ШОЛУ: Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 23-і толық орындалды

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Қазақстандық арманға бастайтын - Ұлт жоспары ел іші сыртында үлкен талқыға түсіп, әлемдік саясаткерлердің оң бағасын алды. Бүгінге дейін Ұлт жоспары аясында қыруар іс-шаралар атқарылып жатыр.
14 маусым күні Ақордада өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің аралық қорытындыларына арналған кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 23-і толық орындалғандығын мәлім етті.
Кеңесте Мемлекет басшысы өткен кезеңдерде атқарылған жұмыстар алға қойған реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін жағымды ахуал қалыптастырып отырғанын атап өтті.
«Біз айқындаған бес институционалдық реформа - бұл жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы кешенді даму жоспары. Сондықтан да Ұлт жоспарын сапалы орындау - бірінші кезектегі негізгі міндет. Осы аралықта үлкен жұмыстар атқарылды. Үкімет қажетті заңдарды, тиісті нормативтік актілерді қабылдады, меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделі енді, әділсот жүйесінің үшбуынды жүйесіне көшу жүргізілді. Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңес те жұмысқа кірісті. Бұдан бөлек, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары да қатайтылды. Салықтық және кедендік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыстар атқарылу үстінде. Ауқымды жекешелендіру жүзеге асуда, елді индустрияландырудың екінші кезеңіне қадам бастық, әлеуметтік саясат та жетілдірілу үстінде, мемлекеттің есептілігі күшейтіліп жатыр. Тұтастай алғанда бүгінгі күні «100 нақты қадамның» 23-і толығымен орындалды», - деді Президент.
Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге бағытталған Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінң назарынан тыс қалған емес. Біз бүгін агентігіміздің «Болашаққа 100 қадам» айдары бойынша маусым айында жарияланған ең қызықты материалдарға шолуды ұсынамыз.
***
ҚРӘділетминистрлігініңсараптамасынажылсайын 70-кежуықзаңжобасыкеліптүседі - З.Баймолдина
Қазақстанда 2015 жылы әділет органдарының барлық әлеуеті Ұлт жоспары - 100 нақты қадамда белгіленген Елбасының тапсырмаларын дер кезінде сапалы заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталды, деп мәлімдеді ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.
«Жыл сайын Әділет министрлігіне заңгерлік сараптамаға орташа есеппен 70 заң жобасы, 2 мың Президент пен Үкіметтің акт жобалары, сонымен қатар 10 мың акт орталық және жергілікті органдардан түседі», - деді З.Баймолдина.
Ол әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі - ұлттық заңнаманы құру жұмыстарына қатысу екенін айтып өтті. Аталмыш міндет әділет органдарының нормативтік-құқықтық акті жобаларына заңгерлік сараптама, заң жобасын үйлестіру қызметі және жоспарлау жасау арқылы іске асырылады.
Сонымен қатар, З.Баймолдина өткен жылы әділет органдарының барлық әлеуеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын дер кезінде сапалы заңнамамен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты, деп жазады primeminister.kz.
Ел халқымемлекеттікқызметтің 70%-ын«Азаматтарғаарналғанүкімет»мемкорпорациясыарқылыалаалады - Д.Назарбаева
Жақында құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ағымдағы қызметі мен перспективалық міндеттері бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен ұйымның кеңейтілген отырысының барысында талқыланды.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыста сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында бірыңғай құрылымға 20 мыңнан астам қызметкерді қосқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кірген төрт РМК «ХҚКО», «ЗТМО», «ЖерҒӨО» және «ЖМО» қайта ұйымдастырудың сәтті өткендігі талқыланды. Қайта ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстың нашарлауына жол берілмегені, ал құрылымдық бөлімшелердің жұмысы бір күнге де тоқтамағаны атап өтілді.
Жаңа құрылымда халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін 530 мемлекеттік қызмет біріктірілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жақында Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жаңа 53 қызметті айқындады. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 қызметті ала алады.
Фронт-офистердің ауқымды желісі, олар еліміз бойынша 479 күнделікті мыңдаған азаматқа қызмет көрсетеді. Халықпен өзара іс-қимыл механизмдері пысықталған. Барлық фронт-офистердің жұмысы бірыңғай кестеге өткізілді - ЗТМО көптеген бөлімшелері 9.00-ден бастап 20.00-ге дейінгі ХҚКО-ның жұмыс кестесіне көшті.
ЗТМО 143 фронт-офистері кедергісіз қызмет көрсетуге өткізілді, қалған 78-ін кедергісіз қызмет көрсетуге өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Енді азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 70%-ын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Сапа, жайлылық, азаматтар үшін барынша жеңілдету - бұл мемлекеттік корпорация дамуының негізгі басым бағыттары болуы тиіс», - деп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева отырыс барысында атап көрсетті.
Мемлекеттік корпорация жоспарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, озық технологиялар мен шешімдерді пайдалану, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына өту.
2016 жылғы 11 сәуірден жұмыс істеген сәттен бастап азаматтарға үздік әлемдік ұқсас жайлылық деңгейінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге талпынып құрылған мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бірыңғай провайдері ретінде жұмыс істейді.
Әлеуметтік маңызды қызметтердің көп бөлігін азаматтар мемлекеттік корпорацияда «бір терезе» қағидаты бойынша алады. Мұндай әдіс қызметтерді көрсету процесі барынша ашық болғаны, ал оларды көрсету мерзімі қысқару үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұралатын құжаттар тізбесін қысқартуға жол береді.
«Қызметтерді көрсетуде ашықтық, әкімшілік кедергілерді қысқарту бастамалары мемлекеттің қоғамға есептілік мәтінінде іске асырылуы тиіс, керісінше емес», -деп өз сөзінде Дариға Назарбаева атап өтті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 нақты қадам-Ұлт жоспарын» іске асыру аясында құрылды. Ұйым өз құрылымында 4 РМК-ні біріктірді - «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық».
Қазақстан Республикасыныңинвестициялықдауларжәнетөреліктуралызаңнаманыңжаңашылдықтарыталқыланды
Бүгін Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде Қайрат Мәмидің төрағалығымен «Инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетіктерін жетілдіру. Қазақстан Республикасының инвестициялық даулар және төрелік туралы заңнаманың жаңашылдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Оның жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, ұлттық даму институттары мен халықаралық заң фирмаларының өкілдері қатысты.
Іс-шараға «Тенгизшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Аджип Карашығанақ Б.В.», «Орал Ойл Энд Газ», «Шұбаркөл көмір», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «СП КАТКО», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» сияқты ірі инвесторлардың өкілдері шақырылды.
«Дөңгелек үстелдің» ашылу рәсімінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.
«Дөңгелек үстелде» сөйлеген сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы: «Қазіргі заманда инвестициялық қызмет кез-келген мемлекеттің экономикалық өсуінің маңызды алғы шарты болып табылады. Қазақстан инвестициялық тартымдылықты арттыруға айрықша мән беріп отыр», - деп атап өтті.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 23-қадамын іске асыру шеңберінде биылғы қаңтардан бастап Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін жүргізілуде. Бұл сот жүйесінің бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі ерекше рөлін айғақтады. Аталған дауларды қарау тәртібі жаңа Азаматтық процестік кодекс арқылы реттеледі. Бұған қоса, Жоғарғы Сотта 12 беделді шетелдік және қазақстандық заңгерлер мен ғалымдардан құралған Халықаралық кеңес жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Қ. Мәми өз сөзінде қазіргі таңда дауларды шешудің баламалы түрлері, соның ішінде төрелік халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылып жатқанына тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда «Төрелік туралы» жаңа заң әзірленіп, қабылданды. Ол отандық төрелікке кәсіпкерлер мен инвесторлардың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Онда «Халықаралық сауда төрелігі туралы» ЮНСИТРАЛ типтік заңының қағидаттары ескерілген.
«Дөңгелек үстел» жұмысы екі сессия бойынша өтті.
Біріншісі - «Инвестициялық дауларға қатысты сот ісін жүргізудегі заңнамалық жаңашылдықтар» деп аталады.
Аталған сессияның шеңберінде инвестициялық дауларды шешудің мәселелері мен келешегі, инвесторлардың мәртебесін анықтау, инвестицияларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі, салық даулары бойынша сотқа дейінгі апелляцияның тетіктерін қайта қарау, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама бойынша мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, инвесторлардың қатысуымен болатын даулар бойынша қазақстандық соттардың юрисдикциясы туралы Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшесі Куртис Мастерс баяндады.
Екінші сессия - «Төрелік туралы заңнаманың жаңашылдықтары» тақырыбында өтті.
Аталған секцияның шеңберінде «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңының нормалары талқыланды. Азаматтық дауларды тиімді шешу мақсатында қазақстандық соттар мен төреліктердің өзара іс-әрекетін жақсартуға ерекше мән берілді.
«IUS» халықаралық төрелік төрағасының орынбасары Игорь Грешников Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының институционалдық төреліктің даму болашағы мен тәжірибесі туралы сөз сөйледі. Халықаралық фирмалар өкілдері өз баяндамаларында төрелік туралы заңнамадағы жаңа жаңашылдықтар мен төрелік шешімдерінің орындалуы туралы айтты. Бұған қоса, жаңа заң шеңберіндегі коммерциялық төрелік және инвесторларды төрелікте қорғаудың өзекті мәселелері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар бағдарламада көзделген барлық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасты. Іс-шараның қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Инфрақұрылымдыдамыту - транзиттік өсімменкөлікдәліздерініңдамуынаықпалетеді - А.Мамин
Экономикалық өсімнің тежелуіне қарамастан, Еуразиялық өңірдегі мемлекеттер аймақтағы сауда-саттықты арттыруға және экономикалық өсімге жол ашатын стратегиялық бастамаларды іздестіруде. Қазақстанда мемлекеттік тұрғыда Еуразиялық логистикалық хаб жасауғаң және транзиттік әлеуетті барынша дамытуға зор маңыз беріліп отыр.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар мамин «Сочидегі ««Стратегиялық серіктестік 1520» XI халықаралық темір жол бизнес-форумында мәлім етті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстанда осы стратегиялық жоспарларға орай тиісті бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды: «Нұрлы жол», Ұлттың 100 қадамы арқылы Қазақстан аумағымен транзиттік тасымал көлемін 2020 жылдарға қарай екі есеге арттыруға тапсырма беріліп отыр.
Елімізде қазіргі таңда темір жолдың барынша оңтайлы Қытай-Еуропа, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий бағдарымен ғаламдық сапалы әрі тиімді логистикалық тізбекке қосатын бағыттарын жасақтады. Соңғы алты жылда 1700 шақырым жаңа темір жол желісі іске қосылды. Каспиде қазақстандық мүмкіндікті жылына 16,5 миллион тоннадан 25 миллион тоннаға дейін жүк өткізуге жеткізуге күш салынуда. Ол үшін Ақтау порты кеңейтіліп, Құрық паром кешені құрылысы жүргізілуде. Ел ішінде және шетелдерде де Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағындарын күшейту мақсатында, жүктерді шоғырландыру мен дистрибуциялық үйлестіру орталықтары жасақталуда. Компанияның Қытайдың Ляньюньган портында терминалдық инфрақұрылымы бар. Парсы шығанағында жоба жүзеге асырылып жатыр. Иранда Инчебурунда құрғақ порты және Балтық жағалауында жобалар басталуда.
«Жаңа логистикалық инфрақұрылым Қазақстанның басқа мемлекеттермен ықпалдасуын қамтамасыз етіп қана қоймайды. Сонымен қатар 1520 жолтабаны елдері Қытай, Еуропа, Иран және Парсы шығанағы елдері арасындағы теңіз бағдарымен бәсекелестікті арттырып, трансқұрлықтық бағдарлардың дамуына жол ашады. Біздің жоспарымыз 2020 жылдары Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы транзиттік жүк ағынын 16 есеге арттырып, қазіргі 47,4 мың ЖФЭ-дан 800 мың ЖФЭ-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді А.Мамин.
Оның айтуынша, Қазақстанның мақсаты 2020 жылдары логистикалық қызметі барынша дамыған 40 елдің қатарына кіру болмақ.
Қазақстанның Жеке сот орындаушылар палатасы Халықаралықжекесоторындаушыларыодағыныңмүшесіболды
Ағымдағы жылы Қазақстанның Жеке сот орындаушылар палатасы Халықаралық жеке сот орындаушылары одағының мүшесі болды. Бұл қазақстандық орындаушылардың мәртебесін нығайтып, халықаралық рейтингін жоғарлатып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, сот актілерін орындау сөт төрелігін іске асырудың түпкілікті нәтижесі және азаматтардың құқықтарын қорғауға конституциялық кепілдікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. «4-5 жыл бұрын оның сапасы мен тиімділігіне сот орындаушысының тиісті мәртебесінің болмауы, жеткіліксіз өкілеттіктері, төмен жалақы, тиісінше материалдық-техникалық жабдықталмауы және жүктемесінің көптігі теріс әсер етті. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу органдарын бір ведомстволық құрылымнан екіншісіне беру жүйені нығайтуға ықпал етпегенін атап өткім келеді. Аталған проблемаларға байланысты елімізде шығарылған сот актілерінің шамамен әрбір үшіншісі орындалмады», - деді министр. Оның айтуынша, жағдайды түбегейлі өзгерту және шет елдердің тәжірибесі бойынша жеке орындау институтын енгізу қажеттігін алғаш рет Мемлекет басшысы 2005 жылы судьялардың IV Съезінде атап өткен болатын. Осыған байланысты жеке орындау қызметі бойынша Франция, Польша, Латвия, Эстония сияқты елдердің тәжірибелері зерделенді.
«Атқарушылық іс жүргізу саласын түбегейлі реформалаудың негізі «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамы болды. Онда жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту көзделеді. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың құзыретіне мемлекеттен өндіріп алу, одан әрі мемлекет пайдасына 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы өндіріп алу туралы құжаттарды (шамамен 2 млн. 120 мың), мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, бұзу, жер учаскелерін алып қою туралы құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері кеңейтілді», - деді министр.
Сонымен қатар, Әділет министрі халықаралық ынтымақтастық мәселесіне тоқтала келе, ағымдағы жылғы сәуірде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Халықаралық жеке сот орындаушылары одағының толық құқылы мүшесі болғанын атап өтті. «Одаққа мүше болып кіруімен жеке сот орындаушысы институты бойынша халықаралық тәжірибені және оны әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ тәжірибелік қызмет шеңберінде туындайтын қызықтыратын мәселелер бөлігінде көмек алуға мүмкіндік пайда болды. Халықаралық ұйымның басшысы Франсуаза Адрие Мемлекет басшысының атына хат жолдады. Онда, тәжірибе көрсеткендей, Одаққа мүше болу құқық үстемдігі қағидаты басым болып табылатын елдер ретінде оның мүшелерінің мәртебесін нығайтып, халықаралық рейтингін жоғарлатқаны атап өтілді. Бұдан өзге, Одаққа қатысу осы мемлекеттердің инвестициялық климатына және халықаралық мәртебесіне оң әсер етті», - деді Б. Имашев.
Бірлік пен еңбектіңалмайтынасуыжоқ - Б. Орынбеков
Әрине, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарих үшін қысқа ғана мерзім болғанымен, бұл жылдар қазақстандықтар үшін айтулы уақыт болды. Қазақстанның жаңа дәуірдегі жарқын жеңістерінің іргетасы саналатын, тарихи серпілістер күтілген егемендіктің осынау жылдарында еліміз ішкі-сыртқы саясатта, экономикада, әлеуметтік жаңғыртуда және қоғамның өзге де салаларында толайым табыстарға жетті.
Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде «Бірлік пен еңбектің алмайтын асуы жоқ» деген тақырыппен
Жарияланған жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің мақаласында жазылған. Елбасы «Н.Ә.Назарбаев халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған өзінің жыл сайынғы Жолдауларында қолжетімді тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын, сондай-ақ, спорт және әлеуметтік-мәдени нысандарын салуды, жол құрылысының маңыздылығын атап өтеді. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруын тереңдетіп, дамуын арттыра түсетін жаңа стратегиялық бағыт, жаңа міндеттер жүктейді.
Өткен жылы Жамбыл облысында 64 нысанның құрылысын жүргізуге 23,0 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде білім саласы бойынша 30 нысанның құрылысына бөлінген 7,1 млрд. теңге толығымен игеріліп, 20 нысан пайдалануға тапсырылды. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен бөлінген 7,8 млрд. теңге 100 пайызға игеріліп, 4 нысан пайдалануға берілді.
