ШҰҒЫЛ: Аманжан Рысқалидің «Ақ жол» партиясындағы мүшелігі тоқтатылды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Аманжан Рысқалидің «Ақ жол» партиясындағы және оның Президиумдағы мүшелігі уақытша тоқтатылды.
None
None

Мұндай шешімді 2 қазан күні «Ақ жол» ҚДП Президиумы бір күн бұрын Ақтөбенің №2-ші қалалық соты қылмысты жасағаны үшін оны қамауға алуға санкция беруімен байланысты қабылдады.

«Ақ жол» ҚДП Жарлығының 22.2 (Партия атына кір келтіретін әрекеттерді жасағаны үшін Орталық кеңес Президиумының шешімі бойынша Партиядағы мүшелікті тоқтату) және 36.5 баптары (Партияның Орталық кеңесі Президиумының компетенциясы туралы) негізінде, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Президиумы Аманжан Рысқалидің «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Президиумындағы және партияның өзіндегі мүшелігін уақытша тоқтатты.

Онымен қоса, партия басшылығының пікірінше, сот Аманжан Рысқалиді оған тағылып отырған айыптар бойынша кінәлі деп таныған жағдайда, Президиум оны партия қатарынан шығару туралы мәселені қарастыратын болады.

«Бүгінде оның жазықсыздығының анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, оны партия қатарынан тікелей шығара салуды әдепсіз деп санадық. Бірақ сот шешімі шығарылғаннан кейін, партия оның мүшелігі туралы мәселені қарастыратын болады», - деп атап өтті А.Перуашев.

«Рысқалидің өзі Президиумның отырысына тағы келмей қалды, біз онымен байланысты жоғалттық. Бұл оның партиядағы мүшелігін тоқтатуға қосымша фактор болды», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар