ШҰҒЫЛ: Алматыда «жарылғыш зат орнатылған» университет жатақханасынан студенттер қауіпсіз жерге шығарылды

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы ІІД Жедел басқару орталығына Энергетика және байланыс университетінің жатақханасына жарылғыш зат орнатылғандығы туралы хабар түсті.
None
None

ТЖ орнына қалалық ІІД және Бостандық аудандық ІІБ жедел тергеу топтары, «Арлан» саперлік арнайы бөлімшесі, Алматы қалалық ҰҚКД мен ТЖД мамандары шықты. Жатақхананың барлық тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Аумағы 4 мың шаршы метрлік бес қабатты ғимараттың екі корпусын тексеру барысында жарылғыш құрылғы және өзге де қауіпті заттар табылмады.

Жалған қоңырау қаладағы картофондардың бірінен шалынғаны анықталды. Картофонды тексеру кезінде саусақтың іздері және иістік іздер табылды.

Бүгінгі таңда қоңырау шалған адамның тұлғасын анықтауға және тұтқындауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары өткізілуде, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар