Шортандыда «Балдәурен» балабақшасы балғындарға есігін айқара ашты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылы қарсаңында аудан орталығында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріліп, бұрынғы білім ошағы босап қалған еді. Енді,міне, соның негізінде күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа сипат алған нысан бүлдіршіндер орталығы ретінде кәдеге асып отыр. Балғындар қазақ және орыс тілдеріндегі 6 топқа бөлініп, тәлім-тәрбие алады. Осындағы жатар орын, музыка, спорт ойындары, дәрігерлік бөлмелер қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген. Осы мақсатқа бюджеттен 29 миллион теңгеден астам қаржы жаратылған көрінеді. Екінші бір жетістік жергілікті 43 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Бүгінде аудан бойынша Раевка, Научный, Андреевка мектептері жанынан шағын орталықтар ашылса, Шортанды кенті мен 5 ауылда балабақшалары жұмысқа қосылған.