22:55, 24 Қазан 2025 | GMT +5
Шұғыла Өмірбек әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.
55 келіге дейінгі салмақта отандасымызға тең келер қарсылас болмады. Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды. Белдесу қорытындысы бойынша қазақстандық балуан 12:8 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Омар Сатаевтың грек-рим күресінен Сербиядағы әлем чемпионатында қола медаль алғанын жазған едік.