14:53, 15 Наурыз 2025 | GMT +5
Шорт-тректен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы жүлде үшін таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандықтар 3 мың метрлік эстафетада Польша, Қытай, Жапония құрамаларымен сынға түсті.
Польша командасы алдына жан салмаса, Қытай мәре сызығын екінші, Қазақстан үшінші болып қиды. Алайда қытайлықтар пенальти алып, жарыстан шеттетілді.
Сөйтіп, қазақстандық қыздар А финалында жүлделі орындарға таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен әлем чемпионатында Денис Никишаның финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ шорттрекші Денис Никиша әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері атанды.