Шорттректен ел чемпионатында батысқазақстандық бірнеше жасөспірім жүлдегер атанды

ОРАЛ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
None
None

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген жарыста Алматы, Өскемен қаласы, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының шорттрекшілері күш сынасты. БҚО-дан 6 қыз, 6 ұл қатысты. Орта жастағы қыз балалар арасында Анита Нагай 1 мың метр, 500 метр және суперфиналда алдына жан салмаса, 777 метрден екінші орынды иеленді. Ал Нұржанар Жұмағалиева 1 мың, 777 метр қашықтықта қола, суперфиналда күміс жүлдені жеңіп алды. Кіші жастағылар арасынан Ғалия Жұмағазиева 777 және 500 метр қашықтықта екінші, 333 метр мен суперфиналда бірінші орынға көтерілді. Ер балалар арасынан Әділ Қырымгереев 222 метр мен суперфиналда жеңімпаз атанса, Асқар Серғалиев 222 метрден екінші, 333 метрден бірінші келді. Бауыржан Оңдағанов 333 метрден үшінші, суперфиналдан екінші жүлдені еншіледі. Эстафеталық сында орта жастағы батысқазақстандықтар бірінші, кіші топтағылар екінші орынға шықты.

Соңғы жаңалықтар