ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» шекара бекетінде әскери борышын өтеген 15 шекарашы туралы толық ақпарат

1. Кереев Алтынбек Құтжанұлы, 1984 ж.т., уақытша бекеттің бастығы, капитан. Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданына қарасты Ақтөбе ауылында дүниеге келген.
2. Ақышев Ерлан Ерғалиұлы, 1988 ж.т., келісімшарт қызметінің кіші сержанты. Алматы облысының Алакөл ауданында дүниеге келген.
3. Ақылбаев Рүстем Бағдатұлы, 1991 ж.т., келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы. Алматы облысында дүниеге келген.
4. Сәрсембаев Талғат Амангелдіұлы, 1984 ж.т., келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы. Алматы облысында дүниеге келген.
5. Ағанас Қамбар Асқарұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз. Ақтөбе облысында дүниеге келген.
6. Әмірғалиев Бекзат Абатұлы, 1989 ж.т., қатардағы сарбаз. Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында дүниеге келген.
7. Балғабаев Данияр Ғарифоллаұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз. Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Доссор ауылында дүниеге келген.
8. Ілиясов Жанат Қанатұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз. Жамбыл облысында дүниеге келген.
9. Именов Мейірхан Сағындықұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз. Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген.
10. Мақсатов Әли Ізтұрғанұлы, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген.
11. Мұқашев Нұрланбек Қуатбекұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз. Қарағанды облысында дүниеге келген.
12. Рей Денис Викторович, 1993 ж.т., қатардағы сарбаз. Павлодар облысының Успенск ауданында дүниеге келген.
13. Сағынғалиев Жеңіс Дәулетұлы, 1990 ж.т., қатардағы сарбаз. Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Жыланды ауылында дүниеге келген.
14. Үсіпәлиев Нұржас Дүйсембайұлы, 1991 ж.т., қатардағы сарбаз. Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген.
15. Челах Владислав Валерьевич, 1992 ж.т., қатардағы сарбаз. Қарағанды қаласының тумасы (тұтқындалды).