Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады.

бала
Фото: ТЖМ

Оқиға бүгін Ақмола облысының көпқабатты тұрғын үйдің аумағында болған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі түрлі жарақаты бар бала ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.



«ТЖМ ескертеді: Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз,ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар