Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік тур кезеңінде үздік үштіктен көрінді

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Милан қаласында шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік тур кезеңінде үздік үштіктен көрінді
Фото: qaz_team_official

Қазақстандықтар 5 мың метрлік эстафетада үздік үштіктен көрінді.

Ел намысын Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов қорғады.
Италия құрамасы үздік уақыт нәтижесімен (6:42.85) жеңімпаз атанса, Канада (6:42.90) күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандықтар (6:46.08) қола жүлде үшін тартыста Қытайды (6:55.21) артқа тастады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар