Шу алқабынан жеңіне героин жасырған шымкенттік азамат қолға түсті - ІІМ

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті, Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ІІД-нің «Дельта-алқап» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысы Шу қаласында 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

«Аталған азаматты тінту барысында одан 1 келі героин тәркіленіп алынды. Ер адам полиэтилен пакетке салынған есірткіні күртешесінің жеңіне жасырғаны анықталды. Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыс үшін сотты болған. Ұсталған азамат қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар