Шри-Ланка жыл басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Шри-Ланканың туризмнен түскен табысы 2025 жылдың алғашқы он айында 2,66 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Шри-Ланка жыл басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс тапты
Фото: Pexels

Шри-Ланка Орталық банкінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға көп. 

Қазан айында туризмнен түскен табыс 186,1 миллион долларға жетті. Шри-Ланка туризмді дамыту басқармасының мәліметі бойынша, қаңтар мен 12 қараша аралығында елге 1,9 миллионнан астам адам келген.

Үндістан 443 622 туристі бар елдің ең үлкен нарығы болып қала береді. Одан кейін 180 592 адаммен Ұлыбритания, 144 308 адаммен Ресей, 123 053 адаммен Германия, 115 400 адаммен Қытай тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шри-Ланка экс-президенті мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдаланды деген айыппен тұтқындалғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар