Шу қаласында «Көкнәр-2010» республикалық операциясы басталды
«Облыстық ішкі істер департаменті өткен жылы есірткімен байланысты 457 қылмыстық анықтап, оларды сату фактілері бойынша 87 қылмыстық іс, контрабанда фактілері бойынша 33 қылмыстық іс қозғады. Заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 15,5 келі героин, 7,5 келі гашиш бар», деп атап көрсетті өз сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов.
Жедел мәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында 163 есірткі-қылмысы анықталған, есірткі сату факті бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, көрші мемлекеттерден есірткі заттарын контрабандалаудың 9 арнасының көзі жойылған. Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан 900 келі есірткі алынып отыр.
Кеңеске қатысқан ІІМ Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттің төрағасы Жанат Сүлейменов, арнайы операция барысында Шу өңіріндегі қара сораны орумен және оны жинаумен күресудің тиімділігін арттыруға, есірткімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға назар аударылатынын айтты.
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес әсіресе бүгін, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде аса өзекті. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша Ауғанстанмен үкіметаралық келісімге қол қойылуын ауған бағытындағы аймақтық бастамаларды жүзеге асырудағы маңызды тетік ретінде қарастыруға болады. Оған қоса, ШЫҰ елдерінің 2010-2015 жылдарға арналған есірткіге қарсы күрес стратегиясының жобасы да дайын болып қалды», - деді Ж.Сүлейменов.
Кеңес жұмысына ҚР ІІМ Орталықазиялық аймақтық ақпараттық орталықтағы өкілі, полиция генерал-майоры Қанат Қожахметов, АҚШ елшілігінің әскери ынтымақтастық кеңсесі бастығының орынбасары Кристофер Чоколаад, облыстың күш-қуат ведомстволары мен басқармаларының басшылары қатысты.