-сапарлық шығыстарды көтермейді. Бұдан бөлек, тексеру-бақылау барысында адамдардың араласу фактілері жойылады. Осының нәтижесінде 2016 жылдың үш айы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда бұзушылықтарды анықтау және жоюға байланысты ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің заңсыз әрекетіне арыз-шағымдар саны әжептәуір азайған.

Нәтижесінде, камералдық бақылау арқылы қаржылық заң бұзушылықтарға жол бергендерге дербес жою үшін хабарламалар жолдана бастады. Бұл ретте тоқтала кететін жайт, Қаржы министрлігі қателіктерді уақытылы жойған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Осылайша, 2016 жылдың 1 тоқсанында қателіктерін дер кезінде жойған 4 637 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершіліктен босатылған. Осының арқасында  конкурстардың күшін жою арқылы 65 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары бюджетке қалпына келтірілген. Айта кетерлігі, 2015 жылы жүргізілген жұмыс барысында 2,7 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып, 481 қызметкер жауапкершілікке тартылған екен. 249,1 млн. теңгені құрайтын келісімшарттық міндеттемелер күшін жойды.

Сонымен қатар, реформа аясында қабылданған заңға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың анықтығын, квазимемлекеттік сектор субъектілері стратегияларының іске асырылуы мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған жаңа функциялар жүктелді. Және бір ерекшелік, Есеп комитетінің жанындағы Үйлестіру кеңесі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі болып қайта құрылып отыр. Қайта құрылған кеңестің шешімдері ендігі күні мемлекеттік органдар үшін ұсынымдық сипатта емес, міндеттілік сипатына ие. Кеңес ақпан айында өзінің алғашқы отырысын өткізіп, онда мемлекеттік аудитті енгізу, мемлекеттік аудиторларды сертификаттау, бірыңғай ақпараттық дерекқордың жұмыс істеуі мәселелері талқыланған болатын.

Тоқтала кететін жайт, Есеп комитеті өз қызметін бастаған кезден бері 26,0 трлн. теңгеден аса бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамти отырып, барлығы 734 бақылау іс-шарасын жүргізген екен. Бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 трлн. теңгеден асады. Соның ішінде, тек өткен 2015 жылдың өзінде қаржылық бақылаудың нәтижесінде 1 триллион 300 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталып, шамамен 316,4 млрд. теңге бюджетке қалпына келтірілген.

Тұтастай алғанда, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Мемлекет басшысы бюджет саясатын трансформациялау үдерістеріне мейлінше мән беріп отыр. Сол тұрғыдан алғанда, Ұлт Жоспарының тұтастай қадамдарын сапалы іске асыру мемлекеттің орнықты дамуын қамтып, халықаралық нарықтық қатынастар жолына түсуін қамтамасыз ететін болады. 

Жамбыл облысының индустриалдық жобалары ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие - Ө. Шөкеев

 

Жамбыл облысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Ө. Шөкеев Орталық Азиядағы ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Ол Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында орналасқан.

Шетелдік инвестордың қатысуымен қуаты 50 МВт-қа дейін КЭС 10 ай ішінде салынған. Ол ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу барысында 2015 жылдың 2 шілдесінде іске қосылды.

Күннен электр қуатын өндіретін стансаны «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен британдық  UG Energy Limited компаниясы бірлескен «Бурное Солар-1»  ЖШС кәсіпорынын құру жолымен іске асырды. Оның құны - 125 млн доллар.

Қазір кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның  жылдың электр қуатын өндіру көлемі - 58,718 млн кВт/с. Ол болжанған көрсеткіштен 10 пайызға көп. 
«Бурное» станциясы Қазақстанның EXPO-2017 халықаралық көрме аясындағы «жасыл экономика» жасау мақсатының табысты дәлелі бола алады. Сондықтан біз станция қуатын 100 МВт-қа арттыруды көздеп отырмыз. Бұл үшін 220 киловольтты станция дайын, қосымша 50 МВт қуатты арттыру артық шығынды қажет етпейді», - деді, «Самұрық-Қазына Инвест» басшысы Қайрат Найзабеков.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев  жұмыс сапары барысында Шу ауданындағы «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына барды.

Еске сала кетсек, жоба халықаралық «TARAZ INVEST- 2012» инвестициялық форумында таныстырылған. ҚР Президенті Жарлығымен Шу ауданында аумағы 505 га арнайы экономикалық аймақ құрылған. Жоба Жамбыл облысындағы инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін іске асырылуда. АЭА қатысушылары бірқатар жеңілдіктерге ие, сондай-ақ қажетті ресурстар мен инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген. Инвестициялардың жалпы сомасы - 375 млрд теңге.

АЭА аумағында 16 жоғары технологиялық химия зауыты пайда болады деп күтілуде. Олардың жалпы жылдық қуаты 25 түрлі 2 млн тонна химиялық өнім шығару болмақ. Қазіргі уақытта жеті импортты алмастыратын өндірісті іске асыруды көздеп отырған 5 қатысушы тіркелген. Сондай-ақ табиғи газды тереңірек өңдейтін зауыт құрылысы жоспарланған.

Жоба бойынша 2016 жылдың басында АЭА-ны барлық сыртқы инфрақұрылымдарының құрылысын аяқтау көзделген. Ө. Шөкеев инфрақұрылымдар нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары барысымен танысты. Бұлар аймаққа келетін тұстағы автожол және темір жол, газ құбыры, су құбыры және электрмен жабдықтау желісі.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы Алматы-1-Шу жол бөлігіндегі жұмыстармен танысты. Бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр. 7 сәуірде мұнда «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС тұңғыш өнімі - рельс-шпалды торкөзінің алғашқы кезегі төселді.

