09:16, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Шу қаласында 5 қабатты үй өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шықты.
Тілсіз жау салдарынан газ баллоны жарылып, жалын тұрғын үйдің шатырына шапты. 08.00-де тіркелеген өрт 09.40-та жойылды. 350 адам, оның ішінде 125 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамының 29 адамы жұмылдырылды. 1013 шаршы метр жер отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.