ШҰҒЫЛ: Алматы облысында балабақшада балалардың неден уланғаны анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Көксу ауданында орналасқан балабақшада балалардың уланған себептері белгілі болды.
None
None

Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидимеологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, асүй жұмысшыларының бірінен жұқпалы іш ауруының бактериялары анықталған.

 Әйелдің өзі  дертке шалдықпаған, дегенмен жұқпалы іш ауруын таратушы болғандығын сезбеген. Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

 Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Көксу орталық аудандық ауруханасына Балпақ би ауылының «Қуаныш» балабақшасынан уланған 29 бала жатқызылған.

29 маусым - 1 шілде аралығында ауруханаға балалардың ыстығы 39-39 градусқа көтеріліп, іші өтіп, құсу белгілерімен жеткізілген.

Қазіргі уақытта дәрігерлер балалардың жағдайын қалыпты деп бағалауда. Бірнеше балаға ауруханадан шығуға рұқсат берілді.

14 орынға арналған балабақша екіқабатты ғимаратта орналасқан. Улану кезінде ғимаратта 69 бала болған.

Соңғы жаңалықтар