«Бүгінгі күні Жамбыл облысында іске асырылып жатқан жобалардың өңір үшін әлеуметтік және экономикалық мәні мен ел экономикасының дамуындағы стратегиялық маңызы өте зор. Соның ішінде, екі жоба - «Бурное» мен «Тараз химия паркі» біздің қордың жаңа үлгісіне, республикада жаңа салаларды дамыту мақсатына сай келеді», - деп атап өтті Ө. Шөкеев. 

«100 нақты қадам»: Пенитенциарлық жүйе халықаралық стандарттарға көше бастады

 

Елбасы Н. Назарбаев бастамасымен жүзеге аса бастаған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары Қазақстандағы жаңа құқықтық ортаны қалыптастырады. Десе де, бағдары айқын реформаның табысты орындалуы, ең алдымен, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да Ұлт Жоспарында қамтылған қадамдар заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше мән беріп, осы бағытта қызмет атқаратын құқық қорғау органдарын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Реформалар аясында қоғамды жаңғыртудың бір қадамы ретінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі пенитенциарлық жүйені дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ол бойынша Ұлт Жоспарының 34-ші қадамында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдану тетігі қарастырылған болатын. Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұловтың айтуынша, азаматтар үшін заң үстемдігі мен әділдіктің салтанат құруына қылмыстардың көптеп ашылуы ғана емес, сонымен бірге қылмыскерлерге әділ жаза тағайындау да маңызды рөл атқарады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, үнемі жаза кесіп, бас бостандығынан айыратын үкімдерді күшейту қылмыспен күресте тиімді құрал болған емес. Бұл негізінен қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулауға соқтырып, оны қайта тәрбиелеудің орнына, керісінше адамды одан сайын тұқыртады. Соның салдарынан қоғамнан жырақта өмірін өткізген қылмыскердің жазасын өтеп шыққаннан соң әлеуметтік ортаға бейімделуі оңай болмайды.

 «Сондықтан да, көптеген дамыған елдерде жазаның балама тәсілдері белсенді қолданылып, пробация қызметін дамытуға, түзеу мекемелерінің инфрақұрылымын жаңғыртуға мейлінше назар аударыла бастады. Қазақстан да өз Тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап пенитенциарлық жүйесін ізгілендіріп, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарын қолға алды.  Көпжылдық реформалардың нәтижесі де жаман емес», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов. Оның айтуынша, егер 2002 жылы Қазақстан «түрмедегілер саны» индексі бойынша әлемде 3-ші орында болса, қазіргі таңда еліміз ондай жағымсыз үштіктен кетіп,  61-ші орынға сырғыдық.

Бұдан бөлек, реформалар аясында Қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігінің құзырынан Ішкі істер министрлігінің қарамағына қайта өтіп, ведомство осы саланы жаңғыртуды одан әрі жалғастырған болатын. «Қазіргі таңда түрмелерде құқықтық тәртіп орнықты. Онда орын алатын қылмыстар деңгейі де 45 пайызға азайып, өрескел құқық бұзушылықтар 42 пайызға, өзіне қол жұмсау оқиғаларының көрсеткіші 25 пайызға кеміген. Түзеу мекемесінің әкімшілігіне сотталушылар тарапынан түсетін арыз-шағымдар саны да жеті есеге қысқарды», - дейді Б. Бисенқұлов.

Реформаның осындай жағымды нәтижелерімен қатар, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқарушылық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстер еліміздегі  «түрме халқының» санын азайтуға өз септігін тигізген екен. Айта кетерлігі, былтырғы жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылғандар саны 16 мыңнан астам адамды құрап, ол 2014 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары болды. Мерзімінен шартты түрде ерте босатылғандар саны 15 пайызға артса, жазасы жеңілдетілген сотталушылардың саны үш есеге өскен. Сонымен қатар, қазіргі күні қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде шамамен 38 мың адам ұсталып отыр. Бұл  2014 жылмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 19 пайызға аз, ал 2002 жылмен салыстырсақ, түрмедегілер саны былтыр 45 пайызға қысқарған. Осының нәтижесінде соңғы бір жарым жыл ішінде Павлодар қаласындағы түрме жабылып, Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемесі қайта бейінделуден өткізілген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «түрмедегілер санының» қысқаруына байланысты республика бойынша тағы жеті мекемені жабу жұмыстары атқарылатын болады.

«Жазаны орындау жүйесінің маңызды өркениетті өлшемдерінің бірі - бұл бас бостандығынан айырылған азаматтардың ұсталу жағдайы. Осы бағытта да бізде оң өзгерістер орын алуда. Біз сотталғандардың санын азайту арқылы бір жағынан бас бостандығынан айырылғандардың материалдық-тұрмыстық қамтылуын жақсарттық, оларға тиесілі орындар аумағы да кеңейді. Сотталушылардың барлық дерлік медициналық және коммуналдық-тұрмыстық жабдықтары жаңартылды. Туберкулезге қарсы ауруханалар күрделі жөндеуден өткізіліп, сотталушылардың өмір сапасына тікелей тәуелді болып табылатын 65 нысан жаңартылды», - дейді Берік Бисенқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде сотталушыларды камералық типте ұстауға көшіруге арналған мекемелердің құрылысын салу және қайта құрылымдау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, камералық ұстау сотталғандардың жағдайын жақсартып қана қоймай, жазасын өтеушілердің арасында қылмыстарды болдырмауға септігін тигізеді.

«Сонымен бірге, қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл Ұлт Жоспарының 34-і қадамында жүктелген тапсырма болатын. Жалпы Қазақстанда қызмет етіп жатқан қылмыстық-атқарушылық жүйесіндегі ұстау мекемелерінің барлығы дерлік қырық жыл бұрын салынған нысандар. Сондықтан да, қазір жаңа мекемелер салу күн тәртібіне шығып отыр. Ал бұл айтарлықтай қаржылық шығынды талап ететіні сөзсіз. Сондықтан да, мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты бөлісу үшін жеке инвестициялар тарту туралы шешім қабылданған болатын. Ал жеке инвестиция тартудың негізгі тетіктерінің бірі - мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығын дамытатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Біз осы бағыттағы халықаралық тәжірибелерді зерделеп, талдап шықтық. Сондықтан да, Қазақстанда пенитенциарлық инфрақұрылым жүйелерін дамытудың мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы аса қолайлы түрі -  концессия болып табылады. Бұл қазіргі заманауи түзеу мекемелерінің құрылысын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұтастай алғанда пенитенциарлық жүйені басқару тетігін жақсартады», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда мамандандырылған түзеу мекемесінің типтік жоспары әзірленген. Ол 1500  орынға шақталып отыр. Мұндай мекеменің құрылысын Шымкент қаласында салу үшін тиісті экономикалық қорытынды да алынған. Осындай заманауи мекеменің құрылысын жүргізу үшін Шымкент, Петропавл, Астана және Қарағанды қалаларында жер учаскелері де бөлінді. Ең бастысы, пенитенциарлық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздік мәселесі, жазаны атқару мен күзетпен қамтамасыз ету - мемлекеттік құзыретте болуы керек әрі солай болып қала да береді. Яғни, ондай функциялар мемлекеттік емес секторға жүктелмейді.

«Тағы бір маңызды мәселе бар: бүгінгі күні мемлекет жазасын өтеуші азаматтарды ұстап тұруға қомақты қаражатын сарп етіп келеді. Оның үстіне сотталғандардың басым бөлігі сот үкіміне сәйкес, жапа шегушілерге келтірілген материалдық залалын да өтеуі керек. Ал ондай проблеманы сотталғандардың өздерін еңбекпен қамтымай шешу еш мүмкін емес», - дейді Берік Бисенқұлов.

Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздегі Қылмыстық-атқару жүйелеріндегі кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар салмақты шаралар қабылданған. Осының арқасында сотталушылар үшін қосымша жұмыс орындары да ашыла бастады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жүзеге асыру сотталғандарды жұмыспен қамтуда да маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі  92 нысан жеке тұлғаларға жалға берілсе, 32 нысан сенімді басқару қолына өткен. Осының арқасында 2 мыңнан астам сотталушы жұмыспен қамтылып отыр. Бұдан бөлек, жаңа заңнамалық кеңістік сотталушыларға, олар жазаларын өтеу барысында да жеке кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті табысты игеріп жатқандар да баршылық», - дейді ІІМ өкілі.

Оның айтуына қарағанда, 2015 жылы  сотталып, жазасын өтеп жатқан еңбекке қабілетті азаматтардың 55 пайызы жұмыспен қамтылған. Соның арқасында 1 млрд. теңгені құрайтын  шығындардың орны толтырылған. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш үш есе аз болып, 352 миллион теңгені құраған екен.

Сотталып, түрмеге түсетіндердің барлығында бірдей мамандық пен кәсіп бола бермейтіні анық. Ол тұрмақ сотталушылардың кейбірінде тіпті орта білім де жоқ екені белгілі. Сондықтан да, түрме мекемелерінде жалпы білім беру және кәсіби оқыту жұмыстары атқарылады.  Мәселен, өткен оқу жылында 1200 сотталушы аттестат пен орта білімі туралы куәлік алған. Сондай-ақ,  3600 адам кәсіптерді иеленсе, қазіргі күні 3,5 мыңға тарта сотталған адам 35 түрлі жұмысшы мамандығына оқытылуда.

«Кеңестік кинода айтылатын: «Ұры түрмеде отыруы керек!» деген мәселе аксиома емес. Сөзсіз, қылмыс жасаған адам қолымен жасағанды мойнымен көтеріп, жазасын тартуы қажет. Дегенмен, жазалау деген осы екен деп, сүрінгеннің бәрін түрмеге тоғыта беруге де болмайды. Сондықтан да, жаңа қылмыстық заңнама осы мәселеге оң қырынан келіп, жазалаудың бас бостандығынан айырумен байланысты емес балама тәсілін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтті. Қазіргі таңда Қазақстанда 2012 жылы құрылған қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация табысты дамып келеді», - дейді Б. Бисенқұлов. Оның сөзіне қарағанда, бұл механизм қазірдің өзінде жағымды нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, пробация қызметінде есепке алынған тұлғалардың қайтара қылмыс жасауы өткен жылы 32 пайызға төмендеген. Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 22 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік, құқықтық көмектер берген. Сондықтан да, Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта пробация қызметінің төрт сатысын заң арқылы бекітуді жоспарлайды. Бұлар - сотқа дейінгі, үкім барысындағы, пенитенциарлық және пенитенциарлық кезең барысындағы қызметтер.

«Әрине, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілгендер бақылаусыз қалмауы керек. Дегенмен, бақылаудың электрондық құралы енгізілсе ондай азаматтарды ұдайы бақылап отыру да қиын бола қоймайды. «Электронды білезік» аталатын құрылғы тағылғандар бостандықта қалыпты өмір кешеді. Бұл сотталушының бір жағынан әлеуметтік бейімділігіне үлкен мүмкіндік берсе, екінші жағынан өзінің ұдайы бақылауда екенін білетін олар қылмысты қайтара жасауға ешқандай да құлықты бола қоймас»,  - дейді Б. Бисенқұлов.

Түйіндей айтсақ, қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту және осы бағыттағы реформалар кешенін одан әрі жүзеге асыру саланы халықаралық стандарттарға мейлінше жақындата түсетіні анық. Ұлт Жоспары аясындағы бүгінгі күні Ішкі істер министрлігінде атқарып жатқан шаралар кешені де осындай игі мақсатқа негізделген. «Ең ақыры Қазақстан Республикасының Конституциясы мен БҰҰ Конвенцияларында қарастырылған адам құқықтарын, әсіресе бас бостандығынан айырылған санаттағы азаматтардың құқығын қорғау арқылы біз заңды, мемлекет пен қоғамды құрметтейтін азаматтардың мүддесін жоғары деңгейде қорғай алатынымыз анық», - деп түйіндейді Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов. 

  

Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызмет жүйесі тұтастай жаңарады - СҚО әкімі

 

Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру»  мәселесіне арналған. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтің тұтас жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалына келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім  етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына жетелейтін бағдарлама. Бұл құжатта әрбір қазақстандықтың мүддесі қозғалған. Кәсіби мемлекет, қызмет, бизнес құрудың жолдары көрсетілген», - деді әкім сөзін бастай отырып. 

Аймақ  басшысы атап өткендей, қазір облыста бас-аяғы бес мыңнан аса мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

«Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 542 мемлекеттік органда 5013 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.  Бағдарламада меритократия мен кәсібилікке бағытталған мансаптық жоғарылату үлгісі енгізілуде. Үш кезеңнен тұратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді конкурстық іріктеу, жаңа бағалау әдістемесі және еңбекақы төлеу жүйесі енгізіліп жатыр. Жаңа Әдеп кодексі әзірленді, онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы және тұрмыстағы мінез-құлық стандарттары регламенттелген, әдеп жөніндегі уәкілдерді тағайындау қарастырылған. Енгізіліп жатқан осынау жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен, мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті  әкім.

СҚО жергілікті полицияны күшейту үшін биыл қосымша 300 млн теңге бөледі - әкім

Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын күшейту үшін биыл қосымша  300 млн теңге бөледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалына келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.

«Ұлт жоспарының екінші бағытындағы 30-шы қадамды орындау аясында «Жергілікті полиция қызметі» деген жаңа құқық қорғау құрылымы жасақталды. Жергілікті полиция билік органдары мен азаматтардың алдында үнемі есеп беріп отырады. Жергілікті полицияның қызметі негізінен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, тұрмыстық жанжалдарға қарсы әрекет етіп, жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған», - деді Ұлт жоспарының отызыншы қадамына тоқтала отырып.

Әкімнің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті полициясында 1005 адам қызметке кіріскен.

«Облыс бойынша жергілікті полицияның құрамына 1005 қызметкер кірді. Жергілікті полицияның бөлімшелерінде 259 автокөлік және 37 видеотіркегіш бар. Базаны толықтыра түсу керек. Сондықтан, биыл жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 300  млн теңге   бөлінеді», - деп мәлім етті  Е.Сұлтанов брифинг барысында.

СҚО Индустрияландыру картасы аясында 41 жоба жүзеге асырылады - облыс әкімі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Индустрияландыру картасының аясында жалпы құны 30 млрд теңгеден астам 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалына келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.

«Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 30 млрд. теңгеден асатын 41 жоба жүзеге асырылуда. Осылайша, 1,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады»,-деп атап өтті әкім.

Е.Сұлтановтың хабарлауынша, биыл осы жобалардың арасынан 11 жоба толық аяқталып, іске қосылған. 11 жобаның арқасында 400 адам жұмыс тапқан. Облыс сондай-ақ импортты алмастыратын өндірістерді игермек екен.

 

«Ұлт жоспары» біз үшін әлемдік экономикалық дағдарыстың тыншымайтын теңізіндегі шамшырағымыз - А.Айдарбаев

 

 «Ұлт жоспары» біз үшін әлемдік экономикалық дағдарыстың тыншымайтын теңізіндегі шамшырағымыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында өңір басшысы Алик Айдарбаев мәлім етті.

«Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші реформаның да өңір үшін маңызы зор. Аудандар мен қалалардың әкімдері үшін өңірлік экономиканың өсімін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша негізгі көрсеткіштер мен критерийлер анықталды. Барлық көрсеткіштерге жету үшін Маңғыстау облысы әкімінің 2016 жылға арналған Меморандумы жасалды. Жаңа форматты есепке ала отырып, Маңғыстау облысы дамуының 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді», - деді ол.

Сонымен қатар ол мәслихаттар мен әкімдіктердің жергілікті проблемаларды шешудегі әлеуетін арттыру, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, азаматтарды жандандыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмысқа азаматтық қоғамдастық белсенді араласты.

«Ұлт жоспарының» маңызы зор. Мұнда біздің орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған дамуымыздың негізі салынған. Шын мәнінде, барлығымыз үшін Ұлт жоспары әлемдік экономикалық дағдарыстың тыншымайтын теңізіндегі шамшырағы болып табылады. Жоспарды іске асыру - бұл жалпы бірінші кезектегі міндет қана емес, ол - командалық рух пен қоғамның барлық ұйымдарының бірлігін көрсету. Біздің еліміздің басқарушы капитаны бар, әрі нақты бағыты бар. Ортақ міндетіміз - берілген бағдар мен қарқыннан таймай, бар күш-жігерімізді біріктіріп, кемеміздің тұрақтылығы мен жылдамдығын арттыру», - деп түйіндеді сөзін облыс басшысы.

Маңғыстау облысында инвестициялық даулар жөнінде бөлек сот жұмысы құрылуда

 

Маңғыстау облысында инвестициялық даулар бойынша бөлек сот ісі құрылуда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.

«Бұл өз кезегінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасап, даулы мәселелер туындаған кезде қазақстандық сот әділдігіне инвесторлардың сенімі тұрғысында оң әсер етеді»,-деді өңір басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» реформасы аясында облыста барлық қажетті шаралар қабылданды.

«Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарастыру кезінде 100 пайыздық деңгейде дыбыс және бейнежазба құралдарын пайдалану қамтамасыз етілді.  Бұл өз кезегінде істерді шапшаң әрі транспарентті  қарастыруға тықпал етеді», - деді А. Айдарбаев.

«Байқоңыр-Инвест» форумының нәтижесінде Қызылорда облысына 100 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды

Келер айда инвесторларды тарту мақсатында дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізілетін «Байқоңыр-Инвест» форумын VІІ мәрте өткізу жоспарланған. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бүгін өткен брифингте мәлім етті.

Аталған форум - пікір алмасуға зор мүмкіндік алаңы. Әкімнің айтуынша, осыған дейін өткізілген 6 форумның нәтижесінде облыс экономикасына 100 млрд. теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. 

Мұнан әрі ол  шетелдік әріптестермен бірлескен жоба шыны зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын, алдағы мамыр айынан бастап зауытқа құрал-жабдықтар жеткізіле бастайтынын айтты.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Арал тұз» АҚ кальцийлендірілген сода шығару зауытының құрылысын салуға инвестор тарту мәселесімен айналысып жатыр (жобаның ТЭН дайын). Бұл компонент тек шыны өндірісіне ғана емес, сондай-ақ көптеген өнеркәсіп  салаларын қажетті теңдесі жоқ реагент (құрылыс индустриясы, металлургия, мұнай өндірісі, т.б.)

Ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасы мен «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар аяқталды. Жақын арада өндірістік өңдеу жұмыстары басталады.

 «Самұрық-Қазына» қорымен бірге қазір «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жұмыстары жүріп жатыр. Кен байыту комбинатының құрылысын жақын арада  бастаймыз. Одан кейін  жақын келешекте гидрометаллургиялық зауытты салу да жоспарда.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қытайлық әріптестермен бірлесе отырып Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі зауытының құрылысын (жылдық қуаты 1 млн тонна цемент) және Жаңақорған ауданында ресейлік әріптестермен бірге тағы бір цемент өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарланып отыр (оның жылдық қуаты 560 мың тонна цемент).

Сондай-ақ, асфальт-бетон, силикат кірпішін шығаратын зауыт және басқа да индустриалды жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Иран, Қытай, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Германия, Жапония, АҚШ, Украина, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен бірге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 15 жобаға инвесторларды тарту мүмкіндігі қарастырылуда. Олардың қатарында 500 орындық емхана, кәсіптік-техникалық колледж құрылыстарының, жаңа әуежай терминалы құрылысының концессиялық жобалары бар.

Сонымен бірге, жеке инвестор есебінен заманауи онкологиялық орталық құру жобасы қаралуда.

Қызылордада түйе сүтін өңдейтін зауыт салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Облыс орталығында тәулігіне 3 тонна ет өнімдерін өндіретін фабрика құрылысы, Сырдария ауданында 5 мың бас қой өсіруге арналған кешен және 10 мың бас малға арналған бордақылау алаңы мен жылдық қуаты 250 тонна болатын ет комбинатының құрылысы жүруде.

Бұл нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі бүгін журналистермен өткен брифинг кезінде айтып берді.

Қытай инвесторларымен бірге Қызылорда қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Нысанның құрылысына қажетті құжаттар дайын.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде Жаңақорған ауданында томат пастасын өндіру кешенін құру жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда, қызанақтың оңтайлы түрін анықтау үшін қытайлық инвесторлармен («Сofco» компаниясы) бірлесе отырып 2 гектар жерге томаттың түрлі сорттары егіліп,  эксперимент жұмыстары басталып кетті. Ал келер жылдан бастап бұл тәжірибе 4 мың гектар жерге дейін ұлғайып, бұйырса жылдық қуаты 15 мың тонна болатын томат өндіру зауыты іске қосылады.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында облыста 26 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.

Биыл 3 170 пәтерлік 63 тұрғын үй салынады - Қызылорда облысы

 

 «Нұрлы жол», «Аумақтарды дамыту» бағдарламалары аясында облысымызда өткен жылдың өзінде тек мемлекет қаражаты есебінен 138,8 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 1740 пәтерлі 53 көпқабатты үй құрылысы басталып, 42 үй пайдалануға берілді, - деді Қырымбек Көшербаев бүгінгі өткен брифинг барысында.

Осылайша, мемлекет қорындағы тұрғын үй көлемі 2014 жылға қарағанда облыста 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласында салынған тұрғын үй көлемі 8 есеге артты. Тек қана облыс орталығында пәтердің кезегі бір жылда 17 пайызға қысқарып отыр. 

Биыл да осы қарқынды сақтап қалу үшін «Қазақстанның ипотекалық компаниясы», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» тығыз жұмыс жүріп жатыр. Сол кезде былтырғыдан кем болмайтын көлемде құрылыс жүреді. Дәлірек айтқанда, жалпы алаңы 212,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй немесе 3170 пәтерлік 63 тұрғын үй салынады.

ШҚО-да Бесқарағай ауданында кобальт-никель өнімін шығарады

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары серпініне қол жеткізумен қатар Бесқарағай ауданының міндеті инвестиция тарту және ішкі резервтерді іздеуге бағытталған.

Осы жылдың үш айында 103,8 млн теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5 пайызға жоғары, деп хабарлады ШҚО өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.

Оның айтуынша, негізгі вектор «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді іске асыруға бағытталған. «Біз инвестиция тарту және ішкі резервтерді іздеу, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар белгіледік», - деді аудан әкімі.

Индустрияландыру бағдарламасының аясында "SAT Nickel" ЖШС кобальт-никель өнім алуға бағытталған зауыт салуға инвестжоба мақұлданды. Зауытты іске қосумен 600 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазір осы жобаны қаржыландыру бойынша банк акционерлерімен алдын ала келісу жұмыстары жүргізілуде, деп қосты Н. Тоқсейітов.

