Шотландия билігіне алғаш рет мұсылман саясаткер келді
Партияның жаңа көшбасшысын сайлау 13 наурызда басталды.
Бір ай бұрын Шотландияның Ұлттық партиясының жетекшісі және Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен сегіз жылдан астам қызметінен кейін отставкаға кететінін мәлімдеді.
Конкурсқа бір жынысты некеге қатысты көзқарасы үшін басы дауға қалған қаржы министрі Кейт Форбс, Шотландиядағы гендерлік реформаларға байланысты министрлік қызметінен кеткен және қазір тәуелсіздік қозғалысын біріктіруге тырысып жүрген Эш Риган және кандидатурасын партия басшылығы қолдаған Юсаф қатысты.
Хумза Юсаф 1979 жылдан бергі партияның бесінші жетекшісі болды.
Оның басты міндеті - соңғы жылдары Шотландия саясатында үстемдік етіп, Стерджен кеткеннен кейін бірқатар мәселелерге тап болған партияны біріктіру.
Юсаф саяси көзқарасына қарамастан бірінші министр болып бекітілсе, Шотландияның барлық тұрғындарының атынан шығатынын бірден мәлімдеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шотландияның бірінші министрі отставкаға кеткенін хабарлаған едік.