Шорт-трек: Малика Ермек қысқы Азия ойындарының жүлдесіне бір табан жетпей қалды
ХАРБИН.KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарынның шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрге сырғанаудан бәсекелер аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапында Малика Ермек, Алина Әжғалиева және Ольга Тихонова жарыс жолына шықты.
Ширек финал қортындысы бойынша Малика мен Алина жартылай финалға сүрінбей өтті. Келесі кезеңде Малика Ермек қытайлық спортшының ереже бұзуына байланысты тікелей финалға жолдама алды.
Финалда Малика Ермек жақсы өнер көрсете білді. Алайда, Олимпиада чемпионы Чой Минжон және Әлем чемпионы Ким Гили алтын және күміс медалды өзара бөлісті. Қытайлық Чжан Чутун қола жүлдегер атанды. Олимпиада чемпионы Сим Сок Хи төртінші келсе, Қазақстандық Малика Ермек бесінші орыннан көрінді.
Тағы бір қазақстақстандық спортшы Алина В финалында екінші орын алды.
Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы енді 3000 метрден командалық эстафетада бақ сынайды.
Еске салсақ, қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.
Сондай-ақ, отандастарымыз бүгін қысқы Азиадада жеті спорт түрінен сынға түседі.