Павлодар облысында бес денсаулық сақтау нысаны салынады

Павлодар облысының төрт ауданында мамыр айында бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Еріс» баспасөз клубында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов мәлім етті. 

- Биыл инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты дамытуға республикалық бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлініп, 123 жоба мақұлданған. Соның ішінде Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылында және Ақсу ауылдық аймағына қарасты Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулатория, Качир ауданы Жанабет ауылы мен Успен ауданы Таволжан ауылында медициналық пункт, сонымен қатар Ақсу ауылдық аймағы Алғабас ауылында бір фельдшерлік және акушерлік пункт мамыр айынан бастап салына бастайды. Жалпы осы бағытта 1560 уақытша орын құрылады. Сонымен қатар, 332 миллион теңгеге Качир ауданында 16 пәтерлі және Лебяжі ауданында 24 пәтерлі жұмысышы жастарға арналған жатақхана құрылысы басталады, -деді Б.Қаппасов. 

Сондай-ақ, спикердің айтуынша биыл облыс бойынша 11 175 жаңа жұмыс орны құрылады, оның 5246-сы тұрақты жұмыс. Қазіргі уақытта 1054 жұмыс орны ашылған. Бұдан басқа, 357 адамға шағын несие беру мақсатында 1 миллиард 77 миллион теңге бөлінген, бұл қаражат өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Алматыда Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындау үшін арнайы комиссия құрылды - Б. Байбек

Алматыда Орталық коммуникация қызметінің Алматыдағы филиалында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты басталды.

Оған Алматы қаласы әкімі аппараты мен басқармалардың, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес субъектіліренің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.

Өзінің алғы сөзінде қала басшысы Алматыда «100 нақты қадамды» орындауда бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. 

«Алматыда Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына елге танымал белгілі тұлғалар енді. Бес институтционалды реформаны жүзеге асыруда басты мақсат - экономиканы тұрақты түрде дамыта отырып, қуатты мемлекет қалыптастыру және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл жолда реформаларды жүзеге асыруда Алматы қаласы үлгі болуы тиіс. Біз дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындау - Қазақстан үшін дамудың жаңа тарихи кезеңі. Әрине, еліміздегі институционалдық реформа қиын кезеңде өтуде. Әлемдік дағдарыстың кезекті толқыны көптеген елдердің алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Дегенмен, дағдарыс - бұл мүмкіндіктер тетігі. Ұлт жоспары шеңберіндегі институционалдық реформалар Алматы қаласының инновациялық, мәдени және туристік орталық ретіндегі әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Бұл үшін бізде белсенді азаматтық қоғамның әлеуеті жетеді», - деді Б. Байбек.

Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы қайта ұйымдастырылатын болады - Б. Байбек

 

Орталық коммуникация қызметінің Алматыдағы филиалында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Оған Алматы қаласы әкімі аппараты мен басқармалардың, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес субъектілерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.

Өзінің алғы сөзінде қала басшысы Алматыда «100 нақты қадамды» орындауда бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді.

«Алматы - көлік жүргізушілерінің емес, жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің қаласы болуы  керек. Қалада қоғамдық көлік саласын дамыту өте маңызды. Бұл тұрғыда Алматы қаласы әкімдігінің құрылымын қайта ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Автомобиль жолдары мен Жолаушылар көлігі басқармалары біріктіріледі. Сонда көлік жүйесіне қатысты саясат бір басқармада әзірленетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы бірқатар қалалық басқармалардың жұмысы оңтайландырылатын болады, яғни біріктіріледі. Ал үш ірі басқарманың штаты қысқартылады. Ал атқарылатын жұмыстардың бірқатар бөлігі аудандық әкімдіктерге беріледі. Бұл жерде басты мақсат - тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару», -  деді Б. Байбек.

Биыл ҮЕҰ үшін мемлекеттік тапсырыс 8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды - А.Мұхамедиұлы

 

Ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференция барысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Премьер-Министрдің тапсырмасымен 2016-2020 жылдарға арналған мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамытудың ұлттық жоспары бекітілді. Ұлттық жоспарды жүзеге асыру 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін 23 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл 8 млрд. теңгеден астам қаржы», - деді министр.

Оның атап өтуінше, гендерлік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың Үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы ең біріншіден, әлеуметтік жобалар санының артуына ықпал етеді. Мәселен, 2012 жылы бұл салада 73 млн. теңгеге 62 жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 200 млн. теңгеден астам қаржыға 160 жобаны іске асыру көзделуде. Екіншіден, стратегияны жүзеге асыру аясында елімізде Әйелдер көшбасшылығы мектебінің желісі құрылды. Бүгінде оның қатарына еліміздің барлық өңірін қамтитын 69 ҮЕҰ кіріп отыр.
«Үшіншіден, Қазақстанда отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту, отбасындағы тәрбие рөлін арттыру мақсатында Отбасы күні белгіленген. «Мерейлі отбасы» байқауы да айрықша танымалдыққа ие болды», - деді А.Мұхамедиұлы.

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады

 

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Бұл жоба «Алматы көлігі тарихының мұражайы» деп аталады. Біз бұл жобаны әлі де жан-жақты талқылайтын боламыз. Сметасы жасалады. Сөйтіп, екі гектар жерді алып жатқан аумаққа қала бюджеті есебінен саябақ жасалады», - деді қала басшысы.  

Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол-көлік апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған көлік апаты салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.

