22:08, 25 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Шри-Ланкада аспалы жол құлап, жеті монах қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM - Шри-Ланкада 13 будда монахы мінген аспалы жол арқаны үзіліп, вагоны құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Матрубхуми басылымының хабарлауынша, оқиғадан жеті монах қайтыс болды, олардың арасында Ресей, Румыния және Үндістан азаматтары бар. Тағы төртеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Екі монах құлаған көліктен секіріп үлгеріп, жеңіл жарақаттармен аман қалды.
Оқиғаның себебі хабарланған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, аспалы жолды ұстап тұрған темір арқан үзілген.
Айта кетейік, осы айдың басында Шри-Ланкада жолаушылар мінген автобус құздан құлады.