15:41, 06 Қазан 2025 | GMT +5
Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамы белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — 9-12 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыста 11 спортшы ел намысын қорғайды.
Құрама сапында: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек бар.
Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өтеді. Олардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталары бөлінеді.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды.