Шотландияда тәуелсіздік үшін жаңа референдум өткізу ұсынылуда

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Шотландияның үкімет басшысы Никола Стерджен келесі аптада Шотландия парламентінен тәуелсіздік туралы екінші референдум өткізуге дауыс беруді сұрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.
None
None

Стердженнің айтуынша, егер қайталап дауыс беру келісілсе, ол 2018 жылдың күз және 2019 жылдың көктем мезгілінде өтеді.

«Мен Шотландияның болашағын тек халық шешетініне кепілдік беремін», - деді Никола Стерджен Эдинбургте сөз сөйлеу барысында.

Атап өтейік, 2014 жылы Шотландия азаматтары референдумда Біріккен Корольдік мәртебесін қалдыруға дауыс берді. 2016 жылы Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу туралы шешімінен кейін, Никола Старджен Шотландияның тәуелсіздігі туралы жаңа референдум өткізетінін мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар