Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Шорт-тректен Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы бірінші орын алды.

шорт-трек
Фото: ҰОК

Аралас командалар арасындағы эстафетада спортшыларымыз үздік шықты. Ал Оңтүстік Корея шорт-трекшілері жүлделі екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді. 

Айта кетейік, 13-15 қараша аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. 

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсететінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар