Шорт-тректен әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысады.
Алдағы жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғайды.
Ұлттық құрама сапына Мақсат Уалиулла, Павел Цой, Алишер Абулкатимов, Санжар Жанисов, Давид Нашаев және Дамир Курманов кірді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 20-22 қараша аралығында өтеді.
Айта кетейік, Астана қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 2 салмақтың жеңімпазы белгілі болды
Айнұр Абдықалықова мен Айгерім Әуелбек Қазақстан чемпионы атанды.