ШҰҒЫЛ: Астана қаласының қаржы полициясы Ұлттық медициналық холдингтің лауазымдық тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның лауазымдық тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.
None
None

Қаржы полициясының мәліметтерінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабының 1 бөлімімен (қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану) қозғалды.

«Қызмет бабын теріс пайдаланған бұл тұлғалар холдингтің еншілес ұйымдары «Астана медициналық университеті» АҚ, «Жедел медициналық көмек республикалық ғылыми орталығы» АҚ-на А. есімді азаматты 2008 жылдың 18 қыркүйегінен бастап 2012 жылдың 1 қарашасына дейін жалақының төленуімен жұмысқа қабылдауға жалған бұйрық берді. Осындай жолмен «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ, «Демеу-ҰМХ» ЖШС-не жұмысқа сол кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеген Н.есімді азаматша жалған түрде қабылданды», деп ақпараттандырды жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосынан.

Соның салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 10 828 500 теңге көлемінде шығын келтірілді, деп түйіндеді қаржы полициясында.

Соңғы жаңалықтар