Өңірдегі құрылыс қарқыны биыл да толастамайды. 2016 жылы білім беру жүйесіндегі нысандарды дамытуға 5972,9 млн. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан - 3298,2 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 652,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2022,7 млн. теңге (қосымша қаржыландыру) қарастырылған. 1 мамырға дейінгі есеп бойынша 935,8 млн. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 92,5 пайыз игерілді.
Биылғы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен Байзақ ауданы, Түймекент ауылында және Тараз қаласының Құмшағал стансасында әрқайсысы 300 орындық 2 орта мектептің, Қордай ауданы Масанчи ауылында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында және Тараз қаласының «Салтанат» шағын ауданында әрқайсысы 280 орындық 3 балабақшаның, бұдан басқа республикалық бюджеттен - Тараз қаласында 300 оқушыға арналған орта мектептің және жергілікті бюджеттен - 3 орта мектептің және 2 балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл 2 орта мектептің құрылысы (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы Т.Қожакеев көшесі №1 мекенжайында 600 оқушыға және Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданында 1000 оқушыға арналған №30 орта мектептер) басталады.
Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, 2016 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Меркі ауылында және Қаратау қаласында әрқайсысы ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана нысанын салу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 дәрігерлік амбулатория (Байзақ ауданы Бурыл ауылында ауысымына 40 келушіге және Сарысу ауданы Жайылма ауылында 20 келушіге арналған), Талас ауданы С. Шәкіров ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Мойынқұм ауданы Қияқты стансасында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысын аяқтау, Шу қалалық ауруханасының қазандығы мен ас даярлайтын блогын және 2 дәрігерлік амбулаторияны (Т. Рысқұлов ауданы Луговой стансасында және Құмарық ауылында) газ отынмен қамтамасыз ету қарастырылған.
Қай өңірдің болсын дамуында өнеркәсіп саласының маңызы ерекше. Жалпы алғанда үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуірінде 106449,3 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 12,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 6,1 пайызға өсуі байқалады. Сондай-ақ, биыл ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 15,4 млрд. теңгеге 380 жұмыс орны ашылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінде өңірде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 67,4 мың бірлікті құрайды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 2016 жылы 2,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 56,3 млрд. теңгені құрайтын 578 жоба іске асырылуда, оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгені құрайтын 470 жоба қолдау тапты.
Облыс көліктерімен ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 4 пайызға артты. Жамбыл облысында 1 автовокзал, 8 автостанса және 1 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 23 тасымалдаушы мекеме барлығы 161 маршрутта 1145 автобуспен қызмет көрсетіп келеді. Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2011-2015 жылдар аралығында 551 дана жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылдың өзінде 22 жаңа автобус әкелінді.
Облысымызда 373 елді мекен бар, олардың 335-іне автобус қатынасы орнатылып, елді мекендердің көлік қатынасымен қамтылуы 89,81 пайызды құрап отыр. Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, тұрғындар саны 100 адамнан асатын жол жағдайы бар елді мекендердің қоғамдық көлік қатынасымен қамтылуын 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Аталған 373 ауылдың 10 елді мекенінде тұрғындар саны 100 адамнан аспайды. Яғни, 2020 жылға дейін біз 363 елді мекеннің көлік қатынасымен толық қамтылуына қол жеткізуіміз қажет.
Бүгінгі таңда еліміздің азаматтарына, оралмандарға және елімізде тұруға ықтиярхаты бар адамдарға, олардың мүлікті жария етуіне байланысты жұмыстар жалғасын табуда. 2016 жылдың 25 мамырына Жамбыл облысы бойынша құны 33988,8 млн. теңгені құрайтын 7028 жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініштер қабылданды. Оның ішінде құжаттары толық болмауына байланысты 291 өтініш қайтарылса, құны 33284,6 млн. теңгені құрайтын 6594 жылжымайтын мүлік жария етілді, қалған 143 өтініш құрылған комиссиялармен қаралу үстінде.
Жария етілген мүліктердің саны бойынша Тараз қаласы, Байзақ және Меркі аудандары алда келе жатса (сәйкестік 1644, 984 және 817), бұл көрсеткіш бойынша Сарысу ауданында - 236, Талас ауданында - 220, ал, Мойынқұм ауданында бар болғаны 38 мүлік жария етілген.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын 12 ұйым бойынша шешім қабылданды. Оның ішінде 3 ұйым 2016 жылы, 1 ұйым 2017 жылы, 3 ұйым 2018 жылы және 5 ұйым 2020 жылы бәсекелес ортаға беруге жатады. 2016 жылы бәсекелес ортаға беруге жататын 3 ұйым бойынша оларды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шешімдер қабылданды. Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған 2016 жылы сенімгерлік басқаруға берілетін үш нысанның құны бағаланып, сату алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазір заман ағымын түйсінген, ғылым мен техниканың прогресінен кеш қалмайтын халық қана ХХІ ғасырда бәсекелестікке төтеп бере алады. Аға буын тәуелсіз еліміздің тұғырын бекемдей түссе, жастар үшін тәуелсіздікті сақтау, елге қызмет ету деген қасиетті міндеттер әлі алда тұр. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойын Қазақстан әлеуетті, айбарлы мемлекет ретінде қарсы алғалы отыр. Оған сіз бен біз куәміз. Мұның барлығы Президентіміздің алға қойған биік мақсаттарының, халқымыздың ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында қол жеткізген ортақ табыстарымыз. Бірлік пен еңбектің алмайтын асуы жоқ. Ендеше, алға қойылған мақсаттың жемісті орындалуына жамбылдықтардың қосатын үлесі зор деп білемін», деп жазады мақала авторы.
Биыл «Нұрлыжол»мемлекеттікбағдарламасыніскеасыруғаҰлттыққордан 839,9 млрд. теңгебөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.
«2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 839,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 503,4 млрд. теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд. теңге қарастырылған», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аталған қаржының 99,1 млрд. теңге немесе 12 пайызы игерілген. Оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 47,2 млрд. теңге, республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және қайта жаңғырту 35,2 млрд. теңге жұмсалған.
Қарағанды облысында туризм саласындағы 19 жобаБизнестіңжолкартасыбағдарламасыбойыншақолдауғаиеболды
Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау туризмнің дамуына ықпалдасты.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Абылаева мәлім етті.
«Қарағанды облысындағы курортты аймақтардағы - Қарқаралы ауданы, Балқаш өзенінің жағалауындағы көрсеткіштердің жақсарғанын атап өту керек. 2015 жылы курортты аймақтардағы орындар саны 21% ұлғайып, 63 бірлікті құрады. 73 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 19% құрады», - деді Т. Абылаева облыстық әкімдікте өткен жиында.
Оның ақпаратынша, Қарқаралы ауданында демалатындардың санының өсімі шамамен 60% құрады.
«Көрсеткіштердің өсуіне инвестицияларды тарту бойынша, аймақтағы туристік өнімді ілгерілету мақсатындағы имиджді жақсарту шаралары мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау ықпалдасты.
Аталған бағдарлама жүзеге аса бастағаннан, яғни 2010 жылдан бстап туризм саласындағы 19 жоба қолдауға ие болды. Облыс экономикасына 2 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылып, 359 жұмыс орны құрылды», - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, 2015 жылы және 2016 жылдың 1 тоқсанында облыста 16 туристік жобаны жүзеге асыру үшін жеке инвесторлар шамамен 3 млрд. теңге құйды, деп атап өтті басқарма басшысы.
«2016 жылдың соңына дейін тағы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобалардың жалпы құны 3 млрд. теңгеге жуық. 200 жаңа жұмыс орнын құру көзделген», - деп қосты Т. Абылаева.
Ол атап өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 57-ші қадамда туризмді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту міндеті атап көрсетілген.
Аймақта туризмнің төрт негізгі драйвері анықталған: Қарқаралы және Ұлытау аудандары, Балқаш маңы өңірі мен Қарағанды қаласы.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков әр туристік бағыт бойынша жеке шеберлік-жоспарларын құруды тапсырды.
«Жақын арада туристік операторлармен кездесу өткізейік. Қандай шешім қабылдайтынымызды, қай бағытта жылжитынымызды келісейік», - деді өңір басшысы.
Қарағанды облысында екі ұлттық табиғи саябақ - Қарқаралы және Бұйратау, 12 қорықша орналасқан. 2500 астам тарихи және мәдени ескерткіш бар.
«Қорғас - Шығысқақпасы»толыққуатынаенгенде 10 мыңжұмысорнықамтамасызетіледі
Қорғас - Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағы толық қуатына енгенде 10 мың жұмыс орны қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасының Атырау облысындағы «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы индустриялық жобалар мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағына бөлінген қаражаттың тиімді игерілу мәселесі талқыланған болатын.
