Шорт-тректен Шанхайдағы әлем кубогы кезеңінде ел намысын 11 спортшы қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — 27-29 қараша аралығында Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді.

Шорт-тректен Шанхайда өтетін әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Халықаралық додада Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды.

Ерлер: Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Әділ Ғалиахметов.

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук.

Шанхайдағы жарыстан кейін қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңге жол тартады. Онда 4-6 желтоқсан аралығында әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.

Еске салайық, бұған дейін шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтағанын хабарлаған едік.