Шри-Ланканың оңтүстігінде орын алған лаңкестіктің салдарынан министр жараланды

КОЛОМБО. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Шри-Ланканың оңтүстігіндегі Акурасса қаласында мешітте төтенше оқиға орын алды:
None
None
жанкешті өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алдын-ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 8 адам қаза тапқан, 20 адам жараланған, жараланғандардың ішінде елдің телекоммуникация министрі де бар.Құқық қорғау органдары, лаңкестікті «Тамил Иламаны азат етуші жолбарыстар» сепаратистік тобының мүшесі жасады деп пайымдап отыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар