ШҰАӨ Қытай-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығында маңызды рөл атқарады - Қазақстандағы Қытай елшісі

АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қытай-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығында маңызды рөл атқарады. ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чэн Голин бүгін Алматыдағы 7-ші «Қазақстандағы азиялық тауарлар» көрмесінің ашылу рәсімінде осылай атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қытай мен Қазақстан тараптарының күш салуымен 2003 жылдан бері Қазақстандағы азиялық тауарлар көрмесі қатарынан 6 рет сәтті өтті. Ол екі елдің аймақтары мен кәсіпорындары арасындағы сауда-экономикалық қатынасты арттырды. Қазіргі таңда бұл көрме Қытай мен Қазақстанның тату көршілік қатынасын тереңдету және аймақаралық сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейтуде маңызды алаң болып отыр», - дейді Чэн Голин. Қытай Елшісінің пайымдауынша, бұл көрме енді екі елдің сауда-экономикалық байланысын жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға үлкен үлес қосады. Қазақстандағы Қытай Елшілігі мен Бас консулдығы өз тарапынан екі елдің аймақтары мен кәсіпорындарының арасында байланыс орнатуға ықпалдасуға дайын.
Соңғы жаңалықтар