ШҰҒЫЛ: Алматы маңында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 наурыз күні Алматыда 11 сағат 32 минут 09 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 16 наурыз 05 сағат 32 минут 09 секунд) «ҚР БҒМ СТӘЭ» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.
None
None

Жер дүмпуінің кіндігі Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 130 шақырымда орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 11.1. Магнитудасы MPV 5.1. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер асты дүмпулерінің сезілгендігі туралы мәлімет бойынша Саты, Күрменті елді мекендерінің маңында (МSК-64 шкаласы бойынша) ол 2-3 баллды құрады.

Соңғы жаңалықтар