Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінде «қола» жеңіп алды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.

шорт-трек
Фото: Оlympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 5 мың метрлік эстафетада үздік үштікке ілікті.

Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Қытайлық шорттрекшілер жеңімпаз атанса, канадалықтар мәреге екінші болып жетті.

Осылайша, Қазақстан шорт-трек құрамасы жаңа маусымды қола жүлдемен бастады.

Соңғы жаңалықтар