«2014-2016 жылдары «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жобасын жүзеге асыру кезеңінде жалпы сомасы 83,3 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде 36,8 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 46,5 млрд теңгесі «Қазақстан теміржолы» АҚ жеке қаражаты. Бұлардың басым бөлігі аймақтағы құрғақ портты салуға жұмсалуда. АЭА толық қуатына шыққан 2020 жылы ондағы жүктердің айналымы жылына 4,4 млн. тоннаға жетеді деп жоспарлануда», - деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру құрылысына 939 жұмыс күші қамтамасыз етіледі. Ал нысан толық қуатына енгенде 10 мыңға тарта жұмыс күші қамтамасыз етіледі.
«АЭА құрғақ порттан, логистикалық порттан және индустриялық аймақтан тұрады. Қазіргі уақытта инвестициялық-логистикалық толықтыру жұмыстары белсенді атқарылуда», - деді Н. Ахметов.
Оның айтуынша, АЭА-қа республикалық бюджеттен бөлінген 36,8 млрд теңгенің бірінші траншы 2014 жылдың аяғында беріліп, ол толығымен игерілген. Екінші траншы 2015 жылдың 9 желтоқсанында оператор қолына тиген. «Бастапқыда бұл қаражатты игеру 2015 жылға жоспарланған болатын. Алайда жобалық құжаттамаларды әзірлеу нәтижесі бойынша бірқатар түзетулер енгізілді. Бұл түзетулердің ұзаққа созылуына орай қаржылық-экономикалық негіздеме 2015 жылдың қарашасында жасалып, қаражатты игеру содан кейінгі кезеңде белсенді жүргізіле бастады. Жалпы АЭА жұмысының 80 пайызға жуығы орындалды», - деді Н. Рахметов. Оның айтуынша, қазіргі таңда АЭА-тағы негізгі 68 нысанның 51-і толық аяқталған.
«Индустриялықмұнайхимияұлттықтехнопаркі»жобасыныңқаржылық-экономикалықнегіздемесінетүзетулеренгізіледі
«Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізіледі.
Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасының Атырау облысындағы «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы индустриялық жобалар мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағына бөлінген қаражаттың тиімді игерілу мәселесі талқыланған болатын.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтің айтуынша, «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» инфрақұрылым жобасын жүзеге асыруға 2014-2018 жылы 215,5 млрд теңге жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 201,9 млрд теңге жұмсалып, олар негізінен инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Қалған 13,6 млрд жобаны жүзеге асыратын операторлардың ағымдағы шығыстарын құрайды.
«Инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асыру барысында 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Ал АЭА жұмысқа кіріскенде, онда 1000 адам жұмыс істейтіні күтіледі», - дейді Н. Рахметов. Оның айтуынша, 2014-2015 жылдары АЭА жобасына 93 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде бірінші траншы 2014 жылы, ал екінші траншы 2015 жылдың желтоқсанында 68,5 млрд теңге шамасында алынды.
«Қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес, бұл қаражаттарды игеру 2015-2018 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жоспарланған болатын. 2015 жылы 21,3 млрд теңгені игеру көзделгенімен, негізінен 47,5 млрд. теңге игерілді. Бұл игеру сомасының артуы негізінен халықаралық мердігердің талаптарына орай орын алды. Біз халықаралық компанияның талабын ескере отырып, аккредитив ашып бердік. Қазіргі күні инвестициялық жобаның қаржылық-экономикалық негіздемелерін түзету жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, бұл түзету объективті себептермен, ең бірінші кезекте теңге бағамының өзгеруіне қатысты жасалмақ», деді Н. Рахметов.
М. Құл-МұхаммедАқтөбеде«Нұрлыжол»бағдарламасыаясындағыжобалардыңжүзегеасырылубарысыментанысты
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды. Оның қорытынды бөлімінде Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» және индустриалдық-инновациялық бағдарламалар аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
1 қыркүйекте Ақтөбе қаласында 320 орындық жаңа мектеп ашылады. Аталған білім ордасы «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасы бойынша салынуда. Бұл бағдарлама аясында 5000 шақырымдық автокөлік жолдары мен 2500 шақырым темір жол магистралін салудан бөлек, әлеуметтік саланы жаңғырту да қарастырылған.
Мұхтар Құл-Мұхаммед инфрақұрылымды дамудың кең ауқымды бағдарламаларын жүзеге асыру сапасын «Нұр Отан» партиясы айрықша қадағалайтынын атап өтті.
«Біз әр теңгенің тиімді әрі халықтың игілігіне жұмсалғанын жіті бақылайтын боламыз», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның индустриалдық-инновациялық секторына да оң әсерін тигізуде. Мысалы, Ақтөбеде заманауи рельсарқалық зауыты іске қосылды. Оның барлық өнімі жаңа темір жолдар құрылысына пайдаланылуда.
Кәсіпорын директоры Андрей Кузьмин Мұхтар Құл-Мұхаммедке жаңа жоба бойынша 750 адамның жұмыспен қамтылғанын айтып берді. Биыл 100 мың тонна өнім өндірілмек. Зауыттың жобалық қуаты бұдан төрт есеге көп екенін атап өткен жөн.
Зауыттың еңбек ұжымымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа өндірістік алпауыттың тек ішкі нарықты ғана есепке алмай, экспортты да мақсат тұту керектігіне назар аударды.
«Біз үшін Еуразиялық экономикалық одаққа жол ашық. Сондай-ақ, біз ДСҰ-ға мүшеміз. Бұл еліміздегі Ақтөбе рельсарқалық зауыты сынды кәсіпорындарға аса зор мүмкіндік береді», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Астанада өңірлікдамумәселесіталқыланыпжатыр
Қабылданған шаралар бюджеттік қаржының нәтижелігін жақсартады. Бұл туралы бүгін Астанада Өңірлік даму және басқару тәжірибесінің мәселелері жөніндегі өңіраралық форумда ҚР ҰЭМ Өңіраралық байланыс, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары Жайық Шарабасов мәлім етті.
«Үш жылдан бері ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстанның өңірік дамуы» Еуропалық одақ жобасы командасымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Жобаның мақсаты - теңдестірілген өңірлік дамуға үлес қосу және өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыру. ЕО жобасымен орталық және жергілікті органдарға мемлекеттік басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша консультативтік және әдістемелік көмек жасалады. Ынтымақтастық бағыттардың бірі нәтижеге бағытталған бюджетті енгізуге негізделген»,- деді Жайық Шарабасов.
Оның сөзіне қарағанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында министрлік стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды өзара үйлестіруге бағытталған стратегиялық жоспардың жаңа форматтарын бекітті. Осы ретте меморгандардың стратегиялық жоспарлары көптеген көрсеткіштерден, шаралардан және бюджеттік бағдарламалардан жеңілдетілді.
«Бюджеттік бағдарламадар ірілендіру жолымен бір бюджеттік бағдарламаға енгізілді, осы орайда бірыңғай нәтижеге қол жеткізуге бағатталған жұмыстар қамтылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мақсатты индикаторлар мен стратегиялық жоспарлар үш еседен астам төмендеп, орталық деңгейде әзірленетін бюджеттік бағдарламалардың саны екі еседен астам қысқарды. Қабылданған шаралар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінген бюджеттік қаржыны жедел басқаруға, бюджеттік қаржының нәтижелігін жақсартады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне жету үшін жауапкершілікті арттырады»,-деді министрлік өкілі.
Айта кетейік, бұл жоба қызмет етіп келе жатқан Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері өңірлік туризмді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, нәтижеге бағытталған жоспарлау, инновацияларды дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру тақырыптарына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.
Таратылған мәліметтеге қарағанда, жоба Еуропалық одақпен қаржыландырылады. Төрт жылдық (2013-2017 жылдар) жобаның бюджеті 6 288 000 еуроны құрайды.
МәжілістеҚазақстанменҚытайкоммунистерікездесті
Бүгін Мәжілістің Жамбыл Ахметбеков бастаған «Халықтық коммунистер» фракциясының бір топ депутаты Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Тао мырзамен кездесті.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық парламентші Қытай Коммунистік партиясының келе жатқан 95 жылдығымен құттықтап, ширек ғасырдан бергі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды өркендеп келе жатқанына, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ ол екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық байланыстардың маңызы жайында, заң шығарушы органдар арасындағы байланыстар жөнінде кеңінен айтып берді.
Кездесу барысында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуы жайында пікір алмасулар болды.
Кездесуге ҚХР ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ханьхуэй Чжан, сонымен қатар ҚХКП атынан сайланған депутаттар Владимир Косарев, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров және Магеррам Магеррамов қатысты.
«100 нақтықадам»: Сотжүйесіайқынбағытпендамуда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік дағдарысқа қарсы біртұтас болып көрсетуде баламасы жоқ, ұстанымы кесімді 5 халықтық бағыттан тұратын Ұлт жоспары - Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосылу үшін жасаған ғасырлық межесі. Өткір де ұтқыр идеяға құрылған 5 институционалдық реформа дегеніміз: қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім , болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет. Осы реформалар мен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді.
Заңдарды мүлтіксіз сақтаған мемлекет қана өркен жайып, гүлдене бермек. Президенттік реформада басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігіне басымдылық беріліп отырғаны да сондықтан.
«100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт.
Бүгінде Жоғарғы Сотта жүктелген екінші институционалды реформаның барлық 11 қадамы заңнамалық тұрғыдан іске асырылуда.
«Аталған бағыттағы жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті», - дейді ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин.
Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғары сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық-процессуалдық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңдардың әлеуеті зор екендігін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының жаңа редакциядағы «Азаматтық-процессуалдық кодекске» жариялы түрде қол қоюы - оның ел өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетті. Президент жаңа кодекс республиканың құқықтық кеңістігі түбегейлі жаңаша өзгерістер әкелетіндігін айрықша атап өткен болатын. Азаматтық-процессуалдық кодекс сот төрелігі тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шеше алады. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
Сот жүйесінің басты проблемаларының қатарында мемлекет басшысы судъяларды іріктеудің олқылығын, томаға тұйықтығын атады. Сол себепті Қазақстанда судья қызметіне іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілген. Судьялар корпусы абыройлы, кәсіпқой, руxани бай, тәжірибелі, өз кәсібіне жауапты азаматтар алынуы тиіс. Сол себепті Жоғары сот кеңесі түбегейлі реформаланды. Құқықтық сот институты Жоғары Сотқа берілді.
Ұлт жоспарының 17-қадамы - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейту. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді.
Оның үстіне ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 19-қадамы аясында судьялардың жаңа этикалық кодексін әзірлеу тапсырылған. Мұндай Кодекстің қабылдануы арқылы азаматтар судьялардың іс-әрекеттеріне байланысты Жоғарғы Сот жанындағы сот жюриіне шағым тастай алады.
Судьялардың Этикалық кодексінде судьяларға Президент пен халық ескерген талаптардың барлығы кіріп отыр. Кодекс Бангалор принципі мен ең үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жасалады. Судьялардың жаңа кодексі судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қабылдау жоспарлануда. Ол биыл маусым айында өткізіледі. Жоғары Соттың ақпараты бойынша, бұл кодекстің жобасы дайын болып та қалды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтқан Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі азаматтардың судьялар мен судьялық корпустың іс-әрекетіне қатысты арыздарын қарайды. Ұлт Жоспарының 19-шы қадамында азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдануы туралы айтылған. Осы шараны жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 4 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына, сонымен қатар «ҚР Жоғары сот кеңесі» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жоғарғы Сот жанындағы сот жюриі екі комиссиядан тұратын болады. Бұл - біліктілік комиссиясы және тәртіп комиссиясы.
Біліктілік комиссиясы 7 судьядан тұрады, олардың құрамына облыстық соттардың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және отставкадағы үш судья кіретін болады. Ал тәртіп комиссиясы 9 судьядан тұратын болады. Олардың құрамына аудандық және оған теңестірілген соттардың үш судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттардың 3 судьясы және Жоғарғы Соттың 3 судьясы кіретін болады.
Біліктілік алқасы жоғарыда айтылған заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты судьялыққа үміткерлер бір жыл тағылымдамадан өткеннен кейін, сол судьяға үміткерлерден біліктілік емтиханын қабылдайтын болады. Олар судьялық қызметке тағайындалғаннан кейін, бес жылдан кейін тағы да осы біліктілік алқасында емтихан тапсыратын болады. Сонымен қатар аудандық, облыстық және Жоғарғы Сот судьялары жоғарғы тұрған лауазымға байқауға қатысқан кезде өздерінің біліктілігін арттыру үшін осы комиссияда емтихан тапсыратын болады.
Аудандық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төрағаларына және облыстық соттардың төрағалары лауазымдарына байқауға қатысқан кезде осы біліктілік алқасында емтихан тапсырады. Тәртіптік комиссияда судьялардың әрекеттеріне келіп түскен істер бойынша, тәртіптік мәселесі бойынша қаралатын болады. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың төралқа мәжілісіне келіп тұрған ұсыныстарды қарайды. Міне, Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетілген сот жүйесіне қатысты мәселелер осындай. Бұл мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбұл жоспарын орындау барысында енгізілген.
«100 нақты қадам» реформасы аясында енгізілген тағы бір жаңашылдық - прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысу міндеті алынып тасталды. ҚР Президенті жариялаған «100 қадам» Ұлт жоспарының 26-қадамында Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту туралы айтылды. Жалпы азаматтық істерге прокурорлардың қатысуы Кеңес заманынан қалған үрдіс болатын. Қазір елімізде экономиканың шарықтап, дамуына байланысты, нарықтың қатынастардың тереңдеп енуіне байланысты, жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды. Осы қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа заңдар пайда болды. Осы өзгерістердің негізінде прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысу қажеттілігі болмай қалды.
2014 жылы республика бойынша барлық қаралған істердің ішінде шамамен 73 мың істер бойынша, прокурорлар қатысқан. Бұл барлық қаралған істердің шамамен 11,3 пайызын құрайды.
Ал апелляциялық тәртіптерде прокурорлар небәрі 1030 наразылық келтірген, кассациялық тәртіпте небәрі 520 ғана наразылық келтірген. Ал бақылау тәртібінде небәрі 94 наразылық келтірген. Осы келтірілген деректер, прокурорлардың азаматтық істер бойынша қатысуының қажеттілігі шамалы екендігін дәлелдейді. Дегенмен биыл 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңартылған Азаматтық істерді жүргізу талаптары бойынша прокурорлар егер сот процесінде мемлекеттің мүддесіне қарсы даулар қолданатын болса, өзінің құқықтары мен бостандықтарын өз беттерінше қорғай алмайтын халықтың мүдделерін қорғап және сот немесе прокуратура сол процеске қатысу керек деп тапқан жағдайда қатыса алады.
Ұлт жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол ҚР сот жүйесінің инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, биыл республикадағы барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталатын болады. Осы арада ҚР Жоғарғы Сотымен көптеген игі істер атқарылды. Сот кабинеті бағдарламасы бойынша, 2015 жылдың 12 айында электронды түрде 382 мың 238 құжат түскен. Оның ішінде 309 500 талап арыздары болса, 883 - қадағалау тәртібімен берілген арыздар, 6977 - шағым, 1708 - апелляциялық шағым, 5269 - кассациялық шағым болып табылады.
Бүгінде жаңа аудио-бейнетіркеу (АБТ) жүйесімен сот отырыстарының республика бойынша 922 залы жабдықталған.
Тұтастай алғанда, 2016 жылдың жай-күй бойынша, АБТ жүйесімен ел бойынша сот отырыстарының жабдықталуы 73,6 пайызды құрайды. Ал үстіміздегі жылдың аяғына дейін республикадағы барлық соттар осы жүйемен жабдықталатын болады.
АБТ жүйесінің негізгі басымдығы, сот процестерін аудио-, бейнетіркеу - барлық қатынасушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, АБТ жүйесі процесте өз қызметтік өкілеттіліктерін жүзеге асыратын судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жапқан немесе осындай жағдайлар болып жатса, белгілі бір кепіл бере алады.
Сонымен қатар осы инновациялық технологиялар туралы айтқан кезде, судья Жоғарғы Сотта қолданылып жатқан талдау бағдарламасын да тілге тиек еткен жөн. Талдау бағдарламасының негізінде республикадағы соттардың қараған істері бойынша сот тәжірибесін жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіруде үлкен мәселелер атқарылуда. Жоғарғы Соттың интернет ресурсына бір тәулікте шамамен 50 мыңға жуық адам кіре алады. Ал өткен жылы СМС хабарламасы арқылы соттардың 3 миллион істері бойынша 7 миллион хабарлама жіберілді. Міне, осындай істер Жоғарғы Сотта атқарылып жатыр.
Елде жасалған реформалардың тағы бірі - Қазақстанда 1 қаңтардан бастап, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі құрылды. Бұл Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асырудың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 23-қадамында белгіленген болатын.
Ол инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды жедел шешуде әрі заңды құқықтарын қалпына келтіруде өте тиімді. Соның негізінде біздің елде инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге, құқықтық ашықтық принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген жаңа азаматтық-процессуалдық кодекс инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарау ісі регламенттелді.
Бұның алдында ондай істер жалпы мамандандырылған экономикалық соттарда қаралып келді және ұзақ қарастырылатын. Олар 4 инстанциядан өтуге тиіс болды. Сол үшін Жоғары сотта 7 судьядан тұратын арнайы сот алқасы құрылды. Жаңа алқаның мақсаты - инвестициялық дау-дамайларды қарастыру.
Осындай жаңашылдықтардың арқасында, инвестициялық дауларда үлкен тәжірибеге ие болған қазақстандық судьялар Астананың xалықаралық арбитраж орталығында жұмыс істей алады. Бұл туралы Жоғары Соттың арнайы мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қадырбаева мәлім етті.
«Астана» орталығын құруда модель етіп алған Дубай қаржы орталығының тәжірибесіне келетін болсақ, онда Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания және басқа да шетелдік судьялармен қатар, жергілікті Араб Әмірліктерінің азаматтары судья болып қызмет ете алады. Сондықтан мен xалықаралық арбитраждық сотта қазақстандық азаматтардың жұмыс істеуіне де жағдай жасалады деп ойлаймын», - дейді А.Қадырбаева.
Еске сала кетейік, Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Астана қаржы орталығы құрылуда. Оның аясында шетелдік инвесторлар үшін xалықаралық арбитраждық соты құрылады. Халықаралық сот және арбитраж ұлттық сот жүйесіне кірмейді, ол ағылшын-саксон құқығы негізінде тәуелсіз қызмет атқаратын болады.
«Бұл орталық қатысушыларының дауларын негізінен шетелдік судьялар ағылшын тілінде қарайтындығын білдіреді. Астана қаржы орталықтың қызметін жүргізетін негізгі органдарды құру бойынша ұйымдастырушылық жұмыс ҚР Ұлттық банкіне жүктелген. Сарапшылардың болжамынша, қаржы орталығының жұмысы қазақстандық экономиканың дамуына қуатты серпін береді», - деді ол.
Осындай реформалардың арқасында Қазақстан бас бостандығынан айырылғандардың үлес саны бойынша әлемдік рейтингте 55-орынға түсті. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы сотқа 10,4%-ға іс көп түсті және қаралды. Жаңа заңнамалық база сот қорғау саласын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы ақталғандардың саны 55%-ға артқан. Егер былтыр ақталғандар саны 478 болса, 2015 жылы - 743 болды.
Былтыр мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар саны 9 мың адамды құраған. Сонымен қатар 5520 адамға жауапкершілік ауыр жазадан жеңіліне ауыстырылды. 2015 жылы сотпен бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 25,5%-ды құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13%-ға кем. Осының нәтижесінде Қазақстан сотталғандардың саны бойынша әлемдік ретингте 55-орынға сырғыды. 100 мың адамға бізде 233 сотталғаннан келеді.
Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қоғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - басты назарда.
Елдігімізге сына қағатынзұлымдықтардыңжолынымырасызкесуімізқажет
Осы аптаның бейсенбісінде бүкіл Қазақстан халқы Ақтөбе қаласында орын алған жантүршігерлік лаңкестік оқиғалардың салдарынан қаза тапқан азаматтарды бір күні бойы аза тұтты. Айдың-күннің аманында ел ішінен шыққан бүлікшілер бүкіл республиканы дүрліктірді десек артық айтқандық емес. Есте болса, өткен жексенбі күні Ақтөбедегі «Паллада» мен «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне, одан кейін Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуылдаған қарақшылар 4 бейбіт тұрғын мен 3 әскери қызметшінің өмірін қиған еді.
Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні болып 9 маусым жарияланды. Мұнан бөлек, Елбасы осы қанқұйлы оқиғаға байланысты мәлімдеме де жасады. «Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда», - делінген еді Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.
Айта кетерлігі, Қазақстан Көшбасшысының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед оқиға орын ала салысымен іле-шала Ақтөбеге арнайы ат басын бұрып, лаңкестер қолынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларында болды, Қазақстан Президентінің шынайы көңіл айтуын жеткізді. Сонымен қатар қара жамылған отбасылардың мемлекет қамқорлығынсыз қалмайтындығын айтып, арнайы көмектің де болатындығын жеткізді. Бүгінде отбасы мүшелерінен айырылғандарға мемлекет және жергілікті атқарушы билік тарабынан 1-5 миллион теңге аралығындағы материалдық көмек берілетіндігі белгілі болып отыр. Мұнан бөлек, өзгенің басына туған қасіретті өзіне төнгендей көретін Қазақстан халқы қолдарынан келгенше қанды қол қарақшылардың оғынан мерт болғандарға бір күндік жалақыларын да аударып жатқаны бар.
Еліміздің күш-қуат құрылымдарына қарулы қарсылық көрсетіп, өліспей-беріспейтіндіктерін ашық көрсеткен лаңкестердің талайы жер жастанды. Оқиға орын алған күні бой тасалағандардың біразы ұсталды, берілмеуге бел шешкендері бақилық болды. Мәселен, бүгін ғана бой тасалаған 6 лаңкестің 5-еуі арнайы операция барысында оққа ұшты. Әлі де болса енді қалған біреуі мен жалпы лаңкестерге дем берген, оларға қолдау көрсеткен серіктестері іздестірілу үстінде. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде лаңкестік қауіптің «сары», ал Ақтөбе аймағында «қызыл» деңгейі енгізілген. Бұл режім қолданысқа енгізілген күннен бастап 40 күн бойы өзекті болмақ.
Иә, елді дүрліктірген есерлердің үстінен қылмыстық істің қозғалғанын да бүгінгі күні еліміздің Бас прокуратурасы ресми хабарлап отыр. Дегенмен, есерді тиып, бейбіт елдің шырқын дәл осылай бұзатындарға мемлекет тарабынан қолданылатын жаза да қатаң болуы тиіс сияқты. Осы ретте Елбасы мәлімдемесіндегі қолына қару алып, бейбіт адамның өмірін қиғандарға өлім жазасы қажет деген сөзі өте орынды көрінеді. «Біріншіден, біз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек», - деген еді Мемлекет басшысы.
Қорыта айтқанда, бүкіл елдегі ахуал тұрақты, алаңдайтындай жайт жоқ. Құқық қорғау органдары орын алуы ықтимал кез келген оқиғаның алдын алуға сақадай-сай тұр десек те болады.
Үкімет лаңкестікке қарсы кешенді шаралар қабылдайды
Осы аптадағы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы да Ақтөбедегі лаңкестер шабуылын талқылаудан басталды. Қасиетті Рамазан айының басталар сәтінде ел ішінде дүрбелең тудырған лаңкестердің әрекеттерін қатаң айыптаған Үкімет басшысы мән-жайды анықтау үшін алғашқы сөзді еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов берді. Ол өз кезегінде оқиғаның қалай өрбігендігін бүге-шігесіне дейін тарқата айтты. Ал қанды оқиға орын алған өңірдің басшысы Бердібек Сапарбаев облыстағы саяси-экономикалық ахуалдың тұрақталып, құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан лаңкестікке қарсы операцияларға халық түсіністікпен қарайтындығын жеткізді. Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Бұл кезеңде 38 адам медициналық көмек алып, 2-еуі қаза тапты. Жеңіл-желпі жараланған 15 адам қабылдау бөлмелерінде қаралып, амбулаториялық емделуге жіберілді. 20 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 14-іне ота жасалды, тағы 3-еуіне қазір операция жасауда. 9 адамның жағдайы өте ауыр. Кеше 6 жетекші хирург мінген санитарлық авиация ұшып кетті. Олар операцияларға толық қатысты. Олар бүгін таңертең оралды»,- деді ол.
Ақтөбеге қатысты мәселені түйіндеген Үкімет басшысы күш-қуат құрылымдары бұл операцияны соңына дейін жүргізуі тиістігін, әкімдіктер, барлық мемлекеттік органдар сәйкесінше шаралар қабылдауы қажеттігін баса айтты. «Ал одан ары қарай қорытынды шығаратын боламыз. Демек, біздің шаруашылығымызда кейбір кемшіліктер бар деген сөз. Біз бұл ретте бірқатар кешенді шаралар қабылдауымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын», - деді К.Мәсімов.
Сонымен Ақтөбедегі қанды оқиғаның салафизм бағытын ұстанған адамдардың жасағаны белгілі болып отыр. Өкінішке орай, олардың еліміздегі нақты саны қанша екендігі белгісіз. Мәселен, «Эксперт» клубының отырысына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин олардың санының 15 мыңға жетіп қалуы ықтимал екендігін айтуда. «Салафизм бағытына кеткен адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес. Бірақ, шамамен олардың саны 15 мыңға жетеді. Қазақстанда қанша адам осы салафизм бағытына кеткенін ешкім де дөп басып айта алмайды. Қазір қоғамда сарапшылар осы ағымға тыйым салу туралы пікір айтып жатыр. Құзырлы органдар бұл мәселені жан-жақты зерттеуде. Бірақ, осы бағытқа кәдімгідей тыйым салсақ, оның салдары қандай болады деген мәселені қарау керек. Қазір бұл мәселені жан-жақты қарау керек екенін, себебі, егер біз радикалды шаралар қабылдасақ, онда әдебиетті, аудио-бейнежазбаларға қатысты шешім қабылдауымыз керек. яғни, бір тыйым салумен шешілетін мәселе емес. 2014 жылдан бері «Ақниет» оңтайландыру орталығы дәстүрлі емес діни ағымға кеткен 300 адамды дұрыс жолға салған. Бірақ, олардың қайтып сол ағымға бармайтынына ешкім кепіл бере алмайды. Қазір теріс ағымға кеткен 500-ден астам адам жазасын өтеп жатыр», - деді ол. Комитет төрағасы дәл осы оқиғадан кейін өзге елдің аумағында лаңкестік әрекеттерге қатысы барларды Қазақстан азаматтығынан айыру ұсынысы жоғары жаққа жеткізілгендігін де айтуда.
«Нұрлы жол» бағдарламасы қаралды
Дәл осы Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де қаралды. Бұл жайтқа орай негізгі баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 839,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 503,4 млрд. теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд. теңге қарастырылған. Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аталған қаржының 99,1 млрд. теңге немесе 12 пайызы игерілген. Оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 47,2 млрд. теңге, республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және қайта жаңғыртуға 35,2 млрд. теңге жұмсалған. Сонымен қатар бұл жылдың ішінде шамамен 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде Алматы-Шу учаскесінде екінші темір жол құрылысына 8 млрд. теңге, Құрық портында паромдық өткел салуға 4 млрд. теңге жұмсалады. Мұнан бөлек, жылу, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін жаңғыртуға бюджеттік кредиттеу арқылы 16,6 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. «Жалпы, 2016-2017 жылдары инженерлік желілердің 1 184 шақырымы, оның ішінде жылумен жабдықтаудың 92 шақырымын, сумен жабдықтау жүйесінің 816 шақырымын және су тарту жүйесінің 276 шақырымын салу және жаңғырту жоспарда бар», - деді Қ.Бишімбаев.
Келесі кезекте сөз алған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысына облыстар назар аудару керектігін баса айтты. «Бүгінде үш санат бойынша жіктелетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының стандарттары бекітілді. Осылайша, стандарттарға сәйкес, әр 50 шақырым сайын үшінші санаттағы нысан салыну керек, әр 200 км сайын екінші санатты, сондай-ақ туристік немесе тарихи жерлерде бірінші санатты нысандар орналасуы тиіс. Онда бірнеше күнге тоқтау үшін пайдаланушыларға жағдай жасалатын болады», - деді Ә. Исекешев.
Отырысты қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысу үшін еліміздің өңірлеріне сапармен баратындығын айтты. «Президенттің тапсырмасы бойынша шілде-тамызда елдің барлық өңірлеріне сапармен барамын. Сапар кестесі әкімдермен келісіліп жатыр. Әр облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша нысандарды аралауды міндетті түрде ескеру қажет», - деді К. Мәсімов.
Ержан ҚазыхановжұмыссапарыменСолтүстікИрландиядаболды
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов жұмыс сапарымен Солтүстік Ирландияда болды, Белфаста ол бірқатар кездесулер өткізді.
Құрамында сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов бастаған өкілдері бар қазақстандық делегация сапарының мақсаты - Қазақстанның Ұлыбритания аймақтарымен ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан экономикасына инвестициялар және жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ экономика, энергетика, мәдениет, туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ құқық қорғау саласында өзара іс-қимыл орнату, деп хабарлады ҚР-ның Ұлыбританиядағы Елшілігінен.
Белфастқа сапары ауқымында Қазақстан Елшісі бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, соның ішінде Солтүстік Ирландияның бірінші министрінің орынбасары М.МакГиннеспен, бірінші министрдің парламенттік орынбасарлары А.Росспен және М.Фиронмен, парламент спикері Р.Ньютонмен, Министрлер кабинеті аппаратының басшысы Н.Джексонмен, сондай-ақ Белфастың лорд-мэрі Б.Кингстонмен жүздесті.
В ходе состоявшихся встреч Посол ознакомил руководство Северной Ирландии с текущими экономическими и политическими реформами, направленными на модернизацию Казахстана в соответствии с экономической программой «Казахстан-2050» и Планом нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ Президента РК Н.А. Назарбаева.
Кездесулер барысында Елші Солтүстік Ирландия басшыларын «Қазақстан-2050» және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам Ұлт жоспарына сәйкес Қазақстанды жаңғыртуға батытталған ағымдағы экономикалық және саяси реформалармен таныстырды.
Атап айтқанда, қазақстандық дипломат солтүстікирландиялық әріптестеріне «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасы ауқымындағы инфрақұрылымдық жобалар, жекешелендірудің кешенді бағдарламасын және басқаларын жүзеге асыру туралы хабардар етті.
Қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, Орталық Азиядағы қаржылық хаб болуы тиісті «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты Қазақстанның ауқымды жобаларын жүзеге асыру барысы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Кездесу барысында көптеген салаларда ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуеті аталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан үшін Солтүстік Ирландияның энергетика саласындағы тәжірибесі қызықтырады, соның ішінде қайтарымды энергия көздері, ауыл шаруашылығы, білім беру, ғылыми парктер мен орталықтарды құру мәселелері бар. Сонымен бірге, қаржылық қызмет, туризм секторларын және құқық қорғау және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдарды дамытудың маңызы атап көрсетілді.
Сапар ауқымында ҚР Елшілігі солтүстікирландтық бизнес пен академиялық топтар басшылары, сондай-ақ Солтүстік Ирландия құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысуымен іскерлік кешкі қонағасы ұйымдастырды.
Сонымен бірге, сапар барысында Қазақстан Елшісі бірқатар ірі солтүстікирландиялық компаниялардың басшыларымен кездесті. Атап айтқанда, «Invest Northern Ireland» компаниясының Таяу Шығыс және Африка бойынша лиректоры Э.Кюранмен және компанияның аймақтық менеджері Н.Джонстонмен, NI-CO компаниясының атқарушы директоры Г.МакКаммонмен, AJ Power компаниясының басқарушы директоры Э.Макэймен және басқаларымен кездесулер болды.
Кездесулерде солтүстікирландиялық компаниялар Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен экономикалық және ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға құлшыныс білдірді. Е.Қазыханов Солтүстік Ирландия компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатвысуға шақырды.
Қазақстанның шығысыменсолтүстігіөңіраралықынтымақтастықтынығайтады
Шығыс Қазақстан облысында Солтүстік Қазақстан облысы күндері аясында аймақ басшылары Даниал Ахметов пен Ерік Сұлтановтың қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдары өкілдерінің кездесуі өтті.
Өнеркәсіптік және аграрлық салаларда, сондай-ақ тауар айналымын ұлғайту бойынша бірқатар меморандумдар жасап, өңірлер ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшті. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімдерінің қатысумен өңіраралық ынтымақтастық бойынша кездесуде Шығыс және Солтүстік Қазақстан экономикасының ерекшеліктері мен әлеуеті, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.
- Біздің облыстардың құрылымы белгілі бір дәрежеде ұқсас. Шығыс Қазақстанда түсті металлургия, аграрлық сектор кеңінен дамыған. Кәсіпорындардың әлеуеті жоғары. СҚО-ның индустриалдық мүмкіндіктерін білемін. Ол алыс шетелден сатып алатын өнімдерге бәсекеге қабілетті бола алады. Біздің металлургиялық кешен көбінесе Солтүстік Қазақстанда дайындалған өнімдерді сатып алады. Бірігіп алға қарай тиімді қадам жасай бермекпіз», - деді Д. Ахметов.
Өңірлер үшін ірі компаниялардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ынтымақтастығы табысты болмақ. Бұл өнімді өткізуді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруды қамтамасыз етеді. Тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастықтың құрылыс материалдарын шығару бойынша кәсіпорындарды дамытуда пайдасы зор.
Бұдан басқа, өңіраралық ынтымақтастық тауар айналымын ұлғайтуды және тағам өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.
-Қол қойылған меморандумдар келешекте өңірлер арасындағы тауар айналымын арттыратынына сенімдімін. «ҮМЗ» АҚ-да болып, ШҚО-ның өнеркәсіптік әлеуеті ірі екеніне көзіміз жетті. Бірлесіп атқаратын жұмыстар өте көп. Бұдан басқа, білім және мәдениет саласында өзара іс-қимылды күшейтеміз», - деді Е. Сұлтанов.
Мәжіліс соңында өнеркәсіп, аграрлық салада, өңірлердің тауар айналымын ұлғайту бойынша ынтымақтастық туралы 10 меморандумға қол қойылды.
Шымкентте ҚазақстанхалқыАссамблеясыныңХІХсессиясыөтті
Шымкенттегі орыс драма театрында «Тәуелсіздік тұғыры - «Мәңгілік Ел!» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәжіліске облыстық мәслихат депутаттары мен аудан, қала әкімдері, қоғамдық бірлестіктер төрағалары мен кәсіпкерлер және еңбеккерлер қатысты.
Өз сөзінде өңір басшысы аймақта этностардың өз мәдениеті мен тілін, сонымен қатар, дәстүрлерін жаңғыртуға барынша қолдаудың жасалғанын атап өтті.
«Бүгінде облысымызда 20 облыстық және 51 аудандық этно-мәдени ұйымдарға біріккен 100-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Бұл - өңірде ұлттық саясатын жүргізудің жақсы көрсеткіші», - деді аймақ басшысы.
Сессия барысында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан 15 азаматқа облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы табысталды.
Сонымен қатар, жиын барысында сессия қатысушыларының облыс тұрғындарына үндеуі жарияланды. Онда Ұлы Дала Елінің дәстүрлеріне берік болып, «Мәңгілік Елге» бастайтын Біртұтас Еліміздің қастерлі құндылықтарын сақтауға шақырады.
Шымкенттіңжаңаәкімшіліктұрғынауданындакоммуникацияжүргізілебастады
«Шымкент-сити» атауын алған Шымкенттің жаңа ауданында жол төселіп, коммуникация жүргізіле бастады. Ал 2017 жылы осы ауданда орталық саябақ құрылысы басталады, деп хабарлады қалалық әкімдік баспасөз қызметінен.
«Шымкент-сити» Бәйдібек би ескерткіші орналасқан қаланың солтүстік бөлігі жағынан орын тепті. Бұл ауданда қалалықтар өмір сүру және бизнес жүргізу үшін бірегей жағдайлар жасалған. Құрылыс кезінде құрылыс пен сәулеттің жоғары стандарттары назарға алынады.
Жоба өткен жылы ұсынылған және ОҚО әкімі Б. Атамқұловтың тарапынан қолдау тапқан Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Бүгін баршамыз үшін болашақтың іргесін бастайтын тарихи сәт, біз Орталық Азияның ең ірі шаһарларының біріне айналатын Шымкент қаласының дамуындағы жаңа кезеңді ашып отырмыз», - деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Shymkent City»-дің құрылысы бойынша өткен алғашқы отырысында.
«Shymkent City» жай ғана жаңа кешен емес, ол - ең алдымен қала тұрғындарының өмір сүруі үшін барша жағдай жасалған, жаңа стандарттардың үлгілі көрсеткіші. Сонымен қатар, табиғатқа деген құрмет, қауіпсіздік пен қолайлылықтың жоғары үйлесімін тапқан жаңа кешен болмақ», - деп атап өтті шаһар басшысы.
Кешен аумағында жаңа объектілердің құрылысы жеке инвестициялардың есебінен болатындығын атап өткен жөн.
«Shymkent City» жобасы қаламызды үшінші мегаполиске айналдыру бойынша Елбасы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
БҚО әкімі Сырым ауданындағы жұмыс сапарында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін тапсырды
Жаңа жұмыс орындарын ашу - Елбасының тікелей тапсырмасы. Осы мәселені біз үнемі назарда ұстауымыз керек. Бұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданында жұмыс сапарымен болған кезінде мәлім етті.
Өңір басшысы алдымен Аңқаты өзені су қоймасының су өткізгіш жүйесімен танысты. Бұл нысан қалпына келтірілген жағдайда 1 мың гектарға дейін суармалы жер пайда болып, сол жердегі қос бірдей ауыл тұрғындарының балық, егін және мал шаруашылығымен дендеп айналысуына, түптеп келгенде, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалады. Ал аудан орталығы Жымпиты ауылынан отыз шақырым жердегі Қособа ауылындағы су өткізу жүйесі реттелсе, 10 мың га суармалы жер пайда болмақ.
Соңғы жылдары облыста жол құрылысы қарқын алғаны белгілі. Бұрын алты аудан орталығына дейін қатқыл табанды жол тартылмаса, қазіргі кезде шалғайдағы Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандары ғана қалды. Аудандарға жол салу кезінде ауылішілік жолдарға да барынша мән берілуде. Соның бір көрінісін Жымпиты ауылынан көруге болады. Күні бүгін мұнда үш бірдей негізгі көшеге жол төселуде. Осыған орай А.Көлгінов мердігер ұйымға жолды сапалы салып, мерзімінде бітіруді тапсырды.
Жымпиты ауылындағы Алаш саябағында болған жүздесуде ауыл ақсақалдары мен ел зиялылары облыстағы, жалпы елдегі ахуал туралы пікір алмасты. Әсіресе, жастар тәрбиесіне көп болып мән беру керектігін айтты.
Сапарының соңында облыс басшысы ақсақалдармен бірге заманымыздың заңғар ақыны Қадыр Мырза Әлидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
ҚР Жеке сот орындаушылар палатасы Уфадағыхалықаралықконференцияғақатысты
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясындағы жеке сот орындаушылар институтын дамыту бағытындағы 27-і қадамды жүзеге асыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Ресейдің Уфа қаласында өткен Халықаралық конференцияға қатысты. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан аталмыш басқосудың биылғы тақырыбы сот актілері мен уәкілетті органның актілерін мәжбүрлі орындату практикасына арналған болатын.
Конференция Сот Орындаушыларының Халықаралық Одағының қолдауымен Сот приставтарының Федералды қызметінің және Башқұрстан Үкіметінің, сонымен қатар, Заңгерлік білім қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен. Айта кетерлігі, алқалы жиын атқару өндірісін дамыту институтының өзекті мәселелерін талқылайтын бірегей алаң ретінде белгілі. Оның негізгі мақсаты мәжбүрлі орындату жүйесін жаңғырту болып табылады. Жиынға Қазақстан, Германия, Финляндия, Сербия, Венгрия, Болгария, Румыния, Ресей, Чехия, Черногория, Иран, Қытай, Таиланд, Моңғолия, Беларусь, Армения, Вьетнам, Латвия, Эстония, Молдова, Қырғызстан мен Әзербайжан елдерінің өкілдері қатысты.
«Қазақстан атынан Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы Басқарма Төрағасы Сергей Ли бандама жасап, сот актілерін орындаумен байланысты борышкерді кейбір әрекеттерді атқаруға мәжбүрлеу тақырыбында әңгімеледі. Онда С. Ли мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптардың орындалмауымен байланысты проблемаларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, төраға сот орындаушыларының біліктілігі мен олардың осы проблемалар аясындағы білімді жетілдіріп отырудың қажеттігіне назар аудартты. Сондай-ақ, сот орындаушысының өндіріп алу өкілеттігінің мақсатқа сәйкеспейтін мәселелеріне көңіл бұрды», делінген баспасөз баянында.