 Алматыда 2020 жылға қарай қоқыстардың 40 пайызға жуығы қайта өңделетін болады - Б. Байбек

Алматыда 2020 жылға қарай, қоқыстардың 40 пайызға жуығы қайта өңделетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Алматыда бүгінгі таңда жылына 750 мың тонна қоқыс жиналады. Солардың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 5 пайызы ғана қайта ұқсатылады. Сондықтан, біз бұл жұмысты ерекше бақылауға алдық. Тек 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 60 стихиялық қоқыс тастайтын орын жойылды. Неге бұлай? Өйткені, қоқыс шығарумен айналысатын жекелеген компаниялар қоқыстарды қаладан шығармайды, бір жерден алады да екінші жерге тастай салады. Яғни, ақшасын, жанармайын үндемдейді. Осылайша, қоқыс шығаратын 7 компанияға айыппұл салынды. «Алматы-2020» бағдарламасы бойынша Алматыда 2020 жылға қарай қоқыстарды қайта өңдеуді 40 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Қазір екі үлкен жоба пысықталып жатыр. Олардың бірі  - жылына 300 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар мен 360 мың тонна кәріздік лай тұнбаларын өңдейтін кешен және қоқыс жағатын зауыт. Қоқыстарды қайта өңдеу - «жасыл» қаланы қалыптастыруда үлкен қадам болып табылады», - деді Б. Байбек.

 Астана полицейлерінің автопаркі отандық көліктермен толықты

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту аясында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметіне Қазақстанда құрастырылған «Peugeot 301» маркалы 35 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары статусқа лайықты және барлық көрсеткіштер бойынша үлгі аларлықтай болуы тиіс», - деді Ә. Жақсыбеков.

Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тәртіп сақшыларының, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсеткені үшін қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді. 

Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІО мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдікпен қала аумағында қосымша полиция пункттерін ашу үшін орынжайлар беріліп жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілді. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері жаңа баспанаға ие болды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсетті. Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу.

«ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны биыл алғашқы тоқсанда 25,7 млн теңгенің өнімін шығарды - Ақмола облысы

 

 Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімін шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Әлжан Қырықпаев айтты.

Оның айтуынша, жылдық қуаты 5 мың текше метр ағаш өнімдерін шығаратын зауыт 2014 жылы өндіріс көлемін 8 мың текше метрге ұлғайтқан болатын. 

«Біздің зауыт 2009 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылды. Кәсіпорында қазіргі заманғы технология бойынша еуропалық стандарттарға сай ағаштан үй, терезе жақтаулары мен есіктер тәрізді түрлі құрылыс материалдары шығарылады. Бұл - еліміздегі орман шаруашылығы саласындағы жоғары қарқынмен дамып отырған алғашқы «қарлығаштарының» бірі. «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға 280 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген. 

2014 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қолға алынып, өндіріс көлемін 8 мың текше метрге дейін ұлғайттық. Осының арқасында өндіріс көлемі де артып, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы, бүгінгі күні кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары», - дейді кәсіпорын басшысы.

Елбасы: Біз кедей емес, бай адамдар өмір сүретін мемлекет қалыптастырып жатырмыз

Біз кедей емес, бай адамдар өмір сүретін мемлекет қалыптастырып жатырмыз. Бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Сөз арасында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде жаңа функционалдық бағыт қолдау тапқанын жеткізді. «Біріншіден, бұл - қайырымдылық. Қайырымдылық туралы жаңа заңда ҚХА-ның бас үйлестіруші ретіндегі қызметі бекітілген. Біздің тарихымызда алғаш рет меценаттар мен донорлардың, қайырымдылық ұйымдарының съезі болып өтті. Бұны жалғастыруымыз керек, өйткені біздің көптеген ізгі азаматтарымыз қайырымдылық қорларына қаражат аударып жүр», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент  «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» акциясы аясында былтырғы жылы 400 мың қазақстандыққа қайырымдылық көмек берілгенін атап өтті. Балалар үйінің 7800 тәрбиеленушісі үшін 5 млн. теңгеге шот ашылған.

«Бұл ендігі күні Ассамблеяның жұмысына айналып отыр», - деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті бес реформа аясындағы «біртектілік пен бірлік» бағытындағы жұмысты оң бағалады

 

Бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес реформа аясындағы «біртектілік пен бірлік» бағытындағы жұмыстарды оң бағалады.

Сөз арасында Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген үш негізгі бағытқа тоқталып, оның барлығы тұтастай Қазақстан халқы бірлігін, келісімі мен татулығын нығайтатынын атап өтті.

«Ауқымды жұмыс атқарылды. Бес реформаның төртінші реформасымен қоғамның барлық жігі қамтылуы керек болатын. Мәселен, мемлекеттік рәміздер туралы жаңа заң қабылданып, қазақстандық патриотизм аясындағы рәміздерді пайдалану мәселелері назарға алынды. Отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жалпыұлттық, адамгершілік және рухани құндылықтар жоспары шоғырландырылды.  Жалпыға ортақ еңбек қоғамын ілгерілету бойынша да жалпыұлттық жоспарлар жүзеге асуда. «Кәсібилер лигасы» жобасының да қоғам мен жастар үшін мәні зор. Оның аясында Дүниежүзілік банктің қолдауымен өңірлерде 15 ахуалдық орталық құрылды. Осының бәрін түйіндей келе, мен «біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бірінші кезеңін оң бағалаймын», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылғанын әрі оған жұмсалған қаражаттар да соншалықты көп болмағанын атап өтті. 

ҰЛТ ЖОСПАРЫ: Жамбыл облысының Шу ауданында құны 216,3 млрд. теңгені құраған 10 инвестициялық жоба іске асырылып отыр

 

Алдағы болашақта «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылып отырған Шу ауданында үш мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуына арналған брифингте Шу ауданының әкімі Дәулет Рүстем хабарлады.

