Шу ауданының шаруалары құрғақшылықтың салдарынан миллиондаған шығынға батуда - Жамбыл облысы

Суаратын судың жеткіліксіздігі Шу алқаптарында бақша және азықтық дақылдары мен пияздың түбінен шіріп кетуіне әкеп соғауда.
Жыл сайын қарбыз бен қауынның көп мөлшері шығатын Көктөбе ауылында маусымның басында төленген су тоқтатылған, деп атап өтті тұрғындар.
Шу әкімдігі өз алдына шаруаларды биыл судың аз болатыны жайлы ескеркенбіз деп мәлімдеуде. Олар биыл Қырғызстан Республикасынан келетін судың көлемі 4 текше/сек.-қа дейін азайтылып отырғанын алға тартуда. Сондай-ақ жергілікті су қоймасы да тартылып қалған.
«Биыл суаратын судың жетіспеушілігі айтарлықтай сезілуде. Бұл жаз әсіресе ыстық, оның үстіне Қырғызстаннан келетін судың көлемі аз. Қазіргі уақытта өңірді суаратын сумен Шу-Талас бассейн инспекциясы қамтамасыз етіп отыр. Шаруаларға келетін болсақ, құрғақшылық сияқты қолайсыз жағдайды ескере отырып, «күйіп» кеткен егіндеріне өтемақы алады», - деді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Асылбеков.
Шудың аграршылары бұл тұрғыда сотқа дейін баруға әзір отыр. Олар жергілікті әкімдік пен су шаруасының үстінен арызбандақ.
Бұған дейін хабарлағандай, жаздың аптап ыстығына байланысты Жамбыл облысының жекелеген аудандарында астықтың жартысы күйіп кетті.