11:25, 15 Қараша 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 қараша күні Алматы уақыты бойынша сағат 08:08-де жер селкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің күші - 11,1 бал, магнитудасы - 4,9 MPV. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісін сезіну туралы мәліметтер жоқ.