Еске сала кетейік, «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның жоспары «TARAZ INVEST-2012» халықаралық форумында таныстырылды. ҚР Президентінің Жарлығымен Шу ауданында арнайы экономикалық аймақ құрылған, онда инвесторларға қолайлы жағдайлар, бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер, сондай-ақ қорлар мен инфрақұрылым жасалған.

АЭА-ның аумағында жалпы жылдық қуаттылығы 2 млн. тоннадан асатын, химия өнімдерінің 25 бірлігін шығаратын жоғарытехнологиялық химиялық зауыттар пайда болады. Импорттың орнын басатын 7 өндірісті (күйдіргіш сода, хлор, глифосат, үшхлорлы фосфор, менатол, натрийдің құрғақ бутил ксантогенаты), табиғи газды терең өңдеу зауытының құрылысын іске асыру жоспарланып отыр. 2016 жылы АЭА-ның сыртқы инфрақұрылымының құрылысын аяқтау, қыркүйекте - бірінші кезекті пайдалануға енгізу, ал 2018 жылдың тамызында - инфрақұрылым нысанларының екінші кезегін енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жобаны іске асыру аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартатыны, салық түсімдерін арттыратыны, өнеркәсіптің бір-бірімен байланысты салаларының, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретіні күтіліп отыр.

«2016 жылы «Kaz Miya» ЖШС-нің («Хим-плюс») инвестициялық жобалары - құны 66,4 млрд. теңгені құрайтын, 783 жұмыс орны құрылатын сульфат және глифосат өндірісін іске асыру жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдарға арналған ИИД бағдарламасының аясында біздің ауданымызда жалпы құны 216,3 млрд. теңгені құрайтын, 1 228 жұмыс орны құрылатын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деп баяндады Шу ауданының әкімі.

«2016 жылы «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның жобалары бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 128,3 млрд. теңгені құрайды. Зауыттарды пайдалануға беру кезеңінде 2400-ден астам адам жұмысқа тұрғызылады. Инфрақұрылымды құруға 2014 жылдан бастап 25,9 млрд. теңге бөлінген», - деп ақпараттандырды Р.Дәулет.

Елімізде өндірілген фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы ОҚО үлесінде - Б.Атамқұлов

Республика бойынша өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы оңтүстік өңірдің үлесіне тиесілі. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы баяндаған өңір басшысы Б.Атамқұлов мәлім етті.

Облыс әкімінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда фармацевтика кластері қалыптасуда, деп хабарлайды ortcom.kzсайты.

«Индустрияландыру картасы шеңберінде фармацевтика саласында 6 жоба жүзеге асырылды. «Химфарм» АҚ-ында жалпы құны 100 млн доллар 4 кезеңнен тұратын жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде бірінші кезеңі іске қосылып, нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды. Ал биыл құны 10,5 млн долларлық ұнтақты антибиотиктерді өндіру цехының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда», - деді облыс басшысы.

Бұдан бөлек, таблеткалар өндірісі және қан жинайтын контейнер өндіретін 2 зауыттың құрылысы басталды, ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары аяқталуда.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы - фармацевтикалық бейіндегі мамандармен нарықты қамтамасыз ететін Қазақстандағы жалғыз фармацевтикалық жоғарғы оқу орны.

ОҚО-да 11 индустриалдық аймақ құрылған

 

Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру мен шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриялық аймақ құрылуда. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысы турпалы баяндаған өңір басшысы Б.Атамқұлов мәлім етті.

«Бүгінде жалпы аумағы 525 га 6 индустриялық аймақ іске қосылды. Онда 143 жоба іске асырылып, 11,4 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі баспасөз мәслихатында еліміз бойынша алғаш болып жұмысын бастаған «Оңтүстік» индустриалдық аймағы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Онда 20,4 млрд теңгенің 39 жобасы іске асырылып, 3,1 мың жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда инфрақұрылым тартуға жұмсалған қаржының 67 пайызы бюджетке салық түрінде қайтарылған. Осы түсімдер динамикасы сақталған жағдайда, алдағы 2 жылда бюджеттік инвестиция толық қайтарылады деп күтілуде.

Жалпы индустриалдық аймақ құрылғалы оның қатысушылары 67,9 млрд. теңгенің (2015 жылы 19,2 млрд. теңге) өнімін шығарған.

Қазақстанның аграрлық секторы үшін органикалық өнім саласының келешегі зор

 

Қазақстанның аграрлық секторы үшін органикалық өнім саласының келешегі зор. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау барысында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Отандық аграрлық сектор үшін келешегі бар бағыттардың қатарында органикалық өндіріс саласын атауға болады. Бұл бағытты дамыту ауыл шалуашылығының түсімін жоғары деңгейге көтере алады. Қазір бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға артып отыр», - деді Сенат спикері.

Сонымен қатар, Қ. Тоқаев Қазақстанның аграрлық саладағы географиялық артықшылықтарын пайдалану аса маңызды екенін атап өтті. 
«Қазақстан тағам өнімдеріне сұраныс үнемі артып отыратын Қытай, Ресей, Орта және Таяу Шығыс пен Еуропа сияқты негізгі нарықтардың ортасында орналасқан. Сонымен бірге, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ нарығы - келешегі зор нарықтардың бірі.

Ресей жекелеген елдерден азық-түлік әкелуге тыйым салғаннан кейін, Қазақстанның аграрлық секторы үшін ресейлік нарықта өз позициясын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер пайда болды. Осы орайда ағымдағы жылы жалпы ет экспорттауды 60 мың тоннаға жеткізу туралы Президенттің тапсырмасының немесе Үкіметтің Қытайға жыл сайын 3 млн. тонна астық сату жөніндегі уәдесінің орындалуы жөнінде орынды сауал пайда болып отыр», - деді Сенат спикері.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram