ШҰҒЫЛ: Алматы облысында 9 жасар қызды зорлап, өлтірген педофил 24 жылға сотталды

- Алматы облысы Балқаш ауданының 59 жастағы тұрғыны Бегалы Садықовтың ісі бойынша тыңдау аяқталды.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, соттың үкімімен Б. Садықов 24 жылға бас бостандығынан айырылды, педофил олардың 4 жылын түрмеде, 20 жылын арнайы режімдегі түзеу мекемесінде өткізеді.
Онымен бірге сот оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге үкім етті.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың күзінде болды. Қарасай ауданының Үшқоңыр кентінде 9 жастағы қыз бала жоғалып кетті, ал үш күн өткен соң ен далада оның денесі зорлық белгілерімен табылды. Бүлдіршінге қатысты ауыр қылмысты жасады деген күдікпен Садықов Б. есімді азамат ұсталды.
Садықов бұған дейін, атап айтқанда 2000 жылы зорлық жасауға әрекеті үшін 10 жылға сотталды. Ал 2007 жылы ол мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықты.