Шри-Ланкада жолаушылар мінген автобус құздан құлады

АСТАНА. KAZINFORM – Шри-Ланканың таулы аймағында жолаушыларды алып келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады. Бұл туралы Uza.uz жазды. 

Шри-Ланкада жолаушылар мінген автобус құздан құлады
Фото: uza.uz

Arab News ақпарат порталының мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан 15 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған.

Полиция өкілі Фредрик Вутлердің айтуынша, бейсенбі күні кешке Коломбодан 280 шақырым шығыста орналасқан Велавайя қаласы маңында болған апат кезінде автобус шамамен 1 000 фут (шамамен 300 метр) биіктіктен құлаған. Зардап шеккендердің бесеуі – бала.

Алғашқы тергеу қорытындысына сәйкес, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус әуелі басқа көлікпен соқтығысқан, кейін тосқауылға соғылып, жардан құлап кеткен.

Бұған дейін Ираннан шығарылған 70-тен астам ауғанстандық босқын жол апатынан қаза тапқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар