Шри-Ланкада су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапты

АСТАНА.ҚазАқпарат - Шри-Ланкадағы нөсер жауыннан кейінгі сел мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 202-ге жетті, із-түссіз жоғалғандар саны 96, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Шри-Ланкада су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапты

Агенттіктің мәлімдеуінше, өткен жұмада басталған ауа  райының қолайсыздығынан 77 мыңға жуық адам өз үйлерінен тастап кетуге мәжбүр болған.  1,5 мыңға жуық ғимарат қираған.

Шри-Ланка қарулы күштері Үндістанның әскери-теңіз күштерінің көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Елге БҰҰ, Австралия, Жапония және Пәкістан елдері гуманитарлық көмек көрсетті, Қытай, Ресей және АҚШ көмек қолын созуға әзір екенін білдірді.