Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы 6-8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды.
Алдағы жарысқа қатысатын ұлттық құрама сапына он спортшы кірді.
Қыздар:
- Даяна Айтыбек;
- Нұрия Алпысбай;
- Алина Лишенко;
- Раяна Манарбекова;
- Меруерт Сансызбаева.
Ұлдар:
- Әліби Әлімгереев;
- Жанарыс Мағжан;
- Максим Саенко;
- Жандос Серекпаев;
- Мейіржан Төлеген.
Еске салайық, бұған дейін шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтағанын жазғанбыз.