Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов финалда 7-орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов финалда 7-орын алды
Фото: ҰОК

Спортшы 1 000 метр қашықтықтағы шешуші жарыста ел намысын қорғады.

Ғалиахметов жарысты жетінші болып аяқтады. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Екінші орын тағы бір канадалық Уильям Данджинуға бұйырды. Қола медальді италиялық Пьетро Сигель жеңіп алды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада төртінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар