Штокер: Аустрия бейтарап болып қалады және НАТО-ға кірмейді

АСТАНА. KAZINFORM — Аустрия бейтараптық саясатын қайта қарастырмайды, НАТО-ға кіру күн тәртібінде де жоқ, деп хабарлайды Report.az.

Штокер: Аустрия бейтарап болып қалады және НАТО-ға кірмейді
Фото: report.az

Бұл туралы ORF телеарнасына берген сұхбатында республика канцлері Кристиан Штокер айтты.

— Біз бейтарап елміз, бейтараптығымызға күмән келтіруге болмайды, НАТО-ға кіру талқыланатын тақырып емес, — деді ол журналистің Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің Ресей Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына байланысты әскери қауіп-қатерге жауап қайтару шараларын қолданатынын және Аустрия альянсқа кіретін болса, ерекше жағдай жасамайтыны туралы сөзіне түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап ретінде.

Бұған дейін Аустрияның ең ірі оппозициялық партиясы - Аустрияның еркіндік партиясының жетекшісі Герберт Кикль Аустрияның сыртқы істер министрі Беата Майнль-Райзигердің конституциялық мәңгілік бейтараптық принципін қайта қарау қажеттігі туралы мәлімдемелерін қауіпті және өте негізсіз деп атады. Бұған дейін Копенгагенде ЕО елдерінің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысқан Майнль-Райзигер Аустрияны Ресейден төніп тұрған қауіптен қорғау үшін мәңгілік бейтараптық конституциялық принципін сақтау жеткіліксіз деп мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, Кристиан Штокер Аустрия халық партиясына басшылық етеді. 

Соңғы жаңалықтар