ШҰҒЫЛ: "Аннеский" кенішінде орын алған еңбек дауы толығымен шешілді

Әкімшілік корпустың алдына жиналған адамдар да ғимаратты босатып, жөн-жөнімен тарасты. Осылайша Аннен кенішіндегі еңбек дауы толығымен шешілді. Кеніш жұмысын жалғастыруда.
«Қазақмыс» корпорациясының барлық кәсіпорындары штаттық режімде жұмыс істеуде, деп хабарланған баспасөз баянында.
Қазақмыс - Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс бөлімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр стансалары бар. Олар кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.
Топтың екі ірі - Бозшакөл және Ақтоғай жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдары бастайды.
Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1 - Қазақстандағы ең ірі электр стансасының 50 пайызының иесі. Топ осы станса мен иелігіндегі бірнеше ЖЭО-лар арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді.
1930 жылы құрылған әрі негізінен мыс өндірумен айналысып келе жатқан «Қазақмыс ПЛС» компаниясы, халықаралық жетекші топтардың бірі болып табылады. Активтері негізінен Қазақстанда шоғырланған әрі Лондон және Гонконг қор биржаларында тіркеліп, Британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне кіреді.